"Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 633 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

      Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің 2018жылғы
қазандағы № Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

I. Халық табысының өсуі

1.

Заңнамаға:
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есе өсіруге (42 500 теңге мөлшерінде);
ең төменгі жалақыны ең төменгі күнкөріс шамасына байланыстыруды болдырмауға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2018 жылғы желтоқсан

2.

Ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын өсіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2018 жылғы желтоқсан

3.

Ірі компаниялармен жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру бөлігінде жұмыс жүргізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша)

2019 жылғы қаңтар

4.

"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, оны 2025 жылға дейін ұзартуды және жыл сайын кемінде 30 миллиард теңгеге қосымша қаржыландыруды көздейтін, өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы тамыз

5.

Тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуге, табиғи монополиялар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің тұтынушылар қаражатын пайдалануын бақылау мен оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жедел шаралар кешенін қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2018 жылғы желтоқсан

6.

Табиғи монополиялар туралы заңнамаға: тариф белгілеу тетігінің және тұтынушыларүшін тарифтердің негізсіз өсуі мүмкіндігіне жол бермеумен, табиғи монополиялар субъектілерінің қаражатты пайдалануының ашықтығын;
табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерін орындауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз етуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

ҰЭМ

2018 жылғы желтоқсан

7.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі заңнамаға коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың қаражатын пайдалану тетігінің ашықтығын қамтамасыз етуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

ИДМ

2019 жылғы мамыр

8.

Монополияға қарсы органның жұмысын бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциясын күшейте отырып, оның ішінде: тауар нарықтарында және көрсетілетін қызметтер нарықтарында ірі ойыншылардың баға жөнінде сөз байласуларына жол бермеу;
"өндіруші-тұтынушы" тізбегінен басы артық делдалдарды алып тастау;
нарыққа жаңа ойыншылардың кіруін шектеуге қарсы күрес және т.б. бөлігінде реформалау жөнінде ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2018 жылғы желтоқсан

9.

1. Экономикалық тергеу қызметін қайта ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет

2018 жылғы желтоқсан


2. Экономика, қаржы және т.б. салалаларда білікті кадрларға баса назар аудара отырып, кадрлар құрамын жаңарту бойынша шаралар кешенін өткізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат


2019 жылғы шілде

10.

Бизнесті қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды пайдалануда көтермелеуді қоса алғанда, экономикадағы көлеңкелі айналымды 3 жылдың ішінде кемінде 40% қысқарту бойынша шаралар кешенін бекіту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, ҰБ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

11.

Салықтық және кедендік органдардың және т.б. ақпараттық жүйелерінің интеграциялануын аяқтау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2020 жылғы желтоқсан

12.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтың негізгі сомасын төлеу шартымен өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық амнистия жүргізу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

13.

Мыналарды: өтімді белсенді сауда саясатын күшейту, отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау;
өңірлік және әлемдік нарықтарда қазақстандық экспорттаушыларды екпінді қолдау;
Қазақстанға кеңінен импортталатын өнімдерді игеруге баса назар аудара отырып, халық тұтынатын отандық тауар өндірушілерді қолдауды күшейту; мемлекеттік қолдау құралдарына және осыларды ұсынатын даму институттарына түгендеу жүргізу;
алдағы 3 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға қосымша 500 миллиард теңге бөлу жөніндегі шараларды қоса алғанда, экспортқа бағдарланған индустрияландыруға көшу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан, 2019 жылғы сәуір

14.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2019 жылғы желтоқсан

15.

Каспий теңізі арқылы Қытайдан Еуропаға оптикалық-талшықты байланыс салу бойынша жобаны іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2019 жылғы наурыз

16.

Басым жобаларға қолжетімді кредит берудің тетіктерін айқындай отырып, осы міндеттерді шешу үшін кемінде 600 миллиард теңге мөлшерінде ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰБ, Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы шілде

17.

Банктер мен кәсіпорындардың бөлінетін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті нысаналы пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, ҰБ

2019-2020 жылдардағы шілде, желтоқсан

18.

Ірі және озық жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвесторлармен бірлесіп қаржыландыру қағидатында қызметті жүзеге асыратын шикізаттық емес секторға салынатын Тікелей инвестициялар қорын құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет

2019 жылғы ақпан

19.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Kazakh tourizm" ҰК" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы ақпан

20.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елге:
үздік басқару тәжірибесін пайдалануға және икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізуге;
беделді шетел мамандарын тартуға; ауылдық кәсіпкерлерді бизнес жүргізудің жаңа дағдыларына жаппай оқыту жүйесін жолға қоюға;
әлемнің жетекші аграрлық жоғары оқу орындарымен әріптестікті дамытуға;
агроөнеркәсіптік кешенді қолдау үшін 3 жыл бойы жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге бөлуге бағытталған қазіргі заманғы агротехнологияларды кеңінен тарту жөніндегі шараларды іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан, 2019-2021 жылдардағы шілде, желтоқсан

21.

"Назарбаев Университеті" ДБҰ-мен бірлесіп "болашақ экономикасы" (баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқалар) бағыттары бойынша нақты жобаларды айқындай отырып, арнайы бағдарламалар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, ҰҚК, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша)

2019 жылғы шілде

22.

"Назарбаев Университеті" ДБҰ базасында жасанды интеллект технологияларын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институтын құру

"Назарбаев Университеті" ДБҰ Қамқоршылар кеңесінің шешімі

Үкімет, "Назарбаев Университеті" ДБҰ (келісім бойынша)

2019 жылғы шілде

23.

Мыналар:
қаржы секторы мен қарыз алушы кәсіпорындарды нақты сауықтыру;
инфляцияға қарсы тиімді кешенді саясат жүргізу;
өңдеу секторы мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін ұзақ мерзімді теңгемен берілетін кредиттердің нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды қоса алғанда, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде бірлескен іс-қимылдар жоспарын әзірлеу және бекіту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, ҰБ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қаңтар

24.

Зейнетақы активтері мен әлеуметтік сақтандыру жүйесі қаражатын басқарудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰБ, Үкімет

2019 жылғы қаңтар

25.

Қаржы нарықтарын (бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру және т.б.) дамыту жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҰБ, Үкімет, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "KASE ҚҚБ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы қаңтар

26.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына бизнесті шетелдік инвестициялармен және капитал нарықтарына қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін орталық алаңының инфрақұрылымы мен құралдарын, сондай-ақ орталық Сотының, Халықаралық төрелік орталығының юрисдикциясын пайдалануды жандандыруға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, ҰБ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы қаңтар

27.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Конституциялық заңға орталықтың елдің негізгі қаржы платформасы ретінде тез қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуге не инвестицияларды тарту мен қорғау үшін оның юрисдикциясын пайдалануға мүмкіндік беретін түзетулер енгізу

Конституциялық заң

Үкімет, ҰБ (келісім бойынша), ЖС, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы маусым

28.

Салықтық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын залалдың шекті мәнін, оларды жасағаны үшін айыппұлдарды ұлғайта отырып, 50 мың АЕК-ке дейін арттыру

Қазақстан Республикасының Заңы

БП, Үкімет, МҚІСҚА

2018 жылғы желтоқсан

II. Өмір сапасын арттыру

29.

5 жыл ішінде білім, ғылым және денсаулық сақтауға шығыстарды 2024 жылға қарай ЖІӨ-ден 10%-ға дейін жеткізуді көздейтін білім және ғылымды дамытудың, денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы наурыз

30.

Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру бойынша шараларды, оның ішінде бірыңғай біліктілік талаптарын, ұлттық біліктілік тестін енгізуді және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілері мен басқа да қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарауды көздейтін Жол картасын әзірлеу және бекіту

БҒМ бұйрығы

БҒМ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2018 жылғы желтоқсан

31.

Орта білімнің жаңартылған мазмұнына өту шеңберінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесін мемлекеттік мектептерге енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2018-2020 жылдардағы желтоқсан

32.

Білімді бағалау жүйесін халықаралық стандарттарға кезең-кезеңімен трансформациялау (PISA, SAT, AST және басқалары)

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ

2020-2022 жылдардағы желтоқсан

33.

Орта білім беруде балалардың аса қажетті мамандыққа кәсіптік бағдарлануын диагностикалау және айқындау жүйесін енгізу

БҒМ бұйрығы

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

34.

Мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

БҒМ

2019 жылғы маусым

35.

1.1. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын талаптар мен стандарттарды әзірлеу.
2. 2020 жылғы 1 қыркүйекке мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз ету

ІІМ және БҒМ бірлескен бұйрығы
 
 
 
Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет
 
 
 
 
 
Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы ақпан
 
 
 
 
2020 жылғы тамыз

36.

Біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, Ұлттық біліктілік тестін енгізу мен жалақыны ұлғайта отырып санатты белгілеу жөніндегі шараларды қоса алғанда, мектеп психологтарының жұмысын күшейту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, БҒМ бұйрығы

БҒМ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы мамыр

37.

Өңірлерде оқушы орындарының неғұрлым тапшылығы мен үш ауысымды әрі авариялық жағдайдағы мектеп проблемалары бар мектептердің тізбесін айқындау және олардың құрылысына 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге бөлу

БҒМ мен ҰЭМ бірлескен бұйрығы

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы ақпан

38.

"Педагогтің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

Қазақстан Республикасының Заңы

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019 жылғы мамыр

39.

Жүйелі негізде ЖОО-ны ірілендіру және мамандықтар бөлінісінде түлектердің жұмыспен қамтылуы мен жұмысқа орналасуы рейтінгісінің негізінде олардың лицензияларының қосымшаларын кері қайтару бойынша жұмысты жалғастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019-2021 жылдардағы желтоқсан

40.

"Назарбаев Университеті" ДБҰ тәжірибесі бойынша топ-менеджерлер ретінде шетелдік мамандарды тарта отырып, қазақстандық ЖОО-лардың әлемнің жетекші университеттерімен әріптестігін дамыту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2019 жылғы желтоқсан

41.

Қолда бар білім беру инфрақұрылымы базасында "Назарбаев Университеті" ДБҰ үлгісінде жаңа өңірлік ЖОО құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет

2019 жылғы тамыз

42.

Өңірлер бөлінісінде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы ақпан, 2019-2021 жылдардағы шілде, желтоқсан

43.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қызметкерлерін ынталандыру үшін ауруды басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медициналық қызметкерлерге жалақыны 20%-га кезең-кезеңімен өсіру

ДСМ бұйрығы

ДСМ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2018 жылғы желтоқсан

44.

2020 жылға қарай халықтың электрондық денсаулық паспортын қалыптастыра отырып, денсаулық сақтау ұйымдарында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге көшу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы қаңтар, желтоқсан

45.

Астана қ. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық салу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ДСМ, Астана қаласының әкімі

2018 жылғы желтоқсан 2019-2020 жылдардағы шілде, желтоқсан

46.

1. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін инфрақұрылымды дамытуды барынша қажетсінетін елді мекендерде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін олардың тізбесін, мерзімдерін және қаржыландыру көздерін айқындау
2. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін инфрақұрылымды дамытуды барынша қажетсінетін елді мекендерде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
 
 
 
 
 
 
 
Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері
 
 
 
 
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы ақпан
 
 
 
 
 
 
 
 
2019-2021 жылдардағы шілде, желтоқсан

47.

Қолда бар спорт инфрақұрылымын, әсіресе оқу орындары жанындағы спорт инфрақұрылымын, пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу.
Кейбір заңнамалық актілерге орта білім беру ұйымдарына қолда бар спорт құрылыстарын жалдауға беруден түсетін қаражатты ұйымды дамытуға пайдалануға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат
 
 
 
Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша)
 
Үкімет

2019 жылғы қаңтар
 
 
 
 
 
 
 
 
2018 жылғы желтоқсан

48.

Балалар үшін спорт кешендері мен құрылыстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету тәсілдерін тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының облыстардың әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша)

2018 жылғы қараша

49.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитет құру, тиімді зертханалық базамен және білікті мамандар штатымен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет 2018 жылғы желтоқсан

50.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу, сапасыз өнімдер мен оларды өндірушілердің тізбесін жариялау және т.б. бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуді қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың әлеуетін институционалдық күшейту мен белсенді пайдалану бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Заңы Үкімет, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) 2019 жылғы қазан

51.

Халық пен тұтынушылар үшін бизнес-орта тарапынан сатылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер қауіпсіздігі. мен сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша шаралар тұжырымдау (халықаралық тәжірибені ескере отырып)

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар Үкімет, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) 2018 жылғы желтоқсан
III. Өмір сүруге жайлы орта калыптастыру

52.

Әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтердің тізбесі мен қолжетімділігінің, көлік, мәдени-спорт, іскерлік, өндірістік, цифрлық инфрақұрылыммен және т.б. қамтамасыз етілуінің нақты көрсеткіштерін қамтитын тірек ауылдардан бастап республикалық маңызы бар қалаларға дейін әртүрлі елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу

орталық мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығы Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) 2019 жылғы наурыз

53.

Жергілікті бюджеттен білікті педагогтар, дәрігерлер, полиция және басқа да сұранысқа ие мамандар үшін "7-20-25" Бағдарламасы шеңберінде жеңілдікті ипотека бойынша бастапқы жарналарды жартылай субсидиялаудың өңірлерде тетіктерін әзірлеу және іске қосу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, ҰБ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша)

2018 жылғы қараша

54.

"7-20-25" Бағдарламасын іске асыру сапасын арттыру, оның ішінде банктердің оны іске асыруға белсенді қатысуы мен халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу есебінен қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҰБ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2018 жылғы қараша, 2019 жылғы шілде

55.

Экологиялық заңнаманың бұзылуына әкеп соғатын әкімшілік санкциялардың мөлшерін ұлғайту, экологиялық тексерулер жүргізу тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерден түсетін қаражатты тиісті өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға байланысты мәселелерге бағыттау нормативін белгілеу бөлігінде заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы маусым, желтоқсан

56.

Қоғамдық кеңістіктерді, парктерді, скверлерді және т.б., оның ішінде бұқаралық спортпен және дене шынықтырумен айналысу үшін абаттандыру бойынша шаралар кешенін қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы наурыз

57.

Әрбір өңірде аса өткір экологиялық проблемаларды шешу бойынша шараларды жұртшылықпен бірлесіп әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ еркін онлайн-қолжетімділікпен экологиялық мониторинг жүйелерін дамыту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша)

2019-2021 жылдардағы шілде, желтоқсан

58.

Елдің басқарылатын урбандалуының жаңа картасы болатын Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылга дейінгі болжамды схемасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ҰЭМ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), ұлттық басқарушы холдингтері, ұлттық компаниялар, ұлттық холдингтер

2019 жылғы тамыз

59.

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу мен қабылдау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы қараша

60.

Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

61.

Өңірлік даму аспектілерін ескере отырып, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй қорын жаңғырту мәселелерін біріктіріп, іске асыру мерзімі 2025 жылға дейінгі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін ірі қалаларда жалға берілетін тұрғын үй құрылысын ұлғайтуды көздей отырып, "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы желтоқсан

62.

Елді мекендерде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін "кедергісіз орта" құру, оның ішінде осы мәселенің шешілуіне қоғамдық бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИДМ, Еңбекмині, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша), ҚХА (келісім бойынша)

2018-2020 жылдардағы желтоқсан

63.

Өңірлердегі аса өзекті инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін қалыптастыру, жобаларды және оларды қаржыландыру көздерін бағалау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

64.

Президент Әкімшілігімен келісім бойынша Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын қабылдау, оның ішінде мына шараларды көздеу:
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің штат санын оңтайландыру және полицияны оларға тән емес функциялардан босату, босатылған қаражатты полицейлердің жалақысын арттыруға, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттау; полицейдің жаңа стандартын бекіту; мансаптық ілгерілеу жүйесін өзгерту; полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау және іріктеуді өзгерту;
барлық қызметкерлерді қайта аттестаттауды жүргізу;
халықпен жұмыс істеудің заманауи форматын енгізе отырып, полиция жұмысын сервистік модельге кешіру;
қоғам тарапынан сенім деңгейі мен халықтың қауіпсіздік сезімін түйінді параметрлеріне енгізе отырып, полицияны бағалау өлшемшарттарын түбегейлі өзгерту;
халыққа қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау;
ведомстволық білім беру жүйесін оңтайландыру; қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту; халықпен тікелей байланысатын полиция қызметкерлерінің бейнетіркегішсіз жұмыс істеуіне жол бермеу, жазбаны өшіріп тастау немесе оны тиісті деректер базасынан алып тастау мүмкіндігін болдырмау;
ішкі қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін арттыру, асыра пайдаланушылықтың жолын кесу және қызметтік борышын адал орындайтын қызметкерлерді қорғауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2018 жылғы қараша

65.

Құқық қорғау органдарының белгілі бір статистикалық көрсеткіштерге қылмысқа қарсы нақты күреске және қоғамдық тәртіпті қорғауға нұқсан келтіре отырып қол жеткізетін жағдайларды болдырмауға бағытталған құқықтық статистика жүйесін жетілдіру бойынша шаралар тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

БП, ІІМ, МҚІСҚА, Қаржымині, ЖС

2018 жылғы желтоқсан

66.

Құқық қорғау қызметінде іріктеу, даярлау және мансаптық ілгерілеу тәртібін жетілдіру

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

БП, МҚІСҚА, ІІМ, Қаржымині, БҒМ

2019 жылғы қаңтар

67.

Қалаларды қоғамдық қауіпсіздік мониторингі жүйелерімен қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ІІМ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2018 жылғы маусым, желтоқсан

68.

Сот жүктемесін төмендету бойынша шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ЖС, БП, Әділетмині, ҰБ, Қаржымині, ҰЭМ

2018 жылғы қазан

69.

Мыналарға: сот жүйесі кадрларын сапалы дамытуға және жаңартуға;
судьялардың тәуелсіздігі кепілдіктерін күшейтуге;
судьяларға құқыққа қайшы ықпал етуді болдырмауға бағытталған заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ЖСК, ЖС

2018 жылғы қараша

70.

Соттар жұмысының заманауи форматтарын енгізуге, артық сот рәсімдері мен шығасыларды қысқартуға бағытталған заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ЖС, БП, Әділетмині, АКМ, ҰЭМ, Қаржымині

2018 жылғы желтоқсан

71.

Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру, оның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі шаралар тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ЖСК, Үкімет

2018 жылғы қараша

72.

Соттар мен судьяларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша шаралар тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ЖС, ЖСК, Үкімет

2018 жылғы қараша

IV. Азаматтардың қажеттілігіне бағдарланған мемлекеттік аппарат

73.

Мемлекеттік органдардың халықпен тиімді өзара байланысы тетіктерін енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, МҚІСҚА, ЖС, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша), ҚХА (келісім бойынша)

2019 жылғы ақпан

74.

Орталықтан бақылау тетігін енгізу және мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерін ықтимал резонансты фактілерді алдын ала анықтауға, оларды тексеруге бағдарлау және қоғамға тиісті ақпаратты, оның ішінде аталған фактілер расталған жағдайда қабылданған шаралар туралы ақпаратты жеткізуге бағдарлау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, МҚІСҚА, ЖС, БП, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2019 жылғы ақпан

75.

"Жаңа формациядағы басшы" бағдарламасын енгізу тетігін және басшы лауазымдарға тағайындаған кезде арнайы қайта даярлау курстарын әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

МҚІСҚА, мүдделі мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (келісім бойынша), "Назарбаев Университет" ДБҰ (келісім бойынша)

2018 жылғы қараша

76.

Мемлекеттік қызметке жеке сектордан, оның ішінде үздік шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университеттерінде білім алған кәсіби мамандарды тарту тетігін енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

МҚІСҚА, Үкімет

2019 жылғы желтоқсан

77.

Мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражатты, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу есебінен ғана, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі өсуінің нақты көрсеткіштерін айқындай отырып, мемлекеттік органдардың факторлы-балл шкаласын енгізу аясында мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу шығындары өсуінің қамтамасыз етілуін бақылау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері

2018 жылғы желтоқсан, 2019 жылғы шілде, желтоқсан

78.

Формализм мен теңестіруге жол бермеу мақсатында, қызметкерлерге бонустар беру кезінде пайдаланылатын түйінді нәтижелілік көрсеткіштерінің сапасын бақылаудың тиімді тетігін енгізу бойынша ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, МҚІСҚА

2019 жылғы қараша

79.

Мемлекеттік органдарды базалық қамтумен байланысты емес шығыстардың болмауына немесе елеулі еместігіне байланысты өз бюджеттерін оңтайландыруға немесе үнемдеуге мүмкіндігі жоқ осы мемлекеттік органдарға арналған еңбекақы төлеудің жаңа моделіне көшуді қаржыландыру көздері бойынша ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, МҚІСҚА

2018 жылғы желтоқсан

80.

Қаржылық тәртіпті күшейту және бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді пайдаланудың тиімділігін арттыру, оның ішінде тиімсіз және орынсыз шығыстарды болдырмау, сондай-ақ қаражаттың бөлінуін өмір сүру сапасы, әлеуметтік, көліктік және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның негізгі көрсеткіштері бойынша өңірлік айырмашылықтардың талдауымен байланыстыру үшін бюджеттік өтінімдердің сараптамасын күшейту бойынша кешенді шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, ЕК

2018 жылғы желтоқсан

81.

Ақпараттың ашықтығын және халық пен бизнестің оған толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы деректердің бірыңғай ұлттық базасын құру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы шілде

82.

Жерді уақтылы игеруге және мақсатты пайдалану бөлігінде жер заңнамасын қолдануға тексеру жүргізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БП

2019 жылғы шілде

83.

Жер пайдаланушыларды жер учаскелерін ұтымды және тиімді пайдалануға ынталандыратын жүйелі шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

84.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 2019 жылы 80%-ға дейін, ал 2020 жылы 90%-ға дейін электрондық форматқа көшіруді қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019-2020 жылдардағы маусым, желтоқсан

85.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Заңы

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2019 жылғы сәуір

86.

Бағынысындағы адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған кезде бірінші басшылардың тәртіптік жауапкершілігін арттыру мәселесін пысықтау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

МҚІСҚА, БП, ЖС, Үкімет

2018 жылғы желтоқсан

87.

Астана қаласының "Сыбайлас жемқорлықсыз өңірлер" жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі тәжірибесін тарату

Президент Әкімшілігіне ақпарат

МҚІСҚА, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша)

2019 жылғы желтоқсан

88.

Мыналар бойынша шаралар қабылдау: отырыстар мен кеңестер санын қысқарту, құжат айналымын азайтуға, икемді жұмыс кестесін құруға және т.б. бағытталған мемлекеттік қызметшілердің тиімді еңбек күні тәртібін белгілеу;
еңбек заңнамасын қатаң ұстану, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді жұмыс уақыты аяқталған соң жұмыс орнында ұстау, қызметкерлердің демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтату

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, МҚІСҚА, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

2018 жылғы қараша

89.

Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комитет құру арқылы стратегиялық реформалардың іске асырылу барысына бақылауды күшейту

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

2018 жылғы қазан

90.

Нақты индикаторларды әзірлеуді, жол карталарын және өңірлік жоспарларды бекіту, халық пен бизнеске жүйелі түрде сауал жүргізуді қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын мониторингтеу, институционалдық реформалар жүргізу жүйесін әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бұйрығы, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

2018 жылғы желтоқсан

V. Тиімді сыртқы саясат

91.

Прагматизм қағидаттарымен ұлттық мүдделерді жылжыту, оның ішінде:
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялауды қамтамасыз ету;
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының тұрақты емес мүше ретіндегі жұмыс қорытындысын шығару

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2019-2020 жылдардағы маусым, желтоқсан

VI. Әрбір қазақстандықтың елдегі қайта құру процестеріне қатыстылығы

92.

"Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша), ҚХА (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

93.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Жастар жылын өткізу туралы" Жарлығының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

Үкімет, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша)

2018 жылғы қараша

94.

Жастар жылын өткізу бойынша, оның ішінде барлық санаттағы жастарды қолдаудың толық шаралар кешенін қамтитын әлеуметтік сатылардың кең платформасын құруды көздейтін жол картасын әзірлеу және Президент Әкімшілігімен келісім бойынша бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша), ҚХА (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

95.

"Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде ауылдық жерлерде тиімді еңбек ету идеологиясын орнықтыру мен ілгерілетуді көздейтін "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасын іске қосу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша), ҚХА (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

96.

Мемлекет басшысының қоғамдық мәні бар бастамаларын жүйелі және уақтылы ақпараттық ілгерілетуді (оның ішінде ақпаратты ұсынудың жаңа тәсілдері мен форматтарын пайдалана отырып) қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша), ҚХА (келісім бойынша)

2018 жылғы қараша, 2019-2020 жылдардағы шілде, желтоқсан

97.

Оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені, оның ішінде "Жас сарбаз" республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының өңірлік филиалдарын құру арқылы күшейту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, ҚХА (келісім бойынша)

2019 жылғы наурыз

98.

Елдің өңірлері бойынша "Өз жеріңді танып, біл" атты жаппай мектеп туризмін жандандыру бойынша шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері, "Нұр Отан" партиясы (келісім бойынша), ҚХА (келісім бойынша)

2018-2020 жылдардағы желтоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АЕК

- айлық есеп көрсеткіші

АКМ

- Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

"АХҚО" әкімшілігі" АҚ

- "Астана халықаралық қаржы орталығы" әкімшілігі" акционерлік қоғамы

"Атамекен" ҰКП

- "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

АШМ

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Әділетмині

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

- "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

БҒМ

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

БП

- Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

ДСМ

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЕК

- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті

ЖС

- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ЖІӨ

- жалпы ішкі өнім

ЖОО

- жоғары оқу орындары

ЖСК

- Жоғары Сот Кеңесі

ИДМ

- Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

ҚХА

- Қазақстан халықтарының Ассамблеясы

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ

- "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"ҚҚБ "KASE" АҚ

- "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы

Қаржымині

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

"Kazakh tourizm" ҰК" АҚ

- "Kazakh tourizm" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

МҚІСҚА

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

"Назарбаев Университет" ДБҰ

- "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

- "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

СІМ

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Үкімет

- Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҰБ

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰҚК

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ

- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ІІМ

- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады