"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 890 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; №8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-IІ, 103-құжат; № 21-I, 121, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар, 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      35-бапта:

      1-тармақтың 16) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:

      "1-4. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;

      2) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;

      3) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді.".

      2. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар, 2015 ж., № 11, 52-құжат):

      1) 1-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әкімшілік деректер – алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға бойынша жеке-дара сандық (сан арқылы өлшенетін деректер) және (немесе) сапалық (мәндері белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша сараланған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) ұлттық санақ – халық санағы мен ауыл шаруашылығы санағын қамтитын және статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау;";

      мынадай мазмұндағы 22-1), 22-2) және 22-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "22-1) халық санағы – белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респондентті сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау, өңдеу, біріктірілген деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;

      22-2) ауыл шаруашылығы санағы – ауыл шаруашылығының құрылымы мен жағдайы туралы деректерді жинау, өңдеу, біріктірілген деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;

      22-3) арнайы құрылған комиссия – ұлттық санаққа дайындыққа және өткізумен байланысты ұйымдастырушылық және нұсқамалық мәселелерді шешу үшін құрылған комиссия;";

      мынадай мазмұндағы 25), 26), 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "25) интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізуді жүзеге асыратын адам;

      26) метадеректер – деректер және дереккөздер, әдіснамалар, анықтамалар, жіктелімдер және деректердің сапасы туралы ақпаратты ұсыну арқылы статистикалық деректер мен статистикалық процестерді стандартталған тәсілмен сипаттайтын басқа да құжаттама;

      27) телефон арқылы сауалнама жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі – телефон сұхбаты арқылы статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе;

      28) бағаны тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы (тарифтері) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;";

      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) ұлттық санақты жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітеді;";

      3) 12-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) оның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингтеу мақсатында олар белгілеген тәртіппен және тәсілмен респонденттерге және пайдаланушыларға сауалнама жүргізеді;

      6-2) белгіленген тәртіппен респонденттермен ерікті негізде жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеуді және талқылауды жүргізеді;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасын тіркеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасын тіркеуді жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік заңнамасына сәйкес өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар (зерттеулер) және ұлттық санақтар жүргізу кезінде интервьюерлер санын, олар көрсететін қызметтер құнын есептеуді бекітеді;

      8-2) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар (зерттеулер) және ұлттық санақтар жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту тәртібін бекітеді;";

      9), 14) және 15) тармақшаларға қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "9) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      "14) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және осы нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;

      15) респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;";

      15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алады;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алады";

      қазақ тіліндегі 17) және 18) тармақшаларға өзгерістер енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "17) статистикалық ақпаратты түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпаратты талап етеді;

      18) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалаулары анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерден тұратын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жаңартылған құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық әдіснаманың кез келген аспектісінің өзгеруі кезінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарайды;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) статистикалық ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметінің уәкілетті орган бекіткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігіне талдау жүргізеді және талдау жүргізу үшін қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;";

      4) 13-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жаңартылған құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық әдіснаманың кез келген аспектісінің өзгеруі кезінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарайды;";

      5) 16-бапта:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітуге;";

      6) 17-баптың 1-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға:

      қағаз жеткізгіште;

      заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық түрде;

      телефон арқылы сауалнама жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі арқылы;

      интервьюердің қағаз жеткізгішті және (немесе) дербес есептеу құрылғысын пайдаланумен респонденттен жеке сауалнама жүргізу арқылы;";

      7) 19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Статистикалық қызмет мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жоспарланатын жылдың алдыңғы жылының 15 қарашасына дейін бекіткен статистикалық жұмыстар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.";

      8) 23-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасына қазақ тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау;".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады