2014 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге өзгерістермен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 671 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған 2014 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке 2014 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралыхаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістермен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 671 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

2014 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге өзгерістермен толықтыру енгізу туралы хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі, Халықаралық Қаржы корпорациясы және Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі

      2014 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді (өзгерістерімен және толықтыруларымен, бұдан әрі Негіздемелік келісім деп аталады) негізге ала отырып,

      Негіздемелік әріптестік стратегиясының қағидаттарына негізделетін және: (і) негізінен экономиканың шикізат емес секторына инвестициялар тарту; (іі) жеке кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту; (ііі) шағын және орта кәсіпорындарды дамытуды ынталандыру; (iv) Қазақстан Республикасының институционалдық және адами капиталын дамыту және (v) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және орнықты өңірлік дамуды қамтамасыз ету шараларының сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға күш-жігер жұмсағанда Үкіметке қолдау көрсетуге бағытталған әріптестікті жалғастыру мақсатында, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Негіздемелік келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Алғышарттар" деген бөлімнің 1.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – ХҚДБ), Халықаралық Қаржы Корпорациясы (бұдан әрі – ХҚК) және Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (бұдан әрі – ИККА) (бұдан әрі бірлесіп "Дүниежүзілік банктің тобы" деп аталады), Дүниежүзілік банк тобының2019 – 2023 қаржы жылдарына арналған Негіздемелік әріптестік стратегиясында (бұдан әрі – Негіздемелік әріптестік стратегиясы)қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған ынтымақтастықты күшейтуге ниеттенеді. Мемлекеттік сектордың тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз етуге, жеке меншік секторды дамыту және экономикалық әртараптандыру үшін жағдай жасауға ерекше мән бере отырып, Үкімет пен Дүниежүзілік банк тобының арасындағы (бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталады) осы Әріптестік туралы негіздемелік келісім (бұдан әрі – ӘНК)Негіздемелік әріптестік стратегиясының негізінде жасалды, онда әріптестіктің негіз қалаушы қағидаттары мен Қазақстан Республикасының таяудағы он жылға арналған даму стратегияларының іске асырылуын қолдау үшін Тараптардың бірлескен іс-шараларының бағыттары айқындалған";

      2. "Алғышарттар" деген бөлімнің 1.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет Дүниежүзілік банк тобымен ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастықты, оның ішінде 2015–2018 қаржы жылдарына арналған ӘНК сәтті жүзеге асырылуының есебінен ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Бұл ынтымақтастық табысты инвестициялық жобалар мен жеке сектордың қызметін ынталандыруды, қаржы секторынақолдау көрсетудіжәне аса маңызды болып табылатын Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын (бұдан әрі – БЭЗБ) үнемі жетілдіру арқылы институционалдық әлеует пен саясатты талдауды күшейтуді қоса алғанда,Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік өмірінің көптеген салаларында институционалдық әлеуетті арттыру жөніндегі жобаларды іске асыруға бағытталған. Үкімет Қазақстан Республикасы халқының игілігі үшін даму нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында Дүниежүзілік банк тобымен оң ынтымақтастықты нығайтуға тілек білдірді.";

      3. "Алғышарттар" деген бөлімнің 1.3-тармағындағы "нәтижесінде тұрақсыз және осал өтпелі экономикасы бар елден екі онжылдықтан кейін Қазақстан кіріс деңгейі орташадан жоғары елге айналған, Үкіметпен тығыз әріптестікті бағалайды және макроэкономикалық басқару саласындағы Үкіметтің тұрақты жетістіктерін және оның құрылымдық реформаларды жалғастыруға ұмтылуын атап өтеді." деген сөздер "нәтижесінде экономикасы өтпелі елден екі онжылдықтан кейін Қазақстан кіріс деңгейі орташадан жоғары елге айналған және макроэкономикалық басқару саласындағы Үкіметтің тұрақты нәтижелерін және Қазақстанның білімге негізделген, әртараптандырылған және жеке сектор арқылы қозғалатын экономикасы бар заманауи қоғамға түрленуінжеделдетуге дайындығын атап өтеді." деген сөздермен ауыстырылсын;

      4. "Ынтымақтастықтың мақсаттары мен салалары"деген бөлімнің 2.1-тармағындағы "Осы Әріптестік туралы негіздемелік келісім ӘС қағидаттарына негізделетін және: (і) негізінен экономиканың шикізат емес секторына инвестициялар тарту; (іі) жеке кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту; (ііі) шағын және орта кәсіпорындарды дамытуды ынталандыру; (iv) Қазақстан Республикасының институционалдық және адами капиталын дамыту және (v) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және орнықты өңірлік дамуды қамтамасыз ету шараларының сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмсайтын күш-жігері Үкіметке қолдау көрсетуге бағытталатын болады" деген сөздер "Осы Әріптестік туралы негіздемелік келісім ӘНКнегізделеді және экономиканың сапалы әрі орнықты өсуіне қол жеткізуге жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында (бұдан әрі – Стратегия – 2025) көзделген негізгі жүйелік реформаларды қолдауға бағытталған, бұл:(i) негізінен экономиканың шикізат емес секторына инвестициялар тарту; (ii) жеке секторды дамытуға жәрдемдесу; (iii) жаңа экономика үшін қажетті дағдылар мен қабілеттердің көмегімен Қазақстан Республикасының институционалдық және адами капиталының сапасын арттыру; (iv) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және орнықты өңірлік дамуды қамтамасыз ету шаралары; (v) өзгерістер көшбасшылары ретінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың рөлін көтермелеу; (vi) технологиялық инновациялар мен цифрландыру үшін инфрақұрылым құруарқылы Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру сапасын ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін жақсартуға алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын";

      5. "Ынтымақтастықтың мақсаттары мен салалары" деген 2-бөлімнің 2.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.2 Осы ӘНК шеңберінде Тараптардың келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін ынтымақтастықтың мынадай бағыттары көзделген:

      қаржы секторын дамыту;

      экономикада жеке сектордың рөлін күшейту, шағын және орта бизнесті дамыту және іскерлік пен инвестициялық ахуалды жетілдіру;

      технологиялық инновацияларды және цифрландыруды ынталандыру;

      еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін еңбек дағдыларын және қабілеттерін дамыту;

      экономикаға инвестициялар тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамыту;

      экологиялық орнықты және экологиялық қауіпсіз өңірлік даму мен өсуге, оның ішіндеөндіріске ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізу жолыменжәрдемдесу;

      өзара байланыстарды күшейту, сондай-ақ сауда мақсаттары үшін көлік және логистикалық қызметтерді ілгерілету;

      мемлекеттік сектордағы бағдарламалар мен саясаттың тиімділігін арттыру ментиімділігін күшейтуді, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижелілігі мен ұсынылуын қоса алғанда, институционалдық реформаларды іске асыруды талқылау және қолдау;

      салық-бюджет саласын басқаруды жақсарту және ашықтық пен есептілікті арттыру жолымен мемлекеттік басқаруды жетілдіру;

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, оның ішінде қосылған құн жасау тізбегі бар мал шаруашылығын дамыту.";

      6. "Ынтымақтастықтың мақсаттары мен салалары" деген бөлімнің 2.3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет Дүниежүзілік банк тобымен және оның қолдауымен жоғарыда көрсетілген салалардың әрқайсысы үшіннақты іс-қимылдарға бағдарланған нақты ұлттық даму бағдарламаларын әзірлей алады немесе іске асырылуын күшейте алады.";

      7. "Іске асыру" деген бөлімнің 3.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.1 Жалпыұлттық даму бағдарламаларын іске асыру жалпыұлттық өзгеден басқа, осы Келісімнің 2.3-тармағындағы даму бағдарламаларын іске асыруды қоса алғанда, экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесу үшінҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үкімет бөлетін қаражаттан қаржыландырылатын болады.";

      8. "Іске асыру" деген бөлімнің 3.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.2 Дүниежүзілік банк тобы ӘНК қолданылу саласының шегінде және онда көзделген құралдарды пайдалана отырып, мыналарды: (i) саяси нұсқалар мен тиісті іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуге консультациялық қолдау және техникалық көмек көрсету (шығындарды толығымен өтей отырып, орта мерзімді перспективаға арналған бағдарлама); (ii) ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыруда Үкіметке қолдау, саясатты іске асырумен байланысты мәселелерді шешуге, негізгі реформалар мен ұлттық бағдарламалардың орындалу барысын мониторингтеуге және бағалауға, іске асыру барысында туындайтын проблемаларды тиімді шешуге және кейінгі жұмыстарды (шығындарды толық өтей отырып,орта мерзімді перспективаға арналған бағдарлама) тиісті түрде түзету жөнінде ұсынысты қолдау; (iii) операциялық қолдау; (iv) Үкіметтің сұрау салуы бойынша және Дүниежүзілік банк тобының тиісті ұйымының Басшылығы мен Директорлар кеңесі мақұлдаған жағдайда, қарыз қаражаты мен қаржылық қолдаудың өзге түрлері (нәтижеге бағытталған бағдарламаны, саясатты дамытуға арналған қарыздарды, жергілікті валютадағы қаржыландыруды қоса алғанда) (v) инфрақұрылым секторында МЖӘ бағдарламасын іске асыруды қолдау; (vi) МЖӘ бойынша бағдарламаларды қоса алғанда,трансформация бағдарламаларын қолдау үшін: а) кредит беру немесе инвестициялық капитал нысанындажеке сектордың компаниялары мен қаржы мекемелеріне инвестициялау және b) тікелей шетелдік ХҚК инвестициялары тартуға жәрдемдесу мақсатында ИККА-ның жеке инвесторларға коммерциялық емес тәуекелдерден кепілдеме беруі арқылы ХҚК және ИККА ресурстарын жұмылдыру және (vii) даму жөніндегі басқа әріптестермен және мүдделі тараптармен жұмысты үйлестіру бойынша қызметтерді ұсынатын болады;

      9. "Іске асыру"деген бөлім "3.3 Шығындарды толық өтеу шарттарындағы консультациялық қолдау және техникалық көмек келісілген көпжылдық бағдарламалықтәсілді пайдалану арқылы көрсетіледі. Бұл тәсіл мемлекеттік органдардың және ӘНКбасымдықтарын көрсететін өзгермелікөпжылдық жыл сайынғы жұмыс бағдарламасының негізінде қолданылады." деген тармақпен толықтырылсын;

      10. "Іске асыру"деген бөлімнің 3.3-тармағының бастапқы нөмірі 3.4 нөміріне ауыстырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.4 Бекітілген даму бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз ету үшін олардың орындылығы осы бағдарламаларды әзірлеу кезеңінде жүргізілген тиісті бағалаумен бекітілетін болса, өзгеден басқа, мыналарды қоса алғанда, Үкімет арнайы атаулар қорын (нысаналы қорлар) құру нұсқасын қарастыра алады:

      инфрақұрылымдық қор;

      венчурлік қор;

      энергия тиімділігін арттыру тетіктерін қолдау қоры;

      өзге қорлар және т.б."

      11. "Институционалдық тетіктер" деген 4-бөлімнің 4.1-тармағындағы "осы Әріптестік туралы негіздемелік келісімге арналған Үйлестіру кеңесін құрады" деген сөздер "осы ӘНКіске асыру үшінқұрылған Үйлестіру кеңесі арқылы жұмысты жалғастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12. "Институционалдық тетіктер" деген 4-бөлімнің 4.2-тармағы алып тасталсын;

      13. "Институционалдық тетіктер" деген 4-бөлімнің 4.3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.2 Тараптар осы ӘНК шеңберінде көзделген бірлескен жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын бағалау бойынша бірлесіп күш-жігержұмсайды және олардың жоспарлы түрде іске асырылуына кедергі келтіретін 2012–2017 қаржы жылдары аяқталған әріптестік стратегиясының нәтижелері мен алынған тәжірибені талдау туралы есепте көрсетілген жүйелі факторларды шешу жөніндегі шараларды айқындайтын болады. Инвестициялық жобалардың тиімділігін жоғалтатын жобалық циклдегі рәсімдік проблемалық бағыттарды жою үшін нақты шаралар қабылданатын болады.";

      14. "Жалпы ережелер" деген 5-бөлімнің 5.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.2 Осы ӘНК оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Осы ӘНК қолданылу мерзімі Тараптардың жазбаша нысандағы өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін. ӘНК-ні Тараптардың кез келгенінің екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жіберуі арқылы бұзуға болады."

      15. "Жалпы ережелер" деген 5-бөлімнің 5.4-тармағында "2.2-тармағында" деген сөздер "2.3-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама барлық Тараптарқол қойған күнінен бастап күшіне енеді.


      _________ қаласында 2018 жылғы "__" _______ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі телнұсқа данада жасалды, бұл ретте ағылшын тіліндегі нұсқаның басым күшіболады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі үшін
      Халықаралық Қаржы Корпорациясы үшін
      Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады