"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2019 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына шаққанда пайыздық қатынаста мынадай:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша;
2) еңбекші иммигранттарды тартуға 4,2 % мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2018 жылғы 26 желтоқсандағы | |
№ 890 қаулысына | |
қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2019 жылға арналған квота
Р/с | Экономикалық қызмет түрі | жұмыс күшіне шаққанда % |
1 | 2 | 3 |
1 | Құрылыс | 0,2142 % |
2 | Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу | 0,0409 % |
3 | Өңдеу өнеркәсібі | 0,0366 % |
4 | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау | 0,0005 % |
5 | Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау | 0,0004 % |
6 | Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 0,0294 % |
7 | Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу | 0,0167 % |
8 | Көлік және қоймаға жинау | 0,0087 % |
9 | Тұру және тамақтану бойынша қызметтер | 0,0118 % |
10 | Ақпарат және байланыс | 0,0033 % |
11 | Қаржы және сақтандыру қызметі | 0,0019 % |
12 | Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар | 0,0016 % |
13 | Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 0,0478 % |
14 | Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 0,1068 % |
15 | Білім беру | 0,0028 % |
16 | Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | 0,0029 % |
17 | Өнер, ойын-сауық және демалыс | 0,0008 % |
18 | Өзге де қызмет түрлерін ұсыну | 0,0104 % |
Жиыны | 0,54 % |