Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 309 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Жоба

2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

      2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың 3-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 321-бабының 2-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа № 1 қосымша):

      1) 1) тармақша "мүше мемлекеттер басшыларының" деген сөздерден кейін ", мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2) тармақшадағы "үкіметтері басшыларының," деген сөздер алып тасталсын;

      3) 5) тармақша "Армения Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының" деген сөздерден кейін "Армения Республикасы Премьер-Министрі Әкімшілігі Басшысының," деген сөздермен толықтырылсын, "Армения Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының" деген сөздерден кейін ", Армения Республикасы Премьер-Министрінің Күзет қызметі бастығының" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 8) тармақшадағы "Қорғаныс" деген сөз "Қауіпсіздік" деген сөзбен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      201 жылғы " ____ " _______________ ___________________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения
Республикасы
үшін

Беларусь
Республикасы
үшін

Қазақстан
Республикасы
үшін

Қырғыз
Республикасы
үшін

Ресей
Федерациясы
үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады