"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 577 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ (САЛЫҚ КОДЕКСІ)

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

      Осы Кодекс салық салудың жалпы қағидаттарын айқындайды, салықтарды төлеуді және бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

      1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) ақпаратты өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер – ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру бойынша көрсетілетін қызметтер;

      2) арнаулы салық режимі – салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін олар бойынша салық есептілігін табыс етудің ерекше тәртібі;

      3) бағалы қағаздар – акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, ислам бағалы қағаздары;

      4) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (бұдан әрі – бюджетке төленетін төлемдер) – осы Кодексте белгіленген мөлшерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерді қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары;

      5) бересі – тексеру нәтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде көрсетілген сомаларды қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомалары;

      6) борыштық бағалы қағаздар – мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар;

      7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт – борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;

      8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі – купон) – шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;

      9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы – шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;

      10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – теңгенің шетел валютасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілеген тәртіппен айқындалған бағамы;

      11) веб-қосымша – салық төлеушінің электрондық салық қызметтерін алуына және салық міндеттемелерін орындауына арналған, уәкілетті органның дербестендірілген және санкциясыз қолжетімділіктен қорғалған интернет-ресурсы;

      12) кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы – мынадай формула бойынша айқындалған бағам:

      R = (R1 + R2 + … + Rn)/n,

      мұнда:

      R – кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

      R1, R2…, Rn – кезең ішінде кезеңнің әрбір күні алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған, тиісті валютаны айырбастаудың күн сайынғы нарықтық бағамы;

      n – кезеңдегі күнтізбелік күндердің саны;

      13) грант – белгілі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:

      мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері – Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;

      қызметі қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар – Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;

      шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;

      14) гуманитарлық көмек – халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық заттар және дәрі-дәрмектер, өзге де мүлік түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;

      15) демеушілік көмек – осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде:

      жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;

      коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік;

      16) дивидендтер – бұл:

      акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын таза кіріс немесе оның бір бөлігі түріндегі кіріс;

      қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша кірісті қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын кіріс;

      заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі түріндегі кіріс;

      заңды тұлғаны тарату кезінде немесе жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаның қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін құрылтайшыдан, қатысушыдан сатып алуы кезінде заңды тұлға эмитенттің акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алуы кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс;

      исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын кіріс;

      акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:

      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген баға арасындағы оң айырма;

      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы теріс айырма;

      заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, оның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында үшінші тұлға алдында туындайтын шығыстардың немесе міндеттемелердің заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлға өтейтін құны;

      осы Кодекстің 322–324-баптарында көрсетілген кірістерді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістерді қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын кіріс.

      Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден түсетін кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:

      К = Қа – Қк,

      мұнда:

      К – мүлікті бөлуден түсетін кіріс;

      Қа – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің қайта бағалау мен құнсыздануын есепке алмағанда, беретін тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күнгі баланстық құны;

      Қк:

      төленген жарғылық капиталдың мүлікті бөлу санына пропорционалды түрде жүзеге асырылатын акциялар санына тиесілі мөлшері;

      төленген жарғылық капиталдың мүлікті бөлуге қатысу үлесіне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тиесілі, бірақ оны сатып алу және (немесе) мүлікті бөлу пайдасы үшін жүзеге асырылатын қатысушы жүргізген жарғылық капиталға жарналар төлеу шығындарының сомасынан аспайтын мөлшері.

      Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаттары үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалады;

      17) дизайнерлік қызметтер көрсету – көркемдік нысандарды, бұйымдардың сыртқы түрлерін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау бойынша көрсетілетін қызметтер; көркемдік конструкциялау;

      18) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген құзыретке сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыс жайларын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған шарт.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану және (немесе) су қойнауын пайдалану құқығын берудің басқа түрлері де жатады.

      Бұл ретте осы Кодексте қолданылатын "барлауға арналған келісімшарт", "өндіруге арналған келісімшарт", "бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарт" және "барлау мен өндіруге арналған лицензия" терминдері "жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт" ұғымына, "барлау мен өндіруге арналған келісімшарт" термині "бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарт" ұғымына сәйкес келеді;

      19) салықтар бойынша аудит қорытындысы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар бойынша аудиттің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;

      20) жеке тұлғаның жеке мүлкі – жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі оның үлесі болып табылатын, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      жеке тұлға кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланбайтын;

      мүліктік және өзге де кірістерден жеке табыс салығын салу объектісі болып табылмайтын материалдық нысандағы заттары;

      21) минералды шикізат – қатты пайдалы қазбалар;

      22) жер қойнауын пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану және (немесе) су пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлғалар;

      23) өндіру – мемлекеттік меншік болып табылатын пайдалы қазбаларды жер қойнауынан үстіңгі бетіне, сондай-ақ техногендік минералды түзілімдерді алып шығумен байланысты барлық жұмыстар (операциялар) кешені;

      24) минералды шикізатты бастапқы өңдеу (байыту) – шыққан жерінде жинауды, бөлшектеуді немесе ұсақтауды, жіктеуді (сұрыптауды), брикеттеуді, агломерациялауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералды нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалл- химиялық құрылымын сапалы өзгертпей) қамтитын, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі арнайы жұмыс түрлері (жерастын газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтілену, сусымалы кен орындарын драждық және гидравликалық өңдеу) болып табылатын өңдеу технологияларын қамтуы мүмкін тау-кен өнеркәсібі қызметінің түрі;

      25) көмірсутерді дайындау – көмірсутектерді дайындайтын технологиялық процестер кешені, оның ішінде жинау, дайындауға жеткізу, ұңғыма сұйықтығының өлшегіш қондырғыларға түсуі, газсыздандыру, сусыздандыру, тұзсыздандыру, тұрақтандыру, демеркаптанизациялау;

      26) пайдалы қазба – химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері материалдық өндіріс және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) тікелей немесе өңдеуден кейінгі өзге де мұқтаждар үшін пайдалануға мүмкіндік беретін жер қойнауындағы табиғи минералды түзілімдер, көмірсутектері және жерасты сулары;

      27) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі - филиал, өкілдік;

      28) инвестициялық алтын – мынадай шарттарға сәйкес келетін алтын:

      алтын монеталар үшін:

      мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы болмайды;

      алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесінің 900 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 900-сынамаға, 900 промиллеге, 900 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес келеді).

      Бұл ретте алтын монета мынадай шарттардың біріне сәйкес болған кезде:

      1800 жылға дейін соғылған;

      "пруф" (proof) сапасымен бетінің айнадай болып шығуын қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;

      шығарылымының таралымы 1 000 данадан аспаған;

      оның нарықтық бағасы монета құрамындағы алтын құнының сексен пайызынан асқан жағдайда, оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады.

      Монетаның құрамындағы алтынның құны алтын монетаны өткізу күні алтынның Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (баға белгіленімін) көрсетілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту арқылы айқындалады.

      Қалған алтын үшін:

      мұндай алтын аффинирленген болып табылады (мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1 000 үлесінің 995 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 995-сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес келеді);

      мұндай алтын ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келеді, өлшеуіш немесе стандартты құйма және (немесе) тілім түрінде дайындалып, мынадай таңбалау салынады:

      стандартты құйма және (немесе) тілім үшін:

      сериялық нөмірі (дайындалған жылы қамтылуы мүмкін);

      дайындаушының тауар белгісі;

      алтынның тазалығы (массалық үлесі);

      егер сериялық нөмірге енгізілмеген болса, дайындалған жылы;

      өлшеуіш құйма үшін:

      металдың атауы;

      дайындаушының тауар белгісі;

      алтынның тазалығы (массалық үлесі);

      құйманың массасы;

      29) инжинирингтік қызметтер көрсету – инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсынымдар әзірлеу;

      30) ислам бағалы қағаздары – ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;

      31) кәсіби медиатор – Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын медиатор;

      32) келісімшарттық қызмет – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметі;

      33) құпиялылық туралы келісім – геологиялық ақпаратты пайдалануға беруге негіз болған, жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган арасындағы шарт (келісім). Мұндай шартқа (келісімге) ақпаратты иемденіп алу туралы шарт та (келісім) жатады;

      34) келісімшарттан тыс қызмет – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелерінде тікелей көзделмеген кез келген өзге қызметі;

      35) консультациялық қызметтер көрсету – басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелерді, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру, персоналды басқару мәселелерін шешу мақсатында проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкіндіктерін айқындаужы және (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы консультациялар беру бойынша қызметтер көрсету;

      36) қайырымдылық көмек – өтеусіз негізде:

      демеушілік көмек түрінде;

      жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;

      коммерциялық емес ұйымға оның жарғылық қызметін қолдау мақсатында;

      әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға, осы ұйымның осы Кодекстің 290-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында;

      осы Кодекстің 290-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сай келетін, қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға берілетін мүлік;

      37) жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау – салық агентінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде мүлікті бiр жыл өтеусіз беруі.

      Осы тармақшада көзделген тұлғалар санаттарының тізбесін уәкілетті органмен келісу арқылы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді;

      38) қатысу үлесі – акционерлік қоғамдар мен пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғаның бірлескен қызметке, заңды тұлғаның жарғылық капиталына үлестік қатысуы;

      39) қыздырылатын темекісі бар өнімдер – темекінің жану процесінсіз электрондық немесе өзге де тәсілмен темекіні қыздыру нәтижесінде түзілген аэрозольді ішке тартуға арналған темекісі бар өнімдер;

      40) жұмыскер:

      жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келісімшарт) бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;

      мемлекеттік қызметші;

      мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын салық төлеушінің өзге де басқару органының мүшесі;

      осы Кодекстің 220-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің резидентке немесе Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге бейрезидентке персоналды беруіне арналған келісімшарт бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      41) маркетингтік қызметтер көрсету – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын әзірлеуді қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысына үздік экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты қызметтер көрсету;

      42) мемлекет атынан алушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және (немесе) өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), осы Кодекстің 722-бабында көзделген, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген салық міндеттемесін орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды алушы ретінде мемлекет атынан әрекет ететін заңды тұлға;

      43) мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кеден ісін іске асыруды, Қазақстан Республикасының заңдарымен осы органның қарауына жатқызылған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;

      44) өткізу – сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды не өзге де мүлікті тиеп жіберу және (немесе) беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, лизинг шарты бойынша мүлікті беру, сондай-ақ борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда, кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру;

      45) жекеше практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор;

      46) роялти – мыналар үшін:

      пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік түзілімдерді қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;

      зияткерлік меншік объектісіне мүліктік (айрықша) құқықтарды толығымен немесе ішінара іске асыруды қоспағанда, авторлық құқықтарды, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуге, сызбаларға немесе модельдерге авторлық құқықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; патенттерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;

      өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз кемелерін және димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын әуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;

      47) салық агенті – осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстап алу және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жекеше практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, оның ішінде бейрезидент заңды тұлға;

      48) салық берешегі – бересілер сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды;

      49) салық режимі – осы Кодексте белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;

      50) салықтар – осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;

      51) салық төлеуші – салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      52) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты – салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;

      53) салық төлеушінің электрондық құжаты – белгіленген электрондық форматта берілген, қабылданғаннан және теңтүпнұсқалылығы расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;

      54) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы – Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес алынған, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның салық төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі;

      55) сыйақы – мынадай:

      кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төленетін төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты барлық төлемдер;

      кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін өзге де төлемдерді қоспағанда, талап ету құқығы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген заңды тұлғаға берілген кредитпен (қарызбен, микрокредитпен) байланысты барлық төлемдерді;

      мыналарды:

      мұндай мүлік алынған (берілген) құнды;

      қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес коэффициентті (индексті) қолдану кезінде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдерді;

      лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, қаржы лизингі шарты бойынша, оның ішінде осындай төлеу шартымен өзара байланысты тарапқа мүлікті беруге байланысты барлық төлемдер;

      салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша барлық төлемдер;

      сақтандыру сомасының мөлшерін, сақтанушы үшін сақтандырушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты барлық төлемдер;

      дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақы ескеріле отырып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төленетін төлем түріндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша барлық төлемдер;

      вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша барлық төлемдер;

      репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма түріндегі репо операциялары бойынша барлық төлемдер;

      исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер;

      Осы тармақшаның мақсатында банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да сыйақы деп танылады;

      56) туроператор көрсететін қызметтер – Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес өздері қалыптастырған туристік өнімді турагенттерге және туристерге өткізу жөніндегі туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензиясы бар дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның көрсететін қызметтері;

      57) тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға – Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (бейрезидент заңды тұлға). Осы Кодекстің мақсаттары үшін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтік құралым олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие болғанына, болмағанына, қайда құрылғанына қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қаралады;

      58) уәкілетті заңды тұлға – салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) үшінші тұлғаның осы Кодекске сәйкес билік етілуі шектелген және (немесе) кепілге салынған мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;

      59) уәкілетті мемлекеттік органдар – салық органдарын және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреттері шегінде салық органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

      60) уәкілетті орган – салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      61) уәкілетті тұлға – осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде жеке тұлғалар бойынша бар мәліметтерді уәкілетті органға табыс ету міндеті жүктелген тұлға;

      62) ұтыстар — салық төлеушілердің салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ұтыс ойындарын қоса алғанда конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі кірістердің кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі кірістер;

      63) электрондық салық төлеуші – Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;

      64) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі – уәкілетті органның электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды қабылдауды, өңдеуді, тіркеуді, беруді және сақтауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйесі;

      65) электрондық сигареттер – электрондық технологиялардың көмегімен (картридждердегі, резервуарлардағы және электрондық сигареттерде пайдалануға арналған басқа да контейнерлердегі) құрамында никотин бар сұйықтықты қыздыратын және ішке тартуға арналған аэрозольді түзетін темекісіз өнімдер;

      66) оператор – өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құратын немесе айқындайтын заңды тұлға;

      67) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат – осы Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен, нысан бойынша және мерзімде электрондық нысанда ресімделетін құжат;

      68) тауарлар импорты – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелу, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;

      69) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және жарналар;

      70) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі – осы Кодекстің 20-бөлімінде белгіленген тәртіпті қоспағанда, осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салықтарды және бюжетке төленетін төлемдерді есептеу, төлеу, олар бойынша салық есептілігін табыстау тәртібі;

      71) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар – жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, оның ішінде жерасты суларын, емдік балшықтарды барлауға және өндіруге, ағынды суларды шығару үшін жер қойнауын барлауға байланысты, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыс-жайларын салу және (немесе) пайдалану бойынша жұмыстар;

      72) мұнай операциялары – көмісутектерін барлау, өндіру, қажетті технологиялық және өндірістік объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар.

      2. Осы Кодекстің мақсатында:

      1) бір тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа тұлғаның үлестес тұлғасы болып танылатын;

      2) бір тұлға басқа тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын;

      3) шартпен байланысты тұлғалар, оған сәйкес олардың біреуі басқасының қабылдайтын шешімін айқындауға құқылы болатын;

      4) заңды тұлға басқа заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе лауазымды тұлғасының бақылауында болады;

      5) бір заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы басқа заңды тұлғаның ірі акционері, ірі қатысушысы не лауазымды тұлғасы болып табылатын;

      6) заңды тұлға басқа заңды тұлғамен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болатын;

      7) тұлға өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, осы тармақтың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның не заңды тұлғалардың қатысу үлестерінің 10 және одан да көп пайызын иеленетін, пайдаланатын, оған билік етеітін;

      8) акционерлік қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға осы тармақтың 2) - 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылатын;

      9) жеке тұлға заңды тұлғаның ірі қатысушысының не лауазымды тұлғасының жақын туысы не жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, әпке-сiңлiлері (іні-қарындастары), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылатын талаптардың біреуіне не бірнешеуіне сәйкес келетін өзара қатынасы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылады.

      Осы тармақтың мақсатында, акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның мүлкіндегі үлесі 10 және одан да көп пайызды құрайтын қатысушы ірі қатысушы деп түсініледі.

      Заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі заңды тұлғаны бақылау деп түсініледі.

      3. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынасында пайдаланылады.

      4. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.

      2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

      2. Осы Кодексте көзделмеген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс болмайды.

      3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады.

      4. Осы Кодексте көзделгеннен басқа жағдайларда салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының салықтық емес заңнамасына қосуға тыйым салынады.

      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, аталған шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және барлық жеке және заңды тұлғаларға және осы Кодексте салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеушілер ретінде, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді өндіріп алу және әкімшілік жүргізу жөніндегі тиісті салықтық және өзге де рәсімдерге қатысушылар ретінде айқындалған олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

      2. Осы Кодекске жаңа салықты және (немесе) бюджетке төленетін төлемді белгілеу, мөлшерлемені көтеру, салық салынатын объектіні және (немесе) салықтық базаны өзгерту, салық төлеушілердің (салық агненттерінің, операторлардың) санаттарын ұлғайту, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша шегерімді немесе жеңілдікті алып тастау немесе азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей жылына бір реттен артық емес қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.

      3. Осы Кодекске салықтық әкімшілік жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, салық төлеушінің (салық агентінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар жылына бір реттен артық, бірақ ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы мүмкін.

      4. Осы Кодекске енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар дербес құқықтық реттеу нысанасын қамтитын заңдардың мәтіндеріне қосылмайды.

      5. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің жаңа салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін төлемдерді белгілейтін, мөлшерлемені арттыратын, жаңа міндеттер белгілейтін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) жағдайын нашарлататын ережелерінің кері күші болмайды.

      4-бап. Салық салу қағидаттарының ұғымы мен мәні

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне негізделеді.

      Қазақстан Республикасы салық заңнамасы ережелерінің салық салу принциптеріне қайшы келуіне болмайды.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы ережелерінің салық салу принциптеріне қайшы келуі анықталған жағдайда, мұндай ережелер қолдануға жатпайды, егер қайшылықтар тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қараған кезде анықталса, тексеру нәтижелері қайта қарауға жатады.

      5-бап. Салық салудың міндеттілігі қағидаты

      Салық төлеуші салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемені Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

      6-бап. Салық салудың айқындылығы қағидаты

      1. Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесінің, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.

      2. Салық салу шарттары, егер салық төлеуші (салық агенті) бюджетке қандай салықтарды және (немесе) төлемдерді қашан және қандай тәртіппен төлеуге, сондай-ақ олардың сомаларын есептеу үшін жеткілікті мәліметтерді беруге міндетті екендігін белгілей алатын болса, айқындалған болып есептеледі.

      7-бап. Салық салудың әділдігі қағидаты

      1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

      2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

      3. Ешкімді де бір кезеңде бір салық салынатын объект бойынша бір салық түрімен, бір бюджетке төленетін төлем түрімен қайтадан салық салуға душар етуге болмайды.

      8-бап. Салық төлеушілердің адалдығы қағидаты

      1. Салық төлеуші (салық агенті) салық міндеттемесін орындау жөніндегі іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асыруда адал болады деп болжанады.

      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық пайда (салықтық үнемдеу) алу және салық төлемдерін азайту мақсатында өзінің заңсыз немесе Конституцияда жосықсыз іс-әрекеттерімен пайда табуына жол берілмейді.

      3. Егер салық төлеушінің (салық агентінің) салық органының алдын ала алынған жазбаша жеке түсіндіруіне сәйкес орындаған салық міндеттемесі кейіннен кері қайтарып алынған, қате деп танылған немесе орнына жаңа, мағынасы жағынан өзге түсіндіру жіберілген болса, онда айыппұлдар мен өсімпұлдар салық төлеушінің есебіне жазылмай, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау кезінде салық міндеттемесі түзетуге (түзеуге) жатады.

      4. Салық төлеуші (салық агенті) жол берген салық заңнамасын бұзушылық негізделген, салықтық тексерулер жүргізу барысында сипатталған болуға тиіс. Тұжырымдарды негіздеу және салық заңнамасын бұзу фактісін айғақтайтын жағдайларды ашып көрсету салық органдарына жүктеледі.

      5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау кезінде салық заңнамасының барлық айқын емес тұстары мен реттелмеген мәселелері салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына түсіндіріледі.

      9-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы қағидаты

      Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.

      10-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы қағидаты

      Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

      11-бап. Салық саясаты

      Салық саясаты – мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.

      Салық саясаты жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асырады.

      12-бап. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес

      1. Салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою, сондай-ақ салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Консультациялық кеңес құруға құқылы.

      2. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2-ТАРАУ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. САЛЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӨКІЛДІК

      13-бап. Салық төлеушінің (оператордың) құқықтары мен міндеттері

      1. Салық төлеуші (оператор):

      1) салық органдарынан қолданылып жүрген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндірмелер алуға;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің заңды немесе осы Кодекстің 16-бабына сәйкес уәкілетті өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар бойынша аудит жүргізуге шарт жасасуға;

      4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;

      5) салық органында салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық нысанда салық есептіліктері мен өтініш беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді тегін алуға;

      6) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдарының лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

      7) берілуі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін, авиациялық отын, биоотын және мазут өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасында тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы;

      2. Салық төлеуші жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы хабардар ету мақсаттары үшін өзінің телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайлары туралы мәліметтерді салық органына табыс етуге құқылы.

      3. Салық төлеуші (оператор):

      1) салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) салық органдарының талап етуі бойынша салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты және осындай шарт жасалған жағдайда, салықтар бойынша аудит қорытындысын табыс етуге;

      3) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін, авиациялық отын, биоотын және мазут өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;

      4) бақылау-кассалық машиналарды қолданған кезде қойылатын талаптарды сақтауға;

      5) ауыспалы есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен тауар чектерін, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және жою мен қайтару операциялары жүргізілген бақылау чектерін басып шығарылған немесе толығымен толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.

      4. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген өзге де құқықтары бар және өзге де міндеттері болады.

      14-бап. Салық агентінің (оператордың) құқықтары мен міндеттері

      Салық агентінің (оператордың), осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші сияқты құқықтары бар және сондай міндеттері болады.

      15-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау

      1. Салық төлеушіге (салық агентіне) оның құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына кепілдік беріледі.

      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Салық органдарына және олардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлеріне салық төлеушілерден салық заңнамасында көзделмеген міндеттерді орындауды талап етуіне тыйым салынады.

      16-бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету

      1. Егер осы тармаққа өзгеше көзделмесе, салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы.

      Осы тармақтың ережесі:

      1) осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін;

      2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті тапсырған жағдайда қолданылмайды.

      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілген тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) заңды өкілі болып танылады.

      3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық органдарымен, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға өзге де қатысушылармен қарым-қатынастарда өз мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілі болып танылады.

      Салық төлеушінің (салық агентінің) - жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің уәкілетті өкілі нотариат куәландырған сенімхат немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген нотариат куәландырған немесе оған теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі.

      Салық төлеуші (салық агенті) - заңды тұлғаның не оның құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті өкілі құрылтай құжаттары және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі.

      4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзінің қатысуы оны өкілінің болуы құқығынан айырмайды, сол сияқты өкілдің қатысуы салық төлеушіні (салық агентін) көрсетілген қарым-қатынастарға жеке өзінің қатысу құқығынан айырмайды.

      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілінің салық төлеушінің (салық агентінің) атынан жасаған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) салық төлеушінің (салық агентінің) іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.

      6. Жеке тұлғаның заңды өкілінің осы жеке тұлғаның атынан жасаған іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) жеке тұлғаның заңды өкілінің іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады.

      17-бап. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) негізінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде салықтық қатынастарға оператор арқылы қатысу

      1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарға оператор арқылы қатысуға құқылы.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастардағы оператордың өкілеттіктері, осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) сәйкес айқындалады.

      3. Осы Кодекстің 722-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық міндеттемелерін орындаған кезде, оператор осы Кодексте салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін көзделген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады, сондай-ақ оған осы Кодексте салық төлеушiлер (салық агенттерi) үшін көзделген салықтық әкімшілік жүргізу тәртібі қолданылады.

      4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуына байланысты осы жер қойнауын пайдаланушылардың атынан және (немесе) олардың тапсырмасы бойынша жасалған оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) осындай жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың атынан және (немесе) олардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін оператордың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) деп танылады.

3-ТАРАУ. САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ. САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАРМЕН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУЫ

      18-бап. Салық органдары, олардың міндеттері мен жүйесі

      1. Салық органдары мемлекеттік кіріс органдары болып табылады және:

      1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;

      2) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Кодекске сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;

      4) салық саясатын іске асыруға қатысу;

      5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру, оның дамуын қамтамасыз ету және салық төлеушілер үшін электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау міндеттерін атқарады.

      2. Салық органдарының жүйесі уәкілетті органнан және оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ ауданаралық аумақтық бөлімшелерінен тұрады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда, осы аймақтардың аумағында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері құрылуы мүмкін.

      Салық органдарының уәкілетті орган бекіткен кодтары бар.

      3. Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.

      4. Салық органдарының нысаны болады, оның сипаттамасы мен пайдаланылу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      19-бап. Салық органдарының құқықтары мен міндеттері

      1. Салық органдары:

      1) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекітуге;

      2) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға, оның ішінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпарат алмасуға;

      3) банктердің және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз етілуінің және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті, оператор) осындай бағдарламалық қамтамасыз етуді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бухгалтерлік және салық есептерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;

      Исключение, установленное настоящим подпунктом, не распространяется на требования налоговых органов, предъявляемые в ходе проведения налоговой проверки и осуществления горизонтального мониторинга;

      осы баптағы алып тастаулар, белгілеулер салық органдары салықтық тексеру жүргізу және деңгейлес мониторингті жүзеге асыру барысында қойған тараптарға қолданылмайды;

      4) салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан):

      салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстап қалудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығын растайтын құжаттарды табыс етуді;

      салық төлеуші (салық агенті, оператор) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ оның ішінде резидент-салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынуын талап етуге;

      5) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардан, бірыңғай тіркеушіден, брокерлерден және (немесе) дилерлерден, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарынан осы Кодекстің 24-бабының 1), 2), 3), 7) тармақшаларында және 27-бабында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;

      6) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстің 24-бабының 14) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді алуға;

      7) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;

      8) осы Кодекске сәйкес активтер және міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету міндеті жүктелген жеке тұлғаны салықтық тексеру барысында аталған декларацияда көрсетілген, мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы мәліметтердің анықтығы бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға;

      9) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;

      10) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талап арыздар беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талап арыздар беруге құқылы;

      2. Салық органдары:

      1) салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға;

      2) мемлекеттің мүдделерін қорғауға;

      3) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар және бюджетке төленетін төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, салық заңнамасын қолдану жөніндегі мәселелерді түсіндіруге;

      4) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті.

      Деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушілер үшін түсіндірулерді жүзеге асыруды және осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген түсініктемелер беруді уәкілетті орган жүзеге асырады. Бұл ретте мұндай салық төлеушілер үшін уәкілетті орган жоспарланып отырған мәмілелерге (операцияларға) қатысты алдын ала түсіндірулер мен түсініктемелер береді;

      5) талап қою мерзімі ішінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің төлену фактісін растайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға салық органдарының ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат беруге;

      7) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында:

      салық берешегі бар;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылған;

      тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған салық төлеушілер (салық агенттері) туралы мәліметтерді орналастыруға;

      8) салық төлеушіге (салық агентіне) салық өтініштерінің белгіленген нысандарындағы бланкілерін және (немесе) салық есептіліктерін және электронды түрде өтініш беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді тегін беруге;

      9) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық органдары лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын қарауға;

      10) жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрау салуы бойынша жылдық жиынтық кірісі "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілерінің атауы мен идентификаттау нөмірі туралы мәліметтерді беруге;

      11) салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық берешегін мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алуға;

      12) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;

      13) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің дұрыстығы, өндіріп алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

      14) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама табыс етуге;

      15) уәкілетті органның сайтында:

      активтер және міндеттемелер туралы декларацияны;

      кірістер және мүлік туралы декларацияны табыс еткен жеке тұлғалардың жеке идентификаттау нөмірі туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.

      3. Салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтары бар және өзге де міндеттерді мойнына алады.

      4. Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне сілтейтін, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес процестік шешімді қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді. 

      20-бап. Салық органдарының лауазымды тұлғаларын материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және әлеуметтік қорғау

      1. Салық органдарының лауазымды тұлғасы қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңмен қорғалады.

      2. Салық органдары лауазымды тұлғасының заңды талаптарын орындамау, салық органдары лауазымды тұлғасының қызметтік жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қол сұғушылық, салық органдары лауазымды тұлғасының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін басқа да іс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      3. Қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық органдары лауазымды тұлғасының денсаулығына орташа ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.

      4. Қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық органдары лауазымды тұлғасының денсаулығына кәсіптік қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей ауыр зиян жасалған және келтірілген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшері арасындағы айырма (өмір бойы) төленеді.

      5. Салық органдарының лауазымды тұлғасы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған жағдайда, қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):

      1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;

      2) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.

      6. Қызметтік міндеттерін орындауына байланысты салық органдары лауазымды тұлғасының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан, сондай-ақ салық органдары лауазымды тұлғасының отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледі.

      21-бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері

      1. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) салық төлеуші – жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинау қатаң есептілік құжаты болып табылатын квитанция негізінде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды жинауды ұйымдастыру кезінде әкімдер:

      1) салық органдарынан салық сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілген хабарламаны салық төлеуші-жеке тұлғаға тапсыруды;

      2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеуші- жеке тұлғаға осындай төлеу фактісін растайтын квитанция беруді;

      3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, салық сомасын кейіннен бюджет есебіне жатқызу үшін күн сайын өткізуді қамтамасыз етеді. Егер күн сайынғы ақша түсімі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болса, сондай-ақ елді мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткізу үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;

      4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;

      5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомаларын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өткізу туралы есептер беруді қамтамасыз етеді.

      22-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы

      1. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

      2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдем көрсетуге міндетті.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары салық органдары осы Кодекстің 573-баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау бойынша өздері жүргізген тексерулердің (мемлекеттік экологиялық бақылау) нәтижелері жөніндегі мәліметтерді табыс етуге міндетті.

      4. Уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодекстің 26-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тізбе бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      5. Салық органдары мен жергілікті атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша осы Кодекстің 21-бабында белгіленген тәртіппен бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.

      6. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың бюджетке төленетін төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер табыс ету жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің ерекше бөлімінде айқындалады.

      7. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.

      8. Салық органдары салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған шығындар, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар, болған, бірақ мәлімделмеген шығындар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алу жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.

      9. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың бірлескен шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық бақылауды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындауда жәрдем көрсетеді.

      Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі электрондық тәсілмен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы. Өзара іс қимыл тәртібі бірлескен актімен белгіленеді.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органға уәкілетті банкттерден алынған көліктік төлемдер және (немесе) жеке тұлғаның (заңды тұлғаға), заңды тұлғаның (жеке тұлғаға), сондай-ақ мәмілелер (келісімшарттар) бойынша, оның ішінде тауарсыз операциялар бойынша уәкілетті банк арқылы өткізілген заңды тұлғаның филиалының және өкілдігінің (филиалы мен өкілдігіне) 50 000 АҚШ долларынан астам сома эквивалентінде валюталық операциялар бойынша ақша аудару туралы ақпаратты ұсынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бірлескен актінде белгіленген тәртіпте, нысан бойынша және мерзімде жолданады.

      11. Салық органдары өндірушілердің заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген (өндірген) өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын өндірушілер бойынша ақпарат ұсынады.

      12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған құпиялылық туралы келісімдердің көшірмелерін және (немесе) қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның пайдалы қазбалардың қорларын бекіту және пайдалы қазбалардың қорларын мемлекеттік балансқа қою туралы хаттамаларды, сондай-ақ олар жасалған немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, оларға енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді береді, оның ішінде автоматты түрде ақпарат алмасу арқылы береді.

      13. Жергілікті атқарушы органдар орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысанда қалалық қоғамдық көлік тасымалдары бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде салық төлеушінің билеттерді пайдалануы туралы есепті табыс етеді.

      23-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауы

      1. Жергілікті әскери басқару органдары уәкілетті органға мерзімді әскери қызметке шақырылған және мерзімді әскери қызметтен босатылған жеке тұлғалар туралы мәліметтерді мынадай мерзімдерде:

      1) жеке тұлғалар жылдың сәуір - маусымында:

      мерзімді әскери қызметке шақырылған;

      мерзімді әскери қызметтен босатылған болса, сол жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей;

      2) жеке тұлғалар жылдың қазан - желтоқсанында:

      мерзімді әскери қызметке шақырылған;

      мерзімді әскери қызметтен босатылған болса, сол жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жергілікті әскери басқару органдарының тізбесін мынадай мерзімдерде:

      1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей;

      2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей табыс етеді.

      24-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi

      Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:

      1) бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер және жекеше практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға банктік шоттар ашқан кезде не банктің қайта ұйымдастырылуына байланысты банктік шоттағы жеке идентификаттау коды өзгерген кезде уәкілетті органды көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені туралы олар ашылған не өзгерген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, идентификаттау нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі арқылы беру жолымен хабардар етуге міндетті.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттар, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттары, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттары, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттар, нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттар, эскроу-шоттар, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттар бойынша хабарлама талап етілмейді.

      Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың осы тармақшасында және 5), 7), 9), 12), 14) және 16) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында оларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық төлеушілер туралы, оның ішінде дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат ұсынылады.

      Көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені туралы мұндай телекоммуникация желісі арқылы хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде, хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жіберіледі;

      2) Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға банктік шоттардың бар екендігі және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент жеке тұлғалардың, бейрезидент заңды тұлғалардың, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде табыс етуге;

      3) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банктік шоттардың бар екендігі және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе шет мемлекеттiң уәкілетті органы Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;

      4) уәкілетті органға салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімін және (немесе) инкассалық өкімді, сондай-ақ салық органы жіберген жоғарыда көрсетілген өкімдерінің күшін жоятын немесе кері қайтарып алатын құжаттарды электронды нысанда алғаны туралы оларды алған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес хабарлауға;

      5) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуге арналған төлем құжаттарын қабылдау кезінде идентификаттау нөмірін қалыптастыру қағидаларына және идентификаттау нөмірлерін қалыптастыруды және идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес идентификаттау нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.

      Төлем құжатында көрсетілген идентификаттау нөмірі идентификаттау нөмірлерін қалыптастыруды және идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректерімен сәйкес келмеген не ол болмаған жағдайларда, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мұндай төлем құжатын орындаудан бас тартады.

      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 189-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бюджетке төленетін төлемдерді шетелдік және азаматтығы жоқ адам төлеген кезде қолданылмайды;

      6) жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжатында көрсетілген жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың идентификаттау нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган ұсынған деректерге сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын орындаудан бас тартуға міндетті.

      Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган табыс еткен деректерде көлік құралының идентификаттау нөмірі болмаған жағдайда, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжатын орындаудан бас тартуға құқылы емес.

      7) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарын жабу кезінде хабарлардың кепiлдік беріліп жеткiзiлуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы идентификаттау нөмірін көрсете отырып, олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

      Көрсетілген шоттардың жабылғандығы туралы телекоммуникация желісі арқылы хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде, хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жіберіледі;

      8) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, ол туралы осы Кодекстiң 314-бабына сәйкес айқындалатын, уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша мұндай тану тоқтатылған есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;

      9) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банктік шоттарындағы ақшасы жеткілікті болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банктік шоттан салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органдарының инкассалық өкімдері де осындай тәртіппен салық органдарының нұсқамасы алынған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірілмей орындалуға міндетті.

      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банктік шоттарында ақшасы жоқ болған немесе жеткілікті болмаған жағдайда, банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;

      10) салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердiң және әлеуметтік төлемдердің сомаларын:

      төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің банктік шоттан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні;

      төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей;

      операция жасалған күннің ішінде, бірақ банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізілген не банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық терминалдары арқылы қолма-қол ақша енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;

      11) нұсқамасы болған кезде, дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша ақшасының бар-жоғын және жасалатын операцияларын тексеруге салық органдарының лауазымды тұлғасын жіберілмеуіне жол беруге;

      12) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 18-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, дара кәсіпкер және жекеше практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банктік шоттарындағы (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) салық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа, барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

      13) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеме тоқтатылған күнге дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелердің тоқтатылуы кезінде қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы хабардар етуге міндетті.

      Осы тармақшаның ережелері оны орындау жолымен міндеттеме тоқтатылған кезде қолданылмайды.

      14) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

      салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;

      активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаның;

      осы Кодекстің 59 және 66-баптарына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері қолданылатын дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның;

      орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 70-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімнен кейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, алты ай өткенге дейін осы есептілікті табыс етпеген, дара кәсіпкер және жекеше практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;

      осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін – осы Кодекстің 67-бабына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жеке тұлғаның;

      туындаған күнінен бастап төрт ай бойы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған әрекетсіз жеке тұлғаның, заңды тұлғаның;

      заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);

      мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);

      өз өкілеттіктерін орындаған кезеңде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның және осы кезеңде оның жұбайының (зайыбының);

      жазаны өтеу орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті.

      Сегізінші абзацын қоспағанда, осы тармақшада көзделген мәліметтерді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша ұсынылады;

      15) салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынуға;

      Осы баптың сегізінші абзацын қоспағанда, 14) тармақшасында және 15) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;

      16) мыналарға:

      осы Кодекстің 91-бабында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге;

      осы банкте ашылған, салық органдары инкассалық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге;

      өзі туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банктік шоттарды, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.

      Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде банк берген банктік шоттардың орнына бас банк банктік шоттарды және қайта ұйымдастыру шеңберінде біріктірілген жағдайда банк берген банктік шоттардың орнына құқықтық мирасқор банк ашатын банктік шоттарды ашқан кезде қолданылмайды.

      17) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша талап ету құқығын басқаға беру шарттары жөніндегі мәліметтерді көрсетілген салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша салық органына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысанға сәйкес тоқсаннан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей ұсынуға міндетті;

      Осы баптың мақсаттары үшін мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған шоттары банктік шоттарға теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 8), 13), 14) және 17) тармақшаларында көзделген есептер мен мәліметтер телекоммуникациялар желісі арқылы беріледі. Техникалық проблемаларға байланысты оларды телекоммуникациялар желісі арқылы беру мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген есептер мен мәліметтер қағаз жеткізгіште жіберіледі.

      Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекске сәйкес ұсынатын мәліметтерді салық органдары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдаланады.

      25-бап. Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы

      Салық органдары салықтық әкімшілендіру кезiнде:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын;

      2) мемлекеттік статистика саласындағы;

      3) салық салу объектiлерiн және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын, оның ішінде:

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;

      жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуді;

      радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді;

      ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді;

      дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді;

      шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді;

      бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды жүзеге асыратын;

      4) лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;

      5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүзеге асыратын;

      6) азаматтық хал актiлерiн тiркеудi жүзеге асыратын;

      7) нотариаттық iс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;

      8) қорғаншылық пен қамқоршылықты;

      9) көліктік және коммуникацияны;

      10) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын;

      11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын;

      12) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды.

      26-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі мiндеттерi

      1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тiркеуді, қайта тiркеудi және есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаның тіркелген, қайта тіркелген, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы мемлекеттік тіркелген, құрылымдық бөлімше есептік тiркеуге қойылған, қайта тіркелген, есептік тiркеуден шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның тіркелгені, қайта тіркелгені, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуының мемлекеттік тіркелгені, құрылымдық бөлімшенің есептік тiркеуге қойылғаны, қайта тіркелгені, есептік тiркеуден шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық органына, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға табыс етуге мiндеттi.

      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәлiктердi немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар лицензиялар және оларға қосымша (қосымшалар), куәлiктер немесе рұқсат ету мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттар берiлген (тоқтатылған) салық төлеушiлер және бюджетке басқа да төлемдер алынатын объектiлер туралы мәлiметтердi осы Кодекстiң 18-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен, мерзiмде және уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына табыс етуге мiндеттi.

      Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар берілген салық төлеушілер туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмде және нысандар бойынша өздерiнiң орналасқан жерiндегi салық органдарына ұсынуға мiндеттi.

      3. Салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi бар салық төлеушiлер туралы, сондай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен, мерзімде және нысандар бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.

      4. Бюджетке төленетін төлемдерді жинауды, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органдар табыс ететін мәлiметтерде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің идентификаттау нөмірін көрсетуге мiндеттi.

      5. Шетелдiктердің келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган олардың келуiн (кетуiн) тiркегеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей келудiң мақсатын, орнын және болу мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiктер туралы мәлiметтердi уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органына табыс етуге мiндеттi.

      6. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуы тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

      7. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 650-бабына сәйкес ол бойынша салық міндеттемелері туындайтын мәміленің қатысушылары және оның параметрлері туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге мiндеттi.

      8. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелгенін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде табыс етуге міндетті.

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексерілетін салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру барысында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған шығындар, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар, болған, бірақ мәлімделмеген шығындар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қатысты талап ету құқығын басқаға беру шарттары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық бөлімшелері салық органдарына қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

      12. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым бюджет қаражаты есебінен алған қосылған құн салығы сомасы субсидияларының сомалары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша табыс етуге міндетті.

      13. Нотариустар жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша:

      1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы;

      2) мұраға құқық туралы берілген куәліктер туралы;

      3) егер мәміледе (шартта) көзделген бағасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 160 еселенген мөлшерінен асатын жағдайда, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелелер мен шарттар туралы мәліметтерді уәкілеттті органға ұсынуға міндетті.

      Осы тармақта көрсетілген ақпараттың нысанын, табыс ету тәртібі мен мерзімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

      14. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бағалы қағаздарды ұстаушы тексеріліп отырған жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша табыс етуге міндетті.

      15. Брокерлер салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тексеріліп отырған жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша табыс етуге міндетті.

      16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жарналарды, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша уәкілетті органға табыс етуге міндетті.

      17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тексеріліп отырған жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша табыс етуге міндетті.

      18. Білім беру ұйымдары салық органының тексеріліп отырған жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында білім алуға жұмсаған шығындарын растау туралы талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мәліметтерді осы Кодекстің 112-бабында белгіленген нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.

      19. Денсаулық сақтау субъектілері салық органының тексеріліп отырған жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында медицинаға жұмсаған шығындарын растау туралы талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мәліметтерді осы Кодекстің 112-бабында белгіленген нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті. 2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      20. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төлемдер алынатын объектілер (өндіріп алынатын) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді табыс ету салық органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара автоматтандырылған іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланыла отырып, электрондық нысанда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті мемлекеттік органдар салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке төлемдер алынатын объектілер (өндіріп алынатын) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электрондық нысанда табыс еткен жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерді қағаз жеткізгіште табыс ету талап етілмейді.

      21. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді берген кезде осындай көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінген күні туралы, сондай-ақ оны дайындаушы ел туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді.

      22. Жергілікті атқарушы органдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысанда қалалық қоғамдық көлік тасымалдары бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігінде салық төлеушінің билеттерді пайдалануы туралы есепті табыс етеді.

      27-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері

      1. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, бірыңғай тіркеуші, брокерлер және (немесе) дилерлер:

      1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға, бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар екендігі, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс етуге;

      2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға ашылған, бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар екендігі, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.

      2. Инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандар:

      1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға, бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге активтердің бар екендігі туралы мәліметтерді табыс етуге;

      2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге активтердің бар екендігі туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.

      3. "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары:

      1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға бейрезидент жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді табыс етуге;

      2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді табыс етуге міндетті.

      4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде табыс етіледі.

      28-бап. Коллекторлық агенттіктердің міндеттері

      Коллекторлық агенттіктер талап ету құқығын басқаға беру шарттары жөніндегі мәліметтерді өздері орналасқан жердегі салық органына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысанға сәйкес тоқсаннан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

      29-бап. Тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, жекелеген жағдайларда азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік алған кездегі міндеттері

      1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері:

      1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:

      заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

      қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

      аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына табыс етуге міндетті.

      Осы тармақта көзделген талаптар:

      1) мемлекеттік мекемелерге;

      2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;

      3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;

      4) салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге;

      5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;

      6) жеке қызметпен айналысатын адамдардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;

      8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;

      9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      15) төлем көзінен жеке табыс салығы ұсталып қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;

      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.

      3. Салық органдарының осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар туралы дерекқорды жүргізу тәртібін, көрсетілген мәліметтер мен орналастыруға жататын өзге де мәліметтерді, сондай-ақ дерекқорға енгізу және одан шығару тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      30-бап. Салық құпиясы

      1. Мына мәліметтерді:

      1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін төлемдердің сомасы туралы;

      2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;

      3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;

      4) әрекетсіз салық төлеушілер туралы;

      5) осы Кодекстің 19-бабында көзделген жағдайда, уәкілетті органның интернет-ресурсындағы деректер базасында орналастыруға жататындар;

      6) салық төлеушінің таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етуі туралы;

      7) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) салықтың және бюджетке төленетін төлемдердің есепке жазылған сомасы туралы;

      8) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есепке жазылған сомасы туралы;

      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;

      10) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;

      11) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай тiркеу деректерi:

      идентификаттау нөмiрi;

      жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);

      дара кәсiпкердiң, заңды тұлғаның атауы;

      салық төлеушiнi (салық агентiн) тiркеу есебiне қою күнi, тiркеу есебiнен шығарылу күнi, тiркеу есебiнен шығарылу себебi;

      қызметтi тоқтата тұрудың басталған және аяқталған күнi;

      салық төлеушiнiң резиденттiгi;

      бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;

      бақылау-касса машинасын пайдалану орны;

      қолданылатын салық режимі туралы;

      12) салық төлеушінің (салық агентінің, операторының) салық есептілігін табыс етпеуі туралы;

      13) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын;

      14) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептелетін, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффиценті туралы;

      15) жеке тұлғалардың декларациясын табыс еткен жеке тұлғаның жеке идентификаттау нөмірі туралы;

      16) кіріс және мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығының артық төленген сомасын қайтару жөніндегі талаптың бар (жоқ) екендігі туралы;

      17) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жариялауға жататын;

      18) салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне қарай санаттарға бөлу нәтижелері туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.

      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.

      3. Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай мынадай жағдайларда:

      1) қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанындағы прокурор санкциялаған дәлелді сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреттері шегінде құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға береді. Мұндай мәліметтерді прокурор сұратқан жағдайда санкция талап етілмейді;

      2) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықтарды есептеуге, ұстап қалуға және аударуға байланысты істер бойынша сотта іс жүргізілу барысында сотқа;

      3) оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде мөрмен расталған қаулы негізінде солар жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу бойынша сот орындаушысына;

      4) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік статистика, сыртқы сауда қызметі, қоршаған ортаны қорғау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық мемлекеттік органдарына, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына, монополияға қарсы органға және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау саласындағы уәкілетті органға береді.

      Осы тармақшада көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымдардың тізбесін бекітеді.

      Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің табыс ету тәртібі мен олардың тізбесін уәкілетті органмен бірлескен актілерде белгіленеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы мониторингi жөніндегі уәкiлетті органға және республикалық бюджеттің атқарылуы және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы уәкiлетті органға береді.

      Осы тармақшада көрсетілген уәкілетті органдар салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді.

      6) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;

      7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға;

      8) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға;

      9) жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтер бөлігінде жергілікті атқарушы органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына береді.

      Осы тармақшада көрсетілген уәкілетті органдар салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді.

      10) есебі салық органдарында жүргізілетін, салық құпиясын құрайтын берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға;

      11) валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін қажет мәліметтер және кейіннен оларды валюталық бақылау агенті болып табылатын уәкілетті банктерге беру бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;

      Салық құпиясын құрайтын табыс етілетін мәліметтердің тізбесі және оларды табыс ету тәртібі бірлескен актіде белгіленеді.

      12) салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде Апелляциялық комиссияның мүшелеріне;

      13) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарын қараған кезде қажетті мәліметтер бөлігінде бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарауды жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне береді.

      4. Салық органдары "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етуді жүргізу процесінде алған салық төлеуші туралы мәліметтер мен ақпаратқа осы баптың 3-тармағының нормалары қолданылмайды.

      5. Салық құпиясына рұқсаты бар тұлғалардың өз міндеттерін орындау кезеңінде де, сондай-ақ оларды орындауды аяқтағаннан кейін де салық құпиясы жария етуге жатпайды.

      6. Салық құпиясын құрайтын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

2-БӨЛІМ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІ 4-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      31-бап. Салық міндеттемесі

      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші осы Кодекстің 36-бабының 2-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға міндетті.

      2. Мемлекеттің салық органы арқылы салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

      32-бап. Салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект

      Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.

      33-бап. Салық базасы

      Салық базасы салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің сомасы айқындалады.

      34-бап. Салық мөлшерлемесі

      1. Салық мөлшерлемесі салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын білдіреді.

      2. Салық мөлшерлемесі салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.

      35-бап. Салық кезеңі

      Салықтың және бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің сомасы есептеледі.

5-ТАРАУ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ

      36-бап. Салық міндеттемесін орындау

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге асырады.

      2. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:

      1) салық органында тіркелу есебіне тұрады;

      2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды жүргізеді;

      3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық мөлшерлемелерін негізге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын төлемдердің, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің сомасын есептейді;

      4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды және осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық органдарына табыс етеді;

      5) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

      3. Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.

      4. Салық төлеушінің салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда орындалатын өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемесі банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық терминалдар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.

      5. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) немесе атауын және оның идентификаттау нөмірін көрсетеді.

      6. Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.

      7. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.

      8. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу жөніндегі міндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Кодекстің 722-бабында көзделген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.

      37-бап. Салық міндеттемесін орындау кезінде салықты және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу ерекшеліктері

      1. Төлем көзінен ұсталатын салықтардың сомасын есептеуді салық агенті жүзеге асырады.

      2. Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген жағдайларда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерінің сомасын есептеу жөніндегі міндет салық органына және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктелуі мүмкін.

      38-бап. Салық міндеттемесін орындау мерзімдері

      1. Салық міндеттемесін орындау мерзімдері осы Кодексте белгіленеді.

      2. Мерзімнің өтуі салық міндеттемесін орындау мерзімінің басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңдық іс-қимылдан кейін келесі күні басталады.

      Мерзім салық кезеңінің соңғы күнінің соңында аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

      3. Салық төлеуші (салық агенті, операторы) салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

      Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін салық кезеңі аяқталғаннан кейін орындайды.

      39-бап. Салық берешегін өтеу тәртібі

      Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) бересі сомасы;

      2) есепке жазылған өсімпұлдар;

      3) айыппұлдар сомасы.

      40-бап. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы

      1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сенімгерлік басқаруды құру нәтижесінде, оны жүзеге асыру және (немесе) тоқтату процесінде туындайтын салық міндеттемесі сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша салық міндеттемесі деп түсініледі.

      Сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салық міндеттемесін орындауды:

      1) сенімгерлік басқару құрылтайшысы (мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша) немесе пайда алушы (сенімгерлік басқарудың өзге де шарттары бойынша) (бұдан әрі осы Кодекстің мәтіні бойынша – сенімгерлік басқару құрылтайшысы):

      сенімгерлік басқаруға берілген қатысу үлесі және (немесе) акциялар;

      сенімгерлік басқарушы бейрезидент болып табылатын мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті бойынша жүзеге асырады.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болатын құжат мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті деп түсініледі.

      заңды тұлға, дара кәсіпкер сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған кіріс;

      егер осындай міндет жүктелген жеке тұлға сенімгерлік басқару құрылтайшысы болса, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны жасау және табыс ету.

      2) өзге жағдайларда сенімгерлік басқарушы жүзеге асырады. Бұл ретте дара кәсіпкерден басқа, жеке тұлғаның және тұрақты мекеме құрмай, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның салық агенті болып табылатын банк жүзеге асыратын сенімгерлік операциялардан түскен кірісі бойынша салық міндеттемесін осындай банк салық агентінің міндеттерін орындау түрінде орындайды.

      Сенімгерлік басқарушы мынадай:

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығы мемлекеттік тіркеуге жататын болса, – осындай құқық мемлекеттік тіркелген;

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығы мемлекеттік тіркеуге жатпайтын болса, – сенімгерлік басқару шарты жасалған күннен бастап туындайтын салық міндеттемелерін орындайды.

      2. Сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша туындайтын салық міндеттемесін орындауды осы Кодекстің 10-бөлімі мен 82 және 83-баптарында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқарушы жүзеге асырады.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілмеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша туындайтын салық міндеттемесін орындауды, егер осы Кодекстің 41-бабында өзгеше көзделмесе, осы Кодекске сәйкес осындай салықты, төлемақыны төлеуші деп танылған тұлға жүзеге асырады.

      4. Резидент болып табылатын сенімгерлік басқарушы - жеке тұлға, қатысу үлесі мен акциялар түрінде мүлікті сенімгерлік басқаруға алған жағдайлардан басқа, осы Кодекстің 79-бабында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде салық органында тіркеу есебіне тұруға тиіс.

      Бұл ретте сенімгерлік басқарушы мынадай:

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілген жағдайда, – осындай құқық мемлекеттік тіркелген;

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмеген жағдайда, – сенімгерлік басқару шарты жасалған күннен бастап туындайтын салық міндеттемелерін орындайды.

      5. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қордың активтерін басқарушы компания осы Кодекстің осы бабын және 41, 42, 43, 44, 45-баптарының ережелерін сенімгерлік басқаруды құру, жүзеге асыру және (немесе) тоқтату нәтижесінде туындайтын салықтық міндеттемелеріне қолданбайды.

      41-бап. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

      1. Мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) өзгеше көзделмесе, мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдарының салығы жөніндегі салық міндеттемелері сенімгерлік басқарушының орындауына жатады.

      2. Сенімгерлік басқарушы, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) өзгеше көзделмесе:

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілетін болса мұндай құқық мемлекеттік тіркелген;

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін болса, сенімгерлік басқару шарты жасалған күннен бастап салықтарды есептеу және төлеу, салық есептілігін жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемелерін орындайды.

      3. Сенімгерлік басқарушы:

      егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) өзгеше көзделмесе, қатарына өзі сияқты сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін өз атынан, осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен салықтарды есептеу және төлеу, салық есептілігін жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемелерін орындайды;

      салық міндеттемесін орындау мақсатында мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде осы Кодекстің 194-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.

      4. Егер мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде мемлекеттік мекеменің мүлкі сенімгерлік басқарушының бухгалтерлік балансына берілмейтін болса, онда мұндай мүлікті қабылдау-тапсыру актісінде осы мүліктің акт жасалған күнгі баланстық құны көрсетілуге тиіс.

      42-бап. Корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша мүлікті сенімгерлік басқару нәтижесінде туындайтын кірістерді, шығындарды және мүлікті есепке алу жөніндегі жалпы ережелер

      1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сенімгерлік басқарушы өз атынан және сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүддесіне орай мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру процесінде туындайтын, тиісінше:

      алынуға жататын (алынған) кірістер;

      өтелуі сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген төленуге жататын (жұмсалған) шығындар, оның ішінде сыйақы;

      сенімгерлік басқарушы өз атынан және сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүддесінде мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру процесінде сатып алған және (немесе) алған мүлік мүлікті сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары және мүлкі деп түсініледі.

      2. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару шарты жөніндегі қызметі бойынша корпоративтік және жеке табыс салығы жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында осы Кодекстің 194-195-баптарына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.

      3. Сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлікті сенімгерлік басқарушыға беруі мұндай құрылтайшы үшін осындай мүлікті өткізу болып табылмайды және ол сенімгерлік басқарушының кірісі деп танылмайды.

      4. Сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқаруды құру туралы актінің қолданылуы тоқтаған кезде сенімгерлік басқару құрылтайшысына мүлікті қайтаруы мұндай басқарушы үшін осындай мүлікті өткізу болып табылмайды және ол сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі деп танылмайды.

      5. Азаматтық заңнамада көзделген сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде айқындалатын сенімгерлік басқарудың кірістері мен шығындары арасындағы салық кезеңіндегі оң айырма сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріс болып табылады.

      6. Осы Кодекстің 36-бабының 1-тармағына сәйкес сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындауды жүзеге асырған жағдайларда, сенімгерлік басқару құрылтайшысы мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген және сенімгерлік басқарушыға төленетін сыйақы сомасын шегерімдерге жатқызуға құқылы емес.

      43-бап. Корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салық міндеттемесін орындайтын сенімгерлік басқарушының салықтық есепке алу ерекшеліктері

      1. Осы Кодекстің 31-бабына сәйкес сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесін орындауды жүзеге асырған жағдайда, мүлікті сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары және мүлкі салықтық есепке алу мақсаттары үшін сенімгерлік басқарушының кірістері, шығындары және мүлкі болып табылады.

      Мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы сенімгерлік басқарушының мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін кірістерден бөлек есептелген жылдық жиынтық кірісіне қосылады.

      Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша салық салынатын объектіні айқындаған кезде мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін кірістерден бөлек есептелген өзінің жылдық жиынтық кірісіне қосылған сыйақының сомасын шегерімдерге жатқызады.

      2. Сенімгерлік басқарушы, сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүддесі үшін жүзеге асырылатын қызметті қоса алғанда, тұтастай бүкіл қызмет бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша бірыңғай декларацияны және сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша сенімгерлік басқаруды құру туралы әрбір акті бойынша бөлек және өзге де қызмет бойынша – декларацияға қосымшаны жасайды және табыс етеді.

      3. Сенімгерлік басқарушы-заңды тұлға мынадай ерекшеліктерді:

      мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша корпоративтік табыс салығының осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында көрсетілген мөлшерлемесін қолдану;

      мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша осы Кодекстің 29 және 79-тарауларының ережелерін қолданбау;

      мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша арнаулы салық режимдерін қолданбау ерекшеліктерін ескере отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы жөніндегі міндеттемесін орындайды.

      4. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы заңды тұлға болған жағдайларда, сенімгерлік басқарушы-жеке тұлға мынадай ерекшеліктерді:

      мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша жеке табыс салығының осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында көрсетілген мөлшерлемесін қолдану;

      мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша осы Кодекстің 341-бабының ережелерін қолданбау;

      мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша арнаулы салық режимдерін қолданбау ерекшеліктерін ескере отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке табыс салығы жөніндегі салық міндеттемелерін орындайды.

      5. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы жеке тұлға болған жағдайларда, жеке тұлға – сенімгерлік басқарушы – резидент:

      осы Кодекстің 341-бабының ережелерін қолданбай, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша жеке табыс салығын есептеу бойынша салықтық міндеемені орындайды;

      осы Кодекстің 20-бөлімінде белгіленген шарттар сақталған кезде сенімгерлік басқару жөніндегі қызметке арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ;

      осы Кодекстің ерекше бөлігінде белгіленген тәртіпте сенімгерлік басқарушыға жататындар қатарындағы тұлғалар үшін жеке табыс салығы бойынша өзге де салықтық міндеттемелерді орындайды.

      6. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы бейрезидент-жеке тұлға болған жағдайларда, сенімгерлік басқарушы-жеке тұлға:

      мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша осы Кодекстің 646-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мөлшерлемелерді қолдану;

      осы Кодекстің 341-бабының ережелерін қолданбау;

      арнаулы салық режимдерін қолданбау ерекшеліктерін ескере отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемелерін орындайды.

      44-бап. Қатысу үлесі және акциялар түрінде мүлікті сенімгерлік басқару кезінде корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері

      1. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін:

      сенімгерлік басқарудағы қатысу үлесі мен акциялар бойынша дивидендтер түріндегі, сенімгерлік басқарушы жұмсаған шығындар сомасына азайтылған, сенімгерлік басқаруды құру туралы акті және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде өтелген (өтеуге жататын) кіріс (бұдан әрі – сенімгерлік басқарудан түскен дивидендтер) сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі болып табылады;

      қатысу үлестерін және акцияларды сенімгерлік басқарудан түскен мүлік сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлкі болып табылады.

      Сенімгерлік басқарушыға төлеуге жататын, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы салықтық есепке алу мақсаттары үшін сенімгерлік басқару құрылтайшысының шығындары болып табылады.

      Сенімгерлік басқарушының қатысу үлестерін және акцияларды сенімгерлік басқарудан түскен кірісіне:

      мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы;

      сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген шығындарының сомасы қосылады.

      Сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі сенімгерлік басқаруды құру туралы акті мен сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген қатысу үлестері мен акцияларды сенімгерлік басқару шығындары салықтық есепке алу мақсаттары үшін осындай сенімгерлік басқарушының шығындары болып табылады.

      Мұндай шығындар сенімгерлік басқарудағы қатысу үлесі мен акциялар бойынша дивидендтер түрінде сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісін азайтады және сенімгерлік басқару құрылтайшысында шығындар, шығыстар ретінде ескерілмейді.

      2. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы осы Кодексте белгіленген тәртіппен корпоративтік және жеке табыс салықтары жөніндегі салық міндеттемесін орындайды.

      3. Сенімгерлік басқарушы қатарына өзі сияқты сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен қатысу үлестері мен акцияларды сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары және мүлкі бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары жөніндегі салық міндеттемесін орындайды.

      45-бап. Сенімгерлік басқарушысы бейрезидент болып табылатын, қатысу үлесінен және акциялардан басқа мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актілер бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алудың ерекшеліктері

      1. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін:

      қатысу үлесінің және акциялардан басқа сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша бейрезидент-сенімгерлік басқарушы жұмсаған шығындар сомасына азайтылған, сенімгерлік басқаруды құру туралы акті және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде өтелген (өтеуге жататын) кіріс сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі болып табылады;

      мұндай мүлікті сенімгерлік басқарудан түскен мүлік сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлкі болып табылады.

      Сенімгерлік басқарушыға төлеуге жататын, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы салықтық есепке алу мақсаттары үшін сенімгерлік басқару құрылтайшысының шығындары болып табылады.

      Сенімгерлік басқарушының қатысу үлестерінен және акциялардан басқа мүлікті сенімгерлік басқарудан түскен кірісіне:

      мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы;

      сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген шығындарының сомасы қосылады.

      Сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген қатысу үлестері мен акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік басқару шығындары салықтық есепке алу мақсаттары үшін осындай сенімгерлік басқарушының шығындары болып табылады.

      Мұндай шығындар сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісін азайтады және сенімгерлік басқару құрылтайшысында шығындар ретінде ескерілмейді.

      2. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы қатарына өзі сияқты құрылтайшы жататын тұлғалар үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқарудан түсетін кіріс пен сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары жөніндегі салық міндеттемесін орындайды.

      3. Сенімгерлік басқарушы қатарына өзі сияқты сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқарудан түсетін кірістер, шығындар мен мүлік бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары жөніндегі салық міндеттемесін орындайды.

      46-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау

      1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі соттың күшіне енген шешімі негізінде оны хабарсыз кеткен деп таныған кезден бастап тоқтатыла тұрады.

      2. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салық берешегін хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген адам өтейді.

      3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.

      4. Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімнің күшін жойған кезде, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.

      47-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу

      1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күніне қарай жиналып қалған салық берешегін оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар өтейді.

      Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салық берешегінің өтелмеген бөлігін салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы сот шешімі негізінде есептен шығарады.

      2. Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе оны қайтыс болды деп жарияланған күніне жиналып қалған салық берешегін өтеу бойынша міндеттеме соттың күшіне енген шешімі негізінде ғана мұндай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнгі ондағы үлесіне барабар түрде жүктеледі.

      3. Жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе оны соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жариялаңған күніне қарай жиналып қалған салық берешегі, егер:

      1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшіне енген шешімі негізінде осындай берешекті өтеу жөніндегі салық міндеттемесінен босатылса;

      2) мұрагері (мұрагерлері) жоқ болған жағдайда, өтелген болып саналады.

      Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегінің күші осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, сот тәртібімен қайта басталады.

      4. Осы баптың ережелері қайтыс болған немесе соттың күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсіпкерге де, жекеше практикамен айналысатын адамға да қолданылады.

      48-бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімінің өту уақыты

      1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі:

      1) салық органы салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасын есепке жазуға, есептеуге немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;

      2) салық төлеуші (салық агенті, операторы) салық есептілігін табыс етуге міндетті, салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салық есептілігін кері қайтарып алуға құқылы;

      3) салық төлеуші (салық агенті, операторы) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы.

      2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, талап қою мерзімінің өту уақыты үш жылды құрайды.

      3. Салық төлеушілердің:

      1) осы Кодекске сәйкес салық мониторингіне жатқызылған;

      2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын санаттары үшін осы бапта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, талап қою мерзімінің өту уақыты бес жылды құрайды.

      4. Талап қою мерзімінің өтуі, осы баптың 5, 6 және 12-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

      5. Салық төлеуші, салық органы:

      1) осы Кодекстің 80-тарауын қолданған кезде инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және осындай келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жыл ішінде инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартта көрсетілген салықтар бойынша;

      2) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын қолданған кезде жеке тұлғаның білім алуы кезеңінде және жеке тұлға оқуын аяқтаған күннен бастап бес жыл ішінде салықтарды есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы.

      6. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, Қазақстан Республикасының өнімді бөлу үлесінің, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (кірістілік көрсеткіші) қолданылады.

      7. Талап қою мерзімінің өтуі:

      1) талап қою мерзімінің өту уақыты Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылыстар алғаш рет пайдалануға берілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталатын өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс-жайларды салу кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі мен талабы бойынша осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағын қолдану;

      2) талап қою мерзімінің өту уақыты кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталатын күнге тура келетін салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталатын геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңі үшін осы Кодекстің 432-бабының 2-тармағын қолдану жағдайларын қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

      Егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса, талап қою мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады.

      3) салық органдарының қайтаруды және (немесе) осы Кодекстің 104-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізуге арналған талап қою мерзімінің өту уақыты қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығы, оның ішінде тексеру нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасау қорытындылары бойынша расталған салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталатын осы Кодекстің 432-бабында көрсетілген қосылған құн салығының расталған асып кеткен сомасын қайтаруы жағдайларын қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

      8. Осы баптың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қою мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талаппен ұсынған салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

      9. Талап қою мерзімінің өту уақыты:

      1) салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қою мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады;

      2) салық төлеуші осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талап қою мерзімінің өту уақыты күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін шығындарды ауыстыру бөлігінде өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) оның есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға ұзартылады;

      3) мына жағдайларда:

      салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының шағым жасалатын бөлігіндегі іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде;

      бейрезиденттің халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау;

      бейрезиденттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық шарт негізінде бюджеттен корпоративтік табыс салығын немесе табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішін қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге шағым жасауы;

      бейрезиденттің осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген салық органының шешіміне шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге шағым жасауы жағдайларында, шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін;

      4) уәкілетті орган осы Кодекстің 221-бабына сәйкес өзара келісу рәсімін жүргізген жағдайда, шет мемлекеттің уәкілетті органы және (немесе) құзыретті органы өзара келісу рәсімінің қорытындылары бойынша қабылдаған шешім орындалғанға дейін;

      5) талап қою мерзімінің өту уақыты аяқталғанға дейін жіберілген және табыс етілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін;

      6) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша ұсынымдар тапсрылған күннен бастап деңгейлес жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін ұзартылады;

      7) егер инвестор халықаралық төрелікте талқылауға бастама жасаған жағдайда, салық органы инвестор талқылауға бастама жасаған салық төлеушінің инвестор шағым жасаған кезден бастап осы төрелік талқылау бойынша түпкілікті шешім шығарылған кезге дейінгі кезеңдегі салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын осындай төрелік талқылау аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде қайта қарауға құқылы;

      8) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген, берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша берешекке қатысты коллекторлық қызмет жөніндегі қызметтерді көрсетуді аяқтау күнінен бастап, бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде, күнтізбелік үш жылға ұзартылады.

      10. Талап қою мерзімінің өту уақыты салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде:

      салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық дайындаған және оны берген, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органы қараған кезеңге;

      салықтық тексеру жүргізу уақытында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес сұрау салулар жолдау және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алу кезеңіне тоқтатыла тұрады. Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қою мерзімінің өту уақыты оның тоқтатыла тұрғаны ескеріле отырып, жеті жылдан асыруға болмайды;

      сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жүргізілген салықтық тексеру жағдайында, салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      11. Жеке кәсiпкерлік субъектiсi іс жүзінде тауарларды тиеп-жөнелтіп жұмыстарды орындалмай, қызметтер көрсетіп, жасалған шот-фактура жазу бойынша іс-әрекет (іс-әрекеттер) бойынша салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердi есепке жазуды немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауды салық органы соттың заңды күшіне енген шешімі, үкiмi, қаулысы немесе қылмыстық қудалау органының қалпына келтірілмейтін негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы негізінде салық мiндеттемесi мен (немесе) талабы бойынша талап қою мерзімінің өту уақыты шегiнде жүргiзедi.

      12. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасы осы Кодекстің 108-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген ағымдағы жылдың және алдыңғы күнтізбелік бес жылдың ішінде төленген сомалар шегінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.

6-ТАРАУ. САЛЫҚТАР, БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨСІМПҰЛДАР ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ ӨЗГЕРТІЛУІ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ТОҚТАТУ НЕГІЗІ

      49-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы жалпы ережелер

      1. Осы Кодексте белгіленген төлену мерзімін неғұрлым кеш мерзімге ауыстыру не салық берешегін өтеу мерзімдерін ұзарту осы Кодекстің 189- бабының 1-тармағында көзделген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады. Осы тармақтың ережелері айыппұлдар сомасына қатысты қолданылмайды.

      2. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту табыс етілген салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, сондай-ақ салықтық тексерулер нәтижелері бойынша, уәкілетті мемлекеттік органдардың деректері бойынша салық органы есепке жазған салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту нысанында жүзеге асырылады.

      Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімі салықтың және (немесе) төлемнің төленуге тиіс бүкіл сомасына не оның бір бөлігіне қатысты өзгертілуі мүмкін.

      3. Төлем көзінен ұсталатын салықтар, акциздер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Ұлттық қорға түсетін салықтар бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдері өзгертуге жатпайды.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту осы баптың 9-тармағында белгіленген тәртіпте осы Кодекске сәйкес таңбалауға жататын импортталатын тауарлар бойынша акцизді қоспағанда, қосылған құн салығы мен акциз бойынша жүргізіледі.

      4. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдері салық төлеушінің ол салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы өтініш берген күннің алдындағы үш жылдың ішінде салық міндеттемесін орындау кестесін бұзуына байланысты, салық органы бұрын шығарылған салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуын тоқтатқан жағдайда, өзгере алмайды.

      5. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.

      6. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салық өтінішті салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеудің болжамды кестесін қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етеді.

      7. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту:

      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі шеңберінде;

      осы Кодекстің 51-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіні өсімпұлдарды уақтылы төлемегені үшін оларды төлеуден босатпайды.

      8. Осы тараудың ережелері өсімпұл төлеу кейiнге қалдырылған немесе мерзiмi ұзартылған кезде де қолданылады.

      9. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына табыс етілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға декларация импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертуге негіз болып табылады.

      Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту:

      1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін кеден органына Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар табыс етілген;

      2) егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы бапта көзделген, жанама салықтар бойынша төлеу мерзімін өзгертуді қолдануға құқығы жоқ тұлғалар санатына жатқызылмаған жағдайда жүргізіледі.

      Осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту салық органының Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 20-күнгі мерзім бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын көрсетуі арқылы беріледі.

      50-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерді қабылдауға уәкілетті орган

      1. Республикалық бюджетке түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту туралы шешім, салық төлеушінің орналасқан жерi бойынша салық органымен қабылданады.

      2. Толық көлемде жергілікті бюджеттерге түсетін салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту туралы шешім, салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша салық органымен қабылданады.

      51-бап. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеуді кейiнге қалдырудың немесе олардың мерзiмiн ұзартудың тәртібі мен шарттары

      1. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеуді кейiнге қалдыру немесе олардың мерзiмiн ұзарту салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тиісінше бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен төлей отырып, осы бапта көзделген негіздер болған жағдайда, салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу мерзімін өзгертуді білдіреді.

      Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру алты айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту бір немесе бірнеше салықтар және (немесе) төлемақылар бойынша ұсынылуы мүмкін.

      2. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту қаржылық жағдайы салықты және (немесе) төлемуі белгіленген мерзімінде төлеуге мүмкіндік бермейтін салық төлеушіге берілуі мүмкін, алайда оларды төлеу мүмкіндігі мына негіздердің бірі:

      1) салық төлеушіге еңсерілмейтін (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін өзге де мән-жайлары) нәтижесінде залал келтірілу;

      2) салық төлеушінің тауарларды өндіруі және (немесе) өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі маусымдық сипатқа ие болуы;

      3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаның мүліктік жағдайы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлкін есепке алмағанда) бір мезгілде салық төлеуге мүмкіндік бермеуі;

      4) соттың төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдауы;

      5) салық төлеушінің негізгі қызмет түрінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика саласына жатқызылуы;

      6) салық төлеушінің қосымша салық есептілігін табыс етуі;

      7) салық төлеушінің тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемдердің есепке жазылған сомаларымен келісуі орын алған жағдайда, кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту ұсынылатын мерзім ішінде туындайды деп пайымдауға негіз жеткілікті болса, ұсынылуы мүмкін. Осы тармақшаның ережелері салық төлеуші ретінде тіркелген күнінен бастап кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы өтініш берген күніне дейінгі кезең кемінде бес жылды құрайтын салық төлеушілерге қолданылмайды.

      3. Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы өтінішке құжаттар:

      1) тиісті келісімшарт жасаушы агент-дебиторлармен жасалған шарттардың бағалары (өзге де міндеттемелердің көлемдері мен олардың туындау негіздерін) және олардың орындалу мерзімдері көрсетіле отырып, салық төлеушінің келісімшарт жасаушы агент-дебиторларының тізбесі, сондай-ақ осы шарттардың (міндеттеменің өзге де туындау негіздерін растайтын құжаттардың) көшірмелері қоса беріледі. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғаға қолданылмайды;

      2) салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу мерзімін өзгерту үшін осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздердің бар екенін растайтын құжаттар;

      3) бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі қоса берілген кепіл нысанасы болуы мүмкін мүлік туралы құжаттар не кепілдік беруші банк пен салық төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігі қоса беріледі. Бұл ретте бағалаушының кепілге берілген мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы есебі салық төлеуші кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы өтініш берген күнге дейін он жұмыс күнінен соң жасалуға тиіс.

      4. Осы баптың 2-тармағының:

      1) тармақшасында көзделген негіз бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың салық төлеушіге қатысты еңсерілмейтін мән-жайларының туындау фактісі туралы растауы;

      2) тармақшасында көзделген негіз бойынша – салық төлеуші жасаған және мұндай адамның тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізуден түскен ортақ кірісте маусымдық сипатқа ие қызмет салалары мен түрлерінен түсетін оның кірісінің үлесі кемінде 50 пайызды құрайтынын растайтын құжат;

      3) тармақшада көзделген негіз бойынша – өтініш берілген күнге дейін он жұмыс күнінен ерте емес тиісті уәкілетті орган берген жеке тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы жылғы кірісі, жылжымалы және жылжымайтын мүлкі туралы мәліметтер салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу мерзімін өзгерту үшін негіздердің бар екенін растайтын құжаттар болып табылады.

      5. Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту немесе одан бас тарту туралы шешімді осы Кодекстің 50-бабына сәйкес осындай шешім қабылдауға уәкілеттік берілген орган салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылдайды.

      Кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы шешім оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      6. Кейiнге қалдырудан немесе мерзiмiн ұзартудан бас тарту туралы шешім уәжделген болуға тиіс.

      52-бап. Мүліктікті кепілге қою шартын жасасу талаптары

      1. Мүліктікті кепілге қою талабы:

      1) кепіл шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген;

      2) кепілге қойылатын мүлік жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылуға тиіс және салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу кестесін бұзған жағдайда, қолданыс немесе мерзiмiн ұзарту кезеңі үшін есептелген өсімпұлдарды ескеріле отырып, оның нарықтық құны кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы өтініште көрсетілген салықтардың және (немесе) төлемдердің сомасынан кем болмауға тиіс талаптар сақталған жағдайда, салық төлеушінің кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады. Мыналар:

      тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

      электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

      тыйым салынған мүлік;

      салық органдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдар қойған шектеулері бар мүлік;

      үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;

      тез бүлінетін шикізат, тамақ өнімдері кепіл нысанасы бола алмайды;

      3) кепілге қойылатын мүлікті қайта кепілге қоюға жол берілмейді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мүліктікті кепілге қою шартының міндетті мемлекеттік тіркелуі көзделген жағдайларда, салық төлеуші кепіл шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы шешім қабылдайтын салық органына кепіл шартының уәкілетті мемлекеттік органда тіркелгенін растайтын құжатты табыс етеді.

      53-бап. Банк кепілдігі

      1. Банк кепілдігіне байланысты салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу жөніндегі кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсыну талаптарын бұзған жағдайда, банктің (кепілдік берушінің) салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша міндеттемесін орындау міндеті туындайды.

      2. Банк кепілдігі мынадай талаптарға сай келуге тиіс:

      1) банк кепілдігінің мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;

      2) банк кепілдігі кері қайтарып алынбайтын болуға тиіс.

      3) банк кепілдігінің қолданыс мерзімі салық төлеушінің банк кепілдігімен қамтамасыз етілген, салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу жөніндегі міндетін орындаудың белгіленген мерзімі аяқталған күннен бастап алты айдан соң аяқталуға тиіс;

      4) банк кепілдігі берілген сома кепілдік берушінің салық төлеушінің салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу жөніндегі міндетін толық көлемде орындауын қамтамасыз етуге тиіс.

      3. Банк кепілдігі жөніндегі міндеттемені кепілдік беруші банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу жөніндегі талапты алған күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде орындауға тиіс.

      4. Кепілдік берушінің салық органына банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу жөніндегі талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес (егер мұндай талап кепілдік берушіге банк кепілдігі берілген мерзім аяқталғаннан кейін қойылған жағдайды қоспағанда).

      54-бап. Мерзімін кейінге қалдырудың, ұзартудың қолданысын тоқтату

      1. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың қолданысы тиісті шешімнің қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады.

      2. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың қолданысы:

      1) салық төлеуші салықтардың және (немесе) төлемдердің бүкіл сомасын белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда;

      2) салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақылар төлеу бойынша кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту талаптарын бұзған жағдайда;

      3) егер кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту осы Кодекстің 51-бабының 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша берілген жағдайда, – органның тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтарды және (немесе) төлемақылар төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы шешімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берілген жағдайда тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады. Осы тармақшада көзделген жағдай туындаған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы шешімнің қолданылуы салық органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.

      3. Салықтарды және (немесе) төлемақылар төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы шешімнің қолданылуын осы шешімді қабылдаған салық органы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіге кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы шешімнің күшін жою туралы хабарлама жібере отырып тоқтатады.

      55-бап. Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолдану және оны өткізу, сондай-ақ банк кепілдігінің орындалуын талап ету тәртібі

      1. Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүліктік кепілімен және (немесе) банк кепілдігімен қамтамасыз етілген салық міндеттемесін орындау кестесі бұзылған жағдайда, салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігінің орындалуын талап етеді.

      2. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттықтар өткізу арқылы жүргізеді.

      Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етілуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      3. Салық органы салықтар және (немесе) төлемақылар төлеу жөніндегі талаптың орындалу мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу жөніндегі талапты кепілдік берушіге жібереді.

      56-бап. Салық міндеттемесінің тоқтатылуы

      1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:

      1) қайтыс болғанда;

      2) күшіне енген сот шешімі негізінде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады.

      2. Дара кәсіпкердің салық міндеттемесі дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметін тоқтатқаннан кейін тоқтатылады.

      3. Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:

      1) таратылғаннан кейін;

      2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бірігу және бөліну жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.

7-ТАРАУ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ ҚЫЗМЕТІН ТАРАТҚАН, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН, ТОҚТАТҚАН КЕЗДЕ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ОРЫНДАУ

      57-бап. Жалпы ережелер

      Осы тараудың ережелері салық төлеуші қосылу, бірігу, бөлінуі тарату немесе тоқтату жолымен қызметін қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда қолданылады.

      58-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатқан кезде салық міндеттемесін орындау

      1. Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бұл туралы жазбаша хабарлайды.

      2. Таратылатын заңды тұлға аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

      1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салық есептілігін табыс етеді.

      3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлейді.

      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      5. Салық органдары салықтық тексеруді таратылатын заңды тұлғаның салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.

      6. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі, оның ішінде осы баптың 4 және 11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте осындай бейрезидент заңды тұлға қызметі тоқтатылатын тұрақты мекеме, құрылымдық бөлімше арқылы тұрақты мекемелердің, филиалдардың, өкілдіктердің тобы бойынша жиынтық түрде салық міндеттемелерін орындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің, бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемелерінің, құрылымдық бөлімшелерінің де салық берешегі өтеледі.

      7. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.

      8. Егер таратылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға тиіс.

      Егер таратылатын заңды тұлғада салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға тиіс.

      9. Егер таратылатын заңды тұлғада қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күнге дейін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 429-бабына сәйкес қайтаруға жататын есепке жазылған салық сомасынан асып кететін сомасы болса, көрсетілген асып кеткен сома таратылатын заңды тұлғаға осы Кодекстің 104, 431, 432, 433, 434-баптарында белгіленген тәртіппен қайтарылуға тиіс.

      10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:

      1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы Кодекстің 101-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс;

      3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 106-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс;

      4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс.

      11. Таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесі туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай салық міндеттемесін және міндетті осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық органының хабарламасы негізінде орындауға міндетті.

      12. Таратудың салық есептілігі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тарату балансы бекітілген күнге дейінгі кезең ішінде жеке тұлғалар мен бейрезиденттердің төлем көзінен салық салуға жататын, дивидендтер түріндегі кірістері пайда болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жерi бойынша салық органына осындай салық міндеттемесі бойынша таратудың салық есептілігіне қосымша салық есептілігін табыс етуге және оны толық көлемде орындауға міндетті.

      13. Салықтық тексеру аяқталып, осы баптың 12-тармағында белгіленген ережелер орындалғаннан кейін таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына:

      1) тарату балансын;

      2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.

      Таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды бір мезгілде мынадай талаптар:

      1) салық берешегiнің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болмауы;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларының болмауы;

      3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 429, 431, 432, 433 және 434-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуінің болмауы;

      4) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы сақталған жағдайда, салықтық тексеру аяқталып, осы баптың 12-тармағында белгіленген ережелер орындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

      Салық берешегi, әлеуметтiк төлемдер бойынша берешегi, салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 429, 431, 432, 433 және 434-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген құжаттарды:

      1) салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі өтелген күннен;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен;

      3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстің 429, 431, 432, 433 және 434-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуді қайтарған күннен;

      4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен кейін келетін күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тарату балансын табыс етеді.

      14. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемесін орындауы осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      15. Таратылатын резидент заңды тұлғалар осы Кодекстің 59 немесе 60-баптарында белгіленген салық міндеттемелерін орындаудың ерекшеліктерін таңдаған жағдайда, осы баптың ережелері оларға қолданылмайды.

      59-бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

      1. Осы бап, таратылатын заңды тұлға:

      1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;

      2) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданбайтын;

      3) қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры болып табылмайтын шарттарға сәйкес келсе, оның салық міндеттемесін орындау ерекшелігін белгілейді.

      Осы тармақшаның ережесі қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.

      4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына немесе іріктелген салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген;

      5) қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінде салық төлеуші ретінде тұрмаған таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындау ерекшелігін белгілейді.

      Осы бап осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінің өтуі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы баптың ережелері құрылған күнінен бергі кезеңі осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінің аз өтуінен заңды тұлғаларға да қолданылады.

      2. Тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салық есептілігін;

      3) аралық тарату балансын;

      4) осы Кодекстің 169-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

      Таратылатын заңды тұлға бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.

      3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлейді.

      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      5. Салық органы таратылатын заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінің өту уақыты шегінде заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін:

      1) уәкілетті мемлекеттік органдарға – қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ салық органының сұрау салуын алған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;

      2) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның салық органының сұрау салуы алынған күні банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сұрау салу жібереді.

      Салық органының осы тармақта көрсетілген сұрау салулары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 24-бабының 14) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.

      6. Салық органы осы баптың 5-тармағында көзделген барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасайды.

      Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері және салықтар, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысу жай-күйі көрсетіледі.

      Қорытынды кемінде екі данада жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қолын қойдыра отырып таратылатын заңды тұлғаға тапсырылады немесе оған пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.

      Салық органы таратылатын салық төлеушіге (салық агентіне) пошта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберген қорытындыны пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.

      7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Кодекстің 10-тарауында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.

      Таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 96-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда, салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

      8. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі, оның ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша туындайтын салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.

      9. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін толық көлемде өтеу үшін жеткіліксіз болса, салық берешегінің қалған бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.

      10. Таратылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:

      1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары осы Кодекстің 101-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы Кодекстің 101-бабында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;

      3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 106-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады;

      4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.

      11. Заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері жөніндегі қорытындыны алған күннен кейінгі күннен бастап тарату балансы бекітілген күнге дейінгі кезең ішінде жеке тұлғалар мен бейрезиденттердің төлем көзінен салық салуға жататын, дивидендтер түріндегі кірістері пайда болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жерi бойынша салық органына осындай салық міндеттемесі бойынша таратудың салық есептілігіне қосымша салық есептілігін табыс етуге және оны толық көлемде орындауға міндетті.

      12. Таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына:

      1) тарату балансын;

      2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етедi.

      Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болмаған жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны алған және осы баптың 11-тармағында белгіленген ережелерді орындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тарату балансын табыс етеді.

      13. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою шартымен салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген және осы баптың 11-тармағында белгіленген ережелер орындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.

      14. Осы баптың 12-тармағында көрсетiлген құжаттар табыс етілгеннен және осы баптың 12 және 13-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 100-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.

      60-бап. Салықтар жөніндегі аудит қорытындысының нәтижелері бойынша таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

      1. Осы бап бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      1) таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің осы Кодекстiң 48-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнің өтуі кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 150 000 еселенген мөлшерінен аспайтын;

      2) салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын жасалған салықтар жөніндегі аудит қорытындысы бар;

      3) қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінде салық төлеуші ретінде тұрмаған таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.

      Бұл ретте, егер салықтар жөніндегі аудит қорытындысының нәтижелері бойынша салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және төлеу, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу, аудару жөніндегі міндеттемелер туындаса, мұндай міндеттемелерді таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер салықтар жөніндегі аудиттің тиісті қорытындысын салық төлеушіге тапсырған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орындауы тиіс.

      2. Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына, бір мезгілде:

      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салық есептілігін;

      3) салықтар жөніндегі аудит қорытындысын;

      4) осы Кодекстің 169-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

      Осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көрсетiлген құжатты бақылау-кассалық машина салық органында есепке қойылған жағдайда, таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер табыс етеді.

      3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, мұндай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлейді және әлеуметтік төлемдерді аударады.

      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу және әлеуметтік төлемдерді аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталса, төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      5. Таратылатын заңды тұлғада немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған кезде:

      1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 101-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

      3) айыппұлдардың төленген сомалары осы салық төлеушіге осы Кодекстің 106-бабында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қайтарылуға жатады;

      4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары осы салық төлеушіге Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

      6. Салық органы осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Кодекстің 95-бабында айқындалатын тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      Салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге осы Кодекстің 10-тарауында белгіленген тәртіппен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер осы Кодекстің 96-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Салық төлеуші салық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

      7. Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайларда, салық органы мұндай салық төлеушіге қатысты анықталған, салықтық тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар бойынша аталған тексеруді жүргізеді.

      8. Камералдық бақылау аяқталған күннен кейінгі күннен бастап тарату балансы бекітілген күнге дейінгі кезең ішінде жеке тұлғалар мен бейрезиденттердің төлем көзінен салық салуға жататын, дивидендтер түріндегі кірістері пайда болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жерi бойынша салық органына осындай салық міндеттемесі бойынша таратудың салық есептілігіне қосымша салық есептілігін табыс етуге және оны толық көлемде орындауға міндетті.

      9. Осы баптың 4, 5, 6 және 8-тармақтарында белгіленген ережелер орындалған және салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған жағдайларда, сондай-ақ салық органы жүргізген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде таратылатын заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

      1) тарату балансын;

      2) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды таратылатын заңды тұлға салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған және осы баптың 8-тармағында белгіленген ережелер орындалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде табыс етеді.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болған жағдайларда, таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда, салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек өтелген және осы баптың 8-тармағында белгіленген ережелер орындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.

      10. Осы баптың 9-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді осы Кодекстiң 100-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.

      11. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек болмаған немесе өтелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда, камералдық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін орындалды деп есептеледі.

      12. Осы баптың 11-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күн дара кәсіпкерді салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.

      13. Салық органы осы баптың 12-тармағында көрсетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарды.

      Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      14. Салық органы осы баптың 6-тармағында белгіленген салық берешегiн, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеу (аудару) мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тартады.

      Дара кәсіпкердің осы бапта белгіленген ережелерді орындамауы да дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      61-бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы

      1. Өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда резидент заңды тұлға, құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

      2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшенің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесін;

      3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құрылымдық бөлімшенің тарату салық есептілігін табыс етеді.

      2. Таратудың салық есептілігі заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі дербес төлеуші болып танылған салықтардың, төлемақының түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған салық кезеңінің басынан бастап қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      3. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықтарды, төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салық есептілігі табыс етілмейді.

      5. Қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.

      62-бап. Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау

      1. Заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.

      Тапсыру актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

      1) таратудың салық есептілігін;

      2) тапсыру актісін табыс етеді.

      Таратудың салық есептілігі, бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін төлемдер түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша осындай есептілікті тапсыру міндеті туындаған салық кезеңі басталған сәттен бастап оны салық органына табыс ету күніне дейінгі кезең үшін жасалады.

      Таратудың салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме бірігу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген әрбір заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлғаға жүктеледі.

      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, мұндай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде мұндай тұлға бөлу балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына аталған балансты табыс етеді.

      2. Таратудың салық есептілігін табыс етуді қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.

      3. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі оның салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуіне негіз болып табылмайды.

      5. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есептелуге жатады.

      Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның есебіне жатқызылуға тиіс.

      6. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған кезде:

      1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға тиіс;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 101-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;

      7. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада – қосылған құн салығын төлеушіде қайта ұйымдастырылу күніне қалыптасқан, асып кеткен қосылған құн салығы оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жатады.

      Бұл ретте бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілуге жатады, асып кеткен қосылған құн салығы құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) берілетін негізгі құралдардың қалдық құнының үлесіне барабар айқындалады.

      Негізгі құралдардың қалдық құны бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның бөлу балансы негізінде айқындалады.

      Осы тармақ бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған жағдайда қолданылады.

      8. Салық органы заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

      1) бірігу - жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;

      2) қосылу - қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны аталған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;

      3) бөлініп шығу - жаңадан құрылған заңды тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша бөлу балансы негізінде береді.

      63-бап. Тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) болуына байланысты бейрезидент заңды тұлғаға құқықтары мен міндеттерін беру кезінде өзінің филиалын (өкілдігін) ашпай, салық міндеттемесін орындауы

      1. Бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі болған кезде, филиалын (өкілдігін) ашпай және тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына ауыстыру туралы шешім қабылдамастан салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаға мұндай тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін беру туралы осы Кодекстің 76-бабы 2-тармағына сәйкес мұндай тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлауға міндетті.

      Аталған бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесі салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде салық органына:

      1) тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салық есептілігін;

      3) тапсыру актісін табыс етуге міндетті.

      Таратудың салық есептiлiгi, құқықтары мен мiндеттерiн беретiн тұрақты мекеме төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтар, бюджетке төленетiн төлемдер түрлерi және әлеуметтiк төлемдер бойынша осындай есептiлiктi табыс ету жөнiндегi мiндеттеме туындаған салық кезеңiнің басынан бастап оны салық органына табыс еткен күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.

      Кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      2. Құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық міндеттемесін орындау тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған осындай заңды тұлғаға (құқық мирасқорына) жүктеледі.

      3. Тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беруі тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаның салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі өзінің салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

      4. Құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық берешегі болмаған кезде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомалары тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаға қайтарылуға тиіс.

      5. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің жеке шоты бойынша сальдоны тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттері берілген заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына тапсыру актісінің негізінде береді.

      64-бап. Бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы

      1. Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша түрде хабарлайды.

      Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде бөлу балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына, бір мезгілде:

      1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салық есептілігін табыс етеді.

      2. Таратудың салық есептілігі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін төлемдер түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықтарды, бюджетке төленетiн төлемдердi және әлеуметтiк төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.

      Таратудың салық есептiлiгiнiң алдында табыс етiлген салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықтарды, бюджетке төленетiн төлемдердi және әлеуметтiк төлемдерді төлеу мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталса, төлеу (аудару) таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрілмей жүргiзiледi.

      4. Салық органы салықтық тексеруді қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның өтінішін алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.

      5. Бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салықтық тексеру аяқталғаннан кейін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бөлу балансын табыс етеді.

      Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебіне жатқызылуға жатады.

      Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары болса, көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен оның есебіне жатқызылуға жатады.

      Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған кезде:

      1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне барабар қайтарылуға жатады;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы Кодекстің 101-бабында белгіленген тәртіппен оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне барабар қайтарылуға жатады;

      3) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктің үлесіне барабар қайтарылуға жатады;

      4) артық (қате) төленген айыппұлдар сомалары осы Кодекстің мiндеттеме 106-бабында белгіленген тәртіппен оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) қайта ұйымдастыру кезінде ол (олар) алған мүліктегі үлесіне барабар қайтарылуға тиіс.

      Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды мынадай талаптар:

      1) салық берешегiнің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болмауы;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларының болмауы;

      3) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есептеуді және (немесе) олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы талаптары бір мезгілде сақталған жағдайда, салықтық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

      Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегi, әлеуметтiк төлемдер бойынша берешегі, салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомалары болған жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды:

      1) салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі өтелген күннен;

      2) салықтардың, бюджетке төленген төлемдердің, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;

      3) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдардың және өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.

      6. Салық органы идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бөлу балансы негізінде жаңадан құрылған заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша салық органына бөлініп шыққан заңды тұлғаның жеке шоттары бойынша сальдоны береді.

      7. Таратудың салық есептілігін табыс етуді қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.

      8. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) оның салықтар, бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуге негіз болып табылмайды.

      65-бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындауы

      1. Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

      1) салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салық есептілігін табыс етеді.

      2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      3. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Салықтық тексеру, қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін, жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

      5. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегі оның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін сатудан алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.

      6. Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтардың, төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.

      Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары бар болса, онда көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.

      7. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған кезде:

      1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға тиіс;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы Кодекстің 101-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

      3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 106-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады;

      4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

      8. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салықтық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі болмаған немесе олар осы Кодекстің 115-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген жағдайда орындалды деп есептеледі.

      9. Дара кәсіпкерді салық органындағы тіркеу есебінен шығару күні осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесінің орындалған күні болып табылады.

      10. Салық органы осы баптың 8-тармағына сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

      11. Осы Кодекстің 115-бабында белгіленген мерзімдерде өтелмеген салық берешегiнің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде оны тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

      12. Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес қызметін тоқтату кезінде салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері қолданылған дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

      66-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

      1. Осы бап, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;

      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына немесе ішінара салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген, қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың салық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.

      Осы бап осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімінің өту уақыты ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен басталған кезеңі осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімінің өту уақытынан қысқа дара кәсіпкерлерге қатысты да қолданылады.

      2. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

      1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;

      2) қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебіне алу болған жағдайда, рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны табыс етеді;

      3) таратудың салық есептілігін;

      4) осы Кодекстің 169-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

      Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер бақылау-кассалық машинаны салық органында есепке қойған жағдайда, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты табыс етеді.

      3. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға салық төлеушілер (салық агенттері) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеуді салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      5. Салық органы дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

      1) мемлекеттік уәкілетті органдарға – қызметін тоқтататын дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға болып табылатын жеке тұлғаның мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш алынған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;

      2) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші алынған күнгі банктік шоттарындағы ақшаның қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жіберуге міндетті.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәмілелер туралы, сондай-ақ банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органының қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті алған күніне дейін қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаға салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінің өту уақыты шегінде табыс етіледі.

      6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетілген сауалдары бойынша мәліметтер, егер осы Кодекстің 24-бабының 14) тармақшасының бірінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге тиіс.

      7. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асыруға және осы Кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасауға міндетті.

      Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері мен салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.

      Қорытынды кемінде екі дана етіп жасалады және оған салық органының лауазымды адамдары қол қояды. Қорытындының бір данасы қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаға қолдарын қойғыза отырып тапсырылады немесе оған пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.

      Салық органы дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаға пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберген қорытындыны пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен салықтық зерттеп-қарау жүргізілген күн осындай қорытындыны тапсырған күн болып табылады.

      8. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаға қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Кодекстің 10-тарауында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.

      Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды осы Кодекстің 96-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда, қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және (немесе) анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

      9. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаның салық берешегі аталған дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаның ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақшасы есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.

      10. Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен осы дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.

      Егер қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын тұлғада салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомалары бар болса, көрсетілген сомалар осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.

      11. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкерде немесе жеке практикамен айналысатын тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:

      1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің қате төленген сомалары осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;

      2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары осы Кодекстің 101-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;

      3) айыппұлдардың төленген сомалары осы Кодекстің 106-бабында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;

      4) кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.

      12. Салық төлеушi салық берешегiн, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жасалған немесе хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

      13. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға:

      1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар және салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болмаған кезде – қорытынды жасалған;

      2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар болған және салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болмаған кезде – осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;

      3) салық берешегі болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда – салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі өтелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

      Дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын тұлғаны осы тармақта белгіленген тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

      67-бап. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатуы

      1. Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатуы осы Кодекстің 95-бабында белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей, мына құжаттардың бірінің:

      1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің;

      2) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда – салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

      2. Қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

      2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;

      3) осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;

      4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарында немесе ішінара салықтық тексерулер тізімінде жоқ;

      5) салық берешегi, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

      6) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі жоғары емес дара кәсіпкерлер қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

      Осы бап осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімінің өту уақытында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 5) тармақшаларында айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге қатысты қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру күніне немесе осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайлар басталғанға дейін қолданылады.

      3. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жері бойынша салық органына, бір мезгілде:

      1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салық есептілігін;

      3) осы Кодекстің 169-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-кассалық машинасын (ол болған жағдайда) есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

      Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілетін күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Салық органы осы тармаққа сәйкес салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

      Салық органы:

      1) осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеген және (немесе) осы баптың 3-тармағының талаптары орындалмаған кезде - қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жүмыс күні ішінде;

      2) осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде – салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.

      5. Мынадай жағдайларда:

      1) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданыс мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген;

      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және қызметін тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген салық есептілігін табыс ету мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салық есептілігін табыс етпеген дара кәсіпкерлер осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

      Осы тармақта көрсетілген жағдайларда салық органы дара кәсіпкер:

      осы баптың 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде;

      салық органында тіркеу есебінде тұрған бақылау-кассалық машинасы болмаған кезде;

      осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің бірі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде оны орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады.

      Дара кәсіпкерді осы тармақта белгіленген тәртіппен тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдердің бірі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      6. Салық төлеуші:

      осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеген күнінен;

      осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – соңғы патенттің қолданылу мерзімі өткен (қызметті тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда) күннен;

      осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған болып танылады.

      7. Салық органы осы бапқа сәйкес дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап қою мерзімінің өту уақытында бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және әлеуметтік төлемдер бойынша салық міндеттемелерін есептеуді жеке тұлға оларды төлеу жөнінде міндеттемелер туындаған сәтте қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.

3-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ 8-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      68-бап. Салық әкімшілігін жүргізу

      Салық әкімшілігін жүргізу салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді жинау жөніндегі шаралар мен тәсілдер жүйесі (жиынтығы), оның ішінде салықтық бақылауды жүзеге асыру, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету және осы Кодексте белгіленген өзге де нысандар болып табылады.

      2. Салық әкімшілігін жүргізу:

      1) заңдылық;

      2) салық төлеуші мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;

      3) тәуекелдерді бағалауға негізделген салық әкімшілігін жүргізуді жүзеге асыру кезіндегі сараланған тәсіл қағидаттарына негізделеді.

      3. Салық әкімшілігін жүргізудің нысандары:

      1) салық органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуі;

      2) салық төлеушілерге жәрдемдесу;

      3) ақпараттық жүйелерді және деректермен алмасу арналарын пайдалана отырып, салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимыл;

      4) салық заңнамасының сақталуын бақылау (салықтық бақылау);

      5) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану;

      6) осы Кодексте белгіленген өзге де нысандар болып табылады.

      69-бап. Салықтық бақылау

      1. Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.

      2. Салықтық бақылау:

      1) салықтық тексеру нысанында;

      2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

      3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:

      1) салық міндеттемесінің, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттердің орындалуын есепке алуды;

      2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылауды;

      3) акцизделетін тауарларды, сондай-ақ авиациялық отынды, биоотынды және мазутты бақылауды;

      4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылауды;

      5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды;

      6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;

      7) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:

      1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

      2) салықтық нысандарды қабылдау;

      3) камералдық бақылау;

      4) салықтық мониторинг;

      5) салықтық зерттеп-қарау;

      6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртінің есепке алынуын бақылау;

      7) өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімі, сондай-ақ темекі өнімдері өндірісі бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау жүзеге асырылады.

      5. Камералдық бақылау, салықтық тексеру жүргізудің ерекше тәртібін және осындай тәртіп жүргізілетін тұлғалар тізбесін уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп айқындайды.

      6. Салықтық тексеру жүргізудің жалпы тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалады.

      7. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері осы Кодексте айқындалады.

      8. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиiсті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

      70-бап. Салықтық зерттеу-қарау

      1. Салықтық зерттеу-қарау – салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында салық органы жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны.

      Салықтық зерттеу-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі.

      Салықтық зерттеуді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылады.

      2. Салықтық зерттеу жүргізу үшін:

      1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, салықтық тексерудің алдын ала актісін, салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін табыс етудің мүмкін болмауы;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауы себебіне орай салық органы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген хабарламаны пошта немесе өзге байланыс ұйымының қайтаруы негіз болып табылады.

      Бұл ретте салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты осы тармақшада көзделген негіз бойынша зерттеу осындай хатты пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен кейін жүргізіледі.

      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 115-бабының 1-2-тармағында көзделген жағдайда қолданылмайды;

      3) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты бар немесе жоқ екенін растау қажеттігі негіз болып табылады.

      Салықтық зерттеу жүргізу үшін осы тармақшада көзделген негіз осы Кодекстің 213 және 214-баптарында белгіленген тәртіппен салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған салық төлеушілерге қатысты, сондай-ақ банкроттық рәсімі қолданылған салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.

      4) осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны орындамаған салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 91-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттігі негіз болып табылады.

      3. Салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салықтық зерттеу актісі жасалады, онда:

      актінің жасалған орны, күні мен уақыты;

      актіні жасаған салық органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      салық органының атауы;

      тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты мекенжайы;

      салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның идентификаттау нөмірі;

      салықтық зерттеу нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.

      Салық органы салық төлеушiнiң тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерiнде оның жоқ екені анықталған салықтық актіні жасаған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, осындай салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрiн, атауын немесе тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған жағдайда), салықтық зерттеу актiсiн жүргiзу күнiн көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырады.

      4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жүргізілген салықтық зерттеу нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, мұндай салық төлеушіге салық органы салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама жібереді.

      5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына келу тәртібімен салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттардың нотариат растаған көшірмелерін қоса бере отырып, салықтық зерттеп-қарау кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.

      Мына құжаттардың бірі:

      жылжымайтын мүлікке меншік құқығын (оны пайдалану) растайтын құжат;

      меншік құқығында орналасқан жері ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлік бар жеке тұлғаның жазбаша келісімі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

      Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесін нотариат растайтын және оны салық органына табыс ететін күндер арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты салық төлеуші орындамаған жағдайда салық органы мына әрекеттердің бірін жүзеге асырады:

      1) осы Кодекстің 118-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады;

      2) жазбаша түсіндірме табыс етуге осы тармақта белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушіде ашылған банктік шоттар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастауды.

      6. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеуші өзінің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде орналасқан жері бойынша болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме табыс етуге міндетті.

      Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарады.

      71-бап. Куәгерлердің қатысуы

      1. Салық органдарының лауазымды адамдары өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша жасайтын мынадай іс-қимылдар:

      1) салық органдары лауазымды адамының салық мiндеттемелерiн орындау жөнiндегі хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмді, мүлiкке билік етуді шектеу туралы шешiмді, мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн, салықтық тексеруді жүргiзу туралы хабарламаны, нұсқаманы, салықтық тексеру актiсiн және осы Кодексте көзделген салық органдарының өзге де құжаттарын тапсыруы;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеуі;

      3) нұсқаманың негiзiнде жүргізілетін салық салу объектiсi және (немесе) орналасқан жеріне қарамастан салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлiктi зерттеу;

      4) нұсқаманың негiзiнде салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуі, оның ішінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы құралдарды (фото-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргiзуі;

      5) салықтық зерттеу куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.

      2. Куәгерлер ретінде салық органдарының лауазымды адамы мен салық төлеушi (салық агенті) іс-әрекеттерінiң нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар тартылуы мүмкін.

      3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және өзіне қатысты іс-әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеушi (салық агенті) жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.

      4. Куәгерлер әрекет жасалған кезде өздері қатысқан, салық органдарының лауазымды адамы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген, салық органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеушi (салық агенті) іс-әрекеттерінiң фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.

      5. Куәгер жасалған іс-әрекеттер жөнінде ескерту жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертуі салық органдарының лауазымды адамы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуге тиіс.

      6. Салық органдарының лауазымды адамы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде):

      1) хаттаманы (актіні) жасаған салық органдары лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      2) салық органының атауы;

      3) әрекет жасалған орын мен күн;

      4) әрекетке қатысқан немесе оны жүргізген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын кәуландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;

      5) әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің сабақтастығы;

      6) әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;

      7) әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар көрсетіледі.

      7. Салық органдарының лауазымды адамы әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған адамдардың бәрін хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамдар хаттамаға (актіге) қол қояды.

      8. Хаттамаға (актіге) әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейнежазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған жағдайда) қосылады.

      9. Салық органдарының лауазымды адамы осы бапта белгіленген тәртіппен жасаған хаттама (акті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттердің жасалу фактісін тіркейді және растайды.

      72-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау

      1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілмеген және (немесе) осы Кодекстің 631-бабында белгіленген талаптар бұзыла отырып көрсетілген мәліметтер жеке тұлға шығыстарының көздерін растау үшін негіз бола алмайды.

      2. Осы Кодекстің 71-тарауында көзделген жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген мәліметтер осы Кодекстің 48-бабында белгіленген салық міндеттемесі және талабы бойынша талап қою мерзімінің өтуіне қарамастан, жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.

      3. Осы Кодекстің 71-тарауында көзделген жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген:

      1) шет мемлекеттегі, оның ішінде осы Кодекстің 294-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын шет мемлекеттегі мүлік туралы;

      2) дебитор және (немесе) кредитор болып табылатын жеке немесе заңды тұлға шет мемлекетте, оның ішінде осы Кодекстің 294-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын шет мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген жағдайда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы мәліметтер шет мемлекеттің құзыретті органы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берген растау құжаттары болғанда ғана жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.

      4. Жеке тұлғаның салық салынатын кірісін жанама әдіспен айқындау жеке тұлғаның декларацияларында ол көрсеткен, жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің туындауына әкеп соқтыратын мәліметтердің толықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында жеке тұлғаға қатысты салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында қолданылады.

      5. Осы баптың күші дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, жеке практикамен айналысатын тұлғаға қатысты оның осындай қызметті жүзеге асыру кезеңінде қолданылмайды.

      6. Салық декларацияларында көрсетілген жеке тұлғаның кірістері оның шығыстарына, оның ішінде мүлік сатып алуға жұмсалған шығыстарына сәйкес келмеген жағдайда, салық органдары жеке тұлғаларға салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның кірісін жанама әдіспен айқындаудың мынадай түрлерін:

      1) активтердің құн өсімі әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға жұмсалатын шығыстар болған жағдайда қолдануға құқылы.

      Бұл әдіс осы тармақшада көрсетілген белгілі бір кезең ішіндегі мүліктің өсім құнын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолдануға құқылы.

      2) шығындарды есепке алу әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстар болған жағдайда қолдануға құқылы.

      Бұл әдіс жеке тұлғаның осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстарын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістерімен салыстыру жолымен қолданылады.

      3) банктік шоттардағы қаражаттың қозғалысын есепке алу әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтары өзгерген жағдайда қолдануға құқылы.

      Бұл әдіс банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтарының өзгеруін жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолдануға құқылы.

      7. Салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде салық органдары қажет болған жағдайда осы бапта айқындалған әдістер жиынтығын пайдаланады.

      8. Осы бапта айқындалған әдістерді қолданған кезде салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның міндеттемелері ескеріледі.

      9. Осы бапта көрсетілген әдістермен жеке тұлғаның кірістерін айқындау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      73-бап. Салық төлеушілерге жәрдемдесу

      1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне):

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;

      2) салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету;

      3) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша электрондық төлем құжатын қалыптастыра отырып, электрондық нысанда, осы Кодексте белгіленген өзге де есептілігін, салық есептілігін табыс ету үшін бағдарламалық қамтылымды беру;

      4) жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерінің бар екендігі туралы мәліметтерді табыс ету;

      5) салық органдары интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      6) салық органдары ұтқыр топтарының уәкілетті орган бекіткен тәртіпте жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауы;

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін салық органдарының ұтқыр топтары салық органдарының қызметкерлерінен құрылған, жеке тұлғаларға декларацияны құрастыру бойынша консультация беретін және жекелеген салық төлеушілерден осындай декларацияларды қабылдауды жүзеге асыратын көшпелі топтар болып табылады.

      7) салық мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізу;

      8) салық заңнамасын бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды өткізу жолымен жәрдемдеседі.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттау салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық мәселелері жөнінде хабардарлығын арттыру, оның ішінде олардың назарына Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелерін және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты жеткізу арқылы хабардарлығын арттыру мақсатын көздейді.

      Салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын насихаттауды семинарлар, отырыстар, салық төлеушілермен (салық агенттерімен) кездесулер өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпараттық стендтерді, буклеттерді және өзге де баспа материалдарын, сондай-ақ бейне-, аудио- және ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдарды, телефон және ұялы байланыс құралдарын пайдалана отырып ақпараттарды орналастыру арқылы жүзеге асырады.

      3. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) төлем құжатын толтыру тәртібі туралы, төлем құжатын толтыруға қажетті деректемелер туралы мәліметтерді қоса алғанда, салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді береді.

      4. Бағдарламалық қамтылым оны орнату жөніндегі нұсқаулық материалымен қоса беріледі және бұл салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеуге арналған электрондық төлем құжатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      5. Салық органдары жеке тұлғаларға салық органдарының жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің сомаларын және (немесе) бар салықтық берешектің сомасы туралы мәліметтерді:

      1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;

      2) коммуналдық қызметтерді берушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;

      3) салық төлеушінің электрондық поштасы мекенжайларына жолдау;

      4) салық төлеуші табыс еткен ұялы телефондардың нөмірлеріне қысқа мәтінді хабарлама жолдау арқылытабыс етеді.

      Осы көрсетілетін қызметтерді алу үшін салық төлеуші тұрғылықты жері бойынша салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.

      6. Салық органдары салық төлеушілердің (салық агенттерінің) интернет-ресурстар арқылы тегін ақпарат алуына көмектеседі.

9-ТАРАУ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ

      74-бап. Жалпы ережелер

      1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілердi есепке алуды жүргізеді.

      2. Салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасы – салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.

      3. Салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру:

      1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;

      2) салық төлеушіні:

      дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде;

      қосылған құн салығы бойынша;

      электрондық салық төлеушi ретінде;

      қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне алу болып табылады.

      4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:

      1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізуді;

      2) салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;

      3) салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.

      5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.

      6. Салық органдарына салық төлеуші туралы:

      1) уәкілетті мемлекеттік органдар;

      2) осы Кодекстің 24-бабының 1), 7) тармақшаларына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

      3) салық төлеуші табыс еткен немесе мәлімдеген мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.

      7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

      1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері – Қазақстан Республикасының азаматтарды тіркеу туралы заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны;

      2) Қазақстан Республикасының тысқары жерлерде тұратын, Қазақстан Республикасында тіркеу орны жоқ Қазақстан Республикасы азаматының тұрғылықты жері – Қазақстан Республикасының азаматтарды тіркеу туралы заңнамасына сәйкес азаматтың Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркеу орны;

      3) дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын тұлғаның орналасқан жері – салық органында дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын тұлға қызметін басымдықпен жүзеге асыратын орын;

      4) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi –Бизнес-идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi;

      5) филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның орналасқан жері – салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері;

      6) тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері – директорлар кеңесінің жиналысында немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жері;

      7) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері – шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады.

      Бұл ретте осы Кодекстің 658-бабына сәйкес салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі туындайтын, Қазақстан Республикасына келмейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістер төлейтін тұлғаның тұрғылықты жері оның болатын орны деп танылады.

§ 1. Салық төлеушi ретiнде тiркеу

      75-бап. Жеке, заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізу

      1. Егер осы Кодекстің 76-бабының 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізуді идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаларға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне идентификаттау нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.

      2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына:

      1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам туралы – тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;

      2) резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған бейрезидент заңды тұлға туралы – орналасқан жері бойынша;

      3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға – тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;

      4) осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн иемденіп алатын (өткізетін) осы Кодекстiң 650-бабының 11-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент туралы - осы Кодекстiң 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады. Егер осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды.

      Егер осындай бейрезидент бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкін құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерін иемденіп алған (өткізген) жағдайда, салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына бейрезидент туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады;

      5) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында, 654-бабының 1-тармағының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін иемденіп алатын бейрезидент туралы - бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері иемденіп алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;

      6) осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) бейрезидент - мүліктің орналасқан жері бойынша мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады. Егер осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, осы тармақшаның ережелері қолданылмайды;

      7) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгі туралы – дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктің орналасқан жері бойынша;

      8) осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агенті арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент туралы – тәуелді агенттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша;

      9) қызметін осы Кодекстің 650-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын бейрезидент – сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан жері бойынша;

      10) қызметін осы Кодекстің 650-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жүзеге асыратын бейрезидент туралы – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша;

      11) резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезиденттер туралы – резидент банктің орналасқан жері бойынша мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.

      3. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мәліметтерді енгізуді идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мәліметтер осы Кодекстің 650-бабының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді енгізуді оның орналасқан жері бойынша салық органы уәкілетті органнан бейрезиденттің осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін иемденіп алғаны туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      76-бап. Бейрезидентті салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшеліктері

      1. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға осы Кодекстің 650-бабының ережелерін ескере отырып, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына:

      1) құрылтай құжаттарының;

      2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;

      3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

      2. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жері бойынша салық органына:

      1) құрылтай құжаттарының;

      2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың;

      3) мұндай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, ол бар болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттарының;

      4) директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

      3. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға өзінің орналасқан жері бойынша есепке қою туралы салықтық өтініш табыс еткен және Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай, тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекемелер осы Кодекстің 63-бабында белгіленген тәртіппен осындай заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.

      Заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 77-бабында белгіленген тәртіппен өзгертілуге жатады.

      4. Осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, Қазақстан Республикасында мүлікті иемденіп алатын (өткізетін) бейрезидент мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына:

      1) бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе бейрезидент заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;

      2) бейрезидент заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;

      3) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

      5. Қызметі осы Кодекстің 220-бабының 1 және 5-тармақтарына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 220-бабы 11-тармағына сәйкес айқындалған қызметті жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша салық органына:

      1) бар болған жағдайда, бейрезиденттің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға немесе өзге мақсаттарға өкілеттіктер беруге арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың);

      2) бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе ол тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;

      3) бейрезидент заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттiң ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;

      4) бейрезидентте бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің ол тұрақты мекемесі болып табылатын инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.

      6. Қызметі тұрақты мекеме құруға алып келіп резидентпен жасасқан бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 220-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған қызметін жүзеге асыруды бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан (тұрғылықты,болатын) жері бойынша салық органына:

      1) бірлескен қызмет туралы шарттың;

      2) бейрезидент жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе бейрезидент заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;

      3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;

      4) салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.

      7. Резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай бейрезидент банктің орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

      8. Қазақстан Республикасындағы көздерден осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салуға жатпайтын кірістер алатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар осы Кодекстің 220-бабының 11-тармағына сәйкес қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келген (тұратын) жері бойынша салық органына мынадай:

      1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;

      2) осындай құжат болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын;

      3) осындай құжат болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістің сомасын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.

      9. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент жеке тұлға осы Кодекстің 217-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті деп танылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

      10. Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салығы немесе жер салығы салынатын объектi болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:

      1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;

      2) осындай құжат болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.

      11. Резидент заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін болатын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына:

      1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;

      2) осындай құжат болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.

      12. Осы Кодекстің 561-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында аталған бейрезидент Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері немесе осы баптың 2-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса бере отырып, осындай бейрезидент табыс еткен тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.

      13. Осы Кодекстің 75-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында аталған бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай эмитент заңды тұлғаның немесе осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында, 654-бабының 7) тармақшасында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.

      14. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мұндай өкілдік немесе мекеме өзінің орналасқан жері бойынша салық органына Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжаттың нотариат растаған көшірмесін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

      15. Осы баптың 1-14-тармақтарында аталған тұлғаларға идентификаттау нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әділет органдарына электрондық хабарлама жібереді.

      16. Осы баптың 1 - 14-тармақтарында аталған бейрезиденттерге идентификаттау нөмірін беру туралы электрондық хабарламаны әділет органдары салық органдарының электрондық хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органдарына жібереді.

      17. Осы баптың 1 - 14-тармақтарында аталған бейрезиденттерді салық төлеушілер ретінде тіркеуді салық органы осы Кодекстің 75-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып жүзеге асырады.

      18. Осы Кодекстің 75-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында аталған, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін иемденіп алған бейрезиденттің тіркеу куәлігі осы Кодекстің 650-бабының 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жері бойынша салық органында бейрезидент талап еткенге дейін сақталады.

      19. Осы баптың 1 - 14-тармақтарында аталған, идентификаттау нөмірі бар бейрезиденттерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органы әділет органдарына идентификаттау нөмірі мен тіркеу куәлігін жасау мақсатында электрондық хабарлама жібермейді. Бұл ретте осы Кодекстің 75-бабының 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдарды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

      77-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру

      1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде табыс етілген тіркеу деректеріне:

      1) жеке тұлғаның – Жеке идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;

      2) резидент заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің - Бизнес-идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері немесе тиімді басқару орны (басқару органының нақты орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде;

      3) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;

      4) осы Кодекстің 650-бабының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде, осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезиденттің – осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері негізінде;

      5) резидент заңды тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде 75-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында аталған бейрезиденттің – Бизнес-идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімінің осындай резидент туралы мәліметтері негізінде;

      6) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесі – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;

      7) қызметін осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің – тәуелді агенттің салық органына берген салықтық өтініші негізінде;

      8) резидент банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент жеке және заңды тұлғаның – банк хабарламасының негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.

      2. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      3. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодекстің 24-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде табыс етілген мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

      4. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.

      5. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      78-бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан алып тастау

      1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде немесе оның салықтық өтініші бойынша мынадай себептермен:

      1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;

      2) орындалмаған салық міндеттемелері не Қазақстан Республикасының аумағында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері болмаған жағдайда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуі және азаматтығын тоқтатуы;

      3) осы Кодекстің 76-бабының 10-тармағында аталған шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның салық салу объектiлерiне құқықтарының тоқтатылуы;

      4) заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталуы немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;

      5) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (басқару органының нақты орналасқан жерінің) өзгеруі;

      6) бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы;

      7) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатуы;

      8) егер осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4), 4-1) және 5) тармақшаларында аталған бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай бейрезиденттің мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;

      9) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесі қызметінің тоқтатылуы ;

      10) бейрезиденттің қызметін осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес осы бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агенті арқылы тоқтатуы;

      11) осы Кодекстің 75-бабының 2-тармағының 11) тармақшасында аталған бейрезиденттің банк хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде резидент банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтері болмаған жағдайда, резидент банкте бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы бойынша алып тастайды.

      2. Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан осы Кодекстің 75-бабының 2-тармағының 3) – 811 тармақшаларында аталған тұлғаларды алып тастау мақсатында әділет және ішкі істер органдарына:

      1) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентті – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

      2) осы Кодекстің 75-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында аталған бейрезидентті – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабының 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сату туралы мәліметтері негізінде;

      3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

      4) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесі – сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестiрiлген шет мемлекет өкiлдiгінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;

      5) осы Кодекстің 75-бабының 2-тармағының 8) тармақшасында аталған бейрезидентті – тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

      6) резидент банктерде ағымдағы шоты бар бейрезидентті – бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасы негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.

      3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында аталған бейрезиденттер туралы мәліметтер көрсетілген электрондық хабарламаны әділет органдарына уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банктің хабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде табыс етеді.

      4. Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан алып тастауды идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде салық төлеушінің орындалмаған салық міндеттемелері болмаған кезде жүргізеді.

§ 2. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі

      79-бап. Дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебіне қою

      1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына хабарлама жібереді.

      2. Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кәсiпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынған жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.

      3. Жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын тұлға ретiнде тiркеу есебiне қою нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейiн "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда табыс етілген, жеке тұлғаның жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.

      4. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын тұлға ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.

      Салық органы, егер:

      1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;

      2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;

      3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайларда, жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын тұлға ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартады.

      80-бап. Дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын тұлғаның тіркеу деректерін өзгерту

      1. Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы:

      1) дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс еткен хабарлама;

      2) жеке практикамен айналысатын тұлғаның тіркеу есебі туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.

      2. Дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына өзінің тіркеу деректері және (немесе) бірлескен кәсіпкерліктің қатысушылары (мүшелері) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

      3. Жеке практикамен айналысатын тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті өзінің орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда табыс етуге міндетті.

      4. Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген хабарламаны алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      5. Жеке практикамен айналысатын тұлғаның орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Салық органдары салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда, жеке практикамен айналысатын тұлғаның орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.

      81-бап. Дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінен шығару

      1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізеді.

      2. Салық органы жеке тұлғаны жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінен шығаруды осы Кодекстің 66-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      3. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық органы жеке тұлғаны орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда, дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүргізеді.

      4. Салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органында өзінің дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінен шығарылғаны (шығарудан бас тартылтылғаны) туралы жазбаша растау алуға құқылы.

§ 3. Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

      82-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою

      1. Мыналарды:

      1) мемлекеттік мекемелерді;

      2) резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін;

      3) осы Кодекстің 534-бабында аталған, қызметі бойынша тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынуы тиіс тұлғаларды;

      4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін осындай арнаулы салық режимі қолданылатын қызметі бойынша қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер осы бапта белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.

      2. Егер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде ең төмен айналымнан асып кетсе, осы баптың 1-тармағында аталған, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюға жататын тұлғалар орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.

      Салықтық өтініш ең төменгі айналымнан асып кету туындаған ай аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей мына тәсілдердің бірімен:

      1) келу тәртібімен қағаз жеткізгіште;

      2) электрондық нысанда беріледі.

      Салықтық өтінішті электрондық тәсіл бойынша берудің 2) тармақша ережесі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдері жоғарғы деңгейдегі салық төлеушілерге қолданылмайды.

      Айналым мөлшерін:

      1) бейрезиденттің қызметі Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер – әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күннен бастап;

      2) салық органдарында дара кәсіпкелерр ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар – салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

      3) ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған салық төлеушiлер – салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен кейiнгi күннен бастап;

      4) өзге де салық төлеушілер – ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап, өсу қорытындысы бойынша айқындайды.

      3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін айналым мөлшері осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген айналымдардың сомасы ретінде айқындалады.

      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін, бюджетпен есеп айырысуларды шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асыратын салық төлеуші айналымды айқындау кезінде аталған салық режиміне кіретін қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмайды.

      4. Ең төменгі айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 000 мың еселенген мөлшерін құрайды.

      5. Егер құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге де жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгер басқарушы орналасқан жері бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін беруге міндетті. Өзге де жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарушыны міндетті түрде есепке қою осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің бірінші басшысы, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен береді.

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.

      Салық органы салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

      7. Осы баптың 1-тармағында аталған, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 115-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.

      8. Салық төлеушi осы баптың 7-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш тапсырмаған жағдайда, осы Кодекстің 175-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Кодекстің 118-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

      83-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

      1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 82-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) келу тәртібімен қағаз жеткізгіште;

      2) электрондық нысанда;

      3) Бизнес-идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

      Осы тармақтың 2) тармақшасының ережесі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдері жоғарғы деңгейдегі салық төлеушілерге қолданылмайды.

      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

      дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

      мемлекеттік мекемелердің;

      Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;

      резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;

      осы Кодекстің 534-бабында аталған, қызметі бойынша тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын тұлғалардың құқығы жоқ.

      2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

      Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап;

      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғалар үшін – Бизнес-идентификаттау нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілерге айналады.

      84-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк

      1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады, мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында табыс етіледі. Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк мынадай міндетті деректемелерді:

      1) салық төлеушiнің атауын және (немесе) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

      2) идентификаттау нөмірін;

      3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнін;

      4) куәлікті жасаған салық органының атауын қамтиды.

      3. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк жарамсыз деп есептеледі.

      4. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыруды қосылған құн салығын төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы өзгерген жағдайда салық төлеуші тегінің, атының, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауының өзгергені туралы идентификаттау нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      85-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

      1. Мынадай шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда:

      1) салық салынатын айналым мөлшері салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін осы Кодекстің 82-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса;

      2) егер салық салынатын айналым мөлшері мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың бастапқы кезеңі үшін осы Кодекстің 82-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.

      Осы тармақтың ережесі банкроттық рәсімі қолданылған салық төлеушілерге қолданылмайды.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтiнiшке қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.

      3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған кезде, салық органдары салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды жүргізуге міндетті. Осындай салық төлеушінің салық органына салықтық өтініш берген күні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару күні болып табылады.

      Салық органдары мынадай:

      1) салық төлеушінің салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл ішіндегі салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 82-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асып кеткен;

      2) салық төлеушінің мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бергі кезең ішіндегі салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 82-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асып кеткен жағдайларда, салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тартады.

      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 213-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс еткен салық төлеушіге қолданылмайды.

      Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, салық төлеушіге жеке қолын қойғызу арқылы немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

      4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:

      1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімінен алты ай өткен соң ұсынбаған;

      2) жазбаша түсіндірме ұсыну үшін осы Кодекстің 70-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банктік шоттары болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;

      3) салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;

      4) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған;

      5) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде заңды тұлғаны қайта тіркеу жарамсыз деп танылған;

      6) егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер:

      әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;

      егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);

      1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

      2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;

      іздеу салынған жеке тұлға;

      болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасы аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам;

      әрекетсіз дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған;

      7) осы Кодекстің 91-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеуші әрекетсіз деп танылған жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі.

      5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жері бойынша салық органы:

      1) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

      Осы баптың 4-тармағы 6) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады;

      2) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;

      3) осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 70-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;

      4) салық органы соттың дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап;

      5) салық органы соттың заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

      6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша:

      1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін – осы шешім шығарылған күннен бастап;

      2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында аталған тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнінен бастап;

      3) осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында аталған тұлға үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органында қайта тіркелген күннен бастап;

      4) егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4-тармағы 6) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп саналады.

      Қосылған құн салығын төлеуші осы баптың 4-тармағы 6) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген жағдайларда салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп саналады.

      7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:

      1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда – осы Кодекстің 58, 60, 65 және 66-баптарында көрсетілген салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш не қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;

      2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – таратудың салық есептілігі және беру актісі ұсынылған күннен бастап;

      3) заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – осы Кодекстің 64-бабында көрсетілген салықтық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;

      4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – осы Кодекстің 78-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан алып тасталған күнінен бастап жүргізіледі.

      8. Қосылған құн салығын төлеуші банкроттық себебі бойынша таратылған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.

      9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.

§ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі

      86-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

      1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.

      2. Салық төлеуші тіркеу есебіне қою үшін салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

      Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті ұсыну салық төлеушінің хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желілері бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құжаттарды алуға берген келісімі болып табылады.

      3. Салық органы электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын береді.

      87-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны ауыстыру және жою

      1. Салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшін орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге:

      1) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылданған;

      2) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі электрондық ақпарат жеткізгіш жоғалған;

      4) кілті бар контейнерлі электрондық ақпарат жеткізгіш жұмыс істемейтіндей болып бүлінген жағдайларда құқылы.

      2. Электрондық цифрлық қолтаңбаны жою салық төлеушінің салық органымен осы бапта белгіленген жағдайларда хабарламаның кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.

      3. Салық органы электрондық цифрлық қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      4. Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз салық төлеушіні мемлекеттік деректер базасынан алып тастаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны жояды.

      5. Салық органы салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды бір жұмыс күнi iшiнде мынадай жағдайларда:

      1) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде салық төлеушіні мемлекеттік тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда - салық органы соттың шешімін алған күннен бастап;

      2) осы Кодекстің 85-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес салық органының шешімі бойынша салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап;

      4) банкрот деп танылған жағдайда – салық төлеушіні банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жүргізеді.

§ 5. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебіне алу

      88-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою

      1. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтiң мынадай түрлерін:

      1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді;

      2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;

      3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмін өндiруді;

      4) алкоголь өнiмiн көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;

      5) темекi өнiмдерiн өндiрудi және (немесе) көтерме сатуды;

      6) ойын бизнесiн;

      7) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді;

      8) осы Кодекстің 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды);

      9) осы Кодекстің 543-бабында аталған уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасына айырбастау операцияларын ұйымдастыруды жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.

      2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органдарында жүргізіледі.

      3. Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензиясының қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.

      4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлері бойынша лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі деректерінің негізінде тиісті лицензиясы болған жағдайда жүргізіледі.

      Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда), 6, 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілетін, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген хабарлама салық органына мынадай:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – меншiк құқығын немесе мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiн жалға алу құқығын растайтын құжаттардың;

      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – меншiк құқығын немесе мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), жанармай құю станциясын жалға алу құқығын растайтын құжаттардың немесе жанармай құю станциясын иеленушімен жасалған тапсырма шартына сәйкес жанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген адам) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек сауда арқылы өткізуді оның атынан немесе өтініш берушінің (сенім білдіруші) тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын шарттың не мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартының;

      осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезінде – меншiк құқығын немесе темекі өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу кезінде қойма үй-жайын жалға алу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып ұсынылады.

      Тапсырма шартын және мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу шартын қоспағанда, шарттардың қолданылу мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс.

      Салыстырып тексеру үшiн шарттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, шарттардың көшiрмелерiн нотариат куәландыруға тиіс.

      6. Салық органы:

      1) хабарлама берілген күннен бастап;

      2) лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

      7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындар) болған жағдайда тіркеу есебіне қою әрбір ойын мекемесі (стационарлық орындар) бойынша бөлек жүзеге асырылады.

      Стационарлық орын – ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын.

      8. Ойын мекемесінің (стационарлық орынның) аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектiлерін және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады.

      9. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу есебіне алу әрбір салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект бойынша бөлек жүргізіледі.

      10. Осы баптың 1-тармағы 1) және 5) тармақшаларының мақсаттары үшін салық салуға байланысты объектілер деп мұнай өнімдерін өндірушінің өндіріс объектісі, мұнай өнімдері базасы, резервуар, жанармай құю станциясы, мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартында немесе мұнай өнімдерін өндірушімен (мұнайды берушілер үшін) жасалған шартқа қосымшада (ерекшелікте) көрсетілген мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және мұнай өнімдері көлемінің шығымы, осы баптың 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.

      89-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тiркеу деректерiн өзгерту және толықтыру

      1. Тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде салық төлеушi өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына осы Кодекстiң 88-бабының 4-тармағында көрсетiлген хабарламаны беруге мiндеттi.

      2. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 88-бабының 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді жүргізеді.

      Осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 1), 2) және 8) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші хабарламаға осы Кодекстің 88-бабының 5-тармағында көрсетілген, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгергенін растайтын құжатты қоса береді.

      Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда шарттардың және (немесе) шартқа қосымшалардың көшірмелері нотариатта куәландырылған болуы тиіс.

      90-бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару

      1. Салық органы салық төлеушіні осы Кодекстің 88-бабының 4-тармағында көрсетілген хабарлама негізінде лицензиялауға жатпайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен мынадай:

      1) осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру тоқтатылған;

      2) тіркеу деректерінде көрсетілген барлық салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есептен шығарған жағдайларда шығаруға тиіс.

      2. Салық төлеушіні лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруды салық органы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынған лицензия қолданысының тоқтатылуы туралы мәліметтердің негізінде жүргізеді.

      3. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін хабарлама осы Кодекстің 88-бабының 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы саны есептен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің тіркелген жері бойынша салық органына табыс етіледі.

      4. Салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару мынадай:

      1) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің:

      - мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiн жалға алу;

      - мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), жанармай құю станциясын жалға алу;

      - жанармай құю станциясын иеленушімен жасалған тарсырмаға сәйкес жанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген адам) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек сауда арқылы өткізуді оның атынан немесе өтініш берушінің (сенім білдіруші) тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын;

      - мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу;

      - темекі өнімдерін көтерме сауда арқылы өткізу кезінде қойма үй-жайын жалға алу шартының қолданысы тоқтатылған;

      2) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші, лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;

      3) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодексте акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп айырысуды табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін үш айлық кезең ішінде оларды табыс етпеген жағдайларда жүргізіледі.

      5. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің тiркелген жері бойынша салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

      6. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

§ 6. Салық төлеушіні әрекетсіз және тарату сатысында тұрған, мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатқан деп тану

      91-бап. Әрекетсіз салық төлеуші

      1. Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.

      2. Осы Кодексте белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:

      1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны;

      2) ойын бизнесі салығы бойынша декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларация табыс етілмеген жағдайда тіркелген салық бойынша декларацияны;

      3) егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі екі салық кезеңі үшін мұндай декларация табыс етілмеген жағдайда жеңілдетілген декларацияны табыс етпеген резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.

      3. Осы Кодексте белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:

      жеке табыс салығы бойынша декларацияны;

      ойын бизнесі салығы бойынша декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларация табыс етілмеген жағдайда, тіркелген салық бойынша декларацияны;

      егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі екі салық кезеңі үшін мұндай декларация табыс етілмеген жағдайда жеңілдетілген декларацияны;

      соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбаған дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.

      4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

      5. Салық органдары салық төлеушіні әрекетсіз деп тану туралы бұйрықты жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей шығарады, олар туралы мәліметтер осындай бұйрық шығарылған күннен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      6. Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы мәліметтер:

      1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесін орындағаннан;

      2) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін салық төлеушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар қолданылған жағдайда, олар төленгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданған салық органының бұйрығына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.

      7. Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы мәліметтер салық органының тиісті бұйрығы қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.

      8. Салық төлеуші Заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмінен алынған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекетсіз салық төлеушілер тiзiлiмінен шығарылады.

      92-бап. Тарату (қызметін тоқтату) сатысында тұрған салық төлеуші

      1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берген тұлға таратылу (қызметін тоқтату) сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады. Бұл ретте мұндай салық төлеуші туралы ақпарат тиісті өтініш ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.

      2. Салық органдары тарату (қызметін тоқтату) сатысында тұрған тұлғаны салық төлеушілер тізімінен шығаруды:

      1) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған жағдайда – мұндай мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      2) дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда – тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      93-бап. Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері

      1. Мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінің өтуінен кешіктірмей:

      салық есептілігін табыс етпеген;

      экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

      егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдер және (немесе) ақша аудару сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еселенген төмен мөлшерінен аспайтын, сондай-ақ зейнетақы және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алу жағдайларын қоспағанда, банк шоттары бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударуды жүзеге асырмаған;

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

      2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

      қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

      салық есептілігін табыс етуді осы Кодекстің 213, 214-баптарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұрмаған;

      жеке тұлғаларға мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілері жоқ;

      әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

      салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, кедендік төлемдер бойынша және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салық берешегі жоқ резидент заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, бейрезидент заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері, қызметін филиалдар, өкілдіктер ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.

      Осы тармақтың ережесі:

      1) осы Кодекске сәйкес салық мониторингіне жататын;

      2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

      2. Салық органы жыл сайын:

      1) осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады;

      2) мынадай мәліметтерді:

      сәйкестендіру нөмірін (ол болған жағдайда);

      салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

      жеке тұлғаның тегін, атын, егер жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе, әкесінің атын не субъектінің атауын;

      субъектінің орналасқан жері бойынша салық органының атауын;

      кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметі тоқтатылған) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын адамдардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында мәжбүрлі таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарында субъектілердің қалыптастырылған тізбесі жарияланғаннан кейін 1 сәуірден кешіктірмей, мәліметтер алу үшін:

      банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;

      уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;

      әділет органдарына – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.

      3. Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген кредиторлардың немесе өзге де адамдардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 мамырына дейін қабылдайды.

      4. Мәжбүрлі таратылуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де адамдардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда 1 маусымнан кешіктірілмей қалыптастырылады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап арыздар оған осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар сәйкес келетін күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей сотқа жіберіледі.

10-ТАРАУ. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ

      94-бап. Камералдық бақылау

      1. Камералдық бақылау - салық төлеушi (салық агенті, операторы) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау.

      Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

      2. Камералдық бақылаудың мақсаты - салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес салық есептілігін табыс ету және (немесе) салық және бюджетке төлемдерді төлеу арқылы салық төлеушіге дербес жоюға құқық беру.

      95-бап. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері

      1. Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:

      1) салық есептілігін;

      2) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;

      3) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді;

      4) осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі.

      2. Камералдық бақылау осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салық есептілігін табыс ету мерзімі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін жүргізіледі.

      3. Камералдық бақылау осы Кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қоюдың өткен мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

      96-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi

      1. Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

      тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

      тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

      Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.

      Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекел дәрежесі елеусіз бұзушылықтарға қолданылмайды және тәуекелдерді басқару жүйесінде ескеріледі.

      2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы:

      1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін хабарлама бойынша және (немесе) салық есептілігін табыс ету;

      салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай соманы аударған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды жоюы;

      2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктемені табыс етуі танылады.

      Түсініктемеде:

      салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктемеге қол қойған күні;

      түсініктемені табыс еткен адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

      салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;

      түсініктеме беріліп отырған хабарламаның нөмірі мен күні;

      түсініктемені табыс еткен адамның келіспеуіне негіз және дәлелдеме болып табылатын мән-жайлар көрсетілуге тиіс.

      Егер түсініктемеде түсініктемені табыс етіп отырған адамның келіспеуіне негіз ретінде, дәлелдемелерді растау ретінде құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері міндетті түрде түсініктемеге қоса беріледі.

      3. Салық төлеуші түсініктемеде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келмейтін мән-жайларды және (немесе) дәлелдемелерді көрсеткен жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық міндеттемесін айқындаудың мынадай мәселелері бойынша:

      1) корпоративтік табыс салығы және қосылған құн салғы бойынша:

      сот актілерімен немесе қылмыстық қудалау органының оңалтылмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) және (немесе) өзге де құжаттар бойынша;

      соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша;

      2) корпоративтік табыс салығы бойынша:

      соттың заңды күшіне енген шешімінде белгіленген, басшысы және (немесе) құрылтайшысы (қатысушысы) осындай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатыспаған салық төлеуші іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған шығыстары (операциялар) бойынша;

      3) қосылған құн салғы бойынша:

      соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсіпкерлердің мәмілелері (операциялары) бойынша;

      соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалардың мәмілелері (операциялары) бойынша орындалмаған болып саналады.

      Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда салық органы жазбаша шешім шығарады және оны салық төлеушіге:

      осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде - пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жібереді немесе қолын қойдыра отырып салық төлеушіге тапсырады;

      осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны электрондық тәсілмен жіберген кезде - электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе пайдаланушының жеке кабинетіне жібереді.

      4. Жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым берілген жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өту барысы:

      шағым жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға қабылданған күннен бастап жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;

      сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      5. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

      6. Осы Кодекстің 59-бабының 6-тармағына және 66-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілетін камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды жасайды.

      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

11-ТАРАУ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ, ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ АУДАРУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

      97-бап. Жалпы ережелер

      1. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алуды салық органы салық төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      2. Салық төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      3. Салық төлеушінің жеке шоты ұлттық валютада жүргізіледі.

      4. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы:

      салық есептілігінде салық төлеуші;

      осы Кодекстің 493, 514, 532-баптарында белгіленген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде - салық органдары;

      осы Кодексте көзделген негіздер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын) сома болып табылады.

      5. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомасы:

      салықтық тексерудің нәтижелері бойынша;

      салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары бойынша;

      деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық органдарының осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуы (мемлекеттік экологиялық бақылау) бойынша тексерулерді жүзеге асыру нәтижелері бойынша ұсынған мәліметтері негізінде салық органы айқындаған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын) сомасы болып табылады.

      6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарын қолдану мақсатында есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуде қосылған құн салығының сомасын азайту болып табылады.

      7. Салық төлеушінің жеке шотындағы салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер, өсімпұлдар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.

      8. Салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша салық органдары салық төлеушінің жеке шотынан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдардың, өсімпұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы үзінді көшірмені мұндай өтініш салық органдарына тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде береді.

      98-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер, әлеуметтiк төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргiзу

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді.

      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтықтар болған жағдайда, алшақтықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды. Қажет болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотына түзетулер енгізіледі.

      99-бап. Қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес, салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасы салық органының шешімі негізінде осындай шешім шығарылған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық органының есептен шығаруына жатады.

      100-бап. Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi ұсыну тәртiбi

      1. Салық органы есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде осындай мәліметтерді:

      әділет органдарына – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

      басқа мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру көзделген адамдарға, салық төлеушіге – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерге сұрау салу және оны осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ұсыну электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      2. Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жасайды.

      3. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, осындай тұлғаларда есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 58, 59 және 60-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.

      4. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде есепте тұрған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі кезінде осындай тұлғаларда есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде беріледі.

§ 1. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару

      101-бап. Жалпы ережелер

      1. Салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізу күніне салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың аталған түрі бойынша бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (кемітілгенді шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма болып табылады.

      Өткен салық кезеңдеріндегі қосылған құн салығы бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салық кезеңінде бюджетке төленген (өндіріп алынған) (есепке жатқызылғанды және қайтарылғанды шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (кемітілгенді шегергенде) қосылған құн салығының сомалары арасындағы оң айырма артық төленген (өндіріп алынған) қосылған құн салығының сомасы болып табылады.

      Жекелеген қызмет түрлерімен айналысқаны үшін лицензиялар беру, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін тіркеу алымының, алымның, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақының, мемлекеттік баждың төленген сомалары жүзеге асырылуы үшін осындай төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттердің жасалмау (оның ішінде салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган растаған жағдайда артық төленген болып танылады.

      Орманды пайдаланғаны үшін төленген төлемақы сомасы орман пайдалануға арналған ағаш кесу билетi пайдаланылмаған жағдайда, артық төленген төлемақы болып танылады.

      2. Осы Кодекстің 672-бабына сәйкес бейрезидент салық төлеушіге қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы да табыс салығының артық төленген сомасы болып табылады.

      3. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің (қайтарылуға жатпайтын алымдар мен төлемдерді қоспағанда), өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды салық органы ұлттық валютада мынадай тәртіппен:

      тиісті салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша – осындай жеке шоттардың мәліметтері негізінде;

      жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төлемдерді төлеу орны бойынша – тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген, жүзеге асырылуы үшін бюджетке төлемдерді төлеу көзделген әрекеттердің жасалмағанын растайтын, салық төлеуші ұсынған құжаттардың негізінде жүргізеді.

      4. Салықтың, басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды салық органдары мынадай тәртіппен:

      1) салықтық өтініш негізінде есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізген жағдайда – салық органдары осындай өтінішті тіркеген күннен бастап;

      2) өтінішсіз есепке жатқызуды жүргізген жағдайда – салық төлеушінің жеке шотында артық төленген сома түзілген күннен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде бюджетке салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің банк шотына жүргізеді.

      Салық органы салық берешегi болған кезде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан орын алған салық берешегiн өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.

      Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.

      Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.

      5. Мыналар:

      1) салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан басқа, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне;

      төленген мемлекеттік баж сомасы есепке жатқызылмайды.

      2) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым, жануарлар әлемін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы, консулдық алым сомаларының қате төленген жағдайларын қоспағанда, осындай төленген сома;

      салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасы;

      жер учаскелерін пайдаланғаны үшін, үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаға эмиссия үшін, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін артық төленген (өндіріп алынған) салық, төлемақы сомасы – осындай салықтар, төлемақылар бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайда, оны табыс ету күніне дейін есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.

      6. Салық органы есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі бұзылып жүргізілген, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасына арналған салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күнін қоса алғанда, есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

      Есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсетін түсімдердің есебінен салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомаларын есепке жатқызу (немесе) қайтару жүргізілген күні салықтық өтініште көрсетілген салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.

      7. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      102-бап. Салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомаларын есепке жатқызу

      1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы:

      1) салық төлеушінің өтінішінсіз – осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес;

      2) салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша - осы баптың 4-тармағына сәйкес есепке жатқызылады.

      2. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз мынадай тәртіппен:

      орындалу мерзімі мынадай реттілікпен басталған:

      артық төленген сома қалыптасқан жер учаскелерін пайдаланғаны үшін, үстіңгі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаға эмиссия үшін, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін белгілі бір салық түрі, төлемақы (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – төлемақы) бойынша есептелген, есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесінің есебіне;

      салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу есебіне;

      артық төленген сома қалыптасқан салықтың белгілі бір түрі, төлемақы бойынша өсімпұлды өтеу есебіне;

      салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша өсімпұлды өтеу есебіне жүргізіледі.

      3. Өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз мынадай реттілікпен:

      1) артық төленген өсімпұл сомасы қалыптасқан салықтың белгілі бір түрі, төлемақы бойынша өсімпұлдың есепке жазылған сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемелерінің есебіне;

      2) артық төленген өсімпұл сомасы қалыптасқан салықтың белгілі бір түрі, төлемақы бойынша бересіні өтеу есебіне;

      3) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша бересіні өтеу есебіне;

      4) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің өзге де түрлері бойынша өсімпұлды өтеу есебіне жүргізіледі.

      4. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша:

      1) бюджетке салық берешегі болмаған кезде осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне;

      2) құрылымдық бөлімшесі (құрылымдық бөлімшелері) бар заңды тұлға болып табылатын салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша – осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) төлемнің тиісті түрі бойынша осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшелерінің) бюджетке салық берешегін өтеу есебіне;

      3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша – осындай өтініште көрсетілген салықтың және (немесе) төлемнің тиісті түрі бойынша заңды тұлғаның бюджетке салық берешегін өтеу есебіне жүргізіледі.

      103-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару

      1. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:

      1) төлем құжатында:

      салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;

      орналасқан жері бойынша салық және бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасы төленуге тиіс салық органының сәйкестендіру нөмірінің орнына басқа салық органының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген;

      төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;

      2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;

      3) ақша жіберуші - салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;

      4) ақша жіберуші - салық төлеуші салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын аудару кезіндегі сома салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.

      2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

      1) салық төлеушінің салықтық өтініші;

      2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – банк өтініші);

      3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қателер бойынша хаттама) бойынша жүргізіледі.

      3. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

      салық төлеушінің салықтық өтініші, банктің өтініші ұсынылған;

      салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      4. Салық төлеушінің салықтық өтініші, банктің өтініші салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасына есеп жүргізетін салық органына ұсынылады.

      5. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген қателердің бірінің бар екенін растаған жағдайда, осы салық органы:

      1) қате төленген соманы тиісті бюджет сыныптамасының кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;

      2) салық төлеушінің банк шотына қайтаруды жүргізеді.

      6. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір төлем құжаты бойынша салық, бюджетке төленетін төлем, өсімпұл сомасын екінші қайтара аударуға әкеп соқтырған салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, салық органы қате фактісі расталған кезде банктің өтініші бойынша қате төленген соманы:

      ақша банк шотынан есептен шығарылған немесе төлем банкомат арқылы жүзеге асырылған жағдайда – салық төлеушінің банк шотына;

      банкке қолма-қол ақша енгізілген немесе төлем электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырылған жағдайда – банктің банк шотына қайтаруды жүргізеді.

      7. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген қателердің бар екендігін растамаған жағдайда, осы салық органы осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша салық төлеушіге қатенің расталмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      104-бап. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару

      1. Осы Кодекстің 431, 432, 433 және 434-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы қосылған құн салығын төлеушінің талабы бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстің 102-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізу және (немесе) оның банк шотына аудару арқылы ұсынылған салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.

      2. Осы Кодекстiң 431, 432, 433 және 434-баптарына сәйкес қайтаруға жататын асып кеткен қосылған құн салығы салық органының асып кеткен қосылған құн салығын қайтаруға төлем құжатын жасау күнiне қосылған құн салығын төлеушiнiң жеке шотындағы қосылған құн салығы бойынша асып кеткен сомадан аспауға тиiс.

      3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару салық төлеушінің орналасқан жері бойынша, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде оның банк шотына осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.

      Салық органы салық берешегi болған кезде есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырмай-ақ орын алған салық берешегiн, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің салық берешегін өтеу есебіне қосылған құн салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жүргізеді.

      Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.

      4. Салық органы қосылған құн салығының асып кетуін қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған кезде мерзімі бұзыла отырып қайтарылған осындай асып кетуге салық органы салық төлеушінің пайдасына мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін өсімпұлды есепке жазады. Өсімпұл, қайтару күнін қоса алғанда, қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

      5. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсетін түсімдердің есебінен қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.

      105-бап. Өзге де негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару

      1. Осы Кодекстің ерекше бөлігінде көзделген негіздер бойынша:

      1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген;

      2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдік төлеген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.

      2. Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды грант алушының орналасқан жері бойынша салық органы осы Кодекстің 102-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банк шотына осы Кодекстің 435-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.

      3. Қазақстан Республикасында акредиттелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстің 436-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың банк шотына жүргізеді.

      106-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару

      1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе мөлшерін азайту салдарынан оның төленген сомасын қайтару салық төлеушінің салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қайтаруға арналған өтініш) негізінде жүргізіледі.

      Айыппұл сомасын қайтаруға арналған өтінішке айыппұлдың заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот актісі немесе жоғары тұрған салық органының (лауазымды адамның) шешімі қоса берілуге тиіс.

      2. Айыппұл сомасын қайтаруға арналған өтінішті салық төлеуші жеке шот бойынша қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептеулі тұратын салық органына ұсынады.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің банк шотына айыппұл сомасын қайтаруға арналған өтініш ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      4. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген соманы қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.

      107-бап. Сот шешімімен электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару

      1. Уәкілетті заңды тұлға өткізген электрондық аукцион қорытындылары соттың заңды күшіне енген шешімімен күші жойылған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару уәкілетті заңды тұлғаның уәкілетті орган бекіткен нысандағы салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қайтаруға арналған өтініш) негізінде жүргізіледі.

      Қайтаруға арналған өтінішке:

      1) заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесі;

      2) уәкілетті заңды тұлғаның салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.

      2. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың, айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды төленген жердегі салық органы қайтаруға арналған өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаның банк шотына ұлттық валютада жүргізеді.

      108-бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару ерекшеліктері

      1. Артық төленген мемлекеттiк баж сомасы:

      1) талап қоюшы сотқа талап-арыздар және өзге де өтініштер (шағымдар) берген кезде өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;

      2) іс төрелікке берілген;

      3) іс бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған жағдайда – толық көлемде, кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде;

      4) талап-арыз немесе өзге де өтініш (шағым) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;

      5) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талап қоюшы осы санаттағы iстер үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не әрекетке қабiлетсiз адам талап қойған жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;

      6) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар әрекеттердi жасайтын органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;

      7) сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат қайтарылған;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға жатады.

      2. Мемлекеттік баж:

      1) талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;

      2) талап қоюшы өз талаптарын азайтқан;

      3) сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда қайтарылмайды.

      3. Артық төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжатының негізінде жүргізеді.

      4. Сот салық төлеушінің пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған салық төлеушіге артық төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініш пен заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жүргізеді.

      5. Артық төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банк шотына жүргізеді.

      6. Осы бапта көзделген артық төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруға арналған құжаттар салық органына мемлекеттік баждың мұндай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.

§ 2. Жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару

      109-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодекстің 640-бабына сәйкес есептелген жеке табыс салығы бойынша соманың асып кетуі туындаған кезде салық органы осы тарауда көзделген тәртіппен жүзеге асыратын салыстырып тексеру жүргізгеннен кейін жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша соманың осындай асып кетуін осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқылы.

      2. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда мәлімделген жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару туралы талап жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

      110-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру

      1. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру – салық органы кірістер мен мүлік туралы декларацияда мәлімделген жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы растау мақсатында жүргізілетін рәсім.

      2. Салыстырып тексеру барысында:

      1) кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтерді салық агенттері мен уәкілетті адамдардың деректерімен салыстыру;

      2) салық шегерімдерін және осы Кодекстің 342-бабына сәйкес салық шегерімдері болып танылатын шығыстар сомасын қолданудың негізділігін растау;

      3) есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға ұсынылған жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы растау;

      4) осы Кодекстің 111 және 112-баптарында көзделген құжаттарды ресімдеу жүргізіледі.

      3. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтердің алшақтығы анықталған кезде жеке тұлғаға осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.

      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес жіберілген хабарламаны орындау осы Кодекстің 96-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      111-бап. Салық агенттерінің мәліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру жүргізу тәртібі

      Салық органы кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мынадай мәліметтерді:

      1) төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерді;

      2) осы Кодекстің 341-бабында көзделген салық салудан босатылатын кірістерді түзету;

      3) осы Кодекстің 342-бабында белгіленген, төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерге қатысты қолданылған салық шегерімдерін;

      4) төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасын салық агенттерінің тиісті мәліметтерімен салыстырады.

      112-бап. Білім беруге, медицинаға арналған шығыстар бойынша салық шегерімдерінің сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру жүргізу тәртібі, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу

      1. Салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген жылдың 15 қазанынан кешіктірмей:

      1) тиісті уәкілетті адамдарға – жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жұмсаған, білім беруге, медицинаға арналған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы талапты;

      2) жеке тұлғаға - Қазақстан Республикасынан тыс медициналық көрсетілетін қызметтерді алғанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды;

      3) банктерге немесе құзыретіне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау кіретін уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларациясында көрсетілген жеке тұлғаның (шот иесінің) келісімі негізінде жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстарды растау туралы талапты жібереді.

      2. Талаптар осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдарға:

      1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандарға - веб-қосымша арқылы электрондық тәсілмен немесе хабарламалардың кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша беру арқылы;

      2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандарға – хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жібереді.

      3. Салық органдарының талабында көрсетілген, жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жұмсаған, білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстар туралы мәліметтерді растауды уәкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:

      1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар - веб-қосымша арқылы электрондық тәсілмен немесе хабарламалардың кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша беру арқылы;

      2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар – хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы осы Кодекстің 24 және 26-баптарында белгіленген мерзімдерде ұсынады.

      4. Осы бапта көзделген салық органдары талаптарының нысандарын және оны жасау қағидаларын уәкілетті орган тиісінше Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.

      5. Уәкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық органдарының талабында көрсетілген мәліметтерді осы Кодекстің 24 және 26-баптарында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей жеке тұлғаға медициналық көрсетілетін қызметтерге және білім беру қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды, сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстарды растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.

      6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда, жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей өзі келу тәртібімен тұрғылықты жері бойынша салық органына мынадай құжаттардың:

      1) медициналық көрсетілетін қызметтерді, білім беру қызметтерін, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын ұсынуға арналған шарттардың;

      2) медициналық көрсетілетін қызметтерге, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттардың;

      3) медициналық көрсетілетін қызметтерді, білім беру қызметтерін алуды, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуді растайтын өзге де құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Егер осы тармақшада көрсетілген құжаттар шет тілде жасалған жағдайда, осындай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасының болуы міндетті.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері жүргізілген кезде мынадай құжаттарда:

      банк шотын пайдалана отырып не банк шотын пайдаланбай төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде жасалатын төлем құжатында;

      төлем карточкасын пайдалана отырып не электрондық терминалдар арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде жасалатын чекте (бұдан әрі – чек);

      банк шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмеде (бұдан әрі - үзінді көшірме) пайдасына осындай шығыстарға төлем жүргізілген тұлғаның атауы және сәйкестендіру нөмірі болған кезде осы құжаттардың бірі осындай көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжат болып табылады.

      Көрсетілген қызметтер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған және оған ақы төленген жағдайда, чектерде және үзінді көшірмелерде пайдасына осындай шығыстарға төлем жүргізілген адамның сәйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін белгіленген мерзімде ұсынбау жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы растамау және осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген қорытындыны жіберу үшін негіз болып табылады.

      7. Уәкілетті адамдардан, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған мәліметтер, осы бапқа сәйкес ұсынылған жеке тұлға құжаттарының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері негізінде салық органы жеке тұлғаның салық шегерімдерін қолдану негізділігін тексереді, есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға ұсынылған жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы растайды және мыналар:

      1) жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы толығымен растау;

      2) жеке табыс салығы бойынша асып кеткен сомаларды толық растамау себептері көрсетілген бөлігінде растау;

      3) жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы себептерін көрсете отырып, растамау туралы қорытындылар жасайды.

      8. Осы баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қорытындылар:

      1) электрондық салық төлеушіге – веб-қосымша арқылы электрондық тәсілмен;

      2) қалған салық төлеушілерге – хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі.

      113-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі

      1. Осы Кодекстің 640-бабына сәйкес есептелген жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы толығымен растау туралы қорытындының негізінде немесе осы Кодекстің 112-бабының 7-тармағында көзделген бөлікте жеке тұлға мәлімдеген жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманың шегінде жүргізіледі.

      2. Жеке тұлғада салық берешегі болған кезде салық органы салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды жүргізу үшін осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен салықтар, алымдар, төлемақылар бойынша орын алған салық берешегін өтеу есебіне жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызуды жүргізеді.

      3. Орын алған салық берешегі өтелгеннен кейін кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген талапқа байланысты алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу және (немесе) банк шотына қайтару жүргізіледі.

      4. Жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу туралы талапта көрсеткен салықтар бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.

      5. Жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы қайтару туралы талапта көрсетілген банк шотына жүргізіледі.

      6. Жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талапты бір мезгілде көрсеткен жағдайда, салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызуды, ал жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызудан кейін қалған сома бөлігінде банк шотына қайтаруды рет-ретімен жүргізеді.

      7. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызуы және (немесе) қайтаруы кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару жөніндегі талап көрсетілген, бірақ банк шотының деректемелері көрсетілмеген кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі.

      Кірістер мен мүлік туралы декларация осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін табыс етілген, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызу және (немесе) қайтару жөніндегі талапты көрсету және банк шотының деректемелерін көрсету бөлігінде кірістер мен мүлік туралы қосымша декларация табыс етілген жағдайда, жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызуы және (немесе) қайтаруы кірістер мен мүлік туралы осындай декларация табыс етілген күннен бастап он екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.

      8. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күніне келмесе, онда есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

      9. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кеткен соманы есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

12-ТАРАУ. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН, ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ЕСЕПТЕУ, ҰСТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ АУДАРУ, ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАБАРЛАМА

      114-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық органының салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ бақылануы салық органдарына жүктелген бюджетке төленетін төлемдерді толық есептеу және уақтылы төлеу қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгіште немесе электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді. 

      2. Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге (салық агентіне) мынадай мерзiмдерде:

      1) осы Кодекстің 37-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салықтар сомасы туралы – есептеу күнінен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

      2) тексеру нәтижелері туралы – осы Кодекстің 159-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге салықтық тексеру актісі табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

      3) таратудың салық есептілігі ұсынылған күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы – тарату тексеру актісі салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей;

      4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының есепке жазылған сомасы туралы – осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

      5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы – хабарламасын жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны табыс ету мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетін корпоративтiк табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.

      Уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктер туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілген деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салық міндеттемесі және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер салық төлеушінің осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде орындауына жатады.

      6) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде декларацияларды ұсынбауы туралы – декларация табыс етілетін жылдың 15 қазанынан кешіктірілмей;

      7) салық берешегін өтеу туралы хабарлама – салық берешегі түзілген немесе салық төлеуші тәуекел дәрежесі төмен санаттан тәуекел дәрежесі орташа немесе жоғары санатқа өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей;

      8) жеке тұлғалардың салық берешегі туралы – салық берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;

      9) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы - өндiрiп алуға дейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

      10) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - осы Кодекстің 59-бабының 7-тармағында және 66-бабының 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігінде бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей;

      11) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы – шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;

      12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешіктірілмей;

      13) салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы – салық органдарының лауазымды адамдары салықтық зерттеп тексеру актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;

      14) деңгейлес мониторинг шеңберіндегі шешімнің нәтижелері бойынша шығарылған мониторинг нәтижелері (бұдан әрі осы Кодекстің мақсаты үшін - деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарлама) - салық органдарының лауазымды адамдары салықтық зерттеп тексеру актісін жасаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жіберіледі.

      3. Хабарламада:

      1) сәйкестендіру нөмірі;

      2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы;

      3) салық органының атауы;

      4) хабарлама күні;

      5) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда - салық міндеттемесінің және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы;

      6) жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша салық берешегін өтеу үшін қажетті банктік деректемелер;

      7) салық міндеттемесін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;

      8) хабарлама жіберу үшін негіз;

      9) шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.

      4. Осы Кодекстің 115-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық органдары осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелерін салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.

      Осы баптың 2-тармағының 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын алу үшін салық төлеуші (салық агенті) салық органдарына жүгінуге құқылы.

      115-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, хабарлама салық төлеушiге (салық агентіне) өзiнің қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.

      Бұл ретте, төменде тізбеленген тәсілдердің біреуімен жіберілген хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:

      1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілгенде – салық төлеуші (салық агенті) поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап;

      Бұл ретте пошталық немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;

      2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

      салық органы веб-қосымшаға хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;

      "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.

      Бұл тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы – келу тәртібімен оны алған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл ретте осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, есепті салық кезеңінде есептелген салықтардың сомасы туралы хабарламаны жеке тұлға есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 шілдесінен басталатын кезеңде алуға тиіс.

      2. Егер осы баптың 3, 4-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық органдары хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп тексеру жүргізу күні мұндай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.

      3. Осы Кодекстің 158-бабының 3-тармағына сәйкес салықтық зерттеп тексеру актісінің негізінде салықтық тексеру аяқталған және салық органдары хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, мұндай хатты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған күні мұндай хабарламаларды табыс ету күні болып табылады.

      4. Салық органдары хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5) – 12) тармақшаларында көзделген хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), хабарламаның қайтарылу күнін көрсете отырып, ол туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.

      5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) - 5), 10), 12), 14) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салық міндеттемесі және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.

      6. Салық төлеуші осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші хабарламаларда көрсетілген, салықтарды және бюджетке төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерінің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы растайтын құжаттармен қоса осындай келісу туралы өтінішті табыс етеді.

      Бұл ретте, салық төлеуші таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен келіскені туралы өтінішті салық органына хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап жиырма бес жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.

      7. Осы баптың 1, 2-тармақтарында белгіленген хабарламаларды тапсыру және орындау тәртібі осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың көшірмелеріне де қолданылады.

      8. Салық органдары осы Кодекстің 114-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеуші өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мұндай салық төлеушіге осы Кодекстің 114-бабының 2-тармағы 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген хабарламалардың түпнұсқасын береді.

      9. Осы Кодекстiң 114-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы электрондық тәсілмен не хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберуге және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.

13-ТАРАУ. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

      116-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:

      1) төленбеген салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;

      2) салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банк шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      3) салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      4) салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

      Егер салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 722-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;

      осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 118 – 120-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады.

      Осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану басталғанға дейін тәуекел дәрежесі орташа және жоғары салық төлеушіге (салық агентіне) осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 114-бабында көзделген салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі.

      Өсімпұлды есепке жазуды қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері салық төлеушіде салық берешегі түзілген күнге немесе салық төлеушінің тәуекел дәрежесі төмен санаттан тәуекел дәрежесі орташа немесе жоғары санатқа өту күніне салық төлеуші (салық агенті) жатқызылған тәуекел дәрежесіне байланысты осы тарауда көзделген мерзімдерде тәуекел дәрежесі орташа және жоғары салық төлеушіге қатысты қолданылады.

      3. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.

      Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қолданылғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін бір мезгілде қолданады.

      Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.

      4. Осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетiлген мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi мынадай:

      1) банкрот деп танылған жағдайда – салық төлеушіні банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;

      2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – оңалту жоспарын бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

      3) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді сот бекіткен жағдайда – осындай келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

      4) банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда – мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күші жойылуға тиіс.

      Бұл ретте осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесінің сомасы бойынша және (немесе) сот бекіткен, төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімге енгізілмеген салық төлеушінің салық міндеттемесінің сомасы бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы тараудың ережелеріне сәйкес қолданылады.

      5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, хабарламаға берілген шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық органының шешіміне немесе деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.

      6. Салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтеу туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрмайды.

      7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

      8. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасындакөрсетілген тәсілдерді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілі республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын кемінде 6 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салықтық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агентіне) қатысты қолданылмайды.

      117-бап. Салық және бюджетке төленетiн төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл

      1. Осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмiнде төленбеген салық және бюджетке төленетін төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасының есебіне жазылатын мөлшер өсiмпұл болып танылады.

      2. Өсімпұл:

      1) салықтарды, бюджетке төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан;

      2) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап салықтарды және бюджетке төлемдер төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаудың мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін;

      3) салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде;

      4) мыналарды:

      банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару күнін;

      салық төлеушінің банкоматтар немесе электрондық терминалдар арқылы төлемді жүзеге асыру күнін;

      салық төлеушінің, уәкілетті мемлекеттік органның көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға енгізу күнін;

      артық төленген салық, бюджетке төленетін төлем сомаларын есепке жатқызуды жүргізу күнін;

      инкассалық өкімді орындау күнін қоса алғанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің сомаларын төлеу кезінде;

      5) салықтық және (немесе) кедендік тексеру жүргізу кезінде – мұндай тексеру аяқталған күнге дейін өсімпұл есепке жазылады.

      Салық төлеушінің жеке шотында тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған (есептелген) сомалар көрсетілгеннен кейін – төлем күнін қоса алғанда, салықтық және (немесе) кедендік тексеру аяқталған күннен бастап;

      6) банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға:

      банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін;

      бюджетке уақтылы аудармағаны үшін;

      оларды бюджетке аудармағаны (есепке жатқызбағаны) үшін;

      салық төлеушілердің банк шоттарынан есептен шығарылған сомалар үшін;

      банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне енгізілген қолма-қол ақша үшін;

      есепке жазылған банктік сыйақылар үшін өсімпұл есепке жазылады.

      3. Өсімпұл:

      егер мерзімінде төленбеген салықтар және бюджетке төленетін төлемдер сомасының қалыптасуының бiрден-бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылатын банктердiң кредиторларына - банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмінің заңды күшiне енген күнінен бастап;

      жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде - жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сотқа талап-арыз берілген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн;

      жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезде – сот шешімі күшіне енген күннен бастап оның күшi жойылғанға дейiн;

      салық органдары тиісті салық кезеңі үшін жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы мен көлік құралдары салығын төлеу мерзімі басталғаннан кейін есептеген салық сомаларын қайта қараған кезде;

      салық төлеушіге қатысты "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда, салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген кезде;

      сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде – мұндай ұйғарым шығарылған күннен бастап;

      оңалту рәсімі қолданылған кезде – мұндай рәсімді қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;

      төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған кезде - сот мұндай рәсімді қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;

      бұрын белгісіз болған мән-жайларды анықтауды қоспағанда, салық төлеуші алынған алдын ала түсіндірулерге сәйкес салық міндеттемелерін орындау нәтижесінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған кезде туындаған салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген (есепке жазылған) сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

      Осы баптың мақсаты үшін бұрын берілген алдын ала түсіндірмеде көрсетілген салық органының ұстанымына әсер ететін және бұрын:

      салық төлеушінің алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуында салық органдарының назарына жеткізілмеген;

      салық төлеушінің алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуын қарау шеңберінде салық органы немесе оның лауазымды адамдарының сұрау салуына берілген жазбаша түсіндірулерде жеткізілмеген мән-жайлар бұрын белгісіз болған мән-жайлар болып танылады.

      4. Үстеме пайда салығы бойынша өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген үстеме пайда салығын төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады. Бұл ретте салық заңнамасын бұзушылық анықталған күнтізбелік жылға дейін бес салықтық кезең алдындағы кезең үшін өсімпұл есепке жазылмайды.

      5. Мынадай:

      1) салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;

      2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда – оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;

      3) салық төлеуші "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда – сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.

      118-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

      1. Осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен мынадай жағдайларда:

      1) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзiмде салық есептiлiгiн табыс етпегенде - осы Кодекстің 114-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;

      2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтінішті табыс етпегенде - осы Кодекстің 114-бабының 2-тармағының 12) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мына санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті):

      тәуекел дәрежесі жоғары санатқа жататын салық төлеуші – салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейiн;

      тәуекел дәрежесі орташа санатқа жататын салық төлеуші – салық берешегін өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейiн бюджетке салық берешегiн өтемегенде;

      4) осы Кодексте белгiленген салықтық тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайлардан басқа, салық органының лауазымды адамдарын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салықтық тексеруге және зерттеп тексеруге жібермегенде - жіберілмеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      5) осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) және 13) тармақшаларында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарғанда – қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      6) салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамағанда – осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмағанда - осы Кодекстің 96-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.

      2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:

      1) осы Кодекстің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлдарды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге тиіс айыппұлдарды төлеу бойынша операциялардан;

      2) ақшаны:

      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

      еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару бойынша клиенттің міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша;

      салық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.

      Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде жүргізіледі.

      3. Салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша белгiлеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.

      Салық органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.

      4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың сөзсіз орындауына жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.

      5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.

      Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм де осы Кодекстің 115-бабында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген мәселелер мен салық кезеңдерін қамтитын салықтық тексерудің нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда жүзеге асырылатын жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы ұйғарым табыс етілген күннен кейінгі бiр жұмыс күнiнен кешiктiрілмей күшi жойылады.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді тиісті салық органына қайтарады.

      Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден көп банк шоты көрсетілген кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банк шоттарының соңғысын жапқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай өкімді тиісті салық органына қайтарады.

      119-бап. Салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

      1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мына санатқа жатқызылған салық төлеуші салық берешегiн өтемеген жағдайда:

      тәуекел дәрежесі жоғары – салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейiн;

      тәуекел дәрежесі орташа – салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейiн жүргізіледі.

      Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мына:

      банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақшаны кейiннен осы Кодекстің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлдарды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге тиіс айыппұлдарды төлеу есебiне аудару үшiн тапсыру;

      егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылған жағдайда, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.

      Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.

      2. Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей түскен қолма-қол ақшаны бюджетке аудару арқылы бұлжытпай орындауға тиiс.

      3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      4. Салық органы салық төлеуші бюджетке берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

      120-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлікке билiк етуiн шектеу

      1. Салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мына санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агентi):

      тәуекел дәрежесі жоғары – салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейiн;

      тәуекел дәрежесі орташа – салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен салық берешегiн өтемеген жағдайда;

      2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдар сомасы туралы мәліметтер қамтылған тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасағанда жүргiзедi.

      Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда салық органы шектеуді салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей:

      осы Кодекстің 21-тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап;

      салық төлеушіні (салық агентін) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен алып тастаған немесе деңгейлес мониторинг туралы келісімнің қолданылуы аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүргізеді.

      2. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеуді салық органы:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда – осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы және (немесе) балансында тұрған;

      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестиция және (немесе) биологиялық актив болып табылатын мүлікке қатысты жүргізеді.

      3. Билік етуді шектеуге:

      тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

      электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

      сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат жатпайды.

      Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген, қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге қойылған мүлкін салық органының лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтағанға дейін алып қоюына тыйым салынады.

      Салық органы мүлікке билік етуіне шектеу қойған күннен бастап және оны алып тастағанға дейін салық төлеушінің (салық агентінің) шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілдендіру) өзгертуіне тыйым салынады.

      4. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билiк етуін шектеу туралы шешiм уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасалады және оны салық органы:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – мұндай шешiм шығарылған күнi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотында бар деректер бойынша салық берешегi сомасына;

      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – осы Кодекстiң 21-тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағымданатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұлдардың сомасына қабылдайды.

      5. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм салық төлеушiге (салық агентiне) жеке қол қойғызып немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:

      1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеуші (салық агенті) белгі қойған күннен бастап;

      2) электрондық тәсілмен – салық органы шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;

      3) осындай шешімді алғанын растайтын қол қоюдан бас тарту немесе орналасқан жері бойынша болмау себебімен тапсыру мүмкін болмаған жағдайларда – осы Кодекстің 70-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген салықтық зерттеп тексеру күні тапсырылды деп есептеледі.

      6. Салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеушіге (салық агентіне) табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін оған құқық немесе ол бойынша мәміле мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.

      7. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.

      Салық төлеушінің (салық агентінің) меншік құқығында ол бойынша құқығы немесе мәміле мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікі не мемлекеттік тіркеуге жатқан мүлікі болған кезде бірінші кезекте осындай мүлік тізімдемеге кіреді.

      Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны мүлік тізімдемесінің актісінде көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

      8. Салық төлеуші (салық агенті) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық органының лауазымды адамдарына танысу үшін осындай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын, балансын растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін беруге міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік етуі шектелген мүлік тізімдеменің актісіне қоса беріледі.

      Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісі екі данада жасалады және оған оны жасаған адам, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның лауазымды адамы қол қояды.

      Төлеуші табиғы кему салдарынан болған өзгерістерді және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи залал салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес билік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін өзгермеген қалпында сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте төлеуші аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік өткізілмеген жағдайда, сондай-ақ осы баптың 10-тармағының 4) тармақшасында белгіленген жағдайларда, салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, бастапқы тізімдеме актісінің күшін жою және жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.

      9. Салық органы мынадай:

      1) салық төлеуші (салық агенті) салық берешегі сомаларын өтеген жағдайда – осындай берешекті өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) уәкілетті орган шешім шығарған немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалатын бөлігінің күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда – осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3) салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға өз шағымын қайтарып алған жағдайда – осындай шағым қайтарып алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етуді шектеу туралы шешiм мен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.

      10. Салық органы:

      1) тізімдеме актісінде көрсетілмеген мүлікке - мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күннен бастап осындай актінің көшірмесін қоса бере отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) билік етуді шектеу туралы шешім осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайларда күші жойылған мүлікке - мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап осындай шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3) уәкілетті заңды тұлға өткізген, оның ішінде кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешек есебіне өткізілген мүлікке – мүлікті сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап осындай шарттың көшірмесін қоса бере отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

      4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген борышкер мүлкінің есебінен талаптарды қанағаттандыру кезектілігі және Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген мүлікті өткізуден түскен ақшаны бөлу тәртібі сақталған жағдайда сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіппен атқарушылық іс жүргізу органдары өткізген мүлікке – сот орындаушысы салық органына жүгінген күннен бастап мүлікті өткізуді және оны өткізгеннен түскен ақшаны бөлу тәртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тоқтату үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлама жібереді.

      11. Осы баптың 6 және 10-тармақтарында белгіленген жағдайда, салық органы тиісті хабарламаларды қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.

14-ТАРАУ. САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ

      121-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

      1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, жоғары тұрған салық органының хабарламаға берілген шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне немесе деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

      Салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 722-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелген жағдайларда, жай серіктестік (консорциум) құрамындағы өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салық берешегін өндіріп алған кезде осы тарауда көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіге және (немесе) операторға қатысты қолданылады.

      2. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

      Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдану басталғанға дейiн тәуекел дәрежесі орташа және жоғары салық төлеушiге осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.

      Салық төлеушіге қатысты салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану салық төлеушіде салық берешегі түзілген күні немесе салық төлеушінің тәуекел дәрежесі төмен санаттан тәуекел дәрежесі орташа немесе жоғары санатқа өту күні салық төлеуші жатқызылған тәуекел дәрежесіне байланысты осы тарауда көзделген мерзімде жүзеге асырылады.

      3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:

      1) банк шоттарындағы ақша есебінен;

      2) дебиторлар шоттарынан;

      3) билік етуі шектелген мүлікті өткізу есебінен;

      4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.

      4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.

      Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданады.

      Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы салық төлеуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.

      5. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары:

      1) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;

      2) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;

      3) сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіткен жағдайда – осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

      4) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда – соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күші жойылуға жатады.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредит берушілер талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесінің сомасы бойынша және (немесе) сот бекіткен, төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімге енгізілмеген салық төлеушінің салық міндеттемесінің сомасы бойынша салық органы осы тараудың ережелеріне сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

      6. Салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтеу туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрмайды.

      7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

      8. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіде (салық агентінде) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын кемінде 6 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық берешегі бар болған кезде қолданылмайды.

      122-бап. Бюджетке берешекті банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

      1. Салық органы:

      тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел дәрежесі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші – бюджетке берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейiн;

      тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел дәрежесі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші – бюджетке берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткеннен кейiн салық берешегiнің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, салық берешегiнiң сомасын салық төлеушiнің банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.

      Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өндiрiп алу жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.

      2. Банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашылған салық төлеушінің банк шоттарынан салық берешегінің сомасын өндіріп алу осындай банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.

      3. Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық берешегінің сомасы туралы деректер негізінде жасайды.

      4. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің бір банк шотынан инкассалық өкімді орындаған кезде салық төлеушінің аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына шығарылған инкассалық өкімдер, егер мұндай инкассалық өкімдер сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған болса, салық органына орындаусыз қайтарылады.

      5. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің бірнеше банк шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен инкассалық өкімді толық орындаған кезде салық төлеушінің сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша шығарылған, аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына инкассалық өкімдер орындаусыз қайтарылады.

      6. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша шығарылады және салық төлеушінің салық берешегi сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн сол банк шотын көрсетуді қамтиды.

      Салық органы инкассалық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Электрондық нысандағы инкассалық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.

      7. Салық төлеушiнiң ұлттық валютамен жүргiзiлетiн банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегiн өндіріп алу шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары ұлттық валютада шығарған инкассалық өкiмдер негiзiнде жүргізіледі.

      8. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасы жеткілікті болған кезде салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және көрсетілген өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотындағы бар сомалар шегінде орындайды.

      9. Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен салық берешегiн өтеу есебіне клиенттiң ақшасын алып қоюды жүргiзедi.

      10. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.

      11. Салық органы салық берешегі өтелгеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей инкассалық өкімді кері қайтарып алады.

      Салық органы инкассалық өкімді кері қайтарып алуды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Электрондық нысандағы инкассалық өкімді кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.

      123-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу

      1. Тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеушiде банк шоттары болмаған жағдайда, сондай-ақ осы Кодекстің 122-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алынғаннан кейін салық берешегін өтемеген кезде салық органы жиналып қалған бюджетке берешек шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.

       2. Салық төлеушi салық берешегiн өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей осындай хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн табыс етуге мiндеттi.

      Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етілмеген жағдайда, салық органы салық төлеушінің дебиторларын анықтау мақсатында салық органдарының ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалануға, сондай-ақ салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушiге тексеру жүргiзуге құқылы. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.

      Салық төлеушi салық берешегiн өтеген жағдайда, дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актiсi ұсынылмайды.

      3. Салық төлеушi ұсынған дебиторлар тiзiмiнiң және (немесе) салық органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған дебиторлар туралы мәліметтердің және (немесе) дебиторлық берешек сомасын растайтын салық төлеушіні тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу есебіне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама жiбередi.

      Дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберген салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен (салық агентімен) бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн қағаз немесе электрондық жеткізгіште табыс етуге мiндеттi.

      Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнде мынадай мәлiметтер:

      1) салық төлеушi мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмiрлерi;

      2) дебитордың салық төлеушi (салық агенті) алдындағы берешек сомасы;

      3) салық төлеушi мен оның дебиторының заңдық деректемелерi, мөрi (ол болған кезде) және қолтаңбалары не салық төлеушi мен оның дебиторының электрондық цифрлық қолтаңбалары;

      4) бюджетке берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бұрын болмауға тиіс салыстырып тексеру актiсiнiң жасалған күнi қамтылуға тиiс.

      4. Дебиторлар өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiн осы баптың 3-тармағында көзделген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, салық органы көрсетілген дебиторларға салықтық тексеру жүргiзеді. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.

      5. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды тексеру актісінің негізінде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушінің салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.

      Дебитор мен салық төлеушi арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiн тапсырған күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алуға жатады.

      6. Салық төлеушi дебитордың банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 122-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.

      Бұл ретте дебитордың бірнеше банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан банк шоттарынан ақшаны инкассалық өкiмде көрсетілген сомадан артық мөлшерде есептен шығарған жағдайда, есептен шығарылған артық соманы салық органы дебиторға оның өтініші негізінде қайтарады.

      7. Салық төлеушінің салық берешегін осы бапта белгіленген тәртіппен оның дебиторларының шотынан өндіріп алу тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес дебитор жатқызылған тәуекел дәрежесіне қарамастан жүзеге асырылады.

      124-бап. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен бюджетке берешек есебіне өндіріп алу

      1. Осы Кодекстің 121-бабының 1-тармағында көрсетілген, тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа санатқа жатқызылған салық төлеушінің банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банк шоттары болмаған жағдайларда, салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады. (редакция 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі).

      Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса бере отырып, уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.

      2. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырады.

      Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      3. Уәкілетті заңды тұлға сот орындаушысы тыйым салған, билік етуі шектелген мүлікті өткізген жағдайда, осындай мүлікті сатудан түскен ақша сомасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген борышкер мүлкінің есебінен талаптарды қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес бөлінеді.

      125-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару

      Осы Кодекстiң 121-бабының 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қабылданғаннан кейін жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

      Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      126-бап. Салық төлеушіні банкрот деп тану

      1. Осы Кодекстің 121-бабында көзделген барлық шаралар қабылданғаннан кейін салық төлеуші бюджетке берешек сомасын өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.

      2. Банкрот деп танылған салық төлеушiнi тарату тәртібі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      127-бап. Бюджетке берешегі бар салық төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

      1. Салық органдары салық берешегі туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген:

      дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі;

      заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі салық берешегі бар салық төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      Бұл ретте тізімдерде салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.

      2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілердің тізімі осы бапта көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін салық төлеушілерді тізімге енгізу, сондай-ақ салық берешегін өтеген немесе салық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді тізімнен шығарып тастау арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірілмей тоқсан сайын жаңартылады.

      128-бап. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу

      1. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілгеннен кейін отыз жұмыс күні өткен соң республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады (бұдан әрі – салық бұйрығы) және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.

      2. Жеке тұлға салық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.

      3. Салық бұйрығын шығарған салық органы жеке тұлға салық берешегін өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық бұйрығының күшін жояды.

15-ТАРАУ. САЛЫҚ МОНИТОРИНГІ

      129-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық мониторингі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.

      2. Салық мониторингі:

      1) ірі салық төлеушілер мониторингінен;

      2) деңгейлес мониторингтен тұрады.

      130-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингі

      1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық кірісі неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін коммерциялық ұйымдар болып табылатын:

      1) тіркелген активтерінің құндық теңгерімінің сомасы салық кезеңінің соңына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 325 000 еселенген мөлшерін құрайтын;

      2) жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын салық төлеушілер ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.

      Осы баптың мақсаттары үшін:

      1) осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық кіріс ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректерінің негізінде айқындалады;

      2) тіркелген активтердің құндық теңгерімінің сомасы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жыл үшін салық есептілігі негізінде айқындалады;

      3) жұмыскерлердің саны ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның деректері негізінде айқындалады.

      Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық кіріске ие және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);

      2) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанында жер қойнауын пайдаланушы мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда:

      базалық құрылыс материалдарын және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалған;

      жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.

      2. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесіне:

      1) осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық кіріске ие алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші;

      2) осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер кіреді.

      3. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салық есептілігі деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны уәкілетті орган көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

      Егер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрған жағдайда, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.

      Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатпайды.

      4. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда, оның құқықтық мирасқоры (құқықтық мирасқорлары) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.

      5. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап аталған салық төлеуші ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.

      131-бап. Деңгейлес мониторинг

      1. Деңгейлес мониторинг уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында ақпарат және құжаттар алмасуды көздейді, мынадай:

      ынтымақтастық;

      негізделген сенім;

      заңдылық;

      айқындық;

      кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделеді.

      Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      2. Деңгейлес мониторинг туралы келісімге қол қойылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап деңгейлес мониторинг жүргізіледі және ұзарту мүмкіндігімен үш жылдың ішінде қолданыста болады.

      Бұл ретте деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу тәртібін, сондай-ақ деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің санатын уәкілетті орган белгілейді.

      Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап деңгейлес мониторингке жататын салық төлеушілер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер болып табылмайды.

      3. Қазақстан Республикасының салық заңнамаларын бұзғаны үшін:

      1) бір мезгілде мынадай:

      деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушінің деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламамен келісу;

      деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаны сот тәртібінде шағымдау фактісінің болмауы шарттары сақталған кезде деңгейлес мониторинг;

      2) деңгейлес мониторингте салық төлеушінің болу кезеңінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша осындай бұзушылық фактілері анықталған кезде салық төлеушіге әкімшілік өндіріп алу қолданылмайды.

      132-бап. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу тәртібі

      1. Ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу барысында уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілерден салықтардың дұрыс есептелуiн және салықартар мен бюджетке төлемдерді төлеудiң (ұстап қалудың және аударудың) уақтылығын растайтын құжаттарды және жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің), оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептiлiгiн қоса алғанда, қаржылық есептiлiгін табыс етуін талап етуге құқылы.

      Бұл ретте, талап тапсырылған күннен кейінгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiлер оны орындауға тиіс.

      2. Міндетті мониторинг нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган ол туралы ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге хабарлайды.

      Бұл ретте ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi осындай хабарлама тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн ішінде жазбаша түсiндiрмені ұсынуға мiндеттi.

      Ұсынылған түсiндiрумен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган қосымша құжаттар мен түсiндiрулерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын осындай салық төлеушiні шақыруға құқылы.

      Мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган жазбаша түрде уәжделген шешім шығарады, ол шығарылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушiге жіберіледі.

      Уәжделген шешіммен келiсу туралы хабарламаны ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушi оны алған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн ішінде ұсынады.

      133-бап. Деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібі

      1. Деңгейлес мониторинг салық органы мен салық төлеуші арасындағы кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл, оның ішінде салық органының лауазымды адамдарына салық төлеушінің орналасқан жері бойынша оның бухгалтерлік және салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамаларының ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік ұсынуды көздейтін өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

16-ТАРАУ. АЛДЫН АЛА ТҮСІНДІРУ

      134-бап. Жалпы ережелер

      1. Алдын ала түсіндіру – уәкілетті органның жоспарланып отырған мәмілелерге (операцияларға) қатысты салық міндеттемесінің туындауы жөніндегі түсіндірмесі.

      Уәкілетті орган:

      деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушінің;

      инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша алдын ала түсіндірме береді.

      2. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды салық төлеуші уәкілетті органға жазбаша нысанда береді және онда мынадай мәліметтер:

      1) салық төлеушiнің (салық агентінің) сұрау салуға қол қойған күнi;

      2) салық төлеушiнің деректемелері;

      3) бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);

      4) мәміленің (операцияның) мақсаты мен шарттарының, оның ішінде жоспарланып отырған мәміле (операция) бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сипаттамасы;

      5) салық төлеушінің жоспарланып отырған мәмілеге (операцияға) қатысты салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу мәселесі бойынша ұстанымы;

      6) қоса берілетін құжаттардың тiзбесi қамтылуға тиіс.

      3. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуда осындай түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар өзге мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.

      4. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуға заңды тұлғаның басшысы немесе осындай заңды тұлға басшысының міндеттері жүктелген адам (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) қол қояды.

      5. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуға алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.

      6. Салық төлеуші (салық агенті) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды уәкілетті органға жіберген күннен бастап уәкілетті орган алдын ала түсіндірмені берген күнге дейінгі кезеңде осындай сұрау салуды кері қайтарып алуға құқылы.

      7. Салық төлеушінің (салық агентінің) алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуы осы баптың 2, 4, 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган осындай сұрау салуды қараудан бас тартуға құқылы.

      135-бап. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды қарау тәртібі

      1. Алдын ала түсіндірме беру туралы сұрау салуды қарау "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Алдын ала түсіндірмені дайындау барысында уәкілетті орган салық төлеушіні алдын ала түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар қосымша мәліметтер алу үшін шақыруға құқылы.

      3. Алдын ала түсіндірме салық төлеуші ұсынған мәліметтер мен құжаттардың шегінде жүзеге асырылады.

17-ТАРАУ. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

      136-бап. Жалпы ережелер

      1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.

      2. Тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.

      3. Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:

      1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту;

      3) тәуекел дәрежесі төмен деп белгіленген салық төлеушілерге қатысты салықтық бақылауды азайту.

      4. Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті адамдардан алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.

      Салық органдары осындай талдау нәтижелерінің негізінде:

      салық төлеушілерді тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санатқа жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлуді;

      осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық әкімшілендіру шараларын саралап қолдануды жүзеге асырады.

      5. Тәуекелдерді басқару жүйесі осы Кодексте көзделген жағдайларда салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.

      6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

      137-бап. Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі

      1. Мынадай өлшемшарттарды:

      салық жүктемесін;

      бір жұмыскердің орташа айлық жалақысын;

      салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар мен кірістер сомасын;

      қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған адамдармен, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкрот болған тұлғалармен өзара есеп айырысулары бар салық төлеушілермен жасалған мәмілелерді;

      салық есептілігінде бірнеше салықтық кезең бойындағы залалдарды көрсетуді;

      бұрын табыс етілген салық есептілігіне бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды;

      осы Кодексте белгіленген, арнаулы салық режимдерін қолдану құқығын беретін көрсеткіштердің бірнеше рет шекті мәнге жақындауын;

      тәуекел дәрежесін төмендетуі мүмкін өлшемшартты;

      уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін өлшемшарттарды;

      қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатындағы өлшемшартты қоспағанда, тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары құпия ақпарат болып табылады.

      2. Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті органмен айқындайды.

      3. Осы баптың 2-тармағын қоспағанда, құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді және оның ішінде мынадай ақпаратты:

      1) тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді;

      2) санаттарға бөлу нәтижелері туралы салық төлеушілерге ақпарат беру тәртібін және мерзімдерін;

      3) ол бойынша салық төлеуші тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызылған өлшемшарттар туралы салық төлеушіге ақпарат беру тәртібін және мерзімдерін;

      4) салық төлеушілердің тәуекел дәрежесі туралы ақпартты өзекті етудің кезеңділігін қамтиды.

18-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР § 1. Салықтық тексерулер жүргізу бойынша жалпы ережелер

      138-бап. Салықтық тексеру ұғымы

      1. Салықтық тексеру – қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық міндеттемесінің орындалуын қоспағанда (қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындылары үшін төлемақы бойынша салық міндеттемесінен басқа), салық органы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру.

      2. Салықтық тексерулерді салық органдары ғана жүзеге асырады.

      139-бап. Салықтық тексерулерге қатысушылар

      1. Мыналар:

      1) нұсқамада көрсетiлген салық органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық органдары салықтық тексеру жүргiзуге тартатын өзге де адамдар;

      2) салықтық тексерулер бойынша мынадай тексерілетін адамдар:

      осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 2) – 18) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетiлген аумақ учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;

      салықтық тексерулердің басқа нысандары кезiнде – нұсқамада көрсетiлген салық төлеушi (салық агенті) салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.

      2. Арнайы білімді және дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін салық органы осындай арнайы білімі және дағдылары бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге тартуға құқылы.

      Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық органының лауазымды адамының жазбаша түрде қойған сұрақтары бойынша тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмесі салықтық тексеру актісіне, оның ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.

      3. Салықтық тексеру тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттарға, ақпаратқа ие адамдарға, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкіліне де қатысты жүзеге асырылады.

      4. Салықтық тексерулер жүргізу үшін салық төлеушіні (салық агентін) іріктеу мақсатында салық органдары тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануға құқылы.

      140-бап. Салықтық тексерулер нысандары

      1. Салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп тексеру нысанында жүзеге асырылады.

      2. Салықтық тексеру жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.

      3. Салық органдары заңды тұлғаның өзiне салықтық тексерудің жүргiзiлуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiне салықтық тексерулерді жүзеге асыруға құқылы.

      4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура бойынша жазу әрекет (әрекеттер) бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық органдары осы мәселелер бойынша тақырыптық салықтық тексерулерді:

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық төлеушіге жіберілгенге дейін;

      осы Кодекстің 115-бабының 5-тармағында белгіленген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау бойынша мерзім өткенге дейін жүзеге асыруға құқылы емес.

      5. Салықтық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 48-бабында айқындалған тәртіппен есептелетін мерзімнен аспауға тиіс.

      Бұл ретте салық төлеушілерге кешенді немесе тақырыптық тексерулер жүргізу шеңберінде осындай қарсы тексеру тағайындалған кезде тексерілетін кезеңге сәйкес келетін кезең үшін қарсы тексеру жүзеге асырылуы мүмкін.

      6. Тексерілетін кезеңді айқындау кезінде салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлері бойынша кешенді тексеру, тақырыптық тексеру тағайындалған жағдайда, салықтар бойынша аудитте қамтылған салық кезеңі қосылмайды.

      Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 2) - 23) тармақшаларында, 145-бабының 3-тармағының 2) - 12) тармақшаларында көрсетілген салықтық тексерулерге, сондай-ақ салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге, жер қойнауын пайдаланушыларға, акцизделетін өнімнің жекелеген түрлерінің, биоотынның өндірісі және айналымы бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.

      7. Салық органдары олар жүргізген операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында, салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асырған, оған қатысты кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіліп жатырған тұлғаларға сұрау салуды жолдауға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген сұрау салуларды жолдау, сондай-ақ осындай сұрау салулар бойынша тұлғалардың мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      141-бап. Кешенді тексеру

      1. Кешенді тексеру – салықтар, бюджетке төленетiн төлемдер және әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалу мәселелері бойынша салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты жүргізетін тексеру.

      2. Кешенді салықтық тексеруге тақырыптық салықтық тексерулер, оның ішінде:

      банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы;

      халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолдану заңдылығы;

      трансферттiк баға белгiлеу;

      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;

      орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

      3. Салық төлеуші (құрылымдық бөлімше) таратылған (қызметін тоқтатқан) кезде салықтық тексерулер кешенді салықтық тексеру (бұдан әрі – тарату салықтық тексеруі) нысанында ғана жүргізіледі.

      Салық төлеушінің осындай тексеру жүргізуге салықтық өтініш беру жағдайларын қоспағанда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тіркеу есебінен шығарылған кезде кешенді тексеру жүргізілмейді.

      142-бап. Тақырыптық тексеру

      1. Тақырыптық тексеру - мынадай:

      1) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетiн төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы;

      3) сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау;

      4) салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау;

      5) халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолдану заңдылығы;

      6) қосылған құн салығының асып кеткен сомасын дұрыстығын растау оның ішінде қайтаруға ұсынылған;

      7) бейрезидент қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың қолданылуына байланысты бюджеттен қайтаруға ұсынған табыс салығын растау;

      8) бейрезиденттiң табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерінің қолданылуына байланысты шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтінішінде жазылған;

      9) осы Кодекстiң 115-бабында белгiленген тәртiппен камералдық бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң орындамауы;

      10) осы Кодекстiң 29-бабында көзделген талаптардың орындалуы;

      11) салық төлеушiнiң тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға берілген шағымында жазылған;

      12) салық органдарында тiркеу есебiне қою;

      13) бақылау-касса машиналарының болуы.

      Осы тармақшада көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексеру ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жедел режимде жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына беруді қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасына қатысты жүргізілмейді;

      14) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

      15) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында қозғалысы, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;

      тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;

      тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердiң және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағына әкету кезінде тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауларының, санының (көлемінің) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;

      16) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағына әкету кезінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;

      17) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;

      18) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiнің сақталуы;

      19) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарының сақталуы;

      20) касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмнің орындалуы;

      21) шот-фактураларды электрондық нысанда жазу тәртібінің сақталуы;

      22) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты төмендетілген кедендік баж мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар қалдықтарының болуын растау;

      23) ірі салық төлеушілер мониторингі шеңберінде уәжделген шешімнің орындалмау мәселелерi бойынша салық төлеушiге (салық агентiне) қатысты салық органы жүргiзетiн тексеру.

      2. Тақырыптық тексеру мынадай:

      1) әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы;

      2) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы;

      3) трансферттiк баға белгiлеу;

      4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша да жүргізілуі мүмкін.

      3. Тақырыптық тексеру бір мезгілде осы баптың 1 және 2-тармақшаларында көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық салықтық тексеру салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің барлық түрлері бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздей алмайды.

      4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен келісу бойынша осындай бiрлестiктердiң өкiлдерi осы баптың 1-тармағының 12) – 17) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезінде қатысуға тартылуы мүмкін.

      Дара кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізу кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.

      5. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық органының шешімі негізінде және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салумен байланысты объектінің орналасқан жері бойынша осы баптың 1-тармағының 12) - 22) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық салықтық тексерулердi жүргізу жүзеге тағайындалады.

      6. Осы Кодекстің 145-бабының 3-тармағының 2) немесе 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған кезінде, осы баптың 1-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша бір мезгілде тақырыптық тексеру жүргізіледі.

      143-бап. Қарсы тексеру

      1. Қарсы тексеру - салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын адамдарды салық органының тексеруі, салық органдары аталған салық төлеушіні тексеру барысында пайдалану үшін осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, туындайтын мәселелер бойынша операциялар фактісін және мазмұнын растау мақсатында оған қатысты кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізеді.

      2. Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.

      Қарсы тексерулер уәкілетті органдар бекітетін тәртіппен тағайындалады.

      3. Қарсы тексеру деп:

      тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрау салуы бойынша;

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі жөнінде және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқ екенін растамайтын түсіндірме ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) жасалатын операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады.

      144-бап. Хронометраждық зерттеп тексеру

      1. Хронометраждық зерттеп тексеру - салық органы салық төлеушінің зерттеп тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты кірісін және кіріс алуға бағытталған қызметпен байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.

      2. Хронометраждық зерттеп тексеруді жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган бекітетін тәртіппен салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) уәкілетті орган бекітетін тәртіпте салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша салық органы шығарады.

      145-бап. Салықтық тексерулердің түрлері

      1. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) ішінара салықтық тексерулер; 

      2) жоспардан тыс салықтық тексерулер.

      2. Ішінара – салық органы салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тағайындайтын салықтық тексерулер;

      3. Жоспардан тыс - осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген, оның iшiнде:

      салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң салықтық өтiнiшi немесе шағымы бойынша, оның ішінде:

      резидент заңды тұлғаның, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;

      бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;

      дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;

      қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылуына байланысты;

      салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты;

      оларға осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуінің анықтығын растау үшін салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.

      Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген салықтық өтініштер:

      өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар пайдалануға қабылдап алынған;

      жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған күнге дейін берілуі мүмкін;

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негiздер бойынша;

      осы Кодекстiң 115-бабында белгiленген тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушi орындамаған жағдайда;

      жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт мерзiмiнiң өтуiне байланысты;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша, оның ішінде:

      салық төлеуші салық органының талап етуі бойынша дебиторлар тiзiмiн белгіленген мерзiмде табыс етпеген не дебиторлардың жоқ екендігі туралы мәліметтерді табыс еткен жағдайда;

      дебитор салық органының талап етуі бойынша салық төлеушімен өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн белгіленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда;

      қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы асып кетуі сомасының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетiлген талаптары бойынша;

      бейрезиденттiң табыс салығын қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерiнің қолданылуына байланысты, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайта қарау туралы өтінішіне байланысты бюджеттен қайтаруға арналған салықтық өтiнiшi бойынша;

      банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша;

      сот жасалуын іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазу бойынша әрекет (әрекеттер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;

      уәкілетті органның шешімі негізінде;

      осы Кодекстің 142-бабының 5-тармағында, 144-бабының 2-тармағында және осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларда салық органы шешімінің негізінде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жоспардан тыс салықтық тексерулер бұрын тексерілген кезең үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер:

      мынадай:

      салық төлеушінің (салық агентінің) өз өтініші бойынша;

      қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап бойынша;

      осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуінің дұрыстығын растау үшін салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздер бойынша;

      салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.

      5. Салық төлеуші сотқа тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда, бұрын тексерілген кезеңдегі шағым берілген мәселе бойынша жоспардан тыс кешенді және (немесе) тақырыптық тексерулер сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.

      6. Салық төлеуші деңгейлес мониторингте тұрған салық кезеңдері үшін мыналарды:

      қарсы тексерулерді;

      мынадай:

      салық төлеушінің (салық агентінің) өз өтініші бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;

      салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтық тексеру жүргізілмейді.

      7. Қосымша ұйғарым ресімдеу және осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінің өтуі аяқталғанға дейін тексерілетін кезеңдегі салықтық тексеруді аяқтау арқылы тексерілетін кезең өзгертілген жағдайда, салық органы алдыңғы салықтық тексеруді тағайындауға себеп болған негіздер бойынша тексерілетін кезең өзгертілгенге дейін бұрын ұйғарымда көрсетілген тексерілмеген салық кезеңіне салықтық тексеру тағайындауы мүмкін.

§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімдері

      146-бап. Салықтық тексерулерді жүргiзудiң мерзiмi

      1. Нұсқамада көрсетілетін салықтық тексерулер жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      2. Салықтық тексеру жүргізу мерзімін:

      1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан аспайтын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін:

      салықтық тексеруді тағайындаған салық органы – 45 жұмыс күніне дейін;

      жоғары тұрған салық органы - 60 жұмыс күніне дейін;

      2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында орналасқан жері бір орыннан асатын жағдайда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер үшін:

      салықтық тексеруді тағайындаған салық органы - 75 жұмыс күніне дейін;

      жоғары тұрған салық органы 180 жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

      3. Уәкілетті орган өзі тағайындаған салықтық тексеру мерзімін:

      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін – 60 жұмыс күніне дейін;

      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін 180 жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.

      4. Салықтық тексеру жүргізу мерзімінің өту барысын салық органдары:

      салық төлеушіге салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру туралы талаптарын табыс етуі және салық төлеушінің салықтық тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беру;

      басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық органының сұрау салуы жіберу және көрсетілген сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алу;

      шет мемлекеттерге ақпарат беру туралы сұрау салу жіберу және салық органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес олар бойынша мәліметтер алу;

      салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеуші (салық агенті) жазбаша қарсылықты дайындау және оны салық органының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау кезеңіне тоқтата тұрады.

      Бұл ретте, салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып тапсыруға немесе оған алу фактісін растайтын хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы не электрондық тәсілмен жіберуге міндетті. Бұл ретте салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарлама электрондық тәсілмен салық төлеушіге (салық агентіне) салық органы веб-қосымшаға хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп саналады. Бұл электрондық тәсіл осы Кодекстің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.

      5. Осы баптың 4-тармағында белгіленген негіздер бойынша тоқтатыла тұру мерзімі:

      1) мониторингке жататын салық төлеушілердің;

      2) резидент заңды тұлғаның, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің таратылуына, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның қызметін тоқтатуға, дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуына байланысты жүргізілетін;

      3) мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерінің:

      трансферттік баға баға белгілеу;

      қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы асып кетуі сомаларының дұрыстығын растау;

      бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару бойынша салық агенттерін тексеру;

      тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің шағымында жазылған мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердің;

      4) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасында көзделген негiздер бойынша жүргiзiлетiн;

      5) салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 161-бабына сәйкес салықтық тексерулер жүргізу барысында құжаттарды (мәліметтерді) табыс ету туралы салық органының талабын қойған жағдайда;

      6) салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісі ұсынылған, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайларда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.

      Осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларында көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне қосылады.

      6. Егер осы баптың 5 және 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, ұзарту немесе тоқтата тұру мерзімдерін ескере отырып, кешендік немесе тақырыптық салықтық тексеру жүргізу мерзімі:

      1) осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, құрылымдық бөлімшелері жоқ заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасында біреуден аспайтын орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін – 60 жұмыс күнінен;

      2) құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасында біреуден көп орналасқан жері болған кезде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, сондай-ақ салықтық мониторингтеуге жататын салық төлеушілер үшін – 180 жұмыс күнінен аспауға тиіс .

      7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 431-бабы және 433-баптарында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.

      8. Хронометраждық зерттеп тексерулерді жүргізген кезде нұсқамада көрсетілген мерзім отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

      Хронометраждық зерттеп тексеру, егер тексерілетін тұлға қызметін көрсетілген уақытта және күндері өз қызметін жүзеге асырса, мезгілінен тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс, мереке күндері) жүргізілуі мүмкін. Хронометраждық зерттеп тексерулерді мезгілінен тыс уақытта жүргізу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тексерудің мерзіміне кірмейді.

      147-бап. Ішінара салықтық тексеру туралы хабарландыру

      1. Салық органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ішінара кешенді және (немесе) ішінара тақырыптық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе тапсырады.

      2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жіберіледі немесе тапсырылады.

      Тапсырыс хатпен хабарланатын етіп пошта арқылы жіберілген хабарлама почта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, ішінара кешенді және (немесе) ішінара салықтық тақырыптық тексеру хабарландырусыз жүзеге асырылады.

      4. Хабарламада салықтық тексерудің түрі, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.

      5. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуының немесе жойып жіберуінің негізделген тәуекелі бар болған не тексеруді жүргізудің мүмкін болмайтынын немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталуы туралы хабарламастан салықтық тексеруді бастауға құқылы.

      Салық органы ішінара салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органының жазбаша рұқсатының негізінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарламастан жүзеге асырады.

      148-бап. Салықтық тексеру жүргізуге негіздер

      1. Салықтық тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі, ол мынадай мәліметтерді:

      1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірін;

      2) нұсқама шығарған салық органының атауын;

      3) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;

      4) сәйкестендіру нөмірін;

      5) тексеру нысаны мен түрін;

      6) тексеретін тұлғалардың, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де мамандардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда);

      7) тексеру жүргізілетін мерзімін;

      8) хронометраждық зерттеп-тексеруді қоспағанда, тексеру жүргізілетін мерзімін қамтуға тиіс.

      Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      2. Салықтық тақырыптық тексерулерді тағайындау туралы нұсқамада мыналар:

      1) аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 18) - 22) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша салықтық тақырыптық тексерулердi тағайындау кезiнде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтер;

      2) осы баптың 1-армағының 8) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 19) - 22) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді тағайындау кезінде осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер;

      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілмеген мәселелер бойынша салықтық тақырыптық тексеру тағайындалған кезде осы баптың 1-тармағында көзделген мәліметтер көрсетілуге тиіс.

      3. Салықтық тексерулер тағайындалған кезде, хронометраждық зерттеп тексеруді қоспағанда, нұсқамада тексеру нысанына қарай тексеруге жататын мәселелер көрсетіледі.

      Кешенді тексерулер жүргізген кезде салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері нұсқамада көрсетілмейді.

      4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қоюы тиіс.

      Қарсы тексерулер жүргізуге, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-тексеруге нұсқамаға салық органы басшысының орынбасары не оны ауыстыратын тұлға қол қоюы мүмкін.

      Нұсқама Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін.

      5. Осы Кодекстің 146-бабында көзделген салықтық тексеру жүргізу мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар болған жағдайда) көрсетіледі.

      Қосымша нұсқама нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      6. Осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) - 17) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулердi қоспағанда, бір нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін.

      149-бап. Салықтық тексеру жүргізудің басталуы

      1. Салық төлеушіге (салық агентіне) нұсқама берілген күн, егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.

      2. Нұсқаманы салық төлеушіге (салық агентіне) тексеруді жүргізген салық органының лауазымды адамы табыс етеді.

      Нұсқаманы салық төлеушіге (салық агентіне) табыс еткен кезде салық органының нұсқамасының данасында нұсқамамен танысқаны және алғаны, сондай-ақ нұсқаманы алған күні мен уақыты туралы қол қояды.

      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) - 17) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша салықтық тақырыптық тексерулерге қолданылмайды.

      3. Осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағының 12) - 17) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде салық төлеушіге (салық агентіне) немесе оның тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды немесе қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жұмыскеріне танысу үшін нұсқаманың түпнұсқасы ұсынылады және оның көшірмесі тапсырылады.

      Нұсқама түпнұсқасына салық төлеушінің (салық агентінің) немесе оның тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жұмыскерінің нұсқамамен танысқаны және оның көшірмесін алғаны туралы қолы, нұсқаманың көшірмесін алған күні мен уақыты қойылады.

      4. Нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, салық органының лауазымды адамы салық органы нұсқамасының данасына тиісті жазбаны жасайды және куәгерлерді (екеуден кем емес) тарта отырып, нұсқаманы алудан бас тарту туралы акт толтырады.

      Бұл ретте салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқаманы алудан бас тарту туралы актіде:

      1) толтырылған орны мен күні;

      2) акт жасаған салық органы лауазымды адамының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      3) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;

      4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

      5) нұсқамаға алудан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі.

      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқаманы алудан бас тартуы салықтық тексеру жүргізудің күшін жоюға негіз болып табылмайды.

      Салық төлеушінің салық органының нұсқамасын алудан бас тартуы, салық органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге жібермеуді білдіреді.

      Осы тамақтың ережелері осы Кодекстің 154-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.

      6. Салық төлеуші (салық агенті) нұсқаманы алудан бас тартқан жағдайда, салық төлеушінің (салық агентіның) нұсқаманы алудан бас тартуы туралы акт жасалған күн тексеру жүргізудің басталу күні болып есептеледі.

      7. Салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде аталған тексеруді:

      1) салық төлеушінің салықтық өтініші;

      2) егер тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілсе қылмыстық істі тоқтатуға жол берілмейді.

      150-бап. Тексерудің стандартты файлы

      1. Салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған тексерудің стандартты файлын салық төлеуші өз еркімен мұндай файлды салық органдарының ақпараттық жүйесіне жүктеу арқылы ұсынылады.

      2. Салықтық тексеруі, оның ішінде тексерудің стандартты файлын пайдалана отырып, тексеру салық төлеуші тексерудің стандартты файлын ұсынған жағдайда:

      ішінара салықтық тексеру жүргізу кезінде - нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;

      жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізу кезінде - нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.

      Стандартты файлдың нысанын және оны жасаудың тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      151-бап. Хронометраждық зерттеп тексеру жүргізудің ерекшеліктері

      1. Хронометраждық зерттеп тексеру жүргізу кезінде салық төлеуші және (немесе) оның өкілі қатысады.

      2. Хронометраждық зерттеп тексеру жүргізу үшін салық органдары зерттеп тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект бойынша мәселелерді дербес айқындайды. Бұл ретте міндетті түрде мыналар:

      1) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерзерттеп тексерілуі тиіс. Салық органдарының, қажет болғанда, салық төлеушінің тауарлық-материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізуге құқығы бар;

      2) ақшасының, ақша құжаттарының, бухгалтерлік кітаптардың, есептердің, сметалардың, бағалы қағаздардың, есеп-қисаптардың, декларациялардың және зерттеп тексерілетін салық салу объектілерімен және (немесе) салық салуға байланысты объектілерімен байланысты өзге де құжаттардың болуы;

      3) бақылау-касса машинасының фискалдық есебі зерттеп тексерілуге тиіс.

      3. Хронометраждық зерттеп тексеруді жүргізетін салық органдарының лауазымды адамдары күнделікті хронометраждық-бақылау картасына зерттеп тексеру барысында алынған мәліметтердің толық және нақты енгізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көзіне бөлек хронометраждық-бақылау картасы жасалады, олар мынадай мәліметтерді:

      1) салық төлеушінің атауын, сәйкестендіру нөмірін және қызмет түрін;

      2) зерттеп тексеруді жүргізу күнін;

      3) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жерін;

      4) хронометраждық зерттеп тексерудің басталу және аяқталу уақытын;

      5) өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын;

      6) зерттеп тексерілетін салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті бойынша деректерді;

      7) зерттеп тексеру нәтижелерін қамтиды.

      4. Күнделікті зерттеп тексеру жүргізілетін күн соңында барлық зерттеп тексерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ басқа да әрбір табыс алу көздері бойынша жиынтық кесте жасалады.

      5. Хронометраждық-байқау картасы мен жиынтық кестеге салық органының лауазымды адамы және салық төлеуші немесе оның өкілі міндетті түрде қол қояды және ол хронометраждық зерттеп тексеру актісіне қоса беріледі.

      Хронометраждық-байқау картасына қажет болған кезде құжаттардың көшірмелері, хронометраждық-бақылау картасында көрсетілген деректерді растайтын зерттеп тексеру барысында алынған есептер және басқа да материалдар қоса беріледі.

      6. Салық төлеушілерді хронометраждық зерттеп тексерудің нәтижелері кешенді немесе тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есепке жазу кезінде ескеріледі.

      152-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі

      1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру:

      оларға осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты салық өтінішті;

      қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапты (бұдан әрі - қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап) ұсынған салық төлеушіге қатысты жүргізіледі.

      Тақырыптық тексеруді жүргізу осы Кодекстің 136 және 137-баптарына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізіледі.

      2. Тексерілетін кезеңге:

      оларға осы Кодекстің 432-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты салық төлеуші салық өтінішін ұсынған;

      қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация ұсынған салық кезеңін қоса алғанда, салық төлеуші қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салық кезеңінен бастап салық кезеңі енгізіледі.

      Осы тармақта көрсетілген тексерілетін кезеңге, егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында өзгеше көзделмесе, осы салық түрі бойынша тексеру жүргізілмеген, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінен аспайтын салық кезеңдері де енгізіледі.

      3. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында салықтық тексерулер жүргізу кезінде осы Кодекстің 432-бабына сәйкес тексерілетін кезеңге:

      өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар құрылысы басталған;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған салық кезеңінен басталған уақыт кезеңі енгізіледі.

      Осы Кодекстің 432-бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау кезінде, осы Кодекстің 145-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салық төлеушінің өтініші бойынша жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріледі.

      2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңі үшін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау кезінде қарсы тексерулерді қоса алғанда салық төлеушіге бұрын жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріледі.

      4. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау мақсатында салықтық тексеру жүргізген кезде осы Кодекстің 433-бабына сәйкес тексеру кезеңіне қосылған құн салығының бақылау шоты пайдаланылған салық кезеңдері енгізіледі.

      Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау кезінде, осы Кодекстің 433-бабына сәйкес салық органы салық органдарының ақпараттық жүйелерінде бар деректерге:

      қосылған құн салығы бойынша декларацияға;

      қосылған құн салығының бақылау шоты бойынша, оның ішінде қосылған құн салығын бюджетке төлеу бойынша қосылған құн салығы сомаларының қозғалысын есепке алу үшін ашылған дербес шоттарға;

      электрондық шот-фактураларға салыстырып тексеруді жүргізеді.

      5. Тауарлар экспорты жағдайында осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығы сомасын айқындау кезінде кеден органы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімімен тауарлар әкету фактісін растайтын мәліметтері ескеріледі.

      Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 447-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.

      6. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 449-бабында көрсетілген құжаттардың мәліметтері ескеріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттің аумағына өткізіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан экспорт кедендік рәсімімен әкету фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.

      7. Тауарлардың экспорты жағдайында қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсім түсірген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізілетін тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.

      Сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты жағдайында, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушіге сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушыға берілген тауарлар бойынша импорттық тауарлар декларациясының болуы есепке ескерілді.

      Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциялары бойынша экспортталған, зат түрінде қарыз берген жағдайда, қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбастау (бартерлік) операциясы бойынша шарттың (келісімшарттың), зат түрінде қарыз беру бойынша шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ аталған операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге жеткізген тауарлар бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің болуы ескеріледі.

      Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша оған меншік құқығының лизинг алушыға көшуін көздейтін Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкеткен жағдайда лизинг төлемінің нақты түсуін растайтын (тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының өтелуі бөлігінде) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі ескеріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттің аумағына әкетіп орындаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес қайтарылуы тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банк шоттарына валюталық түсімнің түсуі жөніндегі мәліметтер ескеріледі.

      Валюталық түсімнің түсуі туралы салық органдарына қорытынды беруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.

      Осы қорытындыны алу үшін салық органдары осындай қорытындыны жасау күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сауал жібереді.

      Осы тармақтың салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегі банктердегі банк шоттарына валюталық түсімнің түсуi жөніндегі талаптары осы Кодекстiң 393-бабының 2-тармағында аталған салық төлеушiлерге қолданылмайды.

      8. Осы Кодекстің 143-бабында белгіленген тәртіппен тексерілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тікелей жеткізушілерге қарсы тексеру салық органы тақырыптық тексеру жүргізу барысында тағайындайды.

      9. Тексеру жүргізілетін салық төлеуші мен оның тікелей өнім берушісі – салық мониторингіне жататын салық төлеуші арасындағы операциялар бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауды салық органы салық есептілігiнiң деректері және (немесе) салық органдарында бар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері негізінде тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы жүргізеді.

      10. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, тақырыптық тексеру жүргізу барысында салық органы "Пирамида" талдамалық есепті талдаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, өнім берушілердің мекенжайына осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны жібереді.

      11. Осы Кодекстің мақсаты үшін "Пирамида" талдамалық есебі - бұл салық төлеуші (салықтық агент) ұсынған қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін және (немесе) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижелері.

      Бұл ретте, "Пирамида" талдамалық есебі осы баптың 2-тармағында көзделген салық кезеңі үшін қалыптастырылады.

      12. Егер тексеру жүргізілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушілер орналасқан жері бойынша басқа салық органында тіркеу есебінде тұрған болса, тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы тиісті салық органына осы Кодексе сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді беретін осындай өнім берушілердің "Пирамида" талдамалық есепті талдаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар жоюы жөнінде сауал жібереді.

      13. Салықтық тексеру аяқталған күнге:

      1) өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге сауал салуларға жауаптар алынбаған;

      2) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілері бойынша "Пирамида" талдамалық есеп талдауының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған;

      3) қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған;

      4) қарсы тексеру жүргізудің мүмкіндігі болмауына байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған, оның ішінде:

      өнім берушінің орналасқан жері бойынша болмауы;

      өнім берушінің есепке алу құжаттарын жоғалтуы себептері бойынша расталмаған сомалардың шегінде қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.

      Бұл ретте осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері:

      қосылған құн салығының асып түсуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде құны айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген, салық жүктемесінің орташа коэффициенті 20 пайыздан аз емес тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда, қолданылмайды.

      Салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын қайтармау негiздемесi көрсетiледi.

      14. Қосылған құн салығын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде мынадай:

      1) осы Кодекстің 393-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты салық органының сұрау салуына жауап алынған жағдайларда;

      2) осы Кодекстің 432-бабын қолданылған жағдайда жүргізіледі.

      15. Салықтық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның соңғы айының жиырма бесі күнінен кешіктірілмей, кемінде екі дана санда жасалады және оған салық органының лауазымды адамы қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, ол аталған қорытындыны алғаны туралы басқа бір данада белгі қоюға міндетті.

      16. Тақырыптық тексеру актісі және тақырыптық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен жалпы сомасы тексерілген кезең үшін қосылған құн салығының асып кетуі бойынша декларациядағы қосылған құн салығынан асып кетуді қайтару туралы талапта көрсетілген сомадан аспауға тиіс.

      17. Егер қарсы тексеру жүргізу кезінде өнім беруші таратылуына байланысты қызметін тоқтатқан және осындай өнім берушіге қатысты салықтық тарату тексеру жүргізілген жағдайда, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын растау өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінің және (немесе) салықтық тарату тексеру нәтижелері ескеріле отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйелерінің мәліметтері негізінде жүргізіледі.

      18. Осы баптың ережелері оған қатысты қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған салық төлеушіге бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау бойынша тақырыптық тексеру қосылған құн салығының ұсынылған және қайтарылған сомаларының дәйектілігін растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексеру жүргізілген, сондай-ақ салық органы қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дәйектілігін растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да қолданылады.

      153-бап. Салық агенттері болып табылатын салық төлеушілерге қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерін қолдануға байланысты бейрезиденттің жеке табыс салығын бюджеттен қайтаруды растау мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізу ерекшеліктері

      1. Бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде бюджеттен табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агентіне қатысты оның осы Кодекстің 48-бабында белгіленген тәртіппен есептеу кезеңі ішінде осындай салық өтінішін берген бейрезидент табысының төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындауы тұрғысынан салықтық тақырыптық тексеру жүргізеді.

      2. Салық органы салықтық тақырыптық тексеру жүргізуді бейрезиденттің салықтық өтінішін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тағайындауға міндетті.

      3. Салықтық тақырыптық тексеру жүргізу барысында салық органы құжаттарды мынадай:

      1) салық агентінің бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі салықтық міндеттемелерін толық орындауы;

      2) осы Кодекстің 220-бабына немесе халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруы;

      3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес өтініш беруші бейрезиденттің есептік тіркелуін, осы Кодекстің 76-бабында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде тіркелуі;

      4) бюджеттен табыс салығын қайтаруға берген салықтық өтініште көрсетілген деректердің дұрыстығы тұрғысынан тексереді.

      154-бап. Салық органы және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргізу үшін аумаққа және (немесе) үй-жайға жіберілуі

      1. Салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды тұлғалары нұсқаманы және қызметтік куәліктерін ұсынған кезде осы лауазымды адамдарды және салықтық тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын табыстарды алу үшін пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) не салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге зерттеп тексеру үшін жіберуге міндетті.

      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіру үшін арнайы рұқсаттар қажет болса, салық органының лауазымды адамдарында олар болуға тиіс.

      3. Салық төлеуші (салық агенті) салық органының лауазымды адамдарына және салықтық тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруіне мынадай:

      1) осы лауазымды адамдар нұсқаманы және (немесе) қызметтік куәліктерін көрсетпеген;

      2) осы лауазымды адамдар нұсқамада көрсетілмеген;

      3) осы лауазымды адамдардың салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруіне арнайы рұқсаты болмаса, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет болған жағдайларда рұқсат етпеуге құқылы.

      4. Салықтық тексеру жүргізетін салық органдарының лауазымды адамдарының және салықтық тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының салық төлеушінің (салық агентінің) аумағына және (немесе) үй-жайына кіруін қамтамасыз етуге салық төлеуші (салық агенті) негізсіз рұқсат бермеген және (немесе) кедергі жасаған жағдайда, кіруіне жол берілмегені туралы акт жасалады.

      5. Кіруге жол берілмегені туралы актіге салықтық тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамдары және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды.

      Салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартуының себептері туралы жазбаша түсініктеме беруге міндетті.

      Кіруіне жол берілмегені туралы актіге салық төлеуші (салық агенті) қол қоюдан бас тартқан жағдайда, тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамы көрсетілген актіде ол туралы тиісті жазба жасайды. Бұл ретте көрсетілген актіге осы Кодексте белгіленген тәртіппен тартылған куәгерлер де қол қояды.

      155-бап. Салық органының лауазымды адамарының салықтық тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Салықтық тексеру жүргізу кезінде салық органдары лауазымды адамдарының:

      1) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан тексерілетін адамның банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпияны құрайтын салық төлеушілердің (тексерілетін тұлғалардың) шоттары бойынша ақша қаражаттарының қалдықтары мен қозғалысына қатысты құжаттар және мәліметтерді талап етуге және алуға;

      2) тексеру жүргізу үшін мемлекеттік органдардан қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

      3) қағаз және электрондық жеткізгіштерде есептік құжаттаманы, сондай-ақ тексерудің мәніне сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) рұқсат етуді талап етуге және алуға;

      4) салық төлеушіден, оның ішінде салықтық тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша оның қызметкерлерінен жазбаша түсініктемелер талап етуге және алуға;

      5) салықтық тексеру жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарға) сұрау салулар жіберуге;

      6) мамандарды тартуға;

      7) салық төлеушіден (салық агентінен) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық жүйесінің, олардың клиенттерінің банктік шоттары туралы мәліметтерді қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпияны құрайтын деректерді қарауға қолжетімділік құқығын қоспағанда, бухгалтерлік және салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің және (немесе) бастапқы есептік құжаттардың деректерін, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйенің деректерін қарауға рұқсат етуді талап етуге құқығы бар.

      Осы тармақшамен бекітілген ерекшелік салық органдарының салықтық тексеру жүргізу және деңгейлес мониторингті жүзеге асыру барысында қойылатын талаптарына таралмайды;

      8) салық төлеушіден (салық агентінен) тексеретін тұлға жасаған салық нысандары бойынша жазбаша түсіндірмелер салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін (ұсталуын және аударылуын), әлеуметтік төлемдердің толықтығын және уақтылы есептелуін, ұсталуын және аударылуын және әлеуметтік аударымдардың есептелуі мен төленуін растайтын құжаттарды, сондай-ақ тексерілетін адамның қаржылық есептілігін, оның ішінде аудиторлық есепті қоса бере отырып, оның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, резидент салық төлеушінің (салық агентінің) шоғырландырылған қаржылық есептілігін ұсынуды талап етуге;

      9) салық төлеушіден (салық агентінен) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алуды жүргізуге;

      10) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті, оның орналасқан жеріне қарамастан тексеруге, тексерілетін адамның (тұрғын жайлардан басқа) мүлкіне түгендеу жүргізуге;

      11) салық төлеушінің мүлкіне (тұрғын жайлардан басқа), оның ішінде тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;

      12) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жанама әдіспен айқындауға;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

      2. Салықтық тексеру жүргізу кезінде салық органының лауазымды адамдары:

      1) тексерілетін адамның құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға, тексерілетін адамға заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) жоқ зиян келтіруге жол бермеуге;

      2) салықтық тексеру жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерілетін адамның келісімінсіз олардың мазмұнын жария етпеуге;

      3) қызметтік этиканы сақтауға;

      4) салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін адамға оның құқықтары және міндеттері жөнінде хабардар етуге;

      5) салық органының лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуге;

      6) салықтық тексеру жүргізу кезеңінде салық төлеушінің (тексерілетін адамның) белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;

      7) тексерілетін адамның талап етуі бойынша тексеру жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің ережелері туралы қажетті ақпаратты беруге;

      8) салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін адамның өкілдеріне нұсқаманы және өзінің қызметтік куәлігін көрсетуге;

      9) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      156-бап. Салықтық тексеру жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері

      1. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру жүргізу кезінде:

      1) салық органынан және олардан тексеру жүргізу тәртібіне қатысты осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының заңнамасының ережелері туралы ақпаратты сұратуға;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органының шешіміне және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;

      3) салықтық тексеруді жүргізетін салық органдарының лауазымды адамдарынан салықтық тексеру туралы нұсқаманы және қызметтік куәліктерін көрсетуін талап етуге;

      4) салықтық тексеру жүргізу кезінде қатысуға және салықтық тексеру нысанасына жататын мәселелер жөнінде түсініктемелер беруге;

      5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық білдіруге;

      6) осы Кодексте көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

      2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерулер жүргізу кезінде:

      1) салық органының талап етуі бойынша белгіленген мерзімде құжаттар мен мәліметтерді қағаз түрінде, ал қажет болған жағдайда сондай-ақ электрондық жеткізгіште ұсынуға;

      2) осы Кодекстің 23-тарауына сәйкес салық төлеуші жасаған есепке алу құжаттамасын ұсынуға;

      3) салықтық тексеру жүргізетін салық органының лауазымды адамдарының және салықтық тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың осындай тексеру жүргізуге қатысу үшін тексерілетін адамның аумаққа және (немесе) үй-жайларына кіруін қамтамасыз етуге және жұмыс орнын беруге;

      4) салықтық тексерулер жүргізу кезінде түгендеу жүргізуді қамтамасыз етуге;

      5) салықтық тексерулер жүргізетін салық органының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық төлеуші (салық агенті) қызметінің мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер беруге;

      6) салықтық тексеру тағайындау туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы қол қоюға;

      7) салықтық тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы қол қоюға;

      8) осы Кодекстің 155-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық жүйесі деректерін қарауға рұқсат беруге;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      157-бап. Алдын ала салықтық тексеру актісі

      Осы Кодекстің 158-бабында көзделген салықтық тексеру актісі салық -жасалғанға дейін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге алдын ала салықтық тексеру актісін тапсырады.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін алдын ала салықтық тексеру актісі деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексеруші жасалған алдын ала салықтық тексеру нәтижелері жөніндегі құжат түсініледі.

      Бұл ретте салық төлеуші алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.

      Осы баптың ережелері қолданылатын салық төлеушілер санаттарын, сондай-ақ салық төлеушіге алдын ала салықтық тексеру актісін тапсырудың алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық беруді, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

      158-бап. Салықтық тексеруді аяқтау

      1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық органының лауазымды адамы мынадай мәліметтерді:

      1) тексеру актісін жасау орны мен күнін;

      2) тексерудің түрі мен нысанын;

      3) салық органының салықтық тексеру жүргізген лауазымды адамдарының қызметін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

      4) салық органының атауын;

      5) салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;

      6) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай-ақ оның сәйкестендіру нөмірін;

      7) салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жүргізуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (олар болған жағдайда);

      8) алдыңғы жүргізілген тексеру және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді (кешенді немесе тақырыптық тексерулер жүргізген кезде);

      9) тексерілетін кезеңді және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

      10) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптары бұзылған тиісті ережелері көрсетіле отырып анықталған бұзушылықтардың егжей-тегжейлі жазылған сипаттамасын;

      11) тексеру нәтижелерін көрсете отырып, салықтық тексеру актісін жасайды.

      2. Салықтық тексеру актісі кемінде екі данада жасалады, тексеру жүргізген салық органының лауазымды адамдары қол қояды.

      3. Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісі тапсырылған күн салықтық тексеру мерзімінің аяқталуы болып саналады.

      Салықтық тексеру актісін алған кезде салық төлеуші (салық агенті) салық органдарының салықтық тексеру актісінің данасына қол қоюға және оны алған күнін көрсетуге міндетті.

      Салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерінде болмауына байланысты, оған салықтық тексеру актісін тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық зерттеп тексеру жүргізіледі. Бұл ретте салықтық тексеру актісін табыс ету күні салықтық зерттеп тексеру актісін жасаған күн болып табылады.

      4. Салықтық тексерудің аяқталуы бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнмасының, сондай-ақ бақылау салық органдарына жүктелген өзге де заңнманың бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасалады.

      5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексерудің аяқталу күніне салық төлеуші (салық агенті) орналасқан жерінде және (немесе) салықтық тексеру жүргізілген орында болмаған жағдайда, салықтық тексеру жүргізген салық органының лауазымды адамы салықтық тексеру актісіне тиісті жазба жасайды.

      6. Салықтық тексеру актісіне осы Кодекстің 21-бабына сәйкес салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, қажетті құжаттардың көшірмелері, салық органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және салықтық тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.

      7. Егер таратудың салықтық есептілігі алынған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу міндеттемелері туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.

      159-бап. Тексеру нәтижелері бойынша шешім

      1. Салықтық тексеру аяқталған соң салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, залалдарды азайту, бейрезиденттердің табысынан төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есептеуге әкеп соқтыратын бұзушылықтар анықталған жағдайда салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 114-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен және мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.

      2. Салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және салықтық тексеру актісін тіркеуді бір нөмірмен жүзеге асырады.

      3. Салықтық тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген жағдайда өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіні тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталған соң шығарылады.

      Бұл ретте, қылмыстық істі қарау аяқталғанын растайтын ресми құжат алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады және салық төлеушіге табыс етіледі.

      4. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзіне тапсырылуы және оның қолымен куәландырылуы немесе пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысхатпен жіберілуі тиіс. Пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысхатпен жіберілген тексеру нәтижелері туралы хабарлама, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында салық төлеушінің (салық агентінің) алғандығы туралы белгі қойылған күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылды деп саналады.

      5. Салық органдары пошта арқылы хабарламасы бар тапсырысхатпен салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген тексеру нәтижелері бойынша хабарламаларды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда:

      1) осы Кодексте белгіленген негіздер және тәртіп бойынша куәгерлерді тарта отырып тексеру жүргізу;

      2) егер салықтық тексеру актісі осы Кодекстің 158-бабының 3-тармағына сәйкес салықтық тексеру актісінің негізінде табыс етілсе осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтару күні осындай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады

      6. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер тексеру нәтижелеріне шағымданбаса, оны хабарламада белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

      7. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімдері, егер осы Кодекстің 51-бабында өзгеше белгіленбесе, төлеу кестесі қоса берілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.

      Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күн сайын тең үлестермен төленіп отырады.

      Мынадай:

      тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған акциз сомалары мен төлем көзінен ұсталатын салықтарды төлеу бойынша;

      тексеру нәтижелеріне шағым жасалғаннан кейін тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың осы тармақта көзделген тәртiппен салық міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды.

      8. Осы Кодекстің 158-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 116-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген тарату салық есептілігін беру күнінен бастап тарату салықтық тексеруді аяқтау күніне дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.

      9. Егер осы Кодекстің 142-бабы 1-тармағы 8) және 11) тармақшаларында көрсетілген салықтық тақырыптық тексерулерден басқа, жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізген кезде салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) сол салық кезеңінің ішінде сол бір мәселе бойынша осының алдындағы кез келген салықтық тексеру кезінде анықталмаған Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық фактісін анықтаса, салық төлеушіге мұндай бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолданылмайды.

      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасын:

      1) салық төлеуші салық агенті бюджетке төленуге жататын салық сомасын немесе төлемді салықтың осы түрі бойынша бұрын тексерілген қосымша салық есептілігін немесе салық кезеңіндегі төлемді ұсыну арқылы кемітетін бөлігінде;

      2) салық органының осының алдындағы сол салық кезеңі ішіндегі кез келген салықтық тексерулерді жүргізген кезде жіберген сұрау салуына жауаптың нәтижесі бойынша, егер жауап осындай тексеру аяқталғаннан кейін алынған болса;

      3) бюджетке төленуге тиісті салық сомасына немесе төлемақыға әсер ететін және салық төлеуші (салық агенті) сол салық кезеңі ішінде салықтың немесе төлемақының осы түрі бойынша жүргізілген кез келген салықтық тексеру барысында салық органының сұрау салуына ұсынбаған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша;

      4) егер салық органы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнің іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарлар тиеп-жөнелтпей жасаған шот-фактура жазу бойынша әрекеті (әрекеттері) туралы мәлiметтердi осындай әрекет (әрекеттер) жасалған салық кезеңiнде жүргiзiлген алдыңғы салықтық тексерулердiң кез келгені аяқталғаннан кейiн алғаш рет алса, соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн осындай әрекет (әрекеттер) бөлiгiнде анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды.

§3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жекелеген жағдайларда, оның ішінде жанама әдіспен айқындау

      160-бап. Жалпы ережелер

      1. Есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған кезде салық органдары салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді осы Кодекстің 160 - 163-баптарында белгіленген тәртіппен жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, шығындар, шығыстар) негізінде айқындайды.

      2. Осы Кодекстің 161-бабына сәйкес салық органдарының талаптары негізінде сұрау салынатын салық міндеттемелерін есептеу үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын құжаттардың болмауы немесе оларды салық төлеушінің (салық агентінің) табыс етпеуі есеп жүргізу тәртібі бұзылған, есеп құжаттамалары жоғалған немесе жойылған деп түсініледі.

      3. Салық және бюджетке төленетін төлемдердің сомаларын активтерді, міндеттемелерді, айналымды, шығыстарды бағалау, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес нақты салық және бюджетке төленетін төлемге қатысты салық міндеттемесін есептеу үшін қабылданатын басқа да салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау негізінде айқындау салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындаудың жанама әдістері деп түсініледі. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бағалау салық есептілігінен және (немесе) бастапқы есептік құжаттардан, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады.

      161-бап. Есепке алу және өзге де құжаттар (мәліметтер) болмаған кездегі салықтық тексерулер

      Егер салықтық тексеру барысында салық төлеуші (салық агенті) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттардың барлығын немесе бір бөлігін табыс етпеген болса, салық төлеушіге (салық агентіне) аталған құжаттарды табыс ету немесе қалпына келтіру туралы салық органының талабы, сондай-ақ салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабарлама міндетті түрде тапсырылады.

      Салық органының талабы салық төлеушіге (салық агентіне) талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.

      Салық органының талабы бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген құжаттарды табыс етпеу себептерін жазбаша түсіндіруге міндетті.

      162-бап. Ақпарат көздері

      1. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер негізінде айқындау үшін салық органдары мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) қызметінің сипаты мен түріне қарай:

      1) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақшасы және оның қозғалысы туралы көшірме жазбаларын;

      2) Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;

      3) салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есебінің деректерімен салыстырып тексеруге жататын салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты негізінде салық және бюджетке төленетін төлемдердің есептелуі мен түсуі туралы;

      4) салық төлеуші (салық агенті) мен оның өнім берушілері және сатып алушылар тексерілетін салық кезеңі үшін және алдыңғы салық кезеңдері үшін табыс еткен салық есептілігі нысандарынан алынған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;

      5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ өзге де көздерден алынған тауарларды тиеп-жөнелтуді және (немесе) жұмыстарды орындауды және (немесе) қызметтерді көрсетуді жүзеге асырған адамдарға қатысты жүргізілген қарсы тексерулер нәтижелері туралы;

      6) салық органдары салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын, бұрын жүргізілген салықтық тексеру, оның ішінде тексеру жүргізілетін салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) зерттеп тексеру және (немесе) түгендеу кезінде алған;

      7) салық органы салық және кедендік бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша алған мәліметтерді пайдалануы мүмкін.

      2. Салық органдары:

      1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;

      2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, мемлекеттік емес ұйымдарға, жергілікті атқарушы органдарға;

      3) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) өнім берушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулары мәселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы басқа да салық органдарына;

      4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жібереді.

      3. Қажетті ақпарат (құжатпен расталған) сондай-ақ мынадай көздерден:

      1) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) орындаған қызмет көрсету туралы тапсырыс берушілерден және сатып алынған өнім құны мен саны туралы сатып алушылардан;

      2) тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласында қызметтер көрсеткен, шикізат, энергетика ресурстарын және қосалқы материалдар жіберуді жүзеге асырған жеке және заңды адамдардан алынуы мүмкін.

      4. Ақпарат көздері мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агентінің) қызметінің сипаты мен түріне қарай әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.

      163-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі

      1. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау осы Кодекстің 162-бабында белгіленген тәртіппен алынған ақпараттың негізінде жүргізіледі.

      2. Кірісті есептеу үшін салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарына, төлем карточкаларына, сондай-ақ банк шотынан көшірмемен расталатын өзге де төлем және есеп-қисап құжаттарынан ақшалардың түсуі туралы ақпарат және салық төлеушінің (салық агентінің) ақша алу фактісін растайтын басқа да ақпарат (құжаттар) пайдаланылады.

      3. Осы Кодекстің 162-бабында айқындалған ұйымдар немесе жеке адамдар тексерілетін салық төлеушіде алынған (алынуға жататын) басқа табысы бар екендігіне қатысты ақпарат берген кезде аталған табыстардың сомасы жалпы табыс сомасына (салық салынатын айналымға) енгізілуге жатады.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдары берген ақпарат негізінде салық төлеушінің экспорттық операциялары бойынша валюталық түсім сомаларының түсу фактісі анықталған жағдайда, валюталық түсімнің бұл сомасы өткізу бойынша айналым мөлшеріне және жиынтық табыс құрамына енгізіледі.

      5. Осы бапқа сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) бастапқы құжаттарымен расталмаған шығыстары корпорациялық табыс салығын есептеу үшін шегеруге және қосылған құн салығын есептеу үшін есепке жатқызылмайды.

      6. Акцизделетін тауарлар бойынша салық салынатын база осы Кодекстің 466-бабының негізінде айқындалады.

      Бұл ретте өндірілген акцизделетін тауарлардың көлемі шикізаттың, энергетика ресурстары мен қосалқы материалдардың шығыстары мен ысыраптарының салалық нормаларына сәйкес айқындалады.

      7. Салық төлеушіде бастапқы құнын растайтын құжаттары жоқ негізгі құралдар, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілері, көлік құралдары, жер учаскелері, материалдық емес активтер, инвестициялық жылжымайтын мүліктің бар екендігі анықталған жағдайда, аталған мүліктің нарықтық құны осы салық төлеушінің жиынтық табысына қосылады.

      Объектілердің нарықтық құны салық органдары тартатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын бағалаушының есебінің негізінде айқындалады.

      8. Жалақы төлемдерін төлеуге банк шотынан ақша алу және (немесе) жеке адамдардың банктік шотына банк шотынан ақша аудару фактілері анықталған кезде ақша жеке табыс салығы, әлеуметтік салық салынатын салық салу объектісі болып табылады. Бұл ретте салық міндеттемесі банктің салық төлеушіге (салық агентіне) немесе үшінші адамдарға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өкімін орындаған сәтте туындайды.

      9. Салық органдары жанама әдістер негізінде айқындаған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігі нысандарында көрсетілген тиісті деректермен және салық органдарына табыс етілген өзге де есеп-қисаптармен салыстырылады.

      10. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлім еткен салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің сомалары жанама әдістерді қолдану негізінде айқындалған салықтардың сомаларынан көп болған жағдайда, тексеру кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігінде көрсетілген салықтардың сомалары қабылданады.

      11. Егер салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінде мәлімдеген табыс сомасы басқа (қосымша) ақпарат көздерінен анықталған табыс сомасынан артық болған жағдайда, тексеру кезінде салық есептілігінде көрсетілген кіріс сомасы қабылданады.

      164-бап. Салық салу объектілерін жекелеген жағдайларда айқындау

      1. Басқа да тұлғалар мен органдар аталған табысты алудың заңдылығына дау салған жағдайларда, табысқа салық салынуға тиіс.

      2. Егер сот шешімі бойынша табыс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бюджетке алып қоюға жатса, онда аталған табыс одан төленген салық сомасы шегерілмей алынады.

      3. Салық органдары төлем көздерінен жеке табыс салығын салуға жатпайтын жеке адамның дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге тіркелмей кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырудан табыстар алу фактілерін анықтаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 36-тарауында белгіленген мүліктік табысқа немесе өзге де табыстарға жатпайтын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелуіне әкеліп соғатын табыстар шегінен асатын мөлшерде айқындалған осындай табыстар осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығын салуға жатады.

      4. Салықтық тексеру барысында салық органы жұмыстарды нақты орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізудің болмауын растайтын объективті дәлелдерді, оның ішінде:

      1) салық төлеушінің уақытты, мүліктің орналасқан жерін немесе тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету үшін экономикалық тұрғыдан қажетті материалдық ресурстардың көлемін ескере отырып, мәмілелерді (операцияларды) нақты жүзеге асырудың мүмкін еместігін;

      2) еңбек ресурстарының, негізгі құралдардың, өндірістік активтердің, қойма үй-жайларының, көлік құралдарының болмауына байланысты, тиісті экономикалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті жағдайлардың болмауын;

      3) табыс табумен тікелей байланысты тек сол шаруашылық мәмілелеріне (операцияларға), егер қызметтің мұндай түрі үшін өзге де шаруашылық мәмілелерді (операцияларды) жасау және есепке алу да талап етілетін болса, салық салу мақсаттары үшін есепке алуды;

      4) салық төлеуші (салық агенті) бухгалтерлік есеп құжаттарында көрсеткен көлемде жүргізілмеген (көрсетілмеген) немесе жүргізілуі (көрсетілуі) мүмкін емес тауарлармен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен мәмілелер (операциялар) жасауды анықтайды.

19-ТАРАУ. БАҚЫЛАУ-КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ

      165-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау-касса машиналары – деректерді беру функциясы жоқ фискалдық жад блогы бар электрондық құрылғы, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар (жоқ) аппараттық-бағдарламалық кешен, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы;

      2) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалы - көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақша қабылдауға не төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысуларға арналған электрондық-механикалық құрылғы;

      3) сауда автоматы - автоматты режимде қолма-қол ақша немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып, есеп айырысу арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;

      4) фискалдық деректер - фискалдық жад блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жаднда не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының фискалдық деректерді жинақтауышында тіркелетін және салық органдарына берілген, фискалдық белгісі бар ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;

      5) фискалдық режим - ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді бір мезгілде фискалдық деректер операторы арқылы салық органдарына бере отырып, ақпараттың фискалдық жад блогында не фискалдық деректердің жинақтауышында түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі;

      6) фискалдық деректерді жинақтауыш - ақпаратты тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпараттың түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені.

      7) фискалдық белгі - бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау чектерінде көрсетілетін ерекше белгі;

      8) фискалдық есеп - белгілі бір кезең ішінде фискалдық деректер көрсеткіштері туралы есеп;

      9) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) - уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі;

      10) фискалдық деректер операторы – ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, уәкілетті органмен айқындаған заңды тұлға;

      11) бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - техникалық қызмет көрсету орталығы) - бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету бойынша жарғыға (қызмет түріне) сәйкес қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;

      12) ақшалай есеп айырысулар - тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар;

      13) бақылау-касса машинасының чегі - бақылау-касса машинасының сатушы (тауарды, жұмысты, қызметтi жеткізушi) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын қағаз түрінде не электрондық түрде берілген бастапқы есеп құжаты;

      14) тауарлық чек - бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысуды растайтын бастапқы есепке алу құжаты;

      15) тауар чектерінің кітабы - кітапқа біріктірген тауарлық чектердің жиынтығы;

      16) қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы - қолма-қол ақшаның, тауарлық чектердің, бақылау-касса машинасы фискалдық жад немесе фискалдық деректерді жинақтауышы көрсеткіштерінің ауысым сайынғы айналымын есепке алу журналы;

      17) бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкасы - бақылау-касса машинасының салық органында тіркелуі (есептен шығарылуы) фактісін растайтын есепке алу құжаты;

      18) салық органының пломбасы - фискалдық жад блогы бар бақылау-касса машинасының корпусын санкциясыз ашудан қорғау құралы;

      19) фискалдық жад - фискалдық жад блогы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген есеп айырысулар туралы қорытынды ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені.

      166-бап. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында жалпыға бірдей пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерді қоспағанда, ақшалай есеп айырысулар, моделі мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдану арқылы жүргiзiледi.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:

      1) жеке адамдардың;

      2) адвокаттық қызметті, медиация тәртібімен дауларды реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың;

      3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсететіндер бөлігіндегі;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

      5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

      Осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректер беру функциялары жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.

      Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.

      3. Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу, мыналарды қамтиды:

      1) бақылау-касса машинасын қоюды есепке алу;

      2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;

      3) бақылау-касса машинасының есепке алу алып тастау.

      4. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалдары модельдері деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылады.

      5. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

      1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

      2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

      3) бақылау-касса машиналарына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

      6. Бақылау-касса машинасының бақылау чегі мынадай ақпаратты:

      1) салық төлеушінің атауын;

      2) сәйкестендіру нөмірін;

      3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

      4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

      5) чектің реттік нөмірін;

      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүргізілген күн мен оның уақытын;

      7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;

      8) фискалдық белгіні;

      9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс.

      Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

      Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пунктерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының бақылау чегі сату сомасы туралы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қоса қамтуға тиіс.

      7. Бақылау-касса машинасының чегі бақылау-касса машинасын өндіруші зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген деректерді, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректерді қосымша қамтуы мүмкін.

      8. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      167-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою

      1. Модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланатын жерi бойынша салық органдарына есепке қоюға жатады.

      2. Салық органдарында бақылау-касса машиналарын есепке қою:

      1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша – фискалдық деректер операторының мәліметтері;

      2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша – бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен фискалдық деректер операторы салық органына береді.

      3. Салық органдары фискалдық деректер операторынан мәліметтер алған не бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасын есепке қоюды жүзеге асырады.

      4. Салық төлеуші қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде пайдаланылатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын есепке қою үшін салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

      2) іске қосу фискалдық режимді орнатпай-ақ мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;

      3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен расталған қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын табыс етеді.

      5. Аппараттық-бағдарламалық кешендер болып табылатын, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын есепке қою үшін салық органына мынадай құжаттарды:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

      2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;

      3) салық органында тіркеуге қою үшін мәлімделген аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты табыс етеді және онымен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

      6. Бақылау-касса машиналарын есепке қою:

      1) фискалдық деректер операторының мәліметтерін;

      2) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін берумен және тіркеуші органнның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыра отырып жүргізіледі.

      7. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының, тауар чегінің, фискалдық есепті алу актісінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

      168-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу

      1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгерту мынадай тәсілдердің бірінің:

      1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша - фискалдық деректер операторының мәліметтері;

      2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.

      2. Салық төлеушi бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді, өзгерістер пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырады.

      3. 1-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініш салық органына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етуге жатады.

      4. Тіркеу карточкасын ауыстыруды:

      1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда - бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;

      2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы жүргізеді.

      169-бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару

      1. Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда:

      1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;

      2) бақылау-касса машинасын пайдаланатын жер немесе бақылау-касса машинасын сауда автоматында немесе қызмет көрсетуді төлеу терминалында пайдаланатын салық төлеушінің орналасқан жері өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс бақылау-касса машинасын басқа салық органында тіркеуді талап ететін;

      3) техникалық ақауларына байланысты бақылау-касса машинасын одан әрі қолдану мүмкін болмаған;

      4) бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімнен шығарған;

      5) бақылау-касса машинасының техникалық жағынан жарамды моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне алмастырылған;

      6) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланған, жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;

      7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.

      Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарына қолданылмайды.

      2. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай тәсілдердің бірінің:

      1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары бойынша - фискалдық деректер операторының мәліметтері;

      2) деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару туралы салықтық өтініштің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін оны пайдалану орны бойынша салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою шығару туралы салықтық өтінішті;

      2) салық органының пломбасы орнатылған фискалдық жад блогы бар бақылау-касса машинасын;

      3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен расталған қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын;

      4) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын табыс етеді.

      4. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      5. Салық органы:

      1) фискалдық деректер операторының мәліметтерін;

      2) салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасын есептен шығаруды жүргізеді.

      170-бап. Мемлекеттік тізілім

      1. Уәкілетті орган бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімнен шығару) жолымен жүргізеді.

      2. Бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (нен) енгізу (шығару) тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      171-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және салық органдарына беру тәртібі

      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен фискалдық деректер операторы жүргізеді.

20-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ

      172-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау

      1. Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың, борышкердің мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк бекеттер орнату арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.

      2. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алу-бақылау таңбаларымен, темекі өнімдері - акциздік таңбалармен таңбалануға жатады.

      3. Таңбалауды акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер мен импорттаушылар, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзген кезде жүзеге асырады.

      4. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге экспортталатын;

      2) Қазақстан Республикасы аумағына бажсыз сауданың кедендiк режимдерiнде орналастыру үшін көзделген бажсыз сауда дүкендерінің меншік иелері әкелетiн;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына уақытша әкелу (жіберу) және уақытша әкету кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан жекелеген даналарда жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелінетін;

      4) тауарлар транзиті кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден транзитпен өткізілетін;

      5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке адам - алкоголь өнiмдерiнің үш литрден аспайтын шегiнде, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке адам темекi мен темекi бұйымдарын екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шегiнде не аталған бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жiберетiн) алкоголь өнiмдерi - есепке алу-бақылау маркаларымен және темекi бұйымдары акциздiк маркалармен мiндеттi таңбалануға жатпайды.

      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымына тыйым салынады.

      6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік таңбалармен қайта таңбалау уәкілетті орган белгілейтін мерзімде жүзеге асырылады.

      7. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын адам Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесін ұсынады.

      8. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.

      9. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін ұсынбаған жағдайда импорттаушыға есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.

      10. Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесінің уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу жолымен, сондай-ақ импорттаушының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің кез келгені:

      1) банк кепілдігі;

      2) кепілгерлік;

      3) мүлік кепілі арқылы қамтамасыз етіледі.

      11. Уақытша ақша орналастыру шотын уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшелеріне бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.

      12. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шоты Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.

      Уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

      13. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде ақшамен қамтамасыз етілген есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындамаған жағдайда уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткеннен кейін уақытша ақша орналастыру шотынан ақшаны бюджет кірісіне аударады.

      14. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      15. Осы бапқа сәйкес:

      1) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнiмiн - есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi өнімдерін - акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;

      2) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi;

      3) акциздік постының қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді;

      4) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу бойынша міндеттемесі қолданылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі, сондай-ақ ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымы, осы Кодекстің 176-бабына сәйкес бекітіледі.

      16. Салық органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан және сыра сусындарынан басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын және темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік посттар орнатады.

      17. Акциздік постының орналасқан жерін және қызметкерлерінің құрамын, оның жұмысының регламентін салық органы айқындайды.

      Акциздік посты қызметкерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарынан түзіледі.

      18. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:

      1) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың өндірісі мен өткізілуін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына;

      2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуіне және (немесе) босатылуына немесе есепке алу құралдары арқылы өткізілуіне (құйылуына), сондай-ақ олардың пломбаланған түрде пайдаланылуына;

      3) салық төлеушінің жекелеген акцизделетін тауарларды таңбалаудың тәртібін сақтауына;

      4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысына бақылауды жүзеге асырады.

      19. Акциздік постыдағы салық органының лауазымды адамы:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңмасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп тексеруге;

      2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;

      3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын тексеріп қарауға құқылы.

      20. Акциздік постыдағы салық органы лауазымды адамының акциздік пост қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.

      173-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау

      Салық органдары мәмілелер бойынша трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылауды Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.

      174-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау

      1. Салық органы мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде және тәртіппен беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      2. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      175-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау

      1. Салық органдары осы бапта белгіленген тәртіппен уәкiлеттi мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады.

      Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ салық органдарына мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.

      Жергілікті атқарушы органдардың қызметiне бақылау бюджетке төленетiн төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, салық органдарына мүлік, көлік құралдары салығы, жер салығы және басқа да міндетті төлемдер бойынша мәліметтердің дәйекті және уақтылы табыс етілуі мәселелерi бойынша жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша салық органдарының бақылауды тағайындау туралы шешiмi (бұдан әрі - шешім) уәкiлеттi мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі осы баптың мақсатында - уәкілетті мемлекеттік органдар) қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады, онда мынадай деректемелер қамтылады:

      1) шешiмнiң салық органдарында тiркелген күнi мен нөмiрi;

      2) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрi;

      3) бақылау тағайындау негiздемесi;

      4) бақылауды жүзеге асыратын салық органдарының лауазымды адамдарының, сондай-ақ осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған басқа да мемлекеттік органдар мамандарының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң атын (олар болған жағдайда);

      5) бақылау жүргiзу мерзiмi;

      6) бақылау кезеңі;

      7) бақылау жүргізу мәселелері;

      8) уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiммен танысқаны және оны алғаны туралы белгiсi қамтылады.

      Шешім бақылау жүзеге асырыла басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есептер саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.

      2. Шешiмде көрсетiлген салық органдарының лауазымды адамдары, осы бапқа сәйкес бақылау жүргiзуге тартылған өзге де адамдар және уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауға қатысушылар болып табылады.

      Уәкiлеттi мемлекеттік органдар бақылауды жүзеге асырған кезде салық органдарына бақылау жасау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алуына, салық органдары лауазымды адамдарының салық салу объектілерін зерттеп тексеруге кiруiне жәрдем жасайды.

      Бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бақылауы салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердiң бір түрi бойынша және бірнеше түрi бойынша да бір мезгiлде жүргiзiлуi мүмкiн.

      Құжаттар мен мәліметтер алуға, сондай-ақ салық салынатын объектілерді зерттеп тексеруге кедергi жасалған кезде, салық органдарының лауазымды адамдарының бақылау жүргізу үшін кiруге жіберiлмегенi туралы акт жасалады.

      Салық органдарының лауазымды адамдарының бақылау жүргізу үшін кiруге жіберiлмегенi туралы актiге бақылау жүргізетін салық органының және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдары қол қояды. Көрсетiлген актiге қол қоюдан бас тартқан кезде уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.

      Уәкілетті мемлекеттік орган шешімнің данасын (көшірмесін) алған күн немесе уәкілетті мемлекеттік органның шешімінен бас тартуы туралы акт жасалған күн бақылау жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.

      Уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылау жүргiзетiн салық органының қызметкерi куәгерлердi (кемінде екеу) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте бас тарту туралы актiде:

      1) оның жасалған орны мен күнi;

      2) акт жасаған салық органының лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда);

      3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке куәлiгiнiң нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекенжайы;

      4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;

      5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.

      Уәкілетті мемлекеттік органның шешімді алудан бас тартуы салықтық бақылаудың күшін жоюға негіз болып табылмайды.

      3. Бақылау жүргiзу мерзiмi уәкiлеттi мемлекеттік органға бақылау тағайындау туралы шешiм тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Бақылау тағайындаған салық органы көрсетiлген мерзiмдi елу жұмыс күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.

      Уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жылына бір реттен жиі жүзеге асырылмайды.

      4. Бақылау жүргiзу мерзiмiнiң барысы уәкiлеттi мемлекеттік органға салық органының құжаттарды табыс ету туралы талаптарын тапсыру күнi мен уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылау жүргiзу кезiнде сұрау салынған құжаттарды табыс ету күнi арасындағы, сондай-ақ салық органының басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға сұрау салу жiберiлген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңiне тоқтатыла тұрады.

      5. Бақылау мерзiмiн тоқтата тұрған (қайта бастаған) кезде салық органдары уәкілетті мемлекеттік органдарға мынадай деректемелерді:

      1) бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның салық органында тiркелген күнi мен нөмiрiн;

      2) салық органының атауын;

      3) тексерiлетiн уәкiлеттi органның толық атауы және сәйкестендiру нөмiрiн;

      4) тоқтатыла тұрған (қайта басталған) бұйрықтың күні мен тіркелген нөмірін;

      5) бақылауды тоқтата тұру (қайта бастау) қажеттігінің негіздемесін;

      6) бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның тапсырылған және алынған күні туралы белгіні көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Бақылау мерзімін, кезеңін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) бақылауға қатысушылардың тізбесін өзгерту кезінде шешімге уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қосымша шешім ресімделеді.

      6. Бақылау аяқталған кезде салық органының лауазымды адамы:

      1) бақылау жүзеге асырылған жердi, бақылау актiсi жасалған күндi;

      2) салық органының атауын;

      3) бақылау жүргiзген салық органының лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);

      4) уәкiлеттi мемлекеттік органның толық атауын, сәйкестендiру нөмiрiн және мекенжайын;

      5) уәкiлеттi мемлекеттік орган басшысының және лауазымды адамдарының тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);

      6) олардың келiсiмiмен және қатысуымен бақылау жүргiзiлген уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда);

      7) алдыңғы бақылау және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәлiметтердi;

      8) жүргiзiлген тексеру нәтижелерiн;

      9) бақылау жүргізуге тартылған басқа да мемлекеттік органдардың мамандарының лауазымдарын, тектерiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын (олар болған жағдайда) көрсете отырып, бақылау актiсiн жасайды.

      7. Уәкілетті мемлекеттік орган бақылау актісінің данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылауды жүзеге асыратын салық органы қызметкерi куәгерлердi (екіден кем емес) тарта отырып, қол қоюдан бас тарту туралы акт жасайды. Бұл ретте қол қоюдан бас тарту туралы актiде:

      1) оның жасалған орны мен күнi;

      2) актіні жасаған салық органының лауазымды адамының тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);

      3) тартылған куәгерлердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, тұрғылықты жерi;

      4) шешімнің нөмiрi, күнi, уәкілетті мемлекеттік органның атауы, оның сәйкестендiру нөмiрi;

      5) шешім данасына қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетiледi.

      8. Бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар болған кезде, салық органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап қояды.

      Салық органының уәкiлеттi мемлекеттiк органға бақылау актiсiнде көрсетiлген соңғысының бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы қағаз жеткізгіште жiберген хабарламасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талап (бұдан әрi - талап) деп танылады. Талап нысанын уәкілетті орган белгiлейдi.

      Талапта:

      уәкiлеттi органның толық атауы;

      сәйкестендiру нөмiрi;

      талапты жiберу үшiн негiз;

      талап жiберiлген күн;

      уәкiлеттi мемлекеттік орган бюджетке өндiрiп алуға жататын сома көрсетiледi.

      Тексерілетін уәкiлеттi мемлекеттік органның бірiншi басшысына (бірiншi басшының орнындағы адамға) бақылау актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, талап өз қолын қойғызып не оны жiберу және алу фактісін растайтын өзге тәсiлмен жiберiлуге тиiс.

      Талапты уәкiлеттi мемлекеттік орган оны тапсырған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.

      9. Бақылау нәтижесi бойынша анықталған салық берешегi сомаларын өндiрiп алуды салық және бюджетке төленетін басқа мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы үшiн жауапты уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      10. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар салық және бюджетке төленетін төлемдердiң дұрыс есептелуi, толық өндiрiлiп алынуы және уақтылы аударылуы, сондай-ақ мәліметтердің салық органдарына дәйекті және уақтылы табыс етілуі үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      176-бап. Тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау

      Салық органдары:

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, сату және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;

      Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелген кезде;

      Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкеткен кезде тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      Тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу бойынша міндеттеме мынадай мерзімдерде:

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды өткізу, сату және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде - өткізу, сату және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей;

      тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезде:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан - тауарлар еркін айналысқа шығару күнінен кейінгі күннен кешіктірілмей;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннің алдындағы күннен кешіктірмей;

      Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкеткен кезде - өткізу, іске асыру және (немесе) тиеп-жөнелту бастаған күнінен кешіктірмей туындайды.

      Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу бойынша міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді.

4-БӨЛІМ. Тексеру нәтижелеріНЕ ЖӘНЕ салық органдары ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ 21-ТАРАУ. Тексеру нәтижелері ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

      177-бап. Жалпы ережелер

      1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі мен қарау осы Кодекстің 178 - 186-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      3. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.

      178-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі

      1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде салық қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.

      Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) алдын ала салықтық тексеру актісіне қарсылығын қараған салық органына жiберуге тиiс.

      Салық органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:

      1) өзi келу тәртібімен - салық органдары шағымды тіркеген күн;

      2) поштамен - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған салық органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.

      3. Жоғары тұрған салық органы шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке адамның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.

      Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке адамдарға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген адамдар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын адамдардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.

      Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

      4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін жоғары тұрған салық органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.

      5. Жоғары тұрған салық органына шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

      Салық төлеушінің (салық агентінің) тақырыптық тексеру жүргізуді тағайындалған күннен бастап ол аяқталғанға дейінгі кезеңде шағымды қайтарып алуды жүргізуге құқығы жоқ.

      179-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.

      2. Шағымда:

      1) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;

      2) шағым беретін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

      3) сәйкестендіру нөмірі;

      4) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;

      5) шағым беруші адам өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

      6) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;

      7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

      3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

      4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.

      5. Шағымға:

      1) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

      3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.

      180-бап. Шағымды қараудан бас тарту

      1. Уәкілетті орган:

      1) салық төлеуші (салық агенті) шағымын осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы осы Кодекстің 179-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген;

      4) салық төлеуші (салық агенті) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап-арыз берген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шағым тіркелген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады.

      Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 178-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

      181-бап. Жоғары тұрған салық органына жіберілген шағымды қарау тәртібі

      1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 183-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжделген шешiм шығарылады.

      2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 6650-бабында белгіленген тәртіппен қайта қосымша тексеру тағайындауға құқылы.

      3. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады.

      4. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган мұндай құжаттардың дұрыстығын осы Кодекстің 186-бабында белгіленген тәртіппен тағайындалатын тақырыптық және (немесе) қайта тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.

      5. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:

      1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) алдын ала салықтық тексеру актісіне қарсылығын қараған салық органына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салу жіберуге;

      2) мемлекеттік органдарға, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарына және осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де ұйымдарға сұрау салу жіберуге;

      3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге;

      4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан және салық төлеушiнің (салық агентiнің) алдын ала салықтық тексеру актісіне қарсылығын қараған салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.

      6. Уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

      182-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

      1. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау үшін уәкілетті орган Апелляциялық комиссия құрады.

      Апелляциялық комиссия туралы ережені және құрамын уәкілетті орган айқындайды.

      Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін есекере отырып, уәжделенген шешім шығарады.

      2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

      2) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе ішінара күші жойылсын.

      3. Шағым бойынша шешiм салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiбередi немесе қолын қойғызып тапсырады, ал көшiрмесiн салықтық тексеру жүргізген және салық төлеушiнің (салық агентiнің) алдын ала салықтық тексеру актісіне қарсылығын қараған салық органына жібередi.

      4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 114-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.

      5. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған салық органының шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.

      183-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту

      1. Осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

      1) тақырыптық және қайта тақырыптық тексеру жүргізгенде - осы Кодекстің 186-бабында белгіленген тәртіппен осындай тексерулер тағайындалған күннен бастап уәкілетті орган тексеру актісін алғаннан кейін он бес жұмыс күні өткен күнге дейінгі кезеңге;

      2) мемлекеттік органдардың, шет мемлекеттердің тиісті органдарының және осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де ұйымдарға сұрау салу жіберілгенде – осындай сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.

      2. Уәкілетті орган тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жолданған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша түрде хабардар етеді.

      3. Осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

      1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыру (толықтырулар) ұсынған жағдайда 15 жұмыс күніне ұзартылады.

      Бұл ретте, осы Кодекстің 181-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға келесі толықтыруларды берудің әрбір жағдайында, осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;

      2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған кезде – 90 жұмыс күніне дейін ұзартылады

      Осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама жібереді.

      184-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

      Уәкілетті органның шағымдарды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:

      1) шешім қабылданған күн;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жолданған уәкілетті органның атауы;

      3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;

      4) сәйкестендіру нөмірі;

      5) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;

      6) шағымның мәні;

      7) шағым бойынша шешім шығару кезінде уәкілетті орган басшылыққа алған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.

      185-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары

      Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым (арыз) беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.

      Уәкілетті органға шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы шағым бойынша шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Салық төлеуші (салық агенті) сотқа шағым (арыз) берген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым (арыз) берілген бөлігінде орындалуы соттың шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күнінен бастап сот актісі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      186-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

      1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.

      2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжаты тексерілуге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.

      Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалатын салықтық тексеру салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласында іске асыру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмайды.

      3. Тақырыптық тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органының осындай тексеру жүргізу туралы құжатын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

      4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарды тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде жоғары тұрған салық органы қайта тексеруді тағайындауға құқылы.

      5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық тексерудің және (немесе) қайта тақырыптық тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.

22-ТАРАУ. Салық органдары ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

      187-бап. Шағым жасау құқығы

      Салық төлеушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық органына немесе сотқа салық органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.

      188-бап. Шағым жасау тәртібі

      Салық органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасалады.

2. ЕРЕКШЕ БӨЛІМ 5-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

      189-бап. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түрлері

      1. Қазақстан Республикасында мынадай:

      1) салықтар:

      корпоративтік табыс салығы;

      жеке табыс салығы;

      қосылған құн салығы;

      акциздер;

      экспортқа рента салығы;

      жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары, жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық;

      әлеуметтік салық;

      көлік құралы салығы;

      жер салығы;

      мүлік салығы;

      ойын бизнесі салығы;

      тіркелген салық;

      бірыңғай жер салығы;

      2) бюджетке төленетін төлемдер:

      мемлекеттік баж;

      алымдар;

      мынадай:

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық;

      жер учаскесін пайдаланғаны үшін;

      жер бетіндегі көздерден алынатын су ресурстарын пайдаланғаны үшін;

      қоршаған ортаға эмиссия үшін;

      жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;

      орманды пайдаланғаны үшін;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;

      радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;

      қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;

      сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.

      2. Халықаралық шарттарды қолдану мақсаттары үшiн қосылған құн салығы, акциздер - жанама салықтар деп танылады.

      3. Салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің сомасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі.

23-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ

      190-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы

      1. Салықтық есепке алу - салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерді есептеу және салық есептілігін жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі.

      Жиынтық салықтық есепке алу - бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі жай серiктестiк нысанында осындай қызмет бойынша тұтастай түрінде және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу.

      2. Есепке алу құжаттамасы:

      1) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес оны жүргізу бойынша міндеттеме жүктелген тұлғалар үшін - бухгалтерлік құжаттаманы;

      2) тексерулердің стандартты файлы – аталған файлдарды ерікті түрде беретін тұлғалар үшін;

      3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін - бастапқы есепке алу құжаттарын;

      4) салықтық нысандарды;

      5) салықтық есепке алу саясатын;

      6) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттарды қамтиды.

      3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.

      4. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме жүктелмеген тұлғалар осы тарауға, осы Кодекстің 24-тарауына және уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді.

      5. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық есепке алуды дербес және (немесе) бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушыларды жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі арқылы ұйымдастырады және мыналарды:

      1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпараттың қалыптастырылуын;

      2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;

      3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;

      4) салықтық бақылау үшін салық органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын айқындайды.

      6. Салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің талаптарын сақтай отырып дербес әзірлеген және бекіткен салықтық есепке алу саясаты – құжатымен белгіленеді.

      Салықтық есепке алу саясаты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме жүктелмеген салық төлеушілердің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.

      7. Оңайлатылған декларация негізінде сондай-ақ бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын бекітеді.

      191-бап. Салықтық есепке алу саясатына қойылатын талаптар

      1. Салықтық есепке алу саясатында мынадай ережелер:

      1) салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлеген салық тіркелімдерінің нысандары мен жасалу тәртібі;

      2) салықтық есепке алу саясатының сақталуына жауапты адамдар лауазымдарының атауы;

      3) осы Кодексте осындай есепке алуды жүргізу жөніндегі міндет көзделген жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

      4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған жағдайда бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

      5) корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдап алған әдістері;

      6) хеджирленетiн операцияларды жүзеге асырған жағдайда хеджирленетін тәуекелдерді, хеджирленетін баптарды және оларға қатысты пайдаланылатын хеджирлеу құралдарын, хеджирлеу тиімділігінің дәрежесін бағалау әдістемесін айқындау саясаты;

      7) ислам бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асырған жағдайда ислам бағалы қағаздары бойынша кірістерді есепке алу саясаты;

      8) осы Кодекстiң 271-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тiркелген активтердiң әрбір кiшi тобы, тобы бойынша амортизация нормалары;

      9) қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi осы Кодекске сәйкес шот-фактураларды жазып берген жағдайда, осындай құрылымдық бөлiмшелердi сәйкестендiру үшiн шот-фактураларды нөмiрлегенде пайдаланылатын осындай құрылымдық бөлiмшелердiң әрқайсысының коды;

      10) шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлеуге қолданылатын цифрлардың ең үлкен саны көзделуге тиіс.

      Осы тармақтың 5), 9), 10) және 11) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме жүктелмеген тұлғаларға қолданылмайды.

      2. Бірлескен қызмет жөніндегі салықтық есепке алу саясатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша әзірлейді және бекітеді.

      3. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының және (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің әрбір түрі бойынша салық міндеттемесін орындауының осы Кодекстің 722-бабының 3-тармағына сәйкес таңдап алынған тәсілін қамтуға тиіс.

      4. Салықтық есепке алу саясатында белгіленген мынадай ережелердің күші бір күнтізбелік жылдан кем мерзімге қолданылады:

      бөлек салықтық есепке алудың жүргізілу тәртібі;

      корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың салық төлеуші таңдап алған әдістері;

      Қосылға құн салығын есепке жатқызудың салық төлеуші таңдап алған әдістерінің күші:

      қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі қосылған құн салығын есептеу мақсаттары үшін белгіленген бір салық кезеңінің кем, – осы Кодекстің 407-бабының 3-тармағында және осы Кодекстің 407-бабы 2-тармағынның 6) тармақшасында көзделген жағдайда;

      күші бір күнтізбелік жылдан кем емес мерзімде – қалған жағдайларда қолданылады.

      5. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) салықтық есепке алу саясатына өзгерісті және (немесе) толықтыруды мынадай:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген жаңа салықтық есепке алу саясатын немесе оның жаңа бөлімін бекіту;

      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген қолданыстағы салықтық есепке алу саясатына немесе оның қолданыстағы бөліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәсілдерінің бірімен жүзеге асырады.

      6. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:

      1) кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына;

      2) шағымдар берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

      7. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 259-бабының ережелерін қолдану туралы шешімді өзінің салықтық есепке алу саясатында көрсетуге міндетті.

      192-бап. Салықтық есепке алу ережесі

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті, оператор) салықтық есепке алуды осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда есепке жазу әдісі бойынша теңгемен жүргізуді жүзеге асырады.

      2. Есепке жазу әдісі - есепке алу әдісі, оған сәйкес операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері ақшаны немесе оның баламасын алған немесе төлеген күннен бастап емес, олардың жасалу фактісі бойынша, оның ішінде жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген, тауарлар мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген тұлғасына тиеп жіберілген және берілген күннен бастап танылады.

      3. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) салық кезеңінің қорытындылары бойынша салықтық есепке алу негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді анықтайды, бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерді есептейді.

      4. Салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу, оның ішінде бағамдық айырма сомасын айқындау халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Қорларды есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, салық салу мақсатында қорлардың құны оны өткізудің ықтимал таза құнына дейін есептен шығару жолымен қорлар құнының өзгеруін және өткізудің ықтимал таза құнының ұлғаюынан пайда болған, бұрын есептен шығару жүргізілген қорларға қатысты қалпына келтіруді есепке алмай айқындалады.

      193-бап. Есепке алу құжаттамасын жасауға және сақтауға қойылатын талаптар

      1. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) есепке алу құжаттамасын қазақ және (немесе) орыс тілінде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде жасайды.

      Шет тілдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы салық төлеушіден оларды қазақ немесе орыс тіліне аударуды талап етуге құқылы.

      2. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық нысанда жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген шот-фактураларды қоспағанда, осындай құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін табыс етуге міндетті.

      3. Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жататын есепке алу құжаттамасы салық төлеушіде салықтың немесе басқа да міндетті төлемнің әрбір түрі үшін осы Кодекстің 48-бабында белгіленген салық төлеушілердің санаттарына байланысты белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін, кемінде бес жыл сақталады.

      Есепке алу құжаттамасын сақтау мерзімі, егер оларға белгіленген сақтау мерзімі осы тармақта белгіленген мерзімінен асып кетсе, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай есепке алу құжаттамасының негізінде салық міндеттемесі есептелген кезеңнен кейінгі салық кезеңінен басталады.

      4. Салық төлеуші І-топтың, осы Кодекстің 258, 259, 260-баптарына сәйкес құрылған амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының тіркелген активтерінің, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша берілген (алынған) тіркелген активтерінің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осындай активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептелетін соңғы салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінен бастап бес жыл ішінде сақтайды.

      Салық төлеуші II, III және IV-топтардың тіркелген активтерінің, оның ішінде мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша берілген (алынған) тіркелген активтерінің құнын растайтын есепке алу құжаттамасын осындай актив тіркелген активтер тобының құндық балансына қосылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінен басталатын осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде, кемінде бес жыл сақталады.

      5. Салық салу мақсатында амортизацияға жатпайтын активтердің құнын растайтын есепке алу құжаттамасы салық төлеушіде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы болған салық кезеңінен басталатын салық төлеушілерде кемінде бес жыл сақталады.

      6. Салық төлеушіні қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның есепке алу құжаттамасын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына жүктеледі.

      194-бап. Заңды тұлғалардың бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қағидалары

      1. Бөлек салықтық есеп - салықтардың белгілі бір түрлерінің салық міндеттемесін бөлек есептеу мақсаты үшін мынадай санаттарға бөлінетін:

      қызметтің түрі немесе жиынтық түрлері;

      жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;

      рентабельділігі төмен, қоюлығы жоғары, су алған, шағын дебетті және игерілген санаттарына жатқызылған кен орындары (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін);

      сенімгерлікпен басқару шарты немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайлар;

      бірлескен қызмет туралы шарт;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу жөніндегі айналым;

      кірістің түрі;

      құрылыс объектісіне осы Кодексте оларға жалпыға бірдей белгіленгеннен гөрі, өзге салық салу шарттары көзделген салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алу.

      Жалпыға бірдей белгіленгеннен гөрі, өзге салық салу шарттарына, оның ішінде арнаулы салық режимiн қолдануды салық салудан босату салықтың сомасын азайту жатады.

      Салық төлеушінің осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу жөніндегі талаптары белгіленген бөлінетін санаттар бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсаты үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді біріктіруге құқығы жоқ.

      2. Салық төлеуші осы Кодексте көзделген жағдайларда, бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.

      Салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге бөлек салықтық есепке алуды:

      бірлескен қызмет туралы шарт бойынша бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі;

      мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлік басқарушысы жүргізуге міндетті.

      3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлға жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын кірістер пайда болған кезде, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режіміндегі салық міндеттемелерінен бөлек жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық міндеттемелерін есептеп шығару мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.

      4. Салық төлеуші салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін, оның ішінде жалпы кірістер мен шығыстар түрлерінің тізбесін, осындай кірістер мен шығыстарды осы Кодексте салық салудың әртүрлі шарттары белгіленген бөлінетін санаттармен өзге де қызмет түрлері арасында бөлу әдістерін дербес белгілейді.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 723-бабында көзделген тәртіппен келісімшарттан тыс қызметтен бөлек келісімшарттық қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатына орай салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.

      6. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға (келісімшарттық қызметке) жатпайды.

      7. Салық төлеуші бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.

      8. Салық міндеттемесін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде салық төлеуші:

      1) осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы талаптары белгіленген салықтарды есептеу үшін басқа да қызметтен бөлек әрбір бөлінетін санаттар бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алуда көрсетуді;

      2) осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы талаптары белгіленбеген тұтастай бүкіл қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеуді;

      3) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны, жеке табыс салығы бойынша декларацияны қоспағанда, тұтастай бүкіл қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің салық есептілігін табыс етуді;

      4) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимi қолданылатын кіріс түрлері бойынша – оңайлатылған декларацияны;

      тіркелген шегерімді пайдалана отырып, арнаулы салық режимi қолданылатын кіріс түрлері бойынша – тіркелген шегерімі бар декларацияны;

      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтен түсетін кірістер бойынша – біртұтас жер салығын төлеушілерге арналған декларацияны;

      кірістің өзге түрлері бойынша – корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны бөлек тапсыруды;

      5) тұтастай қызмет бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілмеген жағдайларда әрбір бөлінетін санат бойынша оған тиісті қосымшаларды табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті.

      195-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің жалпы қағидаттары

      1. Осы баптың мақсаттары үшін мынадай терминдер:

      1) тікелей табыстар мен шығыстар - нақты бөлінетін санаттар немесе басқа қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;

      2) жанама табыстар мен шығыстар - есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстары, оның ішінде бірнеше бөлінетін санаттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және осындай санаттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын;

      3) жалпы табыстар мен шығыстар - бөлінетін санаттар бойынша қызметті және басқа қызметті жүзеге асыруымен бір уақытта байланысты және олардың арасында бөлуге жататын жалпы тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;

      4) жалпы тіркелген активтер – бөлінетін санаттар бойынша қызметті және басқа қызметті жүзеге асыруымен бір уақытта байланысты және оларды пайдалану ерекшелігіне қарай нақты бөлінетін санаттар немесе басқа қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес тіркелген активтерді;

      5) жанама тіркелген активтер - пайдаланылу ерекшелігіне қарай бірнеше бөлінетін санаттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтерді білдіреді.

      2. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында салық төлеушінің барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.

      Салық төлеуші табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.

      Тікелей табыстар мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар бөлінетін санаттар қызметіне немесе басқа қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.

      Жалпы табыстар мен шығыстар бөлінетін санаттар қызметі мен басқа қызмет арасында бөлінуге жатады және тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол бөлінетін санаттардың және тиісті үлесімен басқа қызметтің табыстары мен шығыстарына жатады.

      Жанама табыстар мен шығыстар бөлінетін санаттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол санаттардың табыстары мен шығыстарына жатады.

      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлу осы баптың 4-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      3. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша бөлінетін санаттар мен басқа қызмет арасында салық төлеушінің осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация, бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады.

      Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осы Кодекстің 246-бабына сәйкес айқындалған осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.

      Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша салық төлеушінің бөлінетін санаттарына және басқа қызметіне жатқызылмайтын болса, бағамдық айырма бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.

      Жалпы немесе жанама шығыстар ретінде шегерімге жатқызылуға тиіс салықтар сол салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің өздері тиісінше бөлінбей, осы баптың 4-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінеді.

      4. Салық төлеуші әрбір бөлінетін санаттар мен басқа қызмет үшін жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлуді салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде қызмет ерекшелігін ескере отырып, оның ішінде:

      1) салық төлеуші салық кезеңі үшін алынған тікелей табыстардың жалпы сомасындағы әрбір бөлінетін санатқа және басқа қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;

      3) салық төлеуші салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы әрбір бөлінетін санатқа және басқа қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;

      4) мына баптардың бірі бойынша - салық төлеуші салық кезеңінде осы бап бойынша шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы әрбір бөлінетін санатқа және басқа қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша;

      5) салық төлеуші қызметкерлердің жалпы орташа тізімдік санына бөлінетін санатқа және басқа қызметіне қатысатын қыметкерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;

      6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.

      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің салық төлеуші айқындаған әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.

      Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін салық төлеуші үлесінің жүзден бірге дейінгі пайызымен (0,01%) айқындайды.

      5. Салық төлеушінің тұтастай қызметі бойынша корпорациялық табыс салығын есептеген кезде қандай да бір бөлінетін санаттар бойынша шеккен залалдары есептелмейді, салық төлеушінің оларды осы Кодекстің 300-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салық кезеңдерінде осындай бөлінетін санаттар бойынша қызметтен алған табыстарының есебінен өтеуге құқығы бар.

      196-бап. Қаржы лизингі

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру қаржы лизингі болып табылады.

      Лизинг нысаналарын қайталама лизингке және сублизингке беру де қаржы лизингі болып табылады.

      2. Егер лизинг шартында лизинг алушының қаржы лизингінің мерзімін ұзарту құқығы белгіленсе, онда қаржы лизингінің мерзімі іс жүзінде ұзарту жүзеге асырылған мерзімді ескере отырып айқындалады.

      3. Лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын лизинг нысанасы қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік болып табылады.

      Салық есебіне алу мақсаттары үшін лизинг алушы лизингті сатып алушы ретінде қаралады.

      Лизинг шарты негізінде айқындалатын лизинг нысанасы берілетін құны лизинг нысанасы (алынатын) құны болып табылады. Егер лизинг шартында лизинг нысанасы берілетін (алуға жататын) құны, қосылған құн салығын қоспағанда, бөлек көрсетілмесе, онда аталған құн лизингтің бүкiл мерзiмi iшiнде лизингтік төлемдердiң барлығының төлеуге жататын сомасы ретінде айқындалады.

      Салықтық есепке алу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лизингтің шартына сәйкес келмейтін мүліктік жалға алу шарты бойынша мүлікті беру қызметтерді көрсету ретінде, қосылған құн салығын қоспағанда, төлеуге жататын жалдамалық төлемдер тиісінше көрсетілген қызметтер төлемақысы ретінде қаралады.

      197-бап. Салық жеңілдіктерін қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру шарттары

      1. Осы Кодекстің 288-бабының 2-тармағы 1) тармақшасын және 398-бабын қолдану мақсаттары үшін мүлікті қаржы лизингіне беру осы бапта көзделген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      2. Егер осы бапта және осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:

      1) лизинг шартында мүліктің лизинг алушының меншігіне берілуі және (немесе) лизинг алушыға мүлікті тіркелген баға бойынша сатып алу құқығының берілуі белгіленсе;

      2) қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызмет мерзімінің 75 пайызынан асып кетсе;

      3) қаржы лизингінің бүкіл мерзімі үшін лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының 90 пайызынан асып кетсе, қаржы лизингі болып табылады.

      Қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (лизинг алушыларға) лизингке мынадай талаптарды бір мезгілде сақтай отырып беру танылады:

      бастапқы лизинг шартын бұзу, тоқтату не өзгерту күні мен қайталама лизинг шартын (шарттарын) жасасу күні осы Кодекстің 269-бабында белгіленген бір салық кезеңіне дәл келсе;

      лизинг заттарының санына, лизинг төлемдеріне және лизинг мерзіміне арналған талаптарды қоспағанда, бастапқы лизинг шартында көзделген талаптар қайталама лизинг шартында (шарттарында) сақталса;

      қайталама лизингке бастапқы лизинг шарты бойынша олардың жалпы санынан аспайтын мөлшерде лизинг заттары берілсе;

      егер қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг шарты бұзылған күнге есептелген бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының құнынан аспаса, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспаса;

      лизинг заттары қайталама лизингке кемінде үш жыл мерзімге берілсе.

      3. Осы Кодекстің 288-бабының 2-тармағы 1) тармақшасын және 398-бабын қолдану мақсаттары үшін мыналар:

      1) мынадай:

      лизинг алушы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылған;

      лизинг алушы - жеке тұлға соттың күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп жарияланған, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған І, ІІ-топтардағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ лизинг алушы - жеке тұлға қайтыс болған;

      лизинг алушыда өндіріп алуды қолдануға болатын мүліктің, оның ішінде ақшаның, бағалы қағаздардың немесе кірістің болмауына байланысты лизинг берушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін, оның ішінде ақшасын, бағалы қағаздарын немесе кірісін анықтау жөнінде сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;

      лизинг алушының мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе кірісіне лизинг берушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

      лизинг нысаналары қайталама лизингке берілген жағдайлардан басқа осындай шарттар жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг шарттары бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайдағы лизингтік мәмілелер;

      2) лизинг шарты қолданылуының бірінші жылында олар бойынша лизингтік төлемдер сомасы бойынша және сыйақыны есепке алмай (шарт бойынша және (немесе) іс жүзіндегі), лизинг нысанасы құнының 50 пайызынан астамын құрайтын лизингтік мәмілелер;

      3) лизинг алушыны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, лизинг шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг алушы өзгерген лизингтік мәмілелер;

      4) қайта құру арқылы оны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг беруші өзгерген лизингтік мәмілелер;

      5) мүлікті қосалқы лизингке беру жөніндегі мәмілелер қаржы лизингі болып табылмайды.

      198-бап. Бірлескен кәсіпкерлік қызмет кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бірлескен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы бапта көзделген тәртіппен есепке алынады және салық салынады.

      Бірлескен кәсіпкерлік қызмет туралы шарт (жай серіктестік нысанында) негізінде бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асырған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодекстің 80-бабында көзделген тәртіппен есепке алынады және салық салынады.

      Осы Кодекстің ерекше бөлігінде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге өзге де есепке алу тәртібін көздейтін, шаруа және фермер қожалықтарына қатысты арнайы салық режимдері белгіленуі мүмкін.

      2. Бірлескен жеке кәсіпкерлік қызмет шеңберіндегі қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ бірлескен жеке кәсіпкерлікте қолданылатын ортақ бірлескен меншікке қатысты:

      1) шаруа қожалығы нысанында бірлескен жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде – шаруа қожалығының басшысы;

      2) қалған жағдайларда – бірлескен жеке кәсіпкерліктің уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.

      3. Егер мерзімінде салық міндеттемесін орындамаған орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында мерзімінде көрсетілген тұлғаның салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданғаннан кейін, бірлескен дара кәсіпкерлік бойынша бар салық берешегі, осындай берешекті өтеу жөніндегі міндеттеме бірлескен дара кәсіпкерліктің барлық мүшелеріне тең үлестермен жүктеледі.

      Бұл ретте осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тұлға бірлескен дара кәсіпкерлік бойынша салық берешегінің болуы және осындай берешектің сомасы туралы мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану басталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бірлескен дара кәсіпкерліктің барлық мүшелеріне хабарлауға міндетті.

      199-бап. Бірлескен қызметті жүзеге асыру

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен қызметті жүргізу туралы уағдаластық не заңды тұлғаны құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа екі және одан да көп қатысушыларды көздейтін уағдаластық (бұдан әрі - бірлескен қызмет туралы шарт) болған жағдайда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер осы Кодексте белгіленген тәртіппен бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы бойынша тиісінше ескеріледі және оларға салықтар салынады.

      2. Бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, өзінің қатысу үлесіне қатысты салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды есепке алуды дербес жүргізеді.

      3. Бірлескен қызмет туралы шартта салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу тәртібі болмаған жағдайда, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар алғашқы салық есептілігін табыс еткенге дейін осындай тәртіп және бірлескен қызмет нәтижесінде туындайтын салық міндеттемесі көрсетілетін, бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатын әзірледі және бекітеді.

      4. Бірлескен қызмет туралы шартта бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, осындай қызмет немесе оның бөліктері бойынша салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты уәкілетті өкілі анықталуы мүмкін.

      5. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет немесе оның бөліктері бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды салық мақсатына орай осы уәкілетті өкілдің өзге қызметі бойынша активтерден, міндеттемелерден, табыстар мен шығыстардан бөлек есепке алады.

      6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі бірлескен қызмет туралы шартта көзделген тәртіппен әрбір салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады.

      Егер бірлескен қызмет туралы шарт талаптарында және (немесе) бірлескен қызмет бойынша салықтық есепке алу саясатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу тәртібі белгіленбесе, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар және (немесе) мұндай қатысушылардың уәкілетті өкілі көрсетілген бөлуді бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес қатысу үлестеріне барабар жүзеге асырады.

      Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін бірлескен қызмет бойынша активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар арасында бөлу нәтижелері жазбаша түрде ресімделуге, оларға бірлескен қызмет туралы шартқа барлық қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілі болған кезде ол қол қоюға, сондай-ақ мөрлермен бекітілуге (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайда олар болған кезде) тиіс. Активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу нәтижелері туралы құжатты бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушы құжаттық салықтық тексеру жүргізу кезінде салық органдарына табыс етеді.

      Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілінде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, олардың негізінде активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды бөлу жүзеге асырылған барлық құжаттардың көшірмелері болуға тиіс.

      200-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың бірлескен қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері

      1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) әрбір қатысушы салық төлеуші болады.

      2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы жай серiктестiк (консорциум) құрамындағы бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаларға тиесiлi болса, онда жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылар осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілін айқындауға міндетті.

      Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге міндетті.

      Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүзеге асырылған жағдайда осындай уәкілетті өкіл ретінде оператор танылады.

      Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілінің, оның ішінде оператордың өкілеттіктері осы Кодекстің 16 немесе 17-баптарының талаптарына сәйкес расталуы тиіс.

      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша салық міндеттемелерін орындауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) және (немесе) осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкілі жиынтық салық есебі деректерінің негізінде жүргізеді. Бұл ретте осы Кодекстің 722-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық есептілік нысандарын ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындауды жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушы (қатысушылар) дербес жүзеге асырады.

24-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІСІНЕ СӘЙКЕС БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУДІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖАСАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАЙТЫН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      201-бап. Жалпы ережелер

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепке алуды жүргізуі және салық міндеттемелерін айқындау және орындау тәртібі бөлігінде осы Кодекстің нормаларын қолдану мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) активтер - дара кәсiпкер бақылап отыратын, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн мүлік;

      2) бастапқы есепке алу құжаттары - салықтық есепке алуды жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжат жүзіндегі растамасы;

      3) биологиялық актив - ауыл шаруашылығы қызметінде пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік;

      4) капитал - дара кәсiпкердiң активтерінде барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiн қалатын үлес;

      5) материалдық емес актив - физикалық пішіні жоқ, өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған, сәйкестендірілетін ақшалай емес актив;

      6) мiндеттеме - дара кәсiпкердiң мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады;

      7) негізгі қаражат - материалдық активтер, олар:

      тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде өндірісте пайдалануға немесе әкімшілік мақсаттарға, оның ішінде басқа тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған;

      бір жылдан астам уақыт бойы пайдаланылуы болжанатын материалдық активтер;

      8) табыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң түсуі немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаның жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеледі;

      9) қорлар - сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте, әкімшілік мақсаттар үшін немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер.

      202-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары мен оларды жасау жөніндегі талаптар

      1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер бастапқы есепке алу құжаттарын қолданады, олардың нысандары мен жасау жөніндегі талаптарын уәкілетті орган бекітеді.

      2. Салық тіркеліміндегі жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      203-бап. Салықтық есепке алуды жүргізу ерекшеліктері

      1. Дара кәсіпкерлер шетел валютасымен жасалған операцияларды операция жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағамдық айырма салық салу мақсатында ескерілмейді.

      2. Салықтық есепке алуда қорлар оларды дара кәсіпкер не ол уәкілеттік берген тұлға алған кезде, оның ішінде оларды дара кәсіпкер құрамынан өзге де активтерді ауыстыру арқылы негізгі құралдарды бөлшектеу нәтижесінде өндіргеннен кейін өзіндік құны бойынша танылады.

      Қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге арналған шығындарды және оларды ағымдағы жай-күйіне жеткізу және ағымдағы орналасу орындарына дейін жеткізіп беру мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.

      Сатып алуға арналған шығындар импорт баждарын, салықтарды (өтелетіндерінен басқа), тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстарды және тікелей сатып алуға байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Өнім беруші ұсынған сауда жеңілдіктері, өнім берушінің төлемдерді қайтаруы және өзге де осыған ұқсас жеңілдіктер мен қайтарулар шығындарды айқындаған кезде шегеріп тасталады.

      Қорларды қайта өңдеу шығындары шикізатты дайын өнім етіп қайта өңдеумен тікелей байланысты шығындарды, оның ішінде еңбекке ақы төлеуге арналған тікелей шығындарды, сондай-ақ өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.

      Салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құны қорлардың осындай бірлігіне осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген нақты шығындар бойынша айқындалады.

      Дара кәсіпкер салықтық есепке алудың мақсаттары үшін қорлар бірлігінің өзіндік құнын орташа өлшемді құн әдісі бойынша айқындауға құқылы. Орташа өлшемді құн әдісі бойынша қорлардың өзіндік құны қорлардың кезең басындағы өзіндік құны мен кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) ұқсас қорлардың өзіндік құнының орташа мәні ретінде айқындалады. Бұл әдісті таңдауды дара кәсіпкер салықтық есепке алу саясатында көрсету арқылы жүзеге асырады.

      Тауарлар өндіруді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер қорларды олардың келіп түсуі мен шығып қалуы кезінде салық тіркелімдерінде ескереді, олардың нысанын дара кәсіпкерлер өздері әзірлейді.

      Қорлардың ішкі ауыстырылуы арқылы түсуі дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды. Қорлардың ішкі ауыстырылуы деп олардың дара кәсіпкер тағайындаған бір материалдық жауапты тұлғадан сол дара кәсіпкер тағайындаған басқа материалдық жауапты тұлғаға ауысуы түсініледі.

      Дара кәсіпкердің қорларды сақтауға немесе алыс-беріс шикізаты ретінде беруі салықтық есепке алу мақсаттары үшін қорлардың шығып қалуы болып табылмайды.

      Қорларды сақтауға алуды дара кәсіпкер сақтау шартының негізінде немесе егер дара кәсіпкер қорларды алған және осы қорларды берушілердің төлем талаптары шоттарының акцептінен және оларды төлеуден заңды негізде бас тартқан жағдайда, акцептен бас тарту туралы өтініштің негізінде жүзеге асырады. Осындай қорлардың құны дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды.

      Мыналар:

      1) актив ретінде тануды, оның ішінде қорларды басқа жаққа өткізген, өтемсіз берген, өндіріс процесінде, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде және басқа да мақсаттарда пайдаланған, жарғылық капиталға жарна ретінде берген кезде, айырбастаған кезде, түгендеу кезінде кемшіліктер анықталған, мүліктер ұрланған, бұзылған, сақтау мерзімдері өткен, моральдық тұрғыдан тозған және өзге де тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан кезде тануды тоқтату;

      2) активті қайта сыныптау, оның ішінде негізгі құралдардың, өзге де активтердің құрамына аудару қорлардың шығып қалуы болып табылады.

25-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ НЫСАНДАР

      204-бап. Салықтық нысандар және оларды жасау тәртібі

      1. Салықтық нысандар салық есептілігін, салықтық өтінішті және салық тіркелімдерін қамтиды.

      2. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) не оның өкілі салықтық нысандарды қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілінде жасайды, қолын қояды, куәландырады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөрімен не цифрлық қолтаңбасымен).

      205-бап. Салықтық нысандарды сақтау мерзімі

      1. Салықтық нысандар осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық төлеушіде (салық агентінде, операторда) сақталады.

      2. Салық төлеушіні, салық агентін, операторды - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның салықтық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.

§ 1. Салықтық өтініш, салық есептілігі

      206-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық есептілігі - осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында салық органына табыс ететін құжаты. Салықтық өтініштердің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

      2. Салық есептілігі - салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес табыс етілетін, салық төлеуші, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтері мен міндеттемелері туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.

      Салық есептiлiгi салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердiң түрлерi, әлеуметтiк төлемдер бойынша салық декларацияларын, есептеулерiн, оларға қосымшаларды, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтініштерді, жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды. Салық есептiлiгiнiң нысандарын және оларды жасау қағидаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.

      3. Салық есептілігі (активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда) мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні (салық агентін, операторды) тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) бюджетке төленетін салықтардың және төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстау мен аудару бойынша міндеттеме алғаш туындаған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі;

      2) кезекті есептілік - бастапқы салық есептілігі табыс етілгеннен кейін кейінгі салық кезеңдері үшін табыс ететін салық есептілігі;

      Осы Кодекстің 50-тарауының мақсаттарына орай тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;

      3) қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде табыс ететін салық есептілігі;

      4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде табыс ететін салық есептілігі;

      5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан, таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша табыс ететін салық есептілігі.

      207-бап. Салық есептілігін, оның ішінде жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жасау ерекшеліктері

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер (салық агенті, оператор) әрбір қызмет түрi бойынша бөлек салық есептілігiн жасайды.

      Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимінен жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауысқан жағдайда көрсетiлген күнтiзбелiк жылда:

      арнаулы салық режимiн;

      жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолданған кезеңi үшiн салық есептілігi жеке-жеке жасалады.

      2. Осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қажеттілігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртіппен салық есептілігін жасайды.

      3. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін тұлғалар жасайды.

      Жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушiнің орналасқан орны бойынша жасалады және есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.

      208-бап. Салықтық өтінішті, салық есептілігін табыс ету тәртібі

      1. Салықтық өтініш, салық есептілігі осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етіледі.

      2. Егер салық төлеуші (салық агенті, оператор) уәкілетті орган олар үшін салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген санаттарына жататын болса, онда мұндай жағдайда салық есептілігін өзі жатқызылған әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша табыс етуге тиіс.

      3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтық өтініш, салық есептілігі тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:

      1) өзі келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы (қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда);

      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы - қағаз жеткізгіште;

      3) ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда табыс етіледі.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп белгілейді.

      4. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі келу тәртібімен табыс етіледі.

      5. Уәкілетті орган арнайы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп салық есептілігін ұсынудың ерекше тәртібін және осындай есептілікті табыс ететін тұлғалардың тізбесін айқындайды.

      6. Салықтық өтініш, салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда, екі дана етіп табыс етіледі, салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) қайтарылады.

      7. Электрондық пішімінің құрылымы, электрондық нысанда жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету және осы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту:

      1) салықтық өтініш – ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей;

      2) салық есептілігі – салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      8. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті, оператор) салық органына қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша есептілікті қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.

      Аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі:

      1) салық төлеуші (салық агенті, оператор) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді өзгерткен;

      2) салық төлеуші (салық агенті, оператор) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарғанға дейін кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешімді өзгерткен;

      3) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайларда, салық кезеңі үшін кезекті салық есептілігіне теңестіріледі.

      Таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігі осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етіледі.

      9. Салық салу объектілері болмаған кезде:

      мүлік салығы;

      жер салығы;

      көлік құралдары салығы;

      экспортқа салынатын рента салығы;

      жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары

      бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық есептілігі табыс етілмейді.

      10. Акциз бойынша салықтық есептілікті табыс ету жөніндегі міндеттеме мынадай қызмет түрлерін:

      бензин (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын өндіруді;

      бензин (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек өткізуді;

      этиль спиртін және (немесе) алкоголь өнімдерін өндіруді;

      темекі өнімдерін өндіруді;

      осы Кодекстің 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акциздеуге жататын тауарларды өндіруді, жинауды (құрастыруды) жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.

      Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме (экспортқа өткізілген шикi мұнай, газ конденсатынан басқа) шикi мұнай, газ конденсаты бойынша салынатын операцияларды жүргізетін салық төлеушілерге қолданылады.

      Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.

      11. Декларацияларға, есеп айырысуларға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.

      209-бап. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын қабылдау

      1. Салық нысандары салық органдарына осы Кодексте және уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарында белгіленген мерзімде табыс етіледі.

      2. Салық нысандарын салық органдарына ұсыну күні оларды табыс ету тәсілдеріне қарай:

      1) келу тәртібінде табыс еткен кезде - салық органдарының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қабылдаған күні;

      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта бойынша табыс еткен кезде - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;

      3) электрондық нысанда табыс еткен кезде – жүйеде қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) жіберетін электрондық хабарламада көрсетілген салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.

      3. Салық органдарының жүйесімен салық есептілігін қабылдау және өңдеу кезінде оның толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын пішімді-логикалық бақылау жүргізіледі.

      4. Жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынғаны туралы ақпарат жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуының осы баптың 2-тармағында белгіленген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

      5. Салық нысандары, мынадай бір немесе бірнеше жағдайлар болған кезде:

      1) салық нысандары уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес келмесе;

      2) салық нысанында салық органының коды көрсетілмесе;

      3) салық нысанында сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;

      4) салық нысанында салық кезеңі көрсетілмесе;

      5) салық нысанында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жасаған күні көрсетілмесе;

      6) салық нысанында салық кезеңі көрсетілмесе;

      7) салық есептілігіне қол қойылмаса және (немесе) өзінің атауы жазылған мөрімен куәландырылмаса;

      8) салық есептілігі пішімді-логикалық бақылаудың салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінде өтпеген кезде "Өндеуден бас тартылды" өңдеу мәртебесі болса;

      9) табыс ету мерзімі ұзартылған салық есептілігі электрондың түрде табыс етілмесе;

      10) шот-фактуралар қағаз жеткізгіште алынған немесе жазып берілген жағдайда, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдерін қосылған құн салығы декларациясымен бірге бір мезгілде ұсынбаса;

      11) қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі салық органының шешімімен көрсетілген салық бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін келу тәртібімен табыс етілмесе, салық органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.

      210-бап. Салық есептілігiн керi қайтарып алу тәртібі

      1. Салық төлеуші (салық агентi, оператор) салық есептілігiн керi қайтарып алу үшін:

      1) өзінің тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.

      Салық органының коды қате көрсетілген салық есептiлiгiн өзгерту тәсілімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық өтiнiш осындай есептілікті табыс ету орны бойынша табыс етіледi;

      2) салық есептілігi - осы Кодекстің 208-бабы 2-тармағының шарттарын бұза отырып табыс етілген салық есептілігін жою жолымен кері қайтарып алған жағдайда салық органына салық есептілігін табыс етедi.

      Салық есептілігi көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептілігiнің барлық қосымша нысандарын ескере отырып, салық органының салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнен керi қайтарып алуына жатады.

      Салық есептілігiн керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бірiмен:

      1) салық есептілігiн қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан керi қайтарылатын салық есептілігi жойылатын жою әдiсiмен;

      2) бұрын табыс етiлген салық есептілігiне салық төлеушi (салық агентi, оператор) мәлiмдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгiзiлетiн өзгерту әдiсiмен жүргiзiледi.

      2. Жою әдісімен мынадай:

      1) салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;

      2) осы Кодекстiң 208-бабы 2-тармағының және 211-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып, табыс еткен;

      3) осындай салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттемесі болмаған кезде табыс еткен;

      4) осы Кодекстің 209-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етілмеген деп есептелетін;

      5) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бойыншаны қоспағанда, талап қою мерзімі өткеннен кейін табыс еткен салық есептілігiн кері қайтарып алу жүргізіледі.

      Салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша бюджетке төленетін салықтардың, төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.

      Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтінішті табыс етпеген жағдайда, салық органы салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) табыс етпеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салық есептілігін кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.

      3. Өзгерту әдiсiмен мынадай:

      1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

      3) резидент мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;

      4) салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;

      5) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;

      6) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;

      7) салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.

      Салық есептілігiн өзгерту әдiсiмен кері қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң, оператордың) жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, оларды кейіннен салық есептілігi бойынша жеке шотта көрсетіп, кері қайтарылатын салық есептілігiнде көрсетілген сомаларға түзету жасауды жүзеге асырады.

      4. Мынадай:

      1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердiң және әлеуметтiк төлемдердiң түрлерi бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде - тексерiлетiн салық кезеңiнiң;

      2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң;

      3) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бойынша табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.

      5. Кері қайтарып алу туралы мәлімет мынадай мерзімдерде:

      1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініші негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - осындай өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) салық органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімі негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарламаны орындау үшін көзделген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына жарияланады.

      6. Осы бап осы Кодекстің 458-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.

      211-бап. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      1. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      2. Қосымша салық есептілігінде:

      1) сомасы өзгертілген кезде салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігі мен іс жүзіндегі салық міндеттемесінде көрсетілген сома арасындағы айырма;

      2) қалған деректер өзгертілген кезде жаңа мән тиісті жолдар бойынша көрсетіледі.

      3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігiн табыс еткен кезде салық төлеушi (салық агентi, оператор) немесе камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органы анықтаған салықтың, төлемдердiң, әлеуметтік төлемдердiң сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгiзiлуге жатады.

      4. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші бойынша жүргізетін салықтық тексеру басталғанға дейін қосымша салық есептілігін табыс етуге жол беріледі.

      5. Мынадай:

      1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) - тексерілетін салық кезеңінің;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) шағымында көрсетілген бюджетке төленетін салықтар мен төлемдердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде;

      көлденең мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымға қарсылық беру және оны қарау мерзімі кезеңінде шағым жасалатын салық кезеңінің;

      3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлігінде;

      4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталған салық кезеңіндегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша - азайту жағына қарай;

      5) ағымдағы салық кезеңінде 20 қаңтардан кейін - алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

      6) ағымдағы салық кезеңінде 31 желтоқсаннан кейін - алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

      7) жеке тұлғаның декларацияны ұсынуы жөніндегі міндеттеме туындаған жыл басталғанға дейін Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған мәмілелер бойынша берешектерден, сондай-ақ сот шешімі бойынша танылған берешектерден басқа;

      дебитор немесе кредитор болып табылатын жеке тұлғалардың активтер және міндеттемелері туралы бірінші кезектегі немесе кезекті декларацияларында көрсетілетін берешектерден басқа;

      жеке тұлғамен арада туындаған қатынастар бойынша қалыптасқан, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектерін (дебиторлық берешекті) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектерін (кредиторлық берешекті) жеке тұлғалардың декларацияларында көрсету бөлігінде;

      8) бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімдерге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

      6. Заңды тұлға таратылған күнінен немесе дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған күнінен кейін, осындай таратылған (қызметі тоқтатылған) салық төлеушінің контрагенті болып табылатын салық төлеушінің корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелердің азаюына әкелетін, осындай таратылған (қызметі тоқтатылған) салық төлеушімен жасалған мәмілелер бойынша тиісті сомаларды көрсету бөлігінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салық есептілігіне (оның ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша тізілімдерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

      212-бап. Салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту

      1. Салық төлеуші (салық агенті, оператор) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін электрондық нысанда табыс еткен кезде оны табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы.

      2. Осы бапқа сәйкес салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту үшін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркеу есебінің орны бойынша салық органына, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жібереді.

      Салық есептілігін табыс ету үшін хабарламаны осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жібереді.

      Мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға хабарлама жіберілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті, операторы) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.

      3. Салық есептілігін табыс ету мерзімі мынадай:

      1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша - декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;

      2) бюджетке төленетін салықтың, төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге түрлері бойынша - декларацияны және (немесе) есеп айырысуды табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің төменгі деңгейіне ие салық төлеушілер үшін салықтардың өзге де төлемдері, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

      Мерзімін ұзарту корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп айырысуын табыс ету мерзіміне қолданылмайды.

      4. Мерзімін ұзарту бюджетке төленетін салықтарды, төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін өзгертпейді.

      5. Жеке тұлғалардың декларациялары бойынша мерзімін ұзарту құқығы салық органына мерзімін ұзарту туралы хабарлама жіберместен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге беріледі.

      Жеке тұлғалар декларацияларын әскери қызметшілердің ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызметті өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады.

      Әскери қызметшіні әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығару туралы бұйрықтың негізінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші мәртебесінен айырылған кезде жеке тұлға сол бойынша ұсыну мерзімі ұзартылған жеке тұлға декларациясын әскери бөлімнің тізімдерінен шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей ұсынады.

      6. Салық есептілігін табыс ету мерзімі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша жоғары тәуекел деңгейлері бар салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) қатысты ұзартылмайды.

      213-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің, операторының) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

      1. Салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) осы бапта белгіленген тәртіппен салықтық өтініш негізінде:

      1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;

      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға;

      3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар.

      Салық төлеуші (салық агенті, оператор) өзінің орналасқан жері бойынша салық органына:

      1) қызметті тоқтата тұру немесе қайта бастау немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, салықтық өтінішті табыс етеді.

      Салықтық өтініш:

      қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда - алдағы кезеңге;

      қызметті қайта бастау немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда - қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі;

      2) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда - салық кезеңінің басынан бастап салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салық есептілігін табыс етеді.

      Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі салықтық өтініш табыс етілгеннен кейін басталатын болса, онда осындай есептілікті табыс ету салықтық өтініш табыс етілетін күнге дейін жүргізіледі;

      3) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеуші (салық агенті, оператор) қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару мақсатында осындай тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

      Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзартуды қоса алғанда, осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзіменен аспауы тиіс. Мерзімін ұзарту жалпы мерзімді есепке ала отырып, салықтық өтініште көрсетілген кезеңге жүзеге асырылады.

      2. Салық органы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті.

      3. Тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезеңіне салық есептілігін табыс етпеуге негіз болып табылады.

      4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім салық төлеушіде (салық агентінде, операторда):

      1) өтініш берілген күні салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болған;

      2) мына:

      талап қою мерзімін ескере отырып, осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін;

      осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті табыс етпеу фактісінің;

      3) осы Кодекстің 91-бабына сәйкес салық органы әрекетсіз деп таныған фактісінің;

      4) салық органы жолдаған хабарламаларды орындамауы болған жағдайларда қабылданады.

      5. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тартылған жағдайда, салық есептілігі осы Кодексте белгіленген тәртіппен табыс етіледі.

      6. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) өзінің қызметін тоқтата тұру кезеңі ішінде қызметін қайта бастау фактілерін анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпей-ақ салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметі қайта басталған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.

      Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметін қайта бастау болып танылады.

      7. Осы баптың ережелері мына салық төлеушілерге:

      1) бірыңғай жер салығын төлеу негізінде, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;

      2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушілерге;

      2) ойын бизнесі салығын төлеушілерге;

      3) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға;

      4) арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша жоғары тәуекел деңгейлері бар салық төлеушіге (салық агентіне, операторға)

      5) мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.

      214-бап. Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

      1. Дара кәсіпкердің осы бапта белгіленген тәртіппен салықтық өтініш негізінде:

      1) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға;

      2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқығы бар.

      Қызметті тоқтата тұру немесе патент құнының есеп айырысуын табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, өзінің орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

      Салықтық өтініш:

      қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда - патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейінгі алдағы кезеңге;

      есеп айырысуды табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда - қызметті тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

      Есеп айырысуды табыс етуді тоқтата тұрудың жалпы мерзімі, оны ұзартуды қоса алғанда, есеп айырысуды табыс етуді тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап үш жылдан аспауға тиiс.

      2. Салық органы салықтық өтініш берілген күні есеп айырысуды ұсынуды тоқтата тұруды (ұзартуды, қайта бастауды) жүргізуге немесе есеп айырысуды ұсынуды тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті.

      3. Есеп айырысуды ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы мәліметтер осындай шешім қабылданған күннен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына жарияланады және салықтық өтініште көрсетілген кезеңіне есеп айырысуды табыс етпеуге негіз болып табылады.

      4. Есеп айырысуды табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту дара кәсіпкерде:

      1) өтініш берілген күні салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болған;

      2) талап қою мерзімін ескере отырып, осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеу фактісінің;

      3) салық органы жолдаған хабарламаларды орындамауы болған жағдайларда қабылданады.

      5. Дара кәсіпкер, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған болып танылады.

      6. Дара кәсіпкер қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге есеп айырысуды салық органдарына беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы.

      7. Табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде есеп айырысу табыс етілген кезде дара кәсіпкер осы есеп айырысуда көрсетілген қызметтің басталған күнінен қызметін қайта бастаған болып танылады.

      8. Патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салықтық өтінішті немесе кезекті есеп айырысуды табыс етпеген кезде, салық төлеуші осы Кодекстің 67-бабында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады.

      9. Дара кәсіпкердің өз қызметін тоқтата тұру кезеңінде қызметін қайта бастағаны фактілерін анықтаған жағдайда, салық органы дара кәсіпкерді жазбаша хабардар ете отырып, есеп айырысуды табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметті қайта бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды.

      Осы тармақтың мақсатында осы бапқа сәйкес қызметін тоқтата тұрған дара кәсіпкердің бюджетке төленетін салықтарды, төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы қызметті қайта бастау болып танылады.

      10. Осы баптың ережелері мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдеріне қолданылмайды.

§ 2. Салық тіркелімдері

      215-бап. Салық тіркелімдері

      1. Салық тіркелімі - салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 29-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсауы туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.

      Салық тіркелімдері осы Кодекстің 190-бабының 5-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.

      Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру салық салу мақсатына орай пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртіппен көрсету арқылы және салықтық есепке алу деректерінің салық кезеңдері арасындағы (оның ішінде нәтижелері бірнеше салық кезеңдері ішінде ескерілетін, кейінгі салық кезеңдерінде салық салу объектісінің мөлшеріне әсер ететін немесе бірқатар жылдарға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.

      Салық төлеуші (салық агенті) салық тіркелімдерін арнаулы нысандар түрінде жасайды. Уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдері нысандарын қоспағанда, осы баптың ережелерін ескере отырып, салық тіркелімдерінің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін салық төлеуші (салық агенті) дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.

      Салық тіркелімдерінде шаруашылық операцияларының көрсетілу дұрыстығын оларға қол қойған тұлғалар қамтамасыз етеді.

      2. Салық тіркелімдері:

      1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 56-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) дербес жасайтын салық тіркелімдерін;

      2) жасалу нысандары мен қағидаларын уәкілетті орган белгілейтін, салық төлеуші (салық агенті) жасайтын салық тіркелімдерін қамтиды.

      3. Салық тіркелімдері мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:

      1) тіркелімнің атауы;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

      3) тіркелім жасалған кезең;

      4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

      4. Уәкілетті орган:

      1) салық салудан босатуды, корпоративтік табыс салығы, инвестициялық салық преференциялары бойынша салық салынатын табысты азайтуды қолдану;

      2) тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) баланстық құндарын айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар;

      3) туынды қаржы құралдары;

      4) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомалары;

      5) қаржы лизингіне берілген мүлік жөніндегі;

      6) осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 8) - 10) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу жөніндегі;

      7) жазып берiлген және төлеуші алған қосылған құн салығының шот-фактуралары жөніндегі;

      8) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан, ауыл шаруашылғы кооперативінен және (немесе) заңды тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуын және оны өткізуін есепке алу жөніндегі;

      9) шығу және келу туризмі бөлігінде - туроператордың көрсетілетін қызметтері;

      10) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу жөніндегі, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау жөніндегі;

      11) қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауарлар қалдықтары түріндегі айналым;

      12) есепке жатқызылған қосылған құн салығының тауарлар қалдықтары;

      13) ауыл шаруашылығы кооперативі осы Кодекстің 699-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өз мүшелеріне тауарларды өткізу, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға, жалға беру бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.

      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

      5. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін уәкілетті орган:

      1) табыстарды есепке алу;

      2) сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді есепке алу;

      3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарынан жеке табыс салығын салу объектісін, сондай-ақ әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемдерді есепке алу бойынша;

      4) мыналар:

      қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;

      жер үсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі салықтық міндеттемелерді есепке алу;

      5) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу, сондай-ақ көрсетілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жұмсау бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы. Уәкілетті орган арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін ақшасыз есеп айырысуу арқылы алынатын кірістер есебі бойынша салық нысанын белгілеуге құқылы.

      6. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін уәкілетті орган:

      1) жеке практикамен айналысудан түскен табыстарды;

      2) осы Кодекстің 362, 363, 364 және 365-баптарында көзделген шығыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімдерінің нысандарын бекітеді.

      7. Экспедитор көлік экспедициясы шартының шеңберінде көрсетілетін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар туралы ақпараттарды ашу үшін, сондай-ақ осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнына салық тіркелімдерін жүргізеді, онда мынадай деректер:

      1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жұмысты, көрсетілетін қызметті тасымалдаушының және (немесе) ұсынушының жазып берген шот-фактурасының реттік нөмірі мен күні;

      2) жұмысты, көрсетілетін қызметті тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      3) жұмысты, көрсетілетін қызметті тасымалдаушының және (немесе) жеткізуші тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе атауы;

      4) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шот-фактурада көрсетілген, салық салынатын (салық салынбайтын) айналымының мөлшеріне қосылатын құны;

      5) "ҚҚС-сыз" көрсете отырып, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

      6) бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша экспедитордың айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуі тиіс.

      8. Салық тіркелімдері қағаз жеткізгіштерде жүргізілген жағдайда мұндай салық тіркелімдеріндегі қателерді түзету негізді болуға және енгізілген түзетулердің күні мен негіздемесі көрсетіле отырып, түзету енгізген жауапты адамның қолымен расталуға тиіс.

      9. Осы тармақтың екінші бөлігінде, сондай-ақ осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық тіркелімдері салықтық тексерулер жүргізу кезінде салық органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткізгіштерде және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын салық органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.

      Салық төлеуші салық мониторингі шеңберінде салық органдарының немесе оның лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық тіркелімдерін ұсынады.

      Салық төлеуші (салық агенті) салық тіркелімдерін электрондық нысанда жасаған кезде, салықтық тексеру барысында және салық мониторингі шеңберінде салық органдарының немесе оның лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық тіркелімдерін электрондық жеткізгіштерде және осындай салық тіркелімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште де табыс етуге міндетті, бұл көшірмелер басшының және салық төлеушінің (салық агентінің) осы салық тіркелімдерін жасау үшін жауапты адамдарының (адамының) қолтаңбаларымен, сондай-ақ салық төлеушіде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталуға тиіс.

      10. Тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін уәкілетті орган мыналарды есепке алу бойынша:

      1) қорларды;

      2) қызметкерлердің есептелген табыстары бойынша шығыстарды;

      2) тіркелген шегерім сомасын;

      3) төлем көзіне, сондай-ақ әлеуметтік салыққа және әлеуметтік төлемдерге салық салуға жататын жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын салу объектілерін есепке алу бойынша ақпаратты көрсетуге арналған салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.

      11. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық міндеттемелерін есепке алу бойынша салық тіркелімін қоспағанда, осы баптың 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган белгілеген салық тіркелімдерін бірыңғай жер салығын төлеушілер де жүргізуге міндетті.

6-БӨЛІМ. РЕЗИДЕНТТЕР МЕН БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРДІҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 26-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      216-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің табыстарына салық салудың негізгі принциптері

      1. Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарынан салықтар төлейдi.

      2. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстiң ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық төлейді.

      Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер Қазақстан Республикасында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетiн табыстардан да салық төлейді.

      3. Резиденттер мен бейрезиденттер Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді сондай-ақ осындай міндеттемелер туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді төлейді.

      217-бап. Резиденттер

      1. Мыналар:

      Қазақстан Республикасында тұрақты болатын;

      Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.

      2. Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады.

      3. Бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

      1) жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;

      2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;

      3) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында кез келген уақытта тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерінің тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан деп қарастырылады.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген:

      1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген адамдар, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелері;

      2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралдарының экипаж мүшелері;

      3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлімдердің, топтардың, контингенттердің немесе құрамалардың әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;

      4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтіндер;

      5) оқу, оның ішінде тағылымдамадан немесе практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқу, оның ішінде тағылымдамадан, практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өтудің кезеңі ішінде жүрген;

      6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудің немесе аталған жұмыстарды орындаудың кезеңі ішінде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемдерге қарамастан, резидент жеке тұлғалар деп танылады.

      5. Осы Кодекстің мақсатында:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған;

      тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады.

      Нақты органның (директорлар кеңесінің немесе сол сияқты органның) негізгі басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылданатын жиналысы өткізілетін орын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп танылады.

      218-бап. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау тәртібі

      1. Резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.

      2. Халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін осындай тұлға орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.

      Қазақстан Республикасының резиденттігін растау үшін халықаралық шарттарды қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге мақсаттарда тұлға, осындай тұлға тұрған жері, келуі (тұрғылықты жеру) бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органына, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті табыс етеді.

      Егер тұлға уәкілетті органға сатылы түрде тікелей бағынатын салық органында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген жағдайда, резиденттігін растауға арналған салықтық өтініш осындай салық органына табыс етіледі.

      Бұл ретте төменде көрсетілген тұлғалар салық органына резиденттігін растауға арналған салықтық өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) өзінің тиімді басқару орнының Қазақстан Республикасында орналасуы негізінде резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға - заңды тұлғаны тиімді басқару орнының (нақты басқару органы орналасқан жер) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (өткізілген орны көрсетіле отырып, директорлар кеңесінің немесе осы сияқты органның жалпы жиналысы хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау орнын растайтын өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) резидент болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы - жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы паспортының көшірмесін;

      3) резидент болып табылатын шетелдік және азаматтығы жоқ адам:

      шетел паспортының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің;

      Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (бар болса);

      Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.

      3. Резиденттігін растауға салықтық өтінішті қарау қорытындылары бойынша салық органы оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде:

      1) тұлғаға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты немесе шет мемлекеттің құзыретті органы белгіленген нысан бойынша оның резиденттігін растайтын құжатты береді.

      Электрондық құжат нысанында резиденттігін растайтын құжат берілген жағдайда, берілген күні осындай құжатты уәкілетті органның интернет – ресурсында орналастыру күні болып табылады;

      2) тұлғаның резиденттігін растауда бас тарту туралы негізделген шешім шығарады.

      Осы Кодекстің 217-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда тұлғаның резиденттігін растаудан бас тартады.

      4. Тұлғаның резиденттігін осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап ету мерзімі шегінде резиденттігін растауға салықтық өтініште көрсетілген кезең үшін расталады.

      ??? бапта белгіленген талап қою мерзімі шегінде, резиденттікті растауға арналған салықтық өтініште көрсетілген әрбір күнтізбелік жылға тұлғаның резиденттігі расталады.

      5. Резиденттігін растайтын құжат жоғалған жағдайда, осындай құжатты берген салық органы резидент өтінішті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның телнұсқасын береді.

      219-бап. Бейрезиденттер

      Осы Кодекстің мақсатында мыналар:

      1) осы Кодекстің 217-бабының ережелеріне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлға;

      2) осы Кодекстің 217-бабының ережелеріне қарамастан, қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруды тоқтату мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес бейрезидент болып танылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бейрезидент деп танылады.

      220-бап. Бейрезиденттiң тұрақты мекемесi

      1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп қызметін жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметін сол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мынадай қызмет орындарының бірі танылады:

      1) тауарларды өндіру, өңдеу, жинақтау, орау, буып-түю және (немесе) беру жүзеге асырылатын кез келген орын;

      2) кез келген басқару орны;

      3) жер қойнауын геологиялық зерттейтін, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруге дайындық жұмыстарын және (немесе) пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өңдеуді бақылау және (немесе) қадағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін кез келген орын;

      4) құбыржолға байланысты қызметті (оның ішінде бақылау немесе қадағалау) жүзеге асыратын кез келген орын;

      5) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, ретке келтiруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлiк немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын;

      6) егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, көрмелерге және жәрмеңкелерге арналған тауарларды өткізу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу орны;

      7) құрылыс қызметін және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуын қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсететін кез келген орын;

      8) осы баптың 6-тармағында аталған қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері;

      9) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында бейрезиденттің атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғаның орналасқан жері;

      10) шет мемлекеттің не мұндай бірлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейрезидентпен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан жері.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 1-тармағында көзделмеген қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау кезінде, егер мұндай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасының аумағында бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген келесі он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам жалғасатын болса, осындай мақсаттар үшін бейрезидент жалдаған қызметші немесе басқа персонал арқылы қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау орны тұрақты мекеме деп танылады.

      Осы бөлімнің мақсаты үшін өзара байланысты немесе өзара тәуелді келісімшарттар (шарттар) жобаларға байланысты деп танылады.

      Бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:

      1) мұндай келісімшарттар (шарттар) бойынша бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы қандай да бір салық агентіне немесе оның өзара байланысты тарапына бірдей немесе біртектес қызметтер (жұмыстар) көрсететін (орындайтын);

      2) бір келісімшарт (шарт) бойынша қызметтер көрсету (жұмыстар орындау) аяқталған күн мен басқа келісімшарт (шарт) жасалған күн арасындағы уақыт кезеңі келесі он екі айдан аспайтын келісімшарттар (шарттар) өзара байланысты келісімшарттар (шарттар) деп танылады.

      Бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы салық агентімен немесе оның өзара байланысты тарапымен жасаған келісімшарттар (шарттар) өзара тәуелді деп танылады, бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының олардың біреуі бойынша міндеттемелерін орындамауы мұндай бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының басқа келісімшарт (шарт) бойынша міндеттемелерді орындауына әсер етеді.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметiн тәуелдi агент (жеке немесе заңды тұлға) арқылы жүзеге асырса, онда мұндай бейрезидент тәуелдi агент ол үшiн жүзеге асыратын кез келген қызметке байланысты тұрақты мекемесi бар бейрезидент ретiнде қарастырылатын болады.

      Осы бөлімнің мақсаты үшін бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін жеке және заңды тұлға тәуелді агент деп танылады:

      1) шарттық қатынастар негізінде Қазақстан Республикасында бейрезиденттің мүдделерін білдіруге, оның ішінде қызметтерді көрсету (жұмыстарды орындау) туралы келісімшарт жасауда негізгі рөл орындайтын немесе атқаратын принципиалдың немесе агенттің тұлғасынан немесе меншік құқығының негізінде бейрезидентке тиесілі мүлікті меншік құқығына (пайдалану құқығына) беруге бейрезиденттің атынан және есебінен әрекет етуге және (немесе) белгілі бір заңды іс-әрекеттер жасауға уәкілеттік беріледі;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған қызметті, осындай агент бейрезиденттің атынан тікелей немесе артығымен әрекет ету жағдайларын қоспағанда, ол кеден өкілінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметі және өзге де брокерлік қызмет (сақтандыру брокерінің қызметін қоспағанда) шеңберінде жүзеге асырмайды;

      3) оның қызметі осы баптың 6-тармағында санамаланған қызмет түрлерімен шектелмейді.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған бейрезидент заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншiлес ұйым мен бейрезидент заңды тұлға арасында осы баптың 3-тармағының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындаса, бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылады.

      5. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген көрмелерде және жәрмеңкелерде өткізу кезінде, егер мұндай өткізу күнтізбелік он күннен астамға созылса, бейрезидент Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.

      6. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға дайындық немесе көмекшi сипаттағы, бейрезиденттiң негiзгi қызметiнің негізгі түрлерінің бір бөлігі болып табылмайтын бейрезиденттің қызметінің және үш жылдан аспайтын мынадай түрлері

      1) кез келген орынды бейрезидентке тиесiлi тауарды өткізбей, оларды сақтау және (немесе) көрсету мақсатында ғана пайдалану;

      2) тауарларды өткізбей, оларды сатып алу мақсатында ғана тұрақты қызмет орнын ұстау;

      3) тұрақты қызмет орнын, егер мұндай қызмет осы бейрезиденттiң негiзгi қызметi болып табылмаса, ақпарат жинау, өңдеу және (немесе) тарату, бейрезиденттiң өткізетін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін жарнамалау немесе олардың нарығын зерделеу үшiн ғана ұстау жатады.

      Бұл ретте дайындық немесе көмекшi сипаттағы қызмет үшінші тұлғалар үшін емес, бейрезиденттің өзі үшін жүзеге асырылуы тиіс.

      7. Заңды тұлғаға, оның iшiнде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын бейрезидентке Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезидент бір мезгiлде мынадай талаптарды орындаған кезде:

      1) егер мұндай персонал өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және соның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;

      2) шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезидент ұсынылған персоналдың жұмыс нәтижелерi үшін жауапты болмаса;

      3) бейрезиденттiң шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден салық кезеңінде алатын табысы бейрезиденттiң осындай персоналды ұсыну бойынша көрсетілген кезеңдегі шығындарының жалпы сомасының 10 пайызынан аспайтын болса, Қазақстан Республикасында мұндай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.

      Бұл ретте мұндай табыстың мөлшері салық кезеңі үшін шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызметті бейрезидент көрсеткен құны мен көрсетілген кезең үшін бейрезиденттiң шығындарының жалпы сомасының құны арасындағы оң айырмашылығы түрінде айқындалады.

      Шетелдiк персоналдың табыстарын қоса алғанда, осындай қызметтер көрсетуге арналған шығындардың сомасын растау үшiн бейрезидент Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған бастапқы құжаттарының көшірмелерін қызметтерді алушыға ұсынуы міндетті. Шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн бейрезиденттің табысына корпорациялық табыс салығын есептеу мақсаттары үшін осы тармақта белгіленген талаптарды орындаған кезде, бейрезиденттің мұндай қызметтері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде көрсетілген деп танылады.

      8. Бейрезиденттер қызметін Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жүзеге асырған жағдайда:

      1) мұндай шартқа әрбір қатысушының қызметі осы бапта белгіленген ережелерге сәйкес келген кезде тұрақты мекеме құрады;

      2) салық міндеттемесін орындауды мұндай шартқа әрбір қатысушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен дербес жүзеге асырады.

      9. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстiң 76-бабында белгiленген тәртiппен салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.

      Тұрақты мекеме құруға әкеп соқтыратын, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстің 76-бапта белгіленген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

      Бейрезиденттiң салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелмегенiне немесе әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өтпегенiне қарамастан, бейрезиденттiң қызметi Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталғаннан бастап жүзеге асыру басталғаннан осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.

      Егер бейрезидент бір салық органында тіркелуге жататын екі және одан да көп тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жағдайда, онда бейрезиденттің мұндай тұрақты мекемелерінің тобы бойынша жиынтық түрде бір тұрақты мекеме тіркелуге жатады.

      Егер бейрезиденттің осы баптың 2, 3, 5 немесе 7-тармақтарында көзделген қызмет түрлерінің бірін жүзеге асыратын тіркелген тұрақты мекемесі болса және ұқсас немесе осындай қызметті мұндай тұрақты мекеме тіркелген орыннан өзгеше орын бойынша жүзеге асырса, онда мұндай қызметті жүзеге асыру тұрақты мекеме құруға әкеп соғады және ұқсас немесе осындай қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап тіркелуге тиіс.

      Егер бейрезидент қызметін салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Осы бөліктің ережелері, егер бейрезидент салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алынып тасталған мұндай бейрезиденттің тұрақты мекемесінің сондай немесе соған ұқсас қызметі болып табылатын, осы баптың 2 және 5-тармақтарында аталған қызмет түрлерінің бірін жүзеге асырған жағдайда, қолданылады.

      10. Осы Кодекстi қолдану мақсатында бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi ретiнде:

      1) мыналарға:

      оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге;

      өз атынан Қазақстан Республикасында iс-әрекет жасауға өкiлеттiктер беруге;

      өткізу мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлар сатып алуға;

      Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған келiсiмшарттың (шарттың, келiсiмнiң) кез-келген бірiн жасасу;

      2) Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғамен алғашқы еңбек келісімшартын (шартын, келiсiмін) жасасу;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген еңбек келiсiмшартының (шарттың, келiсiмнiң) шарттарын орындау үшiн бейрезиденттiң жалдаған қызметкерінiң немесе өзге де персоналының Қазақстан Республикасына келуі;

      4) осы баптың 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға бейрезиденттің құқығын куәландыратын құжаттың күшіне енген күні танылады.

      Осы тармақтың бірнеше талаптары болған жағдайда, осы тармақта көрсетiлген күндердiң неғұрлым бұрынырағы Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыруды бастаған күн болып танылады.

      11. Егер бейрезидент қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы баптың 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын филиал немесе өкiлдiк арқылы қызметiн жүзеге асырған жағдайда, онда бейрезиденттiң мұндай филиалына немесе өкiлдiгiне осы Кодекстiң бейрезиденттiң тұрақты мекемесi үшiн көзделген ережелерi қолданылатын болады. Бұл ретте мұндай филиалдың немесе өкiлдiктің осы Кодекстің 672 - 674-тармақтарына сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруды болдырмау мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқықтары бар.

      221-бап. Өзара келiсу рәсiмi

      1. Резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы:

      1) егер уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің іс-әрекеті осындай халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға әкелетін немесе әкелсе, халықаралық шарттың ережелерін қолдану туралы мәселелені қарау үшін;

      2) резиденттілік мәртебесін айқындау үшін Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      2. Өтініште резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының талаптары негізделген мән-жайлар көрсетілуге тиіс. Өтінішке осы мән-жайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес табыс етілетін өтінішке резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте алынған (алуға жататын) табыстардың және (немесе) ұсталған салықтардың (олар ұсталған жағдайда) сомасын растайтын бухгалтерлік құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ нотариат куәландырған:

      1) жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетулерге немесе өзге мақсаттарға арналған келісімшарттардың (шарттардың, келісімдердің);

      2) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттарын және резидент заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен үзінді-көшірмелерін;

      3) осы Кодекстің 218-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса беруге міндетті.

      резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті осы тармақта көрсетілмеген өзге де құжаттарды табыс етуге құқылы.

      4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілген өтінішке резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса беруге міндетті.

      5. Уәкілетті орган резиденттен немесе Қазақстан Республикасының азаматынан өзара келісу рәсімін жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттарды жазбаша түрде табыс етуді талап етуге құқылы.

      6. Уәкілетті орган өтініш табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына мынадай:

      1) Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсімін жүргізуге осындай өтініш берген жағдайда өтініш табыс етілген;

      2) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеген жағдайларда өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімді жолдайды.

      Осы баптың 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша өтініштерді қараудан уәкілетті орган бас тартқан жағдайда резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы егер өздері жол берген бұзушылықтарды жойған жағдайда өтінішті қайта беруге құқылы.

      7. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн мерзімі ішінде оны қарайды.

      8. Уәкілетті орган өтінішті қараудың қортындысы бойынша:

      1) өзара келісім рәсімін өткізу жасаудан бас тарту туралы;

      2) өзара келісім рәсімін өткізу жасау туралы шешімдердің бірін шығарады.

      9. Уәкілетті орган:

      1) резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтінішінде көрсетілген негіздер Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес келмеген;

      2) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы дәйексіз ақпарат берген;

      3) өтініштерді қарау барысында резидент немесе Қазақстан Республикасы азаматы осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайларда өзара келісу рәсімін өткізу жасаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      Мұндай шешім резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына шешім шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      10. Өзара келісу рәсімін өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына осындай рәсімді жүргізу туралы сұрау салу жібереді.

      11. Уәкілетті орган резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының өтініші негізінде басталған шет мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу рәсіміне бастамашылық жасауды:

      1) резидент немесе Қазақстан Республикасының азаматы өзара келісу рәсіміне бастамашылық етуді тоқтату туралы өтініш беру;

      2) өзара келісу рәсіміне бастамашылық ету барысында резиденттің немесе Қазақстан Республикасы азаматының дәйексіз ақпарат беру;

      3) өтініштерді қарау барысында резидент немесе Қазақстан Республикасы азаматы осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеу фактісі анықталған жағдайларда тоқтатады.

      12. Уәкілетті орган резидентке немесе Қазақстан Республикасының азаматына өзара келісу рәсімін жүргізу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты, осындай шешім қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жібереді.

      13. Осы бапта белгіленген тәртіппен өткізілген өзара келісу рәсімінің қорытындысы, сондай-ақ шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы негізінде жүргізілген өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша шығарылған шешім салық органдарының орындауы үшін міндетті.

7-БӨЛІМ. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ 27-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      222-бап. Төлеушілер

      1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын бейрезидент заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

      2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 20-бөліміне сәйкес, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушылар және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар осы Кодекстің 20-бөлімінде белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, көрсетілген режим шеңберінде кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын және аванстық төлемдер есептейді.

      3. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салық төлеушілер осы Кодекстің 534, 544-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

      223-бап. Салық салу объектілері

      Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:

      1) салық салынатын табыс;

      2) төлем көзінен салық салынатын табыс;

      3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы.

28-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫС

      224-бап. Салық салынатын табыс

      1. Салық салынатын табыс осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табыс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Салық салынатын, сондай-ақ табыс бақыланатын шетел компаниясының немесе осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалған бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасын қамтиды.

§ 1. Жылдық жиынтық табыс

      225-бап. Жылдық жиынтық табыс

      1. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.

      Осы болімнің мақсаттары үшін резиденттердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістері деп төленген жеріне қарамастан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрлері танылады.

      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 651-бабында көрсетілген табыстардан тұрады.

      2. Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:

      1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

      2) акционердің алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлу кезінде немесе мүлікті пропорционалды бөлу жүзеге асырылатын акциялардың санына келетін жарғылық капиталдың мөлшерінде төленген жарғылық капиталды азайту кезіндегі бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің құны;

      3) қатысушының, құрылтайшының алатын (алған), оның ішінде заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлу кезінде немесе жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ мүлікті пропорционалды бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне келетін қатысу үлесін құрылтайшыға, қатысушыға немесе заңды тұлғаға оның бөлігін қайтару кезінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің құны, бірақ мүлікті бөлу оның пайдасына жүзеге асырылған қатысушы жүргізген жарғылық капиталға жарналарды сатып алу және (немесе) төлеуге арналған шығындардың сомасынан аспауы тиіс;

      4) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

      5) мүлікті беретін салық төлеуші үшін - өтеусіз негізде берілген мүліктің құны;

      6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы;

      7) егер мұндай тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өтеусіз алған тауардың құны;

      8) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;

      9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

      10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру;

      11) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс;

      12) ивестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде пайлық инвестициялық қор активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялар үшін - Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және мұндай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық табыстар;

      13) осы Кодекстің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарды алыс-беріс шикізатынан өндірген тұлға үшін - алыс-беріс шикізатынан өңделген өнім болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін осындай тұлғаның орындау есебінен алуға жататын (алынған) өтем сомасы;

      14) мемлекеттік мекемеден мемлекеттік кәсіпорын:

      шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілген негізгі құралдар;

      шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілетін негізгі құралдарды сатып алуға арналған ақша түрінде алған мүліктің құны;

      15) осы Кодекстің 234-бабында көзделген асып кетуді ескере отырып, ол болған кезде, осы Кодекстің 270-бабының 8-тармағына сәйкес топтардың құндық баланстарына азайту жүргізілген соманың шеңберінде алынған сақтандыру төлемі;

      16) мемлекет атынан алушы үшін - жер қойнауын пайдаланушыдан салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны (ақшалай мәні);

      17) есепке жазылған, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 258-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құру мақсаты үшін есепке алуға жататын сыйақы мөлшерінде - жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі мiндеттемесiн стратегиялық әріптесінің барлау кезеңінде есептен шығарудан коммерциялық табуға дейінгі кіріс;

      18) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен кіріс;

      19) жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақысы;

      20) осы Кодекстің 243-бабының 8-тармағына сәйкес алынған мүліктің оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің құны;

      21) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай құрылыс объектісінің құнын азайтатын сыйақыны алуға, төлеуге жататын (төленген) сыйақының шегінде, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай объектінің құнын арттыратын, алуға жататын (алынған) сыйақысы;

      22) жергілікті атқарушы органдардан электр беру ұйым меншігіне өтеусіз негізде қабылдаған, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған электр желілерінің құны.

      226-бап. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар

      1. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:

      1) өткізуден түсетін табыс;

      2) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табысы;

      3) құн өсімінен түсетін табыс;

      4) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;

      5) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

      6) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;

      7) осы Кодекстің 250-бабының 1, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;

      8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

      9) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;

      10) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;

      11) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;

      12) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

      13) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, танылған немесе борышкер таныған тұрақсыздық айыппұлдары (айыппұлдар, өсімпұлдар) және басқа санкция түрлері;

      14) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

      15) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;

      16) дивидендтер;

      17) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;

      18) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

      19) ұтыстар;

      20) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған кіріс;

      21) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс;

      22) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

      23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

      24) мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітіп берілген негізгі құралдардың амортизациясына байланысты халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес туындайтын табысы;

      25) осы тармақтың 1) - 24) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да табыстар енгізіледі.

      2. Егер табыстардың бірнеше баптарында сол бір табыстар көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.

      Егер осы Кодекстің 228 - 240-баптарында, 5, 6 параграфтарда өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаты үшін табысты тану, оны таныған күнді қоса алғанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Табысты қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану табысты осы Кодекске сәйкес анықтау және тану тәртібінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен есепке алынады.

      3. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актісі бойынша сенімгерлікпен басқарушы мен сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының жылдық жиынтық табысы осы Кодекстің 40, 42, 43, 44, 45-баптарының ережелерін ескере отырып айқындалады.

      4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 286 және 287-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар. Бұл ретте жылдық жиынтық табыс осы Кодекстің 286 және 287-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.

      227-бап. Өткізуден түсетін табыс

      1. Осы Кодекстiң 228 - 240-баптарына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгiзiлетiн табыстардан, сондай-ақ осы Кодекстiң 258-бабының 1-тармағында көрсетiлген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлiкте осы Кодекстiң 258-бабының 4-тармағында көрсетiлген табыстардан басқа, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi өткiзуден пайда болған табыстың сомасы өткізуден түсетiн табыс болып танылады.

      2. Өткізуден түскен табыс өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер құнының мөлшерінде, оған қосылған құн салығы және акциз сомасын қоспай айқындалады.

      3. Өткізуден түсетін табыс күнін тану қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.

      4. Қызметтер көрсетуден түсетін табысқа осы бөлімнің мақсатында, сондай-ақ:

      1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі табыс;

      2) мүлікті қаржы лизингіне беру бойынша сыйақылар түріндегі табыс;

      3) роялти;

      4) лизингтен басқа, мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түсетін табыс жатады.

      5. Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіпте өткізуден түсетін табыс түзетуге жатады.

      228-бап. Құн өсімінен түсетін табыс

      1. Құн өсімінен түсетін табыс:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;

      2) жарғылық капиталға салым ретінде амортизацияға жатпайтын активтерді беру;

      3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады.

      2. Осы баптың мақсатында амортизацияға жатпайтын активтерге:

      1) жер учаскелері;

      2) аяқталмаған құрылыс объектілері;

      3) орнатылмаған жабдық;

      4) табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайтын, бір жылдан астам қызмет мерзімі бар активтер, оның ішінде сату үшін көзделген ұзақ мерзімді активтер;

      5) осы Кодекстің 226-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген активтерге жатқызылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

      6) бағалы қағаздар;

      7) қатысу үлесі;

      8) инвестициялық алтын;

      9) 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;

      10) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер;

      11) осы Кодекстің 239-бабына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүлік жатады.

      3. Осы баптың 4, 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтер бойынша:

      1) өткізу кезінде – өткізу құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма;

      2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – жарғылық капитал салымының құны негізге алына отырып айқындалған активтің құны мен бастапқы құн арасындағы оң айырма;

      3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде – беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма әрбір актив бойынша өсім деп танылады.

      4. Борыштық бағалы қағаздар бойынша:

      1) өткізу кезінде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткізілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, өткізілу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма;

      2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - дисконттың амортизациясы және (немесе) берілген күнгі сыйлықақы ескеріле отырып, жарғылық капитал салымының құны негізге алына отырып айқындалған борыштық бағалы қағаз құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма;

      3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде - дисконттың амортизациясы және (немесе) шығып қалған күнгі сыйақы ескеріле отырып, беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн мен бастапқы құн арасындағы купон ескерілмеген оң айырма әрбір бағалы қағаз бойынша құн өсімі болып танылады.

      5. Осы баптың 2-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша құн өсімі әрбір актив бойынша:

      1) өткізу кезінде - өткізу құны мөлшерінде;

      2) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - жарғылық капиталға салым құны мөлшерінде;

      3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалу кезінде - беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген құн мөлшерінде айқындалады.

      6. Егер осы баптың 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны мынадай тәртіппен:

      сатып алу, өндіріс, құрылысқа арналған,

      немесе

      егер активтер жарғылық капитал салымы ретінде алынған жағдайда - жарғылық капитал салымының құны,

      немесе

      егер активтер қайта ұйымдастырудың нәтижесінде алынған жағдайда, беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген құн;

      немесе

      егер автивтер өтеусіз алынған болса,

      қосу

      немесе

      осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған құн түрінде жиынтық жылдық кіріске қосылған құн

      олардың құнын арттыратын, оның ішінде Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оларды сатып алғаннан кейінгі басқа да шығындар, мынадан:

      осы Кодекстің 264-бабының 2), 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес шегерiмдерге жатпайтын шығындардан (шығыстардан);

      амортизациялық аударымдардан өзге жиынтық шығындардан айқындалады.

      7. Бастапқы құны қатысу үлесі:

      оны сатып алуға, сатып алумен байланысты шығындар іс жүзіндегі шығындардың және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қатысу үлесінің құнын арттыратын жиынтық құны,

      немесе

      егер қатысу үлесі жарғылық капиталға салым ретінде алынған жағдайда – жарғылық капиталға салым құны,

      немесе

      егер қатысу үлесі қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жағдайда – беру актісіндегі немесе бөлу балансында көрсетілген құны;

      немесе

      егер қатысу үлесі өтеусіз алынған жағдайда – осы Кодекске сәйкес өтеусіз алынған мүлік құны түрінде жылдық жиынтық табысқа енгізілген құны болып табылады.

      8. Осы Кодекстің 239-бабына сәйкес әлеуметтік сала объектілеріне жатқызылған мүліктің бастапқы құны мұндай активтердің шығып қалған күнгі қайта бағалануы мен құнсыздануы есепке алынбаған баланстық құны болып табылады.

      9. Осы баптың мақсатында "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) бағалы қағаздарының бастапқы құны жарғылық капиталды арттыруға арналған іс жүзіндегі шығындарды ескере отырып осындай акцияларды және (немесе) бағалы қағаздарды сатып алудың бастапқы құны болып табылады.

      10. Осы баптың мақсатында жарғылық капитал салымының құны жарғылық капиталға салым ретінде берілген (алынған), қабылдап алу-беру актінде немесе активтерді қабылдау және беруді растайтын өзге де құжаттарда көрсетілген активтерді құны, бірақ актив берілген (алынған) төлем шотындағы жарғылық капитал салымының сомасынан көп емес құн оның құны болып табылады.

      11. Құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде – осындай активті өткізу;

      2) амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға үлес ретінде беру жүзеге асырылған салық кезеңінде – осындай активті жарғылық капиталға үлес ретінде беру;

      3) тарату салық есептілігі табыс етілген салық кезеңінде – бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтің шығып қалуы;

      4) бөлу балансы бекітілген салық кезеңінде – бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтің шығып қалуы кезінде танылады.

      12. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер осы Кодекстің 300-бабының 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, жылдық жиынтық табысқа қосылады.

      229-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс

      1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табысқа:

      1) кредиторлар оның орындалуы туралы талап қоюды тоқтатқан, салық төлеушiнiң мiндеттемелерiнің мөлшері;

      2) егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, салық төлеушi таратылған кезде тарату салықтық есептілігін табыс ету күніне кредитор талап етпеген мiндеттемелер мөлшері жатады.

      Осы Кодекске сәйкес салық төлеушіні тарату кезінде тарату салықтық тексеру жүргізу немесе камералдық бақылаудың нәтижесі бойынша қортынды беру көзделген жағдайда мұндай міндеттеменің мөлшері:

      салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес төлеуге жататын және осындай балансты бекіту күні аралық тарату балансында көрсетуге жататын (көрсетілген) міндеттеме сомасы (қосылған құн салығын қоспағанда), алу

      аралық тарату балансын бекіткен күннен бастап тарату салықтық тексеруді немесе камералдық бақылауды аяқтағанға дейінгі кезеңде қанағаттандырылатын, міндеттеме сомасы ретінде айқындалады.

      Тарату салықтық тексерудің нәтижесі бойынша салық органы көрсетілген кезең ішінде қанағаттандырылған міндеттеменің іс жүзіндегі сомасының негізінде міндеттеменің мөлшерін айқындайды. Мұндай міндеттеменің мөлшері салықтық тексеру актінде көрсетіледі.

      Камералдық бақылау нәтижесі бойынша салық органы көрсетілген кезең ішінде қанағаттандырылған міндеттеменің іс жүзіндегі сомасының негізінде міндеттеменің мөлшерін айқындайды және камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада:

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талап қою мерзiмi өткен салықтық кезеңдегі мiндеттемелердiң мөлшері;

      4) кредитордың заңды күшіне енген сот шешiмiнің негізінде талап етуге құқығы жоқ, орындау мiндеттемелерiнің мөлшері көрсетіледі.

      2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін табыс сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес:

      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда – талап қою тоқталыған күніне;

      осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімі өткен күніне;

      осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күніне төлеуге жататын міндеттемелер сомасына тең.

      3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.

      4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.

      5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа 2017 жылғы 1 қаңтарда "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің акцияларын және (немесе) өзге де бағалы қағаздарын тікелей немесе жанама түрде иеленген заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға байланысты туындаған берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.

      230-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыс

      1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 322-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.

      Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы Кодекстің 10-бөлімінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызылудан алып тастауға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

      2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс:

      1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

      2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

      3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;

      4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:

      сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;

      сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттемелер бойынша тауарды берген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде танылады.

      3. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 246-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, шегеруге жатпайтын кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыға таратылмайды.

      231-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары

      1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:

      1) сақтандыру сыйақылары (жарналары);

      2) еңбек сіңірілмеген сыйақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;

      3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдар құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін кірістер;

      5) осы Кодекстің 237-бабында көрсетілген табыстарды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге табыстар түріндегі табыстары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары деп танылады.

      2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде деп танылған осындай шарттарға қолданылмайды.

      3. Есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.

      4. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы деп танылады.

      Бұл ретте 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т * (А/Б), мұнда:

      Т – есепті салық кезеңінде алуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табыс;

      А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

      Б – шарт күшіне енген күннен бастап есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары.

      232-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 250-бабының 1, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:

      1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде есептілік және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

      2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде есептілік және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

      3) күтілетін кредиттер шығындарының бағасын өзгерту нәтижесінде есептілік және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.

      2. Осы Кодекстің 250-бабының 2-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:

      1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде есептілік және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

      2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, талап ету құқығын жаңарту, қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде есептілік және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

      3) күтілетін кредиттер шығындарының бағасын өзгерту нәтижесінде есептілік және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомалары;

      4) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2026 жылға келетін салық кезеңі ішіндегі банктің жылдық жиынтық табысына қосылады.

      3. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта белгіленген тәртіппен және шарттарда кешірілетін жағдайда, осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомаларын шегеруге құқығы бар банк есептілік және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түскен табыс деп танымайды.

      Осы тармақтың ережелері 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс берушілердің 90 пайыздан астам акциясы ұлттық басқарушы холдингке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға тиесілі, оған қатысты сот шешімімен қайта құру жүргізілген банкке қолданылады.

      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес оларға қарсы банк есептілік және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) құрған, мыналардан:

      негізгі борыш бойынша берешектен;

      2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы бойынша берешектерден тұратын кредит (қарыз) бойынша борышқа қолданылады.

      Осы тармақ бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

      1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;

      2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен (бекітілген) және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған (ұсынылатын) борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілсе;

      3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен (бекітілген) және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған (ұсынған) борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе;

      4) кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат болса:

      бейрезидентке берілген:

      шет мемлекеттің құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш;

      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап;

      борышкерде және банк алдында борышкермен бірге ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алынуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша қолданылған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқару құжатын аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты;

      шет мемлекет сотының борышты өндіріп алудан, кепілге қатысты жойылған құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы заңды күшіне енген шешімі;

      шет мемлекет сотының борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізудің аяқталуы туралы ұйғарымы;

      шет мемлекеттің құзыретті органының борышкерді немесе кепіл берушінің таратылуына байланысты заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы құжаты;

      резидентке берілген:

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды тұлғаға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз;

      банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат болса, кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру жағдайына қолданылады.

      Осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша:

      ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті негізгі борыш сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатқаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасын кешіру кезінде;

      талап ету құқығын басқаға беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға дисконтпен банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын беру кезінде, егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе банк не банктің мүдделерін білдіретін немесе осындай банктің мүдделерінде мүлікті басқару үшін шет мемлекеттің соты тағайындайтын тұлға арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса;

      банктің басқару органы мыналардың:

      Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің;

      кредиттің (қарыздың) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасының болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіне алмайтындығын құжаттық растаған жағдайда;

      борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы мен бағалаушы және борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, банктің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап ету құқығының нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борышының бір бөлігін кешірген кезде, егер:

      кредит (қарыз) берілген шартқа борышкер қол қойған, борышының қалған бөлігін (бұдан әрі – борыш қалдығын) өтеу шартымен борышының бір бөлігін кешіруді көздейтін өзгеріс болған;

      осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк:

      осы Кодекстің 232-бабының 1-тармағына сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табысты борыш қалдығы мөлшерінде таныған;

      табысқа осы Кодекстің 286 және 287-баптарында көзделген түзету жүргізбеген;

      борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаған жағдайда;

      5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюро және кредит тарихын қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген, кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса;

      6) кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса, соның негізінде осындай кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған болса;

      7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпараты болса, талап етілмейді.

      Бұл ретте кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлер тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша:

      1) кредит дерекнамасының нөмірі;

      2) кредиттің (қарыздың) берілген күні;

      3) қарыз алушының (қосалқы қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы;

      4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы мен негізгі борыш бойынша кешірілуге жататын шекті борыш сомасы көрсетіледі.

      Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, жұбайына (зайыбына) және банк жұмыскерінің жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.

      4. Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көзделген ережелер өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.

      5. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен борышкер-заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-идентификаттау нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;

      2) борышкер-жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болған деп жарияланған;

      3) борышкер-жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер-жеке тұлға қайтыс болған;

      4) осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;

      5) соттың борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

      6) борышкер-дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған;

      7) банктің, микроқаржылық ұйымның бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз, микроқарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банк, микроқаржылық ұйым басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз, микроқарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банк борышкерден алуға жататын кредит (қарыз, микроқарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарында көрсетілген заңды тұлғаларға банк, микроқаржылық ұйым кредит (қарыз, микроқарыз) бойынша талап ету құқықтарын беруі;

      8) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп айырысу мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салық кезеңінде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші бухгалтерлік есепте азайтқан;

      9) осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшері азайғанда. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;

      10) осы Кодекстiң 250-бабының 1-3-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшері азайғанда. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;

      11) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған, осы Кодекстiң 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредитке (қарызға) және ол бойынша сыйақыға байланысты үмітсіз берешекті кешірген жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде есептілік және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды.

      6. Есепті салық кезеңінің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған сақтандыру резервтерінің бұрын шегерімге жатқызылған мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.

      233-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:

      1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін – негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;

      2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін – салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен борышкерден талап ету құқығын басқаға берген күні алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.

      Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салық кезеңінде танылады.

      Егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі осындай мәміленің тарапы болып табылатын банктердің бірі – өзіне қатысты сот шешімімен қайта құру жүргізілген, дауыс берушілердің 90 пайыздан астам акциясы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. (үшінші бөлігінің қолданылу мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін).

      Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма егер мұндай талап ету құқығы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған банктен сатып алынған жағдайда, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. (үшінші бөлігінің қолданылу мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін).

      2. Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарында көзделген кредиттер (қарыздар, микроқарыздар) бойынша талап ету құқығын сатып алушы салық төлеушінің талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірісі болып табылады.

      Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс оң айырма туындаған/ артқан салық кезеңінде танылады. Бұл ретте бұрын алдыңғы салықтық кезеңде танылған оң айырма ескерілмейді.

      234-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс

      Егер осы Кодекстің 270-бабына сәйкес айқындалған кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің құны салық кезеңінің басындағы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салық кезеңінде түскен тіркелген активтер құны ескерілген құндық балансынан, сондай-ақ салық кезеңінде жұмсалған және осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағына сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа қосуға жатады. Осы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.

      Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс осы Кодекстің 270-бабына сәйкес мұндай активтердің шығып қалуы орын алған салық кезеңінде танылады.

      235-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндiруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс

      Егер осы Кодекстiң 258-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнiң басында салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiлген жеке топтың мөлшерiнен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.

      236-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін табыс

      Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңіне қалыптастырылған кен орындары салдарын жою қоры есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына қосуға жатады.

      Бұл ретте жылдық жиынтық табысқа қосуға жататын мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты осы Кодекстің 252-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жылдық жиынтық табысты түзету сомасына азайтылады.

      237-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар

      1. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтемақы түрiнде алынған табыстарға:

      1) бұрын шегерімге жатқызылған және кейiнгi салық кезеңдерiнде, оның ішінде мұндай талаптар құқығын басқаға беру жолымен өтелген, күмәндi деп танылған талаптар сомасы;

      2) мемлекеттiк бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома;

      3) осы Кодекстің 270-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе нұқсан келтірген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы;

      4) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады.

      Алынған өтемақы ол алынған салық кезеңiнiң табысы болып табылады.

      2. Жеке тұлға олар бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 288-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолданған оқыту шығыстарын өтеген болса, жеке тұлға мұндай өтеуді өзін оқыту аяқталған (еңбек шарты жасалған күнінен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған) салық кезеңін, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде жүргізген жағдайда, мұндай өтеу сомасы алдыңғы салық кезеңдерінің салық салынатын табысын азайтуға жатқызылған осындай шығыстар бөлігінде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.

      3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған сол салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына қосылады.

      238-бап. Өтеусіз алынған мүлік

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады.

      2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.

      3. Өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс мөлшерін айқындау мақсаты үшін өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша, бірақ беруші тараптың құжатында көрсетілген қосылған құн салығын ескере отырып. Осындай мүлікті қабылдап алу-беру актінде көрсетілген құннан төмен емес болып айқындалады.

      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады.

      239-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс

      Егер осындай табыстарды қоса, әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынуға жататын (алынған) табыстар жылдық жиынтық табыстың 5 пайызынан аспайтын болса, онда салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде жұмсалған шығыстардан асып кеткен осындай табыстар қосылады.

      2. Салық төлеушінің меншік құқығына тиесілі мүлік әлеуметтік сала объектісі болып табылады:

      1) қызметтің мына түрлерінің бірінде немесе бірнешеуінде пайдаланылатын:

      демалыс, көлік көтеруді ұйымдастыру саласындағы қызмет;

      ғылым, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер;

      медициналық қызмет;

      бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру саласындағы қызмет;

      2) тұрғын үй қорының объектілері.

      240-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс (залал)

      1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.

      Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залалды ауыстыру осы Кодекстің 300-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      241-бап. Жылдық жиынтық табысты түзету

      1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:

      1) 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі дивиденттерді төлеуші заңды тұлға бойынша тұтастай алғанда есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 50 және одан да көп пайызын құраса, азайту жүргізілген кезең үшін осындай дивиденттер есептелген жағдайда инвестициялық келісімшарт шеңберінде көзделген осындай азайтуды жүзеге асыратын, оның ішінде қызметі бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивиденттер;

      2) мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:

      дивидендтерді есептеу күніне салық төлеуші тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік етсе;

      технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының жарғылық капиталына қатысуы жиырма бес пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер;

      3) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

      4) тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті арттыруға бағытталған қаражат шегінде алған кепілдікті жарналар сомасы;

      5) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;

      6) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен төленген кепілдікті және өтемақы төлемдері бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;

      7) Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттары) құрылысы аяқталғаннан кейінгі төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;

      8) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар;

      9) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін арттыруға бағытталған инвестициялық табыстар;

      10) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін арттыруға бағытталған инвестициялық табыстар;

      11) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық табыстар;

      12) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;

      13) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

      14) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;

      15) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы;

      16) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;

      17) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған табыстар;

      18) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаны басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына арналған және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;

      19) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар;

      20) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алынған, сондай-ақ қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын тұрақсыздық айыбы түрінде алған табыстары алып тастауға жатады.

      Осы тармақшаның ережелері көрсетілген кірістер арнайы резервті арттыруға бағытталған жағдайда қолданылады;

      21) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың табысы;

      22) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегіндегі инвестициялық табыстары;

      23) осы Кодекстің 289-бабының белгіленген шарттарды сақтаған кезде, осы Кодекстің 289-бабының 2-тармағында көзделген коммерциялық ұйымдардың табысы алып тастауға жатады.

      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу үшін ғана нысаналы аударым түрінде бюджеттен алған кірісі алып тастауға жатады.

      Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымдарының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысына қосылған және бас банкке аударылған табыстары алып тасталады.

      Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

      Банктің жылдық жиынтық табысынан екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан кредиттер (қарыздар) бойынша осындай ұйым бұрын басқаға берген талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқығын беруден түсетін кірістер алып тасталады.

      2. Жылдық жиынтық табыстан:

      1) егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтін;

      2) егер 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі дивиденттерді төлеуші заңды тұлға бойынша тұтастай алғанда есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 50 және одан да көп пайызын құраса, азайту жүргізілген кезең үшін осындай дивиденттер есептелген жағдайда инвестициялық келісімшарт шеңберінде көзделген осындай азайтуды жүзеге асыратын, оның ішінде қызметі бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін дивиденттер алып тастауға жатпайды.

      3. Запастарды бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады.

      Салық төлеушi запастарды бағалаудың өзге әдiсiне ауысуды салық кезеңiнің басынан бастап жүргiзедi.

§ 2. Шегерімдер

      242-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, осы бапта және осы Кодекстің 243 - 263-баптарында белгіленген ережелерді ескере отырып, салық төлеушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын кірісті айқындау кезiнде шегерiмге жатады.

      Осы тармақтың ережелері салық төлеушінің Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде шеккен шығыстарына қолданылады.

      Салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға жұмсаған шығындары және капитал сипатындағы басқа да шығындар осы Кодекстің 265 - 276-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылады.

      2. Осы Кодекске сәйкес тұрақты мекеме арқылы шет мемлекетте қызметтік жүзеге асырумен байланысты салық төлеушінің шығыстары шегеруге жатады.

      Заңды тұлға-резиденттің шет мемлекеттегі тұрақты мекемесінің салық салынатын кірісін айқындау кезінде осындай шет мемлекеттің салық заңнамасының немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес осындай салық салынатын кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де көтерген басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарды шегеруге жол беріледі.

      Басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстардың сомасы осындай шет мемлекеттің салық заңнамасында көзделген тәртіппен көздерінен заңды тұлға-резидент кіріс алған шет мемлекетте шегеруге жатады.

      Егер заңды тұлға-резидент көздерінен кіріс алған шет мемлекеттің салық заңнамасымен немесе халықаралық шартпен басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарды шегеруге жол берілетін, алайда бұл ретте шет мемлекеттің салық заңнамасында мұндай шығыстарды шегеруге жатқызу тәртібі көзделмейтін жағдайда салық төлеуші-резидент осы Кодекстің 662-665 баптарында көзделген тәртіппен басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарды көрсетілген шет мемлекетте шегеруге жатқызады.

      3. Шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде іс жүзінде жүргізілген шығыстар бойынша жүргiзедi.

      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақта кезеңдердің шығыстары, олар қатысты болатын салық кезеңiнде шегерiмге жатады.

      4. Егер осы бапта және осы Кодекстің 243 - 263-баптарында өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаты үшін оларды тану күнін қоса шығыстарды тану Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шығыстарды тану тәртібі осы Кодекске сәйкес шегерімдерді айқындау тәртібінен басқаша болған жағдайда, көрсетілген шығыстар осы Кодексте белгіленген тәртіпте салық салу мақсаты үшін ескеріледі.

      5. Егер осы Кодекстің 192-бабының 4-тармағында өзгеше көзделмесе, төлеуге жататын (төленген) шығындардан басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын қолдану кезінде активтер және (немесе) міндеттер құнының өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есепте туындайтын шығын салық салу мақсатындағы шығын ретінде қаралмайды.

      6. Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бiрнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп айырысуы кезiнде бiр-ақ рет шегерiледi.

      7. Салық төлеушінің осы Кодекстің 286 және 287-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуді жүзеге асырады. Бұл ретте шегерімдердің сомасы осы Кодекстің 286 және 287-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.

      243-бап. Шығыстардың жекелеген түрлері бойынша шегерім

      1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы шегерiмге жатады.

      Реттелетін қызметтерді (тауарлар, жұмыстар) ұсыну мақсатында табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген нормалар шегiнде (шекті деңгей) және (немесе) шектеулерді ескере отырып, шегерiмге жатады.

      3. Салық төлеушінің бұрын шегерімге жатқызылмаған тауарлардың баланстық құны мөлшеріндегі шығыстары, жойылуына немесе жоғалуына байланысты немесе сақтандыру жағдайы басталған кезде залал келтірген тұлғадан немес сақтандыру ұйымынан алынған шағынды өтеу, оның ішінде сақтандыру төлемі түріндегі сомасы, шығынды өтеу сомасын алу күніне келетін кезеңде алынған өтемақы сомасы шегінде шегерімге жатады.

      Осы бөлімнің мақсаттары үшін:

      тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, оның нәтижесінде осы тауарды табыс алу үшін бағытталған қызметте пайдалану мүмкін емес;

      нәтижесінде тауарлардың жойылуын немесе жоғалуна әкеп соққан оқиға тауардың жоғалуы деп ұғынылады. Салық төлеуші табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде шеккен тауар ысырабы жоғалту болып табылмайды.

      4. Салық төлеушінің келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Pecпубликасының заңнамаларына көзделген жағдайларда, медициналық пункттерді ұйымдастыру бойынша ұстауға немесе қызмет көрсетуге арналған қызметкерлердi міндетті түрде (еңбек қызметi iшiнде) медициналық байқаулардан және ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі медициналық куәландырудан (байқаудан) өткiзуге арналған шығыстары шегерімге жатады.

      5. Салық төлеушінің Қазақстан Pecпубликасының еңбек заңнамасына еңбек, ұжымдық шарттарына немесе жұмыс берушінің актілеріне сәйкес еңбек қауiпсiздігінің, еңбекті қорғау және еңбек гигиенасының талаптарына, оның ішінде қызметкерлердің арнайы жабдықталған орында демалу және тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларымен қызметкерлерді қамтамасыз ету жөніндегі шығыстары шегерімге жатады.

      6. Салық төлеушінің қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстары шегерімге жатқызуға жатады.

      7. Егер осы Кодекстің 246, 264-баптарында өзгеше белгіленбесе, қойылған немесе танылған тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) шегерімге жатады.

      8. Егер мәміле шартында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер ретінде кепілдікті табыс етуі көзделген жағдайда, онда мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі ішінде жүргізілген салық төлеушінің өткізілген тауарлардағы, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтердегі кемшіліктерді жою бойынша іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызуға жатады.

      9. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, сатып алынған тауарлар, жұмыс, қызмет құнында қосылған құн салығы бойынша мынадай шығындар:

      осы Кодекстің 402-бабының 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылмаған қосылған құн салығы;

      408, 409, 410-баптарға сәйкес есепке жатқызуға рұқсат берілмеген қосылған құн салығы;

      осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда азайтылу жағына қарай есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы ескеріледі.

      Қосылған құн салығын төлеуші:

      1) егер бухгалтерлік есепте осындай салық сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер құнында ескерілмеген болса, осы Кодекстің 408-бабына сәйкес пропорционалды әдіс қолданылған кезде есепке жатқызуға рұқсат берілмеген қосылған құн салығы;

      2) кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылған, бекітілген активтер, запастар, жұмыстар, қызметтер бойынша осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда азайтылу жағына қарай есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету;

      3) амортизацияға жатпайтын активтердің жарғылық капиталына салым ретінде берілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайларда есепке жатқызылған қосылған құн салығының азайтылған сомаларын шегерімге жатқызуға құқығы бар.

      Осы Кодекстің 408-бабына сәйкес есепке жатқызудың пропорционалды әдісі қолданылған кезде есепке жатқызуға рұқсат берілмеген қосылған құн салығы туындайтын салық кезеңінде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шегерім жүргізіледі.

      Есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету жүргізілетін салық кезеңінде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген шегерім жүргізіледі.

      Амортизацияға жатпайтын активтер бойынша осы Кодекстің 404-бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда азайтылу жағына қарай есепке жатқызылған қосылған құн салығын түзету сомасы осы Кодекстің 228-бабы 6-тармағына сәйкес ескеріледі.

      Егер корпоративтік табыс салығын төлеуші жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімдерді бөлу туралы келісім (келісім-шарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын және қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттерді орындау осы Кодекстің 426-бабы 3-тармағына сәйкес операторға жүктелген жер қойнауын пайдаланушы болып табылса, онда декларацияның деректері бойынша оператордың қосылған құн салығы бойынша көрсетілген жер қойнауын пайдаланушының үлесіне тиесілі мөлшерде осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген қосылған құн салығы шегерімге жатады.

      Осы баптың ережелері осы Кодекстің 258-бабы 3-тармағына сәйкес құны шегерімге жататын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.

      10. Салық төлеуші:

      1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамаларына сәйкес тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын республикалық бюджет туралы заңда жыл ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік санының негізінде бір жұмыскерге белгіленген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде дара кәсіпкерлер субъектілерінің бірлестігі;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен міндетті мүшелік жарналар мөлшерінің шегінен аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төлеген, дара кәсіпкерлер субъектерінің мүшелік жарнасы шегерімге жатады.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.

      12. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар, есептеулер бойынша:

      1) есепті салықтық кезеңде – есепті салықтық кезең және (немесе) салықтық кезең үшін, алдыңғы салық кезеңдері үшін есептелгендер және (немесе) аударылғандар шегіндегі;

      2) алдыңғы есептік салық кезеңдегі салықтық кезеңдерде – есептік салық кезең үшін есептелгендер және (немесе) аударылғандар шегіндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.

      13. Егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселік мөлшерінен аспаған жағдайда, осындай тауарды беру жүзеге асырылған салықтық кезеңде жарнамалық мақсатта өтеусіз (оның ішінде сыйлық түрінде) берілген тауардың құны шегерімге жатқызуға жатады.

      14. Энергия беруші ұйымдар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын субъектілерге өтеусіз көрсететін электр энергиясын беруші ұйым шеккен шығыстар шегерімге жатады.

      15. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тіркелген лицензиялық немесе қосарлы лицензиялық шарт (келісім) негізінде тауарды өндіруге және (немесе) өткізуге құқылы салық төлеуші оған меншік құқығы барлығына қарамастан, осындай тауарды қолдауға және (немесе) көлемін арттыруға бағытталған қызметтер бойынша шығыстарды шегеруге жатқызады.

      244-бап. Қызметтік іссапарлар және салық төлеушінің басқару органы мүшелерінің сапары кезінде өтемақылар сомасының шегерімі

      1. Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар бойынша мынадай шығыстар:

      1) бронь үшін шығыстарға төлемді қоса алғанда, жол жүру мен броньға шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде іссапар орнына және кері жол жүру шығыстары. Жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, жол жүру мен броньнің шығыстарын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты;

      электрондық билеттің құнын, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат;

      жол жүру фактісін растайтын (оның ішінде отырғыз талоны), тасымалдаушы немесе электрондық билет немесе электрондық жол жүру сатып алған тұлға берген, қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрдегі электрондық билет немесе электрондық жол жүру құжаты.

      Мұндай шығыстарға бір елді мекеннің шегінде жол жүру бойынша шығыстар жатпайды;

      2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болу уақыты ішінде қызметкердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерлерде тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар. Мұндай шығыстарға, оның ішінде іссапарға жіберілген қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыз күндері үшін (іссапарға жіберілген қызметкер стационарлық емделуде болған жағдайлардан басқа) тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар кіреді;

      3) іссапарға жіберілген қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыз күндерін қоса, қызметкерге iссапарда болған уақытта салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тәулікақы;

      4) осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде салық төлеуші келу визасын ресімдеген кезде жүргізген шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны) шегерiмге жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағының мақсатында:

      1) қызметкерді іссапарға жіберу туралы жұмыс берушінің бұйрығында немесе жазбаша өкімінде көрсетілген межелі, қызметкер еңбек міндетін орындайтын, оны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау жүзеге асырылатын жер, іссапарға жіберілген жер болып табылады;

      2) іссапарда болу уақыты:

      жұмыс берушінің қызметкерді іссапарға жіберу туралы бұйрығының немесе жазбаша өкімінің;

      кету және келу күнін қоса, жол жүруін растайтын құжатта көрсетілген іссапарда болу орнына кету және кері қайтып келу күнінің негізінде іссапарда болу күнінің саны айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде іссапарда болу күнінің саны салық төлеушінің салықтық есеп саясаты көзделген, іссапарда болу орнына кету күніні және (немесе) кері қайтып келу күнін растайтын басқа құжаттардың негізінде айқындалады.

      3. Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыдан басқа, өздеріне жүктелген басқарушылық міндеттерін орындауға байланысты шеккен, жоғары басқару органы болып табылмайтын, салық төлеушінің директорлар кеңесі немесе өзге басқару органы мүшелерінің сапары кезіндегі өтемақы бойынша мынадай шығыстар:

      басқарушылық міндеттерін орындау орнына және кері жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, жол жүру мен броньнің шығыстарын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты;

      электрондық билеттің құнын, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат;

      жол жүру фактісін растайтын, тасымалдаушы немесе электрондық билет немесе электрондық жол жүру сатып алған тұлға берген, қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрдегі электрондық билет немесе электрондық жол жүру құжаты.

      Мұндай шығыстарға бір елді мекеннің шегінде жол жүру бойынша шығыстар жатпайды;

      2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, басқарушылық міндетін орындау үшін іссапарда болу уақыты ішінде тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар;

      3) басқарушылық міндетін орындау үшін басқару органының мүшелеріне сапарда болған уақыт үшін салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін ақша сомасы;

      4) осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде салық төлеуші келу визасын ресімдеген кезде жүргізген шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны) шегерiмге жатады.

      4. Осы баптың 3-тармағының мақсатында:

      1) басқарушылық міндетін орындау үшін іс-шараларға басқару органының мүшелерін шақыру, осындай іс-шараларды өткізу орны мен күні қамтылған, салық төлеуші дербес ресімдеген құжатта көрсетілген межелі жер, басқару міндетін орындау жері болып табылады;

      2) басқарушылық міндетін орындау үшін сапарда болу уақыты кету және келу күнін қоса, жол жүруін растайтын құжатта көрсетілген басқарушылық міндетін орындау орнына кету және кері қайтып келу күнінің негізінде айқындалады.

      245-бап. Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі

      1. Өкілдік шығыстарға мынадай:

      1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау бойынша;

      2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан өзге, директорлар кеңесінің, өзге де басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және (немесе) өткізу бойынша, өкілдік іс-шараларын өткізу кезінде олардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.

      Өкілдік шығыстарға сонымен қатар:

      1) осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыға жататын шығыстарды қоспағанда, өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге;

      2) өкілдік іс-шараларды өткізу барысында мұндай тұлғаларды тамақтандыруға;

      3) ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге;

      4) өкілдік іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды жалдауға және (немесе) ресімдеуге арналған шығыстар да жатады.

      2. Шақырылған адамдардың тұруына, мұндай тұлғалар үшін визалар ресімдеуге, бос уақытын, ойын-сауықты, демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар, сондай-ақ осы тармаққа сәйкес өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатқызылмайтын шығыстар өкілдік шығыстарына кірмейді және шегерімге жатпайды.

      Өкілдік іс-шараларға қатысушылардың теміржол, теңіз және әуе көлігімен жол жүру шығыстары көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатпайды.

      3. Мыналар:

      1) салық төлеушінің өкілдік іс-шараны өткізу мақсатын және оны өткізуге жауапты тұлғаларды көрсете отырып, оны өткізу туралы жазбаша бұйрығы немесе жазбаша өкімі;

      2) салық төлеуші бекіткен мұндай іс-шараның шығыстар сметасы;

      3) жауапты тұлғалардың өткізілген өкілдік іс-шара туралы оның өткізілген күні мен орны, жүргізілген іс-шараның нәтижелері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар бағдарламасы, іс жүзінде жүргізілген шығыстар көрсетілген есебі;

      4) өкілдік шығыстардың негіздері мен жүзеге асырылуын растайтын бастапқы және өзге де құжаттар өкілдік шығыстардың шегерімін жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

      4. Өкілдік шығыстар осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген қызметкерлердің салық салуға жататын табыстары бойынша жұмыс берушінің шығыстары сомасының бір пайызынан аспайтын мөлшері шегерімге жатады.

      246-бап. Сыйақы бойынша шегерімдер

      1. Осы баптың мақсаты үшін мыналар:

      1) осы Кодекстің 1-бабында айқындалған сыйақылар;

      2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

      3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлем сыйақылар деп танылады.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, шегерімге жатқызылуға тиіс сыйақы сомасы осы Кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жазу әдісі бойынша айқындалады.

      3. Осы Кодекстің 250-бабының 1 және 6-тармақтарына сәйкес шегеруге жатқызылуға тиіс провизияларды (резервтерді) құруға құқылы тұлғаға және (немесе) осы Кодекстің 233-бабының 2-тармағында көрсетілген көрсетілген тұлғаға міндеттемелер бойынша сыйақылар салық төлеуші немесе үшінші тұлға осындай салық төлеушінің міндеттемелері есебінен нақты төлеген мөлшерде шегеруге жатқызылуы тиіс: 

      1) есепті салық кезеңінде және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде салық төлеуші шығыс деп таныған шығыс сомасының шегінде есепті салық кезеңінде;

      2) есепті салық кезеңінде салық төлеуші шығыс деп танылған шығыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде салыө төлеуші немесе осындай салық төлеушінің міндеті есебіне үшінші тұлға іс жүзінде төленген мөлшерде шегерімге жатады.

      4. Сыйақыны шегеру осы баптың 2 және 3-тармағында белгіленген ережелер ескеріле отырып, мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:

      (А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),

      мұнда:

      А – Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген сомаларды қоспағанда, сыйақы сомасы;

      Б – Д көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, өзара байланысты тарапқа осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, төленген (төленуге жатқызылған) сыйақы сомасы;

      В – Б көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы Кодекстің 294-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, төленген (төленуге жатқызылған) сыйақы сомасы;

      Г – В көрсеткішіне енгізілген сомаларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, Г1 және Г2 көрсеткіштерінің сомасы;

      Г1 – өзара байланысты тараптардың депозитке берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленген (төленуге жатқызылған) сыйақы сомасы;

      Г2 – есепті салықтық кезеңде өзара байланысты тараптардың кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысаны бойынша міндетті орындаған жағдайда кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленген (төленуге жатқызылған) сыйақы сомасы

      Д – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктің Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;

      ШК – шекті коэффициент;

      ЖК – жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;

      МС – міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.

      А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылыс объектісінің құнына енгізілген сыйақылар алып тасталады. Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсаты үшін тәуелсіз тарап деп танылады.

      5. Осы баптың 4-тармағының мақсаты үшін:

      1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең. Жеке капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаты үшін нөлге тең деп танылады;

      2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:

      салықтар, алымдар және бюджетке төленетін төлемдер;

      қызметкерлердің жалақысы және өзге де табыстары;

      өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары;

      сыйақылар мен комиссиялар;

      дивидендтер бойынша есепке жазылған міндеттемелер есеп айырысуға алынбайды;

      3) шекті коэффициент қаржылық ұйымдар үшін – 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең.

      6. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы баптың 4-тармағының мақсаты үшін осындай тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Бұл ретте бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсаты үшін осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлға атынан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.

      247-бап. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім

      1. Егер салық төлеушi бұрын кіріс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлесе, онда осы Кодекстің 405-бабы 2-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын қоспағанда, жүргiзiлген төлемнiң мөлшеріндегі сома шегерiмге жатады.

      Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде бұрын кіріске жатқызылған сома шегiнде жүргізіледі.

      2. Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 229-бабына сәйкес бұрын кіріс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.

      248-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім

      1. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе:

      1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсетумен байланысты туындаған және осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған;

      2) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсетумен байланысты туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған;

      3) осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіпте банк және (немесе) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жылдық жиынтық табыс құрамына кредит (қарыз) және микроқаржы ұсыну шарттары бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды енгізумен байланысты және үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады.

      2. Мыналарды:

      1) тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетулерді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға бермеген;

      2) тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызмет көрсетулерді жүзеге асырған және осындай талап ету құқығын басқаға берген;

      3) осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету бойынша талап ету құқығын сатып алған;

      4) банк және (немесе) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұсынатын ұйымдар жылдық жиынтық табыс құрамына заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды енгізген тұлғадағы күмәнді талаптар шегерімге жатады.

      3. Мыналардағы:

      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына енгізілген мөлшерде, сондай-ақ осындай тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасы, бірақ бұрын танылған табыс мөлшерінен көп емес;

      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына енгізілетін сома мен осындай тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде, бірақ бұрын танылған табыс мөлшерінен және басқаға берілген талап ету құқығының құнынан көп емес;

      3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғада – өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнына енгізілген мөлшерде, сондай-ақ осындай тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты туындаған басқа да талаптар сомасы, бірақ осы Кодекстің 233-бабына сәйкес бұрын танылған табыс мөлшерінен көп емес, талап ету құқығын сатып алу құнына ұлғайтқан;

      4) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында айқындалған тұлғада – осы Кодекстің 226-бабының 1-тармағында айқындалған табыс ретінде танылған сома мөлшерінде күмәндi талаптар шегерiмге жатады.

      4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда есептелетін, үш жылдық кезең өткен, салықтық кезеңде:

      1) осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған тұлғада:

      кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша, – кредит (қарыз) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

      лизинг шарты бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша, – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

      қалған жағдайларда:

      орындау мерзімі айқындалған өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша талапты орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;

      орындау мерзімі айқындалмаған өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша талап бойынша тауарлар берілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап;

      2) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында айқындалған тұлғада:

      кредит (қарыз) шарттары бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша, – кредит (қарыз) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

      лизинг шарты бойынша туындаған күмәндi талаптар бойынша, – лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

      қалған жағдайларда:

      орындау мерзімі айқындалған өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша талапты орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;

      орындау мерзімі айқындалмаған өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша талап ету құқығы басқаға берілген күннен бастап күмәндi талаптар шегерiмге жатады;

      5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда банкроттық рәсімді аяқтау туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген салықтық кезеңде күмәндi талаптар шегерiмге жатады.

      6. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептелген үш жылдық кезең өткен салықтық кезеңде күмәнді талаптар шегерімге жатады.

      7. Осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін аударылған:

      1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыларды;

      2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттер (қаржы лизингін қоспағанда) бойынша сыйақыларды;

      3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті;

      4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелер күмәнді талаптар болып танылмайды.

      8. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:

      1) талаптардың туындауын растайтын құжаттардың болуы;

      2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу жүргізіледі.

      9. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, осы баптың 8-тармағында көрсетiлген құжаттармен қатар, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет.

      249-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері

      1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай есептелген шығыстарды:

      1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйақыларын (жарналар);

      3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушыға төленуге жататын (төленген) сақтандыру сыйақыларын (жарналар);

      4) осы Кодекстің 250-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстарды;

      5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттеріне және сақтандыру брокерлеріне төлемдерді;

      6) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты өзге шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы.

      2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған шарттарға қолданылмайды.

      3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын шарттар бойынша:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай формула бойынша айқындалады:

      Р * (А/Б), мұнда:

      Р – есепті салық кезеңінде төлеуге жататын (төленген) шығыстар;

      А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде шығытарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

      Б – шарттың күшіне енген күнінен бастап есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

      2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды шегеру халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап танылған сақтандыру сыйақысы (жарна) түріндегі табыс сомасынан аспауға тиіс.

      250-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер

      1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, банктердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

      Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ескеріледі.

      Осы тармақтың ережелері, өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге:

      1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге, сондай-ақ осындай депозиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;

      2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда), сондай-ақ осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;

      3) құжаттамалық есеп айырысулар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;

      4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша қолданылады.

      Осы тармақтың ережелері:

      өзіне қатысты сот шешімімен қайта құру жүргізілген, дауыс берушілердің 90 пайыздан астам акциялары 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктің;

      өзіне қатысты сот шешімімен қайта құру жүргізілген, дауыс берушілердің 90 пайыздан астам акциялары 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның пайдасына берілген активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) бойынша да қолданылады.

      2. Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердiң талап ету құқықтарын сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктердiң шегеруге құқығы бар.

      Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.

      Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бас банктің күмәндi немесе үмiтсiз активтерін сатып алуға осындай бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасы шегерiмге жатады.

      Банктердiң еншiлес ұйымдарға бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

      Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан сатып алынған активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.

      3. Банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

      1) қаржы лизингін;

      2) өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген кредиттерді (қарыздарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес және уәкілетті органның келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен тәртіппен кредиттерге (қарыздарға) қарсы құрылған провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

      Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ескеріледі.

      4. Осы баптың 1-тармағының ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құру жүргізілген, дауыс берушілердің тоқсан пайыздан астам акциялары 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.

      5. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

      Осы тармақтың ережелері олар бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.

      6. Микроқаржы ұйымдарының өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерін қоспағанда, берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

      Берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

      7. Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:

      банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;

      банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);

      құжаттық есеп айырысу мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;

      өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

      Провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасының шегерімі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде жүзеге асырылады.

      Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін және мұндай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 1, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерге қолданылмайды.

      8. Осы баптың 1, 3, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды қалыптастырудың жаңа стантарттарына ауысу нәтижесінде туындайтын провизиялар мөлшерін бір мезгілде арттыру сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

      251-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім

      Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының осы Кодекстің 231-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерінің азайтылған сомасын есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы теріс айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегерімге жатқызуға құқығы бар.

      252-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар және салдарды жою қорларына аударымдар сомасы бойынша шегерімдер

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табыстан салдарды жою қорына аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар. Көрсетілген шегерімге жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа іс жүзінде жүргізген аударымдардың мөлшерінде жүргізіледі.

      Жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленеді.

      Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген, ағымдағы салықтық кезең үшін кейінгі салықтық кезеңде талап қою мерзімінің өтуі бойынша мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық табысына енгізілуге жататын салықтық кезеңді, осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімінен асып кететін салықтық кезеңде анықтаған мақсатсыз пайдалану фактісін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының сол салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

      Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты беру кезінде басқа жер қойнауын пайдаланушыдан жою қорының қаражатын алған жағдайда, жою қорының осындай қаражатын алған жер қойнауын пайдаланушыдағы осындай қаражат:

      оларды алған жылы жою қорын қалыптастыру үшін оларды Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнайы депозиттік шотта орналастырылған кезде жылдық жиынтық табысқа енгізілмейді;

      шегеруге жатқызуға жатпайды.

      2. Кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға салықтық кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушының іс жүзінде шеккен шығыстары, арнайы депозиттік шотта орналастырылған жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстарды шеккен салық кезеңінде шегерімге жатады.

      253-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорындағы шығыстар бойынша шегерім

      1. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнайы депозиттік шотқа аударылған қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдар сомасын шегерімге жатқызады.

      2. Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдар мөлшері мен тәртібі, сондай-ақ қор қаражатын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушінің қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдалану қаражатының сомасы оған жол берілген сол салық кезеңінде салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісіне енгізуге жатады.

      4. Қалдықтарды орналастыру полигондарын жоюға салықтық кезең ішінде салық төлеушінің іс жүзінде шеккен шығыстары, арнайы депозиттік шотта орналастырылған жою қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстарды шеккен салық кезеңінде шегерімге жатады.

      254-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша шегерім

      1. Тіркелген аквтивтерді сатып алуға, оларды орнатуға және басқа күрделі сипаттағы шығыстардан басқа, ғылыми зерттеу ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар шегерімге жатады.

      Осындай шығыстарды шегерімдерге жатқызуға іс жүзінде орындалған ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа арналған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерін қабылдап алу актілері негіз болып табылады.

      2. Жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап- компаниялардан оларды одан әрі коммерцияландыруға бағытталған лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстар шегерімге жатады.

      Осындай шығыстарды шегерімдерге жатқызуға заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген лицензиялық шарт немесе басқаға беру (ішінара беру) шарты негіз болып табылады.

      255-бап. Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстарға және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын қаржыландыру, сондай-ақ дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру

      1. Жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ғылыми зерттеулерді келісімшарт қызметі бойынша:

      ғылым саласындағы аккредиттелген уәкілетті орган арқылы ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;

      "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорды қаржыландыруға (ақша аудару) арналған шығыстарды шегеруге құқығы бар.

      2. Осы бапта көзделген шығыстарды шегеру мынадай тәртіппен айқындалған:

      есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің қорытындысы бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістің 1 пайызына тең сомадан, алу

      осы Кодекстің 254-бабына сәйкес есепті салық кезеңінде шегерімге жатқызылған шығыстардың оң айырма мөлшерінен аспауға тиіс.

      256-бап. Кепілдік беру жүйелеріне қатысушылардың сақтандыру сыйақылары мен жарналары бойынша шығыстарды шегеру

      1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төлеуіне жататын немесе төлеген сақтандыру сыйақылары шегерімге жатады.

      2. Жеке тұлғалардың депозиттерiне міндетті кепiлдік беру жүйесiне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың депозиттерiне кепiлдік беруге байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомасы шегерiмге жатады.

      3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарындағы сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруге байланысты аударылған міндетті, төтенше және қосымша жарналардың сомасы шегерімге жатады.

      4. Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы мақта өңдеу ұйымдарындағы мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындауға кепілдік берумен байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы шегерімге жатады.

      5. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы - астық қабылдау кәсiпорындарындағы астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерді орындауға кепілдік берумен байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы шегерімге жатады.

      257-бап. Қызметкерлердің есепке жазылған кірістері және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру

      1. Осы Кодекстің 322-бабының 2-бабында көрсетілген, жұмыс берушінің:

      1) мыналардың:

      тіркелген активтердің;

      преференциялар объектілерінің;

      амортизациялауға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілетіндерді;

      2) запастардың өзіндік құнына енгізілетіндерді және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, осындай запастардың өзіндік құны арқылы шегерімдерге жатқызылатындарды;

      3) осы Кодекстің 272-бабының 5-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар болып танылатындарды қоспағанда, салық салынуға жататын қызметкер табысы бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген қызметкер табысы бойынша шығыстары) шегерiмге жатады.

      Шегерімге, оның ішінде жұмыс берушінің қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің өндірістік қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберілген шығыстары түріндегі қызметкердің табысы жатады.

      2. Осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 1), 5), 7) - 8), 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 341-бабының 46), 48) тармақшаларында айқындалған жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.

      3. Салық төлеушінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары бойынша төлеген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген шекте шегерімге жатады.

      258-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерiмдерi

      1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн іс жүзінде жүргізген, бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерделеуге, барлауға, өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген тың сомалары және коммерциялық табу бонусының сомалары, осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 2) - 6), 8) - 15) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар және осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген шығыстарға:

      1) осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 2) - 6), 8) - 15) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) құру бойынша шығындар жатады. Осындай шығындарға осы Кодекстің 268-бабының 2-тармағына сәйкес осы активтердің бастапқы құнына енгізілетін шығындар, сондай-ақ осындай активтер бойынша осы Кодекстің 272-бабына сәйкес жүргізілген кейінгі шығыстар;

      2) басқа да шығыстар жатады. Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда осы тармақшада көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобына жататын шығыстардың мөлшері осындай шығыстарды корпоративтік табыс салығының мақсаттында шегерімдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салық кезеңінің соңында, осы тармақта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі.

      Көрсетілген тәртіп:

      егер жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу мен бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда да қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салық кезеңінің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы осы өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан шегерімге жатады;

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша өндіруге жеке келісімшарт жасалатын және бөлу жүргізілетін, барлауға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу арқылы барлауға қатысу бөлігінде бөлген жағдайда да қолданылады. Бұл ретте өндіруге арналған келісімшарт бойынша шегерімге жатқызу мақсаты үшін ауыстыруға жататын амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы барлауға қатысуда осындай бөлінетін бөлігіне тиесілі тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша жер қойнауын пайдаланушы тиісті келісімшарт бойынша бөлу сәтіне дейін жұмсалған тікелей шығыстардың жалпы салмағына сомасында айқындалады.

      Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жеке келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген коммерциялық табудан кейін өндіруді бастағаннан соң жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті аяқтаған жағдайда, соңғы салық кезеңінің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобының құндық балансы шегерілуге жатады.

      Осы баптың және осы Кодекстің 260-бабының мақсаттары үшін коммерциялық табудан кейінгі өндіру:

      1) барлауға арналған, сондай-ақ қорлары бекітілмеген пайдалы қазбаларды бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы қорларды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын;

      2) қосымша геологиялық зерттеуді және геологиялық-экономикалық қайта бағалауды талап ететін қорларды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың қорлары мемлекеттік баланста тіркелген және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша – егер мұндай жұмыстар келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделсе және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісілген болса, осы келісімшарттар жасалғаннан кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын білдіреді.

      3. Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес оны сынау кезінде көмірсутегі шикізатының өнеркәсіптік ағынының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан әрі осы тармақтың мақсаты үшін – өнімсіз ұңғыма), онда осындай ұңғыманы салуға және жоюға нақты жүргізілген шығыстар қосылған құн салығы ескеріле отырып, мынадай:

      1) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады;

      2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден соң шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе осындай шығыстардың бір бөлігі осындай ұңғыма жойылған салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.

      Бұл ретте коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін жүргізілген өнімсіз ұңғыманы салуға және (немесе) жоюға арналған шығыстар осы баптың 1-тармағына сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобынан алып тасталмайды.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар (Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша есепке жазылған, бірақ төленбеген сыйақыдан басқа):

      1) осы Кодекстің 241-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тастауға жататын табыстарды қоспағанда, геологиялық зерттеуді және өндіруге дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңінде алынған табыстар;

      2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін өндірілген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған табыстар;

      3) жер қойнауын немесе оның бір бөлігін пайдалану құқығын іске асырудан алынған табыстар;

      4) осы баптың 1-тармағына сәйкес оларды жарғылық капитал салымы ретінде беру кезінде қалыптасқан, амортизацияланатын активтердің жеке тобында ескерілген активтердің құны;

      5) осы баптың 1-тармағына сәйкес қалыптасқан, амортизацияланатын активтердің жеке тобында ескерілетін өтеусіз берілген активтердің, аталған активтерді қабылдап алу-беру актілерінде көрсетілген, бірақ беру күніне бухгалтерлік есептің деректері бойынша аталған активтердің баланстық құнынан кем емес сомасына азайтылады.

      5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіп жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеуші шеккен материалдық емес активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығыстарға да қолданылады.

      259-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар шегерiмдерінің және көмір сутегін барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының басқа да шегерiмдерiнің ерекшелігі

      1. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде (барлау кезеңінде) жер қойнауын пайдаланушы шеккен, осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағында көрсетілген шығыстар бойынша жер қойнауын пайдаланушы оларды аталған жер қойнауын пайдаланушы барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған басқа келісімшарт (барлау кезеңінде) бойынша шегерімге жатқызу мақсатында амортизацияланатын активтердің жеке тобын құруға құқылы.

      Жер қойнауын пайдаланушының көрсетілген шығыстар бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында, осы тармақта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі.

      Бұл ретте аталған амортизациялық аударымдар осы жер қойнауын пайдаланушының барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған басқа келісімшарт (барлау кезеңінде) бойынша салық кезеңі үшін осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған тікелей табысының жалпы сомасында әрбір нақты барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа (барлау кезеңінде) тиесілі тікелей табыстың үлес салмағы бойынша оларды бөлу арқылы шегерімге жатады.

      2. Осы бапта белгіленген жеке топтарды құру құқығы осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындарды алғашқы шеккен салықтық кезеңде ұсынылады. Бұл ретте, егер жер қойнауын пайдаланушыда осындай жеке топты құру кезінде барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған басқа келісімшарт (барлау кезеңінде) болмаған жағдайда, онда соындай жеке топты құру құқығы өндіруге арналған келісімшарт жасалған және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру басталған салық кезеңінде ұсынылады.

      Бұл ретте мұндай құқық барлауға арналған келісімшарт немесе бірлескен барлау және өндіруге (өндіру кезеңі басталғанға дейін) арналған келісімшарттың қолданылу соңына дейін қайта қарауға жатпайды.

      3. Осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобы салық кезеңі ішінде амортизациялық аударымдарды есептегенге дейін тиісті келісімшарт бойынша алынған, осы Кодекстің 258-бабы 4-тармағында көрсетілген табыстар сомасына азайтылады.

      Егер осындай табыстардың сомасы осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобының мөлшерінен асқан жағдайда асып кету шамасы барлауға арналған тиісті келісімшарт бойынша немесе бірлескен барлау және өндіруге (өндіру кезеңі басталғанға дейін) арналған келісімшарт бойынша осы Кодекстің 258-бабына сәйкес қалыптасқан амортизацияланатын активтердің жеке тобын азайтады. Осы Кодекстің 258-бабына сәйкес қалыптасқан амортизацияланатын активтердің жеке тобы болмаған жағдайда осындай асып кетудің шамасы жылдық жиындық табысқа енгізіледі.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобының және осы Кодекстің 258-бабына сәйкес қалыптасқан амортизацияланатын активтердің жеке тобының салықтық есебін барлауға арналған тиісті келісімшарт бойынша және (немесе) бірлескен барлау және өндіруге (барлау кезеңіне) арналған келісімшарт шеңберінде жеке дара жүргізуге міндетті.

      5. Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт немесе барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу және бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі басталған салықтық кезеңнен бұрын шегерімге жатқызылмаған осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны осы Кодекстің 258-бабында белгіленген тәртіппен осындай барлауға немесе бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде шегерімге жатады.

      6. Барлауға және (немесе) бірлескен барлауға және өндіруге (барлау кезеңіне) арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған жағдайда осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобының шегерімге жатқызылмаған құны осындай тоқтату кезінде осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, шегерімге жатпайды.

      260-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер

      1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен амортизацияланатын активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды.

      Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтерге:

      1) блоктарда (полигондарда) салынған сору, айдау және технологиялық бақылау ұңғымалары, пайдалану-барлау ұңғымалары, оның ішінде олар бойынша геофизикалық зерттеулерге арналған шығындар;

      2) пайдалану блоктарынан (полигондарынан) бастап өнімдік ерітінділерді қайта өңдеу учаскесінің өнеркәсіптік алаңындағы құм тоғанға дейін салынған технологиялық құбыржолдар, оның ішінде блоктардағы (полигондардағы) айдау және сору коллекторлары;

      3) блоктар (полигон учаскелері) арасына салынған технологиялық құбыржолдар;

      4) блоктарда (полигондарда) салынған технологиялық құбыржолдар;

      5) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылданудың технологиялық тораптары;

      6) блоктарда (полигондарда) салынған өнімдік ерітінділерді тарату тораптары;

      7) блоктарда (полигондарда) салынған техникалық ерітінділерді қабылдау тораптары;

      8) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылды және сұйық реагенттер қоймасын қабылдау тораптары, сондай-ақ қышқылқұбыры;

      9) блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар технологиялық сорғы станциялары;

      10) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар ерітінділерді айдауға арналған сорғылар;

      11) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде салынған ұңғымаларда орнатылған басқару шкафтары бар батырып соратын сорғылар;

      12) блоктарда (полигондарда) орнатылған немесе салынған энергетикалық жабдықтау объектілері: трансформаторлық кіші станциялар, компрессорлық станциялар, әуе электр желілері, кәбелдік желілер;

      13) блоктарда (полигондарда) орнатылатын бақылау және процестерді автоматтандыру аппаратурасы;

      14) блоктардағы (полигондардағы) ауа құбырлары;

      15) блоктарға (полигондарға) және блоктар ішіндегі технологиялық кірме автожолдар;

      16) блоктардағы (полигондардағы) құм тоғандар немесе өнімдік ерітінділер және сілтілендіру ерітінділері құйылатын ыдыстар;

      17) блоктардағы (полигондардағы) құмның ұшырылып әкетілуіне қарсы қорғаныс жатады.

      Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтер құнына активтерді сатып алуға және (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар), сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай активтер құнына қосуға жататын басқа да шығындар (шығыстар) қосылады.

      Бұл ретте осы Кодексте көзделген жағдайларда, осы тармақта көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобына жатқызылатын шығыстардың мөлшері корпоративтік табыс салығының мақсаттары үшiн осындай шығыстарды шегерiмдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар) пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегерiледi.

      Бұл ретте осы бапқа сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар сомасы салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебінің деректері бойынша есептелген активтердің осындай тобының амортизациялық аударымдар сомасы шегінде шегерімге жатқызылады.

      Амортизациялық аударымдар сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған амортизацияланатын активтер тобын есепке алу әдісіне сәйкес блоктар немесе жалпы кен орны (полигон) бойынша мына формула бойынша айқындалады:

      С1 + С2 + С3

      S = ------------ * V4, мұнда:

      V1 + V2 + V3

      S – амортизациялық аударымдар сомасы;

      С1 – амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңiнiң басындағы құны;

      C2 – ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығындар (шығыстар);

      С3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, амортизацияланатын активтердің осы баптың 3-тармағында көрсетілген жекелеген тобының құны;

      V1 – уран қорларының салық кезеңiнiң басындағы өндіруге дайын физикалық көлемі;

      V2 – салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының өндіруге дайын осы бапқа сәйкес қалыптастырылған амортизацияланатын активтердің жеке тобының құны көлемі;

      V3 – жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын физикалық көлемі;

      V4 – салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының физикалық көлемі.

      2009 жылғы салық кезеңі үшін амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны деп 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығындар (шығыстар) сомасы танылады.

      2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:

      амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны, қосу

      ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, өндіруге дайындық жұмыстарына осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығындар (шығыстар), қосу

      осы баптың 3-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің тобын үшінші тұлғалардан сатып алу бойынша шығындар, қосу

      осы баптың 3-тармағында көрсетілген, жарғылық капиталға салым ретінде алынған амортизацияланатын активтер тобының құны, алу

      салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы.

      2009 жылғы салық кезеңі үшін уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша уран қорларының өндіруге дайын физикалық көлемі деп танылады.

      2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын көлемі қорлардың алдыңғы салық кезеңінің соңындағы өндіруге дайын физикалық көлемі болып табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады:

      уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын физикалық көлемі, қосу

      салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының физикалық көлемі, қосу

      жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын физикалық көлемі, алу

      салық кезеңінде жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген қорларының көлемі.

      Егер пайдалану блогы жұмысының бүкіл кезеңінде уранның өтелген қорларының физикалық көлемінің саны осы пайдалану блогының уран қорларының өндіруге дайын физикалық көлемінің санынан аз болса, осы пайдалану блогы активтерінің амортизацияланатын тобы құнының қалған бөлігі салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде өндірудің және бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құнына шығарылатын салық кезеңінде шегерімге жатқызылады.

      Өндіруге немесе бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жекелеген келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған соң жер қойнауын пайдалану қызметін аяқтаған жағдайда амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің соңындағы құны осындай қызмет аяқталған салық кезеңіндегі шегерімге жатады.

      3. Осы бапта белгiленген тәртiп амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген, жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған және (немесе) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, жекелеген тобына да қолданылады.

      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын үшінші тұлғалардан сатып алуға байланысты келіп түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын оның сатып алу құны мұндай активтер тобының құны болып табылады. Амортизацияланатын активтердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген тобын жарғылық капиталға салым ретінде алған кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны мұндай активтер тобының құны болып табылады.

      261-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерім

      1. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланушының қызметшілері болып табылмайтын қазақстандық кадрларды оқытуға және өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға іс жүзінде шеккен шығыстары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сома шегінде шегерімдерге жатқызылады.

      Жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлерді жер қойнауын пайдаланушының өндіріс қызметімен байланысты мамандық бойынша оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярауға бағытталған шығыстары осы Кодекстің 257-бабына сәйкес шегерімге жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, коммерциялық табудан кейін өндіру басталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген сома шегінде осы Кодекстің 258-бабында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.

      3. Осы баптың мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар деп:

      1) қазақстандық кадрларды оқытуға:

      Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған ақша;

      Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арнап мемлекеттік бюджетке аударылған ақша;

      Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша сатып алу түрінде Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру бөлігінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының міндеттерін орындау мақсатында салық төлеуші іс жүзінде шеккен шығыстар танылады;

      2) өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға – өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға жұмсалған шығыстар, сондай-ақ осы мақсатқа арнап мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат танылады.

      262-бап. Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегеру

      Теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерімге жатады.

      263-бап. Салықтың және бюджетке төлемдердің шегерімі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салық кезеңінде мыналар:

      1) есепті салық кезеңінде, есепті салық кезеңі және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдері үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шегінде;

      2) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде, есепті салық кезеңі үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шегінде Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер шегерімге жатады.

      Бұл ретте салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің төленген сомалары осы Кодекстiң 102 және 103-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жүргiзілгені ескеріле отырып айқындалады.

      Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді есептеу және есепке жазу Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      2. Осындай қарыз шартын жасау сәтінде осындай банктің жарғылық капиталына шет мемлекеттің қатысуымен банк-бейрезиденттен алынған қарыз бойынша оған сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығы қарыз берушінің жеке қаражаты есебінен банк-бейрезидентке төлеуге жататын сыйақы сомасынан төленсе, егер мұндай қарыздың сомасы тиісті салықтық кезеңде 1 қаңтарға Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 10 000 000 есе айлық есептік көрсеткіштен асқан кезде төлем көзінен төленген көрсетілген салық шегерімге жатады.

      3. Мыналар:

      1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтар;

      2) корпоративтік табыс салығы мен Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген ұқсас корпоративтік табыс салығы және заңды тұлғалардың табыстарына (пайдасына) салынатын салықтар;

      3) жеңiлдiктi салық салынатын мемлекеттерде төленген салықтар;

      4) үстеме пайдаға салығы;

      5) жер қойнауын пайдалануға аранғлан балама салықтар шегерімге жатпайды.

      264-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар

      Мыналар:

      1) табыс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;

      2) соттың заңды күшіне енген шешімінде белгіленген салық төлеуші, басшы және (немесе) осындай заңды тұлғаның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ құрылтайшы (қатысушы) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша шығыстар;

      3) осы Кодекстің 91-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеуші оны әрекетсіз деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап жасаған операциялар бойынша шығыстар;

      4) дара кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) аяқталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеуді қысқарту туралы қылмыстық қудалау органының заңды күшіне енген сот актісін немесе сот қаулысымен танылған шот-фактура немесе өзге құжат жазу жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша шығыстары;

      дара кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған), ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеуді қысқарту туралы қылмыстық қудалау органының заңды күшіне енген сот актісін немесе қаулысын сот мойындаған (таныған) шот-фактура және (немесе) өзге құжат жазу бойынша әрекетті (әрекеттері) бойынша шығыстар;

      5) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша шығыстар;

      6) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қоспағанда, бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар);

      7) осы Кодексте шегерімге жатқызу нормалары белгіленген шығыстардың көрсетілген нормаларды қолдана отырып есептелген шегерімнің шекті сомасынан асып кету сомасы;

      8) Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне төленген салық және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасында белгіленген мөлшерден тыс есептелген (есепке жазылған) және төленген, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;

      9) осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін сатып алу, өндіру, салу, монтаждау, орнату жөніндегі шығындар және олардың құнына енгізілетін басқа да шығындар, сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі шығыстар;

      10) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтеусіз негізде беретін мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

      11) есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстің 411-бабын қолданатын салық төлеушіде туындайтын, салық кезеңі ішінде есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі;

      12) осы Кодекстің 250, 252-баптарында көзделген шегерімдерді қоспағанда, резервтік қорларға аударымдар;

      13) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілетін запастардың баланстық құны;

      14) өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының төленген қосымша төлемінің сомасы;

      15) осы Кодекстің 87-бабына сәйкес салық төлеушінің амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына қосылатын шығындары;

      16) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізумен байланысты шығыстар;

      17) мемлекет атынан алушыдағы, - жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалар көлемінің құны;

      18) лизинг шартынан басқа, мүлікті жалға алу (жалдау) шарты бойынша иелік ету және пайдалану уақыты ішінде берілетін активтердің баланстық құны;

      19) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалар көлемінің құны шегерімге жатпайды.

      20) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы:

      осы ұйымның Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және бас банкке аударылған ақша түріндегі;

      Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес.

§ 3. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер

      265-бап. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер

      Шегеруге:

      1) осы Кодекстің 271-бабына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

      2) осы Кодекстің 273-бабы 2 және 4-тармақтарына сәйкес салықтық кезең соңына кіші топтың (топтың) құндық балансы;

      3) осы Кодекстің 272-бабына сәйкес кейінгі шығыстар жатады.

      266-бап. Тіркелген активтер

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар:

      1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген активтерді қоспағанда, түскен кезде халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және есепті және (немесе) алдағы кезеңдерде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

      2) концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің (құқық мирасқорының немесе концессия шартын iске асыру үшiн тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаның) иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;

      3) табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, мүлікті сенімгерлікпен басқару мекемесі туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

      4) лизинг шартынан басқа және бухгалтерлік есепте ұзақ мерзімді актив ретінде танылған, мүлікті жалға алу (жалдау) шарты бойынша алынған мүліктік қатысты шеккен кейінгі шығыстар;

      5) мүлікті жалға алу (жалдау) шарты бойынша берілген, жалға берушіде осындай шарт бойынша берілгеннен кейін негізгі құрал ретінде, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды, лизинг шарты бойынша берілген мүліктен басқа, материалдық емес және биологиялық активтер болып есептелмейтін жалға берушінің мүлкі тіркелген активтерге жатады.

      2. Мыналар:

      1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін және осы Кодекстің 258-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерілетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;

      2) мыналарды:

      осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді;

      осындай активтерді қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әділ құны бойынша есепке алуға байланысты амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоспағанда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргізілмейтін активтер;

      3) жер;

      4) мұражай құндылықтары;

      5) сәулет және өнер ескерткіштері;

      6) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар: концессия шарты шеңберінде құрылған және (немесе) концессионер алған концессия объектілері болып табылатын автомобиль жолдарын қоспағанда, автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;

      7) аяқталмаған күрделі құрылыс;

      8) фильмқорына жататын объектілер;

      9) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

      10) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;

      11) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған материалдық емес активтер;

      11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерімдер құқығы беріле отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

      12) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жылдық жиындық табыстан қосымша шегерімдер құқығын ұсына отырып, келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

      13) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылған құн бөлігінде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

      14) осы Кодекстің 268-бабының 14-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, осындай объектілер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішіндегі преференция объектілері;

      15) осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

      16) осы Кодекстің 260-бабында көрсетілген активтер;

      17) мүлікті жалға алу (жалдау) шарты бойынша иелік етуге және пайдалануға беру кезінде алынған, жалға берушіде осындай шарт бойынша берілгеннен кейін негізгі құрал ретінде, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, лизинг шарты бойынша алынған активтерден өзге, материалдық емес және биологиялық активтер болып есептелген активтер тіркелген активтерге жатпайды.

      267-бап. Құндық балансты айқындау

      1. Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

р/с

Топтың №

Тіркелген активтердің атауы

1

2

3

1.

І

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

2.

ІІ

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық

3.

ІІІ

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар

4.

ІV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдық

      І топтың әрбір объектісі кіші топқа теңестіріледі.

      2. Әрбір кіші топ (І топтың), топ бойынша салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың (І топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.

      І топтың құндық балансы кіші топтардың негізгі құралдардың әрбір объектісі бойынша құндық баланстарынан және осы Кодекстің 272-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құралған кіші топтың құндық балансынан тұрады.

      3. Осы Кодекстің 272-бабына сәйкес салық кезеңінде жүргізілген түзетулерді ескеретін, салық кезеңінің бас кезіндегі кіші топтардың құндық балансы I топтың тіркелген активтерінің қалдық құны болып табылады.

      4. Тіркелген активтер:

      1) І топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кіші тобын құрайтын тіркелген активтер объектілері бойынша;

      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бойынша ескеріледі.

      5. Түскен тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 268-бабына сәйкес айқындалатын құнға ұлғайтады.

      6. Шығып қалған тіркелген активтер осы бапта белгіленген тәртіппен кіші топтардың (І топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиісті баланстарын осы Кодекстің 270-бабына сәйкес айқындалатын құнға азайтады.

      7. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы:

      кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы

      алу

      алдыңғы салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 273-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ретінде айқындалады.

      Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.

      8. Кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің аяғындағы құндық балансы:

      кіші топтың (І топтың), топтың салық кезеңінің басындағы құндық балансы

      қосу

      салық кезеңінде түскен тіркелген активтер

      алу

      салық кезеңінде шығып қалған тіркелген активтер

      қосу

      осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер ретінде айқындалады.

      9. Сенімгерлікпен басқарушы осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 194 және 195-бабының негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.

      10. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) одан кейін пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылмаған құн бөлігінде топтардың (кіші топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға міндетті.

      268-бап. Тіркелген активтердің түсімі

      1. Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде лизинг шарты бойынша түсуді қосқанда, сондай-ақ запастардың құрамынан аудару арқылы түскен кезде топтардың (кіші топтардың) құндық балансын аталған активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.

      Тіркелген активтердің түсімін салық салу мақсатында тану түскен активтерді тіркелген активтердің құрамына енгізуді білдіреді.

      2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркелген активтердің бастапқы құны осы Кодекстің 266-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеушінің тіркелген активті тану күні бойынша көтерген шығын сомасы ретінде айқындалады. Мұндай шығындарға:

      осы Кодекстің 264-бабы 2), 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);

      амортизациялық аударымдардан тіркелген активті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.

      3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, сатуға арналған запастардың немесе активтердің құрамынан аудару арқылы түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай түсім күніне айқындалған оның баланстық құны болып табылады.

      Бұрын тіркелген актив ретінде тану тоқтатылған, сатуға арналған запастардың немесе активтердің құрамынан аудару арқылы түскен тіркелген активтің бастапқы құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес осындай түсім күніне айқындалған, осы Кодекстің 270-бабының 2-тармағында көрсетілген құннан аспайтын оның баланстық құны болып табылады.

      4. Тіркелген активтер өтеусіз алынған кезде, тіркелген активтердің бастапқы құны осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, өтеусіз алынған мүлік түрінде осы Кодекстің 238-бабына сәйкес жиынтық жылдық табысы енгізілген оның құны болып табылады.

      5. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеден осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген тіркелген активтерді алған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын нақты шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

      6. Жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, қабылдап алу-беру актісінде, немесе осындай акт болмаған кезде – салымның және актив құнының іс жүзінде енгізілгенін растайтын өзге де құжатта көрсетілген активтің құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

      Жарғылық капиталға салымды төлеуде алынған активтердің құны оны төлеу есебінде актив алынған жарғылық капиталға салым сомасы шегінде ескеріледі.

      7. Салық төлеушінің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркелген активтерді алу кезінде осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, алынған активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

      Бөлініп шығу арқылы құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе оған басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осы Кодекстiң 270-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде осындай құн көрсетiлген жағдайда салықтық есепке алу деректерi бойынша берiлетiн тiркелген активтердiң құнына қосылады.

      8. Сенімгерлікпен басқарушы тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға алған кезде:

      1) беретін тұлғаның осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – осы Кодекстің 270-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн;

      2) өзге жағдайларда – аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

      9. Сенімгерлікпен басқару бойынша міндеттемелерді тоқтатуға байланысты сенімгерлікпен басқарушыдан тіркелген активтерді алған кезде:

      1) сенімгерлікпен басқарушының осы активтері тіркелген активтер болған жағдайда – осы Кодекстің 270-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған құн;

      2) өзге жағдайларда – амортизациялық аударымдардың сомасына азайтылған, осы Кодекстің 270-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте, амортизациялық аударымдар есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін алдыңғы кезеңдердегі амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, бастапқы құнға қолданылатын, тіркелген активтердің тиісті тобы үшін осы Кодексте көзделген амортизацияның шекті нормасын негізге ала отырып, есептеледі.

      10. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 270-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалған құн, мұндай құн болмаған жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындаған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

      11. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендент тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 270-бабының 13-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

      12. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының 2012 жылғы 1 қаңтарға тіркелген активтердің бастапқы құны осындай күнге құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес активтердің баланстық құны болып табылады.

      13. Табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылуы уақытша тоқтатылуына байланысты бұрын шығып қалған тіркелген активтері табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану үшін мұндай тіркелген активтерді пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде тіркелген активтер тобының құндық балансына осы Кодекстің 272-бабына сәйкес мұндай активтердің құнын ұлғайтуға жатқызылатын шығыстарды ескере отырып, шығып қалу құны бойынша енгізілуге жатады.

      14. Преференцияларының күші жойылған активтер осы Кодекстің 125-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда топтың (кіші топтың) құндық балансына осы бапта белгіленген тәртіппен айқындалатын бастапқы құны бойынша енгізілуге жатады.

      15. Преференциялар объектісі осы баптың 13-тармағында көрсетілген активтерден өзге, осы Кодекстің 276-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы объект пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі аяқталғаннан кейін топтың (кіші топтың) құндық балансына нөлдік құн бойынша енгізілуге жатады.

      16. Осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтердің бастапқы құны жөндеу, қайта құру, жаңғырту, ұстау бойынша шығындар және лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты салық төлеуші шеккен басқа да шығындар болып табылады. Осы тармаққа сәйкес олар бухгалтерлік есепте халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын ұлғайтатын ұзақ мерзімді активтер ретінде тану күні бойынша шеккен шығындар ескеріледі.

      17. Лизингтің мәні алынған құн лизинг шарты бойынша келіп түскен тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.

      18. Лизинг алушы лизинг затын лизинг берушіге қайтарған кезде, лизинг затының лизинг шарты бойынша берілген құны мен лизинг затын алған күннен бастап, лизинг затын қайтару күніне дейінгі кезеңдегі лизингтік төлемдер сомасына қосылған лизинг затының құны арасындағы оң айырма болып табылады.

      269-бап. Жекелеген жағдайларда топтың (кіші топтың) құндық балансын қалыптастыру

      1. Егер осы баппен өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде тіркелген активтердің бастапқы құны амортизацияның есептік құнына азайтылған активті сатып алу құны болып табылады.

      Егер осы баппен өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 264-бабының 1) – 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) өзге, активтің пайдалануы басталғанға дейін жасалған сатып алуға, өндіруге, олардың құрылысына, монтаждауға, орнатуға, қайта құруға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.

      Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсаттары үшін оның осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған оның құны осындай сатып алу құны болып табылады.

      Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте айқындалған осы активке меншік құқығы туындаған күнгі активтің нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады.

      Амортизацияны есептеу сомасы мынадай шамалардың туындысы:

      осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құны;

      осы баптың 3-тармағымен көзделген амортизацияның шекті айлық нормасы;

      осындай салық төлеушінің активті бірінші пайдалануға енгізу күнінен бастап өткен айлардың саны ретінде айқындалады.

      2. Егер осы баппен өзгеше белгіленбесе, тіркелген активтің пайдалануы басталғаннан кейін жасалған тіркелген активті қайта құруға және жаңғыртуға арналған шығыстар осы Кодекстің 264-бабының 1) – 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) өзге, амортизацияның есептік құнына азайтылған осындай шығыстардың сомасына тең бастапқы құны бар жеке тіркелген актив болып танылады.

      Амортизацияны есептеу сомасы мынадай шамалардың туындысы:

      осы тармаққа сәйкес айқындалған қайта құруға және жаңғыртуға арналған шығыстар сомасы;

      осы баптың 3-тармағымен көзделген амортизацияның шекті айлық нормасы;

      қайта құруды, жаңғыртуды аяқтау күнінен бастап өткен айлардың саны ретінде айқындалады.

      Осы тармақтың, осы Кодекстің 334-бабы 3-тармағының және 520-бабы 6-тармағының мақсаттары үшін қайта құру және жаңғырту деп нәтижелері бір мезгілде:

      негізгі құрал конструкциясының өзгеруі, оның ішінде жаңаруы;

      негізгі құралдың қызмет етуін үш жылдан астам мерзімге ұлғайту;

      негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының осы негізгі құрал қайта құруды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін уақытша пайдаланудан шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсаруы болып табылатын қайта құру және жаңғырту танылады.

      3. Тіркелген актив осы Кодекстің 267-бабының 1-тармағына сәйкес енгізуге жататын топқа байланысты мынадай амортизацияның айлық нормалары қолданылады:


р/с

Топтың №

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның айлық нормасы

1

2

3

4

1.

I

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

0,41

2.

II

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

1,04

3.

III

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар

1,66

4.

IV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары

0,62

      Осы баптың 2-тармағын қолдану мақсатында қайта құру және жаңғырту нәтижесінде құрылған тіркелген актив қайта құруға және жаңғыртуға ұшыраған тіркелген активті енгізуге жататын топқа кіреді.

      4. Тіркелген активтердің бастапқы құны бір уақытта мынадай шарттарды орындау кезінде осы тармаққа сәйкес айқындалады:

      шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан;

      салық төлеуші шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін кем дегенде күнтізбелік 12 ай қолданған;

      салық төлеуші шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режиміне немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режиміне ауысқанға дейін жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданған.

      Тіркелген активтердің бастапқы құны шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінің немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану кезеңінде осы Кодекстің 266-268 және 270-273-баптарына сәйкес айқындалған тіркелген активтер бойынша шегерімдердің қолдануы басталатын алдыңғы күнге құндық топтардың (кіші топтардың) мөлшерінен шыға отырып айқындалады.

      270-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:

      1) толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесінде тануды тоқтату жағдайларын қоспағанда, осы активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату, мүліктік жалға беру (жалға алу) шарты бойынша беру;

      2) лизинг шарты бойынша осы активтерді беру;

      3) сатуға арналған активтердің, запастардың құрамына осы активтерді ауыстыру тіркелген активтердің шығып қалуы болып табылады;

      4) осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге қатысты мүліктік жалға беру (жалға алу) шартын тоқтату.

      Тіркелген активтердің шығып қалуын салық салу мақсатында тану шығып қалған активтерді тіркелген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді.

      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіші топтың (топтың) құндық балансы шығып қалу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнына азайтылады:

      1) шығып қалатын тіркелген активтердің;

      2) осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге қатысты мүліктік жалға беру (жалға алу) шартын тоқтату кезінде ескерілген активтің.

      3. Тіркелген активтерді, лизинг шарты бойынша беруден өзге, өткізу кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы қосылған құн салығын қоспағанда, өткізу құнына азайтылады.

      Егер мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркелген активтер объектілері бөлігінде анықталмаса, кіші топтың (топтың) құндық балансы өткізу күніне қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған шығып қалатын тіркелген активтердің баланстық құнына азайтылады.

      Лизинг шарты бойынша тіркелген активтерді беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы шартқа сәйкес лизинг заты берілген құнға азайтылады.

      4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген берілген активтердің құнына, бірақ беру күніне бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша аталған активтердің баланстық құнынан кем емес азайтылады.

      5. Тіркелген активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құнға азайтылады.

      6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосу, біріктіру, бөлу немесе бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде тіркелген активтердің шығып қалуы кезінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы беру актісінде немесе бөліну балансында көрсетілген, берілген активтердің баланстық құнына азайтылады.

      Қосу, біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаны салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркелген активтердің құнын:

      1) I топтағы тіркелген активтер бойынша - осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген, тіркелген активтердің қалдық құнын;

      2) II, III, ІV топтардағы тіркелген активтер бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - осы Кодекстің 267-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасын беру актісінде көрсетуге құқылы.

      Қосу, біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша тіркелген активтердің құнына азайтылады.

      Салықтық есепке алу мақсаттары үшін салық төлеуші Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес заңды тұлғаны бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастыру кезінде осы Кодекстің 367-бабының 3-тармағында көзделген тәртіпте есептелген салық есебінің деректері бойынша қалдық құнын беру актісінде көрсетуге құқылы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның кіші тобының құндық балансы осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есеп беру деректері бойынша берілген тіркелген активтер құнына азайтылады.

      7. Құрылтайшы, қатысушы мүлікті алып қойған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келісуі бойынша анықталған құнға азайтылады.

      8. Тіркелген активтерді жоғалту, бүлдіру кезінде:

      1) тіркелген активтерді сақтандыру жағдайларында – кіші топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады;

      2) І топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде – тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады;

      3) І топтың тіркелген активтерінен өзге, тіркелген активтерді сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетілмейді.

      9. Лизинг алушы лизингтің затын лизинг берушіге қайтарған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған актив салық есебінде танылған бастапқы құн мен енгізілген лизинг затының құны лизинг затын алған күннен бастап қайтару күніне дейін кезеңдегі лизингтік төлемдер сомасы арасындағы оң айырмаға азайтылады.

      10. Тіркелген активтерді сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде топтың (кіші топтың) құндық балансы:

      1) І топ бойынша – тіркелген активтердің қалдық құнына;

      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – беру күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған баланстық құнға азайтылады.

      11. Сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлікпен басқару жөніндегі міндеттемелерді тоқтатқан кезде топтың (кіші топтың) баланстық құнын:

      1) І топ бойынша – осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;

      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша:

      топтың барлық активтерін беру кезінде – осы Кодекстің 267-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық балансының шамасына;

      қалған жағдайларда - осы Кодекстің 268-бабына сәйкес айқындалған, берілетін активтердің амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнына азайтады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар осы Кодексте тіркелген активтердің тиісті тобы үшін көзделген, алдыңғы кезеңдер үшін амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алынып, есепті салық кезеңінің алдындағы сенімгерлікпен басқарудың әрбір салық кезеңі үшін есептеледі.

      12. Концессия шарты бойынша концессионерге тіркелген активтерді беру кезінде конценденттің тобының (кіші тобының) құндық балансы:

      1) І топ бойынша – осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;

      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.

      13. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендентке тіркелген активтерді беру кезінде концессионердің тобының (кіші тобының) құндық балансы:

      1) І топ бойынша – осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына;

      2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалған құнға азайтылады.

      14. Табыс алуға бағытталған қызметте тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:

      1) маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бойынша – шығып қалу көрсетілмейді;

      2) І топтың басқа тіркелген активтері бойынша – тиісті кіші топтардың құндық балансы осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін оны пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;

      3) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.

      Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, тіркелген активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.

      Осы тармақтың мақсатында маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтері болып табылады:

      мұндай активтер белгілі бір температуралық режимдерде пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында пайдаланыла алмайды;

      күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысады;

      есепті салық кезеңінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған активтер.

      271-бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу

      1. Тіркелген активтердің құны осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерімге жатады.

      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдар осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауы тиіс амортизация нормаларының тіркелген активтері бойынша салық кезеңінің соңында кіші топтың, топтың құндық балансына қолдану арқылы анықталады:


р/с

Топтың №

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның шекті нормасы (%)

1

2

3

4

1.

I

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

10

2.

II

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

25

3.

III

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз етілім мен жабдықтар

40

4.

IV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, соның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары

15

      3. Осы Кодекстің 267-бабының 10-тармағында көрсетілген топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгіленген амортизацияның шекті нормаларын қолдану жолымен айқындалады.

      4. Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке анықталады.

      5. Салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 222 - 315-баптарына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеуге көшкен жағдайда, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтатқан кезде амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне түзетіледі.

      6. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін, осы Кодекстің 274-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттарды және құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды:

      тіркелген активтер деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 265 – 273-баптарында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызуға немесе

      преференциялар объектілері деп тануға және олардың құнын осы Кодекстің 274 - 276-баптарында белгіленген талаптар сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.

      7. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдаланудың бірінші салықтық кезеңінде осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда амортизацияның екі еселенген нормалары бойынша амортизациялық аударымдар есептеуге құқылы. Осы тіркелген активтер пайдаланудың бірінші салық кезеңінде топтың құндық балансынан бөлек ескеріледі. Келесі салық кезеңінде осы тіркелген активтер тиісті топтың құндық балансына қосуға жатады.

      Ол бойынша амортизациялық аударымдардың есептеуі осы тармаққа сәйкес жүргізілген алғашқы рет пайдалануға енгізілген тіркелген актив шығып қалған жағдайда, осы Кодекстің 271-бабында көзделген амортизацияның шекті нормалары бойынша айқындалған амортизациялық аударымдардың сомасына көрсетілген тіркелген актив бойынша шегерудің асып кеткен сомасының үш жылдық кезеңі өткенге дейін амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған сол салық кезеңінің жиынтық жылдық табысы енгізілуге жатады.

      Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      1) өздері пайдалану ерекшеліктеріне орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылатын;

      2) салықтық есепте жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпайтын тіркелген активтерге ғана қолданылады.

      8. Осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша салық төлеушілер амортизацияның мына нормаларын:

      инвестициялық басым жобаны іске асырып жатқан және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшеріндегі нормаларын;

      өзге де салық төлеушілер – амортизацияның осы бапта белгіленген шекті нормаларын қолдану арқылы амортизациялық аударымдарды есептеуді жүргізеді.

      272-бап. Келесі шығыстар шегерімі

      1. Оларды келесі шығыстар деп бухгалтерлік есепте танығаннан кейін мынадай:

      1) тіркелген активтерге, оның ішінде олардың пайдалануы уақытша тоқтатылған кезеңінде;

      2) мыналарда:

      коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейінгі кезеңде - осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында;

      осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 7), 15) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілетін және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес және биологиялық активтердің тіркелген актвитеріне жатпайтын;

      3) осы Кодекстің 260-бабында көрсетілген активтерге қатысты шеккен пайдалану, жөндеу, қайта құру, жаңғырту, ұстау, тарату бойынша шығындар және басқа да шығындар танылады.

      Келесі шығыстарға, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары осы Кодекстің 252-бабына сәйкес шегерімге жататын тарату қорының қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарын қоспағанда, салық төлеушінің резервтік қорлары есебінен жүргізілетін шығыстар жатады.

      Келесі шығыстар деп сондай-ақ пайдалану, жөндеу, қайта құру, жаңғырту, ұстау, тарату бойынша шығындар және мүліктік жалға беру (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты көтерген басқа да шығындар танылады.

      2. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарымен өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік есепте осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге, активтерге қатысты активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын келесі шығыстардың, сондай-ақ осы Кодекстің 276-бабының 5-тармағында көрсетілген келесі шығыстардың сомасы:

      1) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын ұлғайтады;

      2) топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансы болмаған кезде ағымдағы салық кезеңінің соңында топтың (кіші топтың) актив түріне сәйкес келетін құндық балансын қалыптастырады.

      Осы Кодекстің 268-бабының 13-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.

      Лизинг және бухгалтерлік есепте ұзақ мерзімді актив ретінде танылған шарттан өзге, мүліктік жалға беру (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты шеккен келесі шығыстардың сомасы осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тіркелген актив ретінде есептеледі.

      3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды қайта құруға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар инвестициялық салық преференцияларын қолдануға құқығы бар салық төлеушінің таңдауы бойынша осы баптың 2-тармағына немесе осы Кодекстің 274 - 276-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.

      4. Осы Кодекстің 266-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден бастап шеккен келесі шығыстардың бухгалтерлік есепте мұндай активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңінің соңында, оның ішінде мұндай сома салық кезеңінің соңында нөлге тең болған жағдайда осы Кодекстің 258-бабының 1-тармағында көзделген амортизацияланатын активтердің тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады.

      Осы тармақта көзделген келесі шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлік есепте активтердің баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңінде танылады.

      5. Келесі шығыстар, оның ішінде осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, жалға алынған мүлікке қатысты жалға алушы жүргізген, сондай-ақ осы Кодекстің 228-бабының 4-тармағына сәйкес амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын ұлғайтатын келесі шығыстар сол салық кезеңінде жүргізілген шегерімге жатқызылуы тиіс.

      273-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер

      1. Өтеусіз беруді қоспағанда, кiші топтың (І топ бойынша) тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн кіші топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы мөлшеріндегі сома І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан болған залал деп танылады.

      Осы кіші топтың құндық балансы нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.

      2. Топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн тиісті топтың салық кезеңi соңындағы құндық балансы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шегерімге жатқызылады.

      3. Кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерiн өтеусіз берген кезде тиісті кiші топтың немесе топтың құндық балансы салық кезеңiнiң соңында нөлге теңестіріледі және шегерімге жатқызылмайды.

      4. Салық төлеушi кiші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және салық кезеңінің соңғы күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен кем соманы құрайтын шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.

      5. Қатты пайдалы қазбалардың өндіруін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы кiші топтың (топтың) салық кезеңі соңындағы құндық балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы. Шегерім өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлық кен орындарын әзірлеудің салдарларын жою бойынша жұмысы аяқталған салық кезеңінде жүргізіледі.

      Жиынтық жылдық табыс немесе өндіруге арналған көрсетілген келісімшарт бойынша шығын болмаған жағдайда шегерім осындай жер қойнауын пайдаланушының өндіруге арналған басқа келісімшарты бойынша жүргізіледі.

      Бұл ретте шегерім мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және салық кезеңінің соңғы күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 000 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

§ 4. Инвестициялық салық преференциялары

      274-бап. Инвестициялық салық преференциялары

      1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі – преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 275, 276-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді.

      Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының преференцияларды қолдануға құқығы бар.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, егер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе:

      1) осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген активтер немесе негізгі құралдар болып табылса;

      2) преференцияларды қолданған салық төлеуші табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланса;

      3) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;

      4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса;

      5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілетін активтер болып табылмаса;

      6) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер болып табылмаса, преференция объектілеріне жатқызылады.

      3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар ретінде ескерілсе;

      2) реконструкциялау, жаңғырту жүзеге асырылған соң пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған болса;

      3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде пайдаланудан уақытша шығарылса;

      4) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;

      5) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.

      Преференцияларды қолдану мақсаты үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту – келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:

      негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту;

      негізгі құралдың қызмет ету мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;

      реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады.

      4. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін мыналардан:

      сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

      мәдени-ойын-сауыққа арналған ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

      қонақ үй, мейрамхана ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға арналған басқа да ғимараттардан, қоғамдық тамақтану ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

      офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

      автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

      автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқа тұрғынжай емес ғимараттар (тұрғынжай емес ғимараттардың бөліктері) өндірістік мақсаттағы ғимараттарға жатады.

      Преференцияларды қолдану мақсаты үшін: спортқа арналған құрылыс жайлар мен демалу орындарынан, мәдени-ойын-сауық, қонақ үйге, мейрамханаға арналған, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе аялдауына арналған құрылыс жайлардан басқа құрылыстар өндірістік мақсаттағы құрылыс жайларға жатады.

      5. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін:

      1) құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде – мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы ғимаратты (ғимарат бөлігін) пайдалануға беру актісіне қол қойғаннан кейін құрылыс жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі;

      2) қалған жағдайларда – мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының ғимаратты (ғимарат бөлігін) пайдалануға беру актісіне қол қоюы Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі болып табылады.

      6. Мынадай талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келсе:

      1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 21-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса;

      2) салық төлеуші осы Кодекстің 462-бабының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асырса;

      3) салық төлеуші осы Кодекстің 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы жоқ.

      275-бап. Преференцияларды қолдану

      1. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі:

      1) объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісі;

      2) объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырылады.

      2. Объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерінің осы Кодекстің 276-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған бастапқы құнын пайдаланудың алғашқы үш салық кезеңі ішінде тең үлеспен немесе пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде біржолғы шегерімге жатқызуды білдіреді.

      3. Объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерін салуға, өндіруге, сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс жайлар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілгенге дейін осындай шығындар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды шегерімге жатқызуды білдіреді.

      4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, егер преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс жайлар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде мына жағдайлардың бірінде:

      1) салық төлеуші осы Кодекстің 274-бабының 2 - 4-тармақтары ережелерінің бұзылуына жол берсе;

      2) преференцияларды қолданған салық төлеуші немесе мұндай салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры осы Кодекстің 274-бабының 6-тармағы ережелерінің кез келгеніне сәйкес келетін жағдай туындаса, преференциялар қолданылған кезінен бастап жойылады және салық төлеуші олар қолданылған әрбір салық кезеңі үшін преференциялар сомасына шегерімдерді азайтуға міндетті.

      5. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер осы Кодекстің 274-бабының 2-тармағында белгіленген преференциялар объектілерін пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалану туралы талап осындай қайта ұйымдастыру салдарынан орындалмаған жағдайда, қайта ұйымдастырылған тұлғада преференцияларды жою жүргізілмейді.

      Осы тармақ мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

      1) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күніне ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса;

      2) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға преференциялар қолданылған объектілерді қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға берсе;

      3) преференция объектілерін беру қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылса, қолданылады.

      276-бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші преференция объектілерін, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс жайларды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды есепке алуды солар бойынша преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс жайлар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде тіркелген активтерден бөлек жүзеге асырады.

      Преференция объектілері және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс жайларды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстар преференциялар қолданылған әрбір объект бөлігінде ескеріледі.

      2. Негізгі құрал болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құнына салық төлеуші осы объект пайдалануға берілген күнге дейін шеккен шығындар қосылады. Мұндай шығындарға объектіні сатып алуға, оны өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындар, сондай-ақ:

      осы Кодекстің 264-бабы 2), 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);

      амортизациялық аударымдардан;

      бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және осы Кодекстің 242-бабының 5-тармағына сәйкес салық салу мақсатындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.

      3. Осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген актив болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құны осы Кодекстің 268-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.

      4. Солар бойынша преференциялар жойылған активтер осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда пайдалануға берілген күнінен бастап тіркелген активтер болып танылады және осы Кодекстің 267 және 268-баптарында көзделген тәртіппен осындай актив түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.

      5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс жайларды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстар бойынша преференциялар жойылған кезде мұндай шығыстар осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен ескеріледі.

      6. Преференциялар объектісі осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерден басқа, преференциялар объектісі пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі өткен соң осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда тіркелген актив болып танылады және осы Кодекстің 267 және 268-баптарында көзделген тәртіппен осындай объект түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.

§ 5. Туынды қаржы құралдары

      277-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық салу мақсатында туынды қаржы құралдары:

      1) хеджирлеу мақсатында;

      2) базалық активті жеткізу мақсатында;

      3) өзге де мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.

      2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 278, 279-баптарына және 299-бабының 3-тармағына сәйкес табыс немесе залал айқындалады.

      3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда туынды қаржы құралының салықтық есепке алуы осы Кодекстің 280 және 281-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Осы Кодекстің 226-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген табыс осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі табыстар бойынша қалыптасады және ол мынадай тәртіппен айқындалады:

      осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын және осы Кодекстің 278 және 279-баптарында белгіленген тәртіппен айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша табыстардың жалпы сомасы,

      алу

      осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салық кезеңіндегі залалдардың жалпы сомасы

      алу

      туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салық кезеңдерінен ауыстырылған залалдар.

      278-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс

      1. Ол бойынша табыс осы Кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.

      Салық есебінің мақсаттары үшін мұндай табыс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтарды немесе міндеттемелерді орындаған күніне, олардың мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күніне, олардың сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күніне танылады.

      2. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.

      3. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі осы туынды қаржы құралы бойынша аралық есеп айырысулар кезінде төленуге жататын (төленген) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.

      279-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралы бойынша табыс

      1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша табыс осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып, түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.

      Салықтық есепке алу мақсаты үшін осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша табыс осы тармақта көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша түсімдер есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша шығыстар есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша төленуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.

      280-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері

      1. Хеджирлеу – бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.

      2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін азайтуға алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп айырысуларды жасайды.

      3. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал, хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі салықтық есепке алуда танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.

      4. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал тиісінше жылдық жиынтық табысқа кіреді немесе мұндай табыс немесе залал осы Кодекстің 278 және 279-баптарына сәйкес танылған сол салық кезеңіндегі шегерімдерге жатады.

      281-бап. Салықтық есепке алудың базалық активті беру жолымен орындалған кездегі ерекшеліктері

      1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсатында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активтерді сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төленуге жататын (шеккен) шығыстар және алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардан түскен түсімдер мен шығыстар салықтық есепке алу мақсатында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.

§ 6. Ұзақ мерзімді келісімшарттар

      282-бап. Жалпы ережелер

      1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, құрылыс басталған салық кезеңі шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, құрылысқа арналған келісімшарт (шарт) ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.

      2. Салықтық есепке алу әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша бөлек жүргізіледі.

      3. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс салық төлеушінің таңдауы бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша бөлек айқындалады.

      Табыстарды айқындаудың таңдап алынған әдісі әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша қолданылатын әдістерді көрсету үшін арналған салықтық тізілімдемеде көрсетіледі және ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану мерзімінің ішінде өзгертілмейді.

      Осындай салықтық тізілімдеме немесе онда таңдап алынған әдіс туралы ақпарат болмаған кезде мұндай әдіс іс жүзіндегі әдіс деп танылады.

      4. Салық кезеңінде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша келтірілген шығыстардың сомасы осы Кодекстің 242-276-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс.

      283-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі

      1. Есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде келтірілген шығыстар сомасынан кем емес табыс іс жүзіндегі әдіс бойынша есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс танылады.

      2. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданыс мерзімі ішінде осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған осындай келісімшарт бойынша табыс ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының барлық кезеңінде айқындалатын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстың жалпы сомасынан асқан жағдайда, ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс:

      1) осындай асып кетулер болған салық кезеңінде – ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының барлық кезеңінде айқындалатын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстың жалпы сомасы мен ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының алдыңғы салық кезеңдеріндегі жиынтық жылдық табысқа қосылған осындай келісімшарт бойынша табыстың сомасы арасындағы оң айырма мөлшеріндегі табыс;

      2) ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының кейінгі салық кезеңінде –нөлге тең сома танылады.

      284-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі

      1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салық кезеңіндегі салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс мынадай тәртіппен айқындалады:

      осы келісімшарт бойынша оның қолданылатын барлық кезеңі үшін алынуға жататын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстың жалпы сомасы мен ағымдағы салық кезеңінде осындай келісімшартты орындау үлесінің көбейтіндісі

      алу

      алдыңғы салық кезеңдерінде салық салу мақсаттары үшін осындай ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс.

      2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзімді келісімшартты орындау үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:

      А/(А+Б), мұнда:

      А – алдыңғы және есепті салық кезеңдері үшін осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар;

      Б – ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау үшін кейінгі салық кезеңдерінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуі тиіс, ұзақ мерзімді келісімшартты қолданудың кейінгі салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылуға тиіс ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар.

      3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде осындай ұзақ мерзімді келісімшарттың орындалу үлесі бірге тең.

      285-бап. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау кезінде көмірсутектерді беру кезінде корпоративтік табыс салығының мақсаттары үшін жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің мөлшерін анықтау ерекшеліктері

      Жер қойнауын пайдаланушы салықтарды заттай нысанда төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаған жағдайда, пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беру күніне:

      1) заттай нысанда орындалған, салықтарды төлеу бойынша орындалған салық міндеттемесінің сомасы жылдық жиынтық табысқа енгізілуі тиіс;

      2) заттай нысанда салықтарды төлеу есебіне берілген пайдалы қазбалардың өзіндік құны шегерімге жатқызылады;

      3) заттай нысанда салықтарды төлеу бойынша орындалған салық міндеттемесінің сомасы осы Кодекстің 263-бабында белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.

§7. Табыстар мен шегерімдерді түзету

      286-бап. Жалпы ережелер

      Түзету – осы Кодекстің 287-бабында белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту.

      287-бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету

      1. Егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:

      1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;

      2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;

      3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде. Осы тармақшаның ережесі шарттың талаптарын негізге ала отырып, оның ішінде коэффициентті (индексті) қолданумен байланысты өткізілген немесе сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің төленуге жататын құнын өзгерткен кезде де қолданылады;

      4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;

      5) ол бойынша табысты түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда түзетуге жатады.

      2. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор:

      заңды тұлғадан:

      дара кәсіпкерден;

      Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.

      Осы тармақта көзделген табысты түзету:

      1) салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймаған;

      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:

      1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда;

      2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.

      Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.

      3. Табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтылған кезде жүргізілмейді.

      4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.

29-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТЫ АЗАЙТУ ЖӘНЕ ҰЛҒАЙТУ (ЗАЛАЛДЫ АЗАЙТУ) ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫН САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ

      288-бап. Салық салынатын табысты азайту

      1. Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:

      1) салық кезеңінде ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілер – салық салынатын табыстың 3 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:

      нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;

      алушысы:

      коммерциялық емес ұйым;

      әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын өтеусіз берілген мүліктің құнын;

      көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі қайырымдылық көмекті;

      Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын табысына да қатысты қолданылады;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушілер – салық салынатын табыстың 4 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде:

      нақты шеккен шығыстардың осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын;

      алушысы:

      коммерциялық емес ұйым;

      әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;

      көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі қайырымдылық көмекті;

      Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын табысына да қатысты қолданылады;

      3) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызын;

      4) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:

      оқытуға ақы төлеуге іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;

      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;

      оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;

      оқуға түскен кезде оқу орнына баруы және оқу аяқталғаннан кейін қайтуына іс жүзінде жұмсалған шығыстарды қамтиды.

      Осы тармақшаның ережелері:

      жеке тұлға оқыту шығыстарын жеке тұлғаның оқуы аяқталған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты жеке тұлғаның оқуы аяқталған күннен бастап үш ай ішінде жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;

      жеке тұлға оқыту шығыстарын еңбек шарты бұзылған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты мұндай тұлғамен еңбек шарты жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған жағдайларда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;

      жер қойнауын пайдаланушы мұндай оқыту шығыстарына қатысты осы Кодекстің 261-бабының ережелерін қолданған жағдайда қолданылмайды.

      5) алушысы осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымы болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;

      6) өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті орган берген өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаты бар өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап- компаниялардан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстардың (шығындардың) осы Кодекстің 254-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сомасының 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижесін енгізу туралы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталған көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағында енгiзiлген жағдайда салық кезеңінде қолданылады;

      Осы тармақтың мақсаттарында өтеусіз берілген мүліктің құны:

      ақша беру кезінде – берілген ақшаның мөлшерімен;

      жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде – осындай жұмыстарды орындауға, осындай қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығыстардың мөлшерімен;

      өзге де мүлік бойынша аталған мүліктің қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.

      2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:

      1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, лизинг шарты бойынша сыйақыны;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және бағалы қағаздардың сатуын ұйымдастыруға Ұлттық Банктің лицензиясы бар қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай сыйақыны есептеу күніне болған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны;

      3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыны;

      4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден шеккен залалдарға азайтылған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;

      5) агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды;

      6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;

      7) республикалық мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын;

      8) егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы қатысу үлестерiн немесе резидент заңды тұлға шығарған акцияларды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлесін иелену мерзімі, егер осындай акцияны немесе қатысу үлесін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, акциялардың немесе қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелеріндегі иелену мерзімін есепке алумен жиынтықта айқындалады.

      Жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың алдындағы бірінші күнінің он екі айлық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуаттарында меншікті және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент заңды тұлғаға тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірген минералдық шикізаттың кемінде 70 пайызын көрсетілген кезеңде одан кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Кейін өңдеуге жіберілетін көмірді қоса алғанда, минералдық шикізаттың көлемін анықтау кезінде:

      бастапқы өңдеуден кейінгі кез келген өңдеу нәтижесінде алынған, тікелей өндіріске жіберілген өнімнің;

      оны одан әрі кейінгі өңдеуде пайдалану мақсатында өндірісте пайдаланылған бастапқы өңдеу өнімінің шикізаты есепке алынады.

      Бұл ретте заңды тұлғаның немесе консорциумның активтер құнында акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлік үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;

      9) өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн және бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға Ұлттық Банктің лицензиялары бар қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн және бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға Ұлттық Банктің лицензиялары бар қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарды азайтуға құқығы бар.

      289-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

      1. Осы Кодекстiң мақсаты үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетiн:

      1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;

      2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.

      2. Коммерциялық емес ұйымның депозиттер бойынша сыйақы, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, депозитке салынған ақша қаражаты бойынша, оның ішінде ол бойынша сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi түріндегі, сондай-ақ өтеусiз алынған мүлiк, оның ішінде қайырымдылық көмек, грант, демеушілік көмек, өтеусiз негiзде алынған ақша және басқа мүлік түріндегі мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған кезде коммерциялық емес ұйымның жылдық жиынтық табысынан алып тастауға жатады. Осы тармақтың мақсаты үшін:

      ортақ мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің міндетті төлемдері;

      тұтастай үйді қажетті пайдалануға міндетті және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне олардың келісімімен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің төлемдері;

      үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері міндетті төлемдер мерзімін өткізіп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есептелген өсімпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.

      Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшері және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген жылдық жиынтық табыстың түзетуі жүргізілмейді.

      5. Осы баптың 2-тармағында көзделмеген табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылатын сомасы осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.

      6. Осы баптың ережелері:

      1) осы Кодекстің 291-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;

      2) осы Кодекстің 290-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.

      290-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

      1. Осы бапқа сәйкес қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде, осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

      2. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақта көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыстар және депозиттер бойынша сыйақылар ескеріле отырып, олардан алынатын табыстар осындай ұйымдардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады.

      Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері:

      1) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) көрсететін медициналық көмек нысанындағы қызметтер көрсету;

      2) білім беру қызметін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөнінде қызметтер көрсету;

      3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде іске асыруын қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени игілік объектілерінің тізіліміне немесе Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;

      4) кiтапхана қызметi жатады.

      Осы тармақта көзделген ұйымдардың табыстары олар көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.

      3. Осы Кодекстің мақсаты үшін қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға келесі талаптардың біріне сай келетiн:

      1) салық кезеңiнде мүгедектердің орташа саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайтын;

      2) салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда – кемiнде 35 пайызын) құрайтын ұйымдар да жатады.

      4. Қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзу жөнiндегi қызметтен табыстар алатын ұйымдар жатпайды.

      5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстар осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.

      6. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 291-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.

      291-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу

      1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:

      1) осы тармақтың 2) - 5) тармақшаларында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының бастамасы бойынша құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;

      2) бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;

      жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын;

      мынадай:

      қосымша білім беру;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:

      мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;

      негізгі мектеп;

      жоғары мектеп;

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;

      3) бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам болып табылатын;

      осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаға тиесiлi болатын;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келсе:

      осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;

      жылдық жиынтық табысында алған табыстардың кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі табыстар, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

      медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);

      қосымша білім беруді;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:

      мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;

      негізгі мектеп;

      жоғары мектеп;

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;

      ғылым саласындағы қызметті, атап айтқанда:

      iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;

      осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырудан алынған табыс құраса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.

      Осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға алынған және жұмсалған, құрылтайшыдан түскен түсімдер де осы тармақшаның мақсаттары үшін жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар деп танылады;

      5) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай талаптарға сай келсе:

      осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады;

      ғылым саласындағы мынадай:

      ғылыми-техникалық;

      инновациялық;

      іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу қызметі түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырған жағдайда салық салудан босатылады.

      Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақшада көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталады.

      Егер ұйымдар мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

      медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық, санаторий-курорттық қызметтердi қоспағанда);

      қосымша білім беруді;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:

      мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қоса алғанда, бастауыш мектеп;

      негізгі мектеп;

      жоғары мектеп;

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;

      осы қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса оларға осы тармақша қолданылмайды;

      6) егер ұйым бір мезгілде мынадай талаптарға сай келсе:

      осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;

      тек қана мынадай жұмыстар мен қызметтерді көрсетсе:

      кітапханалық қорды уақытша пайдалануға берсе, оның ішінде электрондық нысанда берсе;

      ақпаратты өңдеу үшін компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етілімдер мен жабдықтарды уақытша пайдалануға берсе;

      жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тек қана мынадай ұйымдарға:

      осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;

      өзіне әкімшілік-шаруашылық қызметті қамтамасыз ету мен қызмет етілуін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің көрсетілуі мақсатында осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін құрған коммерциялық емес ұйымдарға ғана көрсетсе, ол дербес білім беру ұйымы деп танылады.

      2. Дербес бiлiм беру ұйымы бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

      Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған дербес бiлiм беру ұйымының алған таза табысы немесе мүлкi қатысушылар арасында бөлінген салық кезеңдерi бойынша осы тармақтың ережесi қолданылмайды.

      292-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға салық салу

      1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның табыстары мұндай табыстар мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған жағдайда, салық салудан босатылуға жатады:

      1) екінші деңгейдегі банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, сондай-ақ өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғадан активтерді сатып алу және оларды өткізу;

      2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның екінші деңгейдегі банктерден оларға қойылатын талап ету құқықтарын сатып алған заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін иелену және өткізу;

      3) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын сатып алған екінші деңгейдегі банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуі және өткізуі;

      4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымның заңды тұлғаларға талап ету құқықтарын екінші деңгейдегі банктерден сатып алу бойынша алынған мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру) немесе өтемін төлеп уақытша пайдаланудың өзге нысанында пайдалану;

      5) ақшаны бағалы қағаздарға орналастыру.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылатын табыстар бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

      3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылатын сомасы мұндай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалды немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.

      4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы пропорционалды әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, кірістердің жалпы сомасында айқындалады.

      5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.

      293-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiге салық салу

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдаудан түскен табыстар бойынша осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

      2. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiнің осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызметті жүзеге асырудан түскен табыстары жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.

      3. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрі және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.

      4. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi осындай қызмет бойынша осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес.

30-ТАРАУ. БАҚЫЛАНАТЫН ШЕТЕЛ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПАЙДАСЫНА САЛЫҚ САЛУ

      294-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Кодекстің мақсатында бақыланатын шетел компаниясы ретінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлға танылады:

      1) осындай тұлға мынадай тұлғалардың бірі болып табылғанда:

      бейрезидент заңды тұлға;

      заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзгеде шетелдік нысаны (бұдан әрі осы тармақтың мақсатына орай – ұйымдастырудың өзге де нысаны);

      2) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне жауап бергенде:

      қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 25 және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде өзіне тиесілі, Қазақстан Республикасының резиденті (бұдан әрі осы тараудың мақсатында - резидент) болып табылатын заңды немесе жеке тұлға;

      бақылау арқылы резидентпен байланысты тұлға (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде бақылауы болған жағдайда);

      3) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келгенде:

      осы баптың 4-тармағының 10) тармақшасына сәйкес айқындалатын бейрезидент-заңды тұлғаның немесе өзге де нысандағы ұйымның пайдасына арналған тиімді салық мөлшерлемесі 10 пайыздан кем болса;

      заңды тұлға-бейрезидент немесе өзге де нысандағы ұйым тіркелгенде немесе құрылтай құжаты (құрылуы туралы құжат) тіркелгенде немесе салық салуы жеңілдетілген мемлекетте тіркелген қатысушыға табыстар мен шығыстардың есепке алуды жүргізу немесе осындай немесе өзге де нысандағы ұйымның активтерін басқару жүктелгенде.

      Бақыланатын шетелдік компанияны айқындау мақсатында "бақылау" ұғымы осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      2. Осы Кодекстің мақсаты үшін бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесі ретінде құрылымдық бөлімше немесе:

      1) ол салық салуы жеңілдетілген мемлекетте тіркелген;

      2) ол шетел мемлекетінде тіркелген және осы баптың 4-тармағының 10) тармақшасына сәйкес айқындалған пайдаға салынатын тиімді салық мөлшерлемесі он пайыздан аз мынадай шарттардың біріне сай келетін тұрақты мекеме танылады;

      Бұл ретте осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені бір мезгілде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптарына сай келетін тұлға құруы тиіс.

      3. Осы Кодекстің мақсаты үшін салық салуы жеңілдетілген мемлекет ретінде шетел мемлекеті немесе мынадай шарттардың біріне жауап беретін аумақ танылады:

      1) осындай мемлекетте немесе аумақта пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі 10 пайыздан кем мөлшерде белгіленген;

      2) осындай мемлекетте немесе аумақта қаржылық ақпараттың құпиялылығы туралы заңдардың немесе мүліктің, табыстың іс жүзіндегі иелері немесе заңды тұлғаның (компанияның) іс жүзіндегі иелері, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдардың болуы.

      Салық салу мақсаты үшін уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпейтін шетел мемлекеттерін және аумақтарын қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасының ережелерін Қазақстан Республикасында құзыретті органдар арасында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін халықаралық шарты әрекет ететін шетел мемлекетіне немесе аумағына қатысты қолданылмайды.

      Салық салу мақсаты үшін мынадай шарттардың бірін орындау кезінде:

      1) уәкілетті орган шет мемлекеттің немесе аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органынан алмасуы халықаралық шартта көзделген мәліметтерді ұсынудан жазбаша бас тартуын алған;

      2) шетел мемлекеттің немесе аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органы уәкілетті орган тиісті сұрау салуды жолдағаннан кейін екі жылдан астам уақыт ішінде талап етілетін мәліметті ұсынбаған мемлекет немесе аумақ уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпеген немесе қамтамасыз етпейтін ретінде танылады.

      Осы тармаққа сәйкес айқындалған жеңілдетілген салық салуы бар мемлекеттер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

      4. Осы тараудың және осы Кодекстің 32-тарауының мақсаттарында пайдаланылатын өзге де ұғымдар:

      1) тұлға:

      жеке тұлға;

      бейрезидент заңды тұлға;

      ұйымның өзге де нысаны;

      2) бақыланатын тұлға – мынадай талаптардың біріне жауап беретін тұлға:

      бақылану арқылы резидентпен байланысы бар тұлға (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде бақылауы болған жағдайда);

      резиденттің қатысу үлесі тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде 50 астам пайызын қамтитын тұлға;

      жақын туыстары ретінде резидентпен байланысы бар тұлға (резидент жеке тұлғаға қатысы бойынша);

      3) бақылау – бағалы қағаздарды саудаға өткізу үшін қор биржалары қабылдайтын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не қаржылық есептілікті жасаудың танылған өзге де халықаралық стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау;

      4) жақын туыстары:

      жұбайы (зайыбы);

      балалар, оның ішінде асырап алынған ер балалар, асырап алынған қыздар;

      жұбайының (зайыбының) балалары, оның ішінде асырап алынған ер балалар, асырап алынған қыздар;

      немерелер;

      жұбайының (зайыбының) немерелері;

      асырауындағылар;

      жұбайының (зайыбының) асырауындағылар;

      ата-аналар;

      жұбайының (зайыбының) ата-аналары;

      бірге туған, бірге тумаған бауырлары мен апа-қарындастары;

      жұбайының (зайыбының) бірге туған, бірге тумаған бауырлары мен апа-қарындастары;

      5) қатысу үлесі (қатысу) – жарғы капиталындағы қатысу үлесі (қатысу), жарғы (акционерлік) капиталдағы дауыс беретін акциялардың үлесі (қатысуы) немесе өзге де нысанындағы ұйымның қатысу (қатысу) үлесі;

      6) жанама түрде иелік ету үлесі (жанама түрде қатысу) – резиденттің бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) арқылы бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлестерін иелік етуі;

      7) конструктивті иелік ету (конструктивті қатысу) – резиденттің бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлестерін тікелей және (немесе) жанама түрде иелік етуі немесе резиденттің және жақын (жақын) туысымен (туыстарымен) (бірге) бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иелік етуі;

      8) есепті кезең – қаржылық пайда танылған қаржы кезеңі;

      9) тиімді мөлшерлеме – мына:

      есепті кезең үшін бекітілген қаржылық есептіліктен есептелген, салық салынғанға дейін қаржылық табыстың оң шамасына кейінге қалдырылған салыққа қоспағанда, ағымдағы салықтық шығыс ретінде бекітілген қаржылық есептілік бойынша қарастырылатын есептік кезең үшін табыс салығының сомасына қатысты есептелген;

      есепті кезең үшін бекітілген қаржылық есептіліктен есептелген, салық салынғанға дейін қаржылық табыстың оң шамасына шет мемлекетте төленген есептік кезең үшін табыс салығының сомасына қатысты есептелген мөлшерлемелердің ең азы ретінде айқындалатын табысқа салық мөлшерлемесі.

      Осы тармақшаның мақсатында табыс салығының сомасына табыс салығы және төлем көзінде ұсталған салық қосылады егер салық салынғанға дейін қаржылық табысқа ағымдағы немесе алдыңғы кезеңде төлем көзінде ұсталған салық салынған табыс қосылса.

      10) бақыланатын шетел компаниясының тиімді салық мөлшерлемесі немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің тиімді салық мөлшерлемесі – осы тармақтың 9) тармақшасына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетел компаниясының тиімді пайда салығы мөлшерлемесінің немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің тиімді пайда салығы мөлшерлемесінің есепті және алдыңғы екі кезең, кейіннен алдағы есепті кезең ішіндегі орта арифметикалық мәні.

      Егер бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің тиісті кезеңі (кезеңдері) қорытындысы бойынша П көрсеткіші нөлге тең болған жағдайда немесе теріс шамасы болса, тиімді мөлшерлемены есептеуде осындай тиісті кезең (кезеңдер) ішіндегі П және Н көрсеткіші есептелмейді. Мұндай жағдайда, бақыланатын шетел компаниясының тиімді пайда салығының мөлшерлемесі немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің тиімді пайда салығының мөлшерлемесі оң көрсеткіші бар П көрсеткішінің қалған кезең санының тиісті көрсеткіштері негізге алына отырып айқындалады.

      Егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекеттің заңнамасында шоғырландырылмаған бөлек қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректері көрсетіле отырып шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, онда бақыланатын шетел компаниясының тиімді салық мөлшерлемесін есептеу үшін П және Н көрсеткіштері мынадай тәртіпте қайта есептеледі:

      П көрсеткішінен, егер бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық пайдасы салық салуға дейін осындай соманы ескерген жағдайда, еншілес ұйымдардың салық салуына дейін қаржылық пайда (залал) сомасы, бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша танылған қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың табыстарындағы үлесі алынып тасталады;

      Н көрсеткішінен, егер бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған пайда салығының сомасы осындай соманы қамтыған жағдайда, кейінге қалдырылатын салықтарды қоспағанда, ағымдағы салықтық шығыс ретінде бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша танылған еншілес ұйымдардың пайда салығының сомасы алынып тасталады;

      11) пайда салығы – шетел пайда салығы немесе үстеме пайда салығын немесе жер қойнауын пайдаланушыға арнайы салықтарды (төлемдерді) қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетел салығы.

      295-бап. Жалпы ережелер

      Бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салуға жатпайды.

      Қосарланған салық салу мынадай тәртіпте жойылады:

      1) шет мемлекетте бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығын:

      20 пайыздан кем тиімді мөлшерлеме бойынша төлеген жағдайда, осындай пайда салығы осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығын төлеу есебінде есепке жатқызылады;

      20 және одан да көп пайыздық тиімді мөлшерлеме бойынша төлеген жағдайда, салықтық босатулар осы Кодекстің 296-бабына сәйкес қолданылады;

      2) резиденттің бақыланатын екі шетел компаниясының арасындағы дивиденттерді Қазақстан Республикасында салық салынатын немесе салынған дивиденттерді төлеп жатқан бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан төлеген жағдайда, осындай дивиденттер осы Кодекстің 296-бабының 4-тармағына сәйкес дивиденттерді алатын бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан шегеріледі;

      3) егер бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар:

      20 пайыздық мөлшерлеме бойынша, сондай-ақ дивиденттер түріндегі табыстар қосылған жағдайда онда осындай табыстар осы Кодекстің 297-бабының 4-тармағына сәйкес бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан шегеріледі;

      20 пайыздан кем мөлшерлеме бойынша қосылған жағдайда, осындай салық осы Кодекстің 302-бабына сәйкес резиденттің корпоративтік табыс салығынан шегеруге жатады.

      296-бап. Салық салудан босату

      1. Мынадай шарттардың бірін орындаған кезде бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында:

      1) бақыланатын шетел компаниясында басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын резиденттің жанама түрде қатысуы кезінде;

      2) бақыланатын шетел компаниясында бақыланатын тұлға болып табылмайтын тұлға арқылы жүзеге асырылатын резиденттің жанама түрде қатысуы кезінде;

      3) егер бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы 20 және одан да көп пайыздық тиімді мөлшерлеме бойынша тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекетте пайда салығы салынған болса;

      4) егер бақыланатын шетел компанияларының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы ол арқылы резидент 20 және одан да көп пайыздық тиімді мөлшерлеме бойынша бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлесіне жанама түрде иелік ететін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте салық салынатын немесе салынған болса;

      5) салық салуы жеңілдетілген мемлекетте тіркелген бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы не жиырма және одан да көп пайыздық тиімді мөлшерлеме бойынша пайда салығымен салынатын немесе салынған болса салық салудан босатылады.

      2. Осы баптың 1-тармағын қолдану мақсаттары үшін резидентте мыналар:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қолданған жағдайда осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бақыланатын шетел компаниясында резиденттің жанама түрде қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері; немесе

      осындай шоғырландырылған топтың барлық қатысушыларының атауын және олардың географиялық орналасқан жерін (мемлекеттердің (аумақтардың) атауын), шоғырландырылған топ қатысушылары қайда құрылғанын (құрылған), қатысу үлестерінің мөлшерін және шоғырландырылған топтың барлық қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркелу нөмірін (салықтық тіркелу болған кезде) көрсете отырып қатысушысы (акционері) резидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдастырушылық құрылымын көрсететін құжаттың көшірмесі;

      2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қолданған жағдайда:

      тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетел компаниясының қаржы есептілігінің көшірмесі;

      бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржы есептілігінің көшірмесі;

      тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасының қосылуын растайтын (расталған) ішкі құжаттың (құжаттардың) шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

      тұрақты мекемесін құрған бақыланатын шетел компаниясы тіркелген шетел мемлекетте бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайдаға салынатын салықты төленгенін растайтын (расталатын) құжаттың (құжаттардың) шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмесі болуы тиіс;

      мынадай құжаттарының бірінің:

      резиденттердің әлемдік табыстарына салық салу туралы нормаларының шет мемлекетте болуы бөлігінде уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпарат;

      резиденттердің әлемдік табыстарына салық салу туралы нормаларын белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекеттің заңнамалық актісінің (актілерінің) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмесі.

      Осы тармақшаның сегізінші абзацының ережелері мыналар болмаған жағдайда қолданылады:

      резиденттердің әлемдік табыстарына салық салу туралы нормаларының шет мемлекетте болуы бөлігінде уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпарат; немесе

      уәкілетті органда шет мемлекетте осындай резиденттердің әлемдік табыстарында салық салу туралы нормаларының бар болуы туралы резидентте бар мәліметтер.

      Төлем көзінен салықты қоса алған жағдайда тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде резидентте:

      салық салуға дейін қаржылық пайдасына енгізілген кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталған) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      төлем көзінен салық салынған (салынған) салық салуға дейін қаржы пайдасына қосылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталған) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) ішкі құжаттың (құжаттардың) көшірмесі болуы тиіс;

      3) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын қолданған жағдайда:

      бақыланатын шетел компаниясында жанама иелену жүзеге асырылатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі;

      бақыланатын шетел компаниясының қаржылық есептіліктің немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық есептіліктің көшірмесі;

      ол арқылы резидент бақыланатын шетел компаниясының үлесіне жанама түрде иелік ететін бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық пайдасына бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қосуды растайтын (расталатын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

      ол арқылы резидент бақыланатын шетел компаниясының қатысу үлесіне жанама түрде иелік ететін бақыланатын тұлға тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын (расталатын) құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмесі болуы тиіс;

      мынадай құжаттарының бірінің:

      бақыланатын шетел компанияларының қаржылық салық салу пайдасы немесе салық салынатын пайда туралы нормаларының шет мемлекетте болуы бөлігінде уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпарат;

      бақыланатын шетел компаниясының қаржылық салық салу пайдасы немесе салық салынатын пайда туралы нормаларын белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде ол арқылы резидент бақыланатын шетел компаниясының үлесіне жанама түрде иелік ететін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекеттің заңнамалық актісінің (актілерінің) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмесі.

      Осы тармақшаның сегізінші абзацының ережелері мыналар болмаған жағдайда қолданылады:

      бақыланатын шетел компанияларының қаржылық салық салу пайдасы немесе салық салынатын пайда туралы нормаларының шет мемлекетте болуы бөлігінде уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпарат; немесе

      уәкілетті органда бақыланатын шетел компанияларының қаржылық салық салу пайдасы немесе салық салынатын пайда туралы нормаларының шет мемлекетте бар болуы туралы резидентте бар мәліметтер.

      Төлем көзінен салынатын салықты қоса алған жағдайда тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде резидентте:

      салық салуға дейін қаржылық пайдасына қосылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталған) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      төлем көзінен салық салынған (салынған) салық салуға дейін қаржылық пайдасына қосылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталған) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) ішкі құжаттың (құжаттардың) көшірмесі болуға тиіс;

      4) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасын қолданған жағдайда:

      бақыланатын шетел компаниясының қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі болуы тиіс;

      бақыланатын тұлға тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын (расталатын) құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмесі болуы тиіс;

      төлем көзінен салықты қоса алған жағдайда тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде:

      салық салуға дейін қаржылық пайдасына қосылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталған) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      төлем көзінен салық салынған (салынған) салық салуға дейін қаржылық пайдасына қосылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталған) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) ішкі құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.

      3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында заңда салық салу туралы нормалары белгіленген шетел мемлекеттерінің тізбесін орналастырады:

      резиденттердің әлемдік табыстарын;

      бақыланатын шетел компанияларының қаржылық немесе салық салынатын пайдасын.

      Осындай ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында уәкілетті орган оны қолданыстағы халықаралық шарттар шеңберінде ақпарат алмасу бойынша шет мемлекеттердің құзырлы органдарынан сұратуға, немесе осындай ақпаратты интернет-ресурстан, немесе сұрау салуы бойынша осындай ақпараты бар халықаралық ұйымдардан алуға құқылы.

      297-бап. Бақыланатын шетел компаниясының пайдасына салық салу

      1. Бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасы резидент-заңды тұлғаның салық салынатын табысына немесе резидент-жеке тұлғаның жылдық табысына қосылады және Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығы салынады. Бұл ретте резиденттің салық салынатын табысы болмаған жағдайда бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасы резиденттің кәсіпкерлік қызметінен залал сомасын азайтады. Бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасы мен резиденттің кәсіпкерлік қызметінен залал арасындағы оң айырмашылық резиденттің салық салынатын табысы деп танылады.

      2. Бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасы мынадай формула бойынша айқындалады:

      П = П1 × Д1 + П2 × Д2 +...+ Пn × Дn,

      П1, П2, …, Пn = Пдн – У, мұнда:

      П – осы Кодекстің 295-бабына сәйкес қаржылық пайдасы салық салудан босатылатын бақыланатын шетел компанияларын немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемелерін қоспағанда, барлық бақыланатын шетел компанияларының немесе бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы;

      П1, П2, …, Пn – Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының немесе әрбір бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;

      Д1, Д2, …, Дn – әрбір бақыланатын шетел компаниясында резиденттің тікелей, жанама, конструктивті түрде қатысу коэффициенті;

      Пдн – есепті кезең ішіндегі салық салуға дейін бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;

      У – осы баптың 5-тармағына сәйкес есепті кезең ішіндегі салық салуға дейін бақыланатын шетел компанияларының қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемелерінің қаржылық пайдасынан резидент жасаған азайту сомасы.

      3. Есепті кезең ішіндегі салық салуға дейін бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын айқындау мынадай талаптарды есепке ала отырып жүзеге асырылады:

      1) егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, бақыланатын шетел компаниясы тіркелген немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасымен белгіленген стандарттарға сәйкес жасалған бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің бекітілген шоғырландырылмаған бөлек қаржылық есептіліктің негізінде.

      Егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында қаржылық есептілікті жасау стандарты белгіленбеген, бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы бағалы қағаздарды саудаға жіберу үшін қор биржалары қолданатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не өзге де халықаралық танылған қаржылық есептілікті жасау стандарттарына сәйкес жасалған қаржылық есептілік деректері бойынша айқыналады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің ережесі, мына жағдайларда:

      егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе шетелдік компания бақылайтын тұрақты мекеме тіркелген елдің заңнамасында ішкі заңнамада белгіленген стандартқа сәйкес және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не саудаға бағалы қағаздарды жіберу үшін қор биржалары қолданатын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес қаржылық есептілік жасау міндеті көзделсе;

      егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе шетелдік компания бақылайтын тұрақты мекеме тіркелген елдің заңнамасында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не саудаға бағалы қағаздарды жіберу үшін қор биржалары қолданатын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес қаржылық есептілік жасау міндеті көзделген жағдайларда;

      2) бақыланатын шетел компаниясы тіркелген елдің заңнамасында белгіленген стандартқа сәйкес жасалған осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қаржылық есептіліктің аудиті болған кезде қолданылады.

      Егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасына сәйкес оның қаржылық есептілігі міндетті аудитке жатпаған жағдайда, бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы аудиті аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес өткізілген оның қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады.

      Егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекеттің заңнамасында шоғырландырылмаған бөлек қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсетумен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, онда осы тармақта белгіленген талаптар бақыланатын шетелдік компаниялардың осындай шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және бақыланатын шетел компанияның еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдарының бөлек қаржылық есептілігіне қолданылады.

      Осы тармақта белгіленген талаптар орындалмаған кезде, сондай-ақ мемлекеттің заңнамасында жеңілдетілген салық салу қаржылық есептілікті дайындау (қалыптастыру) туралы талап болмаған және бақыланатын шетел компаниясында немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінде қаржылық есептілік болмаған жағдайда резиденттің салық кезеңі есептілік кезеңі болып танылады. Бұл ретте бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының сомасын осындай есепті кезең ішіндегі салық салуға дейін резидент өз таңдауы бойынша мынадай тәртіптердің бірінде айқындайды:

      1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салынатын табысты айқындау тәртібіне ұқсас тәртіпте;

      2) салық салуға дейін қаржылық пайда сомасы есепті кезең ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының табыс немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің табыс сомасының және 0,5 коэффициентінің көбейтіндісі ретінде айқындалады. Табыс сомасы есепті кезең ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының банк шотына немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің банк шотына ақшаның түсіміне қарай айқындалады.

      4. Резидент растау құжаттары болған кезде мынадай сомаға салық салуға дейін бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасын азайтуға құқылы:

      1) топ ішілік операциялардан алынған пайда (залал) сомасына азайтылған еншілес ұйымдарға салық салынғагға дейінгі қаржылық пайда (шығын) сомасы, егер бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық пайдасы салық салуға дейін осындай соманы ескерсе, бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылған қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың табыстарындағы үлесі. Осы тармақшаның ережесі, егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекеттің заңнамасымен шоғырландырылмаған бөлек қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсете отырып шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда қолданылады;

      2) егер бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы салық салуға дейін осы тармақшада көрсетілген салық салынатын табысты ескерсе, Қазақстан Республикасында жиырма пайыз мөлшерлемесі бойынша корпоративтік табыс салығы салынған тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтен бақыланатын шетел компаниясының салық салынатын табысы;

      3) егер бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасы салық салуға дейін осы тармақшада көрсетілген табысты қамтыса, шығыс сомасына азайтылған жиырма пайыз мөлшерлемесі бойынша төлем көзінде бұдан бұрын Қазақстан Республикасында салынған корпоративтік табыс салығы салынған Қазақстан Рсепубликасындағы көздерден бақыланатын шетел компаниясы алған тұрақты мекемені құрамай Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтен (жұмысты орындаудан) алынатын табыс.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін шығыс сомасы қаржылық есептілік бойынша бақыланатын шетел компаниясының тікелей шығыстарының үлесі мен жалпы сомасының көбейтіндісі ретінде пропорционалды әдіспен айқындалады. Үлес осы тармақшада көрсетілген табыс сомасының қаржылық есептілік бойынша бақыланатын шетел компаниясы табысының жиынтық сомасына қатынасы ретінде айқындалады;

      4) егер бақыланатын шетел компаниясына салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына осындай дивиденттерді қосылса, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетел компаниясы алған дивиденттер;

      5) егер бақыланатын шетел компаниясына салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына осы тармақшада көрсетілген табысты қамтыса, Қазақстан Республикасында бұрын төлем көзінде жиырма пайыз мөлшерлемесі бойынша корпоративтік табыс салығы салынған Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетел компаниясы алған осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көзделгендерден өзге табыс;

      6) мынадай формула бойынша айқындалатын:

      егер бұрын есепті немесе алдыңғы салық кезеңінде Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған, дивиденттер сомасы көрсетілген бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасынан төленген болса, басқа бақыланатын резиденттің шетел компаниясынан алынған дивиденттер сомасының,

      дивиденттерді төлейтін бақыланатын шетел компаниясында резиденттің жанама қатысу коэффицентіне көбейтілген шамасы.

      Осы тармақтың 6) тармақшасында белгіленген азайту, егер қаржылық табыс осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген дивиденттер сомасын қамтыса, бақыланатын шетел компаниясының-дивиденттер алушының салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына қолданылады.

      5. Осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңінің және шет мемлекетте есепті кезеңнің ұзақтығы немесе басталу және аяқталу күні сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші түзету коэффициенттерін қолдану арқылы Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының мөлшерін (К1, К2), мынадай тәртіпте:

      П1, П2, …, Пn = Пу × К1 + Пу + 1 × К2,

      К1 = НП (СР)1 / НП (СР)3,

      К2 = НП (СР)2 / НП (СР)3, мұнда:

      П1, П2, …, Пn - Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасын;

      Пу – Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін, бір есепті кезең ішінде Қазақстан Республикасында салық салуға жататын бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасын;

      Пу + 1 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңі шеңберіне кіретін, басқа есепті кезең ішінде Қазақстан Республикасында салық салуға жататын бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;

      НП (СР)1 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңі шеңберіне кіретін, бақыланатын шетел компанияларының қатысу үлесіне резиденттің иелігі шегінде болатын шет мемлекеттердегі бір есепті кезең айларының санын;

      НП (СР)2 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңі шеңберіне кіретін, бақыланатын шетел компанияларының қатысу үлесіне резиденттің иелігі шегінде болатын шет мемлекеттердегі бір есепті кезең айларының санын;

      НП (СР)3 - шет мемлекеттердегі есепті кезеңдегі айлардың жалпы саны түзетуге міндетті.

      Егер резидент бақыланатын шетелдік компанияларда қатысу үлестеріне толық емес есепті кезеңде (12 айдан кем) иелік еткен жағдайда, Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының мөлшерін, мынадай тәртіпте:

      П1, П2, …, Пn = П × НП (СР)4 / НП (СР)3, мұнда:

      П1, П2, …, Пn - Қазақстан Республикасында салық салуға жататын әрбір бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасын;

      П – Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңіне салық салуға жататын, бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасын;

      НП (СР)4 - Қазақстан Республикасында есепті салық кезеңінің шеңберіне кіретін, бақыланатын шетел компанияларының қатысу үлесіне резиденттің иелігі шегінде болатын шет мемлекеттегі есепті кезең айларының санын;

       НП (СР)3 - шет мемлекеттегі есепті кезеңдегі айлардың жалпы санын түзетуге құқылы.

      6. Қазақстан Республикасында салық салуға жататын, әрбір бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетел компаниясының әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының шетелдік валютада көрсетілген сомасын резидент есепті кезең ішіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді.

      7. Резиденттің әрбір бақыланатын шетел компаниясындағы тікелей қатысу коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

      Д1, Д2, …, Дn = Х/100%, мұнда

      Д1, Д2, …, Дn – резиденттің әрбір бақыланатын шетел компаниясындағы тікелей қатысу коэффициенті;

      Х – резиденттің әрбір бақыланатын шетел компаниясындағы тікелей қатысуы үлесі, пайызбен.

      Резиденттің әрбір бақыланатын шетел компаниясындағы жанама түрдегі қатысу коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

      Д1, Д2, …, Дn = Х1/100 % х Х2/100% х...х Хn/100%;

      мұнда:

      Д1, Д2, …, Дn – резиденттің бақыланатын шетел компаниясындағы жанама түрдегі қатысу коэффициенті;

      X1 – жанама түрде қатысу жүзеге асырылатын тұлға арқылы резиденттің тікелей қатысу үлесі, пайызбен;

      Х2, ... – жанама түрде қатысу жүзеге асырылатын тұлға арқылы әрбір алдыңғы тұлғаның әрбір келесі тұлғада тиісті реттілігімен тікелей қатысу үлесі, пайызбен;

      Хn - бақыланатын шетел компаниясындағы алдыңғы тұлғаның тікелей қатысу үлесі, пайызбен көрсетіледі.

      Резиденттің әрбір бақыланатын шетел компаниясындағы конструктивті қатысу коэффициенті мынадай тәртіптің бірімен есептеледі:

      1) резиденттің бақыланатын шетел компаниясындағы тікелей қатысу коэффициенті

      қосу

      резиденттің бақыланатын шетел компаниясында жанама түрде қатысу коэффициенті;

      2) резиденттің бақыланатын шетел компаниясында тікелей және (немесе) жанама түрде қатысу коэффициенті

      қосу

      егер бақыланатын шетел компаниясындағы бақыланатын тұлға резиденттің жақын туысы болып табылса, және осындай жақын туысы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, бақыланатын тұлғаның тікелей және (немесе) жанама түрде қатысу коэффициенті.

      Резидент жеке тұлға кәмелеттік жасқа толмаған резидент жақын туыстарының қатысуымен бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлесін конструктивті түрде иеленген кезде осы баптың ережесі осындай конструктивті түрде иеленуге қолданылады. Резидент жеке тұлға кәмелеттік және (немесе) зейнеткерлік жасқа толған резидент жақын туыстарының қатысуымен бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлесімен конструктивті түрде иеленген кезде осы тармақтың ережесі осындай жақын туыстарының жазбаша келісімі болған кезде осындай конструктивті түрде иеленуге қолданылады. Осындай жақын туысының (жақын туыстарының) жазбаша келісімі болмаған кезде салық міндеттемені әрбір тұлға (резидентпен және резиденттің осындай жақын туысы (туыстары) осы тармаққа сәйкес, егер бақыланатын шетел компаниясындағы резиденттің және осындай жақын туысының (туыстарының) жиынтық қатысу үлесі 25 пайыздан асқан жағдайда бақыланатын шетел компаниясындағы иелену үлесінің мөлшеріне қарай орындайды.

      8. Осы баптың ережелері бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінде қолданылады.

      9. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктерге, инвестициялық салық преференцияларына, барынша қолайлылық режимiне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгендерден неғұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.

      10. Осы баптың мақсаттары үшін растау құжаттары ретінде мынадай құжаттар түсініледі:

      1) осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану үшін:

      бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемелерінің салық салынғанға дейін қаржылық пайда сомасын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттар көшірмесі. Мұндай құжаттар бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемелерінің банк шотынан үзінді-көшірмелер, бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемелерінің іскери айналымының дағдыларына сәйкес жүргізілген операцияларды растайтын бастапқы құжаттар болуы мүмкін;

      2) осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану үшін:

      есепті кезең ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемелерінің банк шотынан ай сайынғы үзінді-көшірмесінің көшірмелері;

      3) осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасын қолдану үшін:

      бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      шоғырландырылған топ ұйымдарының арасындағы операцияларға жататын (топ ішілік операциялар нәтижесінде туындайтын пайда немесе залал) топ ішілік активтер мен міндеттемелердің, жеке капиталдың, пайдаға салынатын салықты қоса алғанда табыстар мен шығыстардың және ақша ағындарының бақыланатын шетел компаниясы мен оның барлық еншілес компаниялары бөлігінде ашып жазулардың (ашып жазу) көшірмесі;

      бақыланатын шетел компаниясының еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдарының бекітілген қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      осы тармақшада көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмесі;

      бақыланатын шетел компаниясының шоғырландырылған қаржылық пайдасына еншілес ұйымдардың салық салуына дейін топ ішілік операциялардан алынған пайда (шығын) сомасына азайтылған қаржылық пайданың (залалдың), қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың табысындағы үлесінің қосылуын растайтын (растайтын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (қазақ немесе орыс тілдеріне міндетті түрде аударумен) жасалған (жасалынған) көшірмелері;

      4) осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қолдану үшін:

      бақыланатын шетел компаниясының филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінің салық салынатын табысынан Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығының есептеуін және төленуін растайтын құжаттардың, оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері;

      Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салықпен салынған) бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстың қосылуын растайтын (растайтын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

      5) осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларын қолдану үшін:

      төлем көздеріндегі корпоративтік табыс салығын Қазақстан Республикасының көздерінен алынған бақыланатын шетел компаниясының табысынан Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылуын және ұсталуын растайтын құжаттың көшірмесі;

      Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салықпен салынған) бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстың қамтылуын растайтын (растайтын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмелері;

      6) осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасын қолдану үшін:

      резидент бақыланатын екі шетел компаниясының арасындағы дивиденттердің бөлінуін және төленуін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      резидент Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салық салынған) бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасына басқа бақыланатын шетел компаниясы төлеген (төлейтін) дивиденттердің қосылуын растайтын (расталатын) ішкі құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмесі.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар немесе олардың көшірмелері осы баптың 3 немесе 4-тармақтарының ережелерін қолданатын резидентте болуы тиіс.

      11. Резидент бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компанияларының тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы енгізілген корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияларды бергеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі көшірмесін қоса, олардың:

      1) резидент заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің;

      2) егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасымен жеке шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсетумен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау белгіленсе, әрбір бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің шоғырландырылмаған бөлек қаржылық есептілігінің;

      3) егер бақыланатын шетел компаниясы тіркелген мемлекеттің заңнамасында шоғырландырылмаған бөлек қаржылық есептілікті жасамай еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректері көрсетіле отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, бақыланатын шетел компаниясының еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың қаржылық есептілігінің;

      4) осы тармақта көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Егер салық декларациясын беру кезінде қаржылық есептіліктің аудиті аяқталмаған болған жағдайда, аудиторлық есеп қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп бекітілген күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.

      12. Егер бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің алдыңғы есепті кезеңі ішіндегі қаржылық есептіліктің, немесе ол арқылы бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлесіне жанама түрде иелену жүзеге асырылатын бақыланатын тұлғаның алдыңғы есепті кезеңі ішіндегі қаржылық есептіліктің аудит қорытындысы бойынша есепті кезеңде көрсетілетін осындай қаржылық есептіліктің түзетуі жүргізілсе, онда салық салу мақсаттарында осындай түзетулер есепті кезеңде қолданылады.

      Егер бағалы қағаздарды саудаға жіберу үшін қор биржалары қолданатын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не өзге де халықаралық танылған қаржылық есептілікті жасау стандарттарына сәйкес осындай аудит қорытындысы бойынша жүргізілген түзетулерді есепке ала отырып жаңартылған түзетілген қаржылық есептілікті жасау (қалыптастыру) талап етілген жағдайда, онда осы баптың ережесі, оның ішінде аудиторлық есептің бар болуы туралы талап осындай жаңартылған қаржылық есептілікке қолданылады.

      13. Резиденттің заңды тұлғаның салық салынатын табысына немесе резидент жеке тұлғаның салық декларациясы бойынша табысқа осы баппен белгіленген тәртіпте айқындалатын салық салуға жататын бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қоспауы немесе резиденттің мұндай бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының сомасын төмендетуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      14. Егер осындай резидент мұндай аудиторлық есепті бекіткен күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде осы тарауға сәйкес салық міндеттемесін орындаса, резидент егер бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудиторлық есепті бекіту мерзімі Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны беру мерзімінен кейін болған жағдайда жауапкершіліктен және өсімпұл есептеуден босатылады.

      15. Резидент бір мезгілде мынадай талаптарды орындау кезінде:

      1) егер уәкілетті орган резиденттің бақыланатын шетел компаниясында немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесіне қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде иеленгені туралы, пайда салығының тиімді мөлшерлемесі туралы, осы баптың 16-тармағына сәйкес уәкілетті орган резиденттен алған мәліметтердің негізінде халықаралық шартқа сәйкес шетел мемлекетінің құзыретті немесе уәкілетті органмен өткізген ақпарат алмасу нәтижелері бойынша резидент бақыланатын шетел компаниясының салық салынуына дейін қаржылық пайда туралы ақпаратты алған жағдайда;

      2) резидент осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты дербес алуы мүмкін болмаған жағдайда;

      3) резидент тиісті салық органына бақыланатын шетел компаниясында немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесіне қатысу туралы өтінішті және резидент заңды тұлғаның салық салынатын табысына немесе резидент жеке тұлғаның жылдық табысына салық салуға жататын бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қамти отырып, алдыңғы (бұрынғы) және (немесе) есепті салық кезеңі (кезеңдері) үшін корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны салық органының хабарламасында белгіленген мерзімде берген жағдайда жауапкершіліктен және өсімпұл есептеуден босатылады.

      Бір мезгілде мынадай талаптарды орындау:

      1) резиденттің дербес және (немесе) бақыланатын тұлға арқылы бақыланатын шетел компаниясына бір реттен көбірек сұрау салуды жолдауы және өз сұрау салуларына бақыланатын шетел компаниясында немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесіне қатысу үлесінің мөлшері және (немесе) тиісті кезең (кезеңдер) ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің бөлек қаржылық есептілігін ұсыну бөлігінде жауаптар алмауы;

      2) бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық есептілік деректері туралы ақпараттың интернет-ресурстарда жоқ болуын, бұқаралық ақпарат құралдарында және өзге де ақпарат көздерінде бақыланатын шетел компаниясы немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесі жарияламау бөлігінде ақпаратты алу мүмкін болмаған деп танылады.

      16. Резидент Қазақстан Республикасында халықаралық шарт қолданылатын шет мемлекеттің құзыретті немесе уәкілетті органына одан мынадай ақпаратты және (немесе) құжаттарды алу бөлігінде сұрау салу жолдау өтінішімен уәкілетті органға:

      1) бақыланатын шетел компаниясындағы резиденттің қатысу үлесінің мөлшері туралы;

      2) тиісті кезең (кезеңдер) ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының пайда салығының тиімді мөлшерлемесі немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің пайда салығының тиімді мөлшерлемесы туралы (қажет болған кезде);

      3) тиісті кезең (кезеңдер) ішіндегі салық салуға дейін бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы туралы (қажет болған кезде);

      4) тиісті кезең (кезеңдер) ішіндегі бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне жүгінуге құқылы.

      Резидент өтінішке өздері осындай жанама немесе конструктивті түрде қатысу жүзеге асырылатын соғсн барлығының қатысы бар бақыланатын тұлғаларды ашып көрсете отырып, бақыланатын шетел компаниясы туралы ақпаратты қоса береді. Резидент сондай-ақ бақыланатын шетел компаниясы дербес немесе бақыланатын тұлға арқылы жолдаған осы тармақта көрсетілген ақпаратты және (немесе) құжаттарды бақыланатын шетел компаниясының ұсынуы туралы сұрау салуының көшірмесін өтінішке қоса беруге құқылы.

      298-бап. Бақыланатын шетел компаниясының қатысуы туралы өтініш

      1. Резидент қатысу үлестерінің 25 және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде сатып алу күнінен бастап кейінгі алпыс жұмыс күнінен кешіктірмей бақыланатын шетел компаниясындағы қатысуы (ұйымның өзге нысанын құру (жасау) күні), қатысу үлесінің өзгеруі, қатысу үлесінің 25 және одан да көп пайызының тоқтатуы (ұйымның өзге нысанын тоқтату (тарату) туралы өтінішін ұсынуға міндетті.

      Кейінгі салық кезеңінде бақыланатын шетел компаниясындағы қатысуы туралы өтініш есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.

      Бақыланатын шетел компаниясындағы қатысуы туралы өтініш уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және нысан бойынша салық органына ұсынылады.

      2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, резидент бақыланатын шетел компаниясындағы қатысуы туралы өтінішті тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ірі салық төлеушілер санатына жатқызылған резидент заңды тұлға бақыланатын шетел компаниясындағы қатысуы туралы өтінішті ірі салық төлеушілердің мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Бұл ретте резидент салық төлеуші өтініштің көшірмесін өзінің орналасқан жері бойынша салық органына жолдауы тиіс.

      3. Бақыланатын шетел компаниясындағы қатысуы туралы ұсынылған өтініште мәліметтердің толық еместігі, жеткіліксіздігі не қате анықталған жағдайда, резидент жаңартылған ақпараты бар түзетілген өтінішті ұсынуға құқылы.

      4. Салық органында, оның ішінде тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес салық салу мақсатында ақпарат алмасу шеңберінде шетел мемлекетінің құзыретті немесе уәкілетті органынан алынған резидентке бақыланатын шетел компаниясындағы тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде қатысу үлесінің тиесілігі туралы куәландыратын ақпарат болған кезде және егер осындай резидент осы бапқа сәйкес бақыланатын шетел компаниясында қатысуы туралы өтінішті белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, салық органы осындай резидент салық төлеушіге:

      1) хабарлама жолданатын резиденттің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (әкесінің аты болған кезде);

      2) салық органында резиденттің осындай бақыланатын шетел компаниясында тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде қатысу үлесін иеленгені туралы куәландыратын ақпараты бар бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің атауы;

      3) салықтық тіркелуі болған кезде бақыланатын шетел компаниясының немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің мемлекеттік және (немесе) салықтық тіркелу нөмірі;

      4) резидентте бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлестерін тану бойынша салық органдарында бар негіздердің сипаттамасы;

      5) бақыланатын шетел компаниясында қатысу туралы өтінішті ұсыну туралы талап;

      6) осы Кодекстің 296-бабына сәйкес оған салық міндеттемесін көрсете отырып корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну туралы ақпарат көрсетілуі тиіс салық заңнамасының бұзушылығын жою туралы хабарламаны жолдайды.

      5. Салық заңнамасының бұзушылығын жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, резидент тиісті салық органына бақыланатын шетел компаниясында қатысу туралы өтінішті салық заңнамасының бұзушылығын жою туралы хабарламаны алған күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады және осы Заңның 297-бабына сәйкес туындайтын салық міндеттемесін бақыланатын шетел компаниясында тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде қатысу үлесіне иелену кезеңі ішінде қамту бөлігінде салық декларациясын ұсынады.

      6. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, резидент мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

      1) салық заңнамасының бұзушылығын жою туралы хабарламаны жолдаған салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша қағаз жеткізгіште қағаз нысанында немесе электрондық құжат нысанында түсіндірме;

      2) жоғары тұрған салық органына немесе сотқа салық заңнамасының бұзушылығын жою туралы хабарламаны жолдаған салық органының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым.

      Бұл ретте резидент бақыланатын шетел компаниясындағы қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде иеленуінің жоқтығы туралы куәландыратын құжаттарды түсіндірмемен бірге ұсынуға міндетті.

      7. Салық органы резидент ұсынған түсіндірме мен растау құжаттарын қарастыруға міндетті.

      8. Резидент салық төлеуші мынадай талаптардың бірін орындаған кезде:

      хабарламаны жолдаған салық органының лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымы болмаған және салық төлеуші хабарламаны орындамаған кезде;

      салық органында бар және (немесе) болған резидент салық төлеушінің түсіндірмелерін және растау құжаттарын қарау қорытындысы бойынша резидентке бақыланатын шетел компаниясында тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде қатысу үлесі тиесілі туралы осы баптың 4-тармағында көрсетілген ақпаратты теріске шығаратын негіздемелер болмаған кезде бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлесінің тікелей немесе жанама немесе конструктивті иесі деп танылады.

      Осы бапқа сәйкес резидентті бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлесінің тікелей немесе жанама немесе конструктивті иесі деп таныған жағдайда, осындай резидентке осы тараудың ережелері қолданылады. Бұл ретте салық органы осындай резидент салық төлеушіге оны бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлесінің тікелей немесе жанама немесе конструктивті иесі деп тану туралы шешімді осындай тану туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

      9. Бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлесінің тікелей немесе жанама немесе конструктивті иесі деп танылған резидент салық төлеуші осындай шешімді алған күннен бастап кем дегенде он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органда осы шешімге шағым жасауға құқылы.

      10. Осы баптың 8-тармағының ережесі бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:

      1) резидент мынадай түрдегі:

      соттың;

      жоғары тұрған салық органының;

      уәкілетті органның шағымды қанағаттандырудан бас тартуын алған;

      2) салық төлеушінің салық заңнамасының бұзушылығын жою туралы хабарламаны немесе салық органының резидент салық төлеушіні бақыланатын шетел компаниясында қатысу үлесінің тікелей немесе жанама немесе конструктивті иесі деп тану туралы шешімін орындамаған кездегі жағдайларға да қолданылады.

      11. Осы баптың 4 - 10-тармақтарының ережелері сондай-ақ резиденттің, бірақ онда бір немесе бірнеше бақыланатын шетел компаниясы туралы мәліметі көрсетілмейтін, бақыланатын шетел компаниясында қатысу туралы өтінішін уақытылы ұсыну жағдайларына да қолданылады.

31-ТАРАУ. ЗАЛАЛДАР

      299-бап. Залал ұғымы

      1. Кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп:

      1) осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, шегерiмдердiң жылдық жиынтық табыстан асып түсуі;

      2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал танылады.

      2. Бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал:

      1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма;

      2) борыштық бағалы қағаздар бойынша – өткiзу күніндегi дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма болып табылады.

      3. Туынды қаржы құралы бойынша залал шығыстардың осы Кодекстің 278 және 279-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі ретінде айқындалады.

      Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралы бойынша залал құқықтардың орындалуы, мерзімінен бұрын немесе өзгеше тоқтатылу күніне, сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасау күніне танылады.

      Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша залал осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.

      Бұл ретте осы Кодекстің 277-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 300-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ауыстырылады.

      Хеджирлеу мақсатында қолданылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 115-бабына сәйкес есепке алынады.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстiң 228-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залал осындай активтерді өткiзу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма болып табылады.

      5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал болып табылмайды.

      300-бап. Залалдарды ауыстыру

      1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстің 228-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген амортизацияға жатпайтын активтерді өткізуден залалдар осы салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін кейiнгi он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстiң 228-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залалдар осындай активтердi өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.

      Егер бұл залалдар орын алған кезеңінде өтеле алмаса, онда олар келесі қоса алғандағы он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстің 228-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу кезінде алынған құн өсімінен түскен табыс есебінен өтелуі мүмкін.

      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған құн өсімінен түсетін табыстарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.

      Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, онда олар, қоса алғанда келесі он жылға ауыстырылуы және, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.

      4. Резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы қатысу үлестерiн, акцияларды өткiзуден туындаған залалдар резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін, консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Осы тармақта көрсетілген салық төлеушінің акцияларды иелену мерзімі немесе қатысу үлестері, егер салық төлеуші бұрынғы иелерінің қайта ұйымдастыру нәтижесінде мұндай акциялар немесе қатысу үлесін алған болса, акциялардың бұрынғы меншік иелерінің немесе қатысу үлестерін жиынтық мерзімдерін ескере отырып анықталады.

      Осы тармақтың мақсатында жер қойнауын пайдаланушы жер асты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана осындай болып табылатын қойнауын пайдаланушыны, сондай-ақ акциялары немесе қатысу үлестері сатылған айдың бірінші күні алдындағы он екі айлық кезең ішінде, көмірді қоса алғанда, көрсетілген кезеңде өндірілген минералдық шикізаттың кемінде 70 пайызын кейіннен меншікті және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуаттарда қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуді) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыны мойындамайды.

      Көмірді қоса алғанда одан әрі өңдеуге бағытталған минералды шикізаттың көлемін айқындау кезінде:

      бастапқы өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді тікелей өндіруге жіберілген;

      кейіннен оны одан әрі бастапқы өңдеу өнімін пайдалану мақсатында өндірісте пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің) үлесі, заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнының акциялары немесе қатысу үлесін өткізу осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.

      5. Өткізу күні Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға арналған лицензиясына ие, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден туындайтын залалдар өткізу күні Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға арналған лицензиясына ие және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.

      6. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден туындайтын залалдар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.

      7. Агенттік облигацияларды өткізуден туындайтын залалдар агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс есебінен өтеледі.

      8. Егер осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген залалдар олар орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.

      9. Арнаулы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру және жобалық қаржыландыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналымы мерзімі ішінде секьюритилендіру мәмілелерінде ауыстырылуы мүмкін.

      10. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шеңберінде шеккен залалдар келесi салық кезеңдерiне ауыстырылмайды.

      11. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы шеккен залалдары келесі салық салу кезеңдеріне көшірілмейді.

      12. Осы Кодекстің 277-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша залалдар осы Кодекстің 277-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебінен өтеледі.

      Егер осындай залалдар туындаған кезеңде оларды өтеу мүмкін болмаса, онда осы залалдар, қоса алғанда келесі он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстің 277-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша табыстар есебiнен өтелуі мүмкін.

      13. Осы баптың 10-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, осы Кодексте осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметтен шеккен залалдары келесі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.

      14. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым шеккен залалдар осындай инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.

      301-бап.Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру

      1. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар қайта ұйымдастырылатын салық төлеушіде құқық мирасқорларының қатысу үлесі бойынша бөлінеді және осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылады.

      2. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның залалдары құқық мирасқорына әрбір қайта ұйымдастыру кезінде бір рет беріледі және оларды құқық мирасқоры осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырады.

32-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

      302-бап. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу

      1. Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:

      осы Кодекстiң 155-бабының 1 немесе 2-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 288-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына азайтылған және осы Кодекстің 288-1-бабында көзделген табыстар сомасына ұлғайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 300-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың көбейтiндiсi,

      минус

      корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,

      минус

      салық кезеңiнде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,

      минус

      сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салық кезеңдерiнен ауыстырылған сомасы,

      минус

      салық кезеңiнде сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,

      минус

      мынадай тәртіптің бірінде айқындалатын шама:

      1) Қазақстан Республикасында төлем көзінен дивидендтер түріндегі кірістерден ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасын қоспағанда, Қазақстан Республикасында салық кезеңінде төлем көзінен кірістен немесе осы Кодекстің 296-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында есептік немесе алдыңғы салық кезеңінде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына қамтылған, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерінен салық салынатын кірісінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасы. Осы тармақшаның ережесі 20 пайыздан азды құрайтын мөлшерлемені қолдана отырып есептелген төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасына және егр резидент осы Кодекстің 302-бабының 4-тармағындағы ережелерін қолданбаған жағдайда қолданылады;

      2) мынадай тәртіппен:

      Сш = К х (Км - См)/100%, мұнда:

      Сш – осы тармаққа сәйкес шегеруге жататын салық;

      К - дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кіріс немесе салық салынатын кіріс;

      Км - бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден 20 пайыздан азды құрайтын мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасындағы кірістен немесе салық салынатын кірістен ұсталатын корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі - корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі);

      См - пайдаға салынатын салықтың немесе осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас өзге де шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі - пайдаға салынатын салықтың тиімді мөлшерлемесі).

      Егер резидент осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағындағы ережені пайдаланса және Қазақстан Республикасындағы табыстан ұсталған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компанияның салық салынатын табысынан көп болса, осы тармақтың 2) тармақшасының ережесі қолданылады.

      Осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшасының ережелері резидентте мынадай құжаттардың:

      резиденттің бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістен немесе салық салынатын кірістен төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстағанын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударғанын растайтын;

      бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірісін немесе салық салынатын кірісін Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына қамтылғанын растайтын ішкі құжаттың (құжаттардың) шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен) жасалған құжаттардың көшірмелері болған кезде қолданылады;

      осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағында көзделген (осы тармақтың 2) тармақшасын қолданған жағдайда).

      2. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы, бұл салықты төлем көзі ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде ұтыс, сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.

      Осы тармақтың ережелері әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымға, депозиттер бойынша сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша коммерциялық емес ұйымға қолданылмайды.

      3. Егер сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасынан артық болса, табыс көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге жататын, есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы арасындағы айырма кейінгі он салық кезеңін қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомаларын бірте-бірте азайтады.

      303-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, табыстарға немесе пайдаға салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетел салығының (бұдан әрі осы баптың мақсатында – шетелдік табыс салығы) резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне осындай салықтың төленгенін растайтын құжат болған кезде есепке жатқызылуға жатады.

      Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.

      Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.

      Шет мемлекетте төленген шетелдік табыс салығының сомаларын корпоративтiк немесе жеке табыс салығын төлеу шотына есепке жатқызу кезінде салық төлеуші осы тармақта көрсетілген анықтаманы камералдық бақылау жүргізу мақсатында салық органының талап етуі бойынша тапсыруға құқылы.

      2. Шетелдік салықты есепке жатқызу Қазақстан Республикасында резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден есептелген:

      осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған;

      осы Кодекстің 241-бабына сәйкес түзетуге жататын;

      шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде шет мемлекеттегі осындай табыстардан шетелдік табыс салығын төлеу және (немесе) ұстау фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын табыстарынан берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы шетелдік табыс салығының іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төлеуге жататын шетелдік табыс салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      3. Осы бапта көзделген есепке жатқызылатын сомалардың мөлшері әрбір шет мемлекет бойынша бөлек айқындалады.

      Бұл ретте, шетелдік табыс салығының есепке жатқызылатын сомасының мөлшері мынадай сомалардың:

      1) резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан шетелдік табыс салығының шет мемлекетте іс жүзінде төленген сомасының;

      2) халықаралық шарт ережелеріне (Қазақстан Республикасында қолданыстағы халықаралық шарт болған кезде) сәйкес шет мемлекетте төленуге жататын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған кірістерден шетелдік табыс салығы сомасының;

      3) Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан корпоративтік немесе жеке табыс салығы сомасының ең төменін білдіреді.

      Салық төлеуші осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде көрсетілген табыс алынуға жататын (алынған) салық кезеңінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізеді.

      Көрсетілген табыс осы Кодекске сәйкес танылатын салық кезеңінен басқа салық кезеңінде шет мемлекетте табысты таныған жағдайда, резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осындай табыс есептелген салық кезеңіне Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстардан шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізуге құқылы.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағының ережелеріне қолданылмайды.

      Мынадай формула:

      Се = О х Ү х См/100%, мұнда

      Се – есепке жатқызуға жататын шетелдік табыс салығының сомасы;

      О – осы Кодекстің 297-бабына сәйкес резидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісіне қамтылған, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      Ү – осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын резиденттің бақыланатын шетелдік компаниядағы тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу коэффициенті;

      См - осы Кодекстің 294-бабына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме

      бойынша есептелген бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу есебінен есепке жатқызылуға жатады.

      Осы тармақтың ережелері шетелдік табыс салығы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан мыналар:

      бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания;

      резидент бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленетін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекеттерде 20 пайыздан азды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда қолданылады.

      Егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасына шетелдік табыс салығы екі және одан көп мемлекетте салынса, онда есепке жатқызуға сол шет мемлекеттерде тиімді мөлшерлеме төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемесінен барынша көп құрайтын шетелдік табыс салығы қабылданады. Осы абзацтың ережелері:

      бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иелену және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы екі және одан көп мемлекетте (мұндай жанама иелену жүзеге асырылатын бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) тіркелген) төленген кезде; немесе

      бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей иелену және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы:

      бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады.

      Резидент бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама иеленген жағдайда осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының сомасы бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей және жанама иелену бойынша бөлек есептеледі. Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есепке жатқызуға бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей және жанама иелену бойынша бөлек есептелген осындай шетелдік табыс салығының сомасы жатады.

      Осы тармақты қолдану үшін резидентте:

      осы тармақтың екінші бөлігі 1) тармақшасы қолданылған жағдайда - бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетел компаниясының қаржылық пайдасымен тұрақты мекемесі немесе бақыланатын шетел компаниясының тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасымен тіркелген шет мемлекетте төлегенін растайтын (расталатын) құжаттың (құжаттардың) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) көшірмесі;

      төлем көзінен салынатын салықты қоса алған жағдайда тиімді мөлшерлемені анықтау кезінде:

      салық салуға дейін қаржылық пайдасына қосылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталатын) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      төлем көзінен салық салынған (салынған) салық салуға дейін қаржылық пайдасына қосылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталатын) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      осы тармақтың екінші бөлігі 2) тармақшасы қолданылған жағдайда:

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасына қосылғанын растайтын (расталатын) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған құжаттың (құжаттардың) көшірмесі болуға тиіс;

      мынадай құжаттардың бірі:

      уәкілетті органның интернет-ресурсында шет мемлекетте резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы норманың болуы бөлігіндегі ақпарат;

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы норманы белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған заңнамалық актінің көшірмесі.

      Осы тармақтың сегізінші абзацының ережелері мыналар:

      уәкілетті органның интернет-ресурсында шет мемлекетте резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы норманың болуы бөлігіндегі ақпарат; немесе

      уәкілетті органда резидентте шет мемлекеттің заңнамасында резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы норманың бар екені туралы мәліметтер;

      Төлем көзінен салынатын салықты қоса алған жағдайда тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде:

      салық салуға дейін қаржылық пайдасына қамтылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталатын) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      төлем көзінен салық салынған (салынған) салық салуға дейін қаржылық пайдасына қамтылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталатын) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі болуға тиіс;

      3) осы тармақтың екінші бөлігі 3) тармақшасы қолданылған жағдайда:

      резидент бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленетін бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;

      резидент бақыланатын шетелдік компаниядағы қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленетін бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қосылғанын растайтын шет тілінде жасалған (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған       (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      резидент бақыланатын шетелдік компаниядағы қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленетін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын (расталатын) шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі болмағанда қолданылады;

      мынадай құжаттардың бірі:

      уәкілетті органның интернет-ресурсында шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы норманың болуы бөлігіндегі ақпарат;

      резидент бақыланатын шетелдік компаниядағы қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленетін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы норманы белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) заңнамалық актінің көшірмесі.

      Осы тармақтың сегізінші абзацының ережелері мыналар:

      уәкілетті органның интернет-ресурсында шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы норманың болуы бөлігіндегі ақпарат;

      уәкілетті органда резидентте шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы норманың бар екені туралы мәліметтер болмағанда қолданылады.

      Төлем көзінен салынатын салықты қоса алған жағдайда тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде:

      салық салуға дейін қаржылық пайдасына қамтылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталатын) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

      төлем көзінен салық салынған (салынған) салық салуға дейін қаржылық пайдасына қамтылған кірістен (кірістерден) алынатын төлемдер көзінен ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын (расталатын) шетел тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) жасалған (жасалынған) құжаттың (құжаттардың) көшірмесі болуға тиіс.

      Осы тармақты қолдану үшін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында мыналарды:

      резиденттердің әлемдік кірісіне;

      бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалар заңда белгіленген шет мемлекеттердің тізбесін орналастырады.

      Осындай ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру мақсатында уәкілетті орган оны қолданылатын халықаралық шарттар шеңберінде ақпарат алмасу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан сұратуға немесе мұндай ақпаратты интернет-ресурстан немесе осындай ақпарат бар халықаралық ұйымдардан сұрау салу бойынша алуға құқылы.

      304-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын (осы Кодекстің 33-тарауында белгіленген тәртіппен есептелетіннен басқа) осы Кодекстің 78-тарауының ережелерін ескере отырып есептейді.

      305-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу

      1. Салық төлеушілер осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы бапта белгіленген тәртіппен:

      1) осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде:

      есеп беретін салық кезеңінің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін тең үлеспен төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы бап мақсаттары үшін – декларацияға дейінгі аванстық төлемдерді);

      есеп беретін салық кезеңінің екінші, үшінші. төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін тең үлеспен төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы бап мақсаттары үшін –декларациядан кейінгі аванстық төлемдер) есептейді және төлейді.

      2) мыналарды:

      алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы бап мақсаттары үшін –декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы);

      алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы бап мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы) жасайды және салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген салық міндеттемелерін:

      1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;

      2) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер - әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде

      3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар - салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;

      4) осы Кодекстің 289-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушiлер;

      5) осы Кодекстiң 291-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер;

      6) осы Кодекстің 290-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарына сай келетін салық төлеушілер;

      7) осы Кодекстің 708-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушілер;

      3. Осы тармақтың 1) тармақшасының мақсаттары үшін жылдық жиынтық табысты айқындаған кезде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік қарызға (жалға) тапсырудан және (немесе) оларды өткізген кезде алынған кірістері есепке алынбайды.

      4. Бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта құрылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға.

      Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта құрылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ егер бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығын есептеген жағдайда, келесі екі салық кезеңі ішінде осы баптың 1-тармағында көзделген салық міндеттемелерін есептейді.

      5. Аванстық төлемдер сомасы:

      1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде есептік салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін декларацияға дейін есепке жатқызылады. Егер салық төлеуші декларацияға дейін аванстық төлемдердің есеп-қисабындағы аванстық төлемдер сомасын төмендетсе, салық органы осы тармақта белгіленген тәртіппен айқындалған аванстық төлемдер сомасы мен осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімі бойынша осындай есеп-қисапта көрсетілген аванстық төлемдер сомасы арасындағы оң айырмашылық мөлшерінде көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдер сомасын есептеуге құқылы;

      2) декларацияға дейін:

      алдыңғы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеген;

      бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта құру жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ кейінгі екі салық кезеңінде - осы баптың 3-тармағында көрсетілген салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығының болжанған сомасын негізге ала отырып есептеледі;

      3) декларациядан кейін осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі;

      4) декларациядан кейін:

      осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасы нөлге тең болған;

      бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта құру жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ кейінгі екі салық кезеңінде - осы баптың 3-тармағында көрсетілген;

      алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжанған сомасын негізге ала отырып есептеледі.

      6. Аванстық төлемдердің есеп-қисабы:

      1) декларацияға дейін есептік салық кезеңінің 20 қаңтарынан кешіктірілмей ұсынылады;

      2) декларациядан кейін есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.

      7. Салық төлеушілер есептік салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірмей декларациядан кейін аванстық төлемдердің қоымша есеп-қисабын ұсынуға құқылы.

      306-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi

      1. Салық төлеушiлер осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын төлеудi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

      2. Осы Кодекстің 305-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 314-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 305-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешiктiрмей, әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi.

      3. Салық кезеңi iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңi үшiн корпоративтік табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады.

      Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдi декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.

33-ТАРАУ. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ

      307-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар

      1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;

      2) осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бейрезиденттердің осы Кодекстің 644-бабына сәйкес айқындалатын, осындай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары;

      3) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген, бейрезиденттің филиалына, өкілдігіне немесе тұрақты мекемесіне төленетін табыстар;

      4) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;

      5) осы Кодекстің 241-бабы 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген дивидендтер жатады.

      2. Мыналар:

      1) мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы;

      2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін сыйақы, дивидендтер, сондай-ақ орналастырылған зейнетақы активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық инвестициялық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін сыйақы;

      3) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға төленетін сыйақы;

      4) сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін Ұлттық банктің бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыруға арналған лицензиясына ие, қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

      5) лицензия негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

      6) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;

      7) резидент-банкке төленетін кредит (қарыздар) бойынша сыйақы;

      8) соттың шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, бұрын еншілес банк болып табылған, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаға төленетін кредит (қарыз) бойынша сыйақы;

      9) резидент-лизинг берушіге төленетін лизинг шарты бойынша сыйақы;

      10) репо операциялары бойынша сыйақы;

      11) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;

      12) мыналарға:

      бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;

      бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетін борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

      13) мыналарға:

      орын-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салынуға жатпайды;

      14) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген заңды тұлғаға кредит (қарыз) бойынша төлейтін сыйақы төлем көзінен салық салынуға жатпайды.

      308-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі

      1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын төленетiн табыс сомасына осы Кодекстiң 313-бабының 3-тармағында белгiленген мөлшерлемені қолдану жолымен айқындайды.

      2. Салық агентi осы Кодекстiң 307-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, 307-бабында көрсетілген табыстарды төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты табысты төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға мiндеттi.

      3. Заңды тұлға құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің осындай құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп өз шешімімен тануға құқылы.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) табыстардан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

      309-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі

      Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмастан қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалардың осы Кодекстің 307-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген табыстарынан корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 72-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      310-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі резидентке төленетін табыстар бойынша салық агентінің салық міндеттемесін орындау тәртібі, сондай-ақ төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару

      1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді төлеу кезінде кірістің түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) – резидентке депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы салық агенті осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен мұндай табыстарға төлем көзінен табыс салығын салмауға құқығы бар немесе жеке тұлға-резиденттің табысына осы Кодекстің 320-бабының 2-тармағында көзделген табыс салығының мөлшерлемесін бір мезгілде мынадай талаптарды орындаған кезде қолданылады:

      1) депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың тізімін немесе депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын:

      жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), немесе заңды тұлғалардың атаулары ұстаушылары болып табылатын депозитарлық қолхаттарын;

      депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпаратты;

      жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелері немесе нөмірлері мен күні мемлекеттік тіркеу заңды тұлғалардың ұстаушылары болып табылатын депозитарлық қолхаттарын қамтитын құжаттың;

      2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтердің түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттілігін растайтын құжат болған кезде қолдануға құқығы бар.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне осы Кодекстің 666-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімдердің бірінші болатын мерзімнен кешіктірмей табыс етіледі.

      Егер депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын және осындай ұйымның эмитент резиденті акциялардың арасында депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын растауды есепке алуды және жүзеге асыруға арналған шарт жасалған жағдайда депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекет бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйымдар жасайды.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарда меншік құқығын растайтын құжат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстауға қызмет көрсететін мына тұлғалар:

      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым;

      қаржы құралдары мен клиенттердің ақшасын есебін және солар бойынша құқықтарды растау, оларды сақтау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, құжаттамалық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

      бағалы қағаздардың номиналды ұстау жөніндегі қызметтер көрсететін, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарын есепке алуды және растауды және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын өзге де ұйым береді.

      2. Салық агенті салық органына берілетін салық есептілігінде осы Кодекске сәйкес есепке жазылған (төленген), салықты ұстаудан босатылған табыстардың сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.

      3. Салық агенті осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, резидентке депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы – депозитарлық қолхаттардың бейрезидентке базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді төлеу кезінде осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық агенті төлем көзінен табыс салығын ұстап қалуға міндетті.

      ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 647-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде аударылуға тиіс

      4. Түпкілікті (нақты) табыс алушы - резидент салық агенті осындай резиденттің табысымен ұсталған табыс салығының бюджетке аударған жағдайда осы Кодекске сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқығы бар.

      Бұл ретте резидент дивидендтер түрінде табыс алынған кезеңде салық агентіне нотариалдық куәландырылған мынадай құжаттардың көшірмесін:

      1) депозитарлық қолхаттарға арналған меншік құқығын растайтын құжаттың;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттілігін растайтын құжат;

      3) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде алынған табысын растайтын құжатты табыс етуге міндетті.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар резидент төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аударған күнінен бастап осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін ұсынылады.

      Бұл ретте, салық агенті резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтару жүргізіледі.

      5. Салық агенті салық органына өзінің орналасқан жері бойынша резиденттері үшін көзделген салық мөлшерлемесін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын азайтылған сомадағы табыс салығы бойынша қосымша есеп беруге немесе депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтер түрінде резиденттің табысынан салық ұсталған және аударылған салық кезеңі үшін салық салудан босату жөнінде қосымша есеп-қисап беруге құқылы.

      Аталған жағдайда осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен салық агенті артық төленген табыс салығының сомасы төлем көзінен ұсталған жүргізеді.

      311-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі

      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем көзінен ұсталатын төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтізбелік жиырма бес күннен кешiктiрмей, төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аударуға мiндеттi.

      2. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агентi орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеме орналасқан жер бойынша жүргiзедi.

      312-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисап

      Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем көзінен ұсталатын табыс төлемі жүргізілген тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.

34-ТАРАУ. САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ, САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

      313-бап. Салық мөлшерлемелері

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 288-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 300-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 20 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

      2. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 288-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 300-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді, сондай-ақ осындай қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынуға жатады.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алынған табыс деп ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғаларға мынадай бағыттар бойынша берілген, оның ішінде бюджеттік субсидиялар танылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасы, технологиялық жабдық лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;

      2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;

      3) тұқым шаруашылығын дамыту;

      4) мал шаруашылығының өнiмділігі мен өнiмiнің сапасын арттыру;

      5) акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнімінің сапасын арттыру;

      6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;

      7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;

      8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;

      9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;

      10) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);

      11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;

      12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату.

      13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық қаржы салу кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.

      3. Бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын табыстар төлем көзiнен 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.

      4. Бейрезиденттердiң осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 1) – 9), 11) – 34), тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген табыстарға осы Кодекстiң 646-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.

      5. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы осы Кодекстiң 652-бабында белгiленген мөлшерлеме және тәртiппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.

      314-бап. Салық кезеңі

      1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.

      2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.

      Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.

      3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.

      4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.

      5. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.

      315-бап.Салық декларациясы

      1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзiнен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттi қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушi, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

      2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.

      3. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 681-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

8-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ 35-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      316-бап. Төлеушілер

      1. Осы Кодекстiң 318-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.

      2. Шаруа және фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

      317-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу ерекшеліктері

      1. Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 36-тарауында және 656-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.

      2. Резидент жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістері бойынша өз бетінше жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 36, 39 және 40-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі..

      3. Бейрезидент жеке тұлғаның кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 320 және 646-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 74-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.

      4. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 320 және 646-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 77-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.

      5. Ауылшаруашылық өнімдерін, акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімдерін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгiленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.

      318-бап. Салық салу объектілері

      Жеке табыс салығы салынатын объектілер:

      1) жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын табысы;

      2) жеке тұлғаның дербес салық салуы кезінде салық салынатын табысы болып табылады.

      319-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі

      1. Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңі ішінде:

      1) төлем көзінен;

      2) жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын табыстар түрінде алуға жататын (алынған) кірістерден тұрады.

      2. Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қаралмайды:

      1) жұмыскерлердің қызметі жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

      2) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:

      осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;

      Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

      5) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;

      6) жұмыс берушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;

      7) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердiң далалық үлесі;

      8) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:

      тұрғын үйді мүліктік жалдау бойынша;

      осы тармақтың 2) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;

      9) жұмыс беруші келісімшарт агентімен жұмыскерлерді жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу талабын сақтаған кезде, жұмыскерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты жұмыс берушінің шығыстары;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;

      11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (зейнетақы аннуитетін) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде әлеуметтік төлемдерді уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;

      13) егер көрсетілген шығыстар жалдау төлемінен бөлек жүргізілген жағдайда, дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаға тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;

      тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге арналған шығыстары;

      14) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;

      15) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;

      16) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 245-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;

      17) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде жұмыскердің өз жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

      18) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) беруден кейін басталған мынадай:

      қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;

      қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;

      асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;

      қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда, атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;

      ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кездегі кіріс.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері:

      банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;

      талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.

      19) банк (микроқаржы ұйымы):

      негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      мұндай тұлға үшін сотқа берілген талап арыздан өндіріп алынған мемлекеттік бажды банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің төлеуі нәтижесінде қарыз алушы алған кіріс түрінде берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде жинақталған кіріс;

      20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, 2004 жылғы 1 қаңтар – 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша жинақталған:

      бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      шетелдік валютамен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;

      21) мүлікті заңдастыруына байланысты "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңдастырылған мүліктің құны, оның ішінде ақша;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

      24) жеке тұлға Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек ұсыну кезінде алған кіріс;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;

      тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;

      мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарын төлеу;

      санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;

      дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;

      Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, оған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда;

      26) жеке тұлғаларға олардан жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер.

      Осы тармақшада көзделген, салық агенті жүргізген төлем жағдайында осы тармақшаның ережелері салық агентіне өтініш ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады, онда өткізілетін жеке заттары кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтыны және мүліктік және өзге де кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық салу объектісі болып табылмайтыны көрсетіледі;

      27) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша жұмыскердi басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдей отырып жасалған, жұмыскерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушінің жұмыскерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;

      28) шартта белгіленген кезең ішінде банк пен клиент арасында жасалған шарт бойынша пайызсыз кезең берілуіне байланысты, төлем карточкасын ұстаушы банктік қарыз бойынша алған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

      29) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;

      30) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде:

      жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылса;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамының бұйрығы (өкімі) болса, жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінен алынған, оларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер;

      31) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша - жұмыс берушінің кінәсі бойынша еңбек жарақатын немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші өтеусіз берген техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарының құны ;

      32) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес - жұмыс берушінің кінәсі бойынша еңбек жарақатын немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші өтеусіз көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек түріндегі көрсетілетін қызметтер құны;

      33) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құпия көмекшілерге төлемдер;

      34) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлауға жіберген кезде, жұмыс берушiнiң қызметтік іссапарды ресімдемей, жұмыскердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберу бойынша:

      жұмыскерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін ақы төлеуге нақты жұмсаған шығыстары;

      уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде жұмыскердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;

      жұмыскер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;

      жұмыс берушiнің:

      жұмыскер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – жұмыскер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;

      жұмыскер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – жұмыскер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;

      35) осы Кодекстiң 291-бабы 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, оның ішінде науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен (ел, елді мекен) Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:

      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері;

      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;

      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін жұмыскер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;

      36) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:

      жеке тұлғаны оқытуға, оның біліктілігін арттыруға немесе оны қайта даярлауға нақты жұмсалған шығыстар;

      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жұмсалған шығыстар;

      жұмыскер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;

      дербес білім беру ұйымының:

      оқытылатын адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – жұмыскер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

      оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы;

      37) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жүргізген мынадай түрдегі төлемдер:

      мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар:

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

      сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар;

      жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде, бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жүргізілген шығыстар;

      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жүргізілген шығыстар;

      мынадай:

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерге жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері;

      келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары.

      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:

      дайындық бөлімінде;

      мынадай білім беру деңгейлері бойынша:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;

      негізгі мектеп;

      жоғары мектеп;

      күндізгі оқу нысаны бойынша мынадай білім беру деңгейлері:

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;

      38) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;

      39) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:

      медициналық сақтандыруға, оның ішінде науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;

      осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда.

      40) абонент қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін оның мобильдік балансына байланыс операторының қаражаты есебінен байланыс операторы есепке жазған сома;

      41) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезидент жеке тұлғаның кірісінен есептелген және салық агенті оны ұстап қалмай, өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген жеке табыс салығының сомасы.

      320-бап. Салық мөлшерлемелері

      1. Осы баптың 2-тармақтарында көрсетiлген кірістерді қоспағанда, салық төлеушiнiң кірісіне 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

      2. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түрiндегi кірістерге 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

      321-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісіне қосылатын табыстар

      Жеке тұлғаның жылдық кірісіне оның табыстарының барлық түрлері қамтылады:

      жұмыскердің кірісі, оның ішінде үй жұмыскерінің кірістері және Қазақстан Республикасының резиденті үй жұмыскері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің кірісі;

      мүліктік кірістен басқа, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен кіріс;

      жеке тұлғаның тауарлардың құнына, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғаның ақы төлеуі түріндегі кіріс;

      жеке тұлға алдында берешекті өтеу есебінен орындалған (көрсетілген) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс;

      өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс;

      борышты кешіру түріндегі кіріс;

      есепке жазылған айыппұлды, өсімақыны және санкциялардың басқа да түрлерін қоспағанда, борышкерге қойылатын талап ету мөлшерін азайту түріндегі кіріс;

      репо операциялары бойынша сыйақы төлеу түріндегі кіріс;

      зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;

      дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс;

      стипендия түріндегі кіріс;

      жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;

      мүліктік кіріс;

      дара кәсіпкер кірісі;

      жеке практикамен айналысатын адамның кірісі;

      салық салуға жататын, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамның анық емес мәліметтерді салық агентіне ұсынуға байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс;

      осы тармақтың 1) - 16) тармақшаларында көрсетілмеген, салық агентінен немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған басқа да кірістер;

      осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы.

36-ТАРАУ. КІРІСТЕР § 1. Төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер

      322-бап. Жұмыскердің кірісі

      1. Салық агенті болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған және оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған мына кірістер:

      1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскер меншігіне беруіне жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандағы ақша;

      2) осы Кодекстің 323-бабына сәйкес жұмыскердің заттай нысандағы кірістері;

      3) осы Кодекстің 324-бабына сәйкес жұмыскердің материалдық пайда түріндегі кірістері жұмыскердің кірістері болып табылады.

      2. Салық салуға жататын, салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан алынған (алуға жататын) жұмыскердің кірістері Қазақстан Респбликасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты (келісімшарты) бойынша алынған (алуға жататын) кіріс болып табылады.

      3. Жұмыскердің салық салуға жататын кірісіне мынадай кірістер:

      1) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін кірістері;

      2) зейнетақы төлемдерi түріндегі кіріс;

      3) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi кіріс;

      4) стипендиялар;

      5) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс;

      6) жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер жатпайды.

      323-бап. Жұмыскердiң заттай нысандағы кірісі

      Жұмыскердiң салық салынуға жататын, заттай нысандағы кірісі мыналар:

      1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскер меншігіне беруіне жататын тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және өзге мүліктің (ақшадан басқа) құны болып табылады. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығының тиісті сомасы және акциздер:

      мүліктің баланстық құны;

      мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, мүлік жұмыскерге берілетін шарт немесе өзге де құжат негізінде айқындалатын мүліктің құны;

      2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскер пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі болып табылады. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомасы және акциздер ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;

      3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны болып табылады. Жұмыскер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;

      4) жұмыскер жұмыс берушіден немесе үшінші тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң жұмыскерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi болып табылады. Мұндай тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомасы және акциздер ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады.

      324-бап. Жұмыскердiң материалдық пайда түрiндегi кірісі

      Жұмыскердiң салық салынуға жататын, оның ішінде материалдық пайда түріндегі кірісі:

      1) жұмыскерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – жұмыскерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың баланстық құны арасындағы терiс айырма;

      2) жұмыскер борышының сомасын есептен шығарған кезде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша жұмыскердiң оның алдындағы борышының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;

      3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз жұмыскерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған шығыстары;

      4) жұмыскерге шығындарды өтеу кезінде – жұмыскердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары болып табылады.

      325-бап. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс

      Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс қосылған құн салығының және акциздердің тиісті сомасы ескеріле отырып, төмендегідей мөлшерде:

      мүліктің баланстық құны;

      мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда, шартта немесе өзге де құжатта айқындалған, оның ішінде жеке тұлғаға берілетін мүлік құны айқындалады.

      326-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс

      1. Салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске:

      1) мыналар:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына толған және тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығып кеткен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасына толмаған және тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығып кеткен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтары түріндегі жеке тұлғаларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын төлемдер жатады.

      327-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кірістер

      1. Мыналар:

      1) осы Кодекстің 16-бабы 1-тармағы 1) тармақшасында айқындалған, төленген (төленуге жататын) дивидендтер;

      2) төленген (төленуге жататын) сыйақылар;

      3) төленген (төленуге жататын) ұтыстар салық салынуға жататын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кірістер болып табылады.

      Осы бөлімнің мақсаттары үшін сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлік басқарудан түскен, сенімгерлік басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза кірісі де салық салынуға жататын дивидендтер түріндегі кіріске жатады.

      328-бап. Стипендия түріндегі кіріс

      Салық агенті:

      Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алушыларға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге тағайындаған ақша сомасы салық салуға жататын стипендия түріндегі кіріс болып табылады.

      329-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс

      1. Салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс:

      1) сақтандыру сыйлықақылары:

      жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;

      жұмыс берушінің жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақылары;

      2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін құнын төлеп сатып алу сомалары;

      3) сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі болып табылады.

§ 2. Жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер

      330-бап. Мүліктік кіріс

      1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік кірісіне:

      1) жеке тұлғаның осы Кодекстің 331-бабында көрсетілген мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс;

      2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түскен кірісі;

      3) жеке тұлғаның осы Кодекстің 333-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс;

      4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кірісі;

      5) талап ету құқығын басқаға беруден, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесінен түсетін кіріс;

      6) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын, бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын дара кәсіпкердің осы Кодекстің 334-бабында көрсетілген өзге де активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс жатады.

      2. 1), 2) және 3) тармақшалардың ережелері жеке тұлғаларға, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады.

      3. Мүліктік кіріс дара кәсіпкердің, жекеше практикамен айналысатын тұлғаның кірісі болып табылмайды.

      331-бап. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс

      1. Жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті:

      1) меншік құқығында болған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;

      2) меншік құқығында болған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      3) меншік құқығында болған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген, нысаналы мақсаты бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан инвестициялық алтынды;

      6) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті;

      7) меншік құқығында болған, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;

      8) эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда); Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін өткізу кезінде туындайды.

      2. Мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 5 - 7-тармақтарына сәйкес айқындалатын өтеусіз алынған мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріске қолданылмайды.

      3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      5. Жеке тұлға бұдан бұрын осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе бұдан бұрын ол бойынша осы Кодекстің 238-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде кіріс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізген жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын кіріске қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      6. Жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік өткізілген жағдайларда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезеңі ішіндегі кіріс және мүлік туралы декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады

      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген, өткізілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда, құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;

      2) осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган неғұрлым кеш күндердің біріне:

      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;

      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құн болып табылады;

      3) осы баптың 1-тармағының 5) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.

      Дара кәсіпкер болып табылмайтын, жеке тұлға салған тұрғын емес үйді (ғимаратты) өткізу кезінде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен осындай тұрғын емес үйді (ғимаратты) салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      Бұрын тұрғын үйден (ғимараттан) реконструкцияланған, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын тұрғын емес үйді (ғимаратты) өткізу кезінде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны тұрғын үй (ғимарат) ретінде сатып алу құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      8. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағына осындай тұлға бұдан бұрын әкелген мүлікті өткізген жағдайда:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және (немесе) тіркемелер бойынша – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және тауарлар декларациясында көрсетілген және осындай механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді әкелу кезінде төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және тіркемелер бойынша – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық декларациясында көрсетілген және осы Кодексте белгіленген тәртіппен төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы оны сатып алу бағасы (құны) болып табылады.

      9. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) сатып алу (салым) бағасы (құны) болған жағдайда – өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу (салым) бағасы (құны) арасындағы оң айырма болып табылады. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;

      2) мүлікті (салымды) сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.

      Осы Кодекстің осы бабының және 333-бабының мақсатында заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.

      332-бап. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісі

      1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 331-бабында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін кірісі мүлікті өткізу құны болып табылады.

      2. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін кірісі мынадай мүлікті:

      1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүлікке құқық және (немесе) мәмілелер шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын;

      2) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      3. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария еткені үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны өткізген жағдайларда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алынатын алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      4. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін кірісі өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      5. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін кірісі өткізу күнгі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, купон есепке алынбаған өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      6. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған қатысу үлесін өткізу кезінде түсетін кірісі өткізу құны мен оны сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      7. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:

      1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болса;

      2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген болса, қолданылмайды.

      8. Осы баптың 4, 5, 6-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 4, 5, 6-тармақтарында көзделген кірістер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, қолданылмайды.

      9. Осы баптың 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері:

      1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);

      2) мүлікті өткізу құнын;

      3) мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органының тіркегенін растайтын құжаттар негізінде қолданылады.

      333-бап. Жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс

      1. Жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті:

      1) меншік құқығындағы тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;;

      2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      3) меншік құқығында Қазақстан Республикасының аумағындағы, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап сатылған күнге дейін нысаналы мақсаттағы жеке тұрғын үй құрылысын, саяжай құрылысын салу, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген, нысаналы мақсаты бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      5) инвестициялық алтынды;

      6) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;

      7) меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді

      8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) өткізу кезінде туындайды.

      2. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кездегі құн өсімінен түсетін кіріс заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 5 - 7-тармақтарына сәйкес өтеусіз алған мүлікті жарғылық капиталған салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріске қолданылмайды.

      3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен салық төлеушінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      5. Жеке тұлға бұдан бұрын осы Кодекстің 681-бабының 4-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе ол бойынша бұдан бұрын осы Кодекстің 238-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде кіріс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын кіріске қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      6. Жеке тұрғын үйді беретін тұлға салған жеке тұрғын үйді, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнге нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      Бұл ретте осындай нарықтық құнды салық төлеуші мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүргізілген салық кезеңі ішіндегі кіріс және мүлік туралы декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

      7. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып, айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      8. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген, осы баптың 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;

      2) осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган неғұрлым кеш күндердің біріне:

      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;

      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құн болып табылады;

      3) осы баптың 1-тармағының 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің бағасы (құны) мөлшерінде болып табылады.

      Дара кәсіпкер болып табылмайтын, жеке тұлға салған тұрғын емес үй (ғимарат) мүлкін жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген осындай мүліктің бағасы (құны) мен осындай тұрғын емес үйді (ғимаратты) салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      Бұрын тұрғын үйден (ғимараттан) реконструкцияланған, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын тұрғын емес үйді (ғимаратты) жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны тұрғын үй (ғимарат) ретінде сатып алу құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      9. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте, жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды заңды тұлғаның жарғылық капиталына салу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;

      2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.

      10. Сенім білдірілген тұлға механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен шығаруға құқық беретін, басқаруға арналған сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген, жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының меншік иесіне осы көлік құралының өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу құнын және оның өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу күнін хабарлайды немесе көлік құралы меншік иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы меншік иесінің салық міндеттемесін орындауы болып табылады.

      334-бап. Шағын бизнес субъектілері немесе шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс

      1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауар-материалдық қорлар және талаптар болып табылмайтын мынадай активтер жатады:

      1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құралдар;

      2) аяқталмаған құрылыс объектілері;

      3) орнатылмаған жабдық;

      4) материалдық емес активтер;

      5) биологиялық активтер;

      6) егер дара кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған салықтық кезеңдерде осындай негізгі құралдар тіркелген активтер болып табылған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;

      7) егер дара кәсіпкер бұдан бұрын жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер.

      2. Шағын бизнес субъектілері немесе шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді өткізген жағдайда, өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 264-бабының 1) – 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындар жиынтығы өзге активтердің бастапқы құны болып табылады.

      Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 269-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Егер өзге актив өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген осы активтің құны бастапқы құн болып табылады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге активті өткізу кезінде шағын бизнес субъектілері немесе шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерде осы активке меншік құқығы туындаған күні мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құны болып табылады.

      Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны осындай мүлік өткізілген салық кезеңіне арналған жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.

      6. Мынадай жағдайларда:

      1) өзге активке меншік құқығы туындаған күні оның айқындалған нарықтық құны болмаған кезде;

      2) осы баптың 5-тармағында белгіленген нарықтық құнды айқындау мерзімі сақталмаған кезде;

      3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда;

      4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша өзге активтің бастапқы құны нөлге тең болады.

      335-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түскен кіріс

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға осындай құқықты сатып алған құн арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түскен кіріс болып табылады.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түскен кірістер болып табылады.

      3. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен осындай құқықты бұрын сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен кіріс болып табылады.

      336-бап.Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі

      Жеке практикамен айналысатын адамның кірісіне:

      жекеше нотариустың кірісі;

      жеке сот орындаушысының кірісі;

      адвокаттың кірісі;

      кәсіби медиатордың кірісі жатады.

      Заңды көмек көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше төлемақыны қоса алғанда, жеке практикамен айналысатын адамдардың атқарушы құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асырудан алған кірістерінің барлық түрлері, сондай-ақ қорғау және өкілдік етуге байланысты алған шығыстарды өтеу сомалары жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісіне жатады.

      337-бап. Дара кәсіпкердің кірісі

      Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын дара кәсіпкердің оның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңі ішінде алуға жататын (алған) кірсітерінен тұратын, салық кезеңінде жиынтық түрінде алынған кірісі.

      338-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетін басқа да кірістер

      Бейрезидент жеке тұлға осы Кодекстің 321-бабы 1-тармағының 1) - 16) тармақшаларында көрсетілмеген, салық агенті болып табылмайтын адамнан есепті салық кезеңі ішінде алған (алуға жататын) және төленген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрлері Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетін басқа да кірістер деп танылады.

      339-бап. Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер

      Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салуға жатпайды.

      Қосарланған салық салу мынадай тәртіппен жойылады:

      шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығы:

      10 пайыздан аз тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда – мұндай пайда салығы осы Кодекстің 638-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу есебіне жатқызылады;

      10 және одан көп пайыз тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда - осы Кодекстің 340-бабының 2-тармағына сәйкес салықтан босату қолданылады;

      резидент бақыланатын екі шетелдік компания арасындағы дивидендтерді Қазақстан Республикасында салық салынған, дивидендтер төлейтін бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан төлеген жағдайда, мұндай дивидендтер осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағы 6) тармақшасына сәйкес дивидендтер алған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шегеріледі;

      егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер:

      10 және одан көп пайыз мөлшерлеме бойынша, сондай-ақ дивидендтер түріндегі кірістер енгізілген жағдайда, мұндай кірістер осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шегеріледі;

      10 пайыздан аз мөлшерлеме бойынша енгізілген жағдайда, мұндай салық осы Кодекстің 639-бабына сәйкес резиденттің жеке табыс салығынан шегерілуге жатады.

      Осы Кодекстің осы бабында және 339-бабында пайдаланылатын ұғымдар осы Кодекстің 294-бабында айқындалған.

      340-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу

      1. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің осы бабының және 297-бабының ережелерін ескере отырып есептелген жиынтық пайдасы резидент жеке тұлғаның кірісіне енгізіледі және Қазақстан Республикасында жеке табыс салығы салынады.

      Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің мұндай жиынтық пайдасы жеке табыс салығы бойынша декларацияға енгізілуге жатады.

      2. Мынадай талаптардың бірі орындалған:

      1) басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын шетелдік компанияға резиденттің жанама қатысуы кезінде;

      2) бақыланатын тұлға болып табылмайтын тұлға арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын шетелдік компанияға резиденттің жанама қатысуы кезінде;

      3) егер бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте пайда салығы 10 және одан көп пайыз құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынған;

      4) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте салық 10 және одан көп пайыз құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынған;

      5) егер жеңілдікті салық салу мемлекетінде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына пайда салығы 10 және одан көп пайыз құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынған жағдайда, Қазақстан Республикасында бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы салық салудан босатылады.

      Осы тармақты қолдану үшін резидент жеке тұлғаның осы Кодекстің 296-бабы 2-тармағында көрсетілген растайтын құжаттары болуға тиіс.

      3. Резидент жеке тұлғаның мынадай сомаға:

      егер бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық пайдасы салық салынғанға дейін қаржылық пайда (залал) сомасын ескерген жағдайда, топшілік операциялардан пайда (шығын) сомасына азайтылған еншілес ұйымдарға салық салынғанға дейін осындай сомаларға, бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылған қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлестерге салық салынғанға дейін бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын азайтуға құқығы бар. Осы тармақшаның ережесі, егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті бөлек жасамай, еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректері көрсетіле отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау белгіленген жағдайда қолданылады;

      егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы салық салынғанға дейін осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті ескерген жағдайда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында 10 және одан көп пайыз құрайтын мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметінен түсетін салық салынатын кірісіне;

      егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы салық салынғанға дейін осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, шығыстар сомасына азайтылған, 10 және одан көп пайыз құрайтын мөлшерлеме бойынша төлем көзінен Қазақстан Республикасында бұрын корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компания алған, тұрақты мекеме құрмай-ақ Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден (жұмыстар орындаудан) түсетін кіріске салық салынғанға дейін бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін шығыстар сомасы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігі бойынша тікелей шығыстарының үлесі мен жалпы сомасын қосындысы ретінде пропорционалды әдіспен айқындалады. Үлес осы тармақшада көрсетілген кіріс сомасының бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігі бойынша жиынтық кірістер сомасына арақатынасы ретінде айқындалады;

      егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы салық салынғанға дейін осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтерге;

      5) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы салық салынғанға дейін осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көзделгеннен өзге, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында 10 және одан көп пайыз құрайтын мөлшерлеме бойынша төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған кіріске;

      6) мынадай формула бойынша айқындалған шама:

      егер дивидендтер сомасы есепті немесе алдыңғы салық кезеңінде бұрын Қазақстан Республикасында жеке табыс салығы салынған аталған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан төленген жағдайда, басқа бақыланатын шетелдік компаниядан алынған дивидендтердің

      резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысу коэффициентіне көбейтілген сомасы;

      Осы тармақтың 6) тармақшасында белгіленген азайту дивидендтер алушы бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына, егер мұндай қаржылық пайда осы тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген дивидендтер сомасын қамтитын болса, қолданылады.

      Осы тармақты қолдану үшін резидент жеке тұлғаның осы Кодекстің 297-бабы 10-тармағында көрсетілген растайтын құжаттары болуға тиіс.

      4. Резидент жеке тұлға осы Кодекстің 298-бабында белгіленген тәртіппен бақыланатын шетелдік компанияға қатысуы туралы өтініш беруге міндетті.

§ 3. Кірісті түзету

      341-бап. Кірісті түзету

      1. Жеке тұлғаның салық салынатын кірістерінен кірістің мынадай түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – кірісті түзету):

      1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

      2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары (депозиттері) бойынша оларға төленетiн сыйақылар;

      3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

      4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар;

      5) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін кірістер;

      6) агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін кірістер;

      7) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға арналған лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

      8) егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бiр мезгiлде мынадай:

      дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің олар бойынша дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      дивидендтер төлеу күніне дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын құрайтын жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.

      Осы тармақшаның ережелерi резидент-заңды тұлғадан:

      акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын кіріс;

      резидент-заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза кірістің бiр бөлiгi;

      құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде салған мүлкін қоспағанда, резидент-заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, осындай қатысушы резидент-заңды тұлғадағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтер бойынша қолданылады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.

      Жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Егер дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға осындай азайту көзделген қызмет бойынша, оның ішінде инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асыратын қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін болса, онда тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерден босату қолданылмайды;

      егер дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерден босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады;

      9) әскери қызмет міндеттерін орындауына байланысты әскери қызметшінің, қызметтік міндеттерін орындауына байланысты арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, құқық қорғау органдары қызметкерінің (кеден органдары қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің кірістері;

      10) әскери, арнаулы атақтары, сыныптық шендері және нысанды киімді киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметтік міндеттерін орындауына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;

      11) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай ұтыстарды есептеу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 пайызы шегiндегі бір лотерея бойынша ұтыстар;

      12) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлем күні қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын төлемдер;

      13) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн төлемдер;

      14) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір адамның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшері шегіндегі бір жылғы кірісі.

      Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамның агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылығы кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғаға жеке қосалқы шаруашылықтан алған мынадай ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуден түсетін кірісі жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс деп танылады:

      сауын тірі ірі қара мал;

      тірі ірі қара мал;

      тірі жылқылар және өзге де жылқы тұқымдас жануарлар;

      тірі түйелер және түйе тектілер;

      тірі қойлар мен ешкілер;

      тірі шошқалар;

      тірі үй құсы;

      тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы;

      ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті;

      сауын ірі қара малдың шикі сүті;

      үй құсының жас немесе тоңазытылған еті;

      картоп;

      сәбіз;

      қырыққабат;

      баклажан;

      қызанақ;

      қияр;

      сарымсақ;

      пияз;

      қант қызылшасы;

      алма;

      алмұрт;

      айва;

      өрік;

      шие;

      шабдалы;

      қара өрік;

      ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, ешкілердің түтілген жүні, терілері, иленбеген былғарысы.

      Өнім түрлерін айқындау осы тармақшаны қолдану мақсатында техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы тармақшаның ережелерін бір салық агенті – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым, ауыл шаруашылығы кооперативі және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға мынадай құжаттарды:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтаманы;

      жергілікті атқарушы органның жеке қосалқы шаруашылықта пайдаланылатын:

      алаңы көрсетілген жер учаскесінің;

      саны көрсетілген үй жануарларының;

      саны көрсетілген үй құстарының бар екендігі туралы растауын;

      салық салуға жататын кірістерді түзетуді қолдануға арналған өтінішті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылығы кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғаға ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданады. Бұл ретте құжаттар салық агентіне осындай түзету қолданылған күнтізбелік жылы кемінде бір рет табыс етіледі.

      15) егер осы тармақтың 16) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, акцияларды, резидент заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс. Осы тармақша мына шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізген күні салық төлеуші осы акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам ие болған;

      осындай эмитент заңды тұлға немесе оған қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін консорциумға қатысушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмағанда;

      осындай эмитент заңды тұлғаның немесе оған қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтерінің құнында немесе оған қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы үлесінде жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың мүлкі осындай өткізу күніне 50 пайыздан аспайтын.

      Осы тармақшаның мақсатында жеке мұқтаждықтары үшін жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын иелену құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болған адам жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.

      Бұл ретте акциялары мен қатысу үлестері өткізіліп жатқан заңды тұлғаның немесе консорциумның активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650- бабына сәйкес айқындалады;

      16) өткiзу күнi Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға арналған лицензияға ие және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістер;

      17) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және одан көп уақыт болатын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      18) меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      19) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 131-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      20) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылыс-жайы, саяжай құрылыс-жайы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленетін (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа) мынадай:

      инфляция деңгейі ескеріле отырып, әлеуметтік төлемдердің іс жүзінде енгізілген сомасы мен Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма түріндегі;

      мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің, әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің, асырауындағылардың, мұрагерлері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде оларды алуға құқығы бар адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кездегі;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға сыйақы түріндегі;

      дүлей зілзалаларға немесе басқа да төтенше мән-жайларға байланысты шығындарды өтеу түріндегі;

      еңбек шартының қолданысы тоқтатылған кезде төленетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері түріндегі;

      халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін универсиада жүлдегерлері мен қатысушыларына және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде көтермелеу түріндегі;

      зейнеткерлік жасқа толған, отмөлшерлемеға кеткен судьяларға төленетін өмір бойы ай сайынғы қамтылым түріндегі;

      Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде беретін мемлекеттік сыйлықақылар, мемлекеттік стипендиялар түріндегі төлемдер;

      23) күнтізбелік жыл iшiнде салық агенті жүргізген әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегiндегі:

      жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялық қызметтер көрсетулерден басқа) шығыстарын өтеу үшiн – жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерді (косметологиялық қызметтер көрсетулерден басқа) алғанын және оларға ақы төлеуге нақты шығыстарын немесе жұмыс берушінің науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын төлегенін растайтын құжаттарды ұсынған кезде, науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарты және науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуді растайтын құжат болған кездегі;

      бала туылған кезде жұмыскерге материалдық көмек көрсету түрінде – жұмыскер баланың (балалардың) тууы туралы куәліктің (куәліктердің) көшірмесін ұсынған кездегі;

      жұмыскерді немесе оның отбасы мүшелерін, жақын туыстарын жерлеуге арналған төлемдер - жұмыскердің немесе оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының қайтыс болуы туралы анықтама немесе қайтыс болуы туралы куәлік болған кездегі төлемдер.

      Көрсетілген кірістер кірістерді түзетуді қолдану туралы өтініш және растайтын құжаттар болған кезде салық салудан босатылады;

      24) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық жұмыскерлердiң ресми кірістері;

      25) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiндегі, сол елдегі кірісі салық салуға жататын шетелдiктердің ресми кірістері;

      26) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми кірістері;

      27) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақысы);

      29) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақылары;

      30) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға бағытталған шығыстар;

      31) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

      32) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және кірісті есептеу күніне қолданылатын жалақының ең төмен мөлшері шегінде – Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа, баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлердің демалысына төленетін жұмыс берушінің шығыстары түріндегі кірістер.

      Егер жұмыс берушінің осы тармақшада көрсетілген шығыстары еңбек және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделген болса, осы тармақшаның ережелері қолданылады;

      33) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттiк стипендиялар үшін белгiленген мөлшерде ұйымдар төлейтiн стипендиялар;

      34) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және білім беру ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы стипендиялары мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;

      35) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және білім беру ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін мемлекеттік атаулы стипендиялар;

      36) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының оқуын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастырумен байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлеуге арналған төлемдер;

      37) мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін жол жүру шығыстарының өтемақысы;

      38) жеке тұлға өтеусіз негізде басқа жеке тұлғадан алған мүлікті, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, оның ішінде сыйға алу немесе мұраға қалдыру түріндегі кірістер.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері мыналарға:

      дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарды пайдалануға арналған мүлікке;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды.

      39) қайырымдылық және демеушілік көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;

      40) осы Кодекстiң 329-бабында көзделген кірістерді қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн сақтандыру төлемдерi;

      41) мыналарға:

      сақтандыру сыйлықақылары жеке тұлға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін және жұмыс беруші жұмыскердің пайдасына жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары;

      сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылатын жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері;

      42) сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқарудан не сенімгерлік басқарудан туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушыдан, резидент жеке тұлғадан, оның ішінде сенімгерлік басқарушы болып табылатын дара кәсіпкерден түскен таза кірістер;

      43) осы Кодекстің 340-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жеке табыс салығы салынған қаржылық пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген бақыланатын шетелдік компаниядан алынған дивидендтер;

      44) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;

      45) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

      46) моральдық зиянды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;

      47) жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттары және жұмыс беруші жасаған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бөлігіндегі сақтандыру төлемдері;

      48) сот шешімі бойынша тағайындалатын материалдық залалды өтеу, сондай-ақ сот шығыстарының сомалары;

      49) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

      50) жұмыс берушінің өзінің жұмыскерлеріне міндетті сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйақылары.

37-ТАРАУ. САЛЫҚ ШЕГЕРІМДЕРІ

      342-бап. Салық шегерімдері бойынша жалпы ережелер

      1. Жеке тұлға мынадай салық шегерімдерінің түрлерін қолдануға құқылы:

      1) міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімі – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде;

      2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша салық шегерімі;

      3) стандартты салық шегерімдері (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);

      4) көп балалы отбасылары үшін салықтық шегерімдер;

      5) өзге де салық шегерімдері (бұдан әрі – өзге де шегерімдер), олар:

      ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін;

      оқытуға арналған салық шегерімін;

      медицинаға салық шегерімін;

      сыйақылар бойынша салық шегерімін қамтиды.

      2. Жеке тұлға:

      1) салық агентінен – міндетті зейнетақы жарналары түріндегі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша, көп балалы отбасылар үшін стандартты шегерімдер түріндегі;

      2) салық агенті дербес қолданбаған кезде – міндетті зейнетақы жарналары түріндегі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша, көп балалы отбасылар үшін стандартты шегерімдер түріндегі;

      3) дербес қолданған кезде – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген салық шегерімдерін қолданады.

      3. Салық агентінде, сол сияқты жеке тұлға да күнтізбелік жылда дербес қолданған көп балалы отбасыларыға салық шегерімінің жалпы сомасы мен өзге де шегерімдер үшін шекті мөлшер жалақының 48 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      4. Салық шегерімдері салық шегерімдерін қолдануға құқықты растайтын құжаттардың (бұдан бұдан әрі – растайтын құжаттар) негізінде қолданылады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі ішінде жеке тұлғада сақталады.

      5. Салық шегерімдері осы баптың 1-тармағында көрініс тапқан тәртіптегі реттілікпен қолданылады.

      6. Осы Кодекстің 8-бөлімінің 37- тарауын қолдану мақсатында еңбекақының ең төмен мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын еңбекақының ең төмен мөлшеріне тең қолданылады.

      343-бап. Салық агентінің салық шегерімдерін қолдану ерекшеліктері

      1. Әлеуметтік төлемдер түріндегі салық шегерімін қоспағанда, салық агенті төлем көзінен салық шегерімдерін мынадай негіздерде:

      1) жеке тұлғаның уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық шегерімдерін қолдану туралы өтініші;

      2) растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады. Мұндай көшірмелер осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі ішінде салық агентінде сақталады.

      2. Күнтізбелік жыл ішінде салық агенті өзгерген кезде, оның қайта ұйымдастырылуы жағдайларын қоспағанда, алдыңғы салық агентінде жиналып қалған салық шегерімінің қолданылмаған сомасы жаңа салық агентінде ескерілмейді.

      Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 346-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген, алдыңғы салық агентінде жиналып қалған салық шегерімінің асып кетуі стандартты шегерімдерге қолданылмайды, осы Кодексте белгіленген шектерде жаңа салық агентінде ескеріледі. Бұл ретте жеке тұлға осы Кодекстің 359-бабында белгіленген тәртіппен алдыңғы салық агентіне берілген, жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы береді.

      3. Жеке тұлға салық шегерімінің белгілі бір түрін тек бір ғана салық агентіне қолдануға құқылы.

      4. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірісіне қатысты салық шегерімдерін жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда жеке тұлға төлем жүргізілген күнтізбелік жыл ішінде осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы, осы құжаттардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.

      344-бап. Жеке тұлғаның салық шегерімдерін дербес қолдану ерекшеліктері

      Салық агентінде жиналып қалған салық шегерімдерінің асып түсуі, сондай-ақ салық агентінің қолданбаған салық шегерімінің сомасы жеке тұлғаның салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға өзі ескереді.

      345-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі

      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі салық агентінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың сомасына, сол салық кезеңіндегі оларды есептейтін күні қолданылады.

      2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімін жеке тұлға "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың сомасына осындай жарналардың төлемін растайтын құжаттың негізінде сол салық кезеңіндегі неғұрлым кешірек мына күндердің бірінде:

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарды есептеу күні;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу күні дербес қолданады.

      346-бап. Стандартты шегерімдер

      1. Мыналар:

      1) ең төмен жалақы мөлшері стандартты шегерім болып табылады. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік жыл үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

      2) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:

      Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;

      I, II, III топтардағы мүгедек;

      мүгедек бала болып табылатындығының негізінде күнтізбелік жыл үшін ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерi стандартты шегерім болып табылады.

      Егер жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болса, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;

      3) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:

      "мүгедек бала" деген санаттағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін - мұндай адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

      "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына - мұндай адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

      асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының бірі;

      жетім балаларды, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдайтын отбасына тапсыру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңіне әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдайтын, отбасыға қабылдаған ата-аналардың бірі болып табылатындығы негізінде күнтізбелік жыл үшін ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерi стандартты шегерім болып табылады.

      Осы тармақтың ережелері:

      қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің жұмыскерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты;

      Қазақстан Республикасының неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамға қолданылмайды.

      2. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген стандартты шегерімдер аталған салық шегерімдерін қолдану үшін негіздер бар немесе болған, туындаған күнтізбелік жылда қолданылады.

      347-бап. Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі

      1. Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі мына тәртіптердің бірімен:

      1) әрбір ай үшін ең төмен жалақының 2 еселенген мөлшерінде көп балалы отбасы ата-аналарының бірі үшін;

      2) әрбір ай үшін ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінде көп балалы отбасы ата-аналарының әрқайсысы үшін күнтізбелік жылға айқындалған ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшерінен артық емес мөлшердегі жиынтығында екі ата-анаға да қолданылады.

      2. Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі шегерім қолданылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына жеке тұлғаның, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталатын кәмелетке толмаған баласы төрт және одан көп болған жағдайда қолданылады.

      348-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі

      1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес, өз пайдасына жасаған ерікті зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.

      2. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары:

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;

      ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат болып табылады.

      3. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі ерікті зейнетақы жарналарының төлем күні болатын салық кезеңінде қолданылады.

      349-бап. Оқытуға арналған салық шегерімі

      1. Оқытуға арналған салық шегерімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім берудің мына:

      1) Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;

      2) Қазақстан Республикасында білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын техникалық және кәсіби білім;

      3) Қазақстан Республикасында білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын ортадан кейінгі білім, жоғары білім;

      4) осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім деңгейі бойынша оқытуға шығыстар бойынша қолданылады.

      2. Оқытуға арналған салық шегерімін:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға өз пайдасына жұмсалған оқытуға төлемге шығыстар бойынша;

      2) асырауындағы жиырма бір жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаның пайдасына оқытуды төлеуге жүргізілген шығыстар бойынша заңды өкілдердің бірі қолданады. Жиырма бір жасқа толмаған адам оқытуға арналған салық шегерімін дербес қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімін заңды өкіл қолданбайды.

      3. Оқытуға арналған салық шегерімі күнтізбелік жылға айқындалған ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.

      4. Оқытуға арналған салық шегерімін қолдану үшін растаушы құжаттар қызмет көрсету шарты және осындай қызмет көрсетулерге ақы төлеу фактісін растайтын құжат болып табылады.

      5. Оқытуға арналған шығыстар бойынша салық шегерімдері мына:

      оқыту қызметін алу күні;

      оқыту қызметіне ақы төлеу күндерінің неғұрлым кеш болатын күні тұспа-тұс келетін салық кезеңінде қолданылады.

      350-бап. Медицинаға арналған салық шегерімі

      1. Медицинаға арналған салық шегерімі мынадай:

      1) медициналық қызмет көрсетулерге;

      2) науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар бойынша қолданылады.

      2. Медицинаға арналған салық шегерімін:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға өз пайдасына жұмсалған медицинаға арналған шығыстар бойынша;

      2) асырауындағы он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының пайдасына медицинаға жұмсалған шығыстар бойынша заңды өкілдерінің бірі қолданады. Медицинаға арналған салық шегерімін он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған адам дербес қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімін заңды өкілі қолданбайды.

      3. Медицинаға арналған салық шегерімі күнтізбелік жылға айқындалған ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.

      4. Медицинаға арналған салық шегерімін қолдану үшін:

      1) ол жазбаша нысанда жасалған жағдайда – медициналық көрсетілетін қызметтердің құнын көрсете отырып, ақылы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт;

      2) медициналық көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты қамтитын ауру тарихынан үзінді көшірме;

      3) адам осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық шегерімін қолданған кезде науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру жөніндегі шарт;

      4) науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарты бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерді немесе сақтандыру сыйлықақыларын төлеу фактісін растайтын құжат растау құжаттары болып табылады.

      5. Медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге шығыстар бойынша салық шегерімдері мына күндердің:

      медициналық қызмет көрсетілген күн;

      медициналық қызметке ақы төлеген күн тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде қолданылады.

      6. Науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге арналған салық шегерімдері:

      науқастанған жағдайда ерікті сақтандыру шарттарында белгіленген сақтандыру сыйлықақыларын өтеген күн;

      сақтандыру сыйлықақыларын төлеген күндерінің неғұрлым кеш болатын күні тұспа-тұс келетін салық кезеңінде қолданылады.

      7. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде көрсетілетін медициналық қызметтерге шетел валютасында ақы төлеу кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу төлем жасалған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетелдік валюталардың ресми бағамы қолданыла отырып жүзеге асырылады.

      351-бап. Сыйақылар бойынша салық шегерімі

      1. Сыйақылар бойынша салық шегерімін Қазақстан Респуликасының резидент жеке тұлғасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды төлеуге жұмсалатын шығыстар бойынша қолданады.

      2. Сыйақылар бойынша салық шегерімі күнтізбелік жылға айқындалған жалақының 10 еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.

      3. Сыйақылар бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары:

      1) банкпен немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банкпен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты;

      2) сыйақы сомасын бөле отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;

      3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжат болып табылады.

      4. Салық шегерімдері мына күндердің ішіндегі:

      ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақы өтелген күн;

      сыйақы төленген күннің неғұрлым кеш күні келетін салық кезеңінде қолданылады.

      5. Сыйақы шетел валютасында төленген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу төлем жүргізілген күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасының ресми бағамы қолданыла отырып жүзеге асырылады.

38-ТАРАУ. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ЕСЕПТЕУ, ТӨЛЕУ ЖӘНЕ БЕРУ ТӘРТІБІ

      352-бап. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы жөніндегі жалпы ережелер

      1. Жеке табыс салығын бюджетке есептеуді, ұстауды және төлеуді салық агенті осы Кодекстің 321-бабының 1-тармағының 1) – 12) және 17) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша, егер мұндай кірістерді аталған салық агенті төлеуге (төлейтін) тиіс болса, төлем көзінен жүзеге асырады.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, резидент жеке тұлғаға кіріс төлейтін мына тұлғалар:

      1) дара кәсіпкер;

      2) жеке практикамен айналысатын тұлға;

      3) заңды тұлға, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент салық агенттері деп танылады.

      Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпайтын, тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады.

      4) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау және салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шартқа немесе осы кодекстің 220-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға салық агенті болып табылады.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттің өкілдіктері, шет мемлекеттің консулдық мекемелері;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар салық агенттері болып танылмайды.

      4. Резидент заңды тұлға өз шешімімен құрылымдық бөлімшесінің бір мезгілде мынадай:

      осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару;

      осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу бойынша міндеттерді орындауын тануға құқылы.

      Резидент заңды тұлға қабылдаған осындай шешім:

      жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшеге қатысты – осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап;

      қалған жағдайларда – осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Резидент заңды тұлғаның осындай шешімінің күшін жою осындай шешімнің күші жойылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Депозитарлық қолхаттар бойынша кірістерден салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.

      353-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу

      1. Жеке табыс салығын есептеуді салық агентi төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша салық салынуға жататын кірісті есебіне жазу кезінде жүргізедi.

      Жеке табыс салығының сомасы осы бөлімге сәйкес айқындалатын төлем көзінен салық салынатын табыс сомасына осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.

      2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салынуға жататын кірісті төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi.

      3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды кірісті төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

      4. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң кірістері бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.

      5. Салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығы сомаларын өз қаражаты есебінен ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.

      354-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі төленетін табыстар бойынша салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару тәртібі

      Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі төленетін табыстар бойынша салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару тәртібі осы Кодекстің 310-бабына сәйкес айқындалады.

      355-бап. Мемлекеттік мекемелердің салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктері

      1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.

      2. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің кірістері бойынша салық агенттері ретінде қаралуы мүмкін.

      Бұл ретте, осы бапта белгіленген тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаттары үшін әлеуметтік салық төлеушілер деп танылады.

      Салықты төлеу салық агентінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерге жүргізіледі.

      3. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және төлеуді осы Кодекстің 352, 353 және 354-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

      4. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны осы Кодекстің 358-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді.

      356-бап. Төлем көзінен салық салынатын кірісті айқындау

      1. Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

      жұмыскердің ағымдағы салық кезеңінде алған, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салық кезеңіндегі кірісті түзету сомасы,

      алу

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімдерінің сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 345-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімдерінің сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 346-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде стандартты шегерімдер сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 347-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде көп балалы отбасылар үшін салық шегерімінің сомасы,

      алу

      осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы.

      2. Өзге де шегерімдердің алдын ала сомасын жеке тұлға жалақының жиырма төрт еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын мөлшерде күнтізбелік жылдағы өзге де шегерімдердің жоспарланған сомасы ретінде айқындайды. Жеке тұлға мұндай соманы өтініште көрсетеді және оны салық агентіне табыс етеді. Өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      Салық агенті растау құжаттарысыз жеке тұлғаның өтініші негізінде өзге де салық шегерімдерінің алдын ала сомасына салық салынатын кірісті азайтады.

      Жеке тұлға барлық салық агенттеріне табыс етілген өтініштерде көрсеткен күнтізбелік жыл үшін өзге де салық шегерімдерінің алдын ала жиынтық сомасы:

      жалақының жиырма төрт еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;

      жеке тұлға күнтізбелік жыл қорытындылары бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияда өзге де шегерімдерді қолданған кезде құжаттамалық расталуға тиіс.

      3. Жұмыскердің кірісінен басқа, жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

      жұмыскердің кірісінен басқа, жеке тұлғаның ағымдағы салық кезеңінде алынған төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерінің сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салық кезеңіндегі кірісті түзету сомасы,

      алу

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімдерінің сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 345-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімдерінің сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 346-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде стандартты шегерімдер сомасы.

      4. Шетел валютасындағы төлем көзінен салық салынуға жататын кіріс сомасы кірісті төлеу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.

      5. Егер осы баптың 1-3-тармақтарында көзделген тәртіппен айқындалған сома теріс болып табылса, онда мұндай сома салық шегерімдерінен асып кеткен деп танылады.

      Салық шегерімдерінің асып кеткен сомасы аталған салық кезеңдерінде салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін күнтізбелік жыл шегінде кейінгі салық кезеңдеріне ауыстырылады.

      357-бап. Салық және есепті кезеңдер

      1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

      2. Күнтiзбелiк тоқсан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық декларацияларын толтыру үшін есепті кезең болып табылады.

      358-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация

      1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агентінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей:

      салық агенттері, оның ішінде оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері;

      әлеуметтік төлемдер агенттері немесе төлеушілер, оның ішінде өз пайдасына Қазақстан Республикасының заңына сәйкес табыс етеді.

      2. Салық агенті кірістер алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының әрбір резидент жеке тұлғасы бойынша жеке табыс салығының сомаларын есептеу, ұстау және аудару туралы деректерді:

      1) күнтізбелік жыл қорытындылары бойынша жасалатын және осы Кодекстің 357-бабының 2-тармағында белгіленген күнтізбелік жылдың соңғы есепті кезеңі үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге табыс етілетін;

      2) таратудың салық есептілігін табыс еткен кезде жасалатын және жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациямен бірге табыс етілетін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша түрінде табыс етеді.

      3. Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сомаларын есептеу жөніндегі қосымшаны береді.

      359-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы беру тәртібі

      1. Күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаға төлем көзінен салық салынуға жататын кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жағдайда салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы беруге міндетті.

      2. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтамада:

      1) төлем көзінен салық салынуға жататын кірістің;

      2) жеке табыс салығы бойынша түзетудің;

      3) жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстырудың;

      4) есептелген міндетті зейнетақы жарналарының;

      5) міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, қолданылған салық шегерімдерінің;

      6) өзге де шегерімдердің алдын ала сомаларының;

      7) салық шегерімдерінің асып түсуін ауыстырудың;

      8) жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің;

      9) есептелген жеке табыс салығының;

      10) төленген кірістің сомалары туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

      3. Жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы салық агенті жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей береді.

      5. Салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген күнтізбелік жыл ішінде:

      1) жұмыскер:

      еңбек шартының қолданылуын тоқтату туралы жұмыс берушінің актісі шыққаннан;

      мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмыстан босату туралы бұйрық шыққаннан;

      мемлекеттік саяси қызметшілер отмөлшерлемеға шыққаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыстан босатылған;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес мынадай құжаттардың:

      орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер туралы актінің;

      төлем құжатының соңғысы ресімделген күннен кешіктірілмей, жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісі есепке жазылған және (немесе) төленген;

      3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей тоқтатылған жағдайда;

      4) кіріс төленген күннен кешіктірілмей дивидендтер, ұтыстар төленген;

      5) банк салымы шартының қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе мерзімі өткен;

      6) білім алушы (тәрбиеленуші) оқудан шығарылған немесе білім туралы құжат тапсырылған күннен кешіктірілмей, стипендиялар түріндегі кірісті төлеу жүргізілген оқу аяқталған;

      7) жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе мерзімі өткен жағдайда береді.

      6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда жеке тұлға жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген күнтізбелік жыл өткеннен кейін жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманы беру талабымен салық агентіне жүгінуге құқылы, ал салық агенті мұндай анықтаманы жеке тұлға жүгінген күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде беруге міндетті.

      360-бап. Салық салынуға жататын жеке тұлғаның салық салынатын табысын жеке тұлғаның өзі дербес анықтауы

      1. Жеке табыс салығын бюджетке есептеуді және төлеуді жеке тұлға:

      1) осы Кодекстің 321-бабы 1-тармағының 1) - 12), 17) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша - салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осындай табыстарды алған жағдайда;

      2) осы Кодекстің 321- бабы 1-тармағының 13) - 18) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша өзі дербес жүзеге асырады.

      2. Жеке тұлға өзі дербес салық салуға жататын, шетел валютасымен алынған (алынуға жататын) табыс, табыс алынуға жататын күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледi.

      3. Салық салынуға жататын жеке тұлғаның салық салынатын табысын жеке тұлғаның өзі дербес тәртібі осы Кодекстің 71-тарауына сәйкес айқындалады.

9-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ПРАКТИКАМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ТҰЛҒАНЫҢ ЖӘНЕ ДАРА КӘСІПКЕРДІҢ КІРІСТЕРІНЕН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ 39-ТАРАУ. ЖЕКЕ ПРАКТИКАМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСІ

      361-бап. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің тәсілі ретінде кепілі түрінде жеке практикамен айналысатын тұлғаның қызмет көрсеткені үшін алған ақша сомасы көрсетілген қызметтер актісінде немесе қызметтер көрсетуді растайтын құжатта көрсетілген кепіл ақшадан қызметтерге ақы төлеу бойынша қанағаттандыру алған күннен бастап кіріс деп танылады.

      2. Жеке практикамен айналысатын тұлғаның кірісін тану күні:

      1) көрсетілген қызметтердің қол қойылған актісінде аталған қызметтер көрсету күні;

      2) есепті салық кезеңінде көрсетілген қызметтер актісі болмаған жағдайда, алайда осындай кезеңде шеккен шығыстар сомасынан кем емес ақша алған күн;

      3) көрсетілген қызметтер актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген қызметтер көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген қызметтер көрсету күні болып табылады.

      3. Жеке практикамен айналысатын тұлғаның активтері деп 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған және жеке практикамен айналысудан кірістер алумен байланысты қызметте пайдаланылатын:

      1) компьютерьлер, ноутбуктер, мониторлар, проекторлар;

      2) басып шығару, көру, көшіру, факспен жөнелтуге арналған құрылғылар;

      3) сейфтер танылады.

      Осы тармақта көрсетілген активтердің құны салық кезеңінің басында:

      осы тармақта көрсетілген активтердің салық кезеңінің соңындағы құны

      қосу

      салық кезеңі ішінде активтерді қамтамасыз етуге, жөндеуге және пайдалануға жұмсалған шығыстар сомасы,

      алу

      өткен салық кезеңінде есептелген амортизациялық аударымдар сомасы ретінде айқындалады.

      Осы тармақта көрсетілген активтердің салық кезеңінің соңындағы құны:

      осы тармақта көрсетілген активтердің салық кезеңінің басындағы құны

      қосу

      осы тармақта көрсетілген, салық кезеңінде келіп түскен активтер

      алу

      осы тармақта көрсетілген, салық кезеңінде шығып қалған активтер ретінде айқындалады.

      4. Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың амортизациялық аударымдарын есептеу салық кезеңінің соңындағы активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.

      5. Осы Кодекстің 362, 363, 364 және 365-баптарының мақсаттарында қызметтік іссапарлар кезінде шегерiмге жататын өтемақыларға:

      1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, iссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;

      2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;

      3) іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар жатады.

      Іссапарда болу уақыты:

      салық төлеушінің жеке практикамен айналысатын тұлғаны, сондай-ақ оның жұмыскерлерін іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;

      жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін негізге ала отырып, іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады.

      362-бап. Жекеше нотариустың салық салынатын кірісі

      1. Жекеше нотариустың салық салу кезеңіндегі салық салынатын кірісі жекеше нотариустың кәсіби шегерімдері сомасына азайтылған нотариаттық қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.

      2. Жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге:

      1) нотариаттық әрекеттерге ақы төлеу түріндегі кіріс;

      2) жекеше нотариус нотариаттық әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипатта көрсетілген қызметтерге ақы төлеу түріндегі кіріс;

      3) нотариаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.

      3. Жекеше нотариус осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

      1) жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;

      2) құжатпен расталған;

      3) жекеше нотариустың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.

      4. Жекеше нотариустың кәсіби шегерімдеріне:

      1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;

      2) нотариаттық қызметтер көрсету үшін орын-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;

      3) осы Кодекстің 361-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

      4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

      5) төлем көзінен салық салынуға жататын жұмыскердің кірісіне салық төлеушінің шығыстары;

      6) осы Кодекстің 243-бабының 10-тармағында және 263-бабында көзделген шығыстар;

      7) осы Кодекстің 361-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

      8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде нотариат палатасына енгізілетін мүшелік жарналар;

      9) "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруға жұмсалған шығыстар жатады.

      363-бап. Жеке сот орындаушысының салық салынатын кірісі

      1. Жеке сот орындаушысының салық салу кезеңіндегі салық салынатын кірісі жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдері сомасына азайтылған жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.

      2. Жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге:

      1) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу;

      2) атқарушылық әрекеттер жасау бойынша шығыстарды өтеу, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен өтеу;

      3) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңында жеке сот орындаушысы үшін көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.

      3. Жеке сот орындаушысы осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

      1) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;

      2) құжатпен расталған;

      3) жеке сот орындаушысының салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.

      4. Жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдеріне:

      1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;

      2) жеке сот орындаушысы қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;

      3) осы Кодекстің 361-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

      4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

      5) жұмыскердің төлем көзінен салық салынуға жататын кірісі бойынша салық төлеушінің шығыстары;

      6) осы Кодекстің 243-бабының 10-тармағында және 264-бабында көзделген шығыстар;

      7) осы Кодекстің 361-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

      8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде жеке сот орындаушыларының алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;

      9) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша шығыстар;

      10) осы тармақтың 1) - 9) тармақшаларында көзделмеген, атқарушылық әрекеттер жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.

      364-бап. Адвокаттың салық салынатын кірісі

      1. Адвокаттың салық кезеңіндегі салық салынатын кірісі адвокаттың кәсіптік шегерімдері сомасына азайтылған, адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.

      2. Адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістерге:

      1) адвокаттың заң көмегін көрсетуінен түсетін кіріс;

      2) қорғауға және өкілдік етуге, құқықтық ақпарат беруге және құқықтық консультация беруге байланысты шығыстарды өтеу, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеу түріндегі кіріс;

      3) адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.

      3. Адвокат мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:

      1) адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілсе;

      2) құжаттай расталса;

      3) адвокаттың салық тіркелімдерінде көрсетілсе осы баптың 4-тармағында көзделген шығыстар бойынша кәсібтік шегерімдерді қолдануға құқылы.

      4. Адвокаттың кәсіптік шегерімдеріне:

      1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;

      2) адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстар;

      3) осы Кодекстің 361-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

      4) банктің, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

      5) жұмыскердің төлем көзінен салық салынуға жататын кірісі бойынша салық төлеушінің шығыстары;

      6) осы Кодекстің 243-бабының 10-тармағында және 263-бабында көзделген шығыстар;

      7) осы Кодекстің 361-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

      8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің шегінде адвокаттар алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;

      9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделмеген, қорғауға және өкілдік етуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.

      365-бап. Кәсіби медиатордың салық салынатын кірісі

      1. Кәсіби медиатордың салық кезеңіндегі салық салынатын кірісі кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдері сомасына азайтылған, кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер сомасы ретінде айқындалады.

      2. Кәсіби медиатор осы баптың 3-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      1) кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;

      2) құжатпен расталған;

      3) кәсіби медиатордың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.

      3. Кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдеріне:

      1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;

      2) кәсіби медиатор қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша шығыстар;

      3) осы Кодекстің 361-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;

      4) банктің, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;

      5) төлем көзінен салық салынуға жататын жұмыскердің кірісі бойынша салық төлеушінің шығыстары;

      6) осы Кодекстің 243-бабының 10-тармағында және 263-бабында көзделген шығыстар;

      7) осы Кодекстің 361-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

      8) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің шегінде кәсіби медиаторлар ұйымына енгізілетін мүшелік жарналар жатады.

40-ТАРАУ. ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ БЕЛГІЛЕНГЕН САЛЫҚ САЛУ РЕЖИМІН ҚОЛДАНАТЫН ДАРА КӘСІПКЕРДІҢ КІРІСІ

      366-бап. Дара кәсіпкердің кірісі

      1. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің салық кезеңіндегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

      дара кәсіпкердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі

      минус

      корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 288-бабында белгіленген, салық салынатын кірісті азайтуды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салық салынатын кірісін азайту

      плюс

      осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы

      минус 

      корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 136 және 300-баптарында белгіленген, залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, ауыстыруға жататын залалдар.

      2. Дара кәсіпкердің салық кезеңіндегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:

      дара кәсіпкердің салық кезеңі үшін жиынтық түрде алынған, осы Кодекстің 226 - 240-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 225-бабында белгіленген, жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірісі

      минус

      дара кәсіпкердің салық кезеңі үшін жиынтық түрде алынған, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағында белгіленген, жылдық жиынтық кірісін түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірісін түзету

      плюс (минус)

      дара кәсіпкердің салық кезеңі үшін жиынтық түрде алынған, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 2-тармағында белгіленген, жылдық жиынтық кірісін түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірісін түзету

      алу

      осы Кодекстің 242-276-баптарында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер,

      қосу (алу)

      корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 287-бабында белгіленген, кірістер мен шегерімдерді түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, кірістер мен шегерімдерді түзету.

10-БӨЛІМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ 41-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      367-бап. Төлеушілер

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:

      дара кәсiпкерлер;

      мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар;

      Қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден саңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.

      2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 82, 83-баптарына сәйкес жүргізіледі.

      368-бап. Салық салу объектілері

      Мыналар:

      1) салық салынатын айналым;

      2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады.

      369-бап. Салық салынатын айналымды айқындау

      1. Мыналар:

      1) осы Кодекстің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.

      Осы Кодекстің 197-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, бұрын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күні ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;

      2) осы Кодекстің 382-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;

      3) тауарлар қалдықтары түріндегі айналым салық салынатын айналым болып табылады. Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде ескерілген және қосылған құн салығы бойынша:

      қосылған құн салығы бойынша таратудың салық есептілігін ұсына отырып – осындай есептілік табыс етілген күннің алдындағы күні;

      салық органының шешімі бойынша – осы Кодекстің 85-бабы 6-тармағында көрсетілген күні қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебінен шығару кезінде оның меншік құқығына тиесілі тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады.

      Осы тармақшада көзделген айналымға осы Кодекстің 370-бабы 3) тармақшасында көрсетілген салық салынбайтын айналым қосылмайды.

      Осы тармақтың ережесі заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылу нәтижесінде жаңадан құрылған барлық заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын шарттарды орындаған кезде оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде қолданылмайды.

      2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарларға:

      жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, оның ішінде аванстарды қоспағанда, негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар және басқа да мүлік жатады.

      370-бап. Салық салынбайтын айналым

      Мыналар:

      1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған өткізу бойынша айналым;

      2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын өткізу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 378-бабына сәйкес айқындалады.

      Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 441-бабына сәйкес айқындалады.

      3) осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.

      371-бап. Салық салынатын импортты айқындау

      Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген (осы Кодекстің 399-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда), Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

42-ТАРАУ. ӨТКІЗУ БОЙЫНША АЙНАЛЫМ ЖӘНЕ БЕЙРЕЗИДЕНТТЕН ЖҰМЫСТАРДЫ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ БОЙЫНША АЙНАЛЫМ

      372-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым

      1. Тауарларды өткізу бойынша айналым:

      1) тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

      тауарды сатуды, тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастау шартымен тауарды тиеп-жөнелтуді;

      кәсіпорынды тұтастай мүліктік кешен ретінде сатуды;

      тауарды өтеусіз беруді;

      жұмыс берушінің тауарды жұмыскерге жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебінен беруін;

      кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті сатып алушыға немесе кепіл ұстаушыға меншікке беруін;

      2) тауар экспортын;

      3) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастау шартымен тауарды тиеп-жөнелтуді;

      4) лизинг нысанасы берілген құны бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беруді;

      5) тауарды комиссия шарты немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;

      6) бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып шығарылған тауарды тауардың кері импорты кедендік рәсіміне орналастыруды;

      7) осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауралардан басқа, еркін кедендік аймағының кедендік рәсімімен орналастыра отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарды жоғалтуды білдіреді.

      2. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету, оның ішінде өтеусіз орындауды немесе көрсетуді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:

      1) лизинг шарттарынан басқа, мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруді;

      2) лизинг шарты бойынша мүлікті қаржы лизингіне беру кезіндегі сыйақыны;

      3) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді;

      4) жұмыс берушінің жұмыскерге жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебінен жұмыстарды орындауын, қызметтер көрсетуін;

      5) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге байланысты талап ету құқықтарын беруді;

      6) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруді;

      7) кредит (қарыз, микрокредит) беруді;

      8) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес ислам банкінің жеке және заңды тұлғаларды кейіннен үшінші тұлғаға тауарды сату шартымен не ондай шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде қаржыландыруын білдіреді.

      3. Шет мемлекет аумағында тіркелген резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымы осындай заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

      4. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер мына шарттардың бірі сақталған кезде:

      бейрезидент – заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жасасқан келісімшарт болса;

      бейрезидент – заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жазып берген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактура болса;

      бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі болса;

      бейрезидент заңды тұлғамен жасалған, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді осындай бейрезидент – заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жүзеге асыратыны көзделген келісімшарт болса;

      бейрезидент – заңды тұлға қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде осындай бейрезидент – заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені көрсетілсе;

      орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін кіріс бейрезидент –заңды тұлғаның филиалына, өкілдігіне төленетін болса, осындай филиалдың, өкілдіктің жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымын таниды.

      5. Мыналар:

      1) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;

      2) мүлікті бөлу кезінде акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға тауарды:

      жарғылық капиталды азайту жүзеге асырылатын жатырған, қатысу үлесіне, акциялар санына келетін, төленген жарғылық капитал мөлшерінің шегінде, заңды тұлғаны тарату кезінде немесе жарғылык капиталды азайту кезінде беру;

      заңды тұлғаның сатып алынатын қатысу үлесіне келетін, төленген жарғылық капитал мөлшері шегінде құрылтайшыдан, қатысушыдан қатысу үлесін немесе заңды тұлғадағы оның бөлігін сатып алуы кезінде беру;

      заңды тұлға-эмитенттің сатып алынатын акциялар санына келетін, төленген жарғылық капитал мөлшері шегінде акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алу кезінде беру;

      3) егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, жағдайда осындай тауарды өтеусіз беру;

       4) тапсырыс берушінің мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі. Көрсетілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтан тысқары жерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды кеден аумағынан тысқары жерде өңдеу кедендік рәсіммен жүзеге асырылса, көрсетілген тауарларды тиеп-жөнелту өткізу бойынша айналым болып табылмайды;

      5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi жеткізуге арналған шартта (келiсiмшартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны осы Кодекстің 381-бабының 14-тармағына сәйкес өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;

      6) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын алушының (сатып алушының) тауарды қайтаруы;

      7) бұрын еркін кеден аймағытың кедендік рәсімімен "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймақ аумағына әкелінген тауарды тиеп-жөнелту;

      8) егер мұндай әкету Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен ресімделсе, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарды көрмелер, басқа да мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу үшін Еуразиялық экономикалық одақтан тысқары жерге әкету;

      9) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiмшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына берілуге жататын мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;

      10) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

      11) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін, оның ішінде осы Кодекстің 369-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым танылған тауарларды оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беруі;

      12) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия объектісін концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін кейіннен концессионерге (құқықтық мирасқорына немесе концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаға) беру;

      13) жеке тұлғаның жеке мүлкін дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның өткізуі бойынша айналым;

      14) мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлік басқарушыға беруі;

      15) сенімгерлік басқару туындауына негіз болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенімгерлік басқарушының мүлікті қайтаруы;

      16) сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісті мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысына немесе сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруі;

      17) салымшының (клиенттің) банктік шот және (немесе) банктік салым шарттары бойынша есептелген және (немесе) оған төленген сыйақы сомасын алуы;

      18) концессионердің мемлекеттік меншіктегі объектіні тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, пайдалануды жүзеге асыруы;

      19) концессионердің концессия объектісін тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып, басқаруы;

      20) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге (өткізуге) байланысты оларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;

      21) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторларының қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы алуы;

      22) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сай келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрам бөліктерінің өндірісін ынталандыру шеңберінде кәсіпорындардың қаржыландыруды алуы:

      23) жер қойнауын пайдаланушының салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беруі;

      24) жер қойнауын пайдаланушы салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның өткізуі;

      25) жер қойнауын пайдаланушы салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге алушы уәкілеттік берген тұлғаның мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақы үшін өткізу бойынша қызметтер көрсетуі;

      26) қаржыландыруы өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет;

      27) Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасында айқындалған дербес кластерлік қордың трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана нысаналы аударуға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен төлемдерді алуы;

      28) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидиясы;

      29) алушының шартта көзделген демеушілік көмек көрсету талаптарын орындауы;

      30) кірістер мен шығыстар арасындағы теріс айырма түрінде айқындалған шығыстар немесе залалдар бойынша бюджеттен берілген субсидия өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін кірістер мен шығыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.

      31) энергия беруші ұйымдардың жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын субъектілерге электр энергиясын беру бойынша қызметтерді өтеусіз көрсетуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

      373-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылатын, бейрезидент өтеусіз негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді қосылған құн салығын төлеуші сатып алған кезде олар осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуы тиіс бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеушінің айналымы болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер:

      1) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 394-бабында санамаланған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылса;

      2) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, әкелінетін тауарлардың қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтарылуға жатпайтын, импортталатын тауарлардың кедендік құнына қосылса;

      3) мыналарға:

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарында;

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарында осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген;

      4) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 59-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын, осы Кодекстің 444-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорттың мөлшеріне қосылса;

      5) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 372-бабы 3-тармағына сәйкес бейрезидент – заңды тұлға филиалының, өкілдігінің айналымы болып табылса, бейрезиденттен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.

      374-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар

      1. Сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сенім білдірілген адамның сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім білдірілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:

      1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент – сенiм бiлдiрушiден алынған тауарды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды тиеп-жөнелту сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылады;

      2) осы Кодекстiң 426-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарды өткізуіне, жұмыстарды орындауына, қызметтерді көрсетуіне, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуына қатысты қолданылмайды.

      375-бап. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар

      1. Мыналар:

      комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда комиссионердің тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;

      комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;

      осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, егер, комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент – комитенттен алынған тауарды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылады.

      376-бап. Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар

      Көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушы және (немесе) басқа өнім берушілер көлiк экспедициясының шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі экспедитордың өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

      Экспедитор бейрезиденттен көлік экспедициясы шартында айқындалған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін сатып алған кезде олар экспедитордың бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.

      377-бап. Сенімгерлік басқаруды құру туралы актілер бойынша жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар

      Сенімгерлік басқаруды құру туралы актіге сәйкес сенімгерлік басқарушы жүзеге асыратын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенімгерлік басқарушының өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.

      378-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны

      1. Егер:

      1) өнім берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) тауарлар бойынша тасымалдау басталған орын Қазақстан Республикасы болып табылса;

      2) қалған жағдайларда - тауар алушыға Қазақстан Республикасының аумағында берілсе, тауарларды өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

      2. Егер:

      1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

      Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе мұндай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда - нақты орналасқан жері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері болып танылады.

      Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыс жайлар, көп жылдық көшеттер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың не мақсатқа арналғанына шамадан тыс нұқсан келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ құбырлар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшада жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады;

      2) жылжымалы мүлікпен байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

      Мұндай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;

      3) көрсетілетін қызметтер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы көрсетілетін қызметтерге жататын болса және іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

      Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы көрсетілетін қызметтерге ойын-сауық-демалу мақсатындағы қызмет көрсетулер жатады, олар ойын-сауық орындарында (ойын орын-жайлары, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетіледі;

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының мақсаттары үшін мұндай жұмыстарды, қызметтерді көрсететін тұлғаның болатын орны жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің нақты орны болып танылады;

      4) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

      Осы тармақшаның мақсаттарында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелудің негізінде немесе Қазақстан Республикасының салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып танылады.

      Егер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы бейрезидент болса, ал алушы есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болып табылса, онда өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

      Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге:

      зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған құқықтарды беруге; бағдарламалық қамтылымға техникалық қызмет көрсету және жаңарту бойынша;

      интернет-ресурстарға қолжетімділікті ұсынуға;

      консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін таратудан, интернет-ресурста орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қолжетімділікті ұсынудан басқа, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерге;

      персоналды беруге;

      жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) мүліктік жалдауға (жалға беруге);

      агенттiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтерді жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiмшартқа) негiзгi қатысушының атынан адамдар тарту бойынша көрсетілетін қызметтеріне;

      байланыс қызметтеріне;

      сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім беруге;

      радио қызметтеріне және телевизиялық көрсетілетін қызметтерге;

      жүк вагондары мен контейнерлерді жалға және (немесе) пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерге қатысты қолданылады;

      5) осы тармақтың 1), 2), 3) - 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын тұлға орындайтын немесе көрсететін болса, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

      Осы тармақтың 1), 2), 3) - 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны болып:

      осындай тұлға Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе Қазақстан Республикасының салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда және мынадай талаптардың бірі немесе бірнешеуі сақталғанда:

      жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенде;

      жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетілгенде;

      жолаушылар, тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданғанда – жолаушылар мен багажды тасымалдау, тауарларды, оның ішінде поштаны тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерге қатысты;

      осындай тұлға Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе Қазақстан Республикасының салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда – өзге де жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты Қазақстан Республикасының аумағы саналады.

      3. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу басқа негізгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, осындай өткізу орны негізгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент – заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық төлеушінің жұмыстарын орындаған, оған қызметтер көрсеткен кезде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып Қазақстан Республикасы танылады.

      5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезінде көрсетілген баптың біреуден артық тармақшасына сәйкес келетін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету орны сол тармақшалардың ретімен біріншісіне сәйкес айқындалады.

      379-бап. Айналым жасау күнi

      1. Осы баптың 2, 5, 7, 8, 9,10, 11-12 және 14-тармақтарында көрсетілген айналымдарды қоспағанда, мыналар:

      1) егер шарт талаптарына сәйкес өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу бойынша міндеті көзделсе, мына күндердің бірі:

      өнім беруші (сатушы) айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде оның сенім білдірілген адамына тауарды берген күн;

      тауар өнім берушінің (сатушының) көлік құралына тиелген күн;

      2) егер шарт бойынша өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу бойынша міндеті болмаса:

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тауарды беру фактісін растайтын құжат ресімделуге жататын кезде – осындай құжатқа өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) қол қойған күн;

      қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған адамның, оның ішінде осындай тауарды жеткізуді жүзеге асырған адамның иелігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      2. Сатып алушының иелігіне сәйкестендірілген тауарлардың берілгенін растайтын тауарға иелік ету құжаттарын беру арқылы тауарларды өткізу кезінде осындай тауарларды сатып алушыға нақты берген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      3. Осы баптың 4 - 6 және 13-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      Бұл ретте:

      орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

      орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.

      4. Банктік операцияларды жүзеге асыру, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызметтер, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және пошта жөнілтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер, ұтыссыз ойын автоматтарын, дербес компьютерлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), карттарды (картинг), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалануға беру бойынша қызметтер көрсету кезінде мына күндердің неғұрлым ертерегі:

      1) әрбiр төлем (есеп айырысу нысанына қарамастан) алынған күн;

      2) бухгалтерлік есепте қызметтерді көрсету танылған күн көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      5. Электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерiн, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде тауарлар жеткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күнтізбелік айдың соңғы күні тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      Осы тараудың мақсаттары үшін коммуналдық көрсетілетін қызметтер деп ағынды жүйелерді және кәрізді тазалау бойынша жұмыстар, қалдықтарды жинау (қоқысты жою) бойынша көрсетілетін қызметтер, лифтілер мен домофондарға қызмет көрсету бойынша қызметтер түсініледі.

      6. Жүзеге асырылуы кезінде құжаттар Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде (теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдауды қоспағанда) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген неғұрлым кешірек күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      7. Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілерде интернет-ресурсқа орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспа басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге өнімін өткізу кезінде, мерзімді баспа басылымы берілген күн немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне жіберілген күн және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдары өнімі жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілерде интернет-ресурсқа орналастырылған күн айналым жасау күні болып табылады.

      8. Тауарларды экспорт кедендік рәсіммен әкеткен жағдайда:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;

      2) мынадай жағдайларда:

      тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланыла отырып, экспорт кедендік рәсімімен әкетілген жағдайда;

      тауарлар уақытша кедендік декларациялау пайдаланыла отырып, экспорт кедендік рәсімімен әкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелген күні тауарды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      9. Бұрын экспорт кедендік рәсіммен әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырып әкету жағдайында:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауарды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, экспорт кедендік рәсіммен орналастырылып әкету кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;

      2) мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсіммен орналастырылып әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелген күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалу күні болып табылады.

      10. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алуды қолдану процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына немесе кепiл ұстаушыға ауысқан күн кепiл беруші үшiн өткізу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

      11. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде:

      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сыйақы сомасын қоса алғанда, лизинг шартында белгіленген мерзімдік лизингтік төлем сомасы бөлігінде – осындай төлемді алу мерзімі басталған күн;

      2) сыйақы сомасын қоса алғанда, лизинг шарты бойынша алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленген барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасы бөлігінде – мүлікті қаржы лизингіне беру күні;

      3) лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдердің мерзімінен бұрын өтелген сомасы бөлігінде – осындай төлем (есеп айырысу нысанына қарамастан) алынған күн өткізу бойынша айналым жасалу күні болып табылады.

      12. Осы Кодекстің 394-бабында санамаланбаған тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауар жоғалған кезде, салық төлеуші жоғалу фактісін белгілеген күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      13. Бейрезидент орындаған жұмыстар, көрсеткен қызметтер осы Кодекстің 373-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің айналымы деп танылған жағдайда, мына күндердің бірі:

      шарттың тараптары болып табылатын өнім беруші (сатушы) мен алушы (сатып алушы) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күн;

      орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі болмаған жағдайда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге құжат болған кезде – бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығындарды бухгалтерлік есепте тану күні осындай айналым жасау күні болып табылады.

      14. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасалған күн:

      1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын ұсынған күннің;

      2) салық органының шешімі бойынша осы Кодекстің 85-бабының 6-тармағында көрсетілген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннің алдындағы күн айналым жасау күні болып табылады.

      15. Егер осы баптың 3, 6 және 13-тармақтарында айқындалған айқындалған құжаттарда бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі құжатқа қол қойылған күн болып табылады.

43-ТАРАУ. АЙНАЛЫМ МӨЛШЕРІ МЕН ИМПОРТТЫ АЙҚЫНДАУ

      380-бап. Айналым мөлшері

      1. Егер осы Кодекстің 381-бабында өзгеше көзделмесе, өткізу бойынша айналым мөлшері, егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес өзгеше көзделмесе, мәміле тараптары баға мен тарифтерге қосылған құн салығын қоспай қолданатын баға мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ретінде айқындалады.

      Төлемді бөліп төлеу талабымен тауарды өткізу кезінде өткізілетін тауардың құны шарт талаптарында көзделген барлық төлемдерді ескере отырып айқындалады.

      2. Үшінші тұлғаларға төлеу бойынша қызметтер көрсету кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері комиссиялық сыйақы мөлшерінде айқындалады.

      3. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төленуге жататын (төленген) акциз сомасы:

      1) осы Кодекстің 462-бабы 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарды беру кезінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қызмет көрсететін осындай акцизделетін тауарды өндірушінің өткізу бойынша айналымының мөлшеріне қосылмайды;

      2) қалған жағдайларда - өткізу бойынша айналым мөлшеріне қосылады.

      4. Қосылған құн салығын төлеушінің тауарлар қалдықтары түріндегі айналым мөлшері осы қосылған құн салығын төлеушінің бухгалтерлік есебінде айналым жасау күні көрсетілуге жататын (көрсетілген) осындай тауарлардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      1) қайта құруға байланысты қосылған құн салығы бойынша оны тіркеу есебінен алып тастау кезінде, сондай-ақ бөліп шығару арқылы қайта құру кезінде – бөлу балансында немесе тапсыру актісінде көрсетілген, бірақ осындай қосылған құн салығын төлеушінің бухгалтерлік есебінде айналым жасау күні көрсетілуге тиіс (көрсетілген) баланстық құнынан төмен тауардың құны;

      2) қалған жағдайларда - осындай қосылған құн салығын төлеушінің бухгалтерлік есебінде айналым жасау күні көрсетілуге тиіс (көрсетілген) тауардың баланстық құны қосылған құн салығын төлеушінің тауарының баланстық құны болып табылады.

      Тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым бойынша қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 215-бабына сәйкес тауарлардың қалдықтары бойынша салық тіркелімін жасайды.

      5. Қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым мөлшері бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде осы Кодекстің 382-бабына сәйкес айқындалады.

      6. Осы бөлім мақсатындағы шетелік валютадағы операция айналым жасау күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қайта есептеледі.

      381-бап. Жекелеген жағдайларда өткізу бойынша айналым мөлшерін айқындаудың ерекшеліктері

      1. Кепілге салынған мүлікті кепіл беруші сатып алушыға немесе кепіл ұстаушыға меншікке беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері кепіл берушіде:

      1) кепіл мүлкін өткізу кезінде – өткізілетін кепілге салынған мүлікке қосылған құн салығын қоспай, қолданылған өткізу бағасын негізге ала отырып, оның өткізілетін құны мөлшерінде;

      кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының меншігіне айналдыру кезінде – мүлікті бағалау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаның қорытындысы негізінде сот шешімімен немесе сенімді тұлға белгілейтін ағымдағы бағалау құны мөлшерінде айқындалады. Бұл ретте сенімді тұлға кепілге салынған мүлікті соттан тыс мәжбүрлі тәртіппен сауда-саттық арқылы өткізу кезінде азаматтық заңнамада көзделген тәртіппен айқындалады.

      2. Бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсіммен орналастыру кезінде салық төлеушіде өткізу бойынша айналым мөлшері кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауардың көлемі бойынша, тауарды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде қолданылған өлшем бірліктерімен, қосылған құн салығы бойынша декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетілген осы тауардың құны негізінде барабар айқындалады.

      3. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде айналымның мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сату кезінде берілген мүліктің:

      1) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніндегі бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;

      2) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніндегі бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмаға азайтылған баланстық құнының мөлшерінде айқындалады.

      4. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері мынадай:

      қосылған құн салығының сомасы ескерілмей, сыйақы сомасы есепке алына отырып, лизинг шартына сәйкес белгіленген мерзімдік лизингтік төлем;

      қосылған құн салығының сомасы ескерілмей, сыйақы сомасы есепке алына отырып, мерзімінен бұрын өтелген лизингтік төлем сомасы мөлшерінің бірімен айқындалады.

      5. Тауарларды өтеусіз беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері, егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, оларды беру күні салық төлеуші бухгалтерлік есепте көрсетуге жататын (көрсететін), берілетін тауарлардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.

      Өтеусіз орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша өткізу бойынша айналым мөлшері мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келген:

      жұмыстарды өтеусіз орындауға, қызметтер көрсетуге пайдаланылған;

      осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығы барабар әдіспен айқындалғанды қоса алғанда, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы ретінде ескерілген;

      халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде шығыстарға жатқызуға тиіс болған (жатқызылған) жағдайда тауарлардың баланстық құны, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алына отырып айқындалады.

      Тіркелген активтердің, сондай-ақ осы Кодекстің 228-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 9), 10, 11) тармақшаларында көзделген активтердің құны олар салық салынатын айналымға қосу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда мынадай тәртіппен айқындалады:

      Ақ = (ҚҚС сат/Пм) * Нс/мөлшерлеме,

      мұндағы:

      Ақ – өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға қосылатын актив құны;

      ҚҚС сат - өтеусіз пайдалануға берілетін активті сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;

      Пм – күнтізбелік айлармен есептелген активті пайдалану мерзімі, ол былайша:

      бухгалтерлік есепте амортизацияға жататын активтер бойынша - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес амортизация үшін бухгалтерлік есепте айқындалған активті пайдалы пайдалану мерзімі ретінде;

      өзге де активтер бойынша – активке техникалық құжаттама негізінде айқындалған актив қызметінің мерзімі ретінде, ал мұндай құжаттама болмаған кезде – 120 ай деп айқындалады;

      Нс – есепті салық кезеңіне сәйкес келетін пайдалануға берілетін айлардың нақты саны;

      мөлшерлеме – пайдалануға беру күні қолданыста болатын қосылған құн салығының пайызбен мөлшерлемесі.

      6. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша талап ету құқығын басқаға беру кезінде, басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      7. Өткізу бойынша айналым мөлшері мыналарда:

      1) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келіскен кезде – кәсіпкерлік қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шартта;

      2) кредит (қарыз, микрокредит) беру кезінде - кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шартта;

      3) сенім білдірілген адам сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтер көрсеткен, сенім білдірілген адам сенім білдіруші үшін сатып алған тауарларды сенім білдірушіге берген, сондай-ақ сенім білдірілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі кезінде тапсырма шартында көзделген сыйақы мөлшерінде, оған қосылған құн салығы қосылмай айқындалады.

      8. Ислам банкі Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды комерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде қаржыландыруы кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері осы Кодекстің 372-бабы 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес ислам банкі алуға тиіс кіріс мөлшерінде айқындалады.

      Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс кіріске Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шарт талаптарында айқындалатын, сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме сомасы жатады.

      Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкі тауарды үшінші тұлғаға өткізу жағдайларына қолданылмайды.

      9. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлға жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комиссионердің өткізу бойынша салық салынатын айналымының мөлшері мына саланың бірінің:

      оған қосылған құн салығын қоспай оның комиссиялық сыйақысының;

      комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша айналымы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының мөлшерінде айқындалады.

      10. Көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушы және (немесе) басқа да өнім берушілер көлiк экспедициясының шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде экспедитордың өткізу бойынша айналым мөлшері мынадай соманың бірінің:

      көлік экспедициясының шартында көзделген, қосылған құн салығын оған қоспай оның сыйақысының;

      бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша экспедитордың айналымы болып табылатын жұмыстардың, қызметтердің құны мөлшерінде айқындалады.

      11. Мерзімді баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін, олардың жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғанды қоса алғанда, өткізу бойынша айналымның мөлшері мәмiле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, оларға қосылған құн салығын қоспай, есептік салық кезеңінде мерзімді баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімі берілген (жөнелтілген, орналастырылған) өткізу құны ретінде айқындалады.

      12. Жұмыс берушінің жұмыскердің алдындағы берешекті өтеу есебінен жұмыскерге тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

      Өа = Зө*100/(100+ мөлшерлемесі), мұнда:

      Өа – жұмыс берушінің жұмыскердің алдындағы берешекті өтеу есебінен жұмыскерге тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезіндегі өткізу бойынша айналым;

      мөлшерлеме – тауарды берілген күнін қолданыстағы қосылған құн салығының мөлшерлемесі, пайызбен.

      Зө – өтеу есебінен тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын, қызметкерге төлеуге жататын сома.

      13. Осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылып қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарды жоғалтқан кезде өткізу бойынша айналым мөлшері салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде оны беру күні көрсетілуге тиіс (көрсетілген), берілетін тауарлардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.

      14. Осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қайтарымды ыдыс және белгіленген мерзімде қайтарылмаған деп танылған, ыдысты өткізу бойынша айналым мөлшері бухгалтерлік есепте оны беру күні көрсетілуге тиіс (көрсетілген), осы ыдыстың баланстық құны ретінде айқындалады.

      15. Осы баптың 1-14-тармақтарының ережелеріне қарамастан, өткізу бойынша айналым мөлшері:

      1) заңды тұлға жеке тұлғалардан сатып алған автомобильдерді жеке тұлғаға өткізу кезінде автомобильдерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      шығу туризмі бойынша туроператор қызметтерін көрсету кезінде туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, тасымалдау және олардың тұруы, оның ішінде егер тамақтану құны тұру құнына енгізілген болса, тамақтануы бойынша көрсетілетін қызметтердің құны арасындағы айырма ретінде айқындалады;

      3) бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырған, қатысу үлесін өткізген кезде - осы Кодекстің 228-бабында көзделген тәртіптен айқындалатын бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады;

      4) тауарларды сатып алу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық салық заңнамасына сәйкес осы тауарларды сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылмайтын тауарларды өткiзу кезiнде салық салынатын - тауардың өткiзу құны мен оны беру күні бухгалтерлік есепте көрсетілген баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.

      5) тауарды акционерге қатысушыға, құрылтайшыға берген кезде:

      құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, оны беру кезінде заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде салық салынатын айналым мөлшерi - тауардың өткiзiлу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде;

      құрылтайшыға, қатысушыға қатысу үлесін немесе заңды тұлғадағы оның бір бөлігін қайтарған кезде – қайтарылатын қатысу үлесіне тиесілі, қайта бағаламай және құнсыздануды және төленген жарғылық капиталдың мөлшерін есепке алмай оны беру күніне осындай тауарды беруші заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінде оны беру күніне көрсетілуге жататын (көрсетілген), берілетін тауарлардың өткiзiлу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.

      382-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшері

      Бейрезиденттен жұмыстар, қызметтер сатып алу бойынша айналым мөлшері төлем көзінен ұсталуға жататын корпоративтік немесе жеке табыс салығын қоса алғанда, 373-баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстардың, көрсетілетін қызметтерді сатып алу құны негізге алынып айқындалады. Бұл ретте сатып алу құны:

      орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің;

      орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда – жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге құжат танылады. негізінде айқындалады.

      Алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым осындай айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.

      383-бап. Айналым мөлшерiн түзету

      1. Айналым мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда сол немесе өзге жаққа өзгерген кезде, оны тиісті түрде жасаған күннен кейін түзетіледі.

      2. Мынадай:

      1) тауарды кері импорт кедендік рәсіммен орналастырылып әкелуді қоспағанда, бұрын экспорт кедендік рәсіммен орналастырып әкетілген тауар тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;

      2) мәміленің шарттары өзгерген;

      3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшiн бағалар, өтемақылар өзгерген жағдайда түзету жүргізіледі. Осы тармақтың ережесі талаптарын негізге ала отырып, оның ішінде коэффициентті (индексті) қолдануға байланысты өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің төлеуге жататын құны өзгерген кезде қолданылады;

      4) бағаны сату бағасын арзандатқан;

      5) осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыстар қайтарылған;

      6) нәтижесінде айналым мөлшерінің өзгеруі болатын өзге оқиғалар басталған жағдайда түзету жүргізіледі.

      3. Осы баптың ережелері салық салынатын (салынбайтын) айналым қателерін түзету нәтижесінде мөлшері өзгерген жағдайда қолданылмайды.

      4. Салық төлеушінің айналым мөлшерін түзету салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшері өзгертілетін құжаттар болған кезде жүргізіледі.

      5. Салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшерін түзету сомасы осындай басталу күні осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларға тура келетін салық кезеңінің салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады. Мұндай күн түзету сомасына айналым жасау күні болып табылады.

      6. Салық салынатын (салынбайтын) айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша бұрын көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшерінен аспауға тиіс.

      7. Салық салынатын айналым мөлшерін ұлғайту жағына қарай түзету кезінде осындай айналым бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталатын күні қолданыстағы мөлшерлеме бойынша айқындалады.

      384-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

      1. Егер өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшiн талаптың бiр бөлiгі немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнің мынадай талап бойынша:

      1) мыналар:

      егер мұндай мерзім белгіленсе, өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша талапы орындау мерзімі;

      орындау мерзімі анықталмаған өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін талап ету бойынша тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні турал келетін салық кезінің басынан бастап үш жыл өткен соң;

      2) банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңінде салық салынатын айналым мөлшерін азайтуға құқығы бар.

      Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 248-бабында көрсетілген жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.

      2. Күмәнді талап бойынша салық салынатын айналым мөлшерін азайту өткізу бойынша айналым жасау күні қолданыста болған қосылған құн салығы мөлшерлемесін қолдана отырып, тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша бұдан бұрын көрсетілген салық салынатын айналым мөлшері шегінде жүргізіледі.

      3. Өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшiн төлемақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағына сәйкес өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi өткізу бойынша айналым жасау күні қолданыста болатын қосылған құн салығы мөлшерлемесін қолдана отырып, төлемақы алынған сол салық кезеңiнде көрсетілген төлемақының құнына ұлғайтуға жатады.

      385 -бап. Салық салынатын импорт мөлшері

      Салық салынатын импорт мөлшеріне Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ, импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарларды импорттау кезінде бюджетке төленеуі тиіс салық және кедендік төлемдердің сомасы кіреді.

44-ТАРАУ. НӨЛДІК МӨЛШЕРЛЕМЕ БОЙЫНША САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМДАР

      386-бап. Тауарларды экспортқа өткізу бойынша айналым

      1. Осы Кодекстің 394-бабында көзделген тауарларды өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, экспортқа тауарларды өткiзу бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынады.

      Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

      2. Мыналар:

      1) экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарт (келiсiмшарт);

      2) осы баптың 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарларды шығаруды экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ кеден органының Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттік мемлекеттік кеден органының белгiсi бар тауарларға декларацияның көшірмесі;

      3) мынадай жағдайларда:

      магистральдық құбыр жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы тауарларды экспорт кедендік рәсімімен әкету кезінде;

      мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыра отырып әкету кезінде;

      уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыра отырып әкету кезінде кедендiк декларациялауды жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларацияның көшiрмесi;

      4) тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

      Тауарларды магистралдық құбыр жүйесі бойынша немесе электр беру желілері бойынша экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісі табыс етіледі;

      5) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның зияткерлік меншiк объектiсiне құқығы туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда – оның құнының растамасы;

      6) "Қорғас" Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы" арнайы экономикалық аймағының бақылау-өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері бар тауарларды шығаруды жүзеге асыратын экспорт кедендік рәсімінде, сондай-ақ кеден органының белгісі бар тауарларға декларацияның көшірмесі тауар экспортын растайтын құжат болып табылады.

      3. Кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыра отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерге бұрын әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңделген өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау осы баптың 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар:

      1) кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімі экспорт кедендік рәсіміне өзгертiлетiн тауарларға декларацияның көшірмелері;

      2) кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып ресiмделген декларацияның көшірмесі;

      3) кеден аумағында қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімімен орналастыра отырып тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған шет мемлекеттің кеден органы куәландырған тауарларға арналған декларацияның көшiрмесi;

      4) соған сәйкес шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізілетін тауарларға арналған декларацияның көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.

      4. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      387-бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу

      1. Халықаралық тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша жөніндегі айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

      Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде пошта жөнелтілімдерін тасымалдау;

      2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүктерді тасымалдау;

      3) халықаралық қатынаста жолаушыларды багаж және жүк багажын тасымалдау;

      4) халықаралық қатынаста жолаушылар пойыздарының (вагондарының) жүруі бойынша көрсетілетін қызмет Халықаралық тасымалдау деп танылады.

      Егер тасымалдауды ресiмдеу осы баптың 4-тармағында белгіленген бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылған болса, осы баптың мақсаттары үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау болып есептеледi.

      2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, халықаралық тасымалды бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда, халықаралық тасымалға тасымалдаушы Қазақстан Республикасының шекарасына дейін немесе тасымалдаушы жолаушылар, тауарлар (почта жөнелтімдері, багаж, жүк-багажы) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген көлігі арқылы жүзеге асыратын тасымалға жатады.

      3. Халықаралық тікелей темір жол-паромном қатынасында халықаралық тасымалды бірнеше тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайда, тасымалдаушы темір жол және су көлігімен жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымал деп танылады.

      4. Осы баптың мақсаттары үшін:

      1) жүктерді тасымалдау кезінде:

      халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжат;

      халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;

      әуе көлігінде – жүкқұжат ( әуе жүкқұжаты);

      теңіз көлігінде - коносамент немесе теңіз жүк құжаты;

      көліктің екі немесе одан да көп түрлерімен (аралас тасымал) транзиттеу кезінде – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);

      магистральдық құбыр жүйесі бойынша:

      есеп-қисап кезеңi iшiнде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есеп-қисап кезеңi iшiнде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация;

      орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдап алу-беру актiлерi;

      2) жолаушыларды, багажды және жүк багажын:

      автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде:

      тұрақты тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру бойындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;

      тұрақты емес тасымалдау кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметтер көрсету туралы шарт;

      теміржол көлігімен тасымалдау кезінде:

      Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;

      Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;

      теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдалы үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость және жол жүру мен тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;

      әуе көлігімен тасымалдау кезінде:

      бас декларация;

      жолаушы манифесі;

      карго-манифест;

      лоджит (орталықтан тиеу графигі);

      жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті мен багаж түбіртегі);

      халықаралық қатынаста жолаушылар пойыздарының (вагондарының) жол жүруі бойынша қызмет көрсету кезінде:

      жолаушылар пойызының заттай парағы халықаралық тасымалды растайтын құжаттар болып табылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда жасалуы мүмкін.

      5. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының сегізінші абзацында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      388-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу

      1. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

      Осы баптың ережелері халықаралық ұшуды, халықаралық әуемен тасымалдалын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін әуежайларға қатысты қолданылады.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді қоса алғанда, шет мемлекеттердің авиакомпаниялары шетелдік авиакомпаниялар деп танылады;

      2) әуе кемесінің шет мемлекет шекарасын кесіп өтуі кезінде әуе кемесінің ұшуы халықаралық ұшу деп танылады;

      3) тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзілістің болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттері:

      екі немесе одан да көп мемлекеттің аумағында;

      егер басқа мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуе тасымалы халықаралық әуе тасымалы деп танылады.

      Егер жөнелту және межелі пункттері Қазақстан Республикасының аумағы болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасы үшінші абзацының ережесі қолданылмайды.

      3. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде - әуежайдың шетелдік авиакомпаниямен жасасқан жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;

      тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде - шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың шетелдік авиакомпания жасасқан шарты (келісімі).

      Бұл ретте, өтінімде мынадай мәліметтер:

      авиакомпания тіркелген мемлекет көрсетіле отырып, оның атауы;

      әуе кемесінің болжамды қону күні көрсетілуге тиіс.

      Форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін:

      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады;

      тұрақты рейс анықтамасына кірмейтін рейс тұрақты емес рейс деп танылады;

      2) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар мынадай мәліметтер:

      авиакомпанияның атауы;

      құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері;

      әуе кемесіне май құйылған күн;

      әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолтаңбалары шетелдік әуе кемесіне май құюға арналған шығыс ордері немесе талап көрсетілуге тиіс;

      Осы тармақшаның ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде қолданылмайды;

      3) әуежай өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат;

      4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамының шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша және тәртiппен өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бойынша) мөлшерiн растайтын қорытындысы.

      Бұл ретте, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларға қатысты кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамы осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.

      389-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу

      1. Салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

      Осы баптың мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар түсініледі.

      2. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

      1) қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге жасалған шарт (келісімшарт);

      2) еркін кеден аймағының кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

      3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.

      3. Салық органдары кеден органдарынан ақпараттық байланыс арналары арқылы алған электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

      4. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.

      5. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындаған кезде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ұсынған деректер негізінде қалыптасатын арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылғанын растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.

      Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт деп танылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептей отырып, арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап қосылған құн салығын салуға жатады.

      390-бап. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері

      1. Егер осы Кодекстің 389 және 391-баптарында өзгеше көзделмесе, "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, музейлер, театрлар, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханалар, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және оларды пайдалануға беру процесінде толығымен тұтынылатын тауарларды салық саясаты саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тауарлар тізбесі бойынша өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

      Осы баптың мақсаттары үшін құрылыс процесінде толығымен тұтынылатын тауарлар деп мұндай тауарлар еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған және олар кедендік бақылауда болған жағдайда инфрақұрылым объектілерін, ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханалар, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда) түсініледі.

      2. Мыналар:

      1) "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілер салуды жүзеге асыратын ұйымдармен жасасқан тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

      2) еркін кеден аймағының кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарлар тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;

      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері осы бапқа сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.

      3. Салық органдары кеден органдарынан ақпараттық байланыс арналары арқылы алған электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

      4. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару осы бапқа сәйкес "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін инфрақұрылым объектілерін, ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, музейлер, театрлар, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханалар, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізеді. "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша астананың жергілікті атқарушы органы беретін, әкелінген тауарлардың инфрақұрылым объектілерін, ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, музейлер, театрлар, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханалар, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу процесінде іс жүзінде тұтынылғаны туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.

      391-бап. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларға салық салу ерекшеліктері

      1. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізетін тауарларды осындай арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

      Осы баптың мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар түсініледі.

      2. Мыналар:

      1) қызметін "Қорғас" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдармен және (немесе) тұлғалармен жасалған тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

      2) еркін кеден аймағы кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;

      3) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға және/немесе тұлғаларға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

      4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және/немесе тұлғалардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар болып табылады.

      3. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының артығын қайтару арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған, әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.

      4. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасы айқындалған кезде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ұсынған деректер негізінде қалыптасатын арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың өткізілгенін немесе іс жүзінде тұтынылғанын растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.

      Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт деп танылады және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептей отырып, "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағына тауарлар әкелінген күннен бастап қосылған құн салығын салуға жатады.

      392-бап. Тазартылған алтынды өткізу бойынша айналым

      1. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері және қайта өңдеу нәтижесінде тазартылған алтынның меншік иесі болып табылатын салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан алынған тазартылған алтынды өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

      2. Мыналар:

      1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.

      Осы баптың мақсаты үшін өз өндiрiсiнің шикiзаты деп салық төлеушінің дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында меншігіне сатып алған шикізаты түсініледі.

      393-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу

      1. Талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, салық төлеушілерге өзі өндірген тауарларын өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесі айқындалған болса, осы тізбеде көрсетілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

      Осы баптың мақсаты үшін салық төлеуші өндірген тауарлардың шығу сертификаты бар өнім (тауар) өз өндірісінің тауары болып танылады.

      Осы тармақта көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      2. Осы Кодекстiң 722-бабының 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердiң аумағына өткізу бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

      Осы тармақта көрcетiлген қосылған құн салығын төлеушiлердің тізбесін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      3. Нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің бұрын осы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымға салынады.

      Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілердің тізбесін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      4. Мыналар:

      1) жеткізілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғаны көрсетіле отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды жеткізуге арналған шарт;

      2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

      3) салық төлеушілер тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.

      5. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты жеткізуге арналған шарт (келісімшарт);

      2) құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу актісі;

      3) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбырлар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-тапсыру актісі осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар болып табылады.

      Құбырлар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      6. Мыналар:

      1) алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);

      2) олардың негізінде өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);

      3) алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;

      4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілгенін растайтын тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

       Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбырлар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда, тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-тапсыру актісі беріледі;

      5) аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі – оларды сатып алушыға өңдеу өнімдерінің тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар;

      6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған банктік шоттарға өткізілген өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар;

      7) осы Кодекстің 449-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысы осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілуін растайтын құжаттар болып табылады.

      Қайтарылуға жататын қосылған құн салығынан асып кеткен соманы айқындау кезінде Қазақстан Республикасының салық органының сұрау салуы бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық қызметі өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексеру нәтижелері ескеріледі.

45-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН АЙНАЛЫМ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН ИМПОРТ

      394-бап. Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар

      Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай:

      1) осы Кодекстің 395 – 398-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);

      3) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өткізетін мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша бұрын сатып алынған ғимараттарды, құрылыс жайларды және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін;

      4) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша сатып алынған ғимараттарды, құрылыс жайларды және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша уақытша иелік етуге және пайдалануға беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге немесе мемлекеттік кәсіпорынға өтеусіз негізде берілетін мүлікті;

      6) лотерея операторының лотерея қатысушысына беретін ұтыстар түріндегі мүлікті;

      7) төлем қарточкаларымен және электрондық ақшамен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды жинау, өңдеу және қатысушыларға ақпаратты жіберу бойынша қызметтер көрсетуді қоса алғанда, есеп айырысуға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      8) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінген тауарларды кеден аумағында өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастыра отырып, өңдеу және (немесе) жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      9) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару бойынша үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативтерiнің қызметін;

      10) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;

      11) егер өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ алдындағы төрт салық кезеңі бойынша келесі талаптардың бірі сақталса:

      мүгедектердің орташа саны жұмыскерлердің жалпы санының кемiнде 51 пайызын құраса;

      мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 пайызын) құраса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      Осы тармақшаның ережелері акцизделетiн тауарларды өткізу бойынша айналымына қолданылмайды.

      Ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде өткізу бойынша айналымдарға қатысты осы тармақшаның ережелері осы тармақпен белгіленген талаптар сақталған кезде, осындай келісімшарттың бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде қолданылады;

      12) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізілген тауарларының, орындалған жұмыстарының, көрсетілген қызметтерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      13) егер осы Кодекстің 392-бабында өзгеше белгіленбесе, қор биржасында жасалған мәміленің негізінде не осындай мәміле тараптарының бірі екінші деңгейдегі банк немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылса, құймалар мен тілімдер түріндегі инвестициялық алтынды;

      14) құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      15) келу туризмі бойынша туроператордың көрсетілетін қызметтерін;

      16) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен берілетін ақшалай нысандағы қарыз операцияларын;

      17) бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды;

      18) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни жоралар мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      20) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттарды;

      Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастырудың өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

      21) жерлеу бюроларының жерлеу қызметтерін, зираттар мен крематорийлердің көрсетілетін қызметтерін;

      22) арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді;

      23) Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      24) музейдің мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруын және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын танымал етуді қамтамасыз етуін;

      25) кітапханалардың ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын жүзеге асыруын;

      26) театрлар, филармониялар, мәдени-демалыс ұйымдары жүзеге асыратын мәдениет және білім беру саласындағы көрсетілетін қызметтер және жұмыстарды;

      27) қызметтің осы түрін жүзеге асыру құқығына лицензияның негізінде жүргізілетін, тарих және мәдениет ескерткіштеріне жасалатын ғылыми-реставрациялау жұмыстарын;

      28) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту саласындағы білім беру қызметтерін;

      29) бiлiм беру саласында қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар білім беру ұйымдары көрсететін қосымша білім беру бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      30) қызметтiң осы түрлерiн жүзеге асыру құқығына тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі бiлiм беру саласындағы бiлiм беру қызметтерін;

      31) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін дербес білім беру ұйымдарының осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған қызмет түрлерін жүзеге асыруын;

      32) білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру ұйымдарының, сондай-ақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының кітапхана қорын уақытша пайдалануға беруі, оның ішінде электрондық нысанда беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      33) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды;

      34) протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды; кез келген нысандағы дәрілік заттарды шғаруға арналған материалдар мен жинақтаушы заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды;

      33) және 34) тармақшаларда көрсетілген тауарлардың тізбесін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      35) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі көрсететін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық көрсетілетін қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанындағы көрсетілетін қызметтерді;

      36) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы көрсететін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін қызметтерді;

      37) мыналар:

      ветеринария саласында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында көзделген, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;

      Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринария ұйымдары ветеринария саласында көрсететін қызметтерді;

      38) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

      өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамына осы Кодекстің 399-бабы 15) тармақшасына немесе 451-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын бұрын әкелінген шикізат және (немесе) материалдар кірген;

      өткізілетін көлік құралының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуді көрсетілген көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізетін заңды тұлға жүзеге асырған;

      индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен, өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесіне енгізілген көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын;

      39) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының аумағында өткізілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      395-бап. Халықаралық тасымалдармен байланысты айналымдар

      Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын, осы Кодекстің 387 және 448-баптарына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдармен байланысты мынадай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді:

      тиеуді, түсiруді, қайта тиеуді (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу);

      Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе жолтабанының ені басқа дөңгелек жұптарын ауыстыруды;

      Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi жөнелтуді;

      вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін;

      техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетуді, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әуежай қызметінің құрамына кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша теңіз порттарындағы көрсетілетін қызметтерді;

      пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін;

      тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында кешенді түрде көрсетілетін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесіне қатысушы ретінде көрсетілген вагондар (контейнерлер) операторы ұсынатын мынадай көрсетілетін қызметтер:

      1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісу;

      2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;

      3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету осы бөлімнің мақсаты үшін вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтері болып табылады.

      396-бап. Жерге және тұрғын ғимараттарына байланысты өткізу бойынша айналымдар

      Мыналар:

      тұрғын ғимараттың тұрғын емес орын-жайлардан ғана тұратын бір бөлігінен басқа тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) өткізу;

      тұрғын ғимараттың тұрғын емес орынжайлардан ғана тұратын бір бөлігінен басқа тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бір бөлігін) жалға беру (қосалқы жалға беру);

      студенттік және мектеп жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер қосылған құн салығынан босатылады.

      2. Мыналарды:

      1) автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қоюға немесе сақтауға жер учаскесiн беру үшiн төлемақыны;

      2) жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығын немесе тұрғын ғимараттың тұрғын емес орын-жайлардан ғана тұратын бір бөлігін өткізу кезінде жер учаскесіне ортақ меншік құқығындағы (ортақ жер пайдалану құқығындағы) үлесті беруді;

      3) тұрғын ғимаратқа жатпайтын ғимарат (ғимараттың бір бөлігі) орналасқан жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығын беруді, оның ішінде қосалқы жалға беруді қоспағанда, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.

      397-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларды өткізу бойынша айналымдар

      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.

      2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операцияларға:

      1) банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар лицензия негізінде жүргізетін мынадай банктік операциялар мен өзге де операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде өзге де заңды тұлғалар лицензиясыз жүргізетін операциялар:

      жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

      жеке және заңды тұлғаларға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетілетін осы тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;

      аударым операциялары, оның ішінде пошталық ақша аударымы;

      банктік қарыз операциялары;

      кассалық операциялар;

      шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

      төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

      аккредитив ашу (ұсыну) және оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

      банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

      банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілгерліктерін және өзге де міндеттемелерді беруі;

      банктер жүзеге асыратын факторингтік және форфейтингтік операциялар;

      2) ислам банкінің лицензия негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары:

      жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін пайызсыз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;

      жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;

      банктік қарыз операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен және сыйақы өндіріп алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;

      3) бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;

      4) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалардың көрсетілетін қызметтері;

      5) туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) көрсетілетін қызметтері;

      7) банкаралық клиринг бойынша көрсетілетін қызметтер;

      8) төлем карточкаларымен, электрондық ақшамен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын операциялар;

      9) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін басқару жөніндегі қызмет;

      10) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын басқару бойынша көрсетілетін қызметтер;

      11) әлеуметтік төлемдерді және ерікті зейнетақы жарналарын тарту, зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық кірістерді бөлу және есепке жатқызу бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының көрсетілетін қызметтері;

      12) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аударымдар мен жарналарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға шоғырландыру, медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтері;

      13) қатысу үлесін сату;

      14) микрокредиттер беру жөніндегі операциялар;

      15) ломбардтардың жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беру бойынша көрсетілетін қызметтері;

      16) кредиттік серіктестіктер өз қатысушылары үшін жүзеге асыратын мынадай операциялар:

      төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларды орындау түріндегі аударым операциялары;

      төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру түріндегі қарыз операциялары;

      кассалық операциялар;

      кредиттік серіктестікке қатысушылардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін кепілдіктер, кепілгерліктер және өзге де міндеттемелер беру;

      17) инвестициялық алтынды екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қызмет көрсетілетін заңды тұлғалар санаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған металл шоттары арқылы өткізу;

      18) кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру;

      19) осы баптың 3-тармағында көрсетілген операциялар жатады.

      3. Ислам банкі сатып алушыға өткізетін, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жасалған коммерциялық кредит туралы шарттың талаптарында айқындалатын тауардың үстеме бағасының сомасы қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшаның ережелері мынадай:

      1) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы талаптарсыз;

      2) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес ислам банкі мүлікті берген жағдайда қолданылады.

      Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкінің тауарды үшінші тұлғаға өткізуі жағдайларына қолданылмайды.

      398-бап. Мүлікті қаржы лизингiне беру

      1. Мүлiктi қаржы лизингіне беру, егер мұндай беру осы Кодекстiң 197-бабында белгiленген талаптарға сәйкес, лизинг берушi алуға тиісті сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған құн салығынан босатылады.

      2. Мүлiктi қаржы лизингіне беру мынадай талаптар бір мезгілде сақталған кезде:

      1) мұндай беру осы Кодекстiң 197-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келсе;

      2) берілетін мүлік осы Кодекстің 394-бабының 38-тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, қосылған құн салығынан босатылады.

      399-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

      1. Мынадай:

      1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын ақша белгілерiн шығаруға арналған шикiзат;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;

      4) акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;

      5) акцизделетін тауарларды қоспағанда, қайырымдылық көмек, техникалық жәрдем көрсету мақсатында мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желісі бойынша әкелінетін тауарлар;

      6) мемлекеттердiң, мемлекеттердің үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi арқылы берiлген грант қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар;

      7) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын тауарлар;

      8) салық төлеуден босатуды көздейтін кедендік рәсіммен орналастырылып Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялануға жататын тауарлар;

      9) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымының объектілері жабдықтарының импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның ғарыш қызметінің мақсаттары үшін осындай ғарыш объектілері мен жабдықтарды әкелу туралы ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның растауы негізінде қолданылады;

      10) мыналар:

      Қазақстан Республикасы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде, Қазақстан Республикасы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді;

      11) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттар; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар және ветеринариялық техника, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехника; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді;

      12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, екінші деңгейдегі банк немесе бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы заңды тұлға импорттайтын инвестициялық алтын;

      13) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады;

      Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оларды қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      14) бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:

      шикізат және (немесе) материалдар импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, шикізаттар және (немесе) материалдар тізбесіне енгізілсе;

      шикізатты және (немесе) материалдарды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделсе;

      әкелінген шикізатты және (немесе) материалдарды қосылған құн салығын төлеуші талап қою мерзімі өтуі шегінде инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыру кезінде ғана қолданылса, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі (инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны қоспағанда) шикізат пен материалдар;

      Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға берілген айдың 1-ші күнінен бастап қатарынан бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға берілген айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі.

      Еркін айналым үшін не Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеліп төлеуге жатады.

      15) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      3. Инвестициялар бойынша уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың немесе аумағында осы заңды тұлға өндірген дайын өнім құрамындағы еркін кеден аймағытың кедендік рәсімімен орналастырылған шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.

46-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ

      400-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

      1. Егер алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер өткізу бойынша айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, төлеуге жататын және мынадай:

      1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайда – мынадай:

      шот-фактураны жазып беру күні қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген шот-фактурада немесе жол жүру билетінде (қағаз жеткізгіште, электрондық билетте, электрондық жол жүру билетінде);

      есепті салық кезеңінде алынған жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының мерзімді баспа басылымдарының және өзге өнімінің құнына сәйкес келетін бөлікте осы Кодекстің 414-бабында сәйкес жазып берілген шот-фактурада;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген және мынадай формула бойынша:

      ҚҚС = ҚШТ * МҚҚС / (100 % + МҚҚС), мұнда:

      ҚҚС – қосылған құн салығының сомасы,

      ҚШТ – қосылған құн салығы салынатын шығарылатын тауарлардың құны,

      МҚҚС – тауарларды шығару күні қолданыста болатын қосылған құн салығының мөлшерлемесі айқындалатын, бірақ осы тауарларды мемлекеттік материалдық резервке жеткізу кезінде төленген салық сомасынан аспайтын мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжатта қосылған құн салығы және өнім беруші-салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жағдайда;

      2) тауарлар импортталған жағдайда – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген, бірақ Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасынан аспайтын және кедендік рәсімдер талаптарына сәйкес қайтаруға жатпайтын тауарлар декларациясында немесе импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (өтініштерде) көрсетілген, бірақ Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салық сомасынан аспайтын және қайтаруға жатпайтын салық сомасымен сәйкес келетін;

      3) бейрезидент ұсынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған және осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының айналымы болып табылатын жағдайда – қосылған құн салығы бойынша декларацияда, бірақ уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және қосылған құн салығы төленгенін растайтын төлем құжатында немесе салық органы берген құжатта көрсетілген салық сомасынан аспайтын;

      4) осы Кодекстің 357-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлға қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған жағдайда – осы тұлға осы Кодекстің 215-бабы 4-тармағына сәйкес жасаған салық тіркелімінде салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күнге дейін салық төлеуші сатып алған, жасаған, салған және қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған меншік құқығында болған тауарлар бойынша, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының біріне сәйкес осындай сома расталған жағдайда көрсетілген, қосылған құн салығының сомасы танылады.

      Осы тармақшаның ережелері қайтадан құрылған заңды тұлға қайта құру нәтижесінде алған тауарларға қатысты қолданылмайды.

      2. Жеке тұлға шығыстары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес төлеушінің қосылған құн салығына шығыстары деп танылған және осы Кодекстің 244-бабына сәйкес қызметтік іссапарлар кезінде өтемақы ретінде шегерімге жатқызылатын көрсетілетін қызметтерді алған жағдайда, мұндай қосылған құн салығын төлеушінің осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының талаптары сақталған кезде көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу үшін бірнеше негіз болған кезде қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу неғұрлым ертедегі негіз бойынша бір рет жүргізіледі.

      4. Осы Кодекстің 403, 404 және 405-баптарында көзделген жағдайлар басталған кезде, осы Кодекстің 401-бабына сәйкес айқындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшері осы Кодекстің 403, 404 және 405-баптарында көзделген алып тастауды, ұлғайтуды немесе азайтуды ескере отырып айқындалады.

      5. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу салық төлеуші қызметінің тоқтатылуына байланысты тарату декларациясы берілген салық кезеңінде салық төлеуші қызметінің тоқтатылуына байланысты осы Кодекстің 369-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін қосылған құн салығынан асып кететін сомаға азайтуға жатады.

      6. Осы баптың ережелеріне сәйкес келмейтін қосылған құн салығының, сондай-ақ осы Кодекстің 402-бабында көрсетілген қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының сомасыОсы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығының төлеушісі болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы есепке жатқызатын қосылған құн салығының сомасы деп танылады.

      401-бап. Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні

      1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы мынадай:

      1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күнінің;

      2) осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын шот-фактураны немесе өзге де құжатты жазып беру күнінің қайсысы неғұрлым кешірек болатын салық кезеңінде ескеріледі.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін түзетілмеген болып табылатын шот-фактуралар ескеріледі.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.

      2. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығы мынадай:

      1) осы Кодекстің 102 және 103-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу арқылы бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде есепке жатқызу арқылы жүзеге асырған күннің;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген кедендік ресімдеу күні немесе импортталған тауарлар бойынша жанама салық бойынша декларацияда осындай салық есептелген салық кезеңінің соңғы күнінің қайсысы неғұрлым кешірек болатын салық кезеңінде ескеріледі.

      3. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығы мынадай:

      1) осы Кодекстің 102 және 103-баптарында белгіленген тәртіппен бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде есепке жатқызуды жүргізу арқылы жүзеге асырылған күннің;

      2) қосылған құн салығы бойынша декларацияда осындай салық есептелген салық кезеңінің соңғы күнінің қайсысы неғұрлым кешірек болатын салық кезеңінде ескеріледі.

      4. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күні болатын салық кезеңінде ескеріледі.

      5. Қосымша шот-фактура бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осындай шот-фактураны жазып беру күні болатын салық кезеңінде ескеріледі.

      402-бап. Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы

      1. Мыналарды:

      1) егер қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 407 және 409-баптарына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу арқылы әдісті қолданса, салық салынбайтын айналым мақсатында пайдаланған немесе пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      2) негізгі құралдар ретінде ескерілген (ескерілетін) жеңіл автомобильдерді;

      3) мыналар:

      есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын құжатта осындай құжатты жазып берген адамның және (немесе) осындай құжат жазып берілген адамның сәйкестендіру нөмірі туралы деректер көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;

      шот-фактурада құжатты жазып беру күні, шот-фактура нөмірі, тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы, салық салынатын айналымның мөлшері туралы деректер көрсетілмеген;

      шот-фактурада осы Кодекстің 412-бабының талаптарына сәйкес куәландырылмаған;

      шот-фактурада осы Кодекстің 412-бабының талаптарын бұза отырып, қағаз жеткізгіште жазып берілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      4) төлем кезеңділігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемі қосылған құн салығын ескере отырып, қолма-қол есеп айырысу жүргізілген және республикалық бюджет туралы заңнамада белгіленген және төлем жасау күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      5) қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған тұрғын ғимаратты салу үшін пайдаланылған немесе пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      6) осы Кодекстің 252-253-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы банкте арнайы депозиттік шотта орналастырылған тарату қорының қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      7) осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым алу немесе осындай нысаналы салым қаражатынан өтеусіз негізде қаржыландыру есебінен сатып алған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты төленуге жататын қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылмайды.

      2. Мыналар:

      1) комиссионерден – комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда комитент үшін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленуге жататын қосылған құн салығы;

      2) экспедитордан – көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша міндеттерді орындау кезінде тасымалдаушыдан және (немесе) басқа өнім берушілерден сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленуге жататын қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылмайды.

      3. Тұрғын ғимараттың құрылысына пайдаланылған немесе пайдаланылатын, қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналым түрінде өткізу үшін арналған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетін қызметтер бойынша қосылған құн салығын осы тұрғын ғимаратты салуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші Кодекстің 400-бабында көрсетілген мақсаттар үшін бөлек салық тіркелімінде, осы Кодекстің 410-бабында көзделген:

      тұрғын ғимараттың үйдің бір бөлігін өткізу немесе жалға беруге байланысты жағдай басталғанға дейін;

      мұндай тұрғын ғимаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға қабылданғанға дейін декларацияда көрсетеді.

      Мұндай қосылған құн салығы кейіннен осы Кодекстің 410-бабында көзделген тәртіппен ескеріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталғанға дейін мұндай құрылыс объектісін немесе оның бір бөлігін аяқталмаған құрылыс объектісі түрінде өткізу кезінде осындай өткізу күні бөлек ескерілетін қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 410-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасына азайтылады.

      403-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан алып тастау

      Бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:

      1) шот-фактура және (немесе) өзге де құжаттар жазу әрекеті (әрекеттері) сот немесе қылмыстық қудалау органының оңалтылмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп танылған мәміле (операция) бойынша;

      2) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша;

      3) қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын құжатта қателесіп артық көрсетілген сома бөлігінде алып тастауға жатады.

      Осы бапта көзделген есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасын алып тастау декларацияда қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде танылған салық кезеңінде жүргізіледі.

      404-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету

      1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы бапта және осы Кодекстің 405-бабында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту болып табылады.

      2. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту мынадай жағдайларда:

      1) салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылғандарды қоспағанда, салық төлеуші салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің болуына байланысты осы Кодекстің 407 және 408-баптарына сәйкес барабар әдісті қолданғанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша;

      2) бүлінген, жоғалған жағдайдағы (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда) тауарлар бойынша жүргізіледі. Бұл ретте тауардың бүлінуі салдарынан осы тауар салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылмайтын тауардың барлық немесе оның жекелеген сапасының (қасиеттерінің) нашарлауын білдіреді. Салдарынан тауар жойылған немесе ысырап болған оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеушi табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы жоғалту болып табылмайды.

      3) табиғи монополия субъектісі шеккен нормативтен тыс шығындар бойынша;

      4) жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлік бойынша;

      5) жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда салықтық міндеттемесін орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемі бойынша;

      6) осы Кодекстің 383-бабы 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жүргізіледі.

      3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту осы Кодекстің 383-бабы 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жүргізіледі.

      Осы Кодекстің 383-бабы 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту салық салынатын айналым мөлшерін ұлғайту немесе азайту жағына қарай түзетуге байланысты өнім беруші жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қосымша шот-фактурасында көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.

      4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайлар басталған сол салық кезеңiнде жүргiзiледi.

      5. Осы баптың 2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, сатып алынған, салынған, жасалған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету түзетуді жүзеге асыру күні қолданыста болатын қосылған құн салығына мөлшерлемені қайта бағалауды және құнсыздануды ескерместен, сол күнгі бухгалтерлік есептің деректері бойына тауарлардың баланстық құнына қолдану арқылы айқындалатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде жүргізіледі.

      6. Егер өткізу бойынша осындай айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған, бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым бойынша осы Кодекстің 262-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мына формула бойынша айқындалады:

      ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжер*Sжалпы, мұндағы:

      ҚҚСтүз – қосылған құн салығын түзету сомасы;

      ҚҚСеж – бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;

      Sжалпы – жер учаскесінің оны бөлгенге дейінгі жалпы ауданы;

      Sжер – иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру осы Кодекстің 396-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын және осы Кодекстің 409-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын жер учаскесінің ауданы.

      7. Осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 372-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді.

      8. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы осы бапта көзделген түзету ескеріліп, теріс мәнге ие болуы мүмкін.

      405-бап. Міндеттемелерді есептен шығару кезінде күмәндi мiндеттемелер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету

      1. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттемелер мөлшерінің бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері осы Кодекстің 230-бабына сәйкес күмәнді болып танылса, онда осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары негізінде бұрын есепке жатқызылатын деп танылған қосылған құн салығынан басқа, күмәнді міндеттемелер мөлшеріне сәйкес келетін мөлшердегі осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бұрын есепке жатқызылатын деп танылған қосылған құн салығының сомасына азайту жағына, қарай есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету мынадай:

      орындау мерзімі анықталған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі;

      орындау мерзімі анықталмаған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жөніндегі міндеттеме бойынша тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінен бастап есептелетін үшжылдық кезең өткен салық кезеңі ішінде жүргізіледі.

      2. Егер есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығын төлеуші азайту жағына қарай түзеткеннен кейін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүргізілсе, онда ақы төлеу жүргізілген салық кезеңінде ақы төлеу сомасына сәйкес келетін мөлшерде көрсетілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын салықты ұлғайту жағына қарай түзету жүргізіледі.

      3. Осы Кодекстің 229-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілмеген міндеттемелерді есептен шығару кезінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жағына қарай түзету бұрын есепке жатқызылған деп танылған осындай міндеттеменің құрамында төлеуге жататын қосылған құн салығының мөлшерінде жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету мұндай жағдайлар басталған кезеңде жүргізіледі.

      4. Егер әділет органдарының банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеуші өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы шешімі шығарылған күні сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме толық немесе ішінара қанағаттандырылмаса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жағына қарай түзету, егер мұндай түзету осы баптың 1-тармағына сәйкес жүргізілмесе, осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленуге жататын, бұрын есепке жатқызылған деп танылған қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі. Осы тармақта көзделген түзету әділет органдарының көрсетілген шешімі шығарылған салық кезеңінде жүргізіледі.

      5. Осы бапта көзделген түзету түзету жүргізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.

      406-бап. Түзетулер ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы

      1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы түзетулерді ескере отырып, мынадай тәртіппен:

      осы Кодекстің 400-бабында көзделген тәртіппен айқындалған есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы

      минус

      осы Кодекстің 403, 404 және 405-баптарында көзделген есепке жатқызылатын қосылған құн салығын азайту жағына қарай түзету сомасын

      плюс

      осы Кодекстің 404-бабының 3-тармағында және 405-бабының 2-тармағында көзделген есепке жатқызылатын қосылған құн салығын ұлғайту жағына қарай түзету сомасы тәртібімен салық кезеңі үшін есептеледі.

      2. Осы бапқа сәйкес айқындалған түзетуді ескере отырып есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы теріс мәнге ие болуы мүмкін.

407-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындау әдістері

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы баптың 3-тармағында көрсетілгеннен басқа, қосылған құн салығын төлеуші мынадай әдістердің бірімен:

      барабар әдіспен;

      салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланатын немесе пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындайды.

      2. Есепке жатқызудың барабар әдісін пайдаланатын мына тұлғалар:

      1) банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары – кепілдегі мүлікті (тауарды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар;

      2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, есепке жатқызудың барабар әдiсiн қолданатын ұйымның:

      мұндай банктен сатып алынған активтер бойынша талап ету құқықтары бойынша банктен алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

      кепілге салынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым мұндай банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке алу бойынша бөлек әдiсiнті қолдануға құқығы бар;

      3) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы – мыналарды:

      күмәнді және үмітсіз активтер бойынша бас банктен сатып алынған талап ету құқықтары бойынша өндіріп алу нәтижесінде алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

      кепілге салынған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және банктің еншілес ұйымы бас банктен сатып алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар;

      4) лизинг беруші – мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты айналымдар бойынша. Қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуға байланысты лизинг берушінің шығындары салық салынатын айналым мақсаттары үшін шеккен шығындар ретінде қаралады;

      5) ислам банкі – Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шартынсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру бойынша;

      6) қосылған құн салығын төлеуші – Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шартымен коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру шеңберінде тауарды сату-сатып алу операциялары бойынша, бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айналымдардың жекелеген түрлері бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындауға құқылы;

      7) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристік оператор қызметіне (туроператорлық қызмет) лицензиясы бар дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар басқа қызметтерден бөлек туроператор қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есеп жүргізеді. Туроператор қызметтерін көрсету мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке алу осы Кодекстің 394-бабы 15) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған айналым және салық салынатын айналым бойынша бөлек жүргізіледі.

      3. Өткізу бойынша айналымдары осы Кодекстің 396-бабының 1-тармағына сәйкес босатылатын объектілерді салуды жүзеге асыратын тұлға:

      осы Кодекстің 396-бабының 1-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар және өзге айналым мақсаттары үшін;

      әрбір құрылыс объектісін салу барысында – осы Кодекстің 410-бабын және осы Кодекстің 402-бабының 3-тармағын қолдану мақсаттары үшін пайдаланатын немесе пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын бөлек есепке алуды жүзеге асыруға міндетті.

      Өзге айналым бойынша осындай қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 408-бабына сәйкес барабар әдіспен есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын айқындауға құқылы.

      408-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын барабар әдіспен айқындау тәртібі

      1. Салық кезеңі үшін есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы барабар әдіспен мынадай формула бойынша айқындайды:

      ҚҚСер = ҚҚСесеп * А сал/ А жалпы, мұнда:

      ҚҚСер - есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      ҚҚСесеп – түзетуді ескерілген есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      А сал – салық салынатын айналымның сомасы;

      А жалпы – салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы.

      Бұл ретте осы Кодекстің 407-бабы 2-тармағында көрсетілген адамдар А сал және А жалпы мәндерін айқындау кезінде осы Кодекстің 409-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдарды ескермейді.

      Салық кезеңінде есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын өткізу бойынша айналым болмаған кезде түзетуді ескерілген есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде айқындалады.

      2. Салық кезеңі үшін есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығы мынадай формула бойынша айқындалады:

      ҚҚСер = ҚҚСесеп – ҚҚСре, мұнда

      ҚҚСре - есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      ҚҚСесеп - түзетуді ескергенде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      ҚҚСре – осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен айқындалатын, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін.

      Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы, оның ішінде оның теріс мәні осы Кодекстің 243-бабы 9-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.

      409-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі

      1. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын бөлек есепке алуды жүргізеді.

      2. Осы Кодекстің 410-бабында көзделген жағдайлардан басқа, бөлек есепке алуды жүргізу кезінде:

      1) есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы түзетуді ескергенде салық салынатын мақсаттар үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде айқындалады;

      2) есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы салық салынбайтын мақсаттар үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының мөлшерінде айқындалады;

      3) бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын мақсаттар үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы мынадай формулалар:

      (1) ҚҚСре = ҚҚСесеп * А сал/ А жалпы

      (2) ҚҚСер = ҚҚСесеп – ҚҚСре,

      бойынша айқындалатын есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасына бөлінеді.

      мұнда:

      ҚҚСре - есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл соманың теріс мәні болуы мүмкін;

      ҚҚСесеп - бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын мақсаттар үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзетуді ескергендегі есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;

      А сал - салық салынатын айналымның сомасы. Бұл ретте осы Кодекстің 407-бабы 2-тармағында көрсетілген тұлғалар А сал-ды осы бапқа сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдар ретінде айқындайды.

      А жалпы – салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы.

      ҚҚСер - есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін.

      Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 243-бабы 9-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.

      410-бап. Тұрғын үй ғимаратының (тұрғын ғимараттың бір бөлігінің) құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушінің есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын анықтау тәртібі

      1. Тұрғын ғимаратының аяқталмаған құрылыс объектісі өткізілген жағдайда осы объектіні салу барысында пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу жүзеге асырылатын салық кезеңінде ескеріледі және:

      1) осы Кодекстің 396-бабына сәйкес бұрын қосылған құн салығынан босатылатын айналым түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылысы объектісін өткізу кезінде – көрсетілген тауарлар бойынша оларды сатып алу күні қолданыста болған мөлшерлеме бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде;

      2) бұрын қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған, аяқталмаған құрылысы объектісінің бір бөлігі болып табылатын, аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу кезінде – мынадай формула:

      ҚҚС ерқс = ҚҚСже * Sақб / Sақ

      бойынша есептелетін аяқталмаған құрылыс объектісінің өткізілетін бір бөлігіне сай келетін қосылған құн салығы мөлшерінде айқындалады, мұнда:

      ҚҚС ерқс – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған, аяқталмаған құрылыс объектісінің бір бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы;

      ҚҚСже – осы Кодекстің 402-бабы 3-тармағына сәйкес өткізу күні бөлек есептелетін, құрылысқа пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы;

      Sақб - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған, аяқталмаған құрылыс объектісінің бір бөлігі болып табылатын жобалау-сметалық құжаттама бойынша аяқталмаған құрылыс объектісінің ауданы;

      Sақ - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізу үшін арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы ауданы.

      2. Тұрғын ғимаратты (оның бір бөлігінің) салуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші тұрғын ғимараттың тұрғын емес орынжайдан ғана тұратын бір бөлігін өткізу немесе жалға беру жағдайы басталған, бірақ тұрғын ғимаратты пайдалануға қабылдау күнінен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимараттың бір бөлігінің) бір бөлігі болып табылатын, тұрғын емес орын жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай формула бойынша айқындауға құқылы:

      ҚҚСер = (ҚҚСесеп – ҚҚСерқс) * Sта / Sтғ, мұндағы:

      ҚҚСер - тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимараттың бір бөлігінің) бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы;

      ҚҚСесеп – тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимараттың бір бөлігінің) құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бөлек ескерілетін есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Салық сомасы тұрғын ғимараттың емес орын-жайдан ғана тұратын бір бөлігін өткізу немесе жалға беру жағдай басталған күні, бірақ тұрғын ғимаратты мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдау күнінен ерте емес айқындалады;

      ҚҚСерқс – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын және бұрын қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бір бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы. Салық сомасы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен айқындалады;

      Sта – тұрғын ғимараттағы (тұрғын ғимараттың бір бөлігіндегі) тұрғын емес үй-жайлардың ауданы;

      Sтғ - тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимараттың бір бөлігінің) жалпы ауданы;

      Бұл ретте есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 243-бабы 9-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі және мынадай формула бойынша айқындалады:

      ҚҚСре = НДСесеп – НДСерқс- НДСре, мұнда:

      ҚҚСер – тұрғын ғимарат (тұрғын ғимараттың бір бөлігі) болып табылатын, тұрғын үй емес үй-жайы да бар тұрғын орын-жайлар бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы.

      411-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы

      1. Мына тұлғалар:

      1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру өнімдерін, балық өсіру шаруашылығының өнімдерін өндіру бойынша, өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін өңдеу бойынша қызметті жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу айналымы бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру өнімдерін, балық өсіру шаруашылығының өнімдерін өндірушілер;

      2) ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығы өнімін өңдеуді жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу айналымы бойынша заңды тұлғалар қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға құқылы. Қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығы өнімін өңдеуге қызметтің мынадай түрлері:

      ет және ет өнімдерін өндіру;

      жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу;

      өсімдіктер мен жануарлар майларын және тоң майларды өндіру;

      сүт өңдеу және ірімшік өндіру;

      ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      жануарлар үшін дайын жемшөп өндіру;

      нан өндіру;

      балалар тағамын және диеталық тағам өнімдерін өндіру;

      крахмал-cірне өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін өңдеу;

      мақтаны тұқымынан тазарту;

      тірі балықты өңдеу;

      3) ауыл шаруашылығы кооперативтері мына қызмет түрлері:

      өз өндірісінің, сондай-ақ осындай кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру, балық өсіру шаруашылығының өнімін өткізу;

      өз өндірісінің, осындай өнімді отандық өндірушіден сатып алынған және (немесе) осындай кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру, балық өсіру шаруашылығының өнімін өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;

      осы тармақшада көрсетілген айналымдарды өздері жүзеге асыруы мақсатында осындай кооператив мүшелеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган ммелекеттік жоспарлау мемлекеттік уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға құқылы.

      Осы тармақтың ережелері акцизделетін тауарларды және оларды өңдеу өнімдерін өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды.

      Осы тармақты қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер:

      осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге қызмет бойынша өткізу бойынша айналымдарды;

      осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге қызметте пайдаланылатын немесе пайдалануға болатын алуға жататын (алынатын) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді бөлек есепке алу жүргізілген жағдайда осы баптың ережелерін қолдануға құқылы.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер, егер заңды түлға шетелдік тұлға, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға болса, осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

      4. Есепке жатқызылған қосылған құн салығының қосымша сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      ҚҚСқс = (ҚҚСсал – ҚҚСер – ҚҚСас)*70%, формула бойынша жүргізіледі, мұнда:

      ҚҚСқс – есепке жатқызылған қосылған құн салығының қосымша сомасы;

      ҚҚСсал – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша өткізу жөніндегі салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы;

      НДСер – осы Кодекстің 408, 409, 410-баптарында көзделген тәртіппен айқындалған есепке жатқызуға рұқсат берілген қосылған құн салығының сомасы. Мұндай сома осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте алуға жататын (алынатын) пайдаланылатын немесе пайдалануға болатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша айқындалады.

      НДСас – осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша өспелі қорытындысымен есептік салық кезеңінің басында қалыптасқан, есептелген салық сомасынан есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасынан асатын сома.

      Алынған нөлдік немесе теріс мән салық кезеңі үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде ескерілмейді.

47-ТАРАУ. ШОТ-ФАКТУРА

      412-бап. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау кезінде мыналар:

      1) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер;

      3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;

      4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;

      5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер шот-фактура жазып беруге міндетті.

      2. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы жағдайларды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі:

      1) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері болмаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы.

      Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;

      2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы.

      Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазылып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелуге жатады.

      3. Электрондық түрдегі шот-фактура уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазып беріледі.

      4. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактураны жазып беру салық төлеуші дербес айқындайтын нысан осы баптың 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-12-тармағында көзделген тәртіппен көзделген тәртіпте жүргізіледі.

      4. Шот-фактурада:

      1) шот-фактураның реттiк нөмiрi;

      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;

      3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігіндегі дағдыларға қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;

      4) шот-фактура жазып берiлген күн;

      5) осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;

      6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциз сомасы қосымша көрсетіледі;

      7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

      8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;

      9) қосылған құн салығының мөлшерлемесі;

      10) қосылған құн салығының сомасы;

      11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс.

      6. Салық салынатын айналым мөлшері шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша бөлек көрсетіледі.

      Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 7), 8) 9), 10) – 11) тармақшаларында көрсетілген деректер қамтылатын құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактура құжаттың нөмірі мен күнін, сондай-ақ оның атауын қамтуға тиіс.

      7. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.

      Мынадай:

      1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған (орындалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;

      2) тауарларды осы Кодекстің 386, 447 және 449-баптарына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;

      3) осы Кодекстің 387-бабына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;

      4) осы Кодекстің 393-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн алығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасында көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.

      8. Егер заңды тұлға атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет еткен және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактураларды жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген жағдайда, сондай-ақ егер заңды тұлға атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болса:

      1) осы баптың 5-тармағының 3) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада құрылымдық бөлімшенің деректемелерін көрсетуге жол беріледі;

      2) осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес құрылымдық бөлімшенің деректемелері көрсетілген жағдайда осындай құрылымдық бөлімшенің сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 400-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатта:

      1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын;

      2) салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша – "ҚҚС-сыз" деген белгіні көрсетеді.

      10. Салық төлеушілер қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурада осы бапта көзделмеген қосымша мәліметтерді көрсетуге құқылы.

      11. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі данада жазылады, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға беріледі.

      12. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура:

      заңды тұлғалар үшiн – басшысы мен бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен, сондай-ақ, егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен;

      дара кәсiпкерлер үшiн – дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы жазылған мөрiмен (ол болған кезде), сондай-ақ қолтаңбасымен куәландырылады.

      Шот-фактура салық төлеушiнiң бұйрығымен осыған уәкiлеттiк берiлген қызметкердiң қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкiн. Бұл ретте бұйрықтың көшiрмесi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрiп-танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге шот-фактураға қол қоюға уәкiлеттi адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкiлеттi адам куәландырған көшiрмесiн беру талабымен жүгiнуге құқылы, ал өнiм берушi бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы жүгiнген күнi орындауға мiндеттi.

      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi, егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, салық төлеушi жазып берген шот-фактураны оның шешiмi бойынша осындай құрылымдық бөлiмшенiң заңды тұлғаның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен куәландыруға құқылы.

      Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкiлеттi өкiлi жазып берген шот-фактура осы Кодекстiң 721-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, уәкiлеттi өкiлдiң атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрiмен, сондай-ақ осындай уәкiлеттi өкiл басшысының және бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен куәландырылады.

      Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына және есеп саясатына сәйкес басшы немесе дара кәсiпкер бухгалтерлiк есептi жеке өзi жүргiзген жағдайда, бас бухгалтер қолтаңбасының орнына "көзделмеген" деп көрсетiледi.

      Электрондық нысанда жазып берiлген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      13. Шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:

      1) сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен есеп айырысу және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

      төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып, есеп айырысу жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу;

      2) есеп айырысу электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғаларға өткізу жағдайында талап етілмейді.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелері тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстің 436-бабы 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға өткізілген жағдайда қолданылмайды;

      3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысуды банктер, пошта операторлары арқылы жүзеге асырылған;

      4) теміржол немесе әуе көлігінде жолаушы тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

      5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;

      6) осы Кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайда талап етілмейді.

      14. Осы баптың 13-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi. Бұл ретте осы баптың 13-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактураны жазып беру тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жері бойынша жүзеге асырылады.

      Осы баптың 13-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжат немесе осындай көрсетілетін қызметтердің шот-фактурасын жазып беру талабымен өнім берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау бойынша қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.

      15. Шот-фактураны жазып беру ерекшеліктері жекелеген жағдайларда осы Кодекстің 414 - 418-баптарында белгіленген.

      413-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері

      1. Шот-фактура:

      1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігінде тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жолаушыларды, багаж бен жүктерді әуе көлігінде тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, магистральдық құбыржолдар жүйесін арқылы жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүйе операторы көрсететін жүйе қызметтерін, банктік операциялардың қосылған құн салығы салынатын кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабы 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір жыл немесе одан да көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу айналымын жасау күні сәйкес келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей;

      2) тауарлар экспорты кедендік рәсіммен орналастыра отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей;

      3) қалған жағдайларда - өткізу бойынша айналым жасау күнінен ерте емес және сондай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

      2. Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналым жасау күні немесе одан кейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

      3. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі.

      4. Қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімі осы Кодекстің 419-бабында белгіленген.

      Осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталмаған кезде қосымша шот-фактураны лизинг беруші осындай сақтамау басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді.

      414-бап. Баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу кезінде шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері

      Ортақ қолжетімді телекоммуникациялық желілерде интернет-ресурста орналастырылғанды қоса алғанда, мерзiмдi баспа басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

      Салық төлеуші жасау күні күнтізбелік жылға сәйкес келетін өткізу бойынша бүкіл айналымға шот-фактураны айналым жасау күнінен ерте жазып беруге құқылы. Бұл ретте шот-фактурада өткізу бойынша айналым мөлшері және осындай күнтізбелік жылға кіретін әрбір салық кезеңіне сәйкес келетін қосылған құн салығының тиісті сомасы бөлек көрсетіледі.

      415-бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері

      1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.

      Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралардың негізінде жазып береді.

      Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың негізінде жазып береді.

      2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурада салық салынатын (салық салынбайтын) айналым көлік экспедициясы шартының шеңберінде:

      қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;

      қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) өнім берушілер орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында экспедитор жазып беретін шот-фактурада:

      өнім берушінің деректемелері ретінде экспедитордың деректемелері көрсетіледі;

      алушының деректемелері ретінде көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын салық төлеушінің деректемелері көрсетіледі.

      3. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедитор осы Кодекстің 215-бабының 2-тармағына сәйкес тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарт шеңберінде жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің берушілері, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашатын салық тіркелімін жасайды.

      4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу үшін негіз болып табылады.

      416-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері

      Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттармен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде, егер комитент және (немесе) комиссионер қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.

      Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізінде көрсетіледі.

      Комиссионер шот-фактураны:

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.

      Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.

      Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы және бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге комитент комиссионердің атына шот-фактураны жазып беру кезінде:

      өнім берушінің деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитент деректемелері көрсетіледі;

      алушының деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға комиссионер шот-фактура жазып беру кезінде өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионер деректемелері көрсетіледі.

      Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке берген кезде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәміле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комитент атына шот-фактуралар жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.

      Егер комиссионер және (немесе) комиссионер комитент үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған адам қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады.

      Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талаптарында комитент үшін комиссионер сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.

      Комиссионер шот-фактураны:

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға енгізіледі;

      қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден басқа, мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға енгізіледі;

      комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттардың деректерін ескере отырып жазып береді.

      Комиссионердің комиссиялық сыйақы сомасы және комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комитентке жазып берілген шот-фактурада жеке жолдармен көрсетіледі. Бұл ретте, егер комиссионер қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, сыйақы сомасы "ҚҚС-сыз" деген белгімен көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып берген кезде:

      өнім берушінің деректемелері ретінде "комиссионер" мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі;

      алушының деректемелері ретінде "комитент" мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 2 және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып берген кезде алушының деректемелері ретінде комиссионер деректемелері көрсетіледі.

      417-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын, өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

      1. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген адам жүзеге асыратын жағдайларда:

      1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе өнім беруші (сатушы) үшін бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген адамның атынан жазылады;

      2) шот-фактураларды жазып беру кезінде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.

      2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазып беріледі.

      3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген адам осындай қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда, өнім берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда мыналар:

      1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенім білдірілген адамның деректемелері;

      2) сатып алу сомасы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомасы бөлініп көрсетілуге тиіс.

      4. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, жазып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда жүзеге асыру үшін тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер сатып алынатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.

      5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі (сатып алуы) кезінде қолданылмайды.

      418-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері

      1. Оператор осы Кодекстің 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың өнім беруші (сатып алушы) ретіндегі деректемелері көрсетіле отырып, осы тараудың талаптарына сәйкес жазып беріледі.

      2. Тапсырма шартына сәйкес келетін талаптармен өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураны жазып беруді сенім білдіруші, ал осы Кодекстің 374-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, сенім білдірілген адам осы бөлімде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      419-бап. Шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, өнім берушіні және (немесе) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі.

      Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады.

      2. Түзетілген шот-фактура:

      1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;

      2) мынадай ақпаратты:

      шот-фактура түзетілген болып табылатыны туралы белгіні;

      түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

      алғашқы шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

      күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.

      3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының бірінің:

      1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы Кодекстің 412-бабының 12-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;

      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуінің және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;

      3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қол қойылған және:

      заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;

      дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.

      4. Электрондық нысанда жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуіне келіспейтінін көрсетуге құқылы.

      Осы баптың ережелері осы Кодекстің 420-бабында көзделген жағдайларда қолданылмайды.

      420-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру

      1. Өнім беруші қосымша шот-фактураны мына жағдайларда:

      1) осы Кодекстің 383-бабына сәйкес айналым мөлшері түзетілген;

      2) осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда жазып береді.

      2. Қосымша шот-фактура:

      1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;

      2) мына ақпаратты:

      шот-фактураның қосымша болып табылатыны туралы белгіні;

      қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

      қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;

      айналым мөлшері өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын;

      қосылған құн салығы өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын;

      электрондық нысанда жазып берілген кезде айналым мөлшерін түзету сомасына айналым жасау күнін;

      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, "Салық кодексінің 197-бабын сақтамау" деген белгіні қамтуға тиіс.

      3. Қосымша шот-фактура жасалған күннен ерте емес және көрсетілген күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

      4. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының бірінің:

      1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы Кодекстің 412-бабының 12-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;

      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуінің және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;

      3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:

      заңды тұлғалар үшiн – егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;

      дара кәсiпкерлер үшiн – мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.

      5. Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай қосымша шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуіне келіспейтінін көрсетуге құқылы.

48-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

      421-бап. Қосылған құн салығын есептеу

      1. Салық салынатын импорт бойынша есептелген қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы салық кезеңі үшін мына тәртіппен:

      салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы есептеледі;

      минус

      осы Кодекстің 408, 409, 410-баптарында көзделген тәртіппен айқындалған есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы

      минус

      осы Кодекстің 411-бабына сәйкес айқындалған есепке жатқызылған қосылған құн салығының қосымша сомасы.

      2. Салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы мынадай:

      осы Кодекстің 422-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 386-393-баптарында көрсетілген және осы Кодекстің 386-393-баптарына сәйкес расталған өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 404-бабында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған салық салынатын айналымды көбейту

      плюс

      осы Кодекстің 422-бабы 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 386-393-баптарында көрсетілген және осы Кодекстің 386-393-баптарына сәйкес расталған, осы Кодекстің 383-384-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған өткізу бойынша айналымдарды көбейту тәртібімен айқындалады.

      3. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген есеп айырысу нәтижесі:

      1) оң мәнге ие болса, мұндай нәтиже осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;

      2) теріс мәнге ие болса, мұндай нәтиже есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі болып табылады.

      4. Бейрезидент үшін қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 422-бабы 1-тармағында көзделген мөлшерлемені бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшеріне қолдану арқылы есептеледі.

      422-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері

      1. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.

      2. Осы Кодекстің 386-393-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынады.

      Осы Кодекстің 386-393-баптарына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша көрсетілген айналым осы баптың 1-тармағында көрсетілген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.

      Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерінің, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің мөлшері мен оларды төлеу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.

      3. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстiң 380-бабы 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:

      1) тауар-материалдық қорлар бойынша – тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болған;

      2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша – оларды сатып алған күні қолданыста болған мөлшерлемелері қолданылады.

      423-бап.Салық кезеңі

      Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

      424-бап. Салық декларациясы

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін ұсынуға міндетті.

      Қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.

      Осы Кодекстiң 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша жиынтық түрде келісімшарт қызметі бойынша қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынады.

      2. Декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері ұсынылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

      Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұяшықтардың саны электрондық нысанда мыналарды:

      1) есептік салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттарды);

      2) есептік салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін ұсыну кезінде шектелмейді.

      Егер қосылған құн салығын төлеуші:

      салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште жазып берсе, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі;

      салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште алса, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.

      Егер қосылған құн салығын төлеуші:

      салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана жазып берсе, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына табыс етілмейді;

      салық кезеңі ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана алса, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына ұсынылмайды.

      3. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

      4. Осы Кодекстiң 85-бабы 4-тармағында көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын осындай есептен шығару жүргізілген есептік салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салық кезеңінің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

      425-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері

      Қосылған құн салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мына мерзімдерде:

      есептік салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей – әрбір салық кезеңі үшін бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының, сондай-ақ осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, бейрезидент үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы;

      2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде – импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;

      3) осы Кодекстің 85-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын салық органына табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей – осындай декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының сомасы бюджетке төленуге жатады.

      Егер қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы ұсынылған салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін ұсынылған, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталған жағдайда, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      426-бап. Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосылған құн салығы бойынша салықтың міндеттемесін орындау ерекшеліктері

      1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметтің шеңберінде қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемені мына тәсілдердің бірімен:

      қосылған құн салығының жай серіктестіктің аталған қатысушысына келетін үлесі бөлігінде қатысушының әрқайсысы;

      өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша, егер өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) талаптарында оператор осындай салықтық міндеттемені орындауға уәкілетті болса, оператор орындауға тиіс.

      2. Жай серіктестіктің (консорциумға) әрбір қатысушысының қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемесін орындауы кезінде:

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 417-бабының талаптарына сәйкес жазып беріледі;

      қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде осындай қатысушының әрқайсысы тапсырады;

      қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомасы жай серіктестіктің аталған қатысушысының үлесіне келетін бөлігінде қатысушының әрқайсысының жеке шотында көрсетіледі;

      қосылған құн салығының асып түскен бөлігін декларацияны ұсынған жай серіктестіктің (консорциумның) қатысушысына қайтару жүргізіледі;

      салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін табыс ету осы Кодексте белгіленген тәртіппен жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.

      3. Оператор өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемені орындаған кезде:

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) бойынша шот-фактуралар осы Кодекстің 412-бабының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен оператордың деректемелері көрсетіле отырып, жазып беріледі;

      қосылған құн салығы бойынша декларация мен декларацияға қосымша болып табылатын шот-фактуралардың тізілімін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асыратын қызметінің жиынтығы бойынша оператор тапсырады;

      қосылған құн салығының есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескеріле отырып) сомасы оператордың жеке шотында көрсетіледі;

      қосылған құн салығының асып түскен бөлігін операторға қайтару жүргізіледі;

      салықтық әкімшілік ету тәртібі, оның ішінде нұсқаманы, хабарламаны және салықтық тексеру актісін табыс ету осы Кодексте салық төлеушілер (салық агенттері) үшін көзделген тәртіпке сәйкес операторға қатысты қолданылады және бұл ретте көрсетілген құжаттар өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша салық төлеуші ретінде жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына табыс етілді деп есептеледі.

      4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша салық нысандарын жасау мен ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемені орындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есеп саясатында көрсетілуге және өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) қолданылу кезеңі өткенге дейін өзгермеген күйінде қалуға тиіс.

      427-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу

      1. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:

      1) жабдықтар;

      2) ауыл шаруашылығы техникасы;

      3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;

      4) тікұшақтар мен ұшақтар;

      5) теміржол локомотивтері мен вагондар;

      6) теңіз кемелері;

      7) қосалқы бөлшектер;

      8) пестицидтер (улы химикаттар);

      9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдық;

      10) тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

      Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Бұл ретте осы тізбеге өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі.

      2. Осы баптың есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу бөлігіндегі ережелері қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:

      1) одан әрі өткізуге арналмаған;

      2) халықаралық қаржы лизингін беруді қоспағанда, қаржылық лизингін беру мақсатындағы;

      3) осы баптың 1-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару белгіленген тәртіппен кедендік төлемдер мен акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төленген жағдайда қосылған құн салығын іс жүзінде төлемей жүргізіледі.

      4. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы қосылған құн салығы бойынша декларацияда есептеу мен есепке жатқызуда Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен бір мезгілде көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады.

      Бұл ретте осы бапта белгіленген:

      1) осы баптың 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген жануарларды мәжбүрлі түрде сою,

      немесе осындай жануарлардың кемуі (қырылуы) нәтижесінде;

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормалары шегінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу;

      2) бұрын әкелінген тауарларды кері экспорт рәсіміне сәйкес әкету;

      3) тауарлар шығарылғаннан кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару талаптары бұзушылық болып табылмайды.

      5. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл өткен соң өткізу импортталатын тауарларға қосылған құн салығы салынуға жатпайды.

      Осы тармақтың ережелері импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген, өзінің өндірістік мұқтаждықтары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өткізу кезінде де қолданылады.

      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақтың ережелері қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленген, өзінің өндірістік мұқтаждықтары үшін 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда әкелінген тауарларды 2008 жылғы 31 желтоқсаннан кейін қаржы лизингіне беру кезінде де қолданылады.

      428-бап. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу

      1. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын мынадай тауарлар:

      1) жабдық;

      2) ауыл шаруашылығы техникасы;

      3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;

      4) тікұшақтар мен ұшақтар;

      5) теміржол локомотивтері мен вагондар;

      6) теңіз кемелері;

      7) қосалқы бөлшектер;

      8) пестицидтер (улы химикаттар);

      9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар;

      10) тірі ірі қара мал бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

      Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Бұл ретте осы тізбеге өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын тауарлар енгізіледі.

      2. Осы баптың есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу бөлігіндегі ережелері қосылған құн салығын төлеуші әкелетін:

      1) меншігіне шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға сатып алу мақсатындағы және одан әрі өткізуге арналмаған;

      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатындағы;

      3) осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын жасауда пайдаланылатын тауарларға қатысты қолданылады.

      3. Қосылған құн салығын төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар бойынша декларациямен бір мезгілде салық органына:

      1) Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды;

      2) тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының нақты тауар кіші субпозициясына жатқызуға мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын қамтитын құжаттарды ұсынады. Қажет болған жағдайда фотосурет, суреттер, сызбалар, бұйымдардың паспорты, тауарлардың сынамалары, үлгілері және басқа да құжаттар ұсынылады.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздер белгіленген тәртіппен төленген жағдайда қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.

      5. Есепке жатқызу әдісімен төленген қосылған құн салығының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда есептеу мен есепке жатқызуда бір мезгілде көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап бес жыл ішінде осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады.

      Бұл ретте:

      1) осы баптың бірінші бөлігінің 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі түрде сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу немесе агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде осындай малдардың кемуі (қырылуы);

      2) Салық кодексінің 442-бабына сәйкес айқындалған импортталған тауарлар есепке қабылданған күннен кейін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.

      6. Осы баптың ережелері лизинг шартында көзделген лизингтік төлем сомасына келетін қосылған құн салығының сомасы бөлігінде сыйақы есептелмей, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларға да қолданылады.

49-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС

      429-бап. Есепке жатқызылатын салық сомасының салық кезеңi үшін есептелген салық сомасынан асып түсуі

      1. Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептiк салық кезеңiнiң соңында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кетуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып кетуi) қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылады.

      Қосылған құн салығының асып кетуі импортталаттын тауарлар және (немесе) бейрезиденттен жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеу есебіне есептелмейді.

      2. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған салық кезеңінің соңында қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалатын болса:

      1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;

      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, осы Кодекстің 431-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

      Осы тармақтың мақсатында нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге әрбір тоқсанда бір рет кезекті үш салық кезеңі ішінде жүзеге асырылатын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жатады. Бұл ретте тұрақты өткізу деп көрсетілген әрбір салық кезеңіндегі осындай өткізу танылады.

      3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда қосылған құн салығының асып кеткен сомасы қосылған құн салығын төлеушіге нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қайтарылады.

      Халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасы қосылған құн салығы бойынша декларацияда қосылған құн салығының асып кетукен сомасын қайтару туралы талап ұсынылған салық кезеңі үшін есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасына тасымалдаудың жалпы көлемінде халықаралық тасымалдаудың нақты көлемінің салыстырмалы салмағын қолдану арқылы есептеледі.

      4. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегінде жүргізіледі.

      5. Осы Кодекстің 434-бабы 2-тармағында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі құқығын пайдаланбаған жағдайда, Салық кодексінің 431-бабына сәйкес қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару тәртібін қолдануға құқылы.

      6. Осы баптың 2 және 3-тармағының ережелері:

      осы Кодекстің 432 және 433-баптарына сәйкес қайтару жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кеткен сомасына;

      осы Кодекстің 434-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушіге қолданылмайды.

      7. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығы сомасының асып кеткен сомасын айқындау кезінде:

      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар;

      салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасы ескерілмейді.

      8. Салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен кейін осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткен соң есептен шығарылуға жатады.

      Салық төлеушілердің жеке шоттарынан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын есептен шығару уәкілетті орган белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.

      9. Салық төлеуші қызметінің тоқтауына байланысты осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеуші қызметінің тоқтауына байланысты тарату декларациясы берілген салық кезеңінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасы қалыптасқан мөлшерде азайтылуға жатады.

      10. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

      430-бап Жекелеген негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару

      Мыналар:

      1) осы Кодекстің 435-бабында белгіленген тәртіппен кепіл қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілерге төленген;

      2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктері, шет мемлекеттердің консулдық мекемелері олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, дипломатиялық және осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынушыларға осы Кодекстің 436-бабында белгіленген тәртіппен төлеген;

      3) осы Кодекстің 101 және 102-баптарында белгіленген тәртіппен бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бюджеттен қайтарылуға жатады.

      431-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару тәртібі мен мерзімдері

      1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге қайтару:

      1) егер осы Кодекстің 432, 433, 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімде;

      2) салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қайтару туралы оның талабының негізінде жүзеге асырылады.

      2. Егер осы Кодекстің 432, 433, 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, тексеріс нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қосылған құн салығын төлеушіге мына мерзімдерде:

      қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап ұсынылған салық кезеңі үшін шот-фактураларды жазып беру мен алу электрондық нысанда ғана жүзеге асыратын салық төлеушіге, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын тәуекел аймағындағы салық төлеушілердің санатына жатқызылмаған жағдайда – отыз жұмыс күні ішінде;

      қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап ұсынылған салық кезеңі үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын салық төлеушіге – елу бес жұмыс күні ішінде;

      қалған жағдайларда – күнтізбелік жүз елу бес күн ішінде жүргізіледі.

      Бұл ретте қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару мерзімінің өтуі осы Кодексте қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген, осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, соңғы күн өткеннен кейін басталады.

      Осы тармақтың мақсатында:

      1) шағым жасау (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексеру актісі;

      2) осы Кодекстің 152-бабының 16-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.

      3. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасы:

      1) мыналар:

      шағын бизнес субъектілері;

      шаруа немесе фермер қожалықтары;

      ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнайы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;

      2) осы Кодекстің 411-бабының және 372-бабының 5-тармағы 28) тармақшасының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге қайтарылмайды.

      4. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге осы Кодекстің 104-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылады.

      5. Салық төлеуші декларацияда қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген, бюджеттен қайтарылған және салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын осы Кодекстің 96-бабының 2-тармағына сәйкес ол келіскен жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеріс нәтижелері туралы хабарлама негізінде салық төлеуші бюджетке төлеуге тиіс.

      Егер салық төлеушіге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағына сәйкес осы салық төлеушінің пайдасына бұрын өсімпұл есебіне жатқызу және аудару арқылы жүргізілген болса, салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған, салық төлеушіге бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетін өсімпұл осы Кодекстің 96-бабының 2-тармағына сәйкес ол келіскен жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төленуге жатады.

      8. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген сома осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде бюджеттен қайтарылған күннен бастап әр күн үшін өсімпұл есептей отырып бюджетке төленуге жатады.

      432-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарына қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару ерекшеліктері

      1. Егер қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс жайларды салуға байланысты сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай салық төлеушіге құрылыс кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға:

      1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;

      2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары;

      3) тұрғын емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатады.

      Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы құрылыс жайларға, спорт пен демалыс орындарына, әкімшілік мақсаттарға, тұрақ немесе автомобиль тұрақтарына, сондай-ақ мәдени-ойын сауық, қонақ үйге арналған, мейрамхана мақсатындағы құрылыс жайлардан басқа құрылыс жайлар жатады.

      Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыс жайларды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылыс жайларға жатқызу техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "дайын" құрылыс кезінде де қолданылады.

      Бұл ретте құрылыс кезеңі деп құрылыстың басталуы мен ғимараттарды, құрылыс жайларды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.

      Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ертерегі:

      1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн;

      2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн құрылыстың басталуы деп танылады.

      Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

      1) салық төлеуші қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын немесе инвестициялық басым жобаны іске асыратын жаңадан құрылған ұйым болып табылса;

      2) құрылыс осы Кодекстің 282-бабының 1-тармағында көрсетілген ұзақ мерзімді келісімшарттың негізінде жүзеге асырылса;

      3) ғимараттар, құрылыс жайлар негізгі құралдар деп танылса;

      4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданса, қолданылады.

      Осы тармақта көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап ғимараттар, құрылыс жайлар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 48-бабының ережелері ескеріле отырып көрсетіледі.

      2. Егер қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеуші геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасса, мұндай қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп негізгі құрылыс материалдарын, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасасқан күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.

      Осы тармақтың ережесі қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (негізгі құрылыс материалдарын, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады.

      Салық төлеуші осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты, негізгі құрылыс материалдарын, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 48-бабының ережелерін ескере отырып көрсетеді.

      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған жинақталған асып кеткен сомасының дұрыстығын расталған салық кезеңінен бастап теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады.

      4. Осы баптың ережелері қайтарылуы осы Кодекстің 429 және 433-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығының асып кеткен сомасына, сондай-ақ қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарған кезде осы Кодекстің 434-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.

      433-бап. Төлеуші қосылған құнға қосылған құн салығының бақылау шотын пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару ерекшеліктері

      1. Осы бапта төлеуші қосылған құнға қосылған құн салығының бақылау шотын (бұдан әрі – бақылау шоты) пайдаланған кезде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару ерекшеліктері белгіленеді.

      Осы баптың мақсаттары үшін бақылауы шоты – қосылған құн салығын төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде ашқан және қосылған құн салығы бойынша есеп айырысудың қозғалысын есепке алу үшін, оның ішінде:

      импорт пен бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеу;

      тауарларды берушілерге қосылған құн салығын төлеу;

      тауарларды сатып алушылар (алушылар) қосылған құн салығын төлеу;

      қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есепке алу үшін пайдаланатын банктік шоты.

      2. Қосылған құн салығының сомасы бойынша есеп айырысу қосылған құн салығын төлеушілер арасында бақылау шоттарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

      Бұл ретте бақылау шотын пайдалану құқығына электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің қатысушылары болып табылатын қосылған құн салығын төлеушілер ие болады.

      Егер тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, қосылған құн салығының сомасы бойынша есеп айырысу оның банктік шотынан тауарды берушінің бақылау шоты болып табылмайтын өзге банктік шотына жүргізіледі. Бұл ретте бақылау шотын пайдаланатын тауарды беруші қосылған құн салығының мұндай сомасын өзінің бақылау шотына аударуға құқылы.

      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару құқығына мынадай:

      1) сатып алынған (алынған) тауарларды (лизинг нысаналарын), өндірісінде басқа да тауарларды пайдаланатын салық төлеушілер. Сатып алынған тауарлардың (лизинг нысандарының) тізбесін салық саясаты саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      Осы тармақшада көрсетілген сатып алынған (алынған) тауарлар (лизинг нысаналары сатып алынған (алынған) күннен бастап екі жыл ішінде одан әрі өткізілуге жатпайды;

      2) тауарларды экспортқа өткізетін;

      3) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпанияларына әуе кемелеріне құю үшін жанар-жағар май материалдарын өткізетін;

      4) салық төлеуші өзі өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында сатып алынған, шикізаттан өндірілген тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізетін;

      5) арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақ аумағына өткізетін салық төлеушілер ие.

      4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарлар бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуі бөлігінде жүргізіледі, олар бойынша қосылған құн салығын төлеу осы тауарларды өткізу бойынша айналым жасаған сенім берушілердің бақылау шоттарына жүргізеді.

      Осы баптың мақсаттары үшін қосылған құн салығын төлеуші бақылау шотын пайдалана отырып және пайдаланбай сатып алған және өткізген тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомалары бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

      5. Мыналар:

      тауарды жеткізуге арналған шарт (лизинг шарты);

      тауарды (лизинг нысанасын) алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      тауардың (лизинг нысанасының) тиеп-жөнелтілгенін растайтын, тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;

      сатып алынған тауар (лизинг нысанасы) үшін өнім берушінің бақылау шотына қосылған құн салығының сомасы есептелгені фактісін растайтын құжат осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін растайтын құжаттар болып табылады.

      Осы Кодекстің 44-тарауында көзделген құжаттар осы баптың 3-тармағы 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген тауарлар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін растайтын құжаттар болып табылады.

      6. Тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару бақылау шотын пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушіге он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Бұл ретте қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару мерзімінің өтуі осы Кодексте қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген, осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес ұзарту кезеңін ескере отырып, соңғы күн өткеннен кейін басталады.

      7. Егер бақылау шотын пайдаланатын қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелерді және салық кезеңінің қорытындысы бойынша тауарларды жеткізушілермен және (немесе) сатып алушылармен есеп айырысқаннан кейін бақылау шотында ақша қалдығы болса, онда қосылған құн салығының көрсетілген сомасы салық төлеушінің ұйғарымы бойынша бюджетке аударылады және осы Кодекстің 101-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.

      Осы тармақтың ережесі қайта құру арқылы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, бақылау шотын қолданатын салық төлеуші таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда да қолданылады.

      8. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 434-бабына сәйкес салық төлеушілерге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару кезінде қолданылмайды.

      9. Осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген шартты қосылған құн салығын төлеуші орындамаған жағдайда, бюджеттен өтелген қосылған құн салғының асып кеткен сомасы осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде бюджеттен қайтару күнінен бастап әрбір күн үшін өсімпұл есептей отырып, бюджетке төлеуге жатады.

      434-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі

      1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі алдын ала салықтық тексеру жүргізбей қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырудан тұрады.

      2. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны ұсынған, салық мониторингінде кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ететін күнге салық есептілігін табыс ету бойынша орындалмаған салық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.

      Салық мониторингіне жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сәйкес келетін салық төлеуші бөліну, бөлініп шығу, қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылған кезде, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылатын тұлғаның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) өтеді.

      Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, салық мониторингіне жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сәйкес келетін салық төлеуші бірігу немесе қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде, егер бірігу немесе қосылу арқылы қайта ұйымдастырылатын барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылғанға дейін салық мониторингіне жататын салық төлеуші болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.

      Салық мониторингіне жататын салық төлеуші – заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бірігу немесе қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқықтық мирасқорына өтеді.

      Осы тармақшаның төртінші бөлігінің ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

      бірігу және (немесе) қосылу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың біреуі салық мониторингіне жататын салық төлеуші болып табылса және осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келсе;

      бірігу немесе қосылу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күні ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса, қолданылады.

      Осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) қатысты қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі немесе көлденең мониторинг туралы келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.

      Бұл ретте:

      ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер үшін – есептік салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 70 пайызынан аспайтын мөлшерде;

      көлденең мониторингтегі салық төлеушілер үшін – есептік салық кезеңінде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасынан 90 пайыздан аспайтын қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жатады.

      3. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару осы Кодексте қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін белгіленген (ұзарту кезеңін ескере отырып), қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетілген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      435-бап. Грант қаражаты есебiнен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

      1. Грант қаражаты есебiнен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша:

      1) Грант алушыға – Қазақстан Республикасының грант беру туралы халықаралық шартына сәйкес бенефициар болып табылатын мемлекеттік органға және егер Қазақстан Республикасының көрсетілген халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындаушыға;

      2) орындаушыға – грантты іске асыру үшін грант алушы болып тағайындалған тұлғаға (бұдан әрі – орындаушы) төленген қосылған құн салығын қайтару жүргізіледі.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, грант қаражаты есебiнен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынушыларға төленген қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары, егер бiр мезгілде мынадай шарттар сақталса:

      1) грант қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған кепіл мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желiсi арқылы берілсе;

      2) грант тек қана тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін беріліп, олар сол мақсаттарда ғана сатып алынса;

      3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету гранталушымен грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүзеге асырылса, грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайтарады.

      3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын грант алушыларға немесе орындаушыларға осы Кодекстің 101, 102-баптарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығының грант қаражаты есебiнен төленгенін растайтын құжаттар негiзiнде қайтару жүргiзiледi.

      4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару үшін грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішке қоса грант алушы немесе орындаушы орналасқан жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды:

      1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекет үкіметі не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін;

      2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушімен жасасқан шарттың (келісімшарттың) көшірмесін;

      3) қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінген кезде оның орындаушы ретінде тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін;

      4) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тиеп жөнелтілгенін және алынғанын растайтын құжаттарды;

      5) қосылған құн салығының сомасын бөлек жолға жазып көрсете отырып, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын өнім беруші жазып берген шот-фактураны;

      6) жүкқұжатын, тауар-көлік жүкқұжатын;

      7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;

      8) белгіленген тәртіппен ресімделген, грант алушы немесе орындаушы орындаған және қабылдаған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің актілерін;

      9) алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін ақы төленгенін, оның ішінде қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтаруды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын грант алушы немесе орындаушы да жүргізеді.

      436-бап Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне қосылған құн салығын қайтару

      1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі – өкілдіктер) және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда дипломатиялық өкілдіктерге, осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге (бұдан әрі – персонал), Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзара түсіністік қағидатын растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргізіледі.

      Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бекіткен тізбеге енгізілген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органдары жүзеге асырады.

      2. Өзара түсіністік қағидаты негізге алынып, бірқатар өкілдіктерге қатысты қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.

      Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

      3. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын қоса алғанда, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген әрбір жеке шот-фактурада және төлеу фактісін растайтын құжаттарда сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерін құраған немесе одан асып түскен жағдайда, өкілдіктерге қосылған құн салығы қайтарылады.

      Осы тармақта белгіленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақыға қолданылмайды.

      4. Салық органдары өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелерінің негізінде қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырады.

      Өкілдік персоналының мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу құжаттарының көшірмелері қосымша ұсынылады.

      Өкілдіктер есепті тоқсанға сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште тоқсан сайын жасайды, мөрмен куәландырылады және оған басшы не өкілдіктің соған уәкілеттік берген лауазымды адамы қол қояды.

      Өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болу мерзімінің аяқталу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына беріледі.

      5. Өзара түсіністік қағидаты расталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымы Қазақстан Республикасында аккредиттелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) ілеспе құжатпен бірге береді.

      6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына қосылған құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.

      Қосылған құн салығының сомасын қайтарудан бас тартылған жағдайда, салық органдары қандай бұзушылықтар жіберілгенін және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды.

      7. Өкілдіктер ұсынған құжаттарда бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы бөлек жолмен жазып көрсетілмеген жағдайда, салық органдары тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге қарсы тексеру жүргізеді.

      Егер қарсы тексеру жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар осы баптың 6-тармағында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жойылмаған болса, қосылған құн салығын қайтару бұзушылық анықталмаған не жойылған сома шегінде жүргізіледі.

      Егер бұзушылықтар қарсы тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса ұсынылған қосымша жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) негізінде жүргізіледі.

      Тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тоқсанның ішінде қайтаруға ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасын өкілдіктер қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса ұсынылған жиынтық ведомостың (тізілімнің) негізінде қайтаруға ұсынуы мүмкін.

      8. Өкілдіктер құжаттарды салық органдарына мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жібереді.

      Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде өкілдіктің мөрі басылған мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасы табыс етіледі.

      9. Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкілдіктердің және (немесе) өкілдік персоналының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашқан тиісті шоттарына жүргізеді.

50-ТАРАУ. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТА ТАУАРЛАРДЫ ЭКСПОРТТАУ МЕН ИМПОРТТАУ, ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ, ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      437-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы тараудың ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында жасалған халықаралық шарттардың негізінде белгіленген және тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығы бөлігінде салық салуды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудада оған салықтық әкімшілік етуін реттейді.

      Егер осы тарауда тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығын салу, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік ету бөлігінде Кодекстің басқа тарауларында қамтылатын өзге нормалар белгіленсе, онда осы тараудың нормалары қолданылады.

      Осы тарауда тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығын салуға, сондай-ақ оның салықтық әкімшілік етуіне қатысты реттелмеген мәселелер осы Кодекстің басқа тарауларымен, сондай-ақ осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актімен реттеледі.

      Осы тарауда қолданылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.

      Егер Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар көзделмесе, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын өндіріп алуды салық органдары салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылатын, осы Кодекстің 422-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүзеге асырады.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасында тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды салық органдары салық төлеуші ұсынған салық есептілігінің, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы мемлекеттік органдардан және өзге де тұлғалардан алынған мәліметтердің және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырады.

      Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.

      2. Осы тараудың мақсатында лизинг шарты бойынша мүлікті (лизинг нысанасын) үш жылдан астам мерзімге беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:

      1) мүлікті (лизинг нысанасын) лизинг алушының меншігіне тіркелген баға бойынша беру лизинг шартында айқындалса;

      2) лизинг мерзімі мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін пайдалы қызмет мерзімінің 75 пайызынан асса;

      3) лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны лизингтің бүкіл мерзімінде мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін құнның 90 пайызынан асса, лизинг деп танылады.

      Осы тараудың мақсатында мұндай беру лизинг берушінің мүлікті (лизинг нысанасын) сатуы және лизинг алушының осы мүлікті (лизинг нысанасын) сатып алуы ретінде де қарастырылады. Бұл ретте, лизинг алушы - лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер тауарлар құнының бір бөлігінің лизинг алушыға ұсынылған кредит бойынша төлемдер ретінде қарастырылады.

      Осы тараудың мақсатында лизингтік төлем деп сыйақыны есептегенде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі түсініледі.

      Осы тараудың мақсатында жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда немесе олар бойынша лизинг шарты, осындай шарттар жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайда лизингтік мәмілелер лизинг деп танылмайды.

      Осындай мүлік (лизинг нысанасы) алынған (берілген) құнды, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, осы тараудың мақсатында лизинг шарты бойынша сыйақы деп мүлікті (лизинг нысанасын) лизингке беруге байланысты барлық төлемдер түсініледі.

      438-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын төлеушілер

      Мыналар:

      1) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған тұлғалар;

      2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаушы тұлғалар:

      резидент-заңды тұлға;

      егер ол шарттың (келісімшарттың) тарапы болып табылған жағдайда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      егер резидент-заңды тұлға мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тауарларды алушы болып табылса, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

      қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлға;

      Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға;

      қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент – заңды тұлға;

      сенімгерлік басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлік басқару шарттары бойынша қызметін жүзеге асыру шеңберінде тауарларын импорттаушы сенімгерлік басқарушылар;

      Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдары; Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемесі, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер;

      нотариаттық қызметті, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын жеке практикамен айналысатын адамдар;

      медиатордың қызметін жүзеге асыру мақсатында тауарларды импорттайтын медиаторлар;

      кәсіпкерлік қызмет мақсатында тауарларды импорттайтын жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.

      439-бап. Салық салу объектілері, салық салынатын айналымды айқындау

      Егер осы Кодекстің 440-бабында өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығы салынатын объектілер, сондай-ақ салық салынатын айналым осы Кодекстің 368, 369 және 373-баптарына сәйкес айқындалады.

      440-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды және салық салынатын импортты айқындау

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау тауарларды өткізу бойынша айналым болып табылады.

      2. Әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттамалары өзгертілмей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды уақытша әкету кезінде өткізу бойынша айналым болып табылмайды.

      3. Егер осы Кодекстің 378-бабының 2-тармағының негізінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылса, осы Кодекстің 372-бабының 2-тармағына сәйкес айналымдар оларды Еуразиялық экономикалық одақта өткізу бойынша айналым болып табылады.

      4. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлар (осы Кодекстің 451-бабының 2-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда);

      Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әкелінген (әкелінетін) көлік құралдарына қатысты да қолданылады;

      2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдер болып табылатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

      5. Мыналар:

      1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттамалары өзгертілмей, кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды уақытша әкелу;

      2) бұрын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына уақытша әкетілген, қасиеттері мен сипаттамалары өзгертілмей, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып табылмайды.

      Осы тармақтың ережелері:

      1) жылжымалы мүлік пен көлік құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары бойынша;

      2) көрмелер мен жәрмеңкелерге тауарларды уақытша әкелу кезінде қолданылады.

      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 387-бабының 1-тармағында көзделген халықаралық тасымалдар бойынша қызметтер көрсетілетін көлік құралдарына қолданылмайды.

      Осы тармақта көрсетілген тауарлар өткізілген жағдайда, осындай тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып танылады және осындай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде қосылған құн салығын салуға жатады.

      6. Жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:

      1) кәсіпкерлік қызметтен басқа мақсаттарда жеке тұлғалар әкелетін тауарларды;

      2) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарларды импорттау кезінде алынбайды.

      7. Салық төлеуші осы баптың 2, 5-тармақтарды және 6-тармақтардың 2) тармақшада көрсетілген тауарларды әкелу (әкету) кезінде салық органдарын хабардар етуге міндетті.

      Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай, қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға тауарларды уақытша әкелген кезде, хабарлама беру міндеті тауарларды уақытша пайдалануға алған Қазақстан Республикасының салық төлеушісінде туындайды.

      Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаның нысанын, оны салық органдарына берудің тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

      441-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны

      1. Тауарларды өткізу орны осы Кодекстің 378-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.

      2. Егер:

      1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса;

      Осы тармақшаның ережелері жылжымайтын мүлікті мүліктік жалдау, жалға беру және өзге де негіздермен пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерге қатысты да қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін жер учаскелері, жер қойнауы учаскелері, оқшауланған су объектілері және жермен тығыз байланыстының барлығы, яғни пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес зиянсыз көшіру мүмкін болмайтын объектілер, оның ішінде ормандар, көпжылдық екпелер, ғимараттар, құрылыстар, құбырлар, электр беру желілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорындар және ғарыш объектілері жылжымайтын мүлік деп танылады;

      2) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымалы мүлікке, көлік құралдарына тікелей байланысты болса (жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын мүліктік жалға беру, лизинг бойынша және өзге де негіздерде пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа);

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке, көлік құралдарына жатпайтын заттар жылжымалы мүлік болып танылады.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін теңіз және әуе кемелері, ішкі жүзу кемелері, аралас (өзен-теңіз) жүзу кемелері; жылжымалы теміржол немесе трамвай составының бірліктері; автобустар; тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, автомобильдер; жүк контейнерлері; карьерлік самосвалдар көлік құралдары деп танылады.

      3) мәдениет, өнер, оқыту (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер осы мемлекеттің аумағында көрсетілсе;

      4) осы мемлекеттің салық төлеушісі мыналарды:

      консультациялық, заңгерлік, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызметтерді, ақпаратты өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;

      ЭЕМ мен дерекқорлары (есептеу техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдері) үшін бағдарламаларды әзірлеу, оларды бейімдеу және түрлендіру, осындай бағдарламалар мен дерекқорларды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істейтін жағдайда, персонал беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алса;

      Осы тармақшаның ережелері:

      патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты растайтын өзге де құжаттарды, сауда таңбаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқаға беру;

      көлік құралдарын жалдға беруді, лизингті және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, лизингке және өзге де негіздерде пайдалануға беру;

      осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін басқа тұлғаны шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан тартатын тұлғаның қызметтер көрсетуі кезінде де қолданылады;

      5) егер осы баптың 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында өзгеше көзделмесе, осы мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны деп танылады.

      Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, лизингке және өзге негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.

      3. Мыналар:

      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық төлеушісі арасында жасалған жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);

      жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттар;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орнын растайтын құжаттар болып табылады.

      4. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы бөлімде реттелетін жұмыстың, қызметтің бірнеше түрін орындаса, көрсетсе және кейбір жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізудің басқа жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізуге қатысты қосымша сипаты бар болса, онда негізгі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны қосымша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.

      442-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау, салық салынатын импортты жасау күні

      1. Тауарларды экспортқа өткізу кезінде қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын, тауарларды сатып алушыға (бірінші тасымалдаушыға) ресімделген бастапқы бухгалтерлік (есептік) құжаттың жасалу уақыты бойынша алғашқы күн ретінде айқындалатын тиеп-жөнелту күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші импортталған тауарларды (оның ішінде олардың дайындау туралы шарттар (келісімшарттар) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарларды), сондай-ақ алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын заттар, тауарлар түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша алынған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импорт жасалған күн болып табылады.

      Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы тараудың мақсаттары үшiн:

      1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте осындай тауарларды тану (көрсету) күндерінің неғұрлым ертерегі;

      2) Қазақстан Республикасының аумағына мұндай тауарларды әкелу күні импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн болып табылады.

      Салық төлеушіде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген күндердің екеуі де болған жағдайда, көрсетілген күндердің неғұрлым кешірегі импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      тауарларды әуе немесе теңіз кемелерімен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуежайға немесе портқа әкелген күн;

      тауарларды халықаралық автомобиль қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күн болып табылады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) негізінде айқындалады, оның нысанын және ұсыну тәртібін уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесе отырып белгілейді. Салықтық әкімшілендіру мақсатында уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметтерді бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

      тауарларды халықаралық және мемлекетаралық теміржол көлігі қатынасымен тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекара маңындағы бiрiншi өткiзу пунктiне (стансасына) әкелген күн;

      тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы тасымалдау кезінде – тауарларды тапсыру пунктiне әкелген күн;

      тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жіберу кезінде – Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында пошта штемпелі қойылған күн;

      Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу күні туралы мәліметтер болмаған кезде, осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.

      Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте тауарларды тану (көрсету) болмаған кезде осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген күн импортталған тауарларды есепке қойған күн болып табылады.

      Осы тармақтың екінші – жетінші бөліктерінде көрсетілмеген өзге де жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру міндеті көзделмеген тұлғалар үшін импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды алуды (не сатып алуды) растайтын құжат жазып берілген күн бойынша айқындалады. Бұл ретте, тауарлардың жеткізілуін растайтын құжаттар болған кезде, тасымалдаушының тауарларды сатып алушыға берген күні импортталған тауарларды есепке қойған күн деп танылады.

      3. Сыйақыны есепке алмағандағы лизинг шартында көзделген (төлемнің нақты мөлшері мен жүзеге асырылу күніне қарамастан) тауарлар құнының (лизинг нысаналарына) бір бөлігін төлеу күні лизинг алушыға осы тауарларға (лизинг нысанасы) меншік құқығының өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.

      Егер лизинг шарты бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін күнге дейін белгіленсе, импортталған тауарларды есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасаудың бірінші күні болып табылады.

      Егер лизинг алушы лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдерді мерзімінен бұрын өтеуді үш жыл өткеннен кейін жүзеге асырса, түпкілікті есеп айырысу күні осы лизинг шарты бойынша салық салынатын импортты жасаудың соңғы күні болып табылады.

      Осы Кодекстiң 437-бабының 2-тармағында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған күн салық салынатын импортты жасау күні болып табылады.

      4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      Жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжатқа қол қойылған күн жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн деп танылады.

      Егер жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізілетін болса, онда бірінші басталатын күн:

      шот-фактура жазып берілген күн;

      әрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алған күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      Тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізу жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы олардың нәтижелерін өзінің өндірістік қызметінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету күнінде пайдалана алатын жағдайда, он екі ай және одан астам мерзімге жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді білдіреді.

      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын, қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) болып табылатын бейрезиденттен сатып алған жағдайда – жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттарға қол қою күні өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      443-бап. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау

      1. Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып, өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.

      2. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға ауысуы көзделетін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша олардың (лизинг нысаналарының) экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауарлардың (лизинг нысаналарының) бастапқы құнының әрбір лизингтік төлемге тура келетін бір бөлігі мөлшерінде әрбір лизингтік төлемді төлеу үшін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген күнге айқындалады.

      Бұл ретте тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құны деп сыйақыны есепке алмай, шартта көрсетілген лизинг нысанасының құнын түсіну керек.

      3. Зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері шартта (келісімшартта) көзделген берілетін (ұсынылатын) тауарлардың құны, шартта (келісімшартта) құны көрсетілмеген жағдайда тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген құн, шарттарда (келісімшарттарда) және тауарларға ілеспе құжаттарда құны көрсетілмеген жағдайда бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны ретінде айқындалады.

      Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін тауарларға ілеспе құжаттар деп халықаралық автомобиль жүкқұжаты, темір жол көлігінің жүкқұжаты, тауар-көлік жүкқұжаты, бірыңғай үлгідегі жүкқұжат, багаж ведомосы, пошта ведомосы, багаж түбіртегі, әуе жүкқұжаты, коносамент, сондай-ақ тауарларды құбыржол көлігі мен электр беру желілері арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесіп жүретін өзге де құжаттар, шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және буып-түю парақтары, сондай-ақ тауарлар туралы мәліметтерді, оның ішінде тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар түсініледі.

      4. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өткізілген тауарлар бағасы ұлғайту (азайту) жағына өзгерген кезде не өткізілген тауарлардың саны (көлемі) олардың тиісті сапасы және (немесе) жасақталымы болмауы себебінен қайтарылуына байланысты азайған кезде тауарлар экспорты кезіндегі салық салынатын айналымның мөлшері шарт (келісімшарт) қатысушылары экспортталған тауарлардың бағасын өзгерткен (қайтаруды келіскен) сол салық кезеңінде түзетіледі.

      444-бап. Салық салынатын импорттың мөлшерін айқындау

      1. Тауарлардың, оның ішінде оларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері сатып алынған тауарлардың құны негізінде айқындалады.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін сатып алынған тауарлардың құны салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты негізінде айқындалады.

      Салық салу мақсатында бағаны айқындау қағидаты шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес тауарлар үшін төленуге жататын мәміле бағасы негізінде сатып алынған тауарлар құнын айқындауды білдіреді.

      Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте, сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлардың құны ғана салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

      Егер шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасы сатып алынған тауарлардың, сондай-ақ басқа да шығыстардың құнынан тұратын болса және бұл ретте, сатып алынған тауарлардың құны және (немесе) басқа да шығыстардың құны бөлек көрсетілмесе, онда шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасы салық салынатын импорттың мөлшері болып табылады.

      3. Тауарлардың салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы енгізіледі.

      Лизинг шарттары бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшеріне акцизделетін тауарлар бойынша акциздің есептелген сомасы импортталған акцизделетін тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке алған күні енгізіледі.

      4. Тауар алмасу (бартерлік) шарттары (келісімшарттары), сондай-ақ зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар) бойынша алынған тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидатын ескере отырып, тауарлар құнының негізінде айқындалады.

      Бұл ретте тауарлардың құны шартта (келісімшартта) көзделген тауарлар бағасы, шартта (келісімшартта) тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде - тауарларға ілеспе құжаттарда көрсетілген баға, шарттарда (келісімшарттарда) және тауарларға ілеспе құжаттарда тауарлардың бағасы көрсетілмеген кезде – тауарлардың бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасы негізінде айқындалады.

      5. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері, акцизделетін қайта өңдеу өнімдері бойынша төленуге жататын акциздерді қоса алғанда, осы алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны негізінде айқындалады.

      6. Тауарларға меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортының мөлшері, осы баптың 2-тармағында көзделген салық салу мақсатында баға айқындау қағидаты ескеріле отырып, сыйақы есепке алынбай, осы Кодекстің 442-бабы 3-тармағында белгіленген күні көзделген тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі мөлшерінде айқындалады.

      Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің басталу күні тауарларды (лизинг нысанасын) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күніне дейін белгіленген болса, тауарлардың (лизинг нысаналарының) салық салынатын импортын жасаудың алғашқы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері, сыйақы есепке алынбай, лизинг шарты (келісімшарты) бойынша барлық лизингтік төлемдер сомасы ретінде айқындалады, оны төлеу мерзімінің басталған күні лизинг шартына (келісімшартына) сәйкес тауарларды (лизинг нысаналарын) лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленеді.

      Осы Кодекстің 437-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемдерді лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, салық салынатын импортты жасаудың соңғы күніндегі салық салынатын импорттың мөлшері лизинг шарты (келісімшарты) бойынша сыйақы есепке алынбаған барлық лизингтік төлемдер мен сыйақы есепке алынбаған өтелген төлемдер сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Осы Кодекстің 437-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ мүлікті (лизинг нысанасын) берген кезден бастап үш жыл өткеннен кейін лизинг шарты (келісімшарты) бұзылған жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, салық салу мақсатында баға айқындау қағидаты ескерілген, олар бойынша бұрын жанама салықтар төленген лизинг шарты (келісімшарты) бойынша лизингтік төлемдердің сомасына азайтылған (сыйақы есепке алынбаған) тауарлардың (лизинг нысаналарының) құны негізінде айқындалады. Бұл ретте лизинг шартымен (келісімшартымен) көзделген сыйақы көрсетілген жағдайлар басталғанға дейін салық салынатын импорт мөлшеріне қосылады.

      7. Салық органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін түзетуге құқылы.

      Бұл ретте салық төлеуші уәкілетті орган белгілеген, жоғарыда көрсетілген тәртіпті және (немесе) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, салық салынатын импорттың мөлшерін өз бетінше түзетеді.

      8. Импортталған тауарлар есепке қабылданған ай өткеннен кейін шартқа (келісімшартқа) қатысушылар осындай тауарлардың бағасын ұлғайту жағына өзгерткен жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

      445-бап. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшерін айқындау

      Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымның мөлшері осы Кодекстің 380, 381 және 382-баптарына сәйкес айқындалады.

      446-бап. Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлардың экспорты

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.

      Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын төлеушінің осы Кодекстің 46-тарауына сәйкес қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

      2. Осы баптың ережелері оларды дайындау туралы шарттар бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын, оларды дайындау бойынша жұмыстар орындалған Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілетін тауарларға қатысты да қолданылады. Көрсетілген тауарларға алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау нәтижесі болып табылатын тауарлар жатпайды.

      3. Меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша, зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарт (келісімшарт) бойынша, тауарларды дайындау туралы шарт (келісімшарт) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.

      447-бап. Тауарлар экспортын растау

      1. Мыналар:

      1) өзгерістер, толықтырулар және оларға қосымшалар ескеріле отырып, солардың негізінде тауарлар экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (бұдан әрі – шарттар (келісімшарттар), ал тауарлар лизингі немесе зат түрінде қарыз берілетін жағдайда – лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз беруді көздейтін шарттар (келісімшарттар), тауарларды дайындауға арналған шарттар (келісімшарттар);

      2) аумағына тауарлар импортталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы, жанама салықтардың төленгені және (немесе) оларды төлеуден босату және (немесе) төлеудің өзге тәсілі туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда);

      3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

      Магистральдық құбыржолды жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы тауарларды экспорттаған жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;

      4) зияткерлік меншік объектісіне құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік объектісін экспорттаған жағдайда - оның құны туралы зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

      2. Осы Кодекстің 393-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатын қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында өткізген жағдайда, өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттар:

      1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);

      2) қайта өңделетін өнімдердің экспорты жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттардың);

      3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жұмыстарын орындау фактісін растайтын құжаттар;

      4) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикiзатын әкетуді растайтын тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелері;

      Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы әкеткен жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;

      5) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің (аумағына қайта өңделетін өнімдер импортталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органының жанама салықтардың төленгені (босатылғаны немесе салық міндеттемелерін орындаудың өзге тәртібі) туралы белгісі бар қағаз жеткізгіште);

      6) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан қайта өңделетін өнімдерді әкетуді растайтын тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.

      Егер қайта өңдеу өнімдері аумағында алыс-берiс шикiзатын өңдеу бойынша жұмыстар орындалған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісіне өткізілсе, - осындай қайта өңдеу өнімдері тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар;

      Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы әкеткен жағдайда, тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі ашылған салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      Сыртқы сауда тауар айырбастау (бартер) операциялары бойынша қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.

      3. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау мынадай құжаттар:

      1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттардың);

      2) оның негізінде қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар);

      3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жұмыстарының орындалу фактісін растайтын құжаттар;

      4) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-берiс шикізатын әкетуді растайтын тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелері;

      Алыс-беріс шикізатын магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы әкеткен жағдайда тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;

      5) қайта өңдеу өнімдерінің Еуразиялық экономикалық одақ шегінен тысқары жерлерге әкетілуін растайтын тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелері;

      Қайта өңдеу өнімдерін магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы немесе электр беру желiлерi арқылы әкеткен жағдайда, тауарларға iлеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;

      6) тауарларды экспорттау кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар, сондай-ақ осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органының белгісі бар тауарлар арналған декларациясы;

      7) мынадай жағдайларда:

      тауарларды магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;

      кезең-кезеңмен декларациялау рәсімін қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкету кезінде;

      уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт кедендiк рәсiмiнде әкету кезiнде кедендiк декларациялауды жүргiзген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттiң кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларациясы;

      8) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде ол бойынша кеден органдарынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы хабарлама болатын, сондай-ақ тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылатын электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация негізінде жүзеге асырылады. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде, осы тармақтың 6) және 7) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      4. Сыртқы сауда тауар айырбасы (бартер) операциялары бойынша қайта өңдеу өнімдерінің экспорты жағдайында қосылған құн салығының қайтарылуға жататын сомасын айқындау кезінде шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген операция бойынша алынған тауарлар импортын (жұмыстардың орындалуын, қызметтердің көрсетілуін) растайтын құжаттардың болуы ескеріледі.

      448-бап. Еуразиялық экономикалық одақта халықаралық тасымалдарға салық салу

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта халықаралық тасымалдарға салық салу осы Кодекстің 387-бабына сәйкес жүргізіледі.

      2. Экспортталатын немесе импортталатын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақта магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу сатып алушыға не көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағындағы сатып алушыға дейін одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға экспортталатын немесе импортталатын тауарлар берілгенін растайтын құжаттармен жүзеге асырылған болса, халықаралық тасымал деп есептеледі.

      3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшiн мыналар:

      1) экспорттау жағдайында, тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;

      2) импорттау жағдайында, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;

      3) орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдау-тапсыру актiлерi;

      4) шот-фактуралар растайтын құжаттар болып табылады.

      4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің бірінің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше сол немесе басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен:

      1) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiлерiмен, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға қабылдау-беру актiлерiмен;

      2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымал деп есептеледі.

      449-бап. Еуразиялық экономикалық одақта алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарға салық салу

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарға, осы баптың 7-тармағында және осы Кодекстің 450-бабында көзделген, тауарларды өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі сақталған жағдайда нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

      2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өңдеу өнімдерін кейіннен сол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда мыналар:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);

      2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;

      3) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағына әкелінуін растайтын құжаттар (оның ішінде өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);

      4) қайта өңдеу өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілуін растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау);

      5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда);

      Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда, осы тармақшада көрсетілген өтініш не өтініштер тізбесі ұсынылмайды;

      6) осы Кодекстің 152-бабының 7-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар;

      7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растау болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, өңделген өнімді кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізген Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған алыс-беріс шикізатын өңдеуге, дайын өнімді жеткізуге арналған шарттарды (келісімшарттады);

      2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттарды;

      3) алыс-беріс шикізатын және дайын өнімді қабылдау-тапсыру актілерін;

      4) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені);

      5) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);

      6) алыс-беріс шикізатының меншік иесінен алынған алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті;

      7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды өңдеу шарттары туралы қорытындысын;

      8) осы Кодекстің 152-бабының 7-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған Қазақстан Республикасы аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі қайта өңдеу өнімдері кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында өткізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша жұмыстарды орындау фактісін растау үшін мыналарды:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттарды (келісімшарттарды);

      2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттарды;

      3) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);

      4) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);

      5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде ресімделген тауарларға арналған декларацияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органы растаған көшірмесін;

      6) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі, сондай-ақ тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылатын тауарлар декларацияны ұсынады. Осы тармақшада көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген құжатты ұсыну талап етілмейді;

      7) осы Кодекстің 152-бабының 7-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттарды;

      8) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын ұсынады.

      5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен өткізу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарға осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.

      6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.

      7. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу уәкілетті орган белгілеген тауарларды қайта өңдеу шарттарына сәйкес келуге тиіс.

      8. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерін атауын, сыныптамасын, олардың санын және құнын;

      2) қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күнін және нөмірін, өңдеу мерзімін;

      3) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын;

      4) қайта өңдеу сипаттамасын;

      5) қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

      9. Тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша салық органының рұқсатымен, егер олар өздерінің сипатталуы, саны, құны, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша қайта өңдеу өнімдеріне сәйкес келетін болса, қайта өңдеу өнімдерін өңдеушінің бұрын өндірген тауарларымен ауыстыруға жол беріледі.

      450-бап Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және ол алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күнінен бастап екі жылдан аспауға тиіс.

      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында салық салынатын импорт деп танылады және осы тарауға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап оған қосылған құн салығы салынуға тиіс.

      3. Көрсетілген баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында өткізу бойынша салық салынатын айналым деп танылады және осы Кодекстің 393-бабының 3-тармағында және осы Кодекстің 447-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізаты әкетілген күннен бастап осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуға жатады.

      Осы тармақтың мақсаттарында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағына қайта әкелінбеген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің көлеміне келетін алыс-беріс шикізаты бойынша салық салынатын айналымның мөлшері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясаты негізінде осындай қайта өңдеу өнімдерінің өзіндік құнына енгізілген алыс-беріс шикізаты құнының мөлшерінде айқындалады.

      Осы бапты қолдану мақсаттары үшін салық төлеушінің есепке алу саясатында белгіленген өзіндік құнды айқындау әдісі күнтізбелік бір жыл ішінде өзгертілуге жатпайды.

      451-бап Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт

      1. Мыналарды:

      1) егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса, осы Кодекстің 45-тарауында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы Кодекстің 441-баптың 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар болып табылады.

      Осы тармақшада көрсетілген қызметтердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісіне көрсететін халықаралық байланыс қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      2. Мынадай:

      1) осы Кодекстiң 399-бабы 1-тармағының 1) – 2), 4) – 13), 15) тармақшаларында көзделген тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақта көрсетiлген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін уәкілетті орган айқындайды;

      2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Тауарды сатып алуға негіз болған, кепілдендірілген қызмет көрсетуді көздейтін шарт (келісімшарт), тауарларға ілеспе құжаттары, шартқа (келісімшартқа) қатысушылар растаған кінә қою және ақау актісі кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде тауарлардың импортын растау болып табылады.

      3) бір мезгілде мынадай:

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесіне шикізаттар және (немесе) материалдарды енгізу;

      әкелінген шикізатты және (немесе) материалдарды салық төлеуші қызметті инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асыру кезінде ғана талап қою мерзімінің шегінде қосылған құн салығына пайдаланады.

      Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап кезекті бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген активті пайдалануға енгізілген айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі.

      Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке алған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төлеуге жатады.

      4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлғамен, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдары мен (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінде төленуге жатады.

      4. Қазақстан Республикасының лизинг алушы-салық төлеушісінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақысы қосылған құн салығынан босатылады.

      5. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға арнайы экономикалық аймағының аумағында осындай заңды тұлға өндірілген дайын өнім құрамында еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастырылған шикізат және (немесе) материалдарды импорттау кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.

      452-бап Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу тәртібі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы осы Кодекстің 46-тарауында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылады.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған шегінде есепке жатқызылады.

      Лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлардың импорты кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы бюджетке төленген, бірақ осы Кодекстің 444-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорттың мөлшеріне салық кезеңі үшін келетін қосылған құн салығының сомасынан аспайтын қосылған құн салығының сомасы болып табылады. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылған (есептелген), оның ішінде осы Кодекстің 101, 102  және 103-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу арқылы төленген қосылған құн салығының сомасы ағымдағы салық кезеңінде есепке жатқызылуға тиіс.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің лизинг алушы-салық төлеушісінің алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі лизингке берген кезде, Қазақстан Республикасының лизинг беруші-салық төлеушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы сыйақыны есепке алмай, әрбір лизингтік төлем бойынша тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына тура келетін бөлігінде айқындалады.

      453-бап Шот-фактура

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураны жазып беру тәртібі осы Кодекстің 47-тарауына сәйкес айқындалады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура:

      қағаз жеткізгіште – өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей;

      электрондық нысанда - өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, басқа мемлекеттің аумағына кейіннен қайта өңдеу өнімдері түрінде әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура әкетілетін алыс-беріс шикізатын өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалуын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.

      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 412-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ мыналар:

      1) өткізу бойынша айналым жасалған күн;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте сатып алушы салық төлеуші ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс.

      5. Қазақстан Республикасының салық төлеуші - лизинг берушісі Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы басқа мемлекеттің салық төлеушісі-лизинг алушысының алуына жататын тауарларды лизингке берген кезде шот-фактура лизинг шартында көрсетілген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде, іс жүзінде алынған төлем сомасынан аспайтын сыйақы есепке алынбай әрбір лизингтік төлем күніне жазып беріледі.

      Қазақстан Республикасының салық төлеуші-лизинг берушісінің сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолмен көрсетілуге тиіс.

      6. Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан әкелінген тауарларды өткізген кезде, шот-фактураны электронды түрде, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей жазып беріледі.

      454-бап Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындаудың ерекшеліктері

      1. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі (тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам, оператор) жүзеге асырады.

      Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың меншік иесі деп тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға түсінілуі керек.

      2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алса және бұл ретте тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі төлейді.

      3. Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі тауарларды комиссия шарты, Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне берілген тапсырма негізінде өткізсе және тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер, сенім білдірілген адам жүзеге асырады.

      4. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, қосылған құн салығы төленбеген тауарларды сатып алған жағдайда, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі, тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген адам (оператор) жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді бейрезидентпен оларды сатып алу-сатуға шарттар (келісімшарттар) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.

      Тауарларды сатып алу-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.

      Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі осындай сауда өткізілетіні туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса алғанда, оны өткізу басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын орналасқан жері бойынша салық органын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

      Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынса және бұл ретте тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – тауарлардың меншік иесі не сенім білдірілген адам (оператор) төлейді.

      455-бап. Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Еуразиялық экономикалық одақтағы комиссия тапсырмасы, шарттары бойынша қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері

      1. Комиссионер (сенім білдірілген адам) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген адамға) жүктеледі.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасын осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және осы Кодекстің 456-бабының 8-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш көшірмесінің негізінде есепке жатқызуға тиіс.

      2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

      3. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізуі бойынша айналым болып табылмайды.

      4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі – комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – комиссионер (сенім білдірілген адам) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген адам) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура жеткізушінің "комиссионер" ("сенім білдірілген адам") деген мәртебесі көрсетіле отырып жазып беріледі.

      Комиссионер (сенім білдірілген адам) сатып алушыға жазып берген шот-фактурада осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 1)–7) тармақшаларында белгіленген деректемелер, қосылған құн салығын есепке алмағанда тауарлардың құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолда көрсетіледі.

      Мұндай шот-фактураға комиссионерден (сенім білдірілген адамнан) алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініштің көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызуға негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген адам) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы комиссионердің (сенім білдірілген адамның) есебіне жатқызылмайды.

      5. Комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импортты жасау күні Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген адам) есепке қабылдаған күн болып табылады.

      Есепке қабылдау күні осы тармақтың мақсаты үшін комитенттің (сенім білдірушінің) комиссионердің (сенім білдірілген адамның) атына тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжатты жасау күні болып табылады.

      6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген адамның) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.

      456-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 48-тарауына сәйкес айқындалады.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған тауарлар жөніндегі жанама салықтар бойынша, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда табыс етуге міндетті.

      Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде мынадай құжаттарды:

      1) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз тасымалдағышта (төрт данада) және электрондық нысанда не электрондық нысанда табыс етеді.

      Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi;

      2) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін, және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салықтың міндеттеменің орындалуын растайтын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де төлем құжатын немесе уәкілетті орган берген, салық төлеушіге салық төлеу мерзімін өзгертуге құқық берілгендігін растайтын өзге де құжатты, немесе осы Кодекстің 451-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжаттарды табыс етеді.

      Бұл ретте аталған құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібінде, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиісті импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының жеке шоттарында артық төленген төлемдер болған жағдайда, салық төлеуші салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша аталған артық төленген сомаларды есепке жатқызуға немесе есеп айырысу шотына қайтаруға өтініш бермеген болса, табыс етілмейді.

      Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар есепті салық кезеңіне келетін, лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемнің мерзімі бойынша, осы тармақта белгіленген мерзімде табыс етіледі;

      3) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын, тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттарды табыс етеді. Егер тауарлардың жекелеген түрлерінің өткізілуі, оның ішінде тауарлардың көлік құралдарын пайдаланбай өткізілуі үшін мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, көрсетілген құжаттар табыс етілмейді;

      4) егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды шығару (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде оларды табыс етеді.

      Егер шот-фактураларды шығару (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген болса не тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, онда шот-фактураның орнына сатушы шығарған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат табыс етіледі;

      5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды негізінде сатып алуға негіз болған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында – лизинг шарттарын (келісімшарттарын), зат түрінде қарыз берілген жағдайда – қарыз шарттарын, тауарларды дайындау туралы шарттарда (келісімшарттарда), алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттарды (келісімшарттарды);

      6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі берген (ұйымның басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен куәландырылған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі туралы мынадай мәліметтер:

      тұлғаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіруші нөмір;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның (дара кәсіпкердің) толық атауы;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері;

      келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні;

      ерекшелік нөмірі мен күні туралы және импортталған тауарды сатып алу туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен жасалған шарт (келісімшарт) туралы ақпараттық хабарламаны (осы Кодекстің 454-бабының 2-6-тармақтарында көзделген жағдайларда) табыс етеді.

      Егер одан тауар сатып алынатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізетін тауардың иесі болмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген адам болып табылса), онда осы тармақшаның екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың меншік иесіне қатысты да табыс етіледі.

      Ақпараттық хабарлама шет тілінде табыс етілген жағдайда қазақ және орыс тілдеріне аудармасының болуы міндетті.

      Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылған жағдайда, ақпараттық хабарлама табыс етілмейді;

      7) комиссия немесе тапсырма шарттарын (келісімшарттарын) (олар жасалған жағдайда);

      8) комиссия немесе тапсырма шарттары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды олардың сатып алынған негіз болған шарттарды (келісімшарттарды) (қосылған құн салығын комиссионер, сенім білдірілген адам төлейтін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 454-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда) табыс етеді.

      Бөлшек саудада сатып алу-сату жағдайында осы тармақтың 3)-5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не сатып алынғанын) растайтын құжаттар (оның ішінде бақылау-касса машинасының чектері, тауар чектері, сатып алу актілері) табыс етіледі.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың 2)-8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен куәландырылған көшірмелерде табыс етілуі мүмкін.

      Бұл ретте көрсетілген құжаттардың көшірмелері соңғы парағында олардың жалпы саны көрсетіле отырып, тігілген, нөмірленген және соңғы парағын салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің (ол болған кезде) не салық төлеушінің шешімі бойынша оған уәкілеттік берілген өзге де адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша салық төлеушінің мөрі болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен куәландырылған кітап (кітаптар) түрінде табыс етілуі мүмкін.

      Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша салық төлеуші салық органына импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында көзделген құжаттарды табыс етеді. Кейіннен салық төлеуші салық органына лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) табыс етеді.

      Егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысанасын) әкелгеннен кейін басталған жағдайда, салық төлеуші салық органына импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1), 3) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды табыс етеді. Бұл ретте салық төлеуші импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініште қосылған құн салығы бойынша салық базасын көрсетпейді.

      Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу мерзімінің күні Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды (лизинг нысаналарын) әкелген күнге дейін белгіленген жағдайда салық төлеуші салық органына импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1)-5) тармақшаларында көзделген құжаттарды табыс етеді.

      Кейіннен салық төлеуші салық органына лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан – салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды (олардың көшірмелерін) табыс етеді.

      Импорталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысанын, оны жасау және табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төленуі туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық нысандағы өтінішті (өтініштерді):

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуден босатылып және (немесе) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар;

      2) осы Кодекстің 458-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші;

      3) осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда салық төлеуші табыс етеді.

      4. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш (өтініштер) электрондық нысанда ғана табыс етілген кезде, осы баптың 3-тармағының 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар табыс етілмейді.

      Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.

      5. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

      Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтардың сомасы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініште (өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес келуі тиіс.

      Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайту жағына өзгертілген жағдайда импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

      6. Тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде жанама салықтарды есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осындай импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі келетін күнтізбелік ай болып табылады.

      Бұл ретте салық кезеңі ішінде салық міндеттемесін орындауға жол беріледі.

      7. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация осы Кодекстің 209-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ тауарларды әкелуі және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш ұсынылмаған жағдайда салық органдарына ұсынылмаған болып есептеледі.

      Тауарларды әкелуі және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш осы Кодекстің 209-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс етілмеген жағдайда салық органдарына ұсынылмаған болып есептеледі.

      8. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініште салық органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.

      Осы баптың 4-тармағына сәйкес табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды салық органы электрондық нысандағы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге жанама салықтардың төлену фактісін растау туралы электрондық нысанда хабарламаны жіберу арқылы жүргізеді.

      9. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге қағаз жеткізгіштегі уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.

      Осы баптың 4-тармағына сәйкес табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы электрондық нысандағы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық нысандағы уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.

      10. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда, салық төлеуші уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтінішті табыс етуге міндетті.

      11. Осы Кодекстің 444-бабының 8-тармағына сәйкес импортталған тауарлардың бағасы ұлғаю жағына өзгерген жағдайда, қағаз жеткізгіште және электрондық нысандағы импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар импортталған тауарлар бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей табыс етіледі.

      Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініште сатып алынған импортталған тауарлардың өзгертілген құны көрсетіледі.

      Мыналар: бағаны өзгерту туралы шарт (келісімшарт), салық салынатын импорт бойынша және қосылған құн салығы бойынша өзгертілген мән қамтылған қосымша шот-фактура (егер шот-фактураны шығару (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда) және (немесе) импортталған тауарлар бағасының өзгергенін растайтын өзге де құжат импортталған тауарлар бағасының ұлғайғанын растайтын құжаттар болып табылады.

      457-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспорты немесе алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық органына осы Кодекстің 424-бабында көзделген қосылған құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымша болып табылатын өтініштердің тізбесін табыс етуге міндетті.

      2. Салық төлеушісі тауарларды импорттаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдарына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш электрондық нысанда алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органы тауарлар экспортын жүзеге асырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне осындай өтінішті алғаны туралы хабарлама жібереді.

      Осы тармақта көрсетілген хабарлама осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жіберіледі.

      3. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар орындалған жағдайда тауарларды өткізу бойынша экспорт кезінде, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың электрондық нысанда келіп түспеген кезде қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 425-бабына белгіленген төлеу мерзімінде осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық төлеуге міндетті.

      Осы тармақта көрсетілген қосылған құн салығы сомаларын есептеуді салық органы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізеді.

      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомалары уақтылы және толық төленбеген жағдайда, салық органы мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын осы Кодексте айқындалған тәртіппен қолданады.

      5. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 3-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін электрондық нысанда келіп түскен жағдайда, қосылған құн салығының төленген сомалары осы Кодекстің 101 және 102-баптарына сәйкес есепке жатқызылуға және қайтарылуға жатады.

      Бұл ретте осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдың төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.

      458-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтінішті кері қайтарып алу

      1. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш салық төлеушінің орналасқан жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органына табыс етілген салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде салық органдарынан кері қайтаруға жатады.

      2. Салық төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті мынадай:

      1) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш қате табыс етілген;

      2) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде жағдайларда, оның ішінде осы Кодекстің 459-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда;

      3) осы Кодекстің 459-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтінішті кері қайтарылған жағдайларда табыс етуге құқылы.

      3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтінішті кері қайтарып алу мынадай:

      1) қате табыс етілген немесе тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себебі бойынша толық көлемде қайтарылған, импортталған тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініштер бойынша қолданылатын салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабынан алып тастау;

      2) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші бір мезгілде жаңа өтінішті табыс ете отырып, бұрын табыс етілген өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүзеге асыратын ауыстыру әдістердің бірімен жүргізіледі.

      Осы тармақтың мақсатында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш, егер мұндай өтінішті табыс ету міндеті осы Кодексте көзделмеген жағдайда, қате табыс етілген болып есептеледі.

      4. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бір мезгілде салық төлеушi импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияны табыс етуге міндетті.

      Осы тараудың мақсатында импортталған тауарлар бойынша қосымша декларация, тұлға импортталған тауарлар бойынша осы тұлға салық төлеуші болып табылатын, жанама салықтар жөніндегі өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын кезең үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде табыс етіледі. салық есептілігі болып табылады

      Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация хабарлама бойынша, осы тұлға импортталған тауарлар бойынша салық төлеуші болып табылатын осы тұлға жанама салықтар жөніндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды салық органы анықтаған кезең үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде табыс етілетін салық есептілігі болып табылады.

      5. Салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтінішке:

      1) салықтық тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген қосылған құн салығы және акциз бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде – тексерiлетiн салық кезеңiнде;

      2) салық төлеушінің шағымында көрсетілген қосылған құн салығы және акциз бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.

      6. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейдi.

      459-бап. Тауарлардың импорты кезінде төленген қосылған құн салығының сомаларын түзету тәртібі

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себебі бойынша осындай тауарлар әкелінген ай өткенге дейін ішінара және (немесе) толық қайтару жүзеге асырылған жағдайда, осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда, сондай-ақ тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініште көрсетілмейді.

      2. Тауарлар тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себебі бойынша осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін ішінара қайтарылған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда, сондай-ақ кері қайтарып алынған өтініштің орнына табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініште көрсетілуге жатады.

      3. Тауарлар тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себебі бойынша осындай тауарлар әкелінген ай өткеннен кейін толық қайтарылған кезде осындай тауарлар жөніндегі мәліметтер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетілуге жатады. Осындай тауарлар бойынша табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш осы Кодекстің 458-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес алып тастау әдісімен кері қайтарып алынады.

      4. Осы баптың мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себебі бойынша толық және (немесе) ішінара қайтарылуын растайтын құжаттар:

      1) экспорттаушы салық төлеушімен және импорттаушы салық төлеушімен келісілген, тиісті сапада және (немесе) жасақталымда болмауы себебі бойынша қайтарылуға жататын, импортталған тауарлардың саны туралы мәліметтерді қамтитын кінә қою;

      2) тауарды қабылдап алу-беру актілері (қайтарылған тауарларды тасымалдау болмаған жағдайда);

      3) көліктік құжаттар (тауардың ілеспе құжаттары) (қайтарылған тауарлар тасымалданған жағдайда);

      4) жою актілері (тауарлар жойылған жағдайда) болып табылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері қағаз жеткізгіште салық органына осы Кодекстің 456-бабы 2-тармағының 2)-8) тармақшаларында көзделген құжаттармен бір мезгілде табыс етіледі.

      5. Қосылған құн салығын салуға мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи зиян нормалары шегінде салық төлеуші көтерген тауарлар шығыны;

      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған тауарлардың бүлінуі жатпайды.

      Осы баптың мақсаттары үшін тауарлар шығыны деп нәтижесінде тауарлардың жойылуы немесе жоғалуы болған оқиға түсініледі. Тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, оның нәтижесінде осы тауар салық салынатын айналым мақсаттары үшін пайдаланылуы мүмкін емес.

11-БӨЛІМ. АКЦИЗ 51-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      460-бап. Акцизді қолдану

      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 462-бабында көрсетілген тауарларға акциз салынады.

      461-бап. Төлеушілер

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;

      2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;

      4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстің 462-бабының 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін осы тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;

      5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстiң 462-бабында көрсетілген тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, акцизделетiн осы тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;

      6) осы Кодекстің 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

      2. Кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттайтын жеке тұлғалар да акцизді төлеушілер болып табылады.

      Акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган белгілейді.

      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, бейрезидент заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.

      4. Осы Кодекстің 462-бабы бірінші бөлігінің 5) – 7) тармақшаларында көрсетілген тәркіленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын салуды және шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акцизді төлеушілер болып табылмайды.

      462-бап. Акцизделетін тауарлар тізбесі

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар акцизделетін тауарлар:

      1) спирттің барлық түрлері;

      2) алкоголь өнімі;

      3) темекі бұйымдары;

      4) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтық;

      5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

      6) шағын автобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан да көп адам тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлік құралдары;

      адамдар тасымалдауға арналған қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

      қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

      7) шикі мұнай, газ конденсаты;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім болып табылады.

      Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шығарылған елі бойынша акциз салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды.

      Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес айқындалған импортталатын тауарлардың қосымша тізбесінде көрсетілген тауарларға акциз мөлшерлемелерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      463-бап. Акциз мөлшерлемелері

      1. Акциз мөлшерлемелері заттай түрдегі өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.

      2. Алкоголь өнiмiне акциз мөлшерлемесі осы баптың 1-тармағына сәйкес не құрамында сусыз (жүз пайыздық) спирт болуының көлемiне байланысты бекiтiледi.

      3. Спирттің барлық түрiне және шарап материалына акциз мөлшерлемелері спиртті және шарап материалын бұдан әрi пайдалану мақсаттарына қарай сараланады.

      4. Акциз сомасын есептеу мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:

      1) осы Кодекстің 462-бабының 1) – 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

Р/с

ЕАЭКСЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз мөлшерлеме лері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған))

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

Денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 75 теңге/литр

6.

3003, 3004-ден

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім

100% спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сыра мен сыра сусынынан басқа)

100% спирт 2550 теңге/литр

8.

2208

Коньяк, бренди

100% спирт 250 теңге/литр

9.

2204, 2205,
2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205,
2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205,
2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

57 теңге/литр

13.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

12 300 теңге/1 000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

12 300 теңге/1 000 дана

16.

2402-ден

Сигариллалар

6 225 теңге/1 000 дана

17.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/дана

18.

2403-ден

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7345 теңге/
килограмм

19.

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702-ден

микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары

100 теңге/текше см

8703-ден

қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, басты түрде адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

8704-ден

қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

7345 теңге/1 кг темекі қоспасымен

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

5 теңге/
сұйықтық миллилитрі

      2) осы Кодекстің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға акциздер мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Ескертпе: тауар номенклатурасы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының кодымен айқындалады.

52-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН, ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

      464-бап. Салық салу объектісі

      1. Мыналар:

      1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

      акцизделетін тауарларды өткізуі;

      акцизделетiн тауарларды алыс-берістік негiзде қайта өңдеуге беруi;

      алыс-берiстік, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды, қайта өңдеу өнiмi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;

      жарғылық капиталға жарнасы;

      акцизделетін тауарларды заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларынан басқа, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;

      өндірушінің акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;

      өндiрушiнің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;

      өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан орнын ауыстыруы;

      2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;

      3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;

      4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген, акцизделген тауарларды өткiзуі;

      5) акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы;

      6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.

      2. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қаралады.

      3. Мыналар:

      1) егер осы Кодекстiң 471-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;

      2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын квоталар шегiнде:

      тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін;

      өз қызметін бастағаны туралы белгіленген тәртіппен хабарлама жасаған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына берілетін этил спиртіне;

      3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 172-бабының 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирті бар өнімге акциз салудан босатылады.

      465-бап. Операция жасалған күн

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.

      2. Өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.

      3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берілген күн операция жасалған күн болып табылады.

      Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасау күні болып табылады. Қабылдау-беру актілерімен расталған, заттай түрдегі акцизделетін тауарларды автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не мұнай берушіге меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде тиесілі оның резервуарына немесе құю станцияларына құбыржол бойымен айдау арқылы нақты тиеп-жөнелту тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.

      Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.

      Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеудің белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес қайта өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.

      Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылған жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ оның орындалуын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде ұсынады.

      4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде көрсетілген тауарларды осындай пайдалануға берілген күн операция жасалған күн болып табылады.

      5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан орнын ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан орнын ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.

      6. Акцизделетін тауарлар, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды есептен шығару актісін, акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын жоюға есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.

      Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

      7. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.

      Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылданған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алынған күн болып табылады.

      466-бап. Салық базасы

      Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.

      Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны бойынша салық базасы берілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.

      467-бап. Әртүрлi мөлшерлемелер белгiленген жағдайда спирттің барлық түрiне және шарап материалына салық салу ерекшелiктерi

      1. Осы Кодекстiң 463-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түрiне және шарап материалына әртүрлi акциз мөлшерлемелері белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр мөлшерлемемен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.

      2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмiн өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiлер болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрi және шарап материалы үшiн белгiленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеуді және акциз төлеудi спиртті немесе шарап материалын алушы жүргiзедi.

      3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтикалық препараттар шығару және медициналық қызметтер көрсету үшiн сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндірушілер мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттiк медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушiлер болып табылады.

      468-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы

      1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және импортталатын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінетін акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.

      Осы ереже одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

      2. Осы баптың мақсаттары үшiн:

      1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің), оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi деп түсініледі;

      2) нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы болған оқиға акцизделетiн тауардың жоғалуы деп түсініледі.

      Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамда регламенттейтін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды.

      469-бап. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.

      Осы Кодекстің 172-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізінде жүргізіледі.

      2. Темекі бұйымдарының импорты кезінде берілген акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары мынадай:

      1) акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінген, жоғалған;

      2) бүлiнген акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаған жағдайларда, қайта есептеуге жатады.

      3. Темекі бұйымдарына берілген акциздік маркалар бүлiнген, жоғалған кезде мынадай:

      1) акциздік маркалар төтенше жағдайлар салдарынан бүлінген, жоғалған;

      2) бүлінген акциздік маркаларды салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаған жағдайларда, акциз төленбейді.

      470-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемшарттары

      1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетiн тауарларды бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:

      1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;

      2) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатын оларды одан әрі өткізу мақсатында қайта өңдеу нәтижесінде бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын алған, мұнайды жеткізуші;

      3) осы Кодекстің 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына өзінің меншікті бензинін (авиациялық бензиндi қоспағанда) және (немесе) дизель отынын одан әрi өткiзу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеушi берушілер болып табылады деген шартпен пайдалануға міндеттенсе, аталған тауарларды өткiзу көтерме сауда арқылы өткiзу саласына жатқызылады.

      Көтерме саудада өткізу саласына бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге жөнелту де жатады.

      2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында көрсетілген берушілер жүзеге асыратын мынадай:

      1) алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің тұлғаларға олардың өндiрiстiк мұқтаждары үшiн өткiзуі, сондай-ақ беруі;

      2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткiзу;

      3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады.

      471-бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау

      1. Акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжаттар мыналар:

      1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);

      2) акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiсi бар тауарлар декларациясы немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесi болып табылады.

       Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргiзген кеден органының белгісі бар, тауарлардың толық декларациясы экспортты растау ретінде болады;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi болып табылады.

      Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;

      4) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашылған Қазақстан Республикасындағы банк шоттарына акцизделетiн тауарларды өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банктің үзінді көшiрмесi болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді қоспағанда) акцизделетiн тауарлардың экспорты кезінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген акцизделетiн тауарлар импортының елінде ресiмделген тауарлар декларациясы қосымша құжат болып табылады.

      3. Акцизделетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына экспорттаған кезде осы Кодекстің 464-бабының 3-тармағына сәйкес акциз төлеуден босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына акциз жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 447-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, осы Кодекстің 447-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

      Бұл ретте салық төлеуші акциз жөніндегі декларацияны қоспағанда, көрсетілген құжаттарды операция жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде салық органына ұсынуға құқылы.

      4. Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды нақты әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы да акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарлар декларациясы болған кезде осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген құжаттарды табыс ету талап етілмейді.

      5. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткiзу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткiзу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға жатады.

      6. Осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімдер өткен соң экспортқа акцизделетін тауарларды өткізу расталған жағдайда осы баптың 5-тармағына сәйкес төленген акциз сомалары осы Кодекстің 101 және 102-баптарына сәйкес есепке жатқызуға және қайтаруға жатады.

      Бұл ретте акцизделетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына экспортқа өткізуді растамауға байланысты есептелген өсімпұлдардың төленген сомасы қайтаруға жатпайды.

      472-бап. Акциз сомасын есептеу

      Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.

      473-бап. Салық базасын түзету

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық базасы акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салық кезеңінде түзетіледі.

      Осы бапқа сәйкес салық базасының мөлшерін түзету түзетуге жататын акциздің сомасы бөлек жолмен жазып көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негізді растайтын екіжақты актілердің және шартта (келісімшартта) көрсетілген қайтару жағдайларын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      Акцизделетін тауарларды өндіру мекенжайына өндірушіге қайтару кезінде салық базасының мөлшерін түзету, егер өндіруші акцизделетін тауарлардың өндіру мекенжайынан орны ауыстырылып, өткізілмеген жағдайда, өндірушінің тауарларға ілеспе құжаттарының негізінде жүргізіледі.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден акцизделетін тауарлар импорты кезінде салық базасының мөлшерін түзету осы Кодекстің 459-бабының 1, 2 және 4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      2. Осы Кодекстің 462-бабының 3) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауар бойынша салық базасын акцизделетін тауар өндіруші, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндірушінің ауыстырылуына байланысты бұрын акциз төленген жағдайда, экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.

      Осы тармақта көзделген салық базасын түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салық кезеңінде жүргізіледі.

      Бұл ретте осы түзету ескеріле отырып, салық базасының теріс мәні болуы мүмкін.

      474-бап. Салықтан шегеру

      1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 472-бабына сәйкес есептелген акциз сомасын осы бапта белгiленген шегерулерге азайтуға құқығы бар.

      2. Осы бапқа сәйкес басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған акцизделетін тауарлар бойынша Қазақстан Республикасында төленген акциз сомалары шегеруге жатады.

      3. Мыналар:

      1) акцизделетiн тауарларды сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында;

      2) өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін;

      3) алыс-берістік акцизделетін шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомалары шегеруге жатады.

      Спирттің барлық түрлеріне, шикі мұнайға, газ конденсатына акциз сомалары шегеруге жатпайды.

      4. Салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негізінде есептелген акциз сомасына шегеру жасалады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу кезінде төленген акциз сомаларының шегерімі мынадай құжаттар:

      1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;

      2) төлем құжаттары немесе акцизделетін шикізатқа төлем жасалғанын растайтын бақылау-кассалық машинаның чектерін қоса бере отырып, кіріс-кассалық ордерге түбіртек;

      3) акцизделетін шикізат берудің тауар-көлік жүкқұжаттары;

      4) акциздің сомасы бөлек жолмен жазып көрсетілген шот-фактура;

      5) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

      6) өндіріске акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.

      6. Өзі өндірген акцизделетін шикізат үшін төленген акциз сомаларының шегерілуі мынадай құжаттар:

      1) төлем құжаттары немесе акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;

      2) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

      3) өндіріске акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.

      7. Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін шикізаттың импорты кезінде Қазақстан Республикасында төленген акциз сомаларының шегерілуі мынадай құжаттар:

      1) акцизделетін шикізатты сатып алу-сату шарты;

      2) төлем құжаттары немесе кедендік декларациялау кезінде акциздің бюджетке төленгенін растайтын өзге де құжаттар;

      3) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан акцизделетін шикізаттың импорты кезінде импортталатын акцизделетін шикізатқа арналған тауарлар декларациясы немесе Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорт кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш;

      4) купаж парақтары (алкоголь өнімін өндіру кезінде);

      5) өндіріске акцизделетін шикізатты есептен шығару актісі болған кезде жүзеге асырылады.

      8. Алыс-берістік акцизделетін шикізаттан Қазақстан Республикасының аумағында дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде төленген акциз сомасы да мынадай құжаттар:

      1) алыс-берістік акцизделетін шикізаттың меншік иесі мен қайта өңдеушінің арасындағы алыс-беріс шикізатын өңдеу туралы шарт;

      2) төлем құжаттары немесе алыс-берістік акцизделетін шикізат меншік иесінің акцизді бюджетке төлегенін растайтын өзге де құжаттар;

      3) акцизделетін шикізатты босатуға арналған жүкқұжат немесе қабылдау-беру актісі болған кезде шегеруге жатады.

      9. Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегеруге жатпайды.

      475-бап. Акциз төлеу мерзімдері

      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға арналған акциз есептік салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады.

      2. Алыс-берістік шикiзат пен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнім тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берiлген күнi төленедi.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген шикi мұнайды, газ конденсатын өнеркәсiптiк қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берiлген күнi төленедi.

      4. Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, осы Кодекстiң 462-бабының 2) тармақшасында белгiленген акцизделетiн тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.

      5. Салық органдарының тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініштегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тиісті белгіні қою жолымен растауы не растаудан дәлелді бас тартуы уәкілетті орган көздеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      476-бап. Акциз төленетін жер

      1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, акциз төлеу ол төленетін объектінің орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

      2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын акциз төлеушiлер акцизді салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жерi бойынша төлейдi.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарлар импортталған жағдайда акцизді төлеу акциз төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жүргізіледі.

      477-бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер салық кезеңі ішінде жүргізген акциз салынатын операциялар бойынша акциздің есептемесі (бұдан әрі бөлім бойынша – акциз бойынша есептеме) жеке жасалады.

      Акциз бойынша есептеме негізінде құрылымдық бөлімше, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциздің сомасы айқындалады.

      2. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшенің, салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына акциз бойынша есептемені осы Кодекстің 478-бабында белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.

      Бір салық органында тіркелген салық салуға байланысты бірнеше объектісі бар акциз төлеушілер барлық объектілер үшін акциз бойынша бір есептемені табыс етеді.

      3. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер, салық салуға байланысты объектілер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң банк шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледi.

      4. Дара кәсіпкерлер салық салуға байланысты объектілер үшін төленуге жататын акциз бойынша есеп айырысуды салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша табыс етеді.

      478-бап. Салық кезеңі және акциз бойынша салық декларациясы

      1. Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.

      2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер өзiнің орналасқан жерi бойынша салық органына акциз жөнiндегі декларацияны есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-і күнінен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.

      3. Акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша есеп айырысу табыс етедi.

      4. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан акцизделетін тауарларды импорттаушы салық төлеушілер орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, осы Кодекстің 456-бабының 5-тармағында белгіленген нысанда және тәртіппен импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны ұсынуға міндетті. Осындай декларациямен бір мезгілде осы Кодекстің 456-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылады.

      Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация және тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеуі туралы өтініш осы Кодекстің 456-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда салық органына ұсынылмаған болып есептеледі.

53-ТАРАУ. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ

      479-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық базасы

      Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады.

      480-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төлеу мерзiмдерi

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциз, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кедендік төлемдерін төлеу үшін айқындалған күні кеден iсi мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен төленеді.

      2. Осы Кодекстің 172-бабына сәйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейiн төленедi.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарлар импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарлардың импорты күніне қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.

      3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша (таңбаланатын акцизделетін тауарларды қоспағанда) акциз импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей төленеді.

      Таңбаланатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жүргізіледі.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталуы акцизді төлемей жүзеге асырылған акцизделетін тауарлар, оларға байланысты төлеуден босату немесе төлеудің өзге де тәртібі ұсынылғандардан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, осы акцизделетін тауарларға осы Кодекстің 463, 479-баптарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіппен және акциздің мөлшерлемелері бойынша акциз салуға жатады.

      481-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың импорты

      1. Жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.

      2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:

      1) жолда жүру уақытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар;

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;

      3) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;

      4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында босатылатын акцизделетін тауарлар;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

12-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ 54-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      482-бап. Төлеушілер

      1. Мыналар:

      1) дара кәсiпкерлер;

      2) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      3) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;

      4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар;

      5) тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.

      2. Мынадай салық төлеушілер:

      1) арнаулы салық режимін:

      патент негізінде;

      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қолданатын салық төлеушілер;

      2) осы Кодекстің 290-бабының 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін қимыл-тірек аппараты бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылмайды.

      3. Резидент заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің:

      осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу;

      осындай құрылымдық бөлімш есептеген, төлеген төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттемелерді бір мезгілде орындауын тануға құқылы.

      Резидент-заңды тұлғаның мұндай шешімді қабылдауы немесе оның күшін жоюы осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімшенің құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      483-бап. Арнайы салық режимдерiн қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері

      Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және ұсынуды:

      1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін – осы Кодекстің 78-тарауының ережелерін ескере отырып;

      2) оңайлатылған декларация негізінде – осы Кодекстің 687– 689-баптарына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатын төлеушілер жүргізеді.

      Осы Кодекстің 484, 485, 486, 487, 488-баптарының ережелерін осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген төлеушілер қолданбайды.

      484-бап. Салық салу объектісі

      1. Арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы Кодекстің 482-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер үшін салық салу объектісі төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны болып табылады.

      2. Мыналардың:

      1) жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабы 1-тармағында көрсетілген кірістері (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген шығыстары) бойынша жұмыс берушінің;

      2) осы Кодекстің 220-бабы 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша салық агентінің шығыстары осы Кодекстің 482-бабы 1-тармағының 3),4) және 5) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

      3. Салық салу объектісінен:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті әлеуметтік жарналар;

      2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

      3) "Салықтар және бюджетке төленетін міндетті басқа ада төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 341-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында белгіленген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында белгіленген кірістер;

      4) осы Кодекстің 654-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында белгіленген кірістер алып тасталады.

      4. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген, осы баптың 3-тармағы ескеріле отырып айқындалған салық салу объектісі күнтізбелік ай үшін бір теңгеден бастап республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күні қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшеріне дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі осындай ең төменгі жалақы негізге алына отырып айқындалады.

      485-бап. Салық мөлшерлемелері

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық:

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 9,5 пайыз;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеледі.

      2. Дара кәсiпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар, өзi үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде және әрбiр жұмыскер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің 1 еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салықты есептейді.

      Осы тармақтың ережесі:

      1) өздерінің осы Кодекстің 213-бабына сәйкес салық есептілігін табыс етуін уақытша тоқтата тұруы кезеңінде салық төлеушіге;

      2) арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерге;

      3) есептік салық кезеңінде кіріс алмаған адамдарға қолданылмайды.

      3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық мөлшерлемелері осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген.

55-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

      486-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі

      1. Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы осы Кодекстің 485-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 484-бабы 2-тармағында айқындалған салық салу объектісіне осы Кодекстің 484-бабы 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.

      2. Арнайы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 484-бабы 1-тармағында айқындалған салық салу объектісіне әлеуметтік салықты осы Кодекстің 485-бабы 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді.

      3. Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салықтың сомасынан асып кеткен немесе олардың сомалары тең болған кезде бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

      4. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік салықты осы Кодекстің 709-бабының 9-тармағында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

      5. Мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган өз шешімімен өз құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) аумақтық органдарының мыналар:

      осындай құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу;

      осындай құрылымдық бөлімшелердің және (немесе) аумақтық органдардың жұмыскерлеріне есептелген, төленген төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерін бір мезгілде орындауын тануға құқылы.

      6. Мемлекеттік мекемелер салық кезеңіне есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.

      7. Салық кезеңінде осы баптың 6-тармағында көрсетілген әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесі салық кезеңіне ауыстырылады.

      487-бап. Әлеуметтік салықты төлеу

      1. Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық кезеңінен кейiнгi айдың 25-і күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

      2. Құрылымдық (аумақтық) бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты төлеу осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

56-ТАРАУ. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

      488-бап. Салық кезеңі

      1. Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

      2. Күнтізбелік тоқсан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация жасау үшін есептік кезең болып табылады.

      489-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі декларация

      1. Төлеушiлер жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есептік кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.

      2. Әлеуметтік салықты есептеу және оны төлеу бойынша міндеттер жүктелмеген құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімшенің орналасқан жеріндегі салық органына жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөнінде декларацияға осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімше бойынша жеке табыс салығы сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны ұсынады.

13-БӨЛІМ . КӨЛІК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ 57-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      490-бап. Салық төлеушілер

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

      Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.

      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:

      1) осы Кодекстің 697-бабында көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері – аагроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып белгіленген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы өнімін өзі өндіруі процесінде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша;

      2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері – осындай арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын төмендегі қажеттілік нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша;

      1) бір шаруа немесе фермер қожалығына қозғалтқышының көлемі 2500 текше сантиметрге дейін қоса алғанда бір жеңіл автомобиль бойынша;

      2) бір шаруа немесе фермер қожалығына 1:1 арақатынасты сақтай отырып, қозғалтқышының шекті жиынтық қуаты егіндіктің (шабындықтардың, жайылымдардың) 1000 гектарына 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері бойынша көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды.

      Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлік құралдарының саны бөлшекті мәні 0,5-тен бір бірліктен және одан жоғары бірлікті құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бірліктерге дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.

      Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерінің саны бір бірліктен кем болса, қозғалтқыштың қуаты барынша төмен бір жүк автомобилі босатылуға жатады.

      3) мемлекеттік мекемелер;

      4) осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес келетін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша –;

      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;

      6) меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер –салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2) және 4) тармақшаларының ережелері – осындай көлік құралдары пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдауға беру (жалға беру) жағдайларында қолданылмайды.

      4. Осы баптың 3-тармағы 5) және 6) тармақшаларының ережелері осы тармақшаның ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның онда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына (жатпайтынына) қарамастан, салық кезеңі ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты, тіркеу әрекеттері жүргізілген, қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.

      5. Осы баптың 3-тармағы 5) және 6) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы бар адамның салық кезеңі ішінде меншік құқығында бірнеше автокөлік құралдары болған жағдайда, осы ережелер есептелген салық сомасы ең көп автокөлік құралдарының біріне қатысты қолданылады.

      6. Осы баптың 3-тармағы 5) және 6) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың бірінші күніне дейін қолданылады.

      Осы баптың 3-тармағы 5) және 6) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салық кезеңі ішінде тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылатын айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.

      7. Мемлекеттік мекемелер сенімгерлік басқаруға берген көлік құралы салығын төлеуші осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.

      491-бап. Салық салу объектілері

      1. Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.

      2. Мыналар:

      1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан жоғары карьерлiк автосамосвалдар;

      2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;

      3) Қазақстан Республикасы халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері;

      4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер салық салу объектiлерi болып табылмайды.

58-ТАРАУ. САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

      492-бап. Салық мөлшерлемелері

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:

Р/с

Салық салу объектісі

Салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Қозғалтқышының көлемі бойынша мынадай сараланған жеңіл автомобильдер ( текшее см.):


1100-ге дейін қоса алғанда

1

1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда

2

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

3

2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда

6

2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда

9

3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда

15

4000-нан жоғары

117

2.

Жүк көтергiштiгi бойынша мынадай сараланған жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):


1 тоннаға дейін қоса алғанда

3

1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаға дейін қоса алғанда

5

1,5 тоннадан жоғары 5 тоннаға дейін қоса алғанда

7

5 тоннадан жоғары

9

3.

Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары

3

4.

Отыратын орнының саны бойынша мынадай сараланған автобустар:


отыратын 12 орынға дейін қоса алғанда

9

отыратын 12-ден жоғары 25 орынды қоса алғанда

14

отыратын 25 орыннан жоғары

20

5.

Қозғалтқышының қуаты бойынша мынадай сараланған мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер:


55 кВт-ға дейiн қоса алғанда (75 ат күшi)

1

55 кВт-дан асатын (75 ат күшi)

10

6.

Қозғалтқышының қуаты бойынша мынадай сараланған катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (ат күшімен көрсетілген);


160-қа дейін қоса алғанда

6

160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда

18

500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда

32

1000-нан жоғары

55


7.

Ұшу аппараттары

қуаттың әрбір киловатына айлық есептік көрсеткіштің 4 пайызы

8.

Мыналар:
кез келген санаттағы поездарды магистральдық жолдармен жүргiзу үшiн;
магистральдық, станциялық және тар табанды және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн;
өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдары мен магистральдық және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамы

көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы

Тар табанды және кең табанды магистральдық және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын моторлы-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық рельстік көліктің көлік құралдары

көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы

      2. Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi: 

Р/с

Салық салу объектісі

Салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Қозғалтқышының көлемі мынадай сараланған жеңіл автомобильдер (текше см.):


3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда

35

3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда

46

3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда

66

4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда

130

5 000-нан жоғары

200

      3. Салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

      4. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:

      1) жеңiл автомобильдерге:

      В санатындағы (ВЕ, В1 қоса алғанда) автомобильдер;

      жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (автомобиль-пикаптар);

      рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатына (ВЕ қоса алғанда) қойылатын талаптардан асатын, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;

      2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, жүк автомобильдерiне С санатындағы (СЕ, С1Е, С1 қоса алғанда) автомобильдер жатады;

      3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгiленбесе, арнайы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдығы бар автомобильдер жатады;

      4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, автобустарға D санатындағы (DЕ, D1Е, D1 қоса алғанда) автомобильдер жатады.

      5. Қозғалтқышының көлемі 1500 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер бойынша салық сомасы осы баптың 1 немесе 2-тармағында белгіленген қозғалтқыш көлемі бойынша тиісті саралаудың ең төменгі шекарасынан асып кеткен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғаяды.

      6. Осы баптың мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді әкелу күні оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні болып есептеледi.

      7. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппараттарының салық мөлшерлемелеріне мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

      1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алынған ұшу аппараттарына:

      пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда – 2,0;

      пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары – 3,0.

      8. Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауда) көрсетілген шығарылған жылы негізге алына отырып есептеледі.

      9. Жүк және арнайы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) нұсқауда көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқауда) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы мен көлік құралының жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.

      493-бап. Салықты есептеу тәртiбi

      1. Салық төлеушi салық салу объектiсіне осы Кодекстің 492-бабына сәйкес салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.

      2. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осы Кодекстің 78-тарауының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралы салығын есептеуді жүргізеді.

      3. Көлік құралы меншік құқығында шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы осындай құқықта нақты болған кезең үшiн жылдық салық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы осындай құқықта нақты болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.

      4. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

      1) беруші тарап үшiн:

      салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы берілген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;

      салық кезеңiнiң iшiнде беруші тарап сатып алған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы алынған айдың бiрiншi күнiнен бастап осындай құқық берілген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;

      2) алушы тарап үшiн – салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы алынған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн осындай құқықты берген берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.

      5. Жеке тұлғалар сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірінші күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншік құқығы тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшiн есептейді.

      6. Көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналатын көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.

      Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің осы тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Заңды тұлғалар салық кезеңінің басында меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында болған көлік құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді:

      1) егер көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде туындаған және салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін тоқтатылмаған жағдайда – осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;

      2) егер салық кезеңінің басынан бастап салық кезеңінің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы:

      тоқтатылған жағдайда – салық кезеңінің басынан бастап осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;

      туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап мұндай көлік құралдарына осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;

      3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерінде есептейді. Бұл ретте, салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңінің басынан бастап көлік құралдарына осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.

      8. Заңды тұлғалар салық кезеңінің 1 шілдесінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезеңде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы туындаған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді есептемейді және ағымдағы төлемдердің есептемесін ұсынбайды. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен есептелген салық сомасы көрсетіледі.

      9. Есептік салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың көлік құралы салығы бойынша есеп айырысулар сальдосын айқындау мақсатында салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтердің негізінде есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде салық есептеуді жүргізеді.

      494-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі

      1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

      2. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын салық кезеңінің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi жүргiзедi.

      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.

      Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы осы Кодексте белгіленген тәртіппен көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін бюджетке енгізілуге тиіс.

      4. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

      5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңі үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

59-ТАРАУ. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

      495-бап. Салық кезеңі

      Көлiк құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңi 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл болып табылады.

      496-бап. Салық есептілігі

      1. Төлеуші – заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есептемесін ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей, сондай-ақ декларацияны есептiк жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына ұсынады.

      2. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігін Бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша түрінде ұсынады.

14-БӨЛІМ. ЖЕР САЛЫҒЫ 60-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      497-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады.

      2. Жердің сол немесе өзге санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:

      1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендер жерлерi;

      2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

      3. Жердің мынадай санаттары:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi;

      2) орман қорының жерi;

      3) су қорының жерi;

      4) запастағы жер салық салуға жатпайды.

      Осы жер (запастағы жердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, олар осы Кодекстiң 508-бабында белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.

      4. Жер салығы мыналардың:

      1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;

      2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.

      498-бап. Төлеушілер

      1. Мынадай:

      1) жеке меншiк құқығындағы;

      2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

      3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

      2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше жер салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар:

      1) арнайы салық режимі таратылатын, қызметте қолданылатын жер учаскелерi бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары үшін осы арнайы салық режимін қолданатын осы салық төлеушілер;

      2) мемлекеттік мекемелер;

      3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeуi, кәмелет жасқа толғанға дейін мүгедек-балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

      тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi;

      үй маңындағы жер учаскелерi;

      және құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi;

      гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

      5) "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар:

      тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

      үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

      6) жеке тұратын зейнеткерлер:

      тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

      үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

      7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін заңды мекенжайы (олардың тұратын жерінің мекенжайы) бойынша тек зейнеткерлер ғана тіркелген зейнеткерлер жеке тұратын зейнеткерлер теп танылады;

      4. Осы баптың 3-тармағының 3) – 7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті жалға беру (жалдау) шарты бойынша берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

      5. Мемлекеттік мекемелер сенімгерлік басқаруға берген жер учаскелері бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.

      499-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi айқындау

      1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.

      Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы болып табылады.

      2. Жеке тұлғалардың ортақ бірлескен меншігіндегі салық салу объектілері бойынша салық төлеуші осы салық салу объектісінің меншік иелерінің келісімі бойынша олардың бірі болуы мүмкін.

      Бұл ретте меншік құқығын мемлекеттік тіркеу 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген ортақ бірлескен меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық төлеуші осындай объектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға өтініште меншік иелері көрсеткен аталған салық салу объектісінің меншік иелерінің бірі болуы мүмкін.

      3. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін мыналар:

      1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде – жер учаскесін беру туралы мемлекеттік органдардың актілері;

      2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады.

      4. Лизинг алушы қаржы лизингiнің шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.

      500-бап. Салық салу объектісі

      1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде – жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.

      2. Мыналар:

      1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.

      Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желiлерi, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерге жатады;

      2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылмайды.

      Бөлінген белдеудегi ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының желiсi алып жатқан жерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылғылар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жер жатады;

      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi;

      4) жалға берiлетiн үйлердi күтiп-ұстау үшiн сатып алынған жер учаскелерi;

      5) осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар орналасқан жер учаскелері салық салу объектiсi болып табылмайды.

      501-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау

      1. Темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол стансалары, сапаржайлар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен темiржол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiржол көлiгiнің ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.

      2. Электр беру желiлерiнің тiректерi мен кiшi станциялар алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесiнің ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

      3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

      4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

      502-бап. Салық базасы

      Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң және (немесе) жер үлесінің алаңы салық базасы болып табылады.

61-ТАРАУ. САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

      503-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері

      1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге салынатын жер салығының базалық мөлшерлемелері бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

      2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жеріне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:

Р/с

Бонитет балы

Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

1.

1

2,4

2.

2

3,35

3.

3

4,35

4.

4

5,3

5.

5

6,25

6.

6

7,25

7.

7

8,4

8.

8

9,65

9.

9

10,8

10.

10

12,05

11.

11

14,45

12.

12

15,45

13.

13

16,4

14.

14

17,35

15.

15

18,35

16.

16

19,3

17.

17

20,45

18.

18

21,7

19.

19

22,85

20.

20

24,1

21.

21

26,55

22.

22

28,95

23.

23

31,35

24.

24

33,75

25.

25

36,2

26.

26

38,6

27.

27

41

28.

28

43,4

29.

29

45,85

30.

30

48,25

31.

31

72,35

32.

32

77,7

33.

33

82,95

34.

34

90,4

35.

35

93,8

36.

36

99,1

37.

37

104,4

38.

38

110

39.

39

115,3

40.

40

120,6

41.

41

144,75

42.

42

150,05

43.

43

155,35

44.

44

160,85

45.

45

166,15

46.

46

171,45

47.

47

176,8

48.

48

182,4

49.

49

187,7

50.

50

645

51.

51

217,1

52.

52

222,45

53.

53

227,75

54.

54

233,25

55.

55

238,55

56.

56

243,85

57.

57

249,15

58.

58

254,75

59.

59

260,05

60.

60

265,35

61.

61

289,5

62.

62

303,15

63.

63

316,3

64.

64

329,75

65.

65

343,05

66.

66

356,55

67.

67

369,8

68.

68

383,3

69.

69

396,6

70.

70

410,1

71.

71

434,25

72.

72

447,75

73.

73

460,95

74.

74

474,45

75.

75

487,8

76.

76

501,3

77.

77

514,55

78.

78

528,05

79.

79

541,35

80.

80

554,85

81.

81

91

82.

82

595,1

83.

83

611,05

84.

84

627,25

85.

85

643,35

86.

86

659,3

87.

87

675,5

88.

88

691,6

89.

89

707,55

90.

90

723,75

91.

91

747,85

92.

92

772

93.

93

796,1

94.

94

820,25

95.

95

844,35

96.

96

868,5

97.

97

892,6

98.

98

916,75

99.

99

940,85

100.

100

965

101.

100 жоғары

013,3

      3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктерiндегi шөлдi аймақтардың жерiне бонитет балына пропорционалды түрде жер салығының мынадай базалық салық мөлшерлемелері белгiленедi:

Р/с

Бонитет балы

Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

1.

1

2,4

2.

2

2,7

3.

3

2,9

4.

4

3,1

5.

5

3,35

6.

6

3,65

7.

7

3,85

8.

8

4,05

9.

9

4,35

10.

10

4,8

11.

11

7,25

12.

12

9,15

13.

13

11,1

14.

14

12,75

15.

15

14,65

16.

16

16,6

17.

17

18,55

18.

18

20,25

19.

19

22,2

20.

20

24,1

21.

21

26,55

22.

22

28,95

23.

23

31,35

24.

24

33,75

25.

25

36,2

26.

26

38,6

27.

27

41

28.

28

43,4

29.

29

45,85

30.

30

48,25

31.

31

50,65

32.

32

53,05

33.

33

55,45

34.

34

57,9

35.

35

60,3

36.

36

62,7

37.

37

65,15

38.

38

67,55

39.

39

69,95

40.

40

72,35

41.

41

74,8

42.

42

77,2

43.

43

79,6

44.

44

82

45.

45

84,45

46.

46

86,85

47.

47

89,25

48.

48

91,65

49.

49

94,1

50.

50

96,5

51.

51

98,9

52.

52

103,3

53.

53

103,75

54.

54

250,15

55.

55

108,55

56.

56

110,95

57.

57

113,4

58.

58

115,8

59.

59

118,2

60.

60

120,6

61.

61

123,05

62.

62

126,4

63.

63

129,1

64.

64

287,2

65.

65

290,1

66.

66

138,2

67.

67

141,1

68.

68

144,25

69.

69

341,45

70.

70

150,35

71.

71

153,45

72.

72

341,35

73.

73

159,4

74.

74

162,3

75.

75

165,45

76.

76

168,4

77.

77

171,55

78.

78

174,65

79.

79

177,55

80.

80

180,75

81.

81

183,55

82.

82

186,7

83.

83

189,6

84.

84

192,8

85.

85

195,9

86.

86

198,8

87.

87

201,9

88.

88

204,75

89.

89

207,95

90.

90

210,85

91.

91

210,9

92.

92

216,95

93.

93

220

94.

94

223,1

95.

95

226

96.

96

229,2

97.

97

231,9

98.

98

235,15

99.

99

238,05

100.

100

241,25

101.

100-ден жоғары

250,9

      504-бап. Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері

      Жеке тұлғаларға тиісті қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сондай-ақ елді-мекендердің жері базалық салық мөлшерлемелері мынадай мөлшерде белгiленедi:

      1) көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге;

      2) көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.

      505-бап. Елді мекендердің жеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері

      1. Елді-мекендердің жеріне (қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метрі деп есептегенде мына мөлшерлерде белгіленеді:

Р/с

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

1

2

3

4


Қалалар:



1.

Алматы

28,95

0,96

2.

Астана

19,30

0,96

3.

Ақтау

9,65

0,58

4.

Ақтөбе

6,75

0,58

5.

Атырау

8,20

0,58

6.

Қарағанды

9,65

0,58

7.

Қызылорда

8,68

0,58

8.

Көкшетау

5,79

0,58

9.

Қостанай

6,27

0,58

10.

Павлодар

9,65

0,58

11.

Петропавл

5,79

0,58

12

Талдықорған

9,17

0,58

13.

Тараз

9,17

0,58

14.

Орал

5,79

0,58

15.

Өскемен

9,65

0,58

16.

Шымкент

9,17

0,58

17.

Алматы облысы



18.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

19.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

20.

Ақмола облысы:



21.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

22.

Аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

23.

облыстық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

0,39

24.

аудандық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

0,19

25.

Кенттер

0,96

0,13

26

Ауылдар

0,48

0,09

      Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.

      2. Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:

      1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

      көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғандағы алаң болғанда – 1 шаршы метр үшiн 0,20 теңге;

      1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге.

      Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

      2) қалған елдi мекендер үшiн:

      көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғандағы алаң болғанда – 1 шаршы метр үшiн 0,20 теңге;

      5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.

      Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

      Елдi мекендердiң тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.

      506-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерге (бұдан әрі – өнеркәсіп жері) салынатын базалық салық мөлшерлемелері

      1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері бiр гектарға деп есептегенде бонитет балына пропорционалды түрде мынадай мөлшерде белгiленедi:

Р/с

Бонитет балы

Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)

Р/с №

Бонитет балы

Базалық салық мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

0

48,25

52.

51

2634,45

2.

1

91,67

53.

52

2690,23

3.

2

290,1

54.

53

2745,95

4.

3

178,52

55.

54

2801,72

5.

4

221,95

56.

55

2857,46

6.

5

265,37

57.

56

2913,24

7.

6

308,8

58.

57

2968,96

8.

7

352,22

59.

58

3024,73

9.

8

395,65

60.

59

3080,47

10.

9

439,07

61.

60

3416,25

11.

10

482,5

62.

61

3188,36

12.

11

530,75

63.

62

3247,75

13.

12

592,41

64.

63

3325,49

14.

13

654,08

65.

64

3364,61

15.

14

715,68

66.

65

3423,05

16.

15

777,35

67.

66

3489,25

17.

16

839,01

68.

67

3539,95

18.

17

900,67

69.

68

3598,39

19.

18

962,29

70.

69

3656,81

20.

19

1023,96

71.

70

3715,25

21.

20

1084,66

72.

71

3769,29

22.

21

1138,7

73.

72

3829,64

23.

22

1189,07

74.

73

3890,53

24.

23

1239,35

75.

74

3951,67

25.

24

1287,73

76.

75

4012,79

26.

25

1340,29

77.

76

4073,88

27.

26

1390,66

78.

77

4290,02

28.

27

1441,07

79.

78

4196,15

29.

28

1491,45

80.

79

4257,23

30.

29

1541,88

81.

80

4319,34

31.

30

1592,25

82.

81

4371,45

32.

31

1646,29

83.

82

4432,57

33.

32

1693,03

84.

83

4493,66

34.

33

1740,76

85.

84

4554,8

35.

34

1788,47

86.

85

4615,92

36.

35

1836,2

87.

86

4677,01

37.

36

1883,87

88.

87

4738,15

38.

37

6451,58

89.

88

4799,27

39.

38

6509,31

90.

89

4860,36

40.

39

2027,02

91.

90

4921,5

41.

40

2074,75

92.

91

4975,54

42.

41

2126,86

93.

92

5054,48

43.

42

2178,19

94.

93

5134,32

44.

43

2228,61

95.

94

5214,22

45.

44

2278,98

96.

95

5294,09

46.

45

2329,41

97.

96

5373,99

47.

46

2379,79

98.

97

5453,83

48.

47

2340,22

99.

98

5533,73

49.

48

2480,57

100.

99

5613,59

50.

49

2531

103.

100

5693,5

51.

50

2582,34

102.

100 жоғары

910

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жер осы баптың 1-тармағында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

      3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа да жер пайдаланушыларға берiлген жер осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 503-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

      4. Магистральды темiр жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар алып жатқан темiржол көлiгi кәсiпорындарының жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 503-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.

      507-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерiне салынатын салық мөлшерлемелері

      1. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркәсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) осы Кодекстің 510-бабы 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, осы Кодекстің 505-бабында белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.

      2. Осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жерді қоспағанда, өнеркәсіп жеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) базалық мөлшерлемелер жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 510-бабының 1-тармағында белгіленген төмендету ескеріле отырып, көрсетілген жерге салық мөлшерлемелерін жалпы төмендету базалық мөлшерлеменің 30 пайызынан аспауға тиіс.

      3. Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 506-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.

      Елдi мекен шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан жердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынады.

      Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп түсініледі.

      508-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерiне салынатын салық мөлшерлемелері

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын жерiне осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 503-бабында белгiленген базалық мөлшерлемелер бойынша жер салығы салынады.

      2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа өзге де мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерi осы Кодекстiң 510-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 506-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

      509-бап. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері

      1. Елді мекендердің автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жері осы Кодекстің 505-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне базалық мөлшерлемелер бойынша он есе ұлғайтылған салық салуға жатады.

      Автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жер жақын жатқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 505-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.

      Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық мөлшерлемелері төмендетілуі мүмкін, бірақ ол осы Кодекстің 505-бабында белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

      2. Елдi мекендердiң казино орналасқан жерi осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерiне арналған он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

      Казино орналасқан басқа да санаттағы жер тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жердi қоспағанда, жақын орналасқан елдi мекендердің жерi үшiн осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген елдi мекендердiң жерiне арналған он есе ұлғайтылған базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

      Елдi мекеннiң жерiне салықты есептеу кезiнде қолданылатын базалық мөлшерлемелерді жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.

      Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық мөлшерлемелері төмендетiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 505-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.

      3. Елді мекендердің автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жері осы Кодекстің 505-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендер жеріне базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады.

      Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жер жақын орналасқан елді мекеннің жері үшін осы Кодекстің 505-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында елді мекендер жеріне белгіленген базалық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады. Бұл ретте салықты есептеу кезінде жеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекенді жергілікті өкілді орган айқындайды.

      Автотұрақтармен (паркингтер) бос емес жерге базалық салық мөлшерлемелері жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол он еседен артық болмайды. Осы тармақта көзделген мөлшерлемелерді ұлғайту жергілікті өкілді орган белгілейтін автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай жүргізіледі.

      Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара арттыруға тыйым салынады.

      4. Объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 505-бабының кестесіндегі 23 – 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 505, 506 және 507-баптарында және осы бапта белгіленген салықтың базалық мөлшерлемелері жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.

      5. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.

      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша осы тармақтың ережелеріне сәйкес арттырылған базалық салық мөлшерлемелері жерді пайдалану және қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап қолданылады.

      6. Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның салық органдарына осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      510-бап. Базалық салық мөлшерлемелерін түзету

      1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстiң 504, 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.

      Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

      Бұл ретте жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жергілікті өкілді органның жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы шешімі ресми жариялануға жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

      2. Мынадай төлеушiлер:

      1) осы Кодекстiң 290-бабының 3-тармағында және 291-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;

      2) арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар – арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің 708-бабында көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

      3) инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымдар – осы Кодекстің 712-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициентiн қолданады.

      3. Мынадай төлеушiлер:

      1) балаларды сауықтыру мекемелері – балаларды сауықтыру жөніндегі осындай балаларды сауықтыру мекемелерінің қызметінде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;

      2) қызметiнiң негiзгi түрi ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар – осындай қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

      3) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар – балықты ұдайы молайту бойынша қызметте пайдаланатын жер учаскелері бойынша;

      4) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар;

      5) технологиялық парктер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша салықты есептеген кезде тиiстi мөлшерлемелерге 0,1 коэффициентiн қолданады.

      Осы тармақшаның ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      мұндай технологиялық парктер Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;

      осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.

      6) осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттарды діни бірлестіктер мен ұлттық емес ұйымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған коммерциялық емес ұйымдар;

      7) осы Кодекстің 290-бабының 2-тармағында айқандалған заңды тұлғалар – осы Кодекстің 290-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданады;

      4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының және 3-тармағы 4) және 6) тармақшаларының ережелері жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілгенде, өзге де негіздер бойынша пайдалануға берілгеннен түскен кіріс мемлекеттік бюджеттің есебіне жатқызылатын жағдайларды қоспағанда, жер учаскесін және (немесе) оның бір бөлігін (ондағы ғимараттармен, құрылыстармен, құрылысжайлармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілген, өзге де негіздер бойынша пайдалануға берілген жағдайларда немесе оларды коммерциялық мақсатта пайдалану кезінде қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін қолдану кезінде:

      салық төлеушілер салық салу объектілерін бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті;

      жер учаскесінің бөлігі бойынша жер салығының мөлшері осындай учаске бөлігінің бүкіл жер учаскесінің жалпы ауданына үлестік салмағы бойынша айқындалады.

62-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

      511-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi

      1. Салықты есептеу осы тараудың ережелерін ескере отырып, әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргiзіледi.

      2. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, салық төлеуші жер салығын жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.

      3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.

      4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

      5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқасына ауыстыру кезiнде осындай ауыстыру жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осы елді мекен осындай ауыстыруға дейін жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.

      6. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде осындай өзгеріске байланысты аумағы басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасына ауыстырылған елді мекенде орналасқан жер учаскелері бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен болған шекарадағы елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.

      7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балын анықтау мүмкiн болмаған кезде, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жердiң бонитет балы негiзге алына отырып айқындалады.

      8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.

      9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын ортақ мүліктегі пәтердің (тұрғынжайдың) меншік иесі жеке тұлғаны қоспағанда, үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне барабар жер салығы салынуы тиіс.

      Бұл ретте:

      1) жеке тұлғаны қоспағанда, ортақ мүліктегі тұрғын үй меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бөлігіне осы Кодекстің 505-бабында келтірілген кестенің 4-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс;

      2) ортақ мүліктегі тұрғын емес үй-жайдың (тұрғын емес ғимараттың бір бөлігінің) меншік иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 505-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген елді мекендердің жеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс.

      512-бап. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi

      1. Салық төлеушілер жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы дербес есептейдi.

      2. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.

      3. Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы айқындалады.

      4. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің сомасын салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

      5. Салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері туындаған кезде, оның ішінде осы Кодекстiң 498-бабының 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берген кезде:

      1) осындай салық кезеңі ішінде төлеудің келесі кезекті мерзімі салықтың ағымдағы сомасын бірінші төлеу мерзімі болып табылады;

      2) ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерде салық сомасын түбегейлі есептеу және төлеу ғана жүргізіледі.

      6. Осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген кезде, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына осындай салық кезеңінде жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.

      7. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің нақты кезеңi үшiн есептеледi.

      Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте осы құқықтарды беретін тұлға ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн салық сомасын есептейдi. Осындай құқықтарды алған тұлға өзiнiң жер учаскесiне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшiн салық сомасын есептейдi.

      8. Салық төлеушi салық кезеңi үшін декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.

      9. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін декларация ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жер салығын төлейді.

      513-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудің және салық боцынша есептілікті ұсынудыңң ерекшелiктерi

      1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшін жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.

      2. Осы Кодекстiң 498-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар үйдiң бiр бөлiгiн не ғимараттың бiр бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бiр бөлiгi не ғимараттың бiр бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.

      3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерiне осы Кодекстiң 505-бабында белгiленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.

      514-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалардың төлеуіне жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасы негiзінде, есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi.

      Осы тармақтың ережелері кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикамен байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде дара кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға) қолданылмайды.

      Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін мұндай учаскеде:

      тұрғын үй және салық базасы осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді салық органдары жүргізетін басқа да объектілер бар;

      тұру мақсатында ғана жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған деген талаптар бір мезгілде сақталғанда жер учаскесі кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскесі деп танылмайды.

      2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берілген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстің 512-бабы 7-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.

      3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

      4. Кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикамен байланысты қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын тұлғалар) жер салығын осы Кодекстің 512-бабында шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.

      5. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 498-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар мұндай құқық туындаған айдың бiрiншi күнінен бастап салық кезеңi аяқталғанға дейiн немесе мұндай құқық тоқтатылатын айдың бiрiншi күніне дейiн қолданылады.

      Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 498-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күнінен бастап қолданылмайды.

63-ТАРАУ. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ

      515-бап. Салық кезеңі

      Жер салығын есептеу үшiн салық кезеңi 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл болып табылады.

      516-бап. Салық есептілігі

      1. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар жер учаскелерінің орналасқан жерi бойынша салық органдарына салық кезеңінің басындағы жағдай бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын береді.

      2. Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті төлем мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде (салық кезеңі ішінде):

      ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын – ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері туындаған кезде;

      ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлеспен бөле отырып, сондай төлемдердің қосымша есеп-қисабы – салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде ұсынады.

      Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде салық төлеуші ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.

      3. Декларацияны жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей: .

      1) заңды тұлғалар;

      2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша;

      3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикамен байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша ұсынады.

15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ 64-ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ

      517-бап. Салық төлеушілер

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;

      3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер;

      4) осы Кодекстің 518-бабында көрсетілген тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

      2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше мүлік салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:

      1) өздері ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды;

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша мүлік салығын осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді;

      2) мемлекеттiк мекемелер;

      3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

      4) дiни бiрлестiктер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.

      Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

      518-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау

      1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектiсiн сенімгерлiк басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 41-бабына сәйкес айқындалады.

      2. Егер салық салу объектiсi пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.

      3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi бола алады.

      4. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.

      5. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.

      6. Мемлекеттiк тiркеуге жататын ғимараттарға, құрылыстарға құқықтардың осындай тіркелуі болмаған жағдайда:

      1) жаңадан тұрғызылған (салынған) объектілер үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі және (немесе) салынған объектіні пайдалануға қабылдау (беру) актісі;

      2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер негізінде осы объектіні нақты иеленетін және пайдаланатын (іске қосатын) тұлға мұндай объектіге салық төлеуші болып табылады.

      519-бап. Салық салу объектісі

      1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;

      2) халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде есепке алынатын техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бөліктері;

      3) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шарты бойынша берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар;

      4) осы Кодекстiң 260-бабында көрсетілген активтер;

      5) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ғимараттарды (ғимараттардың бөліктерін) және құрылыстарды қоспағанда, кепiл, өзге де қамтамасыз ету ретiнде түсетін мүлiкке өндiрiп алу нәтижесiнде меншiкке өткен, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегі банктер активтерiнiң құрамында есепке алынатын, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар, құрылыстар, осындай ғимараттардың бөліктері;

      6) осы Кодекстің 518-бабының 6-тармағында көрсетілген ғимараттар, құрылыстар салық салу объектісі болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жүргізуді жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және осы Кодекстің 201-бабының 7) тармақшасына сәйкес негізгі құралдар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.

      3. Мыналар:

      1) осы Кодекстiң 500 және 501-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi ретіндегі жер;

      2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;

      3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:

      бұрылу белдеуi;

      жолдардың конструкциялық элементтерi;

      жол жағдайы мен оны абаттандыру;

      көпiрлер;

      өткерме жолдар;

      виадуктар;

      жол тарамдары;

      тоннельдер;

      қорғаныш галереялары;

      жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;

      су бұрғыш және су өткiзгiш құрылыстар;

      жол бойындағы орман алаптары;

      желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;

      4) осы Кодекстің 518-бабының 6-тармағында, 519-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектiлерi;

      5) метрополитеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көліктік кешеннің ажырамас бөлігі болып табылатын ғимараттар, құрылыстар;

      6) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару талаптарына сәйкес жасалған шарттар бойынша мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы иеленген ғимараттар, құрылыстар;

      7) салық базасы осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 530-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын тұрғынжайлары мен басқа да объектiлері;

      8) концессия объектiлерінің құны 50 000 000 – еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асып кеткен жағдайда, иелік ету, пайдалану құқықтары тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақы қолданыла отырып, концессия шарты бойынша берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектілері болып табылмайды.

      520-бап. Салық базасы

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.

      Концессия объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны болмаған жағдайда осындай объектiлердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен айқындалған құны салық базасы болып табылады.

      2. Осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы мөлшерінде белгіленеді.

      3. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептiк кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.

      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарында салық салу объектілерін бөлшектеу және жою бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің ережелерінде қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына байланысты іс-шараларды орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелерді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағасы жекелеген есеп жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.

      Егер "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінде магистральдық құбыржолдарды жою бойынша міндеттемелерді орындау көзделген болса, онда осындай міндеттемелердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған бағасы осындай міндеттемелер құнының жекелеген есебін жүргізу кезінде салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына кірмейдi.

      Егер энергия беруші ұйым өз балансына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде алынған электр желілерін қабылдаса, онда мұндай желілердің құны "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 8-тармағына сәйкес тарифтік сметада мұндай желілер бойынша мүлік салығының сомасы есепке алынғанға дейін объектілердің салық базасына кірмейді.

      4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің орташа жылдық сомасы ағымдағы салық кезеңінің әрбір айының бірінші күні және есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күні ұзақ мерзімді дебиторлық берешек сомасын қосқанда алынған он үштен бір сома ретінде айқындалады.

      5. Осы Кодекстiң 517-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесi негізге алына отырып айқындалады.

      6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің салық салу объектілері бойынша оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға жұмсалған шығындардың, сондай-ақ реконструкциялау мен жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы салық базасы болып табылады.

      Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 269-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған шығындарды растайтын, сондай-ақ мәмілелер бойынша алынған, бағасы (құны) белгісіз не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша бастапқы құжаттар болмаған кезде:

      1) осы активке меншік құқығы туындаған күнгі салық салу объектісінің;

      2) осындай объектілер бойынша төлеуші деп тану күніне осы Кодекстің 518-бабының 6-тармағында көрсетілген төлеушілердің салық салу объектісінің нарықтық құны салық базасы болып табылады.

      Бұл ретте нарықтық құн Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалады.

      7. Осы Кодекстің 41-бабының ережелеріне сәйкес мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелер сенімгер басқарушының орындауына жатқан жағдайда, салық базасы болып осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын осындай салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны табылады:

      1) егер осындай мүлік оның балансына берілген жағдайда – дербес түрде сенімгер басқарушы;

      2) осындай мүлік бухгалтерлік балансында бар мемлекеттік мекеме орындайды. Бұл ретте осындай мүліктің салық базасы бойынша деректер сенімгер басқарушыға жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылуы қажет.

      Мүлік салығы бойынша салық есептілігін жасау кезінде осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген орташа жылдық баланыстық құны бойынша деректер болмаған жағдайда, осындай мүлік бойынша салық базасы болып осы Кодекстің 41-бабының 4-тармағына сәйкес қабылдау-беру актісінде көрсетілген оның баланстық құны табылады.

      521-бап. Салық мөлшерлемелері

      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар мүлiк салығын салық базасына 1,5 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейдi.

      2. Мүлік салығын салық базасының 0,5 пайыз мөлшерлемесі бойынша мына салық төлеушілер:

      1) дара кәсіпкерлер;

      2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.

      3. Төменде көрсетілген заңды тұлғалар:

      1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстің 289-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

      2) осы Кодекстiң 290-бабында айқындалған заңды тұлғалар;

      3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;

      4) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;

      5) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;

      6) ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар.

      7) егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тиісті объект бойынша салық міндеттемесі туындаған салық кезеңін қоса алғанда, бес салық кезеңі ішінде салық салу объектілері бойынша – арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары;

      8) тиісті объект бойынша салық міндеттемесі туындаған салық кезеңін қоса алғанда, он салық кезеңі ішінде салық салу объектілері бойынша – "Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы;

      9) Алматы және Астана қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларындағы терминалдарды қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардағы терминалдар жөніндегі заңды тұлғалар;

      10) технологиялық парктер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қызметтің негізгі түрін өздері жүзеге асырған кезде пайдаланатын объектілер бойынша мүлiк салығын салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейдi.

      Осы тармақшаның ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған;

      осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері, салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша:

      1) осы Кодекстің 290-бабының 3-тармағында;

      2) егер мұндай пайдалану, сенімгерлік басқару немесе жалға беру үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке түскен жағдайда – осы Кодекстің 290-бабы 2-тармағында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді.

      5. Мүлік салығы салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша:

      1) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;

      2) осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелер ескеріле отырып, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар есептейді.

      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган бекіткен тізбеде айқындалған заңды тұлғалар салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру щеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша, осы Кодекстің 531-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептейді.

      522-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 78-тарауының 1-парагрфының ережелерін ескере отырып мүлік салығын есептейді.

      2. Осы Кодекстің 521-бабының 6-тармағында айқындалған тұлғалар салық сомасын әрбір объект бойынша:

      салық салу объектілері сатып алу құқығынсыз тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 520-бабының 1-тармағына сәйкес;

      салық салу объектілері сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарты бойынша жеке тұлғаларға жалға берілген жағдайда – осы Кодекстің 520-бабының 2-тармағына сәйкес жеке айқындалатын салық базасына осы Кодекстің 531-бабында белгіленген мөшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.

      3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша әрбiр салық төлеушi үшін мүлiк салығы мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.

      4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық салу объектілерінің салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған баланстық құнына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.

      5. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.

      6. Ағымдағы төлемдердің мөлшері салық кезеңінің басында салық салу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы айқындалады.

      7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын тең үлестермен төлейді.

      8. Салық кезеңі ішінде, оның ішінде осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 3 және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша бергенде салық міндеттемелері туындаған кезде:

      1) ағымдағы салық сомасын төлеудің алғашқы мерзімі осындай салық кезеңінің ішінде оларды төлеудің келесі кезекті мерзімі болып табылады;

      2) ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу және осы баптың 12-тармағында көзделген мерзімдерде салық сомасын төлеу жүргізіледі.

      9. Мүлікке салынатын салық бойынша міндеттемелер өзгертілген кезде салық кезеңі ішіндегі ағымдағы төлемдер, егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, осындай салық кезеңінде салық төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына түзетіледі.

      10. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен жағдайда, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектілері келіп түскен айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, келіп түскен күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалған, келіп түскен салық салу объектілерінің бастапқы құнының 1/13-іне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалады. Ағымдағы төлемдер көбейтілуі тиіс сома осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзімдер бойынша тең үлестермен бөлінеді, бұл ретте салық салу объектілері келіп түскен күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

      Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда, ағымдағы төлемдер салық салу объектілері шығып қалған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі ағымдағы салық кезеңі айларының санына көбейтілген, шығып қалған салық салу объектілерінің құнының 1/13-іне салық мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады.

      Бұл ретте мыналар:

      келіп түскен күнге бухгалтерлік есеп деректері бойынша бастапқы құны - ағымдағы салық кезеңінде келіп түскен салық салу объектілері бойынша;

      салық кезеңі басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша баланстық құны – басқа салық салу объектілері бойынша шығып қалған салық салу объектілерінің құны болып табылады.

      Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдерді төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

      11. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, мүлік салығын есептеу бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және оны төлейді.

      12. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мүлік салығын төлейді.

      13. Осы Кодекстің 518-бабы 6-тармағы 2) тармақшасының негізінде салық төлеуші болып табылатын тұлға үшін тiркелмеген салық салу объектiсіне құқықтар берілген жағдайда салық сомасы:

      1) беруші тарап үшiн – осындай салық салу объектісін нақты иеленген және (немесе) пайдаланған (іске қосқан) айдың бірінші күнінен бастап осындай объект қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берілген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін;

      2) қабылдаушы тарап үшiн – осындай объекті қабылдап алу-беру актісінің немесе өзге де құжаттың негізінде берiлген айдың бiрiншi күнінен басталған кезең үшін есептеледі;

      523-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу

      Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.

      Бұл ретте осы тарауды мақсаттары үшін, егер салық салу объектісі:

      салық базасы осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын тұрғын үй болып табылған және салық есептеуді салық органдары жүргізген;

      тұру мақсатында ғана жалға (пайдалануға) берілген және тұрғын үй қорынан шығарылмаған жағдайларды бір мезгілде сақтағанда мұндай объект кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектісі деп танылмайды.

      524-бап.Салық кезеңі

      1. 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл мүлiк салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.

      2. Осы Кодекстің 517-бабы 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн айқындалады.

      525-бап. Салық есептілігі

      1. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектілері орналасқан жер бойынша салық органдарына салық кезеңінің басындағы жағдай бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын береді.

      2. Салық төлеуші ағымдағы төлемді кезекті төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей (салық кезеңі ішінде):

      ағымдағы төлемдердің есеп айырысу – ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері туындаған кезде;

      ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлеспен бөле отырып, ағымдағы төлемдердің қосымша есеп айырысу – салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ұсынады.

      Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде салық төлеуші ағымдағы төлемдердің есеп айырысуды ұсынбайды.

      3. Салық декларациясын салық органдарына салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есептік салық кезеңінен кейін келетін жылдың 31 наурызынан кешіктірмей:

      1) заңды тұлғалар;

      2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша;

      3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикамен байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша айқындалған салық міндеттемелері бойынша ұсынады.

65-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛІК САЛЫҒЫ

      526-бап. Салық төлеушілер

      1. Осы Кодекстің 528-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.

      2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

      1) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде – Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;

      2) меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 500 еселенген мөлшері шегінде – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер;

      3) 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      4) салық базасы осы Кодекстің 529-бабына сәйкес айқындалатын және салық есептеуді осы Кодекстің 532-бабына сәйкес салық органдары жүргізетін тұрғынжайларды және басқа да объектілерді қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.

      3. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларының ережелері пайдалануға немесе мүліктік жалдауға (жалға) берілген салық салу объектілері бойынша қолданылмайды.

      527-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау

      1. Мемлекеттік мекеме салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде, салық төлеушi осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.

      2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.

      3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.

      Бұл ретте 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген, бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелері осындай объектіге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған өтінішінде көрсеткен, осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.

      528-бап. Салық салу объектісі

      Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар мүлік салығын салу объектісі болып табылады.

      529-бап. Салық базасы

      1. Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган есептік жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен айқындалады:

      С = С б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      С – салық салу мақсаттары үшін мүлік құны;

      С б – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;

      S – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;

      К физ – физикалық тозу коэффициенті;

      К функц – функциональдық тозу коэффициенті;

      К айм – аймаққа бөлу коэффициенті;

      К аек. өзг – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.

      2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:

Р/с

Елді мекеннің санаты

Базалық құн, теңгемен

1

2

3


Қалалар


1

Алматы

60 000

2

Астана

60 000

3

Ақтау

36 000

4

Ақтөбе

36 000

5

Атырау

36 000

6

Қарағанды

36 000

7

Қызылорда

36 000

8

Көкшетау

36 000

9

Қостанай

36 000

10

Павлодар

36 000

11

Петропавл

36 000

12

Талдықорған

36 000

13

Тараз

36 000

14

Орал

36 000

15

Өскемен

36 000

16

Шымкент

36 000

17

Облыстық маңызы бар қала

12 000

18

Аудандық маңызы бар қала

6 000

19

Кенттер

4 200

20

Ауылдар

700

      Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес айқындалады.

      3. Орталық мемлекеттік органдардың арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган есептік жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін осындай объектілердің құны салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады, бұл мынадай тәртіппен есептеледі:

      С = С б x S x К физ х К аек өзг. Х K айм.

      Осы тармақтың мақсаты үшін:

      С – салық салу мақсаттары үшін мүлік құны;

      С б – осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:

      тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі бойынша – 25 пайыз,

      гараж бойынша – 15 пайыз,

      S – тұрғын жайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, ірге қабатының, жертөлесінің, гаражының шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,

      К физ – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті,

      К аек. Өзг – осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті,

      К айм – осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймаққа бөлу коэффициенті.

      4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары және мына формула бойынша тиімді жасы ескеріле отырып айқындалады:

      К физ = 1 - И физ, мұнда:

      И физ - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.

      Физикалық тозу мына формула бойынша айқындалады:

      И физ = (Т баз - Т п.б.) х Н аморт/100, мұнда:

      Т баз – салық есепке жазылған жыл,

      Т п.б.. – салық салынатын объектінің пайдалануға берілген жылы,

      Н аморт - амортизациялау нормасы.

      Ғимараттың сипаттамасына байланысты физикалық тозуын айқындаған кезде амортизациялаудың мынадай нормалары қолданылады:

р/с

Ғимараттың сипаттамасы

Н аморт, %

Қызмет ету мерзімі

2

3

4

5

1

Ерекше күрделі, қалыңдығы 2,5 кірпіштен салынған қабырғалары бар немесе темір-бетонды немесе металл қаңқасы бар, аражабындары темір-бетонды және бетонды кірпіштен салынған тас ғимараттар; қабырғалары ірі панельді, аражабындары темір-бетонды ғимараттар

0,7

143

2

Қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен салынған қабырғалары бар, темір-бетонды, бетонды немесе ағаш жабынды ғимараттар; қабырғалары ірі блокты, аражабындары темір-бетонды ғимараттар

0,8

125

3

Кірпіштен, монолитті шлак-бетоннан, жеңіл шлак-блоктардан, ұлутастардан жеңіл қаланған қабырғалары бар, аражабындары темір-бетонды және бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, монолитті шлак-бетоннан, ұсақ шлак-блоктардан жеңіл қаланған қабырғалары бар ғимараттар

1,0

100

4

Аралас, кесілген ағаштан жасалған немесе төсемтас қабырғалары бар ғимараттар

2,0

50

5

Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар

3,3

30

6

Қамыс қаңқалы және басқа да жеңідетілген ғимараттар

6,6

15

      Егер тас тұрғынжайдың, саяжай құрылысының немесе тасымалы панельдердің физикалық тозуы 70 пайыздан, өзге материалдардан жасалғандардың физикалық тозуы – 65 пайыздан асып кетсе, физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең деп қабылданады.

      5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін физикалық тозу коэффициенті (К функц) мына формула бойынша есептеледі:

      К функц = К қабат х К бұрыш. х К қабырғ. мат. х К абат. х К жылыт., мұнда:

      К қабат – тұрғынжайдың орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент,

      К бұрыш. – тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуын ескеретін коэффициент,

      К қабырғ.мат – қабырғалардың материалдарын ескеретін коэффициент,

      К абат. - тұрғынжайдың, саяжай құрылысының абаттандырылу деңгейі мен оның инженерелік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент,

      К жылыт. – жылыту түрін ескеретін коэффициент.

      Қабатына байланысты қабаттың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қабат):

Р/с

Қабаты

Кқабат

1

2

3

1.

Бірінші

0,95

2.

Аралық немесе жеке тұрғын үй

1,00

3.

Соңғы

0,9

      Биіктігі үш қабаттан аспайтын көппәтерлі тұрғын ғимараттардың кез келген қабатының коэффициенті 1-ге тең деп қабылданады.

      Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттері (Кбұрыш) қолданылады:

Р/с

Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуы

К бұрыш

1

2

3

1.

Бұрышта орналасқан

0,95

2.

Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй

1,0

      Қабырға материалына байланысты мынадай түзету коэффициенттері (Кқаб. мат.) қолданылады:

Р/с

Қабырға материалы

Коэффициент

1

2

3

1.

Кірпіштен

1,1

2.

Керамзит-бетон блоктардан құрама

1,0

3.

Керамзит-бетон блоктардан құрама, кірпішпен қапталған

1,05

4.

Темір-бетон панельдер

1,0

5.

Темір-бетон панельдерден, кірпішпен қапталған

1,05

6.

Балшықтан соғылған саман

0,5

7.

Саман, сыртынан 0,5 кірпішпен қапталған

0,6

8.

Монолитті шлак-бетон

0,7

9.

Темір-бетон блоктардан

1,0

10.

Жиналмалы-қалқанды

0,6

11.

Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпішпен қапталған

0,75

12.

Кесілген ағаштан

0,85

13.

Шпалдан

0,75

14.

Шпалдан, кірпішпен қапталған

0,95

15.

Қамыс қаңқалы

0,6

16.

Өзгелері

1,0

      Тұрғынжайды, саяжай құрылысын барлық қажетті инженерлік желілермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде абаттандырудың түзету коэффициенті 1-ге тең деп қабылданады.

      Адамдардың тұруына (тұрмысына), болуына нормативтік не жайлы жағдайлар жасайтын нженерлік желілер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, абаттандырудың басқа түрлері) болмаған жағдайда К абат 0,8 тең деп қабылданады.

      Жылыту түріне байланысты жылытудың мынадай түзету коэффициенттері(К жылыт.) қолданылады:

Р/с

Жылыту түрлері

К жылыт.

1

2

3

1.

Орталықтан жылыту

1,0

2.

Газ немесе мазутпен жергілікті жылыту

0,98

3.

Қатты отынды қолданып, жергілікті сумен жылыту

0,95

4.

Пешпен жылыиу

0,9

      6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жергіліктi атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша осындай коэффициент енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бекітілген аймаққа бөлу коэффициенттері ресми жариялануға жатады.

      Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

      7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. Өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:

      К аек. Өзг = ағ. Ж. аек/алдыңғы ж. аек, мұнда:

      ағ. Ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;

      алдыңғы ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш.

      8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iргеқабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда, салық органдары салық базасын осы бапқа сәйкес есептелетін осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.

      9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылған жағдайда салық базасы әрбір объект бойынша бөлек есептеледі.

      530-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

      Жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикамен байланысты қызметте пайдаланатын (пайдалануға жататын) салық салу объектілері бойынша мүлік салығын есептейді, төлейді және шағын бизнес үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы Кодекстің 64-тарауында белгіленген тәртіппен аталған салық бойынша салық есептілігін береді.

      Мұндай салық салу объектілері бойынша салық базасы осы Кодекстің 520-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалады.

      531-бап. Салық мөлшерлемелері

      Салық базасы осы Кодекстiң 529-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:

1

2

3

1.

2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

салық салу объектісінің құнынан 0,05 пайызы

2.

2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,05 пайызы

3.

4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда

2600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы

4.

6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

4600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы

5.

8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

7600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы

6.

10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

11600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы

7.

12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

16600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы

8.

14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

22600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы

9.

16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

29600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы

10.

18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

37600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы

11.

20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

46600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы

12.

75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

321600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы

13.

100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы

14.

150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы

15.

350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы

16.

450 000 000 теңгеден жоғары

2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы

      532-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртібі

      1. Салық органдары жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің нақты мерзімін ескере отырып, салық базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы, салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.

      2. Егер салық кезеңі ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.

      Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының нақты кезеңі салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың бірінші күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған жағдайда) айқындалады.

      3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.

      4. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде мемлекеттік уәкілетті орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болғанда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.

      5. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың бірінші күніне дейін қолданылады.

      Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.

      6. Егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

      7. Меншік құқығын беретін тұлғаның салық салу объектісін иеленуінің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.

      8. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салық кезеңі үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен болған шекарадағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құнының негізінде есептеледі.

      533-бап.Салық кезеңі

      1. 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi болып табылады.

      2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.

16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ 66-ТАРАУ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ

      534-бап. Төлеушілер

      Мынадай:

      1) казино;

      2) ойын автоматтары залы;

      3) тотализатор;

      4) букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

      535-бап. Салық салу объектілері

      Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:

      1) ойын үстелі;

      2) ойын автоматы;

      3) тотализатор кассасы;

      4) тотализатордың электронды кассасы;

      5) букмекер кеңсесінің кассасы;

      6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

      536-бап. Салық мөлшерлемелері

      1. Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық мөлшерлемесі:

      1) ойын үстеліне – айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;

      2) ойын автоматына – айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;

      3) тотализатордың кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;

      4) тотализатордың электрондық кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерін;

      5) букмекер кеңсесінің кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерін;

      6) букмекер кеңсесінің электрондық кассасына – айына айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерін құрайды.

      Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

      537-бап. Салық кезеңі

      Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

      538-бап. Салықты есептеу тәртібі

      1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 535-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.

      2. Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.

      Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

      539-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі

      1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгіленген табыстың шекті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі.

      2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері:

      1) казино қызметінен – айлық есептік көрсеткіштің 135 000 еселенген мөлшерін;

      2) ойын автоматтары залы қызметінен – айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерін;

      3) тотализатор қызметінен – айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерін;

      4) букмекер кеңсесі қызметінен – айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерін құрайды.

      3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген табыстың шекті мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

      4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.

      540-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

      1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірілмей төленуге жатады.

      2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.

      3. Осы Кодекстің 534-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

      541-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі

      Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі бойынша салық органына табыс етіледі.

      542-бап. Салықты төлеу мерзімі

      Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

17-БӨЛІМ. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ 67-ТАРАУ. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

      543-бап. Осы тарауда қолданылатын негізгі ұғымдар

      Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:

      1) бильярд үстелi – торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;

      2) ойын жолы – боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);

      3) ұтыссыз ойын автоматы – ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);

      4) карт – қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi.

      5) уәкілетті ұйым – қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы және оған уәкілетті ұйымның айырбас пункті (айырбас пункттері) көрсетілген қосымшасы (қосымшалары) бар, екінші деңгейлі банк болып табылмайтын, заңды тұлға;

      6) арнайы аймақ – аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильді өткізу пункттері бар тұрғылықты жер (Астана, Алматы қалаларын және облыстардың әкімшілік орталықтарын қоспағанда).

      544-бап. Төлеушілер

      Тіркелген салықты төлеушілер:

      1) ұтыссыз ойын автоматтарын;

      2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

      3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

      4) картты (картинг);

      5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

      545-бап. Тіркелген салық салу объектілері

      Мыналар:

      1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

      2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

      3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;

      4) ойын жолы;

      5) карт;

      6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады.

      7) уәкілетті ұйымның айырбас пункті.

      546-бап. Тіркелген салықтың мөлшерлемелері

      1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлемелерінің мөлшері:

Р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2.

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

7.

Астана немесе Алматы қалаларында орналасқан уәкілетті ұйымның айырбас пункті

30

100

8.

Арнайы аймақта орналасқан уәкілетті ұйымның айырбас пункті

1

20

9.

Астана немесе Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, тұрғылықты жерде орналасқан уәкілетті ұйымның айырбас пункті

10

50

      2. Салық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.

      3. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілейді.

      547-бап. Салық кезеңі

      Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

      548-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

      1. Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 545-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.

      2. Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.

      Салық салу объектiлерi айдың 15-ін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде тiркелген салық белгіленген мөлшерлемесінің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

      3. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

      4. Осы Кодекстің 544-бабында аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

      549-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі

      Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органына табыс етіледі.

18-БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕМАҚЫЛАР 68-ТАРАУ. АЛЫМДАР

      550-бап. Алымдар туралы жалпы ережелер

      1. Алымдар – мемлекеттік кіріс органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:

      1) тіркеу іс-әрекеттерін;

      2) рұқсат беру құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру бойынша іс-әрекеттерді жасаған кезде алынатын бір реттік міндетті төлемдер.

      Бұл ретте осы бөлімнің мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттарына, сондай-ақ келісімдерге көңіл бөлудің, рұқсат беруге қатынасы жоқ.

      2. Осы тараудың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдардың мына әрекеттерді жасауы:

      1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

      2) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу;

      3) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу;

      4) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды;

      5) көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

      6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

      7) авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тiркеу;

      8) теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды мемлекеттік тіркеу (есепке қою);

      9) шағын қаржы ұйымдарын есептік тіркеу іс-әрекеттері деп түсініледі.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға арналған лицензиялар;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын рет теу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттарының, банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін келісімдердің;

      3) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарына жол жүру үшін (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарына жол жүру үшін алым) берілетін:

      халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;

      Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу), халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті;

      ірі көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүруі;

      4) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган телевизиялық және радио тарату ұйымдарының (радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау үшін алатын мемлекеттік мекемелерден басқа) радиожиілік спектрін пайдалануға беретін рұқсаттар;

      5) авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттар;

      6) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға және (немесе) оны ұзартуға рұқсаттар үшін рұқсат құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру кезінде алымдар алынады.

      4. Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алым сомаларын есептеуді және есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ алудың толықтығы, есептелген (есепке жазылған) алымдардың бюджетке уақтылы төленуіне, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органдларына берілетін мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

      5. Осы Кодекстің 26-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша (беруді толық автоматтандырғанға дейін) мемлекеттік кірістер органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ұсынады.

      551-бап. Алымдарды төлеушілер

      1. Егер осы баппен өзгеше белгіленбесе, мүдделерінде уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырылған кезде алымдар алу көзделген жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Халықтың көші-қоны туралы" заңнамаларымен айқындалған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз, шетелдік жұмыс күшін тартушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге және (немесе) оны ұзартуға алымды төлеушілер болып табылмайды.

      552-бап. Алымдарды есептеу және төлеу тәртібі

      1. Алымдар сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті органға тиісті құжаттар табыс етілгенге дейін немесе рұқсат беру құжаттары алынғанға дейін алымдарды төлеушілердің орналасқан жері бойынша төленеді.

      2. Тиісті рұқсат беру құжаттарын ресімдеместен, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген автокөлік құралдарының жол берілген өлшемшарттарын бұза отырып автокөлік құралының жол жүру фактісі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құрылының жол жүргені үшін алым сомасы бюджетке осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

      3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құрылының жол жүргені үшін алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару арқылы жүргізіледі не осы Кодекстің 550-бабының 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген рұқсат беру құжаттарын берген кезде алымды бақылау-өткізу пунктерінде не уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде уәкілетті мемлекеттік органның арнайы жабдықталған өзге де орындарында қолма-қол ақшаны енгізу арқылы төлеген жағдайда жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құрылының жол жүргені үшін қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомасын көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға күн сайын кейіннен бюджетке есептеу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған келесі операциялық күннен кешіктірмей тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күнделікті түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен төмен соманы құрайтын болса, ақшаны есепке жатқызу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құрылының жол жүргені үшін алым сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкісінде уәкілетті мемлекеттік органның бизнес - сәйкестендіру нөмірі қойылады.

      4. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге және (немесе) оны ұзартуға алым облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан олардың халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалған тәртіпте Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге рұқсатты беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдау туралы хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде төленеді.

      553-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері

      1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы алымдарды төлеу күні қолданыста болған еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі тарау мәтіні бойынша – АЕК) мөлшерінде айқындалады.

      2. Заңды тұлғаларды, олардың флиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін алымдар мыналарды құрайды:

Р/с

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Мөлшерлемелер (АЕК)

1.

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: *


1.1

заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

6,5

1.2

шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

2

1.3

саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін

14

2.

бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:


2.1

мемлекеттік тіркегені, қызметінің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін

1

2.2

қайта тіркегені үшін

0,5

3.

балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:


3.1.

мемлекеттік тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде)

2

3.2.

қызметінің тоқтатылуын қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) есептік тіркеуден шығарғаны үшін:

1

      Ескертпе:

      * шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеу кезінде нөлдік мөлшерлеме қолданылады.

      3. Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Мөлшерлемелер (АЕК)

1.

мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін:


1.1.

пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға


1.1.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін*

0,5

1.1.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

5

1.1.3.

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

15

1.2.

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа


1.2.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін*

8

1.2.1.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

15

1.2.2

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

20

1.3.

гараждарға:


1.3.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін*

0,5

1.3.2

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

4

1.3.3

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

8

1.4.

мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар):


1.4.1.

бір объекті:


1.4.1.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін

10

1.4.1.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

20

1.4.1.3.

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

30

1.4.2.

екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер


1.4.2.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін

15

1.4.2.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

22

1.4.2.3.

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

32

1.4.3.

алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер


1.4.3.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін

20

1.4.3.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

30

1.4.3.3.

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

40

1.4.4.

оннан көп жеке тұрған объектілер:


1.4.4.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін

25

1.4.4.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

35

1.4.4.3.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

45

2.

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін:


2.1.

көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа, тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар) меншік, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін

1

2.2.

жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін


2.2.1

Жеке және заңды тұлғалар үшін*

0,5

2.2.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

5

2.2.3.

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

15

2.3.

сервитутты (объектілерге қарамастан) тіркегені үшін

0,5

2.4.

кондоминиум объектісін тіркегені үшін

1

2.5.

ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін


2.5.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін

0,25

2.5.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

5

2.5.3.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

15

2.6.

құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін:


2.6.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін*

0,25

2.6.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

5

2.6.3.

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

15

2.7.

жылжымайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін:


2.7.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін*

0,25

2.7.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

5

2.7.3.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

15

2.8.

құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін


2.8.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін

0,25

2.8.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

5

2.8.3.

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

15

2.9.

міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік займ шарты бойынша талаптар құқықтарын басқаға беруді тіркегені үшін


2.9.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін

0,25

2.9.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

5

2.9.3.

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

15

2.10.

құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін:


2.10.1

Жеке және заңды тұлғалар үшін

0,25

2.10.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

5

2.10.3.

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

15

2.11.

жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін:


2.11.1.

Жеке және заңды тұлғалар үшін

0,5

2.11.2.

Жеке тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

5

2.11.3.

заңды тұлғалар үшін жеделдетілген тәртіппен

15

2.12.

құқықтық талап етуді тіркегені үшін

0,25

2.13.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салатын (туындататын) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын (ауыртпалығын тоқтатқаны;
осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке және осындай мүлік орналасқан жер учаскелеріне құқық ауыртпалығын (ауыртпалықты тоқтатуды);
мемлекеттік мекемелердің жылжымайтын мүлікке құқықтарды;
осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікке және осындай мүлік орналасқан жер учаскелеріне құқықты ;
мемлекеттік органдар шешімінің негізінде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастр нөмірлері өзгерген кезде тіркегені үшін

0

2.14.

жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) жүйелі түрде тіркегені үшін.

0

2.15.

жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,25

3.

жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін:


3.1.

жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын немесе әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге қайтарылып алынбайтын өкілеттіктің өзгерістерін, толықтыруларын және мемлекеттік тізілімнен алып тастауды тіркегені үшін:


3.1.1.

Жеке тұлғалардан

1

3.1.2.

Заңды тұлғалардан

5

3.2.

жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттіктің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

0,5

      Ескертпе:

      Мемлекеттік тіркеу кезінде нөлдік мөлшерлеме қолданылады:

      - мына адамдардың жылжымайтын мүлікке құқықтарын: *

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-аналарының бірі;

      кәмелет жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      бөлек тұратын зейнеткерлер;

      оралмандар;

      - мына адамдардың жылжымалы мүлік, кеме немесе салынып жатқан кеме кепілі: **

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-аналарының бірі;

      оралмандар.

      4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ қайта тіркеу үшін алым мөлшерлемелері:

Р/с

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Мөлшерлемелер (АЕК)

1.

Мемлекеттік тіркегені үшін:


1.1.

механикалық көлік құралын (бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралын қоспағанда) немесе тіркемені

0,25

1.2.

теңіз кемелерін

60

1.3.

өзен кемелерін

15

1.4.

шағын флот кемелерін:


1.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

3

1.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

2

1.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

1,5

1.5.

азаматтық әуе кемелерін

7

1.6.

ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды

14

1.7.

қалалық рельстік көлік

0,25

1.8.

теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам

0,25

2.

қайта тіркеу үшін:


2.1.

механикалық көлік құралын немесе тіркемені

0,25

2.2.

теңіз кемелерін

30

2.3.

өзен кемелерін

7,5

2.4.

шағын флот кемелерін:


2.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1,5

2.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

1

2.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

0,75

2.5.

азаматтық әуе кемелерін

7

2.6.

қалалық рельстік көлік

0,25

2.7.

теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам

0,25

3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:


3.1.

механикалық көлік құралын немесе тіркемені

0,25

3.2.

теңіз кемелерін

15

3.3.

өзен кемелерін

3,75

3.4.

шағын флот кемелерін:


3.4.1.

қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

0,75

3.4.2.

қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейін өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді

0,5

3.4.3.

өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді

0,38

3.5.

азаматтық әуе кемелерін

3,5

3.6.

ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды

3,5

3.7.

қалалық рельстік көлік

0,25

3.8.

теміржол тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрам

0,25

4.

механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін:


4.1.

гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары үшін:


4.1.1.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін

0,25

4.1.2.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін

25

4.1.3.

шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары

250

4.2.

Электро қуатымен көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары


4.2.1.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін

0,25

4.2.2.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін

50

4.2.3.

шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл және одан жоғары

500

4.3.

М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары үшін:


4.3.1.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейін

0,25

4.3.2.

шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейін

240

4.3.3.

шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейін

350

4.3.4.

шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жыл және одан жоғары

2500

5. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін алым мөлшерлемелері:

Р/с

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Мөлшерлемелер (АЕК)

1.

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркегені үшін

11

2.

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қайта тіркегені үшін

5

3.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:

0,7

6. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тiркегені үшін алым мөлшерлемелері:

Р/с

Тіркеу іс-қимылдарының түрлері

Мөлшер лемелер (АЕК)

1.

авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тiркегені (қайта тіркегені) үшін*

3

2.

мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін

2

Ескерту:
Келесідей тұлғалардың, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларына құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезінде нөлдік мөлшерлеме қолданылады:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-аналарының бірі;
оралмандар;
кәмелеттік жасқа толмағандар.
7. Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қойғаны үшiн алым мөлшерлемелері:

Р/с

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Мөлшер лемелер (АЕК)

1.

Теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою:


1.1.

балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы

2

1.2

Өзге тақырыптағы

5

8. Шағын қаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткені және оларды шағын қаржы ұйымдары тізіліміне енгізгені үшін алым мөлшерлемелері:

Р/с

Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері

Мөлшерлемелер (АЕК)

1

Шағын қаржы ұйымын есептік тіркеу:

10

      554-бап. Рұқсат беру құжаттарын беру үшін алымдар мөлшерлемелері

      1. Рұқсат құжаттарын беру үшін алымдар мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдар төлеу күні қолданылатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады.

      2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алым мөлшерлемелері:

      1) мыналарды:

      халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін – АЕК-тің 3 еселенген мөлшерін;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшерін;

      2) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу), халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті – АЕК-тің 20 еселенген мөлшері;

      3) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ірі көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жол жүруі – осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерді құрайды.

      3. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ірі көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жол жүруі үшін алым мөлшерлемелері:

      1) автокөлік құралының жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массасынан асып кеткені (жүкпен немесе жүксіз) үшін – асып кеткен әрбір тонна (толық еместі қоса алғанда) үшін АЕК-тің 0,005 еселенген мөлшерді құрайды.

      Автокөлік құралының жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массасынан асып кеткені (жүкпен немесе жүксіз) үшін алым сомасы көрсетілген алым мөлшерлемесін осындай асып кету мөлшеріне және маршрут бойынша (шақырыммен) тасымалдаудың тиісті арақашықтығына көбейту арқылы айқындалады;

      2) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін (жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген осьтер үшін):

Р/с

Жол берілген осьтік жүктемелерден нақты асып кету, %

Жол берілген осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін тариф (АЕК)

1.

10 % дейін қоса алғанда

0,011

2.

10,0 %-дан 20,0 %-ға дейін қоса алғанда

0,014

3.

20,0 %-дан 30,0 %-ға дейін қоса алғанда

0,190

4.

30,0 %-дан 40,0 %-ға дейін қоса алғанда

0,380

5.

40,0 %-дан 50,0%-ға дейін қоса алғанда

0,500

6.

50,0% жоғары

1

      Алым сомасы жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кеткен мөлшерге сәйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша (шақырыммен) тасымалдаудың арақашықтығына көбейту арқылы айқындалады;

      3) автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) көлемінің автокөлік құралының жол берілген биіктігі, ені және ұзындығы бойынша көлемдік өлшемдерінен асып кеткені үшін:

Р/с

Автокөлік құралдарының габариттік параметрлері, метрмен

Жол берілген габариттік параметрлерден асып кеткені үшін мөлшерлемелер (АЕК)

1.

Биіктігі:


1.2.

4-тен жоғары 4,5-дейін қоса алғанда

0,009

1.3.

4,5-нан жоғары 5-ке дейін қоса алғанда

0,018

1.4.

5-тен жоғары

0,036

2.

Ені:


2.

2,55-тен жоғары (2,6 изометриялық кузовтар үшін) 3-ке дейін қоса алғанда

0,009

2.2.

3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда

0,019

2.3.

3,75 жоғары

0,038

3.

Ұзындығы:


3.1.

Жол берілген ұзындықтан асқан әрбір метр үшін (толық еместі қоса алғанда)

0,004

      Автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) көлемінің автокөлік құралының жол берілген биіктігі, ені және ұзындығы бойынша көлемдік өлшемдерінен асып кеткені үшін алым сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

      автокөлік құралының биіктігі бойынша іс жүзіндегі габаритік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемесін маршрут бойынша (шақырыммен) тасымалдау арақашықтығына көбейту арқылы алынған автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттік көлемінің жол берілген биіктігі бойынша габариттік өлшемдерінен асып кеткені үшін алым сомасы

      қосу

      автокөлік құралының ені бойынша іс жүзіндегі габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемесін маршрут бойынша (шақырыммен) тасымалдау арақашықтығына көбейту арқылы алынған автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттік мөлшеріне жол берілген ені бойынша габариттік өлшемдерінен асып кеткені үшін алым сомасы

      қосу

      автокөлік құралының ұзындығы бойынша іс жүзіндегі габариттік мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерлемесін маршрут бойынша (шақырыммен) тасымалдау арақашықтығына көбейту арқылы алынған автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттік мөлшерінің жол берілген ұзындығы бойынша габариттік өлшемдерінен асып кеткені үшін алым сомасы.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар беру үшін алым мөлшерлемелері мынаны құрайды:

р/с

Лицензияланатын қызмет түрлері

Алым мөлшерлемелері АЕК-мен

1.

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым мөлшерлемелері: 


1.1.

Тау-кен (көмірсутек шикізаты) және мұнай-химия өндірістерін (технологиялық) жобалау

10

1.2.

Тау-кен (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай және газ саласындағы мұнай өнімдерін пайдалану

100

1.3.

Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану

10

1.4.

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу

10

1.5.

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау 

100

1.6.

Ядролық материалдармен жұмыс істеу

50

1.7.

Радиоактивті заттармен, радиоактивті заттары бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

10

1.8.

Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу

5

1.9.

Атом энергиясын пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну

5

1.10.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу

50

1.11.

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау

50

1.12.

Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет

10

1.13.

Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау

10

1.14.

Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау

5

1.15.

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою

10

1.16.

Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану

10

1.17.

Жолаушыларды қалааралық облысаралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақсыз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау

3

1.18.

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет

6

1.19.

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет 

20

1.20.

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) 

9

1.21.

Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және өткізу

20

1.22.

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету 

20

1.23.

Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру

0
 

1.24.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру

0

1.25.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және арнайы техникалық құралдарына жатқызу пәніне техникалық зерттеу

0

1.26.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу

0

1.27.

Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу 

22

1.28.

Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олардан қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу және сақтау

22

1.29.

Босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу 

22

1.30.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау

10

1.31.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олардан қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану

10

1.32.

Ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызмет

186

1.33.

Байланыс саласында қызмет көрсету

6

1.34.

Білім беру қызметі

10

1.35.

Теле-, радио арналарын тарату жөнiндегi қызмет

6

1.36.

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету

10

1.37.

Медициналық қызмет

10

1.38.

Фармацевтикалық қызмет

10

1.39.

Адвокаттық қызмет

6

1.40.

Нотариат қызметі

6

1.41.

Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет

6

1.42.

Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда)

6

1.43.

Зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын бағалау 

6

1.44.

Аудиторлық қызмет

10

1.45.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету 

50

1.46.

Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы 

6

1.47.

Туроператорлық қызмет 

10

1.48.

Ветеринария саласындағы қызмет

6

1.49.

Сот-сараптама қызметі 

6

1.50.

Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жасалатын археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру

10

1.51.

Банк операциялары, мыналар жүзеге асыратын:


1.51.1.

екінші деңгейлі банктер

800

1.51.2.

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

400

1.52.

Бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызметті жүзеге асыру бойынша банктер операциялары

800

1.53.

Банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар 

800

1.54.

Шетелдік қолма-қол валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ерекше қызмет түрі болып табылатын заңды тұлғалардың операциялары

40

1.55.

Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет

500

1.56.

Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет

500

1.57.

Ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру бойынша қызмет

500

1.58.

Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

200

1.59.

Сақтандыру брокерінің қызметі

300

1.60.

Актуарийлік қызмет

10

1.61.

Брокерлік қызмет

30

1.62.

Дилерлік қызмет 

30

1.63.

Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет 

30

1.64.

Кастодиан қызметі

30

1.65.

Трансфер-агенттік қызмет 

10

1.66.

Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.67.

Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі

40

1.68.

Іздестіру қызметі

10

1.69.

Құрылыс монтаждау жұмыстары

10

1.70.

Жобалау қызметі

10

1.71.

Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет

10

1.72.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау 

10

1.73.

Этил спиртінің өндірісі

3 000

1.74.

Сырадан және сыра сусынынан басқа, алкоголь өнімінің өндірісі

3 000

1.75.

Сыра және сыра сусынының өндірісі

2 000

1.76.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін

200

1.77.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметін мына жерде жүзеге асыратын субъектілердің әрбір қызмет объектісі үшін:



1.77.1.

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда

100

1.77.2.

аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде

70

1.77.3.

ауылдық елді мекендерде

30

1.78.

Темекі бұйымдарын өндіру 

500

1.79.

Тауарлардың экспорты мен импорты

10

1.80.

Экспорттық бақылауға жататын өнім экспорты мен импорты

10

1.81.

Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету

10

1.82.

Ойын бизнесі саласындағы қызмет: 


1.82.1. 

казино мен ойын автоматтары залы үшін жылына 

3 845

1.82.2. 

тотализатор мен букмекерлік кеңсе үшін жылына

640 

1.83.

Тауар биржалары саласындағы қызмет: 


1.83.1.

тауар биржасы үшін

10
 

1.83.2.

биржа брокері үшін

5
 

1.83.3.

биржа дилері үшін 

5
 

1.84.

Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның
патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу және экспонаттау
 

22

1.85.

Алтын іздеу жөніндегі қызметке лицензия беру (ұзарту):


1.85.1

1 санат (ұсынылған аумақтың көлемі 300000 шаршы метр болса)

3

1.85.2

2 санат (ұсынылған аумақтың көлемі 300000 шаршы метрден 500000 шаршы метрге дейін болса)

4

1.85.3

3 санат (ұсынылған аумақтың көлемі 500000 шаршы метрден 700000 шаршы метрге дейін болса)

5

2.

Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемелері: 


2.1.

1.51. – 1.53., 1.55. – 1.59., 1.79. – 1.80-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда барлық қызмет түрлеріне
 

Лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 100%

2.2.

1.51. – 1.53., 1.55. – 1.59-тармақтарда көрсетілген барлық қызмет түрлеріне

Лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 10 %

2.3.

1.79. – 1.80-тармақтарда көрсетілген барлық қызмет түрлеріне

1

3.

Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер


3.1.

Тауарлар экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнім экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда лицензиялардың барлық түрлеріне

Лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 10 %

3.2.

тауарлар экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнім экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін

1

      5. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергені үшін алым мөлшерлемесі мынаны құрайды:

      1) метрлік радиожиілік өрісі бар телевизия үшін:

Р/с

Халық саны (мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

10-ға дейін қоса алғанда

100-ге дейін қоса алғанда

20

2.

10-нан 50-ге дейін қоса алғанда

500-ге дейін қоса алғанда

41

3.

10-нан 50-ге дейін қоса алғанда

500-ден жоғары

83

4.

50-ден 100-ге дейін қоса алғанда

1000-ға дейін қоса алғанда

124

5.

50-ден 100-ге дейін қоса алғанда

1000-нан жоғары

249

6.

100-ден 200-ге дейін қоса алғанда

1000-нан жоғары

290

7.

100-ден 200-ге дейін қоса алғанда

1000-нан жоғары

435

8.

200-ден 500-ге дейін қоса алғанда

2000-ға дейін қоса алғанда

828

9.

200-ден 500-ге дейін қоса алғанда

2000-нан жоғары

1243

10.

500-ден жоғары

5000-ға дейін қоса алғанда

2367

11.

500-ден жоғары

5000-нан жоғары

3550

2) дециметрлік радиожиілік өрісі бар телевизия үшін:

Р/с

Халық саны (мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

10-ға дейін қоса алғанда

100-ге дейін қоса алғанда

13

2.

10-нан 50-ге дейін қоса алғанда

500-ге дейін қоса алғанда

26

3.

10-нан 50-ге дейін қоса алғанда

500-ден жоғары

52

4.

50-ден 100-ге дейін қоса алғанда

1000-ға дейін қоса алғанда

78

5.

50-ден 100-ге дейін қоса алғанда

1000-нан жоғары

155

6.

100-ден 200-ге дейін қоса алғанда

1000-ға дейін қоса алғанда

181

7.

100-ден 200-ге дейін қоса алғанда

1000-нан жоғары

429

8.

200-ден 500-ге дейін қоса алғанда

2000-ға дейін қоса алғанда

518

9.

200-ден 500-ге дейін қоса алғанда

2000-нан жоғары

777

10.

500-ден жоғары

5000-ға дейін қоса алғанда

3419

11.

500-ден жоғары

5000-нан жоғары

2220

3) Радиожиілік өрісімен УҚT ЧМ(FМ) радио хабарларын тарату:

Р/с

Халық саны (мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

10-ға дейін қоса алғанда

100-ге дейін қоса алғанда

5

2.

10-нан 50-ге дейін қоса алғанда

500-ге дейін қоса алғанда

9

3.

10-нан 50-ге дейін қоса алғанда

500-ден жоғары

18

4.

50-ден 100-ге дейін қоса алғанда

1000-ға дейін қоса алғанда

27

5.

50-ден 100-ге дейін қоса алғанда

1000-нан жоғары

53

6.

100-ден 200-ге дейін қоса алғанда

1000-ға дейін қоса алғанда

62

7.

100-ден 200-ге дейін қоса алғанда

1000-нан жоғары

93

8.

200-ден 500-ге дейін қоса алғанда

2000-ға дейін қоса алғанда

178

9.

200-ден 500-ге дейін қоса алғанда

2000-нан жоғары

266

10.

500-ден жоғары

5000-ға дейін қоса алғанда

488

11.

500-ден жоғары

5000-нан жоғары

732

4) Радиожиілік өрісі бар ҚТ, ОТ, ҰТ радио хабарларын тарату үшін:

Р/с

Халық саны (мың адам)

Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт)

Бір арна үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

500-ден жоғары

100-ге дейін қоса алғанда

5

2.

100-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

15

3.

1000-нан 10000-ға дейін қоса алғанда

30

4.

10000-нан 100000-ға дейін қоса алғанда

45

5.

100000-нан бастап

89

      1. 6. Телевизиялық және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың телнұсқасын беру туралы алым мөлшерлемесі 2 АЕК құрайды.
      2. 7. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін сертификаттарды бергені үшін алым мөлшерлемесі:
      3. 1) азаматтық әуе кемесін пайдаланушыны, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушыны сертификаттау туралы құжаттарды беру үшін:

Р/с

Пайдаланушының штат саны (адам)

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау:

1.1.

50 адамға дейін қоса алғанда

1 144

1.2.

51 адамнан 200 адамға дейін қоса алғанда

1 232

1.3.

201 адамнан 400 адамға дейін қоса алғанда

1 429

1.4.

401 адамнан 600 адамға дейін қоса алғанда

1 319

1.5.

103 адамнан 1 200 адамға дейін қоса алғанда 

1 363

1.6.

1201 адамнан 2000 адамға дейін қоса алғанда

1 407

1.7.

2001 адамнан астам

1 458

2.

Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау:

2.1.

50 адамға дейін қоса алғанда

78

2.2.

51 адамнан 200 адамға дейін қоса алғанда

831

2.3.

201 адамнан 400 адамға дейін қоса алғанда

871

2.4.

401 адамнан 600 адамға дейін қоса алғанда

918

2.5.

601 адамнан 1 200 адамға дейін қоса алғанда 

962

2.6

1 201 адамнан 2000 адамға дейін қоса алғанда

1 006

2.7.

2 001 адамнан астам

1 057

      2) азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығына сертификаттарды беру үшін:

Р/с

Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты, салмағы)

Сертификат тау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

ұшақтың ұшуға жарамдылығы

1.1.

136 000 килограмнан астам

450

1.2.

75 000 килограмнан астам 136 000 килограмға дейін қоса алғанда

437

1.3.

2 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмға дейін қоса алғанда

328

1.4.

3 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам 75000 килограмға дейін қоса алғанда

364

1.5.

4 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмға дейін қоса алғанда

401

1.6.

2 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам 30 000 килограмға дейін қоса алғанда

291

1.7.

3 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам 30000 килограмға дейін қоса алғанда

328

1.8.

4 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам 30000 килограмға дейін қоса алғанда

364

1.9.

5700 килограмнан астам 10000 килограмға дейін қоса алғанда

54

2.

тікұшақтың ұшуға жарамдылығы

2.1.

10000 килограмнан астам

145

2.2.

1 қозғалтқышымен 5000 килограмнан астам 10000 килограмға дейін қоса алғанда

91

2.3.

2 қозғалтқышымен 5000 килограмнан астам 10000 килограмға дейінқоса алғанда

127

2.4.

1 қозғалтқышымен 3180 килограмнан астам 5000 килограмға дейін қоса алғанда

54

2.5.

2 қозғалтқышымен 3180 килограмнан астам 5000 килограмға дейін қоса алғанда

72

3) азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін:

Р/с

Әуе кемесін сертификаттау түрі (санаттар, салмағы)

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

ұшақ

10 000

2.

тікұшақ

5 000

3.

басқа да ұшу аппараттары

1000

4) азаматтық әуе кемесі даналарының сертификаттарын беру үшін:

Р/с

Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты, салмағы)

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

Ұшақ

10

2.

Тікұшақ

20

3.

басқа да ұшу аппараттары

5

      5) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша ұйымға сертификаттар беру үшін:

Р/с

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша ұйымның штат саны

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

Әуе кемелеріне оперативтік техникалық қызмет көрсету:

1.1.

10 адамға дейін

346

1.2.

11-ден 40 адамға дейін

364

1.3.

41-ден 70 адамға дейін

382

1.4.

71-ден 100 адамға дейін

400

1.5.

103-ден 150 адамға дейін

419

1.6.

151-ден 200 адамға дейін

437

1.7.

201 адамнан жоғары

455

2.

Әуе кемелеріне мерзімді техникалық қызмет көрсету

2.1.

10 адамға дейін

418

2.2.

11-ден 40 адамға дейін

436

2.3.

41-ден 70 адамға дейін

454

2.4.

71-ден 100 адамға дейін

472

2.5.

103-ден 150 адамға дейін

491

2.6.

151-ден 200 адамға дейін

509

2.7.

201 адамнан жоғары

527

3.

Авиацияның жеңіл және өте жеңіл әуе кемелерін қоспағанда, бөлшектенген құрамбөліктерге техникалық қызмет көрсету

218

4.

Авиацияның жеңіл және өте жеңіл әуе кемелерін қоспағанда, бұлжытпай бақылау

145

5.

Күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары):

5.1.

10 адамға дейін

47

5.2.

11-ден 40 адамға дейін

69

5.3.

41-ден 70 адамға дейін

429

5.4.

71-ден 100 адамға дейін

290

5.5.

103-ден 150 адамға дейін

309

5.6.

151-ден 200 адамға дейін

327

5.7.

201 адамнан жоғары

345

6.

Әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау)

145

7.

Әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау

218

8.

Әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу:

8.1.

10 адамға дейін

528

8.2.

11-ден 40 адамға дейін

546

8.3.

41-ден 70 адамға дейін

564

8.4.

71-ден 100 адамға дейін

582

8.5.

103-ден 150 адамға дейін

103

8.6.

151-ден 200 адамға дейін

619

8.7.

201 адамнан жоғары

637

      6) әуеайлақтың жарамдылығы сертификатын беру үшін:

Р/с

Әуеайлақ сыныбы (санаты)

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

А немесе Б немесе В сыныбы /санатталмаған

1349

2.

А немесе Б немесе В сыныбы /І санат

1604

3.

А немесе Б немесе В сыныбы /ІІ немесе ІІІ санат

2078

      7) тікұшақ айлағының жарамдылығы сертификатын беру үшін:

Р/с

Тікұшақ айлағының типі

Тікұшақ айлағының сыныбы

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

Жер беті деңгейінде орналасқан

Жабдықталмаған I, II, III сынып

364

2.

Ішінара жабдықталған I, II, III сынып

419

3.

Жабдықталған I, II, III сынып

510

4.

Жерден сәл биікте

Жабдықталмаған I, II, III сынып

328

5.

Ішінара жабдықталған I, II, III сынып

382

6.

Жабдықталған I, II, III сынып

437

7.

Палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы

Жабдықталмаған I, II, III сынып

255

8.

Ішінара жабдықталған I, II, III сынып

309

9.

Жабдықталған I, II, III сынып

328

      8) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру бойынша сертификат беру үшін:

Р/с

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі қызметінің тексеріп қарау бөлімшесінің штат саны

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі(АЕК)

1.

251 және одан көп адам

235

2.

201 адамнан 250 адамға дейін

294

3.

151 адамнан 200 адамға дейін

213

4.

103 адамнан 150 адамға дейін

202

5.

51 адамнан 100 адамға дейін

191

6.

50 адамға дейін

180

      9) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификат беру үшін:

Р/с

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің штат саны

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1.

201 және одан көп адам

12 600

2.

103 адамнан 200 адамға дейін

324

3.

51 адамнан 100 адамға дейін

341

4.

21 адамнан 50 адамға дейін

302

5.

11 адамнан 20 адамға дейін

190

6.

10 адамға дейін

180

Ескертпе: сертификаттың қызмет саласы кеңейтілген кезде

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесінің 10%-ы

      8. Банк және сақтандыру нарығының қатысушылары үшін рұқсат беру құжаттарын беру үшін алым мөлшерлемесі мынаны құрайды:

Р/с

Рұқсат беру құжаттарының түрлері

Алым мөлшерлемелері, АЕК-мен

1

2

3

1.

Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуына рұқсат

50

2.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуына рұқсат

50

3.

Бас банктің күдікті және сенімсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына, сатып алуына рұқсат;

50

4.

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ұйым капиталына айрықша қатысуына рұқсат;

50

5.

Банк холдингін немесе банктің ірі қатысушысын сатып алуға келісім:


5.1.

жеке тұлғалар үшін

10

5.2.

заңды тұлғалар үшін

500

6.

Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының мәртебесін сатып алуға келісім:


6.1.

жеке тұлғалар үшін

50

6.2.

заңды тұлғалар үшін

50

7.

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банктік, сақтандыру брокері сақтандыру холдингтерінің жетекші қызметкерлерін, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы қызметкерлерін сайлауға тағайындауға келісім

25

      9. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға келісімді беру және (немесе) ұзарту үшін алым мөлшерлемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды.

69-ТАРАУ. ТӨЛЕМАҚЫЛАР § 1. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға арналған лицензияны пайдалану үшін төлемақы

      555-бап. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға арналған лицензияны пайдалану үшін төлемақы (бұдан әрі - осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) қызметтің мынадай:

      1) ойын бизнесі саласында;

      2) алкогольдік өнімді сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша;

      3) алкогольдік өнімді сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша түрлерін жүзеге асыру кезінде алынады.

      2. Лицензиарлар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.

      556-бап. Төлемақы төлеушілер

      Осы Кодекстің 555-бабы 1-тармағында көрсетілген қызметтің тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

      557-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

      Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда (бұдан әрі - осы тараудың мәтіні бойынша – АЕК) белгіленген және осындай төлемақы төлеу күні қолданылатын еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады және мынаны құрайды.

Р/с

Лицензияланатын қызмет түрлері

Төлем мөлшерлемелері, жылына АЕК-мен

1.

ойын бизнесі саласындағы қызмет


1.1

казино және ойын автоматтары залы үшін жылына

3845

1.2

тотализатор мен букмекерлік контора үшін жылына

640

2.

Әрбір қызмет объектісі үшін алкоголь өнімін сақтау және көтерме өткізу

200

3.

Қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін әрбір қызмет объектісі үшін алкоголь өнімін сақтау және бөлшектеп өткізу:


3.1

Астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында

100

3.2

Басқа қалалар мен кенттерде

60

3.3

Ауылдық елді мекендерде

20

      558-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Мынадай қызмет: ойын бизнесі саласында; алкогольдік өнімді сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша (алкогольдік өнімді өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметтен басқа), алкогольдік өнімді сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша (алкогольдік өнімді өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметтен басқа) түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер төлем сомасын өздерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлеспен жыл сайын төлейді.

      2. Егер есепті салық кезеңінде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан кем болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензияны пайдалану айларының тиісті санына (толық немесе толық емес) көбейту арқылы айқындалады.

      Лицензияны осы баптың 1-тармағында белгіленген бір мерзімнен кейін алған кезде алғашқы төлеу мерзімі лицензия алған күннен кейінгі кезекті мерзім болып табылады.

      3. Төлемақы алу көзделген, лицензия беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар төлемді есептеуді, есепке жатқызуды жүргізеді және төлем мөлшерлемесінің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ алудың толықтығына, төлемдерді бюджетке төлеудің уақтылығына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын мәліметтердің анықтығына жауапты болады.

§2. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

      559-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) мемлекет:

      жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);

      жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін бергенi үшiн алынады.

      2. Жер учаскелерiн жер қойнауы учаскелерін беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгiленедi.

      3. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері, жергілікті атқарушы органдар және жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді табыс етедi.

      4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді табыс етедi.

      560-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Мыналарды:

      жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);

      қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

      2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

      Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін тоқтатуы мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер заңды тұлға өз шешімімен жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшені төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныған жағдайда, мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осы тармақтың ережелері жер қойнауы учаскесін қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде алған салық төлеушілерге қолданылмайды.

      3. Мыналар:

      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданатын, аталған арнаулы салық режимі таратылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

      концессия шартында көрсетілген, бірақ жергілікті атқарушы орган уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзім ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессионер – төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

      561-бап. Салық салу объектісі

      Мыналар:

      мемлекет уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беретін жер учаскесі;

      қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі салық салу объектісі болып табылады.

      562-бап. Салық кезеңі

      Салық кезеңі осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалады.

      563-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

      1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда салық кезеңінің бірінші күні белгіленген айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – осы баптм мәтін бойынша – АЕК) негізге ала отырып айқындалады және мынаны құрайды.

Кезең

АЕК-пен 1 айға төлемақы мөлшерлемелері

1 блок үшін барлауға арналған лицензия қолданысының 1-айдан бастап және 36-ай аралығында

15

1 блок үшін барлауға арналған лицензия қолданысының 37-айдан бастап және 60-ай аралығында

23

1 блок үшін барлауға арналған лицензия қолданысының 61-айдан бастап және 84-ай аралығында

32

1 блок үшін барлауға арналған лицензия қолданысының 85-айдан бастап әрі қарай

60

Өндіруге арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап және әрі қарай 1 км2

450

      Осы тараудың мақсаттары үшін блок Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақты білдіреді. Әрбір блоктың идентификаттайтын координаттары және жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган тағайындайтын жеке коды болады.

      2. Қалған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте төлемақы мөлшерлемелері осы Кодекстің 510-бабының 2, 3-тармақтарында көзделген ережелерді ескермей, жер салығының мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

      564-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.

      Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгiленедi.

      Шарттардың талаптары, сондай-ақ жер салығы сомасының өзгеруіне әкеп соғатын, осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасының есеп айырысуды қайта қарайды.

      2. Салық кезеңiнде төленуге жататын уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы баптың 1-тармағында көрсетілген есеп айырысуда белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне және салық кезеңiнде жер учаскесiн пайдаланудың нақты кезеңiн негізге ала отырып айқындалады.

      Бұл ретте жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі салық кезеңінің басынан (егер жер учаскесі салық кезеңінің басталуы күні бастапқы өтеулі жер пайдалану құқығында болса) немесе жер учаскесіне осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап мұндай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салық кезеңінің (егер жер учаскесі салық кезеңінің аяқталуы күні осындай құқықта) соңына дейін айқындалады.

      3. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осы жер учаскелерi бойынша есептелген жер салығы сомасының мөлшерінен кем белгiленбейдi.

      4. Осы баптың 5, 6, 9, 10, 12-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, төлемақы төлеушiлер төлемақы сомасын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешiктiрмей тең үлестермен төлейдi.

      Мемлекет жер учаскелерiн уақытша өтеулі жер пайдалануға төлемақы төлеудiң жоғарыда тізбеленген мерзiмдерiнің бірінен кейiн берген жағдайларда, төлемақы төлеудің келесi кезектi мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.

      5. Жеке тұлғалар өтеулі жер пайдалануға алған және кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын (пайдалануға жатпайтын) жер учаскелері бойынша төлемақы сомасын 25 ақпаннан кешіктірмей төлейді.

      Уақытша өтеулі жер пайдалану шарты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін жасалған жағдайда жеке тұлғаның осындай шарт жасалған салық кезеңі үшін төлемақы төлеуі осындай шарт жасалған айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      6. Уақытша өтеулі жер пайдалану шартының қолданыс мерзімі өткен немесе салық кезеңі аяқталғанға дейін ол бұзылған жағдайда уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы осындай жылы жер пайдаланудың нақты кезеңі үшін осындай шарт бұзылған айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірілмей бюджетке төленуге жатады.

      7. Төлемақы сомасы:

      1) жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы;

      2) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша бюджетке төленеді.

      8. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.

      9. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланушылар төлемақының жылдық сомасын есепті салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей – есепті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша лицензия қолданылғанда және оның қолданысы аяқталған немесе есепті жылды қоса алғанда 1 ақпанға дейін лицензияны алғанда – осы Кодекстің 563-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша айқындалатын төлемақының жылдық сомасы мөлшерінде төлейді.

      Мұндай төленген төлемақы сомасын қайтару жүргізілмейді.

      10. Егер есепті салық кезеңінің 1 ақпанындағы жағдай бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданыс мерзімі ағымдағы салық кезеңінде өтетіні белгілі болған жағдайда, онда есепті салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде мұндай лицензияның нақты қолданыс мерзімі үшін осы баптың 11-тармағына сәйкес есептелген төлемақы төленуге тиіс.

      11. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны есепті салық кезеңінің 1 ақпанынан кейін алған немесе есепті салық кезеңі ішінде лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы төлемақы сомасын осы Кодекстің 563-бабы 1-тармағында белгіленген төлемақы мөлшерлемесін және есепті салық кезеңінде осындай лицензияның нақты қолданыс кезеңін негізге ала отырып айқындайды.

      Бұл ретте лицензияның нақты қолданыс кезеңі салық кезеңінің басынан (егер мұндай лицензия салық кезеңінің басталуы күні қолданылған болса) немесе лицензия қолданыста болған айдың 1-і күнінен бастап мұндай лицензия тоқтатылған айдың 1-і күніне дейін немесе салық кезеңінің (егер мұндай лицензия салық кезеңінің аяқталуы күні қолданыста болса) соңына дейін айқындалады.

      12. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданысы есепті салық кезеңінің 1 ақпанынан кейін тоқтатылған жағдайда осындай лицензияның нақты қолданыс кезеңіне төлемақы сомасы лицензия қолданысының мерзімі өткен тоқсанның екінші айының 25-і күнінен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге жатады.

      565-бап. Салық есептілігі

      1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 530-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер:

      1) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша – уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;

      2) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша – жер қойнауын пайдаланушыға қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының салық органдарына есеп-қисабын ұсынады.

      2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есептi салық кезеңiнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей табыс етедi.

      3. Есепті салық кезеңiнің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алған тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған немесе лицензия алынған айдан кейiнгi айдың 20-ы күнінен кешiктiрмей табыс етедi.

      4. Есепті салық кезеңiнің 20 ақпанынан кейін жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен уақытша жер пайдалану туралы шарт бұзылған немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған кезде шарт қолданысының мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ағымдағы төлемдер сомаларының қосымша есеп-қисабы ұсынылады.

§ 3. Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы

      566-бап. Жалпы ережелер

      1. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырылатын арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.

      2. Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.

      3. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өңiрлiк органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнаулы су пайдалануға берілген рұқсаттары, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдалану рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер, су заңнамасын сақтау бойынша тексеру нәтижелері, су заңнамасын сақтау бойынша тексеру нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-і күнінен кешiктiрмей табыс етеді.

      567-бап. Төлемақы төлеушілер

      Мынадай:

      1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;

      2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;

      3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;

      4) су көлігі мұқтаждықтары үшін су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.

      2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

      Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер заңды тұлға өз шешімімен жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшені төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныған жағдайда, мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      568-бап. Салық салу объектілері

      1. Салық салу объектiлері:

      1) мыналарды:

      бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін;

      ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететiн, су шаруашылығы жүйелерiнiң жобалық деректерi негiзiнде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган растаған су шығындарын;

      су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiткен табиғат қорғау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық су ағызу көлемiн;

      су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган растаған суару жүйелерiне мәжбүрлi түрде су жинау көлемiн қоспағанда, жер үстi су көзiнен алынған судың көлемi;

      2) өндiрiлген электр энергиясының көлемi;

      3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi болып табылады.

      2. Төлемақы:

      1) кеме тiркемесiнсiз сүректі ағызуға, рекреацияға;

      2) жер қазатын техниканы қолдануға;

      3) батпақты құрғатуға пайдаланылған су көлемі үшін алынбайды.

      569-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

      1. Төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi.

      2. Су алудың нақты көлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, осындай асып кеткен бөлiгінде осы баптың 1-тармағында көзделген бес есе ұлғайтылған төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.

      570-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген мөлшерлемелерді негiзге ала отырып, төлеушiлер есептейді..

      2. Тіреуіш гидротехникалық және су реттеуші құрылғылары бар су объектілерінде су көлігімен тасымалдау көлемі үшін төлемақы сомасы тасымалданған жүктің тоннасы/шақырымына қарай есептеледі.

      3. Төлеушiлер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемi үшiн ағымдағы төлемақы сомаларын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттерінің негізінде есепті тоқсаннан кейін екінші айдың 25-і күнінен кешiктiрмей бюджетке төлейді.

      4. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленедi.

      5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақыны осы Кодекстің 706-бабында белгіленген мерзімде төлеуді жүргізеді.

      571-бап. Салық кезеңі

      Салық кезеңі осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалады.

      572-бап. Салық есептілігі

      1. Төлемақы төлеушілер арнаулы су пайдалану жері бойынша мемлекеттік кірістер органына төлемақы бойынша декларацияны тапсырады.

      2. Декларацияны, осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден басқа, төлемақы төлеушілер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей төлейді.

      3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы бойынша салық есептілігін бірыңғай жер салығы бойынша декларацияға тиісті қосымша түрінде тапсырады.

      4. Декларация мемлекеттік кірістер органына ұсынылғанға дейін су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.

§ 4. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы

      573-бап. Жалпы ережелер

      1. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, берілген экологиялық рұқсаттар, қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері, экологиялық рұқсаттарға және қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтеріне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар өндіріс пен тұтыну қалдықтарын уақытша сақтауға қатысты мәліметтерді (көлемі, уақытша сақтаудың белгіленген мерзімі, нақты орналастыру кезеңі) табыс етеді.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауды тексеруді (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру барысында анықталған, қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі туралы мәліметтерді осындай тексерулердің нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шағым жасауды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген осындай тексерулердің нәтижелеріне шағым жасау мерзімі өткен соң он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      574-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

      2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің қоршаған ортаға эмиссиясы көлемі бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер заңды тұлға өз шешімімен жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшені төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныған жағдайда, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осындай құрылымдық бөлімшенің құрылған жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданатын, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі таратылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша салық төлеушілер төлемақыны төлеушілер болып табылмайды.

      575-бап. Салық салу объектісі

      Қоршаған ортаға эмиссиялардың мынадай:

      1) ластағыш заттар шығарындылары;

      2) ластағыш заттар төгінділері;

      3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтары;

      4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірт түрлеріндегі нақты көлемі, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуына тексерулерді жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

      576-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

      1. Төлемақы мөлшерлемелері осы баптың 7-тармағының ережелерін ескере отырып, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданылатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады.

      2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілгендерден басқа, стационарлық көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды.

Р/с

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

Күкірт тотықтары

10


2

Азот тотықтары

10


3.

Шаң және күл

5


4.

Қорғасын және оның қосындылары

1993


5.

Күкіртсутек

62


6.

Фенолдар

166


7.

Көмірсутектер

0,16


8.

Формальдегид

166


9.

Көміртегі тотықтары

0,16


10.

Метан

0,01


11.

Күйе

12


12.

Темір тотықтары

15


13.

Аммиак

12


14.

Алты валентті хром

399


15.

Мыс тотықтары

299


16.

Бенз(а)пирен


498,3

      3. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1.

Көмірсутектер

44,6

2.

Көміртегі тотықтары

14,6

3.

Метан

0,8

4.

Күкірт диоксиді

200

5.

Азот диоксиді

200

6.

Күл

240

7.

Күкіртсутек

1240

8.

Меркаптан

199341

      4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,33

2.

Дизель отыны үшін

0,45

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,24

      5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1.

Нитриттар

670

2.

Мырыш

1340

3.

Мыс

13402

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

4

5.

Тұзды аммоний

34

6.

Мұнай өнімдері

268

7.

Нитраттар

1

8.

Жалпы темір

134

9.

Сульфаттар (анион)

0,4

10.

Өлшенген заттар

1

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12.

Хлоридтер (анион)

0,1

13.

Алюминий

27

      6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,19


1.2.

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

7


1.2.2.

"жақұт" тізім

4


1.2.3.

"жасыл" тізім

1


1.2.4.

Сыныпталмағандар

0,45


1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:



1.3.1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.3.1.1.

аршынды жыныстар

0,002


1.3.1.2.

жанас таужыныстары

0,013


1.3.1.3.

байыту қалдықтары

0,01


1.3.1.4.

шлактар, шламдар

0,019


1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,019


1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,33


1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,001


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,38

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,19

2.3.

Бета-радиоактивті


0,02

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,19

      7. Мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК құрайды.

      8. Жергілікті атқарушы органдар осы бапта белгіленген мөлшерлемелерді екі еседен аспайтындай асыруға құқығы бар.

      577-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын:

      төлеушілер қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерiн және төлемақыға белгіленген мөлшерлемелерді негiзге ала отырып есептейдi;

      салық органдары осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіпте, нысанда және мерзімде ұсынылған Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын (мемлекеттік экологиялық бақылау) сақтау бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық органдар жүргізген тексеру нәтижелері бойынша, олардың мәліметтерінде көрсетілген белгіленген төлемақы мөлшерлемесін және қоршаған ортаға эмиссияның декларацияда көрсетілмеген көлемін негізге ала отырып есептейді.

      Салық органдары төлемақы сомасын осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген негіздер бойынша есептеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мәліметері негізінде қоршаған ортаға эмиссия үшін есептелген төлемақы сомасы туралы хабарлама шығарады.

      2. Электр энергиясын өндіру кезіндегі Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары және коммуналдық қызмет көрсету кезіндегі табиғи монополиялар субъектілері түзілетін эмиссия көлемі үшін төлемақы сомасын есептеу кезінде төлемақы мөлшерлемесіне келесі коэффициенттер:

      0,3 – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелеріне осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес оларды жергілікті атқарушы органдар асыру есебімен;

      0,43 – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелеріне осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес оларды жергілікті атқарушы органдар асыру есебімен;

      0,05 – осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.3.3-жолында белгіленген мөлшерлемелеріне осы Кодекстің 576-бабының 8-тармағына сәйкес оларды жергілікті атқарушы органдар асыру есебімен қолданылады.

      Жеке тұлғалар тұрғылықты жері бойынша түзілетін қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондардың төлемақы сомасын есептеу кезінде осы Кодекстің 576-бабы 6-тармақтың 1.1-жолында бекітілген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициенті қолданылады.

      Сонымен қатар, осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер шегінде қоршаған ортаға эмиссия көлеміне қолданылады.

      3. Жылдық жиынтық көлемі 100 АЕК-ее дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.

      Рұқсат құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

      Ластанудың қозғалмалы көздері бойынша төлемақы сомасы бюджетке:

      мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – осындай тіркеу жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;

      мемлекттік тіркеуге жатпайтын қозғалмалы көздер бойынша – салық төлеушінің орналасқан жері бойынша, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша (егер оған салық міндеттемелерін орындау жүктелсе) енгізіледі.

      5. Осы баптың 3-тармағында аталған төлеушiлердi қоспағанда, төлемақы төлеушiлер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi үшiн төлемақының ағымдағы сомаларын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 25-і күнінен кешiктiрмей енгізедi.

      578-бап. Салық кезеңі

      Салық кезеңi осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалады.

      579-бап. Салық есептілігі

      1. Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына декларация тапсырады.

      Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:

      1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;

      2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша тапсырылады.

      2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді төлеушілерді қоспағанда, төлемақы төлеушiлер декларацияны тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-і күнінен кешiктiрмей ұсынады.

      3. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

      Рұқсат құжаты көрсетілген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, төлеушiлер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейiнгi айдың 20 күнінен кешiктiрмей табыс етедi.

§ 5. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

      580-бап. Жалпы ережелер

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.

      2. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      3. Мынадай жағдайларда:

      1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, қоныс аударту, қолдан өсіру және шағылыстыру мақсаттары үшiн алып қойып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;

      2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, қолдан өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде;

      3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;

      4) халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.

      4. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-і күнінен кешiктiрмей ұсынады.

      581-бап. Төлемақы төлеушiлер

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

      582-бап. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

      1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлемақыны төлеу күні қолданыста болған еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады.

      2. Қазақстан Республикасында кәсіпшілік, әуесқойлық және спорттық аң аулау кезінде төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с

Жабайы жануарларың түрлері

Төлемақы мөлшерлемесі, бір жеке түрі үшін (АЕК)

Кәсіпшілік аң аулау

әуесқойлық және спорттық аң аулау

1.

Сүтқоректілер



1.1.

бұлан (еркегі)

-

16

1.2.

бұлан (ұрғашысы)

-

11

1.3.

бұлан (бір жасар төлі)

-

6

1.4.

марал (еркегі)

-

13

1.5.

марал (ұрғашысы)

-

7

1.6.

марал (бір жасар төлі)

-

4

1.7.

аскания бұғысы (еркегі)

-

9

1.8.

аскания бұғысы (ұрғашысы)

-

5

1.9.

аскания бұғысы (бір жасар төлі)

-

3,5

1.10.

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

4

1.11.

елiк (таралу аймағының солтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

3

1.12.

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, еркегі)

-

3

1.13.

елiк (таралу аймағының оңтүстiк бөлiгi, ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

2

1.14.

сiбiр тау ешкiсi (еркегі)

-

4

1.15.

сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, бір жасар лағы)

-

3,5

1.16.

Құдыр

-

2

1.17.

қабан (еркегі)

-

4

1.18.

қабан (ұрғашысы, бір жасар торайы)

-

3

1.19.

киiк (еркегі)

4

5

1.20.

киiк (ұрғашысы, бір жасар лағы)

3

4

1.21.

қоңыр аю (тяньшань аюынан басқасы)

-

14

1.22.

өзен құндызы, кәмшат (орта азиядағыдан басқасы)

1

2

1.23.

Бұлғын

2

4

1.24.

суырлар (мензбир суырынан басқасы)

0,060

0,12

1.25.

Ондатр

0,045

0,9

1.26.

борсық, түлкi

0,10

0,20

1.27.

Қарсақ

0,045

0,10

1.28.

америка су күзенi

0,12

0,25

1.29.

сiлеусiн (түркiстан сілеусінінен басқасы)

-

0,45

1.30.

қояндар (құм қоян, ор қоян, ақ қоян)

0,010

0,045

1.31.

жанат тектес ит, жанат, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, кәдімгі тиiн

0,020

0,35

1.32.

саршұнақ (құм саршұнағы)

0,015

0,025

1.33.

Қасқыр

0

0

1.34.

Шибөрі

0

0

2.

Құстар



2.1.

маймақ қаз (қызыл жемсаулы, қара жемсаулы)

0,015

0,030

2.2.

саңырау құр

-

0,15

2.3.

Құр

-

0,055

2.4.

гималай ұлары

-

0,20

2.5.

қырғауыл

0,020

0,060

2.6.

қаздар* (сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырманқаз), қарашақаз

0,020

0,045

2.7.

үйректер* (отүйрек, сарыалақаз, барылдауық, ысылдақ шүрегей, қырылдақ шүрегей, боз үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, даурықпа шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуiр, қызылбас сүңгуiр, айдарлы сүңгуiр, айдарсыз теңіз сүңгуiрі, ұшқыр үйрек, сусылдақ, айдарлы үйрек, қара тұрпан, кiшi бейнарық, секпiлтөс бейнарық, үлкен бейнарық)

0,010

0,020

2.8.

қасқалдақ, қызғыш, шiлдер (аққұр, тундра шілі, дала шілі, сұр шiл, сақалды шіл), кекiлiк, сұр құр, кептерлер (дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер), түркептер (кәдiмгi түркептер, үлкен түркептер), шалшықшылар (күжiркей, шаушалшық, тауқұдiрет, орман маңқысы, азия тауқұдiретi, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, орташа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi шырғалақ)

0,005

0,010

2.9.

бөдене

0,005

0,010

      * Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерінен басқасы.

      3. Балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с

Су жануарларының түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері(АЕК)

бір дарағы үшін

бір килограмм үшін

1.

Кәсіпшілік және ғылыми мақсаттарда:



1.1.

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)


0,064

1.2.

майшабақтар (қарынсау, бражник шабағы, қаражон), тікендi балық, түйетабан, шабақ


0

1.3.

албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус)


0,017

1.4.

ақсақа балықтар (көкшұбар, көк-шарбы, пайда, шыр, мұқсын), ұзын саусақты шаян


0,012

1.5.

қаракөз


0,004

1.6.

итбалық

1,93


1.7.

ірi балықтар:



1.7.1.

ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке


0,013

1.8.

ұсақ балықтар:



1.8.1.

табан, торта, тұрпа балық, майбалық, қызылкөз, көкбас, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және талас тарақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктұран, қылыш балық, буффало, шармай


0,004

2.

Спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулауды жүргiзу кезiнде:



2.1.

алып қоя отырып:



2.1.1.

ірі балықтар


0,017

2.1.2.

қортпа


6,5

2.1.3.

бекіре балықтары


5,5

2.1.4.

ақсақа, албырт балықтар


0,042

2.1.5.

ұсақ балықтар


0,008

2.1.6.

шаян

0,008


2.2.

"ұстап алу-қоя беру" қағидаты негізiнде:



2.2.1.

ірі балықтар


0,1

2.2.2.

бекiре балықтары (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, тілмай)

4,97


2.2.3.

ақсақа, албырт балықтар


0,27

2.2.4.

ұсақ балықтар


0,068

      1 Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлардың түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с

Жануарлардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

бір дарағы үшін

бір килограмы үшін

1.

Сүтқоректілер:



1.1.

шұбар мысық немесе дала мысығы

0,030

-

1.2.

қарақас

0,015

-

2.

құстар:



2.1.

кiшкене, қара мойын, қызыл мойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және сары құтан

0,010

-

2.2.

үлкен аққұтан

0,015

-

2.3.

маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйiрқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шалғын және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала бозторғайы, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты), орман бозторғайы, егіс бозторғайы, шауторғай, қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық

0,005


2.4.

қаршыға

0,010


2.5.

қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары

0,045


3. 

Бауырымен жорғалаушылар:



3.1.

орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы

0,020

-

3.2.

ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз

0,010

-

3.3.

бозша жылан

0,045

-

3.4.

өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы

0,035

-

3.5.

көлбақа

0,005

-

4.

Омыртқасыз су жануарлары: 



4.1.

артемия (цисталары)

-

0,045

4.2.

гаммарус, шашақ мұрт шаяндар

-

0,010

4.3.

сүлiктер

-

0,030

4.4.

басқа да су омыртқасыздары мен цисталары

-

0,005

      583-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын төлеушілер белгіленген мөлшерлемелер мен жануарлардың саны немесе салмағына (жекелеген жануарлар түрлері үшін) сүйене отырып есептейді.

      Қазақстан Республикасында аңшылық жүргізу кезінде шетелдіктер үшін төлемақы сомасын есептеу кезінде белгіленген мөлшерлемелерге 10-ға тең коэффициент қолданылады.

      Төлемақы сомасы жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат алған жер бойынша бюджетке төленеді. Төлемақы сомасы рұқсат алғанға дейін банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі.

§ 6. Орманды пайдалану үшін төлемақы

      584-бап. Жалпы ережелер

      1. Орманды пайдалану үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың келесі түрлері:

      1) сүрек дайындау;

      2) шайыр мен ағаш шырынын дайындау;

      3) екінші кезектегі ағаш ресурстарын дайындау (қабық, бұтақ, түбір, тамыр, жапырақтар, ағаш және бұталар бүршіктері);

      4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, омарталар мен ара ұяларын орналастыру, бақша егу, бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты, жабайы өсетін жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да азықтамақ өнімдері, мүктер, орман төсемдері мен сарғайып түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);

      5) мемлекеттік орман қорының учаскелерін:

      мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда;

      аң аулау шаруашылығы қажеттіліктері;

      ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;

      6) мемлекеттік орман қорының учаскелерін ағаш және бұта түрлерінің отырғызу материалдарын және арнаулы мақсаттағы плантациялық көшеттер өсіруге пайдалану үшін алынады.

      2. Осы тараудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің негізінде орманды пайдалануға сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлерін, олардың бөлшектерін немесе дериваттарды шығару да жатады.

      Табиғи ортасынан сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлерін, олардың бөлшектерін немесе дериваттарын алу туралы шешім қабылдау кезінде осындай алудың көлемі, төлемақы мөлшері мен оны төлеу мерзімі әрбір жеке жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілейді.

      3. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде берілетін ағаш кесуге рұқсат билеті мен орман билеті (бұдан әрі-рұқсат құжаты) негізінде беріледі.

      4. Мемлекеттік орман иелері (жергілікті атқарушы органдардың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері; орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ұйымдары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның табиғатты қорғау мекемелері; көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен ведомстволық бағыныстылықа сәйкес автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік ұйымдары) есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметті уәкілетті орган белгілеген нысанда табыс етеді.

      5. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, орманды молықтыру және ағаш өсіру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жыл сайын, есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей, өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына мөлшері осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын төлемақы төлеушілер туралы және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық салу объектілері туралы мәліметті табыс етеді.

      585-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Мемлекеттік орман иелері, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен орманды пайдалануға құқық алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің негізінде сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлерін, олардың бөлшектерін немесе дериваттарын алуға құқық алған жеке және заңды тұлғалар да төлемақы төлеушілер болып табылады.

      3. Орманды пайдалануды өздерінің жеке меншігіндегі немесе Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді жерді пайдаланудағы жеке меншік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалануды жүзеге асыратын орман иелері төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

      586-бап. Салық салу объектісі

      Орманды пайдалану көлемі және (немесе ) пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінің, соның ішінде мыналарды:

      1) екпеағаш құрамы мен пішінін күтіп-баптау мақсатында кесуді жүзеге асыру, сондай-ақ оның балауса талдар iшiндегi толықтығын реттеу (жарық түсіру, тазалау) және құндылығы аз орман екпелерiн қайта жаңғыртуға және ландшафттарды қалыптастыруға байланысты кесу кезінде түбірімен босатылатын сүрек көлемін;

      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алынған ағаш ресурстарының, шайырдың, екінші кезектегі ағаш ресурстарының көлемін қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаң төлемақыға салық салу объектісі болып табылады.

      587-бап. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы мөлшерлемелерін орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған тәртіпке сәйкес жасалған жергілікті атқарушы органдардың есептерінің негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.

      2. Сүректі түбірімен босатуға төлемақы мөлшерлемесі бір толық текше метрге орманды пайдаланғаны үшін құқық туындайтын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының бірінші күніне қолданылатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады және мыналарды құрайды:

р/с

Ағаш-бұта тұқымдастарының атаулары

Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметріне қарай қабықсыз кәделі сүрек (АЕК)

Қабықты отындық сүрек (АЕК)

ірі (25 см және одан жуан)

орташа (13-тен 24 см-ге дейін)

ұсақ (3-тен 12 см-ге дейін)

1.

Қарағай

1,48

1,05

0,52

0,21

2.

Шренка шыршасы

1,93

1,37

0,68

0,27

3.

Сібір шыршасы, майқарағай

1,34

0,95

0,48

0,16

4.

Самырсын

1,19

0,85

0,41

0,15

5.

Балқарағай

2,67

1,91

0,93

0,23

6.

Ағаш тектес арша

1,79

1,26

0,63

0,27

7.

Емен, шаған

2,67

1,91

0,93

0,41

8.

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке

0,60

0,42

0,21

0,14

9.

Сексеуіл




0,60

10.

Қайың

0,69

0,48

0,23

0,16

11.

Көктерек, ағаш тектес тал, терек 

0,52

0,37

0,18

0,11

12.

Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ 

3,24

2,32

1,15

0,35

13.

Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар

1,90

1,35

0,68

0,23

14.

Ағаш тектес арша, самырсын



0,34

0,18

15.

Жыңғыл



0,3

0,25

16.

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар



0,19

0,12

      3. Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:

10 км-ге дейін - 1,30;

- 1,30;

10,1 - 25 шақ.

- 1,20;

25,1 - 40 шақ.

- 1,00;

40,1 - 60 шақ.

- 0,75;

60,1 - 80 шақ.

- 0,55;

80,1 - 100 шақ.

- 0,40;

100 шақырымнан көп

- 0,30.

      Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады:

      жазық бедер - 1,1;

      жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;

      таулы бедер - 1,5;

      2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;

      3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;

      4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.

      4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесінді қалдықтар үшін (ұшар басынан алынған ағаш) төлемақы мөлшерлемесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымының отындық сүрегі мөлшерлемесінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      588-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және мөлшері осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін төлемақыны қоспағанда, рұқсат құжатында көрсетіледі.

      2. Төлемақы мөлшері:

      сүректі түбірімен босатқан кезде – осы Кодекстің 587-бабында белгіленген коэффициенттерді ескере отырып, орман пайдалану көлеміне және төлемақы мөлшерлемелеріне негізделе отырып;

      Орман пайдаланудың мөлшері осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленетін төлемақыны қоспағанда, орман пайдаланудың өзге түрлері кезінде – орман пайдалану көлеміне және (немесе) алаңына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейтін орман пайдаланудың өзге түрлері үшін төлемақы мөлшерлемелеріне негізделе отырып айқындалады.

      3. Төлемақы сомасы бюджетке орман пайдалану объектісі орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:

      1) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде – орман пайдаланудың жыл сайынғы көлемінің жалпы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірілмей;

      2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде – рұқсат құжаттарын алғанға дейін немесе сол күні төленеді. Бұл ретте рұқсат құжатында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені туралы белгі қойылады;

      3) түбірімен босатылатын сүрек үшін – жазылып берілген ағаш кесу билеттері бойынша жылдық төлемақы сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірілмей;

      4) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қойғаны үшін – әрбір жекелеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде белгіленетін мерзімдерде төленеді.

      4. Егер сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы орман ресурстарын босату кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман ресурстарының жалпы көлемі ағаш кесу билетінде көзделген көлеммен (алаңмен) сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік орман иеленушілер нақты дайындалған көлем үшін төлемақы сомасын қайта есептеуді жүргізеді. Қайта есептеу кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді.

      5. Кезекті мерзімде кесуге берілетін кесілмеген ағаштар, сондай-ақ өткен жылы кесу басталмаған кеспеағаш аймағы үшін төлемақы сомасын төлеу осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      6. Төлемақы сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.

      Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын мемлекеттік орман иеленушілер кейіннен оларды бюджетке есепке алу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда бюджетке есептелетін ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

      7. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне мемлекеттік орман иеленушілердің бизнес сәйкестендіру нөмірі қойылады.

§ 7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

      589-бап. Жалпы ережелер

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда), сыртқы шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.

      2. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және олардың қандай да бір жер санатына жататындығына қарамастан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегіндегі жер учаскелерінде орналасқан және осы Кодекстің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алынады.

      3. Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер бередi.

      590-бап. Төлемақы төлеушiлер

      1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

      2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

      Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жоюы мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер заңды тұлға өз шешімімен жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшені төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныған жағдайда, мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Мыналар:

      елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан саяжай учаскелері бар жеке тұлғалар;

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

      591-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі

      1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттілігі туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,1 АЕК есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.

      2. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.

      592-бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

      1. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған күн санын негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар үшін төлемақы салу объектілері:

      1) олардың жұмыскерлерінің саны;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақта стационарлық емдеу, демалыс мекемелері, спорттық-сауықтыру мекемелерінде болатын әрбір жеке тұлғалардың саны болып табылады.

      2. Төлемақы сомасы ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан жер бойынша бюджетке төленеді.

      3. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны бақылау-өткiзу пункттерiнде не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актiсiнде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң немесе көрсетілген төлемді растайтын бақылау-кассалық машина, терминалдар чектерiнiң негiзiнде қолма-қол ақша енгiзу арқылы жүргiзiледi.

      4. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10-еселенген мөлшерінен кем болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

      5. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірінің орнына "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдарының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

§ 8. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы

      593-бап. Жалпы ережелер

      1. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.

      2. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

      3. Бюджетке төленуге тиiс радиожиілік спектрін пайдалануға байланысты байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін бiр жолғы төлемақы сомасы "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемақы есебiне есептелмейдi.

      4. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар салық төлеушілердің орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер, салық салу объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданыс кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салық төлеушілермен жіберілген хабарламалар және төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:

      1) осы Кодекстің 596-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінде белгіленген жағдайда – салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;

      2) осы Кодекстің 596-бабының 3-тармағы екінші бөлігінде белгіленген жағдайда – салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей табыс етеді.

      5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмейтін мерзімде төлеушілердің орналасқан орны бойынша радиожиілік спектрін пайдаланумен байланысты байланыс саласында қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақыны төлеушілер, бюджетке төленетін осындай біржолғы төлемақы сомасы және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны төлеу мерзімі туралы мәліметті салық органдарына ұсынады.

      594-бап. Төлемақы төлеушiлер

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

      2. Заңды тұлға өзінің шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осы құрылымдық бөлімше пайдаланатын радиожиiлiк спектрiнің номиналы үшін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.

      Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер заңды тұлға өз шешімімен жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшені төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныған жағдайда, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Мыналар:

      1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер;

      2) осы Кодекстің 550-бабының 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін рұқсаттама берілген кезде алтынатын аталған алым төлеушілер;

      3) бір станция үшін пайдаланылатын жиіліктер үшін ОТ-диапазонды (27 МГц) радиостанциялардың иелері төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

      595-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

      1. Төлемақының жылдық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің (бұдан әрi осы тараудың мәтiнi бойынша – АЕК) еселенген мөлшерiнде айқындалады.

      2. Радиобайланыстың мына түрлеріне төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с

Радиобайланыс түрлерi

Пайдалану аумағы

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1.

Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

10

2.

Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

140

2)


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

80

3)


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

10

3.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/25 кГц дуплекстi арна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

80

2)


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

60

3)


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

15

4.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

30

2)


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

20

3)


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

10

5

Таратқыштың шығу қуаты:
- 50 Вт-қа дейiн;
- 50 Вт-тан астам болған кезде ҚT-байланыс (бiр жиiлiк белгiленгенi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

10
20

6.

Радиоұзартқыштар (арна үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

2

7.

Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiк белдеуi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

2 850

7.1.

Төртінші жаңартылымдағы ұтқыр байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiк белдеуi үшiн)

облыс, Астана, Алматы қалалары

2 650

8.

Жаһандық жеке жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн)

Қазақстан Республикасы

20

9.

HUB–технологиялы спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын қабылдауға енi 100 кГц/беруге 100 кГц белдеуi үшiн)

Қазақстан Республикасы

30

10.

HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн)

Қазақстан Республикасы

100

11.

Радиорелелi желiлер (бiр аралықтағы дуплекстi арна үшiн):



1)

жергiлiктi

аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ

40

2)

аймақтық және магистральдық

Қазақстан Республикасы

10

12.

Сымсыз радиоға қол жетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)



1)


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

25

2)


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

2

13.

КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қол жетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц дуплекстi арна үшiн)



1)


Астана, Алматы қалалары

140

2)


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

70

3)


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

5

14.

Эфирлiк-кабельдік телевизия (8 МГц жиiлiк белдеуi үшiн)



1)


халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен

300

2)


халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен

135

3)


халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала, аудан

45

4)


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл, ауылдық округ)

5

15.

Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн

облыс

10

16.

Радиобайланыстың өзге де түрлері



      3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:

Р/с

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға арналған жиіліктер диапазоны

Пайдалану аумағы

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1.

Телевизия/метрлік жиілік диапазоны



1)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 50 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

81



облыс

15

2)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 250 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

361



облыс

65

3)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 500 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

957



облыс

174

4)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 1000 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

1 353



облыс

245

5)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары

Астана, Алматы қалалары

2 344



облыс

425

2.

Телевизия/дециметрлік жиілік диапазоны



1)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 50 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

51



облыс

9

2)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 250 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

228



облыс

41

3)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 500 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

250



облыс

110

4)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 1000 Вт-ға дейінгі

Астана, Алматы қалалары

855



облыс

155

5)

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары

Астана, Алматы қалалары

1 481



облыс

269

      4. Алты айды қоса алғанға дейінгі мерзімге тәжірибелік пайдалану, жарыстар, көрмелер мен өзге де іс-шараларды өткізу кезеңінде радиожиілік спектрін пайдалану кезінде төлемақы радиобайланыс түріне, радиожиілік спектрін пайдалану аумағына және берілетін радиоэлектрондық құралдың нақты пайдалану мерзіміне сәйкес келетін мөлшерде оның қуаттылығына қарай, бірақ төлемақының жылдық мөлшерлемесінің кемінде 1/12 мөлшерінде белгіленеді.

      Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілгеннен ерекшеленетін енімен дуплексті (симплексті) арнаның жолағын пайдалана отырып, технологияны қолданған жағдайда төлем мөлшерлемесі төлеуші нақты қолданатын дуплексті (симплексті) арна жолағы енінің осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген дуплексті (симплексті) арна жолағының еніне үлес салмағын негізге ала отырып айқындалады.

      Кең жолақты сигнал (КЖС) технологиясын пайдалану кезiнде төлемақы енi қабылдауға 2 МГц/беруге 2 МГц жолақ үшiн алынады.

      596-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган техникалық өлшемдерге, оның ішінде рұқсат құжаттарында көрсетілген берілетін радиоэлектрондық құралдың қуатына сәйкес радиобайланыс түріне және радиожиілік спектрін пайдалану аумағына қарай жылдық төлемақы мөлшерлемесінің негізінде есептейді.

      2. Салық кезеңінде радиожиілік спектрін пайдалану кезеңі бір жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, бір жылда радиожиілік спектрін пайдаланудың нақты кезеңінің тиісті айлар санына көбейту арқылы айқындалады.

      Бұл ретте радиожиілік спектрін пайдаланудың нақты кезеңі салық кезеңінің басынан бастап (радиожиілік спектрін пайдалануға құқық рұқсат құжатының негізінде салық кезеңі басталған күнде әрекет еткен (туындаған) жағдайда) немесе осындай құқық пайда болған айдың 1 күнінен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (осындай құқық салық кезеңінің аяқталу күніне болған (әрекет еткен) жағдайда) айқындалады.

      3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазады және оны төлем төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.

      Радиожиілі спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын көрсетілген мерзімнен кейін алған жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеушіге хабарлама жібереді.

      4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке тең үлеспен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей төленеді.

      Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат құжатын жоғарыда аталған төлемақы мерзімдерінің бірінен кейін алған жағдайда бюджетке төлемақы енгізудің алғашқы мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін келесі кезекті төлем мерзімі болып табылады.

      Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы салық кезеңіндегі алдағы төлем мерзімдеріне тең үлеспен бөлінеді.

      5. Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасының салық төлеушілері ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен бейрезидент заңды тұлғалар радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат құжатында көрсетілген радиожиілік спектрін пайдалануға құқық қолданылатын бүкіл кезеңге, бірақ осындай рұқсат алынған айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмейтін мерзімде кем дегенде 1 ай бұрын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлемақыны төлейді.

      597-бап. Салық кезеңі

      Салық кезеңі осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалады.

§ 8. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлем

      598-бап. Жалпы ережелер

      1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша - төлемақы):

      1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;

      2) ұялы байланысты ұсыну құқығы үшін алынады.

      2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

      3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттiк органдар төлемақы төлеушілердің орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер, салық салу объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданыс кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:

      1) осы Кодекстің 602-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінде белгіленген жағдайлар салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;

      2) осы Кодекстің 602-бабының 3-тармағы екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей мәліметтерді табыс етеді.

      599-бап. Төлемақы төлеушілер

      Төлемақы төлеушілер "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынуға құқық алған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын заңды тұлғалар.

      600-бап. Салық кезеңі

      Төлемақыны есептеу үшін салық кезеңі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығы болып табылады.

      601-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

      Төлемақы мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      602-бап. Есептеу және төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын және алдыңғы жыл бойынша салық төлеушілердің электр байланысы (телекоммуникация) қызметін ұсынудан түскен кірісін және төлемақының белгіленген мөлшерелемесін негізге ала отырып уәкілетті мемлекеттік орган есептейді.

      2. Егер қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсыну кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, бір жылда қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынудың нақты айлар санына көбейту арқылы айқындалады.

      Бұл ретте қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынудың нақты кезеңі есепті салық кезеңінде салық кезеңінің басынан бастап (қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынуға құқық рұқсат құжатының негізінде жаңа салық кезеңі басталған күнде әрекет еткен (туындаған) жағдайда) немесе осындай құқық пайда болған айдың 1 күнінен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (осындай құқық салық кезеңінің аяқталу күніне болған (әрекет еткен) жағдайда) айқындалады.

      3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазады және оны төлеушіге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.

      Осы баптың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кейін құқығын куәландыратын рұқсат құжатын алған жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей төлемақы сомасын көрсете отырып, төлеушіге хабарлама жібереді.

      4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке тең үлеспен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей төленеді.

      Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат құжатын жоғарыда аталған төлемақы төлеу мерзімдерінің бірінен кейін алған жағдайда бюджетке төлемақы енгізудің алғашқы мерзімі осы баптың 3-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін келесі кезекті төлеу мерзімі болып табылады.

      Бұл ретте бюджетке төлеуге жататын төлемақы сомасы ағымдағы жылы алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлеспен бөлінеді.

§ 9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

      603-бап. Жалпы ережелер

      1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген алабында, елді мекендерде үй-жайлардан тыс жерлердегі, сондай-ақ елді мекеннен тыс жерлердегі ашық кеңістіктерде және Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырғаны үшін өндіріп алынады.

      2. Тиісті рұқсат құжаты болмаған кезде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін іс жүзінде орналастыру өндіріп алу және бюджетке төлемақы сомасын енгізу үшін негіздеме болып табылады.

      3. Жарнама мәселесі жөніндегі заңнамаға сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат берген уәкілетті мемлекеттік органдар есепті айдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей ай сайын рұқсат құжатында көрсетілген жер бойынша салық органдарына төлемақы төлеушілер, жарнама құрылысы мен жарнама объектілерінің орналасқан жері, берілген рұқсат құжаттары, олардың қолданыс мерзімі мен салық салу объектілері туралы мәліметті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етеді.

      604-бап. Төлемақы төлеушілер

      1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

      Осы параграфтың мақсаттары үшін стационарлық объектілерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын адамдар осындай объектілердің меншік иелері болып табылады.

      2. Заңды тұлғаның өзінің шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін дербес төлемақы төлеуші деп тануына құқығы бар.

      Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жоюы осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер заңды тұлға жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшені төлемақы төлеуші деп таныған жағдайда, онда аталған шешім аталған құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе аталған құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді іске асыруға байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

      605-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

      1. Төлемақы мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күні қолданылатын айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша – АЕК) көлемінде айқындалады.

      2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері үш шаршы метрге дейін мыналарды құрайды:

Р/с

Жолдар санаты

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1.

Қалаға кіреберістер

8

2.

I, II

7

3.

III

3

4.

IV

2

      Жарнама объектісінің бір жағының ауданы үш және одан көп шаршы метр жарнаманы орнату кезінде ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері жарнама объектісінің бір жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар көтеріледі.

      3. Мынадай жерлерде:

      1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру алаңына және орындарына негізделіп орналастырылатын, астананың, республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың, басқа да елді мекендердің үй-жайлардан тыс жерлердегі ашық кеңістіктерде, сондай-ақ елді мекендерден тыс және автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, сондай-ақ жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелері:

Р/с

Сыртқы (көзбен көру) жарнама түрлері

Жылжымайтын объектілерге төлемақы мөлшерлемелері (бір жағы үшін) (АЕК)

Республикалық маңызы бар қалалар және астана

Облыстық маңызы бар қалалар және жолдар

1.

Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi
2ш.м. дейін

2

1

2.

Лайтбокстар (сити-форматтағы)

3

2

3.

Ауданы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер:



3.1.

2-ден 5 ш.м. дейін

5

3

3.2.

5-тен 10 ш.м. дейін

10

5

3.3.

10-нан 20 ш.м. дейін

20

10

3.4.

20-дан 30 ш.м. дейін

30

15

3.5.

30-дан 50 ш.м. дейін

50

20

3.6.

50-ден 70 ш.м. дейін

70

30

3.7.

70 ш.м. астам

100

50

4.

Шатырүсті жарық жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер):



4.1.

30 ш.м дейін

30

20

4.2.

30 ш.м. астам

50

30

5.

Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы сыртқы (көрнекі) жарнама:



5.1.

5 ш.м дейін

1

1

5.2.

5-тен 10 ш.м. дейін

2

1

5.3.

10 ш.м. астам

3

2

6.

Уақытша тұрпаттағы дүңгіршектер мен павильондардағы сыртқы (көрнекі) жарнама:



6.1.

2 ш.м дейін

2

1

6.2.

2-ден 5 ш.м. дейін

2

1

6.3.

5-тен 10 ш.м. дейін

3

2

6.4.

10 ш.м. астам

8

4

7.

Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер)

10

5

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары облыстық маңызы бар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша төлемақының базалық мөлшерлемесінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жеріне байланысты екі еседен артық болмайтын мөлшерге ұлғайтуға құқылы.

      606-бап. Есептеудің, төлеудің және төлеу мерзімінің тәртібі

      1. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемесінің және:

      стационарлық жарнама объектісінің төлем төлеушісінде меншік құқығында болуының іс жүзіндегі мерзімінің;

      стационарлық болып табылмайтын жарнама объектілерінде – рұқсат құжатында белгіленген сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың іс жүзіндегі мерзімінің негізінде есептеледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама бір айдан кем мерзімге орналастырылған немесе стационарлық жарнама объектісіне меншік құқығының қолданыс мерзімі бір айдан кем болған кезде төлемақы мөлшері бір ай үшін айқындалады.

      2. Бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын төленеді, бұл ретте құқық қолданысының бірінші айы үшін рұқсат құжаты алынғанға дейін төленеді.

      3. Рұқсат құжатын алған кезде төлемақы төлеушілер жарнама мәселесі бойынша заңнаға сәйкес беретін әукілетті мемлекеттік органдарға жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлем сомасының бюджетке енгізілуін растайтын құжатты ұсынады.

      4. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

70-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ. КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ. § 1. Мемлекеттік баж

      607-бап. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк баж – уәкiлетті мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын міндетті төлем.

      2. Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өзінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына мемлекеттік бажды төлеушілер туралы, олардың есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы ақпарат ұсынады.

      608-бап. Мемлекеттік бажды төлеушілер

      1. Заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк бажды төлеушілер болып табылады.

      2. Заңды тұлға тиісті уәкілетті органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезінде мемлекеттік баж сомаларын төлеу бойынша міндетті құрылымдық бөлімшесіне өзінің шешімімен жүктеуге құқылы.

      609-бап. Алу объектілері

      1. Мыналардан:

      1) сотқа берiлетiн талап-арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;

      2) нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;

      3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергені және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн;

      4) Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттар ресімдегені үшін;

      5) жеке жұмыстары бойынша шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визасын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыртуларын қабылдау және келісу үшін;

      6) Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза бергені, қалпына келтіргені және ұзартқаны үшін;

      7) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;

      8) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiн;

      9) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;

      10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;

      11) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар бергені үшін;

      12) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;

      13) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшін;

      14) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;

      15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн;

      16) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін;

      17) iшкi iстер органдарының тiркеу-емтихан қабылдау жөнiндегi бөлiмшелерiнде тұрған автокөлiк құралдарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрлерiн қоспағанда, мемлекеттiк тiркеу нөмiрлерi (телнұсқалары) беру үшін 30 күннен аспауы керек;

      18) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның осы Кодекстiң 614-бабында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жасағаны үшiн;

      19) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін;

      20) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін;

      21) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж алынады.

      2. Егер осы Кодекстің 610-бабында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк баждың мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік бажды төлеу күні қолданыста болған еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша – АЕК) мөлшерiнде айқындалады.

      610-бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы мөлшерлемелері

      1. Сотқа берiлетiн талап-арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай:

      1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап арыздардан:

      жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы;

      заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы;

      2) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына қысым жасайтын заңсыз iс-әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 0,3 АЕК;

      3) мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына қысым жасайтын заңсыз iс-әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 5 АЕК;

      4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға және (немесе) тікелей мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:

      дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) дауланатын соманың 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-ден аспайтын;

      заңды тұлғалар үшiн – хабарламада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) дауланатын соманың 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-ден аспайтын;

      5) некенi бұзу туралы талап арыздардан – 0,3 АЕК мөлшерде алынады.

      Некені бұзған кезiнде мүлiктi бөлген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасына қарай айқындалады;

      6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан – осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;

      7) тұрғын үйді жалға алу шартын өзгерткенi немесе бұзғаны туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан – 0,5 АЕК;

      8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан) – 0,5 АЕК;

      9) төрелік шешiмдердiң күшін жою туралы өтінішхаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен – 50 пайыз;

      10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемесінің 50 пайызы;

      11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыздардан – 5 АЕК;

      12) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттардың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (телнұсқаларды), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар беретін iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан – әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК;

      13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы, оңалту рәсімін қолдану туралы, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан – 0,5 АЕК;

      14) абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 1 пайызы;

      15) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалды өндіріп алу туралы заңды тұлғалардың талап қою арыздарынан – талап қою сомасының 3 пайызы мөлшерінде алынады.

      2. Мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың ұйғарымдарына, шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан осындай даулар жөнінде талап арыз берілген кезде мемлекеттік баж осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.

      Бұл ретте мүліктік сипаттағы даулар бойынша мемлекеттік баждың мөлшері осы тармақта көрсетілген мемлекеттік баж мөлшерлемесін арыз беруші даулап отырған сомаға қолдану арқылы айқындалады.

      3. Мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар бір мезгілде көрсетiлген талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздар мен мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.

      611-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай:

      1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 10 АЕК;

      құны 30 АЕК-ге дейiн:

      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 1 АЕК;

      басқа адамдарға – 3 АЕК;

      құны 30 АЕК-ден жоғары:

      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 5 АЕК;

      басқа адамдарға – 7 АЕК;

      егер мәмiле жылжымайтын мүлiктi ипотекалық тұрғын үй займы бойынша алынған қаражат есебiнен сатып алу мақсатында жасалатын болса – 2 АЕК;

      2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 1 АЕК;

      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 0,5 АЕК;

      басқа адамдарға – 0,7 АЕК;

      3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:

      егер тараптардың бiрi заңды тұлға болса – 7 АЕК;

      балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 2 АЕК;

      басқа адамдарға – 5 АЕК;

      4) мүліктік жалдау (жалға беру), қарыз, (ипотекалық тұрғын үй займын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк, неке келiсiмшарттары, ортақ меншiктегi мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн – 5 АЕК;

      5) ипотекалық тұрғын үй займы шарттарын куәландырғаны үшiн – 2 АЕК;

      6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн – 1 АЕК;

      7) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктi бергені үшiн – берiлген әр куәлiкке 1 АЕК;

      8) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктi бергені үшiн – 1 АЕК;

      9) мүлiктi пайдалану мен билік ету құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;

      10) сату құқығынсыз автокөлiк құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 1 АЕК;

      11) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 2 АЕК;

      12) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:

      жеке тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

      заңды тұлғалар үшін – 0,5 АЕК;

      13) мұрагерлік мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн – 1 АЕК;

      14) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн – 0,5 АЕК;

      15) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):

      жеке тұлғалар үшін – 0,05 АЕК;

      заңды тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

      16) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден екінші тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):

      жеке тұлғалар үшін – 0,03 АЕК;

      заңды тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

      17) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бергенi үшiн – 0,2 АЕК;

      18) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн – 0,2 АЕК;

      19) телнұсқа бергенi үшiн – 1 АЕК;

      20) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):

      жеке тұлғалар үшін – 0,1 АЕК;

      заңды тұлғалар үшін – 0,5 АЕК;

      21) жылжымайтын мүлiк кепiлі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәлiктердi куәландырғаны үшiн – 2 АЕК; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн – 7 АЕК;

      22) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;

      23) атқарушылық жазба жасағаны үшін – 0,5 АЕК;

      24) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әр айға 0,1 АЕК;

      25) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн – 0,5 АЕК;

      26) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттердi жасағаны үшiн – 0,2 АЕК мөлшерлерде алынады.

      612-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, сондай-ақ азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты қайталама куәлiктердi бергенi үшiн мемлекеттік баж мынадай:

      1) некеге тұруды тiркегенi үшiн – 1 АЕК;

      2) некенi бұзуды тiркегенi үшiн:

      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша – 2 АЕК;

      сот шешiмi негiзiнде – 1,5 АЕК (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен);

      белгіленген тәртiппен хабарсыз кеттi деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде – 0,1 АЕК;

      3) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгерткенiн тiркегенi үшiн – 2 АЕК;

      4) азаматтық хал актiлерiнің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      5) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi туралы қайталама куәлiктердi бергенi үшiн – 1 АЕК;

      6) шетел азаматтарының ұл бала асырап (қыз бала асырап) алғанын тiркегенi үшiн – 2 АЕК;

      7) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама бергені үшін – 0,3 АЕК;

      8) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 0,5 АЕК;

      9) ТМД елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін – 1 АЕК мөлшерінде алынады.

      613-бап. Қазақстан Республикасының визасын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты тұруға кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу кезіндегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Қазақстан Республикасының визасын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты тұруға кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасына келуге шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға байланысты әрекеттер жасағаны үшiн мынадай:

      Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:

      Қазақстан Республикасынан кетуге – 0,5 АЕК;

      Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 7 АЕК;

      Қазақстан Республикасына қайта-қайта келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 30 АЕК;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұрғылықты тұруға Қазақстан Республикасынан кетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға құжаттарды ресімдегені үшін – 1 АЕК;

      3) жеке жұмыстары бойынша шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визасын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыртуларын келісу үшін – әрбір шақырылушы үшін 0,5 АЕК;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтықтан шығу туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн – 1 АЕК мөлшерде мемлекеттік баж алынады.

      614-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай:

      1) патент бергенi үшiн, тауар белгісін, тауар шығарылатын жердің атауын тіркегені үшiн – 1 АЕК;

      2) жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тiркегенi үшiн – 1 АЕК;

      3) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға байланысты басқаға беру, кепiл шарттарын, кешенді кәсіпкерлік лицензиясын (франчайзинг), лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды тiркегенi үшiн – 1,5 АЕК;

      4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн – 15 АЕК;

      5) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi тiркеу туралы куәлiк бергенi үшiн – 1 АЕК мөлшерінде алынады.

      615-бап. Өзге де iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Өзге де iс-әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде:

      1) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін – 2 АЕК;

      2) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн – 2 АЕК;

      3) мыналарды:

      Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергенi үшiн – 8 АЕК;

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, уақытша жеке куәлік бергенi үшiн – 0,2 АЕК;

      4) мыналарға:

      заңды тұлғаларға:

      азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін – 2 АЕК;

      азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін – 2 АЕК;

      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн – 1 АЕК;

      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн – 1 АЕК;

      азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн – 2 АЕК;

      азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн – 1 АЕК;

      азаматтық, қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін – 3 АЕК;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін – 3 АЕК;

      жеке тұлғаларға:

      азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн – 0,1 АЕК;

      азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      5) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 мм дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн – 0,1 АЕК;

      6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн – 0,1 АЕК;

      7) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар ға сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар апостиль қойғаны үшiн – 0,5 АЕК;

      8) мыналарды:

      жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн – 1,25 АЕК;

      көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн – 1,25 АЕК;

      автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 2,8 АЕК;

      автомобильдің бір бірлігіне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын бергені үшін - 1,4 АЕК;

      автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК-ны құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 137 АЕК;

      автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін (мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК-ны құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергенi үшiн – 228 АЕК;

      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн – 1,4 АЕК;

      көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн – 0,35 АЕК;

      9) мыналарды:

      тракторшы-машинист куәлiгiн бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, оларға тiркемелерге (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда) өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсiн бергенi үшiн – 1 АЕК;

      тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, оларға тiркемелердi (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда) өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт бергенi үшiн – 0,5 АЕК;

      10) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін – 0,25 АЕК;

      11) мыналарды:

      теңізшінің жеке куәлігін бергені үшін – 5 АЕК;

      Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын бергені үшін – 3,5 АЕК;

      кәсіби дипломды бергені үшін – 2 АЕК мемлекеттік баж алынады.

      616-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Соттарда мыналар:

      1) талап қоюшылар – еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;

      2) талап қоюшы-авторлар, орындаушылар және ұжымдық негізде олардың мүліктік құқықтарын басқаратын ұйымдар – авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;

      3) талап қоюшылар – өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары – өнертабысқа, пайдалы үлгілерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;

      4) талап қоюшылар – алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;

      5) талап қоюшылар – мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;

      6) талап қоюшылар – қылмыстық құқық бұзушылық арқылы келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;

      7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа жеке және заңды тұлғалар – оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар берілгенi үшiн;

      8) талап қоюшылар – Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебінен мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;

      9) арыз берушілер – азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы арыздар бойынша;

      10) бiлiктi еңбек қызметкерлерiн және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларын даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер – оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға кеткен мемлекет шығыстарын өндiрiп алу жөнiндегi талап қою бойынша;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа арыз жазып жүгiнген жеке және заңды тұлғалар;

      12) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);

      13) талап қоюшылар – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің, мүгедек балалардың ата-аналарының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша;

      14) талап қоюшылар -оралмандар – Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық iстер мен құжаттар бойынша;

      15) жеке және заңды тұлғалар – сотқа мынадай арыздар бергенi үшін:

      іс бойынша іс жүргiзудi қысқарту туралы сот ұйғарымының күшiн жою немесе арызды қарамай қалдыру туралы;

      шешiмді орындауды кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы;

      шешiмдi орындаудың тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы;

      талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы;

      жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы;

      сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы;

      өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы сот шешiмдерiнің орындалуын керi бұрып атқару туралы;

      соттың сырттай жасалған шешімін жою туралы;

      арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына орналастыру туралы;

      сондай-ақ:

      сот орындаушыларының iс-әрекеттерiне;

      соттардың айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар;

      сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар;

      әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға шағымдар;

      соттың сырттай жасалған шешiмiнiң күшiн жою туралы;

      16) прокуратура органдары – барлық талап қою бойынша;

      17) мемлекеттiк мекемелер – үшiншi тұлғалардың мүдделерiн қорғау жағдайларын қоспағанда, талап қойған және сот шешiмiне шағым жасаған кезде;

      18) мүгедектердiң қоғамдық бірлестіктері және (немесе) есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетін жоғалтқан мүгедектердің кемінде 35 пайызы жұмыс істейтін олардың құрған ұйымдары – өздерiнiң мүдделері үшін талап қойған кезде;

      19) сақтандырушылар мен сақтанушылар – мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап қою бойынша;

      20) талап қоюшылар мен жауапкерлер – азаматқа заңсыз сотталу, күзетпен қамауға алу түрінде бұлтартпау шараларын заңсыз қолдану не қамаққа алу түрінде заңсыз әкімшілік жаза қолдану арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;

      21) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның филиалдары, өкілдіктері мен ведомстволары – өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап арыздар берілген кезде;

      22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары – тарату ісін жүргізу мүдделеріне орай берілген қуынымдар, арыздар, шағымдар бойынша;

      23) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының уақытша әкімшіліктері – уақытша әкімшіліктің мүдделеріне орай берілген талап қою, арыздар, шағымдар бойынша;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктер:

      бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;

      мүлікті өндіріп алу туралы;

      борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қоюды берген кезде;

      25) облигация ұстаушылардың өкілдері – эмитенттің облигация шығару проспектісінде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигация ұстаушылардың атынан талап қою берген кезде;

      26) банкроттықты және оңалтуды басқарушылар — Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүдделерiне орай талап қою берген кезде;

      27) ішкі істер органдары – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберуге байланысты мәселелер бойынша арыз берген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар сот актілеріне шағымдану кезінде соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      617-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мыналар:

      1) жеке тұлғалар - өздерiнің мемлекет пайдасына мүлiктi сыйға тартатын өсиеттерiн, шарттарын куәландырғаны үшiн;

      2) мемлекеттiк мекемелер - оларға мемлекеттің мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң телнұсқаларын) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшiн;

      3) жеке тұлғалар - оларға:

      Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;

      егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнде мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн де осы үйде тұрып жатса, тұрғын үйiне немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайына;

      сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiне, мемлекеттiк займдардың облигацияларына, еңбекке төленетiн ақыға, авторлық құқық сомасына, авторлық қаламақыға және ашқан жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомаларына;

      ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлік құқық туралы куәлiктер бергенi үшін;

      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;

      5) оралмандар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша;

      6) "Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар - өздерiнiң мүлiкке мұрагерлiгi туралы куәлiктер алғаны үшiн;

      8) "Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы" одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

      9) он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – оларға мұрагерлікке құқық туралы куәліктер берілгені үшін мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

      618-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің, мүгедек баланың ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;

      2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілері жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн;

      3) жеке тұлғалар - туыстарының қайтыс болуы туралы оларға қайталап немесе бұрын берiлген куәлiктер алмастырылып берiлгенi үшiн;

      4) жеке тұлғалар - ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) және әкесін анықтауға байланысты туу туралы куәлік қайтадан берілгені үшін растайтын құжаттар ұсынғанда мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

      619-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеу кезінде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      1. Мемлекеттік баж төлеуден:

      1) жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершілікке жат өзге де саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары – Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеу үшін;

      2) оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеу үшін босатылады.

      2. Аталған мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.

      620-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органды заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңды мәнi бар iс-әрекеттер жасаған кезде:

      1) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;

      2) толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;

      3) оралмандар;

      4) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің, мүгедек балалардың ата-аналарының бірі, сондай-ақ Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

      621-бап. Қазақстан Республикасының визасын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыртуларын келісу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визасын беру, қалпына келтіру және ұзарту кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Мемлекеттік баж төлеуден:

      1) Қазақстан Республикасының визасын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыртуларын келісу кезінде:

      консулдық алым алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келісімі бар елдердің жеке және заңды тұлғалары;

      Қазақстан Республикасының визасын алу бойынша шақыртуларды келісу туралы өтінішхат беретін қабылдаушы тұлғалар;

      Қазақстан Республикасына бет алған шетелдік ресми делегацияның мүшелеріне және оларды алып жүрушілерге;

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комитетінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесінің, мемлекеттік органдарының, облыс әкімдіктерінің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шақыртуы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіскен Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмекпен бет алған шетелдіктерге;

      шетелдік инвесторларға;

      этникалық қазақтарға;

      өзаралық қағидасы негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;

      2) шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзартуға:

      Қазақстан Республикасына бет алған шетелдік ресми делегацияның мүшелеріне және оларды алып жүрушілерге;

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комитетінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесінің, мемлекеттік органдарының, облыс әкімдіктерінің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шақыртуы бойынша;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіскен Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмекпен бет алған шетелдіктерге;

      этникалық қазақтарға;

      өзаралық қағидасы негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;

      бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты азаматтығы болған, шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туысқанының жерлеуіне бет алған адамдарға;

      шетелдік инвесторларға;

      3) Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен жіберілген қателері бар бастапқы визаның орнына қайта виза беру үшін босатылады.

      622-бап. Өзге де iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      Мыналар:

      1) қылмыстық iсте азаматтық талап қоюды табыс еткен кезде;

      2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостильдеуге түсетін құжаттарға апостиль қойған кезде;

      3) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер берілген кезде - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы өтініш жасаған азаматтар;

      4) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн беру кезінде:

      Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;

      Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар;

      "Ардақты Ана" атағы берiлген, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;

      қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер, толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттардың, кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлердiң оқушылары;

      Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар;

      5) автомобильге, автомобильге тіркемеге, моторлыкөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін беру кезінде:

      Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарын алған адамдар;

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі;

      Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар.

      623-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi

      1. Мемлекеттiк баж:

      1) соттар қарайтын істер бойынша – Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 106-бабының үшінші бөлігінде көзделген істерді қоспағанда, тиісті арыз (шағым) берілгенге немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;

      2) нотариаттық iс-әрекеттердi орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, телнұсқаларын бергенi үшiн - жасалған нотариаттық iс-әрекеттi тiркеген кезде;

      3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерістер, толықтырулар, қалпына келтірулер мен түзетулер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ анықтамалар және қайталама куәлiктер бергенi үшiн - оларды берген кезде;

      4) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - актiлердi тiркеген кезде;

      5) тиiстi құжаттарды бергенге дейiн:

      Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, азаматтығы жоқ адамның куәліктерін, сондай-ақ шет ел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бергені үшін;

      жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін;

      аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін;

      сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;

      азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін;

      жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа да құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша;

      зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның патенттер беруге, тауар белгілерін және тауарлар шығарылатын жердің атауларын тіркеуге, жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тіркеуге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға және патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беруге байланысты заңдық мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн;

      теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби дипломды бергені үшін төленеді.

      6) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдары және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің телнұсқасын бергені үшін – тиісті құжаттарды, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің телнұсқасын бергенге дейін;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн - апостиль қойғанға дейiн төленеді.

      2. Мемлекеттiк баж уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген жерi бойынша есепке жазылады.

      3. Мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілерінің негізінде қолма-қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі.

      4. Мемлекеттік баж сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде мемлекеттік баждың мұндай қабылданған сомаларын уәкілетті мемлекеттік органдар кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.

§ 2. Консулдық алым

      624-бап. Жалпы ережелер

      Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, бейрезидент шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын төлем.

      625-бап. Консулдық алым төлеушiлер

      Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және бейрезидент шетелдiк заңды тұлғалар, осы Кодекстің 626-бабында көзделген консулдық iс-әрекеттер өздерінің мүдделерi үшiн жасалатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары консулдық алым төлеушiлер болып табылады.

      626-бап. Алу объектілері

      1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың виза беру туралы өтініштерін пысықтау және Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне виза беру (визалық қолдау) туралы нұсқама жіберу;

      3) Қазақстан Республикасының визаларын беру;

      4) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру;

      5) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;

      6) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiндегi құжаттарды ресiмдеу;

      7) азаматтық хал актiлерiн тiркеу;

      8) құжаттарды талап ету;

      9) құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостильдеу үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі өткізу;

      10) нотариаттық iс-әрекеттер жасау;

      11) консулдық мекемеде өсиет қағазын, құжаттар салынған пакетті (өсиеттен басқа), ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа да құндылықтарды (мұрагерліктен басқа) сақтау;

      12) көпшілік сауда-саттықта тауарлар немесе өзге де мүлік сату;

      13) алты айға дейінгі мерзімге мүлікті немесе ақша сомаларын тиесілігі бойынша беру үшін депозитке қабылдау;

      14) заңды тұлғалардың мекенжайына дипломатиялық пошта арқылы құжаттар жіберу;

      15) кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру;

      16) Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру;

      17) шетелдегі Қазақстан Республикасы кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдануы (кемелердің кеме апатына ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акт жасау;

      18) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру консулдық алым мынадай консулдық iс-әрекеттер жасағаны үшін алынады.

      627-бап. Консулдық алым мөлшерлемелері

      1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін;

      2) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін белгілейді.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлері шегінде шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекітеді.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілеген шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелері болмаған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын, басқа шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мөлшерлемелерге қосымша өзаралық қағидаты негізінде жеделдеткені үшін консулдық алым мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы.

      628-бап. Консулдық алым төлеуден босату

      Консулдық алым:

      1) осы Кодекстің 617 – 622-баптарында көзделген жағдайларда;

      2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан Республикасымен келiсiмдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;

      3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан елдердің билік орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы құжаттар талап етіп сұратып алдырғаны үшiн;

      4) мыналарға:

      Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына;

      қызметтік істер бойынша шығатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтік немесе ұлттық паспорт иелері – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне;

      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының отбасы мүшелеріне;

      Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесі қызметкерінің немесе қызметшісінің сырқаттануына немесе қайтыс болуына байланысты шетелге шығатын Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері персоналының жақын туыстарына және олармен бірге жүретін адамдарға виза беру туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге нота жасағаны және басып шығарғаны үшін;

      5) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру және Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқама жіберу туралы өтініштерін пысықтағаны үшін:

      Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

      республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;

      шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзаралық алмасу қағидаты негізінде келетін шетелдіктерге;

      инвесторлық визаларды;

      Қазақстан Республикасының азаматтары емес ұлты қазақ адамдарға;

      өзаралыққағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға визалар бергені үшін;

      6) мыналарға:

      Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

      республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне;

      шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына өзара алмасу қағидаты негізінде келетін шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша келетін дипломатиялық және қызметтік паспорт иелері – шетелдіктерге;

      өзаралық қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға;

      шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарын жерлеуге келетін Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтарына визалар;

      инвесторлық визаларды;

      қызметтік визаларды;

      дипломатиялық визаларды бергені үшін;

      7) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар алдыңғы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін;

      8) жоғалту, дүлей зілзала немесе басқа да форс-мажорлық жағдайлар салдарынан құжаттары мен ақша қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасына қайта оралуға куәліктер және анықтамалар бергені үшін;

      9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде қайтыс болу туралы куәлік және анықтамалар бергені үшін;

      10) өзаралық қағидатының негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің өтініштері бойынша құжаттарды талап етіп сұратып алдырғаны үшін;

      11) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы талап етіп сұратып алдырған құжаттарын заңдастырғаны үшін;

      12)      өзаралық қағидатының қағидаты негізінде шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өтініштері бойынша құжаттарды заңдастырғаны үшін;

      13) шетелде уақытша және тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды консулдық есепке қойғаны және консулдық есептен шығарғаны үшін алынбайды.

      629-бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi

      1. Консулдық алым консулдық iс-әрекеттер жасалғанға дейiн төленедi.

      2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттерді төлеушi консулдық алымды төлегеннен кейiн жүзеге асырады.

      3. Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгiленген консулдық алымдарды Қазақстан Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу күніне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргiзiледi.

      4. Консулдық алым:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында – банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен консулдық iс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердiң бюджетiне немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленеді.

      Консульдық алым сомасы қолма қол ақшамен төленген кезде консулдық алымның қабылданған мұндай сомаларын уәкілетті мемлекеттік орган кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері айлық есептік көрсеткіштің 10-еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады;

      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде – шаруашылық пайдалану құқығынсыз дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменiң банктік шотына банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерi негiзiнде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен төленедi.

      5. Консулдық алымды төлеу аумағында консулдық іс-әрекеттер жасалған елдің валютасымен немесе кез келген еркін айырбасталатын валютамен жүргізіледі.

      6. Дипломатиялық өкілдіктер немесе консулдық мекемелер шетелде қабылданған консулдық алым сомаларын шетелдік банктік шотқа аудару үшін оларды қабылдаған күннен бастап он операциялық күннен кешіктірмей дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің шетелдік банкіне тапсырады.

      Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме орналасқан елдің валютасымен шетелдік банктік шотқа түскен консулдық алымдарды дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің тапсырмасы бойынша шетелдік банк АҚШ долларына, еуроға, ағылшын фунт стерлингіне, швейцар франкіне, канада долларына, жапон иеніне, ресей рубліне, қытай юаніне айырбастайды.

      Дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің бірінші қол қою құқығы бар басшысы шетелдік банктік шотқа билік етуші болып табылады.

      Шетелдік банктік шотқа келіп түскен консулдық алымдарды ай сайын (есепті айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей) дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме одан әрі бюджет кірісіне аудару үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің валюталық шотына аударады. Егер дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге ай сайын келіп түсетін консулдық алымдар түсімі 1000 АҚШ долларынан аз болса немесе оның есепті кезеңнің соңындағы бағамы бойынша осы тармақта көрсетілген валюта түрлеріндегі баламасын құрайтын болса, аударым жасау тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме аударған консулдық алымдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен шетелдік валютамен корреспондеттік шоттың үзінді көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысандағы төлеу құжаттарын қоса бере отырып, республикалық бюджет кірісіне аударады.

      7. Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.

71-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛІКТЕРІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ § 1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

      630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

      1. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы бапта көрсетілген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жасайды.

      2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының 1 қаңтарында мынадай:

      1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мынадай адамдардың:

      Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;

      оралман;

      тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті;

      2) осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      3) осы баптың 5-тармағында айқындалған жағдайда кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.

      3. Осы Кодексті қолдану мақсатында кәмелетке толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі адамның салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды.

      4. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар мынадай жағдайларда:

      1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі болған;

      2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері болған жағдайда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.

      Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.

      5. Кәмелетке толмаған адамдар кез келген мынадай:

      1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкі (жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлікті қоспағанда) болған;

      2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері болған;

      3) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктік шотында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс, жиынтығында барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінің 160 еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасы болған;

      4) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша осы адамның алдында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінің 500 еселенген мөлшерінен асатын басқа адамдардың берешек сомасы (дебиторлық берешегі) және (немесе) осы адамның басқа адамдардың алдында берешегі (кредиторлық берешегі) болған жағдай басталған кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.

      6. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) бастапқы – жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бойынша белгіленген міндеті алғаш туындауына байланысты ұсынылатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;

      2) кезекті – активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны осындай жеке тұлға тапсырғаннан кейін "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;

      3) қосымша – жеке тұлға бұрын тапсырған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар қатысты жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;

      4) хабарлама бойынша қосымша – бұрын тапсырылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде салық органы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған, жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.

      7. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:

      1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың;

      2) осы Кодекстің 211-бабында көзделген қосымша салық есептілігін тапсыруды қоспағанда, бір рет тапсырылады.

      631-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жасау ерекшеліктері

      1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 630-бабында көрсетілген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында және одан тысқары мынадай:

      1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлкінің;

      2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы;

      3) банктік шоттарында ақшаның;

      4) қолма-қол ақшасының болуы – "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресмилендірілген ақшалардан басқа, республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі еңбекақының 500 еселенген мөлшері шегінен аспайтын және заңды тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған алдыңғы жылдың 31 желтоқсанында қолданылған сомада көрсетіледі;

      5) Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешегін қоспағанда, басқа адамдардың жеке тұлға алдында берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа адамдардың алдында берешегі (кредиторлық берешегі) – міндеттеменің және талаптың пайда болуына негіз болып табылмайтын шара және өзге де құжат болған жағдайда республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі еңбекақының 500 еселенген мөлшеріне тең және заңды тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған алдыңғы жылдың 31 желтоқсанында қолданылған жиынтық сома артқан жағдайда көрсетіледі;

      6) осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзге де мүліктің болуы туралы ақпаратты көрсету үшін арналған.

      2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар осы баптың 1-тармағында көрсетілген, салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын мәліметтер туралы ақпаратты толық көрсету үшін арналған.

      3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларациясын тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшаларда осы баптың 2-бабында көрсетілген мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы мәліметтерді, трастарды көрсетеді.

      4. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша мынадай талаптар:

      1) асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары осы мүліктің бір бірлігіне бағасы (құны) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 500 еселенген мөлшерінен асқан және осы мүліктің құнын растайтын құжаттар болған жағдайда көрсетілетін;

      2) ветеринарлық төлқұжат немесе осындай активтерге меншік құқығы бар екендігін растайтын басқа да құжаттар бар болған жағдайда биологиялық активтер;

      3) Қазақстан Республикасында мәдениет туралы заңнамасымен айқындалған тәртіппен ұлттық мәдени игілік объектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген жағдайда мәдени құндылықтарды;

      4) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құнды қоса алғанда, осындай мүліктің құнын растайтын және (немесе) осындай мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар болған кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген өзге де мүлік ескеріле отырып, басқа да мүлік көрсетілуі мүмкін.

      632-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімі

      Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша:

      1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;

      2)электрондық түрде ұсынылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады.

      Осы баптың активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімі бөлігіндегі ережелері активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға кандидаттар;

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушы банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болуға ниетті тұлғалар ретінде тапсыратын адамдарға қолданылмайды.

      2. Жеке практикамен айналысатын дара кәсіпкерлер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерде орналасқан жері бойынша тапсырады.

§ 2. Кірістер мен мүлік туралы декларация

      633-бап. Кірістер мен мүліктер туралы декларация

      1. Кірістер мен мүліктер туралы декларацияны:

      1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мынадай адамдардың:

      Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;

      оралман;

      тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті;

      2) осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      3) осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайда кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлға кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру жылынан алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде тапсырады.

      2. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар мынадай:

      1) есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер алған;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдар болған жағдайда кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсырады.

      Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды.

      Есепті салық кезеңінде алған, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын төлеу бойынша міндеттеме туындаған жағдайда мұндай тұлғалардың жеке табыс салығын төлеуі осы Кодекстің 641-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.

      3. Кәмелетке толмаған адамдар кірістер мен мүліктер туралы декларацияны мынадай жағдайлардың:

      1) кірістердің мынадай:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

      бюджет қаражаты есебінен төленетін жәрдемақы, өтемақы, стипендия;

      мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер;

      банктердегі және лицензия негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақылар;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша сыйлықақылар;

      "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтары салымдары бойынша мемлекет сыйлықақылары түріндегі кірістерді қоспағанда, есепті салық кезеңінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс табыс алған;

      2) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс, иеліктен шығарған және (немесе) сатып алған және (немесе) өтеусіз алған;

      3) тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс сатып алған және (немесе) талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) өтеусіз алған;

      4) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары, жиынтығында барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінде 31 желтоқсанда қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінің 160 еселенген мөлшерінен асатын ақша сомасы болған;

      5) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешегін қоспағанда, басқа адамдардың жеке тұлға алдында берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа адамдардың алдында берешегі (кредиторлық берешегі) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінің 500 еселенген мөлшерінен асатын берешегі болған жағдайдың кез келгені басталған кезде тапсырады.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға есепті салық кезеңінде бір уақытта мынадай:

      1) жеке тұлға:

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген адам;

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген адам;

      дара кәсіпкер;

      жеке практикамен айналысатын адам болмаған;

      2) жеке тұлға:

      мүліктік кіріс;

      жеке тұлға өзі дербес салық салуға жататын кіріс;

      3) жеке тұлғаның кез келген кірістері болмаған немесе жеке тұлға кірістерді:

      төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;

      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;

      алименттер түріндегі кірістерді ғана алған;

      4) жеке тұлға салық агентіне өзге шегерімдердің алдын ала сомасына төлем көзінен түсетін салық салынатын кірісті азайтуға өтінішті бермеген;

      5) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқығы жоқ немесе жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтару жүргізуге құқығын іске асыруды қаламайтын;

      6) жеке тұлға оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алмаған, иеліктен шығармаған, өтеусіз алмаған жағдайларға сәйкес келгенде оңайлатылған нысан (бұдан әрі – кірістер мен мүліктер туралы қысқаша декларация) бойынша қосымшаларсыз кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыруға міндетті.

      634-бап. Кірістер мен мүліктер туралы декларация жасау ерекшеліктері

      1. Жеке тұлғаның кірістері мен мүліктері туралы декларация (бұдан әрі – кірістер мен мүліктер туралы декларация) жыл сайын мынадай:

      1) кірістер мен мүліктер туралы толық декларация – қосымшалармен;

      2) кірістер мен мүліктер туралы қысқаша декларация – қосымшаларсыз нысандардың бірі бойынша тапсырылады.

      2. Кірістер мен мүліктер туралы толық декларация жеке тұлғалардың:

      1) күнтізбелік жылы ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс алған кірістер;

      2) салық шегерімдері;

      3) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс, сатып алған және (немесе) иеліктен шығарған және (немесе) өтеусіз алған;

      4) жеке табыс салығы бойынша, оның ішінде осы Кодекстің 351-бабында айқындалған салық шегерімі қолданылған жағдайда жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің беруіне келісімін көрсете отырып, асып кетуді есепке жатқызу және қайтару туралы ақпаратты көрсету үшін арналған.

      3. Кірістер мен мүліктер туралы толық декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін салық міндеттемесінің есепке жазылуы туралы ақпаратты толық көрсету үшін арналған.

      4. Жеке тұлғалар, оның ішінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларациясын тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістер мен мүліктер туралы толық декларацияда мынадай:

      1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті;

      2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді;

      3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;

      4) бағалы қағаздарды;

      5) инвестициялық алтынды;

      6) туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындау жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);

      7) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестерін есепті салық кезеңі ішінде сатып алуға, оның Қазақстан Республикасының шегінен тыс, шығыстарды өтеу көздері туралы мәліметтерді кірістер мен мүліктер туралы толық декларацияда көрсетеді.

      Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүліктер туралы толық декларацияға қосымшада көрсетіледі.

      5. Кірістер мен мүліктер туралы қысқаша декларация:

      1) мынадай түрдегі:

      төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;

      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;

      алименттер түріндегі кез келген кірістер болмаған немесе кірістерді алғанын;

      2) салық шегерімдерін, оның ішінде салық агенті қолданған шегерімдерге қосымша қолдануға құқығы немесе ниеті болмағанын;

      3) салық агентіне өзге шегерімдердің алдын ала сомасына төлем көзінен түсетін салық салынатын кірісті азайтуға өтінішті бермеген;

      4) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркеуге жататын мүлікті сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу фактілері болмағанын растау туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

      635-бап. Кірістер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру мерзімі

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер мен мүліктер туралы декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша:

      1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;

      2) электрондық түрде ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады.

      2. Жеке практикамен айналысатын дара кәсіпкерлер кірістер мен мүліктер туралы декларацияны осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерде орналасқан жері бойынша тапсырады.

      636-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау

      1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісі осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кіріс сомасы ретінде айқындалады.

      Егер жыл қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасының мәні теріс болса, онда жеке табыс салығын есептеу мақсатында жыл қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасы нөлге тең деп танылады.

      2. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен:

      жеке практикамен айналысатын адамның және дара кәсіпкердің кірісін қоспағанда, осы Кодекстің 360-бабында көзделген, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер

      қосу

      жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі,

      қосу

      дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі,

      қосу

      осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің салық агенті есептеген сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 341-бабында көзделген кірісті түзету,

      алу

      осы Кодекстің 342-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтық шегерімдер сияқты айқындалады.

      3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес көрсетілген арнаулы салық режимдер шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын жүргізеді.

      637-бап. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірісінен жеке табыс салығын есептеу

      1. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірісінен жеке табыс салығын есептеуді жеке тұлға өз бетінше кірістер мен мүліктер туралы декларацияда жүргізеді.

      2. Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірісінен жеке табыс салығының сомасын есептеу осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану арқылы есептеледі.

      3. Бюджетке төленетін жеке табыс салығының сомасы мынадай:

      осы баптың 2-тармағында көзделен тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 638-бабына сәйкес есепке жазу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы;

      осы Кодекстің 639-бабына сәйкес есепке жазу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы тәртібімен айқындалады.

      638-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу

      Кірістерге салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетел салығының (бұдан әрі осы баптың мақсатында – шетелдік табыс салығы) резидент – жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан сомасы Қазақстан Республикасында осы Кодекстің 303-бабында белгіленген тәртіппен, жеке табыс салығы мөлшерлемесі шегіндегі жеке табыс салығын төлеу есебіне осындай салықтың төленгенін растайтын құжат болған кезде есепке жатқызылуға жатады.

      Мынадай формула:

      Се = О х Ү х См/100%, мұнда

      Се – есепке жатқызуға жататын шетелдік табыс салығының сомасы;

      О – осы Кодекстің 340-бабына сәйкес резидент жеке тұлғаның кірісіне қамтылған, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      Ү – осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын резиденттің бақыланатын шетелдік компаниядағы тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу коэффициенті;

      См – осы Кодекстің 294-бабына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме есептелген бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының сомасы Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.

      Осы тармақтың ережелері шетелдік табыс салығы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан мыналар:

      1) бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;

      2) тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания;

      3) резидент бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленетін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекеттерде 10 пайыздан аз құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда қолданылады.

      Егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасына шетелдік табыс салығы екі және одан көп мемлекетте салынса, онда есепке жатқызуға сол шет мемлекеттерде тиімді мөлшерлеме төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемесінен барынша көп құрайтын шетелдік табыс салығы қабылданады. Осы абзацтың ережелері:

      1) бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иелену және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның (осындай жанама иеленуді жүзеге асыру арқылы, бақыланатын тұлға (бақылайтын тұлға) тіркелген (тіркелген)) тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы екі және одан көп мемлекетте төленген кезде; немесе

      2) бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей иелену және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы:

      бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;

      тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады.

      Резидент бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті иеленген жағдайда осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының сомасы бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті иелену бойынша бөлек есептеледі. Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есепке жатқызуға бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей және жанама немесе тікелей және конструктивті иелену бойынша бөлек есептелген осындай шетелдік табыс салығының сомасы жатады.

      Осы тармақты қолдану үшін резидент жеке тұлғада осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттар болуға тиіс.

      639-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның салығын есепке жатқызу

      Жеке табыс салығы мынадай тәртіптердің бірінде:

      дивиденд түріндегі кірістен Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен шегерілген корпоративтік табыс салығының сомасын қоспағанда, осы Кодекстің 340-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында есептік немесе алдыңғы салық кезеңінде салық салуға жататын (салық салынған) бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына қосылған, Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен ұсталатын бақыланатын шетелдік компанияның кірісінен немесе салық салынатын кірісінен Қазақстан Республикасының салық кезеңінде төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасы айқындалатын шамаға азайтылады. Осы тармақшаның ережелері егер резидент осы Кодекстің 638-бабының 2-тармағының ережелері қолданбаған жағдайда, 10 пайыздан аз құрайтын мөлшерлемені қолданып есептелетін төлем көздерінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына қолданылады;

      мынадай тәртіппен анықталатын шама:

      Нв = Д х (Ск – Сн)/100%, мұнда:

      Нв – осы тармаққа сәйкес шегерілуге жататын салық;

      Д – дивиденд түріндегі кірістіқоспағанда, Қазақстан Республикасының көзінен бақыланатын шетелдік компания алатын кіріс немесе салық салынатын кіріс;

      Ск –10 пайыздан аз құрайтын мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасындағы көзден бақыланатын шетелдік компанияның кірісінен немесе салық салынатын кірісінен Қазақстан Республикасында ұсталған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі);

      Сн – осы Кодекстің 638-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызылған немесе есепке жатқызылатын пайдаға шетелдік табыс салығы есептелген Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісті немесе салық салынатын кірісті қосатын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шетел мемлекетінде төленген, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас шетелдік табыс салығының немесе басқа да шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі – пайдаға салынатын шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемесі).

      Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасының ережелері егер резидент осы Кодекстің 638-бабының 2-тармағының ережелеріне қолданса және корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемесінен жоғары болған жағдайларда қолданылады.

      Осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларының ережелері резидентте мынадай құжаттардың көшірмелері:

      Қазақстан Республикасында алынған бақыланатын шетелдік компанияның кірісінен немесе салық салынатын табыс көзінен резидентпен Қазақстан Республикасының бюджетіне корпоративтік табыс салығын аударуды немесе шегеруді растайтын құжаттар;

      Қазақстан Республикасындағы кірісін немесе салық салынатын кірісін бақыланатын шетелдік компанияның қаржы қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасындағы тиісті салық салынуға (салық салынған) жататындығын растайтын шетел тілінде (қазақ немесе орыс тіліне міндетті аудармасымен жасалған ішкі құжат (құжаттар);

      осы Кодекстің 638-бабының 2-тармағында көрсетілген (осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қолданған жағдайда) болған жағдайда қолданылады.

      640-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету

      Жеке табыс салығы бойынша асып кету деп осы Кодекстің 327 және 328-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасы мен осы Кодекстің 637-бабында көзделген тәртіппен күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның кірісінен есептелген жеке табыс салығы арасындағы оң айырма танылады.

      641-бап. Кірістер және мүлік туралы декларацияда есептелген салықты төлеу тәртібі мен мерзімі

      Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші кіріс және мүлік туралы декларацияны ұсыну үшін оны ұсыну тәсілдеріне байланысты осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мынадай тәртіппен:

      1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға – орналасқан жері бойынша;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға орналасқан (болу) жері бойынша жүзеге асырады.

      642-бап. Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің кірісі

      1. Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.

      Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.

      Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.

      2. Кірістер бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер кірістің салық салынатын сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.

      Кірістің салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстар сомасы ретінде айқындалады.

      Салық кезеңі ішінде бюджетке Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.

      Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.

      643-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация және оны табыс ету мерзімі

      1. Тұрғылықты (болған) жері бойынша кірістерді алған, Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде табыс етеді.

      2. Осы Кодекстің 642-бабында көзделген кірістерді салық кезеңі ішінде алған Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.

19-БӨЛІМ. БЕЙРЕЗИДЕНТТЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ

      644-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістері

      1. Кірістердің мынадай түрлері:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен кірістер, сондай-ақ сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен кірістер;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен кірістер;

      3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде басқарушылық, қаржылық, консультациялық, инжинирингтік, маркетингтік, аудиторлық, заң (соттарда, төрелікте немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтер көрсетуді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін кірістер.

      Осы бөлімнің мақсатында:

      сақтандыру нарығына (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың қызметі;

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі;

      банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі (Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасы резидентінің құрылымдық бөлімшесіне банктік шоттарды ашу және жүргізу, аудару, кассалық операциялар, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру, төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша көрсетілген қызметтерді қоспағанда);

      орталық депозитарийдің және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметі;

      әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі қаржылық қызметтерді көрсету деп танылады.

      4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.

      Осы тармақшаның ережелері: кіріске қатысты қолданылмайды.

      осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызмет көрсетуден;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежай қызметінен түсетін кірістерге қатысты қолданылмайды;

      5) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның мына:

      аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткен соң бейрезидент қанағаттанбаған;

      осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға тараған кезде тарату салық есептілігін табыс еткен күні бейрезидент қанағаттанбаған: шарттардың бірін орындаған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістер бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірістері болып танылады.

      Авансты (алдын ала) төлемді төлеген тұлғаның таратылуы кезінде осы Кодекске сәйкес салықтық тарату тексеруін өткізу немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды беру көзделген жағдайда осындай міндеттеменің мөлшері:

      салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес төлеуге жатқан және аралық тарату балансын бекіту күні осы баланста көрсетілуге жататын (көрсетілген) міндеттемелер сомасы (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда),

      алу

      аралық тарату балансын бекіту күнінен бастап, салықтық тарату тексеруі немесе камералдық бақылау аяқталған күнге дейінгі кезеңде қанағаттандырылатын міндеттемелер сомасы ретінде айқындалады.

      Салықтық тарату тексеруінің нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің іс жүзіндегі сомасы негізінде айқындайды. Мұндай міндеттеменің мөлшері салықтық тексерудің актісінде көрсетіледі.

      Камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша міндеттеменің мөлшерін салық органы көрсетілген кезең үшін қанағаттандырылған міндеттемелердің іс жүзіндегі сомасы негізінде айқындайды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетіледі;

      6) мыналарды:

      Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқық немесе мүлікпен жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;

      Қазақстан Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;

      резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;

      егер бейрезидент заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, бейрезидент шығарған акцияларды, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;

      7) талап ету құқығын басқаға берген бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе бейрезидент заңды тұлғаға борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кірістер.

      Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері бейрезиденттің бастапқы құжаттарына сәйкес басқаға берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;

      8) талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе заңды тұлға бейрезиденттен борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кірістер.

      Бұл ретте мұндай кірістердің мөлшері талап ету құқығын басқаға беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;

      9) бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) түріндегі кіріс және санкциялардың басқа да түрлері;

      10) резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорлардан алынатын дивидендтер түріндегі кірістер;

      11) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі кірістер;

      12) эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кірістер;

      13) роялти түріндегі кірістер;

      14) қаржы лизингінен басқа Қазақстан Республикасында орналасқан немесе орналасатын мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түсетін кірістер;

      15) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын кірістер;

      16) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістер;

      17) халықаралық тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін кірістер.

      Осы бөлімнің мақсатында әртүрлі мемлекеттерде орналасқан, біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның ішінде поштаны кез келген тасымалдаулар халықаралық тасымалдар деп танылады.

      Осы бөлімнің мақсатында мыналар:

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымал;

      тауарларды магистральдық құбыржолдармен тасымалдау халықаралық тасымалдар болып танылмайды;

      18) теңіз тасымалы шартында (келісімшартта) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операцияларында кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі кіріс;

      19) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін кірістер;

      20) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасасқан еңбек келісімшарты (шарт, келісім) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістері;

      21) бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты бойынша кірістері;

      22) өздеріне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты, мұндай міндеттерді нақты орындайтын жеріне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелері алатын өзге де төлемдер;

      23) жұмыс беруші болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты бейрезиденттің жеке тұлғаға төлейтін үстемеақылары;

      24) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірісі.

      Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде:

      бейрезидент жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;

      бейрезидент жеке тұлға өткізген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;

      бейрезидент жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;

      25) бейрезидент жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі кірісі.

      Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде:

      бейрезидент жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;

      бейрезидент жеке тұлғаға өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;

      бейрезидент жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;

      26) резидент жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

      27) қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, театр, кино артистерінің, радио, теледидар қызметкерінің, музыканттың, суретшінің, спортшының және өзге де бейрезидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мәдениет, өнер және спорт саласындағы қызметтен кірісі;

      28) ұтыс түріндегі кіріс;

      29) Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден кірістер;

      30) бейрезидент жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан өтеусіз алынған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі кірісі.

      Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты жұмсалған шығыстар мөлшерінде айқындалады.

      Өтеусіз орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қоспағанда, өтеусіз алынған мүліктің құны мүлікті беру күні мұндай мүлікті берген тұлғаның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оның баланстық құнының мөлшерінде айқындалады.

      Өтеусіз алынған мүліктің, сондай-ақ мұраға қалдырылған мүліктің құнын бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, берілген немесе мұраға енгізілген күні мұндай мүліктің құны мынадай тәсілдердің бірімен:

      мұндай мүлік алынған күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген құн негізінде;

      көрсетілген бағалы қағазды мұраға алған (енгізілген) күні қазақстандық немесе шетелдік қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздың бағамдалуы құнының негізінде белгіленеді.

      Өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүліктің құнын осы тармақшада белгіленген тәртіппен айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, құн мүлікті бағалау туралы есептің негізінде айқындалады;

      31) туынды қаржылық құралдар бойынша кірістер;

      32) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын бейрезидент үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқаруға мүлікті резидентке беруден алынған кіріс;

      33) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріс;

      34) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметінен пайда болған басқа да кірістер.

      Бұл ретте осы тармақтың 3)-5), 11)-13), 25), 28) тармақшаларының ережелері:

      резиденттің;

      егер есептеу, төлеу және (немесе) кірістерді төлеу бойынша шығыстарды шегерімге жатқызылса, мұндай тұрақты мекеменің қызметіне немесе мүлкіне байланысты болса, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің;

      егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, бейрезиденттің филиалының, өкілдігінің кірістерді есептеуі, кірістерді төлеген және (немесе) кірістерді төлеу бойынша шығыстарды шегерімге жатқызуы шартымен қолданылады.

      2. Мыналар:

      1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің табыстарынан есептелген және салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы;

      2) өздеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге органның) мүшелері жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:

      осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты, сондай-ақ отырғызу талоны немесе тасымалдаушы берген жол жүру фактісін растайтын өзге де құжаты болған кезде электрондық билет), электрондық жол жүру билеті негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;

      осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бірақ шетелде іссапарларда болған мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;

      осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған шығыстар;

      күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;

      күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірісі болып табылмайды. Бұл ретте басқарушылық міндеттерді орындайтын орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуге тиіс.

      3) бейрезидент заңды тұлғаның:

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кірістері;

      4) бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдары төлейтін роялти түріндегі кірістер;

      5) заңды тұлға бейрезиденттің жарғылық капиталына салым түрінде алынған мүлік құны, сондай-ақ шығарған акцияларын орналастырудан бейрезидент заңды тұлға алған мүліктің құны бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірісі болып табылмайды.

72-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ ҚҰРУҒА АЛЫП КЕЛМЕЙТІН БЕЙРЕЗИДЕНТ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

      645-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі

      1. Қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін бейрезидент заңды тұлғаның (бұдан әрі осы тараудың мақсатында - бейрезидент) Қазақстан Респбликасындағы көздерден кірістеріне шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады.

      Бұл ретте төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті осы баптың 9-тармағында көрсетілген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабында көрсетілген кірістердің сомасына осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.

      Төлем көзінен салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік кірістер салығын есептеу мен ұстауды салық агенті:

      1) есептелген және төленген кірістер бойынша – бейрезидентке кірістер төлеу күнінен кешіктірмей;

      2) шегерімге жатқызылған, есептелген және төленбеген кірістер бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 315-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.

      2. Төлем көзiнен корпоративтік табыс салығын бейрезидентке табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.

      3. Төлем көзінен бейрезиденттің кірісіне салық салу осы бейрезиденттің өз кірістеріне билік етуіне қарамастан, үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өзінің құрылымдық бөлімшелерінің пайдасына жүргізіледі.

      4. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 228-бабына сәйкес айқындалады.

      5. Салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің табыстарынан есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын өз қаражаты есебінен оны ұстаусыз төлеген кезде салық агентінің төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстап қалу және аудару бойынша міндеті орындалған болып есептеледі.

      6. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке кірістітөлейтін және салық агенті деп танылған мынадай тұлғаларға:

      1) дара кәсіпкерге;

      2) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.

      Бұл ретте бейрезиденттің филиалын, өкілдігін Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойған күннен бастап салық агенті деп танылады.

      3) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпастан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.

      Бұл ретте бейрезидент филиал немесе өкілдік ашпастан оның тұрақты мекемесін Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойған күннен бастап салық агенті деп танылады.

      4) бейрезидент заңды тұлғаға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі эмитентіне;

      5) осы баптың 9-тармағының 8) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған кезде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген мүлікті сатып алатын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.

      7. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістерді төлеу бойынша бейрезиденттің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борыш талабын есептеп шығару немесе есепке жатқызу кірісті төлеу деп түсініледі.

      Осы бөлімнің мақсатында салық салу объектілерін осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзету кезінде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезінде кірісті төлеу деп осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес кірісті айқындау түсініледі.

      Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 315-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім кірісті төлеу күні болып табылады.

      8. Бейрезидентпен жасалған келісімшарттар Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жұмыстардың, қызметтердің алуан түрлерінің орындалуын, көрсетілуін көздейтін ережелер болған кезде, осы бапта белгіленген төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың, қызметтердің әр түріне жеке қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде бейрезидент орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің әрбір кезеңі бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың, қызметтердің жеке түрі ретінде қаралады.

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарт бойынша бейрезиденттің жалпы табыстар сомасы Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге негізделіп бөлінуге тиіс.

      Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған кірістерге бейрезиденттің жалпы кіріс сомасын бөлу негізділігін растайтын, Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған есептік құжаттаманың көшірмелерін қызметтер алушыға табыс етугеміндетті.

      Осы баптың ережелеріне сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасында салық салынуға тиісті кірісіның сомасын төмендетуге әкеп соққан бейрезиденттің кірісін осындай бөлу болмаған немесе негізсіз бөлген кезде, Қазақстан Республикасында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де бейрезиденттің жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған жиынтық кіріс сомасы салық салуға жатады.

      9. Мыналар:

      1) осы тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер салық салынуға жатпайды.

      Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілген болса, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстарды ескере отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.

      Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар енгізілген болса, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома мұндай шығыстардан бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады;

      2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін кірістер;

      3) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды есептеу күні Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай дивидендтер мен сыйақылар;

      4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, егер осы тармақтың 3), 5) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, бiр мезгiлде мынадай:

      дивидендтерді есепке жазу күні салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төлейтiн резидент-заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнi 50 пайыздан аспайтын талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салынуға жатпайды.

      Егер дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның қызметі бойынша, оның ішінде азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізсе, осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерден босату қолданылмайды;

      егер дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерден босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акциялар немесе қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алған болса, акциялар немесе қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.

      Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:

      акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын кіріс;

      резидент заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза кірістің бiр бөлiгi;

      құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде салған мүлкін қоспағанда, резидент заңды тұлға таратылқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерi барабар азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капитал азайтылған кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы резидент заңды тұлғадағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтер бойынша қолданылады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.

      Осы тармақшаның мақсатында жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;

      5) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, заңды тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін дивидендтер, егер осы тармақтың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:

      дивидендтерді есепке жазу күні салық төлеуші бейрезиденттің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төленетін, резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы дивидендтер есептелген, алдыңғы айдың бірінші күні аталған кезеңде жеке меншіктегі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатты өзара байланысты тарап болып табылатын заңды тұлғаға – резидентке тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 70 пайызын кезекті қайта өңдеуді (бірінші қайта өңдеуден кейін) он екі айлық кезең ішінде жүзеге асырады.

      Егер дивидендтерді төлейтін резидент болып табылатын заңды тұлға жер қойнауын пайдаланушы, оның ішінде инвестициялық шарт шеңберінде жүзеге асырылатын, сол бойынша осындай азайту көзделген қызметі бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізген жағдайда, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі тұтастай алғанда осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақта көзделген, осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушыға төленетін дивидендтерді босату қолданылмайды;

      егер 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі тұтастай алғанда резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақта көзделген, осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушыға төленетін дивидендтерді босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акциялар немесе қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастыруы нәтижесінде алған болса, акциялар немесе қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.

      Осы тармақшаның мақсатында кейіннен қайта өңдеуге бағытталған көмірді қоса алғандағы минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

      бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде кез келген қайта өңдеудің нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;

      кейіннен қайта өңдеуде әрі қарай пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеудің өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Осы тармақтың ережелері тек заңды тұлға-резиденттен алынған дивидендтерге мынадай:

      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын кіріс;

      заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі түріндегі кіріс;

      жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшы, қатысушы енгізген мүлікті қоспағанда, заңды тұлғаны тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды түрде азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бөлігін құрылтайшыға, қатысушыға қайтару кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрде қолданылады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;

      6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;

      7) Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе осы қор биржасының ресми тізімдерінде өткізу күні болатын бағалы қағаздардың шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;

      8) егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерын қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғада немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумда қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құнның артуынан түсетін кірістер, егер осы тармақтың 6) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күні салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан аспайтын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын осындай заңды тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акциялар немесе қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастыруы нәтижесінде алған болса, акциялар немесе қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.

      Осы тармақшаның мақсатында жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтаждығы үшін өндірудің айрықша құқығына ие болғандықтан ғана пайдаланушы болып табылатын осындай жер қойнауын пайдаланушы сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін, алдыңғы айдың бірінші күніне аталған кезеңде жеке меншіктегі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатты өзара байланысты тарап болып табылатын заңды тұлғаға – резидентке тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірілген минералдық шикізаттың кемінде 70 пайызын кезекті қайта өңдеуді (бірінші қайта өңдеуден кейін) он екі айлық кезең ішінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды.

      Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған, көмірді қоса алғандағы минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

      бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде кез келген қайта өңдеудің нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;

      кейіннен қайта өңдеуде әрі қарай пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеудің өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын адамдардың (адамның) мүлкінің, акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;

      9) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;

      10) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін кірістер;

      11) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 3), 4) 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кірістер;

      12) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс бiрыңғай құбыр жүйесi арқылы өткiзiлетiн шикi мұнайды өткізу сапасының құнын түзетуге байланысты төлемдер;

      13) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есептелген осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 3-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;

      14) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабының 5-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы жатпайды.

      646-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмеген болса, бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістеры мынадай:

      1) осы тармақтыңи 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабында айқындалған кірістер – 20 пайыз;

      2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 пайыз;

      3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 пайыз;

      4) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін кірістер – 5 пайыз;

      5) құн өсімінен түсетін кірістер, дивидендтер, сыйақылар, роялти – 15 пайыз мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады.

      2. Осы Кодекстің 644-бабында айқындалған уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері, 20 пайыз мөлшерлеме бойынша.

      647-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аударудың тәртібі мен мерзімдері

      1. Бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салық агенті бюджетке:

      1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша – кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша;

      2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салық кезеңіндегі соңғы күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс.

      Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;

      3) алдын ала төлем төленген жағдайда – төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс есепке жазылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс.

      2. Егер бейрезиденттің кірісіның есептелген сомасы осы Кодекстің 314-бабында белгіленген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте бейрезидентке мұндай кірістітөлеу осындай кезең өткеннен кейін жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс.

      3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын бейрезидент табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.

      648-бап. Салық есептілігін табыс ету

      Салық агентi өзiнің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезиденттiң кірісінен төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмде:

      1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін – бейрезидентке кірістер төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15 күнінен кешiктiрмей;

      2) төртінші тоқсан үшін – бейрезидентке кірістер төлеу жүргізілген және (немесе) бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген кірістеры шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 314-бабында белгіленген есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етугемiндеттi.

      649-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктер

      Қызметін Қазақстан Республикасында халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын филиал немесе өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 315-бабында белгіленген мерзімде орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етеді.

      650-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістердан салықты есептеу, ұстау және аудару

      1. Осы бап мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқық немесе мүлікпен жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;

      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;

      3) резидент шығарған акцияларды және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;

      4) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында немесе 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

      5) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында немесе 654-бабының 7) тармақшасында тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, бейрезидент заңды тұлға шығарған акцияларды және бейрезидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден құн өсiмiнен түсетiн кірістеріне қолданылады.

      Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен:

      1) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткiзу кезінде - мүлікті өткiзу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде;

      2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткiзу кезінде - осы Кодекстiң 228-бабына сәйкес айқындалады.

      Осы тармақтың мақсатында жерасты суларын және (немесе) құрылыс материалдары базасын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      2. Осы Кодекстің осы бабының және 288, 341, 645 және 654-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) заңды тұлға активтерінің құнындағы мүлкінің үлесі акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу немесе дивидендтерді төлеу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.

      Осы Кодекстің осы бабының және 288, 341, 645 және 654-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы мүлкінің үлесі қатысу үлестерін өткізу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құны сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.

      Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны:

      1) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесінің;

      2) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.

      Дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның барлық активтері баланстық құнының сомасы осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құны болып танылады.

      Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе ондағы қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе осындай консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:

      1) дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күні жеке қаржы есептілігінің;

      2) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күні жеке қаржы есептілігі болмаған кезде – дивидендтер төлеу немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығын сатып алушыға беру күнінің алдындағы соңғы есепті күнгі жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады.

      3. Осы Кодекстің 645-бабының 9-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген кірістерді қоспағанда, бейрезиденттің осы баптың 1-тармағында көрсетілген кірістеры осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

      4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мыналарды:

      1) идентификаттау нөмірін және (немесе) резиденттік еліндегі оның аналогын және көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) өткізетін және сатып алатын заңды тұлғаның атауын және (немесе) жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

      2) көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағаларын;

      3) жасалған мәміле бойынша кіріс төлеу күнін;

      4) мәміле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда ол өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтерді;

      5) басқа тұлғалармен мүлікті өткізетін тұлғаның үлестестігі туралы мәліметтерді (тікелей немесе жанама қатысу мөлшерін) көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді.

      5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне сатылай тұрғыда тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.

      6. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.

      7. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізетін тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етугеміндетті.

      Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

      8. Табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік кірістітөлейтін салық агентіне жүктеледі.

      Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, сондай-ақ қызметі осы Кодекстің немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиалының, өкілдігінің болуына немесе болмауына қарамастан салық агенті болып танылады.

      9. Салық агенті болып табылатын бейрезидент осы Кодекстің 76-бабында белгіленген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.

      10. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті кіріс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан бейрезидентке кірістітөлеу кезінде ұстайды.

      11. Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде кіріс алатын бейрезидент осындай кіріс сомасына осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.

      12. Салық агентi табыс салығының сомасын бюджетке аударуды осы Кодекстiң 647-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.

      Осы баптың 11-тармағына сәйкес есептелген табыс салығын бюджетке аудару салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін салық агенті осы Кодекстің 648 және 657-баптарында белгіленген мерзімде өзінің Қазақстан Республикасындағы тіркелу есебінің орны бойынша салық органына табыс етеді.

      Табыс салығын осы баптың 11-тармағына сәйкес есептейтін бейрезиденттер табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 315 немесе 659-баптарында белгіленген мерзімде табыс етеді.

      13. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Бейрезиденттiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін осындай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.

      Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi (салық төлеуші) аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның кірісі болып танылмайды.

      14. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 12 және 13-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бейрезидент үшiн құн өсiмiнен түсетін кірістердан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.

      Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлға осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеу кезінде осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін табыс етугеміндетті.

      Бұл ретте бейрезидент үшiн төленген салық сомасы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау кезiнде шегерiмге жатқызылмайды.

      15. Салық агентi (салық төлеуші), осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 10, 12, 13 және 14-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің 13 және 14-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.

73-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БЕЙРЕЗИДЕНТ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

      651-бап. Салық салынатын кірістіанықтау

      1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 653-бабында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын кірісін анықтау, тұрақты мекемесінің кірісінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің осы бабының және 224-293, 299-315-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

      2. Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің жылдық жиынтық кірісі Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) тұрақты мекеме қызметімен байланысты кірістің мынадай түрлері:

      1) осы Кодекстің 644-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірістер;

      2) осы Кодекстің 226-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген кірістер;

      3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден, оның ішінде жұмыскерлер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған кірістер;

      4) бейрезидент заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің кірістерын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес кірістеры құрайды.

      Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің жылдық жиынтық кірісіне:

      1) осы Кодекстің 644-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістер;

      2) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің осындай бейрезидент заңды тұлғаның бас кеңсенің және басқа құрылымдық бөлімшелері алдындағы міндеттемелері бойынша халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі қосылмайды.

      3. Бейрезидент кәсіпкерлік қызметті өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаға қарамастан әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін кіріс осындай тұрақты мекеменің кірісі болып есептеледі.

      4. Қазақстан Республикасындағы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесі өндірген тауарларды бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаға қарамастан әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін кіріс бейрезидент заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің кірісі болып есептеледі.

      5. Осы тармақты қолдану мақсатында тұрақты мекеменің кірісі Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып айқындалады.

      6. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 644-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған кірістерді алуға бағытталған шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістерді алумен тікелей байланысты шығыстар, олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде жұмсалғанына қарамастан, шегерімге жатады.

      7. Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:

      1) осы бейрезидент заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер;

      2) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемеге көрсеткен қызметтері үшін кірістер;

      3) осы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемеге берген қарыздары бойынша сыйақылар;

      4) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен кірістер алуымен байланысты емес шығыстар;

      5) құжатпен расталмаған шығыстар;

      6) бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 662-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.

      8. Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің осындай бейрезидент заңды тұлғаның бас кеңсенің және басқа құрылымдық бөлімшелері алдындағы міндеттемелері бойынша халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кетуі бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің шегеріміне жатпайды.

      652-бап. Таза табысқа салық салу тәртібі

      Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін таза кірісіна 15 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.

      Таза табыс мынадай тәртіппен айқындалады:

      осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын кіріс

      алу

      осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 300-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісті көбейту арқылы есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.

      2. Таза табысқакорпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

      3. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға таза табысына корпоративтік табыс салығын бюджетке төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізуге міндетті.

      653-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден табыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 651-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген табыстарды төлеуді жүзеге асыратын салық агенті бір мезгілде:

      1) бейрезидент заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесімен филиал, өкілдік ашпай жасалған келісімшарт болмаған;

      2) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша филиал, өкілдік ашпай бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі, тұрақты мекемесі жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетілген табыстардан корпоративтік табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды 20 пайыз мөлшерлеме бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай жүргізеді.

      Салық агенті бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен ұстаған корпоративтік табыс салығы аталған бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемелерін өтеу шотына есепке алуға жатқызылады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға тұрақты мекеменің құрылуына әкелген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра бастаған күннен бастап корпоративтік табыс салығын осы Кодекстің 651 және 652-баптарына сәйкес ретроспективті тәртіппен есептейді және тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына көрсетілген кірістерді қоса отырып, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс етеді.

      Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы осы тармаққа сәйкес осындай бейрезидент заңды тұлғаның кірісінен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентінің салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.

      Осы тармаққа сәйкес бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғандағы келесі он салық кезеңіне ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын біртіндеп азайтады.

      2. Осы Кодекстің 76-бабының талаптарын бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелмеген бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен алатын кірістеріне 20 пайыз мөлшерлеме бойынша шегерімдерді жүзеге асырмастан, төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.

      Осы Кодекстің 76-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құруға әкелген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра бастаған күннен бастап ретроспективті түрде туындаған салық салуға байланысты объектілерді салықтың тиісті түрлері бойынша бастапқы ұсынылатын декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін есептеуге және орындауға міндетті.

      Бұл ретте кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра бастаған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезең үшін осындай бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетілген кезеңге осындай бейрезидент заңды тұлғаның кірісінен осы тармаққа сәйкес төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.

      Азайту салық агентінің салықты ұстауын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.

74-ТАРАУ. БЕЙРЕЗИДЕНТ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

      654-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары

      Бейрезидент жеке тұлғаның мынадай табыстары:

      1) сыртқы сауда қызметі жөніндегі келісімшартқа байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді қоспағанда, осы сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізумен байланысты төлемдер;

      2) резидент сатып алушылар төлеген сатып алу кезіндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомалары;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыруға лицензиясына ие және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміндегі осындай дивидендтер мен сыйақыларды аудару күніндегі бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

      4) осы баптың 3-тармақшасымен өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:

      дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне 50 пайыздан аз құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салуға жатпайды.

      Осы тармақшаның ережелері:

      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын кіріс;

      резидент-заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;

      құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ резидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.

      Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Дивиденд төлейтін резидент-заңды тұлғаның есептелген корпоративті табыс салығының төмендеуін қызмет бойынша, оның ішінде төмендеу көзделген инвестициялық келісімшарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға көбейтетін болса, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіпте қолданылады:

      егер жалпы дивиденд төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасындағы 100 пайызға төмендетілген корпоративтік табыс салығының үлесі елу және одан көп пайызды құрайтын болса, онда осы тармақта көзделген осындай заңды тұлғалар төлейтін дивидендтерден босату қолданылмайды;

      егер жалпы дивиденд төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасындағы 100 пайызға төмендетілген корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан азды құрайтын болса, онда осы тармақта көзделген осындай заңды тұлғалар төлейтін дивидендтерден босату дивидендтердің барлық сомасына қолданылады;

      5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістеріне;

      6) өткізу күні осы қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға Ұлттық Банктің лициензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістеріне;

      7) егер осы тармақтың 6) тармақшасымен өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте резидент болған тұлғалардың кірістерін қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғада немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумда қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құнның артуынан түсетін кірістер, егер осы тармақтың 6) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан аспайтын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын осындай заңды тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Жерасты суларын және (немесе) құрылыс материалдарының базасын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;

      8) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 3), 4) 5) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;

      9) Қазақстан Республикасындағы кірісі аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;

      10) осы Кодекстiң 291-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:

      осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;

      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;

      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын бейрезидент жеке тұлға алған материалдық пайда;

      11) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы; 2020 жылға дейін қолданылады.

      12) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы.

      655-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару тәртібі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң 656-бабының 1-тармағында айқындалған табыстарды қоспағанда Қазаұстан Республикасындағы көздерден жеке тұлға резиденттің табыстары осы Кодекстiң 646-бабында көрсетiлген мөлшерлемелер бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай салынады.

      Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 228-бабына сәйкес айқындалады.

      2. Осы баптың ережелеріне қарамастан, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстің 650-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару осы Кодекстің 650-бабына сәйкес жүргізіледі.

      3. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында айқындалған кірістерді қоса алғанда, бейрезидент жеке тұлғаның мынадай табыс сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді:

      жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасасқан еңбек келісімшарты (шарт, келісім) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістері;

      жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін кірістері;

      басшының қалам ақылары және (немесе) басқару органдары (директорлар кеңесі немесе басқа орган) мүшелерінің аталған адамдар өздеріне жүктелген резидентке қатысты басқарушы міндеттерін осындай міндеттер нақты орындалған жеріне қарамастан орындаумен байланысты алатын өзге де төлемдер;

      жұмыс беруші болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты оған төленетін үстемеақылары;

      резидент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері.

      4. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу және ұстауды салық аген осы баптың 7-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, бейрезидент жеке тұлғаға кірісін төлеген күннен кешіктірмей жүргізеді.

      Салық агенті бейрезидент жеке тұлғаға кіріс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстайды.

      5. Бюджетке бейрезидент жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.

      6. Кіріс шетел валютасымен төленген кезде төлем көзінен салық салынатын табыс мөлшері кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып теңгемен қайта есептеледі.

      7. Қызметі осы Кодекстің 220-бабы 7-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің шетелдік персоналды ұсынуы кезінде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынған кірісіне төлем көзінен жеке табыс салығы салынады.

      Бұл ретте бейрезидент жеке тұлғалардың кірістері, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады.

      Егер ұсынылған персоналға кірісті бейрезидент төлеген жағдайда, жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық базасын осы Кодекстің 220-бабының 7-тармағына сәйкес бейрезидент табыс ететін құжаттар негізінде салық агенті айқындайды.

      Шетелдік персонал кірісінен төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті бейрезидент заңды тұлғаға шетелдік персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер үшін кірісі төленген кезде жүргізеді.

      Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, шетелдік персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған кірістерінің сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді.

      Салық агенті орналасқан жері бойынша салықты ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25 күніне дейін төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.

      8. Төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке кірісті төлейтін және салық агенті деп танылған мынадай тұлғаларға:

      1) дара кәсіпкерге;

      2) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға.

      Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық органдарында оның филиалын, өкілдігін тіркеуге қойғаннан кейін салық агенті болып табылады;

      3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.

      Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады;

      4) резидент заңды тұлғаны, соның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитент резидентіне жүктеледі.

      Осы тараудың мақсаттары үшін резидент заңды тұлға өз шешімімен осы Кодекстің 353-бабында белгіленген тәртіппен мұндай құрылымдық бөлімше төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын кірістер бойынша өз құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы;

      5) заңды тұлғаға, оның ішінде осы Кодекстің 220-бабының 7-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезидент оған шетелдік персоналды берген, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке;

      6) осы Кодекстің 654-бабы 7) тармақшасында белгіленген талаптар орындалмаған кезде осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мүлікті сатып алатын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.

      9. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезидент жеке тұлғаның табыстарынан есептелген жеке табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.

      656-бап. Қызметі тұрақты мекеме құруға әкелмейтін бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың табысына салық салу тәртібі

      1. Осы бапта белгіленген салық салу тәртібі қызметі тұрақты мекеме құруға әкелмейтін бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мыналардан:

      жұмыс беруші болып табылатын осындай бейрезидент заңды тұлғамен жасасқан еңбек келісімшарты (шарт, келісім) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен;

      осындай бейрезидент заңды тұлғамен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен;

      Қазақстан Республикасындағы қызметпен байланысты осындай бейрезидент заңды тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметтен;

      осындай бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасында тұркға байланысты төлейтін үстеме ақылардан және осы Кодекстің 322-бабымен белгіленген кірістерді қоса алғанда алынатын табыстарға қолданылады.

      Осы баптың ережелері, егер осы Кодекстің 655-бабының 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкелмейтін бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасына жіберген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірістеріне салық салуға бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде қолданылады:

      1) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері немесе мердігері болып табылса;

      2) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адам ағымдағы салық кезеңде аяқталатын кез келген қатарынан он екі айлық кезеңде кем дегенде жүз сексен үш күнтізбелік күн (келген және кеткен күндіқоса алғанда) Қазақстан Республикасында болатын деп танылса, қолданылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидент заңды тұлға соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті деп танылады.

      3. Жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық шегерімдері жүзеге асырылмай, бейрезидент ұсынған құжатта көрсетілген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам кірісінен салық агенті жүргізеді. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға салық агентіне мыналарды:

      Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен жасалған еңбек шартының (келісімшартының) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін;

      осындай бейрезидентпен жасасқан еңбек шартының (келісімшартының) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың аясында жалдау бойынша жұмыстан алынатын жеке тұлғаның кірістері туралы мәліметті қамтитын басқа да құжатты табыс етугеміндетті.

      Салық агентіне осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда төлем көзінен жеке табыс салығын салуға бейрезидент заңды тұлғаға орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін төлеуге жататын табыстан 80 пайыз мөлшерінде кірісі жатады.

      4. Салық агентi кіріс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, бейрезидент заңды тұлғаға кіріс төлеу күнінен кешіктірмей төлем көзiнен жеке табыс салығын есептейді және ұстайды.

      5. Бюджетке шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы баптың 4-тармағына сәйкес салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25 күніне дейін жүргізеді.

      657-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны табыс ету

      Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны салық агенті есепті салық кезеңдері кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей тоқсан сайын салық төлеу орны бойынша салық органына табыс етеді.

      658-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі

      1. Осы баптың ережелерi бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғадан Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына қолданылады.

      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғадан Қазақстан Республикасында көздерден алынған табыстарынан жеке табыс салығын есептеу салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай, табыстың есептелген сомасына осы Кодекстiң 646-бабында белгiленген мөлшерлемені қолдану жолымен жүргiзiледi.

      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығын төлеудi бейрезидент жеке тұлға салық кезеңi үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей дербес жүргiзедi.

      4. Бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстің 650-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстарынан жеке табыс салығын есептеу және ұстау осы Кодекстің 650-бабына сәйкес жүргізіледі.

      5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алуға жататын) кірістер бойынша бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер төлеуді жүргізеді.

      Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнде бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.

      Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.

      Осы осы тармақта көрсетілген кірістер бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер кірістің салық салынатын сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.

      Кірістің салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған кірістердің сомасы ретінде айқындалады.

      Салық кезеңі ішінде бюджетке бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.

      Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түссе, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.

      Егер салық кезеңі ішінде төленген жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болса, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 659-бабында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей болатын жері бойынша жүзеге асырады.

      659-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын кірістерді Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын бейрезидент жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

      Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу жағдайында, бейрезидент жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етугежәне ағымдағы салық кезеңі ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейінгі кезеңге табыс етіледі.

      Жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңіне есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кетсе, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген кірістерді алатын бейрезидент-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей кіріс етедi.

      Бұл ретте салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген кірістерді алған бейрезидент-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.

75-ТАРАУ. ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛҒЫЗБАУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ МӘСЕЛЕЛЕРІН РЕТТЕЙТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР БОЙЫНША АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      660-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайлары

      1. Қосарланған салық салуды болғызбау және салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі - халықаралық шарт) ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

      2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті осы халықаралық шарттың ережелерін халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесінде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесі қолданылмайды.

      661-бап. Халықаралық шартты қолдану тәртібі

      Халықаралық шарттың ережелерін қолдану осы Кодексте және қолданыстағы халықаралық шартта белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      662-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа салық салу мақсатында бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу тәртібі

      1. Егер Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау кезінде халықаралық шарттың ережелері бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын (бұдан әрі – бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары) шегеруге жол берген болса, онда мұндай шығыстардың сомасы өзтаңдауы бойынша осындай бейрезидент заңды тұлғамен, мынадай:

      1) шығыстарды пропорционалды бөлу әдісінің;

      2) шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісінің бірі бойынша анықталады.

      Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде іс жүзінде шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары осы Кодекстің осы бабының және 663, 664 және 665-баптарының мақсаттары үшін бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары болып танылады.

      Бұл ретте мыналар:

      қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келген бейрезидент заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі немесе бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекемесі тікелей шеккен, осы Кодекстің 242 – 273-баптарына сәйкес шегерімге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары);

      бейрезидент заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері немесе тұрақты мекемелері басқа елдерде тікелей шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі – басқа елдердегі тұрақты мекемелердің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары);

      бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркелген тұрақты мекеменің қызметіне байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарына енгізілуге жатпайды.

      2. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстар – ұйымды басқаруға, басқарушы персоналдың өндірістік процеске байланысты емес еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.

      3. Бейрезидент заңды тұлға өз таңдауы бойынша есепті салық кезеңі ішінде бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың көрсетілген әдістерінің біреуін ғана қолданады.

      Бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі бейрезидент заңды тұлғаның шегерімге жатқызылатын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтитын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның қосымшасында көрсетіледі.

      4. Бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме өзінде мынадай растайтын құжаттар:

      1) халықаралық шарттың талаптарын сақтаған;

      2) осы Кодекстің 663-бабының 3-тармағында немесе 665-бабының 3-тармағында көрсетілген құжат болғанда;

      3) осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін бейрезидент заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжат болғанда шегерімге жатқызады.

      5. Осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса, мұндай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасының болуы міндетті.

      6. Резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны беру үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына табыс етеді.

      663-бап. Шығыстарды пропорционалды бөлу әдісі

      1. Пропорционалды бөлу әдісін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарының сомасы бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      2. Есептік көрсеткіш бейрезидент заңды тұлғаның таңдауы бойынша мына тәсілдердің бірі:

      1) бейрезидент заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 651-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы;

      2) орташа шаманы (ОШ) үш көрсеткіш бойынша анықтау:

      бейрезидент заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 651-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент заңды тұлғаның, тұтастай алғанда, көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы (К);

      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есептілігінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының бейрезидент заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының жалпы бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы (НҚ);

      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі есепті салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының бейрезидент заңды тұлға тұтас алғанда осындай салық кезеңінде персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады (ЕТ).

      Орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады:

      ОШ = (Т + НҚ + ЕТ)/3 .

      3. Пропорционалды бөлу әдісін пайдалану кезінде бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарының сомасы Қазақстан Республикасында тұрақты мекемеменшегерімдерге халықаралық шарттардың талаптарын сақтаған жағдайда және онда мынадай растайтын құжаттар болғанда ғана жатқызылады:

      1) Қазақстан Республикасында бейрезиденттің тұрақты мекемесінің қаржылық есептіліктерінің көшірмелері;

      2) бейрезидент заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған, бейрезидент заңды тұлғаның атауы жазылған, мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ басшының қойған қолымен расталған қаржылық есептілігінің көшірмесі болған кезде ғана шегерімге жатқызады.

      Бұл ретте осы тармақшаның 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептілікте мыналар:

      басқару және жалпы әкімшілік шығыстар сомасы;

      жиынтық жылдық кіріс сомасы;

      персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар сомасы;

      негізгі қаражаттың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны жеке жолмен бөлек көрсетілуі тиіс.

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген қаржылық есептілікте көрсетілген басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын:

      шығыстардың түрлері бойынша бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын;

      Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын көрсете отырып таратып жазу;

      4) бейрезидент заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде) болған кезде ғана шегерімге жатқызады.

      664-бап. Жекелеген жағдайларда шығыстарды пропорционалды бөлу әдістерін қолдану кезінде бейрезиденттің қаржылық шығыстар деректерін түзету тәртібі

      1. Бейрезидент заңды тұлға тұрақты мекемеге шегерімге жатқызуға жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстардың сомасын есептеу кезінде пайдаланылатын қаржылық есептілік деректерін мынадай жағдайларда:

      Қазақстан Республикасында және осындай бейрезиденттің резиденттік елінде салық кезеңдерінің ұзақтығына сәйкес болмаған жағдайда;

      Көрсетілген салық кезеңдерінің тең ұзақтығы кезінде Қазақстан Республикасында және осындай бейрезиденттің резиденттік елінде салық кезеңдерінің басталу және аяқталу күндері сәйкес болмағанда түзетуге міндетті.

      Бейрезиденттің қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзеу коэффициенті (К) қолданылады, ол салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңін Қазақстан Республикасындағы салық кезеңімен сәйкес келтіреді.

      2. Коэффициент (К) салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі салық кезеңінің айлары санының салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады.

      Егер Қазақстан Республикасында салық кезеңіне екі салықтық кезең толық немесе ішінара кіретін болса, бейрезиденттің резиденттік елінде екі коэффициент қолданылады (К1, К2).

      3. Бейрезидент заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде:

      К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2,

      мұндағы К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3,

      бұл ретте:

      СК (РЕ)1 - бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі айларының саны;

      СК (РЕ)2 - бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі айларының саны;

      СК (РЕ)3 - бейрезиденттің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының жалпы саны;

      ҚЕ (РЕ)1 - бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі үшін бейрезиденттің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі;

      ҚЕ (РЕ)2 - бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі үшін бейрезиденттің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі түзетіледі.

      665-бап. Шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі

      1. Бейрезидент заңды тұлға бас кеңсенің және Қазақстан Республикасындағы және басқа елдердегі тұрақты мекемелердің кірістері мен шығындарын (басқару және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда) бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісі пайдаланылады.

      2. Егер бейрезидент заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары растайтын құжаттар негізінде айқындалатын болса және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында тікелей шегілсе,Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме оларды осы бапқа сәйкес шегерімге жатқызады.

      3. Мыналар:

      1) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында шеккен бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттары;

      2) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде шеккен бөлінетін шығыстарын растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының көшірмелері;

      3) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кіріс алу мақсатында Қазақстан Республикасында да және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде де шеккен бөлінетін шығыстарын есепке алу бойынша осы шығыстарды растайтын бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде жасалған салық тіркелімдері растайтын құжаттар болып табылады.

      Салық тіркелімінің нысаны, оны толтыру тәртібі Қазақстан Республикасындағы қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның салықтық есепке алу саясатында бекітіледі;

      4) бейрезидент заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған, бейрезидент заңды тұлғаның атауы жазылған, мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ басшының қойған қолымен расталған қаржылық есептілігінің көшірмесі болып табылады.

      Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте бейрезидент заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының жалпы сомасы жеке жолмен бөлек көрсетілуі тиіс;

      5) бейрезидент заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде) болған кезде ғана шегерімге жатқызады.

      666-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарын салық салудан толық босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі

      1. Осы бапта белгіленген халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі мынадай:

      1) халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі осы Кодекстің 667, 668, 669, 670 және 671-баптарында белгіленген;

      2) осы Кодекстің 672-674-баптарында белгіленген тәртіп қолданылатын осы баптың 650-бабында айқындалған кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабында көзделген бейрезиденттің кірістеріне қолданылады.

      2. Бейрезидент бір немесе өзара байланысты жобалар аясында кызмет көрсетуден, жұмыстарды орындаудан кіріс алған жағдайда, осы бапты қолдану мақсаттары үшін салық агенті бейрезиденттің тұрақты мекеме құру фактісін, оның ішінде қызмет көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға шарт (келісімшарт), сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде айқындайды.

      Бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құру фактісі анықталған кезде, салық агенті Қазақстан Республикасында бейрезиденттің табыстарын салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.

      3. Салық агенті бейрезидентке кірістітөлеу кезінде немесе бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген кірісін шегерімге жатқызу кезінде, егер мұндай бейрезидент кірістісоңғы (нақты) алушы және халықаралық шарт жасалған ел резиденті болып табылатын болса салық салудан босатуды өз бетінше қолдануға құқығы бар.

      Осы бөлімнің мақсатында кірістерді иелену, пайдалану, оларға билік ету құқығы бар және мұндай кіріске қатысты делдал, оның ішінде агент, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлға түпкілікті (нақты) кірістерді алушы (иеленуші) деп түсінілуі тиіс.

      4. Халықаралық шарт осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне табыс еткен кезде қолданылады.

      Бұл ретте резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент салық агентіне бірінші болып басталатын мына күндердің бірінен:

      1) бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалған салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан;

      2) бейрезидентке кіріс төленген салық кезеңі үшін төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша салықтық тексеру аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етеді. Салықтық тексерудің аяқталу күні нұсқамаға сәйкес айқындалады.

      5. Егер бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсеткен немесе жұмыстар орындаған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында мұндай бейрезидент резиденттікті растайтын құжатпен бірге салық агентіне:

      құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

      не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелерді табыс етеді.

      Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда, мұндай бейрезидент салық агентіне:

      бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған шет мемлекет құжатын (актісін);

      не қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттің (аумақтың) атауын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірін көрсете отырып ұйымдық құрылымын көрсететін өзге құжатты табыс етеді.

      6. Егер Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құруға әкеп соқпайтын мерзім шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау бірлескен қызмет аясында жүзеге асырылса, онда осындай шарттың қатысушысы болып табылатын бейрезидент заңды тұлға, халықаралық шарттың ережелерін қолдану мақсатында осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжатпен бірге салық агентіне бірлескен қызмет туралы шарттың не оның бірлескен қызметтегі қатысу үлесін растайтын өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етеді.

      Егер бейрезидент осындай шарттың (келісімшарттың) және байланысты жобалардың шеңберінде қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау нәтижесінде тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, салық агенті бейрезидент заңды тұлғаның кірісіне бірлескен қызмет туралы шартта көрсетілген бірлескен қызметке оның қатысу үлесіне бара-бар халықаралық шарттың немесе бірлескен қызметке оның қатысу үлесін растайтын өзге де құжаттың ережелерін қолдануға құқылы.

      7. Салық агенті салық органына табыс етілетін салықтық есептілікте бейрезидентке есептелген (төленген) және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемелерін және халықаралық шарттардың атауларын көрсетуге міндетті.

      Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына төртінші тоқсан үшін салықтық есептілік ұсыну үшін белгіленген күннен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иегер) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.

      8. Салық агенті халықаралық шарт ережелерін қолданбаған жағдайда салық агенті төлем көзінен осы Кодекстің 645-бабында белгіленген тәртіпте табыс салығын ұстауға міндетті.

      Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 647-бабында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға жатады.

      667-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтер, сыйақылар және (немесе)роялти түрінде алған табыстарын салық салудан босатуға немесе оларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі

      1. Дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезидентке кіріс төлеу кезінде немесе шегерімге сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезиденттің төленбеген кірістерін жатқызу кезінде, салық агенті тиісті халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетілген салық мөлшерлемелерін дербес қолдануға мынадай:

      1) бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушы(иесі) болып табылатын болған;

      2) салық агентіне осы Кодекстің 666-бабы 4-тармағында белгіленген мерзімде осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат ұсынылған жағдайларда құқылы.

      2. Түпкілікті (нақты) кірісті алушыға (иеленушіге) делдал арқылы сыйақы түрінде кірісті төлеу кезінде салық агентінің бір мезгілде мынадай:

      1) оның негізінде сыйақы төленетін шартта (келісімшартта) делдал арқылы түпкілікті (нақты) сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын әрбір тұлға бойынша осындай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған жағдайда инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын); инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, сыйақы сомасы көрсетілген;

      2) оның негізінде сыйақы төленетін салық агентіне осы Кодекстің 666-бабы 4-тармағында белгіленген мерзімде сыйақы осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес алушы (иеленуші) болып табылатын адамның резиденттігін растайтын құжат ұсынылған талаптар сақталған кезде осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы(иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен жасасқан тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығынан босатуға немесе оның төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.

      3. Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына төртінші тоқсан үшін салықтық есептілік ұсыну үшін белгіленген күннен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иегер) осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.

      4. Салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 645-бабында белгіленген тәртіпте төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.

      Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 647-бабында белгіленген мерзімде бюджетке аударылуға жатады.

      5. Бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) кірісіның төлем көзінен ұсталған табыс салығын бюджетке салық агенті аударған жағдайда, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидентке қайтаруға құқығы бар. Артық ұсталған табыс салығын бейрезидентке қайтаруды салық агенті жүргізеді.

      Бұл ретте түпкілікті (нақты) табыс алушы(иеленуші) бейрезидент салық агентіне:

      1) делдалмен жасасқан, мұндай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауын, болған кезде инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірін (немесе оған ұқсасты), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оған ұқсасты) көрсете отырып, мұндай бейрезиденттің сыйақы сомасы көрсетілген шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) мұндай бейрезидентке кіріс сыйақы түрінде есепке жазылған кезеңдегі оның осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттігін растайтын құжатты табыс етугеміндетті.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.

      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес бейрезидентке ұсталған табыс салығын қайтарған жағдайда салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) сыйақы түрінде табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық мөлшерлемесін немесе салық салудан босату қолданылған кездегі азайтылған сомаға төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы.

      Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      668-бап. Бейрезиденттiң депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтер түріндегі табыстарын салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi

      1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:

      1) мыналарды:

      базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар болатын депозитарлық қолхаттардың меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалардың тегін, атын, әкесінің атын (олар бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауын;

      депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпаратты;

      жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелерін немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін қамтитын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімінің болуы.

      Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін мына тұлғалар:

      егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін ұйым; немесе

      егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін өзге ұйым жасайды;

      2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттігін растайтын құжаттың болуы кезінде салық агентінің осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.

      Бұл ретте резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 666-бабы 4-тармағында белгіленген мерзімде кешіктірілмей салық агентіне табыс етіледі.

      2. Салық агенті халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес есептелген (төленген) және ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін және халықаралық шарттардың атауын салық органына табыс етілетін салық есептілігінде көрсетуге міндетті.

      Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына бейрезидент салық төлеушінің осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде бейрезидентке кірістер төлеу кезінде салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.

      Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 647-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударылуға жатады.

      4. Салық агенті бейрезиденттің табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға құқығы бар.

      Бұл ретте бейрезидент салық агентіне:

      1) базалық активі эмитент резиденттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) мұндай бейрезидентке кіріс дивидендтер түрінде есепке жазылған кезеңдегі оның осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттігін растайтын құжатты табыс етугеміндетті.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзім белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.

      Бұл ретте бейрезидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.

      5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық мөлшерлемесі қолданылған кездегі табыс салығының азаю сомасына төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы.

      Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 102-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      669-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы бейрезиденттiң халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түскен табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі

      1. Егер бейрезидент кірісті түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін кірістерге салық салудан босату бөлігінде оның халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.

      Халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттігін растайтын құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.

      Бейрезидент резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.

      2. Бейрезидент салық кезеңiнде Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын халықаралық көлiк қызметтерi мен өзге де кіріс көздерiнен түсетiн табыстарының бөлек есебiн жүргiзуге мiндеттi.

      3. Халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетумен байланысты шығыстардың сомасы тікелей немесе пропорционалды әдіспен айқындалады.

      Таңдап алынған әдіс жыл сайын пайдаланылады және салық төлеуші орналасқан жердегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органының (уәкілетті органды қоспағанда) келісімі бойынша ғана, есепті салық кезеңі басталғанға дейін өзгертілуі мүмкін.

      Бір салық кезеңі ішінде шығыстарды анықтаудың біреуден көп әдіс қолданыла алмайды.

      4. Шығыстарды анықтаудың тікелей әдісін қолдану кезінде бейрезидент халықаралық тасымалдау бойынша қызмет көрсетумен байланысты шығыстарды және басқа да шығыстарды бөлек есепке алуды жүргізеді.

      5. Теңбе-тең әдісті қолдану кезінде шығыстар сомасы салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асырумен байланысты бейрезиденттің шығыстарының үлесі мен жалпы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      Үлес халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар сомасының Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің жалпы сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.

      6. Корпоративті табыс салығы бойынша декларация тапсырған күнге осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжат болмаған кезде бейрезидент халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.

      Бұл ретте корпоративті табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу кезінде бейрезидент осы Кодекстің 48-бабында көзделген талап қою мерзімі аяқталғанға дейін, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, салық органына корпоративті табыс салығы бойынша қосымша декларация мен осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжатты табыс еткен жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.

      670-бап. Халықаралық шартты бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысқа салық салудан ішінара босатуға қатысты қолдану тәртібі

      1. Егер бейрезидент халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса және осындай халықаралық шартта бейрезиденттің таза кірісіна салық салудың осы Кодекстің 652-бабында белгіленген тәртіптен өзгеше тәртібі көзделген болса, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы таза кірісіна оның тиісті халықаралық шартта көзделген төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.

      Төмендетілген салық мөлшерлемесі бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін табыс резиденттігін растайтын құжаты болған кезде қолданылады.

      Бейрезидент резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.

      2. Корпоративті табыс салығы бойнша декларацияны табыс еткен күнге осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжат болмаған кезде бейрезидент халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы жоқ.

      Бұл ретте корпоративті табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу кезінде бейрезидент осы Кодекстің 48-бабында көзделген талап қою мерзімі аяқталғанға дейін егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, салық органына корпоративті табыс салығы бойынша қосымша декларация мен осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын басқа құжатты табыс еткен жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.

      671-бап. Халықаралық шартты салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан бейрезидент жеке тұлғаның алған табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі

      1. Егер бейрезидент жеке тұлға табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, бейрезидент жеке тұлға халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын адамдардан алынған табыстарға салық салудан босатуды қолдануға құқығы бар.

      Салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарт бейрезидентте жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынған күнге осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес резиденттікті растайтын құжат болған кезде қолданылады.

      Бейрезидент жеке тұлға резиденттікті растайтын құжатты жеке табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына табыс етеді.

      2. Бейрезидент жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету кезінде резиденттігін растайтын құжаты болмаған кезде осы Кодекстің 658-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке табыс салығын төлеуді жүргізуге міндетті.

      Бұл ретте бейрезидент жеке тұлға осы Кодекстің 672-674-баптарында белгіленген тәртіпте төленген табыс салығын бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.

      672-бап. Бейрезиденттің халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен қайтаруға өтініш беру тәртібі

      1. Халықаралық шарттың ережелерін қолданған кезде бейрезидент осы -бапта және осы Кодекстің 673, 674-баптарында белгіленген тәртіпте табыс салығын қайтаруға мынадай жағдайларда:

      1) салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бюджетке Қазақстан Республикасында көздерден алынған бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын ұстаған және аударған;

      2) бейрезиденттің халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкелмейтін филиалы, өкілдігі арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан табыстарынан табыс салығын есептеу және төлеу жағдайында;

      3) бейрезиденттің Қазақстан Республикасында көздерден алынған табыстарынан осы Кодекстің ережелеріне сәйкес табыс салығын төлеуі жағдайында құқылы.

      Бұл ретте бейрезидент салық органына төленген табыс салығын бюджеттен қайтаруға осы баптың 3 және 4-тармақтарында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып салық өтінішін (бұдан әрі - осы баптың және осы Кодекстің 673, 674-баптарының мақсатында өтінішін) ұсынуға міндетті.

      2. Өтінішті бейрезидент уәкілетті орган бекіткен нысанда салық агенті орналасқан жердегі (тұрғылықты жеріндегі, келген жеріндегі) салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына екі данада тапсырады.

      Егер салық агенті орналасқан жері бойынша (тұрғылықты жері, келген жері) тікелей уәкілетті органға бағынысты болатын салық органында тіркелген жағдайда, өтініш осы салық органына тапсырылады.

      Өтінішті салық органына тапсыру күні салық органының өтінішті алған күні болып табылады.

      3. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

      1) жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге немесе өзге де мақсаттарға келісімшарттар (шарттар, келісімдер) көшірмелері;

      2) осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін резиденттікті растайтын құжат;

      3) алынған табыстар мен ұсталған немесе төленген салықтардың сомасын растайтын бухгалтерлік немесе басқа да құжаттардың көшірмелері;

      4) бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында осы мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа да персоналдар арқылы жұмыстарды орындаған, қызмет көрсеткен осындай жағдайда – жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      5) қосымша өтінішті заңды тұлға берген жағдайда:

      құрылтай құжаттардың нотариалды куәландырылған, не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелерді табыс етеді.

      Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда, мұндай бейрезидент салық агентіне:

      бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған шет мемлекет құжатын (актісін);

      не қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттің (аумақтың) атауын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірін көрсете отырып ұйымдық құрылымын көрсететін өзге құжатты табыс етеді;

      6) өтінішті жеке тұлға тапсырған жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін табыс етеді.

      Осы тармақтың ережелері өтініш осы баптың 4-тармағына сәйкес табыс етілген жағдайда қолданылмайды.

      4. Бейрезидент депозитарлы қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған кірістерден табыс салығын қайтаруға өтінішті табыс ету кезінде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) мыналарды:

      бейрезиденттің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);

      депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;

      бейрезиденттің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), бейрезиденттің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамынан алынған шоттың көшірме үзіндісі;

      2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімі;

      3) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан көшірме үзінділер;

      4) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша кірістерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болып табылатын, осы Кодекстің 675-бабының талаптарына сәйкес келетін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат қоса беріледі.

      5. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса бейрезидент олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беруге міндетті.

      6. Жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден түскен кірістерден ұсталған табыс салығын қайтаруға өтінішті Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызмет көрсету аяқталған соң бейрезидент табыс етеді.

      Ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша бейрезидент салық органына өтінішті жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетудің әрбір кезеңі аяқталуына қарай табыс етуге құқылы.

      Осы бөлімнің мақсатында жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге ұзақ мерзімді келісімшарт (шарт) ол жасалған күннен бастап он екі айлық кезең ішінде аяқталмаған жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге келісімшарт (шарт) болып табылады.

      7. Егер халықаралық шартпен өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі аяқталғанға дейін салық органына бейрезидент өтінішті табыс етеді.

      8. Салық органы өтінішті:

      1) бейрезидент өтінішті осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанда берген жағдайда өтінішті қараудан бас тартады. Бұл ретте бейрезидент өтінішті қайта беруге құқылы емес;

      2) резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 675-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) бейрезидент осы баптың 3 және 4-тармақтарында айқындалған құжаттарды табыс етпеген;

      4) бейрезидент осы баптың 2-тармағының ережелерін сақтамаған жағдайларда қараудан бас тартады.

      Бұл ретте салық органының өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімі бейрезидентке оның қолын қойдыра отырып беріледі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып салық органы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде пошта арқылы тапсырыс хатпен хабарламамен өтінішті және ұсынылған құжаттарды қоса беріп жіберіледі.

      Салық органы осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда, бейрезидент осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзім аясында егер жол берілген бұзушылықтар жойылса, қайта өтініш беруге құқылы.

      673-бап. Бейрезиденттің өтінішін қарау тәртібі және қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      1. Салық органы бейрезиденттің осы Кодекстің 672-бабына сәйкес ұсынылған өтінішін оны бейрезидент ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      Осы тармақта көзделген өтінішті қарау мерзімі мынадай:

      1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеріс жүргізу;

      2) салық органы осы баптың 2, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген сұрау салу жіберген күннен бастап осындай сұрау салуға жауап алған күнге дейінгі кезеңге уақытша тоқтатыла тұрады.

      2. Бейрезиденттің өтінішін қарау барысында салық органы басқа салық органдарына, мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің құзыретті органдарына, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қажетті ақпарат беру туралы, сондай-ақ салықты қайтарып алуға байланысты мәселелер бойынша бейрезидентке сұрау салу жіберуге құқылы.

      3. Бейрезиденттің өтінішін қарау кезінде салық органы, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 18-тарауында көзделген тәртіппен бейрезиденттің өтініші негізінде төленген табыс салығын бюджеттен қайтару мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізеді.

      4. Егер бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында өкiлдiгi немесе филиалы болған жағдайда, өтiнiштi қарайтын салық органы бейрезиденттi оның осы Кодекстiң 48-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнің өтуі кезеңiнде салық мiндеттемелерін орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесiнiң болуы не болмауы мәнінде жоспардан тыс кешендi салықтық тексеру жүргiзуге сұрау салуды өкiлдiктiң немесе филиалдың орналасқан жерi бойынша салық органына жiберуге мiндеттi.

      5. Салық агенті таратылған, банкрот болған (қызметі тоқтатылған) жағдайда, салық органы өтініші қаралып жатқан бейрезиденттің резиденттiк елiнiң құзыреттi органына салық агентi мен бейрезиденттiң өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру жөнінде сұрау салу жiберуге құқылы.

      Бұл ретте осы баптың 7-тармағында көрсетілген шешім салық органдарының сұрау салуына бейрезиденттің резиденттiк елiнiң құзыреттi органынан алынған ақпарат және (немесе) таратылған (қызметі тоқтатылған) немесе банкрот деп танылған салық агенті ұсынған, төлем көзінен ұсталған табыс салығы бойынша салық есептілігінің деректері негізінде қабылданады.

      Шет мемлекеттің құзыретті органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер ұсынудан жазбаша бас тартқан немесе кемінде екі жылдан астам мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда, салық органы өтінішті қараудан бас тартуға міндетті. Бұл ретте салық төлеуші осы Кодекстің 221-бабының ережелеріне сәйкес өзара келісу рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы.

      6. Бейрезидент жеке тұлға бюджетке салық агенттері болып табылмайтын адамдардан алынған табыстан табыс салығын төлеген жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген шешім осы Кодекстің 672-бабының 3-тармағында айқындалған табыс салығын қайтаруға өтінішке қоса берілген құжаттар және бейрезидент ұсынған табыс салығы бойынша салықтық есептілік деректерінің негізінде қабылданады.

      7. Бейрезиденттің өтінішін қарау қорытындылары бойынша салық органы мынадай:

      1) табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы;

      2) табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.

      Салық органының шешімі жазбаша нысанда ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды.

      Салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған кезде ұсынылған өтініште халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасы көрсетіледі және өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органының шешімінде:

      1) шешім қабылданған күн;

      2) шешім қабылдаған салық органының атауы;

      3) өтініш берген бейрезиденттің толық атауы;

      4) болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оған ұқсасы);

      5) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда – бюджеттен бейрезидентке қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;

      6) табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) халықаралық шарттың нормаларына сілтеме жасалған және (немесе) мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған шет мемлекеттің құзыретті органынан салық органының сұрау салуы негізінде алынған ақпарат көрсетілген негіздеме көрсетілуі тиіс.

      8. Бюджетке табыс салығы төленген және салық органы табыс салығын толығымен немесе бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешімнің көшірмелері мен бейрезиденттің өтініштерін осындай салық органы табыс салығын төлеуді жүргізген салық агенті (салық төлеуші) орналасқан жері (тұрғылықты жері, келген жері) бойынша тіркелген салық органына жіберіледі.

      Салық агенті (салық төлеуші) орналасқан жері (тұрғылықты жері, келген жері) бойынша тіркелген салық органы бейрезидентке осы Кодекстің 101-бабында көзделген тәртіпте бюджеттен табыс салығының сомасын қайтаруды осындай шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      9. Салық органының шешімі бейрезиденттің өтінішінің бір данасы қоса тіркеле отырып, бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.

      Тапсыру күні немесе поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына бейрезиденттің белгі қойған күні салық органының шешімін бейрезиденттің алған күні болып табылады.

      674-бап. Бейрезиденттің арызын қарау нәтижелері бойынша шешімдерге шағымдану тәртібі және шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

      1. Бейрезидент осы Кодекстің 673-бабының 7-тармағында көрсетілген салық органының шешімімен келіспеген жағдайда, оған уәкілетті органға шағымдануға құқылы.

      Шағым салық органының шешімін алған күннен кейінгі күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде жазбаша нысанда беріледі.

      Бұл ретте шағымның көшірмесін бейрезидент шешіміне шағымданған салық органына жіберуге тиіс.

      Шағымды уәкілетті органға берген күн арызды уәкілетті орган алған күн болып есептеледі.

      2. Шағымда:

      1) бейрезиденттің шағымға қол қойған күні;

      2) шағым беруші тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) не шағым беруші тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

      3) бар болса бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);

      4) шешіміне бейрезидент шағымданған салық органының атауы;

      5) шағым беруші бейрезидент өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

      6) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуі тиіс.

      Шағымға бейрезидент не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.

      3. Шағымға мыналар:

      1) өтініш пен салық органының шешімінің көшірмесі;

      2) өтінішті қоспағанда осы Кодекстің 672-бабының 3 немесе 4-тармақтарында белгіленген құжаттар;

      3) бейрезидент өзінің талаптарын негіздейтін жағдайларды растайтын құжаттар;

      4) іске қатысы бар басқа да құжаттар қоса беріледі.

      4. Уәкілетті орган бейрезидентке мынадай:

      1) бейрезидент осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім өткен соң шағымды берген;

      2) шағымның мазмұны осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 675-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      4) бейрезидент осы Кодекстің 672-бабының 3 немесе 4-тармақтарында белгіленген құжаттарды ұсынбаған;

      5) бейрезидент осы Кодекстің 673-бабының 7-тармағында көрсетілген салық органының шешіміне сотқа шағым (арыз) берген жағдайларда, бейрезиденттің шағымын қараудан бас тартады.

      Шағымды қараудан бас тарту туралы шешім бейрезидентке шағымды уәкілетті органға берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда жіберіледі.

      Уәкілетті орган осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шағымды қараудан бас тартқан жағдайда бейрезидент өзі жол берген бұзушылықтарды жоятын болса, шағымды қараудан бас тарту туралы шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде қайта беруге құқылы.

      5. Уәкілетті орган шағымды бейрезидент уәкілетті органға ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      Бұл ретте уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, банктерге, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға, сондай-ақ бейрезидентке оның өтінішін қарауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұрау салу жіберген жағдайда, бейрезиденттің шағымын қарау мерзімі осындай ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      6. Бейрезиденттің шағымын қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай:

      1) табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы;

      2) табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.

      Уәкілетті органның шешімі жазбаша нысанда бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.

      Тапсыру күні немесе поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына бейрезиденттің белгі қойған күні уәкілетті органның шешімін бейрезиденттің алған күні болып табылады.

      Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде мыналар:

      1) шешім қабылданған күн;

      2) өтініш берген бейрезиденттің толық атауы;

      3) бар болса бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның ұқсасы);

      4) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда – мемлекеттік бюджеттен бейрезидентке қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;

      5) табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына және (немесе) халықаралық шарттарға сілтеме жасалған және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органынан өкілетті органының салуы негізінде алынған ақпарат көрсетілген негіздеме көрсетілуі тиіс.

      7. Уәкілетті орган шешімінің көшірмесі шешіміне бейрезидент шағымданған салық органына жіберіледі.

      Уәкілетті орган табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешіміне бейрезидент шағымданған салық органы бейрезиденттің осындай салық органына бұрын ұсынған өтінішінде халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасын көрсетеді. Осындай салық органының уәкілетті орган шешімінің көшірмесін алған күні өтінішті куәландыру күні болып табылады. Бұл ретте өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және осындай салық органының мөрімен куәландырылады және бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.

      Шешіміне бейрезидент шағымданған салық органы көрсетілген шешімнің көшірмелерінен және осындай бейрезиденттің куәландырылған өтінішін табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентінің (салық төлеушінің) орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына жібереді.

      675-бап. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптар

      1. Осы бөлімнің ережелерін қолдану мақсатында бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат табыс алушы бейрезиденттің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын талаптарға сәйкес келетін: мынадай түрлердің бірінде:

      1) резидентті бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттің уәкілетті органымен куәландырған түпнұсқада ұсынылған ресми құжат болып табылады. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құзыретті органның лауазымды адамының қолы мен бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте заңдастырылуы тиіс;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес нотариат куәландырған құжаттың түпнұсқасының көшірмесі. шет елдік нотариустың қолы және мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте заңдастырылуы тиіс;

      3) шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, бейрезиденттің резиденттігін растайтын электрондық құжаттың қағаз көшiрмесiндегі түрі расталуы керек.

      2. Егер, мынадай жағдайларда:

      бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған болса;

      осы баптың 1-тармағында көрсетілген (көрсетілетін) тұлғаның (адамның) қолының және мөрінің түпнұсқалығын куәландыру тәртібі өзгеше белгіленсе;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен;

      осы Кодекстің 221-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі аясында шет мемлекеттің уәкілетті органы мен құзыретті органы арасында;

      Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіпте заңдастыру талап етілмейді.

      3. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде бейрезидент Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.

      Егер резиденттікті растайтын құжатта бейрезиденттің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, бейрезидент осындай құжат берілген (шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналасқан) күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.

      676-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама

      1. Бейрезидент Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - анықтама), егер осындай салық Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеуге жататын болса, оның ішінде халықаралық шарт негізінде және осы Кодекстің 672-674-баптарына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса, уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша салық органынан алуға құқығы бар.

      Салық органынан анықтаманы салық агенті сондай-ақ осындай салық агенті бейрезидентке есептеген және (немесе) төлеген кірістерден және осындай кірістерден ұсталған (төленген) салықтар сомасы бойынша алуға құқылы. Бұл ретте осы Кодекстің 16-бабына сәйкес сенімхаттың болуы талап етілмейді.

      2. Анықтама алу үшін бейрезидент (салық агенті) салық өтінішін мынадай:

      1) тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның кірістері бойынша – салық агентінің орналасқан жері бойынша;

      2) бейрезиденттің тұрақты мекемесі – осындай тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша;

      3) Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістерден өз бетінше салық төлейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасында келген (тұрғылықты) орны бойынша;

      4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілмеген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірістері бойынша – салық агентінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуі тиіс.

      3. Бейрезиденттің салықтық өтініші деректерінің салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған кезде, сондай-ақ салық төлемі болмаған немесе салық төлеушіде және (немесе) салық агентінде салық өтініші берілген күні бейрезиденттердің кірісінен салықты аудару бойынша салықтық берешек болған жағдайда, салық органы бейрезидентке (салық агентіне) анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді.

      4. Анықтама салық органы мынадай күндерден неғұрлым кеш:

      салықтық өтініш берілген күннен;

      бейрезиденттің есебіне жазылған кірістері және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын бейрезидент салық төлеуші және (немесе) салық агенті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей береді.

      5. Бейрезидент салықтық өтінішті табыс етпеген жағдайда салық агентіне анықтама берілмейді.

      677-бап. Салық жинаудағы көмек

      1. Уәкілетті орган халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес орындалмаған салық міндеттемелерін орындау мақсатында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық талап жіберу арқылы шет мемлекеттің құзыретті органынан жәрдемдесуге сұрау салуға құқылы. Қазақстан Республикасындағы табыс көздерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден бейрезидент тұрақты мекемесінің кірісінен салық мiндеттемелерiн орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда осы Кодексте белгiленген барлық өндіріп алу шараларын мүмкіндігінше қолданғаннан кейін ғана шет мемлекеттің құзыретті органына салықтық талап жолданады.

      2. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан жәрдемдесуге сұрау салу түскен кезде шет мемлекетте туындайтын резиденттің салықтық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етуге құқылы. Бұл ретте уәкілетті орган резиденттің халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекеттегі көздерден алынатын табыстарынан салық төлеудің заңдылығын қарайды және қорытынды шығарады.

      3. Шет мемлекеттiң құзыреттi органының өтiнiшi бойынша оң қорытынды берiлген жағдайда уәкiлеттi орган халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес резиденттiң салықтық мiндеттемелерiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi. Салықтың сомасын уәкілетті органның талабы бойынша резидент салық төлеуші халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес жіберілген салықтарды жинауға жәрдемдесу туралы өтініште көрсетілген шет мемлекеттің құзыретті органының шотына аударады.

      4. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салулары өзара iс-қимыл қағидаттары бойынша қарайды.

      5. Осы баптың ережелерi, егер халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 48-бабында белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн қолданылады.

20-БӨЛІМ. АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖІМДЕРІ 76-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      678-бап. Арнаулы салық режімдерінің түрлері

      Осы бөлімде белгіленген жағдайларда, салық төлеуші мынадай арнаулы салық режимдерінің бірін:

      1) шағын бизнес субъектілері үшін мыналар кіретін:

      патент негізінде арнаулы салық режимі;

      оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі;

      тіркелген шегерімді пайдалануға арнаулы салық режимі;

      2) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимі;

      шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнайы салық режимі;

      ауыл шаруашылығы өнімдері өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы салық режимін таңдауға құқылы.

      2. Шаруа немесе фермер қожалықтары осы Кодекстің 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда бір мезгілде екі арнайы салық режимін қолдануға құқылы.

      3. Патент - жеке табыс салығын төлеу фактісін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді растайтын электрондық құжат.

      679-бап. Арнайы салық режимiн қолдануды таңдау және тоқтату тәртібі

      1) Осы тараудың осындай режимдерінің әрбірі үшін белгіленген, оны қолдану шарттарына сәйкес болған кезде, арнайы салық режимін таңдауды:

      1) жеке тұлғалар - жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін хабарламада;

      2) жаңадан құрылған заңды тұлғалар - әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 5 жұмыс күннен кешіктірмей салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық режимін қолдану туралы хабарламада;

      3) ауысқан кезде:

      жалпы белгiленген салық салу тәртібіндегі патент негізінде арнайы салық режиміне - патент құнын есептеуде;

      уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық режимінің хабарламада - басқа да арнаулы салық режимдерінде жүзеге асырады.

      Егер жаңадан құрылған салық төлеушi осы тармақта белгiленген тәртiппен арнаулы салық режимiн таңдап алмаған жағдайда, онда осындай салық төлеушi қолданыстағы салық режимi туралы хабарлама жiбергенге дейiн салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбiн таңдап алды деп танылады.

      2. Салық төлеушi, жаңадан құрылғаннан басқа, арнаулы салық режимiн қолдану шарттарына сәйкес болса:

      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбiнен немесе арнаулы салық режимiнен - патент негiзiне;

      2) салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбiнен, шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн патенттiң немесе арнаулы салық режимiнiң негiзiндегi арнаулы салық режимiнен - оңайлатылған декларация негiзiне;

      3) салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбiнен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн басқа да арнаулы салық режимдерiнен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимдерiнен – тіркелген шегерімдерді пайдаланудан;

      4) ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн - шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiптен немесе арнаулы салық режимiнен ауысуға құқылы.

      Осы Кодекстің 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда шаруашылықтар немесе шаруашылықтар қолданылатын салық режимін ескере отырып, барлық қолданылатын салық режимдерін көрсетеді.

      3. Салық салудың осындай режимi үшін осы тарауда белгiленген хабарламасында арнаулы салық режимін қолдану шарттары сәйкес келмеуі туындайтын жағдайларды қоспағанда, таңдалған арнайы салық режимiн күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.

      4. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде арнаулы салық режимiне көшу жалпы белгiленген тәртiптi қолданғаннан кейiн бiр күнтiзбелiк жылдан кешiктiрiлмей мүмкiн болады.

      5. Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған жағдайда салық төлеушi жалпыға бiрдей белгiленген салық салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режимiне көшу үшiн осындай жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылып жүрген салық режимi туралы хабарлама беруге мiндеттi.

      6. Қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жеткізілімінде немесе электронды түрде, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.

      7. Салық органы тиісті арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы бөлiмде белгiленген шарттарға сәйкес келмейтiн салық төлеушiлердің фактiлерін анықтаған кезде салық төлеушiнi жалпы бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.

      Камералды бақылау барысында осындай фактілер анықталған жағдайда салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртіпке ауыстырғанға дейін салық төлеушiге осы Кодекстiң 114 және 115-баптарында белгiленген тәртiпте және мерзімде осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама жолдайды.

      8. Таңдалған арнаулы салық режимiн қолданудың бастауы күні:

      1) дара кәсіпкер ретінде қызметiн бастағаны туралы хабарламада арнаулы салық режимiн таңдағанын көрсеткен жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою күні;

      2) осы бапта белгіленген мерзімде салық салу режимін қолдану туралы хабарламаны ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін - әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күні;

      3) басқа жағдайларда - қолданылатын салық режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың бірінші күні болып табылады.

      9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес арнаулы салық режимiне көшкен кезде немесе арнаулы салық режимiн қолдану, режимді қолдану туралы тиiстi хабарлама жiберiлген айдың соңғы күнiнен бастап тоқтатылады.

      10. Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртібіне арнайы салық режимінен салық төлеушіні көшіру (ауыстыру), жалпыға бірдей белгiленген салық салу рәсімін қолданудың басталу күні осындай шарттың туындаған айының бірінші күні болып табылады.

77-ТАРАУ. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ ҮШІН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖІМІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      680-бап. Жалпы ережелер

      1. Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін мынадай:

      1) патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде - төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын;

      2) оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салық, корпоративтiк немесе жеке табыс салығын;

      3) тіркелген шегерімді пайдаланып арнаулы салық режимiн қолданған кезде, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жеке немесе корпоративтік табыс салығы оңайлатылған есептеу және төлеу тәртібін белгілейді.

      Осы тармақта көрсетілген емес, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық есептiлiгiн есептеу, төлеу және табыс ету белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші, осы Кодекстің 38-тарауында белгіленген мерзімде және тәртіпте төлем көздерінен салық салуға жататын табыстардан салық есептілігін есептеу және ұстау бойынша, жеке табыс салығы бойынша салық агентінің міндеттерін орындайды.

      681-бап. Патенттiң немесе оңайлатылған декларацияның негiзiнде арнаулы салық режимдерiн қолданған кезде табыстарды айқындау тәртiбi

      1. Салық төлеушiнiң патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын салық салу объектiсi салық кезеңi үшiн алынатын табыс болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн айқындалған табыс Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған (алуға жататын) табыстардың мынадай түрлерінен (осы баптың 6-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулерді ескере отырып):

      1) тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетулерден түскен табыстан, оның ішінде мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) бергеннен түскен табыстан;

      2) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстан;

      3)талап ету құқықтарын беруден табыстан;

      4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түскен табыстан;

      5) сот үкімі шығарылған немесе борышкер деп танылған айыппұлдардан, өсімпұлдардан және басқа да санкциялардың түрлерінен (егер осы сомалар бұрын салық төлеуші белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын уақытта шегерімге жатқызылмаған болса негізсіз ұсталынған деп бюджеттен қайтарылғандардан басқа);

      6) шығындарды жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен алынған сомалардан;

      7) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардан;

      8) кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусiз алынған мүлiк түрiндегi табыстан (қайырымдылық көмегiнен басқа);

      9) жалға алушының жалға берілетін мүлікті ұстауға және жөндеуге жеке кәсіпкер-жалға берушінің шығыстарын өтеуінен;

      10) жалдау шарты бойынша төлем есебiне кiретiн жеке кәсiпкерден жалға алынатын мүлiктi ұстауға және жөндеуге жалға алушының шығыстарынан тұрады.

      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыс мөлшерін:

      осы Кодекстің 7-тарауына және осы баптың 5-8-тармақтарына сәйкес жалпы белгіленген тәртіпте заңды тұлға;

      бухгалтерлік есепті жүргізбеуді және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес (бұдан әрі – бухғалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау) қаржы есептілігін дайындауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкер - осы Кодекстің 24-тарауына және осы баптың 5 - 8-тармақтарына сәйкес;

      бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктi жүзеге асыратын дара кәсiпкер - осы Кодекстiң 226-240-баптарына және осы баптың 5-8-тармақтарына сәйкес айқындайды.

      4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген табысты алған кезде, осы Кодекске сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте есептеуді және салық есептілігін тапсыруды жүргізеді.

      5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiнiң кірісі ретінде салық салу мақсатында, мыналар:

      1) осындай мүлікті беретін салық төлеуші үшін - өтеусіз берілген мүлiктiң құны;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған активтерді сату;

      3) егер жалдамалық мақсатта (оның ішінде сыйлық түрінде) берілген тауарды дара кәсiпкер өтеусіз алған жағдайда құны тауардың бірлік құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күніне қолданыста болған мөлшерден 5 еселенген айлық есептік көрсеткішінен аспайтын болса,;

      4) тұрғын үйді, тұрғын жайларды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалдау) кезінде жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға-жалдаушы жеке тұлғаның, егер көрсетілген шығыстары жалға алу төлемге кіргізілмеген жағдайда, мынадай шығыстарды:

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға;

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық қызметтерді төлеуге;

      тұрғын үйді, тұрғын жайларды (пәтерлерді) жөндеуге;

      5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың сомасына қарастырылмайды.

      6. Осы тараудың мақсаттары үшін түзету есепті салық кезеңінде табыс мөлшерін ұлғайту немесе бұрын танылған танысы шегінде есепті салық кезеңінің мөлшерін кеміту танылады.

      Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер, мынадай жағдайларда:

      1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарса;

      2) мәміле шарттары өзгерсе;

      3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін өтемақы бағасы өзгерсе;

      4) сатудан түсетін жеңілдіктерге бағадан жеңілдіктер жасалса;

      5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, сатылған немесе сатып алынған тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге ұлттық валютамен төленуге жататын сомалар өзгерсе;

      6) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға-бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның, осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптары бойынша, сондай-ақ тұрақты мекеме құра алмаған филиалы, өкілдігі арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талаптар есептен шығарылса түзетілуге жатады

      Осы тармақшада көзделген кірісті азайту жағына түзету, мынадай:

      1) дебитор-салық төлеушiні тарату кезінде оның таратылу балансы бекiтiлетін күні кредитордың салық төлеушiні талап етуi;

      2) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша салық төлеушiнiң талабын есептен шығарылған жағдайларында жүзеге асырылады.

      Осы тармақшада көзделген түзет талап-арыздың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде, осындай талап бойынша есептен шығарылған талап сомасы мен бұрын танылған кірістің шегiнде жүргiзiледi.

      Осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 1) - 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшiн жағдайлардың басталуын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргiзiледi.

      Табыстарға осы бапта көзделген жағдайлар басталған сол салық кезеңінде түзетулер жүргізіледі.

      Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде азайту жағына түзетуді жүзеге асыру үшін табыс болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, түзету бұрын түзетілуі тиіс табысы танылған салық кезеңiне жүргізіледі.

      7. Егер табыстардың бiрнеше баптарында бірдей табыс көрсетілген жағдайда, көрсетілген кірістер бір рет табыс болып енгізіледі.

      Салық салу мақсаттары үшін табыстар тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.

      8. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер, мыналардың:

      1) осы Кодекстiң 330, 331, 333 және 334-баптарына сәйкес - мүлiк кірісінің;

      2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістердің:

      осы Кодекстің осы бабының 5,6 және 7-тармақтарына және 682-бабына сәйкес – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті құрастыруды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкердің;

      осы Кодекстің осы бабының 5,6 және 7-тармақтарына және 226-240-баптарына сәйкес – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті құрастыруды жүзеге асыратын дара кәсіпкердің;

      3) осы тармақтың бірінші бөлімінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген жеке тұлғалардың өзгер кірістерін – осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес мөлшерін айқындайды.

      Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу және төлеу, олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну:

      1) осы тармақтың бірінші бөлімінің 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша – осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес;

      2) осы тармақтың бірінші бөлімінің 2) тармақшасында көрсетілген кірістер бойынша:

      патент негізінде арнаулы салық режимін қолданған дара кәсіпкерлер – осы тараудың 2-параграфына сәйкес;

      оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған дара кәсіпкерлер, - осы тараудың 3-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      682-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамалық актiлерiне сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын жеке кәсiпкерлердiң табыстарын салықтық есепке алу деп тану ерекшелiктерi

      1. Осы баптың ережелерін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептер жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер қолданады.

      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, табыс дара кәсіпкер ұсынатын кез келген сауда және көтерме жеңілдіктердің сомасын ескере отырып, алынған немесе алынуға жататын құндар бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын табыстың сомасы, оның ішінде дара кәсіпкер мен сатып алушы немесе активтің пайдаланушысы арасында жасалған шарт негізінде айқындалады.

      3. Тауарларды сатудан түскен табыстар мынадай шарттардың барлығы:

      1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауардың меншік құқығымен байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақыларды берсе;

      2) дара кәсiпкер, әдетте, меншiк құқығымен байланысты болатын және сатылған тауарларды бақыламайтын дәрежеде басқаруға қатыспаса;

      3) табыс сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін болса;

      4) операцияға байланысты экономикалық пайданың дара кәсіпкерге жіберілуі ықтимал болса;

      5) операцияға байланысты күтілген немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенуі мүмкін болса орындалды деп танылады.

      4. Жұмысты орындаудан, қызмет көрсетулерден түскен табыстар орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң немесе жұмыстың орындалуын растайтын өзге де құжаттың негiзiнде, көрсетiлетiн қызметтердiң негiзiнде танылады. Жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетулерден түскен кірістер орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің актісі немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге де құжат танылады.

      5. Міндеттемелерді есептен шығарудан кірістеріне мыналар:

      1) салық төлеушiден оның кредиторынан мiндеттемелердi есептен шығаруы;

      2) дара кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған кезде кредитор талап етпеген мiндеттемелер;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімнің аяқталуына байланысты міндеттемелерді есептен шығару;

      4) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.

      Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріс сомасы дара кәсіпкердің бастапқы құжаттарына сәйкес төлеуге жататын міндеттемелер сомасына (қосылған құн салығын қоспағанда):

      1) осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда қызметтi тоқтату туралы салықтық өтiнiштi салық органына табыс ету;

      2) басқа жағдайларда есептен шығару күні тең келеді.

      Міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кіріс:

      1) кредитор осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда міндеттемені есептен шығарған;

      2) осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда салық органына тарату салықтық есептiлiгi табыс етiледi;

      3) осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайда өтеу мерзiмi аяқталған;

      4) осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көрсетiлген жағдайда сот шешiмi күшiне енген есепті кезеңде деп танылады.

      6. Инвентаризация кезінде анықталған артық материалдық құндылықтар түріндегі кіріс, түгендеу аяқталған және мұндай артықшылықтар бар болу фактісін көрсете отырып, түгендеу актісі жасалған салықтық кезеңде танылады. Дара кәсіпкер өндірістік құндылығын Қазақстандағы қолданыстағы бағалар мен тарифтерге байланысты дербес айқындайды.

      7. Айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық және басқа да санкциялар түріндегі кіріс сот оларды өндіру туралы шешім қабылдаған немесе оны борышкер таныған салық кезеңінде танылады.

      8. Дара кәсіпкердің тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе қызмет көрсетулеріне алмасатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді қабылдап алу-өткізу актісі жасалуға тиіс. Қабылдап-алу-өткізу актісінде берілген және алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің құны көрсетуге тиіс. Осындай операциядан түскен кіріс қабылдап-алу-өткізу актісінде көрсетілуге тиіс алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің құны мен берілген тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.

      9. Егер салық кезеңі үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстар салық кезеңі үшін алынатын (алынған) табыс болып табылады.

      10. Талап ету құқығын беруден түскен табыстар:

      1) талап ету құқығын алатын дара кәсіпкер үшін - талап ету құқықтарын беру күні мен талап сатып алу құны туралы негізгі қарыздан асатын сомаларын қоса алғанда, негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден, алған баж сомасы арасындағы оң айырма. Талап ету құқықтарын беруден түскен мұндай табысты сатып алу талаптарын борышкер төлесе, онда ол салық кезеңiнiң табысы болып табылады;

      2) талап ету құқығын берген дара кәсіпкер үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес талап ету құқықтарын беру күні борышкерден алуға жататын талап ету құқығының құны мен ол бойынша беру жүргізілген талаптарының құны арасындағы оң айырмасына талап ету құқығы берілген. Талап ету құқығын беруден түсетін осындай табыс, беру жүргізілген сол салық кезеңінің табысы болып табылады.

      11. Кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалану үшін арналып өтеусiз түрiнде алынған мүлiктен (қайырымдылық көмегiнен басқа) кіріс, егер осындай мүлiкті дара кәсіпкердің осы мүлiктi алынған салық кезеңiнде кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн пайдаланылса дара кәсіпкердің меншігіне өтеусіз алынған мүлiктiң құны болып табылады.

      Кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалану үшін арналған өтеусiз түрiнде алынған мүлiктен (қайырымдылық көмегiнен басқа), мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын қоспағанда, осындай мүлік алынған, сол салық кезеңiнде танылады.

      Кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалану үшін арналған өтеусiз түрiнде алынған жылжымайтын мүлiктен (қайырымдылық көмегiнен басқа) түсетін табыс, осындай мүлікке меншік құқығын тіркеу жүргізілген сол салық кезеңiнде танылады.

      Кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалану үшін көзделген мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралын өтеусiз түрiнде алынған (қайырымдылық көмегiнен басқа) табыс, осындай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу жүргізілген сол салық кезеңiнде танылады.

      Дара кәсіпкердің меншігіне өтеусіз алынған мүліктің құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер мен бағалаушы арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған осындай мүлікке меншік құқығының пайда болу күніндегі мүліктің нарықтық құны болып табылады.

      12. Жалға алушының жалға берілген мүлікті ұстауға және жөндеуге дара кәсіпкер-жалға берушінің шығындарын өтеу түріндегі табысы, осындай өтемақы алынатын салық кезеңінде танылады.

      Жалға алушының жалдау шарты бойынша есептелген төлем есебінен жалға алынған мүлікті ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары түрінде дара кәсіпкер-жалға берушінің табысы, ол осындай есеп жүргізілген сол салық кезеңінде танылады.

      683-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары

      1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн, арнаулы салық режимiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн қолданатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi деп танылады.

      2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, мынадай:

      1) салық кезеңі үшін арнаулы салық режимi үшiн қызметкерлердiң орташа саны:

      оңайлатылған декларация негізінде – 30 адамнан;

      белгіленген шегерімді пайдаланумен – 50 адамнан аспайтын;

      2) салық кезеңi үшін табысы арнаулы салық режимi үшiн:

      патенттiң негiзiнде - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлетін жалақының 300 еселенген мөлшерiмен;

      оңайлатылған декларация негізінде - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарыда қолданыста болған ең төменгі жалақының 2 044 еселенген мөлшерінен;

      тіркелген шегерімді пайдаланушы - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 12 260 еселенген мөлшерінен аспайтын;

      3) мынадай:

      акцизделетін тауарларды өндіру;

      акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме бағамен сатуды;

      мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін - бензинді, дизель отынын және мазутты сатуды;

      лотереяларды өткізуді;

      жер қойнауын пайдалануды;

      шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;

      түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, өңдеуді және сатуды;

      кеңес беру қызметтерді;

      бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті;

      сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру және брокерлік қызметі;

      құқық, заңдылық және сот төрелігі саласындағы қызметті;

      сенімгерлікпен басқару шарты бойынша қызметті;

      қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті;

      бірлескен қызмет туралы шарт бойынша қызметті жүзеге асырмайтын шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер құқылы.

      3. Агенттiк шартар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін, агенттік шартар (келісімдер) деп бiр тарап (агент) өз атынан белгілі бір іс-әрекеттерді басқа тарап атынан бірақ екiншi тараптың есебiнен не басқа тараптың атынан және оның есебiнен орындауға міндеттенетін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісім-шарт) түсініледі.

      4. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдануға:

      1) филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

      2) заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің;

      3) әртүрлi елді мекендерде өзге құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектiлерi бар салық төлеушiлердің құқығы жоқ.

      Арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғаларды салық салу мақсаттарында салық төлеушінің өзі орналасқан жері бойынша оның функцияларының бір бөлігін орындайтын стационарлы жұмыс орындары орналасқан аумақтық оқшауланған бөлімшесі салық төлеушінің өзге аумақтық оқшауланған аумақтық бөлімше болып танылады. Егер жұмыс орны бір айдан астам уақытқа құрылса, стационарлық болып саналады.

      Осы тармақшаның ережесі тек мүлікті мүліктік жалға (жалға) беру бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды;

      4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайызды құрайтын заңды тұлғалардың;

      5) құрылтайшы немесе қатысушы бір мезгілде арнаулы салық режимін немесе салық салу ерекшелігін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың;

      6) коммерциялық емес ұйымдардың;

      7) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдардың;

      8) ойын бизнесi салығын және тіркелген салықты төлеушiлердің құқығы жоқ.

      5. Осы баптың мақсаттары үшін дара кәсіпкердің шекті кірісі мыналардан:

      1) осы Кодекстiң 681-бабына сәйкес айқындалған салық салу объектiсiнен;

      2) дара кәсіпкердің негiзгi қаражаты болып табылатын мүлiктiң жарғылық капиталын сатумен және берумен байланысты туындайтын осы Кодекстiң 330-бабында көрсетiлген құн өсiмi түрiнде түсетiн табыстан;

      3) осы Кодекстiң 366-бабына сәйкес айқындалатын табыстан тұрады.

      6. Осы баптың мақсаттары үшін заңды тұлғаның шекті кірісі мыналардан:

      1) осы Кодекстiң 681-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектiсiнен;

      2) осы Кодекстiң 7-тарауында белгiленген тәртiппен айқындалған, осы Кодекстiң 241-бабында көзделген түзетулер ескерiле отырып, жиынтық жылдық табыстан тұрады.

      7. Осы бапқа сәйкес шағын бизнес субъектісі болып табылатын дара кәсіпкер шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданған кезде салық есептілігін осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіпте жүргізуге құқылы.

      684-бап. Салық кезеңi

      1. Патент негiзiнде немесе тіркелген шегерімді пайдаланумен арнаулы салық режимiн қолдану негізінде салық кезеңi күнтiзбелiк жыл болып табылады.

      2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшін салық кезеңi жарты жыл болып табылады.

§ 2. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі

      685-бап. Қолдану тәртібі

      1. Осы Кодекстің 683-бабында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келуден патенттің негізінде арнайы салық режимін;

      1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

      2) жеке кәсiпкерлiк түрiндегi қызметтi жүзеге асыратын;

      3) мынадай қызметтің біреуін немесе бірнешеуін:

      сылақ жұмыстарын;

      ағаш ұстасы және ағаш шебері;

      еденді және қабырғаларды қаптау жұмыстары бойынша жұмыстарды;

      сырлау және әйнектеу жұмыстарын;

      такси қызметін;

      автомобиль көлігі арқылы жүк тасымалдауды;

      жылжымайтын мүлікті сыйақы беру немесе шарттың негізінде басқаруды;

      фотосурет саласындағы қызметті;

      аударма (ауызша және жазбаша) ісін;

      мүлікті жалға алуға (жалдауға) беруді;

      көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға беруге) беруді;

      ойын-сауық және спорттық құрал-сайманды жалға беруді және жалға алуды (жалдау);

      бейне жазбалар мен дискілерді жалға беруді;

      басқа жеке тұтыну тауарлары мен тұрмыстық тауарларды жалға беруді және мүлікті жалға беруді (жалға);

      ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын мүліктік жалға беруді;

      офистік машиналар мен жабдықты, есептеу техникаларын қоса алғанда, мүліктік жалға беруді;

      спорттық білім беру және бос уақытты ұйымдастырудың мамандарын құру саласындағы қызмет көрсетулерді;

      мәдениет саласындағы білім беру қызметтерін көрсетулерді;

      басқа білім беру саласындағы қызметтерін көрсетулерді;

      көмекші білім беру қызметтерін көрсетулерді;

      өнер саласындағы қызметін;

      компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеуді;

      коммуникацялық жабдықтарды жөндеуді;

      жеке тұтыну және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;

      шаштараз қызметтерін;

      маникюрді және педикюрді;

      ветеринарлық қызмет көрсетулерді;

      жер учаскелерін өңдеу жөніндегі қызмет көрсетулерді;

      тұрғын үй-жайларды тазалау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша қызметтерді;

      базарларда, вокзалдарда қол жүгін тасу қызметін көрсетуді;

      музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;

      үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қолдануға құқылы.

      2. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн (бұдан әрi осы тараудың мақсаттары үшiн есептеу) орналасқан орны бойынша салық органына патенттiк құнды есептеу ұсынылады.

      Есеп-қисап қағаз тасымалдағышта немесе электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы, дара кәсіпкерлер:

      1) жаңадан құрылғандар – Қазақстан Республикасының рұқсаттер беру мен хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін хабарлама берілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен немесе өзге де арнаулы салық режимiнен көшуді жүзеге асыратында - патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданудың айдың 1-і күнiне дейiн;

      3) кезекті патент алу үшiн патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатындар немесе бұрынғы патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмiне дейін ұсынады.

      3. Есеп-қисап - патенттің құнын есептеу үшін салық есептілігі боып табылады.

      Патенттің құны осы Кодекстің 686-бабына сәйкес есептеледі.

      4. Патенттің құнын төлеуді салық төлеуші есеп тапсырылғанға дейін жүргізеді.

      Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы патенттің құнын төлеген жағдайда, электрондық нысанда табыс етілген есеп айырысуға сұрау салуда төлем құжатынның деректемелері көрсете отырып, "электрондық үкімет" веб-порталында қалыптастырылған "электронды үкімет" төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.

      Патент құнын төленгенін растайтын құжаттар есеп-қисап қағаз тасымалдағышында ұсынылған кезде беріледі.

      5. Электрондық нысанда, оның ішінде "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы ұсынылған есеп-қисапта дар кәсiпкерлердің патен бағасына енгiзiлген салықтар және төлемдер сомаларын төлеу жөнiндегi төлем құжаттарының деректемелерi көрсетіледi.

      Дара кәсіпкерлер есеп-қисап ұсынғаннан кейін салық органы есеп-қисаптың тапсырылған күнінен кейінгі, келесі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патенттің қалыптастырылуын жүргізеді.

      Патенттің нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, патенттiң негiзiнде арнаулы салық режимi бiр салық кезеңi iшiнде кемiнде бiр айға қолданылады.

      Мыналар:

      1) ағымдағы салық кезеңiнiң соңғы айында қайтадан тiркелген;

      2) ағымдағы салық кезеңiнiң соңғы айындағы салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе аяқталғаннан кейiн қызметiн жаңғыртқан дара кәсіпкерлер бір айдан аз мерзімге патенттің негізінде арнаулы салық режимі қолданылады

      7. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру үшiн орналасқан жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 214-бабында көзделген тәртiппен салық өтінішін табыс етедi.

      686-бап. Патент құнын есептеу

      1. Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) мен әлеуметтік төлемдердің төлеуге жататын сомалары кіреді.

      2. Сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың салық салу объектісін қоспағанда, патент құқына кіретін жеке табыс салығының салыстырып есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.

      Сауда саласында қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын жеке табыс салығының сомаларын есептеуді жүргізеді, 1 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салынатын екінші деңгейлі банктер растайтын қолма қол ақшасыз есеп айырысу арқылы алынатын кірістерді қоспағанда салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.

      Сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығының әртүрлі мөлшерлемелері бойынша алынатын табыстардың бөлек есебін жүргізеді. Бұл ретте, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы алынған кірістерді есепке алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша банк шоттарынан үзінділерді қоса алғанда, бастапқы құжаттардың негізінде салықтық тізілімде жүргізіледі.

      3. Патент құнына қосылатын әлеуметтік төлемдерді есептеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

      4. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапата көрсетілген табыс мөлшерінен ассатын болса, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асқан сомаға қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапаты тапсыруға және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізуге міндетті.

      Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 683-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.

      Аталған есеп-қисапа негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.

      5. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы (оны мерзімінен бұрын тоқтату жағдайларын қоса алғанда) есеп-қисап көрсетілген табыстың мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапаты табыс етуге құқылы.

      Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 11-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      6. Нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 683-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген шекті табыс сомасынан асқан жағдайда, осы Кодекстің 679-бабында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнінен бастап алынған дара кәсіпкердің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салынады.

      7. Дара кәсiпкерді iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

      687-бап. Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеу

      1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

      2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

      3. Осы Кодекстің 683-бабында көрсетілген арнаулы салық режимін қолдану талаптарына сәйкес келмеу жағдайлары туындаған кезде, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

      688-бап. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзімдері

      1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.

      2. Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-ші күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.

      Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге жатады.

      Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.

      689-бап. Жекелеген салық түрлері мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу және олар бойынша салықтық есептілікті табыс ету

      Оңайлатылған декларацияның негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының сомасын есептеуді, төлеуді, әлеуметтік төлемдерді аударуды және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық есептілікті табыс етуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүргізеді.

§ 4. Белгіленген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимі

      690-бап. Салық салу объектісі

      1. Белгіленген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке алғандағы кіріс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс болып табылады.

      2. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің кірісі осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңі ішінде алуға жататын (алынған) кірістерінен тұрады.

      3. Осы бөлімнің мақсатында кіріс ретінде мыналар:

      1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

      2) акционер алатын (алған), оның ішінде заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал төмендеген кезде мүлікті бөлгенде бұрын енгізілгеннің орнына алынатын (алынған) бара-бар түрде мүлікті бөлу жүргізілетін акциялар санына келетін төленген жарғылық капитал мөлшеріндегі мүліктің құны;

      3) қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал төмендеген кезде мүлікті бөлгенде, сондай-ақ қатысушыға, құрылтайшыға заңды тұлғадағы қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін қайтару кезінде бұрын енгізілгеннің орнына алынатын (алынған) бара-бар түрде мүлікті бөлу жүргізілетін қатысу үлесіне келетін төленген жарғылық капитал мөлшерінде, бірақ оны сатып алуға және (немесе пайдасына мүлікті бөлу жүзеге асыралытын қатысушы жүргізген жарғылық капиталға жарналарды төлеу сомасынан аспайтын мүліктің құны;

      4) эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан мүліктің құны;

      5) мүлікті беретін салық төлеуші үшін – ақысыз негізде берілген мүліктің құны;

      6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімақылар мен айыппұлдар сомасы;

      7) егер осындай тауардың бір бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күнінде қолданыстағы 5 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, жарнамалық мақсатта сатып алынған (оның ішінде сыйға беру түрінде) тауардың құны;

      8) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық міндеттемелерінің мөлшерін азайту сомасы;

      9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

      10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы көбейту;

      11) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мөлшері мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс;

      12) мүліктің, оның ішінде осы Кодекстің 243-бабының 8-тармағына сәйкес алынған жұмыстар көрсетілетін қызметтер құны;

      13) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

      14) міндеттемелерді есептен шығарудан кіріс;

      15) күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс;

      16) егер көрсетілген шығыстары дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы-жеке тұлғаның тұрғын жайды, тұрғын үйді (пәтерді) жалға алу кезіндегі мынадай:

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға;

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық қызметтерді төлеуге;

      тұрғын үйді, тұрғын үйді (пәтерді) жөндеуге арналған шығыстары жалға беру төлеміне кірмейді;

      17) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың сомасы;

      18) негізгі құралдарды шығарудан түскен табыс қарастырылмайды.

      Бұл ретте арнаулы салық салынатын салық режимін қолданатын салық төлеуші тіркелген шегерімді пайдалана отырып, тіркелген активтердің есебін жүргізбейді.

      4. Осы парагрфтың мақсаттары үшiн дара кәсiпкердiң табысы ретiнде:

      1) төлем көзiнен мұндай салықты ұстауды растайтын құжаттар болған негізде бұрын төлем көзiнен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде бюджет есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жеңілдіктер мен өтемақы;

      3) стипендия;

      4) қайырымдылық көмек;

      5) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

      6) мүлiктiк табыс;

      7) қызметкердің табысы;

      8) сот шешімі бойынша материалдық залалды өтеу сомасы түрінде өзі алған табыстар қарастырылмайды.

      691-бап. Кірістер

      1. Осы параграфтың мақсаттары үшін:

      1) заңды тұлғалар үшін - осы Кодекстің 690-бабы 3-тармағында көрсетілген;

      2) дара кәсіпкерлер үшін - осы Кодекстің 690-бабы 3 және 4-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушінің табысына барлық табыстар түрлері кіреді.

      2. Егер бір және сол табыстар табыстардың бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда көрсетілген табыстар табысқа бір рет қосылады.

      Табысты қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану, осы Кодекске сәйкес табысты айқындау және тану тәртібінен өзгеше болған жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен есепке алынады.

      3. Салық төлеушінің осы баптың 5-тармағына сәйкес табыстарды түзетуге құқығы бар. Бұл ретте жылдық жиынтық табыс осы баптың 5-тармағына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.

      4. Осы тараудың мақсаты үшін бұрын танылған табыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін азайту түзету деп танылады.

      Осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстар:

      1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;

      2) мәміле шарттары өзгертілген;

      3) бағалар өзгерген, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін өтемақылар өзгертілген;

      4) баға шегерістері, сату шегерістері;

      5) шарт талаптарын негізге ала отырып, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;

      6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпаған қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.

      Осы тармақшада көзделген табысты түзету:

      1) дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оны тарату теңгерімін бекіту күніне кредитор-салық төлеуші талап қоймаған;

      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.

      Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) - 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.

      Табыстарды түзету осы бапта көзделген жағдайлар орын алғандағы салық кезеңінде жүргізіледі.

      Осы бапта көзделген жағдайлар орын алған кезеңде табыстың болмауы немесе сол кезеңде оның мөлшерін төмендетуге түзетуді жүзеге асыруды жүргізу үшін мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, түзетуге жататын табыс деп бұрын танылған салық кезеңінде жасалады.

      5. Егер бір және сол табыстар табыстардың бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін болған жағдайда, көрсетілген табыстар табысқа бір рет қосылады.

      Салық салу мақсаты үшін табысты тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.

      692-бап. Шегерімге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібі

      1. Осы Кодекстің 7-бөліміне және осы бапқа сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады.

      2. Осы бөлімнің мақсатында шығыстардың мынадай түрлері:

      1) тауарларды сатып алуға;

      2) осы Кодекстің 257-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс қызметкерлердің есептелген табыстары мен жеке тұлғалардың өзге де төлемдері бойынша;

      3) осы Кодекстің 263-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге;

      4) осы Кодекстің 244-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылардың сомасы шегерімге жатады.

      3. Дара кәсіпкер салық салынатын табысты айқындау кезінде 342-бапта көзделген салық шегерімдерін, егер ол оларды жеке тұлға ретінде, оның ішінде салық агентінде қолданбаса, қолдануға құқығы бар.

      4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

      5. Егер осы Кодекстің 693-бабында өзгеше белгіленбесе, шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi.

      Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.

      6. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстары ол қатысы бар салық кезеңінде шегерiмге жатады.

      693-бап. Қосымша тіркелген шегерім

      Тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті айқындаған кезде шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке ала отырып айқындалған кіріс сомасынан 30 пайызға тең белгіленген шегерім сомасын қосуға құқылы.

      Бұл ретте осы баптың бірінші бөлігінің ережелерін қолданған жағдайда, тіркелгендерді қоса алғанда, шегерімге жатқызылған шығыстардың жалпы сомасы осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке ала отырып жиынтық жылдық табыстан 70 пайызынан аспауы тиіс.

      694-бап. Салық салынатын табысты азайту

      1. Салық төлеуші салық салынатын табысты мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының елу пайызын азайтуға құқығы бар.

      2. Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне:

      1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын;

      2) егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды бір мезгілде мынадай шарттарды орындағанда азайтуға құқығы бар:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеуші акцияларға немесе қатысу үлестеріне иелік еткен мерзім, егер мұндай акциялар немесе қатысу үлесін салық төлеуші бұрынғы иелері қайта ұйымдастыру нәтижесінде алса акцияларды немесе қатысу үлестерін бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдерін ескере отырып жиынтығымен айқындалады.

      Егер акциялары немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларының немесе қатысу үлесінің 50 пайыздан азын иеленуші салық төлеуші сол заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын немесе қатысу үлесін қосымша сатып алса, онда қосымша сатып алған акцияларға немесе қатысу үлесіне иелік ету мерзімі қосымша сатып алған акциялар немесе қатысу үлесі бойынша мәміле жасалған күнге осындай салық төлеушіге тиесілі ең көп акциялар пакетін немесе ең жоғары қатысу үлесін сатып алған күннен бастап есептеле бастайды.

      Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;

      3) өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірісіне азайтуға құқығы бар.

      3. Тіркелген шегерімдерді қолданып арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы параграфқа сәйкес салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатқызуға тиіс жұмыскердің табыстары бойынша жұмыс берушінің есепті салық кезеңінде есепке жазылған шығыстарының бір еселік мөлшерінде азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген азайту,егер осындай салық төлеушінің есепті салық кезеңі үшін қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төмен жалақының 4 еселенген мөлшерінен артқанда жүргізеді.

      695-бап. Тіркелген шегерімдерді қолданып арнаулы салық режимі бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу

      1. Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, тіркелген шегерімдерді қолданып арнаулы салық режимін қолданып корпоративтiк табыс салығының салық кезеңi үшiн, мынадай тәртiппен есептеледi:

      осы Кодекстiң 313-бабының 1 немесе 2-тармақтарында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 693-бабында көзделген қосымша тіркелген шегерімдерге қоса осы Кодекстiң 692-бабының 2-тармағында көзделген шығыстар сомасына кемітілген осы Кодекстің 690 және 691-баптарында көзделген кірістері арасындағы айырмашылықтар түрінде айқындалған салық салынатын табыстарына,

      минус

      корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,

      минус

      осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағына сәйкес есептеу жүзеге асырылатын ұтыс түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының сомасы,

      минус

      сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстің 302- бабы 3-тармағына сәйкес өткен салық кезеңдерiнен ауыстырылған сомасы,

      минус

      салық кезеңiнде сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстің 302-бабы 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы есептеледі.

      696-бап. Тіркелген шегерімдерді қолданып арнаулы салық режимі бойынша жеке табыс салығын есептеу

      1. Таза табысқа салынатын жеке табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, тіркелген шегерімдерді қолданып арнаулы салық режимін қолданып жеке табыс салығының салық кезеңi үшiн, мынадай тәртiппен есептеледi:

      осы Кодекстiң 320-бабының 1-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 692-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген шығыстардың сомаларын кеміту жолына сәйкес анықталған табыстары арасындағы айырмашылықтар түріндегі анықталған салық салынатын табыстарына осы Кодекстiң 693-бабында көзделінген қосымша тіркелген шегерімдерге қоса жүзеге асырылатын сомасы есептеледі.

78-ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ӨНДІРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ

      697-бап. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге салық салу ерекшеліктері

      1. Осы тараудың мақсаттары үшін мынадай ауыл шаруашылығы өнімдерін (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін – ауыл шаруашылығы өнімдері):

      1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін;

      2) мал шаруашылығы өнімдерін;

      3) құс шаруашылығы өнімдерін;

      4) ара шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға, шару немесе фермер қожалықтары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер деп танылады.

      Осы тараудың мақсаттары үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерге акваөндіруші (балық аулау) өнімдері жатады.

      2. Осы Кодекстегі арнаулы салық режимдері мынадай ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер:

      1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы коперативтері;

      2) фермер және шаруа қожалықтары үшін көзделінген.

      3. Осы Кодексте белгіленген, оларды қолдану шарттарына сәйкес келген кезде осындай салық режимдерін қолданысы қолданылатын қызметтері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, ауыл шаруашылығы коперативтері салық салудың мына режимдерінің бірін:

      1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы коперативтеріне арналған арнаулы салық режимін (бұдан әрі – арнаулы салық режимі);

      2) оңайлатылған декларация негізінде немесе белгіленген шегерімдерді пайдалана отырып шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық ржимін;

      3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

      4. Осы Кодекстің 703-бабы 3-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қожалықтары осы баптың 3-тармағында көрсетілген салық режимдерінің бірін немесе осы Кодекстің 703-бабында белгіленген оны қолданудың қалған талаптарына сәйкес келген кезде шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.

      5. Осы баптың 3-армағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген арнаулы салық режимін таңдау кезінде салық төлеуші мұндай салық режимін оны қолдану шарттарына сәйкес келген жағдайда осы Кодекстің 679-бабының 5 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кем дегенде күнтізбелік бір жыл мерзімде қолданады.

      6. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы коперативтеріне, шаруа немесе фермер қошалықтарына арналған арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер өздері бекіткен салықтық есепке алу саласының ережелеріне сәйкес осындай салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда, осы Кодекстің 704-бабының 4-тармағымен өзгеше белгіленбесе мүліктердің кірістері мен шығыстарының есебін бөлек жүргізуге міндетті.

      Бұл ретте осы тармақта көзделген бөлек есепке алуды салық төлеушілер олар өзі бекіткен салықтық есепке алу саясатынің ережелеріне сәйкес жүзеге асыруы тиіс.

      7. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шетелдік заңды тұлғалар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арнаулы салық режимдерін қолдануға құқығы жоқ.

§ 1. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі

      698-бап. Жалпы ережелер

      1. Арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлік салығын, көлік құралы салығын қоспағанда корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

      2. Арнаулы салық режимі:

      1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің (акцизделетінді қоспағанда), акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімдерін өндіру, көрсетілген өнімдерді қайта өңдеу және өткізу бойынша жеке меншік өндірісі қызметіне;

      2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің:

      1) акцизделетін өнімді қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өткізу;

      2) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді дайындау, сақтау және өткізу;

      3) өзі өндірген және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін және осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді сақтау;

      4) осындай кооперативтің мүшелері үшін (олар осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында) жұмыстарды орындау (көрсету) мемлекеттік және бюджеттің жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша қосалқыларды қоса алғанда;

      5) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне (олар осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында) өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

      Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің осы тармақшада көзделген тауарларды өткізуі, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беруі мемлекеттік кірістер органдарына корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде ұсынылатын тізбеде көрсетіледі.

      3. Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, салық төлеушіге арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

      Осы тармақтың талабы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және омарта шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

      699-бап. Салық кезеңі

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауылшаруашылығы коперативтері не арналған арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңi күнтізбелік жыл болып табылады.

      700-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшеліктері

      1. Аталған арнаулы салық режимін қолданатын мауылшаруашылығы өнімін өндіретін ауылшаруашылығы кооперативтері бюджетке төлеуге жататын мынадай сылақтардың сомасын:

      1) осы Кодекстің 698-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан түскен табыс бойынша корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын салықтардан басқа) сомасын;

      2) осы Кодекстің 698-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асырумен байланысты салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салық сомасын;

      3) осы Кодекстің 698-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша мүлікке салық, көлік құралдарына салық сомасын 70 пайызға төмендетуге құқылы.

      2. Осы бапта көзделген корпоративтік табыс салығының сомасын азайту сондай-ақ:

      1) осы Кодекстің 305-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде;

      2) осы Кодекстің 313-бабының 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға берілген, бюджеттік субсидиялар түрінде алынған табыстарға қолданылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды есептеу осы арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүргізеді.

      701-бап. Салық есептілігін тапсыру және төлеу мерзімдері

      Осы Кодекстің 700-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу және олар бойынша салықтық есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

§ 2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі

      702-бап. Жалпы ережелер

      1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану (жерді қайта пайдалану құқығын қоса) құқығында жер учаскесі бар шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.

      2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдану мақсатында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:

      1-аумақтық аймағы - 5 000 га;

      2-аумақтық аймағы – 3 500 га;

      3-аумақтық аймағы - 1 500 га;

      4-аумақтық аймағы - 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін мынадай жер учаскелерін аймақтарға бөлу қолданылады:

      1-аумақтық аймақ: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлерінде орналасқан жайылымдар;

      2-аумақтық аймақ: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қ. жерлері;

      3-аумақтық аймақ: бірінші аумақтық аймақтың жерлерiн қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғандағы Атырау, Маңғыстау облыстарының жерлері;

      4-аумақтық аймақ: бірінші аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғандағы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қ. жерлері.

      Шаруа немесе фермер қожалықтарында әртүрлі аумақтық аймақтардағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері болған жағдайда, осы тармақтың мақсаты үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтарға арналып белгіленген жер учаскесінің неғұрлым шекті алаңынан аспауға тиіс.

      Бұл ретте, әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы, мұндай аймақ үшін осы тармақта белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерінен аспауға тиіс.

      3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджеттен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және өткізу, акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу қызметіне қолданылады.

      703-бап. Салық салу объектісі

      1. Салық төлеуші үшін шаруа немесе фермер қожалықтарға арналған арнаулы салық режимі қолданылатын салықтық кезеңде акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін, өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған табыс салық салу объектісі болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде (осы баптың 6-тармағына сәйкес жүргізілетін түсетулерді есепке алғанда) алынған (алынуға жататын) кірістерден тұрады.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістердің мөлшері шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдану кезінде осы Кодекстің 226-240-баптарына және осы баптың 5, 6, және 7-тармақтарына сәйкес айқындалады.

      4. Осы Кодекстің 702-бабының 3-тармағына сәйкес қызмет түрлерінен кірістерді алған кезде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылмайтын салық төлеушілер тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және осы Кодексте белгіленген оларды қолдану шарттарына сәйкес салық салу режимдерінің бірінде олар бойынша:

      1) осы Кодексте белгіленген, оларды қолдану шарттарына сәйкес болған кезде – шағын бизнес субъектілер үшін арнаулы салық режимінде салықтық есептілікті тапсыруды жүргізеді.

      Бұл ретте осындай режимдер үшін шекті табыс мөлшері бойынша шектеулерді қолдану мақсаты үшін табыс мөлшері шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолданатын қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табысқа қосылмайды;

      2) жалпы белгіленген тәртіпте салықтық есептілікті тапсыруды жүргізеді.

      5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде салық салу мақсатында:

      1) өтеусіз берілген мүлікті беруші салық төлеуші үшін – осындай берілген мүліктің құны;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын активтерді өткізу қарастырылмайды.

      6. Осы тараудың мақсаты үшін бұрын танылған табыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін азайту түзету деп танылады.

      Осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстар:

      1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;

      2) мәміле шарттары өзгертілген;

      3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін өтемақылар бағалары өзгерген;

      4) баға шегерістері, сату шегерістері;

      5) шарт талаптарын негізге ала отырып, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;

      6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпаған қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.

      Осы тармақшада көзделген табысты түзету:

      1) салық төлеуші – дебитор таратылған кезде оны тарату теңгерімін бекіту күніне салық төлеуші – кредитор талап қоймаған;

      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.

      Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.

      Табыстарды түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі.

      Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде азайту жағына қарай түзетуді жүзеге асыру үшін табыс болмаған немесе оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын табыс түзетуге жатады деп танылған салық кезеңінде жүргізіледі.

      8. Егер бір ғана табыс табыстардың бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда көрсетілген табыстар табысқа бір рет қосылады.

      Салық салу мақсаты үшін табысты тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.

      704-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі

      1. Есепті салық кезең үшін бірыңғай жер салығын есептеуді салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшерінде ставкіні қолдану арқылы салық төлеуші дербес жүргізеді.

      705-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану ерекшелiктерi

      1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн:

      1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстардан, оның ішінде қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі табыстардан алынатын жеке табыс салығын;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелерін қоспағанда, осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді;

      3) осы Кодекстің 491-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдары салығын;

      4) осы Кодекстің 518-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын;

      5) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша әлеуметтік салықты;

      6) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемді төлеушiлер болып табылмайды

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу, әлеуметтік төлемдер және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      706-бап. Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерін бюджетке төлеу мерзімдері

      1. Бірыңғай жер салығын төлеу, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мынадай тәртіппен:

      1) салық кезеңінде 1 қаңтардан 1 қазанға дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінде 10 қарашадан кешіктірілмей;

      2) салық кезеңінде 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін есептелген соманы төлеу салықтық кезеңнен кейінгі салық кезеңiнде 10 сәуірден кешiктiрмей жүргiзiледi.

      2. Бірыңғай жер салығын бюджетке төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

      707-бап. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын ұсыну мерзімдері

      Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығын жер, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының есептелген сомалары көрсетіледі.

      Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінде 31 наурыздан кешіктірілмей табыс етіледі.

21-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҒЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ 79-ТАРАУ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ТҰЛҒАЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

      708-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодексті қолдану мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:

      1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын;

      2) тұрған жері бойынша арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында немесе арнайы экономикалық аймақтың аумағы құзыретіне жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде салық төлеуші ретінде тіркелген;

      3) арналған арнайы экономикалық аймақта қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға қажетті инфрақұрылым және объектілер болған кезде, заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймактың аумағының шегінен тыс жерлерде өкілеттіктерді қоспағанда, филиалдар және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлімшелеге ие болуға құқығы жоқ;

      4) арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аумақты құру мақсаттарына сәйкес келетін басым қызмет түрін жүзеге асырады;

      құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрін аумағында жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылады.

      Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлігінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайды.

      Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы баптың ережелері осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға қолданылмайды.

      2. Осы Кодексті қолдану мақсаттары үшін, сондай-ақ бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:

      1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына қатысушы болып табылатын;

      2) тұрған жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелген;

      3) өкілдіктерді қоспағанда, филиалдары мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері жоқ;

      4) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылады.

      Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында арнайы экономикалық аймақты құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша, жүзеге асырылуы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жүзеге асырылуы мүмкін "Инновациялық технологиялар паркі" аталған арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің жеке тізбесін айқындайды.

      3. Осы Кодексті қолдану мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер бір мезгілде мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын;

      2) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында немесе "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймақтың аумағы құзыретіне жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде салық төлеуші ретінде тіркелген;

      3) өкілдіктерді қоспағанда, филиалдары мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері жоқ;

      4) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін, қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылатын талаптарға сай келетін тұлға болып табылады.

      "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайды.

      4. Арнайы экономикалық аймақтың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға немесе дара кәсіпкерлерге:

      1) жер қойнауын пайдаланушылар;

      2) осы Кодекстің 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;

      3) арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар немесе дара кәсіпкерлер;

      4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференцияларын қолданатын (қолданған) ұйымдар;

      5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;

      6) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.

      5. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға қосылған құн салығын салу, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 389 және 390, 391-баптарында белгілегнген тәртіпте жүргізіледі.

      6. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан күннен кейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, егер мұндай өзгерістер мен толықтырулар корпоративтік табыс салығын, жеке табыс салығын, жер салығын, мүлік салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді есептеген кезде қолданылатын азайту мөлшерін алып тастауды және (немесе) өзгертуді көздейтін болса, мұндай ұйым немесе дара кәсіпкер шарт жасасу күні қолданыста болған осы тараудың ережелерін қолданады.

      Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жасалған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде, бірақ осындай бірінші өзгеріс және (немесе) толықтыру қолданысқа енгізілген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.

      Осы тармақтың ережелері арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты арнайы экономикалық аймақты басқару органы біржақты тәртіппен бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылмайды.

      709-бап. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға және дара кәсіпкерлерге салық салу

      1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері (салық салу объектілері) бойынша жер салығының, мүлікке салықтың және жер учаскелерін пайдалану үшін төлемнің бюджетке төленуге жататын сомасын айқындаған кезде есептелген салық және (немесе) төлем сомасын 100 пайызға азайтады.

      Осы тараудың мақсатында осы тармақта көзделген азайту салықтар мен төлем бойынша преференциялар болып табылады.

      Салықтар мен төлем бойынша преференциялар мыналар:

      арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалатын айдың бірінші күнінен бастап жер салығы бойынша;

      салық салу объектісі пайда болған күннен бастап, бірақ арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған күннен ерте емес мүлікке салық бойынша;

      арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған айдың бірінші күнінен бастап уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ арнайы экономикалық аймақтың қолданыс мерзімінен аспайтын жер учаскелерін пайдалану үшін төлем бойынша қолданылады.

      2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан салық салу объектілері (салық салу объектілері) пайдаланылған жағдайда, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде, сол сияқты қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру кезінде осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің ережелері қолданылатын салық немесе төлем сомасы қызметтің басым түрлерінен түсетін кірістердің жылдық жиынтық табысқа үлестік салмағына бара-бар айқындалады.

      3. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес салық және төлем бойынша преференциялар оларды қолдану басталған күннен бастап жойылады.

      Бұл ретте салық төлеуші шартты бұзу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қорытындысы бойынша ол осы баптың 1-тармағының ережелерін қолданған салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.

      4. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындаған кезде қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатудан алынған кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

      Бұл ретте, мынадай құрылыс объектілерін:

      жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу мекемелерін, кітапханаларды, оқушылар сарайын, спорт кешендерін;

      жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылымды, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін сатудан түскен кірістер бойынша "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерінің тізбесіне кіретін жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі қолданылмайды.

      5. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасын айқындаған кезде, есептелген жеке табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. Осы тармақтың ережелері жалпы белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге қолданылады.

      6. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым немесе дара кәсіпкер қызметтің тиісті басым түрі және қызметтің өзге түрлері бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.

      7. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымның немесе дара кәсіпкердің басым түріне жатпайтын қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырудан табысы жалпы белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын салуға жатады.

      8. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.

      9. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруда жұмыс істейтін жұмыскерлерге кірістер түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша есептелген бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салықтың сомасын, мұндай шығыстар салық кезеңі үшін мұндай ұйымның бухгалтерлік есебі бойынша шығыстардың жалпы сомасынан кемінде жетпіс процентін құрайтын жағдайда 100 пайызға азайтады. Осы тармақта көрсетілген шығыстар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Осы тармақты қолдану мерзімі заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жасалған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасаған айдың бірінші күнінен басталады.

      710-бап. Салықтық кезең және салықтық есептілік

      Салықтық кезең, салық және бюджетке төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынудың тәртібі мен мерзімі осы Кодекске сәйкес айқындалады.

80-ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ

      711-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:

      1) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруды және салықтар бойынша преференциялар беруді көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасса;

      2) инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асырса;

      3) арнаулы салық режимдерін қолданбаса инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.

      Инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      2. Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасының өзгерістерінде және (немесе) толықтыруларында жер салығын және (немесе) мүлікке салықты есептеген кезде қолданылатын коэффициенттерді және (немесе) мөлшерлемелерді арттыру не корпоративтік табыс салығын есептеген кезде азайту мөлшерін өзгерту көзделсе, инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшартты жасасқан ұйым коэффициенттерді қолдана отырып және (немесе) мөлшерлемелер бойынша инвестициялық басым жобаны іске асырумен байланысты қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді айқындайды, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшартты жасау күнінде қолданылған корпоративтік табыс салығын есептеген кезде азайтудың мөлшерін қолданады.

      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 712-бабының 1-тармағын қолдану үшін белгіленген мерзімде қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялар және салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі оны жасасқан күннен бастап күшін жояды.

      Инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар сомаларын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.

      712-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу

      1. Жаңа өндірістерді құру және (немесе) қолданыстағы өндірістерді кеңейту, жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым:

      1) инвестициялық келісімшартта көрсетілген қызметтің басым түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.

      Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымның қызметтің басым түрлеріне жатпайтын өзге түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістеріне жалпы белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығы салынуға жатады.

      Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық келісімшарттың негізінде қызметтің басым түрі бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді.

      Егер қолданыстағы өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарттың ережелерінде өнімді шығаратын тіркелген активтерді кезеңдеп енгізу көзделсе, онда бөлек салықтық есепке алу салықтық есеп саясатына сәйкес өнімді шығаратын әрбір тіркелген актив бойынша жүргізіледі.

      Инвестициялық басым жобаны іске асырушы ұйым коропоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін, мұндай жоба бойынша осы Кодекстің басқа да ережелерін қабылдауға құқығы жоқ;

      2) инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға енгізілген, тіркелген активтер топтарының (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 271-бабының 2-тармағында белгіленген, амортизацияның шекті нормаларын амортизацияның нормаларын қолдану жолымен салық кезеңінің соңына қарай осындай топтардың (кіші топтардың) құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.

      2. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар бойынша осы баптың 1-тармағын қолданудың шекті мерзімі:

      1) жаңа өндірістерді құру бойынша:

      инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;

      инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.

      2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша:

      инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде өкім шығарған, соңғы тіркелген активті пайдалануға енгізу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады;

      инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт шеңберінде өкім шығарған, соңғы тіркелген активтерді пайдалануға енгізу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталып есептелетін, қатарынан үш жылдан кешіктірілмей аяқталады;

      3) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта көзделген өнімдерді шығаратын, тіркелген активтерді кезең-кезеңімен енгізу кезінде жұмыс істеп тұрған өнідірістерді кеңейту және және (немесе) жаңарту бойынша:

      инвестициялық жоба шеңберінде өнімді шығаратын, тіркелген активті пайдалануға енгізу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталады;

      инвестициялық жоба шеңберінде өнімді шығаратын, тіркелген активті енгізу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан басталып, қатарынан үш жылдан кешіктірілмей аяқталады.

      Өнім шығаратын, әрбір тіркелген активке жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта көзделген шекті мерзім қолданылады.

      3. Инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым жер салығының мөлшерлемелеріне сәйкес 0 коэффициентін қолданады.

      Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:

      1) жаңа өндірістер құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1-і күнінен басталады;

      2) жаңа өндірістер құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үй жайлармен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.

      4. Жаңа өндірістер құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейді.

      Осы тармақтың ережелері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілетін және Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады.

      Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:

      1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1-ші күнінен басталады;

      2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін сегіз жылдан кешіктірмей аяқталады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.

      5. Осы баптың ережелері, егер жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық жобада:

      осы Кодекстің 302-бабына сәйкес, есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту;

      жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициент;

      мүлікке салықты есептеген кездегі мөлшерлемелердің салық базасына 0 пайызы көзделсе қолданылады.

22-БӨЛІМ. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ 81-тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ

      713-бап. Төлеушілер

      Мыналар:

      осы Кодекстiң 722-бабының 1-тармағында көрсетiлген келісімшарттар шеңберiнде жер қойнауын пайдаланушылар;

      жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын, Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында немесе тау-кен бөлу шекарасында жоғарғы нүктесі 4500 метр жоғары емес және таукен бөлудің төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен кен орындарында көмірсутектер барлауға немесе бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшар шеңберіндегі жер пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсатының экспорт көлемін қоспағанда, шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар рента салығын төлеушілер болып табылады.

      Осы бөлімнің мақсаттары үшін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 кіші позициясында сыныпталатын тауарлар танылады;

      2) көмiрді экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар рента салығын төлеушілер болып танылады.

      714-бап. Салық салу объектiсi

      Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. Осы бөлімнің және осы Кодекстің 23-бөліміндегі мақсаттар үшін экспорт деп:

      Осы бөлімнің мақсаттары үшін экспорт деп:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;

      2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;

      3) Қазақстан Республикасының аумағынан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекет аумағына өткізу түсініледі.

      Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен:

      шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың аумағынан тыс жерге экспортқа өткізу кезінде - кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;

      шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.

      715-бап. Есептеу тәртібі

      1. Экспортқа нақты өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі және осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген, экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің құны шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Бұл ретте шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері үшін әлемдік баға шикі мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып айқындалады.

      Ренталық салықты есептеу мақсатында шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      К барр. орт. = (V1 х К барр.1 + V2 х К барр.2 … + Vn х К барр.n) / V жалпы өткізу, мұндағы дәлдігі үтірден кейін төрт тыныс белігсіне дейін есептелген:

      К барр. орт. - баррельдеудің орташа-өлшемді коэффициенті;

      V1, V2, …Vn - салық кезеңінде экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;

      К барр.1, К барр.2 … + К барр.n - Қазақстан Республикасының аумағында маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері. Бұл ретте баррельдеу коэффициенттері техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, белгіленеді;

      n - салық кезеңінде экспортқа өткізілген шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері партияларының саны;

      V жалпы өткізу - салық кезеңінде шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспортқа жалпы өткізілу көлемі.

      Экспортқа нақты өткізілетін көмірдің көлемі негізінде есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Бұл ретте көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу мақсаттары үшін шетел валютасында жасалған операциялар шартқа (келісімшартқа) сәйкес экспортталатын көмірге меншік құқығының өту күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, теңгемен қайта есептеледі.

      2. Шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.

      Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 773-бабында белгіленген.

      716-бап. Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері

      Шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:

Р

Әлемдік баға

Мөлшерлеме, %-пен

11

2

3

11

бір баррель үшiн 20 АҚШ долларына дейін қоса алғанда

0

12

бір баррель үшiн 30 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

0

13

бір баррель үшiн 40 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

0

14

бір баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

7

15

бір баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

11

16

бір баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

14

17

бір баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

16

18

бір баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

17

19

бір баррель үшiн 100 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

19

110

бір баррель үшiн 110 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

21

111

бір баррель үшiн 120 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

22

112

бір баррель үшiн 130 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

23

113

бір баррель үшiн 140 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

25

114

бір баррель үшiн 150 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

26

115

бір баррель үшiн 160 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

27

116

бір баррель үшiн 170 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

29

117

бір баррель үшiн 180 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

30

118

бір баррель үшiн 190 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

32

119

бір баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары

32

      Көмірді экспорттау кезінде экспортқа рента салығы 4,7 пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі.

      717-бап. Салық кезеңi

      Күнтiзбелiк тоқсан экспортқа рента салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

      Егер тауарларға арналған уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салық кезеңдеріне тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға арналған уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салық кезеңінде туындайды.

      718-бап. Төлеу мерзімдері

      Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей төлеуге міндетті.

      719-бап. Салық декларациясы

      Экспортқа рента салығы жөніндегі декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей табыс етіледі.

23-БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ 82-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      720-бап. Осы бөлімде реттелетін қатынастар

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.

      2. Осы бөлім жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын орындау тәртібін, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.

      3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:

      1) қол қойылатын бонусты;

      2) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;

      3) жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты;

      4) роялтиді;

      5) Қазақстан Республикасының өнімдерді бөлу бойынша үлессін;

      6) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салықты;

      7) үстеме пайда салығын қамтиды.

      4. Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті және игерілген санатқа жатқызу тәртібін, есептеу ерекшелігін, жер қойнауын өндіруге салық мөлшерлемелерінің мөлшерін және осындай кен орындары бойынша оларды қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      5. Қазақстан Республикасының континенталдық қайраңында немесе тау-кен бөлу шекарасында жоғарғы нүктесі 4500 метр жоғары емес және таукен бөлудің төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен кен орындарында көмірсутектер барлауға немесе бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшар шеңберіндегі жер пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсатының экспорт көлемін қоспағанда, шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар рента салығын төлеушілер болып табылады.

      721-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық міндеттесін орындау ерекшеліктері

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын бейрезидент жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 651-653-баптарына сәйкес қосымша салық салуға жатады.

      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау жер қойнауын пайдаланушыны салық міндеттемесі туындаған күні Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салық міндеттемесін орындаудан босатпайды.

      4. Жер қойнауын пайдалануға құқығы бар жеке тұлғалар заңды тұлғалар - жер қойнауын пайдаланушылар үшін белгіленген тәртіппен осындай құқықтың шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша, арнайы төлемдер мен жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары бойынша салық міндеттемелерін орындайды.

      722-бап. Жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимi мұндай келісімнiң (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес оларға қатысты салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген салық және бюджетке төленетiн төлемдер үшiн сақталады, мұндай келісімнiң (келісімшарттың) белгiленген бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде тек қана оның тараптарына қатысты, сондай-ақ операторларға қатысты қолданылады, мұндай келісімнiң (келісімшарттың) тараптары болып табылмайтын тұлғаларға немесе операторларға қолданылмайды және тараптардың өзара келісімi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.

      Төлем көзiнен ұсталуға жататын, жер қойнауын пайдаланушы салық агентi ретiнде әрекет ететiн салыққа қатысты салық мiндеттемесiн орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта төлем көзiнен ұсталатын салық салу тәртібін реттейтiн ережелердің болуына қарамастан, оларды төлеу жөніндегі мiндеттемелер туындаған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімнiң (келісімшарттың) салық режимiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың салық режимiнде көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде, олардың қолданылу мерзiмi аяқталғанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзілгенге дейiн оларды бюджетке төлеудi жалғастырады.

      2. Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) ережелерінде операторды айқындау көзделсе және осы келісім (келісімшарт) бойынша салық мiндеттемесiн орындауды оператор жүзеге асырса, онда мұндай оператор осы баптың 1-тармағына сәйкес осы келісімнiң (келісімшарттың) тараптарына қатысты қолданылатын салық режимiне сәйкес аталған келісімнiң (келісімшарттың) салық мiндеттемесiн орындайды.

      3. Өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың салық міндеттемелерін орындау төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауы дербес немесе аталған қатысушының үлесіне қатысты міндеттемелер бөлігінде ғана осындай қатысушының атынан және тапсырмасы бойынша оператор жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарда салық төлеуші ретінде - жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушының деректемелері, уәкілетті өкіл ретінде оператордың деректемелері көрсетіледі;

      2) егер бұл өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) ережелерінде көзделсе, жай серіктестікке (консорциумға) қатысушының салық міндеттемесін орындауды өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша оператор жиынтық түрде жүзеге асырады. Бұл ретте салықтық нысандарды жасау мен табыс етуді (кері қайтаруды) осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тәртіппен салық төлеуші ретінде оператордың деректемелерін көрсетіп, оператор жүзеге асырады.

      4. Егер жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды орындау барысында операторда салық заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушідегідей (салық агентіндегідей) салық міндеттемелері пайда болса, онда мұндай салық міндеттемелерін оператор дербес орындайды.

      723-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды салықтық есепке алуды жүргізудің ерекшеліктері

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір шарттың шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтер бойынша салық міндеттемесін есептеу үшін, сондай-ақ рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, сулы, шағын дебетті және игерілген кен орындарын (бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) әзірлеген кезде осындай кен орны бойынша (бір келісімшарт шеңберіндегі осындай кен орындарының тобы бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда кен орныдарының ттобын, кен орнының бір бөлігін) осы Кодексте белгіленгендерден ерекше тәртіпте және мөлшерлемелерде бюджетке төленетін салықтар мен төлемдерді есептеу жағдайында бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.

      2. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу туралы осы баптың ережелері базалық құрылыс материалдарын, осы Кодекстің 746-бабының 13-кестесінде көрсетілген кендік емес қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықты барлау және (немесе) өндірумен,сондай-ақ осы келісімшарттар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бойынша салық міндеттемесін есептеу және орындау бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізу бойынша талаптарын қоспағанда, барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі келісімшарттарға қолданылмайды.

      Көмірсутектерді немесе қатты пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру бойынша келісімшарттар бойынша қызметтің бір бөлігі боылп табылатын осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша операциялар жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есепке алуын ескере отырып, көмірсутег\ктерді немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған тиісті келісімшарт бойынша салық есебінде көрсетілуі тиіс. Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы салықтық есеп саясатында осындай операциялар бойынша тиісті келісімшарттарға және (немесе) келісімшарттан тыс қызметке шығыстарды бөлу тәртібін көрсетуге міндетті.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды бекітілген салықтық есепке алу саясатына сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде және осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы бөлек салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және ол салықтық есепке алу саясатында (есепке алу саясаты бөлімінде) бекітіледі.

      Салықтық есепке алу саясатында бөлек салықтық есепке алуды жүргізу болмаған және/немесе осындай тәртіп салық салу қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда, салық органдары салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында салық төлеушінің салық міндеттемелерін осы баптың 11- 1) тармақшасына сәйкес анықтайды.

      Осы тармақтың ережелері сол сияқты осы Кодекстің 200-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкілетті өкіліне қатысты да қолданылады.

      4. Келісімшарт қызметі бойынша бөлек салықтық есепке алу мынадай салық және бюджетке төленетін төлемдер:

      1) корпорациялық табыс салығы;

      2) қол қойылатын бонус;

      3) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем;

      4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы;

      5) үстеме пайда салығы;

      6) жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық;

      7) осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимдері негізінде осы Кодексте белгіленген тәртіптен өзгеше есептелетін өзге де салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша жүргізіледі.

      5. Салық міндеттемесін есептеу үшін бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

      1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін төлемдер үшін келісімшарттан тыс қызметтен бөлек жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық есепке алуда көрсетуді;

      2) осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салықты және бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша корпоративтік табыс салығын есептеуді;

      3) корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді;

      4) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі бірыңғай декларацияны және жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша оған тиісті қосымшаларды табыс етуді;

      5) жер қойнауын пайдаланушының тұтастай бүкіл қызметі бойынша осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша салық есептілігін табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті.

      6. Жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған қандай да бір нақты келісімшарт бойынша шеккен залалдары есептелмейді, жер қойнауын пайдаланушының оларды осы Кодекстің 300-бабының ережелерін ескере отырып, кейінгі салық кезеңдерінде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша қызметтен алған табыстарының есебінен өтеуге құқығы бар.

      7. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес инвестициялық қаржыландыру (оның ішінде сыйақы жөніндегі) бойынша мiндеттемесiн стратегиялық әріптестің есептен шығаруынан болатын кіріс те келісімшарттық қызмет бойынша кіріс болып табылады.

      8. Осы бөлімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер:

      1) тікелей табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен немесе келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;

      2) жанама табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстары, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшарттармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жататын тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын;

      3) жалпы табыстар мен шығыстар – жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асыруымен байланысты және жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес және олардың арасында бөлуді талап ететін жалпы тіркелген активтер бойынша табыстары мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салық кезеңіндегі табыстары мен шығыстарын;

      4) жалпы тіркелген активтер – келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асырумен байланысты және пайдалану ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес тіркелген активтерді;

      5) жанама тіркелген активтер – пайдаланылу ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен ғана тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркелген активтерді;

      6) минералды шикізатты өндірудің, бастапқы қайта өңдеудің, көмірсутегіні дайындаудың өндірістік өзіндік құны – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбаларды сақтау, тасымалдау, өткізу бойынша шығыстарды;

      минералды шикізатты өндірумен, бастапқы қайта өңдеумен, көмірсутегіні дайындаумен тікелей байланысты емес өзге де шығындарды;

      минералды шикізатты өндірумен, алғашқы қайта өңдеумен, көмірсутегіні дайындаумен тікелей байланысты емес өзге де шығындарды;

      халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қорлардың өзіндік құнына енгізуге жатпайтын жалпы әкімшілік шығындарды;

      қарыздар бойынша шығындарды қоспағанда, минералды шикізатты өндірумен, бастапқы қайта өңдеумен, көмірсутегіні дайындаумен тікелей байланысы бар өндіріске жұмсалатын шығындарды білдіреді.

      9. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық табыстары мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы табыстар мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.

      Тікелей табыстар мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісімшарт қызметіне немесе келісімшарттан тыс қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.

      Жалпы табыстар мен шығыстар келісімшарт қызметі мен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатады және тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың және тиісті үлесімен келісімшарттан тыс қызметтің табыстары мен шығыстарына жатады.

      Жанама табыстар мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың табыстары мен шығыстарына жатады.

      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлу осы баптың 11-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 10-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      10. Жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) мен келісімшарттан тыс қызмет арасында жер қойнауын пайдаланушының осы тіркелген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады.

      Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осы кодекстің 246-бабына сәйкес айқындалған осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.

      Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және (немесе) келісімшарттан тыс қызметіне жатқызылмайтын болса, бағамдық айырма бойынша салықтық кезеңде алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.

      Жалпы және жанама салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша шегерімге жатқызылуға тиіс салықтар сол салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің өздері тиісінше бөлінбей, осы баптың 11-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінеді.

      11. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір келісімшарт қызметі үшін жалпы және жанама табыстар мен шығыстарды бөлуді қызмет ерекшелігін немесе жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуді; оның ішінде:

      1) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін алған тікелей табыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей табыстардың үлес салмағы бойынша;

      2) салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттары бойынша пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша;

      3) жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;

      4) мына баптардың бірі бойынша - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде осы бап бойынша шығарған шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркелген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлестік салмағы бойынша;

      5) жер қойнауын пайдаланушы қызметкерлерінің жалпы орташа тізімдік санына келісімшарт қызметіне қатысатын қыметкерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;

      6) өзге де әдістерді ескере отырып, дербес жүргізеді.

      Жалпы және жанама табыстар мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.

      Тиісті салық кезеңінің соңында жалпы және жанама кірістер мен шығыстарды бөлу әдістері көрсетілген салық кезеңдерінде өзгертуге жатпайды.

      Жалпы және (немесе) жанама табыстар мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу жоғарыда аталған әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмақтың маңызы үшін жер қойнауын пайдаланушы үлесінің жүзден бірге дейінгі пайызымен (0,01%) айқындайды.

      12. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген мұнайды және (немесе), бастапқы өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты сатудан түскен кіріс, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуы ескеріле отырып, оларды сату бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын тауар өнімінің өндірістік өзіндік құнынан төмен емес айқындалады.

      Егер Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес ұлттық оператор газды мемлекеттің басым құқығы шеңберінде сатып алса, онда мұндай газды өткізуден түскен кіріс осы Кодекстің 227-бабына сәйкес айқындалады.

      Өндірілген көмірсутектерді және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық немесе өзге технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай операция бойынша кірісті өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.

      Егер шикі газ мұнаймен ілеспе өндірілетін болса, мұндай шикігазды өндірудің өндірістік өзіндік құны мына формула бойынша айқындалады:

CP =

СF х

(GP1 х 0,857)

х r

, мұндағы:

OP + (GP1 х 0,857)

GP1

      СP - мың текше метр үшін теңгедегі ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны,;

      СF - теңгедегі ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын көмірсутектер өндірудің өндірістік өзіндік құны;

      GP1 - ол бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында өзіндік құнды айқындау мың текше метрде көзделетін, ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың өндірілу көлемі;

      OP - тоннада ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі;

      0,857 - шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін табиғи газдың мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;

      r - мына формула бойынша айқындалатын құндық коэффициент:

r =

GP2 х AEPG

,мұндағы:

OP х AEPO

      GP2 - мың текше метрдегі ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мұнаймен ілеспе өндірілетін шикі газдың өндірілу көлемі;

      Op - тоннада ағымдағы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайдың өндірілу көлемі;

      AEPG - мың текше метріне теңгедегі сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, тауарлы газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлы газдың орташа өлшемді экспорттық бағасы;

      AEPO - тоннасына теңгеде сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салық кезеңінде Қазақстан Республикасының шекарасындағы мұнайдың орташа өлшемді экспорттық бағасы,.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттан тыс қызметі бойынша жиынтық жылдық табысына осындай кейіннен өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден нақты алынған табыс пен жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жылдық жиынтық табысына қосылатын, осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес есептелген табыс сомасы арасындағы оң айырмаға тең сома жатады.

      Осы бөлімнің мақсаты үшін байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiрiс немесе металлургия цехы (зауыты) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.

83-ТАРАУ. ҚОЛ ҚОЙЫЛАТЫН БОНУС

      724-бап. Жалпы ережелер

      Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.

      725-бап. Төлеушiлер

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бірiн:

      1) барлауға арналған келісімшартты;

      2) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты;

      3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға төлеуші болып табылады.

      Осы баптың бірiншi бөлiгi 2) тармақшасының ережесi тиiстi келісімшарт аумағында барлауға арналған келісімшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiруге құқық алуға айрықша құқығының негiзiнде келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.

      Осы бөлімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін "конкурс" ұғымы, осы заңнамаға сәйкес өткізілетін "аукцион" ұғымымен бірдей.

      726-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерiн белгiлеу тәртібі

      1. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшiн мынадай мөлшерде жеке белгiленедi:

      1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар үшiн:

      көмірсутектер бойынша - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2800 еселенген мөлшерi;

      қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиларды және техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 280 еселенген мөлшерi;

      базалық құрылыс материалдары, жерасты сулары мен емдiк балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 40 еселенген мөлшерi;

      2) көмірсутегін өндiруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшiн:

      егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерi бекітіледі. Бұл ретте егер жер қойнауын пайдаланушы құқығы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес блоктарға бөлінген аумақтың жер қойнауы учаскесіне берілсе, онда конкурс шарттары немесе қол қоятын бонустың бастапқы мөлшері жарияланған Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күні қолданыста болған 10 айлық есептік көрсеткішіне, үш жүзіншіден кейінгі, әр блок үшін ұлғаяды;

      егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:

      Қ - А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен минералды шикiзаттың жиынтық қорының құны;

      Қа - әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикiзаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;

      базалық құрылыс материалдарға, кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдiк балшықтарға арналған келісімшарттар үшiн - (Қ х 0,01% ) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған, бірақ айлық есептiк көрсеткiштiң 120 еселенген мөлшерiнен кем емес.

      3) техногендiк минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшiн - (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 300 еселенген мөлшерiнен кем емес;

      4) сарқынды суларды ағызу үшiн жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 400 еселенген мөлшерi.

      2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:

      1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген табиғи газды қоспағанда, көмірсутектер үшiн - қол қойылған бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 741-бабына сәйкес көмірсутектердің шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте көмірсутектердің Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 741-бабының 3-тармағында көрсетiлген мұнайдың стандартты сортының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өндірілген шикі газды жеткізудің ең төменгі көлемі туралы жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша шикі газ үшін мына формула бойынша:

      Қ = V1* Б1 + V2 * Б2, мұнда:

      V1 - Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге жататын А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі газ қорларының көлемі;

      V2 - V1 қоспағанда, А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі газ қорларының көлемі;

      Б1 - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;

      Б2 - осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, шикі газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;

      Қа = V1* Б1 + V2 * Б2, мұнда:

      V1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге жататын, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы шикі газ қорларының көлемі;

      V2 - V1 қоспағанда, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы шикі газ қорларының көлемі;

      Б1 - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;

      Б2 - осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, шикі газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;

      3) осы Кодекстiң 745-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – қол қойылған бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 745-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.

      Конкурс шарттары жарияланған немесе тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.

      Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерiн өндiруге арналған келісімшарттар үшiн қол қойылған бонустың бастапқы мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төменгi мөлшерде белгiленедi.

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткiзiлгенге дейiнгi қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi құзыреттi органның конкурстық комиссиясының шешiмi бойынша ұлғайтылуы мүмкiн.

      4. Қол қойылған бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурстық комиссияның шешiмінен немесе жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөздер жүргiзу нәтижелерi бойынша құзыреттi орган белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгiзiледi.

      5. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонустың мөлшері мынадай тәртіппен:

      1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілсе - осындай қорлардың көлеміне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тәртіппен пайдалы қазбалар түріне қарай;

      2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілмесе:

      көмірсутегі бойынша келісімшарттар үшін - келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатынасы ретінде төрт белгіге дейін нақты айқындалады.

      Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңейтілу жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады;

      минералды шикізат, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бойынша келiсiмшарттар үшін пайдалы қазбалардың тиісті түрлері үшін осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төмен мөлшерде айқындалады.

      727-бап. Қатты пайдалы қазбаларды, старательдікті барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қойылған бонусты есептеу ерекшеліктері

      Қатты пайдалы қазбаларды, старательдікті барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қойылған бонусты есептеу сомасы республикалық бюджет туралы және қол қойылған бонусты төлеу күніне қолданыста болатын заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіште көрініс тапқан мөлшерлемелерден шыға отырып есептеледі:

Атауы

Мөлшерлеме

1

2

3

1

Барлауға арналған лицензия

100

2

Өндіруге арналған лицензия

500

3

Старательдікке арналған лицензия


3.1

берілген аумақтың алаңы 0,3 шаршы шақырымға дейін болған кезде

9

3.2

берілген аумақтың алаңы 0,3-тен 0,5 шаршы шақырымға дейін болған кезде

12

3.3

берілген аумақтың алаңы 0,5-тен 0,7 шаршы шақырымға дейін болған кезде

15

      728-бап. Салық кезеңі

      Қол қойылған бонусты төлеу мерзімі басталатын күнтізбелік тоқсан, қол қойылған бонусты төлеу мерзімі бойынша салық кезеңі болып табылады.

      729-бап. Қол қойылған бонусты төлеу мерзiмдерi

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша, салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

      2. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қойылған бонус салық төлеушінің орналасқан жері бойынша осындай лицензия берілген күннен кешіктірілмей төленеді.

      Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қойылған бонус төленген сомасын қайтару, есепке алу жүргізілмейді.

      3. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылған бонус жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұндай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.

      4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын базалық құрылыс материалдарын барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған кезде қол қойылған бонус Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес осындай рұқсат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.

      730-бап. Салық декларациясы

      Жер қойнауын пайдаланушы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-і күніне дейiн табыс етедi.

84-ТАРАУ. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ

      731-бап. Жалпы ережелер

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.

      732-бап. Төлеушілер

      Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, келісімшарттарды жасасқанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.

      2. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы тарихи шығындарды өтеу бойынша бір мезгілде мынадай шарттарды сақтаған кезде:

      қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес 2017 жылдың 31 желтоқсанынан кейін берілсе;

      қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақ, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген аумаққа енбейтін болса төлемді төлеуші болып табылмайды.

      733-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі

      1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептейді және бюджетке:

      1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдерін қоспағанда, құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем түрінде;

      2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде төлем түрінде төлеуге жатады.

      2. Тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем бойынша міндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасалмаған 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған, өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, уәкілетті мемлекеттік органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.

      734-бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері

      1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейінгі өндіру басталған кезден бастап орналасқан жері бойынша мынадай тәртіппен төлейді:

      1) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10-шы сәуірінен кешіктірмей төлейді;

      2) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.

      Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін белгіленген, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.

      2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы шетел валютасында бекіткен болса, онда:

      1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгiлеу үшiн төлемнің теңгемен жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бірiншi күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген сома 2009 жылғы 1 қаңтардың алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;

      2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарының алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбір күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.

      3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейді.

      735-бап. Салық декларациясы

      1. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

      2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырады.

      2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырады.

85-ТАРАУ. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУ САЛЫҒЫ

      736-бап. Жалпы ережелер

      1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.

      2. Жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, өндірілетін минералдық шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты суларының және емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы осы тарауда белгіленген мөлшерлеме және тәртіппен төленеді.

      3. Салық кезеңінде өндірілген көмірсутектердің, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады. Технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сорттары) үшін ұлттық стандарттарында аталған технологиялық сынап көрудің ең төменгі массасымен шектеледі.

      737-бап. Төлеу ерекшеліктері

      1. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн.

      Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 722-баптың 1-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 88-тарауында белгіленген.

      738-бап. Төлеушілер

      Старательдікке арналған лицензия шеңберінде ғана қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде мемлекеттік меншік болып табылатын техногендiк минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, көмісутектерді, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.

§ 1. Көмірсутектеріне арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы

      739-бап. Салық салу объектісі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген көмірсутектердің нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.

      2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген көмірсутектердің жалпы көлемі:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына қайта өңдеу үшін өткізілген мұнайға - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген мұнайдың көлеміне;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеуге берілген мұнайға - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген мұнайдың көлеміне;

      3) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған мұнайға - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген, салық кезеңі ішінде өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған мұнайдың көлеміне;

      4) осы Кодекстің 88-тарауына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген мұнайға;

      5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған шикі газға бөлінеді.

      Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттарында өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған шикі газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес осы келісімшарт шеңберінде:

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде көмірсутектер дайындауда отын ретінде;

      технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшін;

      ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес мұнайды өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу орнына дейін тасымалдау кезінде;

      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру үшін;

      осы баптың 5-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін;

      көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен жобалық құжаттарда көзделген көлемде өндіруші мұнай ұңғымаларын пайдаланудың газлифтілік (механикаландырылған) тәсілі мақсатында пайдаланылған шикі табиғи газ танылады.

      Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде мұнай-газ аймақтарында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін пайдаланылған шикі газ да өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған шикі газ деп танылады;

      6) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газға бөлінеді. Бұл ретте, сұйытылған мұнай газының мұндай көлемін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті болып табылады;

      7) жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газға;

      8) тауарлы көмірсутектерге – егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көрсетiлген мұнай, шикi газ және ілеспе газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген көмірсутектердің жалпы көлемiне бөлiнедi.

      3. Осы баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған шикі газ және (немесе) ілеспе газ көлемі деп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарда көрсетілген көлемдер шегінде осындай пайдаланылған табиғи және (немесе) ілеспе газдың нақты көлемі танылады.

      4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеу үшін не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда шикі мұнайдың нақты көлемін және олардың тиісті көлемін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактісін растайтын коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін - тиісті көлемі үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырған көшірмелері болуға міндетті.

      Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері болмаған жағдайда мұнайдың тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы көмірсутектер ретінде қаралады.

      5. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бекітілген жобалық құжаттарда көзделген мұнай алу коэффициентін ұлғайту мақсатында жер қойнауына кері айдалатын көлемде шикі газ бойынша төленбейді.

      740-бап. Салық базасы

      Салық кезеңінде өндірілген көмірсутектер көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

      741-бап. Көмірсутектері құнын айқындау тәртібі

      1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде өндірілген мұнайдың құны мынадай тәртіппен:

      1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін өткізілген мұнайдың нақты көлемі мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнімнің бір бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының көбейтіндісі ретінде;

      2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеуге алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеу үшін берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған мұнайдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде;

      3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне мұнайды заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстің 88-тарауына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне мұнайды заттай нысанда берген нақты көлемінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын беру бағасының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген тауарлы көмірсутектердің құнын өндірілген тауарлы көмірсутектер көлемі мен осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен салық кезеңінде есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындайды.

      3. Мұнайдың әлемдiк бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.

      Осы тармақтың мақсаты үшін бағаны бағамдау "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" дереккөзінде жарияланған ақпараттар негізінде салық кезеңінде "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) мұнайының стандартты сортының әрбірін жеке алғанда шетел валютасындағы мұнай бағасын бағамдауды білдіреді.

      Осы дереккөзде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар:

      "Argus Media Ltd" компаниясының "Argus Crude" дереккөзінің деректері бойынша;

      жоғарыда көрсетілген дереккөздерде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады.

      Мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін өндірілген мұнайдың өлшемнің стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетілген сапасына келтірілген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес жүргізіледі.

      Бұл ретте пайдалы қазбаларды өндіруге салықты есептеу мақсатында өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      К барр. орт. = (V тонн 1 х К барр.1 + V тонн 2… х К барр.2... + V тонн n х К барр.n) / V тонн S, мұндағы:

      К барр. орт. – үтірден кейінгі төрт белгіге дейін нақты есептелетін орташа өлшемді баррельдеу коэффициенті;

      V тонн – мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;

      К барр.1, К барр.2 ... + К барр.n –өндірілген мұнайдың әрбір тиісті партиясы бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері;

      V тонн S – метрикалық тоннада көрсетілген салық кезеңінде өндірілген мұнайдың жалпы көлемі;

      Мұнайдың әлемдік бағасы мына формула бойынша айқыналады:

     


      мұнда:

      S – салық кезеңіндегі мұнайдың әлемдік бағасы;

      P1, P2 ..., Рn - салық кезеңі ішінде бағаларының бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

      Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

      n - салық кезеңіндегі бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.

      Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:

     


      мұнда:

      Pn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

      Сn1 - "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сорты бағасының күнделікті бағамдалуының төменгі мәні (min);

      Сn2 - "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сорты бағасының күнделікті бағамдалуының жоғарғы мәні (max).

      Жер қойнауын пайдаланушы "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) мұнайының белгілі бір стандартты сортына мұнайды жатқызуды мұнайды беруге арналған шарттар негізінде жүргізеді. Беруге арналған шартта мұнайдың стандартты сорты көрсетілмесе немесе жоғарыда көрсетілген стандартты сорттарға қатысы жоқ мұнайдың сорты көрсетілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берілген мұнай көлемін әлемдік орташа бағасы салық кезеңі ішінде ең жоғары болып табылатын мұнайдың сондай сортына жатқызуға міндетті.

      4. Шикі газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерiн бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды ескере отырып, салық кезеңiндегі бағалардың шетел валютасындағы күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін бағаны бағамдау "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts European Gas Daily" дереккөзінде жарияланған ақпарат негізінде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының салық кезеңі ішінде шетел валютасындағы бағамдалуын білдіреді.

      Осы дереккөзде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға:

      1) "Argus Media Ltd" компаниясының "Argus European Natural Gas" дереккөзінің деректері бойынша;

      2) жоғарыда көрсетілген дереккөздерде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады.

      Табиғи газдың әлемдік бағасы мына формула бойынша анықталады:

     


      мұнда:

      S – шикі газдың салық кезеңіндегі әлемдік бағасы;

      P1, P2..., Pn – салық кезеңі ішінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

      Е – тиiстi салық кезеңiндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

      n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.

      Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:

     


      мұнда:

      Рn – бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

      Сn1 - "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күн сайынғы бағамдалуының төменгі мәні (mіn);

      Сn2 - "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күнделікті бағамдалуының жоғарғы мәні (max).

      5. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі газдың, сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газдың құны мынадай тәртіппен:

      1) жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген кезде - осы Кодекстің 745-бабының 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын салық кезеңінде қалыптасқан өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде;

      2) осы Кодекстің 739-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндіру үшін өндірілген ілеспе газды пайдаланған кезде және (немесе) өндірілген шикі газды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде – нақты көлемін шығару ретінде:

      сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының;

      жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының нақты көлемі ретінде;

      Егер шикі газ мұнаймен ілестіріле өндірілсе, шикі газды өндірудің өндірістік өзіндік құны мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде:

      шикі газдың бір мың текше метрі 0,857 тонна мұнайға сәйкес келетін қатынасында айқындалады;

      3) Осы Кодекстің 739-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы өндірілген шикі газды пайдаланған кезде – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      6. Көмірсутектердің стандартты сорттарының әлемдік бағасын уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен әрбір салық кезеңі бойынша айқындайды және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

      742-бап. Салықты есептеу тәртібі

      1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы салық салу объектілерінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негізінде айқындалады.

      2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік жыл ішінде, осы Кодекстің 743-бабында келтірілген шкалаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені қолданады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдалану құқығын берген (ауысқан) жағдайда жер қойнауын пайдалануға бір келісімшарттың шеңберінде жалпы мәлімделген жылдық көлеміне сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығын беру (ауысу) фактісіне қарамастан, жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша өндірудің осындай жер қойнауын пайдалануға пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың мөлшерлемелері қолданылады.

      Бюджетке төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган салық органына жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша көмірсутектерді өндірудің алдағы жылға жоспарланған көлемі туралы мәліметтерді ағымдағы күнтізбелік жылдың 20-шы қаңтарына дейін табыс етеді.

      3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өндірілген көмірсутектердің нақты көлемі осындай келісімшарт бойынша жоспарланған көлемге сәйкес келмесе және пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемелерінің өзгеруіне әкеп соқса, жер қойнауын пайдаланушы есепті жылға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету жасауға міндетті.

      Пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету есепті салық жылының соңғы салық кезеңіндегі декларацияда осы Кодекстің 743-бабына сәйкес айқындалған өндірілген көмірсутектердің нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін есепті салық жылының 1-3-тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияларда есептелген салық базасына қолдану жолымен жүргізіледі.

      Жүргізілген түзетулерді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы есепті жылдың соңғы салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.

      743-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді

р/с

Жылдық өндіру көлемі

Мөлшерлемелер, %-бен

1

2

3

1

250 000 тоннаға дейін қоса алғанда

5

2

500 000 тоннаға дейін қоса алғанда

7

3

1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

8

4

2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

9

5

3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

10

6

4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

11

7.

5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

12

8.

7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

13

9.

10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

15

10.

10 000 000 тоннадан жоғары

18

      Мұнайды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, оның ішінде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығының, экспортқа рента салығының, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі есебіне мемлекет атынан алушыға өткізген және (немесе) берген жағдайда немесе осы Кодекстің 739-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіппен өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады.

      Шикі газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды.

      Ішкі нарықта шикі газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша төленеді:

р/с

Жылдық өндіру көлемі

Мөлшерлемелер, %-пен

1

2

3

1.

1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда

0,5

2.

2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда

1,0

3.

2,0 млрд. текше м.-ден жоғары

1,5

      2. Рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті, игерілген (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) санаттарына жатқызылатын кен орындары үшін мұнайға пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық мөлшерлемелерін көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

§2. Базалық құрылыс материадарын қоспағанда, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы

      744-бап. Салық салу объектісі

      Егер осы баптың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.

      Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға кен емес пайдалы қазбалардың салық кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

      Осы бөлімнің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде нормаланған ысыраптардың көлемі шегеріле отырып, минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі болып табылады.

      Нормаланған ысыраптардың көлемі осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасы негізінде белгіленеді.

      Салық салу объектісін айқындау мақсаттары үшін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын, минералдық шикізат қорларының есептілік және жиынтық баланстарында қолданылатын өлшем бірліктері пайдаланылады.

      745-бап. Салық базасы

      1. Салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың өтелген қорларының салық салынатын көлемінің құны, кен емес қатты пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

      2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында минералды шикізат:

      1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикізат;

      2) құрамында бір мезгілде осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар және пайдалы қазбалардың басқа да түрлері бар минералдық шикізат;

      3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбаларды қоспағанда, басқа да пайдалы қазбалар бар минералды шикізат;

      4) кен орнында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндірілген минералды шикізат;

      5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін минералды шикізат болып бөлінеді.

      3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың өтелген қорларының салық салынатын көлемінің құны:

      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың өтелген қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңінде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады.

      Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиісті салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтіндісі ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.

      Осы баптың мақсаттары үшін бағаны бағамдау пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген және "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының Metal Bulletin" журналында, "Metal-pagesLimited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланатын баға бағамдалуын білдіреді.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, орташа биржалық баға мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұнда:

      S - пайдалы қазбаға салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;

      Р1, Р2..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

      Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

      n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.

      Пайдалы қазбаға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұнда:

      Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

      Сn1 - пайдалы қазбаға Cash бағасының күн сайынғы бағамдалуы;

      Сn2 - пайдалы қазбаға Cash Settlement бағасының күн сайынғы бағамдалуы.

      Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:


, мұнда:

      S - алтынға, платинаға, палладийге салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;

      Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері алтынға, платинаға, палладийға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

      Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

      n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.

      Алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:


, мұнда:

      Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

      Сn1 - алтынға, платинаға, палладийге a.m. (таңертеңгі фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;

      Сn2 - алтынға, платинаға, палладийге p.m. (кешкі фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы.

      Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiндегі күмiске бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:


, мұнда:

      S - күміске салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;

      Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері күміске бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;

      Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

      n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.

      Пайдалы қазбаға орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың өтелген салық салынатын көлемінің құрамындағы әрбір пайдалы қазба түрінің барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге берілген көлемге қолданылады.

      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалар құны:

      осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың өтелген қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;

      минералды шикізаттың өтелген қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны - оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде, ал кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;

      3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

      4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлеріне қатысты қолданылады.

      5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбаны қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде айқындалады.

      6. Келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда:

      1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың өтелген қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;

      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың өтелген қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;

      3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.

      Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың өтелген қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбаларды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларына түзету енгізуге міндетті.

      Пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңіне жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.

      7. Осы баптың мақсатында салық кезеңі үшін өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады:

      Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. * Б2 ө. … + Vn ө.п. * Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұндағы:

      V1 ө.п., V2 ө.п., …, Vn ө.п. – салық кезеңінде өткізілетін пайдалы қазбалардың әрбір партиясының көлемдері;

      Б1 ө., Б2 ө., …, Бn ө. – салық кезеңінде әрбір партия бойынша пайдалы қазбаларды өткізудің нақты бағалары;

      n – салық кезеңінде өткізілген пайдалы қазбалар партиясының саны;

      V жалпы өткізу – салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өткізудің жалпы көлемі.

      Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.

      746-бап. Пайдалы қазбаларды өндіруге салық мөлшерлемелері

      Пайдалы қазбаларды, оның ішінде жаңа ғана бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізатты өндіруге арналған салық мөлшерлемелері мынадай өлшемде белгіленеді:

р/с


Пайдалы қазбалардың, оның ішінде жаңа ғана бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат

Мөлшерлемелер

1

2

3

4

1.

Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi

Хром кені (концентрат)

16,2 %

Марганец, темір-марганец кенi (концентраты)

2,5 %

Темір кенi (концентраты)

2,8%

Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс)

18,5 %

2.

Металлдар

Мыс

5,7 %

Мырыш

7,0 %

Қорғасын

8,0 %

Алтын, күміс, платина, палладий

5,0 %

Алюминий

0,25 %

Қалайы

3,0 %

Никель

6,0 %

3.

Құрамында металдар бар минералдық шикізат

Ванадий

4,0 %

Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар

6,0 %

4.

Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералдық шикізат

Ниобий, лантан, церий, цирконий

7,7 %

Галлий

1,0 %

5.

Құрамында шашыраңқы металдар бар минералдық шикізат

Селен, теллур, молибден

7,0 %

Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, талий, гафний, рений, осмий

6,0 %

6.

Құрамында радиоактивті металдар бар минералдық шикізат

Радий, торий

5,0 %

7.

Құрамында металл еместер бар минералдық шикізат

Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар

0 %

Фосфориты

4,0 %

Бор ангидриті

3,5 %

Барит

4,5 %

Тальк

2,0 %

Флюориттер

3,0 %

Воластонит

3,5 %

Шунгит

2,0 %

Графит және басқалар

3,5 %


Жарқырауық тас шикізаты:


8.

Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералдық шикізат

Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар

12,0 %

9.

Құрамында жасанды тастар бар минералдық шикізат

Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар

3,5 %

10.

Құрамында техникалық тастар бар минералдық шикізат

Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалар

2,0 %

11.

Сирек металлдар

Литий, бериллий, тантал, стронций

7,7%

12.

Жерде сирек кездесетін металдар

Празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютеций, иттрий

6,0%

13.

Кенге жатпайтын қатты пайдалы қазбалар

Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас

0,02 АЕК

Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы

0,06 АЕК

Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас

0,02 АЕК

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін пайдалы қазбалардың барлық түріне және минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленеді.

      Бұл ретте өндірілуі баланстан тыс қорлардың құрамынан рентабельділігі төмен кен орындарында жүзеге асырылатын, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылатын редакциядағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарымен белгіленген мөлшерлеме және салық салу базасы бойынша есептелген роялти мөлшерінде белгіленетін пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізу жағдайларын қоспағанда, баланстан тыс қорлардың құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін алынатын пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізген жағдайда өндіруге салық мөлшерлемесі 0 пайыз мөлшерінде салынатын қолданылмайды.

§ 3. Базалық құрылыс материалдарына, жерасты суларына және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы

      747-бап. Салық салу объектісі

      Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген базалық құрылыс материалдары, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

      Салық салу объектісін айқындау мақсаттары үшін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын, минералдық шикізат қорларының есептілік және жиынтық баланстарында қолданылатын өлшем бірліктері пайдаланылады.

      Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:

      1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;

      2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;

      3) өзiнiң шаруашылық мұқтаждары үшiн мемлекеттік мекемелер өндiретін жерасты сулары бойынша төленбейді.

      748-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

      1. Базалық құрылыс материалдары мен емдік балшықтарға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын заңда белгіленген, өндірілген базалық құрылыс материалдары мен емдік балшықтың көлемнің бірлігі үшін бір айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшерінде белгіленеді:

р/с

Базалық құрылыс материалдарының атауы

Мөлшерлеме, АЕК-те

1

2

3

1

Ұсақ жұмыр тас, қиыршық тас, саз, сазды тақта тастар, шойтас, суглинка, қиыршық тас-құм қоспасы, торф, сазды әктас, құрылыс құмы

0,02

2

Емдік балшықтар


      2. Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшерінде белгіленеді:

р/с

Пайдалы қазбалардың атауы

Мөлшерлемелер, АЕК-те

1

2

3

1.

Осы кестенің 2-14-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы

1,000

2.

Табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес су тұтынушыларға және сумен жабдықтау жөніндегі ұйымдарға сумен жабдықтау қызметтерін көрсету үшін пайдаланған жерасты суы

0,001

3.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісіне өткізген жерасты суы

0,001

4.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол:


4.1.

пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде және (немесе) ол басқа жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде соңғысы пайдалану үшін көлемі есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген құжатта көрсетілген, сумен жабдықтау жүйелері бойынша іс жүзінде берілген су шегінде пайдаланған жерасты суы

0,003

4.2.

жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерді орындау үшін, оның ішінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды (кір жуатын, әжетхана, жуынатын, шомылатын орындарды) қамтамасыз ету үшін пайдаланған жерасты суы

0,003

5.

Өндірістік-техникалық, техногендік жерасты сулары

0,003

6.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол медициналық қызметті, жұмыскерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ жұмыскерлердің қоғамдық тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодекстің 239-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін іске қосу кезінде ол пайдаланған жерасты суы

0,003

7.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өңірдің әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік сала объектілерін күтіп-ұстау үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

8.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс өндірісі объектісінде болу кезеңінде тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

9.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) оны қайта өңдеу үшін пайдаланған жерасты суы

0,003

10.

Санаторий-курорттық ұйым (санаториялар, профилакториялар) болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

11.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол санаторий-курорттық ұйымдарға (санаторияларға, профилакторияларға) өткізген жерасты суы
 

0,003

12.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристерді орналастыру орындарын пайдалануға беру үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

13.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес балаларға арналған сауықтыру лагері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және балаларға арналған сауықтыру лагерінің жұмыс істеу мақсаттары үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

14.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауыз су жерасты суы (4.2., 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-жолдарда көрсетілген мақсаттарға пайдаланылған жерасты суын қоспағанда)

0,250

      3. Өндірілген жерасты суын бөлек есепке алу болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгіленген жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең үлкен мөлшері қолданылады.

      749-бап. Салық кезеңі

      Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

      750-бап. Төлеу мерзімдері

      Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.

      751-бап. Салық декларациясы

      Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей береді.

86-ТАРМАҚ. ҮСТЕМЕ ПАЙДА САЛЫҒЫ

      752-бап. Жалпы ережелер

      1. Үстеме пайда салығы жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 753-бабына сәйкес үстеме пайда салығын төлеуші болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық кезеңінде есептеледі.

      2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық салу объектісін, сондай-ақ салық салумен байланысты мынадай объектілерді:

      1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты;

      2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табысты;

      3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жалпы табысты;

      4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерді;

      5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын;

      6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табыс салығының есеп айырысу сомасын айқындайды.

      753-бап. Төлеушілер

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме табыс салығын төлеушілер болып табылады.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:

      1) осы Кодекстің 715-баптың 1-тармағында көрсетілген;

      2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;

      3) барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгіленген үстеме салығын төлеушілер болып табылмайды.

      754-бап. Салық салу объектісі

      Осы Кодекстің 755-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25 пайызына тең сомадан асатын салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша осы Кодекстің 758-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объектісі болып табылады.

      755-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс

      1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс осы Кодекстің 756-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табыс пен осы Кодекстің 759-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      2. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс осы Кодекстің 760-бабына сәйкес есептелген осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты тұрақты мекеменің таза табыс салығының есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.

      756-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табыс

      Осы тараудың мақсатында салық салынатын табыс осы Кодекстің 288-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына азайтуды ескере отырып, осы Кодекстің 758-бабына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жылдық жалпы табыс пен осы Кодекстің 757-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсатында салық кезеңі үшін шегерімдердің жылдық жалпы табыстың сомасынан асып түсуі осы салық кезеңдерінің үстеме пайда салығына салықты есептеу мақсатында салық салынатын табыстың есебінен өтеу үшін көшіріледі.

      757-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жылдық жалпы табыс

      1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жылдық жалпы табысты келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы айқындау тәртібі осы баптың 2-тармағында көрсетілген осы Кодекстің 228, 234 және 235-баптарында көзделген табыстарды қоспағанда, жылдық жалпы кірісті айқындау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.

      2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 234 және 235-баптарында көзделген табыстар осы Кодекстің 258, 259, 270-баптарында көрсетілген активтерді өткізу, беру және кетудің толық құны мөлшерінде айқындалады.

      Осы Кодекстің 228-бабында көзделген табыстар, осы активтердің құны, үстеме пайдаға салынатын салықты есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған жағдайда, осы Кодекстің 258, 259, 270-баптарында көрсетілген активтерді сатудың, айырбастаудың және айналдырудың толық құнының мөлшерінде айқындалады.

      Үстеме пайда салығын есептеу мақсатында шегерiмге жатқызуға жатпайтын құны осы Кодекстiң 228-бабында көрсетiлген активтердi сатудан алынатын табыс мөлшері осы Кодекстiң 228-бабында көзделген тәртiппен айқындалады.

      758-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер

      1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерімдер:

      1) осы Кодекстің 242-248, 252-257, 261-263, 272-баптарына сәйкес есепті салық кезеңінде келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстардың;

      2) мыналарға:

      тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық балансына;

      осы Кодекстің 258, 259, 260-баптарына сәйкес пайда болған амортизацияланатын активтердің жекелеген топтарына енгізуге жататын, салық кезеңі ішінде келтірілген нақты шығындар сомасы ретінде айқындалады.

      Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жалпы және (немесе) жанама активтерді сатып алу бойынша шығындар жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша шегерімге жатқызуға жатады.

      2. 2018 жылғы салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсатында 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін үстеме пайда салығын есептеу мақсатында шегерімге жатқызылмаған шығындардың үстеме пайда салығын есептеу мақсатында жиналған соманы бір жолғы шегерім жүргізіледі.

      3. Егер шығыстардың сол бір түрлері осы бапта белгіленген шегерімдердің бірнешеуінде көзделсе, онда салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығыстар бір рет қана шегеріледі.

      759-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңі үшін осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеменің және осы Кодекстің 288-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ осы Кодекстің 299 және 300-баптарына сәйкес ауыстырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша залалдар сомасына азайтылған, осы Кодекстің 302-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      760-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы

      Осы тараудың мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңінде осы Кодекстің 313-бабының 3-тармағында белгіленген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық мөлшерлемесінің және осы Кодекстің 652-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есептелген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық салу объектісінің көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      761-бап. Есептеу тәртібі

      1. Салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 762-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектісінің әрбір бөлігіне қолдану арқылы жүргізіледі.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы:

      1) салық салу объектісін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектілерді айқындайды;

      2) осы Кодекстің 762-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомаларын мынадай тәртіппен:

      1 - 6-деңгейлер үшін - осы Кодекстің 762-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген әрбір деңгей үшін пайыздың және үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының көбейтіндісі ретінде;

      7-деңгей үшін:

      егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан көп болса - үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сома арасындағы айырма ретінде;

      егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан аз немесе соған тең болса - нөл ретінде айқындайды;

      3) осы Кодекстің 762-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық кезеңінде алынған нақты таза табысты мынадай тәртіппен бөледі:

      1-деңгей үшін:

      егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан асса, бірінші деңгей үшін бөлінген таза табыс бөлігі бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;

      егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан аз болса, онда бірінші деңгей үшін бөлінген таза табыс бөлігі салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасына тең болады. Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу келесі деңгейлер үшін жүргізілмейді;

      2 - 7-деңгейлер үшін:

      егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөлігінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан асса немесе соған тең болса, осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осы тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;

      егер салық кезеңі ішінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөлігінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан аз болса, осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осындай айырмаға тең болады.

      Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу келесі деңгейлерге арналып жүргізілмейді.

      Таза табыс бөліктерінің деңгейлері бойынша бөлінген жалпы сома салық кезеңі ішінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиіс;

      4) үстеме пайда салығының тиісті мөлшерлемесін осы Кодекстің 762-бабына сәйкес таза табыстың әрбір деңгейі бойынша бөлінген бөлігіне қолданады;

      5) осы Кодекстің 762-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, салық кезеңі үшін үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.

      762-бап. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін пайыздардың деңгейлері мен мөлшері

      Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртіппен айқындалатын мөлшерлемелердің өзгермелі шкаласы бойынша төлейді:

Деңгей №

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу шкаласы, шегерім сомасының пайызы

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін пайыз

Мөлшерлеме (%-да)

1

2

3

4

1

25 пайыздан кем немесе тең

25

белгіленбейді

2

25 пайыздан 30 пайызға дейін қоса алғанда

5

10

3

30 пайыздан 40 пайызға дейін қоса алғанда

10

20

4

40 пайыздан 50 пайызға дейін қоса алғанда

10

30

5

50 пайыздан 60 пайызға дейін қоса алғанда

10

40

6

60 пайыздан 70 пайызға дейін қоса алғанда

10

50

7

70 пайыздан жоғары

Осы Кодекстің 61-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

60

      763-бап. Салық кезеңі

      1. Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

      2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.

      3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.

      4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

      764-бап. Салықты төлеу мерзімі

      Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төленеді.

      765-бап. Салық декларациясы

      Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

87-ТАРАУ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН БАЛАМАЛЫ САЛЫҚ

      766-бап. Жалпы ереже

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында көмірсутекті өндіруге арналған және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарт;

      2) тереңдігі тау-кендік бөлудің шекарасының жоғарғы нүктесінің 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлудің төменгі нүктесінен 5000 метр және одан төмен кен орындары бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасасқан заңды тұлғалар - жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың және үстеме пайда салығының орнына қолдануға құқылы.

      Осы құқықты қолдану жер қойнауын пайдалануға арналған өндіру келісімшарты жасалған күннен бастап немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі басталғаннан тиісті келісімшарттың қолданылуы аяқталған күнге дейін жүргізіледі және өзгертуге жатпайды.

      Салық төлеуші осы құқықты қолдану туралы хабарламаны өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі басталғаннан бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.

      Осындай хабарлама болмаған жағдайда тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем, пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен үстеме пайда салығы бойынша салық міндеттемесін орындау осы Кодекстің 84-86-тарауларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап баламалы тәртіпті қолдану құқығы жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағында көрсетілген, 2018 жылғы 1 қаңтарына дейін жасалған келісімшарт бойынша арнайы төлемдер мен салықтар бойынша салық міндеттемесін орындауды жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қолданудың қалған барлық кезеңіне жүргізіледі және өзгертуге жатпайды, бұл туралы салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына 2018 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей хабарлама жібереді.

      767-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу тәртібі

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңі үшін айқындалады.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықтың салық салу объектісі жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық табысы мен осы Кодекстің 287-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықтың мақсаттары үшін шегерімдердің арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.

      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық табысқа жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу мақсатында жылдық жиынтық табысқа қосуға жатпайтын теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуін қоспағанда, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және осы Кодекстің 241-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзетуді есепке алмай айқындалады.

      4. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу мақсаты үшін шегерімдер корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін мыналар:

      оның ішінде осы Кодекстің 246-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын немесе күрделі шығындар ретінде есепке алынуға жататын сыйақы шегерімге жатпайтыны;

      теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі шегерімге жатпайтыны;

      есептелген (есепке жатқызылған) корпоративтік табыс салығының сомасы шегерімге жатпайтыны ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіпте айқындалады.

      5. Егер сол бір шығыстар (шығындар) осы баптың 4-тармағында белгіленген шығыстардың (шығындардың) бірнеше түрінде көзделген жағдайда, онда жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу кезінде аталған шығыстар (шығындар) тек бір рет шегеріледі.

      6. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықтың салық салу объектісінің жүргізу жолымен және осы Кодекстің 768-бабында белгіленген мөлшерлемемен жүргізіледі.

      768-бап. Салық мөлшерлемесі

      Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып, мына мөлшерлемелер бойынша есептеледі:

р/с

Әлемдік баға

Мөлшерлеме %-бен

1

2

3

1.

бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

0

2.

бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

6

3.

бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

12

4.

бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

18

5.

бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

24

6

бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларынан аса

30

      769-бап. Салық кезеңі

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.

      2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.

      3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.

      4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

      770-бап. Салықты төлеу мерзімі

      Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төленуге жатады.

      771-бап. Салық декларациясы

      Салық төлеуші жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есептілік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

88-ТАРАУ. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУГЕ САЛЫҚ, КӨМІРСУТЕКТЕР БОЙЫНША ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ, РОЯЛТИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНІМДІ БӨЛУ БОЙЫНША ҮЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ЗАТТАЙ НЫСАНДА ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ

      772-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау тәртібі

      1. Роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін ақшалай нысанда орындау мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

      1) осы Кодекстің 722-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта роялтиді және (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының беруі көзделген;

      2) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған кезде уақытша, толық немесе ішінара заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.

      2. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау үшін:

      1) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 722-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не осындай келісімде және (немесе) келісімшартта көзделген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға береді;

      2) мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, пайдалы қазбаларды дербес немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы міндеттемені заттай нысанда орындауы есебіне алынған пайдалы қазбаларды өткізуді мынадай:

      1) заңдылық;

      2) ашықтық;

      3) айқындылылық;

      4) адалдық;

      5) әділдік;

      6) мейлінше жоғары пайда алу;

      7) ілеспе шығыстарды мейлінше азайту қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырады;

      3) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелген мөлшерде ағымдағы төлемдерді айқындайды және бюджетке аударады;

      4) жер қойнауын пайдаланушы, мемлекет атынан алушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша декларацияны (ағымдағы төлемдердің есебін) орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте көзделген тәртіппен және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етеді.

      3. Күнтізбелік тоқсан салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін заттай нысанда орындауы үшін салық кезеңі болып табылады.

      Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды іс жүзінде өткізуден алынған ақшаны төлеу бөлігіндекүнтізбелік жыл мемлекет атынан алушы үшін салық кезеңі болып табылады.

      4. Салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей табыс етеді.

      6. Мемлекет атынан алушы орналасқан жеріндегі салық органына:

      1) салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей табыс етеді.

      Осы Кодекстің 210-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін табыс етуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді;

      2) күнтізбелік жыл үшін салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

      Мемлекет атынан алушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындауға байланысты қызметке қатысты корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етпейді.

      7. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ағымдағы төлемдерді қоспағанда, салық кезеңі ішінде мемлекет атынан алушы тоқсан сайын салықтарды заттай нысанда төлеу есебіне ағымдағы төлемдерді айқындайды және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударады.

      Алдыңғы салық кезеңдері үшін алынған, бірінші тоқсанда өткізілген пайдалы қазбалар бойынша ағымдағы төлемдер алдыңғы күнтізбелік жылдың төртінші тоқсаны үшін заттай нысандағы ағымдағы төлемдердің қосымша есебінде көрсетілуге жатады және осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзімде бюджетке аударылады.

      Ағымдағы төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес өтелуге жататын, осындай өткізу бойынша шығыстар азайтыла отырып, тиісті салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақша мөлшерінде бюджетке аударылады.

      8. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақшаны төлеуді мемлекет атынан алушы жүзеге асырады. Мұндай төлеу өнімді бөлу туралы тиісті келісімде (келісімшартта) және (немесе) осы Кодекстің 722-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген валютада жүзеге асырылады.

      Заттай нысандағы салық міндеттемесінің күнтізбелік жыл үшін мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.

      9. Төлеу (аудару) кезінде төлем құжаттарында мемлекет атынан алушының атауы мен сәйкестендіру нөмірі де көрсетіледі.

      10. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемінің ақшалай мәнге аударылғандағы мөлшерінде айқындалады.

      11. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі жер қойнауын пайдаланушы үшін салық кезеңінде берілуге жататын пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мен салық кезеңінде нақты берілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Пайдалы қазбалардың физикалық көлемі осы Кодекстің 722-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес айқындалған шартты бағалар қолданыла отырып, ақшалай мәнге аударылады.

      Осы Кодекстің 722-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта шартты бағаларды айқындау тәртібі болмаған жағдайда, мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.

      12. Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелетін салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың есепті күнтізбелік жылда өткізуге жататын физикалық көлемі мен есепті күнтізбелік жылда нақты өткізілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін есепті күнтізбелік жылдағы орташа өлшемді нақты баға қолданыла отырып, бірақ осы баптың 11-тармағында көзделген орташа өлшемді шартты бағадан кем болмайтындай ақшалай мәнге аударылады.

      773-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi

      1. Осы Кодекстің 715-бабының 2-тармағында және 737-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.

      2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық немесе iшiнара жүргізілуі мүмкін.

      3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығының мөлшері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде ақшалай мәнде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.

      Міндеттемені орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.

      4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеуі көзделетін қосымша келісім жасасқан кезде онда:

      1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, көмісутектер бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін мемлекет атынан алушы;

      2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін жеткізу пункті, шарттары және мерзімдері міндетті түрде көрсетіледі.

      5. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбаларды салық төлеушінің беру мерзімдері осы Кодексте белгіленген осы салықтар мен төлемдерді ақшалай нысанда төлеу мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.

      6. Мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, көмірсутектер экспортқа рента салығының тиесілі сомасын осы Кодексте белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімдерінде ақшалай нысанда бюджетке аударады.

      7. Мемлекет атынан алушы салық төлеушінің пайдалы қазбалардың тиiстi көлемін өзіне уақтылы әрі толық беруiне бақылауды дербес жүзеге асырады.

      Салық төлеуші Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығының бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына салық төлеуші пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауапты болады.

      8. Салық төлеуші және мемлекет атынан алушы орналасқан жері бойынша салық органдарына осы Кодексте белгіленген шикі мұнай, газ конденсаты бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының және экспортқа

      рента салығының мөлшерлері және төлеу (беру) мерзімдері туралы осы Кодексте белгіленген мерзімде заттай нысанда және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша есептілік ұсынады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады