"Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 363 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:

      "

2

"Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)"

698 559 957 мың теңге (1 887 999 883 АҚШ долларына балама)

2016 -2020

1 600 000 000 АҚШ долларына дейінгі балама

"Астана LRT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бағалы қағаздардың ішкі нарығындағы инвесторлар

      ".

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады