Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Серікқызы Жүнісбекова;";
3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов,";
3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Әсет Арманұлы Ерғалиев;";
2) "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысында:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |