Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8,
64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1,3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22- құжат; № 10, 23- құжат; № 12, 34- құжат; № 13, 45- құжат; № 14, 49- құжат, 53-құжат, 54- құжат; № 15, 55- құжат; № 16, 56- құжат):
1) 12-бапта:
1-тармақтың 31) тармақшасындағы "бейрезидент заңды тұлға" деген сөздерден кейін ", адвокат кеңсесі" деген сөздермен толықтырсын.
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат, 53-құжат; № 16, 56-құжат):
68-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Адвокат қорғаушы ретінде өзінің нақты адамды қорғауға өкілеттігін куәландыратын адвокат куәлігін көрсетуі және қорғауға сенім білдірушінің келісімі бойынша іске кіріседі. Келісім процестік әрекеттерді жүргізу хаттамасында көрсетіледі. Басқа адам осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес өзінің қорғаушы ретінде қылмыстық процеске қатысу құқығын растайтын құжатты (неке туралы куәлікті, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.";
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III,
137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 668-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"668-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi келтіру
668. Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң заңды қызметiн жүзеге асыруға, жазбаша сұрау салу бойынша қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе өздерінің кәсiптiк мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн қажет болатын мәлiметтердi заңнамада белгiленген мерзiмдерде ұсынбаудан не ұсынудан бас тартудан көрiнген кедергi келтіруі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса –
лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 750-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Адвокат қорғаушы ретiнде өзінің нақты iстi жүргiзуге өкiлеттігiн куәландыратын адвокат куәлiгiн көрсетуі және қорғауға сенім білдірушінің келісімі бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iске қатысуға жiберiледi. Келісім процестік әрекеттерді жүргізу хаттамасында көрсетіледі. Осы Кодекстiң 748-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген басқа да адамдар қорғаушы ретiнде өздерінің iске қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлiгiн, сондай-ақ осы Кодекстiң 746-бабының үшiншi бөлiгiнде және 747-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды) ұсынады.".
4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 32-құжат; № 4, 7-құжат, №16, 8-құжат, № 16, 56-құжат):
1) 58-бапта:
бірінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Адвокат сенімхатқа сәйкес өкілдік ету кезінде қажетті процестік әрекеттерді жасауға құқылы. Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші бөлігінде санамаланған процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері сенімхатта көрсетілуге тиіс.";
2) 59-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар, сондай-ақ заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын тұлғалар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.";
3) 61-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттіктері сенімхатпен расталады.";
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өкілдердің өкілеттіктері сенімхатта немесе сот отырысына жеке өзі қатысқан жағдайда сенім білдірушінің сот отырысының хаттамасына енгізілген ауызша мәлімдемесінде көрсетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген өкіл заң консультанттары палатасына мүшелігін растайтын құжатты ұсынады.";
4) 113-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"3. Сот "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетілген тараптың пайдасына ақшалай соманы өндіріп алу туралы шешім шығарған жағдайда, сот өкілге ұйғарылған ақша сомасынан он пайыздан аспайтын мөлшердегі сыйақыны, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығыстарды ұйғарады.";
5) 145-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) тараптардың тапсырма шарты бойынша адвокаттың немесе адвокаттар мен тараптардың қатысуымен "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;".
5. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 12, 7-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы "тәуелсіздігі," деген сөзден кейін "бейтараптылығы" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 6-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы "екі жыл" деген сөздер "бес жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыналар:
осындай оқиға болғаннан кейін үш жыл ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) немесе 12) тармақтары және 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және соттардан немесе нотариаттық палатадан теріс себептер бойынша босатылған;
мемлекеттік қызметтен сыбайлас жемқорлық қылмыс, қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасағаны үшін босатылған;
осындай оқиғалар болғаннан кейін үш жыл ішінде мемлекеттік қызметтен өзге де теріс себептер бойынша босатылған;
нотариаттық қызметін лицензиядан айырылғандықтан тоқтатқан;
мемлекеттік нотариус лауазымынан нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін босатылған;
адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған;
жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған;
егер шығарылған күнінен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, заң консультанттары палатасының тізілімінен теріс себептер бойынша шығарылған адам нотариус бола алмайды.";
3) 7-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады.
Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустарда тағылымдамадан өтеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Көмекші мен тағылымдамадан өтушінің нотариус үшін нотариаттық актілерге қол қоюға және нотариустың мөрін пайдалануға құқығы жоқ.";
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кейіннен лицензия алу үшін нотариаттық іс-әрекеттерді жасау, нотариустың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі кәсіби білім мен практикалық дағдыларды алу тағылымдамадан өтудің мақсаты болып табылады.";
10-тармақта:
бірінші абзацтағы "ол он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен бекітіледі." деген сөздер "оны он жұмыс күні ішінде нотариаттық палата бекітеді." деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Тағылымдамадан өту туралы қорытынды аумақтық нотариаттық палата бекіткеннен кейін үш жыл бойы жарамды болып табылады.";
4) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiледі және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.";
5) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Нотариус лицензиясының қолданысы аумақтық әдiлет органдарының, нотариаттық палаталардың атқарушы органының, прокуратура органдарының, қылмыстық қудалау органдарының арыздары, ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң шешiмiмен тоқтатыла тұрады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нотариус лицензиясының қолданысы алты ай мерзiмге мынадай:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру жөнiндегi талап-арыз қозғалған;
2) прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін бекіткен, прокурор қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасасумен аяқталған;
3) нотариус өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған жағдайда) өзгерткенi туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарламаған;
3-1) алып тасталсын;
4) нотариус осы Заңға сәйкес өзiне белгiленген қызмет аумағын бұзған;
5) нотариус мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соққан нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;
6) нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасында көрсетілген мекенжай бойынша нотариустың үй-жайы нақты болмаған;
7) нотариус осы Заңның 15-бабы 4-тармағының талаптарын сақтамаған;
8) осы Заңның 19-бабында көзделген шектеулер сақталмаған;
9) егер нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен күннен бастап үш ай өткен соң іс жүзінде нотариаттық қызметке кіріспеген жағдайда тоқтатыла тұрады.".
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, нотариус лицензиясының күші:
1) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк немесе ақы төленетін өзге қызметпен айналысқан;
2) мерзімді әскери қызметті өткерген;
3) нотариус өзінің тоқтата тұру мерзімі көрсетілген өтініші негізінде өкілеттіктерін орындамаған;
4) оқытудан (біліктілігін арттырудан) өтпеген не одан өтуден бас тартқан кезеңде тоқтатыла тұрады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның қолданысы мұндай шешiм нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайларды жойғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде лицензиар лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешiм шығарады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру немесе қалпына келтiру туралы шешiм Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ведомстволық баспасөз органында жарияланады. Нотариаттық палата қабылдаған шешім туралы хабардар етіледі.";
6) 11-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) көмекшінің және (немесе) тағылымдамадан өтушінің нотариустың мөрін пайдалану және нотариус үшін нотариаттық актілерге қол қою фактісі анықталғанда;";
7) 18-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "ұсынуға міндетті." деген сөздер "ұсынуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7-1), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде, сондай-ақ лицензияның қолданысы тоқтатылған жағдайда мөрін аумақтық әділет органына өткізуге;
10) бір ай бойы нотариаттық қызметті жүзеге асырмаған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына және нотариаттық палатаға хабарлауға;
11) кәсіби біліктілігін арттыруға міндетті.";
8) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жекеше нотариустың нотариаттық округ шегiндегі қызмет ету аумағын нотариаттық палата айқындайды.
Нотариус үй-жайды өзіне белгіленіп берілген аумақтың шегінен тыс жерде орналастыруға құқылы емес.
Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатаның ұсынысы бойынша белгiлейдi.
Аумақтық нотариаттық палата халыққа жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы үнемi ақпарат беріп отырады.";
9) 22-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде," деген сөздер алып тасталсын;
10) 24-баптың 2-тармағындағы "нотариаттық палата" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заң көмегі туралы заңнамасына және" деген сөздермен толықтырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариустың тәртіптік жауапкершілігі
1. Нотариаттық палата мүшелерінің Қазақстан Республикасының заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын, нотариаттық палатаның қағидалары мен стандарттарын, Нотариустың ар-намыс кодексін, нотариаттық палатаның жарғысын, нотариаттық палатадағы мүшелік шарттарын бұзғаны туралы өтініштерді, шағымдарды (бұдан әрi ˗ шағым) қарау жөнiндегi орган тәртіптік комиссия болып табылады.
Шағымдарды қарау рәсімін Республикалық нотариаттық палата осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды.
Шағым келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралады.
2. Тәртіптік комиссия шағымдарды қарау кезінде өзінің отырыстарына шағымдарды жіберген адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты шағым қаралатын нотариаттық палата мүшелерін шақыруға міндетті.
Әділет органдары тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыныс енгізген жағдайда, оны қарау әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Шағымды қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген көрсетілген адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.
3. Тәртіптік комиссия мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдауға:
1) нотариаттық палатаның мүшесін анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттейтін және осындай бұзушылықтарды жою мерзімін белгілейтін нұсқама шығаруға;
2) нотариаттық палатаның мүшесіне ескерту жасауға;
3) нотариаттық палатадағы мүшелікті тоқтата тұруға;
4) нотариаттық палатадан шығаруға не лицензиарға нотариус лицензиясының қолданысын тоқтату туралы талап-арыз дайындау туралы өтінішхат бере отырып, нотариаттық палатадан шығаруға құқылы.
4. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
5. Осы баптың 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген шешімдер тәртіптік комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және көрсетілген орган оларды қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Осы баптың 3-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген шешімдер тәртіптік комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісінің даусымен қабылдануы мүмкін.
6. Нотариаттық палата тәртіптік комиссия палата мүшесіне қатысты тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде нотариаттық палатаның мүшесіне, сондай-ақ ол бойынша шешім қабылданған шағымды жіберген адамға оның алғанын белгілеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, шешімнің көшірмесін жібереді.
7. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешіміне нотариаттық палатаның мүшелері Республикалық нотариаттық палатада, уәкілетті органда және (немесе) сотта дау айтуы мүмкін.";
12) 26-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін, олардың міндетті мүшелікте болуына негізделетін коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.";
13) 26-1-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) нотариаттық палата төрағасын, басқарманың, тексеру және тәртіптік комиссияның мүшелерiн сайлау;";
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) нотариаттық палата органдарының қызметі туралы, нотариаттық палата басшылары мен қызметкерлерінің есептерін тыңдау және бекіту;
3-2) нотариаттық палата органдарының, басшылары мен қызметкерлерінің шешімдеріне нотариустардың шағымдарын қарау;
3-3) нотариаттық палата басшылары мен қызметкерлерін мерзімнен бұрын кері шақырту;
3-4) нотариаттық палатаның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті бекіту;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Нотариаттық палатаның басқармасы:
1) нотариаттық палатаның жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету бойынша жұмысын ұйымдастырады;
2) жалпы жиналыс шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады, жалпы жиналысты шақырады;
3) нотариустардың кәсіби және өзге де құқықтарын қорғайды;
4) нотариаттық палата мүшелігіне қабылдауды жүзеге асырады, палатаның мүшелігінен шығарады, нотариустардың тағылымдамадан өтушілерін дайындауды ұйымдастырады;
5) Республикалық нотариаттық палатаға нотариаттық палата қызметі туралы жинақталған есептерді ұсынады;
6) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен нотариустың іс-әрекеттеріне қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
7) нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
8) лицензиарға нотариусқа қатысты осы Заңда көзделген негіздер бойынша нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру немесе нотариус лицензиясынан айыру туралы талап-арыз дайындау туралы өтінішхат береді;
9) нотариустардың кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізеді, оң жұмыс тәжірибесін талдайды, қорытады және таратады;
10) жарғыда және жалпы жиналыста айқындалатын тәртіппен нотариаттық палатаның қаражатына билік етеді;
11) бухгалтерлік есептің, қаржылық есептіліктің жүргізілуін, іс қағаздарын жүргізуді және бастапқы статистикалық деректерді қалыптастыруды ұйымдастырады;
12) нотариаттық палатаның мүлкіне билік ету тәртібін белгілейді;
13) нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылғаннан басқа, нотариаттық палата қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.";
14) 26-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте бір адам бір мерзімнен артық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымында бола алмайды.";
15) мынадай мазмұндағы 26-3-баппен толықтырылсын:
"26-3-бап. Нотариаттық палатаның тексеру комиссиясы
1. Тексеру комиссиясы нотариаттық палатаның және оның органдарының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылады.
2. Тексеру комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің қатарынан құрылуы мүмкін. Тексеру комиссиясының мүшелері нотариаттық палатада өзге сайланбалы лауазымда болуға құқылы емес.
Тексеру комиссиясы бес адамнан аспайтын құрамда құрылады.
Тексеру комиссиясының мүшелері ерікті негізде жұмыс істейді.
3. Нотариаттық палатаның тексеру комиссиясын нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы екі жылдан аспайтын мерзімге сайлайды.
4. Тексеру комиссиясы кез келген уақытта нотариаттық палатаның, оның органдарының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруге құқылы. Тексеру комиссиясы осы мақсатта нотариаттық палатаның бүкіл құжаттамасына сөзсіз қол жеткізу құқығына ие. Тексеру комиссиясының талап етуі бойынша нотариаттық палатаның органдары қажетті түсініктемелерді ауызша немесе жазбаша нысанда беруге міндетті.
5. Тексеру комиссиясы нотариаттық палатаның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебіне міндетті түрде тексеру жүргізеді және нәтижелерін нотариаттық палатаның және Республикалық нотариаттық палатаның интернет-ресурстарында орналастырады.
6. Тексеру комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің кезекті жалпы жиналысында есепті ұсынады.
7. Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі, есептер беру мерзімділігі нотариаттық палатаның жарғысында, ішкі құжаттарында айқындалады.";
16) 27-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың заңнаманы сақтауы туралы мәселенi қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтердi, ал қажет болған жағдайларда өз түсiнiктемелерiн, соның iшiнде кәсiптiк әдептiң сақталмауы туралы мәселелер бойынша түсiнiктемелерiн табыс етудi талап етуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Нотариаттық палата аумақтық әділет органынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде баяндалған нотариустың іс-әрекетіне қатысты дәлелдерді тексеру фактілері бойынша ресми сұрау салуды алған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде толық ақпарат ұсынуға міндетті.";
17) 28-баптың 1-тармағында:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) мүшелердiң құқықтары мен міндеттері;";
мынадай мазмұндағы 3 -2) тармақшамен толықтырылсын:
"3-2) мүшелердің, тағылымдамадан өтушілердің және нотариустардың көмекшілерінің тәртіптік жауапкершілігі және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және осы Заңның талаптарына сәйкес оған тарту тәртібі;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) нотариаттық палатаның ақша қаражатын және өзге де мүлкін қалыптастыру көздері мен тәртібі, оны пайдалану бағыттары, нотариаттық палаталардың мүлікке иелік ету шектері, нотариаттық палатаның мүлікті пайдаланғаны үшін бақылауды жүзеге асыру тәртібі;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) мүшелік жарналарды төлеу тәртібі;";
18) 29-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) палаталардың тәртіптік комиссияларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды, тәртіптік практиканы жинақтайды;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып тікелей оны сайлаған күнге дейiн кемiнде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесi болған нотариус сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайланады.
Бұл ретте, бір адам бір мерзімнен артық Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымында бола алмайды.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртiбi және оның өкiлеттiктерi осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.";
19) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке практикамен айналысатын нотариустардың заңнама талаптарын және іс жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.";
20) 33-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) нотариустардың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының заңнаманы сақтауына және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiне бақылауды жүзеге асырады;";
21) 34-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
22) 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Нотариус пен нотариаттық iс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адамдар бiр адамның (сенім білдірушінің) атынан басқа адамның (сенім білдірілген адамның) атына cенiмхаттарды куәландырады.";
23) 70-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мұраға құқық туралы куәлiк барлық мұрагерлерге, олардың әрбір жеке мұралық мүлікке қалауларына қарай бiрге немесе әрқайсысына жеке-жеке берiледi.";
24) 75-бап алып тасталсын.
6. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4,7-құжат):
17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, адвокат кеңселері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсiби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншiк иелерi кооперативтерi және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.".
7. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 3-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;";
2) 19-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Әдiлет органдарының заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат салаларындағы функциялары";
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әдiлет органдары заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:";
1-тармақтың 6) тармақшасындағы "заң қызметі" деген сөздер "заң көмегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 23-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "құқықтық көмек" деген сөздер "заң көмегі" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат, № 14, 53-құжат):
37-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
3. "Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде құқықтық ақпарат беру тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.
4. "Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда адвокаттардың құқықтық консультация беру тәртібін белгілейтін нормаларды қамтиды.".
9. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж. № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат):
9-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) заң көмегі.".
2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 2) тармақшасын қоспағанда, осы заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 4-тармағының 3) тармақшасы төртінші абзацының қолданылуы осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен кейін бір жылға тоқтатыла тұрсын, осы кезеңде бұл абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"5. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өкілдердің өкілеттіктері сенімхатта немесе сот отырысына жеке өзі қатысқан жағдайда сенім білдірушінің сот отырысының хаттамасына енгізілген ауызша мәлімдемесінде көрсетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген өкіл жоғары заң білімі туралы дипломның расталған көшірмесін ұсынады.".
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өз қызметін жүзеге асырған Нотариат палаталары, Республикалық нотариат палатасы осы Заң ресми жарияланған күннен кейін алты ай ішінде өз қызметін төрағаларды сайлау, адвокаттар алқаларының, нотариат палаталарының, Республикалық нотариат палатасының басқару органдарын құру тәртібін қоса алғанда, осы Заң талаптарына сәйкес келтіруге тиіс және әділет органдарында қайта тіркелуге жатады.
Қазақстан Республикасының Президенті |