"Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.04.2019 № 180 қаулысымен.3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі есепті жылдан кейінгі 25 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.04.2019 № 180 қаулысымен.4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы "19" қыркүйектегі |
|
№ 580 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.04.2019 № 180 қаулысымен.
Р/с№ | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-бөлім. Дін саласындағы заңнаманы жетілдіру | ||||||
1. | "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу | тұжырымдама | ДІАҚМ | 2017 жылғы 3-тоқсан | - | талап етілмейді |
2. | "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ДІАҚМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша), ІІМ, АКМ, БҒМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы 4-тоқсан | - | талап етілмейді |
3. | "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ДІАҚМ | 2017 жылғы 4-тоқсан | - | талап етілмейді |
4. | Діни қызмет саласындағы қолданыстағы ведомстволық (салалық) нормативтік құқықтық актілерге талдауды жүзеге асыру және Дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келтіру | Дін істері және азаматтық қоғам министрінің талдауы және бұйрығы | ДІАҚМ, ІІМ, Қорғанысмині, АКМ, БҒМ, МСМ | 2018 жылғы ақпан | - | талап етілмейді |
5. | Үкіметтің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу | хаттама | ДІАҚМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы 4-тоқсан | - | талап етілмейді |
6. | Діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен бірлесіп, діни бірлестіктер мен олардың филиалдары қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жөнінде ұсыныстар әзірлеу | іс-шаралар жоспары | ДІАҚМ, Қаржымині, Қазақстанның Азаматтық альянсы (келісім бойынша), діни бірлестіктер (келісім бойынша) | 2017 жылғы 4-тоқсан | - | талап етілмейді |
7. | Діни бірлестіктер қызметінің құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келуін қамтамасыз ету | АҚДМ-ға ақпарат | ІІМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
2-бөлім. Мемлекет дамуының зайырлы қағидаттарын нығайту | ||||||
8. | Қоғамда дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге және ілгерілетуге, зайырлы мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың Жалпыұлттық оқиғалық кестесін әзірлеу және бекіту | Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы | АҚДМ, ІІМ, Қорғанысмині, БҒМ, МСМ, ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 1 желтоқсанға дейін | - | талап етілмейді |
9. | Зайырлы мемлекет жағдайларындағы мемлекеттің, қоғамның және діннің өзара қарым-қатынастары моральдық-этикалық және адамгершілік нормаларының жинағын қалыптастыру жөнінде ұсыныстарды пысықтау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | ДІАҚМ, МСМ, БҒМ, АКМ, ІІМ | 2018 жылғы 2-тоқсан | - | талап етілмейді |
10. | Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жария ету жөніндегі медиа-жоспарды бекіту | Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы | АҚДМ, ІІМ, Қорғанысмині, БҒМ, МСМ, ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 1 желтоқсанға дейін | - | талап етілмейді |
11. | Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу | іс-шаралар жоспары | АҚДМ, ІІМ, БҒМ, МСМ, ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері, Қазақстанның Азаматтық альянсы (келісім бойынша) | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
12. | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бөлінген қаражат шеңберінде мемлекеттің зайырлы қағидаттары мен оның құндылықтарын, этносаралық, дінаралық және конфессияаралық диалогты және келісімді, діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылды ілгерілету жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару | әдістемелік құралдар, анықтамалықтар, брошюралар, жинақтар, иллюстрациялы буклеттер, күнтізбелер және басқа да ақпараттық материалдар | АҚДМ, МСМ, БҒМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
13. | Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары, республиканың өркениетаралық және дінаралық диалогқа қосқан үлесі, радикалды идеологияға төзбеушілік туралы, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бөлінген қаражат шеңберінде қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару | қоғамдық маңызы бар әдебиет | АҚДМ, МСМ | жыл сайын, 2018 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, Қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы) |
14. | Қоғам дамуының зайырлы қағидаттарын, конфессияаралық келісімді, халықтың барлық нысаналы топтары арасында діни радикализмнің идеологиясына төзбеушілікті нығайтуға бағытталған деректі фильмдер, оқу-танымдық телехабарлар, телевизиялық сюжеттер, әлеуметтік бейнероликтер мен басқа да медиа-өнімдер топтамаларын дайындау және шығару | ақпараттық материалдар | АҚДМ, МСМ, БҒМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы) |
15. | Халықтың діндар бөлігі арасында кәмелетке толмаған балалардың өмірі мен денсаулығы, білімі мен тәрбиесі, олардың әлеуметтік қорғалуы үшін отбасының рөлін күшейту ата-ананың немесе олардың орнындағы адамдардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу | іс-шаралар жоспары | АҚДМ, БҒМ, ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
16. | Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша мемлекеттік қызметшілерді, құқық қорғау органдарының, арнаулы органдардың және Қарулы Күштердің қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін оқыту семинарларын, тренингтер ұйымдастыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, Қорғанысмині | жыл сайын, 2018 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
17. | Діни тақырыпты жария ету бойынша республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру | семинарлар, тренингтер | АҚДМ, БҒМ, ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
18. | Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылу барысы туралы қоғамдық пікірді мониторингтеу мақсатында әлеуметтік және талдамалық зерттеулер ұйымдастыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, БҒМ, ҚСЗИ (келісім бойынша), БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты (келісім бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
19. | Елдегі және әлемдегі діни ахуалдың жай-күйін және даму серпінін жүйелі түрде мониторингтеуді жүзеге асыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), ІІМ, СІМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
20. | Қазақстан қоғамының зайырлы құндылықтарын нығайту мен ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, МСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы) |
21. | Жалпыға бірдей білім беретін мектептердің 8-сыныптарына арналған "Қоғам және дін" курсының оқу бағдарламасын әзірлеу | оқу бағдарламасы, оқулық |
БҒМ, ДІАҚМ, | 2017 жылғы қыркүйек | - | талап етілмейді |
22. | Рухани (діни) білім беру ұйымдарының және дін қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстарының оқу бағдарламаларына зайырлылық компонентін енгізу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | БҒМ, ДІАҚМ | 2018 жылғы 1-тоқсан | - | талап етілмейді |
23. | Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес дінтану және теология жөніндегі білім беру бағдарламаларын жетілдіру | білім беру бағдарламалары | БҒМ, ДІАҚМ | 2018 жылғы 2-тоқсан | - | талап етілмейді |
24. | Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дінтанушы мамандарға мұқтаждықты айқындау үшін мониторинг жүргізу | АҚДМ-ға ақпарат | БҒМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
25. | Мониторингтеу нәтижелері бойынша жоғары білімді дінтанушы мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру | БҒМ-ға ұсыныстар | АҚДМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы) |
26. | Бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес келуі тұрғысынан рухани діни білім беру ұйымдарының (университет, медресе, жексенбілік мектептер, семинариялар және т.б.) қызметіне мониторингтеуді жүргізу | АҚДМ-ға ақпарат | БҒМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын 25 шілдеге, 25 желтоқсанға дейін | - | талап етілмейді |
27. | Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеуге, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, діни радикализмге қарсы иммунитетті дарытуға бағытталған әлеуметтік маңызды мәдени іс-шараларды жүргізу | АҚДМ-ға ақпарат | МСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (017 "Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту", 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, Қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламалары) |
28. | Халықтың нысаналы топтары арасында шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерін, мәдениет және спорт қайраткерлерін тарта отырып, Қазақстан халқының рухани және мәдени мұрасын сақтау, мемлекет дамуының зайырлы қағидаларын нығайту, діни радикализм идеологиясына қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу | іс-шаралар жоспары | АҚДМ, МСМ, БҒМ, ДСМ | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
29. | Жастар, мәдени және спорттық ұйымдар арасында жағымсыз этносаралық және конфессияаралық алауыздық және төзімсіздік стереотиптерінің көріністеріне жол бермеу жөнінде кешенді шаралар әзірлеу | іс-шаралар жоспары | ДІАҚМ, МСМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы 1-тоқсан | - | талап етілмейді |
30. | Интернет желілерінде радикалды діни идеялардың таралуының алдын алу бойынша мұғалімдерге, тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған ақпараттық материалдарды әзірлеу | брошюралар, буклеттер, бейнеөнімдер мен басқа да ақпараттық материалдар | АҚДМ, БҒМ, ІІМ | жыл сайын, 2018 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
31. | Мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық диалогты нығайтуға, деструктивті діни ағымдардың идеяларын тарату профилактикасына бағытталған жобаларды іске асыруға діни бірлестіктерді тарту жөнінде шаралар кешенін әзірлеу | іс-шаралар жоспары | ДІАҚМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы 1-тоқсан | - | талап етілмейді |
32. | Діни бірлестіктермен бірлесіп, қайырымдылық пен меценаттықты дамытуға, демографиялық тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың сана-сезімінде отбасылық құндылықтарды дарытуға бағытталған іс-шаралар өткізу | іс-шаралар жоспары | ДІАҚМ, діни бірлестіктер (келісім бойынша) | 2018 жылғы 1-тоқсан | - | талап етілмейді |
33. | Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының XVII отырысына, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезіне дайындалу, оны ұйымдастыру және өткізу | іс-шаралар жоспары | ДІАҚМ, СІМ, АКМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы қазан | - | республикалық бюджет (006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы) |
34. | Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVIII-XIX отырыстарына, съезд хатшылығы жұмыс тобының отырыстарына дайындалу, оларды ұйымдастыру мен өткізу | іс-шаралар жоспары | АҚДМ, СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша) республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы) |
35. | Дін саласындағы мәселелер бойынша әлем мемлекеттерінің, оның ішінде ЭЫДҰ елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту | меморандумдар, келісімдер | АҚДМ, СІМ | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
36. | Діни төзімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бөлігінде ЕҚЫҰ-мен, халықаралық және отандық ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты нығайту | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, СІМ | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (005 "Шетелдік іссапарлар" бюджеттік бағдарламасы) |
37. | Дінаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін танымал ету жөніндегі ізгілік сипаттағы шетел іс-шараларына қатысу | конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, халықаралық көрмелер | АҚДМ, СІМ | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (005 "Шетелдік іссапарлар" бюджеттік бағдарламасы) |
3-бөлім. Діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимыл және деструктивті ағымдардың қызметін бейтараптандырудың жалпымемлекеттік жүйесі | ||||||
38. | Діни-экстремистік және террористік идеологияларды ұстанушыларды, оның ішінде діни экстремизм мен терроризм үшін жазасын өтеп жүрген адамдарды радикалды көзқарастан арылту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша діни қызмет саласындағы уәкілетті органның, жергілікті атқарушы, арнаулы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | ДІАҚМ, ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, БП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы 1-тоқсан | - | талап етілмейді |
39. | "Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар санының өзгеруі" нысаналы индикаторын есептеу, жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу | Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығы | ДІАҚМ, ҰЭМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2018 жылғы 1-тоқсан | - | талап етілмейді |
40. | 2020 жылға дейінгі өңірлер бөлінісінде "деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар санының өзгеруі" нысаналы индикаторының жоспарлы мәндерін бекіту | Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығы | ДІАҚМ, ҰЭМ, ҰҚК (келісім бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | 2018 жылғы 2-тоқсан | - | талап етілмейді |
41. | Озық халықаралық тәжірибені енгізе отырып, радикалды діни идеологияға ұшыраған адамдарды радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру жөнінде бірыңғай әдістер мен дербес бағдарламаларды әзірлеу | Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығы | ДІАҚМ, ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ | 2017 жылғы желтоқсан | - | талап етілмейді |
42. | Радикалды діни идеологияға ұшыраған адамдарды оңалту, радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі орталықтар жұмысының тиімділігін бағалау индикаторларын әзірлеу және бекіту | Дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығы | ДІАҚМ, ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | 2018 жылғы қаңтар | - | талап етілмейді |
43. | Радикалды діни идеологияға ұшыраған адамдарды оңалту, радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі орталықтардың қызметін қамтамасыз ету | іс-шаралар жоспары | АҚДМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
44. | Жұмыс істеп жатқан оңалту, радикалды көзқарастан арылту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі орталықтарға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды психологиялық оңалту қызметтеріне консультациялық-әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, ІІМ, ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
45. | Деструктивті діни идеологияны ұстанушылар қатарынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, ІІМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
46. | Теологиялық білімді шетелде алуды нақты қалайтын адамдармен отандық теологиялық оқу орындарында білім алудың орындылығы туралы түсіндіру әңгімелерін жүргізу | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, БҒМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
47. | Азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаларды талқылау | Премьер-Министр Кеңсесіне ақпарат | АҚДМ, ІІМ, БҒМ, МСМ, ДСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері, Қазақстанның Азаматтық альянсы (келісім бойынша) | 2018 жылдан бастап, қажеттілігіне қарай | - | талап етілмейді |
48. | Республикадағы діни құқықтарды сақтау туралы материалдарды тұрақты негізде дайындау мәселелері бойынша отандық ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасау | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, ҮЕҰ (келісім бойынша) | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
49. | Республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде теологиялық қызметтердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін кешенді шаралар әзірлеу | іс-шаралар жоспары | ІІМ, БП (келісім бойынша), ДІАҚМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейін | - | талап етілмейді |
50. | Діни экстремизмге қарсы іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар қызметкерлерінің дінтану құзыретін арттыру | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, ІІМ, БП (келісім бойынша) | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
51. | Мемлекеттік қызмет, құқық қорғау және арнаулы органдар, Қарулы Күштер жүйесіне деструктивті діни ағымдардың экстремистік және террористік идеологияларының енуіне жол бермеуге ықпал ететін кешенді шаралар әзірлеу | іс-шаралар жоспары | ДІАҚМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), Қорғанысмині, ІІМ, Қаржымині | 2018 жылғы 1-тоқсан | - | талап етілмейді |
52. | Халық арасында діни негіздегі шиеленістердің алдын алу және оның профилактикасы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу | АҚДМ-ға ақпарат | ІІМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | тоқсан сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
53. | Діни бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, халықты деструктивті діни ағымдар идеологиясынан сақтандыру бойынша қарсы насихат іс-шараларын жүргізу | іс-шаралар жоспары | АҚДМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
54. | Діни, экстремистік және террористік сипаттағы ақпараттық материалдарға сот және дінтану сараптамаларының қорытындылары бойынша бірыңғай дерекқорын құруды пысықтау | Президент Әкімшілігіне ұсыныстар | ДІАҚМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2017 жылғы қараша | - | талап етілмейді |
55. | Діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттаудан тұратын материалдарды анықтау тұрғысынан интернет-ресурстарға, оның ішінде әлеуметтік желілерді мониторингтеуді ұйымдастыру, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оларға республиканың аумағында қолжетімділікті шектеу жөнінде шаралар қабылдау | дінтану сараптамалары ның қорытынды лары | АҚДМ, ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
56. | Азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, діни экстремизмге қарсы іс-қимылға бөлінген бюджет қаражатын мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес құрылымдардың тиімді пайдалануына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері, Қазақстанның Азаматтық альянсы (келісім бойынша) | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
57. | Ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат | АҚДМ, "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша) | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
58. | Жалпыға бірдей білім беру, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында одан әрі тарату үшін діни экстремизм мен деструктивті діни ағымдар идеологиясының профилактикасы бойынша суреттелген ақпараттық материалдарды шығару | брошюралар, буклеттер, жадынамалар | АҚДМ, БҒМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | республикалық бюджет (002 "Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру" бюджеттік бағдарламасы) |
59. |
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының | БАҚ-қа ақпарат | АҚДМ | жыл сайын, 2017 – 2020 жылдар | - | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АКМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ДІАҚМ – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
ҚСЗИ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
СБҚ "Сырбар" – Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы