"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 154 қаулысы


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қаулысына:

      көрсетілген Қағидаларға қаулысына:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп" деген нысанда:

      "II. Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер" деген бөлімде:

      мына:

      "

3

Республикалық меншiктегi және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендіруден түсетін түсімдер


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Республикалық меншiктi жекешелендіруден түсетін түсімдер


      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

7

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер


      ";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау қаулысына:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп" деген 1-нысанда:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

"Түсімдер, БАРЛЫҒЫ:
оның ішінде:
- мұнай секторының ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда), оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы;
үстеме пайдаға салынатын салық;
бонустар;
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;
экспортқа салынатын рента салығы;
жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;
мұнай секторының ұйымдарынан өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі;
- мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда), оның ішінде:
мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар, мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
мұнай секторы ұйымдарының шығынды өтеуі туралы талап-арыздар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат;
мұнай секторының ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер;
- республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
- ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
- инвестициялық кiрiстер;
- республикалық бюджеттен берілетін кепілдендірілген трансфертті қайтару;
- республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансфертті қайтару;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кiрiстер


      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады