Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлардың тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнімнің тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1518 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 902 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2017 № 902 қаулысымен

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлардың тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнімнің тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1518 қаулысымен
бекітілген

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлардың тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнімнің тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесін айқындау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабына сәйкес әзірленген және Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлардың тізбесін (бұдан әрі - импортталатын тауарлар тізбесі), Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнімнің тізбесін (бұдан әрі - дайын өнімдер тізбесі) және Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларды импорттайтын салық төлеушілер тізбесін (бұдан әрі - салық төлеушілер тізбесі) айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) өнеркәсіптік қайта өңдеу - тауарларды (шикізатты және (немесе) материалдарды) жіктеу коды Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) сәйкес оларды өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін әкелінген тауарлардың кодынан өзгеше кез келген бірінші төрт белгінің деңгейінде жаңа тауарларды алу үшін өндірісте пайдалану;

      2) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      3) уәкілетті орган - индустриялық саясатты реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) уәкілетті салалық орган - тиісті саланы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Импортталатын тауарлар, дайын өнімдер және салық төлеушілер тізбелері үнемі жаңартылатын негізде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

      4. Импортталатын тауарлар, дайын өнімдер және салық төлеушілер тізбелеріне өзгерістер мен толықтырулар импортталатын тауарларды, дайын өнімдерді және салық төлеушілерді осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тізбелерге қосу туралы өтініштердің келіп түсуіне қарай жарты жылда бір рет енгізіледі.

2. Салық төлеушілер, импортталатын тауарлар мен дайын өнімдер тізбелерін айқындау тәртібі

      5. Салық төлеушілер, импортталатын тауарлар мен дайын өнімдер тізбелері мынадай талаптарға бір мезгілде сәйкес келетін салық төлеушілерге қатысты қалыптастырылады:

      1) салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұруы;

      2) салық төлеуші "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 579-бабында айқындалған тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушілерге жатпайды;

      3) әкелінетін тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге пайдалану.

      6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларды, көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнімдерді, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерді уәкілетті орган сәйкесінше салық төлеушілер, импортталатын тауарлар, дайын өнімдер тізбелерінің жобаларына:

      1) ерікті нысандағы салық төлеушілер, импортталатын тауарлар мен дайын өнімдер тізбелеріне енгізу туралы өтінішінің;

      2) осы Қағиданың 7-тармағына сәйкес берілетін, импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы уәкілетті салалық органның оң қорытындысының негізінде енгізеді;

      7. Импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы қорытындыны алу үшін өтініш беруші уәкілетті салалық органға мынадай құжаттарды:

      1) ерікті нысандағы импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы қорытындыны беру туралы өтінішті;

      2) мәмілелерді жасауды растайтын құжаттың көшірмесін, оған қосымшаларды және (немесе) оған толықтыруларды (келісімшарт, шарт) (өтініш берушінің мөрімен расталған);

      3) олардың өнеркәсіптік қайта өңдеулерін КО СЭҚ ТН-ге сәйкес он белгі деңгейінде тауардың атауын және тауар мен өнімдердің жіктеуішін растайтын құжаттың көшірмесін (өтініш берушінің мөрімен расталған);

      4) тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеу операцияларын (технологиялық үдерістерге негізделген), оларды жетілдіру тәсілдерін, тауарларды теңестіру тәсілдерін, сондай-ақ тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеу жөніндегі мерзімдерді қоса алғанда, өнеркәсіптік қайта өңдеу тауарларының шығу нормалары есебінің кестесін;

      5) салық төлеуші ретінде салық органына тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесін;

      6) өтініш беруші әрекетсіз салық төлеуші деп танылмағаны туралы салық органының растауын ұсынады.

      Уәкілетті салалық орган он бес күнтізбелік күн ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарайды және осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысандағы импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы тиісті (оң немесе теріс) қорытынды береді.

      Уәкілетті салалық орган импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы теріс қорытындыны мынадай:

      1) импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы қорытынды алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда толық емес немесе сенімсіз мәліметтер болған;

      2) осы тармақтың бірінші бөлігінде қарастырылған құжаттар ұсынылмаған;

      3) осы Қағиданың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда береді.

      Теріс қорытынды жағдайында өтініш беруші уәкілетті салалық органға құжаттарды осы Қағиданың талаптарына сәйкес қайта ұсына алады.

      8. Осы Қағиданың 6-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың негізінде уәкілетті орган Импортталатын тауарлар, дайын өнімдер және салық төлеушілер тізбелерінің немесе көрсетілген тізбелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобаларды әзірлейді және осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарына сәйкес оларды бекіту үшін барлық қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.

  Кеден одағына мүше мемлекеттердің
аумағынан Қазақстан Республикасының
аумағына импортталатын, өнеркәсіптік
қайта өңдеуге арналған тауарлардың
тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік
қайта өңдеу кезінде алынған дайын
өнімнің тізбесін, сондай-ақ осындай
тауарларды импорттайтын Қазақстан
Республикасы салық төлеушілерінің
тізбесін айқындау қағидасына
қосымша

      Импортталатын тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы

      ҚОРЫТЫНДЫ

      _____________________________________________________________________

      (салық төлеушінің заңды мекенжайы)

      ____________________________________________ негізінде жұмыс істейтін

      (СТН, бірдейлендіру нөмірі (бар болған жағдайда))

      _____________________________________________________________________ (салық төлеушінің атауы)

      өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларды импорттайды:

Р/с №

Тауардың атауы

КО СЭҚ ТН коды








      Өнеркәсіптік қайта өңдеу үдерісінде мынадай дайын өнімдерді алады:

Р/с

Тауардың атауы

КО СЭҚ ТН коды








      Уәкілетті салалық органның лауазымды адамның қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады