Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 937 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 937 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 231-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      "2. Мақсатқа қол жеткізу және алға қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері" деген бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Даму" КДҚ" АҚ) қаражатын өңдеу өнеркәсібіндегі ШОК субъектілерін қаржыландыру үшін ЕДБ-ге шартты түрде орналастыру жолымен жүзеге асырылады. Мақсатты пайдалану шарты "Цеснабанк" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Цеснабанк" АҚ) берген қарыздарға қолданылмайды.";

      "3. Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы он тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға:

      мақсатты пайдалану шарты;

      ҚРҰБ-да шот ашу бойынша ЕДБ-ға қойылатын талаптар;

      "Даму" КДҚ" АҚ-ға орналастырылған кредиттік қаражатты мақсатты пайдалану туралы есепті ұсыну бойынша ЕДБ-ға қойылатын талаптар қолданылмайды.";

      "4. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы бөлімнің шарттары "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.";

      "7. Мониторинг" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Даму" КДҚ" АҚ-ның осы Жоспарды іске асыруға қатысатын ЕДБ-ның қаржылық-экономикалық жағдайын талдауды тұрақты негізде жүзеге асыру міндеттемесін қоспағанда, осы бөлімнің шарттары "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.".

      2. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысында (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 76-77, 675-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      "Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай бағыттар бойынша қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды:

      бірінші бағыт: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Даму" КДҚ" АҚ) тізбесін Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия мақұлдаған екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіндегі және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ШОКС) қаржыландыру үшін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндіріс қуаттарын жүктеу үшін кәсіпорынның айналым қаражатын толықтыруға кредит береді (қаражатты шартты орналастыру жолымен) (бұдан әрі – бірінші бағыт) (мақсатты пайдалану шарты "Цеснабанк" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Цеснабанк" АҚ) берген қарыздарға қолданылмайды);

      екінші бағыт: осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ІКС) қаржыландыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҚДБ" АҚ) ЕДБ-ға банкаралық кредит беруі (бұдан әрі – екінші бағыт) (мақсатты пайдалану шарты "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды).";

      "Жалпы ережелер" деген бөлімде:

      "Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Осы кіші бөлімнің 2-тармағында, 4-тармағының 6) және 7) тармақшаларында, 5-тармағының 6) және 7) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттар "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.";

      "Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы кіші бөлімнің шарттары "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.";

      "Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы кіші бөлімнің шарттары "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.";

      "Мониторинг" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Осы кіші бөлімнің 2, 3, 6 және 7-тармақтарының шарттары "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.".

      3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 71-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      "Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) кәсіпкерлік субъектілерін мынадай бағыттар бойынша қолдауға бағытталған шаралар кешенін айқындайды:

      бірінші бағыт: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Даму" КДҚ" АҚ) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия тізбесін мақұлдаған екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ШОКС) қаржыландыру, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде ШОКС берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру, ЕДБ қарыздары бойынша айналым қаражатын толықтыру, өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды қаржыландыру үшін кредит береді (бұдан әрі – бірінші бағыт) (мақсатты пайдалану шарты "Цеснабанк" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Цеснабанк" АҚ) берген қарыздарға қолданылмайды);

      екінші бағыт: "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "ҚДБ" АҚ) өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ІКС) қаржыландыру, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі ІКС берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру, өңдеу өнеркәсібіндегі ІКС берілген ЕДБ қарыздары бойынша айналым қаражатын толықтыру, өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды қаржыландыру үшін ЕДБ-ға банкаралық кредит беруі (бұдан әрі – екінші бағыт) (мақсатты пайдалану шарты "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды).";

      "Жалпы ережелер" деген бөлімде:

      "Қаражатты екінші деңгейдегі банктерде шартты түрде орналастырудың талаптары мен тетіктері" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Осы кіші бөлімнің 2-тармағында, 4-тармағының 6) және 7) тармақшаларында, 5-тармағының 6) және 7) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген шарттар "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.";

      "Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы кіші бөлімнің шарттары "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.";

      "Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы кіші бөлімнің шарттары "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.";

      "Мониторинг" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Осы кіші бөлімнің 2, 3, 6, 7-тармақтарының шарттары "Цеснабанк" АҚ берген қарыздарға қолданылмайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады