Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 5, 38-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ереже:
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,5 арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |