"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 626 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі

      1. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 342-құжат).

      2. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №39, 871-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі №871 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 1008 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 326-құжат).

      4. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 575 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 496-құжат).

      5. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 663 Жарлығы (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 819-құжат).

      6. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 811 Жарлығы.

      7. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 947 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 634-құжат).

      8. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы№ 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 958 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 640-құжат).

      9. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №22 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 29-30, 190-құжат).

      10. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы 861 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 166 Жарлығы (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 4-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 169 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 7-құжат).

      12. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі №871 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 202 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 15-16, 67-құжат).

      13. "Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 65, 427-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады