Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) "2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 262 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 60000000000 (алпыс миллиард) теңге сомасында бюджеттік кредит (бұдан әрі - кредит) берілсін.
2. Қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
1) кредит берудің мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады;
2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімге жылдық 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;
3) қарыз алушының кредитті игеру кезеңі әкімші қарыз алушының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі шотына қаражат аударған күннен басталады және 2019 жылғы 1 қарашада аяқталады.
3. Кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша талаптар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредит шартында белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 4-тармағында көрсетілген кредит шартын жасасуды;
2) кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |