Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің құрамына:
Ақтаева | - |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі; | |
Қоянбаева |
- |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әлеуметтік сала бюджеті департаменті директорының орынбасары енгізілсін; | |
мына: | |||
"Асылова | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі"; | |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: | |||
"Асылова | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары"; |
көрсетілген құрамнан Елжан Амантайұлы Біртанов және Айнұр Асылбекқызы Жабатаева шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |