Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымын қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 460 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "В.И. Ленин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Катонқарағай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үлкен Нарын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады