"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 591 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба
  2017 жылғы қыркүйек

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

      ЖАЛПЫ БӨЛІМ      15

      I БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР      15

      1-тарау. Жалпы ережелер      15

      1-бап.      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы      15

      2-бап.      Осы Кодексте реттелетін қатынастар      15

      3-бап.      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері      16

      4-бап.      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының қағидаттары      17

      5-бап.      Мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану      17

      6-бап.      Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздік      17

      7-бап.      Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік      17

      8-бап.      Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы      18

      9-бап.      Жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы      18

      10-бап. Жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығы      18

      2-тарау. Жер қойнауы және олардың ресурстары      19

      11-бап. Жер қойнауы және олардың ресурстары      19

      13-бап. Пайдалы қазбалар және олардың сыныптамасы      19

      14-бап. Техногендік минералдық түзілімдер, техногендік минералдық түзілімдерге арналған құқықтар      20

      15-бап. Кен орындары және олардың саралануы      22

      16-бап. Өндірілген пайдалы қазбаларға меншік      23

      17-бап. Жер қойнауы кеңістігі      23

      II БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ      23

      3-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы туралы жалпы ережелер      23

      18-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы ұғымы мен мазмұны      23

      19-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері      24

      20-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектісі ретінде жер қойнауы учаскесі      24

      21-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының туындауы және оны сатып алу негіздері      25

      22-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату негіздемелері      25

      23-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар түрлері      26

      24-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу үшін жобалау құжаттары      26

      25-бап. Бір аумақта әртүрлі тұлғалардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуі      26

      26-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу үшін шектелген аумақтар      28

      27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу      29

      28-бап. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салу шарттары      30

      29-бап. Пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде қазақстандық кадрларды, тауар өндірушілерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді қолдауды қамтамасыз ету      30

      4-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығының режимдері      30

      § 1. Жер қойнауын пайдаланудың лицензияланған режимі      30

      30-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия ұғымы      31

      31-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия түрлері      31

      32-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның мазмұны      31

      33-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияға өзгерістер енгізу      32

      34-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату            33

      35-бап. Лицензияның жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдары            34

      § 2. Жер қойнауын пайдаланудың келісімшарттық режимі      34

      36-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ұғымы      34

      37-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мазмұны      35

      38-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу      37

      39-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын тоқтату            38

      5-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы, жер қойнауын пайдалану құқығы және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер айналымына мемлекеттік бақылау      38

      40-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы      38

      41-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ұғымы            41

      42-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы      41

      43-бап. Мемлекеттің басым құқығы      42

      44-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және онымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру      43

      45-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру тәртібі            46

      46-бап. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібі      50

      47-бап. Жер қойнауын пайдаланушы бақылаудың өзгеруі туралы хабардар ету            51

      48-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына ауыртпалық салу      52

      6-тарау. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезіндегі оператор            53

      49-бап. Операторды тағайындау және оның міндеттері      53

      50-бап. Оператордың мүлкі      54

      51-бап. Оператордың жауапкершілігі      54

      III БӨЛІМ.      ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ      54

      7-тарау. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде қауіпсіздік бойынша талаптар      54

      52-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздік      54

      53-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік      55

      8-тарау. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою      56

      54-бап. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою туралы жалпы ережелер      56

      55-бап. Жоюды қаржыландыру      56

      56-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі кепілдік      57

      57-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі банктік жарна кепілі      58

      58-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру      58

      IV БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ      59

      9-тарау. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органдар жүйесі             59

      59-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі      59

      60-бап. Құзыретті орган      59

      61-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган      60

      62-бап. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган      60

      63-бап. Уран саласындағы уәкілетті орган      61

      64-бап. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган      62

      65-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары      63

      10-тарау. Жер қойнауының мемлекеттік қоры      63

      66-бап. Жер қойнауының мемлекеттік қоры      63

      67-бап. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы      64

      68-бап. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін есепке алу      65

      69-бап. Жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры      66

      70-бап. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі      67

      71-бап. Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерделеу      67

      72-бап. Геологиялық ақпарат      68

      73-бап. Жер қойнауын пайдаланушының есептілігі      71

      74-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті беру      71

      V БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДАУЛАР, ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ      73

      11-тарау. Жер қойнауын пайдалануға байланысты дауларды шешу және жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік      73

      75-бап. Жер қойнауын пайдалануға байланысты дауларды шешу тәртібі      73

      76-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік      73

      77-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт пен лицензияның талаптарын бұзғаны үшін жер қойнауын пайдаланушының жауапкершілігі      74

      12-тарау. Жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мақсаттары, қағидаттары, негізгі бағыттары және түрлері      74

      78-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық мақсаттары      74

      79-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттары      74

      80-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары      75

      ЕРЕКШЕ БӨЛІМ      76

      VI БӨЛІМ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕУ      76

      13-тарау. Геологиялық зерделеудің шарттары мен тәртібі      76

      81-бап. Геологиялық зерделеуге лицензия      76

      82-бап. Геологиялық зерделеу аумағы      76

      83-бап. Геологиялық зерделеуге лицензияны беру туралы өтініш      76

      84-бап. Геологиялық зерделеуге лицензия беру туралы өтінішті қарау      77

      85-бап. Геологиялық зерделеу жөніндегі жобалау құжаттары      77

      86-бап.Геологиялық зерделеуге лицензия бойынша операцияларды жүргізу тәртібі            79

      87-бап. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық зерделеу бойынша есеп беруі      79

      88-бап. Геологиялық ақпаратқа құқық      80

      89-бап. Геологиялық зерделеуге лицензияны кері қайтарып алу және оның тәртібі            80

      VII БӨЛІМ. КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ      81

      14-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру және оны тоқтату ерекшеліктері      81

      § 1. Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру      81

      90-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар      81

      91-бап. Аукцион өткізуге өтініш      82

      92-бап. Аукцион өткізу шарттары      83

      93-бап. Аукционға қатысуға өтініш      84

      94-бап. Аукционға қатысуға өтінішті қарау тәртібі      85

      95-бап. Аукциондар өткізу жөніндегі комиссия      86

      96-бап. Аукцион өткізу      87

      97-бап. Аукцион қорытындысын шығару және көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасау      88

      98-бап. Аукцион өтпеді деп тану тәртібі және негіздері      89

      99-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды жарамсыз деп тану      90

      § 2. Тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру      90

      100-бап. Тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттары      91

      101-бап. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның тікелей келіссөздер жүргізуге өтініші      92

      102-бап. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу тәртібі      93

      § 3. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату      94

      103-бап. Құзыретті органның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуы      94

      104-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы және мүлік      96

      105-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде жер қойнауы учаскесін сенмігерлік басқару      98

      106-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алу рәсімі      99

      15-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру учаскелері мен аумақтары      101

      107-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскесі      101

      108-бап. Жер қойнауы учаскесін беру      103

      109-бап. Өзгеру ұғымы және түрлері      103

      110-бап. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту      104

      111-бап. Жер қойнауы учаскесін азайту      105

      112-бап. Жер қойнауы учаскесін бөлу      106

      16-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезеңдері      108

      113-бап. Көмірсутектерді барлау кезеңі      108

      114-бап. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту      109

      115-бап. Дайындық кезеңі      112

      116-бап. Көмірсутектерді өндіру кезеңі      113

      117-бап. Көмірсутектерді өндіру кезеңін ұзарту      117

      17-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру шарттары      119

      118-бап. Көмірсутектерді барлаудың және өндірудің жалпы шарттары      119

      119-бап.Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, көмірсутектерді барлау және өңдеу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану      121

      120-бап. Көмірсутектерді барлау шарттары      123

      121-бап. Көмірсутектер кен орындарын жайластыру      124

      122-бап. Көмірсутектерді өндіру шарттары      125

      123-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою      126

      124-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауы учаскесін консервациялау      128

      125-бап.Технологиялық объектілерді консервациялау және жою      129

      126-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңі ішіндегі оқыту, ғылым және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы міндеттемелері      129

      127-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі нарықты қамтамасыз ету саласындағы міндеттемесі      130

      128-бап. Көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу      131

      129-бап. Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді барлау және өндіру жүргізу кезінде есеп беруі      134

      130-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарын сақтауын бақылау      135

      18-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары      136

      131-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары туралы жалпы ережелер      136

      132-бап. Барлау жұмыстарының жобасы      137

      133-бап. Сынамалы пайдалану жобасы      137

      134-бап. Көмірсутектер кен орнын игеру жобасы      138

      135-бап. Техникалық жобалау құжаттары      138

      136-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарының сараптамалары      139

      137-бап. Көмірсутек бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасы      140

      138-бап. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы      142

      139-бап. Жобалау құжаттарының орындалуының мониторингі      143

      140-бап. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелеріне жатқызылатын көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі жобалау құжаттарының көрсеткіштері      144

      19-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жекелеген мәселелері      145

      141-бап. Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі            145

      142-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын басқарудың біріңғай мемлекеттік жүйесі      146

      143-бап. Шикі газды жағу және сейілту      146

      144-бап. Шикі газды қайта өңдеу және кәдеге жарату      148

      145-бап. Қабаттық қысымды ұстап тұру және суларды дайындау      149

      146-бап. Шекара бойындағы жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар      149

      147-бап. Әртүрлі келісімшарттық аумақтардағы кен орындарын бірлесіп игеру            150

      148-бап. Көмірсутектерді бірыңғай объект ретінде кен орнында барлау немесе өндіру      151

      149-бап. Мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу      151

      20-тарау. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруді, көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу ерекшеліктері      152

      150-бап. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіру ерекшіліктері      152

      151-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізудің жалпы шарттары      153

      152-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою жөніндегі әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі            154

      153-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға дайындықты және әрекет етуді қамтамасыз ету      157

      154-бап. Теңіз объектілерін жасау және пайдалану      159

      155-бап. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салу      160

      156-бап. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде қалдықтарды тастауға және көмуге тыйым салу      160

      VIII БӨЛІМ.      УРАНДЫ ӨНДІРУ      160

      21-тарау. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату ерекшеліктері      160

      157-бап. Тікелей келіссөздер негізінде уран саласындағы ұлттық компанияға уранды өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттары      160

      158-бап. Уран саласындағы ұлттық компанияның тікелей келіссөздер жүргізуге өтініші      161

      159-бап. Уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу тәртібі            161

      160-бап. Құзыретті органның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуы      162

      161-бап. Уранды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтаған кездегі жер қойнауы учаскесі мен мүлік      164

      162-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде жер қойнауы учаскесі мен мүлікті сенімгерлік басқару      166

      22-тарау. Уранды өндіру учаскелері мен аумақтары      167

      163-бап. Уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері      168

      164-бап. Жер қойнауы учаскесін беру      168

      165-бап. Өзгерту ұғымы мен түрлері      168

      166-бап. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту      168

      167-бап. Жер қойнауы учаскесін азайту      169

      23-тарау. Уранды өндіру кезеңдері      171

      168-бап. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі      171

      169-бап. Уранды өндіру кезеңі      172

      170-бап. Уранды өндіру кезеңін ұзарту      172

      171-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, уранды өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану      173

      24-тарау. Уранды өндіру шарттары      175

      172-бап. Уранды өндірудің жалпы шарттары      175

      173-бап. Уранды өндіру шарттары      175

      174-бап. Уранды өндіру салдарын жою      176

      175-бап. Уранды өндіру кезеңі ішіндегі оқыту, ғылым және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері      177

      176-бап. Уранды өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу      178

      177-бап. Жер қойнауын пайдаланушының уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және өндіруді жүргізу кезіндегі есептілігі      181

      178-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың талаптарын орындауын бақылау      182

      25-тарау. Уранды өндіру саласындағы жобалау құжаттары      183

      179-бап. Уранды өндіру саласындағы жобалау құжаттары туралы жалпы ережелер            183

      180-бап. Уранның кен орнын игеру жобасы      184

      181-бап. Жобалау құжаттарын орындау мониторингі      185

      IX БӨЛІМ.      ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ                  186

      26-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлау      186

      182-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия      186

      183-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруге арналған аумақтар            186

      184-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру туралы өтініш      187

      185-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензияны беру туралы өтінішті қарау      190

      186-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензияларды беру басымдығы      191

      187-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруден бас тарту      191

      188-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия шарттары      192

      189-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларға жұмсалатын жыл сайынғы ең аз шығыстар      192

      190-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия мерзімі      196

      191-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі      196

      192-бап. Қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының есептілігі      198

      193-бап. Барлау жоспары      199

      194-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлау салдарын жою      200

      195-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлау салдарын жоюды қамтамасыз ету            201

      196-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлау учаскелерінен бас тарту      201

      197-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны кері қайтарып алу және оның тәртібі      202

      198-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны алуға айрықша құқық      203

      27-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру      204

      199-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия      204

      200-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған аумақтар      205

      201-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтініш      205

      202-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау      209

      203-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беру басымдығы      211

      204-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тарту            211

      205-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның шарттары      213

      206-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесі      213

      207-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі жыл сайынғы ең төменгі шығыстар      213

      208-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның мерзімі      215

      209-бап. Жер қойнауын пайдаланушыны қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі оқыту және оның ғылым саласындағы міндеттемелері      216

      210-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу      216

      211-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі      219

      212-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының есептілігі      220

      213-бап. Тау жұмыстарының жоспары      221

      214-бап. Жою жоспары      222

      215-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру салдарын жою      223

      216-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру салдарын жоюды қамтамасыз ету      224

      217-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінен бас тарту      225

      218-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны кері қайтару және оның тәртібі      226

      28-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскелерін ұстап тұру мәртебесі      227

      219-бап. Ұстап тұру мәртебесі түсінігі және оны беру негіздері      227

      220-бап. Ұстап тұру мәртебесін беру тәртібі      228

      221-бап. Ұстап тұру мәртебесін беруден бас тарту      229

      222-бап. Ұстап қалу мәртебесі бойынша жұмыстар бағдарламасы      230

      223-бап. Жер қойнауы учаскесін консервациялау      230

      224-бап. Ұстап тұру мәртебесінің шарттары      231

      225-бап. Ұстап тұру мәртебесінің мерзімін ұзарту      231

      226-бап. Ұстап тұру мәртебесін тоқтату      232

      227-бап. Құзыретті оганның талап етуі бойынша ұстап тұру мәртебесін тоқтату            232

      29-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін жер қойнауы учаскелерін өзгерту      233

      228-бап. Өзгерту ұғымы және түрлері      233

      229-бап. Жер қойнауы учаскелерін қосу      233

      230-бап. Жер қойнауы учаскесін бөлу      233

      231-бап. Жер қойнауы учаскелерін өзгертуге арналған өтініш      234

      30-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім      235

      232-бап. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім ұғымы      235

      233-бап. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу тәртібі            236

      234-бап. Қайта өңдеу туралы келісімнің мазмұны      237

      235-бап. Қайта өңдеу туралы келісім бойынша инвестициялық преференциялар      238

      236-бап. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді тоқтату салдары            239

      237-бап. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім бойынша құқықтар мен міндеттерді басқаға беру      239

      238-бап. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім бойынша құқықтарға ауыртпалық салу      240

      X БӨЛІМ ЖЕР ҚОЙНАУЫ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ, СТАРАТЕЛЬДІК, ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР      240

      31-тарау. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операциялар      240

      239-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия      240

      240-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған аумақтар      241

      241-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру туралы өтініш      241

      242-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау      243

      243-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны берудің басымдығы      243

      244-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беруден бас тарту            244

      245-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия шарттары      245

      246-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия мерзімі      245

      247-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы      245

      248-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операцияларды жүргізу тәртібі      246

      249-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану салдарын жою      246

      250-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша жекелеген операциялардың салдарын жоюды жоспарлау және қамтамасыз ету ерекшеліктері      247

      251-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсатында ұсынылған жер қойнауы учаскесінен бас тарту      249

      252-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны кері қайтарып алу      249

      32-тарау. Старательдік      250

      253-бап. Старательдікке арналған лицензия      251

      254-бап. Старательдікке арналған аумақ      251

      255-бап. Старательдікке арналған лицензияны беру      252

      256-бап. Старательдікке арналған лицензия берудің басымдығы      253

      257-бап. Старательдікке арналған лицензия беруден бас тарту      253

      258-бап. Старательдікке арналған лицензия мерзімі      254

      259-бап. Старательдік учаскесі      254

      260-бап. Старательдікке арналған лицензияның шарттары      254

      261-бап. Старательдікті жүргізу тәртібі      255

      262-бап. Жер қойнауын пайдаланушының старательдік жүргізу кезіндегі есептілігі            256

      263-бап. Старательдік жоспары      256

      264-бап. Старательдік салдарын жоюды қамтамасыз ету      256

      265-бап. Старательдік учаскесінен бас тарту      257

      266-бап. Старательдікке арналған лицензияны кері қайтарып алу және оның тәртібі            257

      33-тарау. Өтпелі және қорытынды ережелер      258

      267-бап. Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі      258

      268-бап. Өтпелі ережелер      263


      1-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін нормаларды қамтитын өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.

      4. Азаматтық заңнама жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарға олар осы Кодекстің нормаларында реттелмеген жағдайларда қолданылады.


      2-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

      1. Осы Кодекс жер қойнауын пайдалану режимін, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеуді жүзеге асыру тәртібін, жер қойнауы учаскелеріне құқықтардың туындау, оларды жүзеге асыру және тоқтату, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтық жағдайы және олардың тиісті операцияларды жүргізу ерекшеліктерін, жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығына билік ету мәселелерін және жер қойнауын пайдаланумен байланысты басқа да қатынастарды айқындайды.

      2. Жер қойнауын пайдалану кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде осы Кодекске қарама-қайшы келмейтін шамада реттеледі.

      3. Жерді, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тиісті табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау режимін айқындайтын жер, су және экологиялық заңнамаға сәйкес реттеледі.

      4. Осы Кодексте реттелетін қатынастарға қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматтары және заңды тұлғалары, мемлекет, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар болып табылады.

      5. Шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарда Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және міндеттері болады.


      3-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері

      1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикалық өсімін және оның қоғамының әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері:

      1) мемлекеттің жер қойнауына меншік құқығын қорғау;

      2) мемлекеттік саясатты іске асыру және жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттеу;

      3) мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын сақтау;

      4) Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасының өсімі;

      5) жер қойнауын пайдалану құқықтарының туындау, оларды жүзеге асыру, өзгерту және тоқтату негіздерін, шарттарын және тәртібін белгілеу;

      6) жер қойнауын пайдалануды тұрақты дамыту үшін құқықтық негізді қамтамасыз ету;

      7) жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;

      8) жер қойнауын пайдалану бойынша қатынастар саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.


      4-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының қағидаттары

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану;

      2) жер қойнауын пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік;

      4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;

      5) ер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы;

      6) жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығы.


      5-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану

      Мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану мемлекет пен қоғамның экономикалық өсуі мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын беру арқылы қамтамасыз етіледі.


      6-бап.      Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық қауіпсіздік

      Жер қойнауын пайдалану экологиялық қауіпсіз тәсілмен және жер қойнауының ластануын болғызбауға және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға бағытталған шаралар қабылдаумен жүзеге асырылуға тиіс.


      7-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік

      1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпарат, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, қолжетімді болып табылады.

      2. Мемлекет мыналарға:

      жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукциондар туралы, олардың шарттары мен нәтижелері туралы ақпаратқа;

      мемлекеттік органдардың жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату туралы шешімдеріне;

      олардың операциялар түрлерін ескере отырып, жер қойнауын пайдалану құқығы туралы ақпаратқа;

      осы Кодекске сәйкес құпия деп немесе мемлекеттік құпиялар туралы заңнамаға сәйкес құпия деп танылатын геологиялық ақпаратты қоспағанда, геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      3. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділік тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалады.

      4. Мүдделі тұлғалар осы бапқа сәйкес қол жеткізілуі қамтамасыз етілетін ашық ақпаратты өтеусіз пайдалануға құқылы.


      8-бап. Жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы

      Жер қойнауын пайдалану ақылы (өтеулі) болып табылады. Жер қойнауын пайдалану үшін ақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу арқылы жүзеге асырылады.

      Жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы

      Жер қойнауын пайдаланушылар өздеріне берілген құқықтарды іске асыру және міндеттерді орындау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру процесінде жер қойнауын пайдаланушылардың іс-әрекеттерінің адалдығы болжанады.


      9-бап. Жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығы

      Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдалану шарттарының құқықтық тұрақтылығына кепілдік береді.

      Заңнаманың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін нашарлататын өзгерістері мен толықтырулары осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттарға және берілген лицензияларға қолданылмайды.

      Осы бапта белгіленген кепілдіктер, егер тиісті заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама өзгерістеріне қолданылмайды.

2-тарау. Жер қойнауы және олардың ресурстары

      10-бап. Жер қойнауы және олардың ресурстары

      1. Топырақ қабатынан төмен орналасқан, ал ол болмаған кезде – жер бетінен, төмен суайдындар мен суағындардың түбінен орналасқан жер қыртысының бөлігі жер қойнауы деп танылады.

      2. Осы Кодексте мынадай жер қойнауы ресурстарының пайдаланылуы реттеледі:

      1) пайдалы қазбалар;

      2) техногендік минералдық түзілімдер;

      3) жер қойнауының кеңістігі.


      12-бап. Жер қойнауына меншік

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер қойнауы мемлекет меншігінде.

      2. Мемлекет осы Кодексте көзделген негіздерде, шарттарда және шектерде жер қойнауын пайдалануға береді.

      3. Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Жер қойнауына мемлекеттік меншікті бұза отырып жасалған мәмілелер болмашы болып табылады.


      13-бап. Пайдалы қазбалар және олардың сыныптамасы

      1. Құрамында пайдалы компоненттері бар табиғи минералдық түзілімдер және химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері оларды материалдық өндірісте және тікелей немесе қайта өңдегеннен кейін тұтыну саласында пайдалануға мүмкіндік беретін органикалық заттар пайдалы қазбалар болып танылады.

      2. Өзінің экономикалық маңызы бойынша және жер қойнауын пайдаланудың тиісті шарттарын белгілеу мақсатында пайдалы қазбалар мынадай топтарға бөлінеді:

      1) жерасты сулары;

      2) көмірсутекті пайдалы қазбалар (көмірсутектер);

      қатты пайдалы қазбалар.

      Мұнай,шикі газ және табиғи битум көмірсутектер деп танылады.

      Шикі мұнай, газ конденсаты, сондай-ақ шикі мұнайды тазартқаннан кейін және жанатын тақтатастарды, мұнайбитумды жыныстарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер мұнай деп танылады.

      Үлес салмағына қарамастан, қалыпты атмосфералық температурада және қысым кезінде жер қойнауынан сұйық күйінде алынатын, оның ішінде шикі газдан табиғи конденсаттау жолымен түзілген кез келген көмірсутектер шикі мұнай деп танылады.

      Үлес салмағына қарамастан, жер қойнауынан қалыпты атмосфералық температурада және қысым кезінде газ тектес күйде алынатын кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, қатпарлы газ, көмiр қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмiрсутексіз газ шикі газ деп танылады.

      Мұнайдың құрамында қатталған жағдайларда еріген күйде кездесетін және қысым төмендеген кезде одан бөлініп шығатын көмірсутектердің және көмірсутекті емес газдардың көпқұрамбөлікті қоспасы ілеспе газ деп танылады.

      Көмір кен орындарынан қалыпты атмосфералық температурада және қысым кезінде газ тектес күйде өндірілген, құрамында метан басым көмірсутектерінің және көмірсутекті емес газдардардың көпқұрамбөлікті қоспасы көмір қабаттарындағы метан деп танылады.

      Табиғи жағдайда ұңғымалық әдістермен өндіру техникалық жағынан мүмкін емес, жер қойнауында қатты, тұтқыр және тұтқыр-пластикалық күйде жататын, бастапқы көмірсутек негізді органика текті пайдалы қазбалар табиғи битум деп танылады.

      4. Жер қойнауында немесе жер бетінде қатты күйде болатын табиғи минералдық түзілімдер, органикалық заттар мен олардың қоспалары қатты пайдалы қазбалар деп танылады.

      Қатты пайдалы қазбалар кенді және кенді емес болып бөлінеді. Саф металдар, қара, түсті, сирек, радиоактивті металдар мен сирек кездесетін жер металдар кендері кенді пайдалы қазбалар деп танылады. Қалған қатты пайдалы қазбалар кенді емес деп танылады.

      Құрылыс үшін табиғи күйінде немесе болмашы өңделе отырып және тазартыла отырып пайдаланылатын кенді емес қатты пайдалы қазбалар (ұсақ жұмыр тас, қиыршық тас, құмды-қиыршық тас қоспасы, торф, шойтас, құрылыс құмы, балшық, саздақ, балшықты тақтатас және балшықты әктас) негізгі құрылыс материалдары деп танылады.


      14-бап. Техногендік минералдық түзілімдер, техногендік минералдық түзілімдерге арналған құқықтар

      1. Пайдалы компоненттері және (немесе) пайдалы қазбалары бар тау-кен өндіру және тау-кен-қайта өңдеу және энергетикалық өндірістер қалдықтарының жиналуы техногендік минералдық түзілімдер болып табылады.

      Тау-кен өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдеріне жер қойнауынан алу барысында тау-кен жыныстарынан қатты пайдалы қазбаларды бөліп алу нәтижесінде түзілетін қатты пайдалы қазбаларды өндіру қалдықтары (аршылым, қоршауыш жыныс, шаңдар, кенеусіз (кондициялы емес) кен) жатады.

      Тау-кен-өңдеу өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдеріне кен байыту өндірістері (байыту қалдықтары мен шламдары) және (немесе) химиялық-металлургиялық өндірістер (шлактар, кектер, клинкерлер және металлургиялық қайта жасау қалдықтарының басқа да балама түрлері) нәтижесінде түзілетін өңдеу қалдықтары жатады.

      Энергетикалық өндірістердің техногендік минералдық түзілімдеріне өндіруші қондырғылармен электрлік және (немесе) жылу энергениясын өндіру кезінде отынның жануы нәтижесінде түзілетін қатты қалдықтар (күлдер, күлшлактар) жатады.

      2. Жер қойнауы учаскесі шегінде орналасқан техногендік минералдық түзілімдер осы учаскеге тиесілі болып табылады.       

      Жер қойнауы учаскесінің шегінен тыс орналасқан пайдаланудағы химиялық-металлургиялық немесе энергетикалық өндірістердің нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдер көрсетілген өндірістерге тиесілі болып табылады. Осындай техногендік минералдық түзілімдерге арналған меншік құқығы экологиялық заңнамаға сәйкес осы техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру полигоны (полигонының бір бөлігі) жабылатын кезге дейін өндірістің меншік иесінде сақталады.

      3. Осы жер қойнауын пайдаланушының пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану қызметі нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдерге арналған меншік құқығы жер қойнауын пайдалану құқығы қолданылатын мерзімде сол жер қойнауын пайдаланушыда сақталады.

      Техногендік минералдық түзілімдердің меншік иесі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың ережелері ескеріле отырып, өздеріне пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесіндегі қызмет нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдерді иеленуге, пайдалануға және билік етуге, сондай-ақ оларды үшінші тұлғалардың иелігіне шығаруға құқылы.

      Көрсетілген техногендік минералдық түзілімдерді жер қойнауы учаскесінен алмай немесе оларды орналастыру полигонынан шығармай үшінші тұлғалардың иелігіне шығаруға, осы баптың 2-тармағында көзделген жер қойнауын пайдалану құқығы немесе сәйкесінше өндіріске арналған меншік құқығы өтетін жағдайлардан басқа жағдайларда жол берілмейді.

      Жер қойнауы учаскесінде орналасқан, пайдаланудағы техногендік минералдық түзілімдерді үшінші тұлғалардың иелігінен шығарған жағдайда, оларды алу жер қойнауын пайдалану құқығының қолданылу кезеңінде жүзеге асырылуға тиіс.

      4. Тау-кен өндіру және тау-кенді өңдеу (байыту) өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өңдеуге арналған лицензия немесе осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген шектеулерді ескере отырып жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.

      5. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылғаннан кейін немесе сәйкесінше – полигон (полигонның бір бөлігі) жабылғаннан кейін жер қойнауы учаскесінде қалған техногендік минералдық түзілімдер жер қойнауы құрамына енгізіледі.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауы құрамына енгізілген техногендік минералдық түзілімдерге қатты пайдалы қазбалардың құқықтық режимі қолданылады.


      15-бап. Кен орындары және олардың саралануы

      1. Өзінің сандық, сапалық және тау-кен-техникалық сипаттамалары бойынша оң экономикалық әсері бар өнеркәсіптік игеру үшін жарамды болуы мүмкін пайдалы қазбаның (пайдалы қазбалардың) табиғи немесе техногендік жиналуы кен орны деп танылады.

      2. Пайдалы қазбалар ресурсының шамасы және олардың экономикалық маңыздылығы бойынша кен орындары ірі және ірі емес болып бөлінеді.

      3. Қатты пайдалы қазбалардың мынадай ресурстарды қамтитын кен орындары ірі деп танылады:

Пайдалы қазба, өлшем бірлігі 1

Саны 2

Темір кені, млн. т

>100

Марганец кені, млн. т

>50

Хромит кені, млн. т

>30

Мыс, млн. т

>5

Қорғасын, млн. т

>5

Цинк, млн. т

>5

Бокситтер, млн. т

>50

Никель, мың т

>50

Вольфрам, мың т

>100

Молибден, мың т

>200

Алтын, т

>250

Кокстендірілетін көмір, млн. т

>50

Энергетикалық көмір, млн. т

>500

Қоңыр көмір, млн. т

>500

Жанатын тақтатастар, млн. т

>500

Фосфориттер (кен), млн. т

>200

1

2

Күкірт қышқылды, аралас калий тұздары, млн. т

>100

      Мынадай геологиялық қорлары бар көмірсутектердің кен орындары ірі деп танылады:

1

2

Пайдалы қазба, өлшем бірлігі

Саны

Мұнай, млн. т

>100

Табиғи газ, млрд. м3

>50

      16-бап. Өндірілген пайдалы қазбаларға меншік

      Өндірілген пайдалы қазбалар, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушыға меншік құқығында (Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғасына – шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында) тиесілі.


      17-бап. Жер қойнауы кеңістігі

      Геотехникалық, геологиялық, экономикалық және экологиялық факторларды ескере отырып, өндірістік, ғылыми немесе өзге де қызмет объектілерін орналастыру үшін орта ретінде пайдаланылуы мүмкін жер қойнауының үш өлшемдік кеңістіктегі қасиеті жер қойнауы кеңістігі болып табылады.

II БӨЛІМ. Жер қойнауын пайдалану 3-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы туралы жалпы ережелер

      18-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы ұғымы мен мазмұны

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығы осы Кодекспен қамтамасыз етілген, жер қойнауын кәсіпкерлік мақсатта бөліп берілген учаске шегінде белгілі бір мерзім ішінде ақылы негізде пайдалану мүмкіндігін білдіреді.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығы заттай бөлінбейтін құқық болып табылады. Осы Кодекстің ережелері ескеріле отырып жер қойнауын пайдалану құқығына заттай құқықтың табиғатына қайшы келмейтіндіктен, меншік құқығы туралы нормалар қоданылады.

      3. Жер қойнауын пайдалану осы Кодексте белгіленген тәртіппен, шарттарда және шектерде жүзеге асырылады.


      19-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері

      1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болуы мүмкін.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығының иелері бір мезгілде бірнеше тұлға болуы мүмкін. Бұл жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын иелену ортақ болып табылады. Жер қойнауын пайдалану құқығын ортақ иелену жер қойнауын пайдалану құқығы бір мезгілде екі немесе одан да көп тұлғаға берілген жағдайда немесе жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы нәтижесінде туындайды.

      Жер қойнауын пайдалану құқығын екі немесе одан да көп тұлғаның ортақ иеленуші бұл тұлғалардың әрқайсысының осы құқықтағы үлесі айқындала отырып қана жол беріледі.

      Жер қойнауын пайдалану құқығын ортақ иеленуге жалпы үлестік меншік қатынастарын реттейтін азаматтық заңнама нормалары қолданылады.

      Осы Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдалану құқығының иесі тек бір ғана тұлға бола алады.

      3. Осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) бір тұлғадан екінші тұлғаға азаматтық заңнамада көзделген негіздемелер бойынша ауысуы мүмкін.


      20-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектісі ретінде жер қойнауы учаскесі

      1. Жер қойнауы учаскесі – осы Кодекске сәйкес пайдалануға берілген белгілі бір кеңістікті шекаралары бар, жер қойнауының геометрияландырылған бөлігі.

      Жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе лицензияда көрсетілген жер бетінің аумағымен, суайдындардың түбімен (жер қойнауының аумағы) және жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасынан Жердің ортасына дейінгі шартты жазықтықтармен айқындалады.

      Осы Кодексте көзделген жағдайларда, келісімшарт бойынша пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскесі белгілі бір тереңдікпен шектелуі мүмкін.

      2. Пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақты (барлау учаскесін) идентификаттау және геологиялық (геологиялық зерделеу учаскесін) зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағы шартты түрде, әрбір тарапы координаттардың географиялық жүйесінде бір минутқа тең блоктарға бөлінеді. Жиырма бес блок, әрбір тарапы координаттардың географиялық жүйесінде бес минутқа тең блоктар секциясын жасайды.

      Әрбір блоктың және блоктар секциясының өздерін идентификаттаушы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган беретін координаттары мен жеке кодтары бар. Көмірсутектерге, қатты пайдалы қазбаларға (барлау аумағы) барлау жүргізу үшін немесе геологиялық зерделеу (геологиялық зерделеу аумағы) үшін жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақ бір немесе бірнеше блоктан тұруы мүмкін. Егер көрсетілген аумақ екі немесе одан да көп блоктан тұратын болса, осы аумақтағы әрбір блоктың ең болмағанда, оның басқа бір блогымен ортақ тарапы болуға тиіс.

      Осы Кодексте көзделген жағдайларда, барлау аумағы блоктың немесе блоктардың бөлігін қамтуы мүмкін, олардың әрқайсысы осындай аумақтың басқа блогымен немесе оның бөлігімен ортақ тарапы болуға тиіс.

      3. Пайдалы қазбаларды өндіру (өңдеу учаскесі), старательдік жөніндегі операциялар (старательдік учаске) және жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар (жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесі) жүргізу үшін жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақ тікбұрышты білдіруге тиіс. Егер табиғи ерекшеліктер немесе өзге жер қойнауы учаскесінің шекаралары өндіру, старательдік учаске аумағын анықтауға немесе жер қойнауы кеңістігін тіктөртбұрыш нысанында пайдалануға мүмкіндік бермейтін болса, осындай жер қойнауы учаскесінің аумағы қарама-қарсы екі жағы бір-біріне параллель болуға тиіс үшбұрышты нысанда болуы мүмкін.


      21-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының туындауы және оны сатып алу негіздері

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мыналардың:

      3) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның;

      жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың негізінде туындайды.

      2. Жер қойнауын пайдалануға құқық мынадай:

      1) беру;

      2) азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы;

      3)қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде құқықтық мирасқорлық тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы не мұрагерлік жағдайларында сатып алынады.


      22-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату негіздемелері

      1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген негіздемелер болмаса, ешкім жер қойнауын пайдалану құқығынан айрылмайды.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияның немесе келісімшарттың қолданылуы тоқтатылуымен жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылады.


      23-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері

      Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай:

      1) геологиялық зерделеу;

      2) пайдалы қазбаларды барлау;

      3) пайдалы қазбаларды өндіру;

      4) жер қойнауы кеңістігін пайдалану;

      5) старательдік операцияларды жүзеге асыру үшін беріледі.


      24-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттары

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар осындай операцияларды жүргізуді көздейтін жобалау құжаты болған кезде ғана жүргізілуі мүмкін.

      2. Жер қойнауын пайдалану мақсатында жүргізілетін жұмыстардың жоспарларын, тәсілдерін, әдістемесін, техникалық жағдайларын, технологиялық көрсеткіштерін, көлемін, мерзімін және өзге де параметрлерін сипаттайтын құжаттар жобалау құжаттары болып табылады.

      3. Жобалау құжаттары лицензияда немесе келісімшартта көзделген оны пайдалану мерзіміне пайдаланудағы жер қойнауының әрбір учаскесі үшін жеке әзірленеді.

      4. Жобалау құжаттары экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып әзірленеді.

      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар жобалау құжатында көзделген экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік параметрлерін сақтауға міндетті.

      5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері ескеріле отырып жобалау құжаттарын әзірлеу ерекшеліктері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің ережелерінде белгіленеді.


      25-бап. Бір аумақта әртүрлі тұлғалардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуі

      1. Осы Кодекстің Ерекше бөлімінің ережелерінде көзделген жағдайларда әртүрлі жер қойнауын пайдаланушылар бір аумақта (бірлескен аумақта) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізе алады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушылардың бірлескен аумақта операцияларды жүргізуі тәртібі олардың арасындағы келісіммен айқындалады. Келісім бірлескен аумақта жұмыстың барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізу шарттары мен тәртібін айқындай алады.

      Келісім қарапайым жазбаша түрде жасалады және жер қойнауын пайдалушы жер қойнауын пайдалануға құқық берген мемлекеттік органға, ол жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      Келісім жер қойнауын пайдаланушылардың бірі шеккен шығындар үшін негізді және мөлшерлес өтемақыны көздеуі мүмкін.

      3. Жер қойнауын пайдаланушылар бірлескен аумақта операциялар жүргізу тәртібі туралы келісімге қол жеткізе алмаған кезде бірлескен аумақта жұмыстар жүргізуде жер қойнауын пайдаланушының бірінің екіншісінің алдында басымдығы белгіленеді. Бұл жағдайда бірлескен аумақта жұмыстар жүргізуде басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы:

      1) пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы;

      2) егер жер қойнауын пайдаланушының екеуі де пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін болса, жер қойнауын пайдалану құқығы бұрын берілген жер қойнауын пайдаланушы;

      3) егер жер қойнауын пайдаланушының екеуі де да пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізетін болса, жер қойнауын пайдалану құқығы бұрын берілген жер қойнауын пайдаланушы;

      4) егер екінші жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операциялар жүргізетін болса, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялар жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы болып табылады.

      4. Бірлескен аумақта жұмыс жүргізуде басымдығы жоқ жер қойнауын пайдаланушы осындай басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы жүргізетін немесе жоспарлайтын жұмыстардың уақытын, ұзақтығын, орнын, көлемі мен сипатын есепке алуға және оларды жүргізу үшін кедергі келтірмеуге міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы негізсіз пайданы алу мақсатын көздемей, өзінің басымдығын адал және дұрыс пайдалануға міндетті.

      Басымдықты адал пайдаланбау екінші жер қойнауын пайдаланушының бірлескен аумақта жұмыс жүргізуде басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушының әрекеттерінен туындаған залалдың орнын толтыру туралы талаппен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.

      5. Бірлескен аумақта жұмыстар жүргізуде басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы басымдығы жоқ жер қойнауын пайдаланушыға ортақ жер қойнауы учаскесінде жүргізіліп жатқан және жүргізілуі жоспарланатын өз жұмыстарының ұзақтығы, орны, көлемі мен сипаттамасы туралы ақпаратты соңғысының жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір ай мерзімде жазбаша беруге міндетті. Мұндай ақпарат коммерциялық құпияны қамтуы мүмкін.

      Бірлескен аумақта жұмыс жүргізуде басымдығы жоқ жер қойнауын пайдаланушыға, ақпараты берілген жұмыстардың уақытын, ұзақтығын, көлемін, орны мен сипатын осындай басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы үш ай ішінде бір реттен артық өзгерте алмайды. Бұл жағдайда басымдығы бар жер қойнауын пайдаланушы екінші жер қойнауын пайдаланушыны жоспарланатын жұмыстардың уақытын, ұзақтығын, көлемін, орны мен сипатын өзгерту туралы осындай өзгерістер болғанға дейін кемінде бір ай бұрын хабардар етуге міндетті. Бірлескен аумақта жұмыс жүргізуде басымдығы жоқ жер қойнауын пайдаланушы осындай хабарлама алғанға дейін басталған жұмыстарды аяқтауға құқылы.


      26-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу үшін шектелген аумақтар

      1. Осы бапта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге:

      1) қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік қажеттіліктеріне арналған жерлер аумағында;

      2) елді мекендер (қалалар, кенттер мен ауылдық елді мекендер) жерлерінің аумағында және оларға бір мың метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда;

      3) тау-кен-байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектісі болып табылмайтын, жұмыс істеп тұрған гидротехникалық құрылыс орналасқан жер учаскесінің аумағында және оған төрт жүз метр қашықтықта іргелес жатқан аумақта;

      4) су қоры жерлерінің аумағында;

      5) ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суларының кен орындары мен учаскелерінің контурларында;

      6) көмінділер мен зираттар алып жатқан жер учаскелерінің аумағында және оларға жүз метр қашықтықта іргелес жатқан аумақтарда;

      7) басқа тұлғаға тиесілі және ғимараттар мен құрылысжайлар, көпжылдық екпелер алып жатқан жер учаскесі аумағында және оларға жүз метр қашықтықта іргелес жатқан жер учаскесі аумағында;

      8) автомобиль және теміржолдар, әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация және авиатехникалық орталықтар объектілері, теміржол көлігі объектілері, көпірлер, метрополитендер, тоннельдер, энергетика жүйелері объектілері және электр беру желілері, байланыс желілері, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілер, магистральдық құбырлар алып жатқан жерлер аумағында;

      9) мемлекет мұқтажы үшін мемлекеттік заңды тұлғаларға бөліп берілген жер қойнауы учаскелерінің аумақтарында;

      10) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге тыйым салынатын басқа да аумақтарда тыйым салынады.

      2. Сыртқы аумақтық шекаралары толығымен осы баптың 1-тармағында көрсетілген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесін пайдалануға беруге тыйым салынады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тыйым салу қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды немесе тиісті аумақта тұратын жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдауды көздейтін келісім жасау арқылы жергілікті ақтарушы және өкілді органдармен келісілген, қатты пайдалы қазбаларды өңдеу жөніндегі операцияларды жерасты тәсілімен жүргізу жағдайларына қолданылмайды. Бұл жағдайда осы келісімнің болуы қатты пайдалы қазбаларды өңдеуге арналған лицензияны беру шарты болып табылады.

      Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген тыйым салу старательдікке және көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларға қолданылмайды.

      Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу аэрогеофизикалық зерттеулер немесе Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық әдістерін пайдалана отырып зерттеулер арқылы жүргізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қолданылмайды.


      27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды жер қойнауы учаскелері шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізу бойынша шектеулер Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында белгіленеді.

      2. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілер табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар тиісті учаскеде жұмыстарды дереу тоқтатуға және бұл туралы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.


      28-бап. Пайдалы қазбалар алаңдарда құрылыстар салу шарттары

      1. Елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның болашақ құрылыстар салу учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың аз мөлшерде екендігі туралы оң қорытындысын алғаннан кейін рұқсат етіледі.

      2. Пайдалы қазбалар қабаттары алаңдарда құрылыстар салуға жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық жағынан орындылығы дәлелденген жағдайда жол беріледі.


      29-бап. Пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде қазақстандық кадрларды, тауар өндірушілерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді қолдауды қамтамасыз ету

      1. Пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Шетелдік кадрларды тарту халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоротивішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша менеджерлер мен мамандардың жалпы санының елу пайызынан көп болмауға тиіс.

      Кадрлардың жергілікті қамтылуын есептеу жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осындай операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі күнтізбелік жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайыз мөлшерде болуын қамтамасыз етуге міндетті. Тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтуды есептеу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығының режимдері § 2. Жер қойнауын пайдаланудың лицензияланған режимі

      30-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия ұғымы

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия мемлекеттік орган беретін және оның иесіне көрсетілген жер қойнауы учаскесінің шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес реттелетін рұқсаттарға жатпайды.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия жер қойнауының бір учаскесін ғана пайдалану үшін беріледі.

      3. Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір тұлғаға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың шексіз саны берілуі мүмкін.

      4. Лицензия мүдделі тұлғаның өтініші бойынша беріледі. Лицензия беруге өтініш нысанын құзыретті орган бекітеді.

      5. Берілген лицензия лицензия берген мемлекеттік органның интернет-ресурсында берілген күні жариялануға жатады.

      6. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган берілген лицензиялардың тізілімін жүргізеді. Берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу тәртібін құзыретті орган белгілейді.


      31-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия түрлері

      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар түрлері ескеріле отырып жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар беріледі:

      1) геологиялық зерделеуге арналған лицензия;

      2) қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия;

      3) қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия;

      4) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия;

      5) старательдікке арналған лицензия.


      32-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның мазмұны

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия құзыретті орган бекітетін нысан бойынша ресімделеді.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияда, оның түрі ескеріле отырып, мыналар:

      4) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның түрі;

      5) лицензияны берген мемлекеттің органның атауы;

      6) лицензия берілген тұлға туралы мәліметтер;

      7) лицензияның нөмірі мен күні;

      8) лицензияның мерзімі;

      9) жер қойнауы учаскесінің шекаралары;

      10) осы Кодексте көзделген жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары көрсетіледі.

      3. Лицензия мерзімі лицензияда көрсетілген күннен бастап есептеледі.

      4. Егер жер қойнауын пайдалану құқығын екі немесе одан көп тұлға иеленсе, лицензияда жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелері болып табылатын тұлғалар үлестерінің мөлшеріне нұсқауды қамтуға тиіс.

      5. Лицензия мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді.


      33-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияға өзгерістер енгізу

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияға өзгерістерді лицензияны берген мемлекеттік орган оны қайта ресімдеу арқылы жүргізеді.

      Қайта ресімделген лицензия оны берген мемлекеттік органның интернет ресурсында қайта ресімдеу күні жариялануға жатады.

      2. Лицензия мына:

      1) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер:

      заңды тұлғалар үшін – атауының немесе заңды тұлғаның орналасқан жері;

      жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) тұрғылықты жері немесе жеке тұлғаның азаматтығы өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығы және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан;

      3) лицензия мерзімі ұзартылған;

      4) жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

      3. Лицензияны қайта ресімдеу құзыретті орган бекіткен нысан бойынша берілген жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізіледі.

      Өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі.

      Өтініш пен оған қоса берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде, әрбір құжатқа мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп жасалуы мүмкін, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

      4. Лицензияны берген мемлекеттік орган өтініш осы Кодекстің талаптарына сәйкес болмаған жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

      5. Өтінішті қарайтын мемлекеттік орган бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

      Лицензияны қайта ресімдеуден бас тартуға жер қойнауын пайдаланушы Қазақсан Республикасының заңнамасына сәйкес бас тарту туралы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағым жасауы мүмкін.

      6. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда лицензияны берген мемлекеттік орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қайта ресімдеуді жүргізеді не осындай қайта ресімдеуден бас тартады.

      7. Осы баптың 2-тармағының 2) -4 ) тармақшаларында көзделген жағдайларда лицензияны қайта ресімдеу осы Кодекстің жекелеген ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Лицензияны беру немесе оны қайта ресімдеу кезінде жіберілген грамматикалық немесе арифметикалық қателер, жаңсақ жазылымдар не басқа да осыған ұқсас қателерді лицензияны берген мемлекеттік орган түзетуге тиіс.

      Лицензияны беру немесе оны қайта ресімдеу кезінде жіберілген қателерді түзету лицензияны қайта ресімдеу болып табылмайды.

      Қателерді түзету лицензияны берген мемлекеттік органның бастамасымен, не жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізілуі мүмкін.

      Лицензияны берген мемлекеттік орган лицензиядағы қатені түзеткеннен кейін оны екі жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға береді.

      Түзетілген лицензия лицензияны берген мемлекеттік органның интернет ресурсында түзетілген күні жариялануға жатады.

      Лицензиядағы қателерді түзетуге байланысты туындаған даулар сот тәртібімен шешілуге жатады.


      34-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату

      Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның қолданылуы:

      1) осы Кодексте өзгеше көзделмесе, лицензия берілген мерзім аяқталған;

      2) лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығы азаматтық заңнамаға сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған болса, оның жалғыз иегері қайтыс болған;

      3) лицензия кері қайтарып алынған немесе ол жарамсыз деп танылған;

      4) жер қойнауын пайдаланушы лицензия берілген жер қойнауы учаскесінен бас тартқан жағдайларда тоқтатылады.


      35-бап. Лицензияның жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдары

      1. Лицензия сот тәртібімен мынадай жағдайларда:

      1) лицензияны берген мемлекеттік органға оның лицензияны беру шешіміне әсер еткен көрінеу дұрыс емес ақпаратты беру фактісі белгіленген кезде;

      2) егер лицензия шарттары осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмесе;

      3) мемлекеттік органның лицензияны беру туралы негізсіз шешіміне әкелген, осы Кодексте белгіленген лицензияны беру тәртібі бұзылса;

      4) әрекетке қабілетсіз деп танылған және осындай беру кезінде осындай әрекетке қабілетсіз болып табылған тұлғаға лицензия берілсе;

      5) лицензияны беру осы Кодексте көзделмесе немесе тыйым салынса, жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      2. Лицензияны жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгіну құқығына мүдделі тұлға және прокурор, ал осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша лицензияны берген мемлекеттік орган да ие болады.

      Лицензияны алу құқығы мен заңды мүдделері лицензияны беру нәтижесінде бұзылған немесе бұзылуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады.

      3. Лицензия сот шешімі күшіне енген кезден бастап жарамсыз деп танылады.

      4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша жарамсыз деп танылған лицензия болған кезде лицензия алған тұлға жер қойнауын заңсыз пайдаланудан алған кіріс мөлшерінде келтірілген шығынды және лицензияны жарамсыз деп тануға байланысты мемлекет шығынын мемлекетке өтеуге міндетті.

      5. Лицензияның жарамсыздығымен байланысты даулар бойынша талап қою мерзімі талап қоюшы лицензияны жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылатын мән-жайлар туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап үш айды құрайды.

§ 2. Жер қойнауын пайдаланудың келісімшарттық режимі

      36-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ұғымы

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мазмұны, жасалу, орындалу және тоқтатылу тәртібі осы Кодексте айқындалатын шарт болып табылады.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бір тарап (Қазақстан Республикасы құзыретті орган атынан) екінші тарапқа (жер қойнауын пайдаланушыға) белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге міндеттенеді, ал жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт талаптарына және осы Кодекске сәйкес өз есебінен және өзі тәуекел етіп жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін, сондай-ақ уран өндіру үшін жасалады.

      4. Келісімшарт жасау кезінде пайдалануға жер қойнауының бір учаскесі ғана беріледі.

      Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен көмірсутектерді барлауға және өңдеуге арналған келісімшартта, өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бірнеше жер қойнауы учаскесі бекітіліп берілуі мүмкін.

      5. Бір тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шексіз санын жасауы мүмкін.

      6. Құзыретті орган жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізеді. Жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу тәртібін құзыретті орган белгілейді.


      37-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мазмұны

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобалары құзыретті орган бекітетін келісімшарттардың үлгілік нысандарына сәйкес әзірленеді. Келісімшарттың үлгілік нысанынан ауытқу осы Кодексте көзделген жағдайларда, көлемде және тәртіппен жол беріледі.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қамтылған талаптар қатарына:

      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі;

      2) келісімшарт қолданылу мерзімі;

      3) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) шекаралары;

      4) жұмыс (қосымша жұмыстар) бағдарламасында көзделген жер қойнауы учаскелердегі жұмыстар көлемі мен түрлері бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері;

      5) жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды өндіру кезеңінде оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелері;

      6) кадрлардың жергілікті қамтылуының ең төменгі үлесі бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемесі;

      7) жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемелері;

      8) жер қойнауын пайдалану зардабын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемесі;

      9) жер қойнауын пайдаланушының өңдеу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және ғылыми-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша міндеттемелері.

      10) өндіру кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстары бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері;

      11) осы Кодекс келісімшарттық міндеттемелерге жатқызатын көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша негізгі жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бұзылуын қоса алғанда, келісімшарттық міндеттемелердің бұзылғаны үшін жер қойнауын пайдаланушының жауапкершілігі;

      12) жер қойнауы пайдалануға берілген өзге де шарттар жатады.

      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бұрын тоқтатылған және көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен сенімгерлік басқару шарты жасалған жер қойнауы учаскесіне келісімшарт жасалған жағдайда, жасалған келісімшарт жаңа жер қойнауын пайдаланушының:

      1) бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға осы Кодекстің 116-бабының 19-тармағына сәйкес берілген мүліктің құнын өтеу мөлшері мен мерзімі бойынша;

      2) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқарушыға жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақыны төлеу мөлшері мен мерзімдері бойынша міндеттемелерін қамтуға тиіс.

      4. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі онда дәйекті түрде бекітілген барлау кезеңімен, дайындық кезеңімен (қажет болғанда) және өндіру кезеңімен айқындалады.

      Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі онда дәйекті түрде белгіленген дайындық кезеңімен және өндіру кезеңімен айқындалады.

      Уран өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі онда дәйекті түрде бекітілген тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңімен және өндіру кезеңімен айқындалады.

      5. Барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың немесе өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін құзыретті орган еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай мән-жайлар туралы куәлікті ұсынатын болса, ұзартады.

      6. Келісімшарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Келісімшарт тараптарының келісімі бойынша келісімшарттың мәтіні өзге тілге де аударылуы мүмкін.


      38-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімшартқа толықтырулар жасауы арқылы жүргізіледі.

      2. Келісімшартқа толықтыру мынадай:

      1) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), заңды мекенжайы (тұрғылықты жері) банк деректемелері);

      2) құзыретті орган туралы мәліметтер өзгерген;

      3) жер қойнауын пайдалану құқығы және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан;

      4) өндіру учаскесі (учаскелері) және дайындық кезеңі (дайындық кезеңдері) бекітілген жағдай;

      5) өндіру учаскесі (учаскелері) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіткен;

      6) барлау немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) ұзартқан;

      7) жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) кеңейту немесе азайту;

      8) жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бөлінген;

      9) стратегиялық жер қойнауы учаскелеріне қатысты – ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер туғызатын Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделері өзгерген жағдайларда жүргізіледі.

      3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда келісімшартқа толықтыру жасасу жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жасалады, ол:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауын;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күнін;

      3) жер қойнауын пайдаланушы туралы өзгертілетін мәліметке нұсқауды қамтуға тиіс.

      4. Өтінішке қосымша:

      1) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметке өзгерістер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;

      2) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметке өзгерістер енгізуді көздейтін жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру қоса беріледі.

      5. Өтініш құзыретті органға түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті оран өтініш берушімен келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш берушіге оның бір данасын жібереді немесе толықтыру жасасудан бас тартады.

      6. Құзыретті орган, егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда толықтыру жасаудан бас тартады.

      Құзыретті органның толықтыру жасаудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.

      7. Келісімшартқа, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, толықтыру жасау құзыретті органның бастамасы бойынша жүргізіледі.

      8. Келісімшартқа, осы баптың 2) тармағының 3)-9) тармақшаларында көзделген жағдайларда, толықтыру жасау осы Кодекстің жекелеген ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.


      39-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын тоқтату

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы мынадай:

      1) жасалған мерзімі өткен, оның ішінде мынадай:

      барлау кезеңі аяқталғанға дейін дайындық кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуді көздейтін келісімшартқа толықтыру жасалмаған;

      дайындық кезеңі аяқталғанға дейін өндіру кезеңін бекітуді көздейтін келісімшартқа толықтыру жасалмаған;

      2) келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының жалғыз иесі болып табылатын тұлға қайтыс болған, егер мұндай жер қойнауын пайдалану құқығы азаматтық заңнамаға сәйкес иесіз мүлік деп танылған;

      3) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға таратылған;

      4) келісімшарт қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатқан немесе оны жарамсыз деп таныған;

      5) тараптардың келісімі бойынша келісімшарт бұзылған;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жер қойнауы учаскесін пайдалануға тыйым салу туралы шешімді қабылдаған;

      7) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт жасалған барлық жер қойнауы учаскесінен (барлық учаскелерден) бас тартқан жағдайларда тоқтатылады.

      2. Құзыретті орган осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

5-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы, жер қойнауын пайдалану құқығы және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер айналымына мемлекеттік бақылау

      40-бап Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де жағдайларда басқа тұлғаға берген жағдайда жүзеге асырылады.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына:

      1) қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша, ол бірінші жыл қолданылғанда;

      2) геологиялық зерделеуге арналған лицензия бойынша;

      3) старательдікке арналған лицензия бойынша тыйым салынады.

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу арқылы немесе тиісінше, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алушы жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасқан мемлекеттік органға өтінішпен жүгінеді.

      Өтінішке:

      1) оның негізінде жер қойнауын пайдалану құқығы сатып алынатын құжаттың түпнұсқасы;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;

      заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, мемлекеттерде, халықаралық ұйымдарда және сатып алушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын жеке тұлғаларда айналымда болатын заңды тұлғалар туралы мәліметтер;

      жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

      3) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге, уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша не қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаларға қойылатын осы Кодекстің талаптарына сатып алушының сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізілген жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырулардың өтініш беруші қол қойған жобасы қоса беріледі.

      Осы Кодекстің 44-бабына сәйкес берілетін рұқсатпен жер қойнауын пайдалану құқығы сатып алынған жағдайда, сатып алушы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың орнына, сатып алушы, өтінішке көрсетілген рұқсатты беру үшін ол ұсынған мәліметтермен салыстырғанда, өзі туралы мәліметтердің өзгермегені туралы жазбаша растауды қоса беруге құқылы.

      Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, оған қоса берілетін құжаттар, дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.

      Мемлекеттік орган лицензияны қайта ресімдеуді жүргізеді немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы келісім жасайды не өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуге немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуге дәлелді бас тартуды береді.

      4. Лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тарту мынадай:

      1) өтініш осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығының ауысу шарттары берілген рұқсатқа сәйкес келмеген, егер мұндай ауысу осындай рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылатын болса;

      3) жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсат болмаған, егер мұндай ауысу осы Кодекске сәйкес талап етілген болса;

      4) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе салынған әкімшілік жазаларға сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылатын болса;

      5) егер жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) осы Кодекс тыйым салған;

      6) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық келісімдердің бұзылуына әкеп соққан жағдайларда шығарылады.

      Өтінішті қарайтын мемлекеттік орган лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тарту туралы бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.

      Лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тартуға сатып алушы хабарлама жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасауы мүмкін.

      Осы тармақтың 1) тармақшасындағы негіздемелер бойынша лицензияны қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгеріс енгізуден бас тарту сатып алушыны лицензияны қайта ресімдеуге немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуге өтінішпен қайта жүгіну құқығынан айырмайды.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларындағы негіздемелер бойынша қайта ресімдеуден немесе келісімшартқа өзгерістер енгізуден бас тарту өтініш берушіні жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсат беруге өтінішпен қайта жүгіну құқығынан айырмайды.


      41-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ұғымы

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер қатысу үлестері, жарналары, акциялары мен үлестік қатысудың басқа да құралдары, сондай-ақ меншік құқығын растайтын не акцияларға, үлестерге, жарналарға және қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктеріне арналған жерлер аумағының шегінде орналасқан, сондай-ақ көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша, уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша, ірі кен орнын қамтитын жер қойнауы учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы үлестік қатысудың басқа да нысандарына айырбасталатын бағалы қағаздар болып табылады.

      Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер деп қатысу үлестері, жарналары, акциялары мен үлестік қатысудың басқа да құралдары, сондай-ақ меншік құқығын растайтын не акцияларға, үлестерге, жарналарға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлға қабылдайтын шешімді тікелей және (немесе) жанаматүрде анықтау мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы немесе өзге де ұйымдағы қатысу үлесінің басқа да нысандары айырбасталатын бағалы қағаздар танылады.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы және (немесе) шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасындағы айналымдағы акциялар, қатысу үлестері, жарналар және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің иелері болып табылатын заңды тұлғалардағы және ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да құралдары жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып танылмайды.


      42-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы:

      1) оларды өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, оның ішінде заңды тұлға таратылған жағдайда иеліктен шығару, сондай-ақ оларды салым ретінде заңды тұлғаның немесе өзге де ұйымның жарғылық капиталына енгізу;

      2) жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектілерден, оның ішінде кепілге беру кезінде ақы өндіріп алу;

      3) үлестердің, жарналардың, акциялардың немесе осы баптың 1-тармағында көзделмеген іс-әрекеттер нәтижесі болып табылатын үлестік қатысудың басқа да құралдарының арақатынасының өзгеруін қоспағанда, жаңа қатысушыны, жарнашыны қабылдау немесе акцияларды орналастыру нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге құқықтың туындауы;

      4) заңды тұлға қайта құрылған кезде тапсыру актісі немесе бөлу теңгерімі негізінде жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектілердің құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы;

      5) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің мұрагерлік тәртіппен ауысуы;

      6) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығару болып табылады.

      Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығару деп осындай объектілерді Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында сатып алу туралы ұсыныс жасау және (немесе) акцияларды Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында орналастыру танылады.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алған тұлға, болып өткен сатып алу туралы құзыретті органды сатып алу күнінен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етуге міндетті.

      Осы тармақтың ережесі Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығыда және (немесе) шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуды жүзеге асырған тұлғаға қолданылмайды.


      43-бап. Мемлекеттің басым құқығы

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған қайтадан жасалатын және бұрын жасалған келісімшарттарда мемлекет Қазақстан Республикасының заңдары немесе стратегиялық жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланудың иеліктен шығарылатын құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті), сондай-ақ стратегиялық жер қойнауы учаскесімен байланысты иеліктен шығарылатын немесе ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығарылатын объектілерді сатып алуға арналған шарт негізінде басым құқықтарға ие тұлғалар мен ұйымдарды қоса алғанда, кез келген тұлғалар мен ұйымдар алдында басым құқыққа ие болады.

      2. Мыналар:

      1) елу миллион тоннадан асатын көлемде мұнай немесе он бес миллиард текше метрден асатын табиғи газдың геологиялық қорларын қамтитын;

      2) Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан;

      3) уран кен орнын қамтитын жер қойнауы учаскесі стратегиялық болып табылады.

      Жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      3. Осы баптың 1-тармағының ережелері осы Кодекстің 44-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда қолданылмайды.


      44-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және онымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілетін құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген құзыретті органның рұқсаты мынадай:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің қатысу үлестерінің, жарналарының, акцияларының немесе үлестік қатысудың басқа да құралдарының кемінде тоқсан тоғыз пайызы жер қойнауын пайдаланушыға немесе тиісінше, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің меншік иесіне тиесілі еншілес ұйымның пайдасына, осындай еншілес ұйым салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, ауысқан;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ұйымдар арасында, оның ішінде әрқайсысында қатысу үлестерінің, жарналарының, акцияларының немесе қатысу үлесінің басқа да құралдарының кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде бір тұлғаға тиесілі болатын заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесінде құқықтық мирасқорлық тәртібімен, жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алушы салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, ауысқан;

      3) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлғада немесе тиісінше жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер иелерінде қатысу үлестерінің, жарналарының, акцияларының немесе қатысу үлесінің басқа да құралдарының кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде тиесілі тұлғаның немесе ұйымның пайдасына, сатып алушы салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, ауысқан;

      4) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша мәмілелер;

      5) егер жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алушыдағы қатысу үлестерінің, жарналарының, акцияларының немесе қатысу үлесінің басқа да нысандарының кемінде тоқсан тоғыз пайызы тікелей немесе жанама түрде сол бір тұлғаға тиесілі болса, сатып алушы салық салу жеңілдігі бар мемлекетте тіркелмеген жағдайда, таратылатын заңды тұлғаның мүлкін бөлу нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектілер ауысқан;

      6) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын қатысу үлестерінің, жарналарының, акциялардың ауысуы нәтижесінде тұлға заңды тұлға – жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушының шешімін тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау мүмкіндігі бар заңды тұлғаның немесе өзге де ұйымның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің, жарналарының, акцияларының кемінде бір пайызының иесі болатын болса, қатысу үлестері, жарналары, акциялар ауысқан;

      7) акцияларды орналастыруды, сондай-ақ бұрын сатып алынған акцияларды немесе заңды тұлғаның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, жарғылық капитал көлемі өзгерген, егер осының нәтижесінде қатысу үлесінің қатысушыларына, жарна ұстаушыларына немесе акциялар мен жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияға айырбасталатын басқа да бағалы қағаздар акционерлеріне тиесілі пайыздық қатынасы өзгермеген;

      8) тараптарының біреуі Қзақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік орган, ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания болып табылатын мәміле бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдаланудағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ауысқан;

      9) мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешендерін жекешелендіру процесінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану құқығынан (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестен), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерден айырған;

      10) заңды тұлға қайта құрылған кезде тапсыру актісінің негізінде құқықтық мирасқорлық тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ауысқан;

      11) мұрагерлік тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ауысқан;

      12) эмитент өзінің қатысу үлестерін, жарналарын, акцияларын және қатысу үлесінің басқа да нысандарын, сондай-ақ меншік құқығын растайтын немесе акцияларға, үлестерге, жарналарға және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын қатысу үлесінің басқа да нысандарына айырбасталатын бағалы қағаздарды сатып алған;

      13) меншік құқығын растайтын немесе акцияларға, үлестерге, жарналарға және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын қатысу үлесінің басқа да нысандарына айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылған, егер шығарылатын бағалы қағаздардың меншік иесі бұрын жоғарыда аталған акциялардың, үлестердің, жарналардың және қатысу үлесінің басқа да нысандарының меншік иесі болған тұлға қалатын болса;

      14) меншік құқығын растайтын немесе жоғарыда аталған қатысу үлестеріне, жарналарға, акцияларға және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын қатысу үлесінің басқа да нысандарына айырбасталатын, бұрын шығарылған бағалы қағаздардың орнына жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер сатып алынған;

      15) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын бағалы қағаздар ұстаушылары акциялары, үлестері, жарналары мен қатысу үлестерінің басқа да нысандары жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акционерлер немесе ұйымға қатысушылардың жалпы жиналысында қатысқан жағдайларда, талап етілмейді.

      3. Осы тараудың мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушыларға:

      1) құзыретті органмен жер қойнауын пайдалану құқығын беруге тікелей келіссөздерде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық әріптесі ретінде қатысатын ұйымдар;

      2) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукционда қатысуға жіберілген ұйымдар;

      3) қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру мәселесін қарау кезінде жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу қажеттігі туралы құзыретті органнан хабарлама алған ұйымдар да теңестіріледі.

      4. Құзыретті органның рұқсатынсыз жасалған жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша мәмілелер, сол сияқты қолданылу мерзімі өткен рұқсат болады.


      45-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру тәртібі

      1. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт, қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия немесе өндіруге лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді алуға ниеті бар тұлғалар құзыретті органға рұқсат беру туралы өтінішті жолдайды.

      2. Рұқсат беру туралы өтініш мыналарды қамтуы тиіс:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді алуға ниеті бар тұлғалар туралы мәлімет:

      заңды тұлғалар үшін – алушының атауы, оның орналасқан жері, оның мемлекеттік тиістілігіне нұсқау, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет, басшылары туралы және олардың өкілеттіктері туралы мәлімет, өтініш беруші қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде анықтауға мүмкіндігі бар тұлғалар, ұйымдар және мемлекеттер туралы мәліметтер;

      жеке тұлғалар үшін – алушының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тұрғылықты мекенжайы, азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтер,

      2) алынатын жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге нұсқау;

      3) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектінің ауысуына негіздеме;

      4) жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алуға ниеті бар тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын алушыларға қойылатын осы Кодекстің талаптарына сәйкестігін растайтын қаржылық және техникалық мүмкіндіктері туралы мәліметтері;

      5) өтініш берушінің өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген өзі туралы барлық мәліметтердің дұрыс болып табылатыны туралы жазбаша растауы;

      6) өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда), оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер.

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналымға шығарылуына рұқсат беру туралы өтініш мыналарды қамтуы тиіс:

      1) қатысу үлесі, жарнасы немесе акциялары бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналымға шығаруға жататын жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын ұйымның толық атауы;

      2) өзіне байланысты объектілер жататын және бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналымға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелеріне нұсқау;

      3) айналымға шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын жарғылық капитал көлемі, қатысу үлесі, жарна немесе акциялар саны туралы мәліметтер;

      4) бағалы қағаздар туралы (түрі мен саны), соның ішінде ұйымның шығарылған бағалы қағаздары туралы, қатысу үлестері, жарналары, акциялары немесе бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында шығаруға жататын жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын қатысу үлесінің басқа нысандары туралы мәліметтер;

      5) андеррайтер туралы мәлімет (болған жағдайда);

      6) листинг жүзеге асырылатын бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығы туралы мәлімет;

      7) бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналымға шығаруға жататын жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер саны туралы мәліметтер;

      8) өтініш берушінің өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген өзі туралы барлық мәліметтер дұрыс болып табылатыны туралы жазбаша растауы;

      9) өтініш берушінің атынан өтінішке қол қойған тұлғаның тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда), оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер.

      Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналымға шығаруға рұқсат беру туралы өтінішті акцияларды қосымша эмиссия (шығарылым) аясында орналастырған жағдайда шығарушы береді, ал бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді айналымға шығаруды аталған объектілерді ұстаушы жүргізгенде өтінішті осы ұстаушылар береді.

      4. Осы Кодекстің мемлекеттің басым құқықтары туралы ережелерін қолданған жағдайда осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтермен қатар рұқсат беру туралы өтініш жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша мәмілелердің бағасы туралы мәліметтерді және оны төлеу тәртібін қамтуы тиіс.

      5. Рұқсат беру туралы өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі. Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған болуы тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, мұндай құжаттар сонымен қатар әрбір құжаттың дұрыстығы нотариуспен куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын міндетті түрде қоса бере отырып, өзге тілде де жасалуы мүмкін.

      6. Құзыретті орган өтінішті алған күннен бастап бір ай ішінде өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарастырады.

      Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құзыретті орган оны ұлттық қауіпсіздік органдарына жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуының ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қарастыру үшін жібереді. Егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы ұлттық қауіпсіздіктің мүдделерін қозғайтын болса, ұлттық қауіпсіздік органдары бұл туралы құзыретті органды өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Бұл жағдайда құзыретті орган ұлттық қауіпсіздік органдарынан жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуының ұлттық қауіпсіздікке сәйкестігі туралы қорытындыны алғанға дейін өтінішті қарастыруды уақытша тоқтатады, бұл туралы құзыретті орган ұлттық қауіпсіздік органдарынан хабарлама алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні осындай тоқтата тұру туралы хабардар етеді.

      Құзыретті орган ұлттық қауіпсіздік органдарынан қорытынды алғаннан кейін өтінішті қарастыруды жаңартады.

      Өтінішті қарастыру барысында құзыретті орган өтініш берушіден қосымша мәліметтер мен (немесе) шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.

      7. Өтінішті өтініш беруші оны бергеннен кейін және құзыретті орган мәні бойынша шешім шығарғанға дейін кез келген уақытта кері қайтара алады.

      8. Өтінішті қарастыру нәтижесі бойынша құзыретті орган рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:

      1) егер      жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы жер қойнауын пайдалану құқығының шоғырлануына немесе елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталмауына әкелсе;

      2) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануына әкеп соқса;

      3) егер рұқсат беру туралы өтініш осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін болса;

      4) егер      жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына осы Кодексте тыйым салынған болса;

      5) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар немесе салынған әкімшілік жазаға сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуіне тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойыша жүргізілетін болса;

      6) мемлекет басым құқықты іске асыратын болса;

      7) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық келісімдерге сәйкес келмейтін болса рұқсат беруден бас тартады.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалану құқығының шоғырлануы деп Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін немесе төндіретін бір тұлғаның немесе бір елден тұлғалар тобының жер қойнауын пайдалану құқығындағы және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерде жиынтық үлеске ие болуы танылады.

      Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт аясында құқықтардың шоғырлануы деп Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшартта жер қойнауын пайдалану құқығының бірлескен иелерінің біреуінің осы қатысушыға келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша шешімді анықтауға мүмкіндік беретін үлесі шамасы түсініледі.

      10. Рұқсат беруден бас тарту сот тәртібінде өтініш берушімен қарсылық білдірілуі мүмкін. Осы баптың 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес рұқсат беруден бас тарту себептерін түсіндірместен рәсімделеді.

      11. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына рұқсат беру жер қойнауын пайдалану құқығындағы берілетін үлестің және (немесе) қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің шекті көлеміне, сондай-ақ алушы тұлғаға нұсқауды қамтуы тиіс.

      Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді айналымға шығаруға рұқсат беру шығарылымды жүзеге асыру жоспарланатын бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығына нұсқауды және бір немесе бірнеше мәмілеге шығарылым жүзеге асырылуы мүмкін жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің санын қамтуы тиіс.

      Осы Кодекстің мемлекеттік басым құқықтары туралы ережелерін қолданған жағдайда рұқсат беру жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы бойынша мәмілелердің бағасын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді алу бойынша мәмілелердің бағасын және оны төлеу тәртібін қамтуы тиіс.

      12. Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) ауысуға және (немесе) жер қойнауын пайдалануға байланысты объектілерге арналған рұқсат беру бір жыл мерзімге беріледі. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы жүзеге асырылмаған жағдайда, өтініш беруші көрсетілген мерзімде жаңа рұқсат беруді алу үшін құзыретті органға өтініш білдіреді.


      46-бап. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының мүдделерінде басым құқықты ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания құзыретті органның шешімі бойынша іске асырады.

      2. Басым құқықты іске асыру туралы мәселе осы Кодекстің 44-бабының 1-тармағында көзделген рұқсат беру туралы мәселені қарастырумен қатар құзыретті органның қарастыруына жатады. Басым құқықты іске асыру туралы және ол бойынша шешім қабылдау мәселесін қарастыру тәртібін құзыретті орган айқындайды.

      Мемлекет басым құқығын іске асыру туралы мәселені қарастырған кезде тұлғаның құзыретті органға жіберген өтініші мемлекетке оферта болып танылмайды.

      Егер өтінішті қарастыру кезеңінде жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің өту бағасы туралы немесе оны төлеу тәртібі туралы шарттар өзгеретін болса, өтініш беруші құзыретті органды мұндай өзгеріс туралы жазбаша хабардар етеді. Бұл жағдайда өтінішті қарастыру мерзімі хабарлама күнінен бастап қайта есептеледі. Мұндай хабарлама болмаған жағдайда құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысу бағасы туралы және өтініште алғашқы ретте көрсетілген оны төлеу тәртібі туралы шарттарды ескере отырып мәні бойынша өтінішті қарастырады.

      Мемлекет басым құқықты іске асыру туралы шешім қабылдаған жағдайда құзыретті орган ұлттық басқарушы холдингті немесе ұлттық компанияны мемлекет мүддесінде иеліктен айыратын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алушы ретінде айқындайды.

      3. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру туралы құзыретті органның шешімі негізінде ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компания бес жұмыс күні ішінде иеліктен айыратын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді алуға ниеттенген тұлғаға басым құқықты іске асыру тәртібі мен мерзімі туралы келіссөздердің басталғаны туралы ұсыныспен жүгінеді.

      Ұлттық басқарушы холдинг немесе ұлттық компанияның жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді алуы мемлекеттің басым құқығын іске асыру мақсатында осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген берілген өтініш немесе хабарламада көрсетілгеннен нашар емес оның төлеу шартымен және бағасы бойынша жүзеге асырылады.

      4. Жер қойнауын пайдалану құқығынан (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестен) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерден айырған жағдайда өтеусіз негізде немесе оларды заңды тұлғаның жарғылық капиталына енгізген жағдайда оларды мемлекеттің басым құқығын іске асыру кезінде сатып алу Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес анықталатын нарықтық баға бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттің басым құқығын іске асырған кезде сатып алу бағасымен келіспесе өтініш беруші бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде қарсылық білдіруге құқылы.


      47-бап. Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабардар ету

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығының үлесіне) иеленген жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға осындай құқықты берген мемлекеттік органды жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар мен (немесе) ұйымдар құрамының өзгергені туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап отыз күн ішінде хабардар етуге міндетті.

      2. Хабарламада мыналар:

      1) бақылауды жоғалтқан немесе алған тұлға (ұйым) туралы мәлімет;

      заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тиістілігіне нұсқау;

      жеке тұлғалар үшін – сатып алушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы;

      2) бақылау нысаны және тәсілі, сондай-ақ бақылауды жоғалту немесе иелену негіздемесі қамтылуға тиіс.

      3. Хабарлама құзыретті орган бекіткен нысан бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.

      4. Хабардар етілуге жататын мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушыдан хабарламада көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды (құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін) сұратуға құқылы.

      5. Осы Кодекстің мақсаттары үшін тікелей бақылау мына шарттардың (бақылау тәсілдерінің) ең болмаса біреуінің болуын:

      1) ұйымға қатысу құқығының жиырма бес пайызынан астамына ие болуын (қатысу үлесіне құқықты, акцияларға, жарналарға және меншік құқығын растайтын немесе акцияларға немесе жарналарға ауыстырылатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, басқа да үлестік қатысу құралдарын);

      2) ұйымның жоғары басқару органында барлық дауыстың жиырма бестен астам пайыз дауыс беру құқығына ие болуын;

      3) жер қойнауын пайдаланушының бөлінетін таза табысының жиырма бестен астам пайызын алуын;

      4) шартқа сәйкес немесе заң негізінде басқа ұйымның шешімін айқындау құқығына ие болуын білдіреді.

      Жанама бақылау араларында тікелей бақылау бар үшінші ұйым (ұйымдар) арқылы тұлғаның, ұйымның басқа ұйымды бақылау мүмкіндігін білдіреді.

      6. Осы баптың ережелері қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиясы бар және тау-кен жұмыстары жоспарына сәйкес тек қана негізгі құрылыс материалдарын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.


      48-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына ауыртпалық салу

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске), осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттармен үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынуы мүмкін.

      2. Сенімгерлік басқаруға беру туралы талап Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынады.

      3. Осы Кодексте ауыстыруға тыйым салынған жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерге) ауыртпалық салуға жол берілмейді.

      4. Осы Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестердің) кепілі құзыретті органда мемлекеттік тіркелуге жатады.

      Осы тармақта көзделген жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерің) кепілі оның мемлекеттік тіркелген кезінен бастап туындайды.

      Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестерінің) кепілін тіркеу "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.

      5. Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) өндіріп алуды қолдану азаматтық заңнамада көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға құқық (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер кепілдігінің ерекшелігі, сондай-ақ кепілдік мәніне қолданылатын өндіріп алуды қолдану осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленеді.

6-тарау. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезіндегі оператор

      49-бап. Операторды тағайындау және оның міндеттері

      1. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша, барлау немесе өндіруге лицензиялар бойынша оператор әрекеті үшін жер қойнауын пайдаланушы мүліктік жауаптылықта болатын жер қойнауын пайдалануға келісімшарт немесе лицензия бойынша қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есептік операцияларды жүзеге асыратын, жер қойнауын пайдаланушы құрған немесе анықтайтын заңды тұлға болып табылады.

      2. Келісімшарт немесе лицензия бойынша оператордың тағайындалғаны туралы жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органды жазбаша хабардар етеді.

      3. Бір келісімшарт немесе лицензия бойынша бір ғана оператор тағайындалуы мүмкін.

      4. Оператор мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы қатынастар қарапайым жазбаша нысанда жасалатын олардың арасындағы келісімде реттеледі. Көрсетілген келісімнің қарапайым жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.

      5. Осы тараудың әрекеті осы Кодекстің 147-бабының ережелерінде көзделген кен орындарын бірлесіп игеру шеңберінде басқару компаниясының қызметіне қолданылмайды.


      50-бап. Оператордың мүлкі

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе лицензия бойынша жұмыстарды орындау үшін оператор құрған немесе сатып алған мүлік жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

      2. Оператор көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оператор пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушының мүлкі оператор мүлкінен жеке есепке алынуға тиіс.


      51-бап. Оператордың жауапкершілігі

      Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт немесе лицензия бойынша оператордың әрекеті үшін мемлекет және үшінші тұлға алдында залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жер қойнауын пайдаланушы жауаптылықта болады. Жер қойнауын пайдаланушыда барлық талаптарды қанағаттандыруға мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда жетіспеген бөліктерінде мүліктік жауаптылықта оператор болады.

III БӨЛІМ. Жер қойнауын қауіпсіз пайдалану 7-тарау. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде қауіпсіздік бойынша талаптар

      52-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздік

      1. Өндірістік және өзге де объектілерді болжауды, жоспарлауды және жобалауды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      2. Жер қойнауының экологиялық жай-күйі шекті жол берілген эмиссияларды нормалаумен, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін шектеумен немесе оған тыйым салумен қамтамасыз етіледі.

      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жер қойнауын пайдалануға тыйым салынады.


      53-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік

      1. Өндірістік және өзге де объектілерді жобалауды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша заңнамада көзделген қағидалар мен нормалардың орындалуын, сондай-ақ апаттардың, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу және жою бойынша іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етуі тиіс.

      3. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жеке және заңды тұлғаларға материалдық шығын келтіретін жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларға тыйым салынады.

      4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптаманың оң қорытындысынсыз жер қойнауын пайдалануға тыйым салынады.

      5. Жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде:

      1) жұмыскерлердің жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша қағидалар мен нормаларды зерделеуі және орындауы, сондай-ақ авариялардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларды жоспарлау және оны жүргізу;

      2) жұмыскерлердің өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда, жұмысты тоқтату, адамдарды қауіпсіз жерге шығару және қауіпті айқындау үшін қажетті іс-шараларды жүргізу;

      3) қауіпсіздік қағидалары мен нормалары және санитариялық нормалар талаптарына сәйкес келетін жай-күйде машиналарды, жабдықтар мен материалдарды қолдану, ғимараттар мен құрылысжайларды күтіп-ұстау;

      4) жарылғыш материалдар мен қауіпті химиялық заттарды есепке алу, тиісті сақтау және тасымалдау, сондай-ақ оларды дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану;

      5) кеніштік атмосфераның құрамын жақсартуды көздейтін арнайы кешендік ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың озық практикасын ескере отырып әзірлеу және оны жүзеге асыру, тау-кен жұмыстарын жүргізу технологиялары мен кәсіби ауруларды және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жетілдіру;

      6) газдың кенеттен шығарылымын, судың, пайдалы қазбалар мен жыныстарды бұзып өтуін, сондай-ақ тау жыныс соққысын болжау әрі алдын алу бойынша арнайы іс-шараларды жүзеге асыру;

      7) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу аймақтарының шекарасын нақтылайтын деректермен апаттарды жоюдың техникалық құжаттамасы мен жоспарларын уақтылы толықтыру;

      8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамада көзделген өзге де талаптарды орындау қамтамасыз етілуге тиіс.

      6. Кез келген адам жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде еркін жүріп тұруға, жалпы пайдаланудағы объектілер мен коммуникацияларды, егер бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарымен байланысты болмаса және мұндай пайдалану жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге кедергі келтірмесе пайдалануға құқылы.

8-тарау. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою

      54-бап. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою туралы жалпы ережелер

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушы өзіне берілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға міндетті.

      2. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың адам өмірі мен денсаулығына теріс әсерін жою, теріс экологиялық салдарды барынша төмен деңгейге жеткізу және бұзылған жерлерді оларды одан әрі пайдалануға жарайтын жағдайға келтіру мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені жою болып табылады.

      3. Жою осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған және қорғауға жатпайтын жер қойнауының учаскелерінде жүргізіледі.

      Осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар салдарын жою жер қойнауы учаскесінің бір бөлігіне пайдалану құқығын тоқтату мақсатында, сондай-ақ жою бойынша жұмыстар көлемін (прогрессивті жою) азайту мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиянын немесе келісімшарттың қолданысы тоқтатылғанға дейін жүргізуі мүмкін.

      4. Лицензия немесе келісімшарт қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына әкеп соқпайды.

      5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою ерекшеліктері оның барлық түрлері ескеріле отырып, осы Кодекстің Ерекше бөлімінде айқындалады.


      55-бап. Жоюды қаржыландыру

      1. Жою жер қойнауын пайдаланушының немесе жер қойнауын пайдалануға тиісті лицензия немесе келісімшарт тоқтатылғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы болған тұлға есебінен жүргізіледі.

      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді беруге міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді беру жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      3. Жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының пайдасына жүзеге асырылады.

      Жою бойынша міндеттемелерді осы Кодекске сәйкес белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар салдарын жою жөніндегі шығыстар тиісті қамтамасыз ету қаражаты есебінен жабылады.

      Егер тиісті қамтамасыз ету сомасы жоюдың тиісті жобасы бойынша шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, мемлекет жетіспейтін соманы жоюды жүзеге асыруға міндетті болған тұлғаның мүлкінен алуға құқылы.

      4. Жер қойнауын пайдаланушының жою бойынша міндеттемелерді орындауы теңізде көмірсутектерді барлауды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, кепілдікпен, банктік салым кепілімен және (немесе) сақтандырумен қамтамасыз етіле алады.

      5. Егер қамтамасыз ету сомасы жоюға арналған шығыстардың нақты мөлшерінен асып кететін болса, пайда болған айырмашылық бюджетке төленеді.

      6. Қамтамасыз ету пайдалануға берілген әрбір жер қойнауы учаскесі бойынша жеке беріледі.

      Салдарын жоюды талап ететін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды осы Кодекске сәйкес берілетін қамтамасыз етпей жүргізуге тыйым салынады.

      7. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) үшінші тұлғаға иеліктен шығаруы оны жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алушы осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қамтамасыз етуді бергенге дейін жою бойынша міндеттемелерден босатпайды.

      8. Егер жер қойнауын пайдаланушыға қатысы жоқ себептермен оған берілген қамсыздандыру осы Кодекстің талаптарына енді сәйкес келмейтін болса немесе тоқтатылса, жер қойнауын пайдаланушы алпыс күнтізбелік күн ішінде осындай қамсыздандыруға алмастыру жүргізуі тиіс. Егер көрсетілген мерзім ішінде осындай алмастыру жүргізілмейтін болса, соңғысы тез арада жер қойнауын пайдалану бойынша операцияны тоқтатуға міндетті. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жаңартуға қамсыздандыруды жаңартқаннан кейін немесе алмастырғаннан кейін ғана жол беріледі.


      56-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі кепілдік

      1. Кепілгер кепілдікке орай Қазақстан Республикасының алдында осы Кодекске сәйкес айқындалатын ақшалай сома шегінде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемесін осы Кодекске сәйкес толық немесе ішінара орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді.

      2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, шетелдік банк не акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналымда болатын ұйым кепілгер бола алады. Егер шетелдік банк немесе акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналымдағы ұйым кепілгер болса, мұндай кепілгерлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктер қарыздар мен банктік кепілдіктер берген кезде шектеу мақсаттары үшін айқындайтын шетелдік валютада мейлінше аз жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарға сәйкес келуге тиіс.

      3. Банктің осы бапқа сәйкес өзі берген кепілдігі бойынша міндеттемесі жою аяқталғанға дейін тоқтатылмайды.

      4. Кепілдік құзыретті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.

      Шетелдік тұлға берген кепілдік мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасымен шет тілде жасалуы мүмкін, оның дұрыстығын нотариус куәландыруға тиіс.


      57-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі банктік жарна кепілі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы жою бойынша міндеттемені орындамаған жағдайда, банктік жарнаның кепіліне орай Қазақстан Республикасының кепілге салынған банктік жарна сомасынан жер қойнауын пайдаланушының басқа кредиторлар алдындағы басым қанағаттануын алуға құқығы бар.

      2. Осы бапқа сәйкес кепіл нысанасы екінші деңгейдегі банкте орналастырылған банк салымы ғана болуы мүмкін.

      3. Салым теңгемен немесе шетел валютасымен салынуы мүмкін.

      4. Қамтамасыз ету болып табылатын банк салымының мөлшеріне қойылатын талаптар осы Кодексте белгіленеді.

      5. Қамтамасыз ету болып табылатын салымды қайта кепілге салуға тыйым салынады.

      6. Заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушының банкроттығын қоса алғанда, ол таратылған жағдайда, кепіл нысанасы конкурстық массаға қосылмайды, ал кепіл ұстаушы жер қойнауын пайдаланушының өзге де мүлкі есебінен өз талаптарын қанағаттандыруға қатысатын кредитор болып табылмайды.


      58-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру

      1. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу салдарын жою бойынша өзінің міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте көзделген тәртіпте (сақтандыру жағдайы) сақтандыру ұйымымен жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушы орындамағандықтан, Қазақстан Республикасының пайдасына (пайда алушы) сақтандыру сомасын төлеуге әкеп соғатын сақтандыру шартын жасасуға құқылы.

      2. Осы бапта көзделген сақтандыру бойынша қатынастар азаматтық заңнамада реттеледі.

IV БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ 9-тарау. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органдар жүйесі

      59-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын мемлекеттік меншік объектісі ретінде басқаруды ұйымдастырады, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді.

      ұлттық қауіпсіздік, халықтың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шектеулер мен тыйымдар белгілейді;

      жер қойнауы учаскелерінің стратегиялық тізбесін бекітеді;

      оған Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, өзге де заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.


      60-бап. Құзыретті орган

      Мемлекеттік саясатты іске асыру және жер қойнауын пайдалану саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық атқарушы орган болып табылатын құзыретті органды айқындайды.

      Құзыретті орган Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді және қатты пайдалы қазбалар және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты мыналар арқылы іске асырады:

      1) жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

      2) осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      3) көмірсутектерді барлау және өңдеу, уранды өңдеу, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өңдеу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату;

      4) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға лицензияларында және осы Кодексте көзделген көмірсутегі мен уран саласындағы келісімшарттар талаптарын, сондай-ақ қатты пайдалы қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдалану талаптарын сақтауына бақылау;

      5) оларға берілген лицензиялар және жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың және оларға берілген лицензиялардың талаптарын орындау барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

      7) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.


      61-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияларды реттеу бойынша мемлекеттік саясатты мыналар:

      1) осы Кодексте көзделген жағдайларда уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша операцияларды реттеу саласында құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      2) уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      3) жою жоспарының кешенді сараптамасын жүргізу;

      4) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;

      5) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы іске асырады.


      62-бап. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган

      Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган көмірсутектер саласындағы мемлекеттік саясатты мыналар арқылы іске асырады:

      1) осы Кодексте көзделген жағдайларда көмірсутектер саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      2) көмірсутектер саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      3) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды реттеу;

      4) көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      5) жобалық құжаттар ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;

      6) мұнай мен шикі газды өндіру және айналым деректерінің бірыңғай базасын жүргізу;

      7) мұнай өнімдерінің ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде қайта өңдеу үшін мұнай жеткізу кестесін қалыптастыру;

      8) көмірсутектерді барлау және өндіруді жүргізу үшін пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су қоймаларында құру және орналастыруға рұқсат беру;

      9) шикі газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру;

      10) көмірсутектерін өндіру, өткізу және тұтынудың ұлттық теңгерімін жүргізу арқылы іске асырады.

      11) жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      12) теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында азаматтық қорғаныс және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, мұнай төгілуін жоюға дайындықты қамтамасыз ету және іс-қимылдар жасау жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеу және бекіту;

      13) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.


      63-бап. Уран саласындағы уәкілетті орган

      Уран саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік саясатты:

      1) осы Кодексте көзделген жағдайларда уран өндіру саласындағы құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      2) уран саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу және бекіту;

      3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі, уран өндіру бойынша операцияларды реттеу;

      4) уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      5) уран өндіру жөніндегі жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      6) уран өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      7) жер қойнауын пайдаланушылардың уранды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      8) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.


      64-бап. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган

      Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган геологиялық зерделеу және жер қойнауының кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты:

      1) гелогиялық зерделеуге және жер қойнауының кеңістігін пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

      2) жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерделеу жүргізу;

      3) гелогиялық зерделеу және жер қойнауының кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

      4) гелогиялық зерделеу және жер қойнауының кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      5) осы Кодекстің геологиялық ақпаратты есепке алу, оны сақтау, оның сақталуы және дұрыстығы бойынша талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      6) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ оларға берілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      7) минералдық техногендік түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерінің мемлекеттік есепке алынуын ұйымдастыру және оны жүргізу;

      8) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпараттың жинау және жинақтап қорытуды жүргізу;

      9) Бірыңғай жер қойнауының мемлекеттік қор кадастрын жүргізу;

      10) жерасты су бөлігіндегі мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

      11) жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

      12) тиісті координаттармен және жеке кодтармен блоктарды сәйкестендіру картасын әзірлеу және бекіту;

      13) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскілерінің шекарасын анықтау, геологиялық ақпаратты пайдалану және осы Кодексте көзделген басқа мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;

      14) өздігінен ағып жататын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;

      15) геологиялық зерделеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстары жобаларына өзгерістер енгізуге келісу;

      16) жерасты сулары учаскелерінің қорларын бағалауға мемлекеттік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;

      17) осы Кодексте көзделген жағдайларда геология және жер қойнауын геологиялық зерделеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      18) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіментінің актілерін жүзеге асыру арқылы іске асырады.


      65-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға:

      1) старательдік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

      2) жер қойнауын пайдаланушылардың старательдікке арналған лицензияда және осы Кодексте көзделген өндіру шарттарын сақтауына бақылау;

      3) жер заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық беру және резервке қою;

      4) осы Кодекстің 105-бабына сәйкес жасалатын келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеу

      5) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуды реттеу, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығын білдіретін жер қойнауы учаскелерін есепке алуды жүргізу;

      6) оларға берілген старательдікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделеріне орай жүзеге асыру арқылы қатысады.

10-тарау. Жер қойнауының мемлекеттік қоры

      66-бап. Жер қойнауының мемлекеттік қоры

      1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын жер қойнауының пайдаланылатын учаскелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы шегінде пайдаланылмайтын жер қойнауы құрайды.

      2. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларына сәйкес жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы негізінде осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.


      67-бап. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы

      1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және Қазақстан Республикасының минералдық шикізат базасын молайту мақсатында әзірленеді.

      2. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын құзыретті орган әзірлейді және бекітеді.

      3. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы жер қойнауын пайдалану саласын дамыту перспективаларын талдау негізінде және мыналар:

      1) Қазақстан Респбуликасының ұлттық, экологиялық және энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бекітілген құжаттары;

      4) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалардың тиісті түрлеріне және (немесе) оларды өңдеу өнімдеріне қажеттілігі;

      5) Қазақстан Республикасының минералдық шикізат базасын пайдалы қазбалардың түрлері бойынша толықтыру және ұлғайту қажеттілігі;

      6) өңірлерді дамытудың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық перспективалары;

      7) Бірыңғай жер қойнауының мемлекеттік қор кадастрының мәліметтері;

      8) бір тұлғаның немесе бір елден тұлғалар тобының жер қойнауын пайдалану құқығындағы және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердегі жиынтық үлеске ие болуы туралы мәліметтер;

      9) жер қойнауы мемлекеттік мониторингінің мәліметтері;

      10) геологиялық ақпаратты қорыту және талдау;

      11) қолда бар инфрақұрылым мүмкіндіктері ескеріле отырып әзірленеді.

      4. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында:

      1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жүргізу жоспарланатын шектегі аумақтардың географиялық координаттары;

      2) жер қойнауы учаскелері шегіндегі аумақтардың географиялық координаттары:

      қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру үшін;

      аукцион негізінде көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға беріледі;

      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер аумақтарының географиялық координаттары;

      4) қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік мұқтаждықтары үшін жерлердің, елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) аумақтарының, су қоры жерлерінің аумақтарының географиялық координаттары.

      5) жер қойнауын басқарудың мемлекеттік саясатын іске асыру үшін қажетті өзге де мәліметтер қамтылады.

      Осы тармақтың 1)-5) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы барлау және өндіру немесе көмірсутектерді өндіру үшін, сондай-ақ уранды немесе сирек кездесетін уран кен орнында уранды барлау немесе өндіру үшін ұлттық компанияға ғана берілуі мүмкін аумаққа (аумақтарға) нұсқамалар қамтылуы мүмкін.

      5. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы көмірсутектерді барлау үшін берілетін жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды қамтиды.

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізу кезінде құзыретті орган жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында белгіленген талаптарға қарағанда, жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша анағұрлым жоғары ең төменгі талаптарды белгілеуге құқылы.

      6. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, құзыретті орган жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында айқындалмаған аумақтарда қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды немесе көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін беруге құқылы емес.


      68-бап. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін есепке алу

      1. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін есепке алу мақсатында:

      4) жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;

      5) жер қойнауының мемлекеттік мониторингі;

      6) геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, жүйеге келтіру және қорыту жүзеге асырылады.

      2. Жер қойнауының жай-күйі туралы мәліметтер жер қойнауын геологиялық зерделеудің, сондай-ақ геологиялық ақпараттың нәтижелеріне, жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекске сәйкес ұсынатын есептерге және өзге де құжаттарға негізделеді.


      69-бап. Жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры

      1. Жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры:

      1) пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алу туралы, олардың көрініс табуы және жер қойнауы кеңістігінің объектілері туралы мәліметтер;

      2) жер қойнауын геологиялық зерделеу, көмірсутектерді немесе қатты пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану, сондай-ақ старательдік үшін пайдалануға берілген жер қойнауы учаскелері туралы мәліметтер;

      3) көмірсутектерді және қатты пайдалы қазбаларды өндіру, старательдік, зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың жойылған объектілері туралы мәліметтер;

      4) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың жұмыс істеп тұрған объектілерін мемлекеттік есепке алу туралы мәліметтер қамтылады.

      2. Пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алу пайдалы қазбалардың кен орындары, негізгі және олармен бірге жатқан пайдалы қазбалар саны мен сапасы, олардың құрамындағы компоненттер, өнеркәсіптік мәні бар кен орындарының тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да сипаттамалары, олардың орналасуы, зерттелу дәрежесі, өнеркәсіптік игерілу дәрежесі, өндіру, пайдалы қазбалардың өнеркәсіптілігінің шығындары мен қамсыздандырылуы туралы, сондай-ақ пайдалы қазбалардың ресурстарын оларды өндіру немесе пайдалы қазбалардың ресурстары мен (немесе) қорларын өндіру немесе қайта бағалау нәтижесінде бағалаудағы есепті жылдағы өзгерістер туралы мәліметтерді қамтиды.

      Пайдалы қазбалардың әрбір көрініс белгілері бойынша пайдалы қазбалардың болжамды (перспективалы) ресурстары, гидрогеологиялық және көрініс белгілерінің басқа да сипаттамалары туралы геологиялық-экономикалық деректері тіркеледі.

      Жер қойнауы кеңістігінің объектілері туралы мәліметтер жер қойнауы қуысының орналасу координаттары мен сипаттамалары туралы, оларда өндірістік, шаруашылық және басқа да объектілер мен заттардың орналасу мүмкіндіктері, оларда технологиялық және өзге де процестерді жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы деректерді қамтиды.

      3. Жер қойнауының әрбір учаскесі бойынша жер қойнауын кеңістік шекараларда айқындауға мүмкіндік беретін идентификаттық сипаттамалары оның мөлшері мен орналасқан жері, жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер солардың негізінде жер қойнауын пайдалану құқығы берілген құжаттарда, жер қойнауын пайдалану құқығына кепілдік туралы мәліметтер және жер қойнауын пайдаланушы ұсынған геологиялық ақпарат және өзге де құжаттамалар тіркеледі.

      4. Көмірсутектерді және қатты пайдалы қазбаларды өндірудің жойылған объектілері туралы мәліметтерге өндірудің жойылған объектілерін орналастыру, жою актісі және өндірудің салдарын жою туралы басқа да деректер жатады.

      5. Жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрын қалыптастыру мемлекеттік геологиялық зерделеу жүргізу, жер қойнауын мониторингілеу, есептілік және жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекске сәйкес ұсынатын өзге де мәліметтер есебінен қамтамасыз етіледі.

      6. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган пайдалы қазбалардың қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты олар белгілеген тәртіпте мемлекеттік органдарға ұсынады.

      7. Жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрын жүргізуді Қазақстан Республикасының минералды-шикізат қорын есепке алу мақсатында өзі бекіткен тәртіпте жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.


      70-бап. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі

      1. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының жай-күйін байқаудың, оның ішінде мемлекеттік жер қойнауы қорының ұтымды басқарылуын және оның өзгерістерін, бағалауды, жағымсыз процестер салдарының алдын алуды және жоюды уақтылы анықтауды қамтамасыз ету үшін ғарыштан Жерді қашықтықтан зондау деректерін пайдалана отырып, байқаудың кешенін білдіреді.

      2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.


      71-бап. Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерделеу

      1. Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерделеу дегеніміз жүйелі өңірлік геологиялық зерделеулерді, Жерді қашықтықтан аймақтаудың ғарыштық әдістерін пайдалана отырып зерделеулерді, геологиялық түсіру жұмыстары, кешенді геологиялық ақпаратты алу және жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын геологиялық карталарды жасау мақсатында аэро және (немесе) ғарыштық сейсмологиялық мониторингілеуді; пайдалы қазбаларды іздеу және бағалау, жер қойнауының ахуалына мониторинг, құрылысқа арналған инженерлік-геологиялық іздеу; жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер, жер қабатын және онда жүріп жатқан үдерістерді және жер қойнауының басқа ресурстарын зерттеу мақсатында жүргізілетін және өзге де жұмыстарды қамтуы мүмкін жұмыстар кешені болып табылады.

      2. Жер қойнауын геологиялық зерделеуді жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жүргізе алады.

      3. Мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерделеу жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган мен мердігер арасында жасалатын шарт негізінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

      4. Мемлекеттік геологиялық зерделеу жүргізу аумағы мен жұмыс түрлері шартта айқындалады.

      5. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу Қазақстан Республикасының барлық аумағында, соның ішінде осы Кодекске сәйкес жеке тұлғаларға пайдалануға берілген жер қойнауы учаскелерінің аумағында жүргізілуі мүмкін. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу бойынша жұмыстар жүргізу жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізетін тұлғалардың қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуі тиіс.

      6. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жүргізу жоспарланып отырған аумақ жұмыстың мақсатын, міндеттері мен сипаттамаларын көрсете отырып мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында айқындалады.

      7. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жүргізу нәтижелері жұмысты қабылдау күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей, ашық қолжетімділікке ұсынылады.

      8. Жер қойнауын геологиялық зерделеу жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын геологиялық-барлау кезеңділігінің қағидаларына сәйкес жүргізіледі.


      72-бап. Геологиялық ақпарат

      1. Жер қойнауы мен олардың учаскелерінің заттай құрамы, геологиялық құрылысы және тарихы, геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық және тектоникалық ерекшеліктері, кез келген жеткізгіште тіркелген және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар кен орындарының және пайдалы қазбалардың көріністері туралы мәліметтер геологиялық ақпарат болып табылады.

      Геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштеріне бұрғылау ұңғымаларының керндері, пайдалы қазбалардың, судың сынамалары, жыныстар мен минералдардың үлгілері, тас материалдардың сынамалары мен коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар жатады.

      Геологиялық ақпараттың жасанды тасығыштарына далалық байқаулар журналдары, сынамалау, сынаманы талдау, геофизикалық байқауларды тіркеу журналдары, геологиялық есептер, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептер, пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есептер, геологиялық ақпаратты өңдеу интерпретациялау, талдау және жинақтау нәтижелері туралы деректердің қағаз және электронды тасығыштары жатады.

      2. Геологиялық ақпарат, егер ол мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен алынған болса немесе осы Кодекске сәйкес мемлекет меншігіне берілген болса, мемлекеттік меншікте (мемлекеттік геологиялық ақпарат) болады.

      Жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен алынған геологиялық ақпарат жеке меншікте (жеке геологиялық ақпарат) болады.

      Осы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекеттік органдарға ұсынылатын геологиялық есептілікте және өзге де құжаттамада қамтылатын жеке геологиялық ақпарат мерзімсіз иеленуге және пайдалануға мемлекетке беріледі.

      3. Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет меншігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, қорыту және ұсынуды жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіпте жүзеге асырады.

      Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушы туралы ақпаратты сақтау және қол жетімділігін қамтамасыз ету, геологиялық ақпаратты ұсынуды, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган мен құзыретті орган арасындағы өзара іс-қимылды және жұмыс барысын үйлестіруді автоматтандыру "Қазақстан Республикасының минералды ресурстары деректерінің ұлттық банкі" ақпараттық жүйесін жұмыс істету арқылы жүзеге асырылады. "Қазақстан Республикасының минералды ресурстары деректерінің ұлттық банкі" ақпараттық жүйесін пайдаланылуды геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну жөніндегі ұлттық оператор қамтамасыз етеді.

      Ұлттық оператор сақтау, қорыту, жүйелеу және мүдделі тұлғаларға иелену үшін меншіктегі, сондай-ақ мемлекет меншігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жинауды жүзеге асырады.

      Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, қорыту және беру жөніндегі Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және осы бапта көзделген қызметті жүзеге асыратын жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам болып табылады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың болуын, есепке алынуын және сақталуын, сондай-ақ оған жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкілетті органның зерттеу немесе тексеру жүргізу үшін кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Көмірсутектерді немесе қатты пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру бойынша операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға келісімшарт немесе лицензияның қолданылуы кезеңінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың табиғи тасығыштарын иелігінен шығаруға құқығы жоқ. Жер қойнауын пайдаланушы керндер, жыныстар мен минералдардың үлгілері, сынамалар, тас материалы коллекциялары, тілімтас, кеспетас, минералды ерітінділер мен ұнтақтар түріндегі геологиялық ақпараттың табиғи тасығыштарын Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ шегінен тыс жерлерге зерттеу және талдау жасау үшін ғана шығаруға құқылы. Мұндай зерттеулер мен талдаулардың нәтижелері осы Кодекске сәйкес жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын геологиялық есептерге қосуға жатады.

      Жыныстар мен минералдар үлгілері, тас материалының коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер және ұнтақтар түрлеріндегі геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың шегінен тыс жерлерге шығаруға ниеттенген жер қойнауын пайдаланушы бұл туралы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органы болжанған әкету күніне дейін бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті. Хабарламада шығарылатын табиғи жеткізгіштерді зерттеу сипаты, зерттеу жүргізудің болжанатын мерзімі, зерттеу нәтижелері туралы есепті дайындау мерзімі, зерттеуді жүргізетін ұйым туралы мәліметтерді қамтылуға тиіс.

      Жер қойнауын пайдаланушының сынама түріндегі геологиялық ақпараттың табиғи тасығыштарын иелігінен айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың шегінен тыс жерлерге шығаруы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады. Рұқсат алу үшін жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға өтінішпен жүгінеді, онда шығарылатын сынаманың көлемі мен оны зерттеу сипаттамасы, зерттеу жүргізудің болжанатын мерзімі, зерттеу нәтижелері және зерттеу жүргізетін ұйым туралы мәліметтер қамтылады.

      Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде рұқсат беру туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган мынадай негіздемелер бойынша:

      1) рұқсат беруге өтініш осы тармақтың талаптарына сәйкес келмесе;

      2) иеліктен шығарылатын және (немесе) әкетілетін сынама болжанатын зерттеу сипаттамасына анық сәйкес келмесе;

      3) бұрын берілген рұқсат бойынша жүргізілген зерттеулер мен сынамалар талдауының нәтижелері туралы мәліметті қамтитын геологиялық есептер ұсынылмаса рұқсат беруден бас тартады.

      5. Өзіне тиесілі керндерді иеліктен шығаруды немесе жоюды жүргізуге ниеттенген жер қойнауын пайдаланушы бір айдан кешіктірмей, осындай ниеті туралы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан көрсетілген керндерді талапта көзделген мерзімде өзіне өтеусіз беруді жазбаша талап етуге құқылы. Бұл мерзім бір айдан кем болмауы тиіс.

      Қазақстан Республикасы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың шегінен тыс жерге керндерді шығару осы баптың 4-тармағының үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен берілетін жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

      6. Жасанды жеткізгіштерде геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан және Еуразиялық экономикалық одақ шегінен тыс жерлерге шығару егер мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада өзгеше көзделмесе, шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      7. Осы бапта көзделген шектеулер старательдік және жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялрды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.


      73-бап. Жер қойнауын пайдаланушының есептілігі

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар туралы есептілік ұсынуға міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушы ұсынатын есептілік мерзімді немесе бір реттік болуы мүмкін.

      Мемлекеттік органға тапсырылатын мерзімдік есептілікте жер қойнауын пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі (есепті кезең) қызметінің нәтижелері туралы ақпарат қамтылады.

      Жер қойнауын пайдаланушыға бір реттік есептілік мемлекеттік органды нақты мәселе бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпараттандыру мақсатында ұсынылады.

      Есептіліктің құрамы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері ескеріле отырып, оны ұсыну тәртібі осы Кодекстің Ерекше бөлімінің ережелерінде айқындалады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның жазбаша сұрау салуы бойынша жүргізілген жұмыстар мен жер қойнауын пайдалану бойынша шығыстарды растайтын құжаттаманы тексеру үшін осындай сұрау салуды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуы тиіс.

      3. Негізгі құрылыс материалдары мен старательдікті қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор болып табылатын тұлға растаған Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілікті құзыретті органға ұсынуға міндетті.

      Осы есептілік нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыру және дамыту бойынша өкілеттік берілген мемлекеттік орган әзірлеп, бекітеді.


      74-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті беру

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынатын мемлекеттік орган берілген жер қойнауын пайдалану құқығы туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      2. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың түрлерін есепке ала отырып жер қойнауын пайдалану құқығы туралы ақпарат мынадай мәліметтерді:

      1) жер қойнауын пайдалануға берілген лицензия мен жасалған келісімшарттың мазмұны туралы;

      2) атауын (тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда), заңды мекенжайын (азаматтығын), жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің мөлшерін қамтитын жер қойнауын пайдаланушы туралы;

      3) мемлекеттің атауын, бақылаушы ұйымның атауын (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және заңды мекенжайын (азаматтығы), өзіне тиесілі бақылау нысаны мен тәсілін қамтитын жер қойнауын пайдаланушыны бақылаушы тұлға туралы;

      4) берілген есептілікке сәйкес жылдар бойынша жер қойнауын пайдаланушы жүргізген шығыстардың жалпы сомасы туралы;

      5) жылдар бойынша жалдау төлемдерінің төленген сомалары туралы;

      6) қамтамасыз ету түрі, қамтамасыз ету сомасы, оның қолданылу мерзімі мен қамтамасыз етуді берген ұйымның атауын қамтитын жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жоюды қамтамасыз ету туралы;

      7) кепілдемені тіркеу күнін, кепілдеме ұстаушының атауын (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және заңды мекенжайын (азаматтығын) қамтитын жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) тіркелген кепілдемесі туралы;

      8) ауысу негіздемесі, ауысу күні, алушының атауы (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және жер қойнауын пайдалану құқығындағы алынатын үлес мөлшерін қамтитын жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      3. Геологиялық есептерде және осы Кодекске сәйкес мемлекеттік органдар алған өзге де құжаттамада қамтылатын геологиялық ақпарат жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық құпиясы болып табылады және аталған органдар оның құпиялылығын сақтауға шаралар қолдануға міндетті.

      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкілетті орган аталған геологиялық ақпаратты оны жариялау немесе оған ашық қолжетімділікті беру арқылы:

      1) жер қойнауын пайдалануға лицензияның негізінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыдан оны алған күнінен кейін қатарынан бес жыл өткен соң жария етеді.

      Жер қойнауын пайдалануға лицензияны иеленушінің жазбаша өтініші бойынша құпиялылық мерзімі өтініште көрсетілген кезеңге, бірақ бес жылдан аспайтын кезеңге ұзартылады. Мұндай ұзарту туралы өтініш бастапқы бес жылдық құпиялылық мерзімі өткенге дейін берілуі мүмкін;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыдан алынған геологиялық ақпарат бойынша) жария етеді;

      3) жер қойнауын пайдаланушының жазбаша келісімімен;

      4) алынатын мәліметтердің құпиялылығын қорғауға шаралар қолданған жағдайда басқа мемлекеттік орандардың талабы бойынша;

      5) бұрын осындай мәліметтер алынған тиісті жер қойнауы учаскесі қайтарылған күннен бастап үш ай өткен соң;

      6) егер мәліметтер жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу нәтижесіндегі есептер және өзге де құжаттамалар бойынша алынған болса, ашуға құқылы.

      Аталған мәліметтерді өзге тәсілмен ашуға тыйым салынады.

V БӨЛІМ.       ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДАУЛАР, ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК, ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 11-тарау. Жер қойнауын пайдалануға байланысты дауларды шешу және жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік

      75-бап. Жер қойнауын пайдалануға байланысты дауларды шешу тәртібі

      Жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыруға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес реттелуге тиіс.


      76-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

      1. Жер қойнауын заңсыз пайдалану әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада немесе қылмыстық заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      2. Құзыретті органның келісімшартты тоқтатуы және лицензияны кері қайтаруы үшін негіз болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың немесе лицензиялардың шарттарын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің ережелерін бұзуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

      3. Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту кінәлі тұлғаларды жіберілген қателіктерді жою міндетінен босатпайды.

      4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан жер қойнауы ресурстарына зиян келтірген тұлғалар келтірілген зиянды (нұқсанды) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Кодексте белгіленген мөлшерлерде және тәртіпте өтеуге міндетті.


      77-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт пен лицензияның талаптарын бұзғаны үшін жер қойнауын пайдаланушының жауапкершілігі

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе лицензияның талаптарын бұзу айыппұл (тұрақыздық айыбы) немесе жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тоқтату, лицензияны кері қайтарып алу) түріндегі жер қойнауын пайдаланушының жауаптылығына әкеп соғады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт пен лицензияның талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган аталған талаптардың бұзылғандығын білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап үш жыл өткен соң жер қойнауын пайдаланушы жауаптылықтан босатылады. Жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы оны есептеу мерзімі мен тәртібін өзгертуге әкеп соқпайды.

12-тарау. Жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мақсаттары, қағидаттары, негізгі бағыттары және түрлері

      78-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық мақсаттары

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық мақсаты деп Қазақстан Республикасының және өзге де мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жер қойнауын зерделеу және пайдалану мәселелері бойынша бірлескен әрекеттеріне өзара көмек және оны үйлестіру танылады.


      79-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттары

      1. Басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық өзара құрметтеу, сенімділік, өзара көмек, ымыраға келу, кемсітпеу, бір-бірінің істеріне араласпау, қабылдаған міндеттемелерді уақытында орындау, дауларды бейбіт шешу қағидаттарына негізделеді.

      2. Мемлекет инвестициялардың келуі үшін қолайлы жағдай жасау және пайдалы қазбаларды зерделеу, барлау және өндіру және жерасты кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті ұйымдастыруға нарықтық тәсілдерді енгізу арқылы қазіргі заманғы технологияларды жасау бойынша күш-жігер салады.


      80-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары:

      1) өзара тиімді негізде жер қойнауын геологиялық зерделеуді және минералдық шикізат базасын ұлғайтуды жүзеге асыру, қауіпсіздік деңгейін бір мезгілде арттыру және қоршаған ортаның ластануын мейілінше азайту жағдайында өндіріс тиімділігінің өсуін және пайдалы қазбаларды және оларды қайта өңдеу өнімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік билік және басқару органдарының тиімді ынтымақтастығының жаңа тетіктерін әзірлеу;

      3) минералдық шикізат ресурстарының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің нарығын, оның ішінде халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы елдердің шаруашылық қызметі субъектілерінің өзара тиімді кооперативтік байланыстарын орнату үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы дамыту;

      4) жер қойнауын геологиялық зерделеу, минералдық шикізат базасын молайту және сапалы жақсарту саласында жұмыстардың бірлескен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

      5) минералдық шикізат ресурстары, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдері (өзгерту) ағынының халықаралық транзиті мақсатында көлік инфрақұрылымдарына қолжетімділікті жеңілдету;

      6) қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне жетуге және қолдауға бағытталған жер қойнауын пайдалану қауіпсіздігі саласындағы жұмыстардың бірлескен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

      7) минералдық шикізат ресурстарын өндіру және (немесе) қайта өңдеу (өзгерту) бойынша кәсіпорындарда ірі аварияларды болдырмау және оның салдарын жоюда ынтымақтастық;

      8) әлемдік практикада пайдалы қазбалардың кезеңдері, олардың запастарының сыныптамасы, геологиялық есептердің, пайдалы қазбалар запастарының баланстары және басқа да геологиялық ақпараттың нысаны мен мазмұны бойынша мазмұнына қойылатын қабылданған талаптар негізінде геологиялық барлау жұмыстарын регламенттейтін нормативтік әдістемелік құжаттарды жетілдіру және келісу жөніндегі шараларды үйлестіру;

      9) минералдық шикізат ресурстарын барлау, өндіру, қайта өңдеу (өзгерту) және пайдалану саласында қолданылатын жаңа технологияларға қолжетімділікті жеңілдету;

      10) трансшекаралық кен орындарын бірлесіп барлау мен шығаруға және жер қойнауының өзге де трансшекаралық ресурстарын игеруге қатысу болып табылады.

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ VI БӨЛІМ. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕУ 13-тарау. Геологиялық зерделеудің шарттары мен тәртібі

      81-бап. Геологиялық зерделеуге лицензия

      1. Геологиялық зерделеуге арналған лицензия бойынша оны иеленушінің геологиялық-түсіру және (немесе) геофизикалық жұмыстарын, сондай-ақ жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу мақсатында үш жыл ішінде жер қойнауын пайдалануға құқығы бар.

      2. Геологиялық зерделеуге лицензия оның иесіне геологиялық зерделеу учаскесіне айрықша құқықтарды бермейді.


      82-бап. Геологиялық зерделеу аумағы

      1. Геологиялық зерделеуге лицензия Қазақстан Республикасының барлық аумағында берілуі мүмкін.

      2. Лицензияның иесі басқа тұлғаға пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру үшін пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында геологиялық зерделеу бойынша жұмыстарды аэрофизикалық зерттеулер жүргізу жағдайларынан өзге, оның келісімінсіз жүргізуге құқығы жоқ.


      83-бап. Геологиялық зерделеуге лицензияны беру туралы өтініш

      1. Геологиялық зерделеуге лицензия алуға мүдделі тұлға жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға олар белгілеген нысан бойынша жазбаша өтініш береді.

      2. Өтініште мынадай мәліметтер:

      1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат);

      жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

      2) геологиялық зерделеу аумағын құрайтын блокқа (блоктарға) нұсқаулар қамтылуға тиіс.

      3. Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

      2) өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса, өкілеттігін растайтын құжат;

      3) осы Кодекстің 85-бабына сәйкес өтініш беруші әзірлеген және бекіткен жер қойнауын геологиялық зерделеу жоспары және (немесе) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы;

      4) лицензия беру үшін алымды төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      4. Өтініш және өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін, шет тілде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.


      84-бап. Геологиялық зерделеуге лицензия беру туралы өтінішті қарау

      1. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және лицензия береді не оны беруден бас тартады.

      2. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган, егер өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Кодекстің 83-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, лицензия беруден бас тартады.

      3. Лицензия беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, дәлелденген және осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім ішінде өтініш берушіге берілуге тиіс.

      4. Өтініш беруші лицензияны беруден бас тартуға бас тарту туралы шешім қабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдана алады.

      5. Лицензия беруден бас тарту өтініш берушіні өтінішті қайтадан беру құқығынан айырмайды.

      6. Геологиялық зерделеуге лицензия беруге арналған өтініш беру және қарау тәртібін жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.


      85-бап. Геологиялық зерделеу жөніндегі жобалау құжаттары

      1. Геологиялық зерделеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін:

      1) геологиялық зерделеу жоспары;

      2) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы жобалау құжаттары болып табылады.

      2. Геологиялық зерделеу жоспары геологиялық-түсірілім және (немесе) геофизикалық жұмыстарды жүргізу үшін әзірленеді.

      Жерасты суларын іздеу-бағалау жұмыстарының жобасы жерасты суларының кен орнын және учаскелерін іздеу мен бағалауды жүргізу үшін әзірленеді.

      3. Геологиялық зерделеу жөніндегі жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді.

      Геологиялық зерделеу жоспарында геологиялық-түсірілім және (немесе) геофизикалық жұмыстардың түрлері және тәсілдері, шамамен көлемдері, аумақтары және үш жылдық кезеңде оларды жүргізу мерзімдері сипатталады.

      Жерасты суларын іздеу-бағалау жұмыстарының жобасында жерасты суларын іздеу-бағалау жұмыстарының түрлері, әдістері мен тәсілдері, бұрғыланатын көлемдер, олардың сипаттамалары және үш жылдық кезеңде жұмыстар жүргізудің мерзімдері, іздеу-бағалау жұмыстарының салдарын жою жөніндегі жұмыстар және олардың құнын бағалау сипатталады.

      Геологиялық зерделеу жөніндегі жұмыстардың құрамын, түрлерін, әдістері мен тәсілдерін, жобалау құжаттарында көлемдері мен оларды жүргізудің мерзімдерін жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісуі бойынша жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін геологиялық зерделеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дербес айқындайды.

      Жобалау құжаттарында жер қойнауын геологиялық зерделеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықта көзделген жағдайларда қоршаған ортаға әсерді бағалау қамтылуға тиіс.

      4. Геологиялық зерделеу жөніндегі жоспарланатын жұмыстардың түрлері, әдістері және (немесе) тәсілдері, сондай-ақ олардың көлемдері өзгертілген кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарына тиісті өзгерістерді енгізуге және оларды жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға беруге міндетті.

      Егер экологиялық заңнамаға сәйкес бұл өзгерістер мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді талап етсе, өзгертілген геологиялық зерделеу жөніндегі жобалау құжаттары мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жер қойнауын зерделеу жөніндегі органға табыс етіледі.

      5. Геологиялық зерделеу лицензия берілгеннен кейін жерасты суларын іздеу-бағалау жұмыстарының жобасына енгізілетін өзгерістер жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен келісуге жатады. Мұндай келісу өзгертілген жоба табыс етілетін күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жерасты суларын іздеу-бағалау жұмыстарының жобасына өзгерістерді, егер мұндай өзгерістер геологиялық зерделеу жөніндегі жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келмесе, келісуден бас тартады.

      Жерасты суларын іздеу-бағалау жұмыстарының жобасын келісуден бас тарту жер қойнауын пайдаланушыны келісу үшін қайтадан жүгіну құқығынан айырмайды.

      Жерасты суларын іздеу-бағалау жұмыстарының жобасын келісуден бас тартуға жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасай алады.


      86-бап. Геологиялық зерделеуге лицензия бойынша операцияларды жүргізу тәртібі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерделеу учаскесі шегінде экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жұмыс жүргізуге құқылы.

      2. Геологиялық зерделеуге лицензия бойынша жүргізілетін жұмыстар құжаттауға жатады. Құжаттамада жер қойнауын дұрыс зерделеу үшін қажетті барлық мәліметтер көрсетіледі.

      3. Геологиялық зерделеу жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

      1) зертханалық зерделеулер мен талдамалар деректерін қоса алғанда, операциялар барысында алынған геологиялық ақпараттың дұрыстығы мен сақталуын;

      2) геологиялық құжаттаманы жүргізудің уақтылылығы мен сапасын;

      3) лицензия берген жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде геологиялық зерделеу учаскесі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есептерді және осындай жұмыстар нәтижелері бойынша геологиялық есепті беруді қамтамасыз етуге міндетті.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерделеу учаскесінде күрделі құрылысжайлар салуға, жарылғыш заттарды тұрақты жинап қоюға және сақтауға, жыралар, шурфтар, траншеялар және тау-кен қазбаларының басқа да түрлерін жасауға, сондай-ақ аршу жұмыстарын жүргізуге құқылы емес.

      Жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерделеу учаскесінде геофизикалық зерделеуге және жерасты суларын іздеу-бағалау жұмыстарына байланысты мақсаттарда ғана ұңғырмалар бұрғылауды жүзеге асыруға құқылы.

      5. Жерасты суларының учаскесі табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бұл туралы табылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етуге міндетті.

      Табылған жерасты сулары учаскесінің қорларын бағалау жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік сараптауға жатады. Жерасты суларының қорлары туралы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы оларды су заңнамасына сәйкес жерасты суларын мемлекеттік есепке алу үшін негіз болып табылады.

      Жерасты суларын өндіру су заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


      87-бап. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық зерделеу бойынша есеп беруі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерделеуге лицензия бойынша мерзімді геологиялық есепті табыс етуге міндетті.

      2. Мерзімді геологиялық есептер жыл сайын өткен күнтізбелік жыл үшін әр жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірілмей табыс етіледі.

      Толық емес күнтізбелік жыл үшін есептер іс жүзіндегі жер қойнауын пайдалану кезеңі үшін табыс етіледі.

      Жер қойнауы учаскесін пайдалану кезеңінің соңғы толық емес күнтізбелік жылы үшін есеп көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей табыс етіледі.

      3. Лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейін оның иеленушісі болып табылатын тұлға лицензияның қолданысы тоқтатылған күнінен бастап үш айдан кешіктірмей жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкілетті органға геологиялық зерделеу нәтижелері туралы түбегейлі есепті табыс етуге міндетті.

      4. Геологиялық есептер алғашқы геологиялық ақпараттың материалдарына негізделеді және онда геология саласындағы ғылыми зерделеулердің, сынақтардың және іздестірулердің, жерасты суларына гидрогеологиялық бұрғылаудың, топырақты, жерүсті жыныстарын және минералдық үлгілерді жинау және байқаудан өткізу жөніндегі қызметтің нәтижелері қамтылады.

      5. Осы бапта көзделген есептер жер қойнауын зерделеу жөніндегі органға ол бекіткен нысанда табыс етіледі.


      88-бап. Геологиялық ақпаратқа құқық

      1. Геологиялық зерделеуге лицензияның иеленушісі өзі геологиялық зерделеу нәтижесінде алған геологиялық ақпаратты еркін пайдалануға құқылы.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы геологиялық зерделеу нәтижесінде алған геологиялық ақпарат осы бапқа сәйкес лицензия мерзімі аяқталған күннен бастап бір ай ішінде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға тегін пайдалануға беруге жатады.

      Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган алынған геологиялық ақпаратты оны алған күннен бастап бес жыл өткен соң (құпиялылық мерзімі) ашады.


      89-бап. Геологиялық зерделеуге лицензияны кері қайтарып алу және оның тәртібі

      1. Геологиялық зерделеуге лицензия осы Кодекстің 86-бабы 4-тармағының ережесі бұзылған жағдайда жер қойнауын геологиялық зерделеу жөніндегі уәкілетті органның кері қайтарып алуына жатады.

      2. Бұзушылық анықталған жағдайда, жер қойнауын геологиялық зерделеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы анықталған бұзушылықты жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органнан хабарлама алған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде жоюға міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта көзделген мерзімде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органды бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оларды жойғаны туралы жазбаша хабардар етеді.

      Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган осы баптың 4-тармағына сәйкес лицензияны кері қайтарып алады.

      4. Лицензияны кері қайтарып алуды жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін лицензия қолданысын тоқтатады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап кері қайтарып алынатын лицензия бойынша жұмыстарды дереу тоқтатуға және геологиялық зерделеу учаскесінің аумағынан ондағы барлық жабдықтарды, құрылысжайлар мен материалдарды алып кетуге міндетті.

      6. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап лицензияның кері қайтарып алынуын сот тәртібімен дауласуға құқылы. Осындай дауласу кезеңінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім сот шығарған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.

VII БӨЛІМ.       КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ 14-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру және оны тоқтату ерекшеліктері § 1. Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру

      90-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын иемденіп алатын тұлға:

      1) таратылу (заңды тұлғалар үшін), қайта ұйымдастырылу (заңды тұлғалар үшін) немесе банкроттық кезеңінде болмауға;

      2) салықтарды және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеу бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;

      3) барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алған жағдайда, жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржы құралдарына ие болуға тиіс.

      2. Барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржы құралдарының болуын растау үшін, осы Кодексте көзделген жағдайларда мына құжаттардың кемінде біреуі:

      1) барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындауды қаржыландыруға тұлғаның қабілеттілігін растайтын, өтінім берілген жылдың алдындағы жыл үшін өтініш берушінің бухгалтерлік балансының көшірмесі;

      2) барлау кезінде жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті мөлшерде өз қаражатының (екінші деңгейдегі банктен өтініш берушінің шотының жай-күйі туралы анықтама) немесе тартылған қаражатының (қарыз, кредит шарты, өзге де шарт) болуы туралы құжаттамалық деректер табыс етіледі.

      Осы тармақтың ережелері екінші деңгейдегі банктер заемдар мен банктік кепілдіктер берген кезінде шектеу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын ең төменгі дара кредиттік рейтинг бойынша шарттарға сәйкес келетін ұйымдарға қолданылмайды.

      3. Теңіздегі жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптардан басқа, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының аумағында немесе Қазақстан Республикасының ішкі су айдынындарының түбінде не Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде теңізде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің оң тәжірибеге ие болуға тиіс.

      Заңды тұлға үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап, осындай заңды акцияларының (қатысу үлестерінің) тұлғаның кемінде жиырма бес пайызы тікелей тиесілі болатын тұлғаның тиісті тәжірибесі болған кезде орындалған деп танылады.


      91-бап. Аукцион өткізуге өтініш

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға осы Кодекстің 93-бабында белгіленген нысан бойынша және талаптарға сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін аукцион өткізуге жазбаша өтінішті құзыретті органға береді.

      2. Аукцион өткізуге өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      3. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтінішті қабылдайды және өтініш қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аукцион өткізу туралы хабарламаны жариялайды не осы баптың 4-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстің 94-бабы 3-тармағының 2) - 6), 8) және 9) тармақшаларында аукционға қатысуға өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін көзделген негіздер бойынша оны қабылдаудан бас тартады.

      4. Аукцион өткізуге өтініш қабылданған жағдайда, өтініш беруші аукционға қатысуға жіберілген деп танылады.

      5. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукционды құзыретті орган ұйымдастырады және осы Кодекске сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукциондар өткізу жөніндегі комиссия өткізеді.


      92-бап. Аукцион өткізу шарттары

      1. Аукцион өткізу туралы және оны өткізу шарттары туралы хабарлама құзыретті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға жіберіледі.

      Аукционға қатысуға мүдделі тұлғалардың қатысуға өтініш берудің түпкілікті мерзімінен кешіктірмей аукционды өткізу тәртібімен байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.

      2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы хабарламада:

      1) оны өткізу күні, уақыты және орны;

      2) өтініштер беру мерзімі және орны;

      3) жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесінің көрсетпесі және қысқаша сипаттамасы;

      4) аукционға шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығының түрі;

      5) аукционға қатысу үшін жарна мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері;

      6) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптар, сондай-ақ олардың бағалау құны;

      7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген әрбір блок үшін ең төменгі қол қойылатын бонустың мөлшері негізге алына отырып айқындалған қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері;

      8) өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығыстар мөлшері;

      9) өндіру кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi;

      10) өндіру кезеңінде өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға шығыстар мөлшері;

      11) жұмыстарда, көрсетілетін қызметтерде, кадрларға қатысты жергілікті қамту жөніндегі ең аз міндеттемелер;

      12) жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскілеріне тіркелген құқықтар туралы ақпарат;

      13) көмірсутектерді барлау және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын берген жағдайда - осы Кодекстің 116-бабының 7-тармағында көзделген талаптарға нұсқау;

      14) жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша барлау кезеңінің немесе дайындық кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс.

      Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтініш беру үшін берілген мерзім аяқталған күннен бастап екі айдан кеш болмайды.

      3. Бұрын жер қойнауын пайдалануға келісімшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізген жағдайда, аукцион өткізу туралы хабарламада:

      1) егер жер қойнауы учаскесі көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға берілген болса:

      сенімгер басқарушыға сенімгерлік басқару шартына сәйкес келтірілген шығындарды өтеу мөлшері мен мерзімдерінің шарттары, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, оған сыйақы төлеу;

      осы Кодекстің 104-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға өтеу мөлшері мен мерзімдерінің шарттары;

      2) осы Кодекстің 116-бабының 19-тармағында көзделген жағдайларда – бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының табуға және бағалауға кеткен шығындарын өтеу мөлшері мен мерзімдерінің шарты;

      3) осы Кодекстің 104-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының қамтамасыз етілу мөлшері туралы мәлімет қамтылуға тиіс.

      4. Аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілетін мерзім аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап екі айды құрайды.

      5. Аукционға қатысу жарнасының мөлшерін құзыретті орган дайындыққа, аукционды өткізуге және қорытындысын шығаруға, тартылатын сарапшылардың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар құнын негізге ала отырып айқындайды.

      6. Аукционға қатысу жарнасы қайтарылуға жатпайды.


      93-бап. Аукционға қатысуға өтініш

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға мүдделі тұлға құзыретті органға осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес өтініш жібереді.

      2. Аукционға қатысуға өтініште:

      1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат), басшы туралы мәлімет, заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын мемлекет және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

      3) өтініш берушінің соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, өтініш берушінің бұрынғы қызметі туралы мәліметтер;

      4) өтініш беруші үміттенетін жер қойнауы учаскесінің аумағына нұсқау қамтылуға тиіс.

      3. Өтінішке қосымша:

      1) өтініш берушінің хабарламада көрсетілген жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттарының орындалуын қамтамасыз ету міндеттемесі;

      2) өтініш берушінің аукционға қатысуға жарна төлегендігі туралы құжат;

      3) өтініш берушінің осы Кодекстің 90-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;

      4) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісінше куәландырылған құжаттар;

      5) өтініш берген кезде өтініш беруші атынан әрекет ететін, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаса, оның өкілеттігін растайтын құжат қоса беріледі.

      4. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп жасалуына болады.


      94-бап. Аукционға қатысуға өтінішті қарау тәртібі

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      2. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтінішті қабылдайды және өтініш берушіге аукционға қатысуға рұқсат береді не оны қабылдаудан бас тартады.

      3. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:

      1) егер өтініш аукционға қатысуға өтініш беру үшін берілген мерзімнен кеш берілген болса;

      2) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      3) егер өтініш беруші осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      4) егер өтініш бергенге дейін құзыретті орган үш жыл ішінде өтініш берушімен немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғамен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатса;

      5) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын өтініш берушінің құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтары жойылмаған болса;

      6) егер бұрын өтініш беруші көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционның жеңімпазы болып айқындалса, бірақ қол қойылатын бонусты төлемеген болса;

      7) егер сұратылатын жер қойнауы учаскесі аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілмесе;

      8) өтініш беруші дұрыс емес мәліметтерді берсе;

      9) егер өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтар шоғырланған және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығы шоғырланған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      4. Осы баптың 3-тармағының 1), 3), 4), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өтініштерді қабылдаудан бас тарту өтініш берушіні қайтадан өтініш беру құқығынан айырады.

      5. Өтінішті қабылдаудан бас тарту, осы баптың 3-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бас тарту себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.


      95-бап. Аукциондар өткізу жөніндегі комиссия

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондар өткізу жөніндегі комиссия аукциондар өткізу және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін оның жеңімпазын айқындау мақсатында құрылған тұрақты әрекет ететін алқалы орган болып табылады.

      2. Комиссияның құрамын құзыретті орган бекітеді.

      3. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар атқарады.

      4. Комиссияның отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      5. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін аукцион өткізу;

      2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға аукцион қатысушылары арасынан жеңімпазды айқындау болып табылады.

      6. Комиссияның:

      1) аукцион жеңімпазын айқындауға;

      2) осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша аукционды өткізбей қоюға не аукцион өтпеді деп тануға;

      3) отырыстарда комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдар, ұйымдар өкілдерін, өзге тұлғаларды тыңдауға;

      4) қажет болған жағдайда тиісті салалардың мамандары арасынан сарапшылар тартуға құқығы бар.


      96-бап. Аукцион өткізу

      1.      Егер осы Кодекстің 92-бабында көрсетілген мерзімдерде аукционға қатысуға бірде-бір өтініш берілмеген және (немесе) өтініштерді қарау қорытындылары бойынша аукционға қатысуға бірде-бір өтініш беруші жіберілмеген жағдайда (аукион өткізуге өтініш берген тұлғадан басқа), аукциондар өткізу жөніндегі комиссия аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілген мерзім аяқталған не аукционға қатысуға өтініштерді қарау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аукционды өткізбей қою туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда аукион өткізуге өтініш берген тұлғамен қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін төлеудің шарттарымен аукцион жеңімпазымен келісімшарт жасасу үшін осы Кодекстің 97-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалады.

      Комиссия тиісті шешім қабылдаған күннен бастап аукционды өткізбей қою туралы ақпарат үш жұмыс күні ішінде құзыретті органның ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымында мемлекеттік және қазақ тілдерінде жариялануға тиіс.

      2. Аукционға оған қатысуға рұқсат берілген және аукцион қатысушысы ретінде тіркелген өтініш берушілер қатысады.

      3. Аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген күні аукцион өткізіледі.

      4. Құзыретті орган аукцион өткізу күніне дейін кемінде он жұмыс күнінен бұрын аукционға қатысуға рұқсат берілген өтініш берушілерге аукцион өткізу күні, уақыты және орны туралы хабарлайды.

      5. Аукционға қатысуға жіберілген өтініш берушілердің өкілдерін тіркеу аукцион өткізу басталғанға дейін бір сағат бұрын басталады және аукцион өткізу басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

      6. Аукционның тіркелген қатысушылары өткізілетін аукционның аудио- және бейнежазбасын жүргізуге құқылы.

      7. Аукционға қатысушылардың аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінен бастап қол қойылатын бонус мөлшерінің шамасын аукцион қадамына қарай өз ұсыныстарын жариялау арқылы аукцион ашық нысанда өткізіледі.

      Аукцион қадамының шамасы қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінің бес пайыздан елу пайызға дейінін құрайды.

      8. Аукционды тікелей өткізу комиссия тартатын не Комиссия құрамынан сайланған аукционшыға тапсырылуы мүмкін.

      9. Аукцион қатысушыларына тіркеу нөмірлері бар тақтайша беріледі, егер олар қол қойылатын бонус мөлшерінің кезекті шамасы жарияланғаннан кейін сол соманы мәлімдеуге дайын болса, тақтайшаны көтереді.

      10. Аукцион, аукцион қатысушыларының санын, жер қойнауы учаскесі және оның негізгі сипаттамалары, жер қойнауын пайдалану құқығын берудің шарттары туралы мәліметті, аукцион өткізу тәртібін, қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін және аукцион қадамын жариялаудан басталады.

      11. Аукцион өткізу кезінде аукционға қатысушылар қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион қадамының шамасына арттыруды көздейтін қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ұсыныстар береді.

      12. Аукционшы қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшеріне тең, аукцион қадамының мөлшеріне ұлғайтылған мөлшердің алғашқы мәнін жариялайды.

      13. Егер қол қойылатын бонус мөлшерінің алғашқы мәні жарияланғаннан және сол мән үш рет қайталанғаннан кейін аукционға қатысушылардың ешқайсысы өзінің тіркеу нөмірі бар тақтайшасын көтермесе, аукцион тоқтатылады және өтпеді деп танылады.

      14. Аукционға қатысушы ағымдағы ең төменгі ұсыныс болмаған жағдайда, аукцион қадамына қарамастан, қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерінен арттырылған қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ұсыныс беруге құқылы.

      15. Аукционға қатысушы, егер қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ұсынысты сол аукционға қатысушының өзі берген болса, қол қойылатын бонустың мөлшері туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысқа қарағанда жоғары қол қойылатын бонустың жоғары мөлшері туралы мұндай ұсынысты беруге құқылы емес.

      16. Бір тақтайша көтерілген жағдайда, аукционшы өз тақтайшасын көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды. Бірнеше тақтайша көтерілген жағдайда аукционшы өз тақтайшасын бірінші болып көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды.

      17. Аукцион қадамын өткізу ведомосына аукционшы атаған аукционға қатысушының нөмірі ғана енгізіледі.

      18. Қол қойылатын бонусты әрбір кейінгі мөлшерін аукционшы ағымдағы мәнді аукцион қадамына ұлғайту арқылы тағайындайды.


      97-бап. Аукцион қорытындысын шығару және көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасау

      1. Қол қойылатын бонустың бағасы үш рет жарияланғаннан кейін аукционның басқа қатысушыларынан оны көтеруге ұсыныстар түспесе, неғұрлым жоғары мөлшерді ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болады.

      2. Аукцион нәтижелері ол өткізілген күні жарияланады және Комиссияның барлық қатысушы мүшелері және аукцин жеңімпазы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Хаттаманың көшірмесі аукцион жеңімпазына тапсырылады.

      Аукционның нәтижелері олар шығарылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құзыретті органның ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.

      3. Аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:

      1) қол қойылатын бонусты төлейді;

      2) құзыретті органға қол қойылатын бонусты төлегенін растауды және құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге өз тарапынан қол қойылған келісімшартты жібереді.

      Көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда, аукцион жеңімпазы барлау кезеңіндегі жұмыстардың көлемін, сипатын және мерзімдерін қамтитын және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша мейлінше төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыс бағдарламасын қосымша әзірлейді және оны барлауға және өндіруге келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса береді.

      Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартта ұзақтығы аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген барлау кезеңі белгіленеді. Көмірсутектерді барлауға арналған келісімшартта ұзақтығы аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген дайындық кезеңі белгіленеді.

      Көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта оның ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін осы Кодекстің 107-бабына сәйкес белгілейтін аумақты айқындайтын келісімшартқа қосымша қамтылуға тиіс.

      Егер аукционның жеңімпазы аукционға қатысуға өтініш беру кезеңінде жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша мейлінше төмен міндеттемені ұсынса, ұсынылған міндеттемелер көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған немесе өндіруге арналған келісімшартта бекітіледі.

      4. Құзыретті орган аукцион жеңімпазынан келісімшартты және қол қойылатын бонусты төлегенін растауды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде онымен көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасады және аукцион жеңімпазына оның данасын жібереді.

      5. Егер аукцион жеңімпазы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қол қойылатын бонусты төлемесе және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қол қоймаса, мұндай тұлға келісімшарт жасасу құқығынан айырылады.


      98-бап. Аукцион өтпеді деп тану тәртібі және негіздері

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион, егер аукцион өткізілетін күні екеуден аз қатысушы тіркелсе, өтпеді деп танылады және аукцион қайтадан өткізіледі.

      Егер аукционға қатысушы ретінде тіркелген жалғыз тұлға аукцион өткізуге өтініш берген тұлға болып табылса, мұндай тұлғамен қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін төлеу шартымен аукцион жеңімпазымен келісімшарт жасау үшін осы Кодекстің 96-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалады.

      2. Аукционды өтпеді деп тану Комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Аукционды өтпеді деп тану туралы хабарлама хаттама ресімделген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құзыретті органның ресми интернет-ресурсында, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға жатады.


      99-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды жарамсыз деп тану

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион қатысушының немесе құзыретті органның талап етуі бойынша сот жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      2. Аукционды жарамсыз деп тану үшін:

      1) аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен, осы Кодексте белгіленген аукцион өткізу қағидаларын бұзу;

      2) аукцион қорытындылары бойынша келісімшарт жасалған тұлғаның құзыретті органға мұндай тұлғаны аукционға жіберу туралы шешімге әсер еткен көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну фактілерінің белгілеуі болуы негіз болып табылады.

      3. Аукционға қатысушылар аукционның нәтижелеріне оның нәтижелері жарияланған күннен бастап үш ай ішінде осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасауға құқылы.

      4. Келісімшарт жасалғанға дейін аукционның жарамдылығы дауланған жағдайда, оны жасасу мерзімі мәні бойынша сот шешім шығарғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      5. Аукционды жарамсыз деп тану оның қорытындылары бойынша жасалған келісімшарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

      6. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша аукцион жарамсыз деп танылған жағдайда, мұндай аукционның жеңімпазы деп жарияланған тұлға төлеген қол қойылған бонусты қайтаруды талап етуге құқылы.

§ 2. Тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру

      100-бап. Тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттары

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласынды қызметті жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам көмірсутектер саласындағы ұлттық компания деп танылады.

      2. Осы параграфта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген тәртіппен жалпы негіздерде көмірсутектер саласындағы ұлттық компания көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге құқық алуға құқылы.

      3. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына еңгізілген, шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға берілетін аумақта орналасқан жер қойнауының учаскесі тікелей келіссөздер негізінде пайдалануға соңғысына беріледі.

      4. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген, шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы аукцион негізінде берілетін аумақта орналасқан жер қойнауының учаскесі көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның пайдалануына тікелей келіссөздер негізінде мүдделі тұлға аукционға өтініш бергенге дейін берілуі мүмкін.

      5. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде берілетін жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге келісімшартты ұлттық компания дербес те және стратегиялық әріптеспен бірлесіп те жасауы мүмкін.

      6. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания бекіткен және инвестициялық қаржыландыруды жүзеге асыратын құзыретті органмен келісілген тиісті талаптарға сәйкес келетін заңды тұлға (заңды тұлғалардың консорциумы) көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның стратегиялық әріптесі деп танылуы мүмкін.

      7. Ұлттық компания немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) жер қойнауын пайдалану жөніндегі мұндай ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұлттық компаниямен немесе заңды тұлғамен және стартегиялық әріптеспен осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда жасалған бірлескен қызмет туралы шарт (келісім) және (немесе) қаржыландыру туралы келісім бойынша барлауды қаржыландыру инвестициялық қаржыландыру деп танылады. Ұлттық компания стратегиялық әріптесті көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасауға өтініш берілген кезде айқындайды.

      Бірлескен қызмет туралы келісімде стратегиялық әріптестің қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттемесі көзделуге тиіс.

      8. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде берілген жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаларға берілген жағдайды қоспағанда, келісімшарт тіркелген күннен бастап екі жыл ішінде беруге болмайды.

      Бұл ретте мұндай заңды тұлға алған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) келісімшарт тіркелген күннен бастап екі жыл ішінде беруге құқылы емес.


      101-бап. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның тікелей келіссөздер жүргізуге өтініші

      1. Тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге жер қойнауы учаскесін пайдалануға алуға ниеті бар ұлттық компания көмірсутектер саласындағы ұлттық компания үміттенетін жер қойнауы учаскесінің шектерін көрсете отырып, құзыретті органға өтініш жібереді.

      2. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміттенген жағдайда, өтінішке барлау кезеңіндегі жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімін қамтитын және барлау кезеңінде жер ойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға сәйкес келетін жұмыс бағдарламасын қоса береді.

      3. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания стратегиялық әріптесті тартқан жағдайда өтініште:

      1) стратегиялық әріптестің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, басқа заңдастырылған құжат), басшы туралы мәлімет, заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, стратегиялық әріптесті тікелей немесе жанама бақылайтын мемлекет және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

      2) стратегиялық әріптес соңғы үш жылда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, оның бұрынғы қызметі туралы мәліметтер;

      3) көмірсутектер саласындағы ұлттық компания мен стратегиялық әріптес арасында жасалған бірлескен қызмет туралы тиісінше куәландырылған келісім қамтылуға тиіс.

      4. Өтініш және оған қоса берілетін барлық құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компания шетелдік заңды тұлға болып табылатын стратегиялық әріптесті тартқан жағдайда, мұндай құжаттар өзге тілде, әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып жасалуы мүмкін.


      102-бап. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу тәртібі

      1. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер ұлттық компанияның уәкілетті өкілдері және құзыретті органның жұмыс тобы арасында жүргізіледі. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын құзыретті орган бекітеді.

      2. Тікелей келіссөздер құзыретті органға өтініш келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      3. Тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша құзыретті орган келісімшарт жасасу немесе оны жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда, оны қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:

      1) ұлттық компания немесе оның стратегиялық әріптесі тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалған қол қойылатын бонусты төлейді;

      2) ұлттық компания құзыретті органға қол қойылатын бонустың төленгенін растауды және өз тарапынан қол қойылған (стратегиялық әріптес тартылған жағдайда – оның да тарапынан) құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жолдайды.

      Көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда, ұлттық компания тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалған барлау кезеңіндегі жұмыстар көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімін қамтитын жұмыстар бағдарламасын қосымша әзірлейді және оны көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі ретінде оған қоса береді.

      Көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшартта тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша ұзақтығы айқындалатын барлау кезеңі белгіленеді.

      Көмірсутектерді өндіруге келісімшартта тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша ұзақтығы айқындалатын дайындық кезеңі белгіленеді.

      Көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта оның ажырамас бөлігі болып табылатын, ұлттық компания көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауының учаскесін айқындайтын аумақты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымша қамтылуға тиіс.

      5. Құзыретті орган келісімшартты және қол қойылатын бонустың төленгенін растауды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасайды және оның данасын (даналарын) ұлттық компанияға жібереді.

      6. Келісімшартқа жұмыстар бағдарламасында ұлттық компания мәлімдеген міндеттемелердің қысқартылуын немесе алып тасталуын көздейтін қосымша келісімдерді жасауға тыйым салынады.

§ 3. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату

      103-бап. Құзыретті органның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуы

      1. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны:

      1) осы Кодекстің 73-бабында көзделген есептілікті ұсынбаған не қасақана дұрыс емес ақпаратты ұсынған;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушы есептілік жылында сексен пайыздан кем орындаған;

      3) белгіленген кестеге сәйкес қамтамасыз етуді табыс етпей не қамтамасыз ету мөлшерін қалыптастыру кестесін бұза отырып жер бетінің тұтастығын бұзумен байланысты көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілген жағдайларда;

      4) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген міндеттемелерді өзге де бұзған жағдайларда жол берген бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтарды жол берілген бұзушылықтар туралы хабарлама алынған күннен бастап үш ай ішінде, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелерді бұзушылықтарды – хабарламада көрсетілген мерзімде жоюға және жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып құзыретті органға жазбаша жабарлауға міндетті.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы үш айлық мерзімде осы баптың 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтардың бірін жоймаған жағдайда, сондай-ақ құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелердің екеуден артық бұзушылығын жоймаған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен тоқтатуға құқылы.

      3. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын:

      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімі күшіне енген;

      2) жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарының сараптамаларын тиісінше бекітпеген және оларға осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген оң қорытындылар алған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген;

      3) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына және жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерге қатысты талаптарын бұзған жағдайларда, біржақты тәртіппен тоқтатады.

      4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын бір жақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуды құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы осындай хабарламаны алған күннен бастап екі ай өткен соң келісімшарт қолданысын тоқтатады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын құзыретті органның мерзімінен бұрын тоқтатуының заңдылығын хабарлама алған күннен бастап екі ай ішінде сот тәртібімен дауласуға құқылы. Осындай дау туған жағдайда, осы баптың

      4-тармағында көрсетілген мерзім дау нәтижелері бойынша сот шығарған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, оның ішінде стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушының әрекеттері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін экономикалық мүдделерінің өзгеруіне алып келетін болса, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

      Көрсетілген негіз бойынша келісімшарт қолданысы біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган екі айдан кешіктірмей бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны ескертуге тиіс.

      7. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскесіне қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушының әрекеті Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін экономикалық мүдделерінің өзгеруіне алып келетін болса, құзыретті орган келісімшарттың, оның ішінде осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың талаптарын Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.

      Құзыретті орган, егер:

      1) жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органнан келісімшарт талаптарының өзгергені және (немесе) толықтырылғаны туралы хабарлама алынған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге өз келісімін растамаса не оларды жүргізуден бас тартса;

      2) келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келіссөздер жүргізуге жер қойнауын пайдаланушының келісімі алынған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде келісімге қол жеткізбесе;

      3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру жөнінде келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде келісімшарт талаптарына өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға тараптар қол қоймаса біржақты тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.


      104-баап. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы және мүлік

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезден бастап осындай келісімшартта белгіленген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып табылады.

      2. Барлау учаскесі (учаскелері) учаскені және өндіру кезеңін не дайындау кезеңін бекітуді көздейтін және көмірсутектерді өндіруді жүргізу үшін жер қойнауының учаскесін айқындайтын аумақты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тіркелген толықтыруда көрсетілген жер қойнауының учаскесін (учаскелерін) қоспағанда, барлау кезеңі аяқталған кезден бастап мемлекетке қайтарылған болып табылады.

      3. Өндіру кезеңі аяқталған кезден бастап өндіру учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып табылады.

      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта екі және одан көп өндіру учаскесі бекітілсе, өндіру учаскелерінің бірі бойынша өндіру кезеңі аяқталған кезден бастап, мұндай учаске мемлекетке қайтарылған болып табылады.

      4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны мына шешімдердің бірі:

      1) мұндай жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою;

      2) кейіннен өзге тұлғаға беру үшін жер қойнауы учаскесін консерваттауды жүргізу;

      3) жер қойнауы учаскесін кейіннен өзге тұлғаға беру үшін көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беру туралы хабардар етеді.

      5. Хабарлама мынадай жағдайларда және мерзімдерде:

      1) өндіру кезеңі аяқталған соң жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданыс мерзімі өткен жағдайда – осылай аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын құзыретті орган біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама бір мезгілде жіберіле отырып;

      3) тараптардың келісімі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бұзылған жағдайда – келісімшартты бұзу туралы келісімге бір мезгілде қол қойыла отырып;

      4) осы Кодекстің 116-бабының 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасу туралы хабарлама бір мезгілде жолдана отырып жіберіледі.

      6. Құзыретті органның жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою не кейіннен өзге тұлғаға беру үшін жер қойнауы учаскесін консерваттау жүргізу шешімі туралы хабарламасын алған тұлға:

      1) дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қаупімен байланысты операциялары қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға міндетті. Мұндай операцияларды тоқтату хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс;

      2) осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген жою немесе консерваттау жобасы бекітілгеннен және олардың сараптамаларының оң қорытындылары алынғанан кейін дереу осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды немесе жер қойнауы учаскесін консерваттауды бастауға міндетті.

      3) хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде жер қойнауы учаскесінен өзі өндірген көмірсутектерді, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдықты және өзге де мүлікті алып кетуге құқылы. Көрсетілген мерзімде алып кетпеген жабдық пен өзге де мүлік осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жойылуға немесе консерваттауға жатады.

      7. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол осы баптың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консерваттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қамтамасыз ету қаражаты есебінен жүргізеді.

      Бұл ретте осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган толық көлемде қамтамасыз ету нысанасына, ал осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда – жер қойнауы учаскесін консерваттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге нақты шеккен шығындар көлемінде өндіріп алуға құқылы.

      8. Құзыретті органның кейіннен өзге тұлғаға беру үшін көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға жер қойнауы учаскесін беру шешімі туралы хабарламаны алған тұлға:

      1) хабарлама алған күннен бастап бір ай мерзімде жер қойнауы учаскесіндегі технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықты және өзге де мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлікті бергенге дейінгі мерзімге көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беруге тиіс.

      Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға мүлікті беруден жалтарған жағдайда, құзыретті орган мұндай мүлікке қатысты оның сенім білдірген тұлғасы ретінде әрекет етеді және берілетін мүліктің жай-күйі туралы нұсқауды көздейтін тізбені қамтитын акт бойынша оны көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға береді;

      2) хабарлама алған күннен бастап алты ай ішінде жер қойнауы учаскесінен өзі өндірген көмісутектерді, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өзінің меншігі болып табылатын жабдықты және өзге де мүлікті жер қойнауы учаскесінен алып кетуге құқылы.

      9. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда:

      1) сенімгер басқарушы осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлікті бағалауды жүргізуді ұйымдастырады;

      2) осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген мерзімдерде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалған күннен бастап осындай мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға төлейтін жаңа жер қойнауын пайдаланушының меншігіне өтеді.

      10. Осы баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда:

      1) құзыретті орган осындай жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізеді;

      2) құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету жөніндегі құқықтарды жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беру қажеттігі туралы хабарламаны бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға жібереді;

      3) бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы хабарламада көрсетілген мерзімдерде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды жаңа жер қойнауын пайдаланушыға береді.


      105-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару

      1. Осы Кодекстің 104-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, құзыретті орган кейіннен өзге тұлғаға беру үшін көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға жер қойнауы учаскесін беру шешімі туралы хабарлама жіберілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен осындай жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартын жасасады.

      2. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленеді және сенімгерлік басқарушыға:

      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісімшарт жасамай жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүзеге асыру;

      2) келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жер пайдалану құқығымен жер учаскесін алу құқығын береді.

      3. Сенімгерлік басқарушының жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқаруы кезінде жүргізген және белгіленген тәртіппен расталған шығыстарын жүргізілген шығыстардың қажеттігін растайтын құжаттарды табыс еткен кезде оны пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеткізуге құқығы бар.

      Шығыстар осылай өтелген жағдайда, жаңа жер қойнауын пайдаланушы сенімгер басқарушының осы бапқа сәйкес бұрын өтелген шығындарын өтемейді.

      Кіріс болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, шығыстарды өтеу құрылтайшы (пайда иемденуші) есебінен жүзеге асырылады.

      4. Сенімгерлік басқарушының шығыстарын өтеуге және сенімгерлік басқару шартын орындаумен байланысты салықтарды төлеуге жіберілген сомаларды қоспағанда, сенімгерлік басқарудан түскен кірістер сенімгерлік басқару шартының қолданылуын тоқтату нәтижелері бойынша құрылтайшыға (пайда иемденушіге) жіберіледі.

      5. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді иемденіп алу осы Кодексте көзделген талаптар сақталмай жүзеге асырылады.

      6. Сенімгер басқарушы келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартымен өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалана отырып немесе белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелерден туындайтын міндеттемелер бойынша өз мүлкімен жауап береді.

      7. Жер учаскесі сенімгер басқарушыға келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзіміне, бірақ ол жасалған күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге қайта ресімделеді.


      106-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына өндіріп алу рәсімі

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесіне) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өндіріп алған жағдайда, оның ішінде кепіл кезінде, жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдаланудағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату), егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жария сауда-саттық өткізу арқылы жүргізіледі.

      Мұндай сауда-саттыққа қатысуға жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу жөніндегі сауда-саттықта қатысуға құзыретті органның рұқсатын алған адамдар жіберіледі.

      Жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі жария сауда-саттыққа қатысуға ниеті бар адам құзыретті органға жария сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш жібереді.

      Өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, онда осы Кодекстің 45-бабында бегіленген мәліметтер қамтуға тиіс.

      Өтінішті осы Кодекстің 45-бабында белгіленген тәртіппен құзыретті орган қарайды.

      Осы тармақтың ережелері банкроттық рәсімін жүзеге асыру кезінде мүліктік массаны өткізу жағдайлары үшін де қолданылады.

      Сауда-саттық нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығару жөніндегі мәмілелерді сауда-саттық нәтижелері бойынша жария сауда-саттыққа қатысуға құзыретті органның рұқсатын алған адаммен жасасқан кезде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығару құзыретті органның қосымша рұқсатын алу талап етілмейді.

      2. Кепіл ұстаушының талаптарын кепілге қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесінің), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің құнынан қанағаттандыру сот тәртібімен жүргізіледі.

      3. Кепілге қойылған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу бойынша сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған кезде кепіл ұстаушы құзыретті органның рұқсатымен кепілге қойылған мүлікті өз меншігіне өндіріп алуға (жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің иесі болуға) не жаңа сауда-саттықты тағайындауды талап етуге құқылы.

      4. Кепілге қойылған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу ниеті бар кепіл ұстаушы сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған жағдайда құзыретті органға кепілге қойылған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш жібереді.

      Өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, онда осы Кодекстің 45-бабында көзделген мәліметтер қамтуға тиіс.

      Өтінішті осы Кодекстің 45-бабында белгіленген тәртіппен құзыретті орган қарайды.

      5. Осы баптың ережелеріне қайшы келетін кепіл және басқа да келісімдер туралы шарт талаптары мәніссіз.

15-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру учаскелері мен аумақтары

      107-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскесі

      1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін:

      1) аукцион өткізу арқылы;

      2) тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға берілуі мүмкін.

      2. Осы баптың ережелеріне сәйкес жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақ көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада белгіленеді.

      Көрсетілген қосымшаны дайындау мақсаты үшін:

      1) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес көмірсутектерді барлауды немесе өндіруды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің бастапқы аумағы аукцион немесе тікелей келіссөздер жүргізу рәсімдері шеңберінде айқындалады;

      2) табылған кенді (кендер жиынтығын) бағалау мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) аумағы - көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін жобалау құжаттарының мазмұнына, құрылымына және ресімделуіне қойылатын талаптар белгіленетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес табылған кенді (кендер жиынтығын) бағалау жөніндегі жұмыстарды көздейтін барлау жұмыстарының жобасына толықтыруға мемлекеттік сараптама жүргізу шеңберінде айқындалады;

      3) табылған кенді (кендер жиынтығын) сынама үшін пайдалану мақсатында көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) аумағы - көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есептерді әзірлеуге қойылатын талаптар белгіленетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу шеңберінде айқындалады;

      4) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту кезінде көмірсутектерді өндіруді жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің аумағы - көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін геологиялық қорларды есептеу бойынша есептерді әзірлеуге қойылатын талаптар белгіленетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу шеңберінде айқындалады;

      5) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауының бастапқы учаскесінің аумағын ұлғайту мақсатында сұратылатын жер қойнауы учаскесінің аумағы – жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу (сұратылатын жер қойнауы учаскесі аумағының жер қойнауын пайдаланудан бос болуы нысанасына) бойынша – көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін жобалау құжаттарының мазмұнына, құрылымына және ресімделуіне қойылатын талаптар белгіленетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес табылған кеннің (кендер жиынтығының) болжанатын сұлбасы белгіленетін тиісті базалық жобалау құжатына толықтыруға мемлекеттік сараптама жүргізу шеңберінде айқындалады;

      6) осы Кодекстің 111-бабына сәйкес мемлекетке қайтару арқылы жер қойнауы учаскесі кішірейтілгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушыда қалатын көмірсутектерді барлауды немесе өндіруді жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің аумағын жер қойнауын пайдаланушы айқындайды;

      7) барлауды және өндіруді жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерінің аумақтары осы Кодекстің 112-бабына сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауының учаскесі (жер қойнауының негізгі учаскесінің және бөлінген жер қойнауы учаскесінің аумақтары) бөлінген жағдайда:

      барлау учаскесінің бір бөлігі бөлінген кезде – барлау учаскелерінің әрбір бөлігінің шегінде орналасқан табылған кеннің (кендер жиынтығының) болжанатын сұлбаларын бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін барлау жұмыстарының жобасына толықтыруға мемлекеттік сараптама жүргізу шеңберінде, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін жобалау құжаттарының мазмұнына, құрылымына және оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес айқындалады;

      барлау учаскесі немесе өндіру учаскесі бөлінген кезде – көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген, бөліну жүргізілетін тиісті жер қойнауының учаскелері бойынша деректер негізінде айқындалады.

      Осы тармақтың 1) - 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) аумақтары туралы ақпаратты құзыретті орган жер қойнауын зерделеу саласындағы уәкілетті органға хабардар ету тәртібімен жібереді.

      3. Басқа тұлғаға тиесілі және оның пайдалануындағы жер учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, сол жер қойнауы учаскесінен жер учаскесінің жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метр тереңдіктегі жер қойнауының бір бөлігі алып тасталады.

      4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің немесе су қорының жерлері аумақтарының шегінде ішінара орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, жер қойнауы учаскесінен көрсетілген аумақтардың жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метр тереңдіктегі жер қойнауының бір бөлігі алып тасталады.

      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, көмірсутектерді барлау учаскелері:

      1) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие өзге де жер қойнауын пайдаланушының өндіру аумағының шекарасы шегіндегі;

      2) анықталған кендерді сынама үшін пайдалануды қоса алғанда, оларды бағалау мақсатында осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен барлау кезеңі ұзартылған барлау учаскелерін қоспағанда, тереңдігі бойынша шектелмейді.

      6. Көмірсутектерді өндіру учаскелері көмірсутектер кен орындарының орналасу тереңдігімен шектеледі.

      7. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға бір келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесі (учаскелері) аумағының көлемін екі мың төрт жүз блоктан асыруға болмайды.


      108-бап. Жер қойнауы учаскесін беру

      1. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт тіркелген күннен бастап жер қойнауы учаскесі жер қойнауын пайдаланушыға пайдалануға берілген болып табылады.

      2. Көмірсутектерін өндіруге келісімшарт жасасу немесе өндіру учаскесі мен кезеңіне дайындық кезеңін бекітуді көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтырулар жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес оған қажетті жер учаскесіне жерді пайдалану құқығын беру үшін негіз болып табылады.


      109-бап. Өзгеру ұғымы және түрлері

      1. Жер қойнауы учаскелерін өзгерту:

      1) жер қойнауы учаскесін кеңейту;

      2) жер қойнауы учаскесін кішірейту;

      3) жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін (оның бір бөлігін) жер қойнауын пайдалануға арналған жаңа келісімшартқа бөлу арқылы олардың кеңістік шекараларын өзгерту болып табылады.


      110-бап. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту

      1. Көмірсутектерін барлауға және өндіруге немесе өндіруге келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір мезгілде:

      1) жер қойнауын пайдаланушы болжамды сұлбасы жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптаманың оң қорытытындысын алған негізгі жобалық құжатта белгіленген жер қойнауы учаскесінің шегінен шығып жатқан кенді (кендер жиынтығын) тапқан;

      2) сұратылатын жер қойнауы учаскесі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланудан бос болған;

      3) жер қойнауы учаскелері жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген оң қорытытынды алған негізгі жобалық құжатта белгіленген, табылған кендердің (кен жиынтықтарының) болжамды сұлбалары жатқан блоктармен сұратылған;

      4) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелерді бұзушылығы жоқ болған талаптар сақталған жағдайда жүргізіледі.

      2. Жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайту туралы өтініште:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) жер қойнауын пайдалануға немесе өндіруге арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні;

      3) жер қойнауының бастапқы учаскесінің аумағын ұлғайту болжанатын, сұратылатын жер қойнауы учаскесіне сілтеме қамтылуға тиіс.

      3. Өтінішке қосымша мыналар:

      1) барлау учаскесі ұлғайтылған жағдайда – жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және сұралатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы орындауға міндеттенетін, өтініш беруші жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстар көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарға пропорционал түрде сәйкес келетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасы мен мерзімін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;

      2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшарт толықтыруы мыналарды:

      жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды (осы Кодекстің 107-бабына сәйкес жер қойнауы (ұлғайтылған) учаскесін айқындайтын аумақты белгілейтін келісімшартқа қосымша түрінде);

      осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін, жер қойнауын пайдаланушының қосымша жұмыстар бағдарламасын орындауы жөніндегі міндеттемелерін көздейтін жер қойнауын пайдаланушы қол қойған қосымша қоса беріледі.

      4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган:

      1) жер қойнауы учаскесін ұлғайту немесе ұлғайтудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      2) қабылданған шешім туралы өтiнiш берушiнi хабардар етеді.

      5. Құзыретті орган:

      1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталмаған жағдайларда жер қойнауы учаскесін ұлғайтудан бас тартады.

      Құзыретті органның жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      6. Құзыретті орган өтініш берушіден қол қойылатын бонус төленгенінің растамасын алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру енгізеді және берушіге оның данасын жібереді.

      7. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша барлау кезеңін, дайындық кезеңін немесе өндіру кезеңін ұлғайту үшін негіз болып табылмайды.


      111-бап. Жер қойнауы учаскесін азайту

      1. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру кезеңі өткенге дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының учаскесін мынадай:

      1) қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауы салдарын жою бойынша жұмыстарды осы Кодексте белгіленген тәртіпте қайтару күніне дейін аяқтаған;

      2) барлау учаскесін қайтарған жағдайда – мұндай қайтару блоктармен жүргізілген;

      3) егер жер қойнауын пайдалану құқығы кепілмен ауыртпалық салынған болса кепіл ұстаушының қайтаруға алдын ала келісімі болған жағдайларды бір уақытта сақтай отырып, мемлекетке оның кез келген бөлігін қайтару арқылы азайта алады.

      2. Жер қойнауы учаскесін азайту туралы өтініш:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауын;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күнін;

      3) мемлекетке қайтару болжанатын жер қойнауы учаскесіне (оның бөлігіне) нұсқауды;

      4) жер қойнауын пайдаланушыда қалатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқауды қамтуы тиіс.

      3. Өтінішке қосымша:

      1) қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою актісінің көшірмесі;

      2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған жер қойнауының (азайтылған) учаскесін айқындайтын аумақты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру қоса беріледі.

      4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылдайды немесе азайтудан бас тартады.

      5. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайтудан мына жағдайда:

      1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталмаса бас тартады.

      Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін азайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      6. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш берушіге оның данасын жібереді.

      7. Жер қойнауын пайдаланушының бүкіл жер қойнауы учаскесін қайтаруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына әкеп соғады.

      8. Осы баптың ережелері:

      1) барлау кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенді (кендер жиынтығын) болжамды пішімі жатқан блоктардан тұратын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бекітумен;

      2) өндіру учаскесін (учаскелерін) бекітумен байланысты барлау учаскесінің азаюы жағдайларына қолданылмайды.


      112-бап. Жер қойнауы учаскесін бөлу

      1. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін бөлу жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша мынадай жағдайларда:

      1) барлау учаскесінің бір бөлігін бөлу – егер әрбір бөліктің шегінде осындай кенді (кендер жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенді (кендер жиынтығын) болжамды пішімі жатқан жағдайда;

      2) барлау учаскесін бөлу – егер барлау мен өндіруге арналған келісімшартта әрбіреуінің шегінде кенді (кендер жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген, табылған кенді (кендер жиынтығын) болжамды пішімі жатқан екі немесе одан көп барлау учаскелері бекітілген жағдайда;

      3) өндіру учаскесін бөлу - егер барлау мен өндіруге арналған келісімшартта біреуден кем емес барлау учаскесі және біреуден көп емес өндіру учаскесі бекітілген жағдайда;

      4) өндіру учаскесін бөлу - егер барлау мен өндіруге арналған келісімшартта екі немесе одан көп өндіру учаскесі бекітілген жағдайда жүргізіледі.

      2. Бөлу мынадай:

      1) егер жер қойнауын пайдалану құқығына кепілмен ауыртпалық салынған болса, кепіл ұстаушының бөлуге алдын ала келісімінің болуы;

      2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді жер қойнауын пайдаланушы жоймаған бұзудың болмауы шарттарын бір уақтылы сақтай отырып жүргізіледі.

      Осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушымен үлестес болып табылмайтын тұлғаға бөлінетін учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеліктен шығару бойынша міндеттеме өндіру учаскесін бөлудің қосымша шарты болып табылады.

      3. Жер қойнауы учаскесін бөлу бөлу жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізумен және бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшарт жасаумен ресімделеді.

      4. Бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың барлау және өндіру кезеңдері мен өзге де шарттары бөлу жүргізілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шарттарына сәйкес келуге тиіс.

      5. Жер қойнауы учаскесін бөлу туралы өтініш:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауын;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен тіркеу күнін;

      3) жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келісімшартқа бөлу болжанатын жер қойнауы учаскесіне (оның бір бөлігіне) нұсқауды қамтуы тиіс.

      6. Өтінішке қосымша:

      1) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған жер қойнауының негізгі (азайтылған) учаскесін айқындайтын аумақты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру;

      2) осы баптың 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін, құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, өтініш беруші қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт қоса беріледі.

      7. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөлу туралы шешім қабылдайды немесе бөлуден бас тартады.

      8. Құзыретті орган:

      1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) осы баптың 2-тармағында белгіленген шарттар сақталмаған жағдайда жер қойнауы учаскесін бөлуден бас тартады.

      Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін бөлуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      9. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөлу туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыруды және жер қойнауын пайдалануға жеке келісімшарт жасасады және өтініш берушіге оның даналарын жібереді.

16-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезеңдері

      113-бап. Көмірсутектерді барлау кезеңі

      1. Көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің барынша ұзақтығы алты жылдан астам уақытты, ал теңіздегі жер қойнауы учаскесінде не көмірсутектерді барлаудың күрделі жобалары бойынша тоғыз жылдан аспайтын уақытты құрайды. Көрсетілген уақытта жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде кен орындарын іздеу және бағалау бойынша сынама пайдалануды қосқанда кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін құзыретті орган аукцион өткізу туралы хабарламада не көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша белгілейді.

      Осы Кодекстің 114-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген мерзімдер шегінде көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі тиісті жобалау құжаттары негізінде айқындалады.

      2. Барлау кезеңі көмірсутекті барлауға және өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен есептеледі.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда барлық барлау аумағын қайтару арқылы барлау кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

      4. Осы Кодекстің мақсаттары үшін көмірсутектерді барлаудың күрделі жобалары деп көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт шеңберіндегі мынадай параметрлермен жобалар танылады:

      1) бес мың метрден астам тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылау;

      2) қаттық флюидте күкіртті сутектің 3,5 және одан көп пайызы болуы;

      3) нормадан ауытқушылығы 1,5 және одан жоғары коэффициентпен кен жиынтығын жалпы нормадан ауытқыған жоғары қаттық қысымы.


      114-бап. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту

      1. Егер көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі осы Кодекстің 113-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдердің барынша жоғары мәндерінен төмен болса, барлау кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша осындай мерзімдер шегінде ұзартуға жатады.

      Егер көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі ішінде осы Кодекстің 113-бабының 4-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген мән-жай туындаса, барлау кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша теңіздегі жер қойнауы учаскесінде не көмірсутектерді барлаудың күрделі жобалары бойынша барлау кезеңі үшін осы Кодекстің 113-бабының 1-тармағында көзделген мерзімнің барынша жоғары мәні шегінде ұзартуға жатады.

      2. Табылған кен шоғырын (кен шоғырының жиынтығын) оның сынама пайдаланылуын қоса алғанда, бағалау мақсатында көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша әрбір табылған кен шоғыры бойынша үш жылға дейінгі, ал теңіздегі жер қойнауы учаскесінде не көмірсутектерді барлаудың күрделі жобалары бойынша – алты жылға дейінгі мерзімге бір рет ұзартуға жатады.

      Бұл ретте мұндай ұзартуға жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген табылған кен шоғырларының (кен шоғырлары жиынтығының) болжамды пішімі жатқан блоктардан тұратын жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жол беріледі.

      Осы тармаққа сәйкес барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту нәтижелері бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) ұзақтығы тоғыз жылдан, ал теңіздегі жер қойнауы учаскесінде не көмірсутектерді барлаудың күрделі жобалары бойынша – он бес жылдан аспайды.

      3. Сынамалы пайдалануды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы белгіленген және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған табылған кен шоғырының (кен шоғырлары жиынтығының) болжамды пішімі орналасқан блоктардан тұратын жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша барлау кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша сынама пайдалану басталған күннен бастап үш жылға дейінгі мерзімге осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көрсетілген өндіру кезеңінің барынша жоғары ұзақтығын тиісті қысқартумен бір рет ұзартуға жатады.

      Барлау кезеңін (кезеңдерін) осы тармаққа сәйкес ұзарту нәтижелері бойынша көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) барынша жоғары ұзақтығы он екі жылдан, ал теңіздегі жер қойнауы учаскесінде не көмірсутектерді барлаудың күрделі жобалары бойынша – он сегіз жылдан аспайды.

      4. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді.

      5. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтініште:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі және күні;

      3) барлау кезеңін ұзартуға өтініш берілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері);

      4) барлау кезеңін ұзартудың негізі мен сұрау салынатын мерзімі;

      5) тиісті жобалау құжаттары негізінде айқындалған барлау кезеңін ұзартудың сұралған мерзімі қамтылуға тиіс.

      6. Өтінішке қосымша:

      1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемдерін, сипаттамасын және мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;

      2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа:

      барлау кезеңін ұзартуды көздейтін толықтыру;

      осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда – тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, шеңберінде табылған кен шоғырының (кен шоғырларының жиынтығы) болжанатын контурлары орналасқан блоктардан тұратын барлау учаскесі (учаскелері) шекараларына дейін азайтылған барлауға арналған жер қойнауының учаскесін айқындайтын аумақты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымша;

      осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда – тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, шеңберінде табылған кен шоғырының (кен шоғырларының жиынтығы) болжанатын контурлары орналасқан блоктардан тұратын барлауға арналған жер қойнауының учаскесін айқындайтын аумақты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымша;

      осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілген қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттері;

      3) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда – табылған кен шоғырларын (кен шоғырлары жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру;

      4) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайда - жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және басқа да заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған сынама пайдалану жобасы қоса беріледі.

      7. Егер құзыретті орган өтінішті қарасу кезеңінде көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталса, онда мұндай келісімшарт өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты оны қарау кезеңінде әрекет етуін жалғастырады.

      8. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдайды немес ұзартудан бас тартады.

      9. Құзыретті орган барлау кезеңін ұзартудан мына жағдайда:

      1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) осы баптың 1-3-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздер болмаса;

      3) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтар болса бас тартады.

      Құзыретті органның барлау кезеңін ұзартудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      10. Құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылданған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушімен көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшартқа тиісті толықтыруды жасасады және өтініш берушіге оның данасын жібереді.

      11. Көмірсутектерді барлау және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде барлау кезеңі аяқталған жағдайда өндіру учаскесі мен өндіру кезеңі не дайындық кезеңі бекітілмеген болса, мұндай келісімшарт қолданылуын тоқтатады.


      115-бап. Дайындық кезеңі

      1. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін және өндіру кезеңі бекітілгенге дейін жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуге жол беріледі.

      Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар бойынша оларды жасау кезінде өндіру учаскесі және дайындық кезеңі бекітіледі.

      2. Дайындық кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген кен орнын игеру жобасының сараптамаларын әзірлеуге, бекітуге және жүргізуге, сондай-ақ (қажет болғанда) кен орнын жайластыруды жүзеге асыруға құқылы.

      3. Дайындық кезеңінің ұзақтығы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағында көрсетілген өндіру кезеңінің барынша ұзақтығын тиісті қысқарта отырып, үш жылдан аспайтын уақытты құрайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша дайындық кезеңін жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтініште дербес айқындайды, ал көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша құзыретті орган аукцион өткізу туралы хабарламада не көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша белгілейді.

      4. Кен орнын жайластыру бойынша жұмыстарды қоспағанда, дайындық кезеңі ішінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын тиісті жер қойнауы учаскесінде жүргізуге тыйым салынады.

      5. Өндіру учаскесін және көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша дайындық кезеңін бекітудің міндетті шарты жер қойнауын пайдаланушының геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алу болып табылады.

      6. Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді.

      Құзыретті орган өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі бойынша өтінішті қарау кезеңінде барлау кезеңі аяқталған жағдайда, онда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт өтінішті қарау кезеңінде осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты қолданылуын жалғастырады. Бұл ретте, осындай жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

      7. Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтініште:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні;

      3) өндіру учаскесін (учаскелерін) көрсету;

      4) дайындық кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс.

      8. Өтінішке қосымша:

      1) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуді көздейтін және өндіру үшін жер қойнауының учаскесін (учаскелерін) айқындайтын аумақты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру;

      2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп қоса беріледі.

      9. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы шешім қабылдайды немесе мұндай бекітуден бас тартады.

      11. Құзыретті орган мынадай:

      1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болған жағдайда өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітуден бас тартады.

      Құзыретті органның өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушының барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      12. Құзыретті орган өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы шешім қабылдаған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушімен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тиісті толықтыру жасасады және оның данасын өтініш берушіге жібереді.

      13. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде дайындық кезеңі аяқталған соң өндіру кезеңі бекітілмеген жағдайда, мұндай келісімшарттың қолданылуы тоқтатылады.


      116-бап. Көмірсутектерді өндіру кезеңі

      1. Өндіруге арналған келісімшартты немесе өндіру кезеңін бекітуді көздейтін барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасау кезінде өндіру кезеңінің барынша ұзақтығы – жиырма бес жылдан аспайтын ал ірі және бірегей кен орындарында – қырық бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім шегінде көмірсутектерді өндіру кезеңі жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған кен орнын игерудің бастапқы жобасы негізінде айқындалады.

      Кен орнын игеру жобасында көмірсутектерді рентабельді өндіру мерзімін кейіннен өзгерту жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта өндіру кезеңін тиісті өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

      3. Жер қойнауы учаскесінде өндіру кезеңі көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты не өндіру кезеңін бекітуді көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап есептеледі.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда бүкіл өндіру аумағын қайтару арқылы өндіру кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

      5. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған бір келісімшарт шеңберінде көмірсутектер кен орындарының бірнешеуі ашылған болса, онда олардың әрқайсысына келісімшартта жеке учаске және өндіру кезеңі бекітіледі.

      Бұл ретте, жер қойнауы учаскелерінің бірі бойынша өндіру кезеңі өткен жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт өз қолданысын басқа қалған жер қойнауы учаскелеріне қатысты жалғастырады.

      6. Егер өндіру учаскесі (учаскелері) барлау кезеңі аяқталғанға дейін келісімшартта бекітілсе, өндіру кезеңіне арналған осы Кодексте және келісімшартта көзделген жер қойнауын пайдаланушының құқықтары мен міндеттері өндірудің осындай учаскесі (учаскелері) шегінде, ал барлау кезеңіне арналған осы Кодексте және келісімшартта көзделген жер қойнауын пайдаланушының құқықтары мен міндеттері – тек барлау учаскесі шегінде ғана қолданылады.

      7. Егер есептеу бойынша есеп осы Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорлары мұнайдың жүз миллион тоннасы немесе табиғи газдың елу миллиард текше метрі мәнінен асатын болса, осындай кен орнына қатысты барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың ережелерінде осы Кодекстің 117-бабы 5-тармағында көрсетілген міндеттемелердің бірі қамтылуға тиіс.

      8. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өндіру учаскесі мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы өтінішті барлау кезеңі барысында береді.

      Өндіру кезеңін бекіту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға дайындық кезеңі ішінде береді.

      Егер құзыретті орган өтінішті қарайтын кезеңде өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі бойынша барлау кезеңі немесе дайындық кезеңі аяқталса, онда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты – өтінішті қарау кезеңінде, ал осы баптың 12-тармағы 2) тармақшасында көзделген жағдайда – осы баптың 15 – 18-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезеңіне қосымша қолданылуды жалғастырады. Бұл ретте осындай жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

      9. Өндіру учаскесі мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы өтініште:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі және күні;

      3) өндіру учаскесі (учаскелері);

      4) өндіру кезеңінің ұзақтығы қамтылуы тиіс.

      10. Өтінішке қосымша:

      1) келісімшартқа осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, учаскені (учаскелерді) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітуді көздейтін жер қойнауын пайдаланушы қол қойған толықтыру; бұл ретте өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту мақсатында келісімшартқа толықтыру өндіру үшін жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) айқындайтын аумақты осы Кодекстің 176-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтуға тиіс;

      2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп (есептер);

      3) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасы (жобалары) қоса беріледі.

      11. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган мынадай шешімдердің бірін:

      1) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы шешімді;

      2) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайда – осы бапта көзделген мерзімде және тәртіппен жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер жүргізу туралы шешімді қабылдайды;

      3) өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тартады.

      13. Құзыретті орган:

      1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаған;

      2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болған жағдайда өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тартады.

      Құзыретті органның өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны тиісінше барлау кезеңі немесе дайындық кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      14. Осы баптың 12-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда құзыретті орган өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы шешім қабылдаған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасады және оның данасын өтініш берушіге жібереді.

      15. Осы баптың 12-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда құзыретті орган осындай шешім қабылданған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде жер қойнауын пайдаланушымен осы Кодекстің 117-бабының 5-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін айқындау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      16. Келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде мынадай:

      1) өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін, сондай-ақ осы Кодекстің 117-бабы 5-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін бекітуді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасау туралы;

      2) оны жасаудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды және бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.

      17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде құзыретті органға өз тарапынан қол қойылған учаскені және өндіру кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуді, сондай-ақ осы Кодекстің 117-бабының 5-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттарын және тәртібін көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруды жібереді. Бұл ретте, өндіру учаскесін бекіту мақсатында келісімшартқа толықтыру өндіру үшін жер қойнауының учаскесін айқындайтын аумақты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтуға тиіс.

      18. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыруды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде мұндай толықтыруға қол қояды және оның данасын жер қойнауын пайдаланушыға жібереді.

      19. Осы баптың 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тоқтатылғаннан кейін бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының табуға және бағалауға жұмсалған шығындарын өтетуге құқығы бар.

      Мұндай өтеуді жаңа жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпаратының негізінде айқындалатын құнсыздануды ескере отырып, тиісті шығындардың толық сомасын бір уақытта төлеу тәртібімен жүзеге асырады.

      Мұндай шығындарды өтеу мерзімін құзыретті орган белгілейді және жаңа жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт жасасқан күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

      Жаңа жер қойнауын пайдаланушы өзі өтейтін шығындардың аудитін жүргізуге құқылы. Өтелетін шығындардың мөлшері туралы жаңа және бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы арасында дау туындаған жағдайда, мұндай дау сот тәртібімен шешілуге жатады.


      117-бап. Көмірсутектерді өндіру кезеңін ұзарту

      1. Өндіру кезеңін құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатарынан жиырма бес жылға дейінгі кезеңге ұзартады.

      2. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталғанға дейін - алты айдан кешіктірмей, ал осы баптың 5-тармағында көрсетілген кен орындары бойынша - ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталғанға дейін жиырма төрт айдан кешіктірмей береді.

      3. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініште:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) көмірсутекті барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі және күні;

      3) өндіру кезеңнін ұзартуға сұрау салынып отырған жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету;

      4) өндіру кезеңін ұзартудың сұрап салынып отырған мерзімі қамтылуы тиіс.

      4. Өтінішке қосымша:

      1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстар көлемін, сипаттамасын және орындау мерзімін қамтитын жұмыс бағдарламасы;

      2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған өндіру кезеңінің сұрау салынған ұзарту мерзімі ішінде кен орнын игеруді көздейтін кен орнын игерудің жобасы қоса беріледі.

      5. Егер есептеу бойынша есебі осы Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорлары мұнайдың жүз миллион тоннасы немесе табиғи газдың елу миллиард текше метрі мәнінен асатын болса, өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшарттың ережелері жер қойнауын пайдаланушының мынадай:

      1) өңдеу өндірістерін дербес, жаңа заңды тұлға құру арқылы немесе басқа да тұлғалармен бірлесіп құру;

      2) қолданыстағы өндіруші өндірістерді жаңғырту не реконструкциялау;

      3) жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау;

      4) өндірілетін пайдалы қазбаны Қазақстан Республикасының аумағындағы қайта өңдеу кәсіпорындарына (өндірістеріне) шарттық талаптарда өңдеуге беру;

      5) өзге инвестициялық жобаны немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаны дербес, жаңа заңды тұлға құру арқылы немесе басқа тұлғалармен бірлесіп іске асыру жөніндегі міндеттемелерінің бірімен толықтырылуға тиіс.

      Егер осындай кен орнына қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы басқа тұлғаға берілсе, онда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа осы тармақта көрсетілген міндеттемелердің бірі енгізіледі.

      6. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде, ал осы баптың 5-тармағында көрсетілген кен орындары бойынша жиырма төрт ай ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе мұндай ұзартудан бас тартады.

      7. Құзыретті орган мынадай жағдайларда:

      1) егер өтініш осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілсе;

      2) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;

      3) егер кен орнын игеру жобасында кен орнын өтініште сұрау салынатын мерзімнен аз мерзім ішінде игеру көзделсе;

      4) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болса;

      5) құзыретті органның келісімшартты ұзартуға ниеті болмаған, оның ішінде бірақ жер қойнауын пайдаланушымен қосылған құны жоғары (неғұрлым жоғары қайта жасалған және өңделген) өнім өндіруді көздейтін индустриялық-инновациялық жобаны не осы баптың 5-тармағында көзделген міндеттемелерді қоса алғанда, өзге де инвестициялық міндеттемелерді іске асыру бойынша міндеттемелерді өзіне алу бойынша келісімге келмеген жағдаймен шектелмесе өндіру кезеңін ұзартудан бас тартады.

      Құзыретті органның өндіру кезеңін ұзартудан бас тартуы осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайларды есепке алмағанда, өтініш берушіні қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      8. Өндіру кезеңін ұзарту өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жүргізіледі.

      9. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында өндіру кезеңін ұзарту кезінде ұзарту туралы шешім қабылданған кезден бастап бір ай ішінде өндіру кезеңін ұзартуды және жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 4-тармағында 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін жұмыс бағдарламасын орындау бойынша міндетін көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім жасайды.

      10. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін көмірсутекті барлау мен өндіруге немесе өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес келмесе, өндіру кезеңі ұзартылған кезде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған кезден бастап екі ай ішінде көмірсутектерді өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасалады.

      11. Егер келісімшарт шеңберінде көмірсутектерді өндіру кезеңі кемінде жиырма жыл мерзімге белгіленсе, онда өндіру кезеңі ұзартылған кезде келісімшарт талаптары осындай ұзарту кезінде қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіруге жатады.

17-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру шарттары

      118-бап. Көмірсутектерді барлаудың және өндірудің жалпы шарттары

      1. Жинауыш-таужыныста және өткізбейтін жыныстар қабатында түзілген торда көмірсутектердің табиғи оқшау жинақталуын қамтитын жер қойнауының бір бөлігі көмірсутектер шоғыры деп танылады.

      2. Есептеу бойынша есебі осы Кодексте көзделген жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған бірыңғай құрылымдық элементпен бақыланатын және жергілікті бір алаңда орналасқан бір немесе бірнеше торға байланысты шоғыры немесе шоғырлар жиынтығы көмірсутектер кен орны деп танылады.

      3. Ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжаттай расталған алу арқылы, оның ішінде шоқыны сынаушының оны сынауды жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың молықтырылғандығына жинауыш тау жынысты зертханалық зерттеу арқылы, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіп пен мерзімде растаған жаңа шоғырын (шоғырлар жиынтығын) ашу табылу болып табылады.

      4. Көмірсутектер шоғырларын іздеуге және бағалауға байланысты, олардың сынамалық пайдаланылуын қоса алғандағы жұмыстар кешені көмірсутектерді барлау деп танылады.

      5. Көмірсутектер шоғырларын табу, олардың болжамдық ресурстарын, алдын ала геологиялық-экономикалық бағалауын айқындау және әрі қарай геологиялық барлау жұмыстарын негіздеу мақсатында жүргізілетін жұмыстар іздеу жұмыстары деп танылады.

      6. Табылған шоғырларды контурлау және бағалау, өнеркәсіптік санаттар бойынша қорларды есептеу және оларды өнеркәсіптік игеруге тарту орындылығын бағалау мақсатында жүргізілетін жұмыстар бағалау жұмыстары деп танылады.

      7. Қаттар мен шоғырлардың, кен орнын игеру жобасын жасау үшін ұңғымаларды кешенді геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерделеудің геологиялық-кәсіпшілік сипаттамалары туралы қолда бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар сынама пайдалану деп танылады. Сынама пайдалану ұңғымалар мен көмірсутектерді өндіруді зерделеу мақсаттарында уақытша пайдалануды көздейді.

      8. Жер қойнауынан көмірсутектерді жердің бетіне шығаруға байланысты жұмыстар кешені көмірсутектерді өндіру деп танылады.

      9. Жер қойнауының жекелеген учаскелерін көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру бойынша операциялар жүргізу үшін пайдалану ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.

      10. Елді мекендердің, қала маңындағы аймақтардың, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінің аумақтарында көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру бойынша операциялар жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілерге немесе қоршаған ортаға нұқсан келтіруі мүмкін болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.

      11. Сынама пайдалануды қоса алғанда, іздеу және бағалау жұмыстарына, сондай-ақ көмірсутектер кен орындарын игеру бойынша жұмыстарға қойылатын талаптар көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларында белгіленеді.

      12. Көмірсутектерді өткізуге жұмсалатын көлік шығыстары мен шығындарды шегергенде, жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде мәміле жасау күні қалыптасқан қолданатын бағадан аспайтын баға бойынша, көмірсутектерді сатып алуға басқа тұлғалар алдында Қазақстан Республикасының басым құқығы болады.

      Жер қойнауын пайдаланушы мәміле жасау кезінде қолданатын көмірсутектер бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, көмірсутектерді өткізуге жұмсалатын көлік шығыстары мен шығындарды шегергенде, көмірсутектерді мемлекеттің сатып алуы бойынша мәміле жасалған күні әлемдік нарықта қалыптасқан бағадан аспайтын баға қолданылады.

      Сатып алынатын көмірсутектердің шекті көлемі және төлем түрі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалады.

      13. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларды сатып алуға арналған басым құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      14. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесіне) ауыртпалық салу, сондай-ақ осы Кодексте тыйым салынбаған, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлға елеулі тікелей немесе жанама бақылайтын ұйымдардың акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) ауыртпалық салу осы Кодекстің 34-бабында белгіленген тәртіппен берілетін құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

      15. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі бойынша алынған кредитті жер қойнауын пайдалану не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен өңдеуді ұйымдастыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушының өзі немесе жарғылық капиталында жер қойнауын пайдаланушының жүз пайыз қатысу үлесі бар еншілес ұйым пайдалануға тиіс.

      16. Көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияның міндетті үлестік қатысуы бар келісімшарттарда оператордың жарғылық капиталында ұлттық компанияның қатысу үлесі бастапқыда кемінде елу пайызды құрауға тиіс.

      Оператордың жарғылық капиталында ұлттық компанияның қатысу үлесінің көрсетілген мөлшері кейіннен жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарт бойынша қабылдайтын шешімдерге ұлттық компания өз бақылауын сақтаған жағдайда төмендетілуі мүмкін.

      17. Ұңғымаларды пайдалану, оның ішінде барлау кезіңде пайдалану және геологиялық-техникалық іс-шараларды орындау құжаттандыруға жатады. Құжаттаманы жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңі аяқталғанға дейін сақтайды.


      119-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, көмірсутектерді барлау және өңдеу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану

      1. Көмірсутектерді барлау мен өңдеудің міндетті шарттары:

      1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;

      2) жоғарғы технологияларды пайдалану және жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану;

      3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау болып табылады.

      Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын, ұтымды, қауіпсіз, қажетті және экономикалық жағынан тиімді болып табылатын жалпы қабылданған халықаралық практика жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы болып ұғынылады.

      2.Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау:

      1) халықтың өмірін және денсаулығын қорғауға;

      2) табиғи ландшафтарды сақтауға және бүлінген жерлерді, өзге де геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтіруге;

      3) жер сілкінуді, көшкінді, су астында қалуды, топырақтың шөгуін болдырмау мақсатында жер қойнауының үстіңгі бөліктерінің энергетикалық жағдайы қасиеттерін сақтауға;

      4) су объектілерінің табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық жүйелерді және басқа да іс-шараларды қамтиды.

      3.Көмірсутектерді барлау және өңдеу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:

      1) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін берілетін көмірсутектер, кен орындары мен жер қойнауы учаскелері қорларының ауқымы мен құрылымын дұрыс бағалау үшін жер қойнауын ілгерілей геологиялық зерделеудің толымдылығын қамтамасыз ету;

      2) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізудің барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және үнемді пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) таңдап өндіруге жол бермей, жер қойнауынан пайдалы қазбалар алудың толықтылығын қамтамасыз ету;

      4) қорларды және өндірілген көмірсутектерді, қосымша құрамбөліктерді дұрыс есепке алу;

      5) су жинау алаңдарында және ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жерасты сулары жинақталған жерлерде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;

      6) жер қойнауын су басудан, өрттен және көмірсутектер кен орындарын пайдалануды және игеруді қиындата түсетін басқа да дүлей факторлардан қорғау;

      7) көмірсутектерді немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде жер қойнауының ластануын болғызбау;

      8) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды тоқтата тұру, тоқтату, жер қойнауын пайдалану салдарын жою, жер қойнауы учаскелерін консервациялау, сондай-ақ технологиялық объектілерді жою және консервациялаудың белгіленген тәртібін сақтау;

      9) қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;

      10) ілеспе газды маңызды стратегиялық энергия көздерін не мұнай-химия өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарын алу және қоршаған ортаға залалды барынша азайту мақсатында қайта өңдеу арқылы оны барынша пайдалану болып табылады.

      4.Жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутектердің кен орындарын барлау және игеру бойынша жұмыстарды жобалау және жүргізу кезінде осы Кодексте көзделген жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану және жер қойнауын қорғау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуге міндетті.

      5.Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша осы Кодекске сәйкес белгіленген талаптардың бұзылуы салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган өзі айқындаған тәртіппен айқындайды.


      120-бап. Көмірсутектерді барлау шарттары

      1. Іздеу және бағалау жұмыстары барлау жұмыстарының жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңінде және осы Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлау аумағында көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрін жүргізуге құқылы.

      3. Көмірсутектерді барлау бойынша жұмыстар жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес барлау жұмыстары жобасында немесе сынамалы пайдалану жобасында көзделген әдістер мен тәсілдермен жүргізілуі тиіс.

      4. Көмірсутектерді барлау кезінде барлау жұмыстары жобасында немесе сынамалы пайдалану жобасында көзделген ұңғымаларды бұрғылауға жол беріледі.

      5. Жаңа шоғырдың (шоғырлар жиынтығының) әрбір ашылуы кезінде жер қойнауын пайдаланушы осылай ашқан күннен бастап бір ай ішінде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға табылғанын растау туралы өтінішті жібереді.

      6. Табылғанын растау туралы өтініште:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт нөмірі мен тіркелген күні;

      3) ашық шоғырдың (шоғырлар жиынтығының) орналасқан жерін көрсету қамтылуы тиіс.

      7. Өтінішке қосымша табылғанды кемінде мынадай құжаттай растаудың бірін:

      1) ұңғымадан көмірсутектер ағынын жер қойнауын пайдаланушының алғанын, оның ішінде оны қабаттарды сынағыштан байқаудан өткізу кезінде құжаттай растауды;

      2) кемінде отыз пайыз коэффициенті бар оның мұнай немесе газбен қаныққанын растайтын жинауыш-тау жынысты зертханалық зерттеудің тиісті түрде ресімделген нәтижелерін қоса береді.

      8. Өтініш жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен сәтінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган табылғанын растау туралы шешім қабылдайды немесе растаудан бас тартады.

      9. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган табылғанды растаудан:

      1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) табылғанды құжаттай растау болмаған немесе қоса берілген растау дұрыс болмаған жағдайда бас тартады.

      10. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның табылғанды растаудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      11. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган табылғанын растаған күннен бастап бір ай ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етуге және бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуді көздейтін барлау жұмыстары жобасына толықтыруларды әзірлеу бойынша жұмыстарды бастауға міндетті.

      12. Барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

      1) барлау жұмыстарын жүргізгенде қолданылатын техникалық құралдардың зерделенетін жер қойнауын пайдалану нысанына сәйкес оңтайлы болуын;

      2) жұмыстың барлық егжей-тегжейлерін, алынған зерделеу деректері мен нәтижелерінің геологиялық құжаттамада уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етуге міндетті.

      13. Барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған сынамалы пайдалану жобасына сәйкес табылған шоғырын (шоғырлар тобын) сынамалы пайдалануды жүргізуге құқығы бар.

      Сынамалы пайдаланудың ұзақтығы үш жылдан аспауға тиіс.

      14. Жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынылатын немесе осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жағылатын көмірсутектерді есепке алмағанда, өзіне тиесілі, барлау кезеңінде өндірілген көмірсутектерді толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге міндетті.


      121-бап. Көмірсутектер кен орындарын жайластыру

      1. Кен орындарын жайластыру көмірсутекті өндіру, дайындау, сақтау және өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне аудару орнына дейін тасымалдау үшін қажет кәсіпшілік және өзге де объектілерді салуды көздейді.

      2. Кен орнын жайластыру сынама пайдалану жобасы және (немесе) кен орнын игеру жобасы негізінде әзірленген техникалық жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Көмірсутектердің кен орындарын жайластыру объектілерін жобалау және салу кезінде осы объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі, болуы мүмкін авариялық жағдайларды оқшаулау және мейлінше азайту бойынша шаралар сақталуға тиіс.

      4. Жайластыру объектілерін салу кезінде оларды пайдалануға берудің жобалау құжаттарында белгіленген кезектілігі сақталуға тиіс.


      122-бап. Көмірсутектерді өндіру шарттары

      1. Көмірсутектерді өндіру бойынша операциялар жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын игеру жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.

      2. Өндіру жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес кен орнын әзірлеу жобасында көзделмеген көмірсутектердің шығынын болдырмайтын әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс.

      3. Көмірсутектерді өндіру кезінде кен орнын игерудің жобасында көзделген ұңғымаларды бұрғылауға рұқсат етіледі.

      4. Көмірсутектерді өндіру бойынша барлық жұмыстар құжаттандыруға жатады.

      5. Көмірсутектерді өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

      1) өндіруге қолданылатын техникалық құралдардың оңтайлығы мен қауіпсіздігін;

      2) көмірсутектердің кен орындарын көмірсутекті өндіруді қиындататын, экономикалық құндылығын төмендететін қауіпті техногендік процестердің болуынан қорғауды;

      3) жер қойнауынан өндіріліп алынатын және онда қалдырылатын көмірсутектер қорларын, оларды қайта өңдеу өнімдерін және өндіру кезінде пайда болатын өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алуды;

      4) нормалар мен стандарттарды, өндіруге қолданылатын әдістер мен тәсілдерді сақтауды;

      5) су тоғандары алаңдарында және көмірсутектер жатқан жерлерде су жиналуын болдырмау мақсатында көмірсутектерді өндіру қалдықтарын және қайта өңдеу өнімдерін қоймалау және орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындауды;

      6) көмірсутектерді кен орнын игеру жобасында көзделген тәртіппен алуды қамтамасыз етуге міндетті.

      6. Көмірсутектерді өндіру барысында алынатын құрамбөліктер, егер осы Кодексте немесе келісімшартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

      7. Көмірсутектерді өндіру кезінде жерасты суларын ілеспе айырып алу арнайы рұқсаттар немесе лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырылады.

      Ілеспе өндіріліп алынған жерасты суларын одан әрі пайдалану су және экологиялық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Көмірсутектерді барлау кезінде геологиялық құрылыстарды және көмірсутектердің кен орнының қорларын нақтылау мақсатында барлау учаскесін толық зерделеуге (толық барлауға) жол беріледі.

      9. Толық барлау бойынша жұмыстар кен орнын игеру жобасына сәйкес жүргізіледі.

      Өндіру учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы толық зерделеу кезінде жаңа шоғырды тапқан жағдайда, оны бағалау кен орнын игеру жобасына қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      10. Жер қойнауы учаскесінде жаңа шоғырларды табу жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта өндіру кезеңін және (немесе) өндіру кезеңін ұзартуды бекітіп беру үшін негіз болып табылмайды.


      123-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасына сәйкес жүргізіледі.

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен көмірсутектерді барлау және өңдеу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.

      2. Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды:

      1) осы Кодекстің 104-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;

      2) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 111-бабында көзделген тәртіппен мемлекетке қайтарғысы келетін жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерін) жүргізеді.

      3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей, осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасының сараптамаларын бекітуі және жүргізу үшін ұсынуға;

      2) жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасында белгіленген мерзімде аяқтауға міндетті.

      4. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою:

      1) тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауын пайдаланушы, тұлға;

      2) құзыретті органның өкілі;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарының және жергілікті атқару органдарының өкілдері;

      4) жеке меншіктегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жер учаскесінде жоюды жүргізген жағдайда, жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы жою актісіне қол қойған күнінен бастап аяқталған болып есептеледі.

      Бұл ретте егер жою актісіне қол қойылғаннан кейін он жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушы, тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға жою жобасын бұза отырып, жою жөніндегі жұмыстарды орындағаны анықталса, онда мұндай тұлға өз есебінен анықталған бұзушылықты құзыретті органмен келісілген мерзімде жоюға міндетті.

      5. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттерді орындау банк үлесі кепілімен қамтамасыз етіледі.

      6. Жою жөніндегі міндеттемені, барлау кезеңін орындауды қамтамасыз ететін банк үлесінің мөлшері, осындай жобалау құжатында көзделген операцияларды жүргізу басталғанға дейін көмірсутектерді барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде барлау жұмыстары жобасында айқындалған толық соманың жарнасы арқылы қалыптастырылады.

      Барлау жұмыстары жобасына барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнын арттыруды көздейтін қосымшаны не сынамалы пайдалану жобасын бекіткен жағдайда, тиісті қосымша сома осындай жобалау құжатында көзделген жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін банк үлесіне енгізілуге тиіс.

      7. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін банк үлесінің мөлшері кен орындарын әзірлеу жобасында айқындалған мөлшерлерде және мерзімде, көмірсутектерді өндірудің жоспарланған көлеміне пропорционал болатын ақша қаражаты жарнасы арқылы қалыптастырылады.

      Банк үлесіне жарнаның мөлшері көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде кен орындарын әзірлеу жобасында айқындалады және әзірлеуді талдау шеңберінде үш жылда кемінде бір рет қайта есептеуге жатады.

      8. Қамтамасыз ету сомасы жер қойнауы учаскесінде орындалған жою жұмыстары құнының тең бөлігіне дейін азайтылуы мүмкін.

      9. Жер пайдалану құқығын беру келісімшарттың шарттары бойынша қалыптастырылған, банк үлесіне жүктелген құқықтар бойынша қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.


      124-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауы учаскесін консервациялау

      1. Жер қойнауы учаскесін консервациялау жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасы сараптамаларының алынған оң қорытындыларына сәйкес жүргізіледі.

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.

      2. Жер қойнауы учаскесін консервациялау:

      1) осы Кодекстің 104-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;

      2) осы Кодексте көзделген жағдайларда, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде жүргізіледі.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы не жер қойнауы учаскесіне қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған не көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген, жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасының сараптамаларын бекітуге және өткізу үшін ұсынуға;

      2) жер қойнауы учаскесін консервациялауды консервациялау жобасында белгіленген мерзімде аяқтауға міндетті.

      4. Жер қойнауы учаскесін консервациялау:

      1) тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауын пайдаланушы, тұлға;

      2) құзыретті органның өкілі;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарының және жергілікті атқару органдарының өкілдері;

      4) жеке меншіктегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жер учаскесінде консервация жүргізілген жағдайда, жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы консервациялау актісіне қол қойған күнінен бастап аяқталған болып есептеледі.

      5. Көмірсутектер бойынша жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі міндеттеме жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен, ал осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда қамтамасыз ету қаражаты есебінен орындалады.


      125-бап. Технологиялық объектілерді консервациялау және жою

      1. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау немесе өндіру кезеңі өткенге дейін кез келген уақытта құрылысжайды, жабдықтарды, ұңғыманы және өзге де мүлікті қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жекелеген технологиялық объектілерді консервациялауды немесе жоюды жүргізуге құқылы.

      2. Жою және консервациялау жоспарына сәйкес жою немесе консервациялау жүзеге асырылатын көмірсутектерді барлау және өндіру жүргізу кезінде консервациялау және жою қағидаларында көзделген ұңғымалардың жекелеген санаттарын қоспағанда, технологиялық объектілер жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерінде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған технологиялық объектілерді жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.

      3. Технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін, көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.

      4. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесін консервациялау аясынан тыс жүргізілетін, технологиялық объектілерді консервациялау бойынша жұмыстарды қаржыландыру осы Кодекстің 104-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою аясынан тыс жүргізілетін, технологиялық объектілерді жою бойынша жұмыстарды қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


      126-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңі ішіндегі оқыту, ғылым және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы міндеттемелері

      1. Өндіру кезеңі ішінде екінші жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушы:

      1) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып бекіткен тәртіппен алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіруге жер қойнауын пайдаланушы келтірген шығындардың бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жыл сайын жүзеге асыруға;

      2) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып бекіткен тәртіппен алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы өндіруге келтірген шығындардың бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жыл сайын жүзеге асыруға;

      3) алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялардан бір пайызы мөлшерінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.

      2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамыту шығыстарын қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерін дамытуға және қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ осы мақсаттарда олар мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат жатады.

      3. Белгіленген минимумнан асатын, осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылған қаржыландыру көлемі келесі жылы жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындау есебіне есептеледі.


      127-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі нарықты қамтамасыз ету саласындағы міндеттемесі

      1. Жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасы аумағында және оның шегінен тыс жерде жеткізу графигіне сәйкес, ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне деген қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында өңдеу үшін мұнайды жеткізуді жүзеге асыруға міндетті.

      Жеткізу графигін қалыптастыру Қазақстан Республикасының аумағына және оның шегінен тыс жерге ішкі нарық қажеттіліктерін мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін мұнайды қайта өңдеу үшін жеткізу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы жеңіл көмірсутектердің өндірілген үлкен партиясын иеліктен шығаруға не процессингке беру ниетінде болған жағдайда, мұндай иеліктен шығару немесе процессингке беру Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сұйытылған мұнай-газ өндірушілеріне, өндірістік күштерге шығарылуға тиіс. Cұйытылған мұнай-газ өндірушілердің тізбесін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      3. Осы баптың мақсаттары үшін жеңіл көмірсутектердің үлкен фракциясы ретінде жеңіл қоспа (метан, этан, пропан, бутандар мен пентандар) және ұлттық стандарттардың талаптарына құрамбөліктерінің сапалық және сандық құрамы бойынша сай келетін, тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған біршама ауыр көмірсутектер түсініледі.


      128-бап. Көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу

      1. Көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның ішінде мердігерлердің сатып алуы мынадай:

      1) ашық конкурс;

      2) бір көзден сатып алу;

      3) төмендеуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);

      4) осы тармақтың нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілдерінің бірі арқылы жүзеге асырылады.

      Көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтер тізілімін міндетті пайдаланумен және олардың өндірушілері пайдаланған әдістермен, немесе жер қойнауын пайдаланушының Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналастырылған өзге де электрондық сатып алуды пайдалануымен жүргізіледі, бұл арадағы жұмыс жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде олардың өндірушілері пайдаланған, пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер тізілімі жұмысымен үйлесімделген.

      Жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазын айқындау кезінде конкурсқа қатысушылар – жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық жеткізушілердің конкурстық өтінімінің бағасын шартты түрде жиырма пайызға азайтады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметкерлерінің жалпы санының кемінде елу пайызында Қазақстан Республикасының азаматтарын пайдаланатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық жеткізуші болып танылады.

      Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Жер қойнауын пайдаланушы немесе оның мердігері әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын, белгіленген тәртіпті бұза отырып, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, әлеуетті өнім берушілер әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен тиісінше жер қойнауын пайдаланушыны немесе оның мердігерін жауаптылыққа тарту туралы өтінішпен көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болған конкурс нәтижелері бойынша көмірсутектерді барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша немесе көмірсутектерді барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібін бұза отырып сатып алу бойынша шығыстар құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауы ретінде ескеретін шығыстардан алып тасталады.

      2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібі бұзыла отырып жер қойнауын пайдаланушының мердігерлерімен жасалған мәмілелер жарамсыз болып танылады.

      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібінің бұзылуына мыналар жатады:

      1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында көзделмеген тәсілдермен, сол сияқты сатып алу тәсілін таңдау қағидаларының талаптарын бұза отырып сатып алу;

      2) әлеуетті өнім берушілерге жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу;

      3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларына қайшы келетін талаптар белгілеу;

      4) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз түрде қабылдамау немесе қабылдау;

      5) шарттың елеулі талаптарына қойылатын талаптарды бұза отырып шарт жасасу.

      3. Электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен үйлесімдеу тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      4. Осы баптың мақсаттары үшін:

      1) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі деп жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және олардың өндірушілерін бақылауға және мониторингтеуге, сондай-ақ электрондық сатып алуды жүргізу және жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе түсініледі;

      2) электрондық сатып алу жүйесі деп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушылар немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті еткен тұлғалар) пайдаланатын электрондық ақпараттық жүйе түсініледі.

      5. Қазақстандық кадрларды және көмірсутектерге қатысты өндірушілерді қолдау саласындағы операторды көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды және ол:

      1) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды ғылымға оқыту, сондай-ақ көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің сатып алуы бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті;

      2) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді жасау және жүргізуді жүзеге асырады.

      6. Қазақстандық кадрларды және көмірсутектерге қатысты өндірушілерді қолдау саласындағы оператор болып дауыс беретін акцияларының елу және одан астам пайызы (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы заңды тұлға айқындалуы мүмкін.

      7. Жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (үш қаржы жылына) бағдарламаларын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұсынуға міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын номенклатураны және тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы деп түсініледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол үш жылға дейінгі мерзімге жоспарлайтын номенклатураны және тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемін, оларды сатып алу тәсілдері мен мерзімдерін айқындайтын құжат тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасы деп түсініледі.

      8. Осы баптың 1-тармағының талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығы бар дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызына ұлттық басқару холдингі тікелей немесе жанама ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.


      129-бап. Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді барлау және өндіру жүргізу кезінде есеп беруі

      Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша мынадай есептерді беруге міндетті:

      1) геологиялық есеп;

      2) лицензиялық-келісімшарттық шарттарды орындау туралы есеп;

      3) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы, сондай-ақ олардағы жергілікті қамту көлемі туралы есеп;

      4) кадрлардағы жергілікті қамту көлемі туралы есеп;

      5) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есеп;

      6) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар туралы есеп;

      7) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамы туралы есеп;

      8) мұнай мен газды өндіру және оның айналымы туралы есеп;

      9) сұйықтықты және мұнайды өндіру туралы есеп;

      10) ұңғыма қорының жай-күйі туралы есеп;

      11) мұнай өндіру саласы бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындау туралы есеп;

      12) қысқа дайындық бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындау туралы есеп;

      13) ұңғымаларды жөндеу туралы есеп;

      14) ұңғымаларды жою туралы есеп.

      Осы баптың 1) тармақшасында көзделген есеп жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға өзі белгілеген тәртіппен ұсынылады.

      Осы баптың 2) тармақшасында көзделген есеп құзыретті органға өзі белгілеген тәртіппен ұсынылады.

      Осы баптың 3)-14) тармақшаларында көзделген есептер көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға өзі белгілеген нысандарда және тәртіппен ұсынылады.


      130-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарын сақтауын бақылау

      1. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын сақтауын бақылау құзыретті орган осы бапта белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын сақтауын бақылау лицензиялық-келісімшарттық шарттарға, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімге байланысты жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің сәйкестігін тексеру рәсімі болып табылады.

      3. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын сақтауын бақылауды құзыретті орган мынадай:

      1) осы Кодекске сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырылатын камералдық бақылау;

      2) құзыретті органның басшылығы бекіткен жарты жылдық тексеру тізімі негізіндегі тексеру нысанында жүзеге асырады.

      4. Тексеру нысанында жүргізілетін бақылаудың нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы анықтама жасалады.

      5. Тексеру нысанында жүргізілетін бақылау мына түрлерге бөлінеді:

      1) кешенді – лицензиялық-келісімшарттық талаптардың міндеттемелерін және жұмыс бағдарламасын орындау туралы есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ басқа құжаттарды және жер қойнауын пайдаланушының қызметі туралы мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша тағайындалатын тексерулер;

      2) тақырыптық – құзыретті орган басшылығының шешімі бойынша дереу ден қоюды талап ететін келісімшарттар талаптарының бұзылуы туралы ақпарат пен фактілер негізіндегі тексерулер.

      6. Әрбір жер қойнауын пайдаланушыға қатысты кешенді бақылау жылына бір рет жүргізіледі.

      7. Құзыретті орган кешенді тексеру жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын жер қойнауын пайдаланушыны жүргізу мерзімін және нысанасын көрсете отырып, тексеру туралы хабардар етеді.

      Тақырыптық тексеру бойынша хабарлама кемінде бір тәулік бұрын жіберіледі.

      8. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыретті орган жазбаша хабарламамен жер қойнауын пайдаланушының белгіленген мерзімде мұндай бұзушылықты жою жөніндегі міндетін атап көрсетеді.

      9. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімі міндеттемелердің физикалық көлемі бойынша жазбаша хабарлама алынған күннен бастап – алты айдан, қаржылық міндеттемелер бойынша – үш айдан, келісімшарттың өзге талаптары бойынша бір айдан аспауға тиіс.

      10. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға осындай ұзартудың себептерін негіздей отырып, келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жіберуге құқылы. Келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган оны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыны мерзімді ұзартуға келісім беретіндігі туралы хабардар етеді немесе мұндай ұзартудан дәлелді бас тартуын береді.

      11. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мерзімде келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жою анық мүмкін болмаған жағдайда, құзыретті орган осындай бұзушылықты жою мүмкін болатын өзге мерзімді белгілеуге құқылы.

18-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары

      131-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары туралы жалпы ережелер

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мынадай:

      1) базалық жобалық құжаттар:

      барлау жұмыстарының жобасы;

      сынамалы пайдалану жобасы;

      көмірсутек кен орнын игерудің жобасы;

      2) тізбесі көмірсутек саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларында белгіленетін техникалық жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы тартқан, тиісті қызмет түріне лицензиясы бар ұйым жасайды.

      3. Жобалау құжаттары жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларына сәйкес әзірленеді.

      4. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.

      5. Жобалау құжаттарында көзделген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу түрлерін, тәсілдерін, технологияларын, ауқымын және мерзімін өзгертуге осындай жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соң рұқсат етіледі.

      6. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу түрлерін, тәсілдерін, технологияларын, көлемін және мерзімін өзгерту жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етпейтін жағдайлар белгіленеді.

      7. Жобалау құжаттарында жер қойнауы учаскесінің шегінен тыс жатқан табылған шоғырларының болжамды контурлары белгіленуі мүмкін.


      132-бап. Барлау жұмыстарының жобасы

      1. Барлау жұмыстарының жобасы барлау мен өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап үш айдың ішінде жасалады.

      2. Барлау жұмыстарының жобасы барлаудың бүкіл кезеңіне жасалады.

      3. Барлау жұмыстарының жобасында:

      әрбір блок бойынша көмірсутектерді барлау жөніндегі жұмыстар түрлерінің, оларды орындау тәсілдерінің, технологияларының, көлемі мен мерзімдерінің сипаттамасы;

      жер қойнауын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

      көмірсутектерді барлаудың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды орындаудың мерзімдері, шарттары мен құны туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

      4. Барлау жұмыстарының жобасы жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасында мәлімдеген жұмыстардың толық көлемі мен оларды орындау мерзімдерін қамтуға тиіс.

      5. Табылған кенді (кендер жиынтығын) бағалауды жүргізу қажеттігі жағдайында, мұндай жұмыстар әрбір табылған кенді (кендер жиынтығын) өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы барлау жұмыстары жобасында көзделеді.

      Бұл ретте барлау жұмыстарының жобасына табылған кенді (кендер жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу түрлерінің, тәсілдерінің, технологияларының, көлемі мен мерзімдерінің сипаттамасы кіреді.

      6. Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасында көзделмеген, сондай-ақ осындай барлау жұмыстарының жобасы болмаған кезде кен орындарды іздеу, барлау және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.


      133-бап. Сынамалы пайдалану жобасы

      1. Сынамалы пайдалану жобасына сәйкес көмірсутек кен шоғырын барлау кезеңінде (шоғырлар жиынтығының) сынамалы пайдалану жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.

      Сынамалы пайдалану бойынша жұмыстар жүргізуге жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған сынамалы пайдалану жобасында көзделмеген, сондай-ақ осындай сынамалы пайдалану жобасы болмаған кезде тыйым салынады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы сынамалы пайдалануды жүргізу туралы шешім қабылдаған кезден бастап үш ай ішінде сынамалы пайдалану жобасы жасалады.

      3. Сынамалы пайдаланудың жобасында сынамалы пайдалану түрлерінің, әдістерінің, тәсілдерінің және технологияларының сипаттамасы, сондай-ақ сынамалы пайдалану ішінде көмірсутекті өндірудің болжамды көлемі қамтылуға тиіс.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы сынамалы пайдалануды жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда сынамалы пайдаланудың жобасы сынамалы пайдалануға жататын әрбір табылған кен шоғырына (кен шоғырларының жиынтығына) әзірленеді және бекітіледі.

      5. Жүргізу қажеттілігі сынамалы пайдалану процесінде анықталатын кез келген өзгерістер мен қосымша жұмыстар өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы сынамалы пайдалану жобасына енгізілуге тиіс.


      134-бап. Көмірсутектер кен орнын игеру жобасы

      1. Кен орынды игерудің жобасы осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес барлау кезеңінде немесе дайындық кезеңінде жасалады.

      2. Кен орнын игеру жобасы осындай кен орнындағы көмірсутекті рентабельді өндірудің бүкіл кезеңіне әзірленеді.

      3. Кен орнын игеру жобасында кен орнын өнеркәсіптік игеру түрлерінің, тәсілдерінің, технологияларының, көлемі мен мерзімдерінің сипаттамасы қамтылуға тиіс.

      4. Игеру жобасында айқындалған жұмыс жағдайы мен көлеміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар қажеттігі жағдайында өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасы жасалады.


      135-бап. Техникалық жобалау құжаттары

      1. Техникалық жобалау құжаттары барлау жұмыстарының жобасы, сынамалы пайдалану жобасы немесе кен орынды игерудің жобасы негізінде жасалады.

      2. Барлау жұмыстары жобасына, сынамалы пайдалану жобасына немесе кен орнын игерудің жобасына енгізілетін, олардың негізінде жасалған техникалық жобалау құжаттарының өлшемдеріне әсер ететін өзгерістер мен толықтырулар тиісті техникалық жобалау құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігіне әкеп соғады.

      3. Көмірсутектерді барлау салдарын жою жобасы барлау жұмыстарының жобасымен бір уақытта жасалады. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жұмыстарының жобасына өзгерістер енгізілген жағдайда, жою құнының шамамен алғандағы есебіне өзгерістерді қоса алғанда, жою жобасына өзгерістер енгізуге міндетті.

      4. Көмірсутек бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы жер қойнауы учаскесінің және жойылуға жататын тиісті технологиялық объектілердің іс жүзіндегі жай-күйіне байланысты жасалады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған техникалық жобалау құжатынсыз жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.


      136-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарының сараптамалары

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.

      2. Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздемейтін барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлау тәртібімен құзыретті органға жіберіледі.

      3. Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздейтін барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар), сынамалы пайдаланудың жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) және кен орнын игеру жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобалық құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.

      4. Сынамалы пайдаланудың жобасы жер қойнауын пайдаланушы геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жобалық құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.

      Кен орнын игеру жобасы жер қойнауын пайдаланушы геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жобалық құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.

      5. Егер техникалық жобалық құжаттарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің құрылысы көзделсе, онда мұндай жобалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптамаға жатады.

      6. Егер осы баптың 1 және 5-тармақтарында көзделген сараптаманы жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң практикасын сақтаудан ауытқусыз жоя алмайтын жағдайда, сол жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша құзыретті орган оны алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде тиісті шешімді әзірлеу үшін мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, жер қойнауын пайдаланушының және жобалау институтының қатысуымен келіссөздер жүргізуді ұйымдастырады.


      137-бап. Көмірсутек бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасы

      1. Базалық жобалау құжаттарына немесе көмірсутек бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы игеруді талдауларға мемлекеттік сараптама жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды, көмірсутектер қорларының мемлекеттік есебін, сондай-ақ барланған көмірсутек қорларының саны мен сапасы туралы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

      2. Базалық жобалау құжаттарының және игеру талдамаларының мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия (орталық комиссия) геология және игеру саласында арнайы білімі бар және сараптама нәтижелері не мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.

      3. Орталық комиссия қызметін ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс-қағаздарын жүргізу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде айқындалады.

      4. Барлау жұмыстарының жобасына (оған өзгерістер мен толықтырулар) мемлекеттік сараптама, оны жер қойнауын пайдаланушыдан алған күннен бастап екі ай ішінде, ал сынамалы пайдалану жобаларына, кен орнын игеру жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтырулар), игеру талдауларына – үш ай ішінде жүргізіледі.

      Сынамалы пайдалану жобаларына, кен орнын игеру жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтырулар), игеру талдауларына мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі орталық комиссияның шешімі бойынша үш айдан асырылмайтын мерзімге арттырылуы мүмкін.

      5. Орталық комиссия базалық жобалау құжатын немесе игеруді талдауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жобалау құжаттарының тәуелсіз сараптамасының операторына жібереді.

      6. Базалық жобалау құжаттарының және игеру талдауларының тәуелсіз сараптамасының операторын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды және онымен келісу бойынша тәуелсіз сарапшыларды біліктілік іріктеуін және олардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ келіп түскен базалық жобалау құжатына және игеру талдауларына сараптама жүргізу үшін шарттық негізде тәуелсіз сарапшыны айқындайды.

      Базалық жобалау құжатына немесе игеруді талдауға тәуелсіз сараптама жүргізу операторы болып дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайызы мемлекетке тиесілі, көмірсутек саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы заңды тұлға айқындалуы мүмкін.

      7. Базалық жобалау құжатына немесе игеруді талдауға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері орталық комиссияның отырысында базалық жобалау құжатын қарау немесе тәуелсіз сараптаманың тиісті қорытындысымен игеруді талдау арқылы айқындалады.

      8. Жобалау құжаттарына немесе игеруді талдауларға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Сараптамалық қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі.

      9. Мыналар теріс сараптамалық қорытынды шығару үшін негіздер болып табылады:

      1) жобалау құжатының немесе игеруді талдаудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) келісімшарт ережелеріне сәйкессіздігі;

      2) жобалау құжатының немесе игеруді талдаудың көмірсутек саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген мазмұнға, құрылымға және ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкессіздігі;

      3) жобалау құжатының немесе игеруді талдаудың жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкессіздігі;

      4) кен орнын игеру жобасында ұсынылған барланған көмірсутек запастарының саны мен сапасы туралы ақпараттың дұрыс болмауы;

      5) жобалық құжатта немесе әзірлеуді талдауда ұсынылған жобалық шешімдер сапасын объективті бағалаудың мүмкін болмауы;

      6) сынамалы пайдалану жобасы үшін – геологиялық запастарды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болмауы;

      7) кен орнын игеру жобасы үшін – геологиялық запастарды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болмауы болып табылады.

      10. Жобалау құжаттарының және игеру талдамаларының мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығару негіздемесі және базалық құжатты немесе игеру талдамасын пысықтау бойынша ұсынымдар келтіріледі.


      138-бап. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы

      1. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы жер қойнауын тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау, көмірсутектердің геологиялық қорларын мемлекеттік есепке алу, сондай-ақ көмірсутектердің геологиялық қорларының саны мен сапасы туралы ақпараттың дұрыстығын бағалау мақсатында жүргізіледі.

      2. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы тиісті қызмет түріне лицензиясы бар және жер қойнауын пайдаланушы бекі ткен, жобалау ұйымы әзірлеген, геологиялық қорларды есептеу жөніндегі (жедел есептеу) есептің талдамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      3. Геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеп (жедел есептеу) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әзірленеді.

      4. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнайы білімдері бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, Қазақстан Республикасының көмірсутектері қорлары жөніндегі орталық комиссиясы (қорлар жөніндегі орталық комиссия) жүзеге асырады.

      5. Қорлар жөніндегі орталық комиссия қызметін, оның құрамын, жұмыс регламентін және іс-қағаздарын жүргізуін ұйымдастыру көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде айқындалады.

      6. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы геологиялық қорларды есептеу жөніндегі (жедел есептеу) есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік сараптаманы жүргізу мерзімі қорлар жөніндегі орталық комиссияның шешімі бойынша үш айдан артық емес арттырылуы мүмкін.

      7. Мемлекеттік сараптама нәтижесі сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң және теріс болуы мүмкін.

      8. Қорлар жөніндегі орталық комиссияның теріс қорытынды шығару үшін мынадай негіздер:

      1) көмірсутектер кен орнының геологиялық қорларына жүргізілген есептеу (жедел есептеу) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;

      2) көмірсутектердің геологиялық қорларының саны және сапасы туралы ақпараттың дәйексіздігі;

      3) ұсынылған деректер негізінде көмірсутектердің геологиялық қорларының саны мен сапасын объективті бағалаудың болмауы болып табылады.

      Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығарудың негіздемесі және есепті пысықтау бойынша ұсыным беріледі.

      9. Жер қойнауын пайдаланушыға сараптамалық қорытынды қорлар жөніндегі орталық комиссия төрағасы және оның мүшелері қол қойған күннен бастап бес күн ішінде жіберіледі.

      10. Мемлекеттік жер қойнауы сараптамасының оң қорытындысы көмірсутектер кен орнының геологиялық қорларын мемлекеттік есепке алуға негіз болып табылады.


      139-бап. Жобалау құжаттарының орындалуын мониторингі

      1. Жер қойнауын пайдаланушының сынамалы пайдалану жобасын орындауын мониторингтеуді жыл сайын жобалау ұйымы авторлық қадағалау жүргізу арқылы жүзеге асырады.

      Бұл ретте ұңғымаларды бұрғылауды және (немесе) сынауды көздемейтін барлау жұмыстарының жобасы бойынша авторлық қадағалау жүргізілмейді.

      2. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын игерудің жобасын орындауын мониторингілеу:

      1) жыл сайын жобалау ұйымының авторлық қадағалау жүргізуі;

      2) үш жылда кемінде бір рет орындалатын көмірсутектер кен орнының игерілуін талдау арқылы жүзеге асырылады.

      3. Авторлық қадағалауды және көмірсутектер кен орнын игеруге талдау жүргізуге қойылатын талаптар көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларында белгіленеді.

      4. Авторлық қадағалау кезінде игеруді бақылау кезінде алынатын ағымдағы геологиялық-кәсіпшілік ақпарат пайдаланылады, ал қадағалаудың нәтижелері жыл сайынғы есеп түрінде баяндалады.

      5. Авторлық қадағалау жөніндегі жыл сайынғы есепте:

      1) нақты қол жеткізілген технологиялық өлшемдер мәндерінің жобалау мәндеріне сәйкес келуі;

      2) нақты және жобалау көрсеткіштер арасындағы ауытқушылықтардың және (немесе) жобалық шешімдерді орындамаудың себептері;

      3) барлау жұмыстарының жобасы бойынша – жобалау шешімдерге қол жеткізу және барлау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар;

      4) сынамалы пайдалану жобасы бойынша жобалау шешімдеріне жету және сынамалы пайдалану жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар;

      5) кен орнын игерудің жобасы бойынша – жобалау шешімдеріне қол жеткізу бойынша және игеру жүйесін меңгеруде анықталған кемшіліктерді жою және (немесе) жекелеген жобалық шешімдерді және кен орнын игерудің жобасының көрсеткіштерін өзгерту қажеттілігін анықтау үшін игеруге кезектен тыс талдау жүргізу бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

      Авторлық қадағалау жүргізу кезінде жер пайдаланушы тартқан жобалау ұйымын өзгеге алмастыру қажет болған жағдайда, мұндай алмастыруға жобалау құжаты авторының келісуімен жол беріледі.

      6. Кен орнын игеруді талдау пайдалану объектісін игеру процесінде ұңғымалар мен қабаттарға жүргізілген геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа зерделеулердің нәтижелерін, сондай-ақ көмірсутектер қорларының ағымдағы орналасуын және өнімді қабаттарда өтетін процестерді анықтау үшін игеру көрсеткіштерінің серпінін кен орнын игерудің жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтау затына кешенді түрде зерделеуді білдіреді.

      7. Көмірсутектер кен орнын игеруді талдауды жер қойнауын пайдаланушы тартатын, қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жүргізеді және хабарлау тәртібімен құзыретті органға жіберіледі.

      8. Кен орнын игерудің нақты және жобалау көрсеткіштері арасында елеулі айырмашылықтар (он пайыздан астам) жағдайында кен орнын игеру жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы көмірсутектер кен орнын игеруді талдаудың негізделген қорытындысы болған кезде орталық комиссия талдау нәтижелерін кен орнын игеру жобасының мемлекеттік сараптамасы үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен қарауға тиіс.

      9. Орталық комиссия көмірсутектер кен орындарының игерілуін талдау бойынша оң қорытынды шығарған жағдайда, осындай талдаудың жобалық шешімдері мен көрсеткіштері кен орнын игерудің жобасына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеудің, бекіту мен оларды мемлекеттік сараптамадан өткізудің үш жылдан аспайтын кезеңіне кен орнын игерудің жобасының жобалау шешімдері мен көрсеткіштері ретінде бағаланады.


      140-бап. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелеріне жатқызылатын көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі жобалау құжаттарының көрсеткіштері

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта жер қойнауын пайдаланушыға міндеттеме ретінде жобалау құжаттарының мынадай көрсеткіштері:

      1) пайдалану ұңғымалардың тор қалындығы;

      2) әрбір пайдаланылатын обьект бойынша өндіру және айдау ұңғымаларының ара қатынасы;

      3) шоғырлар бойынша өтемақы коэффициенті;

      4) қат қысымы мен ұңғыма түбі қысымының қанықтыру қысымына немесе тығыздық қысымына қатынасы;

      5) қат қысымының ұңғыма түбі қысымына қатынасы;

      6) ұңғымалар бойынша газ факторының барынша қол жетімді шамасы белгіленеді.

      Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген көрсеткіштердің мәндері келісімшартқа енгізілмейді және жобалау құжаттарына сүйене отырып айқындалады.

19-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жекелеген мәселелері

      141-бап. Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі

      1. Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі белгіленген тәртіпте қабылданған қолданыстағы нормативтік және техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес тұтынушыға жеткізуге дайындалған, айналымдағы шикi мұнайдың және газ конденсатының саны туралы деректерді тәулік сайын жинауды, өңдеуді, сақтадыу және пайдалануды автоматтандыруға арналған.

      2. Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың операторын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган белгілейді және шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесіне қосу үшін ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды, оның ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін есепке алуды қалыптастыру және жұмыс істеуі тәртібіне сәйкес ақпаратты ұсынуды және таратуды жүзеге асырады.

      Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың операторы болып көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жүргізуіндегі, дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестері) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға айқындалуы мүмкін.

      3. Шикi мұнай және газ конденсаты айналымында деп дайындау, тасымалдау, сақтау, тиеу, сату, Қазақстан Республикасы аумағына әкелу және Қазақстан Республикасы аумағынан әкету түсініледі.

      4. Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алудың құралы деп Қазақстан Республикасының шикi мұнай және газ конденсаты айналымы бойынша операцияларды өлшеуді қамтамасыз ететін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылуға жіберілген техникалық құрылғылар, сондай-ақ мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесінің операторына тәулік сайын ақпаратты жіберуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету кешені танылады.

      5. Шикi мұнай және газ конденсаты айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер өзінің өндірістік объектілерін жабдықтауға міндетті, жабдықтау тізбесі мен мерзімін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте есепке алу құралдары және құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуді көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      6. Мұнайды және газ конденсатын өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерге жабдықтау тізбесі мен мерзімін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган белгілейтін өндірістік объектілерді есепке алу құралдарымен жабдықтамай игеру, дайындау, тасымалдау, сақтау, сату, тиеу, Қазақстан Республикасы аумағына әкелу және Қазақстан Республикасы аумағынан шикі мұнайды және газ конденсатын әкету операцияларын жүргізуге тыйым салынады.


      142-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын басқарудың біріңғай мемлекеттік жүйесі

      1. Жер қойнауын пайдаланушылар, мұнай және (немесе) шикі газды, уранды, көмірді өндіру және айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар не олардың уәкілетті тұлғалары Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған есептерді ұсынады, олардың нысандары мен тәртібін көмірсутектер, уран және көмір саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      2. Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі - жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған ақпараттық жүйе.


      143-бап. Шикі газды жағу және сейілту

      1. Мына:

      1) авариялық жағдай қатері немесе оның туындауы, персоналдың өміріне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнуі;

      2) ұңғыма объектілерін сынау кезі;

      3) кен орнын сынамалы пайдалану;

      4) шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезі жағдайларын қоспағанда, шикі газды алау етіп жағуға рұқсат етілмейді.

      2. Шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу деп технологиялық жабдықты қосу-жөнге келтіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде, сондай-ақ технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде оны қайта өңдеудің және (немесе) кәдеге жаратудың техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты газды қайта өңдеудің (дайындаудың және кәдеге жаратудың) технологиялық процестері кезінде шикі газды жағу танылады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда шикі газды рұқсатсыз алау етіп жағуға жол беріледі.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы мұндай жағу туралы көмірсутектер және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарды он күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.

      Осындай хабарлама шикі газдың жағуына септігін тигізген себептерді және жағылған шикі газдың көлемдері туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

      4. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда шикі газды алау етіп жағуға жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен мұнай операцияларын жүргізу кезінде шикі газды жағу нормативтері мен көлемін есептеу әдістемесі бойынша есептелген нормативтер мен көлем шегінде шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын сақтаған жағдайда көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша жол беріледі.

      Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      5. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде шикі газды жағуға жер қойнауын пайдаланушы бекіткен ұңғымалар объектілерін сынау жоспарына сәйкес мерзімге, бірақ ұңғыманың әрбір объектісі үшін тоқсан күннен аспайтын мерзімге, бекітілген базалық жобаға немесе игеру талдамасына сәйкес жол беріледі.

      Кен орнын сынамалы пайдалану кезінде шикі газды үш жылдан аспайтын жалпы мерзім бойы жағуға рұқсат берілуі мүмкін.

      6. Технологиялық жабдықты іске қосу-жөнге келтіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде шикі газды жағу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегінде жүзеге асырылады.

      7. Технологиялық жабдықтың технологиялық іркілісі, істен шығуы мен ауытқулар жағдайларында жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға технологиялық іркіліс, істен шығу мен ауытқулар себептерін көрсете отырып, тергеу жүргізуге және тоқсан сайын есеп беруге міндетті.

      8. Жер қойнауын пайдаланушы сынамалы пайдалану жобасына сәйкес немесе кен орындарын игеру жобасына сәйкес өндірілетін көмірсутектер құрамында оның аз болуына байланысты шикі газды жинауға, тасымалдауға, кәдеге жаратуға, жағуға, қайта өндеуге технологиялық мүмкіндік болмаған кезде дебеті аз көлемді кен орындары ұңғымаларында шикі газды сейілтуге құқылы.

      Бұл ретте сейілтілетін шикі газдың құрамында персоналдың және жақын жатқан елді мекендердегі халықтың өміріне қауіп төндіруі мүмкін күкіртті сутегінің және басқа зиянды заттардың санитарлық нормалармен белгіленген жоғарғы қауіпсіз шектерден асатын жоғары мөлшері болмауы тиіс.


      144-бап. Шикі газды қайта өңдеу және кәдеге жарату

      1. Шикі газды қайта өңдеу ретінде шикі газдан компоненттердің сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттердің және (немесе) ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін өнімді өндіру жөніндегі технологиялық үдеріс қарастырылады.

      2. Көмірсутектерді өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушы шикі газды жағу көлемдерін азайтуға бағытталатын іс-шаралар жүргізуге міндетті.

      Кен орнын игерудің жобасында шикі газды өңдеу (кәдеге жарату) жөніндегі бөлім міндетті түрде болуға тиіс.

      3. Жер қойнауын пайдаланушылар ілеспе газды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету мақсатында көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын жасау нысаны бойынша шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын әзірлеуге міндетті. Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітуге және ол әр үш жыл сайын жаңартылуға тиіс.

      Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын орындау туралы есептерді жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша жіберуге тиіс.

      4. Өндірілетін шикі газдың толық көлемін мынадай:

      1) осы Кодекстің 143-бабында белгіленген жағдайларда және шарттармен жағылатын;

      2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжатында көзделген көлемде жер қойнауын пайдаланушы өзінің технологиялық қажеттіліктерінде пайдаланатын;

      3) жер қойнауын пайдаланушы басқа тұлғаларға өткізетін шикі газ көлемдерін қоспағанда, көмірсутектерді өңдемей өндіруге тыйым салынады.

      Бұл ретте шикі газды өңдеу экономикалық жағынан ақталмаған кен орындарында, кен орнын қайта өңдеу жобасында және шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында ішкі қабаттық қысымды сақтау және (немесе) көтеру мақсатында қабатқа айдау арқылы жеке мұқтаждыққа пайдаланылатын газды қоспағанда, өндірілген шикі газдың бүкіл көлемін кәдеге жарату көзделуі мүмкін.

      5. Кен орнын игеру жобасында және шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында мұндай кен орнында қабат ішіндегі қысымды ұстап тұрудың өзге әдістері тиімсіз және мұндай айдау қоршаған орта мен адамның өмірі үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие болған жағдайда, қабат ішіндегі қысымды көтеру мақсатында қабатқа айдау арқылы өндірілетін шикі газды кәдеге жарату көзделуі мүмкін.

      6. Бірлесіп игерген жағдайда жобалау құжаттарында және шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларында бір кен орнынан екінші кен орыны қабатына (өзге де жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын қоса алғанда) игерілген шикі газды айдау арқылы кәдеге жаратуды қарастыруы мүмкін. Кен орнын игеру жобасында көзделмеген шикі газды қабатқа айдауға, сондай-ақ кен орнын игеруді бұзушылықтармен жүзеге асырған жобаға тыйым салынады.

      7. Жер қойнауын пайдаланушылар шикі газды игеру саласындағы мен көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган шикі газды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыра алады.

      8. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта өзгеше көзделмесе, өндірілген ілеспелі газ мемлекет меншігі болып табылады.


      145-бап. Қабаттық қысымды ұстап тұру және суларды дайындау

      1. Жер қойнауын пайдалануға әртүрлі келісімшарттар бойынша көмірсутектерді өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекстің 147-бабында көзделген жағдайларда, қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатында дайындалған қабаттық суды бір жер қойнауын пайдаланушыдан екінші жер қойнауын пайдаланушының кен орнының қабатына айдауды жүзеге асыруы мүмкін.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы қат қысымын ұстап тұру мақсатында одан әрі кен орны қатына айдау үшін ілеспе және (немесе) өзге (теңіз суын қоса алғанда) суды дайындау үшін қажетті инфрақұрылымдық объектілерге ие жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта алады.


      146-бап. Шекара бойындағы жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар

      1. Егер көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағының шегінде орналасқан шекара бойындағы жер қойнауы учаскесінде немесе бір бөлігі аумағында орналасқан теңізде немесе басқа аралас немесе қарсы мемлекеттің құзыретіне тиесілі теңізде шоғыр (шоғыр жиынтығы) тапқан жағдайда, ол бұл туралы құзыретті органға хабарлауға міндетті.

      2. Қазақстан Республикасы мен табылған шоғырдың бөлігі (шоғыр жиынтығы) жер қойнауында жатқан мемлекет арасында тиісті халықаралық келісімдер болмаған жағдайда, құзыретті орган осындай мемлекетпен келісімге жеткенге дейін шекара бойындағы жер қойнауының учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Бұл ретте құзыретті орган шекара бойындағы жер қойнауының учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға ол туралы хабардар етеді және күнтізбелік отыз күннің ішінде шекара бойындағы жер қойнауының учаскесінде орналасқан кен орынын бірлесіп игерудің тәртібі мен шарттарын реттейтін халықаралық келісімді әзірлеуге бастама жасайды.

      3. Құзыретті орган шекара бойындағы жер қойнауының учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда, келісімшарт жер қойнауын пайдалану жөніндегі тоқтатылған операцияларды құзыретті орган жаңартуға рұқсат бергенге дейін өзінің қолданысын тоқтата тұрған болып есептеледі.


      147-бап. Әртүрлі келісімшарттық аумақтардағы кен орындарын бірлесіп игеру

      1. Бірлесіп игеру деп, келісімнің, оның ішінде кен орындарын игеру үшін жалпы инфрақұрылымды пайдалану негізінде бірнеше жер қойнауын пайдаланушының бірлесіп операциялар жүргізуі түсініледі.

      2. Егер мұндай игеру бір немесе бірнеше кен орындарын игерудің техникалық және экономикалық көрсеткіштерін жақсартатын болса, бірнеше кен орындарын бірлесіп игеруге жол беріледі.

      3. Әртүрлі кен орындары учаскелерінде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген тәртіппен құзыретті органдармен келісу бойынша мынаған:

      1) бір жер қойнауын пайдаланушыда инфрақұрылымдық объектілерінің және (немесе) өзге техникалық және технологиялық мүмкіндіктерінің қуаты болған кезде, жобалау құжаттарына тиісті өзгертулерді енгізе отырып (қажеттілік кезінде), мұндай жер қойнауын пайдаланушымен осындай қуатты, инфрақұрылымдық объектілерді және (немесе) өзге техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді пайдалануға шарт жасасуға;

      2) инфрақұрылымдық объектілерді бірлесіп жобалауға және (немесе) салуға не тиісті шарт негізінде оларды бірлесіп пайдалануға құқылы.

      4. Бірнеше жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауының әртүрлі учаскелерінде бірнеше кен орындарын бірлесіп игерген жағдайда, жобалау құжаттарында бірлесіп игерудің қажеттілігі мен тиімділігі, сондай-ақ оны жүзеге асыру сызбасы негізге алынады.

      5. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушылар инфрақұрылымдық объектілерді бірлесіп шұғыл басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияны айқындауы мүмкін.

      6. Бірлесіп игеру кезінде жер қойнауын пайдаланушы (оның ішінде басқарушы компания) жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келісім бойынша, егер бірлесіп игеру үшін қажет болса, басқа жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларының бір бөлігін немесе барлығын жүргізуге құқылы.

      7. Осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, инфрақұрылымдық объектілерді бірлесіп пайдалану кезінде өндірілген көмірсутектердің көлемін бөлу жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы келісім бойынша жүргізіледі.

      8. Қажет кезде жер қойнауын пайдаланушылардың арасындағы келісімде инженерлік қамтамасыз ету жүйелерін (оның ішінде электрэнергиясын, жабдықты және материалдарды) бірлесіп пайдалану көзделеді.


      148-бап. Көмірсутектерді бірыңғай объект ретінде кен орнында барлау немесе өндіру

      1. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлауды немесе өндіруді жүргізетін кен орынның бір бөлігі көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа жер қойнауын пайдаланушының пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің шегінде орналасса жағдайда, мұндай жер қойнауын пайдаланушылар өз таңдауынша:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде белгіленген тапсыру рәсімдерін сақтаумен, осы кен орнында барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүргізу құқығына ие бір ғана жер қойнауын пайдаланушы қалатындай, немесе бір келісімшарттың негізінде ішінара жер қойнауын пайдалану құқығына ие бірнеше жер қойнауын пайдаланушы қалатындай етіп өзінің барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүргізуге арналған құқықтарын беруге;

      2) бірыңғай нысан ретінде кен орында бірлескен барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүргізу туралы шартты құзыретті органмен алдын ала келісіп, жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер енгізумен осындай шартты жасасуға міндетті.

      2. Жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағын сақтамаған жағдайда құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушылардан бірыңғай объект ретінде кен орнында бірлескен барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүргізу туралы шартты жасасуды сот тәртібінде талап етуге құқылы.

      3. Бірлескен барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар оларға келісімшарттармен жүктелген міндеттемелердің орындалуы үшін ортақ жауапкершілік көтереді.


      149-бап. Мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу

      1. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеуді жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізеді.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды сынақтан өткізеді.

      3. Егер сынау немесе қарап-тексеру кезінде жабдықтың немесе аспаптардың ақаулары бар екені анықталса, ақаудың мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған кезде ақаудың мерзімі алдыңғы өлшеуден ақау белгіленген күнге дейінгі уақыттың жартысы ретінде айқындалады.

20-тарау. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруді, көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу ерекшеліктері

      150-бап. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіру ерекшіліктері

      1. Көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіру осы тарауда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көмірсутектерді барлау мен өндіру үшін белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Алдын ала газсыздандыру бойынша қажетті іс-шараларды өткізбестен, көмір қабаттарындағы құрамындағы метанды белгіленген нормативтерге дейін келтіруді қамтамасыз ететін алынған метанды кейіннен жою отырып желдету және қатты газдан тазарту бағдарламасынсыз көмір қабаттарындағы табиғи метанның жоғары деңгейілігімен көмір кен орындарын игеруге тыйым салынады.

      3. Көмірді барлауға және (немесе) өндіруге арналған лицензияның шеңберінде қолданыстағы шахталар газдан тазарту кезде, көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасамай көмір қабаттарындағы метанды өндіруге жол беріледі.

      Бұл ретте мұндай жер қойнауын пайдаланушы өндірілген көмір қабаттарындағы метанды одан әрі өткізбей, оны өз технологиялық қажеттіліктері үшін ғана пайдалануға құқылы.

      4. Көмір өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы көмір қабаттарындағы метанды оны одан әрі өткізу мақсатында өндіруді жүзеге асыруға ниеттенген жағдайда, осындай жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте көзделген тәртіппен көмір қабаттарындағы метанды барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға міндетті.


      151-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізудің жалпы шарттары

      1. Теңіз деп қалындығының жоғарғы бөлігі, Каспий мен Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігі шегіндегі су қабатының беті, сондай-ақ түбі танылады.

      2. Қазақстан Республикасының шекараларында орналасқан жасанды су қоймалары мен су ағындары ішкі су айдындары деп танылады.

      3. Сақтық аймағы – теңіз жағалауы жиегінен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан, теңізге және ішкі су айдындарына мұнайдың төгілуі салдарынан ластанған немесе теңіздің ластану көзі болуы мүмкін аймағы.

      4. Теңіз нысандары ретінде жасанды аралдар, бөгеттер, құрылыстар, қондырғылар, құбыр жолдары және теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын өзге де объектілер танылады.

      5. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді іске асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңіздегі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең жақсы тәжірибені басшылыққа алуға, теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға және теңіздің нақты учаскесінде әдетте іске асырылатын өзге де заңды қызметке бөгет жасамауға және зиян келтірмеуге міндетті.

      6. Теңізде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің міндетті шарты ұлттық компанияның келісімшарты бойынша жер қойнауын пайдаланушы ретінде кем дегенде елу пайыз мөлшерінде үлестік қатысу болып табылады.

      Кейіннен келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылар қабылдаған шешімдерге ұлттық компания өзінің бақылауын сақтаған жағдайда, келісімшартта ұлттық компанияның үлестік қатысуының көрсетілген өлшемі төмендетілуі мүмкін.

      7. Қоршаған ортаға теріс әсерді барынша төмендету мақсатында теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар теңіз объектілерін пайдалану жөніндегі жобаларды бірлесіп жүзеге асыра алады.

      8. Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді теңізде жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы теңізде жүргізілген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болған теңіздің ластануы жағдайында қоршаған ортаға, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға келтірілген зиян үшін, егер зиянның еңсерілмейтін күштің немесе зардап шегушінің пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, кінәнің болуына қарамастан жауапты болады.

      9. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өзінің теңіз объектілерінде инспекцияларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай инспекцияларды жүргізуге өкілеттігі бар мемлекеттік органдардың өкілдерін құрлықтан өз есебінен тасымалдауды ұйымдастыруға міндетті.

      Теңіз объектілерінде мемлекеттік органдарының өкілдері жүргізген инспекциялар жер қойнауын пайдаланушының қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.

      10. Теңізде көмірсутектерді барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы барлау аумағына барлық қажетті геофизикалық және сейсмологиялық зерттеулер жүргізілген, сондай-ақ Кодекстің 153-бабының 1-тармағының талаптары орындалған жағдайда ұңғымаларды бұрғылауға кірісуге құқылы.

      11. Бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан алынған кезде, мұндай ұңғыманы бақылауға алуда өзге әдістерді қолдану мүмкін емес не қалыптасқан жағдайда тиімсіз болып табылуы жағдайында, тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған ұңғымаларды бұрғылау жобасында көзделмеген іздеу, барлау, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға тыйым салынады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы осындай тығындау ұңғыманы бұрғылау туралы шешімді қабылдауға ықпал еткен нақты жағдайлар мен себептерді көрсете отырып, қисынды мерзім ішінде құзыретті органға осындай тығындау ұңғыманы бұрғылаудың басталуы туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

      12. Сақтық аймағының шегінде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды су деңгейі көтерілген жағдайда теңіздің ластануын болдырмайтындай жүргізуге міндетті.

      13. Ішкі су айдындарында және сақтық аймағында көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға осы Кодекстің теңіздегі көмірсутектерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар үшін белгіленген ережелері қолданылады.

      14. Осы баптың 7 және 8-тармақтарының талаптары теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілу қаупіне ие пайдаланылатын объектілердің субъектілеріне де қатысты қолданылады.


      152-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою жөніндегі әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі

      1. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін ресурстар ретінде персонал, кемелер, жабдық, химиялық заттар және теңізге мұнайдың төгілуін жою кезінде пайдаланылатын өзге де материалдар танылады.

      2. Теңізге мұнайдың төгілу қаупіне ие объектілерге теңіз объектілері, теңіз порттары және кемелер жатады.

      3. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз ету үш деңгей бойынша жүзеге асырылады:

      1) бірінші деңгей – мұнайдың төгілу қатері объектідегі ресурстармен жойылатын мұнайдың елеусіз төгілуі (он тонна мұнайдан аспайтын);

      2) екінші деңгей – жою үшін, мұнайдың төгілу қаупіне ие объект ресурстарына объектісіне қосымша жағажайдан ресурстар тартылатын, мұнайдың орташа (он тоннадан екі жүз елу тонна мұнайға дейін) төгілуі;

      3) үшінші деңгейі - жою үшін мұнай төгілуі қаупіне ие объекті ресурстарына және жағажай ресурстарына қосымша елдегі ресурстар мен халықаралық ресурстар тартылатын мұнайдың ірі төгілуі (екі жүз елу және одан жоғары тонна мұнай).

      Тәуекелдерді бағалау негізінде анықталған мұнай төгілуіның ықтимал көлемдері көрсетілгендерден де жоғары болуы мүмкін. Ресурстар саны мұнайдың ықтимал төгілу қаупінің деңгейіне сәйкес болуға тиіс.

      4. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесіне:

      1) мұнай-газ саласындағы уәкілетті орган азаматтық қорғау және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп бекітетін, теңізде, Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар);

      2) Ұлттық жоспар негізінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері әзірлейтін және тиісті облыстардың жергілікті атқару органдары бекітетін облыстардың теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарлары;

      3) объектілік жоспарлар –Ұлттық және тиісті облыстардың аумақтық жоспарлары, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау саласындағы уәкіетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерімен келісілетін мұнай төгілуі қауіптерін бағалау негізінде, кемелерді қоспағанда, мұнай төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелері әзірлеген теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар;

      4) 1978 (МАРПОЛ 73/78) жылғы Хаттамамен өзгертілген, 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу туралы халықаралық конвенцияға сәйкес әзірленген мұнайды ластауға байланысты күрес жөніндегі төтенше шаралардың кеме жоспарлары кіреді.

      5. Ұлттық жоспарды іске асыруға мына мемлекеттік органдар:

      1) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган – жер қойнауын пайдаланушылардың мұнайдың төгілуін жоюға әзірлігін қамтамасыз етуге;

      2) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган – теңіз порттарындағы және кемелердегі мұнайдың төгілуін жоюға әзірлігін қамтамасыз етуге;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – мұнайдың төгілуі туралы ақпаратты алу және беру үшін, оқу және жаттығу жүргізу үшін, сондай-ақ мұнайдың төгілуін жою жөніндегі шұғыл әрекеттер үшін, тиісті сұрау салуды алған жағдайда, халықаралық көмекке жүгіну үшін және басқа елдерге көмек беру үшін жүгіну бойынша әрекеттерді жүзеге асыру үшін жауапты болып табылады.

      6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен келісілгеннен кейін объективті жоспарларды мұнайдың төгілу қаупіне ие объектілердің меншік иелері бекітеді және бекітілген кезден бастап, үш жұмыс күні ішінде хабарлау тәртібімен уәкілетті органға жіберіледі.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен объективті жоспарды келісу мерзімі болмайды.

      Егер меншік иесінде мұнайдың төгілу қаупі бар бірнеше объектілер бар болса, объективті жоспарлар біріктірілуі мүмкін.

      7. Мұнаймен ластануға қарсы күрес жөніндегі төтенше шаралардың кеме жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі 1978 (МАРПОЛ 73/78) жылғы Хаттамамен өзгертілген 1973 жылғы Кемелерден ластанудың алдын алу туралы халықаралық конвенцияда айқындалады.

      8. Жер қойнауын пайдаланушы теңіз нысанының жоспарын қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау салаларындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерімен келіскеннен кейін бекітеді және бекіткен соң үш жұмыс күні ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға хабарландыру тәртібінде жібереді.

      9. Тиісті облыстың аумақтық жоспары мына жағдайларда:

      1) мұнайдың төгілуі екінші деңгейге жеткенде және оны жою үшін жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) ол тартқан теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйымның ресурстары жеткіліксіз болса;

      2) кемеден төгілген немесе мұнайдың кемеге төгілу қаупі болса;

      3) мұнайдың төгілуі белгісіз себептерден орын алса;

      4) мұнайдың төгілуі Каспий теңізінің қорық аймағын ластау қаупі төнгенде;

      5) мұнайдың төгілуі іргелес облыстың аумағына тарала бастаған жағдайда қолданысқа енгізіледі.

      10. Ұлттық жоспар мына жағдайларда:

      1) мұнайдың төгілуі үшінші деңгейге жеткенде және үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою үшін халықаралық ресурстардың келуін ұйымдастыруға жәрдемдесу қажет болғанда;

      2) мұнайдың төгілуі үшінші деңгейге жетпегенде, бірақ Каспий теңізінің қорықтық аймағының ластануына қауіп төндіріп тұрса;

      3) мұнайдың төгілуі іргелес мемлекеттің аумағына тарала бастаған жағдайда қолданысқа енгізіледі.

      11. Мұнайдың төгілуін жою жөніндегі іс-қимылдар жетекшісі:

      1) бірінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі кезінде – мұнайдың төгілуі қаупі бар объектінің меншік иесі немесе оның қатысуымен теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйым;

      2) екінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі кезінде:

      тиісті облыстың аумақтық жоспары қолданысқа енгізілгенге дейін – мұнайдың төгілуі қаупі бар объектінің меншік иесі немесе теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандырылған ұйым;

      тиісті облыстың аумақтық жоспарына сәйкес аумақтық жоспарды енгізгеннен кейін – облыс Әкімі тағайындаған лауазымды тұлға;

      3) үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі кезінде – ҚР Премьер-Министрі тағайындаған азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы болып табылады.

      Ұлттық жоспардың шеңберінде үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуі кезінде консультациялық-кеңесші органның функциялары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға жүктеледі.

      12. Осы баптың талаптары нысандарына 1978 Хаттамамен өзгертілген Кемелерден ластанудың алдын алу туралы 1973 жылғы халықаралық конвенцияның (МАРПОЛ 73/78) қолданысы таралатын тұлғаларды қоспағанда, теңізде мұнай төгілу тәуекелімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.


      153-бап. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға дайындықты және әрекет етуді қамтамасыз ету

      1. Кемелерді қоспағанда, мыналарсыз:

      1) мұнай төгілуінің тәуекелін бағалауды өткізусіз;

      2) бекітілген объектілік жоспарсыз;

      3) өзінің жеке немесе шарттың негізінде тартылатын ресурстардың болуынсыз;

      4) осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарды орындаусыз мұнай төгілуінің тәуекеліне әкелетін объектілерге операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

      2. Кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекеліне әкелетін объектілердің меншік иелері:

      1) теңізде бірінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жою үшін – теңіз нысанында немесе отыз минуттық қол жеткізу шегінде осындай мұнай төгілуін толық жою үшін қажетті ресурстарға ие болуға;

      2) екінші деңгейдегі теңізде мұнайдың төгілуін жою үшін:

      теңіз объектісінде немесе отыз минуттық қол жеткізу шегінде жергілікті жағажай қызметтері келгенге дейін кезеңге жеткілікті болатын көлемде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ресурстарға ие болуға;

      қажеттілік болған жағдайда, жергілікті жағажай қызметтері ресурстарының келуін қамтамасыз етуге міндетті.

      Бірінші және екінші деңгейдегі өздерінің жеке ресурстары болмаған кезде кемелерді қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілер иелері теңізде мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдармен шарт жасасуға міндетті.

      Қажет болған жағдайда мұнай төгілуінің тәуекелі бар объектілердің меншік иелері мұнайдың төгілуін жою кезінде ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдер шеңберінде ресурстарды тартуға құқылы.

      Теңізде, су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды мұнай-газ саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      3. Үшінші деңгейдегі ресурстармен қамтамасыз ету үшін соттарды қоспағанда, мұнай төгілуінің тәуекелі бар объектінің меншік иесі халықаралық деңгейде танылған, білікті персоналы және тиісті жабдығы бар теңізде мұнай төгілуін жою жөніндегі халықаралық мамандандырылған ұйыммен шарт жасасуға міндетті.

      4. Теңізде, су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуі анықталған жағдайда, мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне тез арада хабарлауға міндетті.

      Кемелер үшін мұнайдың төгілуі туралы ақпараттандыру тәртібі сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы заңнамада айқындалады      .

      5. Теңізде, су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жою кезінде төгілу салдарының жеңілдеуін бағалау негізінде адамдардың денсаулығын барынша сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әдістерді таңдау керек. Теңізде мұнайдың төгілуін жою әдістерін айқындау тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      6. Мұнай төгілуінің көзін оқшаулау және мұнай төгілуін жою жөніндегі іс-шараларды, авариялар, жанжалдар себептерін тергеуді жүргізілгеннен кейін мұнай төгілуінің тәуекелі бар объектілердің меншік иелері және (немесе) мұнайдың төгілуін жою жөніндегі мамандандырылған ұйымдар қоршаған ортаны қорғау және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарға жүргізілген жұмыс туралы есепті ұсынады.

      Теңіз объектілерінің меншік иелері қосымша уәкілетті органға есеп береді.

      7. Мұнай төгілуінің тәуекелі бар объектінің меншік иесі теңізде, су қоймаларында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуі нәтижесінде қоршаған ортаға және үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды, сондай-ақ мемлекеттің мұнай төгілуін жою бойынша шығыстарын толық көлемде өтеуге міндетті.

      8. Осы баптың талаптары объектілеріне 1978 Хаттамамен өзгертілген Кемелерден ластанудың алдын алу туралы 1973 жылғы халықаралық конвенцияның (МАРПОЛ 73/78) қолданысы қолданылатын тұлғаларды қоспағанда, теңізде мұнай төгілу тәуекелімен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.


      154-бап. Теңіз объектілерін жасау және пайдалану

      1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде теңізде және ішкі су айдындарында жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған базалық жобаға не кен орнын игеруді талдауға сәйкес қоршаған ортаның қорғалуын және сақталуын қамтамасыз ету жағдайында теңіз объектілерін құруға, орналастыруға және пайдалануға жол беріледі.

      Теңіз объектілерін құруға және орналастыруға су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметімен, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісілген көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша жол беріледі.

      2. Теңіз нысандарының айналасында олардың сыртқы шетінің әрбір нүктесінен бес жүз метр қашықтыққа жайылған қауіпсіздік аймақтары орнатылады. Теңіз нысандары, сондай-ақ оларды қоршайтын қауіпсіздік аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық аулау ісі үшін өте маңызды қарапайым теңіз жолдарында кедергі бола алмайтын орындарда орналастырылады.

      3. Теңіз объектілерін күтіп-ұстау және пайдалану үшін жауапты тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қорғалуын, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы ескерту жөніндегі тиісті құралдардың болуын қамтамасыз етуге тиіс.      

      4. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізілген кезде теңіз объектілерін пайдалану аяқталған соң, осы теңіз нысандарын шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалануға болмайтын жағдайда, оларды адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтіндей, кеме қатынасына немесе балық аулау ісіне кедергі келтірмейтіндей демонтаждау қажет.

      5. Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүргізіледі.


      155-бап. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салу

      1. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салынады.

      2. Мұнайды уақытша (күнтізбелік жиырма күннен аспайтын) сақтауды қоспағанда, мұндай мұнайды танкерлермен теңіз құрылыстарынан тікелей тасымалдау кезінде теңіз құрылыстарында мұнайды сақтауға және қоймада ұстауға тыйым салынады.


      156-бап. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде қалдықтарды тастауға және көмуге тыйым салу

      1. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде теңізге қалдықтарды тастауға және теңіз түбіне көмуге тыйым салынады.

      2. Өндірістік және басқа да сарқынды суларды теңізге ағызу олар белгіленген нормативтерге дейін тазартылған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен және бақылауымен ғана жүзеге асырылады.

VIII БӨЛІМ. УРАНДЫ ӨНДІРУ 21-тарау. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату ерекшеліктері § 1. Тікелей келіссөздер негізінде уран саласындағы ұлттық компанияларға уранды өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру

      157-бап. Тікелей келіссөздер негізінде уран саласындағы ұлттық компанияға уранды өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттары

      1. Уран саласындағы ұлттық компания (бұдан әрі – ұлттық компания) – акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен уран саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам.

      2. Өндіруге жер қойнауы учаскесі тікелей келіссөздер негізінде уран саласындағы ұлттық компанияға беріледі.

      3. Тікелей келіссөздер негізінде уран саласындағы ұлттық компанияға берілген өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) келісімшарт тіркелген күннен бастап екі жыл ішінде, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы уран саласындағы ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаға беру жағдайларын қоспағанда, берілмейді.

      Бұл ретте мұндай заңды тұлға алынған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) келісімшарт тіркелген күннен бастап екі жыл ішінде беруге құқылы емес.


      158-бап. Уран саласындағы ұлттық компанияның тікелей келіссөздер жүргізуге өтініші

      1. Тікелей келіссөздер негізінде уран өндіру үшін жер қойнауы учаскесін пайдалануға алуға ниеті бар уран саласындағы ұлттық компания құзыретті органға уран саласындағы ұлттық компания алуға ниеттенетін жер қойнауы учаскесінің шекарасын көрсете отырып, өтініш жолдайды.

      2. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар дұрыстығын нотариус куәландыратын, әрбір құжатқа міндетті түрде мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасын қоса бере отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.


      159-бап. Уран саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер жүргізу тәртібі

      1. Уран саласындағы ұлттық компанияға өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер ұлттық компанияның уәкілетті өкілдері мен құзыретті органның жұмыс тобы арасында жүргізіледі. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын құзыретті орган бекітеді. 

      2. Тікелей келіссөздер өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі құзыретті органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      3. Тікелей келіссөздер нәтижесінде құзыретті орган келісімшартты жасау немесе оны жасаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда, ол қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:

      1) ұлттық компания тікелей келіссөздер нәтижесінде айқындалған қол қойылатын бонусты төлейді;

      2) ұлттық компания құзыретті органға қол қойылатын бонусты төлегенін растауды және өз тарапынан қол қойылған, құзыретті орган бекіткен, уранды өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес әзірленген уранды өндіруге арналған келісімшартты жолдайды. 

      Уранды өндіруге арналған келісімшартта ұзақтығы тікелей келіссөздер нәтижесінде айқындалатын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі бекітіледі.

      Уран саласындағы ұлттық компания тікелей келіссөздердің негізінде жасалатын өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылғанға және тіркелгенге дейін осы Кодекстің ережелеріне сәйкес, жобалау құжаттарын және олардың сарапталамарын әзірлеуді қамтамасыз етуге міндетті.

      Жобалау құжаттарын әзірлеу және келісу мерзімі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма төрт айдан асырылмауға тиіс.

      Жобаны әзірлеу және келісу жер қойнауын пайдаланушының еркіне қатыссыз мән-жайлар бойынша мерзімінде аяқталмағанда, жобалау құжаттарын әзірлеу және келісу мерзімі құзыретті органның шешімі бойынша алты айға дейін созылуы мүмкін.

      Уран өндіруге арналған келісімшартқа қол қою мақсатында:

      1) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы;

      2) әзірлеу жобасы әзірленеді.

§ 2. Жер қойнауын уран өндіру бойынша пайдалану құқығының тоқтатылуы

      160-бап. Құзыретті органның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуы

      1. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны жол берілген бұзушылықтар туралы мына жағдайларда:

      1) осы Кодекстің 177-бабында көзделген жалған дәлелсіз есептілікті ұсыну не ұсынбау;

      2) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану келісімшартында белгіленген қаржылық міндеттемелерді ағымдағы жыл үшін кемінде сексен пайызға орындауы;

      3) қамтамасыз ету сомасын қалпына келтірмей, белгіленген кестеге не қамтамасыз ету сомасын қалыптастыру кестесін бұзуға сәйкес, жердің жоғарғы қабатының бұзылуына байланысты уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;

      4) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартында белгіленген міндеттемелерді бұзған өзге жағдайларында хабардар етеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы жол берілген бұзушылық туралы хабарламаны алған күннен бастап үш ай ішінде осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтарды жоюға, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартында белгіленген өзге де міндеттемелерді бұзушылықтарды – хабарламада көрсетілген мерзімде және жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құзыретті органға бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтардың біреуін үш ай мерзімде жоймаған жағдайда, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелерді екіден жоғары бұзушылықты құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

      3. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мына жағдайларда:

      1) жер қойнауын пайдалану бойынша қызметке тыйым салу туралы сот шешімі күшіне енгенде;

      2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген оң қорытындыны алған тиісті жобалау құжаттарының сараптамаларынсыз уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;

      3) жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерге қатысты талаптарын бұзған жағдайда біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.

      4. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуды жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша түрде хабарлама жіберу арқылы біржақты тәртіппен жүргізеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы мұндай хабарламаны алған күннен бастап екі ай өткеннен кейін келісімшарттың қолданысы тоқтатылады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын құзыретті органның мерзімінен бұрын тоқтатуының заңдылығын хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде сот тәртібімен даулауға құқылы. Мұндай даулау жағдайында осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзім дау нәтижелері бойынша сот шығарған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.

      6. Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскелеріне, стратегиялық маңызы бар жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кездегі әрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қауіп төніретін Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келсе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты, оның ішінде осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін бұрын жасалған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

      Келісімшарттың қолданысы көрсетілген негіз бойынша бір жақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда, құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыға кемінде екі ай бұрын алдын ала хабарлауға тиіс.

      7. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауының учаскелеріне қатысты жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының әрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін Қазақстан Республикасы экономикалық мүдделерінің өзгеруіне алып келсе, құзыретті орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімшарттың, оның ішінде осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.

      Құзыретті орган, егер:

      1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы жазбаша түрде келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша келіссөздер жүргізуге өз келісімін растамаса не оны жүргізуден бас тартса;

      2) келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша келіссөздер жүргізуге жер қойнауын пайдаланушының келісімін алған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша келісімге қол жеткізбесе;

      3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру бойынша келісілген шешіміне қол жеткізу күнінен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтыруға қол қоймаса, жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.


      161-бап. Уранды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтаған кездегі жер қойнауы учаскесі мен мүлік

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтаған сәттен бастап осы келісімшартта бекітілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып табылады.

      2. Өндіру кезеңі аяқталған сәттен бастап өңдеу учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып табылады.

      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта екі және одан да көп өндіру учаскесі бекітілген болса, онда өндіру учаскелерінің бірі бойынша өндіру кезеңі аяқталған сәттен бастап мұндай учаске мемлекетке қайтарылған болып табылады.

      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтаған кезде құзыретті орган мына шешімдердің бірі:

      1) осы жер қойнауы учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану зардаптарын жою;

      2) жер қойнауы учаскесін консервациялауды жүргізу;

      3) жер қойнауы учаскесін уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беру туралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.

      4. Хабарлама мынадай жағдайларда және мерзімде:

      1) өндіру кезеңі аяқталған соң жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімі өткен жағдайда – мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын мерзімнен кешіктірмей;

      2) құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіпте мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарламаны жібере отырып бір мезгілде;

      3) тараптардың келісімі бойына жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзу жағдайында – келісімшартты бұзу туралы келісімге қол қоя отырып бір мезгілде жіберіледі.

      5. Құзыретті органның жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану зардаптарын жою не жер қойнауы учаскесін консервациялау шешімі туралы хабарламасын алған тұлға:

      1) дереу тоқтату төтенше жағдайлардың туындау қатерімен байланысты операцияларды қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды тоқтатуға міндетті. Мұндай операцияларды тоқтату хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылған болуы керек;

      2) осы Кодексте көзделген жою немесе консервациялау жобасын бекітілгеннен кейін және сараптамаларының оң қорытындыларын алғаннан кейін осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдалану зардаптарын жою немесе жер учаскесін консервациялау бойынша жұмысты бастауға міндетті;

      3) хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде өзі өндірген уранды, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдық пен өзге мүлікті шығаруға құқылы. Көрсетілген мерзімде шығарылмаған жабдық пен өзге мүлік осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жойылуы немесе консервациялануы тиіс.

      6. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайда, жер қойнауын пайдалану зардаптарын жою және жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізу қамтамасыз ету қаражаты есебінен жүргізеді.

      Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, уран саласындағы уәкілетті орган кепіл нысанына толық көлемде, ал осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда – жою жөніндегі оператор жер учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізуге іс жүзінде кеткен шығындар көлемінде өндіріп алуға құқылы.

      7. Құзыретті органның уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына жер қойнауы учаскесін беру шешімі туралы хабарламасын алған тұлға:

      1) хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімінде жер қойнауы учаскесіндегі технологиялық процестің үздіксіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, жабдық пен өзге мүлікті уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлікті бергенге дейінгі мерзімге беруге міндетті.

      Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлікті уран саласындағы ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда, құзыретті орган осындай мүлікке қатысты оның сенім білдірген адамы ретінде әрекет етеді және оны берілетін мүліктің жай-күйі туралы нұсқауды көздейтін тізбені қамтитын акті бойынша уран саласындағы ұлттық компанияға береді;

      2) хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде өзі өндірген уранды, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, өзінің меншігі болып табылатын жабдық пен өзге мүлікті шығаруға құқылы.

      8. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда:

      1) сенімгерлік басқарушы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлікті бағалауды ұйымдастырады;

      2) осы баптың 7-тармағының 1-тармағында көрсетілген мүлік жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалған күннен бастап осы мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға төлейтін жаңа жер қойнауын пайдаланушының меншігіне өтеді.

      9. Осы баптың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда:

      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құзыретті орган бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін банктік салым бойынша құқықтарды жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беру қажеттігі және осындай беру мерзімі туралы хабарламаны жібереді;

      2) бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы хабарламада көрсетілген мерзімде жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін банктік салым бойынша құқықтарды жаңа жер қойнауын пайдаланушыға береді.


      162-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кезде жер қойнауы учаскесі мен мүлікті сенімгерлік басқару

      1. Осы Кодекстің 161-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, құзыретті орган жер қойнауы учаскесін уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына кейіннен оны өзге тұлғаға беру үшін беру шешімі туралы хабарлама жіберілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде уран саласындағы ұлттық компаниямен осы жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартын жасасады.

      2. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленеді және жасалады және сенімгерлік басқарушыға:

      1) уранды өндіруді жүргізуге арналған келісімшарт жасамай уранды өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;

      2) келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жер пайдалану құқығында жер учаскесін алу құқығын береді.

      3. Сенімгерлік басқарушының жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқаруы кезінде жүргізген және белгіленген тәртіппен расталған шығыстарды жүргізілген шығыстардың қажеттігін растайтын құжаттарды ұсыну кезінде оны пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеткізу құқығы бар.

      Шығыстар осылайша өтелген жағдайда, жаңа жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес бұрын өтелген сенімгерлік басқарушының шығындарының орнын толтырмайды.

      Кіріс болмаған не ол жеткіліксіз болған жағдайда, шығыстарды өтеу құрылтайшының (пайда алушының) есебінен жүзеге асырылады.

      4. Сенімгерлік басқарушының шығыстарын өтеуге және сенімгерлік басқару шартын орындаумен байланысты салықтарды төлеуге жұмсалған сомаларды қоспағанда, сенімгерлік басқарудан түскен кірістер сенімгерлік басқару шартының қолданылуын тоқтату нәтижелері бойынша құрылтайшыға (пайда алушыға) жіберіледі.

      5. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы Кодексте көзделген талаптарды сақтаусыз жүзеге асырылады.

      6. Сенімгерлік басқарушы келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартымен өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалана отырып немесе белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелерден туындайтын міндеттемелер бойынша өз мүлкімен жауап береді.

      7. Жер учаскесі сенімгерлік басқарушыға келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзіміне, бірақ ол жасалған күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге қайта ресімделеді.

22-тарау. Уранды өндіру учаскелері мен аумақтары

      163-бап. Уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері

      1. Жер қойнауы учаскелері тікелей келіссөздер негізінде уран саласындағы ұлттық компанияның уран өндіруі үшін беріледі.

      2. Уран өндіру үшін жер қойнауы учаскелері олардың шегінде табылған уран кен шоғырының орналасу тереңдігімен шектеледі.

      3. Уранды өндіруге келісімшартта бірнеше жер қойнауы учаскелері көзделуі мүмкін.

      4. Өндіруге бір келісімшарт шеңберінде тікелей келіссөздер негізінде уран саласындағы ұлттық компанияға берілетін жер қойнауы учаскелерінің көлемі жиынтығында екі жүз блоктан аса алмайды.


      164-бап. Жер қойнауы учаскесін беру

      1. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарт тіркелген күннен бастап жер қойнауы учаскесі жер қойнауын пайдаланушыға пайдалануға берілген болып табылады.

      2. Учаскені және тәжірибелік-өнеркәсіптік кезең мен өндіру кезеңін бекітуді көздейтін уран өндіруге келісімшартты немесе уранды өңдеуге арналған келісімшартқа қосымшаны жасау Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға өзіне қажетті жер учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін негіз болып табылады.


      165-бап. Өзгерту ұғымы мен түрлері

      1. Жер қойнауы учаскелерін өзгерту:

      1) жер қойнауы учаскесін ұлғайту;

      2) жер қойнауы учаскесін азайту арқылы жасалатын кеңістікті шекараларын өзгерту болып табылады.

      2. Өзгертілетін учаскелерді пайдаланушы бір тұлға (бір тұлғалар) болып табылған жағдайда, жер қойнауы учаскелерін өзгертуге жол беріледі.


      166-бап. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту

      1. Уранды өндіруге келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесін ұлғайту мына шарттарды бір мезгілде сақталған кезде:

      1) жер қойнауын пайдаланушы барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалау құжатында белгіленген, өндіру үшін жер қойнауы учаскесіне жанасатын кен шоғырларын (кен шоғырларының жиынтығын) тапса;

      2) сұралып отырған учаске уран бойынша жер қойнауын пайдаланудан бос болса;

      3) жер қойнауы учаскесі оның шегінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалау құжатында белгіленген, табылған кен шоғырларының (кен шоғырлары жиынтығының) контурлары орналасатын блоктармен сұратылса;

      4) жер қойнауын пайдаланушы жоймаған құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтар болмаса, жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізіледі.

      2. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы өтініште мыналар:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) жер қойнауын пайдалануға келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні қамтылуға тиіс;

      3) бастапқы жер қойнауы учаскесінің аумағын ұлғайту болжанып отырған, сұралып отырған жер қойнауы учаскесі көрсетілуге тиіс.

      3. Өтінішке қосымша мыналар:

      1) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған:

      2) жер учаскесін ұлғайтуды;

      3) сұралып отырған учаскеге қорлар бойынша құзыретті органның есебін көздейтін келісімшартқа қосымша қоса беріледі.

      4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган:

      1) жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы шешім қабылдайды немесе оны ұлғайтудан бас тартады;

      2) өтініш берушіні қабылданған шешім туралы, ал жер қойнауы учаскесін ұлғайту туралы шешім қабылданған жағдайда – сұралып отырған жер қойнауы учаскесі бойынша қол қойылатын бонустың мөлшері туралы қосымша хабардар етеді.

      5. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін ұлғайтудан мынадай жағдайда:

      1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталмаса, бас тартады.

      Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін ұлғайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      6. Құзыретті орган қол қойылатын бонус төленгенінің растауын өтініш берушіден алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға келісімшартқа қосымшаны жасасады және оның данасын өтініш берушіге жібереді.

      7. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша өндіру кезеңін арттыруға негіз болып табылмайды.


      167-бап. Жер қойнауы учаскесін азайту

      1. Уранды өндіру кезеңі өткенге дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдаланушы аумақты және оған сәйкес келетін жер қойнауының учаскесін мемлекетке олардың кез келген бөлігін қайтару арқылы мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

      1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен қайтарылатын күнге дейін жер қойнауын пайдалану салдарын қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жою бойынша жұмыстар аяқталған;

      2) аумақты және оған сәйкес келетін жер қойнауы учаскесін қайтаруды блоктар жүзеге асырған;

      3) егер жер қойнауын пайдаланушының құқығына кепілмен ауыртпалық салынса, қайтаруға кепілді ұстаушының алдын ала келісімі бар болған;

      4) жер қойнауын пайдаланушылар жоймаған жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтар болмаған кезде азайта алады.

      2. Жер қойнауы учаскесін азайту туралы өтініште мыналар:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) жер қойнауын пайдалануға келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні қамтылуға;

      3) мемлекетке қайтару көзделген, жер қойнауының учаскесі (оның бөлігі) көрсетілуге;

      4) жер қойнауын пайдаланушыда қалатын жер қойнауының учаскесі (учаскелері) көрсетілуге тиіс.

      3. Өтінішке мыналар:

      1) қайтарылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану зардаптарын жою актісінің көшірмесі;

      2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, жер қойнауы учаскесін азайтуды көздейтін келісімшартқа қосымша қоса беріледі.

      4. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылдайды немесе азайтудан бас тартады.

      5. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайтудан мына жағдайда:

      1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталмаса, бас тартады.

      Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін азайтудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      6. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін азайту туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға келісімшартқа қосымшаны жасасады және оның данасын өтініш берушіге жібереді.

      7. Жер қойнауын пайдаланушының бүкіл аумақты және жер қойнауы учаскесін қайтаруы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың тоқтауына алып келеді.

23-тарау. Уранды өндіру кезеңдері

      168-бап. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі

      1. Уранды өндіруге келісімшарттар бойынша оларды жасау кезінде жер қойнауы учаскесі және өндірудің тәжірибелік-өнеркәсіптік кезеңі бекітіледі.

      2. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы кен орнын игеру жобасын әзірлеуді, бекітуді және оған осы Кодексте көзделген сараптамалар жүргізуді, сондай-ақ кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді жүзеге асыруға құқылы.

      3. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңінің ұзақтығы осы Кодекстің 169-бабының 1-тармағында көрсетілген өндіру кезеңінің ең көп ұзақтығын тиісінше қысқартумен төрт жылдан аспайтын мерзімді құрайды.

      Уранды өндіруге келісімшарт бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін құзыретті орган уран саласыдағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері жөніндегі хабарламада белгілейді.

      4. Өндіру учаскесін және уранды өндіруге келісімшарт бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітудің міндетті шарты жер қойнауын пайдаланушының геологиялық қорларды есептеу бойынша есебін және осы Кодексте белгіленген тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына қатысты сараптамалардың оң қорытындысын алуы болып табылады.

      5. Өндіру учаскесі мен тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітіп беру туралы өтініште мыналар:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы және қорлардың бар-жоғы туралы мәліметтер;

      3) өндіру үшін жер қойнауының учаскесі (учаскелері) көрсетілуге;

      4) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс.

      6. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      7. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өңдеу кезеңін бекіту туралы шешім қабылдайды немесе осылай бекітуден бас тартады.

      8. Құзыретті орган өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітуден:

      1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бас тартады.

      Құзыретті органның өндіру учаскесін және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.


      169-бап. Уранды өндіру кезеңі

      1. Уранды өндіру кезеңінің ең көп ұзақтығы өндіруге келісімшартты жасау кезінде тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңін қоса алғанда, жиырма бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды.

      2. Уранды өндіру кезеңі тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі мен өнеркәсіптік өндіру кезеңін қамтиды.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім шегінде уранды өндіру кезеңі жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған кен орнын игеру жобасы негізінде айқындалады.

      Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және жер қойнауы учаскесінде өндіру кезеңі уранды өндіруге келісімшарт тіркелген күннен бастап есептеледі.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда өндірудің бүкіл аумағын қайтару арқылы өндіру кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.


      170-бап. Уранды өндіру кезеңін ұзарту

      1. Өндіру кезеңін құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатарынан жиырма бес жылға дейінгі кезеңге ұзартады.

      2. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын белгіленген нысанда береді.

      3. Өңдеу кезеңін ұзарту туралы өтініш мыналар:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) уранды өндіруге келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;

      3) өндіру кезеңін ұзарту сұралып отырған жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсету;

      4) өндіру кезеңін ұзартудың сұралып отырған мерзімі қамтылуға тиіс.

      4. Өтінішке қосымша мыналар:

      1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы өңдеу кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемін, сипаты мен орындалу мерзімдерін қамтитын жұмыстар бағдарламасы;

      2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған, өндіру кезеңін ұзартудың сұралып отырған мерзімі ішінде кен орын игеруді көздейтін кен орнын игеру жобасы қоса беріледі.

      5. Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезінен бастап екі ай ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе осындай ұзартудан бас тартады.

      6. Құзыретті орган өндіру кезеңін ұзартудан мынадай жағдайларда:

      1) егер өтініш осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілсе;

      2) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      3) егер кен орын игеру жобасында өтініште сұралып отырған мерзімнен аз мерзім ішінде кен орнын игеру көзделсе;

      4) жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтар болған кезде;

      5) құзыретті органның келісімшартты ұзартуға ниеті болмаған кезде бас тартады.

      Өндіру кезеңін ұзарту өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жүргізіледі.

      7. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін уранды өндіру жөніндегі үлгілік келісімшартқа сәйкес келген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартқан кезде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған кезден бастап бір ай ішінде өндіру кезеңін ұзартуды және жер қойнауын пайдаланушының осы баптың 4-тармағында көрсетілген жұмыстар бағдарламасын орындау бойынша міндетін көздейтін және ажырамас бөлігі ретінде келісімшартқа қоса берілетін уранды өндіру келісімшартына қосымша келісім жасалады.

      8. Егер келісімшарт құзыретті орган бекіткен уранды өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес келмеген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартқан кезде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған кезден бастап екі ай ішінде уран өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген, жаңа редакциядағы уранды өндіруге келісімшарт жасалады.

      9. Егер келісімшарт шеңберінде уранды өндіру кезеңі кемінде жиырма жыл мерзімге белгіленсе, онда өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшарт талаптары осындай ұзарту кезінде қолданылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілуге жатады.


      171-бап. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, уранды өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану

      1. Уранды өндірудің міндетті шарттары:

      1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;

      2) жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану;

      3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау болып табылады.

      Жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы болып жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын, ұтымды, қауіпсіз, қажетті және экономикалық жағынан тиімді болып табылатын жалпы қабылданған халықаралық практика ұғынылады.

      2. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау:

      1) халықтың өмірін және денсаулығын қорғауға;

      2) табиғи ландшафтарды сақтауға және бүлінген жерлерді, өзге де геоморфологиялық құрылымдарды қалпына келтіруге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, технологиялық жүйелерді және басқа да іс-шараларды қамтиды.

      3. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар мыналар:

      1) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізудің барлық кезеңдерінде жер қойнауы ресурстарын ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      2) таңдап өндіруге жол бермей, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алудың толықтығын қамтамасыз ету;

      3) уран қорларын және ілеспе құрамбөліктерді дұрыс есепке алу;

      4) су жинау алаңдарында және ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жерасты суларының орналасу жерлерінде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;

      5) жер қойнауын су басудан, өрттен және уран кен орындарын пайдалануды және игеруді қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау;

      6) уранды немесе өзге де заттар мен материалдарды сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде жер қойнауының ластануын болғызбау;

      7) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды тоқтата тұрудың, тоқтатудың, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюдың, жер қойнауы учаскесін консервациялаудың белгіленген тәртібін сақтау;

      8) қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстарды жобалау, уран кен орындарын игеру бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде осы Кодексте көзделген жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану және жер қойнауын қорғау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуге міндетті.

      5. Осы Кодекске сәйкес белгіленген жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану бойынша талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін уран саласындағы уәкілетті орган өзі айқындаған тәртіппен айқындайды.

24-тарау. Уранды өндіру шарттары

      172-бап. Уранды өндірудің жалпы шарттары

      1. Уранды өндірудің міндетті шарты жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауын ұтымды және экономикалық жағынан тиімді пайдалану, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Өндірілген уран санын есепке алу мақсатында жер қойнауына сілтісіздендірілген ертінділермен қайтарылатын уранды шегере отырып, өнімділік ерітінділермен жер бетіне шығарылған уран айқындалады.


      173-бап. Уранды өндіру шарттары

      1. Уранды өңдеу бойынша операциялар жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған тәжірибелік-өнеркәсіптік өңдеу жобасына және/немесе кен орнын игеру жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.       

      2. Уранды өндіру бойынша барлық жұмыс құжатталуға жатады.

      3. Уранды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

      1) өндірудің қолданылатын техникалық құралдарының оңтайлығы мен қауіпсіздігін;

      2) өндірілген және жер қойнауында қалдырылатын уран қалдықтарын, оларды қайта өңдеу өнімдерін және өндіру кезінде пайда болатын өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алуды;

      3) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірудің және/немесе өндірудің нормалары мен стандарттарын, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін сақтауды;

      4) өндіру қалдықтары мен қайта өңдеу өнімдерін қоймаға үю және орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындауды;

      5) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында және кен орнын игеру жобасында көзделген тәртіппен уранды алуды қамтамасыз етуге міндетті.       

      4. Уранды өндіру барысында алынатын және басқа да ілеспе пайдалы қазбалар, егер осы Кодексте немесе келісімшартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

      5. Минералдық шикізатты шығару бойынша операциялармен байланысты жерасты сілтісіздендіру тәсілі кезінде жер бетіне шығарылған өнімділік ерітінділер, егер осы ерітінділер олардан уран және басқа да ілеспе пайдалы қазбалар алынғаннан кейін сол көлемде жер қойнауына айдалса, жерасты суларын өндіруге жатпайды.

      6. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнайы суды пайдалану рұқсатын алмай келісімшарттық аумақ шегінде уранды және жер бетіне шығарылған өнімділік ерітінділерден алынған құрамында пайдалы құрамбөлігі бар басқа да пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыруға құқылы.

      Ілеспе өндірілген жерасты суларды одан әрі пайдалану су және экологиялық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.


      174-бап. Уранды өндіру салдарын жою

      1. Уранды өндіру зардаптарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған өндіру салдарын жою жобасына сәйкес жүргізіледі.

      Уранды өндіру салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар уран саласындағы уәкілетті орган бекіткен уранды өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.

      2. Уранды өндіру зардаптарын жою:

      1) осы Кодекстің 161-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;

      2) жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке қайтаруды ниеттеніп отырған жер қойнауы учаскесінде (оның бөлігінде) жүргізіледі.

      3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда сол учаскеге қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға:

      1) жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде уран бойынша жер қойнауын пайдалану зардаптарын жою жобасын бекітуге және осы Кодексте көзделген сараптамалардан өту үшін ұсынуға;

      2) уранды өндіру зардаптарын жою жобасында белгіленген мерзімде жер қойнауы учаскесінде өндіру салдарын жоюды аяқтауға міндетті.

      4. Уранды өндіру зардаптарын жою:

      1) жер қойнауын пайдаланушы, тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға;

      2) құзыретті органның өкілі;

      3) қоршаған ортаны қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;

      4) жеке меншіктегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жер учаскесінде жою жұмыстары жүргізілген жағдайда – жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы жою актісіне қол қойған күннен бастап аяқталған болып есептеледі.

      Бұл ретте, егер жою актісіне қол қойылғаннан кейін он жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушы, тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға жою жобасын бұза отырып, жою жөніндегі жұмыстарды орындағаны анықталса, онда мұндай тұлға өз есебінен анықталған бұзушылықты құзыретті органмен келісілген мерзімде жоюға міндетті.

      5. Уранды өндіру зардаптарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындау банктік салым кепілімен қамтамасыз етіледі.

      6. Өндіру кезеңін жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін банктік салым мөлшері ақша қаражатын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында және кен орнын игеру жобасында, уранды өндірудің жоспарланатын көлемдерге сай айқындалған уранды өндірудің жоспарланатын көлемдеріне сай мөлшерде және мерзімде салу арқылы қалыптасады.

      Банктік салымдағы жарналардың мөлшері уранды өндіру салдарын жою бойынша жұмыстардың нарықтық құны негізінде тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында және кен орнын игеру жобасында айқындалады және игеруді талдау шеңберінде үш жылда кемінде бір рет қайта есептелуге жатады.

      7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшарт талаптары бойынша қалыптасқан кепілге салынған банктік салым бойынша құқықтарды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.

      8. Келісімшарт тоқтатылған кезде қамтамасыз ету сомасы құзыретті органның келісімімен жер қойнауы учаскесінде орындалған және осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен қабылданған жою жұмыстары құнының бір бөлігіне сәйкес азайтылуы мүмкін.

      9. Егер уранды өндіру бойынша операциялардың салдарын жоюға жұмсалған нақты шығындар қамтамасыз ету мөлшерінен асып түссе, онда жер қойнауын пайдаланушы жоюды қосымша қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Егер жоюға жұмсалған нақты шығындар қамтамасыз ету мөлшерінен аз болса, онда қалған ақша осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушыда қалады.


      175-бап. Уранды өндіру кезеңі ішіндегі оқыту, ғылым және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелері

      1. Екінші жылдан бастап, өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы:

      1) білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп уран саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша уранды өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы көтерген өндіру шығындарынан бір пайыз мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жыл сайын жүзеге асыруға;

      2) ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп уран саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша уранды өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы көтерген өндіру шығындарынан бір пайыз мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жыл сайын жүзеге асыруға;

      3) алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша уранды өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша инвестициялардан бір пайыз мөлшерінде өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуды және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.

      2. Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға және қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке өзі осы мақсаттарға өзі аударатын қаражат жатады.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын, белгіленген минимумнан асатын қаржыландыру көлемі келесі жылы жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындау есебіне ескеріледі.


      176-бап. Уранды өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу

      1. Уранды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде мердігерлердің сатып алуы мынадай:

      1) ашық конкурс;

      2) бір көзден алу;

      3) төмендеуге ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);

      4) осы тармақтың нормаларын қолданусыз тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілдерінің бірі арқылы жүзеге асырылады.

      Уранды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін міндетті түрде пайдалана отырып немесе жұмысы жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімімен синхрондалған Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан электрондық сатып алудың өзге жүйелерін жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалануымен жүргізіледі.

      Конкурс жеңімпазын анықтау кезінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың – жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өнім берушілерінің конкурстық өтінімінің бағасын жиырма пайызға шартты түрде төмендетеді. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өнім берушілері деп Қазақстан Республикасы азаматтары қызметкерлерінің жалпы санының кемінде елу пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар танылады.

      Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің уранды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін уран саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Жер қойнауын пайдаланушы немесе оның мердігері әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын, белгіленген тәртіпті бұза отырып, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда соңғылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен тиісінше жер қойнауын пайдаланушыны немесе оның мердігерін жауаптылыққа тарту туралы өтінішімен уран саласындағы уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болған конкурс нәтижелері бойынша уранды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша немесе уранды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібін бұза отырып сатып алу бойынша шығыстар құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді орындауы ретінде ескеретін шығыстардан алып тасталады.

      2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібі бұзыла отырып жер қойнауын пайдаланушының мердігерлерімен жасалған мәмілелер жарамсыз болып танылады.

      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібінің бұзылуына мыналар жатады:

      1) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларында көзделмеген тәсілдермен, сол сияқты сатып алу тәсілін таңдау қағидаларының талаптарын бұза отырып сатып алу;

      2) әлеуетті жеткізушілерге жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларында көзделмеген біліктілік талаптарын қою;

      3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларына қайшы келетін талаптар қою;

      4) әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз түрде қабылдамау/қабылдау:

      5) шарттың елеулі талаптарына қойылатын талаптарды бұза отырып шарт жасасу.

      3. Электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын уранға қатысты жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімімен синхрондау тәртібін уран саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      4. Осы баптың мақсаттары үшін:

      1) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі деп жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және оларды өндірушілерді бақылау және мониторингтеуге, сондай-ақ электрондық сатып алуды жүргізу және жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін тізбесін қызметтердің тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе түсініледі;

      2) электрондық сатып алу жүйесі деп сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушылар немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті еткен тұлғалар) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын, уран саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың тәртібіне сәйкес жасалатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық жүйе түсініледі.

      5. Қазақстандық кадрларды және уранға қатысты өндірушілерді қолдау саласындағы операторды уран саласындағы уәкілетті орган айқындайды және ол:

      1) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды ғылымға оқыту, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің уран өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындау мониторингін;

      2) уран өндіру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді, уран саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, жүзеге асырады.

      6. Қазақстандық кадрларды және уранға қатысты өндірушілерді қолдау саласындағы оператор болып дауыс беретін акцияларының елу және одан артық пайызын (қатысу үлестерін) мемлекет иеленетін, уран саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы заңды тұлға айқындалуы мүмкін.

      7. Жер қойнауын пайдаланушылар уран саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орташа мерзімдік (үш қаржы жылына) бағдарламасын уран саласындағы уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасы деп күнтізбелік бір жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы мен көлемін, оларды сатып алу тәсілі мен мерзімін айқындайтын, жер қойнауын пайдаланушы жасайтын құжат түсініледі.

      Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орташа мерзімдік бағдарламасы деп үш жылға дейінгі кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы мен көлемін, оларды сатып алу тәсілі мен мерзімін айқындайтын, жер қойнауын пайдаланушы жасайтын құжат түсініледі.

      8. Осы баптың 1-тармағының талаптары мыналарға:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;

      2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын ұлттық басқарушы холдинг тікелей немесе жанама иеленетін, жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.


      177-бап. Жер қойнауын пайдаланушының уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және өндіруді жүргізу кезіндегі есептілігі

      Уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы мынадай:

      1) геологиялық есепті;

      2) құзыретті тұлғаның қорлар бойынша есебін;

      3) келісімшарттық талаптарды орындау туралы есепті;

      4) уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есепті;

      5) уранды өндіру бойынша жүргізілген операциялар және оларға жұмсалған шығыстар туралы есепті;

      6) кадрлардағы жергілікті қамту туралы есепті;

      7) қазақстандық кадрларды оқытуға қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есепті;

      8) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығыстар туралы есепті;

      9) уран өндіру бойынша есепті;

      10) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы жергілікті қамту көлему туралы есепті;

      11) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есепті ұсынуға міндетті.

      Осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көзделген есептер жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға өзі бекіткен тәртіппен ұсынылады.

      Осы баптың 3)-5) тармақшаларында көзделген есептер құзыретті органға өзі бекіткен тәртіппен ұсынылады.

      Осы баптың 6)-11) тармақшаларында көзделген есептер уран саласындағы уәкілетті органға өзі бекіткен нысандар мен тәртіп бойынша ұсынылады.


      178-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың талаптарын орындауын бақылау

      1. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттың талаптарын орындауын бақылауды құзыретті орган осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      2. Лицензиялық-келісімшарттық талаптармен байланысты жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің сәйкестігін тексеру рәсімі жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттың талаптарын орындауын бақылау болып табылады.

      3. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттың талаптарын орындауын бақылауды құзыретті орган құзыретті органның басшылығы бекіткен жартыжылдық тексеру тізімінің негізінде жүзеге асырады.

      4. Бақылаудың нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы анықтама жасалады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттың талаптарын орындауын бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) кешендік – лицензиялық/келісімшарттық шарттардың міндеттемелерін орындау туралы есептілікті және жұмыс бағдарламасын, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының қызметі туралы басқа құжаттарды және мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша тағайындалатын тексерулер;

      2) тақырыптық – ақпараттың және құзыретті орган басшылығының шешімі бойынша дереу ден қоюды талап ететін келісімшарттар талаптарын бұзу фактілері негізіндегі тексерулер.

      6. Әрбір жер қойнауын пайдаланушыға қатысты кешендік бақылау жылына бір реттен артық емес жүргізіледі.

      7. Құзыретті орган бақылауды жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын жер қойнауын пайдаланушыны жүргізу мерзімі мен нысанасын көрсете отырып, бақылау туралы хабардар етеді.

      8. Тақырыптық бақылау бойынша хабарлама кемінде бір тәулік бұрын жіберіледі.

      9. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға келісімшарт талаптарын бұзған жағдайда құзыретті орган жазбаша хабарлама арқылы жер қойнауын пайдаланушының осы бұзушылықты белгіленген мерзімде жою міндетін көрсетеді.

      10. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарын бұзушылықтарды жоюының мерзімі міндеттемелердің физикалық көлемі бойынша алты айдан, ал қаржылық міндеттемелер бойынша – үш айдан аспауға, келісімшарттың өзге талаптары бойынша – жазбаша хабарлама алынған күннен бастап бір ай болуға тиіс.

      11. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты осындай ұзартудың себептерін негіздей отырып, құзыретті органға жолдауға құқылы. Келісімшарттың талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімін ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган оны алғаннан бастап он жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыны мерзімді ұзартуға келісім туралы хабардар етеді немесе мұндай ұзартудан дәлелді бас тартуды ұсынады.

      12. Осы баптың 10-тармағында айқындалған мерзімде келісімшарттың талаптарын бұзушылықтарды жою айқын мүмкін болмаған жағдайда құзыретті орган мұндай бұзушылықты жоюға болатын өзге мерзімді белгілеуге құқылы.

25-тарау. Уранды өндіру саласындағы жобалау құжаттары

      179-бап. Уранды өндіру саласындағы жобалау құжаттары туралы жалпы ережелер

      1. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы және игеру жобасы уранды өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаты болып табылады.

      2. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы шарт негізінде тартатын, қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жасайды.

      3. Жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссиясы (орталық комиссия) геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы арнайы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүддесі жоқ тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.

      4. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.

      5. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында және игеру жобасында өндіру бойынша жұмыстардың түрлері, әдістері мен тәсілдері, шамалы көлемі мен оларды жүргізу мерзімдері, сондай-ақ пайдаланылатын технологиялық шешімдер сипатталады.

      6. Жобалау құжаттарында көзделген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу түрлерінің, тәсілдерінің, технологияларының, көлемі мен мерзімдерінің өзгеруіне мұндай жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін жол беріледі.

      7. Бекітілген жобаларға өзгерістер және/немесе толықтырулар жобалары, егер бекітілген жобаларда айқындалған физикалық көрсеткіштер жыл сайын кен орнын игерудің таулы-геологиялық және технологиялық шарттардың өзгеруінсіз бір жылда бекітілген көрсеткіштерден физикалық тұрғыда жиырмадан төмен пайызға өзгертілсе, егер көрсетілген көлемдер осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған бекітілген жобада пысықтаудың бүкіл кезеңі ішінде бекітілген жобалық көлемдерден өспелі нәтижемен ауытқыса, жасалмайды.

      Жобалау құжаттары жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларына сәйкес жасалады.

      8. Жобалар мемлекеттік экологиялық сараптамаға және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша сараптамаға жатады.

      9. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір үш жыл сайын құзыретті органға игеру жобасының көрсеткіштеріне сәйкес жобалық шарттардың орындалуын талдауды сараптамаға жіберуге міндетті.


      180-бап. Уранның кен орнын игеру жобасы

      1. Кен орнын игеру жобасы осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңіне жасалады.

      2. Кен орнын игеру жобасы запастарды толық пысықтау кезеңіне әзірленеді.

      3. Кен орнын игеру жобасында:

      1) құзыретті тұлғаның запастар бойынша есебі;

      2) жер қойнауын ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

      3) уранды өндіру салдарын жою бойынша жұмыстар орындаудың мерзімі, шарттары мен құны туралы ақпарат;

      4) кен орнын әзірлеудің бүкіл кезеңіне уранды өндірудің болжалды жыл сайынғы көлем қамтылуға тиіс.


      181-бап. Жобалау құжаттарын орындау мониторингі

      1. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және әзірлеу жобаларын жер қойнауын пайдаланушылардың орындауын мониторингтеу осы жобаны жасаған жобалау ұйымының жыл сайынғы авторлық қадағалау жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және әзірлеу жобасын жер қойнауын пайдаланушылардың орындауын мониторингтеу мыналарды:

      1) осындай жобаны жасаған жобалау ұйымының жыл сайынғы авторлық қадағалауын;

      2) кемінде үш жылда бір рет орындалатын уран кен орнын игерудің талдауын өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      3. Уран кен орнын игеруді авторлық қадағалауды және талдауды жүргізуге қойылатын талаптар уран саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларында белгіленеді.

      4. Авторлық қадағалау кезінде игеруді бақылау кезінде алынатын ағымдағы геологиялық-кәсіпшілік ақпарат пайдаланылады, ал қадағалау нәтижелері хабарлау тәртібімен құзыретті органға ұсынылатын жыл сайынғы есеп түрінде мазмұндалады.

      5. Авторлық қадағалау бойынша жыл сайынғы есепте мыналар:

      1) іс жүзінде қол жеткізілген технологиялық параметрлер мәндерінің жобалық мәндерге сәйкестігі;

      2) іс жүзіндегі және жобалық көрсеткіштердің арасындағы алшақтықтар және (немесе) жобалық шешімдерді орындамау себептері;

      3) кен орнын игеру жобасы бойынша – жобалық шешімдерге қол жеткізу және игеру жүйесін игеруде анықталған кемшіліктерді жою бойынша және (немесе) жеке жобалық шешімдер мен кен орнын игеру жобасының көрсеткіштерін өзгерту қажеттігін айқындау үшін кезектен тыс талдауды жүргізу бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

      6. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарын әзірлеу қағидаларында осы Кодексте көзделген сараптамаларды өткізу қажеттігінсіз жобалау құжаттарының жекелеген көрсеткіштерін жобалау ұйымы авторлық қадағалау шеңберінде маңызсыз (жиырма пайыздан кем) түзетуі мүмкін болатын жағдайлар белгіленген, ал жобалау құжатына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар хабардар ету тәртібімен құзыретті органға жіберіледі.

      7. Кен орнын игеруді талдау кен орнын игеру жүйесін жетілдіру қажеттігін анықтау нысанасына игеру процесінде геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа зерттеулер нәтижелерін кешенді зерттеуді білдіреді.

      8. Жер қойнауын пайдаланушы тартатын, тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы уранның кен орнын игерудің талдауын жүргізеді және ол хабардар ету тәртібімен құзыретті органға жіберіледі.

      9. Кен орнын игеру жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы уран кен орнын игеруді талдаудың негізделген қорытындысы болған кезде кен орнын игерудің іс жүзіндегі және жобалық көрсеткіштері арасында елеулі (жиырма пайыздан аса) келіспеушіліктер болған жағдайда талдау нәтижелері кен орнын игеру жобасының мемлекеттік сараптамасы үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен орталық комиссияның қарауына жатады.

      10. Орталық комиссия уран кен орнын игеруді талдау бойынша оң қорытынды шығарған жағдайда жобалық шешімдер мен осындай талдаудың көрсеткіштері кен орнын игеру жобасына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу, бекіту және оларға мемлекеттік сараптама жүргізу кезеңіне жобалық шешімдер мен кен орнын игеру жобасының көрсеткіштері ретінде бағаланады, аталған кезең бір жылдан аспауға тиіс.

IX БӨЛІМ. ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ 26-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлау

      182-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия

      Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия бойынша оны иеленушінің қатты пайдалы қазбалардың кең орындарын іздеуді және одан әрі өндіру үшін олардың ресурстарын бағалауды қамтитын қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды өткізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдаланудың айрықша құқығы бар.


      183-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруге арналған аумақтар

      1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында айқындалатын аумақтарда беріледі.

      2. Мынадай:

      1) осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда;

      2) басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде оның келісімінсіз көмірсутектерді өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін;

      3) қатты пайдалы қазбаларды барлауға басқа лицензия бойынша, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия немесе жер қойнауының кеңістігін пайдалану лицензиясы бойынша пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде;

      4) қатты пайдалы қазбаларды барлауға басқа лицензия бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлау учаскесінің аумағына толық немесе ішінара жататын блокқа қатысты;

      5) қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінің аумағына немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіру лицензиясын беруге өтініш бар аумаққа толық немесе ішінара жататын блокқа қатысты;

      6) қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру салдарын жою жүргізіліп жатқан жер қойнауы учаскесінің аумағына толық немесе ішінара жататын блокқа қатысты қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензияларды беруге жол берілмейді.

      Барлауға лицензия осы баптың 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген аумаққа жатпайтын блоктың бөлігіне берілуі мүмкін.

      Блоктың бөлігін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген барлауға лицензиядан алып тастау үшін негіз болған мән-жайлар тоқтаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша блоктың осы бөлігі лицензияға енгізілуі мүмкін.


      184-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беру туралы өтініш

      1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алуда мүдделі тұлға құзыретті органға өтінішті ол белгіленген нысан бойынша береді.

      2. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруге өтініште көрсетілетін аумақ екі жүз блоктан артық болуы мүмкін емес.

      3. Өтініште мынадай мәліметтер:

      1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), басшы туралы мәліметтер, өтініш берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

      жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер қамтылуға;

      2) барлау аумағын құрайтын және өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын блок (блоктар) көрсетілуге тиіс.

      Осы Кодекстің 183-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, егер өтініште көрсетілген барлау аумағы блок бөлігін қамтыса, лицензияның талаптарын айқындау мақсаттары үшін өтінішті қарау кезінде осы блок толық болып есептеледі.

      4. Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

      2) өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаса, өкілеттігін растайтын құжат;

      3) өтініш беруші осы Кодекстің 193-бабына сәйкес жасаған және бекіткен барлау жоспарының көшірмесі;

      4) барлауға арналған лицензияны бергені үшін қол қойылатын бонусты төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) егер сұрау салынатын учаскеде немесе оның бөлігінде мұндай тұлға жер қойнауын пайдалануға келісімшарт негізінде көмірсутектерді өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын болса немеселицензия негізінде жер қойнауы кеңістігін пайдаланса, қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруге тұлғаның келісімі;

      6) өтініш берушінің қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүзеге асыруға қаржылық және кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар;

      7) егер сұратылатын жер қойнауы учаскесінің аумағы толық немесе ішінара елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) жерлеріне және оларға іргелес бір мың метр қашықтықтағы аумаққа тиесілі болса, осы Кодекстің 24-бабы 3-тармағында көзделген жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісім қоса беріледі.

      5. Өтініш берушінің барлау бойынша операцияны жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың бірі:

      1) лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы бір ай ішінде сұралып отырған лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға қажетті ең аз шығыстарды өтеу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның тұрақты болуын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің кез келгенінде өтініш беруші ашқан банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме;

      2) ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қарыздың нысаналы мақсаты ретінде өтініш берушінің қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі қызметін қаржыландыру, сондай-ақ сұратылатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға жұмсалатын талап етілетін ең аз шығыстарды өтеу үшін жеткілікті қарыз сомасы (қаржыландыру) көзделетін, қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге өтініш беруші активтерінің мөлшері сұралып отырған лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға қажетті ең аз шығыстардың шамасына оның міндеттемесінен асатын лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік жылға дайындалған өтініш берушінің қаржылық есептілігі;

      4) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы таныған рейтингілік агенттіктің өтініш берушіге өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде құзыретті орган айқындайтын ең төменгі рейтингтік бағадан төмен болмайтын рейтингтік баға беру туралы хаты ұсынылады.

      Егер өтініш берушінің қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде қаржы ұйымы болып табылмайтын тұлға (қаржыландыратын) қарыз беруші болатын ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі ұсынылса, өтінішке қосымша аталған тұлғада осы тармақтың 1), 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттардың бірі қоса беріледі.

      6. Өтініш берушінің барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін жеткілікті кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың кез келгені:

      1) геология немесе геофизика саласында біліктілік деңгейі жоғары маманмен жасалған еңбек шартының немесе қызметтер көрсету шартының көшірмесі;

      2) мердігер ұйыммен қызметтер көрсету шартының немесе өтініш берушіге өндіруге арналған сұратылатын лицензия берілген жағдайда осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш беруші тағайындайтын, штатында геология немесе геофизика саласында біліктілік деңгейі жоғары және орташа кемінде бір маман бар оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмесі ұсынылады.

      Егер өтініш берушінің кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен қызметтер көрсету шартының немесе осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш беруші тағайындайтын оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмесі ұсынылса, өтінішке қосымша еңбек шарттарының немесе талап етілетін мамандармен қызметтер көрсету шарттарының көшірмелері қоса беріледі.

      7. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариаттық куәландырылуға тиіс.

      8. Өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармамен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

      9. Өтінішті беру кезі құзыретті органға өтініш келіп түскен күнімен және уақытымен айқындалады және есепке жатқызылуға жатады.

      10. Берілген өтініш туралы мәліметтер құзыретті органның ресми интернет-ресурсында өтініш берілген кезден бастап екі күн ішінде жариялануға жатады және мыналарды:

      1) өтініш берушінің атауын (тегін, атын);

      2) өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауының учаскесін айқындайтын блок (блоктар) кодын;

      3) өтініштің келіп түскен күні мен уақытын қамтуға тиіс.


      185-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензияны беру туралы өтінішті қарау

      1. Құзыретті орган өтінішті ол келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және лицензияны береді не оны беруден бас тартады.

      2. Егер өтініште көрсетілген аумақ осы Кодекстің 182-бабының 2-тармағының 4)-6) тармақшаларында көзделген блокты қамтитын болса, бұл блок лицензияға енгізілмейді, бұл туралы құзыретті орган өтініш берушіні хабардар етеді. Хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші оған беруге жататын барлық блоктардан немесе бөлігінен бас тартуға құқылы. Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш беруші барлық блоктардан бас тартпаса немесе блоктардың бөлігінен бас тартса, өтініш осы тармақтың ережелері ескеріле отырып мәні бойынша қаралады.

      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда лицензияға енгізілуге жатпайтын блоктарды және өтініш беруші бас тартқан блоктарды қоспағанда, өтініште көрсетілген блоктарға қатысты өтініш қаралады.

      4. Егер осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін қолдану нәтижесінде осы Кодекстің 20-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін берілуге жататын екі және одан көп бөлек жер қойнауы учаскесін қалыптастырса, құзыретті орган осындай жер қойнауы учаскелерінің әрқайсысына жеке лицензия береді. Бұл жағдайда лицензия беруге қосымша алым алынбайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген блоктардың кез келгенімен ортақ жағы жоқ блоктарды құзыретті орган лицензия беруге өтінішті қараған кезде назарға алмайды.

      5. Егер лицензия беруге өтініште көрсетілген блок толық болмаса, ондай толымсыз блок бұл осы тараудың ережелеріне қайшы келмейді деген шартпен берілетін лицензияға енгізілуге жатады.

      Егер берілген барлауға лицензияда толымсыз блок қамтылса, осы тараудың мақсаттары үшін осы блок толық болып қаралады.

      6. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруге арналған өтініш беру және қарау тәртібін құзыретті орган айқындайды.


      186-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензияларды беру басымдығы

      1. Бір блокты қамтитын қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензияны беруге өтініштер олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен қаралады.

      2. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана қаралады.

      Кезекті өтінішті қарау алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң басталады.

      Егер бас тарту туралы шешімге өтініш беруші сотқа шағым жасаса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені құзыретті орган шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім күшіне енгеннен кейін шешіледі.

      3. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия түскен өтініштердің қатарынан өтініші бірінші болып осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.

      4. Лицензия беру туралы шешім қабылдауға негіз болған өтініштен кейін келіп түскен қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиялар беруге өтініштер бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.


      187-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия беруден бас тарту

      1. Құзыретті орган мынадай негіздемелердің бірі болған кезде:

      1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) өтінішке осы Кодексте талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;

      3) өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушінің немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғаның немесе оның бақылауындағы тұлғаның осы Кодексте көзделген негіздер бойынша құзыретті орган барлауға арналған лицензиясын немесе сұратылатын жер қойнауының учаскесін толық немесе ішінара қамтитын қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиясын кері қайтарып алса;

      4) сұратылатын аумақ осы Кодекстің 182-бабының 2-тармағында көрсетілген аумаққа және (немесе) блоктарға толық жатса;

      5) өтініш берілгенге дейін күнтізбелік бір жыл ішінде өтініш беруші немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға сұратылатын жер қойнауының учаскесінен немесе оның бөлігінен бас тартса;

      6) лицензияны беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруге немесе жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына әкелсе;

      7) сұратылатын жер қойнауы учаскесінің аумағы көлемі бойынша шектеуден асып кетсе немесе осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      8) өтініш берілген күн алдындағы бес жыл ішінде өтініш беруші немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға өздерінің пайдалануындағы жер қойнауының учаскелерінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындамаса немесе тиісінше орындамаса;

      9) өтініш берілген күнде өтініш берушінің өтелмеген салықтық берешегі болса, лицензия беруден бас тартады.

      2. Лицензия беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, дәлелді болуға және өтініш берушіге лицензияны қарау және беру үшін көзделген мерзім ішінде берілуге тиіс.

      Осы баптың 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес бас тарту осындай бас тарту үшін негіз болған себептер көрсетілмей шығарылады.

      3. Құзыретті орган лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні оны беруден бас тарту туралы хабардар етеді.

      4. Лицензияны беруден бас тартуға өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия беруден бас тарту туралы ақпарат жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасауы мүмкін.

      5. Лицензия беруден бас тарту өтініш берушіні өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды.


      188-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия шарттары

      Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия осы Кодекстің 32-бабында көрсетілген мәліметтер мен шарттардан басқа жер қойнауын пайдаланушының мынадай шарттарын:

      1) салық заңнамасына сәйкес жер учаскесін пайдаланғаны үшін жалдау төлемін төлеу мөлшері мен мерзімі;

      2) қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларға жыл сайынғы ең аз шығыстардың мөлшерін қамтуға тиіс.


      189-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларға жұмсалатын жыл сайынғы ең аз шығыстар

      1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген барлауға жыл сайынғы ең аз шығыстар туралы талаптарды сақтауға міндетті.

      2. Барлауға жыл сайынғы ең аз шығыстар мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

      1) барлау мерзімінің бірінші жылы мен үшінші жылын қоса алғанда, әрбір жыл ішінде

      – барлауға лицензия бойынша бір блок кезінде 1200 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша екіден беске дейінгі блок саны кезінде 1800 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша алтыдан онға дейінгі блок саны кезінде 2300 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша он блоктан асқан кезінде әрбір келесі блок үшін қосымша 120 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді;

      2) барлау мерзімінің төртінші жылы мен сегізінші жылын қоса алғанда, әрбір жыл ішінде

      – барлауға лицензия бойынша бір блок кезінде 1200 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша екіден беске дейінгі блок саны кезінде 2300 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша алтыдан онға дейінгі блок саны кезінде 3500 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша он блоктан асқан кезінде әрбір келесі блок үшін 180 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді;

      3) барлау мерзімінің жетінші жылы мен сегізінші жылын қоса алғанда, әрбір жыл ішінде

      – барлауға лицензия бойынша бір блок кезінде 1800 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша екіден беске дейінгі блок саны кезінде 3500 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша алтыдан онға дейінгі блок саны кезінде 5800 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша он блоктан асқан кезінде әрбір келесі блок үшін қосымша 230 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді;

      4) барлау мерзімінің тоғызыншы жылы мен оныншы жылын қоса алғанда, әрбір жыл ішінде

      – барлауға лицензия бойынша бір блок кезінде 2300 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша екіден беске дейінгі блок саны кезінде 5800 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша алтыдан онға дейінгі блок саны кезінде 8000 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша он блоктан асқан кезінде әрбір келесі блок үшін 350 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді;

      5) барлау мерзімінің он бірінші жылынан бастап әрбір жыл ішінде

      – барлауға лицензия бойынша бір блок кезінде 3500 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша екіден беске дейінгі блок саны кезінде 8000 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша алтыдан онға дейінгі блок саны кезінде 11500 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      – барлауға лицензия бойынша он блоктан асқан кезінде әрбір келесі блок үшін 460 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.

      3. Барлау мерзімінің соңғы толық емес жылында ең төменгі шығыстар көрсетілген жылдағы барлау мерзімінің әрбір толық айына тең есептеледі.

      4. Барлау аумағы және оған тиісті жер қойнауы учаскесі барлаудың кез келген жылы ішінде қайтарылған кезде ең аз шығындар көрсетілген жылдағы барлаудың әрбір толық айы үшін тең есептеледі.

      5. Барлау үшін толық емес блокпен немесе толық емес блоктармен айқындалған жер қойнауы учаскесі берілген кезде ең аз шығындарды есептеу толық блокпен немесе толық блоктармен айқындалатын барлау учаскесіне сәйкес келетін мөлшерде жүргізіледі.

      6. Барлауға ең аз шығыстарды есептеу республикалық бюджет туралы заңда тиісті жылға белгіленген және барлаудың тиісті жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің негізінде жүргізіледі.

      7. Барлауға ең аз шығыстарды есептеу барлау учаскесі бойынша жүзеге асырылған шығыстарға қатысты ғана жүргізіледі.

      8. Барлауға жеке лицензия бойынша барлау шығыстарын барлау учаскесі бойынша жер қойнауын пайдаланушы шығыстарының мынадай түрлерінің кез келгені:

      1) геологиялық-барлау жұмыстары: геологиялық карталау, сынамаларды іріктеу, бұрғылау, кернды құжаттандыру, кернсыз бұрғылау үлгілерін құжаттандыру, геологиялық деректерді түсіндіру мен өндеу, петрология, геологиялық-барлау бағдарламаларын жоспарлау, геологиялық барлау жұмыстарына байланысты есептерді дайындау;

      2) геохимиялық жұмыстар: геохимиялық сынамаларды іріктеу, геохимиялық деректерді талдау, өндеу мен түсіндіру;

      3) жерүсті геофизиканы және аэрогеофизиканы қоса алғанда, геофизикалық жұмыстар: геофизикалық зерттеулер, кәсіпшілік геофизикалық зерттеулер, геофизикалық деректерді өңдеу мен түсіндіру;

      4) қашықтықтан зондтау бойынша жұмыстар: аэрофототүсірілім, ғарыштан түсірілім, қашықтықтан зондтауды жаңғырту, бейнелерді талдау, суреттерді өңдеу және түсіндіру;

      5) іздестіру жұмыстары: геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстары, координаталық кестені түсіру, координат желілерін, олардың қиылыстарын, учаскелері шекараларын нақтылау және т.б.

      6) кернмен бұрғылау: алмаспен бұрғылау, кіру жолдарын және бұрғылау алаңдарын дайындау;

      7) кернсыз бұрғылау: бұрғылау бойынша шығыстар, кіру жолдарын және бұрғылау алаңдарын дайындау;

      8) арықтарды, траншеяларды, шурфтарды тарту және басқа да барлау тау-кен қазбаларын жүргізу: техника мен жабдықтарды жалдауды қоса алғанда, тау-кен қазбаларын жүргізу бойынша шығыстар;

      9) далалық топтарды жабдықтау: барлау керек-жарағы, шығыс материалдары және провиант, техника мен жабдықтарды жалдау, жанар-жағармай материалдары, тікелей барлау жабдығының тозуы, штаттан тыс жұмыс персоналы көрсеткен қызметке ақы төлеу;

      10) жобалау-конструкторлық және эскиздік жұмыстар: эскиздік және жобалау-конструкторлық жұмыстарға арналған жабдық, шығыс материалдары, эскиздік және жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындайтын персоналдың еңбегіне ақы төлеу;

      11) тасымалдау: барлау учаскесінде жүргізілетін қатты пайдалы қазбаларды геологиялық-барлау жұмыстарына тікелей байланысты көліктік шығыстар;

      12) далалық лагерьлерді орналастыру бойынша жұмыстар: далалық геологиялық-барлау лагерін орналастыру және күтіп-ұстау, тамақтану мен тұру, тасымалдау, тікұшақ көлігінің қызметтері;

      13) қоршаған ортаның жай-күйін зерттеу;

      14) қатты пайдалы қазбалардың табылған кен орнын кейіннен барлаудың немесе кейіннен игерудің техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау;

      15) барлау салдарын жою, бұзылған жерлерді рекультивациялау бойынша жұмыстар;

      16) тиісті лицензия бойынша барлау үшін жобалау құжаттарын әзірлеу;

      17) қатты пайдалы қазбаларды қайта өндеу технологияларын таңдау бойынша зерттеулер жатады.

      9. Жеке лицензия бойынша барлау шығыстарына басқарушылық және әкімшілік мұқтаждықтарға, бухгалтерлік есепті жүргізуге, ғылыми зерттеулерге, персоналды оқытуға шығыстар және осыған ұқсас басқа да шығыстар жатуы мүмкін.

      Барлау шығыстарын есептеген кезде осындай шығыстардың үлесі жер қойнауын пайдаланушы мерзімдік есепте мәлімдеген жалпы шығыстардың жиырма пайызынан аспауға тиіс.

      10. Мыналарға:

      1) жергілікті жерде барлау учаскесінің шекараларын межелік және геодезиялық белгілерді орнатуға, оның ішінде жерге орналастыру жұмыстарына;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға қосымша шығыстарды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға;

      3) қолда бар лицензия бойынша барлау учаскесіне тікелей байланысты емес ғылыми-зерттеу жұмыстарына, және

      4) жер учаскелерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларға залалдарды өтеуге байланысты өтемақыға арналған шығыстар барлауға арналған ең аз шығыстарға жатқызылмайды.

      11. Осы бапта көзделген барлауға ең аз шығыстар бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жетпейтін шығыстарды жүргізуге және бұл туралы есепті жылдан кейінгі төрт айдан кешіктірмей құзыретті органға есепті ұсынуға міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушының осы тармаққа сәйкес шеккен шығыстары ағымдағы жылғы ең аз шығыстарда есептелмейді.


      190-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия мерзімі

      1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия кезекті алты жылға беріледі.

      2. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия мерзімі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір рет кезекті бес жылға дейінгі кезеңге ұзартылуы мүмкін.

      3. Егер барлауға лицензия он және одан да көп блокты қамтыса, оның мерзімін ұзартуға жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан кезде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияны алу үшін мәлімдеген аумақ шегіндегі блоктарды шегергенде, лицензияны беру кезінде қамтылған блоктардың жалпы санынан есептелетін кемінде қырық пайызынан жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан жағдайда жол беріледі.

      4. Ұзарту туралы өтініш құзыретті органға барлауға лицензия қолданысының алтыншы жылы ол бекіткен нысан бойынша беріледі.

      Егер өтінішті қарау кезеңінде барлауға лицензияның мерзімі өтіп кетсе, лицензия осындай қарау кезеңінде қолданысын жалғастырады. Барлауға лицензияны ұзарту мерзімін есептеу өткен мерзімнен кейінгі келесі күннен бастап басталады.

      5. Барлауға лицензияның мерзімі мынадай:

      1) егер мәлімделген ұзарту мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес келмеген;

      2) осы баптың 4-тармағында көзделген лицензия мерзімін ұзарту туралы өтінішті беру мерзімі бұзылған;

      3) барлауға лицензияның жалдау ақыларын төлеу және ұзарту туралы өтініш күнінің алдындағы есептік кезеңдер үшін барлауға жұмсалған ең төменгі шығыстар бойынша шарттарының жойылмаған бұзушылықтары болған;

      4) осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар орындалмаған жағдайда ұзартылуға жатпайды.


      191-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі

      1. Жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесі шегінде барлау жоспарына сәйкес экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, кез келген қатты пайдалы қазбаларды барлауды жүргізуге құқылы.

      2. Қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша барлық жұмыстар құжаттандыруға жатады. Құжаттамада жер қойнауын дұрыс зерттеу үшін қажетті жұмыстар туралы барлық мәліметтер көрсетіледі.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізген кезде:

      1) зертханалық зерттеулердің және талдаудың деректерін қоса алғанда, барлау барысында алынған барлық бастапқы геологиялық ақпараттың дұрыстығын және сақталуын;

      2) геологиялық құжаттаманы (оның ішінде сынамалау жоспарларын, геологиялық карталар мен олардың кескіндері, кен денелерінің, аймақтарының геологиялық контурларын, тау-кен-барлау қазбаларының суреттерін салу) жүргізудің уақтылығын және сапасын қамтамасыз етуге міндетті.

      4. Барлауды жүргізу кезінде гидрогеологиялық зерттеулерді орындау міндетті болып табылады. Табылған қатты пайдалы қазбалар кен орнының ресурстарын бағалай отырып, жер қойнауын пайдаланушы жерасты сулардың физикалық-химиялық қасиеттерін сипаттай отырып, оның гидрогеологиялық сипатын белгілеуге міндетті.

      5. Барлау учаскесінде таулы-аршыма жұмыстарын жүргізуге қатты пайдалы қазбалар кен орны табылған жағдайда ғана жол беріледі. Қатты пайдалы қазбалар кен орнын тапқан және учаскеде таулы-аршыма жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органды бұл туралы мұндай жұмыстар басталғанға дейін хабардар етуге міндетті.

      Хабарламада мыналар:

      1) табылған қатты пайдалы қазбалар туралы мәліметтер (табылған кен орнының түрі, контуры және басқалары);

      2) жоспарланған таулы-аршыма жұмыстарының алаңы, көлемі мен мерзімі қамтылуға тиіс.

      6. Жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде күрделі құрылыстарды тұрғызуға, сондай-ақ тау-кен өңдеу өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыруға құқылы емес.

      7. Барлау учаскесінде көлемі бір мың текше метрден асатын тау массасын алу және (немесе) топырақтың орнын ауыстыру жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органның жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша берілетін рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Өтініште сұратылатын арттыру көлемі көрсетілуге тиіс.

      Өтінішке қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын бағалау үшін алынатын тау массасын және (немесе) орны ауыстырылатын топырақтың көлемінің сұратылатын арттырылуының негізділігін растайтын құзыретті тұлғаның қорытындысы қоса беріледі.

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде рұқсат беру туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Өтініш және қоса берілетін құжаттар осы тармақтың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда рұқсат беруден бас тартылады.

      Жер қойнауын пайдаланушы тау массасын алу және (немесе) топырақтың орнын ауыстыру бойынша қосымша жұмыстардың салдарын жою құнын өтейтін қамтамасыз етуді құзыретті органға ұсынған жағдайда ғана бір мың текше метрден асатын көлемде тау массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға көшуге құқылы.

      Пайдалы қазбалар, сондай-ақ қатты пайдалы қазбаларды барлау нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушы алған өзге тау жынысы жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

      8. Осы бөлімнің мақсаттары үшін құзыретті тұлға деп жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын кәсіби өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі болып табылатын жеке тұлға танылады.


      192-бап. Қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының есептілігі

      1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдаланушы мынадай мерзімдік есептерді:

      1) барлау учаскесі бойынша жүргізілген жұмыстар мен шығыстар туралы есепті;

      2) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардағы жергілікті қамту үлесі туралы есепті;

      3) барлау операциясына тартылған кадрлардағы жергілікті қамту туралы есепті;

      4) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есепті;

      5) геологиялық есептерді ұсынуға міндетті.

      2. Мерзімдік есептер жыл сайын әрбір жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірілмей алдыңғы күнтізбелік жыл үшін ұсынылады.

      Толық емес күнтізбелік жыл үшін есептер нақты жер қойнауын пайдалану кезеңі үшін ұсынылады.

      Жер қойнауы учаскесін пайдалану кезеңінің соңғы толық емес күнтізбелік жыл үшін есептері көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген есеп құзыретті органға өзі бекіткен тәртіп бойынша беріледі.

      Барлау учаскесі бойынша жұмыстар мен шығыстар туралы есепте көрсетілген шығыстар туралы мәліметтерді "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор растауға тиіс.

      Осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген есептер жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органға өзі бекіткен тәртіп бойынша беріледі.

      4. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген геологиялық есептер жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға өзі бекіткен тәртіп бойынша беріледі.

      Лицензия қолданысы тоқтатылғаннан кейін оның иесі болып табылатын тұлға жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға барлау учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы түпкілікті есепті лицензияның қолданыс мерзімі тоқтаған күннен бастап үш айдан кешіктірмей ұсынуға міндетті.

      Геологиялық есептер бастапқы геологиялық ақпарат материалдарына негізделеді және геология, бұрғылау саласындағы ғылыми зерттеулер, сынақтар мен іздестірулер жағдайы және нәтижелері, топырақты, жынысты, жерасты суларын, минералдық үлгілерді және т.б. жинау мен сынамалау жөніндегі қызмет туралы деректерді қамтиды.      


      193-бап. Барлау жоспары

      1. Барлау жоспары қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін жобалық құжат болып табылады.

      2. Барлау жоспарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді.

      Барлау жоспарында қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстардың түрлері, әдістері мен тәсілдері, жоспар бекітілген немесе барлау бойынша жоспарланатын жұмыстардың түрлері, әдістері, тәсілдері және көлемі бойынша соңғы өзгерістер енгізілген күннен бастап қатарынан кемінде үш жыл перспективада оларды жүргізудің болжамды көлемі мен мерзімдері сипатталады.

      Барлау жоспарында қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстардың құрамын, түрлерін, әдістерін және тәсілдерін, болжамды көлемін және оларды жүргізу мерзімдерін жер қойнауын пайдаланушы барлау жоспарын жасау бойынша бекітілген нұсқаулыққа сәйкес дербес айқындайды.

      Барлау жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп құзыретті орган әзірлейді және бекітеді.

      Барлау жоспарын жасау бойынша нұсқаулықта көзделген жағдайда барлау жоспары қоршаған ортаға әсер етудi бағалауды қамтуы тиіс.

      3. Барлау бойынша жоспарланатын жұмыстардың түрлері, әдістері және (немесе) тәсілдері, сондай-ақ көлемі мен оларды жүргізу мерзімдері өзгертілсе, жер қойнауын пайдаланушы барлау жоспарына тиісті өзгеріс енгізуге және оны құзыретті органға ұсынуға міндетті.

      Егер экологиялық заңнамаға сәйкес бұл өзгертулер мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді талап етсе, өзгертілген барлау жоспары құзыретті органға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ұсынылады.

      4. Құзыретті органға ұсынылған барлау жоспарында көзделмеген барлау бойынша жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.


      194-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлау салдарын жою

      1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операциялар салдарын жою Жер қодексіне сәйкес бұзылған топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру арқылы жүргізіледі.

      Барлау лицензиясы бойынша айрықша құқық негізінде қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілген жер қойнауының учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операциялардың салдарын жою бойынша міндеттеме өндіру бойынша операциялардың салдарын жою бойынша міндеттеме көлеміне енгізіледі.

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығы барлау учаскесінде тоқтатылған тұлға осындай учаскеде қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей жоюды аяқтауға міндетті.

      Аталған тұлғаның өтініші бойынша құзыретті орган, егер жоюды жүргізу табиғи және (немесе) табиғи-климаттық жағдайларға орай мүмкін болмаса немесе едәуір қиын болса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткен күннен бастап алты айға дейінгі кезеңге жоюды ұзартады.

      3. Қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операциялардың салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 196-бабына сәйкес бас тартқан барлау учаскесінің бір бөлігінде мұндай бас тартылғанға дейін жүргізіледі.

      4. Жер қойнауын пайдалану құқығы тиісті барлау учаскесінде тоқтатылған тұлға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органның өкілі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің өкілі қол қоятын жою актісіне қол қойған күннен бастап барлау салдарын жою аяқталған болып есептеледі. Жеке меншіктегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жер учаскесінде жою жүргізілген жағдайда жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы жою актісіне қол қояды.

      5. Жою актісіне қол қою жер қойнауын пайдалану құқығын өзге тұлғаларға кейіннен ұсыну үшін жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтер енгізу үшін негіз болып табылады.


      195-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлау салдарын жоюды қамтамасыз ету

      1. Жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларға осындай операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз еткен жағдайда оған кірісуге құқылы.

      2. Барлау салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету банктік салым, банк берген кепілдеме және (немесе) сақтандыру түрінде ұсынылады.

      3. Қамтамасыз етудің жалпы сомасы қатты пайдалы қазбаларды барлау аумағын құратын блоктардың саны және барлау кезеңінің тиісті жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш негізінде есептеледі. Бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін құзыретті орган өзі бекіткен әдістеме бойынша айқындайды.

      Осы тармақта көзделген қамтамасыз ету сомасы жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінің бөлігінен және онда барлау салдарын жоюды аяқтаудан бас тартқан кезде мөлшерлес азайтуға жатады. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыдан өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қамтамасыз ету сомасын азайту туралы қамтамасыз етуді берген тұлғаны хабардар етеді.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда барлау бойынша жұмыстардың салдарын жоюды қосымша қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті. Қосымша қамтамасыз ету сомасы осы Кодекстің 216-бабының қағидалары бойынша есептеледі.


      196-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлау учаскелерінен бас тарту

      1. Кез келген уақытта қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның мерзімі өткенге дейін жер қойнауын пайдаланушы бүкіл барлау учаскесінен не оның бір бөлігінен мұндай бас тарту туралы құзыретті органға жазбаша мәлімдей отырып, бас тартуға құқылы.

      Осы тармақта көзделген барлау учаскесінің бөлігінен бас тарту барлау учаскесінің аумағы туралы талаптар сақтала отырып, блоктармен жүзеге асырылуы тиіс.

      2. Барлау учаскесінің бір бөлігінен бас тарту туралы өтініште барлауға арналған лицензиядан шығарылуға жататын блок (блоктар) көрсетілуге тиіс.

      Лицензиядан шығарылатын барлау учаскесінің бір бөлігіне барлау салдарын жою актісі өтінішке қоса беріледі.

      3. Барлау учаскесінің бөлігінен бас тарту барлауға арналған лицензияны қайта рәсімдеуге апарады.

      Құзыретті орган өтінішті алған күннен бастап лицензияны бес жұмыс күні ішінде қайта рәсімдейді.


      197-бап. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны кері қайтарып алу және оның тәртібі

      1. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны мынадай негіздердің бірі болған кезде:

      1) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, осы Кодекстің 44-бабының 1-тармағының талаптары бұзылған;

      2) осы Кодекстің 188-бабында көзделген қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның шарттары бұзылған кезде кері қайтарып алады.

      2. Бұзушылық анықталған жағдайда құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны жазбаша хабардар етеді.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда бұзушылық бір жылдан аспайтын мерзімде бұзушылыққа дейін болған ережені қалпына келтіру арқылы, ал қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде – құзыретті органның рұқсатымен жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыру бойынша өзге мәмілелерді жасау арқылы жойылуға жатады.

      Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бұзушылықтар жасалған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органнан хабарлама алған сәттен бастап үш ай ішінде бұзушылықты жоюға міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта көзделген мерзімде бұзушылықтарды жойғаны туралы бұзушылықтарды жойғаны туралы осындай жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып құзыретті органды хабардар етеді.

      Белгіленген мерзімде бұзушылық жойылмаған жағдайда құзыретті орган осы баптың 4-тармағына сәйкес лицензияны кері қайтарып алады.

      4. Лицензияны кері қайтарып алуды құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кейін лицензия өз қолданысын тоқтатады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лицензияны кері қайтарып алуды дауласуға құқылы. Осындай дауласу кезеңінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім дауласу нәтижелері бойынша шығарылған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.

      6. Егер лицензияны кері қайтарып алуға негіз болған міндеттемелер еңсерілмейтін күштің салдарынан орындалмаса немесе дұрыс орындалмаса, яғни төтенше және осы мән-жайлар болған кезде еңсерілмейтін жағдайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-әрекеттер және т.б.) себебінен болса, лицензияны кері қайтарып алуға жол берілмейді. Мұндай мән-жайларға жер қойнауын пайдаланушыда техникалық және (немесе) қаржылық құралдардың болмауы, нарықта қажетті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің болмауы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану жатпайды.

      7. Осы бапқа сәйкес барлауға арналған лицензиядан айырылған тұлға жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды дереу тоқтатуға және осы Кодексте көзделген мерзімде жою бойынша жұмыстарға кірісуге міндетті.

      8. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны кері қайтарып алу жер қойнауының тиісті учаскесі туралы мәліметтерді жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрына енгізу үшін негіз болып табылады.


      198-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны алуға айрықша құқық

      1. Жер қойнауы учаскесінің шекаралары ортақ (аралас учаскелер) қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған бір немесе бірнеше лицензиялардың иесі:

      1) ресурстары қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын бағалау туралы есепте расталған қатты пайдалы қазбалар кен орны табылған жағдайда барлау учаскесінің (аралас барлау учаскелері) шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны (лицензияларды) алуға;

      2) геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепте расталған пайдалы қазбалар кен орнында ресурстар болмаған немесе шамалы болған жағдайда жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия алуға айрықша құқыққа ие.

      Осы тармақта көзделген есептерді құзыретті тұлға осы Кодекстің 201-бабы 14-тармағына сәйкес дайындауы тиіс.

      2. Айрықша құқық барлауға арналған лицензияның (лицензиялардың) қолданысы мерзімінде кез келген уақытта іске асырылуы мүмкін.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған лицензияның (лицензиялардың) қолданысы тоқтатылған кезде айрықша құқықтан айырылады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы айрықша құқықты құзыретті органға немесе жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға тиісінше қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны басым тәртіппен беру туралы өтінішпен жүгіну арқылы іске асырады.

      Өтінішті қарау және көрсетілген лицензияларды беру осы Кодекстің қағидалары бойынша жүргізіледі.

      5. Егер барлауға арналған лицензия иесі барлауға арналған лицензия аумағы шегіндегі жер қойнауы учаскесіне лицензия беру туралы өтінішті бергеннен кейін барлауға арналған лицензия мерзімі өтсе, барлауға арналған лицензия өндіруге арналған лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия берілгенге дейін не оны беруден бас тартылғанға дейін жер қойнауы учаскесінің мәлімделген бөлігінде қолдануды жалғастырады.

      Осы тармаққа сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны мәлімделген жер қойнауы учаскесі бойынша беру үшін барлауға арналған лицензияның қолданысы кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы:

      1) барлауға ең аз шығыстар бойынша жауаптылықта болады;

      2) белгіленген мөлшерде жалдау төлемдерін төлеуге міндетті;

      3) осындай учаскеде барлауды жүзеге асыруға құқылы.

      6. Осы бапта көзделген айрықша құқықты басқаға беруге жол берілмейді.

27-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру

      199-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия

      Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша оның иесі мынадай операцияларды:

      1) қатты пайдалы қазбаларды өндіруді (алуды);

      2) тау жұмыстарын жүргізу, тау-кен өндіруші және (немесе) тау-кен өңдеуші өндірісті, техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру мақсатында жер қойнауы кеңістігін пайдалануды;

      3) өндіру учаскесіне барлау (пайдаланылатын барлауды) жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға айрықша құқығы бар.

      Қатты пайдалы қазбаларды өндіру деп жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, буландыру, седименттеу және конденсаттау арқылы шашыранды кен орындарын драгалық және гидравликалық әзірлеу бойынша жұмыстарды, өндіру учаскесінің аумағында алынған пайдалы қазбалар жинауды, уақытша сақтауды, ұсақтауды және сұрыптауды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбаларды жатқан жерінен алуға және (немесе) жер бетіне шығаруға бағытталған және сонымен тікелей байланысты жұмыстар кешені түсініледі.

      Өндірілген қатты пайдалы қазбаларды және техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу, оның ішінде ұнтақтау, брикеттеу, агломерациялау, байыту немесе балқыту қатты пайдалы қазбаларды өндіруге (алуға) тікелей жатпайды.


      200-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған аумақтар

      1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны жер қойнауының мемлекеттік қоры басқармасының бағдарламасында айқындалатын аумақтарға беріледі.

      2. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге:

      1) осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда;

      2) басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағында оның келісімінсіз көмірсутектерді өндіру бойынша операциялар жүргізу үшін;

      3) қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған басқа лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалану лицензиясы бойынша пайдалануға берілген жер қойнауы учаскесінің аумағында;

      4) қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру салдарын жою жүргізіліп жатқан жер қойнауы учаскесінің аумағында;

      5) уран кен орнын немесе сирекжерлік-уран кен орнын қамтитын жер қойнауының учаскесі аумағында тыйым салынады.


      201-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтініш

      1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға мүдделі тұлға өтінішті құзыретті органға ол белгілеген нысан бойынша береді.

      2. Өтініште мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

      1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), басшысы туралы мәліметтер, өтініш берушіні тікелей немесе жанама бақылайтын заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

      жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

      2) бұрыштық нүктелердің алаңдарды есептеулерімен (мөлшері) және географиялық координаттарымен бірге өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесінің аумағын сипаттау;

      3) осы тарауда көзделген мерзімнен аспайтын сұратылып отырған жер қойнауының учаскесін пайдаланудың мерзімін көрсету.

      3. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) өтініш беруші туралы мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелері;

      2) сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар: көрнекілікті қамтамасыз ететін ауқымда орындалған учаскенің орналасу картограммасы, шолу (ахуалдық) схемасы, жер бетінің топографиялық картасы;

      3) егер өтініш беруші мұндай тұлғаны тағайындаса, өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжат;

      4) осы Кодекстің 213-бабына сәйкес әзірленген тау-кен жұмыстары жоспарының жобасы;

      5) осы Кодекстің 214-бабына сәйкес әзірленген жою жоспарының жобасы;

      6) өндіруге арналған лицензияны бергені үшін қол қойылатын бонусты төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      7) өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауының қатты пайдалы қазбалар ресурстарын бағалау туралы есебі;

      8) егер өтінішті барлауға арналған лицензияның иесі айрықша құқық бойынша берсе, өтініш алдыңғы күнге және өтініш берілген кезде мұндай есеп құзыретті органға берілмеген есептік кезең үшін барлау учаскесінде жұмыстар мен шығыстар туралы есеп ағымдағы есептік;

      9) егер өтінішті барлауға арналған лицензияның иесі айрықша құқық бойынша берсе, барлауға арналған лицензия бойынша ағымдағы есепті кезеңде жер учаскесін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемдерін төлегендігін растайтын құжат;

      10) өтініш берушінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүзеге осыруға қаржылық, кәсіптік және техникалық мүмкіндіктердің болуын растайтын құжат;

      11) сұралып отырған жер қойнауының учаскесінде (оның бөлігінде) көмірсутектектерді өндіру бойынша операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының келісімі.

      12) егер сұратылатын жер қойнауы учаскесінің аумағы толық немесе ішінара елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) жерлеріне және оларға іргелес бір мың метр қашықтықтағы аумаққа тиесілі болса, осы Кодекстің 24-бабы 3-тармағында көзделген жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісім;

      Осы тармақтың 10) тармақшасындағы техникалық мүмкіндіктерді растау туралы талаптар қоса берілетін тау жұмыстары жоспарының жобасына сәйкес тек базалық құрылыс материалдарын өндіруді ғана болжайтын өтініш берушілерге қолданылмайды.

      4. Өтініш берушінің өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттарды бірі болып табылады:

      1) лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы алты ай ішінде сұралып отырған лицензия қолданысының алғашқы үш жылында өндіруге қажетті ең аз шығыстарды өтеу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның тұрақты болуын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің кез келгенінде өтініш беруші ашқан банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме;

      2) ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қарыздың нысаналы мақсаты ретінде өтініш берушінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі қызметін қаржыландыру, сондай-ақ сұратылатын лицензия қолданысының алғашқы үш жылында өндіруге жұмсауда талап етілетін ең аз шығыстарды өтеу үшін жеткілікті қарыз сомасы (қаржыландыру) көзделетін, қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге өтініш беруші активтерінің мөлшері сұралып отырған лицензия қолданысының алғашқы үш жылында өндіруге қажетті ең аз шығыстардың шамасына оның міндеттемесінен асатын лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік жылға дайындалған өтініш берушінің қаржылық есептілігі;

      4) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы таныған рейтингілік агенттіктің өтініш берушіге өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде келісу бойынша құзыретті орган айқындайтын ең төменгі рейтингтік бағадан төмен болмайтын рейтингтік баға беру туралы хаты.

      Егер өтініш берушінің қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде қаржы ұйымы болып табылмайтын тұлға (қаржыландыратын) қарыз беруші болатын ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі ұсынылса, аталған тұлғада осы тармақтың 1), 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттардың бірі өтінішке қосымша қоса беріледі.

      5. Өтініш берушінің өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың кез келгені:

      1) мынадай мамандармен: геология немесе геофизика саласында біліктілік деңгейі жоғары немесе орта мамандар, тау инженері, геодезист немесе маркшейдермен жасалған еңбек шартының немесе қызметтер көрсету шарттарының көшірмелері;

      2) мердігер ұйыммен қызметтер көрсету шартының көшірмесі немесе өтініш берушіге өндіруге арналған сұратылатын лицензия берілген жағдайда, осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш беруші тағайындайтын, штатында осы тармақтың 1) тармақшасында тізбеленген мамандар бар оператордың қызметтер көрсету шарты ұсынылады.

      Егер өтініш берушінің кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен қызметтер көрсету шартының немесе осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш беруші тағайындайтын оператордың қызметтер көрсету шарты ұсынылса, өтінішке қосымша еңбек шарттарының немесе талап етілетін мамандармен қызметтер көрсету шарттарының көшірмелері қоса беріледі.

      6. Өтініш берушінің өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың кез келгені:

      1) өтініш берушіге "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тау-кен және химиялық өндірістерді пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;

      2) мердігер ұйыммен қызметтер көрсету ниеттері, алдын ала немесе негізгі шарттың немесе өтініш берушіге осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген лицензияның иелері болып табылатын, өндіруге арналған сұратылатын лицензия берілген жағдайда, осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш беруші тағайындайтын оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмелері.

      Егер өтініш берушінің техникалық мүмкіндіктерінің бар екендігін растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен қызметтер көрсету ниеттері, алдын ала немесе негізгі шарттың немесе осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш беруші тағайындайтын оператордың алдын ала немесе негізгі қызметтер көрсету шартының көшірмесі ұсынылса, өтінішке қосымша осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген лицензияның көшірмесі қоса беріледі.

      7. Осы бапта көзделген қатты пайдалы қазбалар ресурстарын бағалау туралы есепті жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған ұйым бекіткен Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық запастар туралы жария есептіліктің қазақстандық кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес құзыретті орган дайындауға тиіс.

      8. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариус куәландыруға тиіс.

      9. Өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.

      10. Өтініштің құзыретті органға түскен күні мен уақыты өтініш беру кезі деп айқындалады және есепке алынады.

      11. Берілген өтініш туралы мәліметтер құзыретті органның ресми интернет-ресурсында өтініш берілген кезден бастап екі күн ішінде ресми жариялануға жатады және мыналарды:

      1) өтініш берушінің атауын (тегін, атын);

      2) өтініш беруші қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақты құрайтын блоктың (блоктардың) коды мен координаттарын;

      3) өтініштің келіп түскен күні мен уақытын қамтуға тиіс.


      202-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау

      1. Құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Кодекстің 204-бабы 1-тармағының 1), 7) тармақшаларында көзделген қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өтінішті, өтінішке қоса берілетін пайдалы қазбалардың ресурстарын бағалау туралы есепті және сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды жібереді.

      2. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын бағалау туралы есептен мәліметтерді Жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрына енгізеді және өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды осы Кодекстің 204-бабы 1-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген лицензияны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы нысанасына он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Егер өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігі жер қойнауының кеңістігін пайдалануға, қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша, басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауының учаскесіне жатса, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы өтініш берушіні және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада біріктірілген аумақтардың координаттары мен алаңы және сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағынан осы аумақты алып тастау тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі. Өтініш беруші хабарламаны алғаннан бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініштен бас тартуға немесе жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ескертулерін есепке ала отырып, сұралып отырған жер қойнауының учаскесі туралы өзгертілген мәліметтерді ұсынуға құқылы.

      Егер өтініш беруші белгілеген сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің шекарасы осы Кодекстің 206-бабының талаптарына сәйкес келмесе, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы өтініш берушіні және құзыретті органды хабардар етеді. Хабарламада анықталған сәйкессіздіктер мен оларды жою тәсілдері туралы ұсынымдар көрсетіледі. Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды, бұл туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды растайтын құжаттарды қоса тіркеп, хабардар етеді не өз қарсылығын жазбаша түрде жолдайды. Уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер қойнауы учаскесі шекарасының осы Кодекстің 207-бабының талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қайта қарайды.

      Сұралып отырған жер қойнауы учаскесі шекарасының сәйкестігі туралы мәселені қарау қорытындысы бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы шекараларды келіседі не келісуден бас тартады, бұл туралы құзыретті органды және өтініш берушіні хабардар етеді. Уәкілетті орган осы тармақта көзделген сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің шекаралары туралы өзгертілген мәліметтерді ұсыну мерзімдерін өтініш беруші бұзған жағдайда сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің шекарасын келісуден бас тартады.

      Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің шекараларымен келіспеген жағдайда құзыретті орган 204-баптың 1-тармағының 8) немесе 9) тармақшаларына сәйкес өтініш берушіге лицензияны беруден бас тартады.

      3. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органмен сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің шекаралары келісілген жағдайда құзыретті орган өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде тау-кен жұмыстарының жоспарын экологиялық келісу және осы тарауда көзделген жою жоспарына кешенді сараптама жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Өтініш беруші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген тау-кен жұмыстарының жоспарын және кешенді сараптаманың оң қорытындысымен бірге жою жоспарын құзыретті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарлау күнінен бастап бір жылдан кешіктірмей ұсынуға тиіс.

      Өтініш беруші құзыретті органға осындай ұзартудың қажеттігін негіздей отырып, көрсетілген мерзімді ұзарту үшін жүгінуге құқылы. Құзыретті орган осы мерзімді, егер осындай ұзартудың қажеттігі өтініш берушіге байланысты емес мән-жайлардан туындаса, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге ұзартады.

      4. Құзыретті орган өтініш берушіге қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны мемлекеттік сараптамалардың оң қорытындысы берілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей береді.

      5. Өтініш берушіге басқа тұлғаға тиесілі немесе соның пайдалануындағы жер учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесі берілген жағдайда, сол жер қойнауы учаскесінен жер учаскесінің топырақ бетіндегі ең төменгі нүктесінен отыз метр тереңдіктегі жер қойнауының бөлігі алып тасталады.

      6. Осы баптың 1-тармағында көзделген хабарлама облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін жерлерді Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен резервке қою үшін негіз болып табылады.

      7. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органымен жер қойнауын пайдаланушыға жер учаскесіне жерді пайдалану құқығын беру үшін негіз болып табылады.

      8. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беруге арналған өтінішті беру және қарау тәртібін құзыретті орган айқындайды.


      203-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беру басымдығы

      1. Құзыретті органға берілген, белгілі бір аумақты қамтитын қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды беруге өтініштер келіп түскен кезектілігінің тәртібіне қарай қаралады.

      2. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензияны беруден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде қаралады.

      Кезекті өтінішті қарау алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензияны беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң басталады.

      Егер бас тарту туралы шешімге өтініш беруші сотта шағымданса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені құзыретті орган сот шешімі күшіне енгеннен кейін шешеді.

      3. Өндіруге арналған лицензия осы Кодекстің талаптарына сәйкес түскен өтініштердің ішінде өтініші бірінші келіп түскен өтініш берушіге беріледі.

      4. Лицензияны беру туралы шешім қабылданған өтініштен кейін келіп түскен өтініштер бойынша лицензияны беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.


      204-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тарту

      1. Құзыретті орган мынадай негіздемелердің бірі болған кезде:

      1) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) өтінішке осы Кодексте талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;

      3) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушінің немесе өтініш берушіні тікелей не жанама бақылайтын тұлғаның немесе оның бақылауындағы тұлғаның жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиясын осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жер қойнауының сұралатын учаскесі бойынша құзыретті орган кері қайтарып алған болса;

      4) өтініш берілгенге дейін бес жыл ішінде өтініш беруші немесе өтініш берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға өздерінің пайдалануындағы жер қойнауының учаскелеріндегі жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаса;

      5) өтініш берілген күні өтініш берушінің өтелмеген салықтық берешегі болса;

      6) егер өтініш берушіге не өтініш берушіні тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғаға бұрын берілген жер қойнауын пайдалану құқығы сұралып отырған жер қойнауының учаскесіне (оның бөлігіне) қатысты өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде тоқтатылса;

      7) егер лицензияны беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірсе немесе жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына әкелсе;

      8) егер сұралып отырған жер қойнауы учаскесі немесе оның бір бөлігі жер қойнауының кеңістігін пайдалануға, қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауының учаскесіне жатса;

      9) сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің шекаралары осы Кодекстің талаптарына сәйкес келмеген кезде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартады;

      10) өтініш беруші құзыретті органға тау-кен жұмыстары жоспары жобасының мемлекеттік сараптамаларының оң қорытындысын беру мерзімін сақтамаған кезде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартады.

      2. Лицензияны беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, дәлелді болуға және өтініш берушіге лицензияны қарау және беру үшін көзделген мерзім ішінде берілуге тиіс.

      Осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бас тарту осындай бас тарту үшін негіз болған себептері көрсетілмей шығарылады.

      3. Құзыретті орган лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні оны беруден бас тарту туралы хабардар етеді.

      4. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия беруден бас тарту туралы ақпарат жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензияны беруден бас тартуға шағым жасауы мүмкін.

      5. Өтініш берушінің лицензия беруден бас тартуы оны өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды.

      6. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша айрықша құқық негізінде берілген, жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартуға барлауға арналған лицензия шарттарының жойылмаған бұзушылықтары болған кезде ғана немесе осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес жол беріледі.

      Егер айрықша құқық бойынша барлауға арналған лицензияны беру туралы өтінішті берген кезде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мән-жайлар бар болса, құзыретті орган өтінішті қабылдайды және анықталған ескертулерді жою қажеттілігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Бұл жағдайда өтінішті қарау мерзімі өтініш берушінің көрсетілген ескертулерді жоюы және құзыретті органға өтінішті қайта беруі үшін күнтізбелік 30 күнге ұзартылады. Көрсетілген ескертулер жойылмаған не қайталама өтініш белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда құзыретті орган қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартады.


      205-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның шарттары

      Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия осы Кодекстің 32-бабында көрсетілген мәліметтер мен шарттардан басқа жер қойнауын пайдаланушының мынадай талаптарын:

      1) салық заңнамасына сәйкес жер учаскесін пайдаланғаны үшін жалдау төлемін төлеу мөлшері мен мерзімі;

      2) қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларға жыл сайынғы мейлінше аз шығыстардың мөлшерін қамтуға тиіс.


      206-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесі

      Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінің шекарасы осы Кодекстің 20-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес болуға және өндірістік аумақтың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін тәсілмен айқындалуға тиіс.

      Өндіру учаскесінің шекарасын айқындаған кезде мыналар: осы Кодекстің 201-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген есепте белгіленген қатты пайдалы қазбалар ресурстарының контурлары, қадағалау гидрогеологиялық ұңғымалар, кеніштің орналасқан жері және оның шекарасын дамыту перспективасы, кеніштің қосалқы объектілері және инфрақұрылым объектілері, аршылымның (қоршаушы жыныс) және селдір кеннің орналасу объектілері есепке алынады.

      Тау-кен өңдеуші өндірістің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілері өндіру учаскесінің шекарасын айқындау кезінде орналастырылуы және есепке алынуы мүмкін. Тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілері жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияға сәйкес жер қойнауының бөлек учаскесінде орналастырылуы мүмкін.


      207-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі жыл сайынғы ең төменгі шығыстар

      1. Өндіруге арналған лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген өндіруге жұмсалатын жыл сайынғы ең төменгі шығыстар туралы талаптарды сақтауға міндетті.

      2. Өндіруге жұмсалатын жыл сайынғы ең төменгі шығыстар өндіруге арналған жеке лицензиялар бойынша мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

      1) ауданы бес гектарға дейінгі аумақта өндіру кезінде 1160 еселік айлық есептік көрсеткіш;

      2) ауданы бестен сегізге дейінгі гектарды қоса алғандағы аумақта өндіру кезінде 2300 еселік айлық есептік көрсеткіш;

      3) ауданы сегіз гектардан асатын аумақта өндіру кезінде әрбір келесі гектар үшін қосымша 120 еселік айлық есептік көрсеткіш.

      3. Егер өндіруге арналған лицензияға және тау жұмыстары жоспарына сәйкес саф металдарды, қара немесе түсті металдар кенін өндіру көзделетін болса, мұндай лицензия бойынша өндіруге жұмсалатын, жыл сайынғы ең төменгі шығыстар мынадай:

      1) ауданы бес гектарға дейінгі аумақта өндіру кезінде 6940 еселік айлық есептік көрсеткіш;

      2) ауданы бес гектардан сегіз гектарға дейінгі аумақта өндіру кезінде 13740 еселік айлық есептік көрсеткіш;

      3) ауданы сегіз гектардан асатын аумақта өндіру кезінде әрбір кейінгі гектар үшін қосымша 720 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.

      4. Өндіру мерзімінің соңғы толық емес жылында ең төменгі шығыстар көрсетілген жылы өндіру кезеңінің әрбір толық айы үшін пропорционал есептеледі.

      5. Өндіруге арналған лицензия қолданысының кез келген жылы ішінде өндіру учаскесіне қатысудан бас тарту кезінде шығыстар бойынша ең төменгі талаптар көрсетілген жылы өндіру мерзімінің әрбір толық айы үшін пропорционал есептеледі.

      6. Өндіруге арналған ең төменгі шығыстар есептемесі өндіру кезеңінің тиісті жылы басталған күні қолданылатын айлық есептік көрсеткіш ескеріле отырып жүргізіледі.

      7. Осы баптың мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының өндіруге арналған жеке лицензия бойынша өндіруге жұмсалған шығыстарға жұмыстардың мынадай түрлеріне жұмсалатын шығыстары жатады:

      1) ұңғылау жұмыстары немесе аршу жұмыстары;

      2) желдету;

      3) бұрғылау-қопару жұмыстары;

      4) тау-кендерін бекіту немесе сүйемелдеу;

      5) тау қысымын басқару;

      6) кенді немесе жынысты тасымалдау;

      7) үйінді жасау және (немесе) кенді қоймалау;

      8) кенді, жынысты бөлшектеу;

      9) скреперлік өндіру;

      10) шаймалау (үймелеп және (немесе) жерасты);

      11) өндіру учаскесінде кенішті, байыту өндірісін және инфрақұрылымды салу бойынша барлық жұмыстар.

      8. Осы баптың мақсаттары үшін өндіруге арналған жеке лицензия бойынша өндіруге жұмсалған шығыстарға басқарушылық және әкімшілік қажеттіліктерге, бухгалтерлік есепті жүргізуге, ғылыми зерттеулерге, персоналды оқытуға және басқа да ұқсас шығыстар жатқызылуы мүмкін.

      Өндіруге жұмсалатын шығыстарды есептеу кезінде мұндай шығыстардың үлесі жер қойнауын пайдаланушы кезеңдік есепте мәлімдеген жалпы шығыстардан жиырма пайыздан аспауға тиіс.

      9. Өндіруге ең төменгі шығыстарға:

      1) жергілікті жерлерде, өндіру учаскесі шекарасының межелік және геодезиялық белгілерін орналастыруға, оның ішінде жерге орналастыру жұмыстары;

      2) жер қойнауын пайдалану құқығын, жерді пайдалану құқығын немесе жер учаскесіне меншік құқығын сатып алуға, осындай сатып алуларға ілеспе шығыстарды қоса алғанда;

      3) өндіру учаскесімен тікелей байланысты емес ғылыми-зерттеу жұмыстары;

      4) жер учаскелерін сатып алуға немесе жер учаскелерінің иелері мен пайдаланушыларына шығындарды өтеуге және жерлерді олардың мақсатты тағайындалуы бойынша пайдалануы үшін жарамды жағдайға келтіруге байланысты өтемақылар жатқызылмайды.

      10. Осы бапта көзделген өндіруге жұмсалатын ең төменгі шығыстар бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жетіспейтін шығыстарды өтеуге және бұл туралы құзыретті органға есепті жылдан кейінгі үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде есеп беруге міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушы осы тармаққа сәйкес жүргізілген шығыстары ағымдағы жылдың шығыстарына есептелмейді.


      208-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның мерзімі

      1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның мерзімі қатарынан жиырма бес жылдан аспайды.

      Негізгі құрылыс материалдарын ғана өндіруді көздейтін лицензияның мерзімі қатарынан он жылдан аса алмайды.

      2. Өндіруге арналған лицензияның мерзімі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша лицензияның бастапқы мерзімінен аспайтын кезеңге ұзартылуы мүмкін.

      Өндіруге арналған лицензияның мерзімін ұзарту саны шектелмейді.

      3. Ұзарту туралы өтініш құзыретті органға ол бекіткен нысан бойынша лицензияның мерзімі өткенге дейін кемінде төрт жылда беріледі.

      Өтінішті қарау кезеңінде өндіруге арналған лицензияның мерзімі аяқталған болса, лицензия осындай қарастыру кезеңіне қолданылуын жалғастырады.

      Өндіруге арналған лицензияны ұзарту мерзімін есептеу аяқталған мерзімнен кейінгі күннен басталады.

      4. Өндіруге арналған лицензияның мерзімі:

      1) егер мәлімделген ұзарту мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес келмесе;

      2) осы баптың 3-тармағында көзделген лицензияның қолданысын ұзарту туралы өтініш беру мерзімі бұзылса;

      3) өндіруге арналған лицензияның жалға алу төлемдерін төлеу және ұзарту туралы өтініш күні алдындағы есептік кезеңдер үшін өндіруге жұмсалған ең төменгі шығыстар бойынша талаптарының жойылмаған бұзушылықтары болғанда ұзартылуға жатпайды.


      209-бап. Жер қойнауын пайдаланушыны қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі оқыту және оның ғылым саласындағы міндеттемелері

      1. Өндіруге арналған лицензияның екінші қолданылу жылынан бастап жер қойнауын пайдаланушы:

      1) құзыретті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін тәртіппен алдыңғы жылы жер қойнауын пайдаланушы шеккен өндіруге жұмсалған шығыстардың бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жыл сайын жүзеге асыруға;

      2) құзыретті орган ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін тәртіппен алдыңғы жылы жер қойнауын пайдаланушы шеккен өндіруге жұмсалған шығыстардың бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жыл сайын жүзеге асыруға міндетті;

      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленген минимумнан асатын, жүзеге асырылған қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының келесі жылға тиісті міндеттемелерін орындау есебіне есептеледі.

      3. Осы бап негізгі құрылыс материалдарын өндіруді ғана жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.


      210-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу

      1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мынадай қағидаттарға:

      1) сатып алуды жоспарлаудың, ұйымдастырудың және өткізудің барлық кезеңдерінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ашықтығы;

      2) әлеуетті өнім берушілердің сатып алуға қатысуға қол жеткізу теңдігі және еркіндігі;

      3) осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, жергілікті өндірушілердің және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілерді кемсітпеушілік;

      4) егер сатып алудың өзге тәсілдерінің қажеттілігі іскерлік айналым дағдыларынан туындамаса, стандарттау мен үйлесімділіктің күтілмеген оқиғаларына немесе пайымдарына байланысты болса, сатып алуды өткізудің конкурстық тәсілдерінің басымдығы қағидаттарына негізделуге тиіс.

      2. Жер қойнауын пайдаланушылардың немесе оның мердігерлерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      Жер қойнауын пайдаланушы немесе оның мердігері әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын, белгіленген тәртіпті бұза отырып, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда соңғылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен тиісінше жер қойнауын пайдаланушыны немесе оның мердігерін жауаптылыққа тарту туралы өтінішпен жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Осы тармаққа сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу уранды өндіру бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді пайдалана отырып немесе жұмысы көрсетілген тізілімнің жұмысымен үйлескен Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан электрондық сатып алудың өзге де жүйелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі дегеніміз жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің сатып алуын мониторингі мен бақылауына, сондай-ақ электронды сатып алуды өткізу үшін және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыруға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе.

      Электрондық сатып алу жүйесі дегеніміз сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін пайдаланатын, жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес құрылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық жүйе.

      3. Жер қойнауын пайдаланушылар немесе оның мердігерлері:

      1) барлық мүдделі тұлғаларды, оның ішінде жергілікті өндірушілерді және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілерді сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар туралы мәліметтерге, оларды сатып алу шарттарына, оны өткізу қорытындысына қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс;

      2) егер сатып алуды өзге елдерде өткізу, күтілмеген мән-жайларды қоспағанда, айрықша мән-жайларға байланысты болмағанда, бұл туралы әлеуетті өндірушілер және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілер алдын ала хабардар етілсе, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу рәсімдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс.

      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде өткізілетін конкурстың жеңімпазын анықтау кезінде конкурсқа қатысушылардың – жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өнім берушілердің конкурстық өтінімінің бағасы жиырма пайызға шартты түрде төмендетіледі.

      5. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аккредиттеген ұйым бекіткен және төмендегі талаптарға сәйкес келетін сатып алу стандартын басшылыққа алуға құқылы:

      1) ұйымның сатып алу стандарттары осы баптың 1-тармағында көрсетілген өлшемшарттарына сәйкес келетін;

      2) ұйымның сатып алу стандарттары әлеуетті өнім берушілердің алдын ала біліктілігі рәсімдерін көздейтін;

      3) ұйым жер қойнауын пайдаланушылардың және әлеуетті өнім берушілердің сатып алу стандарттарын бұзушылығын, сондай-ақ олардың арасындағы дауларды қарау қағидаларын бекіткен;

      4) ұйым тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтуды дамытуға жәрдемдесу бойынша бағдарлама қабылдаған;

      5) ұйымда мүшелерінің жартысы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аккредиттеген және қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласында тауарларды өндіру және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар қауымдастығының (одақтың) өкілдері болып табылатын, ал мүшелерінің (дауыстарының) екінші жартысы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аккредиттеген және қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар қауымдастықтарының (одақтарының) өкілдері болып табылатын алқалы орган (комиссия) құрылған;

      6) осы тармақтың тиісінше 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген стандарттар, қағидалар мен ұсынымдар ұйымның алқалы органы (комиссиясы) бекіткен;

      7) көрсетілген алқалы органның (комиссияның) айрықша құзыретіне жер қойнауын пайдаланушыларды тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу стандарттарына қосу, оларды сатып алу стандарты бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесінен, оның ішінде оларды осы стандарттарды бұзуы нәтижесінде алып тастау, жер қойнауын пайдаланушылар мен әлеуетті өнім берушілер арасындағы дауларды қарау мәселелері жатады.

      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес аккредиттелген ұйым өзінің интернет-ресурсында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу стандарттарына қосылған жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін жариялауға, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыны осындай тізбеге қосқаны және одан алып тастағаны туралы екі жұмыс күні ішінде құзыретті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.

      Осы баптың 2-тармағына сәйкес осы тармақта көзделген тізбеден алып тасталған жер қойнауын пайдаланушылар қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізуге міндетті.

      7. Осы баптың ережелері:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;

      2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын ұлттық басқарушы холдинг тікелей немесе жанама иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.


      211-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібі

      1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы қатты пайдалы қазбалардың кез келген түрін өндіруді және барлауды жүргізуге құқылы.

      2. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауын пайдаланушы үшін коммерциялық қызығушылық тудыратын қатты пайдалы қазбалардың анықталған ресурстары бар жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.

      3. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша барлық жұмыстар құжатталуға жатады. Құжаттама жер қойнауы учаскесін дұрыс зерделеу және кейіннен игеру үшін қажетті жұмыстардың сипаттамасын қамтуға тиіс.

      4. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

      1) өндіруде қолданылатын техникалық құралдардың оңтайлылығы мен қауіпсіздігін;

      2) қатты пайдалы қазбалардың кен орнын оның игерілуін күрделендіруге, кен орны ресурстарының сапасын төмендетуге алып келетін қауіпті техногендік процестер көріністерінен қорғауды;

      3) өндірілген қатты пайдалы қазбалардың, өндіру барасындағы түзілетін өндіріс қалдықтарының дұрыс есепке алынуын;

      4) зертханалық зерттеулер мен талдаулар деректерін қоса алғанда, өндіру кезінде алынған бастапқы және екінші геологиялық ақпараттың дұрыстығы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      5. Егер экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарынан өзгеше туындамаса, қатты пайдалы қазбаларды өндіру барысындағы тау массасының және (немесе) жылжитын топырақтың көлемі шектелмейді.

      Өндіру барысында алынатын қатты пайдалы қазбалар (пайдалы құрамбөліктер) жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.

      6. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы су қорғау іс-шараларын орындауға, тау үңгімелеріне ағатын жерасты суларына қатысты су объектілерін қорғау бойынша су және экологиялық заңнамада белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

      Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тау үңгімелеріне жерасты суларының технологиялық жағынан шарасыз ағуы арнайы рұқсаттарды немесе лицензияларды алуды талап етпейді.

      Тау үңгімелеріне ағатын жерасты суларын пайдалану су және экологиялық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.


      212-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының есептілігі

      1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдаланушы мынадай мерзімдік:

      1) өндіру учаскесі бойынша жүргізілген жұмыстар мен шығыстар туралы есепті;

      2) оқыту және ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша міндеттемелерді орындауды қамтитын жұмыстар туралы есепті;

      3) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардағы жергілікті қамту үлесі туралы есепті;

      4) өндіруге арналған операцияларға тартылған кадрлардағы жергілікті қамту туралы есепті;

      5) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есепті;

      6) геологиялық есепті ұсынуға міндетті.

      2. Мерзімдік есептер жыл сайын алдыңғы күнтізбелік жыл үшін әрбір жылдың отыз бірінші сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.

      Толық емес күнтізбелік жыл үшін есептер жер қойнауын пайдаланудың нақты кезеңі үшін ұсынылады.

      Жер қойнауы учаскесін пайдалану кезеңінің соңғы толық емес күнтізбелік жыл үшін есептері көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген есеп құзыретті органға ол бекіткен тәртіп бойынша ұсынылады.

      Өндіру учаскесі бойынша жұмыстар мен шығыстар туралы есепте көрсетілген шығыстар туралы мәліметтерді "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор растауға тиіс.

      Осы баптың 1-тармағының 2), 5) тармақшаларында көзделген есептер жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органға өзі бекіткен тәртіппен ұсынылады.

      4. Геологиялық есептер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ол бекіткен тәртіп бойынша ұсынылады.


      213-бап. Тау жұмыстарының жоспары

      1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаты тау жұмыстарының жоспары болып табылады.

      2. Тау жұмыстарының жоспарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді.

      3. Тау жұмыстарының жоспарында өндірудің түрлері, әдістері және тәсілдері, шамамен көлемі мен оларды жүргізу мерзімдері, сондай-ақ пайдаланылатын технологиялық шешімдер сипатталады.

      Тау жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты құзыретті орган әзірлейді және бекітеді.

      Тау жұмыстары жоспарының мазмұнын жер қойнауын пайдаланушы экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, дербес айқындайды.

      4. Тау жұмыстарының жоспары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

      Егер тау жұмыстары жоспарында көзделген қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу жер бетіндегі су объектілерінің су қорғау аймақтары шегінде болжанатын болса, тау жұмыстарының жоспары да су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органдарымен келісіледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды осы бапқа сәйкес тау жұмыстарының жоспарын келіскен жағдайда ғана жүргізуге құқылы.

      5. Өндіру бойынша жоспарланатын жұмыстардың түрлері, әдістері және (немесе) тәсілдері, сондай-ақ оларды жүргізу технологиялары, көлемдері мен мерзімдері өзгертілген, өндірістік объектілердің және инфрақұрылым объектілерінің құрамы өзгертілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы тау жұмыстарының жоспарына тиісті өзгертулер енгізуге және оны құзыретті органға ұсынуға міндетті. Тау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мынадай:

      1) тау жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу қауіптері ұлғайған;

      2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын бұрын алған тау жұмыстарының жоспарында сипатталмаған қосымша қауіптерге әкеп соғатын өндіру жөніндегі операцияларға жоспарланған өзгерістер;

      3) тау жұмыстарының жоспарында жүзеге асырылуы сипатталған экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізбеуге әкеп соғатын өндіру жөніндегі операцияларға жоспарланған өзгерістер;

      4) жер жабынының тұтастығын қосымша бұзуды болжайтын өндіру жөніндегі операциялардағы жоспарланған өзгерістер;

      5) кеніштің негізгі объектілеріндегі жоспарланған өзгерістер;

      6) кеніштің негізгі объектілері санындағы жоспарланған өзгерістер жағдайларында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуді талап етеді.

      6. Өзгертілген тау жұмыстарының жоспары бойынша жұмыстар жүргізуге ол құзыретті органға ұсынылғанға дейін тыйым салынады.


      214-бап. Жою жоспары

      1. Жою жоспары өндіру учаскесінде орналасқан кенішті және басқа да өндірістік және инфрақұрылымдық объектілерді пайдаланудан шығару, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде бұзылған жерлерді рекультивациялау бойынша іс-шаралар, жою және рекультивациялау бойынша біртіндеп жұмыстарды жүргізу жөніндегі іс-шаралар, өндіру операцияларының салдарын жою бойынша өзге де жұмыстар сипаттамасы, сондай-ақ мұндай жоюдың болжамды құны қамтылатын құжат болып табылады.

      Егер жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша жер қойнауының басқа учаскесінде (учаскелерінде) орналасқан тау-кен өндіруші немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілері өндіру учаскесінде орналасқан кенді пайдалануға тікелей байланысты болса, жер қойнауының осы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюды жоспарлауды үйлестіру мақсатында жер қойнауын пайдаланушы жоюдың жалпы жоспарын әзірлеуге құқылы.

      Жою жоспарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүргізетін кешенді сараптамаға жатады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша жұмыс құнын шамамен есептеуге өзгерістерді қоса алғанда, жою жоспарына:

      1) кешенді сараптаманың соңғы оң қорытындысын алған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей;

      2) осы Кодекстің 213-бабының 5-тармағына сәйкес тау жұмыстарының жоспарына өзгерістер енгізілген жағдайда өзгерістер енгізуге міндетті.

      3. Жойылуы кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған жою жоспарында көзделмеген қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға жол берілмейді.

      4. Жою жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты және қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюдың шамалас құнын есептеу әдістемесін жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісуімен әзірлейді және бекітеді.


      215-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру салдарын жою

      1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жою жоспары негізінде әзірленген жою жобасына сәйкес жүргізіледі.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі уралы заңнамаға сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын лицензия мерзімі өткенге дейін екі жылдан кешіктірілмей әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етуге міндетті.

      Егер өндіруге лицензияның қолданысы өзге негіздер бойынша тоқтатылса, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға лицензия қолданысы тоқтатылған күннен бастап сегіз айдан кешіктірмей қатты пайдалы қазбаларды өндіру салдарын жою бойынша жұмыс жобасын әзірлеуді және оны бекітуді қамтамасыз етуге міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 216-бабына сәйкес бас тартқан өндіру учаскесінің бір бөлігінде қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар салдарын жою осындай бас тартылғанға дейін жүргізіледі. Жою аяқталғаннан кейінгі және өндіруге арналған лицензиядан оны алып тастаған кезге дейінгі кезеңде өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге немесе осындай учаскенің бір бөлігін өзге де пайдалануға жол берілмейді.

      3. Жер қойнауын пайдалану құқығы өндіру учаскесінде тоқтатылған тұлға осындай тоқтатылған күннен бастап сегіз айдан кешіктірілмейтін мерзімде жоюға кірісуге міндетті. Осы кезең ішінде көрсетілген тұлға жер қойнауы учаскесінен өндірілген қатты пайдалы қазбаларды шығаруға құқылы. Лицензия қолданысы тоқтатылғаннан кейін сегіз ай өткен соң өндіру учаскесінің шегінен тыс шығарылмаған қатты пайдалы қазбалар жер қойнауының құрамына енгізілген деп танылады және осы бапқа сәйкес жойылуға жатады.

      4. Егер жою жеке меншіктегі жер учаскесінде тұрақты немесе жерді ұзақ мерзімді уақытша өтеулі пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылатын болса, құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құрылатын жою комиссиясы және жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы қол қойғаннан кейін өндіру учаскесінде (оның бір бөлігінде) жою аяқталды деп есептеледі.

      5. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жоюды аяқтау кейіннен өзге тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізу үшін негіз болып табылады.

      6. Осы баптың ережелері жоюды талап ететін өндіру жөніндегі операциялар жүргізілмеген өндіру учаскесінде немесе оның бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда қолданылмайды. Бұл учаскеде барлау жөніндегі операциялар жүргізілген жағдайда олардың салдарын жою осы Кодекстің 194-бабына сәйкес жүргізіледі.


      216-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру салдарын жоюды қамтамасыз ету

      1. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету берілген жағдайда осындай операцияларға кірісуге құқылы.

      2. Жер қойнауын пайдаланушының өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мына шарттарды сақтай отырып, осы Кодексте көзделген оның кез келген түрімен үйлесіп ұсынылуы мүмкін: өндіруге лицензияның үштен бірінші мерзімі ішінде банктің кепілдігі немесе банктік салымның кепілі түрінде қамтамасыз етудің жалпы сомасының кемінде қырық алты пайызын, үштен екінші мерзімі ішінде – кемінде алпыс пайызды және қалған кезеңде – жүз пайызды құрауға тиіс.

      Егер жоюды жүргізу осы Кодекстің 214-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жасалған жою жоспары бойынша екі және одан да көп жер қойнауы учаскесі үшін жүзеге асыру жоспарланса, жер қойнауын пайдаланушы осы учаскелерді жер қойнауын пайдаланудың салдарын жоюға ортақ қамтамасыз етуді ұсынуға құқылы.

      3. Қамтамасыз ету сомасы қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жүргізілген операциялардың және жою жоспарына кешенді мемлекеттік сараптаманың соңғы оң қорытындысы күнінен бастап алдағы үш жылға жоспарланған операциялардың салдарын жою бойынша жұмыстардың жалпы құнын жабуға тиіс.

      Қамтамасыз ету сомасы жою бойынша жұмыс жоспарында көзделген сметаға сәйкес түпкілікті есептелуге жатады.

      Жою бойынша жұмыстардың құнына әкімшілік және басқарушылық шығыстар; сондай-ақ оның ішінде:

      жер бетінде орналасқан технологиялық жабдықтарды, ғимараттарды және құрылыстарды бұзуға және жоюға;

      кенді (шахтаны, ұңғыманы, карьерді және т.б.), техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерін (болған кезде) жабуға;

      зиянды заттар мен материалдарды (болған кезде) көмуге;

      өзендердің, жылғалардың және су ағындарының аңғарын қалпына келтіруге;

      жерасты және жерүсті суларының, ауаның, топырақтың жай-күйінің және өсімдіктердің сапасын мониторингтеуге шығыстар қосылуға тиіс.

      4. Өндіруге арналған лицензияның қолданысы тоқтатылған кезде қамтамасыз ету сомасы құзыретті органның келісуімен жер қойнауының учаскесінде орындалған және осы Кодекстің осы бабының 3-тармағына сәйкес көзделген тәртіппен қабылданған жою жұмыстары бөлігінің құнына мөлшерлес төмендетілуі мүмкін. Құзыретті орган қамтамасыз етуді берген тұлғаны қамтамасыз ету сомасының төмендетілгені туралы жер қойнауын пайдаланушыдан өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Егер осындай төмендету нәтижесінде қалған қамтамасыз ету сомасы жою бойынша жұмыстар жобасының сметасында көзделген, жою бойынша аяқталмаған жұмыстарға жұмсалатын шығыстар мөлшерінен аз болса, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейін қамтамасыз ету сомасын төмендетуге тыйым салынады.

      5. Осы Кодекстің талаптарына сәйкес салдарын жою қамтамасыз етілмеген қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларға тыйым салынады.


      217-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінен бас тарту

      1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның мерзімі өткенге дейін жер қойнауын пайдаланушы кез келген уақытта бас тарту туралы құзыретті органға жазбаша мәлімдей отырып, барлық өндіру учаскесінен не оның бір бөлігінен бас тартуға құқылы.

      Өндіру учаскесінің бір бөлігінен бас тарту туралы өтініште өндіруге арналған лицензиядан шығарылуға жататын жер қойнауы учаскесінің аумағы көрсетілуге тиіс.

      2. Өтінішке:

      1) жер қойнауын пайдаланушы бас тартатын өндіру учаскесінің бір бөлігінде өндіру салдарын жою актісі;

      2) аудан және бұрыш нүктелерінің географиялық координаттарының есептеулерімен (көлемі) жер қойнауын пайдаланушы бас тартатын жер қойнауы учаскесі аумағының сипаттамасы;

      3) аудан және бұрыш нүктелерінің географиялық координаттарының есептеулерімен (көлемі) және көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабта орындалған, учаске орналасқан картограмма, шолу (ахуалдық) сызбасымен, жер бетінің топографиялық картасы қоса берілген жер қойнауы учаскесінің бір бөлігінен бас тартқаннан кейін қалыптастырылатын өндіру учаскесі аумағының сипаттамасы қоса беріледі.

      3. Өндіру учаскесінің бөлігінен бас тарту өндіруге арналған лицензияны қайта ресімдеуге әкеп соғады.

      Құзыретті орган өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.

      4. Өндіру учаскесінің бөлігінен немесе барлығынан бас тарту жер қойнауының тиісті учаскесі туралы мәліметтерді жер қойнауының мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрына қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін берілуі мүмкін деп енгізуге негіз болып табылады.


      218-бап. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны кері қайтару және оның тәртібі

      1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия мынадай негіздемелердің бірі болған жағдайда құзыретті органның кері қайтаруына:

      1) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірген, осы Кодекстің 44-бабының 1-тармағының талаптары бұзылуы;

      2) осы Кодекстің 205-бабында көзделген қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялардың шарттарын бұзу жатады.

      2. Бұзушылық анықталған кезде құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша хабарлайды.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген бұзушылық жасалған жағдайда, бұл бұзушылық орын алған кездегі жағдайды қалпына келтіру арқылы, ал қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде құзыретті органның рұқсатымен жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілерді ауыстыру бойынша өзге де әрекеттерді жасау арқылы бір жылдан аспайтын мерзімде жойылуға жатады.

      Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бұзушылық жасалған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органнан хабарлама алған сәттен бастап үш ай ішінде бұзушылықты жоюға міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта көзделген мерзімде құзыретті органға бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың жойылғаны туралы жазбаша хабарлайды.

      Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда құзыретті орган осы баптың 4-тармағына сәйкес лицензияны кері қайтарады.

      4. Лицензияны кері қайтаруды құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны кері қайтарғаны туралы жазбаша хабарлама жолдау арқылы жүргізеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтару туралы хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кейін лицензия қолданысын тоқтатады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лицензияны кері қайтаруды дауласуға құқылы. Осындай дауласу мерзімі кезеңінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім дауласу нәтижелері бойынша шығарылған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.

      6. Егер жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға лицензияны кері қайтарып алуға негіз болған міндеттерін орындамау немесе дұрыс орындамау еңсерілмейтін күштің әсері себебінен, яғни аталған мән-жайлар жағдайында төтенше және ырық бермейтін әрекеттер (дүлей құбылыстар, әскери іс-әрекеттер және т.с.с.) себебінен лицензияны кері қайтарып алуға жол берілмейді. Осындай мән-жайларға жер қойнауын пайдаланушыда техникалық және (немесе) қаржы қаражатының болмауы, нарықта қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің болмауы, әкімшілік жаза қолдану жатқызылмайды.

      7. Осы бапқа сәйкес өндіруге арналған лицензиядан айырылған тұлға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды дереу тоқтатуға және жою жоспарына сәйкес жер қойнауы учаскесін қауіпсіз жай-күйде ұстау бойынша жұмыстарға кірісуге міндетті.

      8. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны кері қайтарып алу жер қойнауының тиісті учаскесі туралы мәліметтерді жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрына енгізуге негіз болып табылады.

28-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскелерін ұстап тұру мәртебесі

      219-бап. Ұстап тұру мәртебесі түсінігі және оны беру негіздері

      1. Ұстап тұру мәртебесі деп, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген шарттарда және тәртіппен аталған учаскеде (немесе оның бөлігінде) қатты пайдалы қазбаларды өндіруді бастауға немесе тоқтата тұруға жер пайдаланушының құқығын көздейтін қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесінің ерекше құқықтық режимі танылады.

      Осы тараудың ережелері өндіру мерзімі ішінде кез келген уақытта қолданылады.

      2. Жер қойнауы учаскесіне ұстап тұру мәртебесін беру жер қойнауын пайдаланушыны осы Кодекстің 207-бабында көзделген міндеттерді, сондай-ақ онымен байланысты ұстап тұру мәртебесінің қолданылу кезеңіне есептілікті ұсыну бойынша міндеттемелерді орындаудан босатады.

      Жер қойнауы учаскесін ұстап тұру мәртебесін өндіруге арналған лицензия бойынша беру осы Кодекстің 205-бабының 2) тармақшасында көзделген жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері мөлшерінің пропорционалды төмендеуіне әкеледі.

      3. Ұстап тұру мәртебесі кейінгі бес жыл мерзімге дейін ұзарту мүмкіндігімен қатарынан бес жылға дейінгі кезеңге тағайындалады. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесіне қолданылатын ұстап қалу мәртебесін ұзарту мерзімі ескеріле отырып, оның жалпы мерзімі он жылдан аспайды.

      4. Ұстап тұру мәртебесін беру жер қойнауын пайдаланушыға ұстап тұру мәртебесі қолданылатын жер қойнауы учаскесінің аумағын және осындай мәртебенің қолданылу мерзімі көрсетіле отырып өндіруге қайта рәсімделген лицензияны беру арқылы расталады.

      5. Ұстап тұру мәртебесі мынадай:

      1) анықталған минералдық ресурстарды өндіру келешектегі бес жыл ішінде рентабельді болуы мүмкін деп пайымдауға ақылға қонымды негіз болған кезде жағымсыз нарықтық жағдайларға байланысты жер қойнауын пайдаланушы үшін мұндай өндіру рентабельсіз болып табылған;

      2) экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологияның болмауы;

      3) еңсерілмейтін күштің болуы, яғни төтенше және ырық бермейтін осындай мән-жайлар жағдайларында (дүлей құбылыстар, әскери іс-әрекеттер және т.с.с)

      4) жер қойнауын пайдаланушыға оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі күшіне енген негіздердің бірі болған кезде тағайындалады.


      220-бап. Ұстап тұру мәртебесін беру тәртібі

      1. Ұстап тұру мәртебесі жер қойнауын пайдаланушының не оңалтуды басқарушының өтініші бойынша беріледі.

      2. Өтініште жер қойнауын пайдаланушы ұстап тұру мәртебесін беру үшін өтініш жасауға негіз болып табылатын мән-жайлар көрсетіледі және сипатталады.

      3. Өтінішке мыналар:

      1) осы Кодекстің 219-бабы 5-тармағындағы тармақшаларда көзделген мән-жайлардың болуын растайтын құжаттар;

      2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жұмыстар бағдарламасы қоса беріледі.

      4. Құзыретті орган өтінішті қарайды және ұстап тұру мәртебесін береді және өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушыға ұстап тұру мәртебесі берілетін жер қойнауы учаскесінің аумағы көрсетілген қайта ресімделген лицензияны береді.

      5. Құзыретті орган өтінішті қарайды және осы Кодекстің 221-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген ұстап тұру мәртебесін беруден бас тарту үшін негіздер болмаған, сондай-ақ жұмыстар бағдарламасын келіскен кезде өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге консервациялау жобасын ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Консервациялау жобасын өтініш беруші хабардар етілген күннен бастап жылдың төрт айынан кешіктірмей құзыретті органға ұсынуға жатады. Өтініш беруші көрсетілген мерзімді ұзартуға мұндай ұзартудың қажеттілігін негіздге ала отырып, құзыретті органға өтініш жасауға құқылы.

      Егер мұндай ұзарту қажеттілігі өтініш берушіге байланысты емес мән-жайлардан туындаса, құзыретті орган бұл мерзімді осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап төрт айдан аспайтын кезеңге ұзартады.

      6. Құзыретті орган ұстап тұру мәртебесін өндіру учаскесіне (немесе оның бір бөлігіне) береді және жер қойнауын пайдаланушыға осы Кодекстің 223-бабында көзделген тәртіппен әзірленген консервациялау жобасы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайта ресімделген лицензияны береді. Өндіру учаскесіне (немесе оның бір бөлігіне) ұстап тұру мәртебесін беруге байланысты қайта ресімделген лицензияда ұстап тұру мәртебесі бар осы учаскенің (оның бір бөлігінің) аумағы көрсетіледі.


      221-бап. Ұстап тұру мәртебесін беруден бас тарту

      1. Құзыретті орган мынадай негіздердің бірі болған кезде:

      1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) өтінішке осы Кодексте талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;

      3) өтініш беруші осы Кодекстің 220-бабында көзделген тәртіппен әзірленген консервациялау жобасын құзыретті органға ұсыну мерзімін сақтамаса;

      4) егер құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушы келтірген негіздемелер және ұсынылған құжаттар өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап қалу мәртебесін беру үшін негіз болып табылатын мән-жайлардың болуын растау үшін жеткіліксіз деген тұжырымға келсе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап қалу мәртебесін беруден бас тартады.

      2. Өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап қалу мәртебесін беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, ол дәлелденген және өтініш берушіге ұстап қалу мәртебесін қарау және тағайындау үшін көзделген мерзім ішінде берілуге тиіс.

      3. Құзыретті орган өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап қалу мәртебесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні оны беруден бас тарту туралы хабардар етеді.

      4. Өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап қалу мәртебесін беруден бас тартуға өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия беруден бас тарту туралы ақпарат жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасауы мүмкін.

      5. Өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап қалу мәртебесін беруден бас тарту өтініш берушіні өтінішті қайтадан беру құқығынан айырмайды.


      222-бап. Ұстап қалу мәртебесі бойынша жұмыстар бағдарламасы

      1. Жұмыстар бағдарламасы жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесін (оның бір бөлігін) ұстап тұру мәртебесінен шығару және өндіру бойынша операцияларды қайта бастау мақсатында әзірлейтін құжат болып табылады.

      2. Жұмыстар бағдарламасында:

      1) мәртебе берілетін өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) консервациялау жөніндегі іс-шаралардың;

      2) жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесін (оның бір бөлігін) ұстап тұру мәртебесінен шығару және өндіру бойынша операцияларды қайта бастау үшін қолданатын іс-шаралардың сипаттамасы мен мерзімінің;

      3) жер қойнауын пайдаланушы ұстап тұру мәртебесі берілетін өндіру учаскесінде (оның бір бөлігінде) жұмыспен айналысатын (басқа жұмысқа (жұмыс учаскесіне) ауысу, жаңа мамандықтар (кәсіптер) алу мақсатында қайта даярлау, біліктілікті арттыру және т.б.) жұмыскерлерге қатысты қабылдауға міндеттенетін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қолдау шараларының сипаттамасы мен мерзімі қамтылады.

      3. Консервациялауды жоспарлау жөніндегі іс-шаралар бөлігіндегі жұмыстар бағдарламасы кешенді сараптамаға жатады.

      Сараптама мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

      4. Жұмыстар бағдарламасын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты құзыретті орган бекітеді.


      223-бап. Жер қойнауы учаскесін консервациялау

      1. Пайдалы қазбаларды өндіру операцияларын қайта бастау кезінде өндірістік құрылыстарды және өзге де объектілерді болашақта пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерін азайту және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жер қойнауы учаскесінде пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды уақытша тоқтату кезінде жүргізілетін іс-шаралар кешені қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесін консервациялау болып табылады.

      2. Жер қойнауы учаскесін консервациялау жер қойнауын пайдаланушы құзыреті органмен келіскен жұмыстар бағдарламасы негізінде әзірленетін консервациялау жобасына сәйкес жүргізіледі.

      3. Консервациялау жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органмен келісілуге тиіс.

      4. Консервациялауды жобалау және оны іске асыру жер қойнауын пайдаланушының есебінен жүзеге асырылады.

      5. Құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдерінен және егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылатын болса, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер қойнауын пайдаланушы құратын комиссия консервациялау актісіне қол қойғаннан кейін консервациялау бойынша жұмыстар аяқталған болып есептеледі.


      224-бап. Ұстап тұру мәртебесінің шарттары

      1. Ұстап тұру мәртебесін беру кезінде жер қойнауы учаскесіндегі өндіру кезеңі осы мәртебенің бүкіл қолданылу мерзіміне ұзартылады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы ұстап қалу мәртебесіндегі жер қойнауы учаскесін жұмыстар бағдарламасына сәйкес пайдалануға міндетті.

      3. Ұстап тұру мәртебесіндегі жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасында қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын барлау көзделген жағдайда, оларды барлауды жүргізуге құқылы.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын жұмыс бағдарламасының орындалуы туралы есепті құзыретті органға беруге міндетті.


      225-бап. Ұстап тұру мәртебесінің мерзімін ұзарту

      1. Ұстап тұру мәртебесін ұзарту жер қойнауын пайдаланушының ұстап қалу мәртебесінің алғашқы мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылатын өтініші бойынша жүргізіледі.

      2. Ұстап тұру мәртебесін ұзарту жер қойнауы учаскесіне ұстап тұру мәртебесін беру үшін көзделген тәртіппен жүргізіледі. Ұстап тұру мәртебесін ұзарту кезінде жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасы жасалмайды.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы ұстап тұру мәртебесін ұзарту туралы өтініш берген жағдайда, ұстап тұру мәртебесі Жер қойнауын пайдаланушыға ұстап тұру мәртебесінің ұзартылған мерзімін көрсете отырып қайта ресімделген лицензияны бергенге дейін жер қойнауы учаскесіне қолданылуын жалғастырады.

      Ұстап тұру мәртебесін ұзарту мерзімін есептеу ұстап тұру мәртебесінің өткен мерзімінің соңғы күнінен кейінгі күннен басталады.


      226-бап. Ұстап тұру мәртебесін тоқтату

      1. Ұстап тұру мәртебесі ол берілген мерзім өткеннен соң немесе жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      2. Ұстап тұру мәртебесін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы ұстап тұру мәртебесін беруге негіз болған мән-жайлар тоқтаған жағдайда құзыретті органға береді.

      3. Ұстап тұру мәртебесін тоқтату өндіруге арналған лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болып табылады және жер қойнауын пайдаланушыға осы Кодекстің 205-бабының талаптарын қолдануға әкеп соғады.


      227-бап. Құзыретті оганның талап етуі бойынша ұстап тұру мәртебесін тоқтату

      1. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесіне ұстап тұру мәртебесі берілген күннен бастап алты ай өткен соң кез келген уақытта жер қойнауын пайдаланушыдан ұстап қалу мәртебесін беруге негіз болған мән-жайлар жалғасып жатқанын растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге құқылы.

      Жер қойнауын пайдаланушы осы құжаттарды хабарламаны алған күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынуға міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға көрсетілген мерзімді ұзарту қажеттілігін негіздей отырып, ұзартуға өтініш жасауға құқылы. Егер мұндай ұзарту қажеттілігі жер қойнауын пайдаланушыға байланысты емес мән-жайлардан туындаған болса, құзыретті орган бұл мерзімді жиырма жұмыс күнінен аспайтын кезеңге ұзарта алады.

      2. Егер ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган ұстап қалу мәртебесін беру үшін негіз болған мән-жайлар тоқтады деген тұжырымға келсе не бұл құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаса, құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны ұстап қалу мәртебесін тоқтату және ұстап тұру мәртебесіндегі жер қойнауы учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды қайта бастау туралы өтінішпен жүгіну қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Бұл жағдайда, ұстап тұру мәртебесін тоқтатуға арналған өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органнан хабарлама келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беруге тиіс.

      Егер көрсетілген мерзімде жер қойнауын пайдаланушы ұстап тұру мәртебесін тоқтату туралы өтінішпен жүгінбесе, құзыретті орган осы Кодекстің 218-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен өндіруге арналған лицензияны кері қайтарып алады.

29-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін жер қойнауы учаскелерін өзгерту

      228-бап. Өзгерту ұғымы және түрлері

      1. Бір лицензия бойынша бір жер қойнауы учаскесі екінші лицензия бойынша екінші жер қойнауы учаскесіне (негізгі учаске) қосу тәсілімен немесе бір лицензия бойынша бір жер қойнауы учаскесінен екінші учаскені (бөлінген учаске) бөлу арқылы жүргізілетін аумақтық шекараларын өзгерту қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге берілген жер қойнауы учаскесін өзгерту болып табылады.

      2. Жер қойнауы учаскелерін өзгертуге өзгертілетін жер қойнауы учаскелерінің пайдаланушысы бір тұлға (тұлғалар) болған жағдайда жол беріледі.

      3. Жер қойнауы учаскелерін өзгертуді құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап бір айлық мерзім ішінде жүргізеді.


      229-бап. Жер қойнауы учаскелерін қосу

      1. Жер қойнауы учаскелерін қосу бір өндіру учаскесін қатты пайдалы қазбаларды өндірудің басқа учаскесіне қосу жағдайында жүргізіледі.

      2. Өндіру учаскесін басқа өндіру учаскесіне қосу:

      1) қосылатын өндіру учаскесінің негізгі өндіру учаскесімен іргелес шекарасы болған;

      2) негізгі және қосылатын өндіру учаскелеріне толық немесе ішінара ұстап тұру мәртебесі берілмеген;

      3) қосылатын өндіру учаскесіне арналған лицензия негізгі учаске бойынша өндіруге арналған лицензиядан кейінірек берілген;

      4) егер негізгі немесе қосылатын өндіру учаскесіне өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы кепілмен ауыртпалық салынған болса, кепіл ұстаушының қосылуға алдын ала келісімі болған;

      5) негізгі және қосылатын өндіру учаскелерінің лицензиялары бойынша орындалмаған міндеттемелері болмаған жағдайда жүргізіледі.

      3. Қосылатын өндіру учаскесіне жүргізілген қосылу ескеріліп негізгі өндіру учаскесіне арналған лицензияның әрекеті қолданылады, ал қосылатын өндіру учаскесінің лицензиясы тоқтатылады. Өндіру учаскесін негізгі өндіру учаскесіне қосу негізгі өндіру учаскесіне арналған лицензияға өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді.


      230-бап. Жер қойнауы учаскесін бөлу

      1. Жер қойнауы учаскесін бөлу мынадай:

      1) жер қойнауы учаскесінің бір бөлігін барлауға арналған лицензия бойынша бөлу;

      2) жер қойнауы учаскесінің бір бөлігін өндіруге арналған лицензия бойынша бөлу жағдайында жүргізіледі.

      2. Бөлу:

      1) бөлу жүргізілетін жер қойнауы учаскесі ұстап тұру мәртебесіне ие болмаған;

      2) жер қойнауын пайдаланушының бөлу жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне арналған лицензия бойынша құқығы кепілмен ауыртпалық салынса, кепіл ұстаушының бөлуге алдын ала келісімі болған;

      3) бөлу жүргізілетін жер қойнауы учаскесіне арналған лицензия бойынша орындалмаған міндеттемелері болмаған жағдайда;

      4) бөлінген учаскеде жер қойнауын пайдалану түрі бөлу жүргізілетін жер қойнауы учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану түріне сәйкес келген жағдайында жүргізіледі.

      3. Жер қойнауы учаскесін бөлу бөлінетін жер қойнауы учаскесіне арналған лицензияға өзгерістер енгізу және бөлінген жер қойнауы учаскесіне жеке лицензия беру арқылы ресімделеді.

      4. Бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша барлауға арналған лицензия мерзімі бөлу жүргізілген жер қойнауы учаскесіндегі барлаудың қалған мерзіміне тең болады.

      5. Бөлінген учаске бойынша өндіруге арналған лицензия мерзімі бөлу жүргізілген жер қойнауы учаскесіндегі өндірудің қалған мерзімінің ұзақтығымен айқындалады.

      6. Жер қойнауы учаскелерін бөлу арқылы өзгерту осы Кодекстің 188 және 205-баптарымен көзделген міндеттемелердің өлшемін жер қойнауы учаскелерінің пайда болған аумақтарының өлшемдеріне пропорционал өзгертуге және қайта есептеуге әкеп соғады.


      231-бап. Жер қойнауы учаскелерін өзгертуге арналған өтініш

      1. Жер қойнауы учаскелерін өзгертуге арналған өтініш құзыретті орган белгілеген нысан бойынша жасалады.

      2. Өтініш мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

      1) өзгерту тәсілін көрсету;

      2) өзгертілетін учаскелерді пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер;

      3) заңды тұлғалар үшін – толық атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы және салық органдарында тіркеу туралы мәліметтер, басшылары туралы мәліметтер;

      4) өтініш берушінің тегі мен аты, тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, өтініш берушіні салық төлеуші ретінде тіркелу туралы мәліметтер;

      5) өзгертілуі тиіс жер қойнауының лицензиялары мен учаскелерін көрсету.

      3. Өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі.

      4. Егер өтініш беруші тағайындаған болса, өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжат өтінішке қоса беріледі.

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған болуы тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері дұрыстығын нотариус куәландырған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

      5. Лицензиялық учаскелерді өзгерту туралы мәселені құзыретті орган өтініш берілген күннен бастап отыз күн ішінде мұндай өзгертудің әрбір жағдайы үшін жеке-жеке қарайды.

      6. Құзыретті органның жер қойнауы учаскелерін өзгертуден бас тартуы дәлелденген болуы керек және оған өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде дау айтуы мүмкін.

30-тарау. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім

      232-бап. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім ұғымы

      1. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім Қазақстан Республикасы қатты пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының (құқықтарының) иесіне преференция беруге міндеттенетін, ал лицензия иесі қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жобасына инвестиция жасауды өз тәуекеліне алып жүзеге асыруға міндеттенетін шарт (қайта өңдеу туралы келісім) болып табылады.

      Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістерді құруды, қолданыстағыларды кеңейтуді немесе жаңғыртуды көздейтін іс-шаралар кешені қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жобасы болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы атынан қайта өңдеу туралы келісімді инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жасайды.

      Қайта өңдеу туралы келісім жер қойнауын пайдаланушының инвестиция көлемі келісім жасау күні белгіленген 7000000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен төмен емес көлемді құрайтын қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жобалары бойынша жасалуы мүмкін.

      3. Қайта өңдеу туралы келісім жасасу қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беру шарты болып табылмайды.

      4. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеудің немесе өндірістік объектінің бір жобасы бойынша бір ғана қайта өңдеу туралы келісім жасалуы мүмкін.


      233-бап. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу тәртібі

      1. Қайта өңдеу туралы келісім жасауға ниеті бар жер қойнауын пайдаланушы инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға ол бекіткен нысан бойынша өтініш береді.

      2. Өтінішке мыналар:

      1) жер қойнауын пайдаланушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

      3) қайта өңдеу жобасының қаржылық-экономикалық моделі;

      4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес жасалған қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары;

      5) қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің жобасы қоса беріледі.

      3. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтінішті тіркейді және өтініш берушіні өтінішті алған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін келіссөздердің басталу күні туралы хабардар етеді.

      4. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган тарапынан келіссөздерді жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобы туралы ереже мен оның құрамын инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      5. Келіссөздер жүргізу мерзімі алты айдан аспауы керек. Келіссөздер қорытындысы хаттамамен ресімделеді.

      6. Жер қойнауын пайдаланушы келіссөздерден және қайта өңдеу туралы келісім жасасудан, бұл туралы инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жазбаша хабарлай отырып кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

      7. Келіссөздер нәтижелері бойынша келісілген қайта өңдеу туралы келісім жобасы құқықтық және экономикалық сараптамаларды ұйымдастыру үшін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.

      Сараптамалардың оң қорытындылары болған жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган қайта өңдеу туралы келісім жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жібереді.

      Сараптамалардың теріс қорытындылары болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы сараптамалар ескертулерін жою мақсатында қайта өңдеу туралы келісім жобасын пысықтайды.

      Көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін сараптама қайтадан жүргізіледі.

      8. Құқықтық сараптаманы қайта өңдеу туралы келісім жобасының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық реттеу саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

      Қайта өңдеу туралы келісім жобасына құқықтық сараптама жүргізу үшін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган құқықтық реттеу саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша келісілген, мемлекеттік және орыс тіліндегі қайта өңдеу туралы келісім жобасын;

      2) осы баптың 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      3) қайта өңдеу туралы келісім шарттары бойынша келіссөздер нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін ұсынады.

      9. Экономикалық сараптаманы қайта өңдеу туралы келісімді жасаудың экономикалық тиімділігін және орындылығын, қайта өңдеу жобасын іске асыру кезінде жер қойнауын пайдаланушының жоспарланатын салымдары мен шығындарының негізділігін, жобаны іске асырудың әлеуметтік маңызын бағалауды мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

      Қайта өңдеу туралы келісім жобасына экономикалық сараптама жүргізу үшін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша келісілген, мемлекеттік және орыс тіліндегі қайта өңдеу туралы келісім жобасын;

      2) осы баптың 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      3) қайта өңдеу туралы келісім шарттары бойынша келіссөздер нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін ұсынады.

      10. Осы бапта көзделген сараптамалар сараптама жүргізу үшін қажетті тиісті құжаттарды алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

      11. Сараптамалардың оң қорытындысын алған қайта өңдеу туралы келісім жобасы сараптамалар қорытындылары берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге жіберіледі.

      12. Қайта өңдеу туралы келісімге инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган оның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қол қою тиіс.

      13. Қайта өңдеу туралы келісім барлық тараптар оған қол қойғаннан кейін жасалған болып есептеледі.

      14. Қайта өңдеу туралы келісімді инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган қайта өңдеу туралы жасалған келісімдер тізілімінде есепке алуға тиіс.


      234-бап. Қайта өңдеу туралы келісімнің мазмұны

      1. Қайта өңдеу туралы келісім мыналарды қамтуға тиіс:

      1) келісімнің мәні;

      2) жер қойнауын пайдаланушыда бар қатты пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген құжатты көрсету;

      3) жер қойнауын пайдаланушының инвестициялық және әлеуметтік міндеттемелері;

      4) салық заңнамасына және инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамаға сәйкес берілген инвестициялық префренцияның (преференциялардың) түрі;

      5) берілген инвестициялық преференцияны қолдану мерзімі;

      6) келісімге сәйкес жасалған, кеңейтілген немесе жаңғыртылған өндірістік мүлікті пайдаланудан шығару, оны бөлшектеу, кәдеге жарату және бүлінген жерлерді рекультивациялау бойынша міндеттемелер;

      7) қайта өңдеу туралы келісім шарттарының бұзылғаны үшін жауапкершілік.

      2. Қайта өңдеу туралы келісімге қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылады.

      3. Қайта өңдеу туралы келісімде осы Кодексте және қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияда (лицензияларда) көзделген шарттарға қарағанда, өндірудің ең төменгі шығыстары және жер қойнауын пайдаланушының оқытуды және Қазақстан Республикасындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметті қаржыландыру бойынша міндеттемелері туралы өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

      Көрсетілген шарттарды өзгерту немесе алып тастау қайта өңдеу туралы келісім жасасу күні лицензияны тиісті қайта ресімдеуге әкеп соғады.

      4. Қайта өңдеу туралы келісім тараптар айқындайтын басқа да ережелерді қамтуы мүмкін.

      5. Қайта өңдеу туралы келісім жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату туралы ережені қамти алмайды.

      6. Қайта өңдеу туралы келісім мерзімі осындай келісімде көзделген өндіруге арналған лицензия мерзімінен аспайды. Егер келісім қатты пайдалы қазбаларды өндіруге екі немесе одан көп лицензияға сілтеме жасаса, онда келісім мерзімі ең соңғы күні аяқталатын өндіруге арналған лицензия мерзімінен аспайды.

      Қайта өңдеу туралы келісімде көзделген қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның (барлық лицензиялардың) қолданылуын тоқтату аталған келісімнің тоқтатылуына әкеп соғады.

      7. Келісім мемлекеттік және орыс тілінде жасалуы тиіс. Тараптардың келісімі бойынша келісім мәтіні өзге тілге де аударылуы мүмкін.

      8. Қайта өңдеу туралы келісімді жасасу, орындау және тоқтату бойынша қарым-қатынастарға азаматтық заңнама осы тараумен реттелмеген жағдайларда қолданылады.


      235-бап. Қайта өңдеу туралы келісім бойынша инвестициялық преференциялар

      1. Инвестициялық преференциялар қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыға инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сәйкес басым инвестициялық жобаға жататын, Қазақстан Республикасының аумағында қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жобасын іске асыруы кезінде беріледі.

      2. Мемлекеттік преференция жер қойнауын пайдаланушының әлеуметтік және инвестициялық міндеттемелерін, оның ішінде:

      1) өндіру және (немесе) қайта өңдеу өндірісінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жұмыс орындарын құру және сақтау бойынша;

      2) қайта өңдеу өндірісін құру, кеңейту және (немесе) жаңғырту бойынша;

      3) қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу көлемі мен деңгейі бойынша;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылатын тұлғаларға ішкі нарықта шикізат ретінде өткізу үшін шығарылатын өнім көлемі бойынша;

      5) ғылыми-техникалық сала, қоршаған ортаны қорғау және қолданбалы ғылым саласының мамандарын даярлау бойынша қазақстандық оқу орындарының бағдарламаларын қаржыландыру бойынша;

      6) әлеуметтік және (немесе) мәдени мақсаттағы объектілердің құрылысын және (немесе) реконструкциясын қаржыландыру бойынша міндеттемелерді көздеуі мүмкін өзаралық бастамалар негізінде беріледі.


      236-бап. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді тоқтату салдары

      Жер қойнауын пайдаланушының қатты пайдалы қазбаларды өндіруге жұмсалатын ең төменгі шығыстары және (немесе) өндіруге арналған лицензия бойынша оқытуды және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметті қаржыландыру бойынша міндеттемелерді өзгеруді немесе алып тастауды көздейтін қайта өңдеу туралы келісімді тоқтату келісімді жасасқанға дейін қолданыста болған лицензия шарттарын қолдануға әкеп соғады.

      Қайта өңдеу туралы келісімді тоқтату кеден баждарын және импортқа қосылған құн салығын салудан босату бойынша берілген мемлекеттік преференциялардың, сондай-ақ салықтар бойынша преференцияның тоқтауына әкеп соғады.


      237-бап. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім бойынша құқықтар мен міндеттерді басқаға беру

      1. Жер қойнауын пайдаланушының қайта өңдеу туралы келісім бойынша құқықтары мен міндеттерін көрсетілген келісім жасауға негіз болған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының тиісті ауысуынсыз басқаға беруге тыйым салынады.

      2. Қайта өңдеу туралы келісім жасауға негіз болған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуы көрсетілген келісім бойынша құқықтар мен міндеттердің міндетті түрде басқаға берілуіне әкеп соғады.


      238-бап. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім бойынша құқықтарға ауыртпалық салу

      1. Көрсетілген келісім жасауға негіз болған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ауыртпалық салынбаған кепілді қоса алғанда, қайта өңдеу туралы келісім бойынша құқықтарға ауыртпалық салуға жол берілмейді.

      2. Қайта өңдеу туралы келісім жасауға негіз болған лицензия бойынша кепілді қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығына ауыртпалық салу осы келісім бойынша құқықтарға міндетті ауыртпалық салуға әкеп соғады.

X БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ, СТАРАТЕЛЬДІК, ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 31-тарау. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операциялар

      239-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия

      Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша оның иесінің операциялардың мынадай кіші түрлерінің бірін жүргізу:

      1) жер бетінен бес метр төменде орналасқан қоймаларды қоспағанда, мұнай және газ, газ және мұнай өнімдерінің жерасты қоймаларын орналастыру және пайдалану;

      2) жер қойнауына қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды сақтау немесе көму, сарқынды, өнеркәсіптік және техникалық суларды ағызу (айдау) үшін жерасты орындарын (құрылысжайларын) орналастыру және (немесе) пайдалану;

      3) жерасты сулары қорларының орнын жасанды толтыру үшін жер қойнауына суды айдау, оның ішінде осы мақсаттарға арналған жерасты құрылысжайларын салу және (немесе) пайдалану;

      4) тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілерін орналастыру және (немесе) пайдалану мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға айрықша құқығы бар.


      240-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған аумақтар

      1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия негізгі құрылыс материалдары болып табылмайтын пайдалы қазбалардың кен орындары жоқ немесе аз мөлшердегі пайдалы қазбалар ресурсы бар жер қойнауы учаскесін пайдалануға беріледі.

      2. Мынадай жағдайларда:

      1) осы Кодекстің 26-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда;

      2) пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операциялар немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операциялар жүргізу үшін басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағында;

      3) пайдалы қызбаларды барлау немесе өндіру салдарын жою жүргізілетін жер қойнауы учаскесінің аумағында;

      4) негізгі құрылыс материалдарын қоспағанда, табылған пайдалы қазбалар ресурстары немесе осындай перспертивасы бар жер қойнауы учаскелерінде;

      5) жерасты шаруашылық-ауыз су учаскелерінде жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беруге тыйым салынады.


      241-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру туралы өтініш

      1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия алуға мүдделі тұлға жер қойнауы кеңістігін зерделеу жөніндегі уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

      2. Өтініш мына мәліметтерді қамтуға тиіс:

      1) заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат);

      жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

      2) өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауының тиісті учаскесін айқындайтын аумақты көрсету;

      3) сұралып отырған жер қойнауы учаскесін пайдалану мерзімін көрсету;

      4) осы Кодекстің 240-бабына сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсатын көрсету.

      3. Өтінішке мына құжаттар:

      1) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

      2) егер өтініш беруші тағайындаған болса, өтініш беру кезінде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;

      3) жер қойнауын зерделеу бойынша уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша және жерасты құрылысжайы объектісінің сипаттамасын, оның оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, жинап қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын қамтитын геологиялық есеп;

      4) өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы;

      5) осы тараудың талаптарына сәйкес әзірленген жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы қоса беріледі.

      4. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылған болуға тиіс.

      5. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, оған қоса берілетін құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын өзге тілде міндетті түрде бере отырып жасалуы мүмкін.

      6. Өтінішті беру сәті жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға өтініш келіп түскен күнмен және уақытпен айқындалады және ол есепке алуға жатады.

      7. Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген кезден бастап екі күн ішінде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялауға жатады және мыналарды:

      1) өтініш берушінің атауын (тегін, атын);

      2) өтініш беруші қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін пайдалануға ұсынуды сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақ координаттарын;

      3) өтініш келіп түскен күн мен уақытты қамтиды.


      242-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау

      1. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және осы Кодекстің 244-бабы 1-тармағында көзделген лицензия беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде, өтініш берушіге жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу және осы тарауда көзделген жою жоспарына кешенді сараптама жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын және жою жоспарын тиісті сараптамалардың оң қорытындыларымен бірге өтініш беруші жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей ұсынуға тиіс.

      Өтініш беруші жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға көрсетілген мерзімді ұзарту үшін осындай ұзарту қажеттілігін негіздей отырып жүгінуге құқылы. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган, егер мұндай ұзарту қажеттілігі өтініш берушіге байланысты емес мән-жайлардан туындаса, бұл мерзімді осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге ұзартады.

      2. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны осы баптың 1-тармағында көрсетілген сараптамалардың оң қорытындылары ұсынылған күннен бастап бес күннен кешіктірмей береді.

      3. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру жер қойнауын пайдаланушыға облыстың жергілікті атқарушы органының жер заңнамасына сәйкес жер учаскесіне жерді пайдалану құқығын беру үшін негіздеме болып табылады.


      243-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны берудің басымдығы

      1. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға берілген бір аумақты қамтитын жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беруге арналған өтініштер олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен қаралады.

      2. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана қаралады.

      Кезекті өтінішті қарау алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң басталады.

      Егер бас тарту туралы шешімге өтініш беруші сотта дау айтса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені сот шешімі күшіне енгеннен кейін жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган шешеді.

      3. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия өтініші қаралған өтініштердің ішінен бірінші болып осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.

      4. Лицензия беру туралы шешім қабылданған өтініштен кейін келіп түскен өтініштер бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.


      244-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беруден бас тарту

      1. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган мынадай негіздемелердің бірі болған жағдайда:

      1) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) өтінішке осы Кодексте талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;

      3) сұралып отырған жер қойнауы учаскесі немесе оның бөлігі жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесіне жататын болса;

      4) сұралып отырған жер қойнауы учаскесі осы Кодекстің 240-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;

      5) сұралып отырған жер қойнауы учаскесі осы Кодекстің 240-бабының 2-тармағында көрсетілген аумақта толығымен немесе бір бөлігі орналасса;

      6) егер лицензия беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп тудыратын болса;

      7) егер өзінің геологиялық және (немесе) геотехникалық сипаттамалары бойынша сұралып отырған жер қойнауы учаскесі өтініште көрсетілген мақсаттарда жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операциялар жүргізу үшін жарамсыз болса, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беруден бас тартады.

      2. Лицензия беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, дәлелденген болуға және лицензияны қарау және беру үшін көзделген мерзімдер ішінде өтініш берушіге берілуге тиіс.

      Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тарту осындай бас тарту үшін негіз болған себептерді көрсетпестен шығарылады.

      Лицензия беруден бас тартуға өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он күннен кешіктірмей шағым жасауы мүмкін.

      3. Лицензия беруден бас тарту өтініш берушіні қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.


      245-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия шарттары

      Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия осы Кодекстің 32-бабында көрсетілген мәліметтер мен шарттардан басқа жер қойнауын пайдаланудың мынадай шарттарын:

      1) салық заңнамасына сәйкес жер учаскесін пайдалану үшін жалдау төлемінің мөлшері мен төлеу мерзімін;

      2) осы Кодекстің 239-бабына сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың нысаналы мақсатын қамтуы керек.


      246-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия мерзімі

      1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия мерзімі қатарынан жиырма бес жылдан аспайды.

      Лицензия мерзімі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша лицензияның бастапқы мерзімінен аспайтын кезеңге ұзартылуы мүмкін.

      Лицензия мерзімін ұзарту саны шектелмейді.

      2. Ұзарту туралы өтініш жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға бекітілген нысан бойынша лицензияның мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл бұрын беріледі.

      Егер ұзарту туралы өтінішті қарау кезеңінде лицензия мерзімі өтіп кеткен болса, лицензия осындай қарау кезеңінде қолданылуын жалғастырады. Лицензияны ұзарту мерзімін есептеу мерзім аяқталған күннен кейінгі күннен басталады.

      3. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия мерзімі мына жағдайларда:

      1) егер өтініш берілген ұзарту мерзімі осы баптың 2-тармағына сәйкес келмеген;

      2) осы баптың 3-тармағында көзделген лицензияның қолданылуын ұзарту туралы өтінішті беру мерзімі бұзылған;

      3) лицензия шарттарының жойылмаған бұзушылықтары болған жағдайда ұзартуға жатпайды.


      247-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы

      1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы жер қойнауы кеңістігін пайдалану кезінде жобалау құжаты болып табылады. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы жер қойнауы кеңістігін пайдалану шарттарын айқындайды.

      2. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасына өзгерістер мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаларға жатады. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасына мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысын алған жағдайда ғана жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыруға құқылы.

      3. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау бойынша нұсқаулықты жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.


      248-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операцияларды жүргізу тәртібі

      1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға осы Кодексте көзделген тәртіпте және мерзімде жерасты құрылысжайын пайдалану туралы есептерді ұсынып отыруға міндетті.

      2. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша барлық жұмыстар құжаттауға жатады. Құжаттама жер қойнауы учаскесін дұрыс зерттеу және одан әрі игеру үшін қажетті жұмыстар сипаттамасын қамтуы керек.

      3. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы мыналарды:

      1) қолданылатын техникалық құралдардың оңтайлылығы мен қауіпсіздігін;

      2) жер қойнауын қауіпті техногендік процестердің пайда болуынан қорғауды;

      3) қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды, сарқынды, өнеркәсіптік және техникалық суларды сақтау және (немесе) көму, ағызу (айдау) кезінде дұрыс есепке алуды;

      4) зертханалық зерттеулер мен талдаулардың деректерін қоса алғанда, жер қойнауы кеңістігін пайдалану кезінде алынған барлық алғашқы және қосалқы геологиялық ақпараттың дұрыстығы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.


      249-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану салдарын жою

      1. Осы Кодекстің 250-бабында көзделген зардаптарды қоспағанда, жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою Жер кодексіне сәйкес бүлінген жерлерді рекультивациялау арқылы жүргізіледі.

      2. Тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға осындай тоқтатылған күннен бастап сегіз айдан кешіктірілмейтін мерзімде жоюға кірісуге міндетті. Тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісі нәтижесінде жер қойнауы учаскесінің аумағында орналастырылған техногендік минералдық түзілімдер лицензияның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап жер қойнауының құрамына олардың ресурстары ретінде енгізілген болып танылады және олар осы бапқа сәйкес жойылуға тиіс.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 251-бабына сәйкес бас тартқан жер қойнауы кеңістігі учаскесінің бір бөлігінде салдарды жою осындай бас тартылғанға дейін жүргізіледі. Осындай учаскенің бір бөлігін жою аяқталғаннан кейін және оны жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиядан алып тасталатын кезге дейін пайдалануға жол берілмейді.

      4. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құрған комиссия, сондай-ақ егер жою жеке меншікте немесе ұзақ мерзімді жерді пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылатын болса, жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы жою актісіне қол қойғаннан кейін жою аяқталған болып есептеледі.

      5. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюды аяқтау мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізу үшін негіздеме болып табылады.


      250-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша жекелеген операциялардың салдарын жоюды жоспарлау және қамтамасыз ету ерекшеліктері

      1. Тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыру және (немесе) орналастыру объектілерін пайдалану мақсатында жер қойнауын кеңістігін пайдалану бойынша операциялардың салдарын жою осы баптың 3-тармағында көзделген жою жоспарының негізінде әзірленген жою жобасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыру және орналастыру объектілерін пайдалану бойынша қызметтің салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын әзірлеуді және бекітуді лицензияның мерзімі өткенге дейін екі жыл бұрын қамтамасыз етуге міндетті.

      Егер жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияның қолданылуы өзге де негіздер бойынша тоқтатылса, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға жою бойынша жұмыстар жобасын әзірлеуді және бекітуді лицензияның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап сегіз айдан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Осы баптың мақсаты үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалану зардаптарын жою жоспары лицензия кері қайтарылған жағдайда жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесін қауіпсіз жай-күйде ұстау бойынша, тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің минералдық техногендік түзілімдерін орналастыру объектілерін жою бойынша іс-шаралардың сипаттамасын, сондай-ақ осындай жою жұмыстарының болжамды құнын қамтитын құжат болып табылады.

      4. Жою жоспары кешенді сараптама жасауға жатады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы жою жоспарына жою бойынша жұмыстар құнының болжамды есебіне өзгерістерді қоса алғанда, өзгерістерді кешенді сараптаманың соңғы оң қорытындысы алынған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей енгізуге міндетті.

      6. Кешенді сараптаманың оң қорытындысынсыз тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыруға және (немесе) пайдалануға жол берілмейді.

      7. Жою жоспары және тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыру, сақтау және көму үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операциялардың салдарын жоюдың болжамды құнының есебі осы Кодекстің 214-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен жасалады.

      8. Жер қойнауын пайдаланушы тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыру және (немесе) пайдалану үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операцияларға осындай операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету берілген жағдайда кірісуге құқылы.

      9. Жер қойнауын пайдаланушының жою бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету осы Кодексте көзделген оның кез келген түрінің үйлесімділігімен мынадай шарттар сақталып берілуі мүмкін: жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияның үштен бір мерзімі ішінде банк кепілдігі немесе банктік салым кепілі түріндегі қамтамасыз ету қамтамасыз етудің жалпы сомасының кемінде қырық пайызын, үштен екі мерзімі ішінде – кемінде алпыс пайызын, ал қалған кезеңде – жүз пайызын құрауы керек.

      10. Қамтамасыз ету сомасы жүргізілген операциялардың және жою жоспарының мемлекеттік кешенді сараптамасының соңғы оң қорытындысы алынған күннен бастап алдағы үш жылға жоспарланатын операциялардың салдарын жою бойынша жұмыстардың жалпы құнын жабуға тиіс.

      Көрсетілген жұмыстар құнына әкімшілік және басқарушылық шығыстар, оның ішінде:

      технологиялық жабдықты, ғимараттарды және құрылысжайларды демонтаждауға және жоюға;

      техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерін (қоймаларды, үйінділерді және басқа да орналастыру орындарын) жабуға;

      қауіпті материалдарды көму бойынша;

      бүлінген жерлерді рекультивациялауға;

      жерүсті және жерасты суларының, ауаның сапасына, топырақтың және өсімдіктердің жай-күйіне арналған мониторинг шығыстары енгізілуге тиіс.

      11. Жойылуы осы Кодекстің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыруға және (немесе) орналастыру объектілерін пайдалануға тыйым салынады.


      251-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсатында ұсынылған жер қойнауы учаскесінен бас тарту

      1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға мұндай бас тарту туралы жазбаша мәлімдей отырып, бүкіл учаскеден бас тартуға құқылы.

      2. Жер қойнауы кеңістігі учаскесінің бір бөлігінен бас тартылған жағдайда, пайдалануда қалған жер қойнауы кеңістігінің учаскесі осы Кодекстің 20-бабының қағидаларына сәйкес келуі керек.

      3. Өндіру учаскесінің бір бөлігінен бас тарту туралы өтініште жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиядан алып тасталуы тиіс жер қойнауы учаскесінің аумағы көрсетілген болуы керек.

      Өтінішке:

      1) жер қойнауын пайдаланушы бас тартатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операциялар салдарын жою актісі;

      2) алаң және бұрыштық нүктелердің географиялық координаттарының есептемесі (көлемі) бар, жер қойнауын пайдаланушы бас тартатын жер қойнауы учаскесі аумағының сипаттамасы;

      3) алаң және бұрыштық нүктелердің географиялық координаттарының есептемесі (көлемі) бар және көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабта орындалған, учаскенің орналасу картограммасы, шолу (ахуалдық) схемасы, жер бетінің топографиялық картасы қоса берілген, жер қойнауы учаскесінің бір бөлігінен бас тартқаннан кейін қалыптастырылған жер қойнауы кеңістігі учаскесі аумағының сипаттамасы қоса беріледі.

      4. Жер қойнауы кеңістігі учаскесінің бір бөлігінен бас тарту жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеуге әкеп соғады.

      Уәкілетті орган лицензияны өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.

      5. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсатында ұсынылған жер қойнауы учаскесінен бас тарту мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті жер қойнауы учаскесі туралы мәліметтерді енгізу үшін негіз болып табылады.


      252-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны кері қайтарып алу

      1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 245-бабында көзделген лицензия шарттары бұзылған жағдайда, сондай-ақ экологиялық заңнамада көзделген қызметке тыйым салынған жағдайда кері қайтарып алуы тиіс.

      2. Лизензия шарттарының бұзылуы анықталған кезде жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыны бұл туралы жазбаша хабардар етеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы бұзушылықтар туралы хабарламаны алған кезден бастап үш ай ішінде бұзушылықтарды жоюға және жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға бұзушылықты жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып бұл туралы хабардар етеді.

      Белгіленген мерзімде бұзушылық жойылмаған жағдайда, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган осы баптың 3-тармағына сәйкес лицензияны кері қайтарып алады.

      3. Лицензияны кері қайтарып алуды жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны кері қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кейін лицензия тоқтатылады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лицензияны кері қайтарып алуға дау айтуға құқылы. Осындай дау айту кезеңінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім дау айту нәтижелері бойынша шығарылған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.

      5. Егер лицензияны кері қайтарып алуға негіз болған міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің, яғни төтенше және осы мән-жайлар болған кезде еңсерілмейтін жағдайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-әрекеттер және т.б.) себебінен орын алса, лицензияны кері қайтарып алуға жол берілмейді. Мұндай мән-жайларға жер қойнауын пайдаланушыда техникалық және (немесе) қаржылық құралдардың болмауы немесе нарықта қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің болмауы жатпайды.

      6. Осы бапқа сәйкес лицензиядан айырылған тұлға жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды дереу тоқтатуға және жер қойнауы учаскесін қауіпсіз жай-күйде ұстау бойынша жұмыстарға кірісуге міндетті.

      7. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны кері қайтарып алу жер қойнауының тиісті учаскесі туралы мәліметтерді мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына енгізу үшін негіз болып табылады.

32-тарау. Старательдік

      253-бап. Старательдікке арналған лицензия

      1. Старательдікке арналған лицензия бойынша оның иесінің пайдалы қазбаларда, аршу жұмыстарын, құм мен топырақты жуу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де байланысты жұмыстарды қоса алғанда, қол тәсілімен немесе механикаландыру құралдарын қолдана отырып, ұсақ тау жынысы бар кен орындарында және техногендік сипаттағы кен орындарында (тау өндірісі мен металлургияның үйінділері мен жиналып қалған қалдықтары) бағалы металдар мен асыл тастарды старательдік өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін жер учаскесін пайдаланудың айрықша құқықығы бар.

      Көрсетілген бағалы металдар мен асыл тастар тізбесі "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтары ғана старательдікке арналған лицензияны иеленушілер бола алады.

      3. Бір тұлға старательдікке арналған бір ғана лиценцияға ие бола алады.

      4. Старательдікке арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына немесе ауыртпашылық салуына тыйым салынады.


      254-бап. Старательдікке арналған аумақ

      1. Старательдікке арналған лицензия облыстардың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын аумақтарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдарымен, жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен келісім бойынша беріледі.

      2. Старательдікке арналған лицензия:

      1) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және олардың қорғалатын аймақтарында;

      2) сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер аумақтарында;

      3) ғарыш қызметі, қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жер аумақтарында;

      4) елді мекендердің (қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендер) аумақтарында және оларға іргелес бір мың метр қашықтықта жатқан аумақтарда;

      5) малдарды көмуге, қорымдарға және зираттарға арналған жерлер аумақтарында және шегінде пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылысжайлары орналасқан аумақтарда;

      6) геологиялық және минералогиялық мемлекеттік табиғи қаумалдар аумақтарында берілмейді.

      3. Жеке меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға тиесілі жер учаскелерінде, сондай-ақ өзге де тұлғалардың пайдалануындағы жер қойнауы учаскелерінің аумағындағы старательдік олардың келісімімен ғана жүзеге асырылады.


      255-бап. Старательдікке арналған лицензияны беру

      1. Старательдікке арналған лицензия алуға мүдделі тұлға облыстың жергілікті атқарушы органына жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жазбаша өтініш береді.

      2. Өтініш мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

      1) өтініш берушінің тегі және әкесінің аты (болған жағдайда), өтініш берушінің тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

      2) бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары бар және жалпы аудан көрсетілген масштабта, өтініш беруші пайдалануға беруді өтінетін старательдік учаскесін айқындайтын старательдік аумақты көрсету.

      3. Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттар көшірмелері;

      2) осы бөлімге сәйкес старательдік зардаптарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) егер өтініш беруші тағайындаған болса, өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;

      4) өтініш беруші бекіткен және старательдік кезінде пайдалану жоспарланатын механикаландыру құралдары мен жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ старательдік учаскесінде жүргізу жоспарланатын старательдік бойынша жұмыстар түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;

      5) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жеке жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;

      6) старательдік жоспары қоса беріледі.

      4. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылған болуға тиіс.

      5. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалуға тиіс. Егер шетелдік өтінішті беретін болса, оған қоса берілетін құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған, әрбір құжатқа мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасын қоса отырып міндетті түрде өзге тілде жасалуы мүмкін.

      6. Өтінішті беру сәті өтініштің облыстың жергілікті атқарушы органына түскен күнімен және уақытымен айқындалады және ол есепке алынуы тиіс.

      7. Берілген өтініш туралы мәліметтер облыстың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында өтініш берілген кезден бастап екі күн ішінде жариялануға жатады және мыналарды:

      1) өтініш берушінің тегін, атын және әкесінің атын (болған кезде);

      2) өтініш беруші пайдалануға беруді өтінетін старательдік учаске аумағының координаттарын;

      3) өтініш келіп түскен күн мен уақытты қамтиды.

      8. Облыстың жергілікті атқарушы органы өтінішті келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды және лицензия береді не оны беруден бас тартады.

      9. Старательдікке арналған лицензия алған тұлға қол қойылатын бонусты салық заңнамасында көзделген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде төлеуге міндетті.

      10. Старательдікке лицензия беруге арналған өтінішті беру және қарау тәртібін жер қойнауын пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.


      256-бап. Старательдікке арналған лицензия берудің басымдығы

      1. Облыстың жергілікті атқарушы органына берілген, бір аумақты қамтитын старательдікке лицензия беруге арналған өтініш олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен қаралады.

      2. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана қаралады.

      Кезекті өтінішті қарау алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткен соң басталады.

      Егер бас тарту туралы шешімге өтініш беруші сотта дау айтса, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені сот шешімі күшіне енгеннен кейін облыстың жергілікті атқарушы органы шешеді.

      3. Старательдікке арналған лицензия өтініші қаралған өтініштердің ішінен бірінші болып осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі.

      4. Лицензия беру туралы шешім қабылданған өтініштен кейін келіп түскен өтініштер бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.


      257-бап. Старательдікке арналған лицензия беруден бас тарту

      1.Облыстың жергілікті атқарушы органы мынадай негіздемелердің бірі болған жағдайда:

      1) өтініш немесе оған қоса берілген құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) өтінішке осы Кодексте талап етілген құжаттар қоса берілмесе;

      3) өтініш берілгенге дейін екі жыл ішінде өтініш берушіден осы Кодексте көзделген негіздер бойынша старательдікке арналған лицензия кері қайтарылып алынған болса;

      4) сұралып отырған аумақ немесе оның бір бөлігі басқа тұлғаға берілген старательдікке арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесіне немесе осы Кодекске сәйкес старательдікке арналған лицензия беру тыйым салынған аумаққа жататын болса;

      5) егер өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде сұралып отырған жер қойнауы учаскесіне (бір бөлігіне) қатысты өтініш берушіге бұдан бұрын берілген старательдікке арналған лицензия тоқтатылған болса;

      6) сұратылып отырған старательдік учаскесінің аумағы осы Кодекстің 259-бабының талаптарына сәйкес келмесе лицензия беруден бас тартады.

      2. Лицензия беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, дәлелденген болуға және старательдікке арналған лицензияны қарау және беру үшін көзделген мерзім ішінде өтініш берушіге берілуге тиіс.

      3. Лицензия беруден бас тартуға өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасауы мүмкін.

      4. Лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіні қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.


      258-бап. Старательдікке арналған лицензия мерзімі

      1. Старательдікке арналған лицензия үш жыл мерзімімен беріледі. Көрсетілген мерзім лицензия иесінің өтініші бойынша үш жылда бір рет ұзартуға жатады.

      2. Егер өтінішті қарау күні старательдік учаскесі аумағының шекарасы толықтай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе құзыретті орган берген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия бойынша басқа тұлғаның пайдалануына берілген жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде орналасса, старательдікке арналған лицензияны берген жергілікті атқарушы орган оның қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартады.

      Старатель осындай тұлғаның старательдікті жалғастыруға келісімін алған жағдайда осы тармақтың ережелері қолданылмайды.


      259-бап. Старательдік учаскесі

      1. Старательдік учаскесінің шекарасы осы Кодекстің 20-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

      2. Старательдік учаскесі аумағының ауданы кемінде бес жүз шаршы метрді құруға және бес гектардан аспауға тиіс.


      260-бап. Старательдікке арналған лицензияның шарттары

      1. Старательдікке арналған лицензияда, осы Кодекстің 32-бабында көрсетілген мәліметтер мен шарттардан басқа, жер қойнауын пайдаланудың мынадай шарттары қамтылуы керек:

      1) старательдік учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы:

      өзіне меншік құқығында тиесілі жүк көтергіштігі он тоннадан аспайтын бір жүк машинасы, бұрғылау жабдығы, сондай-ақ экскаватор және (немесе) ожауының көлемі жиынтығы текше метрдің жартысынан аспайтын бульдозер түріндегі механикаландыру құралын пайдалануға;

      старательдік учаскесінің аумағында жер бетінің ең төменгі нүктесінен үш метрден аспайтын тереңдікте бұрғылау және өзге де жер бетіндегі жұмыстарды жүзеге асыруға;

      күнтізбелік жылда елу килограммнан аспайтын ұсақ алтын өндіруге құқылы.

      2) старательдік учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы:

      старательдік учаскесіндегі су объектілерінде және су қоры жерлерінде экскаваторлар мен бульдозерлерді пайдалануға;

      химиялық реагенттерді және жарылғыш заттарды қолдануға;

      күрделі құрылысжайларды тұрғызуға және салуға;

      топырақ пен алынған тау массасын старательдік учаскесінен шегінен тыс шығаруға құқылы емес.


      261-бап. Старательдікті жүргізу тәртібі

      1. Старательдікке арналған лицензияның иеленушісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 253-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген тізбе бойынша бағалы металдар мен асыл тастардың кез келген түрлерін старательдік өндіру жүргізуге құқылы.

      2. Старательдікті жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы мыналарға:

      1) су ресурстары старательдік мақсатында пайдаланылатын су айдындары мен өзендердің табиғи жағалау бедерлері мен түбінің бүлінуін болдырмауға;

      2) старательдік барысында бүлінген жерлерді рекультивациялауға;

      3) лицензияның шарттарында көзделген механикаландыру құралдарын пайдалану бойынша шектеулерді сақтауға міндетті.

      3. Егер осы тараудан, экологиялық немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарынан өзгеше туындамаса, старательдік барысында берілген жер қойнауы учаскесі шегінде ауыстырылатын топырақ пен жыныстың көлемі шектелмейді.

      4. Старательдікті жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы арнайы рұқсаттарды немесе лицензияларды алу қажеттігінсіз, су ресурстарын еркін пайдалануға құқылы.

      Су ресурстарын пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы суды қорғау іс-шараларын орындауға, сондай-ақ су және экология заңнамасымен белгіленген су объектілерін қорғау жөніндегі өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

      Су қоры жерлерінде және су объектілерінде старательдік қолмен жасалатын тәсілмен ғана жүзеге асырылады.


      262-бап. Жер қойнауын пайдаланушының старательдік жүргізу кезіндегі есептілігі

      1. Старательдікке арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдаланушы өндірілген бағалы металдар мен қазба асыл тастар туралы мерзімдік есепті старательдікке арналған лицензияны берген облыстың жергілікті атқарушы органына жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұсынуға міндетті.

      2. Есептер алдыңғы күнтізбелік жыл үшін әрбір жылдың отызыншы қаңтарынан кешіктірілмей жыл сайын ұсынылады.

      Толық емес күнтізбелік жыл үшін есептер жер қойнауын пайдаланудың нақты кезеңі үшін ұсынылады.

      Жер қойнауы учаскесін пайдалану кезеңінің соңғы толық емес күнтізбелік жылы үшін есептер көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.


      263-бап. Старательдік жоспары

      1. Механикаландыру құралдарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы старательдік жоспары болған кезде ғана старательдік бойынша операцияларды жүргізуге құқылы.

      2. Старательдік жоспарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді.

      Старательдік жоспарында старательдік бойынша жұмыстардың түрлері, әдістері мен тәсілдері, шамамен алдыңғы көлемі және оларды жүргізу мерзімі сипатталады.

      Старательдік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Старательдік жоспарының мазмұнын жер қойнауын пайдаланушы экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, дербес айқындайды.

      3. Старательдік жоспары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады. Жер қойнауын пайдаланушы старательдік жоспарына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда ғана механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, старательдік бойынша операцияларды жүргізуге құқылы.


      264-бап. Старательдік салдарын жоюды қамтамасыз ету

      Жер қойнауын пайдаланушының старательдік салдарын жою бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін банктік салым кепілі немесе банк берген кепілдеме түрінде ұсынылады.

      Қамтамасыз етудің жалпы сомасы старательдік учаскесінің аумағын құрайтын гектар санының және старательдікке лицензияны алуға арналған өтініш берілген тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш негізінде есептеледі. Бір гектар үшін қамтамасыз етудің мөлшерін тиісті облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайды.

      Қамтамасыз ету сомасын жер қойнауын пайдаланушы мемлекетке қайтарылған старательдік учаскесі аумағының бір бөлігіне сәйкес келетін гектарлардың санына мөлшерлеп азайтуы мүмкін.


      265-бап. Старательдік учаскесінен бас тарту

      Старательдікке арналған лицензия мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдаланушы старательдік учаскесінің кез келген бөлігінен бас тартуға құқылы.

      Старательдік учаскісі мерзімінен бұрын толығымен немесе бір бөлігінен бас тарту старательдікке арналған лицензияның қолданылуын тоқтатуға немесе қайта ресімделуіне әкеп соғады.


      266-бап. Старательдікке арналған лицензияны кері қайтарып алу және оның тәртібі

      1. Старательдікке арналған лицензияны жергілікті атқарушы орган мына негіздемелердің бірі болған жағдайда:

      1) экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан жер қойнауын пайдалану бойынша қызметке тыйым салу туралы сот шешімі күшіне енсе;

      2) салық заңнамасында көзделген мерзімде қол қойылатын бонус төленбеген жағдайда;

      3) старательдік зардаптарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай старательдік бойынша жұмыстар жүргізілсе;

      4) старательдікке арналған лицензияның шарттары бұзылса;

      5) старательдік жоспарының болуы осы тарауда талап етілетін жағдайда, онсыз старательдік бойынша жұмыс жүргізілсе кері қайтарып алуға жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларымен көзделген жағдайларда облыстың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдаланушыны жіберілген бұзушылық туралы жазбаша хабардар етеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы бұзушылықты жоюға және бұзушылық туралы хабарлама алған кезден бастап бір ай ішінде бұзушылықтың жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, облыстың жергілікті атқарушы органына бұл туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

      Бұзушылықтар көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы старательдікке арналған лицензияны осы баптың 3-тармағына сәйкес кері қайтарып алады.

      3. Старательдікке арналған лицензияны кері қайтарып алуды облыстың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдаланушыға старательдікке арналған лицензияны кері қайтару туралы жазбаша хабарламаны жіберу арқылы жүргізеді.

      Лицензия жер қойнауын пайдаланушы хабарламаны алған күннен бастап бір айдан соң, егер көрсетілген күнге дейін оның қолданылу мерзімі өтпесе, қолданылуын тоқтатады.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтару туралы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң кері қайтарылатын лицензия бойынша жұмысты тоқтатуға және осы тарауда көзделген тәртіппен жою бойынша жұмыстарға кірісуге міндетті.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны кері қайтару туралы хабарламаны алған күннен бастап, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лицензияны кері қайтарудың заңдылығына дау айтуға құқылы. Осындай дау айту кезеңінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім дау айту нәтижелері бойынша шығарылған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.

      6. Егер лицензияны кері қайтарып алуға негіз болған міндеттемелердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы еңсерілмейтін күштің, яғни төтенше және осы мән-жайлар болған кезде еңсерілмейтін жағдайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-әрекеттер және т.б.) себебінен орын алса, лицензияны кері қайтарып алуға жол берілмейді. Мұндай мән-жайларға жер қойнауын пайдаланушыда техникалық және (немесе) қаржы құралдарының болмауы немесе нарықта қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің болмауы жатпайды.

33-тарау. Өтпелі және қорытынды ережелер

      267-бап. Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Кодекс мыналарды: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 141-баптың 5 және 6-тармақтарының 1) тармақшасын; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 150-баптың 2-тармағы 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Кодекс осы тарауда көзделген жағдайларды қоспағанда, оны қолданысқа енгізгеннен кейін туындаған жер қойнауын пайдалану бойынша қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.

      3. Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттар, лицензиялар, келісімшарттар бойынша қатынастарға оның төмендегілермен көзделген тиісті қатынастарды реттейтін ережелері қолданылатындығы белгіленсін:

      1-тарауда;

      2-тарауда;

      18-баптың 3-тармағын, 20-баптың 2 және 3-тармақтарын, 21-баптың 1-тармағын, 23-бапты, 24-бапты, 29-баптың 2-тармағын қоспағанда, 3-тарауда;

      4-тараудың 37-бабының 2-тармағының 5)-7), 9), 11) тармақшаларында;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға рұқсат беруді, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға жер қойнауын пайдалану құқығы ауысуына байланысты өзгерістер енгізуді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығына кепілді тіркеуді осы органдар жүзеге асыратынын ескере отырып, 5-тарауда;

      50-бапты қоспағанда, 6-тарауда;

      7-тарауда;

      55, 56-58-баптарды қоспағанда, 8-тарауда;

      9-тарауда;

      74-бапты қоспағанда, 10-тарауда;

      11-тарауда;

      12-тарауда;

      14-тараудың 3-параграфында;

      15-тараудың 110 және 111-баптарында;

      16-тараудың 117-бабында;

      көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттар мен лицензиялар бойынша, сондай-ақ Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған көмірсутектер бойынша қатынастар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз алты ай өткен соң қолданылатын 7 және 8-тармақтарды қоспағанда, 123-бабында, 17-тараудың 124,125, 127, 130-баптарында;

      бекітілген жобалау құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда 18-тарауда;

      19-тарауды 141-143-баптарында;

      20-тарауда;

      24 тараудың 175-177-баптарында;

      26-тараудың 191-бабының 2, 3 және 6-тармақтарында, 3-тармағын қоспағанда 192-бабында және 194-бабында;

      27-тараудың 210-бабында, 1-тармағын қоспағанда 211-бабында, 3-тармағын қоспағанда 212-бабында және 215-бабында;

      32-тараудың 248, 249-баптарында, 250-баптың 1-6-тармақтарында көзделген тиісті қатынастарды реттейтін оның ережелері қолданылады деп белгіленсін.

      4. 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін осы Кодекстің 29-бабы 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықтың жұмыспен қамтылуы және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес ішкі корпоративтік ауысу шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша менеджерлер мен мамандардың жалпы санына жиырма бес пайыздан аспауға тиіс.".

      5. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған (берілген) қатты пайдалы қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттар, лицензиялар, келісімшарттар бойынша қатынастарға оның 193, 215-баптарында көзделген ережелері қолданылады деп белгіленсін.

      6. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген мақсаттар үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалану саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатынастарға оның 248 және 249-баптарында көзделген ережелері қолданылады деп белгіленсін.

      7. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген кезде пайдалануда болған орналастыру объектілерінде қоймаланған және пайдаланудағы жер қойнауы учаскесінің шегінен тыс орналасқан тау-кен байыту өндірістерінің нәтижесінде пайда болған техногендік минералдық түзілімдер көрсетілген өндірістерге тиесілі болып табылады. Осындай техногендік минералдық түзілімдерге меншік құқығы экологиялық заңнамаға сәйкес осы техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру полигоны (полигонның бір бөлігі) жабылатын кезге дейін өндірістердің меншік иесінде сақталады.

      8. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған тау-кен өндіруші және (немесе) тау-кен байыту өндірістерінің минералдық техногендік түзілімдерін орналастыру объектілеріне және (немесе) орналастыруды пайдалану объектілеріне, осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген мақсаттар үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны алу туралы талап қолданылмайды деп белгіленсін.

      9. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жасаған қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілердің осы Кодекстің 3-тармағы 8) тармақшасын қоспағанда, 198-баптың 1, 4 және 6-тармақтарына, 201-бабына сәйкес өтініш беру арқылы қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алуға айрықша құқығы бар.

      Егер өтінішке сұратылатын жер қойнауы учаскесінде пайдалы қазбалардың рентабельді (алынатын) қорларының болуы расталатын мемлекеттік комиссия хаттамасы қоса берілсе, Кодекстің 201-бабы 3-тармағы 6) тармақшасының талаптары (қатты пайдалы қазбалар ресурстарын бағалау туралы құзыретті тұлғаның есебі) қолданылмайды.

      Өтініш берушіге осы тармаққа сәйкес берілген қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруден бас тартуға осы Кодекстің 204-бабы 1-тармағы 10) тармақшасында және 6-тармағы екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жол беріледі.

      Құзыретті орган қатты пайдалы қазбаларға арналған лицензияны беруден бас тартқан жағдайда өтініш беруші қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды салдарын жою үшін Кодексте көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды жүзеге асыруға міндетті.

      Осы тармаққа сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берілген кезде Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының ережелері қолданылмайды.

      10. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      1) Кодекстің 115-бабы 5-тармағында, 115-бабы 8-тармағының 2) тармақшасында, 116-бабы 10-тармағының 2) тармақшасында, 136-бабы 4-тармағында, 137-бабы 9-тармағы 6) және 7) тармақшаларында және 138-бабында "геологиялық қорлар", "геологиялық қорлардың", "геологиялық қорларға", "геологиялық қорлардың" деген сөздер тиісінше "қорлар", "қорлардың", "қорларға", "қорлардың" деген сөздермен ауыстырылсын деп белгіленсін;

      2) Кодекстің 138-бабындағы "орталық комиссия" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын деп белгіленсін;

      3) Кодекстің 140-бабы мынадай редакцияда қолданылады:

      "139-бап. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелеріне жатқызылатын, көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша жобалау құжаттарының көрсеткіштері

      Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта жер қойнауын пайдаланушының міндеттемесі ретінде жобалау құжаттарының мынадай:

      1) пайдалану ұңғымалары торының тығыздығы;

      2) әрбір пайдалану объектісі бойынша өндіруші және айдау ұңғымаларының арақатынасы;

      3) кендер бойынша өтем коэффициенті;

      4) қанығу қысымына немесе конденсаттау қысымына қабат және ұңғыма түбінің қысымына қатынасы;

      5) қабат қысымының ұңғыма түбінің қысымына қатынасы;

      6) ұңғыма бойынша газ факторының жол берілетін барынша көп шамасы;

      7) көмірсутек өндіру көлемі;

      8) қабат қысымын көтеру үшін жұмыс агентін кері айдау көлемі;

      9) пайдалану ұңғымаларын енгізу көрсеткіштерін орындау белгіленеді.

      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген көрсеткіштердің мәні келісімшартқа енгізілмейді және жобалау құжаттарына сүйене отырып айқындалады.".

      11. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін 128 және 176-баптардың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Конкурс жеңімпазын анықтау кезінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың – жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өнім берушілерінің конкурстық өтінімінің бағасын жиырма пайызға шартты түрде төмендетеді. Қазақстан Республикасы азаматтары қызметкерлерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құрайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өнім берушілері деп танылады.".

      12. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және берілген лицензиялар бойынша туындайтын жер қойнауын пайдалану саласында тиісті қатынастарға қолданылатын келесі ережелерін қоспағанда, күші жойылды деп танылсын:

      1) 2024 жылғы 1 қантарға дейін қолданылатын 1-баптың 29) тармақшасының;

      2) 1-баптың 25), 90) тармақшаларының;

      3) 24-бабының;

      4) 61-баптың 2-тармағының үшінші, төртінші және алтыншы бөлігі;

      5) 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 61-баптың 2-1-тармағының және 69-баптың 4-тармағының;

      6) 61-баптың 6-тармағының;

      7) 68-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктерінің, 6-тармағының;

      8) 69-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің және 4-тармағының;

      9) 70-баптың 2-тармағының;

      10) 76-баптың 1-тармағының 12), 12-1) тармақшалары;

      11) 77-баптың 6-тармағының;

      12) 111-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда:

      "6. Объектіні жоюға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тарату қорына аударымдарды жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегі арнайы депозит шотына жүргізеді.

      Жер қойнауын пайдаланушы тарату қорына аударымдарды жүзеге асыруды бастаған және оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде шегерімге жатқызған 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және қолданысы тоқтатылмаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша көрсетілген аударымдар сомасы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банкте арнайы депозит шотында орналастырылуға тиіс. Арнайы депозит шотына орналастырылуға жататын аударымдардың осы сомасы жер қойнауын пайдаланушы осындай тарату қорының қаражаты есебінен кен орындарын игеру салдарын жоюға пайдаланылған сомаға азайтылады.

      Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның рұқсатымен, ал облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған келісімшарттар бойынша осы органдардың рұқсатымен жүзеге асырады. Тарату қорын қалыптастыру тәртібі, тарату қорына аударымдар мөлшері, осындай төлемдердің кезеңділігі туралы шарттар келісімшартта белгіленеді.

      Егер жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюға жұмсалған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюға қосымша қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Егер жоюға нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен аз болса, қалған ақша жер қойнауын пайдаланушыда қалады." деп қолданылатын ережелерді;

      13) 2024 жылғы 1 қантарға дейін қолданылатын 121-бапты және 122-бапты қоспағанда, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші жойылды деп танылсын.


      268-бап. Өтпелі ережелер

      1. Осы тарауда көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар мен рұқсаттар және Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, сондай-ақ олармен байланысты Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының актілері өз қолданысын сақтайды деп белгіленсін.

      Лицензиялық орган – Қазақстан Республикасының Үкіметінің бұрын берілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қатысты функциялары құзыретті органға жүктеледі.

      Құзыретті орган, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өздерімен жасалған келісімшарттардың талаптары сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

      2. Жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалануға құқықтың иеленушілері осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде су заңнамасына сәйкес келісімшартта айқындалған жер қойнауы учаскесінің аумағы шекарасының шегінде арнайы су пайдалануға рұқсат алуға міндетті деп белгіленсін.

      Жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарт арнайы су пайдалануға рұқсат берілген күннен бастап не егер арнайы су пайдалануға рұқсат алынбаған болса, көрсетілген мерзім өткен соң тоқтатылады.

      3. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында Кодекстің 67-бабының 4-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, қосымша:

      1) коммерциялық қызығушылық білдіретін (немесе) өнеркәсіптік санатындағы қатты пайдалы қазбалардың ресурстарын (қорларын) қамтитын қатты пайдалы қазбалар кен орындарының жер қойнауын учаскелерінің шекарасы шегінде болуы туралы мәліметтерді қамтитын, Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша алынған геологиялық ақпарат бар жер қойнауы учаскелерінің географиялық координаттарын;

      2) заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасаған қатты пайдалы қазбаларды бірлескен барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша тау-кен телімінің (өндіру учаскесінің) шекарасының сыртқы периметрінен отыз шақырымнан аспайтын арақашықтықта орналасқан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала құрайтын аумаққа жатқызылған желілерден түзілген аумақтардың географиялық координаттарын қамтиды деп белгіленсін.

      Бұл ретте жер қойнауын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауының тиісті учаскесінің аумағы осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес екі жүз блоктан аспауға тиіс.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелеріне, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген және Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген координаттар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелеріне жер қойнауын пайдалану құқығы құзыретті орган өзі белгілеген тәртіппен өткізетін аукцион негізінде беріледі.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген аумақтар шегінде қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы құзыретті органның шешімі бойынша өткізілетін аукцион негізінде беріледі. Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген аумақтар шегінде қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукциондар тиісті жер қойнауын пайдаланушының ұсынысы бойынша өткізілуі мүмкін.

      Аукционды конкурстық комиссия өткізеді, оның құрамын құзыретті орган бекітеді. Конкурстық комиссия аукцион талаптарына жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензия үшін осы Кодексте көзделген жыл сайынғы ең төменгі шығыстар мөлшеріне қойылатын жоғары талаптарды қоюға құқылы.

      Аукционға жіберу шарты оның әлеуетті қатысушысының осы Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны алуға үміткер тұлғалар үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі болып табылады. Аукционның әлеуетті қатысушысының мұндай талаптарға сәйкес келмеуі аукционға қатысуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      Аукционды өткізу туралы хабарландыру ол өткізілетін күнге дейін кемінде үш ай бұрын жариялануға тиіс. Аукционды өткізу, оның шарттары мен қорытындысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. Аукцион шарттары қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін көздеуге тиіс. Қол қойылатын бонустың ең көп мөлшерін ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болады. Аукцион қорытындысына оның қатысушылары заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасауына болады.

      Осы тармақта көзделген жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінің шектеулері мен ерекшеліктері мыналарға:

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жер қойнауының учаскесіне қатысты 2028 жылға дейін;

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аумақтарға қатысты 2023 жылға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      4. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қатты пайдалы қазбалар бойынша өндіруге арналған келісімшартты (өндіру бойынша операциялар жүргізілген бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты) құзыретті орган мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда өндіру бойынша операциялар жүргізілген жер қойнауының учаскесі осы тармақта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен аукционға шығарылуға жатады.

      Жер қойнауының учаскесі өндіруге арналған лицензияны жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап (құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы шешімге шағым жасаған жағдайда сот шешімі күшіне енген күннен бастап) үш айдан кешіктірмей ұсынылғанда аукционға шығарылуға жатады. Аукцион өткізу туралы хабарландыру мен аукцион өткізу күні арасындағы мерзім кемінде алты айды құрауға тиіс.

      Егер аукцион өткізілмеді деп танылса, тоқтатылған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші болып табылатын тұлға осы Кодексте көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарын жоюға міндетті.

      Аукционға шығарылған жер қойнауының учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия берілген жағдайда тоқтатылған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші болып табылатын тұлға жер қойнауын пайдалану операцияларының салдарын жою бойынша міндеттемеден босатылады. Мұндай жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану операцияларының салдарын жою бойынша міндеттемелер аукцион нәтижелері бойынша берілген қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияның иеленушісіне толық көлемде өтеді.

      Келісімшарт тоқтатылған күннен бастап және қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия берілгенге дейінгі не жою бойынша жұмыстар басталғанға дейінгі кезеңде тоқтатылған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының иеленушісі болып табылатын тұлға жер қойнауы учаскесінің аумағын қоршаған ортаға және халыққа қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жай-күйде ұстап тұру бойынша шараларды қолдануға міндетті.

      5. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы құзыретті органның жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілген және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген аумақтарға жатпайтын аумақтар шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензиялар беруге өтініштерді қабылдауды бастау күнін көздеуге тиіс деп белгіленсін. Көрсетілген күн жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы бекітілген немесе оған тиісті түзетулер енгізілген кезден бастап екі айдан бұрын емес белгіленеді.

      Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілетін аумақтар шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензияларды қарау және берудің мына ерекшеліктері белгіленсін:

      1) өтініштер олар қабылданған күннен бастап бір ай ішінде осы Кодекстің 185-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген қағидаларды ескерместен қаралады және бірдей басымдыққа ие деп есептеледі;

      2) егер осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мерзім ішінде келіп түскен өтініштерді қарау нәтижесінде бірдей блок (блоктар) лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданбаған бірнеше өтініштерге енгізілгені, берілген блок (блоктар) бойынша өтініш берушілер арасында құзыретті орган айқындаған тәртіппен және мерзімде аукцион жүргізілетіндігі белгіленсе;

      аукцион қорытындылары бойынша осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген өтініштер бойынша лицензиялар беру аукционның жеңімпазы деп танылған адамның өтініші аукцион өткізілген блокқа (блоктарға) қатысты басым деп есептелетіндігін ескере отырып, осы Кодекстің 185-бабының қағидалары және 186-бабының басымдық туралы ережелері бойынша жүзеге асырылады.

      3) осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген барлауға арналған лицензияны беруге өтініштер осы Кодекстің 26-тарауында көзделген қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияны қарау және берудің жалпы қағидалары бойынша қаралады.

      6. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру арқылы мемлекеттік қолдау шараларын беру туралы шешім қабылданған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері осы Кодексте белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны, осы Кодекстің 24-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуге рұқсат берілмейтін аумақтарды (операциялар жүргізу үшін шектелген аумақтар) қоспағанда, осы Кодекстің 67-бабы 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілмеген жер қойнауының учаскесіне қатысты өтінім беру арқылы алуға құқылы деп белгіленсін. Бұл құқықты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде іске асыруы мүмкін.

      7. Жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар осы Кодекстің 24-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуге рұқсат берілмейтін аумақтарды (операциялар жүргізу үшін шектелген аумақтар) қоспағанда, осы Кодекстің 67-бабы 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілмеген жер қойнауының учаскесіне қатысты өтінім беру арқылы қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны алуға құқылы деп белгіленсін. Бұл құқықты жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде іске асыруы мүмкін.

      8. Осы Кодекстің 268-бабы 12-тармағы 11) тармақшасының ережелерін ескере отырып, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін осы Кодекстің 69-бабының мақсаты үшін қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде шығасыларды есепке алу жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органға өзі белгілеген тәртіппен ұсынатын нормаланатын шығасылар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. Нормаланатын шығасылар туралы деректерге растайтын құжаттар қоса берілуге тиіс. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган нормаланатын шығасылар туралы деректерді ұсынғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға нормаланатын шығасылар мөлшері бойынша негізделген қарсылықтарын жолдауға құқылы. Осындай қарсылық көрсетілген мерзімде жолданған жағдайда нормаланатын шығасыларды жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган өз бетінше нормаланатын шығасылар туралы деректер негізінде ұқсас жобалар бойынша не бұрын берілген мәліметтерді негізге ала отырып, олар жойылғанға дейін айқындайды.

      9. Осы Кодекстің 268-бабы 12-тармағы 11) тармақшасының мақсаттары үшін пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді деп белгіленсін.

      10. Уранды қоспағанда, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға тараптардың келісімімен, сондай-ақ заңнамалық актілерде немесе келісімшартта көзделген жағдайларда өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы келісім осы баптың 10–12-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тармақта белгіленген тәртіппен жасалады.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы келісім жасауға ниетті тарап келісімшарттың екінші тарапына оның талаптарын өзгерту бойынша келіссөздер жүргізу туралы хабарлама жібереді. Келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органның атынан келіссөздерді жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобы және оның құрамы туралы ережені тиісті мемлекеттік орган бекітеді.

      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы орталық атқарушы орган болса, жұмыс тобының құрамына өзге мүшелерден басқа құқықтық реттеу саласындағы уәкілетті органның, бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органның өкілдері де кіруге тиіс. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті атқарушы органы болса, жұмыс тобының құрамына өзге мүшелерден басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісінше аумақтық әділет органының өкілдері де кіруге тиіс.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган өтініш берушіге өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келіссөздер жүргізу туралы немесе мұндай келіссөздер жүргізуден бас тарту туралы хабардар етуге міндетті. Келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда хабарлама келіссөздер жүргізу күні мен орнын қамтуға тиіс. Келіссөздер екі ай ішінде жүргізіледі. Тараптардың келісімі бойынша бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

      Келіссөздер нәтижесі хаттамамен ресімделеді. Жұмыс тобы мақұлдаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер жобасына келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган хаттама ресімделген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Келісімшартқа өзгерістер талаптары жер қойнауы пайдалану құқығы берілген талаптарға қарағанда, Қазақстан Республикасы үшін пайдасы аз бола алмайды.

      11. Уранды қоспағанда, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, осы баптың 9-тармағына сәйкес жіберілетін келісімшарттың талаптарын өзгерту бойынша келіссөздер жүргізу туралы хабарламаға:

      1) келісімшартқа толықтыру жобасы;

      2) құзыретті орган бекіткен нысан бойынша жасалған жұмыс бағдарламасының жобасы;

      3) ұсынылатын өзгерістер қажеттігінің жазбаша негіздемесі;

      4) осы Кодекске сәйкес әзірленген барлау жоспары немесе тиісінше тау-кен жұмыстарының жоспары және жою жоспары қоса беріледі.

      Барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасы жылдар бойынша мынадай негізгі көрсеткіштерді:

      1) геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен көлемі, оларды орындау мерзімін;

      2) табылған кен орнын бағалау үшін қажетті геологиялық барлау жұмыстарының түрлері мен көлемі және олардың орындау мерзімін (барлауға арналған келісімшарт мерзімі ұзартылған жағдайда);

      3) геологиялық барлау жұмыстарының болжанатын құнын;

      4) өзге де келісімшарттық міндеттемелердің ақшалай мәндегі (қаржылық міндеттемелер) көлемін;

      5) жер қойнауы учаскесінде сынама алу лимиттерін қамтуға тиіс.

      Өндіру кезеңінің жұмыс бағдарламасы жылдар бойынша мынадай негізгі көрсеткіштерін:

      1) өндіру көлемін;

      2) өндірістік объектілерді және оларды жобалау мен салу (тұрғызу) мерзімдерін;

      3) қажетті инфрақұрылымдық объектілердің тізбесін, оларды жобалау, салу (тұрғызу) мерзімдерін;

      4) өндіру бойынша жұмыстардың болжанатын құнын;

      5) келісімшартта көзделген өзге де қаржылық міндеттемелердің көлемін қамтуға тиіс.

      Осы тармақтың ережелері осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін үлгі нысанда жасалған қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған келісімшарттарға қолданылмайды.

      12. Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістерді оның қолданыс мерзімін (бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін) ұзарту мақсатында енгізуге барлау келісімшартта көзделген пайдалы қазбалардың кен орнын тапқан жағдайда осындай табуды бағалау үшін рұқсат беріледі.

      Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістерді оның қолданыс мерзімін (бірлесіп барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін) ұзарту мақсатында енгізуге егер мұндац ұзарту келісімшартта көзделген жағдайда рұқсат беріледі.

      Уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа оның мерзімін ұзарту мақсатында өзгерістер енгізу бойынша келіссөздер жүргізу туралы хабарламаға:

      1) осы баптың 9-тармағының талаптары ескеріле отырып, ұзарту кезеңіне жасалған келісімшартқа толықтыру және жұмыс бағдарламасының жобасы;

      2) ұзарту кезеңінде жұмыстар жүргізу мен олардың шығыстарының жазбаша негіздемесі;

      3) осы Кодекске сәйкес әзірленген барлау жоспарының немесе тиісінше тау-кен жұмыстарының жоспарының жобасы қоса беріледі.

      Қатты пайдалы қазбалар табылған кен орнын бағалау үшін барлау мерзімін ұзарту мақсатында келісімшартқа өзгерістер енгізу бойынша келіссөздер жүргізу туралы хабарламаға осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, барлау келісімшарт талаптарында көзделген қатты пайдалы қазбалардың кен орнының табылғанын растайтын мәліметтер және табылған кен орнының бағалауын жүзеге асыру болжанатын жер қойнауы учаскесінің географиялық координаттары қоса беріледі.

      Уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт (бірлескен барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі) арналған келісімшарт келісімшарттық аумақ шегінде орналасқан техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы құрамбөліктерді алу мүмкіндігін бағалау мақсатында бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Бұл жағдайда өндіруге арналған келісімшартты (бірлескен барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңін) ұзарту үшін келіссөздер жүргізу туралы хабарламаға:

      1) ұзарту кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың көлемі мен түрлерін, сондай-ақ ұзарту кезеңінде көзделген қаржы міндеттемелерінің көлемін көздейтін ұзарту кезеңіне арналған келісімшартқа және жұмыс бағдарламасына толықтырулар жобасы;

      2) ұзарту кезеңінде жүргізілілетін жұмыстар және олардың шығыстарының жазбаша негіздемесі;

      3) осы Кодекске сәйкес әзірленген тау-кен жұмыстары жоспарының жобасы қоса беріледі.

      Осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес келісімшарттың қолданысы ұзартылған жағдайда, мұндай ұзартудың мерзімі өткенге дейін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға техногендік минералдық түзілімдерден кейіннен олардан пайдалы құрамбөліктерді алу үшін пайдалы қазбаларды өндіруге қажетті мерзімге оның қолданысын кейіннен ұзарту мақсатында өзгерістер енгізу жөніндегі келіссөздер жүргізу туралы хабарлама жіберуге құқылы. Мұндай хабарлама осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес берілуге тиіс. Бұл жағдайда жер қойнауын пайдаланушы көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланбайтын келісімшарттық аумақтың бір бөлігінен бір бөлігінен (жер қойнауы учаскесінің бір бөлігінен) бас тартуға міндетті.

      Уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға (бірлескен барлауға немесе өндіруге) арналған келісімшарт табылған кен орнын бағалау үшін тараптар келіссөздер нәтижесі бойынша айқындайтын, жұмыс бағдарламасында көзделген табылған кен орнын бағалау бойынша жұмыстар жүргізуге қажеттң мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      Уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға (бірлескен барлауға немесе өндіруге) арналған келісімшарт өндіруге арналған келісімшарттың бастапқы мерзімінен аспайтын, бірақ осы Кодексте белгіленген өндіруге арналған лицензияның барынша ұзақ мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Уранды қоспағанда, көрсетілген шектеулер ескеріле отырып, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге (бірлескен барлауға немесе өндіруге) арналған келісімшартты ұзарту мерзімі жұмыс бағдарламасында көзделген өндіру бойынша жоспарланатын жұмыстар негізінде айқындалады.

      Уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге (бірлескен барлауға немесе өндіруге) арналған келісімшарт ұзартылған жағдайда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған ірі кен орны қамтылған жер қойнауы учаскесінде он жылдан астам мерзімге құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының:

      1) өзінің еншілес ұйымының немесе бірлескен кәсіпорнының қайта өңдеуші өндірістерді құру бойынша;

      2) жер қойнауын пайдаланушының қолданыстағы өндіруші өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау бойынша;

      3) қолданыстағы қайта өңдеуші өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау бойынша;

      4) өндірілетін пайдалы қазбаларды Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қайта өңдеуші кәсіпорындарға (өндірістерге) қайта өңдеу үшін жеткізу бойынша;

      5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық жобаны немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаны іске асыруды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерінің осындай ұзартудың талаптарына енгізілуін талап етуге құқылы.

      Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың жетінші бөлігінде көрсетілген талаптарды ұзартудан бас тартқан жағдайда, оның мерзімі өткен соң тиісті жер қойнауының учаскесі осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен аукционға шығарылуға жатады.

      Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні талаптары жер қойнауын пайдаланушының осындай келісімшарттың мерзімін ұзартуға құқығы көзделмеген, уранды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге (бірлескен барлауға және өндіруге) арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 198-бабына сәйкес қатты пайдалы қазбалардың өндіруге арналған лицензияны алуға айрықша құқыққа ие. Өндіруге арналған лицензияны алуға өтініш келісімшарттың қолданыс мерзімі өткенге дейін үш жыл бұрын берілуі мүмкін. Егер өтінішті қарау кезеңінде келісімшарт мерзімі өтіп кеткен болса, келісімшарт осындай қарау кезеңіне ұзартылды деп есептеледі.

      Осы Кодекс күшіне енгенге дейін жасалған және бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге арналған келісімшарттың (шарттың) мерзімін ұзартуға, егер осындай келісімшарт талаптарында өзгеше көзделмесе, жол берілмейді. Егер осы келісімшарт талаптарында оның мерзімін ұзарту мүмкіндігі көзделсе, мұндай ұзартуға бір жылдан аспайтын мерзімге жол беріледі.

      13. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің шекарасын өзгерту келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл жағдайда жер қойнауы учаскесінің кеңістіктегі шекарасы координаттардың географиялық жүйесінде бұрыш нүктелерімен белгіленетін аумақпен және осындай аумақтың шекарасынан белгілі бір тереңдіктен басталатын шартты жазықтықтармен айқындалады.

      Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесін кеңейтуге Кодекс қолданысқа енгізілген күні айқындалған жер қойнауы учаскесінің жартысынан аспайтын мөлшерде жол беріледі.

      14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезіндегі әрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келсе, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қатты пайдалы қазбалардың ірі кен орнын қамтитын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты құзыретті орган біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы. Көрсетілген негіз бойынша келісімшарт қолданысы біржақты тоқтатылған жағдайда құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны екі айдан кешіктірмей ескертуге міндетті.

      15. Құзыретті орган осы Кодекстің 44-бабы 1-тармағында көзделген талаптар бұзылған жағдайда осы Кодекске сәйкес құзыретті органның рұқсатын алу тулап етілмейтін жағдайдан басқа, ұдттық қауіпсіздікке қатер төндіруге әкеп соққан, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған ірі кен орнын немесе стратегиялық кен орнын қамтитын жер қойнауы учаскесінде қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты біржақты тәртіппен тоқтатады.

      Көрсетілген бұзушылық жасалған жағдайда бұл бұзушылық бір жылдан аспайтын мерзімде бұзушылыққа дейінгі болған жағдайды қалпына келтіру арқылы, ал қалпына келтіру мүмкін емес болғанда құзыретті органның рұқсат беруімен жер қойнауының стратегиялық учаскесімен байланысты объектілерді ауыстыру бойынша өзге де әрекеттер жасау арқылы жойылуға жатады. Бұзушылық жойылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы бөлікте көзделген мерзімде бұл туралы құзыретті органды жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша хабардар етеді.

      Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда құзыретті орган біржақты тәртіппен жер қойнауын пайдаланушыға хабарлама жіберу арқылы келісімшартты орындаудан бас тартады. Келісімшарт жер қойнауын пайдаланушы келісімшартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кейін тоқтатылады.

      16. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарт тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялардың салдарына жою міндеттемелерін орындау Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялардың салдарын жоюға кіріскен тұлғалар жоюды аяқтауды осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімде қамтамасыз етуге міндетті.

      17. 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт шеңберінде бірнеше кен орындарында бір бөлігі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының тізбесіне енгізілген көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осындай кен орнына (кен орындарына) қатысты өндіруге арналған жеке келісімшарт жасау туралы құзыретті органға жүгінуге құқылы. Мұндай келісімшарт бастапқы келісімшарт аяқталғанға дейін қалған мерзімге жасалуы мүмкін.

      18. Пайдалы қазбалар қорларының рентабельділігі туралы қорытынды беру мақсатында мемлекеттік органдарға ұсынылған, жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы соңғы есептер осы тараудың 267-бабы 9-тармағының оныншы абзацының ережелері ескеріле отырып, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы 121-бабының қағидалары бойынша қаралуға жатады.

      19. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының иеленушілері осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарына сәйкес жер қойнауы учаскесінде қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      Көрсетілген жобалау құжаттарына өзгерістер осы Кодексте көзделген жобалау құжаттарына өзгерістер енгізу қағидалары бойынша енгізіледі. Бұл ретте жобалау құжаттарының көрсеткіштері келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген тиісті көрсеткіштерге сәйкес келуге тиіс.

      20. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларына, осы Кодексте көрсетілген операциялардан басқа, тиісті келісімшартта айқындалатын жұмыстар тізбесіне сәйкес өндірілген қатты пайдалы қазбаларды бастапқы өңдеу (байыту) бойынша қызмет жатады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін жер қойнауынан алынған қатты пайдалы қазбаларды бастапқы өңдеуге (байытуға) тау-кен өнеркәсібі қызметінің түрі жатады, өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, жіктеуді (сұрыптауды), брикеттеуді, агломераттауды және физикалық-химиялық әдістермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын сапалық жағынан өзгертпестен) қамтиды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстардың арнаулы түрлері болып табылатын өңдеу технологияларын (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, ұсақ тау-кен жынысы бар кен орнын түйіршіктеу және гидравликалық жолмен игеру) қамтуы мүмкін. Бұл ретте өндірілген шикізаттан пайдалы құрамбөліктерді айырып алуға байланысты жұмыстар, сондай-ақ бастапқы өңдеуден кейінгі (бастапқы өңдеу болған кезде) жұмыстар қайта өңдеу деп танылады

      21. Орналастырудың әртүрлі объектілерінде (үйінді, қойма, қалдық қоймасы, полигон және т.б.) мемлекеттік емес техногендік минералдық түзілімдерден бөлек орналастырылған мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдер:

      1) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған қатты пайдалы қазбаларды өндіруге (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша өндіру кезеңіне) арналған келісімшарттардың келісімшарттық аумақтар шегінде;

      2) осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні пайдаланылатын және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында тиесілі тау-кен өңдеуші кәсіпорындардың жер учаскелерінде,

      көрсетілген тұлғалардың меншігіне өздері құзыретті органға беретін өтініштері негізінде осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өтеусіз беруге жатады.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген келісімшарттық аумақтардың және жер учаскелерінің шегінен тыс орналасқан және 1992 жылғы 30 мамырға дейін түзілген мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдер мынадай талаптар сақталған:

      өтініш беруші осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні жұмыс істейтін тау-кен, тау-кен өңдеуші, металлургиялық кәсіпорынның меншік иесі болып табылған;

      мұндай техногендік минералдық түзілімдер тиісті тау-кен, тау-кен өңдеуші, металлургиялық кәсіпорын орналасқан келісімшарттық аумаққа немесе жер учаскесіне іргелес аумақтарда орналасқан жағдайда мүдделі тұлғаның құзыретті органға беретін өтініші бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өтеусіз жеке меншікке берілуге жатады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдерді, егер өтініш беруші жер қойнауын пайдаланушы болып табылса, өтініш берушінің жеке меншігіне беру келісімшарттық аумақты осындай техногендік минералдық түзілімдердің орналасу ауданына кеңейту арқылы не шегінде осындай техногендік минералдық түзілімдер орналасқан жер учаскелеріне құқықтарды беру арқылы жүргізіледі.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес меншікке берілмеген, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген келісімшарттық аумақтардан және жер учаскелерінен тысқары орналасқан мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдер жер қойнауының құрамына енгізіледі. Мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдерді сатып алуға өтініш бермеген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап төрт жыл өткен соң осындай мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдер орналасқан келісімшарттық аумақтың бір бөлігін қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.

      Мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында тиесілі жұмыс істейтін кәсіпорындардың бір орналасу объектісінде техногендік минералдық түзілімдермен бірлесіп орналастырылған не жер қойнауын пайдаланушылардың қызметі нәтижесінде туындаған техногендік минералдық түзілімдермен бірлесіп бір орналасу объектісінде орналасқан мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдер осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап көрсетілген тұлғалардың меншігіне өтеусіз беріледі деп белгіленсін.

      Осы тармақтың негізінде меншікке берілген техногендік минералдық түзілімдерге құқықтарды іске асыру осы Кодекстің 14-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы тармаққа сәйкес жеке меншікке берілген мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдер пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансының есебінен шығарылуға жатады.

      22. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, қатты пайдалы қазбаларға келісімшарттар бойынша, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілер құзыретті орган құрған, құрамына бюджеттік жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық қызметі, жер ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті органдардың, мемлекеттік кірістер органдары және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері кіретін комиссияның рұқсатымен мұндай келісімшарттың мерзімі өткенге дейін кез келген уақытта жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беру негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу арқылы Кодексте көзделген жер қойнауын пайдалану талаптарын ауысуға құқылы.

      Лицензия Кодекске сәйкес айқындалатын мерзімге беріледі.

      Осы бапқа сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берілген жағдайда Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының ережелері қолданылмайды.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт лицензия берілген күннен бастап тоқтатылады. Осы бапқа сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу келісімшарт негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтатпайды, сондай-ақ қайта ресімдеу кезінде болған жер қойнауын пайдалану құқығына ауыртпалықтарды тоқтатуға әкеп соқпайды.

      23. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлерді оқуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберуге жұмсалатын шығыстар бойынша келісімшарттық міндеттемелерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі есептер осы Кодексте міндеттемелердің тиісті түрлеріне белгіленген тәртіппен және мерзімде беріледі.

      24. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап, бес жыл бойы қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша құрамында отыз пайыздан астам металл (металдар) бар кеніштік пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік жылдағы өндірудің жалпы санының жартысынан кем емес көлемде оларды қайта өңдеуді жүзеге асыруға міндетті деп белгілеуге.

      Технологиялық себептер бойынша, өндіріс қуаттылығынығ жоқтығы, жеткіліксіздігі немесе экономикалық орынды еместігі себебі бойынша көзделген санда көрсетілген қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар оларды Қазақстан Республикасының аумағынан алып шығуға құқылы.

      25. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған көмірсутектерді барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар (лицензиялар) бойынша блоктардан тұратын жер қойнауы учаскелеріне, егер мұндай келісімшарттардың талаптарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 16 қарашадағы № 1522 және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1514 қаулыларына сәйкес белгіленген блоктардың координаттары және идентификаттау көрсеткіштері қолданылады.

      26. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекске сәйкес бекітілген, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес тауарларды сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсты ұйымдастырушы жеңімпазды анықтау барысында конкурсқа қатысушылардың – қазақстандық тауар өндірушілердің конкурстық өтінімінің бағасын жиырма пайызға шартты түрде төмендетеді.

      Осы тармақтың ережесі көрсетілген келісімшарттардың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қандай оқиға ерте басталғанына қарай қолданылады. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін есептеу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.

      27. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде көмірсутектерді барлау бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай талаптарды бір уақытта сақтаған:

      1) жер қойнауын пайдаланушыда осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарт бойынша құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жойылмаған бұзушылықтар болмаған;

      2) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған, жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарт бойынша салық заңнамасының талаптарына сәйкес қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеген;

      3) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің талаптарына сәйкес осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған барлау жұмыстарының жобасын бекіткен;

      4) құзыретті орган бекітетін, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы өтініш (мынадай талаптарды бір уақытта сақтаған жағдайда):

      жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау бойынша қызметін жүзеге асыратын, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданыс мерзімі өткенге дейін;

      осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он сегіз ай ішінде берілген жағдайда құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасау арқылы Кодексте көзделген жер қойнауын пайдалану талаптарына ауысуға құқығы бар.

      Құзыретті орган бекітетін, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы өтініште:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттың нөмірі мен тіркеу күні;

      3) жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарт бойынша геологиялық телімге сәйкес жер қойнауы учаскесіне сәйкес болуға тиіс барлау учаскесіне нұсқау қамтылуға тиіс.

      Өтінішке қосымша:

      1) құзыретті орган бекітетін, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келетін, жер қойнауын пайдаланушы қол қойған көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт;

      2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін, барлау кезеңінде жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындау мерзімін қамтитын және жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарт бойынша жұмыс бағдарламасында көзделген жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша талаптарға сәйкес келетін жұмыс бағдарламасы;

      3) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған барлау жұмыстарының жобасы қоса беріледі.

      Бұл ретте мұндай келісімшартта осы Кодекстің 113-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген ережелерге сәйкес, құзыретті орган бекітетін үлгі келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы өтініш берілген күні жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттың нақты қолданыс мерзіміне азайтылған барлау кезеңі бекітіледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшартта көзделген инвестициялық міндеттемелер (болған кезде) толық көлемде құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа енгізіледі.

      Өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы шешім қабылдайды немесе жасаудан бас тартады.

      Құзыретті орган мынадай:

      1) егер өтініш осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) осы тармақта көзделген талаптарды сақталмаған жағдайда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасаудан бас тартады.

      Құзыретті органның бас тартуы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қолданыс мерзімі ішінде және осы тармақта көзделген өзге де талаптарды сақтай отырып, қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      Құзыретті орган бекітетін, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасау жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы кезеңінде жол берілген Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтары үшін жауапкершіліктен жер қойнауын пайдаланушыны босатуға негіз болып табылмайды.

      Барлау кезеңін ұзартудың және осы тармаққа сәйкес жасалған көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырудың кейінгі талаптары осы Кодекстің ережелеріне сәйкес айқындалады.

      28. Көмірсутектерді барлау бойынша қызметті осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мынадай:

      1) барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он сегіз ай ішінде берілген;

      2) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарт бойынша құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жойылмаған бұзушылықтар болмаған;

      3) өтініш осы Кодекстің 114-бабы 4-11-тармақтарында көзделген тәртіппен беріледі және қарастырылады;

      4) Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде сынама пайдалануды жүргізу кезінде – оның ұзақтығы өтініш берілген кезде үш жылдан аспаған жағдайда;

      5) өтінішке жер қойнауын пайдаланушы тарапынан қол қойылған, құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт қосымша қоса беріліп, шарттарды бір уақытта сақтаған кезде Кодекстің 114-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген барлау кезеңінің жалпы ұзақтығы бойынша талаптарды сақтамай, Кодекстің 114-бабы 2 және 3-тармақтарында көзделген негіздер бойынша барлау кезеңін бір рет ұзартуға құқығы бар.

      Бұл ретте келісімшартта сұратылатын ұзарту мерзіміне сәйкес келетін, бірақ үш жылдан аспайтын барлау кезеңі бекітіледі.

      Осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағында көзделген негіз бойынша жасалған келісімшарт бойынша барлау кезеңін осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кейіннен ұзартуға осы Кодекстің 114-бабы 3-тармағында көзделген негіз бойынша жол беріледі.

      Осы Кодекстің 114-бабы 3-тармағында көзделген негіз бойынша жасалған келісімшарт бойынша барлау кезеңін осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кейіннен ұзартуға тыйым салынады.

      Құзыретті орган бекітетін, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасау жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы кезеңінде жол берілген Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтары үшін жауапкершіліктен жер қойнауын пайдаланушыны босатуға негіз болып табылмайды.

      29. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар (бастапқы келісімшарт) бойынша көмірсутектерді барлау қызметін жүзеге асыратын не жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың төмендегі талаптарды бір уақытта сақтай отырып:

      1) жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 26 және 27-тармақтарының ережелеріне сәйкес жаңа редакциядағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасау арқылы Кодексте көзделген жер қойнауын пайдалану шарттарына ауыспағанда;

      2) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің талаптарына сәйкес бастапқы келісімшарт шеңберінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған кен орнының қорларын есептеу бойынша есеп жасағанда және бекіткенде;

      3) жер қойнауын пайдаланушыда бастапқы келісімшарт бойынша құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелерді жоймаған бұзушылықтар болмағанда өтініш негізінде құзыретті орган бекіткен көмірсутектерді өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасауға құқығы бар.

      Егер бастапқы келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектердің екі немесе одан да көп кен орнын ашқан жағдайда, онда жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндіруге арналған бір келісімшарт жасауға не әрбір кен орны бойынша жеке келісімшарт жасауға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт ұзақтығы жер қойнауын пайдаланушы өтініште айқындаған дайындық кезеңіне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге жасалады.

      Егер есептеу бойынша есебі осы Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының алғашқы геологиялық қорларының мәні мұнайдың жүз миллион тоннасынан немесе табиғи газдың елу миллиард текше метрінен асатын болса, мұндай кен орнына қатысты өндіруге арналған келісімшарттың ережелері Кодекстің 117-бабы 5-тармағында көрсетілген міндеттемелердің бірін қамтуға тиіс.

      Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға қолданыс мерзімі ішінде не бастапқы келісімшарт қолданысы тоқтатылғаннан кейін он екі ай ішінде береді.

      Құзыретті орган осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде, сондай-ақ осы тармақтың он бірінші – он төртінші бөліктерінде көзделген өтінішті қарау және әрекеттерді жүзеге асыру кезеңінде жер қойнауының мұндай учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.

      Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы өтініште:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) бастапқы келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;

      3) өндіру учаскесін көрсету;

      4) үш жылдан аспайтын дайындық кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс.

      Өтінішке қосымша:

      1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келетін жер қойнауын пайдаланушы қол қойған көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт;

      2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп қоса беріледі.

      Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган мынадай шешімдердің бірін шығарып:

      1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы шешім;

      2) осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайда – осы тармақта көзделген мерзімде және тәртіппен жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер жүргізу туралы шешім;

      3) көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасаудан бас тартады.

      Құзыретті орган:

      1) егер өтініш осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар сақталмаған жағдайларда көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасаудан бас тартады.

      Құзыретті органның бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қайта өтініш беруден айырмайды.

      Осы баптың тоғызыншы бөлігі 1) тармақшасында көзделген жағдайда құзыретті орган мұндай шешім қабылдаған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес айқындалған мерзімге өтініш берушімен көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасасады және оның данасын өтініш берушіге жібереді.

      Осы баптың тоғызыншы бөлігі 2) тармақшасында көзделген жағдайда құзыретті орган мұндай шешім қабылдаған кезден бастап жиырма төрт ай ішінде жер қойнауын пайдаланушымен Кодекстің 117-бабы 5-тармағында көзделген талаптарды және міндеттемелерді орындау тәртібін айқындау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      Келіссөздер нәтижелері бойынша құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде мынадай:

      1) көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасау туралы;

      2) оны жасаудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды және бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.

      Осы тармақтың он төртінші бөлігі 1) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде құзыретті органға өз тарапынан қол қойылған, Кодекстің 117-бабы 5-тармағында көзделген талаптар мен міндеттемелерді орындау тәртібін көздейтін көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жолдайды.

      Құзыретті орган көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде мұндай келісімшарт жасайды және оның данасын жер қойнауын пайдаланушыға жолдайды.

      Осы тармақтың он төртінші бөлігі 2) тармақшасында көзделген жағдайда бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы табуға және бағалауға жұмсалған шығындарын өтеттіруге құқығы бар.

      Мұндай өтеуді жаңа жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпараты негізінде айқындалатын құнсыздануды ескере отырып, тиісті шығындардың толық сомасын бір уақытта төлеу тәртібімен жүзеге асырады.

      Мұндай шығындарды өтеу мерзімін құзыретті орган белгілейді және жаңа жер қойнауын пайдаланушымен жасалған келісімшарт күнінен бастап он екі айдан аспауға тиіс.

      Жаңа жер қойнауын пайдаланушы өз өтейтін шығындардың аудитін жүргізуге құқылы. Өтелетін шығындар мөлшері туралы жаңа және бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы арасында дау туындаған жағдайда мұндай дау сот тәртібімен шешіледі.

      30. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар (қолданыстағы келісімшарт) бойынша көмірсутектерді өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай:

      1) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің талаптарына сәйкес Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған кен орнын игеру жобасын бекіткен;

      2) көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі кен орнын игеру жобасы негізінде айқындалған, бірақ өтініш беру кезінде қалған жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттың қолданыс мерзімінен аспайтын;

      3) қолданыстағы келісімшартта (ол болған кезде) көзделген инвестициялық міндеттемелер көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартқа толық көлемде қосылған;

      4) өтініш беру кезінде жер қойнауын пайдаланушыда құзыретті органның хабарламасында көрсетілген, жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарт бойынша міндеттемелерді жойылмаған бұзушылықтар болмаған талаптар бір уақытта сақталған кезде өтініш негізінде құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келетін жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасау арқылы осы Кодексте көзделген жер қойнауын пайдалану талаптарына ауысуға құқығы бар.

      Егер жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшартта көмірсутектердің екі немесе одан да көп кен орны бекітілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндіруге арналған бір келісімшарт жасауға не әрбір кен орны бойынша жеке келісімшарт жасауға құқылы.

      Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасау туралы өтініште:

      1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні қамтылуға тиіс.

      Өтінішке қосымша:

      1) құзыретті орган бекітетін және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ережелерді ескеретін көмірсутектерді өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келетін жер қойнауын пайдаланушы қол қойған көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт;

      2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген сараптаманың оң қорытындысын алған кен орнын игеру жобасы қоса беріледі.

      Өтініш құзыретті органға келіп түскен кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы шешім шығарады немесе оны жасаудан бас тартады.

      Құзыретті орган мынадай:

      1) егер өтініш осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар сақталмаған жағдайларда көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасаудан бас тартады.

      Құзыретті органның бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны жер қойнауын пайдалануға арналған қолданыстағы келісімшарттың қолданыс мерзімі ішінде қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.

      Көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы шешім қабылданған жағдайда құзыретті орган жиырма жұмыс күні ішінде осындай келісімшарт жасайды және өтініш берушіге оның данасын жолдайды.

      Құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасау жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы кезеңінде жол берілген Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары үшін жауапкершіліктен жер қойнауын пайдаланушыны босатуға негіз болып табылмайды.

      31. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес өткізілген қорытындысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған көмірсутектерді барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалардың (конкурс жеңімпазының) мынадай талаптарды бір уақытта сақтаған:

      1) конкурс жеңімпазымен "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен және шарттарда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалмаған;

      2) конкурс жеңімпазы Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес қол қойылатын бонус толық көлемде төленген;

      3) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жасау туралы өтініш осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі ай ішінде берілген жағдайда, құзыретті орган бекітетін үлгі келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасауға құқығы бар.

      Конкурс жеңімпазы осы тармаққа сәйкес құзыретті органға жолдайтын көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы өтініште:

      1) көмірсутектерді барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша конкурстың жеңімпазы болып табылатын тұлғаның атауы;

      2) осы тармақта көзделген шарттардың сақталуын растайтын мәліметтер мен құжаттар;

      3) осы Кодекстің 93-бабының 2–4-тармақтарында көзделген мәліметтер мен құжаттар қамтылуға тиіс.

      Өтінішке:

      1) конкурс жеңімпазы қол қойған, құзыретті орган бекіткен үлгі келісімшартқа сәйкес және осы тармақта көзделген талаптарды ескере отырып әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт;

      2) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және келісілген іздестіру жұмыстарының жобасы негізінде немесе тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныста немесе акуционға қатысу үшін өтінімде белгіленген барлау кезеңінде жұмыстардың көлемі, сипатталуы және орындау мерзімі бойынша талаптар негізінде әзірленген барлау кезеңіндегі жұмыстар көлемін, сипатталуын және оларды орындау мерзімін қамтитын жұмыстар бағдарламасы қоса берілуге тиіс.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      1) құзыретті орган бекітетін үлгі келісімшартқа сәйкес келетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасау кезінде:

      барлау учаскесі осы Кодекстің талаптарына сәйкес айқындалады және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өткізілген көмірсутектерді барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстың шарттарында көрсетілген жер қойнауы учаскесінен аспайды;

      осы тармаққа сәйкес жасалған көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау жұмыстарының жобасын әзірлеу және оның сараптамасы.

      2) құзыретті орган бекітетін үлгі келісімшартқа сәйкес келетін көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасау кезінде:

      өндіру учаскесі осы Кодекстің талаптарына сәйкес айқындалады және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өткізілген көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстың шарттарында көрсетілген жер қойнауы учаскесінен аспайды;

      өндіруге арналған келісімшартта конкурс жеңімпазы осы тармақта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көзделген қағидаларға (оның ішінде жобалау құжаттарын әзірлеу және оның сараптамасы бөлігінде, сондай-ақ инвестициялық міндеттемелер және өзге де мәселелер бөлігінде) сәйкес дайындық кезеңін не өндіру кезеңін бекітуге бастама жасауға құқылы;

      3) осы тармаққа сәйкес жасалған көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартта мыналарға: кадрдағы жергілікті қамтуға, келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жұмыстарда (көрсетілетін қызметтерде) жергілікті қамтуға қатысты тендерге қатысу үшін конкурстық ұсынысына немесе аукционға қатысу үшін өтініміне сәйкес конкурс жеңімпазы өзіне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес келетін міндеттемелер көзделуге тиіс;

      4) осы тармаққа сәйкес жасалған көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартта мыналарға: өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымының дамуына жұмсалатын шығыстар мөлшеріне, кадрдағы жергілікті қамтуға, қазақстандық кадрларды оқытуға, келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті жұмыстарда (көрсетілетін қызметтерде) жергілікті қамтуға, Қазақстан Республикасының аумағында келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар мөлшеріне қатысты тендерге қатысу үшін конкурстық ұсынысына немесе аукционға қатысу үшін өтініміне сәйкес конкурс жеңімпазы өзіне қабылдаған міндеттемелерге сәйкес келетін міндеттемелер көзделуге тиіс.

      Өтініш осы Кодексте көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасау туралы өтініштерді қарау үшін белгіленген мерзімде қаралуға жатады.

      Құзыретті орган мынадай:

      1) егер өтініш осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      2) осы тармақта көзделген талаптар сақталмаған;

      3) осы Кодекстің 94-бабы 3-тармағының 2) – 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Құзыретті органның бас тартуы конкурс жеңімпазының осы тармақта көзделген мерзім ішінде және өзге де талаптарды сақтай отырып, қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      32. Осы баптың 1-тармағында көзделген құзыретті орган бекітетін үлгі келісімшартқа сәйкес келетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (осы баптың 1-тармағының екінші бөлігі 3) тармақшасын және алтыншы бөлігінің 3) тармақшасын қоспағанда) талаптарына сәйкес өткізілген көмірсутектерді барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстың жеңімпазымен жасау тәртібі мен талаптарына қатысты ережелер "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған жағдайда көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттарды жасауға да қолданылады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу шарттары тікелей келіссөздер хаттамасының негізінде айқындалады.

      33. Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған халықаралық шарттарға сәйкес құзыретті орган осындай халықаралық шарттарда көрсетілген тұлғаларға тікелей келіссөздер негізінде көмірсутектерді барлауға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруі мүмкін деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады