Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге катысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 306 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Кіріспенің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімнің, 1999 жылғы 2 сәуірдегі оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып,".
2. 2-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"көрсетілген мемлекеттердің әрқайсысының ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірместен, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында шығарылатын тауарларға қатысты кедендік рәсімдерді (ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 1996 жылғы 18 қазандағы Шешімімен енгізілген 9-тармақтың редакциясын ескере отырып, ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Шешімімен бекітілген Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне және 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне сәйкес) біріздендіру және оңайлату болып табылады.".
3. 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Келісімді 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге, 1999 жылғы 2 сәуірдегі оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға және 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы мемлекеттер қолданады.".
4. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап
Тараптар, қажет болған кезде, екіжақты халықаралық шарттардың негізінде мемлекеттік (кедендік) шекаралардағы өткізу пункттерінде бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асыру және кедендік операцияларды жасау үшін жағдайлар жасайды.".
5. 2-баптағы "тауарларды кедендік ресімдеу мен" деген сөздер "тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау мен оларды" деген сөздермен, 5 және 9-баптарда "кедендік ресімдеу" деген сөздер "кедендік операциялар жасау" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 4-баптағы "тауарларды кедендік ресімдеудің" деген сөздер "тауарларға қатысты кедендік операциялар жасаудың" деген сөздермен, 5-баптың бірінші және бесінші абзацтарындағы "Тауарларды кедендік ресімдеудің" деген сөздер "Тауарларға катысты кедендік операциялар жасаудың" деген сөздермен, төртінші абзацындағы "көлік құралдарын кедендік ресімдеудің" деген сөздер "көлік құралдарына қатысты кедендік операциялар жасаудың" деген сөздермен, 7-баптағы "Тауарларды кедендік ресімдеу" деген сөздер "Тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама тиісті құжаттар депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
2019 жылғы " ___ " _____________ ______________________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін |
Армения Республикасының Үкіметі үшін |
Тәжікстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін |
ТүрікменстанҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін |
УкраинаҮкіметі үшін |
Молдова Республикасының Үкіметі үшін |