Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; ) ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат; № 22-III, 150-құжат; 2017 ж., 6, 10-құжат; № 12, 33-құжат; 2018 ж., № 12, 38-құжат):
1) 56-баптың 2-тармағында:
"қаласының" деген сөз "қалаларының" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 73-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеуді тиісінше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) сайлау комиссиялары жүзеге асырады.";
3) 82-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталық сайлау комиссиясы тиісінше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар және астананың) сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Сенаттың сайланған депутаттарын тіркейді.".
2. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010, № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; № 24, 174-құжат; 2017 ж., № 6, 10 құжат; № 12, 33-құжат; № 14, 47-құжат; № 21, 103-құжат);
1) 12 баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;";
2) 14-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
"9) облыстық соттың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана соттарының кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;";
3) 16-баптың 1-тармағында:
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкілетті органға келісім береді;
6) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкілетті органға ұсыныс енгізеді;";
4) 56-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін тиісті мемлекеттік орган және уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелері құрайды.",
2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |