Атырау облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 9 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Оңайбай Көшековтың есімі берілсін.

      2. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдары:

      1) "Жалпы білім беретін Чапаев бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі – "Исатай ауданы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл атындағы жалпы білім беретін бастауыш мектеп" мемлекеттік мекемесі;

      2) "Махамбет аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Чкалов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Махамбет аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Индер аудандық білім бөлімінің Гребенщик орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Индер аудандық білім бөлімінің Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Тұщықұдық селолық Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны "Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады