2017 - 2019 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 609 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 2017 – 2019 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 609 қаулысына
қосымша

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарлама

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

      "Шығыс Қазақстан облысының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарында өндіріс үшін жаңа өнім түрлерін әзірлеуге бағдарланған Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 2017-2019 жылдарға арналған нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламасы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады