2010 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 565 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаевқа 2010 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 565 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама

      (2017 жылғы 21 қыркүйектен бастап уақытша қолданылады - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 5, 78-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі

      2010 жылғы 20 маусымда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 13-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес

      Келісімге мынадай өзгеріс енгізуге келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнайы жүктің және бірге жүретін персоналдың коммерциялық теміржол транзиті мынадай бақылау-өткізу пункттері арқылы өтуге тиіс:

      а) Ресей Федерациясынан/Ресей Федерациясына: Илецк/Жайсаң;

      б) Өзбекстан Республикасынан/Өзбекстан Республикасына: Сарыағаш/Келес және/немесе Бейнеу/Қарақалпақстан;

      в) Қазақстан Республикасынан/Қазақстан Республикасына: Ақтау порты;

      г) Қазақстан Республикасынан/Қазақстан Республикасына: Құрық порты.".

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2017 жылғы "__" ______ ______ қаласында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Америка Құрама ШтаттарыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады