Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.

      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келiсу бойынша) бiрiншi басшылары:

      1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;

      2) 2019 жылғы 1 шілдеден және 20 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi 2019 жылғы 10 шілдеден және 31 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесі 2019 жылғы 20 шілдеден және 2020 жылғы 10 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 28 наурыздағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары


Р/с №
 

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Айыпталушылар мен күдіктілерге ғана емес, сонымен бірге жәбірленушілерге, куәлерге де қылмыстық істер бойынша білікті заң көмегін ұсыну тетігін одан әрі жетілдіру жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині, БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Республикалық адвокаттар алқасы (келісу бойынша)

1-тоқсан

2

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Еңбекмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2-тоқсан

3

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

АҚҰО (келісу бойынша), Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

4

Виртуалды соттар құру жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЖС (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

5

Судья кадрларын іріктеу және жылжыту жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЖСКҚ (келісу бойынша)

3- тоқсан
 

6

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын соның ішінде ұлттық құқық, құқық қорғау және сот жүйесінің, құқық қорғау институттарын және т.б. дамытудың негізгі бағыттарын іске асырудың 10 жылдық кезеңін қорытындылау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині,
мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

7

Қабылданатын заң жобаларының барынша ашықтығын және кең талқылауды, сондай-ақ жоспарланған заңнамалық бастамалар туралы хабардар етуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині,
орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

жыл бойы

8

Азаматтардың құқықтық сауаттандыру және құқықтық мәдениетін арттыру бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині,
орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

жыл бойы


      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚҰО – Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      ЖСКҚ – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады