"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 829 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 731 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (02.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 40-41, 278-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларында:

      5-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті орган ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін және МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілетін трансферттерді аударуды қордың қазынашылықтағы қолма-қол ақшаны бақылау шотына ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айыда 20-күнге дейін) төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде ай сайын жүзеге асырады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өткен қаржы жылында бөлінген, ТМККК шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін және МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілген қызметтеріне ақы төлеуге берілетін трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары алдыңғы жылдың міндеттемелерін қор өтегеннен кейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей республикалық бюджет кірісіне қайтарылуға тиіс.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады