Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13,14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-1, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VІІ, 117, 119-құжаттар; № 22-1, 143-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-ІII, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-1, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-1, 62-құжат; № 12, 87- құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 913-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "ал лотереялар үшін лотерея операторы" деген сөздерден кейін "немесе лотерея таратушы (агенті)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 913-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі "Лотерея операторының" деген сөздерден кейін "не лотерея таратушының (агентінің)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21 -III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI. 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-11, 172-құжат: 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-1, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53,57- құжаттар; № 8-1, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж.. № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50. 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-IIІ, 109-құжат; № 23-ІII 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат: № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41 -құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар: 2019 жылғы 4 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 445-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
"4-1. Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотереяны өткізуі -
ескерту жасауға әкеп соғады.";
мынадай мазмұндағы 4-2-бөлікпен толықтырылсын:
"4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".
3. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8,44-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
"1-3. Лотерея операторы орналастыратын жарнаманы қоспағанда, жарнамада "лотерея" деген сөзді пайдалануға тыйым салынады.".
4. "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-І, 61-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) лотерея таратушы (агенті) - лотерея операторымен жасалған шарт негізінде лотерея билеттерін, түбіртектерін немесе өзге де құжаттарды таратуды (өткізуді), лотерея мөлшерлемелерін қабылдауды, ұтыс шыққан лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тексеруді, сондай-ақ ұтыстарды төлеуді, беруді, ұсынуды сыйақы үшін жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;";
2) 1-бап:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Лотереяны өткізу уәкілетті орган бекітетін талаптарға сәйкес келетін тәсілдермен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Лотерея операторы немесе лотерея таратушы (агенті) болып табылмайтын тұлғаның лотерея билеттерін таратуына (өткізуіне), есепке алуына, сондай-ақ лотерея мөлшерлемелерін қабылдауына тыйым салынады.";
3) 7-бапта:
3) тармақша "әзірлейді және" деген сөздерден кейін "кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"3-1) лотереяны еткізу қағидаларын және лотерея өткізудің тәсілдеріне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;";
4) 11-баптың 1-тармағы "пайызы мөлшерінде" деген сөздерден кейін "не меншікті қаражаты есебінен" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе өзге де құжаттардың электрондық нысанында мынадай міндетті ақпарат:
1) лотерея операторының атауы;
2) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге құжаттың нөмірі;
3) лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге құжаттың бағасы;
4) лотерея операторының орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы, лотереяның атауы, тираждың нөмірі немесе атауы туралы (тираждық лотереялар үшін), жүлде қорының ұтыс ойыны өткізілетін күн мен орын туралы (тираждық лотерея үшін), ұтысты алу орны мен мерзімдері туралы, жүлде қорының мөлшері туралы кеңейтілген ақпаратқа қолжетімділік сілтемесі қамтылуға тиіс.";
6) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тираждық комиссия уәкілетті орган бекітетін лотереяны өткізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен құжаттамаға тираждық комиссия мүшелерінің қол қоюы арқылы лотерея өткізу шарттарының Қазақстан Республикасының лотерея қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Президенті |