Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 902 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 902 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлардың тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнімнің тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1518 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 148-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлар тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай тауарларды импорттайтын салық төлеушілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 782 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлар тізбесін және көрсетілетін өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай тауарларды импорттайтын салық төлеушілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 782 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 787 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлар тізбесін және көрсетілетін өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай тауарларды импорттайтын салық төлеушілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 782 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 356 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлар тізбесін және көрсетілетін өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай тауарларды импорттайтын салық төлеушілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 782 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 66-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлар тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнім тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай тауарларды импорттайтын салық төлеушілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 782 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 869 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады