"Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 7 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

      Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инвестициялық қызметін ынталандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстандық инвестициялық даму қоры" тікелей инвестициялар қорын (бұдан әрі - Қор) және оның активтерін инвестициялық басқару жөніндегі басқарушы компания (бұдан әрі - басқарушы компания) құрылсын.

      2. Басқарушы компания қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту болып айқындалсын.

      3. Қор құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 жылға арналған республикалық бюджетке берілетін 370000000000 (үш жүз жетпіс миллиард) теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады