Алматы облысы Талдықорған қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 568 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес және Алматы облысы Талдықорған қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы облыстық және Талдықорған қалалық мәслихаттары мақұлдаған Алматы облысы Талдықорған қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.

      2. "Талдықорған қаласының бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1206 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 568 қаулысымен
бекітілген
 
  Жоба

Алматы облысы Талдықорған қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда)

1. Жалпы ережелер

      Алматы облысы Талдықорған қаласының бас жоспары (бұдан әрі – Бас жоспар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, Жер, Экология кодекстерінің және қала құрылысын жобалау саласына қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленген.

      Талдықорған қаласының бас жоспарын әзірлеу кезінде Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық, аумақтық-кеңістікте және инфрақұрылымдық дамуының мемлекеттік, өңірлік және облыстық бағдарламалары мен схемалары ескерілді.

      Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданған:

      1) бірінші кезек – 2020 жылға дейін;

      2) есепті мерзім – 2035 жылға дейін;

      3) болжамды кезең – 2040 жылға дейін.

2. Бас жоспардың мақсаты

      Қаланың бас жоспарында Талдықорған қаласының аумақтық дамуының, сәулет-жоспарлау құрылымын қалыптастырудың, аумақты функционалдық-қала құрылыстық аймақтарға бөлудің ұзақ мерзімді перспективалары, жалпықалалық мақсаттағы объектілерді орналастыру және қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру жөніндегі қағидаттық шешімдер, көше-жол және көліктік қызмет көрсету желілерін, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, аумақты инженерлік қорғау мен дайындау бойынша ұсыныстар, экологиялық ахуалды жақсарту бойынша қала құрылыстық іс-шараларды айқындайды.

      Бас жоспар:

      1) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың бірінші кезектегі және перспективалы бағдарламаларын;

      2) қала аумағын мұқият жоспарлаудың және оған құрылыс салудың жобаларын;

      3) қоғамдық, іскерлік, мәдени және сауықтыру орталықтарын дамыту жоспарларын;

      4) тұрғын және өндірістік аумақтарды реконструкциялау мен дамыту бағдарламаларын;

      5) тарихи құрылыстар мен тарихи және мәдени мұралар объектілерін сақтау, ұқыпты пайдалану және сабақтастықта дамыту жоспарларын;

      6) рекреациялық аймақтардың аумақтарын дамыту бағдарламаларын;

      7) қала ортасын кешенді абаттандыру мен эстетикалық ұйымдастыру жоспарларын әзірлеуге негіз болады.

3. Табиғи-климаттық жағдайлар

      Талдықорған қаласы Алматы облысының орталық бөлігінде, Жоңғар Алатауы қазаншұңқырында орналасқан. Жергілікті аймақтың биіктігі теңіз деңгейінен 550-ден 650 метрді құрайды.

      Қала климаты қалыпты-континенталды, таулы, қысы біршама жайлы және жазы жылы.

      Сейсмикалық жағдайлар бойынша қала Жоңғар сілемдерінің сейсмобелсенді аймағында орналасқан. Қала аумағында 8 және 9 балды екі сейсмикалық аймақ бар.

4. Әлеуметтік-экономикалық даму

1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары

      Бас жоспарда дамудың болжамды кезеңінде Талдықорған қаласы облыстық маңызы бар ірі қала, Алматы облысының экономикалық және мәдени орталығы ретінде қарастырылады.

      Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары оның орнықты және кешенді дамуын қамтамасыз етуге, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін, әл-ауқатын көтерумен және өмір сүру жағдайын жақсартумен айқындалатын адами әлеуетін арттыруға бағытталған.

      Болжамды мерзім ішінде қаланың экономикасын дамыту үшін жобада өндірістік сектордың ғылыми-техникалық, инновациялық әлеуетін арттыру, өндірістік аймақтарды қалыптастырудың кластерлік жүйелерін және жоғары сапалы өнім өндіруге қол жеткізуге ықпал ететін және тиісінше республикада да, шетелде де бәсекелік артықшылықтарды қамтамасыз ететін өнеркәсіпті дамытудың басқа да озық әдістерін қолдану ұсынылады.

      Есепті мерзімге дейінгі кезеңде өңдеуші өнеркәсіптегі және өндіріс пен көрсетілетін қызметтердің басқа да салаларындағы инновациялық даму қолайлы кәсіпкерлік ахуалды қалыптастырады, жеке секторды ынталандыруға және бәсекелестік басымдықтарды жетілдіруге бағытталған қоғамдық институттарды құрылымдық тұрғыдан қайта ұйымдастырады, бұл нәтижесінде ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістерді құруға ықпал етеді.

2. Демография

      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша тұрғындардың саны 156,2 мың адамды құрады, оның ішінде Талдықорған қаласында 132,6 мың адам, қалаға бағынышты ауылдық елді мекендерде 23,6 мың адам.

      Бастапқы жылға тұрғындардың саны 163,0 мың адамды құрады.

      Есепті мерзімде қалалық әкімшіліктің ауылдық елді мекендерінің көп бөлігі Талдықорған қаласының құрамына кіреді.

      Қала халқының қалыптасқан демографиялық құрылымы тұрақты табиғи өсіммен және көші-қонның оң сальдосымен сипатталады. Бұл үрдіс халықтың перспективалы санын есептеуге негіз болды.

      Қала халқының болжамды саны:

      бірінші кезекте (2020 жыл) – 177,0 мың адам;

      есепті мерзімге (2035 жыл) – 245,0 мың адам болады.

      Қазіргі таңда еңбек ресурсы 83,5 мың адамды құрайды немесе барлық халықтың 63 %-ы, оның ішінде экономикалық белсенді халық 66,3 мың адам немесе еңбек ресурсынан 78,7%-ы. Экономика салаларында 56,7 мың адам қызмет атқарады (экономикалық белсенді халықтың 85,5 %-ы), өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар 5,9 мың адам (экономикалық белсенді халықтың 8,9%-ы), жұмыссыздар – 3,7 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 5,6 %-ы.

      Келешекте жұмыссыздық деңгейін 3,5 %-ға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды 6,5 %-ға дейін азайту көзделеді.

3. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс

      Тұрғын ортаны кешенді қалыптастырудың негізгі бағыттары тұрғын үймен қамтамасыз етуді 1 адамға 30 шаршы метрге дейін жеткізуді, барлық тұрғын үй қорын 7200 мың шаршы метрге дейін көбейту көздейді.

      Жобалық кезеңде жалпы ауданы 185,0 шаршы метр бір қабатты ескі, сейсмикалық жағынан берік емес жайсыз тұрғын үйді бұзу көзделеді. Бұл аумақ тұрғын үй кешенін, қоғамдық орталық объектілерін салуға және қалалық магистральдарды кеңейтуге пайдаланылады.

      Құрылыс бос аумақтарда да – гектар (жалпы ауданы 3254,4 мың шаршы метр), орталық бөліктегі ескі үйлерді бұзу есебінен реконструкцияланатын аумақтарда да – гектар (жалпы ауданы 1878,6 мың шаршы метр) жүзеге асырылады.

      Жобалық кезеңде жалпы ауданы 5133,0 мың шаршы метр құрылысы жоспарланады, оның ішінде бірінші кезекте жалпы ауданы 788 мың шаршы метр.

      Жаңа тұрғын үй қоры құрылысын аймақтарға бөлу келесі қатынаста көзделеді:

      1) 1-2 қабатты үй-жай құрылысы – 427,6 мың шаршы метр (8,3%);

      2) 4-5-9-қабатты құрылыс – 4705,4 мың шаршы метр (91,7%), (сонымен қатар 9 қабатты құрылыс) – 138,0 мың шаршы метр (2,9%).

      Бас жоспарда коммерциялық, қолжетімді және жалға берілетін тұрғын үй құрылысы көзделеді, ол жалпы жаңа тұрғын үй қорынан:

      1) коммерциялық тұрғын үй – 2951,5 мың шаршы метрді (57,5%);

      2) "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы аясындағы қолжетімді тұрғын үй (коммуналдық және жалға берілетін) – 1355,1 мың шаршы метрді (26,4%);

      3) тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесі арқылы берілетін тұрғын үй – 826,4 мың шаршы метрді (16,1%) құрайды.

4. Экономикалық қызмет

      Бас жоспарда қала экономикасын дамытудың басым бағыттары белгіленген:

      индустриялық-инновациялық өндірістерді орналастырып, "Талдықорған" индустриялық аймағын дамыту;

      өңірдің ерекшелігін ескере отырып, басым секторларда өңдеу өнеркәсібін дамыту;

      Алматы облысының жақын орналасқан аудандарының шикізат базасын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу өндірісін дамыту.

      Қалалық әкімшілік шекарасындағы ауыл шаруашылығы аумағы 4 908,0 гектарды құрайды. Бас жоспарда аталған аумақ базасында қаланы тез бұзылатын өнімдермен (көкөніс, жеміс-жидек), сонымен қатар консервіленген көкөністермен және жемістермен жыл бойы қамтамасыз ету мақсатында "Талдықорған" агрокешенін құру көзделеді. Жылыжайлар желісін ашу көзделеді.

      Қаланың суармалы егістік жерлерінде: жүгері, картоп, қант қызылшасы, көкөніс-бақша дақылдары егіледі, жеміс шаруашылығы дамуда.

      Соңғы жылдары майлы дақылдардың егістік алаңдарының өсуі байқалады. Жыл сайын жеміс-жидек егуге арналған аландар артуда.

      Агроөнеркәсіптік секторды тұрақты дамытудың негізгі міндеті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланың өнімділігі мен табыстылығын және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

      Келешекте қала экономикасының дамуындағы басымдылықтың бірі оңтүстік және шығыс өнеркәсіптік аймағының аумағында кірме жолдары бар, қабылданатын және жөнелтілетін жүктерді өңдеуге арналған логистикалық кешендер желісін құру болып табылады.

      Логистикалық орталықтар құрамында тауарларды уақытша және ұзақ сақтау терминалдары, өңдеу, жинау және жіберу аймақтары, ерекше жұмыс тәртібі бар терминалдар, тиеу-түсіру жұмыстары қызметтерін көрсететін кәсіпорындар орналасады. Көлік терминалдары аймағы автомобиль көлігіне арналған барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі керек.

      Қалада шағын кәсіпкерлік қызметі кең таралған, бірақ жұмыспен қамтылудың ең жоғары деңгейі сауда және қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде байқалады.

      Импортты алмастыратын өнімдер өндіретін шағын және орта бизнес объектілерін: сүт өнімдерін өндіру цехтері, шұжық цехтері, макарон және кондитерлік бұйымдар цехтері, құрылыс материалдарын, лак және бояу бұйымдарын, тігін өнімдерін, кілем бұйымдарын, санитариялық-гигиеналық құралдарды, тұрмыстық химия өнімдерін өндіру бойынша шағын өндірістерді, сонымен қатар тұрмыстық, коммуналдық және көліктік қызмет көрсету кәсіпорындарын қолданыстағы өнеркәсіптік аймақтардағы бос тұрған алаңдарға орналастыру қарастырылады.

5. Өнеркәсіп

      Талдықорған қаласы экспортқа бағытталған теңдесі жоқ машина жасау өнімдерін (аккумуляторлық батареялар, кабель өнімдері, коммуналдық жабдықтар, электрлі тиеу сорғылары) өндіретін орталық болып табылады. Саланың көшбасшылары: "Қайнар АКБ" кабель зауыты, "АСПМК-519" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорындар тобы, "Азия-электрик" акционерлік қоғамы және т.б.

      Өнеркәсіптік кәсіпорындар инновациялық технологияларды енгізумен өндірісті жаңғыртуды және қайта жарақтандыруды жүргізуде. Келешекте энергияның дәстүрлі емес көздерін өндіру бойынша объектілер (күн және жел электр станцияларының құрал-жабдықтарын жасау зауыты) құрылысы жоспарлануда.

      Бас жоспарда импорт алмастыратын өнімдерді шығаратын құрылыс индустриясын әрі қарай дамыту қарастырылған.

      Құрылыс материалдарының өндірісі саласында тозығы жеткен жабдықтарды кезең-кезеңімен ауыстыру, керамикалық тақталарды, шыны талшық торларды, құрылыс қоспаларын, базальттан алынатын жылу сақтайтын тақталарды, лак және бояу өнімдерді өндіру бойынша технологияларды игеру жоспарлануда.

      Жобада сонымен бірге өңдеу өнеркәсібін (жеңіл және тамақ) қалпына келтіру және жаңа инновациялық өндірістерді ашу қарастырылған.

      Есепті мерзімде жергілікті ауыл шаруашылығы шикізаты базасында "Жерұйық" агроөнеркәсіптік кешені (жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу), "GLC Сүт" (қалалық сүт зауыты), "Мажико" агрокешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (майлы дақылдардың терең өңдеу бойынша соя зауыты), "Жетісу Нан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (нан зауыты) зауыттары базасында азық-түлік өнімдерінің өндірісін едәуір ұлғайту күтіледі.

      Жеңіл өнеркәсіпте әрі қарай дамудың негізі арнайы нысанды киімдерді, азаматтық арнайы киімдерді, тері бұйымдарын, медициналық арнайы киімдерді тігу, қауырсын-мамық бұйымдарын өндіру болып табылады.

5. Қала құрылысын дамыту

1. Аумақты сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыру

      Қала аумағын жобалық сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыру қаланың қалыптасқан функционалды-жоспарлау құрылымын ескере отырып орындалған, аумақты және қалыптасқан көліктік-жоспарлау каркасын кешенді бағалау негізінде әзірленді. Жобалық шешімдер алдыңғы бас жоспардың негізгі қағидаттарын сақтайды.

      Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар табиғи-климаттық ерекшеліктерді, қалыптасқан және ұсынылатын қала құрылысы тораптарын, заманауи сәулет үрдістерін ескере отырып әзірленді.

      Талдықорған қаласы қалалық әкімшілік шегінде батыс, оңтүстік-батыс және шығыс бағытта құрылыс жүргізілмеген аумақтарды игеру, сондай-ақ қаланың орталық бөлігіндегі сейсмотұрақсыз ескі тұрғын үй қорының аумағын қайта жаңарту есебінен аумақтық дамыту ұсынылады

      Қала аумағын жоспарлауды ұйымдастыру өндірістік және коммуналдық-қоймалық алаңдарын ретке келтіру, өнеркәсіптік аймақтардың ішіндегі жол-көше желісін реконструкциялау, осы аумақтарда жеке меншік аумағы ретіндегі құқықтық мәртебеге сәйкес шағын және орта бизнес объектілерінің перспективалы дамуын қарастырады. Мұнда орналастырылатын объектілер қала орталығына жақын орналасқандықтан, экологиялық таза және халық мүмкіндігінше тығыз қоныстанған болуы тиіс.

      Қаланың жоспарлау құрылымының маңызды элементі – табиғи доминанта Қаратал өзені болып табылады, ол қала арқылы оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып жатыр және солтүстік шекараның бойын айналып өтеді. Қала құрылысы шегінде Қаратал өзені қаланы екіге бөледі: оң жаңалау және сол жағалау.

      Қаратал өзенінің арнасындағы тасқын кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тасқын ағынын реттейтін гидротехникалық құрылыс салу ұсынылды.

      Талдықорған қаласының негізгі жоспарланған осі жалпы қалалық мәні бар ендік магистральдар – Жансүгіров және Тәуелсіздік көшелері болып табылады және меридиандық бағытта өтетін жалпы қалалық магистральдар – Алматы бағытынан кіретін магистраль, Желтоқсан және Абай көшелері.

      Қала құрылымы аумағы халық қоныстанған, өндірістік, рекреациялық айқын функционалды аймақтарға бөлінеді.

      Функционалды аймақтарға бөлу және перспективалы көлікті жоспарлау құрылымын ескере отырып, қала аумағы 6 жоспарланған ауданға бөлінеді: Көкбұлақ, Алматы, Жетісу, Жібек жолы, Еркін-Көктал және Қаратал тұрғын аудандары.

      Жаяу жүргіншілер қатынастары жүйесі қаланың қоғамдық аймақтарын – бақтар, аквапарк, саябақтар, Қаратал өзенінің жағалауы, ірі мәдени-ағарту, спорт, ойын-сауық, сауда кешендерін өзара байланысқан жүйеге біріктіреді.

      Қаланың қоғамдық орталық жүйесі есепті мерзімге дейін жаңа велотрекпен, жүзу бассейндерімен, мұз алаңымен, театрлармен, үлкен қоғамдық моншамен, қуыршақ театрымен, циркпен, балалар шығармашылығы сарайымен және т.б. объектілермен толығады, бұл қаланың жайлылығын айтарлықтай арттырады және туризм саласының кең ауқымды дамуына алғышарттар жасайды.

2. Қала құрылысын аймақтарға бөлу

      Қалалық аумақтарды қала құрылысы аймақтарына бөлу қала аумағын ретімен, өзара байланыста пайдаланылатын тыныс-тіршілік әрекетінің толыққанды қолайлы, жайлы ортасын құруға бағытталған.

      Ұсынылған қала аумағын сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыру негізінде белгіленген жобалық шекара шегінде аумақты функционалдық аймақтарға бөлу айқындалады, оған сәйкес мынадай функционалдық аймақтар бөлінеді:

      1) тұрғын аймақтар;

      2) қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) аймақтар;

      3) рекреациялық аймақтар;

      4) инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдары аймақтары;

      5) өнеркәсiп (өндiрiс) аймақтары;

      6) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтар;

      7) арнаулы мақсаттағы аймақтар;

      8) режимдiк аумақтар аймақтары;

      9) қала маңындағы аймақтар;

      10) санитариялық-қорғаныш аймақтары;

      11) резервтегi аймақтар (қала құрылысы ресурстары).

      Әр функционалдық аймақ үшін оларды пайдалану бойынша регламенттер анықталған.

6. Көлік инфрақұрылымы

      Талдықорған қаласының көлік инфрақұрылымы сыртқы, қала маңы, ішкі қалалық жолаушылар және жүк тасымалын қамтамасыз ететін көліктің дәстүрлі түрлерін қамтиды. Ішкі байланыстар қалалық жолаушылар көлігімен және көше-жол желісімен қамтамасыз етіледі. Сыртқы байланыстар автомобиль, теміржол, әуе көлігімен және сыртқы автомобиль жолдарымен қамтамасыз етіледі.

      Теміржол көлігінің перспективалы дамуына қаланың әрі қарай дамуымен байланысты жүк тасымалының өсуі, оның аумағында жаңа кәсіпорындардың орналасуы және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндіріс көлемінің ұлғаюы себеп болады. Теміржол көлігімен тасымалдаудың болжамды өсуі теміржол торабын жаңғыртуды және дамытуды болжайды. Жоба Талдықорған қаласының теміржол торабын реконструкциялау, вокзал маңы алаңы бар жаңа ғимарат салып, вокзалды реконструкциялауды болжайды.

      Әуе көлігі V класты әуежайдан және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен "Жетісу" авиакомпаниясы" акционерлік қоғамы бірлесіп орналасқан В класты әуеайлағынан тұрады.

      Перспективада ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Талдықорған қаласының қала маңы аймағындағы алаңда жаңа әуежайдың құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін орындау қажет.

      Сыртқы автомобиль жолдары республикалық және облыстық маңызы бар магистральдардан тұрады, олар қаланы Шығыс Қазақстан облысымен, Алматы қаласымен, аудан орталығы – Үштөбе қаласымен, Текелі қаласымен және басқа өңірлермен ішкі облыстық және республикалық сыртқы байланыстарды қамтамасыз етеді.

      Облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдар Талдықорған қаласының облыс ішіндегі елді мекендермен көлік байланысын қалыптастырады. Сыртқы жолаушыларды автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында заманауи халықаралық автобекетінің құрылысы көзделеді.

      Көше-жол желісінің жоспарланған даму негізі айналмалы автожолға және сыртқы автожолдарға шығатын қазіргі жалпы қалалық магистральдар жүйесінің каркасы болып табылады. Перспективада жаңа магистральдің және орамды айналмалы автожолдың жаңа учаскелерімен толығатын көше желісінің тікбұрышты схемасы әрі қарай дамиды. Тұрғын үй құрылыстары ішінде жаяу жүргіншілер аймағын жасау үшін магистральаралық аумақтарды үлкейту қарастырылды.

      Жаңа магистральдарға толықтыру ретінде автомобильдердің транзиттік ағымын шығаруды қамтамасыз ету үшін жаңа айналмалы автожол салу ұсынылады. Қазіргі айналма жол жалпы қалалық маңызы бар магистральдар санатына жатады. Қаратал өзені арнасының бойы екі жағынан жол-бөгетін жасау, сонымен қатар жағалауды жаяу жүргіншілер үшін жарақтау ұсынылады.

      Қала жолдары мен көшелерінің жалпы ұзындығы есепті кезеңнің соңында шамамен 661,0 километрді құрайды, сонымен бірге магистральды көшелердің жалпы ұзындығы 180,0 километрді, айналма автожол – 42,0 километрді құрайды.

      Қаланың қалалық жоспарлау құрылымының каркасы және ең тұрақты элементі ретіндегі көше-жолдар желісінің жүйесі Талдықорған қаласының перспективалы қала құрылысы дамуының негізгі болып табылады. Жобалық кезеңде көше-жол желілерін дамыту:

      1) қоныстану аумақтарын айналып өтетін, қаланың шалғай бөлігімен жүретін транзиттік жүк автокөлігінің қозғалысына арналған қаланың сыртқы айналма жолын салуды;

      2) қала ішінде жартылай айналма жол жасауды;

      3) ендік және батыс бағыттарда жаңа магистральды көшелерді өткізуді;

      4) айналма жол құрылысын салуды көздейді.

      Бас жоспарда есепті мерзімге және оның шегінен әрі автокөліктің перспективалы дамуын ескере отырып, басты көшелердің көлденең пішіндері белгіленген. Бас жоспарда сыртқы автожолдардың жалпықалалық магистраль көшелермен қиылысу орындарында, негізгі жалпықалалық магистральды көшелердің өзара қиылысу орындарында әртүрлі деңгейлерде көлік тораптарын салу аумақтары резервке алынды. Бас жоспарда Қаратал өзені арқылы 7 көпір салу жоспарланып отыр.

7. Инженерлік инфрақұрылым

1. Сумен жабдықтау

      Талдықорған қаласының халқын және кәсіпорындарын сумен жабдықтау үшін МЕСТ талаптарына сай келетін Талдықорған жерасты суларының кен орындарының суы пайдаланылады. Қаланың тұрғын үй-коммуналдық секторын және өнеркәсіптік кәсіпорындарын сумен жабдықтау су бөгеттерінің ғимараттарын жаңғырту және реконструкциялау арқылы жерасты су бөгетінен жүзеге асырылады.

      Саяжай массивтерін қалалық су құбыры желілерінен сумен жабдықтау көзделген. Өртке қарсы сумен жабдықтау қала халқына және кәсіпорындарына қызмет көрсететін шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы және өндірістік жабдықтау жүйелерінен көзделген.

2. Су бұру

      Перспективада өндірістік сарқынды суларды жіберудің толық бөлектенген жүйесі қарастырылады. Сарқынды сулар өздігімен ағып кететін және қысымды коллектор жүйесі бойынша толық биологиялық тазартудың кәріздік тазалау құрылысына келіп түседі. Өндірістік сарқынды сулар кәсіпорын аумағында орналасатын жергілікті тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылады.

      Кәріздік тазарту құрылыстарын толық тазартудың заманауи жүйесімен жабдықталған жаңа алаңға көшіру ұсынылады, ол тазартылған сарқынды суларды техникалық дақылдар өсірілетін ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға, орман алқаптары мен жол жабындыларын суаруға, барлық өнеркәсіптік кәсіпорындардың техникалық қажеттіліктеріне жұмсауға мүмкіндік береді. Саяжай массивтеріне су бұру орталықтандырылған болады, сарқынды суларды ағызу станцияларына және әрі қарай қалалық тазалау құрылысына тарту қарастырылады. Тазартылған сарқынды суларды жинау үшін су жинауыш көзделеді.

3. Жылумен жабдықтау

      Жылу көздерін ("Басқуат" қазандығы, аудандық қазандықтар) қамтитын дамыған жылу желілері бар қалыптасқан жылумен жабдықтау жүйесі перспективада сақталады.

      Талдықорған қаласын газбен жабдықтау жобасын іске асыру кезінде қаланың жылу көздері отындық теңгерімінің құрылымы болашақта өзгеріске ұшырайды.

      Қазіргі көпқабатты тұрғын және қоғамдық құрылыстарды жылумен жабдықтау жылу қуаты 354 Гкал/сағ дейін кеңейтілетін және реконструкцияланатын "Басқуат" қазандығы арқылы жүзеге асырылады.

      Қолданыстағы жылу көздерінің ықпал ету аймағынан тыс орналасқан көпқабатты тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету жаңа жеке қазандықтар салу есебінен жүзеге асырылады.

      Жаңа аз қабатты құрылыстарды жылумен жабдықтау бірінші кезекте және есептік мерзімде газбен жұмыс істейтін заманауи дербес жылумен жабдықтау жүйелері (ДЖЖ) арқылы жүзеге асырылатын болады.

4. Электрмен жабдықтау

      Талдықорған қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтау "ТАТЭК" АҚ электржелілік компаниясының тарату желілерінен орталықтандырылып жүзеге асырылады. Трансформаторлары 2×63 МВА болатын 110/10 кВ "Оңтүстік-Батыс" ҚС құрылысы жүргізілуде. Қаланың жоғарылап келе жатқан электр жүктемесін қамтамасыз ету үшін 2-125 МВА авторансформаторлары бар жаңа 220/110/10кВ Мойнақ ҚС салу қарастырылды.

      Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың тиімділігін көтеру мақсатында 220 кВ жаңа Мойнақ ҚС құрылысын бітірген соң екі қуат көзінің: 220 кВ №152 "Талдықорған" ҚС және 220 кВ "Мойнақ" жаңа ҚС арасында 110 кВ қалалық орам құрылысын салу ұсынылады.

      Есепті мерзім кезеңінде қаланы электрмен жабдықтау жүйесін дамыту мынадай негізгі бағыттарға негізделеді:

      1) Қалалық ҚС, Еркін ҚС және Заря ҚС қосалқы станцияларын толық реконструкциялау;

      2) Жібек жолы ауданында трансформаторлары 2×25 МВА "Индустриялық" 110/10 кВ ҚС, Алматы ауданында транформаторлары 2×25 МВА "Жастар" 110/10 кВ ҚС қосалқы станцияларын салу;

      3) әуе желілерінің бір бөлігін кабельдік электр желілеріне ауыстыру.

5. Газбен жабдықтау

      Бас жоспарда Талдықорған қаласын "Алматы-Талдықорған" газ құбыры магистралінен табиғи газды тарту арқылы газбен жабдықтау қарастырылады, бұл есепті мерзімге (2035 жыл) қаланы табиғи газбен газдандырудың 95% дейін қамтуға мүмкіндік береді. Талдықорған қаласының оңтүстік-шығысында "Талдықорған" АГТС автоматтандырылған газ тарату станциясын салу көзделеді.

      Есепті кезеңде қаланы газбен жабдықтау үшін жоғары қысымды газ құбырларының 26 километр бөліп тарату желілерін, газды редукциялаудың 76 желілік пунктін, орташа және төмен қысымды газбен жабдықтаудың 801 км ішкі орамды желілерін салу, көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын тұрғындарды газбен жабдықтау үшін 106 ШГРТ және жер үйлерді газбен жабдықтау үшін 12704 жеке ШТ орнату көзделеді.

      Газ қысымын орта деңгейге дейін төмендету үшін 16 басты газ реттеу тіректерін (БГРТ) орнату қарастырылды.

      Есептік мерзімде Талдықорған қаласы бойынша газдың жылдық шығыны жылына 204544 мың текше метрді құрайды.

8. Инженерлік дайындық және аумақтарды инженерлік қорғау

1. Қала аумағын санитариялық тазалау

      Қатты тұрмыстық қалдықтардың (бұдан әрі – ҚТҚ) қалыптасуының болжамды көрсеткіштері бір адамға жылына 1,4 текше метрді құрайды. ҚТҚ жалпы көлемі есепті кезеңнің соңында 199307 текше метрді немесе 45,328 мың тоннаны құрайды. Бас жоспарда ҚТҚ жинайтын жаңа полигон салу және Үштөбе қаласы жағында батыс бағытта қоқыс өңдейтін жаңа зауыт салу көзделген.

2. Аумақты инженерлік дайындау

      Аумақты инженерлік дайындау мынадай іс-шараларды қамтиды:

      1) аумақты тігінен жоспарлау;

      2) жерүсті суларының ағысын ұйымдастыру;

      3) аумақты жерасты суларының басуынан қорғау;

      4) Қаратал өзенінің арнасын реттеу және жағалау белдеуін абаттандыру;

      5) жасыл желектерді суару.

      Бас жоспарда жерүсті суларын бұруды аралас тәсілмен: ашық (науалар, арықтар, жыралар) және жабық нөсер су кәрізімен (коллектормен) жүзеге асыру көзделген. Жергілікті жер бедеріне сәйкес жабық нөсер су кәрізін салу қажет болатын қаланың барлық қолданыстағы және перспективалы аумағында 4 кәріздендіру алабына бөлінеді.

      Қысымды, өз бетінше ағатын жабық нөсер су коллекторлары бойынша нөсер және қар сулары әр алаптың төменгі жағына жиналады, мұнда жобаға сәйкес жерүсті суларын қала шегінен тыс арнайы тазалау құрылысына – нөсерлі суларды тұндырғышқа қайта айдау үшін сорғы станциясын салу қарастырылады.

      Жерасты суларының жақын орналасу деңгейімен сипатталатын қаланың солтүстік және солтүстік-батыс алаңдарына перспективалы құрылыс салу және қаланы игеру үшін дренаж орнату арқылы жерасты суларының деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды орындау көзделеді.

      Жерасты сулары әсерінің алдын алу және болдырмау мынадай іс-шаралар кешенін орындау арқылы қамтамасыз етіледі:

      1) жер үстіндегі нөсер және қар суларын жинау және құрылыс аумағынан бұру;

      2) жерасты суларын құрғататын өзен арналарын тазалау;

      3) тас автожол төсемі арқылы су шығарудың жаңа құрылысын салу және қолданыстағысын тазалау;

      4) аумақты су басудан қорғау бойынша алдын алу іс-шараларын орындау және әзірлеу;

      5) суару каналдарында суаратын суды сүзгіден өткізуді жою мақсатында сүзгіден өткізуге қарсы экран орнату.

3. Қаратал өзенінің жағалауын бекіту және абаттандыру

      Бас жоспарда өзендегі су бөлгіштен, түзетілген арнадан, тұндырғыш-сорғы жинақтаудан және өзен бойымен судың ағысын арнайы режимде ұстайтын ағынды су қоймасынан тұратын функционалды кешенді салуды қамтитын жағалауды нығайту, Қаратал өзенінің жағалау бойын абаттандыру жұмыстарын атқару көзделген.

      Қаратал өзенінің тасқын суы басып қалуынан қала аумағын қорғау үшін қала маңының шегінде, өзеннің бойында жағалаумен біріктірілген жол салу көзделеді, ол өзен солтүстік жағының оң және сол жағалауындағы бөгет жол болады.

      Қаратал өзенінде мынадай гидротехникалық құрылыстар салу көзделген:

      1) теміржол көпірі ауданында Қаратал өзеніндегі су бөлгіш;

      2) су бөлгіштен ағынды су қоймасына дейін реттелетін арна;

      3) тұндырғыш-сорғы жинау;

      4) Сланов көшесінің тұсындағы жаңа көпірден жоғары ағынды су қоймасы.

4. Өрт қауіпсіздігі

      Қазіргі кезде қала аумағында 10 өрт сөндіру автомобилі бар 3 өрт сөндіру депосы орналасқан.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің нормативтік талаптарына сәйкес Талдықорған қаласы үшін есепті мерзімге жалпы саны 48 өрт сөндіру автомобилі бар 13 өрт сөндіру депосы қажет.

      Жобаланатын өрт сөндіру деполары 3 км радиуста қызмет көрсетуде орналастырылады. Өрт сөндіру депосын салуды тұрғын алқаптардың негізгі құрылысынан бұрын жүзеге асыру қажет.

9. Шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (ҚОӘБ)

      Қаладағы атмосфералық ауаны ластаушылар негізінен қаладағы көліктер мен жылу энергетикалық кәсіпорындар, оның ішінде Талдықорған қаласы әкімдігінің "Талдықорғанжылусервис" қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып табылады, қуатының артуына байланысты олардан шығатын ластаушы заттардың көбеюі болжанады.

      Тұрғын аймақтарда орналасқан алты трансформаторлық қосалқы станциялардың төртеуі шу және электромагниттік әсер ету көздері болып табылады. Шу ықпалының нормативтік деңгейін қамтамасыз ету үшін қоныстану аумақтарын шудан қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру қажет.

      Талдықорған жерасты тұщы суларының кен орындарына елеулі әсер ететін негізгі пайдаланушы кәсіпорын Талдықорған қаласы әкімдігінің "ЖетісуСуҚұбыры" қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып табылады.

      Қаланың экологиялық жағдайын тиімді жақсартуға мынадай техникалық және технологиялық іс-шаралар әсер ететін болады:

      1) қала аумағын нақты функционалдық аймақтарға бөлу;

      2) қаланың функционалдық-жоспарланған ықшам құрылымы;

      3) Қаратал өзенінің жағалау бөлігінде рекреациялық жүйе қалыптастыру;

      4) Қаратал өзенінің су-қорғау аймағын абаттандыру, оны пайдалану регламентін қатаң сақтау;

      5) өнеркәсіптік және қоныстану аумақтарының арасында санитариялық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру;

      6) жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және магистральдардың өткізу мүмкіндігін арттыру, жыныстық құрамы төзімді жасыл белдеу отырғызу арқылы шулы қолайсыз аймақтарды жою;

      7) бұзылған аумақтардың (күл-қоқыс үйіндісі, қоқыс тастайтын жер және тағы басқа) топырағының құнарлылығын қалпына келтіру;

      8) экологиялық таза, қалдығы аз және қалдықсыз технологияларды енгізу, шығарындылардың ұйымдастырылмаған көздерінің, ағынсыз өндіріс циклдерінің санын азайту, өнеркәсіп объектілерінің су тазарту жабдықтарымен 100 % жабдықталуына қол жеткізу;

      9) ауыз су сапасы мен өндірістік және коммуналдық ағын су мен жерүсті ағын суды тазарту стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      10) көлік қозғалысы қарқындылығының ұлғаюын және жүк ағынының бөлінуін бақылауды қамтамасыз ету;

      11) орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және кеңейту;

      12) табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған экономикалық ынталандыру (санкцияларды қоса алғанда) жүйесін енгізу.

      Іс-шараларды орындау, сондай-ақ аумақты нақты функционалдық аймақтарға бөлу негізінде сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру, жалпы қалалық орталық және көгалдандыру жүйесін одан әрі қалыптастыру, орман-саябақ және рекреациялық аймақтарды құру, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту Талдықорған қаласында тұрғындардың тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін болады.

10. Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер


Р/с

Көрсеткіштер атауы

Өлшем
бірлігі

Бастапқы жыл

Бірінші кезек

Есепті мерзім

1

2

3

4

5

6


Қалалық әкімшілік шекарасындағы аумақ

гектар

38504,7

38504,7

38504,7


"Талдықорған" агроөнеркәсіптік кешені бар жобаланған айналма жол шекарасындағы аумақ

гектар


17777,0

17777,0

1

Жобалық шекарадағы қала алаңы

гектар

5507,0

7011,22

11807,00


оның ішінде:





1.1

Тұрғын үй құрылысы, барлығы

гектар

3389,46

3636,66

3783,66


оның ішінде:





1.1

Тұрғын үй құрылысы, барлығы

гектар

3289,46

3636,66

3783,66

1.2

Қоғамдық құрылыс, барлығы

гектар

353,56

462,19

907,57

1.3

Жалпы пайдаланымдағы аумақтар

гектар

741,09

1789,48

5557,38

1.4

Өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық құрылыстар аумағы, барлығы

гектар

761,13

761,13

1055,52

1.5

Арнайы мақсаттағы аумақ, барлығы

гектар

361,76

361,76

502,94

1.6

Басқа аумақтар, барлығы

гектар

12270,0

10765,78

5782,88


оның ішінде:





1.6.1

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – "Талдықорған" агроөнеркәсіптік кешені

гектар

4908,0

4908,0

4908,0

1.6.2

Саяжайлар

гектар

565,0

565,0

565,0

1.6.3

Резервтік аумақтар

гектар

6797,0

5532,28

465,96

2

Халық





2.1.

Есепті мерзімде қалалық әкімшілік шегіндегі халық саны, барлығы

мың адам

156,2

177,7

245,0


оның ішінде:





2.1.1.

Талдықорған қаласының халқы

мың адам

132,6

152,0

240,0

2.1.2.

басқа елді мекендер

мың адам

23,6

22,0

5,0

2.2

Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері

12,0

13,0

13,5

2.3.

Халықтың көші-қон көрсеткіштері

1 мың адамға

18,0

8,5

5,0

2.4.

Халықтың жас құрылымы





2.4.1.

15 жасқа дейінгі балалар

мың адам
 

35,8
27,0

41,7
27,4

66,0
26,4

2.4.2.

Еңбекке жарамды жастағы халық:
ерлер (16-62 жас), әйелдер (16-57 жас)

мың адам
 

84,2
63,5

96,5
63,5

156
64,0

2.4.3.

Еңбекке жарамды жастан асқан халық

мың адам
 

12,6
9,5

11,9
9,5

19,2
9,6

2.5.

Еңбек ресурстары, оның ішінде:





2.5.1.

Экономикалық белсенді халық, барлығы

мың адам

66,3

76,4

124,3


оның ішінде:





2.5.1.1

Шағын бизнесте және жалданбалы жұмыс істейтіндер

мың адам

56,7

66,0

112,6

2.5.1.2

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар

мың адам

5,9

6,6

6,7

2.5.1.3

Жұмыссыздар

мың адам

3,7

3,8

5,0

2.5.1.4

Экономикалық белсенді емес тұрғындар

мың адам

17,2

19,3

30,0

3

Тұрғын үй құрылысы





3.1.

Тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың шаршы метр

2252,0

3040,0

7200,0

3.2

Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы

жалпы ауданы мың шаршы метр

185,0


оның ішінде:





3.2.1

техникалық жай-күйі бойынша

жалпы ауданы мың шаршы метр

105,6

3.2.2

реконструкциялау бойынша

жалпы ауданы мың шаршы метр

79,4

3.3.

Жаңа тұрғын үй құрылысы, барлығы:

жалпы ауданы мың шаршы метр

788,0

5133,0


оның ішінде:





3.3.1

Үй-жай (коттедж типінде), үй жанында жер учаскесі бар үй (пәтер)

жалпы ауданы мың шаршы метр

365,0

427,6

3.3.2

4-5-9-12 қабатты көп пәтерлі

жалпы ауданы мың шаршы метр

423,0

4705,4

3.3.3

Халықтың пәтерлердің жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілуі

адамға шаршы метр

17,0

20,0

30,0

4

Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері





4.1

Мектепке дейінгі балалар мекемелері, барлығы

Орын

6105

11096

18000

4.1.1

Қамтамасыз етілу деңгейі

%

27,4

86,7

100,0

4.2.

Жалпы білім беру мекемелері, барлығы

Орын

21694

25815

39600

4.2.1

Қамтамасыз етілу деңгейі

%

87

88

87,8

4.3

Ауруханалар, барлығы

Төсек

1800

2100

4080


оның ішінде





4.3.1

облыстық маңызы бар

Төсек

1680

200

270

4.3.2

қалалық маңызы бар

Төсек

120

1520

2400

4.4

Емханалар, барлығы 1000 адамға

бір ауысымда келушілер

3575

4075

7775

4.4.1

облыстық маңызы бар

бір ауысымда келушілер

1000

1000

1350

4.4.2

қалалық маңызы бар 1000 адамға

бір ауысымда келушілер

2575/19,0

3075/26,0

6425/26,0

4.5

Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері (интернат-үйлер), барлығы

Орын

170

1275

2000

4.5.1

Жаңа құрылыс

Орын

1960

4.6

Дене шынықтыру-спорттық құрылыстар, барлығы

гектар

7,5

7,5

10,0

4.7

Ойын-сауық-мәдени мекемелер (театрлар, клубтар, кинотеатрлар, музейлер, көрме залдары және т.б.) барлығы

Орын

1986

20900

34000

4.8

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, барлығы

Орын

10996

6080

9600

4.9

Сауда кәсіпорындары, барлығы

сауда ауданының шаршы метрі

59500

42560

67200

4.9.1

Жаңа құрылыс

сауда ауданының шаршы метрі

7700

4.10

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы

жұмыс орны

516

1368

2160

4.11

Өрт сөндіру депосы

депо

3

8

13

5

Көлікпен қамтамасыз ету





5.1

Көшелер мен жолдар ұзындығы, барлығы

километр

408,4

444,0

661,0

5.1.5

Айналма автожолдары

километр

25,0

42,0

5.6

Ауылдық құрылыс шегіндегі көше-жол желісінің тығыздығы

шаршы метрге километр

1,8

2,0

6

Инженерлік жабдықтар





6.1

Сумен жабдықтау





6.1.1

Жиынтық су тұтыну, барлығы

тәулігіне мың текше метр

26 734

34 831

43 181


оның ішінде:





6.1.1.1

шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне

тәулігіне мың текше метр

23 360

33756

38 750

6.1.1.2

өндірістік қажеттіліктерге

тәулігіне мың текше метр

3 374

4 431

4 431

6.1.2

Сумен жабдықтау көздерін пайдалану





6.1.2.1

Жерүсті су бөгеттері

6.1.2.2

Жерасты су бөгеттері

+

+

+

6.1.3

Шаруашылық-ауыз су құбырының ұзындығы (В1)

километр

105,6

122,9

255,8

6.2

Кәріз жүйесі





6.2.1

Тұрмыстық сарқынды сулар көлемі

тәулігіне мың текше метр

25 964

33 856

42 206

6.2.2

Кәріз желісінің ұзындығы

километр

68,8

187,05

244,1

6.2.3

Кәріздік тазарту құрылыстары

тәулігіне мың текше метр

26

34

45

6.2.4

Тазартылған ағын су жинауыш

мың текше метр

5 460

7 209

8 987

6.3

Санитариялық тазалау





6.3.1

Жиналған қатты тұрмыстық қалдық көлемі (ҚТҚ)

жылына тонна

45 328

51 960

78 925

6.4

Электрмен жабдықтау





6.4.1

Электр энергиясын жиынтық тұтыну

МВт

124,7

187,2

269,8


оның ішінде:





6.4.1.1

коммуналдық-тұрмыстық жүктеме

МВт

81,8

104,8

168,4

6.4.1.2

өнеркәсіп

МВт

22,1

51,2

56,4

6.4.1.3

ескерілмеген жүктеме (20 %)

МВт

20,8

31,2

45,0

6.5

Жылумен жабдықтау





6.5.1

Жиынтық жылу жүктемесі, барлығы

Гкал/сағат

420

536

827

6.5.2

Желілер ұзындығы

километр

25,4

40

6.6

Газбен жабдықтау





6.6.1

Сұйытылған газды тұтыну, барлығы

жылына тонна

5000,0

1200,0

115,0

6.6.2

Табиғи газды тұтыну, барлығы

жылына мың текше метр

91373

204544

6.6.2.3

Жылыту қазандықтары

жылына мың текше метр

28125

98250

6.6.2.4

Өнеркәсіптік тұтыну

жылына мың текше метр

9500

21500

6.6.3

Газ құбырының ұзындығы

километр

390,9

434,5

6.7

Телефондандыру





6.7.1

Телефон нөмірлерінің саны

бірлік

48132

61000

108000

7

Аумақты инженерлік дайындау





7.1

Нөсер суының өздігінен ағатын жабық коллекторлары

километр

40,0

7.2

Қысымды нөсер коллекторлары

километр

2,0

7.3

Нөсер суларын айдау сорғы станциялары

дана

6,0

7.4

Нөсер суларын тұндырғыш

дана

3,0

7.5

Басты суару каналдары:





7.5.1

реконструкциялау

километр

10,0

24,0

7.5.2

жаңа құрылыс

километр

12,0

43,0

7.6

Бөліп тұратын суару каналдары, оның ішінде:





7.6.1

Реконструкциялау

километр

32,0

54,0

7.6.2

Жаңа құрылыс

километр

20,0

28,0

7.7

Темір бетонмен қапталған арықтар желісі

километр

40,0

246,0

8

Қызмет көрсету мекемелері құрылысының көлемі





8.1

Мектепке дейінгі балалар мекемелері

орын

6105

3520

8380

8.2

Жалпы білім беру мектептері

оқушылар

21694

5680

12220

8.3

Емханалар

бір ауысымда келуі

3575

500

3700

8.4

Барлық типтегі стационарлар

төсек

1800

300

1980

8.5

Мәдениет мекемелері

орын

1549

-

8000

8.6

Сауда кәсіпорындары

сауда алаңының шаршы метрі

53500

Халықтың сұранысы негізінде

8.7

Қоғамдық тамақтандыру мекемелері

орын

10996

Халықтың сұранысы негізінде

8.8

Қонақүйлер

орын

796

-

850

8.9

Жалпы пайдаланымдағы спорт залдары

еден ауданының шаршы метрі

7956

4800

5000

      *Қалаға қосылатын елді мекендерді есепке ала отырып;

      **Жобалау шешімдерін іске асыру жөніндегі инвестициялардың шамамен алғандағы көлемі ҚР ҚН 3.01-00-2011 "Қазақстан Республикасында қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқаулыққа" (2013 ж. 12.12 өзгерістермен) сәйкес көзделеді. Инвестициялар бойынша болжанған көрсеткіштер болжамды және ұсынымдық сипатта болады, ұқсастықтары бойынша және ірілендірілген көрсеткіштермен есептелген. Алдағы уақытта қаланы дамытудың жобалық кезеңдеріне арналған нақты бағдарламаларды жасау кезінде қаржыландыру көлемі мен көздері республикалық және жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, тиісті жылдарға арналған бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚ

– акционерлік қоғам

ҚТҚ 

– өндіріс және қала тұтынған қатты тұрмыстық қалдықтар

ҚС

– қосалқы электр станциясы

ШГРТ

– шкафтық газ реттеу пункттері

МАҚ

– мультисервистік абоненттік қолжетімділік

ҚР ҚН

Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады