"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік табиғи қорығы аймағының аумағы (бұдан әрі – қорық аймағы) 491,32 гектарға кішірейтілсін.
2. Жамбыл және Алматы облыстарының әкімдіктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Мерке-Бурылбайтал" және "Күрті-Бурылбайтал" жол учаскелерін реконструкциялау үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері аумағының кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілуін;
2) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалармен (келісу бойынша) бірлесіп осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жұмыстар жүргізу кезінде арнайы экологиялық талаптардың сақталуын;
3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелеріне рекультивация жүргізе отырып, жер учаскелерінің қорық аймағының құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін.
3. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
"Жамбыл облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 53-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" | 53 | Жусандала мемлекеттік қорық аймағы | 2757008,68 | Алматы облысының Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары; Жамбыл облысының Қордай, Шу және Мойынқұм аудандары | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
|
". |
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |