"Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 634 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 211 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын 2017 жылға бөлуде:

      "1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:

      "

2.

Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялау

538 687

АШМ

ЕҚДБ

      ";


      "3. Техникалық көмек іс-шараларын іске асыруға" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3 және 4-жолдармен толықтырылсын:

      "

3.

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасын іске асыру

1 592 436

ҰЭМ

ЕҚДБ

4.

Қазақстанда құрамында тұтқыр органикалық ластағыштар бар қалдықтарды жою

19 894

ЭМ

ДБ

      ";

      "4. Үшжақты келісімдердің шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды іске асыру үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға арналған нысаналы даму трансферттері" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қостанай облысы

1 614 227



1.

Қостанай қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

575 912

ИДМ

ЕҚДБ

2.

Қостанай қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту

571 209

ИДМ

ЕҚДБ

467 106

ЭМ

ЕҚДБ

Жамбыл облысы

175 000



3.

Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту

175 000

ИДМ

ЕҚДБ

Ақтөбе облысы

520 049



4.

Ақтөбе қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

520 049

ИДМ

ЕҚДБ

Қызылорда облысы

545 402



5.

Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу және реконструкциялау

545 402

ИДМ

ЕҚДБ

Шығыс Қазақстан облысы

926 692



6.

Семей қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

350 028

ИДМ

ЕҚДБ

7.

Өскемен қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту

576 664

ИДМ

ЕҚДБ

      ";


      мына:

      "

Жиыны

7 683 796


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Жиыны

12 710 914


      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады