Талдықорған қаласының бас жоспары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 1206 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 568 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2017 № 568 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес және Алматы облысының әкiмшiлiк орталығы Талдықорған қаласын кешендi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облыстық мәслихаты мен Талдықорған қалалық мәслихаты мақұлдаған Талдықорған қаласының бас жоспары бекiтiлсiн.

      2. "Талдықорған қаласын дамытудың бас жоспары туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1984 жылғы 12 шiлдедегi N 296 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

      2004 жылғы 16 қарашадағы

      N 1206 қаулысымен

      бекітiлген

Талдықорған қаласының бас жоспары
1. Бас жоспардың міндеті

      Талдықорған қаласының 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған Бас жоспары, тiршiлiк әрекетiнiң қолайлы ортасын жасау мен қаланы тұрақты түрде дамыту, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында Талдықорған қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негiзгі құжаты болып табылады.

      Бас жоспар Қазақстан Республикасы Президентiнің "Алматы облысының әкiмшiлiк орталығын Талдықорған қаласына көшiру туралы" 2001 жылғы 14 сәуiрдегi N 585 Жарлығын және қаланың жаңа мәртебесін ескере отырып әзiрлендi.

      Бас жоспар қалалық инфрақұрылымды дамытудың перспективалық және бiрiнші кезектегi бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асырудың, табиғи кешен аумақтарын сақтау мен дамытудың, тұрғын үйлерді қайта жаңарту мен өндiрiстік аумақтарды қайта ұйымдастырудың, қоғамдық, iскер және мәдени орталықтарды дамытудың, туризм және демалыс нысандарын дамытудың, қалалық ортаны кешендi көріктендірудің және эстетикалық жағынан ұйымдастырудың, Талдықорғанның әкiмшiлiк аудандарының аумақтарын және оның басқа да аумақтық бірлiктерiн өркендетудiң, қала құрылысы жоспарларын, қаланы жоспарлау мен салу жобаларын әзiрлеудiң және iске асырудың негiзi болып табылады.

      Талдықорған қаласын дамытудың Бас жоспарының негiзгі мақсаты - экологиялық жағынан қолайлы, қауiпсiз және әлеуметтік жағынан тиiмдi тiршiлiк ортасын жасауға бағытталған қала құрылысы шараларының кешенiн жүргiзу.

2. Әлеуметтiк-экономикалық даму индикаторы

      Демография

      2015 жылға дейiнгi перспективада демографиялық процестердің дәстүрлі, бұрыннан қалыптасқан қоғамдық даму факторларының және қоғам өмiрiндегi үдей түскен әлеуметтік-экономикалық өзгерiстердiң және жаңарулардың барысында қалыптасатын жаңа факторлардың бүкiл жиынтығының өзара әсерiмен анықталатын болады.

      Талдықорған қаласын демографиялық дамытудың сипаты халықтың табиғи және көші-қон қозғалысына сәйкес анықталатын болады. Олардың ауқымы мен бағыттылығы мынандай әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың нәтижесіне:

      қаланың экономикалық әлеуетiнiң дамуына;

      жұмыспен қамту және еңбекке ақы төлеу деңгейiне;

      мемлекеттiк және жергiлiктi әлеуметтік саясатқа, сондай-ақ басқада факторларға байланысты болады.

      Халықтың перспективалық санын болжау варианттары бала туу көрсеткiшiнiң (1000 тұрғынға шаққанда 15 баладан 21 балаға дейiн) өсуi, өлiмнiң (1000 тұрғынға шаққанда 12,0 адамнан 9,0 адамға дейiн) төмендеуi, халықтың өмiр сүру ұзақтығының артуы мен көшi-қон өсiмі болжамдарын ескере отырып есептелген. Көшi-қон процесінің оң сальдосына 2002 жылы қол жеттi және болжамды кезеңнiң соңына дейiн осылай болады деп жорамалдануда.

      Талдықорған халқының 2015 жылға дейінгі кезеңдегі болжамды саны Талдықорғанның таратып орналастыру жүйесіндегі және тұтасынан Қазақстан Республикасы бойынша алғандағы тиянақты да үдемелi демографиялық үрдiстермен анықталды.

      Талдықорған халқының перспективалық саны екi түрлі варианттар бойынша саналған: реалистік - 140,0 мың адам және оптимистiк - 160,0 мың адам. Әрi қарай барлық есептеулер халықтың оптимистiк вариантында келтiрiледi - 160,0 мың адам. Сонымен қаланың резервтiк алаңдарын қосқандағы аумақтарының демографиялық сыйымдылығын 250,0 мың адам құрап отыр.

      Халықты жұмыспен қамту құрылымының есептік көрсеткiштері қаланың экономика салаларында жұмыс істейтіндер санының 2000 жылғы 30,7 мың адамнан 2015 жылы 65,6 адамға дейiн артады деп болжануда.

      Қаланы әлеуметтiк және оның қала құрылысын дамытудың негізгi мақсаты - әлеуметтік-психологиялық қолайлы жағдай жасау және осы қаралып отырған аумақта тұрғындардың тұрмыс деңгейiнiң жоғарғы орта деңгейiн қалыптастыру.

      2015 жылы 2000 жылмен салыстырғанда:

      жалпы өңiрлiк өнім өндiру көлемiнiң 3,5 есеге;

      күрделі қаржы көлемінiң салыстырмалы бағамен алғанда 2,8 eceгe;

      жан басына шаққандағы кiрiстiң 2 еседен астамға көбеюi Талдықорғанның қалақұрылысын дамытудың негiзгi бағыттарының экономикалық тиімділік көрсеткiштерi болып табылады.

      Тұрғын үй-азаматтық құрылыс

      Тұрғын жайлар ортасын кешендi қалыптастырудың негiзгi бағыттары қаланың барлық тұрғын жай қорын 3 343,7 мың шаршы метр көбейте отырып тұрғын үймен қамтамасыз етудi орта есеппен 1 адамға шаққанда 21 шаршы метр жеткiзудi қарастырады.

      Құрылыс 857,5 га (жалпы алаңы 1259,7 мың шаршы метр) болатын бос аумақтарда, сондай-ақ ескi үйлердi бұзып алу есебiнен қайта жаңартылатын және бұрыннан салынып жатқан құрылыстар арасында үйлер тұрғызылатын көлемі 152,0 га (жалпы алаңы 118,3 мың шаршы метр) аумақтарда жүзеге асырылатын болады. Жеке тұрғын үй құрылысының үлесі бүкіл осы кезеңдегi тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 51% құрайды.

      Жобалау кезеңi бойынша жалпы көлемi 1378 мың шаршы метр құрылыс салу көзделеді, оның iшiнде 506 (жалпы көлемінің 36,7%) мың шаршы метрін табыстары орташадан төмен халыққа жалға берілетін әлде қарызға ипотека арқылы және тұрғын үй құрылысы қорының жүйесi арқылы, халық үшiн ең қол жетерлiк, муниципалды тұрғын үй құрылысы құрайды; жалпы көлемнің 702 мың шаршы метрін (51%) жеке құрылыс және 170 мың шаршы метрін (12,3%) жалдағы элиталық құрылысы құрайды. Муниципалды қордың жалпы көлемiнің 5% бюджет қаражатының есебiнен салынады және халықтың әлеуметтiк аз қамтылған тобына беріледi.

      Құрылыс шығындарын төмендету мен қаланың қазіргі уақыттағы келбетiн құруды қамтамасыз ететін, Алматы, Еркiнкөктал және Жiбек Жолы жаңа тұрғын аудандарын кешендi құру, Талдықорған қаласын дамыту мен қайта құрудың басымдық бағдарламасы болып табылады.

      Элиталық тұрғын үй құрылысы, қаланың ең маңызды қалақұрылыс тораптарының жақсартылған сәулеттiк келбетiн құру мақсатында Қаратал өзенiнiң жағалауы мен жалпы қалалық орталығында орналасқан.

      Бас жоспарда жаңа әлеуметтiк-экономикалық және мекемелердің қамтамасыз етуi жөніндегі көрсеткіштерге қол жеткiзу бағыттарындағы қалақұрылысы жағдайын 2015 жылға қарағанда қызмет көрсетудiң әлеуметтiк-кепiлдiк минимумын, сондай-ақ қалалық маңызы бар нысандарды дамытудың нормативтік көрсеткiштерін ескере отырып әлеуметтiк саланы дамыту ескерілген.

      Алматы облысының облыстық орталығы, Жоңғар туристік ауданының құрылып жатқан инфрақұрылым орталығы статусына сәйкес перспективалық дамыту, қолда бар мәдени-ағарту тұрғысындағы мекемелердi, әлеуметтік мәнi бар денсаулық сақтау және білім беру объектiлерiн сақтап қалу мен дамыту, Қаратал өзенінде қорғаныс, суспорты және көңiл көтеру объектiлерiн және имараттарын салу, сондай-ақ эстетикалық келбетiн арттыра отырып қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлер салу әлеуметтiк саланы дамытудың негiзгі басымдықтары болып саналады.

      Экономикалық қызметі

      Экономикалық дамудың гипотезасы ресурстық әлеуеттің ежелден қалыптасқан өнеркәсіптiң дәстүрлi салаларын дамыту, қаланың Алматы облысының әкімшілiк орталығы деген жаңа мәртебеге ие болуы, экономика қызметiнiң туризм индустриясы деген жаңа саласын дамыту, Ұлы Жiбек жолындағы мамандандырылған өңiрлiк нарық кешендерiн дамыту негiзiнде әзiрленген.

      Экономиканың мемлекеттiк және жеке секторларын одан әрi тиiмдi үйлестiру, сондай-ақ олардың өзара iс-әрекетiн, шағын және орта кәсiпкерлiгiн дамыту жоспарлануда.

      Материалдық өндiрiс салаларын қайта құрылымдауды жүзеге асыру экологиялық таза және pecypc сақтау технологиялары пайдасына жүзеге асыру ұсынылады.

      Бас жоспарда өндiрiстiк аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылады, мұның өзi қаланы дамыту мүддесi үшiн өндiрiстiк аумақтардың экологиялық қауiпсiздiгiн арттыру мен осы аумақтардың қала құрылысы әлеуетiн тиiмдiрек пайдалану мақсатын көздейдi.

      Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы

      Бас жоспарда қала экономикасының тиiмдi саласы болып табылатын туризм индустриясын - Жетiсудың Ұлы Жiбек Жолы тарихи орталығын жандандыру және көлiк-коммуникациялық жүйелерi, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi өнiмдерiн шығару, қызмет көрсету және т.б. iлеспелi салаларын дамыта отырып бiрiгей табиғи Жоңғар Алатау кешенi әлеуетi негiзiнде құру ұсынылады.

      Бас жоспар:

      қазiргi кезде қолда бар қонақ үй базасын қайта жаңарту мен жаңа қонақ үйi базасын салуды;

      мамандандырылған туристердi ертiп жүру қызметi орталығын құруды;

      ақпараттық-анықтамалық қызмет орталығын, туристiк бюро мен көлiк агенттіктерiн құруды;

      көңiл көтеру, көрмелер, жәрмеңкелер индустриясын, сауда-тұрмыстық объектiлер жүйесiн, спорттық-сауықтыру кешендерiн және медицина пункттерiн салуды;

      әуежайда көлiк-туристiк қызмет көрсету жүйесiн, арнаулы көлiк қызметiн көрсететiн парктер мен кәсiпорындарды және автомобильдердi жалға берудi дамыту, туристiк аймақтардағы автотұрақтардың сыйымдылығын ұлғайтуды ұсынатын, орталығы Талдықорған қаласында орналасқан рекреациялық ресурстары бар қолайлы аудандарда (Жоңғар Алатауында және Алматы облысының шығыс өңiрiнде) туристiк тiрек кешендерi жүйесiмен бiрге туризм инфрақұрылымы жүйесiн құруды белгiлейдi.

3. Талдықорғанның қала құрылысын
дамытудың мақсаттары

      Талдықорғанның қала құрылысын дамытудың басты мақсаты - қаланы тұрақты түрде дамыту және халықтың тiршiлiк етуiне қолайлы орта қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткiзу мыналарды сипаттайды:

      тiршiлiк ету ортасының экологиялық қауiпсiздiгi және табиғи кешеннiң тұрақтылығы;

      қала құрылысы шешiмдерiнiң мәдени сабақтастығы;

      кеңiстiктiк бiрлiк, эстетикалық айқындылық, қаланың үйлесiмдiлiгi мен ортаға тән әртүрлiгi;

      көлiк және инженерлік инфрақұрылымның сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi;

      тұрғын үй проблемасын шешудегi кешендiлiк, тұрғын үй аумақтарын қайта жаңарту мен өркендету және тұрғын үйлер ортасын қалыптастыру;

      өндiрiстiк аумақтарды пайдаланудың тиiмдiлiгi;

      қоғамдық орталықтар жүйесiн дамыту және оған қолдың жетiмдiлiгi.

      Аталған мақсаттарға қол жеткiзу Талдықорған аумағын қайта құру мен көрiктендiру, салынған құрылыстарды қайта жаңарту, тiршiлiк ортасының сапалық сипаттамаларын арттыру жолымен жүзеге асырылуы тиiс.

      Экологиялық талаптар

      Талдықорған қаласының құрылысын дамытуға қойылатын экологиялық талаптарға мыналар жатады:

      табиғи кешеннiң қазiргi аумақтарын қолайсыз антропогендiк әсерлерден қорғау және резервтiк аумақтарда жаңа жасыл желектi алқаптарды қалыптастыру шараларын жүзеге асыру;

      тiршiлiк ортасының жайлылығын, соның iшiнде аумақты көгалдандыру, қаланың тұрғын үйлерi мен қоғамдық аймақтарындағы микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.

      Талдықорғанның қала құрылысын дамытуға арналған экологиялық талаптарды орындауға қажеттi шарттар:

      экологиялық таза, қалдықтары аз және қалдықсыз технологияларды енгiзу, ұйымдастырылмаған жолмен тасталған қоқыстар түпкөздерiнiң санын азайту, кәсiпорындардың тастама түпкөздерiн шаңсорғыш жабдықтарымен, өндiрiстердiң суы ақпайтын циклдарымен қосымша жарақтандыру, өнеркәсiп объектiлерiн сутазартқыш жабдықтармен жабдықтауды 100 пайызға жеткiзу;

      ауыз судың сапа стандарттарының сақталуын, өндiрiстiк және коммуналдық сарқынды сулардың, жердiң үстiңгi қабаттарындағы сулардың тазартылуын қамтамасыз ету;

      көлiк қозғалысы қарқынының артуын бақылауды қамтамасыз ету және жүк легiн тарату;

      "Қайнар" Акционерлiк қоғамының "ПДВ жобасында көрсетiлген, қорғасын мен оның органикалық емес қосындыларының тасталған қалдықтарын қысқарту жөнiндегi шаралардың iске асырылуына қатаң бақылау жүргiзудi қамтамасыз ету;

      халық қоныстанған және өнеркәсiп аймақтарындағы ауа бассейнiнiң жағдайын қадағалайтын стационарлық постылар ұйымдастыру;

      жүк көлiктерi мен аралас көлiктердiң қозғалысы басым айналма автомагистральдар салу;

      Қаратал өзенiнiң ластануына жол бермеу, тазалау қондырғыларына жиналған лас суды бұру үшiн, сондай-ақ жиналған лай судың қаланың оң және сол жақ жағалауларындағы бөлiктердiң жабық нөсер канализациясының ендiк бағытындағы төсемдер арқылы лас заттардың шалшықталған жыралар мен сайларға ағып түсуiне жол бермеу;

      жер асты суларының түп көзi болып табылатын аумақтарда санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру;

      жобаланған объектiлер құрылысына байланысты қолданыстағы және потенциалдық ластану учаскелерiндегi жер асты суларының сапасы мен деңгейiне, астасу шарттарына жүйелi түрдегi режимдiк бақылауды ұйымдастыру;

      жер асты суларының ластануын, бақылау ұңғымасы қондырғысын қоса, барлық табиғи-қорғау талаптарын сақтай отырып, қатты тұрмыс қалдықтарын қоймалау жөнiндегi полигонның жобасын әзiрлеу;

      түрлi инфекциялардың таралуын шектеу үшiн, аурухананың қалдықтарын, оларда залалсыздандыру жөнiндегi талаптарды сақтай отырып қоймалауды жүзеге асыру;

      барлық бекiтiлмеген, әсiресе Қаратал өзенiнiң жайылмасындағы қоқыс тастайтын жерлердi жою.

      Аумақты қорғау мен қаланың орнықты

      дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс шаралар

      Талдықорған қаласының аумағын қауiптi табиғи процестерден қорғау шараларын белгiлеу кезiнде төмендегiлер ескерiлдi: аумақтардың жоғары сейсмикалылығы (аудан аясының сейсмикалылығы - 8 балл) және қаланың су жағалауындағы аудандарын Қаратал өзенi тасқын суының басып кету мүмкiндігі.

      Аумақты пайдалану сипатына қарай қала құрылысын дамытуды анықтау функционалдық ұйымдастыру мен саралау барысында, 2002 жылы "ҚАЗМІИЗ" ЖАҚ орындаған "Талдықорған қаласының бас жоспарын әзiрлеуге қажет инженерлiк-сейсмикалық негiздi құрастыру жөнiндегi eceп" және "Қазгидрометтiң" Қаратал өзенi бойынша гидрологиялық бақылау, ҚНжЕ II-50-74 "Гидротехникалық ғимараттар" жөнiндегi мәлiметтер негiзге алынды.

      Талдықорған қаласы тұрғындарының тұрақты түрде жұмыс iстеуiн арттыру және олардың халқын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерiнен қорғау мақсатында жобада мынадай қала құрылысы шаралары ескерiлуде: сейсмика бойынша жекелеген учаскелер мен перспективалық құрылыс жүретiн аудандардың сейсмика жөнiндегi аудандарға берiлген бағаларын ескере отырып, қала аумағын үйлердiң қабатына қарай аймақтандыру;

      тасқын сулар басып кету мүмкiндiгiнен, Қаратал өзенiнiң жағалауына қорғау қондырғыларын салу (қорғаныс дамбалары, тұндырғы-суат, гидротехникалық су реттеу қондырғылары және т.б.);

      қала аумағын бұрынғыдан да нақтырақ функционалдық аймақтандыру;

      темiр жол бойында өндiрістiк аймақтар қалыптастыру;

      айналма транзиттi магистральдарға жақын орналасқан көлiк-өндiрiс кәсiпорындарын қалыптастыру;

      шығу магистральдарына iрi рыноктық және қойма кешендерiн орналастыру;

      қаладағы халық қоныстанған аймақтарды рекреациялық аймақтар жасыл бульварлар сияқты жоспарлау аудандарына бөлу, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты көшiру үшiн пайдаланылатын өзендердiң суын қорғау тiлiмдерiн көгалдандыру;

      көше-жол жүйесiн одан әрi дамыта беру мен оның негiзiнде тұрақты түрде жұмыс iстейтiн жалпы қалалық жүйе құру.

      Табиғи-ландшафттық орман-парк аймақтарын және қаланы

      тарихи дамыту сабақтастығын сақтау талаптары

      Талдықорғанның қала құрылысын дамытудың негiзгi бағыттары табиғи-ландшафттық орманпарк аймақтарын және қаланы тарихи дамыту сабақтастығын сақтаудың төмендегi талаптарының орындалуын қамтамасыз етуi тиiс:

      санаторлық-курорттық объектiлерi бар орманпарк рекреациялық аймақтарын құру жолымен қаланың солтүстiк-шығыс бөлiгiндегi бiрегей жайылма ормандарды сақтау;

      көрсетiлген аймақтардың шекаралары мен қалақұрылысы қызметiн реттеу тәртiптерiн сол шекаралар көлемiнде анықтайтын мұндай ландшафттардың қорғалуын және көзбен көрiп қабылдаудың оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ететiн жалпы қалақұрылысы регламенттерiн белгiлеу және сақтау;

      қала ландшафтының тарихи келбетiн, көшелердiң тарихи жүйесiн және құрылыстардың, сондай-ақ көрiктендiрудiң мiнездемесiн сақтай отырып этнографиялық ойын-сауық орталығын салумен бiрге "Хутор" тарихи ауданын сақтау және дамыту, көрiктендiру;

      қалақұрылысы және сәулет құралдарымен қаланың аумақтық негiздерiн анықтау және акценттеу.

      Табиғи кешен аумақтарын сақтау мен

      дамытудың негiзгi бағыттары

      Талдықорған қаласының табиғи кешенi табиғат қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафтты қалыптастыру функцияларын басым атқаратын, өсiмдiк және су нысандары аумақтарының жиынтығын бейнелейдi. Табиғи кешеннiң аумақтарына мыналар жатады: орман-саябақ алқабы (қаланың солтүстiк-шығысы), Қаратал мен Көксу өзендерiнiң құрылыс салынбаған табиғи алқаптары; Ащыбұлақ, Балықты және т.б. кiшi өзендердiң алқаптары, жасанды каналдар, көгалдандырылған аумақтар - саябақтар, бақтар бульварлар және гүлзалалар, сондай-ақ жаңа көгалдандырылған аумақтарды ұйымдастыруға арналған резервтегi аумақтар.

      Табиғи кешеннiң аумақтарын сақтау мен дамытудың негiзгi бағыттары:

      Талдықорған қаласының және Жоңғар Алатауы сiлемдерiнiң тұтастығын сақтау;

      әртүрлi деңгейдегi рекреациялық аймақтарды қалыптастыру;

      жобалау экологияландыруды қарастырады.

      Аумақты сәулеттiк жоспарлауды ұйымдастыру

      Қаланы аумақтық дамыту

      Бас жоспарда қаланың оңтүстiк-батыс, Алматы бағытында және оң жақ жағалауда бос жатқан аумақтарды игеру есебiнен қаланың тарихи орталығындағы аз қабатты құрылыстарды қайта жаңарту мен қатар қаланы аумақтық дамыту ескерiлген.

      Бас жоспарда мөлшерімен 250 мың адамға бағытталған (арырақтағы болашақ кезеңге арналған қаланың сыйымдылығы) қаланың аумақтық резервiн аяқтайтын, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығысына сырттағы көлікке арналған жартылай айналым жолдарын салу ескерiледi.

      Бас жоспарда есептелген мерзiм шегiнде 2295,0 га бос аумақтарды игеру: соның iшiнде Алматы бағытында - 820,0 га, шығыс оң жақ бағытында - 1475,0 га, қайта жаңартылған аумақтарда - 152,0 га жердi игеру ескерілген.

      Бас жоспарда көп қабатты және аз қабатты үйлердi салу арқылы жаңа тұрғын үй құрылысын жүргiзу ескерілген. Көп қабатты үйлердi салу қаланың орталық бөлiгiндегi үйлерді, таңдап қайта жаңарту есебiнен Алматы тұрғын үй ауданындағы оңтүстік-батыс бағытындағы келiсiлген құрылыс аймағындағы және жаңа оң жақ жағалаудағы ауданның қоғамдық орталығы тораптарында дәстүрлі жалғастырылуда. Көп қабатты үйлер құрылысы қаланың оң жағалауы және қаланың қолданыстағы бөлігінің солтүстiк-батыс ауданында дами бастайды.

      Қаланың негiзгi магистральдары мен көлiк тораптарын одан ары дамыту, көлік тарату құрылыстары мен айналым магистральдары бойынша үзiлiссiз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында, бас жоспарда Желтоқсан, Сланов, Шевченко, Чкалов, Абай, Рүстембеков көшелеріндегі бір қабатты үйлердi бұзу ескерілген.

      Келiсiлген құрылыс аймағын оның қайта жаңартылатын қалыптасқан бөлiгiнде қоғамдық орталық жүйесiнiң негiзгi қалақұрылысы тораптарын құны төмендеген бiр қабатты үйлерді бұзу жолымен дамыту ескерiлген.

      Қаланың жоспарлау құрылымы

      Қала құрылымы туралы жалпы мәлiметтер. Талдықорған қаласы - Алматы облысының әкiмшiлiк орталығы. Қала Алматы облысының орталығында және Ұлы Жiбек Жолы трассасында, Қытайдан Алматы облысы арқылы Қырғызстан, Ресей және одан ары Европа елдерiне сауда-көлiк легi қозғалысы жолдарында орналасқандықтан, тиiмдi экономикалық-географиялық жағдайға ие болып отыр.

      Сыртқы автокөлiк жолдары болып табылатын: Талдықорған - Алматы, Талдықорған - Үштөбе, Талдықорған - Өскемен, Талдықорған - Молалы, Матай - Ақтоғай, Талдықорған - Текелi, Талдықорған - Сарөзек - Жаркент - Хоргос магистральдары қаланың негiзгi магистральдарымен қиюласып, оның негiзгi аумақтық даму бағыттарымен бiрге көлiк каркасын құрайды.

      Жоталы көлiк байланысы болып табылатын Жансүгiров көшесi, Қаратал өзенiндегi көпiрдiң үстiнен өтiп әуежайға және Өскемен трассасына бұрылатын жолдармен жалғасып, Алматы мен Үштөбе автожолдарының қиылысынан басталады. Жансүгiров көшесiнiң қиылысынан басталатын қаланың бас көшесi - Тәуелсiздiк көшесi жарыспалы, жоталы көлiк жолының қосалқысы болып табылады. Бұл көшенiң бойында бас әкiмшiлiк алаң, жалпы қалалық орталық жүйесiнiң тораптары мен объектiлерi орналасқан.

      Тәуелсiздiк пен Жансүгiров көшелерi тармақтарымен қоса - қаланың жоспарлау құрылымдарының жүйе түзетiн негiзгi композициялық осi. Осы осьтан қаланың қоғамдық орталық жүйесi құралады.

      Қаратал өзенiнiң жайылмасы қаланың жоспарлау құрылымының маңызды элементi - қаланың табиғи басым жағы болып табылады. Қаратал өзенi қаланы меридиан бойынша сол жақ жаға мен оң жақ жағаға бөледi. Қаратал өзенi қала аумағын солтүстiк жағынан шектеп, Бұрақой тауының етегiмен ағып, қала аумағы бойынша оңтүстiктен солтүстiкке және солтүстiк-батыс жаққа қарай ағады.

      Қала оңтүстiк-шығыс жақтан көлiктiң сыртқы жартылай айналма жолымен шектелген. Жоталы осьқа перпендикуляр өтетiн меридионалдық бағыттағы негiзгi жолдардың негiзгiлерiне тұрғын үй аудандарының орталықтары тiзiледi.

      Қаланың жоспарлау құрылымын дамыту. Табиғи басым ой болып табылатын Қаратал өзенiмен бiрге Жоңғар Алатауы сiлемiнiң ландшафты ретiнде келтiрiлген, табиғи-экологиялық кешен және көлiк-жоспарлау каркасы қаланың перспективалық жоспарлау құрылымының негiзiн қалыптастырады.

      Бас жоспарда қаланың көлiк-жоспарлау каркасын дамыту және жетiлдiру ескерiлген. Бұрыңғы магистральдарға қосымша жаңа меридионалдық және ендiк магистральдар, айналма автомобиль жолдарын, көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету желiлерін құру, көлiк тарату, жол сiлтемелерiн, эстакадалар т.т. салу ескерiлген.

      Бас жоспарда Талдықорған қаласының аумақтық қорын болжаммен 250 мың адамға арналған (қаланың болашақтағы сыйымдылығы) қаланың аумақтық резервiн қоршап тұрған солтүстiк-батыс және солтүстiк-шығысына сыртқы көлiкке айналған айналым жолдарын сала отырып, қаланың жоспарлау құрылымын дамыту ескерiлген. Қаланың жоспарлау құрылымы, қаланың аумақтық дамуы мүмкiн негiзгi бағыттарын қоса аралас линейлiк-тарамдалған - айналма жүйесi түрiнде орындалып, ұсынылған.

      Қала аумағында, оның перспективалық жоспарлау құрылымына сәйкес, қаланың 6 тұрғын ауданы атап көрсетiлген. Ендiк бағытында Жансүгiров көшесi, меридиан бойынша - Желтоқсан көшесi мен Қаратал өзенiнiң жайылмасы қаланы екiге бөлушi болып саналады.

      Тұрғын аудандардың құрамына: сол жақ жағадағы - Алматы, Көкбұлақ, Қаратал және Жетiсу сияқты тұрғын аудандары кiредi. Қаланың оң жақтағы жағасына Жiбек Жолы және Еркiн-Қаратал сияқты 2 тұрғын аудан кiредi.

      Қала аумағын функционалдық аймақтандыру

      Бас жоспарда қала аумағының төмендегi функционалдық аймақтары атап көрсетiлген: 6 тұрғын үй жоспарлау аудандарынан тұратын халық қоныстанған аймақ, келiсiлген құрылыс салу аймағы, қоғамдық орталық аймағы және жалпы пайдаланымдағы жасыл желектi алқаптар аймағы, халық қоныстанған аймақ.

      Қаланың Халық қоныстанған аймағы Қаратал өзенiнiң сол жақтағы жағасы мен оң жақтағы жағасында орналасып, қала аймағының басым бөлiгiн алып жатыр. Халық қоныстанған аймаққа төмендегiлер кiредi:

      тұрғын үйлер орналасқан шағын аудандар мен махаллалар;

      жалпы қалалық орталықтың мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерi орналасқан аумақтар;

      жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер, облыстық мәнi бар қызмет көрсету объектiлерi;

      коммуналдық кәсiпорындар, объектiлер және инженерлiк-көлiк инфрақұрылым қондырғылары, тамақ өнеркәсiбiнiң ұсақ кәсiпорындары және т.б. орналасқан аймақтардың оңтайлап шектелген таңбалы учаскелерi.

      Жоспарланған тұрғын үй аудандары құрылысы, оның қабаттары жай-күйi, абаттандыру деңгейi және оның орналасу жағдайы мен қала құрылымындағы ролiне қарамастан басқа да параметрлерi жөнiнде өзiнiң сипаты болады.

      Бас жоспар аймақты инженерлiк дайындау және сейсмоберiк құрылыс салу жөнiндегi арнайы iс-шараларды орындай отырып, қолда бар iшкi қалалық аймақтарды, оның iшiнде құрылыс жүргiзуге немесе көркейтуге келмейтiн аймақтарды қоса, барынша тиiмдi пайдалануды ұсынады.

      Бас әкiмшiлiк алаңы, кiреберiс тораптар, спорт және медициналық орталықтар, қалалық парктер мен скверлер, аквапарк, хайуанаттар паркi, сафари-паркi және т.б. сияқты жаңадан жобаланған объектiлер болып табылатын негiзгi қалақұрылысы тораптары орналасатын, халық қоныстанған аймақтың орталық бөлiгi аса тығыз қоныстанған және белсендi түрде дамитын болып табылады.

      Бас жоспардың жобасында халық қоныстанған аймақтың аумағындағы Жетiсу жоспарлау тұрғын үй ауданы болып табылатын, тарихи қалыптасқан "Хутор" тұрғын үй ауданын қайта жаңарту кезiнде елдi мекеннiң тарихи-этнографиялық кешен түрiндегi бастапқы реңi сақтала отырып, стилi мен шырайын көрiктендiру жүзеге асырылады. Осы жерде "Хутор" кешенiнiң орталығында сауда, тамақтандыру объектiлерi және әшекейлер, киiмдер т.т. сататын сауда орындарымен қоса қызмет көрсету орталығын құру ескерiлген. Тарихи-этнографиялық кешен бейнесi тұрғын үй-жайларды қайта жаңарту, көшелердi көрiктендiру, жарықпен қамтамасыз ету және шағын сәулет нысандарын орнату арқылы қалыптастырылатын болады.

      Иелiгiнде жерi бар аз қабатты үйлердi, Көкбұлақ тұрғын үй жоспарлау ауданының шығыс жақтағы бөлiгiне салу қарастырылған 5 - қабатты үйлерден тұратын шағын аудандар ретiнде келтiрiлген Алматы тұрғын үй жоспарлау ауданында, 5 қабатты тұрғын үйлер құрылысын аяқтау ескерiлген.

      Сол жақ жағалаудағы бөлiкте, жаңа қалақұрылысы торабы келбетiн қалыптастыру үшiн, көп қабатты тұрғын үйлер құрылысын жүргiзу ескерiлген. Сонымен қатар бұл жерде топтастырылған және жекелеген үйлер салынатын болады.

      Бас жоспарда болашақта дамытылатын бос аумақтарда құрылыс жүргiзу және тозған бiрқабатты тұрғын үй махаллаларын жаңарта отырып, қаладағы халық қоныстанған аймақтың қалыптасқан бөлiгiнде қолайлы орталықты сақтап, дамыту ескерiлген.

      Өнеркәсiп аймағына оңтүстiк, оңтүстiк-шығыс және солтүстiк өнеркәсiп аймақтары, канализациялық тазартқыш қондырғылары мен сарқынды суларға арналған тұндырғысы бар коммуналдық аймақ кiредi. Қаланың өнеркәсiп аймағына 4 өнеркәсiп торабы кiредi:

      1 өнеркәсiп торабына қаланың жұмыс iстейтiн негiзгi өнеркәсiп орындары, қаланы жылумен бiр орталықтан қамтамасыз ететiн "Басқуат" жылу қазандығы кiредi. Аймағы темiр жолмен қамтамасыз етiлген.

      2 өнеркәсiп торабына бос тұрған қорлар мен аймақтарды тиiмдi пайдалану ескерiлген солтүстiк-шығыс өнеркәсiп аймағы кiредi. Аймағы темiр жолмен қамтамасыз етiлген. Оңтүстiк-шығыс өнеркәсiп аймағының солтүстiк бөлiгi тұрғын үй салуға пайдалану үшiн резервке енгiзiлген.

      3 өнеркәсiп торабына қаланың атаулы кәсiпорны - жыға-мамық фабрикасы бар солтүстiк өнеркәсiп аймағы кiредi.

      4 өнеркәсiп торабына қалалық канализация қондырғылары, санитарлық-қорғаныс аймағы бар коммуналдық аймақ кiредi. Бұл жерде, солтүстiк көлiк айналым жолына түйiсетiн аумақта мал-жем рыногын орналастыру ескерiлген.

      Санитарлық-қорғау аймағы дегенiмiз халық қоныстанған және өнеркәсiп аймақтарының арасындағы көгалдандырылған қорғаныс аймақтары. Жобада ескерiлген Қаратал мен Алматы жобалау аудандарының тұрғын үй салу және оңтүстiк өнеркәсiп аймақтары арасында санитарлық-қорғаныс аймақтарын ұйымдастыру ескерiлген.

      Оңтүстiк-шығыс өнеркәсiп аймағында қазiр жұмыс iстемейтiн өнеркәсiпорындарының зияндылығын анықтау кезiнде санитарлық-қорғаныс аймағы есептеу мерзiмiнен тыс қалыптастырылатын болады. Солтүстiк өнеркәсiп аймағында санитарлық-қорғаныс аймағы нақты бар тұрғын үй қорын қайта түзетумен бiрге құрылуы керек.

      Рекреациялық аймақ Қаратал өзенiнiң жайылмасына орналасқан. Саябақ, орман-саябақ аймақтарына, ландшафтты аймақтарға келiп тiрелетiн жолдар - қоршау дамбаларымен қоршалған, Қаратал өзенiнiң жайылмасының жобаланған шектерiндегi аймақтарды қамтиды. Рекреациялық аймақта, қалалық аудандардың шегiнде, қала тұрғындары, қонақтар мен туристер үшiн демалу аймақтарын құру, бар көпiрлердi қайта жаңарту, гидротехникалық қорғаныс имараттарын салу ескерiлген.

      Қаратал өзенi сағасының осы бөлiгiнде сағаны түзеу жұмыстарын орындау жолымен реттеу, тау өзенiнiң сипатын, ландшафттық ерекшелiктерiн ескере отырып, реттеу құрылыстарын және басқада құрылыстарды салу көзделедi.

      Бас жоспар өзеннiң, қала келбетiн қалыптастыруға әсер ететiн, негiзгi табиғи басым ой ретiндегi мәнi ескерiле отырып, есептесу мерзiмiнiң аяғына дейiн жұмыстардың барлық кешенiн бiтiрудi ұсынады. Ағаш жынысының және жануарлар дүниесiнiң бай құрамымен орман саябақ алқаптарын сақтау мақсатында Қаратал өзенi жайылмасының солтүстiк бөлiгi реттелмеген. Жайылманың осы бөлiгiнiң бiрен-саран жекелеген учаскелерiн демалыс және емдеу объектiлерiн орналастыруға пайдаланатын болады.

      Көшелер мен жолдарға арналған аймақтар дегенiміз қаланың жалпы қалалық және аудандық магистральдары, негiзгi қалалық жаяу жол байланыстары мен бульварлары, көлiк имараттары объектiлерiнiң аймағы, темiр жолға арналған аймақтар бойынша алынған қызыл сызықтар шегiндегi учаскелер.

      Есептелген мерзiмге дейiн де, келешекте де пайдалануға арналған аймақтар орналасқан, қаланың жаяу жүретiн бульварларының, барлық деңгейдегi көшелер мен магистральдарының қызыл сызықпен шектелген аймақтар қоғамдық пайдалануға қажеттi муниципалдық аймақтарға жатады.

      Ерекше белгiленген аймақтар дегенімiз арнайы әскери бөлiмдер мен әскери ведомстволар аймақтары. Бұл жерде тұрғын үй құрылыстары, жабық түзету мекемелерiнiң корпустары, казармалар, сонымен қатар коммуналдық, өнеркәсiп және басқа да объектiлер қоса орналасқан.

      Өңiрлiк сауда объектiлерiнiң аймақтары дегенiміз қосымша қызмет көрсету объектiлерi бар мамандандырылған өңiрлiк және көтерме-бөлшек сауда базарлары, жәрмеңкелер аймақтары.

      Бас жоспар Ұлы Жiбек Жолы трассасы бойынша өтетiн сауда жүк легiне, яғни Қытайдан Ресей мен Европаға өтетiн жүктерге, сондай-ақ сауда туризмiнiң легiне (shop-туризмге) қызмет көрсетуге арналған сауда объектiлерiн орналастыруды ескередi. Бұл аймақтар тек белгiленген бағытта ғана қолданылуы және көлiкке қатысты барынша жайластырылуы тиiс.

      Резервтегi аймақтар - қаланың болашақ даму аймағы қаланың халық қоныстанған аймағын дамыту үшiн қолданылады және муниципалдық жерлер деп саналады. Бұл аймақтарда басқа да функционалдық аймақтардағы сияқты қызыл сызықтарды қатаң сақтау шарттары басшылыққа алынады.

      Аумақты құрылыстық аймақтандыру

      Бас жоспарда ескерілген құрылыстық аймақтандыруға, келiсiлген құрылыс аймағында, қоғамдық орталықтағы жаңа қалақұрылысы тораптарында қабаттылығы жоғары үйлер (9-12-16 қабатты), қалаға кiреберiстегi Алматы тұрғын үй жоспарлау ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйлер құрылысы, топталған 1-2-3 қабатты тұрғын үйлер құрылысы, қаланың сол жақ бөлігiндегi жерлері бар аз қабатты тұрғын үйлер құрылысы кiредi.

      Бас жоспар, қабаттылығына қарай тұрғын үй құрылысы және қаланың қоғамдық орталығындағы жекеменшік құрылыс аумағындағы құны төмен бір қабатты тұрғын үйлердi құлата отырып, тиiстiлiгiне қарай аумақтың қолайлылығын және бөлiну мүмкiндiгiн ескере және муниципалдық құрылысқа, аралас меншік объектiлерi құрылысына аумақтар бөле отырып орындалған.

      Қоғамдық аумақтарды дамытудың негiзгi бағыттары

      Талдықорған қаласының қоғамдық орталығын құратын құрылымның маңызды бөлiгi - өзара байланысты бірыңғай жүйедегi жалпы қалалық қалақұрылысының жүйесiнен, алаңдар мен аудандық маңыздағы орталықтардан тұрады.

      Қалыптасқан негiзгi композициялық oci - Тәуелсiздiк және Жансүгiров көшелерiнiң аралығындағы жаяу жол аумағы, бас жоспармен, Мұқан Төлебаев көшесіндегі жаяу жол бульварымен толықтырылды.

      М.Төлебаев атындағы бульвар өзімен қиылысатын меридионалдық осьтерiмен, жоспарлану аудандарындағы тұрғын үйлердiң орталық жүйесiнiң қаңқасын қалыптастырады. Жалпы қалалық аумақтық жүйе орталығы, бас жобаға қарасты құрылысы келiсiлген аумаққа және Әкiмдiктiң шешiмдерiне сәйкес қатаң түрде құрылыстармен толықтырылады.

      Бас жоспарда, негiзгi ансамбльдердiң, алаңдар мен қаланың қалақұрылысы жүйелерiнiң жаңа бейнелерiн және келбетiн жасайтын принциптік шешiмдер берiлген:

      Әкімшiлiк алаңдарын салу жүйесi , Ақын Сара, Абай, Тәуелсiздiк және Жансүгiров көшелерінің аралығында орналасқан бас алаңмен бірге Алматы облысы Әкiмдiгiнiң ғимараты және І.Жансүгiров атындағы Мәдениет сарайы, Қабылдау үйі, Казкоммерцбанк ғимараты, музей және жобалаудағы: "Жiбек жолы" институты, жастар клубы, галерея және т.б. ұсынылған.

      "SILK WAY" жаңа қалақұрылысы жүйесi қала құрылысының жағдайы өте тиiмдi, қала бойынша жаңа көріністерді шолуға, көліктермен кедергiсiз жетуге өте ыңғайлы, қаланың оң жағалау мен қаланың сол жағалау бөлiгiнiң қиылысқан жерiнде орналасқан. Бұл жүйе бас жоба бойынша жаңаша, қала құрылысының маңызды қоғамдық кешенi, құрылыс салынған жағдайда Талдықорған қаласы жаңа, қазіргi кезең келбетіне сай келетiндей қарастырылған.

      Жүйе үш бөлiктен тұрады: 1-шi бөлiк - сол жағалауында тұрғын үйлер және "Рамстор" жүйесiндегi супермаркет, қонақ үйлер, 5-9-12 қабатты көп пәтерлі үйлер және т.б. қосымша құрылыстар;

      2-шi бөлік - Қаратал өзенiнiң жағалауында көрiктендiрiлген "Арена Семиречья" су кешені, оның су аренасы, аттракциондары, жағажайлары мен каскадты фонтандары, Қаратал өзенiнен өтетiн көпiрдің қайта жаңартылуы;

      3-ші бөлiк - Тәуелсiздiк және Жансүгiров көшелерінің бағытындағы биік "Silk Road" iскерлiк және мәдени ынтымақтастық орталығы, дискоклуб, мейрамхана, боулинг-зал, шағын маркет, "Виртуальный мир" балалар клубы, кино орталығы және жаңа қарағай саябағы.

      Талдықорған қаласының аумағын қала құрылысының

      аймақтарына бөлу

      Талдықорған қаласын дамыту Бас жоспарда аумақтарды қала құрылыстарының аймақтарына бөлу "Қала құрылысы, қала және селолық мекендерде құрылысты жайғастыру жоспарының 3.01.01-2002 ҚНжЕ-ге сәйкес белгiленуде. Бас жоспар қала құрылысының аумақтық бiрлiгiн, көшелер мен жолдардың қызыл сызықтарын ескеру арқылы, аумақтық деңгейде атқарымдық пайдалануға арналған талаптар қояды. Талдықорған қаласының жобалау шеңберiнiң көлемiндегi қала құрылысында 335 аумақтық бірлiк бар, олардың әрқайсысының көлемі орташа 20 гектарды құрайды.

      Белгіленген қатаң, орташа және жұмсақ регламенттермен аймақтарға бөлудiң атқарымды мақсаты Талдықорғанда қала құрылысы дамуының мақсаттарына, талаптарына, негiзгi бағыттарына сәйкес қала құрылысы қызметін жүзеге асыру барысында қала аумақтарын пайдалануды қамтамасыз етудiң заңды құралы болып табылады.

      Белгiленген қатаң, орташа және жұмсақ регламенттермен аймақтарға бөлу жергілікті органдар үшiн қала құрылысы және жер учаскелерiн пайдалану саласында шешімдер қабылдауға мiндеттi болып табылады. Қала құрылысының қызметi аумақтарды функционалды бөлудегі белгіленген мақсаттарға қайшы келуiне "Қала құрылысы" 3.01.2002-ҚНжЕ арқылы тыйым салынады. Бас жоспар бiрлiктерiнiң атқарымды мақсаты Талдықорғанның Бас сұлбасы арқылы белгiленедi. Бас сұлба қала құрылысын дамытудың негізгі бағыттарында және Бірiнші кезектегi қала құрылысы шараларының бағдарламасында қарастырылған қаланың аумақтарын пайдалану өзгерістерін заңды түрде бекiтедi.

      Дамытудың бас сұлбалары қала аумағында пайдаланылатын атқарымды өзгерiстердiң төмендегідей негiзгi үрдiстерiн белгiлейдi:

      демографиялық сыйымдылықты жоғарғы деңгейге 250,0 мың адамға жеткiзу үшін қаланың селитебтiк аумағын көбейту, сонымен қатар бос тұрған өндірістік аумақтарды қысқарту;

      рекреациялық бағыттағы және арнайы объектiлердiң құрылысын көбейту (жағалаудағы аумақты көркейту, Қаратал өзенiн су тасқындарынан қорғайтын ғимараттар құрылысын салу, жаңа қарағай саябағын салу, зоопарк және т.б.);

      арнайы жабдықталған нарықтық кешендердi орналастыру үшiн аумақтар бөлу (көлiк, мал жемi, көтерме-бөлшек сауда және т.б.);

      қоғамдық маңызы басым азаматтық-тұрғын үй нысандарын орналастыру үшiн келiсiлген құрылыстарды салуға аумақтар бөлу.

      Қала аумағында құрылыс салуды реттеудiң жалпы ережесi

      Қала аймағында құрылыс салудың жалпы ережесi бойынша Талдықорған қаласының Бас жоспарында төмендегiлер ескерiлдi:

      қалада қала құрылысы жалпы регламенттерi мен шектеулерiн сақтау;

      көше-жол жүйесiнiң сұлбасына сәйкес қызыл сызықтарды сақтау; көше-жол жүйелесiн қызыл сызықтар шегiнде дамыту үшiн қарастырылған аумақтар (муниципалитеттiк жерлер) муниципалитеттер жабдықтары болып есептеледi;

      қаланың қоғамдық орталығын келiсiлген құрылыс аумағын, рекреациялық, коммуналдық-қамбалық, өндiрiстiк-селитебтiк функционалдық аумақтар шеңберiнде сақтау;

      республикалық және жалпы қалалық маңыздағы инженерлiк-көлiктер дәлiздерiнiң шекарасын сақтау (инженерлiк коммуникациялар тораптарының дәлiздерi және имараттар).

4. Көлiк инфрақұрылымын дамыту

      Бас жоспарда сыртқы көлiк жүйесiнiң дамуы (әуе, темiр жол, автокөлiк) әуе және темiр жол, жолаушылар тасымалдауды қайта жаңарту, көше-жол жүйелерiн жетiлдiру және инженерлiк көлiк имараттарын, қаланың автокөлiк паркiнiң жылжымалы құрамын жетiлдiру, жанармай станциясы кешендерiн және көлiктерге қызмет көрсетудi дамыту арқылы қарастырылған.

      Көлiк инфрақұрылымын тиiмдi дамыту үшiн төмендегілер негiзгi шаралар болып табылады:

      Сланов және Рүстембеков көшелерiнiң маңында жаңа автовокзал салу, әртүрлi сыйымдылықтағы автобустар паркiн жаңарту;

      әуежайдың құрал-жабдықтары мен ұшу-қону алаңын қайта жаңарту, әуежай вокзалының ғимаратын күрделi жөндеуден өткiзу, ұшақтар паркiн толықтыру және қайта жаңарту;

      100 жолаушыға арналған жаңа темiр жол вокзалын салу, жолаушыларды Көксу станциясына жеткiзу, әрi қарай Алматы және Шығыс Қазақстан бағыттарына жiберу үшiн тепловоздар мен тiркемелi жолаушылар вагонын сатып алу;

      Алматы - Талдықорған - Өскемен жолындағы жартылай айналымды толықтыруға, жалпы қалалық және аудандық маңыздағы жұмыс iстеп тұрған магистральдарды қайта жаңарту, қаланы айландыра, ұзындығы 25 км. жоғарғы жылдамдықтағы айналымды қалыптастыру;

      жалпы қалалық маңыздағы тораптармен қиылысатын әр деңгейдегi әртүрлі 11 көлiк тармақтарын салу;

      Қаратал өзенiнің су артерияларымен қиылысатын автокөлiк жол тораптарына жаңадан 2 көпiрдiң құрылысын салу қала iшiмен өтетiн, Тәуелсiздiк көшесiнiң бағытындағы көпiрдi қайта жаңарту;

      автобустар паркiн көбейту және жаңарту, жолаушылар тасымалдаушы автокөлiк кәсiпорындарының құрылысын салу, әртүрлi типтегi гараждар мен тұрақты немесе уақытша сақтауға арналған көлiк тұрақтарының, сонымен бiрге, техникалық көмек көрсету және жанармай станциялары кешендерiнiң құрылысын салу.

5. Инженерлiк инфрақұрылымды дамыту

      Сумен қамтамасыз ету

      Қала сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлген. Қалалық су қабылдайтын имараттар резервi жеткiлiктi, келешегi бар, қуаты ұзақ мерзiмге арналған. Бас жоспар қаланы сумен қамтамасыз ету жүйесiн дамытудың төмендегiдей бағыттарын қарастырады:

      су құбырлары өнiмдiлiгiнiң жалпы қуатын тәулiгiне 111,0 мың м 3 дейiн арттыру арқылы оның бұрыннан бар аймақтық жүйесiн, шаруашылық-ауыз су, өндiрiстiк және өртке қарсы пайдаланылатын су құбырын сақтау және дамыту;

      су айдайтын сорғыш станциясының 3-шi бөлiгi мен 10 км. су құбырының желiсiн қайта жаңарту және 23 км. су құбырының желiсi мен жүйесiнiң жаңа құрылысын салу арқылы су құбырлары жүйесiнiң сенiмдiлiгiн арттыру.

      Су бұру тармақтары

      Бас жоспарда канализация жүйесiн дамыту бөлiгiнде төмендегiлер қарастырылған:

      канализация жүйесiнiң сенiмдi жұмыс iстеу қуатын арттыру арқылы оның жалпы қуатын тәулiгiне 72 мың м 3 дейiн жеткiзу;

      канализация жүйесiн дамыту, ескiрген магистральдық коллекторлардың (26 км) орнына жаңаларының құрылысын салу, су айдайтын жаңа сорғыш станцияларын салу (6 бiрлiк);

      қала канализацияларына зиянды заттардың концентратын ағызбау мақсатында кәсiпорындардағы технологиялық процестердi жетiлдiру есебiнен суды тазартудың сапасын жақсарту және технологиясын жетiлдiру, аэрация станцияларында биологиялық тазартудың жаңа технологияларын енгiзу.

      Аумақтарды инженерлiк дайындау

      Бас жоспарда қала аймақтарындағы жерасты суларының көтерiлу деңгейiн төмендету, жасыл желектердi суғаруды ұйымдастыру, Қаратал өзенiнiң жағалауындағы аумақты көркейте отырып, аумақтарды су тасқындарынан қорғау қарастырылған.

      Құрылыс салынатын қала жерлерiн пайдалану үшiн негiзгi шаралар төмендегiлер болып табылады:

      тiк дренаж жүйесiнiң құрылысын салу (14 ұңғыма), бұлақтарды ашып жер асты суларын қала сыртына шығару;

      жер бетiндегi нөсерлі жауын-шашын суларын жинастырып, қала аумағынан тысқары шығару үшін ұзындығы 30 км. жабық канализация торабының жүйесiн салу;

      бұрыннан бар суландыру каналдары мен бірге (68 км) су бөгеу имараттарын қайта жаңарту, жекелеген жер учаскелерiн және қаладағы жасыл желектерді суландыру үшін үйлестiрушi суландыру каналдары мен арықтардың жүйелерін салу;

      Қаратал өзенiне жақын құрылыс салынған аумақтарды су басудан сақтап, өзен арнасымен су тасқындарын өткiзiп жiберудi қамтамасыз ететiн гидротехникалық имараттар кешенiн салу;

      Қаратал өзенінің жайылмаларында су спорттық демалыс аумақтарын жасау.

      Жылумен жабдықтау

      Бас жоспарда Талдықорған қаласын жылумен жабдықтау жүйесiн дамытудың негізгі бағыттары төмендегілер болып табылады:

      қазiргi заман технологиялар және жабдықтар базасында жылумен жабдықтаудың қалыптасқан жүйелерiн жетiлдiру, техникалық қайта жарақтандыру және дамыту;

      орталықсызданған жылумен жабдықтау аймағында қазiргі заманға сай дербес жылумен жабдықтау көздерін енгiзу;

      жалпы ұзындығы 11 км. болатын жаңа жылу магистралін салу, бұрыннан қалыптасқан жылу беру аймағында жылу магистральдарын салу және жекелеген учаскелерде олардың қуатын арттыру;

      жаңа салынған көп қабатты үйлердi жылу жүйесiмен қамтамасыз ету үшiн қазiргі бар орталықтандырылған жылумен жабдықтау көздерiне қосу;

      қазiргі заман талаптарына сай технологиялық жабдықтарды пайдаланып, (Басқуат N 1, 17), жұмыс істеп тұрған қазандықтарды қайта жаңарту.

      Электр қуатымен жабдықтау

      Талдықорған қаласын электр қуатымен жабдықтау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттары:

      қаланы электр қуатымен жабдықтау көзi - "Талдықорғанның 220/110/10 КВ кішi станциясын" қайта жаңарту;

      келешекті ескерiп, бұрыннан құрылыстар салынған аймақтағы электр жүйелерi мен ғимараттарын қайта жаңарту, техникалық қосымша жарақтандыру;

      үлкен габаритты трансформаторлармен ауыстырып, қайта жаңарту есебінен, жұмыс iстеп тұрған 110/10 "Береговая", "Заря", "Еркинская" кiшi станцияларының қуатын арттыру;

      электр қуатын пайдаланғаны үшiн сараланған тарифтердi енгiзуге байланысты тұтынудың барлық салаларында электр қуатын үнемдеу шараларын енгiзу.

      Газбен жабдықтау

      Қаланы газбен жабдықтау сұйытылған газбен қамтамасыз етілген. Табиғи газ көздерi жоқ. Бас жоспарда, тұтынушылардың өсуіне сәйкес резервуарлар жүйесін дамыту қарастырылған. Сұйытылған газды тұтыну 2015 жылы 113 мың тонна/жыл деңгейін құрады.

6. Бас жоспарды жүзеге асыру және оның мониторингі

      Талдықорған қаласын дамытудың Бас жоспарын жүзеге асыруды және оның мониторингін Талдықорған қаласының жергiлiктi атқарушы органдары қамтамасыз етедi.

      Талдықорған қаласының әкімдiгi Талдықорған қаласын дамыту Бас жоспарының мониторингін және жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi. 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған бірінші кезектегі қала құрылысының шаралар бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелеріне қарай, Бас жоспар түзетiлуге жатады.

      Бас жоспарды түзету әр бес жылда жүргiзiледi және келесі есептік кезеңге арналған бiрiншi кезектегі қала құрылысы шаралары бағдарламасын қабылдаудан, қажеттілігіне қарай Талдықорған қаласы аумағын қала құрылысы аумақтарына бөлудiң бас сұлбаларын түзетуден тұрады.

      Талдықорған қаласы Бас жоспарының техникалық-

      экономикалық көрсеткiштерi

      __________________________________________________________________

      Көрсеткiштер |Өлшем |Жылдар бойынша |2005-2015 ж.

      |бiрлiгi|көрсеткiштерi |кезеңiндегi

      | |__________________|құрылысқа

      | |2000 |2005 |2015 |инвестициялар көлемi

      | |жыл |жыл |жыл |(млн. теңге)

      | | | | |____________________

      | | | | |Барлығы|Оның ішінде

      | | | | | |жергiлiкті

      | | | | | |бюджеттен

      __________________________________________________________________

      1 2 3 4 5 6 7

      __________________________________________________________________

      1. Аумақ га 7989,4 7989,4 7989,4

      қала шеңберi

      шегiндегi

      елдi мекен

      жерінiң көлемi,

      барлығы

      оның iшiнде

      мемлекет га 592,7 592,7 592,7

      меншiгiндегi

      жер

      Коммуналдық га 5719,5 5689,5 5060,0

      меншiктегі

      жер

      жеке меншiктегi га 1677,2 1707,2 2336,7

      жерлер

      2. Халық

      1) қарамағындағы мың 117,7 122,0 160,0

      елдi мекендердi адам

      қоса есептегенде

      тұрақты халық

      саны

      2) қала аумағы га/адам 14,7 15,3 20,0

      шегiндегi

      халық

      қоныстануының

      жиілігі

      3) экономикалық мың 69,3 74,0 100,0

      еңбекке қабi. адам

      леттi тұрғындар

      3. Тұрғын үй

      құрылысы 17675,0 2443,0

      тұрғын үй қоры, жалпы 1993,2 2031,4 3343,7 Инвестициялар көле.

      барлығы алаң мінде жеке құрылыс

      оның iшiнде: мың м 2 шығындары ескерілмейді

      муниципалды Жалпы

      тұрғын үй қоры, алаң - 8,1 25,3 875,0 343,0

      оның ішінде мың м 2

      халықтың Жалпы - 8,1 25,3 875,0 343,0

      әлеуметтік алаң

      қорғалған тобына мың м 2

      арналған

      мемлекеттік

      муниципалдық

      қоры

      жеке меншiк. Жалпы 1993,2 2023,3 3318,4

      тегi тұрғын үй алаң

      қоры мың м 2

      халықтың жалпы м 2 /адам 17,0 17,0 21,5

      алаңмен орташа

      қамтамасыз

      етiлуi

      тұрғын үй мың - 0,9 26,6

      қорының шығыны, адам

      барлық жалпы

      көлемi,

      оның iшiнде:

      құрылысты қайта мың м2 - 0,2 24,5

      жаңартуға

      байланысты ескi

      үйлердi бұзу

      жаңа тұрғын үй мың м2 - 70,3 1307,7 16800,0 2100,0

      құрылысы,

      жалпы алаңы

      тұрғын үй

      құрылыстарының

      қабаттармен

      салыстырмасы:

      аз қабатты үйлер мың м2 877,4 896,5 1490,9

      көп қабатты үйлер мың м2 1115,8 1166,1 1852,8

      4 . Әлеуметтiк- 18584,0 2650,0

      тұрмыстық бағыт.

      тағы мекемелер

      1) мектеп жасына орын 1107 1950 2910

      дейінгі балалар

      мекемесi, барлығы

      2) жалпы білiм орын 22527 24700 29000

      беретiн мекемелер

      барлығы

      3) емханалар тәулік/ 2545 3380 4190

      адам

      4) барлық типтегi төсек 1490 1490 2940

      ауруханалар

      5) сауда сауда 7488 Кәсіпорындар

      кәсiпорындары, алаңы саны

      (орта және ұсақ м 2

      дүкендер)

      барлығы

      6)нарық кешендерi, с/алаң 1850 сұранысқа

      барлығы м 2 байланысты

      7) қоғамдық орын 1633 анықталады,

      тамақтандыру инвестиция.

      кәсiпорындары, лар есебiнен

      барлығы жүзеге

      8) тұрмыстық жұмыс 284 асырылады

      қызмет көрсету орны

      кәсiпорындары,

      барлығы

      5. Көлiк және

      жолдар 31685,0 3000,0

      1) көшелер мен км 347,0 399,0 488,5

      жолдардың

      жалпы ұзындығы,

      барлығы

      2) жалпы қалалық км 94,0 133,0 167,5

      аудандық мәнi

      бар магистраль.

      дар

      6. Инженерлiк

      қамтамасыз ету 4370,0 723,0

      1) сумен

      қамтамасыз ету 387,5 110,0

      2) тұтыну тәул/ 42,12 46,86 61,01

      жиынтығы (шығын. мың м 3

      дары) мен босқа

      аққанын қоса

      алғанда барлығы)

      соның iшiнде:

      шаруашылық-ауыз тәул/ 18,7 20,9 10,24

      су мұқтаждарына мың м 3

      өнеркәсiптiк тәул/ 2,5 2,51 2,58

      мұқтаждарға мың м 3

      3) су тұтыну тәул/ 230 230 230

      1 адамға орта литр

      есеппен тәулiгiне,

      барлығы оның 50 50 50

      iшiнде

      шаруашылық-

      ауыз су

      қажеттiлiгiне

      4) кәріз (сарқынды тәул/

      судың төгiлуi) мың м 3 26,02 30,38 42,81 400,0 239,0

      5) электрмен млн/кВт 70,33 145,2 314,0 685,0 103,0

      жабдықтау сағ/жыл

      (тұтыну жиынтығы)

      6) жылумен сағ/Гкал 366,0 366,0 366,0 2705,5 -

      жабдықтау (жылу

      көздерiнiң

      белгiленген

      қуаты), барлығы

      7) газбен жабдықтау жыл/ 4,5 6,5 11,3 192,0 -

      (сұйытылған газды мың

      тұтыну), барлығы тонна

      7. Аумақты

      инженерлiк әзiрлеу 4080,0 184,0

      1) нөсерлi жауын суы км - - 30

      кәрізінің жалпы

      ұзындығы

      2) жағаларды км - 12,0 4,0

      бекіту шаралары

      3) жер асты мың/га - - 1,4

      суларының

      деңгейiн

      төмендету

      4) суғару км 17,5 26,5 68,0

      каналдарының

      магистральдары

      5)ашық арықтар

      жүйесi км 35,9 51,9 296,0

      8. Басқа да

      шығындар 9599,0 -

      Барлық шығындар: 85993,0 9000,0

      __________________________________________________________________

      2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту Мемлекеттiк бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен барлығы 3849,7 млн. теңге бөлiнедi, оның iшiнде коммуналдық тұрғын үйлер салуға 635,0 млн. теңге, кредит қаражаттары есебiнен тұрғын үйлер салуға 3214,7 млн. теңге. Оның ішінде 2005 жылы коммуналдық тұрғын үйлер салуға 121,5 млн. теңге бөлінеді және кредит қаражаты арқылы құрылыс жүргізуге 1262,1 млн. теңге бөлінедi.

      2005-2007 жылдары Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жобалау-сметалық құжаттарын жөндеуге және инженерлiк жүйелерiн салуға жергiлiкті бюджеттен 1278,6 млн. теңге бөлінеді оның iшiнде 2005 жылы 309,5 млн. теңге.

      Қабылданған қысқартулар

      ҚазМИIИ ЖАҚ - Қазақ мемлекеттiк инженерлік ізденiстер институты жабық акционерлік қоғамы

      ҚНжЕ - ҚР құрылыс нормалары және ережелері. Сәулет қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер.

      ПДВ - атмосфераны ластайтын қалдықтардың рұқсат етілген шекті тастандылары.

      "Қайнар" АҚ - "Қайнар" акционерлік қоғамы.

      ЖАКК - жолаушы автокөлік кәсіпорны. Жолаушыларды қала ішінде және қала аралық тасымалдауды жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады