Тәжікстан Республикасындағы табиғи апат салдарын жоюға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Тәжікстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны айқындасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Тәжікстан Республикасындағы межелі пунктке дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 448 қаулысына қосымша |
Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар тізбесі
Р/с № |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем |
Мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жоғарғы сұрыпты бидай ұны | килограмм |
564 000 |
2 |
2 сұрыпты бидай ұны | килограмм |
500 000 |
3 |
Ет консервілері | физикалық банка | 240 000 |
4 |
Сүт консервілері | физикалық банка | 240 000 |