1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына "Орта Азия – Орталық", "Мақат – Солтүстік Кавказ", "Окарем – Бейнеу", "Орынбор – Новопсков" (Батыс Қазақстан облысы аумағы бойынша 316 км және 63 км учаскелер), "Союз" (Батыс Қазақстан облысы аумағы бойынша 316 км және 63 км учаскелер), "Бұқара – Орал", "Қарталы – Рудный –Қостанай", "Газли – Шымкент", "Бұқара газды ауданы – Ташкент – Бішкек – Алматы", 0-132 км учаскесіндегі "Жаңажол – Ақтөбе" магистральдық газ құбырларын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |