Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2019 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 890 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2019 жылға арналған квотаны белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленді.

      Қаулымен мынадай:

      Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2019 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына шаққанда пайыздық қатынаста мынадай:

      1) экономикалық қызмет түрлері бойынша;

      2) еңбекші иммигранттарды тартуға 4,2 % мөлшерінде белгілеу қарастырылған.

      Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз