Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 883 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 883 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісім

      (2017 жылғы 26 желтоқсанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 1, 14-құжат)

      2013 жылғы 18 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Азия Даму Банкі (бұдан әрі – АДБ) – бұдан әрі "Тараптар" арасындағы Білім мен тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы бойынша (бұдан әрі – БТАБ) өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум), сондай-ақ 2015 жылғы 25 сәуірде қол қойылған Қосымша келісім арқылы Тараптар Меморандумға енгізген өзгерістер мен толықтыруларға сілтеме жасай отырып; және

      Тараптардың БТАБ қол жеткізген жетістікті күшейтуге және Меморандумға аталған Қосымша келісім негізінде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға өзінің даярлығын білдіргенін назарға ала отырып,

      Тараптар 2013 жылғы 18 маусымдағы Меморандумға және 2015 жылғы 25 сәуірдегі оған Қосымша келісімге мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізуге келісті:

      1. Меморандумның кіріспесі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "БТАБ АДБ және Қазақстан Республикасы арасындағы 2017 – 2021 жылдарға арналған Елдік әріптестік стратегиясының ажырамайтын бөлігі болып табылады, оны 2017 жылғы 12 қыркүйекте АДБ Директорлар кеңесі мақұлдады және Үкімет келісті.";

      1.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.2. БТАБ бес негізгі тақырыптық бағытты қамтитын болады: (i) жан-жақты өсу және экономиканы әртараптандыру; (ii) институционалдық және саяси даму; (iii) өңірлік ынтымақтастық және интеграция; (iv) бәсекеге қабілеттілік пен тиімділікті арттыру және (v) тұрақты жасыл өсу.";

      2.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.2. Осы Меморандумның 1.2-тармағында көрсетілген 5 тақырыптық бағыт шеңберінде БТАБ басымдықтарын айқындау және қызметін таңдау кезінде Тараптар АДБ құзыреттеріне сәйкес келетін макро, салалық немесе тақырыптық тұрғыдан басым деп санайтын салаларға ерекше назар аударылатын болады. БТАБ өлшемшарттары: (i) сұранысқа бағдарлану және елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкестілік; (ii) елдің дамуы үшін туындайтын проблемаларды/мүмкіндіктерді зерделеу; (iii) ұлттық даму бағдарламаларына үлес қосу; (iv) салалық және тақырыптық деңгейдегі проблемалардың шешімдерін іздестіру, сондай-ақ (v) елдегі АДБ миссиясының сәйкестігі және даму бойынша басқа да әріптестердің қызметін өзара толықтыруды қамтамасыз ету болып табылады.

      Үкімет қаражатынан 100 пайызға дейін қаржыландырылатын жобаларды әзірлеуге арналған іс-шараларға Үкімет бастамашылық жасай алады. АДБ-ның ішкі рәсімдері мен Қағидаларын ескере отырып, АДБ қаражат беру мүмкіндігін қарайды.";

      2.4-тармақта мынадай мазмұндағы қорытынды тармақша (vii) алып тасталсын:

      "(vii) таңдап алынған оқу турлары бойынша есептер түрінде.";

      3.10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.10. 2013 – 2014 жылдары БТАБ шеңберіндегі әлеуметтік-экономикалық зерттеулерді Тараптар тең үлестерде қаржыландыратын болады. 2015 – 2019 жылдары БТАБ шеңберінде Үкімет 3000000 АҚШ долл. және АДБ 3340000 АҚШ долл. сомасында қаражат бөледі. Аталған қаражат әлеуметтік-экономикалық зерттеулерді іске асыруға, сондай-ақ Тараптардың келісуі бойынша Негіздемелік келісімді іске асыру шеңберіндегі жобаларды дайындауға бағытталады. Игерілмеген қаражат келесі жылға жіберілетін болады.

      Меморандумның қолданылу мерзімінің өту күніне игерілмеген қаражат болған жағдайда БТАБ шеңберіндегі жобаларды және зерттеулерді іске асыруға оларды толық пайдалану бойынша шешім қабылдау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және АДБ арасында хат алмасу арқылы жүргізіледі.

Жарна

Үкімет (АҚШ долл.)

АДБ (АҚШ долл.)

Жалпы БТАБ (АҚШ долл.)

Күні

ЭӘЗ

ЖД

Жиыны

ЭӘЗ

ЖД

Жиыны

ЭӘЗ

ЖД

Жиыны

2013

250,000

-

250,000

250,000

-

250,000

500,000

-

500,000

2014

-

-

-

-

-

-

-

-

-

2015

1,000,000

1,500,000

2,500,000

500,000

840,000
 

1,340,000

1,500,000

2,340,000

3,840,000

2016

-

-

-

-

-

-

-

-

-

2017

250,000

-

250,000

1,000,000

-

1,000,000

1,250,000

-

1,250,000

2018

250,000

-

250,000

-

-

-

250,000

-

250,000

2019

-

-

-

1,000,000

-

1,000,000

1,000,000

-

1,000,000

Жалпы

1,750,000

1,500,000

3,250,000

2,750,000

840,000

3,590,000

4,500,000

2,340,000

6,840,000

      Ескертпе: ЭӘЗ = экономикалық және әлеуметтік зерттеулер; ЖД= жобаларды дайындау ";

      5.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.3. Осы Меморандум Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады. Осы Меморандумға қатысты Тараптар арасында қандай да бір келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар дауды бейбіт түрде шешуге қол жеткізу үшін тиісті шаралар қабылдайды.".

      2. Осы Қосымша келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Тараптар Қосымша келісімге 2017 жылғы " " _______________ Астана қаласында екі төлнұсқа данада қазақ, ағылшын және орыс тілінде қол қойды. Тараптар арасында даулар немесе әртүрлі оқылуы туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы айрықша басымдыққа ие болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Азия Даму Банкі үшін

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі қосымша келісімнің мәтіні ағылшын тілінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады