Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 163 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 5 сәуірдегі
№ 163 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:

      1-тармақта:

      1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев (келісім бойынша),";

      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов,";

      3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов,

      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасыныц Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Төкешұлы Тәкиев;";

      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқарушы - Қазақстан Республикасыныц Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов,";

      4-1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов,

      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфракұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Қасымұлы Ержанов;".

      2. "Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Төкешұлы Тәкиев тағайындалсын.".

      3. "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов Еуразия даму банкінің кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады