Суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 904 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:

      1) оны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) жылына бір рет, есептік жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жылдың қорытындысы бойынша есептік жылдан кейінгі 1 наурыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы Іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 904 қаулысымен
бекітілген

Суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары



Р/с

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар, млн. теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Жаңа суармалы жерлерді игеру (1 667 мың га)

1.

Жаңа суармалы жерлердің жобалық алаңдарын айқындау

жобалық алаңдардың тізбесі

облыстардың әкімдіктері, АШМ

2019 жылғы
наурыз

талап етілмейді


2.

Ирригациялық желілер салу үшін әлеуетті инвесторларды анықтау

инвесторлардың тізбесі

облыстардың әкімдіктері, АШМ

2019 жылғы
сәуір

талап етілмейді


3.

Жаңа суармалы жерлерде әлеуетті ірі жер пайдаланушылардың (бұдан әрі – зәкірлі кәсіпорындар) тізбесін пысықтау

облыстар бойынша жер пайдаланушылардың тізбесі

облыстардың әкімдіктері, АШМ

2019 жылғы
сәуір

талап етілмейді


4.

Облыстар бөлінісінде өңделетін ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру және оның құрылымы бойынша ұсыныс әзірлеу

облыстар бөліндісіндегі тізбесі

АШМ, облыстардың әкімдіктері

2019 жылғы
наурыз

талап етілмейді


5.

МЖӘ механизмі арқылы жеке инвестордың қатысуымен жаңа суармалы жерлерді дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселесін пысықтау

ҰЭМ-ге, Қаржыминіне ұсыныс

АШМ, облыстардың әкімдіктері

2019 жылғы
ақпан

талап етілмейді


6.

Суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды БАҚ-та кеңінен жария ету

БАҚ-қа ақпарат
(интернет сайттар, порталдар)

АКМ, АШМ, облыстардың әкімдіктері

тұрақты

талап етілмейді


7.

Жаңа суармалы жерлерде іске асырылатын жобалар бойынша мемлекет кепілдігін беру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ұсыныс

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ

зәкірлі кәсіпорын айқындалған соң
2 ай ішінде

талап етілмейді


8.

10 жыл ішінде АШТӨ шығындары үлесінде суаруға су беру бойынша тарифті біртіндеп 4 % деңгейіне дейін жеткізуді ескере отырып, АШТӨ су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін пысықтау

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині

2019 жылғы
мамыр

талап етілмейді


9.

АШТӨ-ге суаруға су беру бойынша тарифті субсидиялау үшін қаржылай қаражат бөлу мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ұсыныс

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині

жоспарды
іске асырудың бүкіл кезеңінде

талап етіледі*


10.

Инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін АШТӨ-ге су беру бойынша тарифті бекіту мүмкіндігі мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ұсыныс
беру

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ

2019 жылғы
наурыз

талап етілмейді


2. Суармалы жерлерді қалпына келтіру (256 мың га)

11.

51,0 мың га алаңда суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдау

орындалған жұмыстардың актілері

облыстардың әкімдіктері, АШМ

2020 жылғы
желтоқсан

талап етіледі*

ЖБ/шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты

12.

Мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалар тізбесіне АДБ және ЕҚДБ жобаларын енгізу мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ұсыныс

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині

2019 жылғы
сәуір

талап етілмейді


13.

АДБ және ЕҚДБ мемлекеттік кепілдік беру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ұсыныс

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ

2019 жылғы
сәуір

талап етілмейді


14.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалпына келтірілетін суармалы жерлердегі су шаруашылығы объектілерін коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру

қабылдау-беру актісі
 

облыстардың әкімдіктері, АШМ

2019 жылғы
сәуір

талап етілмейді


      * Іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі тиісті кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджетті бекіту / нақтылау кезінде нақтыланатын болады.


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АДБ

Азия Даму Банкі

АКМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

АШМ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

АШТӨ

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері

БАҚ

бұқаралық ақпарат құралдары

ЕҚҚДБ

Еуропалық Қайта құру және Даму банкі

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

МЖӘ

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады