"Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 8 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 12 нормативтік қаулысы.

      1. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) бүкіл мәтін бойынша "ерекше талап қоюмен" деген сөздер "талап қоюмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-тармақтағы екінші абзац алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж. Асанов
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г.Әлмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады