Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) республикалық мемлекеттік мекемені әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |