Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 351 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |