Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. "2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 436 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 259 қаулысымен мақұлданған |
Жоба
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты басшылыққа ала отырып,
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2012 жылғы 19 қыркүйекте қол қойылған хаттаманы, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 24 желтоқсанда қол қойылған хаттаманы және 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы 2014 жылғы 29 мамырда қол қойылған хаттаманы назарға ала отырып,
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 8-бабын басшылыққа ала отырып,
Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарын ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Келісімнің 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап
Осы Келісімді іске асыру үшін Тараптар құзыретті органдарды тағайындайды:
Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
Ресей Тарапынан – Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі.".
2. Келісімнің 61-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"61-бап
1. Қоршаған табиғи ортаның қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықаралық міндеттемелерін орындау және ішкі нарығын қорғау мақсатында Тараптардың құзыретті органдары олардың арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін ратификациялауға жатпайтын хаттама жасасу арқылы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін айқындайды.
Тараптардың құзыретті органдары осы Келісімнің 4-бабында көзделген индикативтік балансты жасағанға дейін көрсетілген тізбелерді бекітеді. Тараптардың құзыретті органдары қажеттігіне қарай оларға өзгерістер енгізуі мүмкін.
Қазақстан Тарапы 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға тыйым салынған мұнай өнімдеріне Ресей Федерациясында көрсетілген мұнай өнімдеріне белгіленген кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерінен төмен емес кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерін белгілеуді қамтамасыз етеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тыйым салулар немесе шектеулер 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартының 8-бабының 8.2-тармағы "г" тармақшасының ережелері үшін нұқсан келтірместен қолданылады.
3. Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес гуманитарлық көмек ретінде экспортталатын мұнай өнімдеріне, сондай-ақ зертханалық зерттеулер мен сынақтар жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасынан әкетілетін мұнай өнімдеріне қолданылмайды.
Қазақстан Тарапының құзыретті органы осы мақсаттар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге жеткізуді жүзеге асыру фактісі бойынша номенклатурасын көрсете отырып, мұнай өнімдерінің көлемі мен әкету уақыты туралы Ресей Тарапының құзыретті органына хабарлайды.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбелер Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органымен келісіледі.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбелер Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігімен келісіледі.".
3. Келісімнің 2 және 3-қосымшаларының күші жойылды деп танылсын.
4. Келісімнің 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейін күшіне енеді.
Осы Келісім 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады, егер Тараптардың бірде-бірі осы Келісімнің бастапқы қолданылу мерзімі өткенге дейін кемінде 6 ай бұрын екінші Тарапты оның қолданысын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар етпесе, осы мерзім аяқталғаннан кейін ол автоматты түрде 5 жылға ұзартылады.
2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.".
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2018 жылғы "___"_________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін |