"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес және "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 829 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрін директорлар кеңесінің төрағасы етіп;

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарын директорлар кеңесінің мүшесі етіп;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп;

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2024 № 131 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады