1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-тармақта:
"133" деген цифрлар "132" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"сатушының" деген сөздер "жұмыскердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-тармақ алып тасталсын;
3) 6-тармақтағы "404-бабы 3-тармағының" деген сөздер "499-бабы 2-тармағының, 527-бабы 3-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. ӘҚтК-нің 281-бабы бесінші бөлігінің санкциясында әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдерін, темекі бұйымдарын және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді тәркілеу түрінде немесе онсыз қосымша әкімшілік жаза көзделген. Мұндай қосымша жазаны қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда және мұнай өнімдері мен темекі бұйымдарын тәркілеу мүмкіндігі болмаған кезде оларды сатудан алынған кірістерді іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында уәкілетті орган белгілеген мөлшерде тәркілеп алу қажет.";
5) 9-тармақтағы бірінші және екінші абзацтар алып тасталсын;
6) 14-тармақтағы "460-бабында" деген сөздер "460-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 18-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ресей Федерациясынан көшіп келушінің ӘҚтК-нің 517-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылығы Қазақстан Республикасының аумағында 30 күн болғаннан кейін ішкі істер органдарында үш тәулікке дейінгі мерзімде тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болған жағдайда басталады.";
8) 19-тармақтағы "ӘҚтК-нің 517-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген," деген сөздер алып тасталсын;
9) 20-тармақтағы екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын;
10) 22-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды декларацияламау немесе кедендік анық декларацияламау кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден босатуға, кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждардың мөлшерін төмендетуге немесе оларға ақы төлеу бойынша міндеттерді орындамауға не тиісінше орындамауға негіз беретін осындай іс-әрекеттер жағдайында ғана ӘҚтК-нің 551-бабының бірінші бөлігі бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.";
11) 22-тармақтағы "қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген" деген сөздер алып тасталсын;
12) 26-тармақтағы "Жол жүрісі қағидаларының 24-бөлімінің 8-тармағының 1) тармақшасы бойынша өзіне жүктелетін міндеттемелерді орындамағандығы болып табылады" деген сөздер "Жол жүрісі қағидаларының 24-бөлімінің 12-тармағының 1) тармақшасы бойынша өзіне жүктелетін міндеттемелерді орындамағандығы болып табылады, бұл мән-жайларға қарай ӘҚтК-нің 615-бабының екінші бөлігі немесе 633-бабының екінші бөлігі бойынша жауаптылыққа алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 27, 28, 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Көлiк құралын басқару құқығынан айырылған жүргiзушi көлік құралын басқарған кезде оның іс-әрекеттері, ӘҚтК-нің 596-бабының бесінші бөлігінде, 610-бабының үшінші бөлігінде, 611-бабының үшінші бөлігінде, 613-бабының 3-1 және жетінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасауды қоспағанда, ӘҚтК-нің 612-бабының үшінші бөлігі бойынша сараланады. Мұндай іс-әрекеттер ӘҚтК-нің 669-бабы бойынша қосымша саралануға жатпайды.
28. Адвокаттың сұратқан оның кәсіби міндеттерін орындауға қажетті құжаттарды, материалдарды немесе мәліметтерді толық көлемде ұсынбау мұндай құжаттарды адвокатқа заңнамада белгіленген мерзімде ұсынбау деп қараған жөн, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазалау белгілері болмаса, бұл ӘҚтК-нің 668-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
29. Соттар ӘҚтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде борышкердің сот актісінің белгілі бір бөлігін немесе толық көлемде орындауға нақты мүмкіндігі болмаса, осы бап бойынша адамды жауаптылыққа тартуға мүмкін болмайтынын ескеруі тиіс. Бұл ретте борышкер сот актісі мен атқарушылық құжатты орындау бойынша өзіне қатысты барлық шараларды өз бетінше қабылдауға және оған жүктелген міндетті барынша белсенді түрде орындауға ықпал етуге міндетті екендігін соттар негізге алуға тиіс. Сот орындаушысының қаулылары мен басқа да заңды талаптарын орындамау, атқару құжатын толығымен орындау туралы талапты қоспағанда, ӘҚтК-нің 670-бабының бірінші және екінші бөліктері бойынша жауаптылыққа алып келеді.
Адам сот салған айыппұлды ӘҚтК-нің 893-бабының бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін немесе ӘҚтК-нің 888-бабында көзделген кейінге қалдыру мерзімі өткен соң төлемеген жағдайда, мұндай адам мәжбүрлеп орындау жөніндегі қаулының болуына қарамастан, ӘҚтК-нің 669-бабы бойынша жауапты болады.".
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Ж. Асанов |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы жалпы отырыс хатшысы |
Г. Әлмағамбетова |