"Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 277 Жарлығының және "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 24-тармағының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 37 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 277 Жарлығының және "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 24-тармағының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Б. Сағынтаев

"Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 277 Жарлығының және "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 24-тармағының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 277 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 34, 191-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 24-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №11, 59-құжат).

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады