"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 450 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 759 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – грант) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      3) грант тағайындау жөніндегі республикалық комиссия – өз қызметін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыратын, грант тағайындау үшін уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – комиссия);

      4) жұмыс органы – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы;

      5) мектептер – жұмыс органының білім беру қызметін жүзеге асыратын филиалдары.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Орта білім беру ұйымдарында білім алатын, мектептердің 7-9 және 11-сыныптарында оқуға үміткер және жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттар берген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – үміткерлер) конкурсқа қатысуға жіберіледі.";

      8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Конкурс жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлерге арналған конкурс екі кешенді тестілеуден тұрады:

      1) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест;

      2) тілдік тест.

      Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау бойынша тест екі бөлімнен тұрады:

      1) "Математика";

      2) "Сандық сипаттамалар" (сандарды пайдалану дағдылары мен олардың арасындағы өзара байланысты көре білу қабілетін анықтау).

      Тілдік тест қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндері бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.

      9. 7-сыныптарда оқуға үміткерлер үшін өткізілген кешенді тестілеу қорытындылары бойынша "Математика" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлердің материалдары комиссияның қарауына енгізіледі.

      10. Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттардың шегінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілетін бағалау бойынша тестілеуден және тілдік тестілеуден барынша жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.

      Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілетін бағалау бойынша тестілеудің және тілдік тестілеудің жалпы балдарының саны тең болған жағдайда "Математика" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің "Математика" бөлімі бойынша жинаған балдары тең болған жағдайда "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі. 7-сыныпта оқуға үміткерлердің "Математика" және "Сандық сипаттамалар" бөлімдері бойынша балдарының саны тең болған жағдайда конкурсқа құжаттарды тапсыру кезінде оқу үшін таңдаған тілден неғұрлым жоғары балл жинаған 7-сыныпта оқуға үміткерлерге басымдық беріледі.";

      16, 17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. "Математика" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын және "Сандық сипаттамалар" бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың қырық және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 7-сыныпта оқуға үміткерлер мектептер бөлінісінде резервтік тізімдерге енгізіледі.

      Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орындардың болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 8, 9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлер мектептер бөлінісінде резервтік тізімдерге енгізіледі.

      Үміткерлердің резервтік тізімі әр мектеп бойынша жеке қалыптастырылады және оқу жылы ішінде бос орын болған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында комиссия бекітеді.

      17. Оқу жылы ішінде жарамды резервтік тізімдерге алынған үміткерлерге қосымша конкурстан өтусіз грант тағайындалады. Бір мектептің резервтік тізіміндегі үміткер бос орын болған және ол мектепте резервтік тізім болмаған жағдайда басқа мектепте оқуға үміттене алады.

      7-сыныпта оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде грант үміткерлерге осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.

      8-9 және 11-сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде екінші кезеңнің қорытындысы бойынша балл саны тең болған жағдайда үміткерлерге грант осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.

      Резервтік тізімдегі үміткерлерге грант тағайындау туралы шешім комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.

      18. Мектептің білім алушысы жұмыс органының жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда гранттан айырылады.

      19. Босаған гранттар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен тағайындалады.";

      көрсетілген Қағидаларға ескертпе алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады