"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 532 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын бағалау нормативтерін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 18-3) және 18-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогін жүргізу қағидаларын және музей дерекқорын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      18-4) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 53-6), 53-7), 53-8) және 53-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "53-6) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын бекіту;

      53-7) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту;

      53-8) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту;

      53-9) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін бекіту;";

      63-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-2) ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгізу;";

      89-12), 89-13) және 89-14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "89-12) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      89-13) мәдениет саласындағы барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      89-14) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 89-16), 89-17) және 89-18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "89-16) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекіту;

      89-17) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      89-18) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 94-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "94-3) мәдениет саласында ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру;";

      121) және 121-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "121) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату, сондай-ақ ұлттық фильмдерді жасау жөніндегі жұмысты республикалық деңгейде ұйымдастыру;

      121-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 121-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "121-2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясын құру және оның ережесі мен құрамын бекіту;";

      17-тармақта:

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу;";

      47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлеу;

      48) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізу;";

      57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "57) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды – республикалық аккредиттелген спорт федерацияларының ұсынуы бойынша, олимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетімен келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитеті мен келісу бойынша лауазымдарға тағайындау және олардан босату;";

      мынадай мазмұндағы 73-2), 73-3), 73-4) және 73-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "73-2) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлеу;

      73-3) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлеу;

      73-4) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келісу;

      73-5) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлеу;".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 12 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады