Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасымен консулдық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бендер-Аббас қаласында (Иран Ислам Республикасы) Қазақстан Республикасының Консулдығы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |