Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 163 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулы 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі

      "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;

      2) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 4 сәуірдегі
№ 163 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына сәйкес әзірленді және 099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы, 118 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі – білім беру саласындағы уәкілетті орган;

      2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы органдар;

      3) оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастыру – негізгі қызметкердің тілдік курстарда оқуы кезеңінде орта білім беру ұйымының педагог қызметкерінің білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде педагогтік негізделген оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесін ұйымдастыруы;

      4) тілдік курстарда оқу – сабақ беру және оқыту сапасын арттыру үшін бұрын игерілген тілдік құзыреттерді дамытуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін педагог кадрлардың біліктілігін арттыру. Тілдік курстарда оқу ұзақтығын білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      3. Нысаналы трансферттер оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеу үшін пайдаланылады.

2-тарау. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      4. Нысаналы трансферттер уәкілетті орган айқындаған еңбек қызметінен қол үзбей оқитын жеке білім беру бағдарламалары бойынша курстарды және тілдік даярлық курстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшерде жұмыс берушінің жарналарын (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры) ескере отырып, "Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 9 наурызда № 13420 болып тіркелген) сәйкес барлық оқу түрлері бойынша тілдік құзырет курстарында оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге пайдаланылады.

      5. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аударуды бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      6. Қаржы жылының қорытындылары бойынша пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) республикалық бюджеттен бөлінген негізгі қызметкерді оқу кезеңінде алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін нысаналы трансферттердің сомалары келесі қаржы жылының 1 наурызына дейін жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтаруға жатады.

      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

      1) жеке қаржыландыру жоспарларына және осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады;

      2) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органға облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдаланылуы туралы тоқсан сайын есеп береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады